Алтын балы? ертегісі сценарий

Скачать: Ашық ұйымдастырылған ертеңгілік

Алтын
балық                                             1

Қатысушылар:
Кемпір-Айым

Шал-
Мендали

Алтын
балық-Дана

Авторлар 
Жұлдыз,Аяжан

Әжемен
немерелерінің әңгімесі:

Жұлдыз
-Әже, әже сіз не істеп отырсыз?

-Құлыным
ертегі кітабын қарап отырмын.

Аяжан
-Әже сіз көп ертегі білесіз бе?

Әрине
балам мен қазақ халық ертегісін және де басқа да ұлттардың ертегілерін
білемін.Сендер білесіндер ме биыл ұлттар ассамблеясының 20жылдық мерей тойы
екен.

Жұлдыз
-ия, әже білеміз.

Аяжан
-Бізде басқа ұлттар ертегілерін білеміз.Әже сізге айтып берейік.

Ендеше
орыс халық ертегісі «Алтын балық»

Автор:ТеңіздіңЖағасында
кемпір мен шал,

             Тұрыпты 33 жыл нақ дәлме-дәл

Күн көрген бишаралар
балық аулап

Болмапты төрт түліктен
ырымға мал

Үсті шым,асты шұқыр
жерден жырған

Баспана мекенінің сиқы
тұрған

Бала жоқ қолқанаттық
екеуінде

Иіріп кемпір жібін, шал
ау құрған

Кемпір:
Әй,шал, бүгін менің тәбетім болмай тұр.Бірдеңе жегім келіп отыр.

Шал:
Мен саған не берейін?

Кемпір:Менің
балық жегім келіп отыр

Шал:Оны
қайдан алам?

Кемпір:
 Қайдан алсаң ,одан ал,Теңіз жағасына барда балық аула

Автор:Бір
күні шал апарып ауын салды

Балық жоқ,ауға оралған балдырды алды

Салғанда және ауын екінші рет

Теңізге бітетін бір шөп алды

Тағыда үшінші рет ауын салды

Сүйретіп шығарды, бір алтын  балық

Балық: Жанымды
бір шыбында қи ақсақал

               Бар болса, не қажетің
орындаймын,

Ата, ата, жіберші мені ,сенің қалаған 3
тілегіңді орындаймын жіберші мені

  Шал:Ойбай,
мына алтын балық адамша сөйлейді, бұл балық тегін емес.33 жыл бойы балыққа ау
салып өмір сүргенде, тілге жетік балықты көрген емеспін.Ей, алтын балық, жолың
болсын,еш нәрсе керек емес,сайран ет ,теңізіңде жолың болсын

Әй,кемпір,кемпір,міне ғажап,мен алтын
балық көрдім.Ол адамша сөйлей алады екен.мен оны аяп жіберіп қойдым Қалағаныңды
орындаймын дейді.

Кемпір:   Ақымақ,-алжыған,
кеткен есің

                 Былжырап айтып тұрсың сөз

                 Жаңа астау тым болмаса
алсаң едің,

                 Астаудың жарылғанын
білмеймісің

                           Бар , балықтан
астау сұра

Шал:  
Алтын балық, қайдасың? Менің бір тілегім бар

            Кемпірім ұрсып, мазам кетті

            Жаңа астау сұрайын деп келдім

Астауым жарық , тесік

Балық:  Қайғырма,үйіңе
бар.Сол болса жұмысың, оның болар.

        Мен ,сенің тілегіңді орындаймын

Шал:  
Ой кемпір, астау жақсы екен,өте әдемі

Кемпір:         Миы
ашыған,қу көк сақал, астауға қызыққан несі, көп нәрсе әкеліпсің адырағал.Үйіңнің
сиқы мынау, құлап жатыр.Балықтан барып,тәуір үй сұра

Шал
Кешір мені,алтын балық, менің саған екінші тілегім бар.Кемпірім, үй сұрайды

Балық:  Қайғырма,үйіңе
бар.Сол болса жұмысың, оның болар.

        Мен ,сенің тілегіңді орындаймын

Автор:  
Орныңда лашығының ағаш үй тұр

               Келеді шал қуанып,
таңырқанып

              Салған үй салатанатты
сәнімен

    Боялған, оюлаған
,мәніменен

    Сайраған бақшасында
түрлі құстар

     Келтірген көңіл
хошын,әніменен

Кемпір:
Әй, шал,Балықтан барыпсың да ,үй алыпсың

                            Ақымық,миың
ашып,кеткен шіріп

                            Ізіңменен
кейін қайт балыққа

                Айтпасын қара шекпен ,
қатыны деп

                Ақсүйек етсін мені,айт
балыққа

Шал:
Кешір мені алтын балық,менің кемпірім, ханшайым болам- деп айқайлап  жатыр

Балық:  Қайғырма,үйіңе
бар.Сол болса жұмысың, оның болар.

                  Мен ,сенің тілегіңді
орындаймын

Автор:  
Үстіне неше түрлі асыл киіп

               Паңсынып сыртқы есікте тұр
кемпірі

              Қолында толған өңшең алтын
жүзік

              Зумред, березелі алтын жүзік

            Үстінде камзол,ішік,тысы қамқа

             Аяқта сақтаяннан оюлы етік

Шал: Сәлем
бердік ,ханым Риза болдың ба? Астау алдың ,үй салдың, ханым болдың .енді не
керек, сабырлық ет

Кемпір: Енді
мен осы шаһарда мекен ететін барша ұлттын  өнерпаздары келіп маған өнер
көрсетсін.

                                           Ұлттар
биі:
қазақ биі

Орыс
биі

Индия

Татар

Грузин

Өзбек

Түрік

Қара
жорға

Кемпір:   Әй,
шал, бар балыққа мына теңіздерді қол астыма маған берсін,ал өзі маған шабарман
болсын Айт бар, осы айтқанымды орындасын

 Шал:    
Кешір мені алтын балық,менің кемпірім, қанағатсыз болып барады

Ол енді мына әдемі толқын теңіздерді және
өзіңді қол астына алғысы келеді

Автор:Кемпірдің
сұрағанын естіп балық

              Бір соғып, суды бетке кейін
қайтты

                Балықтан жауап күтіп
тұрып-тұрып

               Шал қайтты кешке жақын әлі
құрып

              Көре алмай салтанатты
сарайларды

            Көз
салды жан жағына мойнын бұрып

             Қараса лашығында кемпірі отыр

            Баяғы жарық астау жырық-жырық

           Түсіріп таз кебіне бір-ақ күнде

          Қойыпты қу қақбасты, Құдай ұрып

Осымен қысқаша ертегіміз аяқталды
.Көріскенше сау болыңыздар

«Алтын балық» ертегісі желісімен алынған  жаңа жылдық сценарий

Екі жүргізуші ортаға шығады

Гүлшат: Армысыздар ардақты ата-аналар, ұлағатты ұстаздар!

Ақмырза: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!

Гүлшат:   Жаңа жыл мерекесіне арналған  кешімізге

Екеуі бірге: Қош келдіңіздер! Гүлшат:   Тек осы кеште ғана біз өзімізді сәбидей сезініп, ғажайыптың бар екеніне сенеміз. Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, болашақта жүздеріңізден тек күлкі көрінсін!

Ақмырза: Осындай ғажап тілекпен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды мерекелейік!

(Сахнада кемпір мен шал. Кемпір жіп иіріп отырады. Шал теңізге барып ау құрады)

Сырттан дауыс:

Теңіздің жағасында кемпір мен шал, Тұрыпты отыз үш жыл нақ дәлме-дәл. Күн көрген бишаралар балық аулап, Болмапты төрт түліктен ырымға мал. Үсті шым, асты шұқыр жерден жырған Баспана мекенінің сиқы тұрған. Бала жоқ қолқанаттық екеуінде, Иіріп кемпір жібін, шал ау құрған. Бір күні шал апарып ауын салды, Балық жоқ, ауға оралған балдырды алды. Салғанда және ауын екінші рет, Теңізге бітетін бір шөп оралды. Тағы да үшінші рет ауын салып, Сүйретіп шығарды бір алтын балық. Шал байғұс өз көзіне өзі сенбей, Аңырайып тұрды біраз аң-таң қалып.

Алтын балық:

Жанымды бір шыбындай қи, ақсақал, Бар болса не қажетің менен алып

Шал: Отыз үш жыл ау салып кәсіп еткеніме, бірақ мұндай кереметті көрмеппін. Сен тегін балық емессің, киеңе қалармын. Ештеңең де керек емес, жолың болсын, теңізіңе барып сайран салып жүре бер

Шал кемпіріне келіп болған жағдайды айтады.

Шал: Теңізге барып ау салып едім, балдыр шықты. Екінші салып едім, теңіз түбінде өсетін шөп шықты. Үшінші салғанымда, сен сенбессің, бірақ адамша сөйлейтін алтын балық шықты. Бар тілегіңді орындайын, мені босат деді. Киесіне қалармын деп босата салдым.

Кемпір: Ақымақ, алжыған! Былжырап не айтып тұрсың? Отыз үш жыл жаңа жылды тек екеуіміз қарсы алып келеміз. Тым болмаса, бала сұрамадың ба?

Шал теңізге барады. Алдынан алтын балық шығады

Алтын балық: Не айтасың?

Шал: Кемпірім ұрсып, әбден мазам кетті. Сенен бала сұрайын деп келдім, тақсыр!

Алтын балық: Қайғырма, үйіңе бар! Сол болса бар жұмысың, оның болар!

Хоровод айтып кіріп келеді


Подборка по базе: Анат Алтын.А.Абилова.pdf, Заявка на олимпиаду Алтын тугыр Салкынкольская СШ.docx, Қазақ ертегісі вариатив.docx, Азалия Алтынай БББ-21 АҚТ.docx, «Аяз би» ертегісінің заманауи жаңашылдығы 22.09.docx, Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин әңгімелері (1).docx, Қазақша ертегілер.docx, Арайлы күз Алтын күз. Атамекен тобы.docx, _Он екі ай_ ертегісі желісімен құрылған жаңа жылдық сценарий.doc, Описание пожара Алтын Полимер 03.06.2022 г..docx


Алтын балық ертегі

Тақырыбы: «Алтын балық»

Мақсаты: Аквариум балықтарының тіршілігі туралы түсіндіру және оларды атай білуді үйрету; алтын балықтың ерекшеліктерін көре білуді үйрету.

Билингвальдық компонент: Балық – рыба, су – вода .

Мотивациялық қозғаушылық

«Мұхит дыбысы» үнтаспадан тыңдатылады .

Мен сендерге қызықты ертегі оқып бергім келіп тұр.Қандай ертегі оқып беретінімді білі үшін білу үшін жұмбақты шешіп көрейік .

Сусыз өмір сүре алмайды,

Аяғы жоқ, жүре алмайды. (Балық-рыба)

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балықтар қай жерде тіршілік етеді ?(Өзен , көл , мұхит ).

Балықтың денесі немен қапталған?

Қабыршақ сөзін бірнеше рет қайталату . Осы сөзге сөздік жұмысын жүргізу .

Қабыршақ – балық денесін жауып тұратын, бөлек – бөлек жұқа, қатты қабықша .

Кәнеки қос тілде айтып көрейікші : Балық – рыба, су – вода .

Аквариуммен танысу және бақылау. Тәрбиеші балалардың назарына алтын балығы бар аквариумды көрсетеді .

Балалар, мынау не?( Балық )

Аквариум –су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс . Олардың пішіні мен құрылысы әртүрлі болып келеді .

Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады .

Онда өсімдіктер де өсіріледі . Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі . Суы мезгіл – мезгіл ауыстырылып тұрады . Балықтың денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар.

Желбезектерімен судағы еріген ауамен тыныс алады .

Саусаққа арналған «Балық» жаттығуы .

Балық жүзді, сүңгіді,

Таза суды бүлдірді .

Бір көрінді, жоқ болды,

Әдемілеп секірді .

Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Жеке жұмыс . «Аквариумдағы және өзен – көлдердегі балықтардың тіршілігіндегі айырмашылықтар қандай?»

Сұрағын бірнеше балаға қояды.

Сұрақтарға жауап береді .

Суда( вода )тіршілік етеді .

-Қабыршақпен

қапталған.

Аквариумды қарастырады , балықты бақылайды . Сұрақтарға жауап береді .

Рефлексивті – реттеушілікСұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс – әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.

Сұрақтарға жауап береді .

Бір – бірінің жауаптарын тыңдайды .

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады : Алтын балық туралы білу .

Түсінеді : Аквариум мен тіршілік ететін мәліметті және оларға қалай қамқорлық жасау керектігін.

Қолданады : Жалпы балықтар туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, және ақпаратты талдай білу дағдыларын.

«Алтын балық»ертегі А.С.Пушкин

«Аққу» ересектер тобы

Дайындаған тәрбиеші: Б.С.Нукушова

«Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш»

Мақсаты:Балаларға ертегі мазмұнын оқып беру.Ертегі авторымен таныстыру.Ертегіні әңгімелеп айтуға дағдыландыру.Ертегі желісі бойынша рөлге бөлініп ойнау.

Тәрбиеші:Балалар мен сендерге қызықты ертегі оқимын.

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

– Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр?

– Көремiн, өрмек тоқып жүр.

– Анау құмырсқаны көремiсiң?

– Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады.

– Жоғары қара, аспанда не көрiнедi?

– Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар.

Сонда атасы айтты:

– Олай болса, шырағым, ол кiшкентай жәндiктер саған үлгi. Өрмекшi маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзiне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бiр нанның уалшығын тапқан соң өзi жемей, аузына тiстеп, қуанғаннан үйiне жүгiрiп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя iстеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бiр жан жоқ. Сенi де құ-дайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс iстеуге әдеттену керек, – дедi.

Ертегі авторы Ыбырай Алтынсарин атамыз.Көрнекті ағартушы жазушы әрі педагог.

Ы.Алтынсариннің көптеген балаларға арналған шығармалары бар.

Ертегі желесі бойынша сұрақтар қою

-Ертегі не жайында?

-Атасы не деді баласына?

-Жәндіктердің іс әрекетін не деп айтты?

Тәрбиеші; Ертегіні рөлге бөліп әңгімелеп береміз.

Балалардың сұрақтар бойынша әңгімелеп айтуы.

«Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш»

Ертегі

Ы.Алтынсарин

«Аққу» ересектер тобы

Дайындаған тәрбиеші: Б.С.Нукушова

Көкеніс дүкені»сюжетті рөлдік ойын

Мақсаты:Балаларды ойынға шақыру арқылы,қызығушылықтарын арттыру.Рөлге кезекпен ойнауды ұйымдастыру.Сөздік қорларын дамыту.Тату ойынға тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Балалар мен сендерді дүкен ойынын ойнауға шақырамын.

Ойын «көкеністер дүкені.Бізге алдымен сатушы керек,сондықтан сатушыны тағайындап алайық,қалған балалар алушы.Ойынды кезектесіп ауысып ойнаймыз.

Сатушы Айлин болсын.

Алушылар :Маған бір киллограмма алма өлшеп берсеңіз.

Сатушы:Жақсы өлшеп берейін.

Алушы:Рахмет.

Сатушы:Келіп тұрыңыз.

Алушы:Маған екі килограмм сәбіз керек.

Сатушы:Қазір өлшеп берейін.Барлығы екі жүз тенге бересіз

Алушы міне бес жүз теңге.

Сатушы:Міне үш жүз тенгеңізді алыңыз.

Алушы рахмет.

Ойын әрі қарай жалғаса береді.

«Көкеністер дүкені»

«Аққу»ересектер тобы

Тәрбиеші: Б.С.Нукушова

Таңертең кеш

«Аққу»ересектер тобы

Тәрбиеші: Б.С.Нукушова

Таңертең кеш

Мақсаты: тәулік бөлігі – таңмен,кешпен таныстыру; өлең мәтінінде тәуліктің қай мезгілі айтылғанын ажырата білуге үйрету. Осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану, таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.                                     

Міндеттері: таңертең,кеш тәулік бөлігімен таныстыру;

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: жұмбақтар мен тәулік мезгілі бейнеленген суреттер. Қарындаштар. Бағдаршам түстері бейнеленген дөңгелек шамдар.

Ғажайып сәт.

Балабақшаға келе жатып жолда пошташыны кездестіргенін айтады. Ол біздің топтағы балаларға сандық әкеліпті.

 — Балалар, сандықты ашып ішінде не барын көрейік.

Сандықтың ішінде суреттер бар. Бірақ оны білімнің арқасында алуға болады екен.

 «Сөйлемді аяқта» ойыны.

Педагог балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады.

 — Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал түскі асты ….. ішеміз.

 — Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты…. ішеміз.

 — Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай ….

 — Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды …. жасаймыз.

Педагог балалардан суреттегі әр уақыт мезгілін сұрайды.

«Айырмашылығын тап» ойыны.

  Суретпен жұмыс.

 — Балалар, мына сандықтардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Айырмашылықтарын тапқаннан кейін, ортадағы тіктөртбұрышқа сонша дөңгелек салу керектігін сұрайды.

-Кәне балалар. Қанша айырмашылық таптыңдар?

Бір бөлігі –

Жекеленген балаларға көмек көрсетіледі.

«Апельсин»

Саусақ жаттығуы.
Бір бөлігі – кірпіге
Бір бөлігі –қоянға
Бір бөлігі – үйрекке
Бір бөлігі – мысыққа
Бір бөлігі  – тышқанға
Бір бөлігі – қасқырға

«Шамдарды жақ» ойыны

Педагог өлең оқып береді.

Бас көшеде қырағы
Үш көзді дәу тұрады
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп біл үш көзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта, баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін, жасқанба.

 — Бұл өлең не туралы?

 — Суретте неше бағдаршам бар?

 — Оның неше көзі бар?

 — Ал қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

 — Олардың түстері қандай?

 — Балалар, ендігі бағдаршамның көздері сөніп қалыпты, біз оны жағуымыз керек.

-Бағдаршамның көздерін жағуға көмектесесіңдер ме?Балалар бөліктерін жапсырады.

— Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?

Педагог балалардан алдымен оң жақтағы көршісін, кейін сол жақтағы көршісін атауды сұрайды.

Санау және салыстыру

Мақсаты: Заттарды салыстыруға үйрету заттардың үлкен және кіші санын анықтау,салыстыра алу және қаншалықты артық немесе кем?деген сұраққа жауап алу.
Әдіс-тәсілдері; Түсіндіру,сұрақ-жауап,мақтау-мадақтау.
Көрнекілігі: Суреттер слайд.
Ұйымдастыру бөлім.
Балалардың назарын аудару.балалар қазір жылдың қай мезгілі

-Бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты-«Заттар тобын салыстыру»
Суретпен жұмыс:(Балалар әңгіме құрайды )
-Ненің суретін көріп тұрмыз?
-Бұл қай жер ?
-Балалар сыныпта не істеп жатыр?
-Енді осы балалардың санын салыстырамыз.
-Алдымен қыз баланы санаймыз содан кейін ұл баланы санаймыз?
-Қыз баланың саны-3.ал ұл баланың саны -2.
-Енді қыздар мен ұлдарды салыстырамыз.
-Қыз баланың саны ұл балаға қарағанда артық.Ал ұл баланың саны қыздарға қарағанда кем.
-Енді парта мен орындықтың санап салыстырамыз?
-Орындықтың саны-5 ал партаның саны -4.
-Қайсысы артық қайсысы кем?
-Орындықтың саны артық.Партаның саны кем екен.
-Ауызша жұмыс:(Суретпен жұмыс )
-1-сурет (Әңгіме құрау) «Артық» « кем» екенін анықтау.
2-ші сурет (Әңгіме құрау)
-3-ші сурет (Ауызша әңгіме құрау)
Ойын «Қай әмианда теңге артық»
Оқулықпен жұмыс: 2-ші тапсырма «Ұяшықтағы бос орынды жапсырма санмен толтырып шығу.
-3-ші тапсырма Боялмаған дөңгелекті бояп шығу.
-Тапсырма Суретке қарап адам мен заттар санын санап бояп шығамыз. 
Мысалы: мұғалім саны-1 болса сол 1 дөңгелекті бояймыз.
Ары қарай қыз бала нешеу -3 болса үш дөңгелекті бояймыз.
-Ары қарай осылай ұяшықтағы адамдар мен заттарды санап санына қарай бояп шығамыз.
-Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың 
Құлпынайы көп екен
Теріп- теріп алайық
Қалтамызға салайық.
4-ші тапсырма. «кел ойнайық»
-Мұнда нелерді көріп тұрмыз?
-Көкөністер мен жемістерді.Бүл ойында әр ұяшықтағы жемістер мен көкөністерді санап оның түрін түсін дәмін ажыратамыз және санаймыз.
-Балалар осы барлық егіндерді қай мезгілде егеміз?
-Ал қай мезгілде жинап аламыз?(Суреттен көрсетіп әңгіме құрау)
Ойын: «Өз орнына орналастыр»
Шарты: Мына тұрған суретке қарап қасындағы бос тұрған торға үстелдің үстінде жатырған әр түрлі суретерден таңдап бос орынға қоюымыз керек.
қорытынды жасалады.

Санау және салыстыру
«Аққу»ересектер тобы

Тәрбиеші: Б.С.Нукушова

Көңілді сандар
Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі сандар. Тура және кері санау.

Мақсаты:

а) 5-ке дейін санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру;

ә) геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау; талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру;

б) реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларға пойызға мініп, саяхатқа аттануды ұсынады.

Балалар ойынға қатысып, пойызбен саяхатқа аттанады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалардан тек қана вагондарды санап шығуды сұрайды. Паравозды «қосымша жолға» шығарып қояды. Вагондарды нөмірлеуді өтінеді. Вагондар санын ауыстырып, балалармен бірге солдан оңға кері санайды.

Бірінші, соңғы, ортадағы, екінші және үшінші вагондардың ортасында деген сөздерді қолданады. Балаларға «Жасырынбақ» ойынын ойнау туралы ұсыныс жасайды:

-Тышқан (немесе басқа кез келген кейіпкер) қай вагонға жасырады. Содан соң вагонның нөмірін айтпай, оны сөзбен сипаттап беруге тырысады. Басқа балалар сипаттама бойынша жауабын табады. Мысалы: ол екінші мен төртінші вагонның ортасында немесе ол қызыл емес және үшінші тұрған жоқ және т.б.

Ойынға арналған текшелер, цифрлар және сандық суреттермен жұмыс істегенде әртүрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Тәрбиеші цифрды, нүктеден тұратын сан үлгісін немесе заттың санын көрсетеді. Ал балалар соған сәйкес келетін карточканы табады. Жұмысты жұппен орындауға болады. Балалардың бірі санды, екіншісі үлгіні немесе санды карточканы алады. Домино ойынындағы сияқты қимылдайды.

Тәрбиеші бірден беске дейінгі сандарды мүсіндеуді ұсынады.

Мүсіндеу: Балалар ермексазды пайдаланып өздеріне ұнаған түстен сандарды мүсіндеп шығады.

Вагондарды тура және кері қарай санайды. Оларды нөмірлейді. Вагонды санына қарай және өзге де белгілеріне қарай сипаттап, «Жасырынбақ» ойынын ойнайды. Жұптасып домино ойнайды (жеңілдетілген нұсқасы)

Вагондарды нөмірлейді. Вагондарды ретімен атап көрсетеді: бірінші вагон көк, екінші вагон …

Рефлексиялық- түзетушілік

1-ден 5-ке дейінгі сандарды қатарластырып қояды және балалардан оларды тура және кері қарай хормен санауларын сұрайды. Сөйтіп, олардың санауды қалай меңгергенін тексереді. Содан соң балалар көздерін жұмып, тағы да солай санап шығуы тиіс. Педагог кейін оны тексереді. Сабақты қорытады. Балаларды мадақтайды.

Тура және кері санайды, содан соң көзін жұмып санайды. Сабақты қорытады және аяқтайды.

Көңілді сандар

«Аққу» ересектер тобы

Тәрбиеші :Б.С.Нукушова

Ата аналармен өткізілетін

2020-2021 оқу жылының жылдық жұмыс жоспары

р/с Іс-шаралар тақырыбы Өткізілу түрі жауапты
1 Қыркүйек айы:

1.Балалармен танысу.

2.Балабақша аялдамасы Адаптация.

3.Аурудың белгілері мен сақтану амалдары.

Короновирус

4. «Жолда жүру ережесін сақтайық аман есен болайық»

Топ ішінде.

Кеңес

Кеңес
Жылжымалы папка

Топ тәрбиешілері

Психолог

Медбике
Тәрбиешілер

2 Қазан

1.«Бала тәрбиесі отбасынан басталады»

2. «Жалаң аяқ жүрудің пайдасы»

3. «Күз жомарт»
4. «Күз сыйы»

Кеңес

Кеңес

Тақырыптық
Көрме

Тәрбиешілер

Тәрбиешілер

Топ тәрбиешілері музыка жетекшісі.

Ата аналар,балалар.

3 Қараша

1.Қазіргі уақыттағы дәуірмендердің бала организіміне пайдалы жақтары.

2.Кітап баланың досы.

3. «Баланы қауіп қатерден сақтана білуге үйрету.

Кеңес
Кітап көрмесі

Кеңес

Медбике
Топ тәрбиешілері

Тәрбиешілер.

4 Желтоқсан

1.«Балалар біздің болашағымыз»

2.«Ер есімі ел есінде»

3.Диагностикалық зерттеудің қорытындысы.

4.«Жаңа жылды қарсы аламыз»

Кеңес

Жылжымалы папка
Тақырыптық

Тәрбиешілер

Тәрбиешілер,балалар,музыка жетекшісі.

5 Қаңтар

1 Дені саудың жаны сау.мәдени гигиеналық шара

2.Бала денсаулығын нығайтудың дәстүрлі емес түрі

3. «Балаңызбен бірге ойнаңыз»

Жылжымалы папка
Кеңес
Кеңес

Топ тәрбиешілері
Медбике
Тәрбиешілер

6 Ақпан

1.Бала тәрбиесіндегі ата ананың рөлі

2.Ойнаймыз да ойлаймыз

3. «Баланың үрейі»

Кеңес

Фота көрініс

Кеңес

Тәрбиешілер

Балалар,ата аналар

Психолог

7 Наурыз

1.Менің анашым

2. Наурыз жыл басы

3. «Абайлап жүрейік».

Жылжымалы папка
Кеңес

Топ тәрбиешілері

Балалар,тірбиешілер

Тәрбиешілер

8 Сәуір

1.табиғатты аялайық

2.Табиғат бұрышында әдемі гүлдер

Топ тәрбиешілері

Ата аналар,балалар

9 Мамыр

1.Ата аналар сіздерге арналады

2.Балалардың танымдық процесстердің диагностикасы.

Кеңес

Тәрбиешілер

психолог

/upd/2016/0516/146338926357398c4f68b2a0.31418572.png

Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдын балтасын сұрап алады. Бір күні кедей диірменге барып балтасын ағып жатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге балтамды алып бер дейді. Ол қолын диірменге салып бір алтын балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Диірменші екінші рет қолын салғанда, күміс балтаны алып шығады. Сонда диірменші оған «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Сонда диірменші үшінші қолын салғанда бір ағаш балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Сонда кедей «Йа, осы менің балтам» дейді. Сонда диірменші «Пейілің таза адам екенсің. Сондықтан мына алтын балтаны ал!» дейді. Ол үйіне барып, не болғанын айтып береді. Балтаны ағып жатқан диірменге қалай түсіргенін айтады. Бай кедейдің айтқанының бәрін қайталап істейді. Ол балтасын суға түсіріп, диірменшіге балтамды алып бер дейді. Сонда диірменші алтын балтаны алып шығады. Ол байдан «Мынау ма сенің балтаң?» дейді. Сонда бай «Менің балтам!» дейді. Диірменші оған «Өтірік айтпа, мынау сенің балтаң емес!» деп өзінің ағаш балтасын береді.

Бекежан Дильназ 8 жас
Ақтау қаласы 

«Алтын балық» ертегісі
(Сахналық қойылым)
Балалардың шығармашылығы

1-Тәрбиеші : Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балалар,
Қиялға қызықтырып ертеді ғой.
2- Тәрбиеші: Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген ертейік біз.
«Ертегі еліне» бір саяхаттап,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз.
Музыкамен балалар кіреді.

1-бала: Ертегіде халықтың мұң-зары бар,
Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.
Жамандықпен алысып, жауын жеңген
Халқымның ұлдары мен қыздары бар!
2-бала: Театра мир подобен сказке,
Где парики, костюмы, маски…
Столь увлекателен процесс
Попасть из жизни в мир чудес,
3-бала: Жауларымен алысып жекелеген,
Батыр ма ел намысын өтемеген.
Ертегімен халқымыз ертеңіне
Ұрпағын қызықтырып жетелеген.
4-бала: Мир театра – мир идей,
Очарованных людей.
Это мир, в котором люди
Надеждами живут — на чудо.
5-бала: Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Су астынан шыға кеп,
Алақаныннан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін
Ертегілер ауылын.
6-бала: Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,
Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге келген қонақтар сендердің әртістік қабілеттеріңді көргілері келеді. Олай болса қонақтарға «Алтын балық» ертегісін сахналап берейк.
Ерте,ерте,ертеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні екеуі әнгімелесіп отырғанда, кемпір былай дейді:
Кемпір:Әй шал бүгін менің тәбетім болмай тұр.
Шал: (қалтасынан алып шығып) Кәмпит жейсің бе?
К: Жоқ.
Ш: Мә, онда сағыз шайна.
К: Жоқ, жоқ. Менің балық жегім келіп тұр.
Ш: Оны қайдан аламын?
К: Қайдан, қайдан! Теңіз жағасына бар да аулап ал.
Ш: Жарайды. Болмадың ғой, барып балық аулап әкелейін. (қолына қармақты алып, теңіз қарай, әндетіп, жақсы көңіл-күймен жол алады)
ӘН
«Еду, еду қашықтан…
мен балықшы асыққан,
мөлдір теңіз, достар-ей
Кому балық поскорей
Шал теңіз жағасына келіп, қармағын тастап, жайлана отырады.
Қармаққа балық түседі. Жай балық емес-алтын балық. Ол адам дауысымен шалға жалынады:
-Жіберші мені, ата, мен сенің қалаған тілегіңді орындаймын.
Шал балықты аяп кетеді, де:
Ш: Маған сенен ештеңе керек жоқ, бара ғой –жолын болсын, алтын балық-деп балықты жібере салады.
Би. «Алтын балық»
Шал үйіне келеді.
К: Әй, шал, балық қайда?
Ш: Білесің бе, кемпір, мен бүгін алтын балық ұстап алдым. Ол маған адам дауысымен жалынып, жіберуімді сұрады. Менің қалағанымды орындаймын деді. Бірақ мен оны аяп жібере салдым.
К: Сен миыңнан ауысқансың ба? Үйде жейтін нан қоқымы да жоқ, кір жуатын ләген де тесік. Сен оны білесің бе? Сен бар да балықтан кір жуатын машина сұра.
Шал кетіп алып жөнеледі, ал кемпір соңынан: Автомат-машина, тігін машинка, шансорғыш, тоңазытқыш, компьютер, т.б.)
Шал теңіз жағасына келіп: Алтын балық, алтын балық! Қайдасың?
Алтын балық: Мен мындамын. Не қалайсың, ата?
Ш: Алтын балық, сен мені кешір, үйдегі кемпір болмай мені саған жіберді. Ол, автомат-машина, тігін машинка, шансорғыш, тоңазытқыш, компьютер сұрайды.
А.б: Уайымдама, бәрі де болады. (алтын балық автомат-машина, тігін машинка, шансорғыш, тоңазытқыш, компьютер береді)
Шал қуанып үйіне балық берген заттарды арқалап келеді.
Кемпір кір жуып, тігін машинаны, шансорғышты қолданып, компьютерде ойнап, жалыққан соң, тағы шалына дамыл бермейді:
К: Ә, шал, мында кел. Мен компьютерде әдемі Түрік елін көрдім. Туркияда түрік ханшайымы болғым келеді.
Ш:Енді маған не қыл дейсің?
К: Бар, алтын балықтан мені түрік ханшайымы қылсын деп сұра.
Ш: Ұят емес пе, қайта-қайта мазалауға.
К: Бар дегенде бар.
Шал басын салбыратып, тағы теңіз жағасына барады.
Ш: Алтын балық, алтын балық!
А.Б: Не болды? Мен тыңдап тұрмын.
Ш:Менің кемпірім түрік ханшайымы болғысы келеді.
А.Б: Бара бер, тілегің орындалады
Шал қуанып үйіне барады.
Би. «Түрік биі»
Күндер өткен соң, көңілсіз, ашуланған, шаршаған кемпір үйіне оралады.
Ш: Тағы не ұнамады?
К: Мүлік бар, машина бар. Бірақ мен қартайып, бір аяғыммен ол дүниеде тұрғандаймын. Сондықтан сен қазір барасың да, алтын балықтан жасартатын крем сұрайсың.
Ш: Жоқ, бармаймын. Алтын балық алдында әбден ұятқа батырдың мені.
К: Сен не? Түсінбейсің бе? Жасарғым келеді.
Шал амалсыз алтын балыққа барады.
Ш: Алтын балық, алтын балық!
А.Б: Не керек? Айта бер.
Ш:Әлгі кемпір мені тіпті үйден қуып шықты. Ол енді жасартатын крем сұрап жатыр.
А.Б: Жақсы. Тілегенің орындалады. (крем ұстатады)
Шал рақметін айтып, үйіне қарай жөнеледі.
Кемпір кремді қуана алып, айнаға қарап бетіне жаға бастайды. Үстіндегі киімді шешкенде, жап-жас болып шығады. Шал оған қарап, ол да жағып жасарады. Екеуі бірге қосылып би билейді.
Флешмоб.

Тәрбиеші: Осымен балалардың шығармашылығымен ұйымдастырылған «Алтын балық» ертегісін қорытындылаймыз.

Алтын балық» ертегісі
Ерте заманда шал мен кемпір болыпты. Бір күні екеуі әнгімелесіп отырғанда, кемпір былай дейді:
Кемпір:Әй шал бүгін менің тәбетім болмай тұр.
Шал: (қалтасынан алып шығып) Кәмпит жейсің бе?
К: Жоқ.
Ш: Чуп-а-чупс сорасың ба?
К: Жоқ.
Ш: Мә, онда сағыз шайна.
К: Жоқ, жоқ. Менің балық жегім келіп тұр.
Ш: Оны қайдан аламын?
К: Қайдан, қайдан!! Қайдан алсаң содан ал. Теңіз жағасына бар да аулап ал.
Ш: Жарайды. Болмадың ғой, барып балық аулап әкелейін. (қолына қармақты алып, теңіз қарай, әндетіп, жақсы көңіл-күймен жол алады)
ӘН
«Еду, еду қашықтан…
мен балықшы асыққан,
мөлдір теңіз, достар-ей
Кому балық поскорей

БИ «Теңіз толқыны»
Шал теңіз жағасына келіп, қармағын тастап, жайлана отырады.
Бірінші рет бөтелке түседі.
Екінші рет теңіз лайы түседі.
Тек үшінші ретте қармаққа балық түседі. Жай балық емес-алтын балық. Ол адам дауысымен шалға жалынады:
-Жіберші мені, ата, мен сенің қалаған үш тілегіңді орындаймын.
Шал балықты аяп кетеді, де:
Ш: Маған сеннен ештеңе керек жоқ, бара ғой –жолын болсын, алтын балық-деп балықты жібере салады.
Шал үйіне келеді.
К: Әй, шал, балық қайда?
Ш: Білесің бе, кемпір, мен бүгін алтын балық ұстап алдым. Ол маған адам дауысымен жалынып, жіберуімді сұрады. Менің қалағанымды орындаймын деді. Бірақ мен оны аяп жібере салдым.
К: Сен миыңнан ауысқансың ба? Үйде жейтін нан қоқымы да жоқ, кір жуатын ләген де тесік. Сен оны білесің бе? Сен бар да балықтан кір жуатын машина сұра.
Шал кетіп алып жөнеледі, ал кемпір соңынан: Автомат-машина, тігін машинка, шансорғыш, тоңазытқыш, компьютер, т.б.)
Шал теңіз жағасына келіп: Алтын балық, алтын балық! Қайдасың?
Алтын балық: Мен мындамын. Не қалайсың, ата?
Ш: Алтын балық, сен мені кешір, үйдегі кемпір болмай мені саған жіберді. Ол, ұятсыз, автомат-машина, тігін машинка, шансорғыш, тоңазытқыш, компьютер сұрайды.
А.б: Уайымдама, бәрі де болады. (алтын балық автомат-машина, тігін машинка, шансорғыш, тоңазытқыш, компьютер береді)
Шал қуанып үйіне балық берген заттарды арқалап келеді.
ЖАРНАМА. «АРИЕЛЬ», «ЗАНУССИ»
Кемпір кір жуып, тігін машинаны, шансорғышты қолданып, компьютерде ойнап, жалыққан соң, тағы шалына дамыл бермейді:
К: Ә, шал, мында кел. Мен компьютерде талай әдемі, әсем жерлер көрдім. Қазақстанның табиғаты қандай сұлу. Тауы да, көлі де, кең байтақ даласы да бар. Сонын бәрін өз көзіммен көргім келеді.
Ш:Енді маған не қыл дейсің?
К: Бар, алтын балықтан машина сұра.
Ш: Ұят емес пе, қайта-қайта мазалауға.
К: Бар дегенде бар.(Кетіп бара жатқан шалдың соңына): Лексус, лимузин, тойота, мерседес-деп айқайлайды.
Шал басын салбыратып, тағы теңіз жағасына барады.
Ш: Алтын балық, алтын балық!
А.Б: Не болды? Мен тыңдап тұрмын.
Ш:Менің кемпірім жынданып кеткен сияқты. Сен берген компьютерден әдемі жерлер көріп, сол жерлерге жетуге машина сұрап жатыр.
А.Б: Бара бер, тілегің орындалады (машинаның дауысы)
Шал қуанып үйіне барады.
ӘН «Шофер сүйген қыз қандай»
Кемпір рульге отырып, саяхатқа барады.
СЛАЙД «БУРАБАЙ, ЗЕРЕНДІ, КӨКШЕТАУ»- экранда
Күндер өткен соң, көңілсіз, ашуланған, шаршаған кемпір үйіне оралады.
Ш: Тағы не ұнамады?
К: Мүлік бар, машина бар. Бірақ мен қартайып, бір аяғыммен ол дүниеде тұрғандаймын. Сондықтан сен қазір барасың да, алтын балықтан жасартатын крем сұрайсың.
Ш: Жоқ, бармаймын. Алтын балық алдында әбден ұятқа батырдың мені.
К: Сен не? Түсінбейсің бе? Жасарғым келеді.
Шал амалсыз алтын балыққа барады.
Ш: Алтын балық, алтын балық!
А.Б: Не керек? Айта бер.
Ш:Әлгі кемпір мені тіпті үйден қуып шықты. Ол енді жасартатын крем сұрап жатыр.
А.Б: Жақсы. Тілегенің орындалады. (крем ұстатады)
Шал рақметін айтып, үйіне қарай жөнеледі.
Кемпір кремді қуана алып, айнаға қарап бетіне жаға бастайды. Үстіндегі киімді шешкенде, жап-жас болып шығады. Шал оған қарап, ол да жағып жасарады. Екеуі бірге қосылып би билейді.
Осылай ертегі аяқталады.

Әдебиеттік оқу
№ 65
Тақырыбы: Алтын балық. Жолтай Әлмашев.
Мақсаты:
әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, баланың арманы мен қиялына баға беруге үйрету: жазушының астарлы, айшықты сөздеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау, сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу;
адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Әңгімені толық әңгімелету.
2. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды? Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті? Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық. Сөзжұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру. Мысалы: ТА(..) ЛЫҚ жауабы: БАЛЫҚ. Бірінші сөз — «таба», екінші сөз – «балық» Жақша ішіндегі нүктелер саны әріп санымен сәйкес келеді. Ү. Жаңа сабақ:
1. кіріспе. — Балалар, неліктен бұл әңгіме «Алтын балық» деп аталады? Кім қалай ойлайды? — Алтын балық туралы ертегі немесе мультфильм көргендерің бар ма? Онда не туралы айтылады? — Жалпы ертегіде алтын балық адамның тілегін орындайды. Ал бұл ертегі емес, әңгіме. Ал алтын балықтың бұл әңгімеге қандай қатысы бар екенін оқып көрелік.
2. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Шөкі қандай бала деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде.
Сөздік жұмыс. Дерт – ауру. Шетінеді – қайтыс болды. Төсек тартып ауыру – төсектен тұра алмай ауырып жату. Қолы жеңіл дәрігер – білгір дәрігер. Қуанышы қойнына сыймай – қатты қуанып. Сабасына түсті – көңілі орнына түсті. ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Бала шешесінен А.С.Пушкиннің қандай ертегісін көп тыңдайтын еді? Шөкінің арманы не еді? Баланың атын неліктен Шөкі қойған? «Тіл тию» дегенді қалай түсінесің? Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?
2. Баланың атын «Шөкі» деп қою себебі жазылған жерді тауып оқы.3.Шөкінің «Алтын балыққа» айтқан сөзін тауып оқы.
ҮІІ. Қорыту. Баланың тілегі орындалды ма? (Баланың ойын жинақтау, жазбаша ойын жинақтау, шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында № 3 тапсырманы орындау). Егер сен «Алтын балық» ұстап алсаң, не тілер едің? Тілегің болса, оны дәптеріңе былайша жаз: «Қымбатты, су патшасы …»
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.

Скачать оригинальный файл

Барабаншының әйелі шіркеуде болып, әр түрлі сурет және ағаштан жасалған бұйымдармен безендірілген жаңа альтарьға сұқтана, қарады. Олар көздің жауын алардай еді. Басын айналдыра зерлеген кенеп матадағы суреттер де, ағаштан жонылған, сосын боялып, алтын жалатқан бұйымдар да, шынында да, көз қызығарлықтай болатын. Суреттегі адамдардың шаштары күн сәулесімен шағылысып, алтындай сан құбылып, соншалық ғажап болып көрінді. Ал күн сәулесінің сұлулығы одан да ерекше болды. Қалың ағаш жапырақтарының ара-арасынан төгілетін батар күннің ал қызыл шапағы қандай ғажап! Жарық сәулеге тура қарап тұрудың өзі неге тұрады! Барабаншының әйелі қан қызыл болып батып бара жатқан күнге қарап тұрып, көп кешікпей құтан әкеліп беретін нәресте туралы ойлады. Ол нәрестені соншалық асыға күтіп жүр еді, енді батар күнге қарап тұрып бірақ нәрсе тіледі: ұлының жүзі нұр сәулелі болуын, тіпті болмағанда шіркеу қабырғаларындағы жарқын бейнелі әулиелердің біріне ұқсаса екен – деп тіледі.

Көптен күткен нәресте дүниеге келіп, оны әкесіне көрсету үшін жоғары көтерген кезде барып байқады, бала шынында да шіркеу қабырғасындағы әулиелердің біріне қатты ұқсайды екен. Баланың алтын түстес шашы, батар күннің алауымен шағылысып, сан құбыла жарқырап тұрды.

— Алтын балам менің, қазынам, күнім! – деп дауыстап, баласының алтын түстес бұйра шашынан сүйді.

Барабаншының бөлмесі әр түрлі әуенге толып кетті, он шырқалды, қуанышты дауыстар естіліп, сауық-сайран басталды. Қуанышқа мас болған әке құлақтың құрышын қандырардай барабанын даңғырлатуға кірісті. Өрт сөндірушілерге арнап жасалған барабан: «Сап-сары! Баланың шашы сап-сары! Тыңдаңдар, мұны айтып жатқан сәбидің анасы емес, барабан!.. Трам-там-там», – деп барынша даңғырлай бастады.

Мұны бүкіл қала қайталап жатты.

Баланы шіркеуге апарып, шоқындырды. Сәбиді бір ауыздан Петер деп атауға келісті. Бүкіл қала тұрғындары мен барабан оны сап-сары Петер деп, ал шешесі ұлының алтын түстес шашынан сүйіп, алтын бала деп атады.

Жол бойындағы ешқашан дегдімейтін сазды құлама қабаққа көп адамның есімі жазулы еді.

— Данқ! Бұл құр далбаса емес! – деді де барабаншы, қабаққа өзінің және ұлының есімін сызып жазды.

Қарлығаштар ұшып келді. Бүкіл әлемді шарлап жүретін олар аса құдіретті әміршілерді есте сақтау мақсатымен мәңгілік жартастар мен үнді еліндегі шіркеу қабырғаларына ойып жазылған неше түрлі жазуларды көрген-ді. Бұл таңбалардың тым ерте заманда жазылғаны соншалық, бірде-бір жан оларды оқып, ешқашан өлмес есімдерді анықтап атай алмаған-ды.

Даңқ! Даңқты есім!..

Қарлығаштар құлама жарқабақтың жұмсақ жерін қазып, ұя жасап алды. Әркім-әркім сызып жазған есімдер жауын-шашынның кесірінен бір-бірлеп өше берді. Көп ұзамай барабаншы мен оның ұлы Петердің есімі де жоқ болды.

— Петерімнің есімі дегенмен де бір жарым жыл бойы өшкен жоқ, – деп қуанды әке.

«Ақымақ!» – деп ойлады барабан. Бірақ бұл сөзді толық айтпай: «Ақ-ақ-ақ-мақ-мақ-мақ», – деді даңғырлап.

Сары Петер өте пысық, әрі көңілді бала еді. Әсіресе оның даусы керемет болатын. Ешқандай әуенді білмесе де ормандағы құстардай ән салатын. Ол дауыстай бастағанда-ақ, көмейінен ғажайып әуен төгілетін.

— Ол әнші болады, – дейтін анасы. – Ол шіркеуде өзі соншалық ұқсайтын алтындалған әулиелердің астында тұрып ән салады.

— Сары мысық! – деп мұқататын қаладағы әзілкештер. Барабан осы бір сөзді көршілерінен жиі естіп жүрді.

— Петер, үйіне барма! Әйтпесе шатырға шығып ұйықтасаң, үйдің жоғары қабаты күйіп кетеді. Сөйтіп өзіңнің барабаныңа жұмыс тауып беріп жүрерсің, деп мазақтайтын-ды оны көшедегі балалар.

— Барабанның таяқтарының қандай боларын көрсетейін сендерге! – деп айқай салып, өзінің кішкенелігіне қарамай Петер балаларға тап берді. Қарсы келіп қалған бірінші баланы ішінен нұқып жіберіп еді, анау аяғы көктен келіп, құлап түсті. Қалғандары тым-тырақай қаша жөнелді.

Сарайдағы дүкеншінің баласы қалалық музыкант болатын. Ол аса пан әрі атақты кісі еді. Ол Петерді жақсы көретін-ді, баланы жиі-жиі үйіне шақырып, қолына скрипка ұстатып, қалай ойнауды үйретіп жүретін. Баланың саусақтары, шынында да, алтын болып шықты. Одан қарапайым барабаншы ғана емес, белгілі музыкант шығарына ұстазының күмәні қалмады.

— Солдат боламын дейтін Петердің өзі.

Ол әлі еш нәрсенің байыбына бара бермейтін бүлдіршін еді.

Сондықтан да ол үшін әскери киім киіп, қылыш асынып, бір-екі, бір-екі деген бұйрықпен сапта жүргеннен асқан бақыт жоқ секілденетін.

— Барабанның үнімен жүруді үйренесің! Трам-тамтам! – деді барабан.

— Ол генерал болса ғой, шіркін! Ол үшін соғыс болуға тиіс қой, – деді әкесі.

— Құдай сақтасын, – деп үрейленді шешесі.

— Біздің неміз кетер дейсің, тәйірі, – деп соқты әкесі.

— Кішкентай баламыз ше? – деп қарсыласты шешесі.

— Ойлап көрші, егер ол соғыстан генерал болып келсе ше!..

— Қол немесе аяғынан айрылып келгенше, алтын балам аман-сау болып жүре берсін.

«Трам-там-там», – деп даңғырлады барабан. Оған қосылып басқалары да жер-әлемді жаңғыртып, соғыс басталды. Әскерлер жорыққа аттанды, олармен бірге сары бас, алтын бала Петер де жолға шықты. Анасы көз жасын көлдетіп, зар еңіреді. Ал әкесіне ұлы осы сапардан даңқты адам болып оралатындай көрінді. Қалалық музыкант Петердің соғысқа бармай, осында қалып, еліне өнерімен қызмет еткенін қалады.

«Сары бас» дейтін солдаттар, бұған Петер күлетін. Бірақ әлдекім «түлкі терісін жамылған» – деп кемсітсе қатты ашуланып, ернін тістеп, бір қырын бұрылып кетеді. Әлгі сөзді елемеуге тырысады.

Ол өте ширақ, бірбеткей әрі көңілді бала еді. «Көңілділік дегенің ең жақсы жанторсық», дейтін оның ересек жолдастары.

Ол талай рет далаға түнеп, жаңбырға малшынды, көп қиындық көрді, бірақ ешқашан көңілін кірбің шалған жоқ. «Трам-там-там, жорыққа аттаныңдар», дегізіп барабанын шабыттана соғады. Иә, ол, шынында да, барабаншы болып туған еді.

Шайқас болатын күн де жетті. Күн шықпағанмен таң сібірлеп атып келе жатқан, күн салқын еді. Шайқас басталып, қатты қызып жатты. Оқ-дәрінің түтіні төңіректі тұмшалаған тұманнан да қалың еді. Ысылдаған сансыз оқ пен гүрс-гүрс жарылған гранаттар бас көтертпейді. Сәл ғана көтерілсе болды, оқ немесе гранат басқа, қолға, аяққа тиеді. Соған қарамастан қайсар жауынгерлер алға жылжиды, әр сәт сайын самайынан жараланған жауынгерлер бордай бозарып, құлап жатты. Ал барабаншы бала болса ештеңеден де қорыққан жоқ, ысылдаған мың сан оқ оған жоламады. Секіріп ойнап, алдыңғы сапта кетіп бара жатқан полк итіне көңілдене қарап, ілгері жылжи берді. Ит қауіп-қатерден ада. Бұл аймақта соғыс емес, ойын жүріп жатқандай әр-әр жерге топ-топ етіп түскен зеңбірек оқтары ол үшін доп сияқты.

«Алға, ұмтыл!» Бұл бұйрықты жауынгерлерге барабан тілімен айту керек-ті. Бірақ ақылдың бұйрығымен бұйрықты қайтып алу керек болатын. Барабаншы бала түсінбей қалды. Ол жауынгерлерге демалыс жариялар кезде берілетін белгінің орнына барабанын дүңкілдетіп ұрып жіберді. «Алға, ұмтылыңдар!» Жауынгерлер барабанның бұйрығына бағынып, алға ұмтылды. Иә, титықтап шаршап, шегінуге қам жасай бастағандарды жігерлендіру үшін аз күш жұмсаған жоқ.

Бұл шайқас талай өмірді өшірді, гранаттар адам денесін жапырақтап жұлып, жаралылар жасырынып, жан сақтау үшін еңбектеп жеткен шөп маяларын өртеді. Мұндай ғаламат сұмдықтарды еске алғаннан пайда жоқ, әрине. Солай болса да алдымен осындайлар ойға түседі. Тіпті майдан алаңынан қашықта жатқан бейбіт қала тұрғындары да соғыстың осындай қияметтерін ойлайды. Барабаншы әйелі екеуі соғыс-сойқанның осындай сұмдықтарын ойлаудан жалықпады. Өйткені олардың жалғыз ұлы Петер соғыста жүр ғой.

Адамдардың қыңсылап жылағанынан-ақ жалығып болдым, – деді бірде барабан.

Бұл шайқас әбден қызған күн еді. Күн әлі шықпағанмен таң әлдеқашан ағарып атқан-ды. «Құдайға сеніп тапсырған» ұлдары туралы сырласып, түннің бір уағында көз ілген барабаншы мен әйелі бұл кезде тәтті ұйықтап жатқан. Барабаншы ғажап түс көрді. Соғыс біткен екен дейді, жауынгерлер қайтып оралыпты, Петердің кеудесінде күміс крест жарқырайды. Ал анасының көргені мүлде басқа түс. Ол шіркеуге барып, ағаштан жонылған және кенепке салынған әулиелерге қарап тұр екенмін дейді. Олардың арасынан алтын бұйра шашты сүйікті ұлы алтын баласы орын алыпты. Үстінде аппақ киім, тек періштелерге ғана тән дауыспен ғажайып бір әнді шырқап тұр екен дейді. Біраздан соң ол анасына еркелей бас изеп, әулиелермен бірге аспанға көтеріліп, күнге қарай ұша жөнелгендей болды.

Менің алтын балам! – деп шошына дауыстаған әйел оянып кетті. Оны жаратқан ием өзіне шақырып жатыр екен ғой. Басын салбыратып, қолын жайып, еңіреп жылап жіберді. Қай жерде жатыр екен-ай! Бір топ жауынгермен бірге жерленді ме? Бәлкім, терең сазға батып кеткен шығар. Оның мүрдесін ешкім де білмейді! Оның басына барып, ешкім де дұға оқымайды!

Ол ерні дірілдеп, діни әуенді ақырын ғана айта бастады. Сонан соң басын жастыққа қойып жатты. Біраздан соң қалжырап шаршаған әйел ұйықтап кетті.

Кеш батты, майдан алаңының үстіне кемпірқосақ керілді. Ол бір басын үлкен орманға, екіншісін терең сазға тіреп алған. Кемпірқосақтың ұшы тірелген жерде бай қазына, алтын бар дегенге жұрт сенеді. Иә, шынында да, дәл сол жерде алтын-алтын бала отыр еді. Туған анасынан басқа ешкім де кішкентай барабаншы туралы ойлаған жоқ. Анасының қорқынышты түс көруі де тегін емес-ті.

Күндер өтіп жатты, өмір бұрынғы ағысынан жаңылған жоқ, түс дегендер де ұшып келіп, ұшып кете берді…

Оның басындағы алтын шашының бір талы да түспеді.

Егер ол ұлын күтпесе, оның қайтып келе жатқаны туралы түс көрмесе барабанға қосылып: «Трам-там-там, міне, оның өзі», – деп әндетері анық еді.

Айқайлап, ән салып, «уралап» даланы жаңғыртып, мойындарына көк өрім алқа таққан жауынгерлер қайтып орала бастады. Соғыс бітіп, бейбіт күн қайта орнады. Жолын үш есе ұзартқысы келгендей үлкен-үлкен шеңбер жасап жүгірген полк иті саптың ең алдында жортып келеді.

Күндер, апталар өтті. Ақыры Петер де қайтып оралды. Ол жабайы адамдай күнге күйіп, тотығып кетіпті, бірақ көзі мен жүзі мың құбылып, нұрланып тұр. Шешесі ұлын қапсыра құшақтап алды да, ернінен, көзінен, сап-сары шашынан айызы қанбай сүйді. Жалғыз ұлы аман-есен қайтып келді. Рас, әкесі түсінде кергендей ол күміс крест тағып оралған жоқ. Жаратқан анасының тілеуін берді. Петр денесінің бір жеріне сызат түспей аман-сау келіп, ата-анасымен қауышты. Бұдан асқан қуаныш бар ма! Олар қосылып күліп, қосылып жылап, мәре-сәре болды. Петердің қуанғаны сонша, ескі барабанын құшақтап:

— Сен әлі осында ма едің, қартым! – деп бауырына басты. Ал әкесі болса барабанды даңғырлатып қағып-қағып жіберді.

— Ойлап көрші, шынында да, үй өртеніп жатқан сияқты. Төбесі де, жүрегі де өрт-жалын, алтын бала қайтып келді! Трам-там-там, – деді барабан даңғырлап.

Бұдан кейін ше? Бұдан кейін не болды? Далалық музыканттың сөзін тыңдап көрелік.

Петер барабаннан да үлкен болып кетіпті. Тіпті ол менен де асып кетеді, – деді ол, сарай дүкеншісінің ұлы болғанына өкінгендей. Оның бүкіл өмір бойы үйренгенін Петер жарты жылдың ішінде ғана меңгеріп шықты.

Барабаншының бойында ақ көңілділік, ақ жүректілік секілді жақсы қасиеттер бар еді. Оның тұп-тұнық көзі мен алтындай жарқыраған шашын көрген жан баланың осы бір ерекше қасиетін жоққа шығара алмайтын.

— Ол шашын боятып жүрсе ғой, – десті көрші туратын әйел. Полицмейстердің қызы шашын боятып еді, қалыңдық болып шыға келді.

— Оның шашы соңыра бәрібір балдыр секілденіп, өз түсіне қайта келген жоқ па. Ол енді шашын өмір бойы бояп жүруге тиіс.

— Несі бар, бұған оның байлығы жетеді, – деді көрші тұратын әйел. Ондай байлық Петерде де бар. Ол ең атақты үйлермен араласып тұрады. Тіпті бургомистрмен байланысы бар. Оның қызы Лотта бикешті фортепьянода ойнауға үйретіп жүрген де сол.

Ол, шынында да, жақсы ойнай білетін. Жан-жүрегімен беріліп ойнайтыны соншалық, оның саусақтарының астынан ешбір нота қағазына түспеген ғажайып әуен мамырлап ұшып жатады. Ол айлы түндерде де, көзге түртсе көргісіз қараңғыда да фортепьянода дамылсыз ойнай беретін. Бұлай сарылып отыра беру еш мүмкін емес дейтін барабан мен көршілері.

Ал ол ешқашан шаршамайтын. Ғажайып қиялдарға мініп даңқ тауының ұшар биігіне қарай қалықтап ұшып кете беретін…

Бургомистрдің қызы Лотта фортепьяно ойнап отыр. Оның клавиштердін үстімен жүгіріп жүрген нәзік саусақтары Петердің жүрек қылын шертіп-шертіп жібергендей болды. Кенеттен жүрегі үлкейе-үлкейе кеудесіне сыймайтын тәрізденді. Бұл бірінші рет емес еді, сан рет қапталанған. Бір ретте Петер қыздың сүп-сүйкімді сүйріктей саусақтарын ұстай алып, оның қолынан қадалып сүйді де, жаудыраған үп-үлкен көзіне тік қарады. Оның дәл осы сәт қызға не айтқанын бір құдайдың өзі ғана біледі. Біз тек болжам жасай аламыз ғой… Лотта ләм деп аузын ашқан жоқ, құлағына дейін қызарып кетті, дәл осы сәтте бөлмеге бөгде адам статс кеңесшісінің баласы кіріп келді. Оның маңдайы соншалық кең, әрі жып-жылтыр екен. Тіпті желкесіне дейінгі аралықтың бәрі маңдай секілді, бір тал шаш жоқ. Лотта оған елжірей қарап, қуана езу тартумен болды.

Кешкілік үйіне қайтып оралған соң ол бөтен жұрт және өзі үшін қыл қобызының шанағында жасырулы жатқан қазына-байлық туралы әңгіме қозғады.

Даңқ!

— Трум-тум-тум! Туммелум! Ол мүлде есінен адасқан! Шынымен-ақ, өртеніп жатқан сияқты! – деді барабан даңғырлап.

Ертесі шешесі базарға кетті.

Жаңалықты естідің бе, Петер? – деп сұрады ол қайтып келген соң. Өте қуанышты хабар бар! Бургомистрдің қызы Лотта кеше кешкілік статс кеңесшісінің ұлымен некелесіпті!

— Мүмкін емес! – деп Петер айқайлап жіберді де, орнынан атып тұрды. «Рас» – деді шешесі. Сонан соң бұл жаңалықты шаштараздың әйелінен естігенін, ал оның күйеуіне неке туралы бургомистрдің өзі айтқанын ұлына баяндап берді.

Петердің жүзі қуарып, орындыққа құлап түсті.

— Құдайым-ай! Саған не болды? – деп шешесі шошып кетті.

— Ештеңе, ештеңе болған жоқ! Мені жалғыз қалдыршы, – деді ол. Көзінен ағыл-тегіл жас парлады.

— Балапаным менің! Алтыным-ай! – деді де анасы ұлына қосылып жылап жіберді. Ал барабан болса «Осымен ән бітті» – деп іштей әндетті.

Бірақ ән аяқталған жоқ еді. Оның әлі айтылмаған ғажайып, алтын шумақтары көп болатын.

— Қарай гөр өзінің бәлденуін, ұзатылатын қыздай қылымсуын! Бүкіл әлем мұның алтын баласының оқып, барлық газеттің бала мен оның қыл қобызы туралы жазғандығына құлақ түру керек сияқты. Ол буған аз ақша жібермейді, – деп күңкілдейді Петердің шешесімен көрші тұратын әйел.

— Ол қазір патшалар мен императорлардың алдында өнер көрсетеді! – деді кеудесін мақтаныш кернеген қалалық музыкант. Бұл бақыт менің басыма қонбағанмен шәкіртім жетті. Ол өзінің кәрі ұстазын ешқашан ұмытпайды.

— Әкесі бір кезде Петердің соғыстан күміс крест тағып келгенін түсінде көріп еді. Бірақ соғыстан ондай абыроймен оралу өте қиын ғой. Дегенмен оның қазір әлгідегіден да бағалы кресі бар. Шіркін-ай, әкесі тірі болса ғой, дейді анасы.

— Ол аса данқты адам! – деп даңғырлады барабан.

Барабаншының ұлы бір кезде ағаш шоқай киіп,жүгіріп жүретін кешегі бала барабаншы, би кештерінде қобыз тартатын сап-сары Петер бұл күнде даңқты адам! Осы бір сөз бүкіл қала тұрғындарының аузынан түспейтін болды.

— Ол патша сарайынан бұрын біздің үйде ойнаған, дейді бургомистрдің әйелі. Ол сол бір шақта біздің Лоттаға ес-түссіз ғашық еді. Ол әрқашан қолы жетпеске ұмтылатын. Оның сол бір кездегі әрекеттері тым өрескел еді ғой. Баланың, әлгіндей ақмақ пиғыл, ниетін сезіп, менің күйеуім қарқылдап тұрып күлетін-ді. Ал біздің Лоттамыз қазір статс кеңесшісінің зайыбы!..

Бір кезде титықтап шаршап, шегінуге тырысқан жауынгерлерге күш-қуат беріп, шабуылға бастаған кішкентай барабаншының жаны мен жүрегі тұтастай алтын еді.

Оның кеудесі, шынында да, алтын қазына, ғажайып әуендердің көзі сарқылмас қайнарындай еді. Осынау әуенге сары шымшық пен адам баласының сан құбылатын ғажайып үні сыйып жататын. Оның әніне тыңдаушы біткеннің аса таң қалатыны және кішкене баланың атақ-даңқының лез демде өз елінен шет аймақтарға кең тарап кетуінің бірден-бір себебі де Петердің дауысының ғажайып құдіретінде еді. Ол тыңдаушылардың жүрегін от-жалынға орап, оларды кереметтей таң қалдыратын.

— Қандай көрікті еді! дейтін әйел біткен таңырқап. Олардың ішіндегі ең кекселерінің өзі жас скрипкашының сәнді шашынан бір тал сұрап алуды ғана сылтауратып, атақты адамдардың бұрымдарын жинау үшін әдейі альбом да жасады.

Бекзададай киінген, патшадай бақытты кейіптегі Петер барабаншының жұпыны бөлмесіне ақыры қайтып оралды. Оның көзі мен жүзі күндей жарқырап тұрды. Анасы ұлын құшақтап сүйіп, қуаныштан көзіне жас алды. Ал ол болса анасын құшағына басып тұрып, өзіне таныс бұйымдардың бәріне үстінде шай ішетін ыдыс және гүл салынған құмыра тұрған сандыққа, кішкентай кезінде өзі ұйықтайтын ағаш орындыққа соншалық үлкен ілтипатпен бас шұлғумен болды. Сонан соң ескі барабанды бөлменің ортасына әкеліп қойды да:

— Әкем болса ғой, қазір оны даңғырлатып тұрып қағар еді. Оның орнына қазір мен қағамын! – деді де, барабанды бар күшімен ұрып-ұрып жіберді. Оның даңғырлағаны соншалық, жер-әлем жаңғырықты. Барабан аса қатты масайрады. Бірақ оның әбден ескірген шаранасы алапат соққыға шыдамай жарылып кетті.

— Жұдырығы қандай ауыр еді! – деді барабан. Осыдан кейін мен оны қалай ұмытармын. Әне, ұлының күшін көріп, сорлы анасы қуаныштан жарылып кете жаздап тұр. Алтын бала туралы бар әңгіме осы.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

(Сүрия халык әкияте)

Борын-борын заманда бер карт яшәгән, ди. Бик ярлы карт булган, ди, бу! Аның тимер балтадан башка бер әйбере дә булмаган, ди. Якын кешесе дә юк икән моның. Карт көн саен урманга бара, анда әзрәк утын кисә һәм шул утынны күтәреп өенә алып кайта торган булган.

Алып кайткан утынның бер өлешен кышка калдырган. Икенче өлешен кәҗә сөте белән арыш ипиенә алыштырган, ди, карт. Ул шулай ачлы-туклы көн күргән, ди.

‒ Әле дә балтам бар, югыйсә, ачка үләр идем, ‒ дип кабатлый икән бу.

Бер көнне иртә таңнан торып, карт урманга утынга киткән, ди. Әмма басманың уртасына җиткәч, көчле давыл чыккан да басманы чалшайткан һәм картның аркасындагы утыны белән балтасы суга төшеп киткән, ди.

Көч-хәл белән басмадан чыккач, карт:

‒ Харап булдым, харап булдым. Инде нишләрмен, каян балта алырмын, нәрсә ашап яшәрмен, ‒ дип, ахылдап, бик озак җирдә елап яткан, ди. Аның елау тавышын елгада йөзеп йөрүче бер балык ишетеп, бик кызганган, ди.

Озак та үтмәгән, яр буенда елап ятучы картка ул алтын балта китергән дә:

‒ Мә, бабай, елама, сиңа алтын балта китердем, ‒ дип әйткән, ди.

Карт балтаны тотып та карамаган:

‒ Бик матур балта икән дә, минеке түгел шул бу, ‒ дигән ачынып.

Балык йөзеп киткән дә икенче балта алып килгән, ди. Монысы көмеш балта икән. Карт монысын тотып караган да тагын:

‒ Бик матур балта икән дә, минеке түгел шул бу, ‒ дип бик каты уфтанган, ди.

Балык өченче балта артыннан киткән. Монысы тимер балта икән. Карт үзенең балтасын шундук таныган, ди, һәм, куанып:

‒ Менә монысы минем балтам! ‒ дип кычкырып ук җибәргән һәм балыкка зур рәхмәтләр укыган.

Балык аңа:

‒ Син, бабай, бик тугры кеше икәнсең. Алдамадың, ‒ дип картны мактаган, ди. Аннары:

‒ Бу балталарның өчесе дә сиңа булсын, ‒ дип әйткән дә, суга чумып, юкка чыккан.

Карт исә өч балтаны күтәреп, шатлана-куана, авылына кайтып киткән, ди. Юлда үзе белән булган хәлне, елгадагы балыкның аңа өч балта бүләк итүен, очраган бер кешегә, һич тә яшермичә, сөйләп кайткан, ди.

Картның сүзләрен күршесе дә ишеткән, ди. Ул бик саран, бик көнче, бик алдакчы кеше булган. Картка аны-моны әйтмичә, иртәгесен, балтасын алып, басма янына киткән. Басмадан елга уртасына җиткәч, балтасын юри суга төшереп җибәргән, ди. Ә үзе кычкырып-кычкырып еларга тотынган, ди.

Балык моның тавышын ишетеп, аңа да алтын балта китергән, ди.

‒ Балтаң шушымы? ‒ дип сораган, ди, балык әлеге алдакчыдан.

‒ Шушы, шушы. Нәкъ үзе, ‒ дип калтыранып җавап биргән, ди, ул балыкка.

Балык шушы сүзләрне ишеткән дә алтын балтаны алдакчыга бирмичә суда югалган.

Яр буенда бик озак елап-үкереп ятса да, алдакчының янына килүче булмаган, ди. Әнә шулай ул, алтын балтадан гына түгел, үзенең балтасыннан да колак каккан, ди.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Але сегодня праздник
  • Актуальность праздника день семьи
  • Актуальность праздника день россии
  • Актуальность праздника день отца
  • Актуальность праздника день народного единства мое понимание праздника день народного единства

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии