Адамгершілік туралы сценарий

Cкачать: Ашық тәрбие сағаты "Адамгершілік -асыл қасиет"

                                        21.12.2015
жыл            Ашық тәрбие сағаты                            10-класс

Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»

Мақсаты:  Оқушыларға кішіпейілділік, тазалық,
әдептілік,    көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят,   қызмет ету, имандылық,
инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты  ұстанымдары екенін
ұғындыра отырып,  оқушылардың бойына адамгершілікті    сіңіру, жаман әдеттерден
аулақ болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарауға, ізетті болуға
тәрбиелеу. 

Көрнекілігі:    Плакат, Видео: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» , слайд

                                    Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

·       
Сабақтың мақсатын айту.

  •  Шаттық
    шеңбері.
    — Балалар,
    бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.

Тренинг « Мен қандаймын?» (оқушы бойындағы бір жақсы қасиетін
айтады)

  • Сыныпты
    топқа бөлу (сабырлылық, қайырымдылық, мейірімділік)

2.Негізгі
бөлім:

Мұғалім сөзі:          Өзін ғана ойлаған —

                                
Жамандықтың белгісі.  

                                  Өзгені де
ойлаған –

                                 Адамдықтың
белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына
адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.  «Адамгершілік – асыл қасиет».
Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер
отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.

      Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы
жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның
жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және
жаман )  Ізгі ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз
оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз.Адам болатын бала барлық жақсы
қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы
керек.

                  «Тәрбиесіз берілген білім
– адамзаттың қас жауы
» деген екен ғұлама    Әл-Фараби. Адамның жоғарғы
қасиеті – оның адамгершілігі. Ал, адамгершілік дегеніміз не?      Адамгершілік
қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?

І. Топтастыру

 Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл
қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық,
әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін
сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның
адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді бойымызға
сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ,
керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың
сөзімен нақтылап өтсек:

            «Ғылым таппай мақтанба,

             Орын таппай баптанба.

             Құмарланып шаттанба,

            Ойнап, босқа күлуге.

            Бес нәрседен қашық бол,

            Бес нәрсеге асық бол;

            Адам болам десеңіз,

            Тілеуің, өмірің алдында,

            Оған  қайғы жесеңіз.

            Өсек, өтірік, мақтаншақ,

            Еріншек, бекер мал шашпақ —

            Бес дұшпаның білсеңіз.

            Талап, еңбек, терең ой,

            Қанағат, рақым ойлап қой –

            Бес асыл іс көнсеңіз…» —

деп, адам баласын тек адамгершілік
қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ. 

             Демек, асыл қасиет –
адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында  айтқан адамдықтың белгісі –
адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген
сөзімен дәлелдейін.

            Үлкен алдында иіліп сөйле,

             Кіші алдында сызылып сөйле.

            Иіліп сөйлегеннен белің
бүгілмейді,

            Сызылып сөйлегеннен сөзің
үзілмейді, — деп тәрбие сағатымызды  жалғастырсақ.

ІІ.
Сөйлемді
жалғастыру

  1. Егер менің
    достарымның бірі ыңғайсыз жағдайға түссе,  онда мен…
  2. Егер менің үстімнен
    біреу күлсе, онда мен…
  3. Егер менің сөзімді
    әрдайым бөлсе, онда мен…

ІІІ.Бейнебаян: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді»  (көрсетілімді көрсетіп
балалардың пікірін тыңдау)

ІV.Құпия
хаттарға жауап:

Бірінші хат: Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала
отырады.Ойнап — ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда
қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың»
— дейді. Мен не істеуім керек?

Екінші хат: Құрметті
достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші. Көзбе — көз өтірікті айта
қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын
ба?

Үшінші  хат:  Құрметті достар! Менің де бір досым- өзі
мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй- ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады.
Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ
ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба,
айтыңдаршы?

V.Постер құрау «Адамгершіліктің негізгі
қағидалары қандай?»

Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ
болу, ізеттілік,рұқсат сұрау, сабырлылық, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау,
уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, т.б.

Кешірімді болу, кек сақтамау  кез келген
жағдайда да ұстамды болу

Сөйлесе білу:  Ата — анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде
сөзді дұрыс, орынды қолдану керек, сөйлегенде дауыс ырғағына да мән беру керек.


Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт
пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық
қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан
қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті
айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және
оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып
туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат
жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды
сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған
мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау
керек.

Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам
өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола
алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау.
Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам
жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда
ата-анасының мақтанышы.

Сергіту сәті «Мен қандай адаммын?»

1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

k1_1

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың
бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде
жатса — «1».

2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға
дәлдеп көздеңіз.

k2

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын
жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса — «2».

3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай
қолыңыз үстіде жатыр?

k3

Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың
үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса — «2».

4. Көлденең шапалақтаңыз.

k4

Егер сол қолыңыз үстіде болса — «1», егер оң
қолыңыз болса, онда «2».

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі
бойынша анықтаңыз:

«2222» — (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты,
консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.

«2221» — ең үлкен кемшілігі – батылсыздық,
тартыншақтық.

«2212» — өте ашық, кез келген адаммен тіл
табысып кетеді.

«2111» — тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің
қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.

«2211» — мұндай үйлесім көп кездесе бермейді.
Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.

«2122» — бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой
жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін
салқынқанды ұстайды.

«2121» — бұл тіркес те сирек кездеседі,
қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.

«1112» — өте әсершіл, қайратты әрі батыл
адамдар.

«1222» — жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда
өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың
ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.

«1221» — әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі
жұмсақ, аңғал.

«1122» — досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар
аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы
көп, бірақ уақыты жете бермейді.

«1121» — адамдарға қатты сенеді және мінезі
өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.

«1111» — (жүзпайыз солақай) – кертартпа
адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен
қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл
оларға өмір сүруге кедергі емес.

«1212» — рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де
болады, қойған мақсаттарына жетеді.

«1211» — өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық
адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден
тайсалмайды.

«2112» — жайдары, еркін мінезді, достарды тез
табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.                          

 
VI.Рефлексия: 

1.Оқушылар
өзінің  бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді қағаз бетіне түсіреді де керектісін
сандыққа салады , керексізін себетке салады.

2.Топтастыруды   толықтырады.

3.Кері байланыс    Стикерге өз ойларын
жазады    

                               
—  Мен мейірімді адаммын,өйткені жан- жағымдағы адамдарға мейірімімді  

                                   
төгіп жүремін.                                                 

     Мен ақылды адаммын , өйткені жан-
жағымдағы адамдарға ақыл-кеңесімді

                                   
айтып жүремін.

     Мен салмақтымын, өйткені  
……..

Қорытынды: Музыка әуенімен (барлығының
көздері жұмулы)

       Қымбатты, балалар, қазір
барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз
босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен  бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол –
адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу
шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады.
Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани
сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы
сөздер арнайық! Ықыластарыңа рахмет.

               
Адам бойындағы ең асыл қасиет ол- Имандылық. Иманы бар адамнан осы сіз айтқан
қасиеттердің барлығын бойынан табылары сөзсіз…

Адамның

      
          басшысы-ақыл,

        
        шолушысы-ой,

          
      жетекшісі –талап,

          
      қорғаушысы-сабыр,

            
    сынаушысы-халық,

            
    таусылмайтыны-арман,

                
ең қымбаттысы — ар сақтау,

                
бәрінен ардақтысы — өмір сүру,

                
соның ішінде ең тәттісі — сыйластық.

Ал
осының бәрі — ИМАННАН!

     Сонымен балалар, әдептілік., үлкенді
сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше
бір қасиет. Жеке  басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы
қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең
шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.

   
Үлкенге иман керек,

Кішіге
иба керек.

Адамдар
бірін-бірі

        
   Құрметтеп сыйлау керек.

Ақкемер  орта мектебі

Тақырыбы:  «Адамгершілік –
асыл қасиет»

( Ашық тәрбие сағаты)

10 Асыныбы

Өткізген: Бабанова Айжамал
Жанузаковна

2015-2016 оқу жылы

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары А Ажығожина

Тақырыбы: «Адамгершілік — асыл қасиет»
Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағытын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге дағдыландыру.
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Әдісі: топтық жұмыс жасату, (миға шабул жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер т.б.с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі

Барысы:

Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,

әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін «деген екен.

Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп-нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой- бөлісеміз.

Сергіту сәті. Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек.

Топқа бөлу. Біздің бүгінгі тәрбие сабағымыз адамгершілік тақырыбында болғандықтан біздің сабағымызға ата- аналар да қатысып отыр, сондықтан «Тұрғындар мен үйлер» деп аталатын әдіс арқылы топқа бөлінеміз.

Топқа бөлінгеннен кейін үш топтан бір оқушыдан шығарып алып сұрақтар қоя отырып әңгімелесу. Әңгімелесу сұрақтары мынандай болып құрылады.

-Егер сыныптасың сені үзілісте мазақтаса ол оның қандай мінезі.

-егер өтірікті көп айтатын балада қандай қадір болады

-егер сен бір адамға көмек көрсетсең ол қандай қасиетке жатады

-егер сен үлкен адаммен қатар есікке келсең сен не істейсің? Ал енді отыра қойыңдар, ал балалар сендер не айтасыңдар. Бұл туралы не ойлайсыңдар.

Адамгершілік бастауы неде?

Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

Адамгершілік туралы ойшылдар не дейді соған назар салыңдар/ слайд/

Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін оқитын Ақбота

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқитын Ұлпан

Ал енді осы жерде ортаға жиналып шаттық шеңберін құрайық

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Шеңбер – бұл әлемдеі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. «Жақсы немесе жаман қасиеттер» тренингі . — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі. Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр. Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Енді осы қалпымызда тұрып өзіміздің бір жағымды , бір жағымсыз қасиетімізді айтайық. Оқушылар барлығы айтып өтеді. Жаман қасиеттеріңнен арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңді үйге барғаннан кейін қағазға жазып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз. Ал енді орнымызға , тобымызға отырайық, топтарға тапсырма. бірінші топқа- адам бойында кездесетін жағымды қасиет екінші топқа — адам бойында кездесетін жағымсыз қасиет үшінші топқа- жағымсыз мінезден арылу жолдары ал ата – аналар сіздерге де тапсырма әрқайсыңыз мына параққа өз балаңыздың бойындағы жағымды жағымсыз қасиеттерін жазып беріңіздер.

Жағымды қасиеті Жағымсыз қасиеті

Ал енді осы топтық жұмысты , сендердің пікірлеріңмен келісе отырып мына «Маржан сөздермен» қорытындылайық. / слайд/ Енді балалар біздің электронды почтамызға мынадай құпия хаттар келіп түскен екен осы хаттарға үңіліп , пікір білдірейік. Сендердің бұл ойларыңды мына мақал – мәтелдермен қорытындылағым келіп тұр , осы мақалдардың мәніне үңіліп көрейікші. Келесі тапсырма «суреттегі адамгершілік сыры» мына экрандағы суреттерге қарап әңгіме құрастырыңдар. Адамгершіліктің қарапайым құпиялары Келесі тапсырма мен тақтаға төрт сөз жазамын «адамгершілік, қайырымдылық , жасаймын, Топта талқылау және бір шығарманы оқу.

«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол »- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік.

«Жұлдыздар» ойыны
Бізге жұлдыздар не үшін керек?
Әрине жұлдыздар бізге түнде жарық сыйлайды және әдемілік үшін керек. Мен сендерге қазір түсті жұлдыздар беремін таңдаған түсіңді алып, ортасына атыңды және өз атыңның бас әріпінен келетін жағымды сөздер жазасыңдар.

1. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ).
2. «Мен» топтастыру рефлекциясы , «Не білдік?»

Жағдаят: «Балам, анау не?»
…Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
— Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
— «Балам, анау не? » деп сұрапты.
— «Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
— «Ол-түйе,түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:
— «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.)

-«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.

Мұғалім сөзі:
Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғадырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйкені қазіргі таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды

Қорытынды:
Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық .

Адамгершілік — асыл қасиет


  • Тәрбие сағаты
  • beken
  • 03.11.2017
  • 0
  • 5
  • 58447

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп-интернаты
Тәрбиеші: Рустемова Багдат Мейрамбековна

 

Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;

Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: мақал — мәтелдер, суреттер, ырым- тыйымдар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

Қ.Р. Гимн орындау.

2. Негізгі бөлім

1) Кіріспе әңгіме

«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.

Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )

Ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?

2.  Суреттер бойынша әңгімелету.

— Балалар енді мына суретке назар аударайық. Жаңа аталған адамгершілік қасиеттерінің қайсысын көруге болады?

Адамгершіліктің қарапайым қағидалары: қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, дінін саттау, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.

Үлкен адамға сәлем беру — кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші  адам үлкен кісіге сәлем ермей кетсе, ол — әдепсіздік, көргенсіздік.

Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау — халықтық дәстүр, әдеп. біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз..

Сондай ақкүнделікті өмірде қолданылатын сиқырлы сөздер де бар, біз оны жиы айтамыз.

3. Сұрақ-жауап.

— Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.

1. Адамға ақыл беретін кімдер? (ата-ана, дос, ұстаз)

2. Адамның ақылы қайда?

Ханнның ақылы тағында,

Әкімнің ақылы жанында,

Ғалымның ақылы басында,

Ананың ақылы жасында,

Жігіттің ақылы жақсылығында,

Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.

3. Дос табу оңай ма?

Өмірде ақылдыға дос тау қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп. Ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ адамның қастығы аяқ астында жатады.

4. Үйдегі алтын қазық кім?

Үйдегі алтынқазық – ана. Ана ақылды болса, ала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәриесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.

5. Өмір сүру үшін не қажет?

Адам өмір сүруі үшін – су, от, тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл – мәнін береді.

6. Достықты нығайтатын не? Достық пен жолдастықты нығайтатын ынтымақ, ірлік, теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.

4. Мақал – мәтелдерді жатқа айту.

— Балаларосы бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны тыңдап көрелік.

Оқушылар кезекпен кезек өздері жаттаған мақалдарды айтады.

5. Ырымдар мен тыйымдар.

Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.

2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

3. Дастарқанды, тамақты баспа.

4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.

6. Дәптермен жұмыс.

Тиым сөздерді жаздыру.

7. Сергіту сәті:

8. Әдепті, ақылды бала қандай болу керек екенін мына өлең жолдарын тыңдайық.

1. оқушы.

Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,
Қашан да мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол мезетте сүйініш боп қол берем.

2.оқушы:

Мені үлкендер әдепті деп  мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай қылық жақсылыққа жатпайды.

3. оқушы. 

Тәртіпті бала сүйеніш
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр қаңғыма.
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.

Мұғалім: Жақсылық жасау — адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту.

9.  Ізеттілік әліппесі.

Атам менің әрқашан                                   Атам менің әрқашан
Кішіпейіл бол деген.                                   Бол дейтұғын бауырмал.
Ақыл сөзі санамда                                      Мынау байтақ ғаламда
Мақтанбауды жөн көрем.                           Қаншама дос, ауыр бар.

Мұғалім: Адамда асыл, игі қасиеттермен қатар жағымсыз жаман қасиеттері де болады. Олар қандай қасиеттер? (Ызақорлық, қызғаншақтық, жалқаулық, ұрлық, өтірік айту, ұқыпсыздық, өзімшілдік).

Қорытынды.

Сонымен балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке  басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.

Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп сыйлау керек.

— Осымен сабағымыз аяқталды.  Сау болыңыздар.


Приречный жалпы орта білім беретін мектебі

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы:

Адамгершілік — асыл қасиет

9 «А» сынып

Өткізген: К.Туманчиева

2015-2016 оқу жылы

Cабақтың тақырыбы: Адамгершілік — асыл қасиет

Мақсаты:оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды,шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Көрнекілігі:ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты айтылады. Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі.

1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?

Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, дейді Абай,- өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық, ол өмірде қымбат асыл қасиет, асыл мінез, ашық, шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы. Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар-жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік ашу, ызақорлық. Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер?

1-топқа неден жирену керек? (Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)

2-топқа Неге үйрену керек? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым).

Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?». Жарқын күн көлбейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

Бірінші бұлт. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.

Екінші бұлт. рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

1.Отанға деген, ата-анаға деген сүйіспеншілік, досқа деген, туған жерге деген сүйіспеншілік.

Үшінші бұлт. Жағдаяттық сұрақтар.

1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді. Ал сен не істер едің?

2.Сенің жан досың «Киноға барайық» деген болатын, ал сенің уақытың болмай жатыр. Не істер едің?

3.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?

Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің? Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа. Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз» деу керек. Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық — бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.

1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.

2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.

3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.

4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.

5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

7-түсі. Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі» деген сөз жаныңда жүрсін. Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық, артынан жадырап кемпірқосақ керілді, міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын, бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, адал, ақкөңіл, еңбекқор, әділ, ақылды парасатты болыңыздар! Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар!

Сынып сағаты: «Адамгершілікасыл қасиет»

Мақсаты:- оқушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық,

қасиеттерін қалыптастыру.

Мұғалім: Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Адамгершілік әр адамға тән асыл

қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың

өнерлерінде, әдет ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс —

тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан,күнделікті адамдармен қарымқатынасынан

бойына сіңіреді. «Адамгершілігің төмен болса әділетті бола алмайсың»деген

екен Вовенарг

Сабақ барысы:

Сыныпты топқа бөлу

І. Сөйлемді жалғастыру

1. Егер менің достарымның бірі ыңғайсыз жағдайға түссе, онда мен…

2. Егер менің үстімнен біреу күлсе, онда мен…

3. Егер мені ойынға қабылдағанын қаласам, онда мен…

4. Егер менің сөзімді әрдайым бөлсе, онда мен…

ІІ.Видео: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» (көрсетілімді көрсетіп балалардың

пікірін тыңдау)

ІІІ.Құпия хаттарға жауап:

Бірінші хат:Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап

ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда

қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен

сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?

Екінші хат: Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе

көз өтірікті айта қояды, мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін

айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды.

Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

ІV.Қонақтарға сұрақ беру: (ыстық орындық)

1. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға

болады?

2. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсыз?

3. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

4. Сіз өзіңіз жіберген қателігіңізді мойындай аласыз ба?

V.Постер құрау

1. Кешірімді болу: кек сақтамау, кез келген жағдайда да ұстамды болу

2. Сөйлесе білу: Ата анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзді

дұрыс, орынды қолдану керек, сөйлегенде дауыс ырғағына да мән беру

керек

«Қайырымдылық — адамгершілік белгісі»
Мерекелік кеш жүрісі

Жүргізуші: Мен өзімнің сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде басталғалы тұрмын.
«Қайырымдылық — адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса, Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.

Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.
Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын
Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын
Ойсыздарға ой салған оқпан болып
Асып – тасқан жерінде ән салатын
Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген
Анаңның жүрегі емес елжіреген
Еркелетіп бойына үйретіп ап,
Кеудеңе кептеп қояр желді үдеген
Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,
Түсірмейді қолынан асық етіп.
Бұл өмірге, апыр-ау дауа барма?
Кейде нұқып тастайды жасық етіп.
Қызығы да өмірдің осы болар,
Сан қилы мінезімен тосып алар.
Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,
Бауырындай құшақтап қосып алар.

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық — адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай аудандық білім беру бөлімі 2010 жылдың 11 қаңтары мен 11 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру айлығын өткізді. Айлық барысында «Бейнеу лицейі» — де оқушылардың толық тізімі жасалып, ақылы есі шектеулі және тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан, жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушылар анықталды. Аталған шара аясында Бейнеу лицейінде тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, демеуші болғысы келетін 33 ата — ана өз үлестерін қосып, нәтижесінде 52600теңге көлемінде 12 оқушыға қыстық киімдер мен оқу құралдарымен қайырымдылық көмек көрсетілді. Мектепте әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 оқушыға мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Баланың бір уақыт тамағы үшін 179 теңге құрайды. Асханадан берілетін ыстық тамақтың сапалығын, гигиеналық талаптарын бақылау үшін арнайы комиссия құрылып қадағаланды. Тегін тамақ беріліп отырған балалардың әртүрлі тағдыры бар. Олар мектеп ұжымы мен ата — аналар комитетінің жан — жақты тексеруінен кейін осы мүмкіндікке жетіп отыр. Мектеп асханасын жүргізіп отырған жеке кәсіпкер Бәтима Серікбаева өз қаражатымен 13 жартылай жетім баланы ыстық тамақпен тамақтандырса, 7 «а» сынып оқушылары өз еріктерімен қаржылай көмек қолын созды.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма —
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма —
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Адамгершілік — асыл қасиет

 Адамгершілік - асыл қасиет

Солтүстік Қазақстан облысы
Уалиханов ауданы Шағырсай негізгі мектебі
Үшінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі
Куйтенова Гульманат Рамазановна

Cабақтың тақырыбы: Адамгершілікасыл қасиет
Мақсаты:оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілігі:ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты айтылады.
Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі.
1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын.
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.
Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.
Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады.Олар-жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік ашу,ызақорлық
Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады.Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады?
Ол қандай қасиеттер?
1-топқа неден жирену керек?(Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)
2-топқа Неге үйрену керек?(Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)
Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?»
Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз мейірбан,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Бірінші бұлт.Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.
Екінші бұлт.рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
1.Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген сүйіспеншілік.
Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар.
1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің?
2.Сенің жан досың «Киноға барайық»деген болатын,ал сенің уақытың болмай жатыр.Не істер едің?
4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?
Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің?
Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт.
Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа.
Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек.
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай)
Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-адам баласының дұшпаны.
Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін.
Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық,артынан жадырап кемпірқосақ керілді,міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын,бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын,үнемі қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,әділ,ақылды парасатты болыңыздар!
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет».

Дайындаған: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Альмуханова Г.Қ.

Қолданылған техникалық құралдар: Интерактивтік тақта.

Көрнекіліктер: Слайд материалдары, жарға  ілінген нақыл сөздер.

Нақыл сөздер:

  1. Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

  1. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы

құрбы, жақсы ұстаздан болады».

Абай.

  1. “Адамгершiлiк — бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”.

В.Соловьев.

  1. “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi”

К. Д. Ушинский.

  1. “Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”

М.Жұмабаев.

  1. Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,
    Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.
    Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,
    Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Ш.Құдайбердіұлы.

Қажетті жабдықтар: Түрлі түсті қаламдар, қағаздар.

Топ сағатының тақырыбы:  «Адамгершілік – асыл қасиет»

Мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Көрнекілік: Слайд материалдары, жарға  ілінген нақыл сөздер.

Нақыл сөздер:

  1. Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

  1. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы

құрбы, жақсы ұстаздан болады».

Абай.

  1. “Адамгершiлiк — бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”.

В.Соловьев.

  1. “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi”

К. Д. Ушинский.

  1. “Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”

М.Жұмабаев.

  1. Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,
    Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.
    Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,
    Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Ш.Құдайбердіұлы.

            Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, топ сағаты басталып кетеді.
  2. Бүгінгі топ сағатымыздың  тақырыбы – «Адамгершілік – асыл қасиет». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.

Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары.

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi — адамдық ар — намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзiң үшiн еңбек қылсаң, — дейдi Абай, — өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың». «Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге.

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтадағы Күннің суретіне қараңдаршы.

Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Әр бұлттың астында біздің бүгінгі тақырыбымызға байланысты сұрақтар, тапсырмалар жасырулы тұр. Соларды шешіп, күннің бетін ашып көрелік.

Кәне, бірінші бұлт.

Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында әр адам тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға кішкене уақыт беріледі.

Әр оқушы өзінің анасына, досына, бауырына арналған жақсы тілектерін немесе соларға қатысты жағымды ойларын айту.

Мұғалім:

  • Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі.

Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.

92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.

1-ші бұлт ашылды – қайырымдылық қасиетін білдік.

Екінші бұлтты сейілтеміз.

Тапсырма: Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, адамгершілік туралы ұлы кісілердің, ақындардың айтқан сөздері, мақал-мәтелдер, шешендік, даналық сөздер айту.

Мұғалім:

  • Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ қағаз.

  • Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлеріңде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:
    1. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай.

  1. “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi”

К. Д. Ушинский.

  1. “Адамгершiлiк — бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”.

В.Соловьев

Үшінші бұлтты сейілтсек.

Рухани — адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Біз барлығымыз да ата – анамызды, Отанымызды, достарымызды сүйеміз. Осы қасиетке байланысты үшінші бұлттың тапсырмасы:

  1. Отанға сүйіспеншілік;
  2. Ата-анаға сүйіспеншілік;
  3. Достық қарым-қатынас.

Осы тақырыптарда төрт жол өлең өздерің ойдан шығаруларыңа немесе ұлы ақындардың өлеңдерінен үзінді айтуға, сонымен қатар ұлы адамдардың сөздерін де айтуымызға болады.

Төртінші бұлтқа таядық. Ситуациялық сұрақтар:

  1. Сынып ішіндегі баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің?

А) Ештеңе білмегендей боласың.

Б) Достарыңмен бірге мазақ қыласың.

В) Достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасқың келеді.

  1. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?

А) Үлкен ағаш болғанда;

Б) Көшет кезінде(кішкентай кезінде);

В) Тал кезінде.

  1. Сенің үлкен әпкең немесе үлкен ағаң анасына құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар дискотекаға кетті. Егер анаң сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?

А) Бұл жайында ештеңе білмеймін деймін.

Б) Бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың.

В) Шыныңды айтасың.

Г) Өз жауабың.

Бесінші бұлтты сейілтеміз. Ол тапсырма – сұрақтарға жауап.

  1. Ар-намыс дегеніміз не?
  2. Жомарттық  дегеніміз не?
  3. Кішіпейілділік  дегеніміз не?

Алтыншы бұлт. Тапсырма: «АДАМГЕРШІЛІК» сөзжұмбағын шешу. Осы тапсырманы орындаған соң Күн күлімдеп шығады.

  1. Наннан үлкен ас жоқ,

………. үлкен ат жоқ.

  1. ….. көзден кетсе де, көңілден кетпейді.
  2. Тәртіптің ең тамаша мектебі — ………..
  3. Отбасы — шағын  ……..
  4. Аға — ……. ұстаз.
  5. ……. етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  1. Әдепсіз өскен адамннан,

…….. өскен тал артық.

  1. … – дұшпан, ақыл – дос.
  2. Не …… болса, сол мәңгілік.
  3. Күшіңе сенбе, …… ісіңе сен.
  4. ….. бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

  1. Жақыныңды жат етсең — ……. күлкі боларсың.

Мұғалім:

Күн ашылды.

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі топ сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлаймын.

Қымбатты, оқушылар, осы топ сағатында барлықтарымыз  жақсы бір сезім әсерінде болдық деген сенімдемін.

Осы топ сағатынан сіздің бойларыңызға бір әсем шуақ — адамгершілік шуағы молая түсті. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Қазірден бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болуға талпыныңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! (Бір-біріне бір-екі ауыз жақсы тілек айтады).

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

Ықыластарыңа рахмет. Осымен топ  сағатымыз аяқталды.  Сау болыңыздар!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Аграрные праздники список
  • Аграрные праздники славян
  • Аграрные праздники на руси
  • Агентство праздников славянск на кубани
  • Агентство праздников персона

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии