Ана мен бала сайысы сценарий

Cкачать: "Ана мен бала" сайысы

Тақырыбы:  «Ана  мен бала » сайысы.
Мақсаты: Бүлдіршіндерге
 ата-баба дәстүрін  насихаттап,  аналардан  тәлім-тәрбие
алып, олардың
 көрсеткен  ұлттық  рәсімдерін  естеріне  сақтап
 тәлім-тәрбие алу.

 Наурыз келді
еліме                  

 Наурыз келді жеріме
 Байлық бақыт тілеймін
 Бүкіл қазақ еліне!

Жүргізушісөзі:
                     
                     
                     
                     
                     
           Құрметті келген қонақтар, асыл аналар,
кішкентай бүлдіршіндер  сіздерді ұлыстың   ұлы күні  Наурыз  мерекесімен 
құттықтаймыз. Осы Наурыз мерекесіне арналған «Ана мен бала » сайысына  қош
келдіңіздер!
 Аналардың
 қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен 
аналарды  балалармен 
ортаға   қошеметтеп  қарсы  алып отырайық.

1. Ерлан
Ақниетті- Ғалия мамасымен.
2. Адилова Аяулым- Айгүлім анасымен.
3. Қаспай Ералы-Айдана  мамасы

4. Қайрат
Айару- Гүлден мамасымен

5. Кежеғали
Аружан — мамасымен

               1.Дүлділдің
атағы шабысында,

Бұлбұлдың атағы
дауысында.

Ғалия анасы Ералы ұлымен
келіп  жетті.

Бұл-ардың бар өнері
болмысында

Үм іттің  биігіне  қолын
созып

Дайындықпен келген екен
сайысуға

2. «Ана мен бала
» сайысына

Айгүлім  анасы Аяулым
қызы үміті бар.

Қошеметпен ортаға
шақырайық

Көрерменнің қолдайтын
ниеті бар.

Дайындықпен келген екен
сайысуға.

3.    Дәстүрлерді  жалғастырар  нағыз  қазақ емес пе

       Бүгінгі «ана мен бала»  сайысында  бақ сынауға

 Айдана анасы Ералы
ұлымен келіп жетті.

 Келген мына   »
»  атаның ұрпақтары емес пе.

4.   Риза болса мына жұрт қарасады.

     Ортаға қошеметпен
шақырып ап,

     Өнеріңді көруге
асығады.

     Қайрат Айару
мамасымен  сайысуға келіп жетті.

5.  Ақылы ұқсайды көл
дарияға

     Сыйлы әр кез
жастарға да қарияға

    Әнекей келе жатыр жол
беріңдер

    Сұлу қызымыз Аружан 
анасы 

Байқауымызды 
бастамас  бұрын төрелік етуші әділ- қазылар  
 алқасын  таныстырып өтейік.

1.
Балабақша  меңгерушісі: Садыкова Алмира Кунтувна.
2.Балабақшаның әдіскері: Базарбаева З.И.
3.»Жұлдыз» тобының тәрбиешісі:Ташранова А.М.

Енді 
сайысымыздың  шартымен  таныс  болайық.

 
          І. «Сәлем
сөздің-анасы»(таныстыру).
            ІІ.»Ұлттық салт -дәстүр» (рәсімдерді
көрсету.)
            ІІІ».Өнерлі өрге жүзеді»  (өз
өнерін көрсету.)
            ІV.»Өнерлінің қолы алтын «(қол
өнер көрсету.)
            V. Ұлттық тағамдар.

Беташарын
сайысымыздың бастайық,

Көрерменді
бір серпілтіп тастайық,

Сайыскерлер
таныстырсын өздерін

Әрбір
жұптың айтар сөзін тыңдайық

І.
бөлім. Таныстыру.

Ана мен бала  келіп жетті танысуға,
Сыпырды  толмағасын  осы  дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді.
Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе аналар, балалармен  бірге өздерін 
таныстырып  өтсін.

1. Ерлан
Ақниетті- Ғалия мамасымен.
2. Адилова Аяулым- Айгүлім анасымен.
3. Қаспай Ералы-Айдана  мамасы

4. Қайрат
Айару- Гүлден мамасымен

5. Кежеғали
Аружан — мамасымен.

ІІ. бөлім :
Ұлттық рәсімдерді көрсету.
                 Аналар  асыл менен ақылды.
                 Ажыратар алыс пенен  жақынды.
                 Үйретеді салт-дәстүрді аналар-дей
отырып өздерінің ойға түйгенін көрсету.

   1.
Бесікке салу.        
   2.40 нан шығару.
   3. Қоржын.
   4. Тұсау кесу.
    5. Аластау

 Анам
мені тербетіп, 
Өсіп кеттім ержетіп 
Сол бесігім үйімде 
Сақтаулы тұр төрімде.- деп  бесікке  салу  рәсімі. 


Жолың болсын деселік 
Жолыңа нұр төселік 
Жарылқасын алдыңнан 
Тұсауыңды кеселік   —  деп тұсау кесу рәсімі жасалады.
      

Құдалар 
акелетін каденің бір түрі .Қоржын.Бұл қоржында дәм татсын деп таттілер,орамал,шай
құралдары,сок шараптар салынады екен.Әр қалада  әртүрлі  салынады екен.

Аластау
рәсімі: Бәле жаладан аман болсын деп аластайды.

ІII 
бөлім Өнер көрсету
.

Жарайсыңдар барлығым да өренім,
Асып бір төселсінші кемерің.
Ырза болып, біздер ғана көрелік,
Тамашалап сайыскерлер өнерін -деп қошметпен қол соғып шақырайық.

ІV . Бөлім  «Қол өнер»

  Шеберлерім
өнер тамып қолынан
  Жаңылмаған ата-баба жолына

 Шебер
қолдар өз өнерін көрсетсін.

  Біз
айтайық төрелігін соңынан-дей отырып  ортаға

 V
бөлім  «Ұлттық тағамдар.»

Жүргізуші: Қазақ халқы үшін
дәнмен,дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. Дастархан –ата – бабамыздан бізге жеткен
қазына –мұра.

Қазақ халқының құт –берекесі дастарханда.
Көніл кірін жуатын да-дастархан 
Кісілікке бастайтын да -дастархан 
Тәрбиенің алаңы да дастархан. Алаң көңілге 
Сенім беретін де дастархан
Ендігіге кезек дастархан мәзірінде. «Ұлттық тағамдарға».

«Ас-адамның арқау» -демекші  аналарымыздың 
үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын  таныстырып өту.

Аяқталды  сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділ қазы үздігі кім

Бақ сынап алдыңызда «аналар мен
балалар»

Алысқан тұлпардайын
тізгінімен- деп Әділ қазылар алқасына сөз берейік.

Әділ- қазылар   алқасы өз шешімдерін талқылап
 шешкенше ортаға 
 «Күнім  » тобының бүлдіршіндерінің биін

   Би:»Домбыра » тамашалаңыздар.

Әр  аналар мен  мен балалардың  өнерлерімен,
шеберліктерін, тапқырлықтарын  бағалай  келе :       
              « Сабырлы  ана »    
     
              « Шебер ана »
              «Өнерлі ана»
              «Тапқыр ана»
             «Парасатты ана» номинациясы бойынша
барлық аналар  мен балалар марапатталды.

Өнерменен көрсетейік біздер қызмет
Әділқазы сіздерге де көп — көп рахмет! 
Көрсетпесін өмір — өзен ешбір тауқымет, 
Ризамыз ата — анаға жүрген демеп.

Осыменен  сайысымыз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.
 Сау болыңыздар.

Тақырыбы: «Ана мен бала»

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаз, 3 Д қалам, А3 қағадар, пломастер.

Ұйымдастыру кезеңі.
Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар!
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, балабақша , қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.

Тәрбиеші:  Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Шәріпбектер отбасы ортамызда.

Анасымен баласы

2 Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғыпқарсы алайық енді оны
Меңдібаеватар отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткенотбасы бұл
Анасымен қызы
Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар. Сайыс ережелерімен шарттарымен таныс болыңыздар.

Тәрбеиеші: Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

1 кезең.Таныстыру. 5 минут

2 кезең. Қызықты сұрақтар 5 минут

3 кезең. Өз өнері 5 минут

4. кезең: Үй тапсырмасы көрме жұмысы 5 минут

5 кезең: «Мен суретшімін.» 15 минут

Бүгінгі сайысты бағалайтын әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар.

1.Балабақша меңгерушісі Л.И.Оразаева

2. Балабақша әдіскері Г.М.Байжанова

3.Балабақша тәрбиешісі: Ә. Төлепова

1кезең: «Таныстыру»

2.кезең. «Қызықты сұрақтар»

II. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Тәрбиеші: Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында — демекші
3 кезең — «Өнерлінің өрісі кең» отбасылар өнерін көрсету бөліміне береміз.

Бұл сайыстың шарты бойынша ата-аналар өз өнерлерін ортаға салады.

4 кезең. Үй тапсырмасы. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойына орай көрме жұмыстарын таныстыру. Уақыты: 5 минут.

5 кезең «Қылқалам шебері» «Мен суретшімі » атты тапсырма сайысы. Бұл сайыста бала мен ата – ана бірігіп қатысады. Берілетін уақыт 10 минут

1. Анасы баласының айтқан бейнесін ақ парақ бетіне көздерін жұмып отырып салады.

2.Қараңғыда сурет салу тақтайшасы бойынша анасымен баласы отбасы тақырыбында сурет салады.

3. Д қаламын пайдалана отырып, еркін тақырыпта сурет салады.

Жарайсыздар ата-аналар. Бүгінгі сайыс өз қорытындысына келіп жетті.

Әділ-қазы алқалары өз шешімдерін шығарам дегенше ортаға «Біз бақытты баламыз» әнімен әнші қыздарымызды шақырамыз.

Сайыстың қорытынды шешімі.

Ата-аналарды мадақтау.

«Бегім Ана» балабақшасы

«Менің отбасым» апталығы

«Ана мен бала» сайысы

Тәрбиешілері: Жидебаева А.С

Жомартова М.М

Қызылорда 10.10.2018 жыл

  • Басты бет
  • Материалдар
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • Барлығы
  • Бастауыш сынып
  • «Ана мен бала» сайысы

Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:

Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.

«Ана мен бала» сайысы

Материал жайлы қысқаша түсінік:

мұғалімдерге, тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

«Ана мен бала» сайысы

Басенова Акмарал Камаловна

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық селосы «№9 жалпы білім беру орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі»

04.12.2018

501

0

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Тақырыбы: Ең алғыр, ең талантты ана мен бала

Сабақтың мақсаты:
• Қазіргі заман талабына сай жанұядағы ата ана мен баланың қарым қатынасын адамгершілік тұрғыда нығайту,
• Ата ана ролін ерекшелендіру, Жас ұрпақты ата — баба дәстүрімен тәрбиелеу;
• Ата — анамен байланысты нығайту. Бірін — бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті аналар, оқушылар, ұстаздар! Епті, ұйымшыл, алғыр, шапшаң жанұяны анықтайтын « Ең алғыр, ең талантты ана мен бала» атты сайысына қош келіпсіздер! Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ертеден түсінген. Бала — өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де, халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің салт — дәстүр, әдет — ғұрпын, қалыптастырған. Әже мен ана тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше. Ондай тәрбиені көрген бала болашақта ізетті, инабатты адам болып өсуіне күмән жоқ.
Өнердің нәр береді шапағаты
Әркімнің өнерге бар махаббаты
Талпынып сайыскерлер шықты кәне
Көрермен қошеметтеп қол соғады.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық:
1. Қиятов Оралбек анасы Ізтлеуова Ардақ
2. Елубай Саят анасы Тлеубергенова Құлпынай

Аналарды балдарымен ортаға шақырамыз. Бәріміз шеңберге тұрып, гүл арқылы бір бірімізге жақсы тілектер айтайық. Тақтада берілген жұлдыздың суретінде сайыскерлердің реттік саны белгіленген. Сол арқылы әрбіреуіміз өзіміздің реттік санымызды таңдайық.

Сайысымыз төмендегі кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Сұрақ жауап
3. Өз өнерін көрсету.
4. «Біздің жанұя» (сурет салу)
5. Маған қымбат жандар (эссе жазып келу)
Сайыс болған соң, оның әділ бағасын беретін әділ қазылар да болады. Ендеше сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
1.
2.
3.
Енді сайысымызды бастайық:
1. Таныстыру:

Ана мен бала келді ортамызға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен, ізетпенен танысуға.
Дей келе, әр ана мен бала ортаға шығып өздерін таныстырып өтеді.

2. Сұрақ – жауап
Балалар әділ қазылар алқасының алдындағы әр түрлі түсті қорапшаны көріп тұрған боларсыздар. Сол қорапшаның ішінде не бар екендігін кім айтып береді екен? қанеки кім айтады.? Дұрыс балалар ол қорапшаның ішінде сіздерге яғни бүгінгі сайысымызға арналған сұрақтар бар. Ендеше сол қорапшаны реттік сан бойынша келіп өздеріңе ұнаған түсті қорапшаны алайық. Қорапшаның ішінде екі сұрақтан бар: біріншісі анамызға ал екіншісі балаларға арналған. Қанеки енді сайысымызды жалғастырайық. Сұрақтарға ойлануға 1минут уақыт беріледі. Қай оқушымыз бірінші жауап береді екен көрейік.
1. балаңыздың сүйікті ертегісінен рөлге еніп үзінді айтып беріңіз?
Анаң саған қандай тамақтар пісіреді?
2. балаңыз сіздің рұқсатынсыз ұялы телефоныңызды мектепке алып кетті. Сіз кешке қандай шара қолданасыз?
Бауырсақ ертегісінде бауырсақ кімнен қашып кетеді?
3. балаңыз сіздің жинаған жеріңізді шашып тастай береді сіздің әрекетіңіз?
Ата анаңды қалай жақсы көресің?
4. үйде қонақтар отыр, балаңыз қайта-қайта келіп мазаңызды алды. Сіз не істейсіз?
Өскенде кім болғың келеді?
5. балаңыз сізді тыңдамаған кезде қандай шара қолданасыз?
Сені анаң қалай еркелетеді?
6. Балаңыздың еркелеткен сәтіңізді көрсетіңіз?
Достарыңа қандай тілек айтасың?
Ойын: аналарымыз өз баллдарын басқа балалардың арасынан тауып алу қажет.

3. Өз өнерін көрсету
Жарайсыңдар барлығым да өренім,
Асып бір төселсінші кемерің.
Ырза болып, біздер ғана көрелік,
Тамашалап сайыскерлер өнерін

4. Біздің жанұя сурет салу
Әр топ плакатқа өз жанұясының суретін салады. Балалары суреттеп өту керек.
5. маған қымбат жандар эссе
Оқушылардың үйлерінен жазып келген шығармаларын тыңдайық.
Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Әділ қазылар ұпай санын есептей болғанша біз « қара жорға болмаса, тойдың сәні келе ме,» дегендей, барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. « қара жорға» биі билейді.
Қорытынды:

«Ақ сүті оның өтеусіз жәй қала ма?
Борышты оған небір дарқан дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей, адамдар, жол беріңдер анаға
О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасыңдағы, кәрің де
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйыныңдар Ана деген тәңірге!» (А. Шәмкенов)

Құттықтаулар, сыйлықтар тапсыру.

Тақырыбы: «Ана мен бала» сайысы

Сабақтың мақсаты:
1. Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу.
2. Халықтық педагогиканы насихаттау, мақал – мәтелдер арқылы тілдік қорын дамыту.
3. Ата-анамен байланысты нығайту. Ана, әже тәрбиесін үлгі ету. Бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сайыстың жүру тәртібі:
1. Ұйымдастыру (мұғалімнің кіріспе сөзі)
2. Ана мен баланы таныстыру.
3. Сайыстың шарттары
4. Әділ-қазылар алқасын тағайындау
5. Сайысты қорытындылау

Мұғалім: Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ертеден түсінген. Бала – өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де, халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, қалыптастырған.
Әже мен ана тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше. Ондай тәрбиені көрген бала болашақта ізетті, инабатты адам болып өсуіне күмән жоқ.

Ән:
Сайыстың шарттары:
1. Таныстыру
2. Балаларды еркелету (төрт түлік малға)
3. Ситуациялық жаңару. Құстарға байланысты.
4. Өнер сайысы, ән айту)отан, ана, бала, туған жер)
5. Мақал – мәтел сайысы
6. Сұрақ – жауап (тәрбиеге байланысты)
7. Қорытынды

I. Таныстыру
Ана мен бала келді ортамызға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен, ізетпенен танысуға.
– Дей келе, ана мен бала өздерін таныстырып өтеді.

II. «Балаларды еркелету»
Ботақаным – бөбегім
Шырқайтұғын өлеңім
Бөбегімдей тәй басқан
Сені жақсы көремін
– Аналар балаларына еркелету сөз айтады

III. Ситуациялық жағдай
– Тосын ситуациялық жағдайлардан шығу туралы өз ойларын айту.

IV. Өнер сайысы
Жарайсыңдар барлығым да өренім,
Асып бір төселсінші кемерің.
Ырза болып, біздер ғана көрелік,
Тамашалап сайыскерлер өнерін. (әндер сайысы)

V. «Мақал – мәтел сайысы»
Отбасыма жеңістерді әпердім,
Сонда да көп шарттарды әкелдім.
Кезек келді, енді сайыс кезегі,
Сөз өнері – мақал менен мәтелдің.

VI. Сұрақ – жауап сайысы
Әр топқа 2 сұрақтан беріледі, соған жауап береді.

VII. Қорытынды
Құттықтаулар, сыйлықтар тапсыру.


Ана мен бала сайысы бастауыш тәрбие сағаты сайыс сабақ ашық сабақ

© Дереккөзі

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнектілігі: Әр отбасына арналған слайд-шоу, бейнесюжеттер, «Аңса, балам», «Бала арманы» әніндерінің минустары, құнсыз заттар.

Барысы:

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп, мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.

Бүгінгі біздің сыныбымызда «Отбасы — алтын діңгек» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

1-ші Аяжан анасымен — Анара Сайлаубекқызы
2-ші Ералы анасымен — Меруерт Қабдірахманқызы
3-ші Әрсен анасымен — Жадыра Союзбекқызы

Шаттық шеңберіне тұру.

Мұғалім: — Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарын құтты болсын.

1 бала — Баршаларына сәттілік тілеймін.

1 ана — Балаларымыз саналы, тәрбиелі болуына үлес қосамыз.

2 бала — Әрқашан тату-тәтті болайық.

2 ана — Балаларымыз кішіпейілді, мейірімді болуына үлес қосамыз

3 бала — Аңсаған армандарымызға жетейік.

3 ана — Өзіміздің балаларымыздың бойында өнегелікті дарыта білейік.

Сайысқа қатысу ретін анықтау.

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1) Байсалбаева Айгуль Даулетовна — директордың оқу ісінің орынбасары
2) Дуйсенбаевна Жадыра Дуйсенбаевна — ата-ана
3) Сейткасымова Эльмира Есеновна — ата-ана

Сайыс 3 балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнің бағалау өлшемдері (критерийлер) болады.

Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1 бөлім — Таныстыру
2 бөлім — «Бала арманы» үй тапсырмасы
3 бөлім — «Жағдаяттар» сұрақ-жауап сайысы
4 бөлім — «Адамзатқа көмек» атты шығармашылық тапсырма сайысы.

Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 бөлім — Таныстыру. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.

1. Мұратов отбасы.
Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайын өсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Отбасылар сайысына бүгін анаммен келіп тұрмын.
Атым Ералы болады сұрасаңыз,
Найман екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Самат — асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым — Меріерт Қадірахманқызы,
Жүзінен төгіледі күннің нұры.
Атыма кір келтірмей өтсем,
Сенің мойынан түсер перзент жүгі.

2. Ахметовтар отбасы
Болашаққа зор үмітпен қараймын,
Ахметтей ұлы атадан тараймын.
Кеудесінде ар мен намыс мақсаты көп,
Мен Аяжан Мұратқызы — қара қызы қазақтың.
Анам Анар бет бұрған ұстаздыққа,
Елімізге пайдалы іс қылмаққа.
Аружан деген апайым, Ясмин дейтін сіңлім бар,
Мен де келдім жарысқа қатыспаққа.

3. Оразгалиевтер отбасы.
Мен Әрсен арқынның баласымын.
Жадыра анам — өмірдег жанашарым,
Атам мен апам менің, асқар тауым.
Үйреткен тәрбиенің бар асылын.
Ізімнен келе жатқан інім бар,
Отбасым өмірдегі дара-шыңым.
Менің асыл арманым, ғарышкер боп,
Көрсету өнегенің жарасымын.
1-ші «А» сыныбымның мақтанымын,
Топтан озған тұлпардай, дарасымын.
Мен Әрсен Отанымның ұлымын,
Көтерген көк байрағын Алашымның.

Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған «Бала арманы» үй тапсырмасын тамашалайық. Бұл бөлім үш критерий (өлше) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі, АКТ-ны қолдануы.

1. Мұратовтар отбасы — Ерасылдың арманын сахналау түрінде көрсетеді. Бала мен анасынын диалогы, «Аңса жаным» әнін орындау.
2. Ахметовтар отбасы — Аяжанның арманы «Арман журналы» түрінде ұсынылады.

Аяжан: Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін,
Бәріміз бірге қалайық.

Ән «Бала тілегі» Аяжан — орындайды, анасы — сурет салады.

Аяжан: Әкем біреу, анам біреу менің,
Мен жығылсам сүйелер тілеулерім.
Олар барда — мереке,
Әлемге тіршіліктің жылуы таралады.

3. Оразгалиевтер отбасы — Әрсеннің арманы «Әрсеннің түсі» — релаксация түрінде өтеді.

Анасы: Қане, барлығымыз денелерімізді бос ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңыздар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар.

Әрсеннің түсін тамашалайды.

Әрсен:
Ғарышкер болу арманым,
Арайлап атқан таңдарда.
Әубәкіров Тоқтардай,
Қуантқан әркез жан-жағын.
Ғарышкер асыл ағалар,
Көк аспанды аралар.
Ғарышкер болсам деп айтар,
Араңызда бала бар.
Арманы асқақ баланың,
Үміттің отын жағамын.
Ғарышкер боп өскенде,
Оттай лаулап жанамын!
Биіктер менің талабым!

Жүргізуші: (қорытынды сөз): Балалардың армандары бүкіл адамзатқа ортақ. Қай тілде бала сөйлемесе де, оның болашағы, аңсаған арманы, кейін мақсаты ата-анасына байланысты. Бұл сайысты Мұхтар Шахановтың «Арман» өлеңінің жолдарымен аяқтағым келеді:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.

Әділ қазы мүшелерінен үй тапсырмасына берген берген бағаларын сұрасақ.

Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың 3 бөлімі — «Сұрақ-жауап» сайысын бастайық. Отбасыдағы жағдайларға байланысты бейнесюжет ұсынылады. Мұнда берілген жағдайды келесі екі отбасы пікір алмасу түрінде ойларын айтып, нұсқа береді. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, орындау шеберлігі, тақырыптың өзектілігі.

1. Мұратовтар отбасы 1 жағдай — «Дүкендегі жағдай»
Маман пікірі Нургельдина Роза Габдуловна
2. Ахметовтар отбасы 2 жағдай — «Компьютердің пайдасы мен зияны»
Маман пікірі Төлеутайев Еркебулан Әділетұлы
3. Оразгалиевтер отбасы 3 жағдай — «Баланың таңғы оянуы»
Маман пікірі Омертаева Эльмира Ардақовна

Әділ қазы мүшелерінен жағдаяттар сайысына берген бағаларын сұрасақ.

Қорытынды сөз: 
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды — демекші бір-бірімізге әрқашан көмектесейік.

Сынып ішінде бір-бірімізге көмектесе білдік, ал бүкіл адамзатқа қандай көмек көрсетуге болады? Оны келесі бөлімде анықтаймыз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беріліуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, оның барлық өміріне апат әкеледі» — деп, Әл-Фараби бабамыздың сөзінде өзекті түйіні бар. Тәрбие дегенде өзі бірінші ойға келетін ұғымдар — адамгершілік, тазалық. Жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынасы және мәдениет пен жауапкершілік . Ендеше келесі сайысымызда қоршаған ортаның маңызды бөлімдерін таңдап, қоллаж тәсілімен безендіріп, оның мазмұнын отбасы тақырыбымен байланыстырып ашу көзделеді. Интернет ресурс, құнсыз қолдануға болады. Бұл бөлім үш критерий бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, берілген материалдың қолданылуы, сөз көркемдігі. Сиқырлы қоржын ұсыну. Қоржынның ішінде түрлі құнсыз заттар.

Жүргізуші: Бұл сайыста ата-аналар құнсыз заттарды құнду затқа айналдырып болашақта балалары қандай болғанын көргісі келетінін білдіре білді.

Қорытынды: Ата-аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.

Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың төрт бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық.

Рефлексия.

Аяжан:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың, — мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып, қанасыздар.
Анасы: Сендер — күнсіңдер, аспанда жарқыраған

Ералы:
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар-
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, — лайықсыздар.
Анасы:Сендер — өзен, тау суы сарқыраған

Әрсен:
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Анасы: — Сендер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

Балалар: Сіздер — ана, жан, қыздар.

Жүргізуші:
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшейік. Осы сайыстың демеушілері: 1-ші сынып ата-аналары — Сейсенбаева Гүлзира Оразгалиева, Дүйсенбаева Жадыра Дүйсенбаевна, Сейткасымова Эльмира Есеновна. Алғысымды білдіремін.

azbyka.kz

Армысыздар, ардақты да аяулы аналар, сымбатты қыздар!

Міне,жыл аралатып  көктемнің алғашқы күндерімен келетін

Халықаралық әйелдер  күні де келіп жетті.

8-наурыз  1908 жылы 8 наурызда  өздерінің ауыр жағдайына

төзе алмаған  Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты.

Осы оқиғаны  есте қалдыру үшін 1910 жылы Данияның астанасы

Копенгагенде болған,ІІ Халықаралақ Конференцияда  Клара Цеткиннің

ұсынысы бойынаша, 8- наурыз – Әйелдер күні деп белгіленді.Осы

жылдан бастап,8- наурыз мерекесі үзбей тойланып келеді.

8 наурыз сценарий, 8 наурыз мерекесіне арналған, Халықаралық әйелдер күні, тәрбие сағаты балабақшадаОсы  мерекеге орай өзіміздің бақшамызда «Ана – ән,бала – оның қайырмасы»

атты мерекелік сайыс өтпекші.Сайысқа 6 топтың ата –аналары,

балаларымен жарысқа түседі.

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай  құлпырған

Алаңсыз да балғын шақты балалар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,- деп ортаға сайысқа

қатысушыларымызды  шақырамыз.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Енді,жарысымызды бастамас бұрын әділ тура

бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Бейсебекова Гулайым Жұмабаева

2.Абдрахманова Гульмира Хамзақызы

3.Жанат Ниязбекова

4.Тлеубаева Индира Арыстанбекова

5.Суйналиев Арон  Тимирболатович

6.Алтынбекова Диана Болатовна

7.Момышова Асел Дамиятовна

Жеребе тастау

1.Таныстыру

2.Музыкалық сәлем

3.Қол өнер

4.Сұрақ – жауап

5.дәм-думан.Ас мәзірі

Гүл көңілің қуаныштан өрілді

Жанарыңнан жалын нұры төгілді

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен

Көпшілікке таныстыршы тобыңды – дей келе

І сайысымыз топтардың өздерін таныстыруы.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Енді, сайысымыздың әділ бағасын берулеріңізді сұраймын.

Ана – деген адамзаттың данасы

Ана – деген сәбилердің панасы

Ана – деген жарық жұлдыз шырағың

Ана – деген қайнар ыстық бұлағың

Ана – деген өмірдегі қамқорың

Ана – деген  сүйенерің жан құрбым, — деп аналарымызға арналған әуезді әнімен, бақшамыздың үлгілі тәрбиешілерінің бірі Қалиева Айгүлдің орындауында «Ана жыры» әнін қабыл алыңыздар.

ІІ тур .Музыкалық сәлем

Топтардың музыкалық сәлемін тамашалайық.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Әділ қазылардан музыкалық сәлемнің бағасын сұраймыз.

Көңілімізді бір көтеріп әуезді ән тыңдап едік,

енді бақшамыздың өнерлі қыздарының

көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс: ГАЙ

ІІІ.тур Қол өнер.Үй тапсырмасы.

Балабақшамызға ескерткіш ретінде, яғни қолдан жасалған дүние болуы шарт.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Қол өнер сайысының  бағасын әділ – қазылардан

алқасынан сұраймыз.

Даусың қандай  сырлы еді

Табиғатты тыңдатқан

Көркің қандай  нұрлы еді

Таң шолпанмен астасқан

Өнеріңді, кәне бүгін көрсетші

Мына жұртқа, қошеметпен қол соққан, деп –

Айша  қыздарыңыздың әнін  тамашалаңыздар.

4.Тур. Салт – дәстүрге байланысты сұрақ-жауап.

Мына қоржында сұрақтар көп сол сұрақтың жауабын

табуыңыз керек.ойлануға екі минут уақыт беріледі.

1.«Бәйшешек»:Нұрханова Дана және оның қызы Байбосынова Алуа.

2. «Еркемай»: Тойғанбаева Құралай және қызы Қастеева Зере.

3. «Бал-бала»:Момышова Асел және баласы   Ақылбек Дәнеш.

4. «бал –бала» Бурасан Дәметкен және Бурасан Айсұлтан

6.  «. Айгөлек»: Жүкенова Аягүл және Балағазиева Асел.

5. «Тұлпар»  Рысқұлова Гүлжазира және Маткәрім Нұртілек.

Сұрақ – жауаптың бағаларын сұраймыз.

Бабамыздың жырысың сен домбыра

Анамыздың сырысың сен домбыра

Қазағымның жүрегінен жаралған

Даламыздың үнісің сен домбыра!- дей келе

балабақшамыздың  алғаш түлектері « ——————— »

тобының қаздарының «Домбыра» биін тамашалаңыздар.

5.тур. «Ас-адамның арқауы» дәм-думан

 Қазыларалқасының алдында қолдарынан келген ас мәзірін жасайды.

(барлығы бір уақытта бастайды.)Сіздерге 7 минут уақыт беріледі.Ал,іске сәт.

Осы кезде көздеріңіз қатысушыларда, құлақтарыңыз әнде болсын.

«Құлақтан кіріп бойды алар

Тәтті ән мен жақсы күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй» — деп Абай атамыз айтқандай

Бақшамыздың әнші қызы Аяулым қыздарыңыздың

әнін қабыл алыңыздар.

Ас мәзірінің Әділ- қазылардан бағасын сұрау.

Енді сіздер қорытынды бағаны есептегенше,

Ән:

Сөз кезегін әділ – қазылар алқасына  береміз.

Қатысушыларға номинация бойынша алғыс хат беріледі.

Осы жарысқа  уақыттарыңызды қиып, балаларыңызбен

біздің бақшамызға келіп жарысқа қатысқандарыңызға

мың алғыс.Намысқа тырысып,жеңуге деген

ұмтылыстарыңыздан еш уақытта қайтпаңыздар.

Адам барма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықтың ар намысын сақтаған

Мен анамның сонысына мақтанам,- деп

 бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,

отбастарыңызға бірлік пен татулық тілейміз.

Балабақша ұжымының атынан сіздерге көп рахмет.

Мақала авторы: Шаханова Назерке

★★★★★★★

Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.

↓↓↓

ТАПСЫРЫС ЖАСАУ

№182 жалпы білім беретін мектеп 
«Қыз еркем – анасымен көркем» 
аналар қыздарымен сайыс 2016ж. 
«Қыз еркем – анасымен көркем»
Мақсаты: Оқушылардың ой ­ өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген 
сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке 
тәрбиелеу.
Безендіру: Зал іші безендірілген. Гүлдер мен шарлар және де музыкалық 
аппараттар.
Керек құрал – жабдықтар: бағалар көрсететін таяқшалар, шарлар т. б
Балалар залда жартылай шеңберге тұрады.
1 ­ жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
2 ­ жүргізуші:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
1 ­ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, қыз ­ келіншектер және 
көрермендер! 
2 ­ жүргізуші: Бүгін мектебімізде өткізілгелі отырған қыз балалар мен 
олардың аналарына арналған «Қыз еркем – анасымен көркем» атты сайысқа 
қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен Аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы 
және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
1 ­ жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға 
шақырайық.
1. «1» отбасы___________________________ 2. «2» отбасы___________________________
2 ­ жүргізуші ­ Әділ қазылармен таныстыру:­ Алдымен сайыскер ару, 
аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған 
жандарды дәл анықтап беретін әділ ­ қазы алқасымен таныстырып алайық:
1. _____________________________Оқу әдіскері.
1 ­ жүргізуші: Енді көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы» яғни өз ­ өзін таныстыру. (өз тобын таныстыру)
2. «Кім тапқыр?» Қызықты жұмбақтар шешу сайысы (Бұл сайыста әр топқа 
жұмбақтар қойылады. Топ мүшелері тез жауап айту керек. )
3. «Дәм думан» бұл тағамдар сайысы. (ата ­ аналарға үй тапсырмасы сайысы).
4. Өнер сайысы.(ата ­ аналар өз өнерлерін көрсетеді)
5. Сән сайысы яғни көктемгі сән үлгілері.
2 ­ жүргізуші:
­ Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім, балалар?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
­ Иә, бұл әрине ана! Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге 
арналған мерекемізді бастаймыз! Мектепалды даярлық тобының балалары өз 
құттықтауларын білдірмекші.
1 ­ бала: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
2 ­ бала: Еркелесем, күлімдейтін, Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім»,­ дейтін.
3 ­ бала: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
4 ­ бала: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
1 ­ жүргізуші: «Сәлем – сөздің атасы» ­ деп басталатын бірінші кезеңімізді 
бастаймыз. аталады. Әр топ бір ерекшеліктерін көрсете отырып тақпақ 
ретінде ма, қимыл ретінде ма таныстырып өтеді.( танысу)
2 ­ жүргізуші:­ Тамаша, әділқазылар бағаларын қойып шыққанша, 1 дайындық 
тобының ұлдары сіздерге ән сыйлап отыр «Құттықтаймын, мама, туған 
күніңмен!» орындайтын:
1. Нұрын төккен маған,
Шуағымсың ­ сен!
Айналайын, мама,
Қуанышыңмен!
Шаттандырған мені,
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!
2. Аялаған мені
Ән қанатымен!
Құттықтаймын сені
Салтанатыңмен!
Бақытты ғой заман,
Қандай көңілді!
Мен тілеймін саған Ұзақ өмірді!
­ Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген 
балапандарымызға қошемет көрсетейік.
1 ­ жүргізуші: Сайысымыздың 2 – кезеңі
«Қызықты жұмбақтар» сайысы. Әр топ сиқырлы қоржыннан жұмбақтар алады,
дайындалуға 1 минут уақыт беріледі. Жұмбақ жауабын дәл тапқан сайыскер 
ұпай иеленеді.
­ Екінші сайыстың ұпайларын санағанша 3 топ балалары сіздерге арнаған 
тақпақтарын тыңдайық:
Гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын.
Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән беретін гүлім дайын
«Әжетай, сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Өскенде мен ал, енді,
Аралаймын әлемді,
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді. Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Бұл әженің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
2жүргізуші: ­ Аналарымыздың, Әжелеріміздің қолынан келмейтін өнер жоқ. 
Олар тігеді, пішеді, астың түрлі ­ түрлісін жасайды. Сыныптағы қыздарымыз 
да аналарына еліктеп түрлі өнерге ыңғайлы. Аналары мен кішкентай 
ханшайымдары бірге дайындаған үй тапсырмаларына көңіл аударсақ қалай 
болады екен? Кезекте «Дәм думан» деген ойынмен аналарымыздың аспаздық 
шеберліктерін сынап көрейік. ­ Тамаша, міне нағыз аспазшылар осы жерде тұр екен. Енді мына көздің жауын
алатын, тіл үйіретін тамақтарға біздің әділ ­ қазыларымыз өз бағаларын 
бергенше 1 топ ханшайымдардың орындауларында «Көңілді күн» атты би 
ұсынамыз.
­ Рахмет, балалар мынадай әдемі би көріп расында да көңіліміз де бір 
көтеріліп қалды ­ ау.
1 ­ жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Өнер сайысы». Бұл сайыста әр 
сайыскерлерге, үй тапсырмасы берілетін болатын, ендеше өнерлерін 
тамашалайық.
­ Тамаша, өнерлеріңізге тәнті болдық. Әділ қазылар алқасы бағаларын 
дайындағанша ортаға кішкентай балапандарымызды шақырайық. Би 
«Шөжелерім», қошемет көрсетейік.
2 ­ жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөліміне келіп жеттік, «Сән» үлгілерін 
көрсету сайысы. Ендеше қошеметпен ортамызға сән үлгісін көрсетуге 
Аналарымыз бен кішкене ханшайымдарымызды шақырайық.
1 ­ жүргізуші: Әділ қазыларымыз ұпай сандарын шығарғанша ортаға 1 топ 
қыздарымыз «Тентегім» атты биді қызықтауға шақырамыз.
2 ­ жүргізуші: Әділ қазыларымыз ұпай сандарын шығарғанша ортаға 3 топ 
биші ұлдарын шақырайық.
1 ­ жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден ­
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол ­
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
­ дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. 
Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Марапаттау атаулары:
1.________________________
8.________________________
Әділ ­ қазылар және мектеп директорына сөз беріледі.
2 ­ жүргізуші: 1 топ кішкене гүлдей жайнаған қыздарымыздың аналарына 
арнаған «Анашым» әнін тыңдауға шақырамын.
(ән соңынан кейін тақпақ жолын хормен айтып сыйлықтарын аналарына табыстау рәсімі.
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір дем де.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!!!
1 ­ жүргізуші: Атадан қалған асыл сөзге, ақыл кеніне құлақ түрсек. Ертеде бір 
жігіттен үйдің алтын қазығы кім деп сұрапты қарт.
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала, — депті жігіт.
Ата: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана 
болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі, — депті қарт. Осы 
қарттарымыздың қалдырып кеткен өнегелі де үлгілі сөздерімен осы 
ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
­ Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар 
мерекелеріңіз құтты болсын! Осыменен сіздерге арналған ертеңгілігіміз 
аяқталды. Сау ­ саламатта болыңыздар!
2 ­ жүргізуші:
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат­шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау ­ саламат болыңыздар!
Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі 
кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

Тақырыбы: «Аяулы ана, инабатты қыз»

Жүргізуші: Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Балалар залға әуенмен кіреді, орын ауыстыру қимылдарын жасайды.

«Қыздар мен ұлдардың ортаға шығуы» би қимылдары.

1 бала Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Аналардың мерекесін біз бастайық

Көздеріңнен көрем шаттық арайын

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың!

2 бала Қадірлі аналар көңілі

Көктемдей жайнап гүл ашсын

Бақытқа толып өмірі

Шаттыққа шатық ұлассын!

3 бала Гүл-гүл жайнап әріміз 
Кіреді біздің сәніміз 
Аналарды тойымен 
Құттықтаймыз бәріміз 

4 бала Құтты болсын осы шаттық күніңіз 
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз 
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым 
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз, 
Ақ анашым ұзақ өмір сүріңіз 

5 бала Бәрімізге анасың 
Біз үшін күн боп жанасың 
Құтты болсын мерекең 
Құттықтаймын анашым 

Жүргізуші:
Әсем әнім, сырнайды 
Әлем сүйіп тыңдайды 
Тамылжытып ән салмай 
Күнде думан болмайды демекші кезекті әдемі бір әсем әнге берсек. 
Ән: «Аналардың тілегі»  

Құрметті біздің мерекеге жиналған қауым, бүгінгі мерекеміз ерекше өтеді. Себебі, аналарымыз бен қыздарымыз сайысқа қатысқалы отыр. Бүгінгі сайыстың атауы «Аяулы ана, инабатты қыз» . Қатысушыларды ортаға шақыруға рұқсат етініңдер:

1 Нұрлан Інжу, анасы — Толқынбекова Ботагоз Ғылымбековна.

2 Тілеуқабыл Айшабибі, анасы — Рашатова Асем Бериковна.

3 Қасым Айша, анасы — Жылкибаева Луиза Даниловна.

4 Көбетай Іңкәр, әпкесі — Кубетай Нұрсая.

5 Төлеу Айзере, анасы — Даутова Қымбат Габидоллаевна.

6 Сулкеева Аяулым, анасы — Кусанова Айзада Муратовна.

Кім жеңеді сайыста үміт алда

Қобалжу бар жүректе күдік барда

Әділ – қазы алқасы атынды ақта

Жүректерге арман мен бақыт жолда – деп әділ – қазы алқасымен таныстырамын:

«№ 23 Айналайын» бөбекжай балабақшасының басшысы :

Қасым Жұлдыз Салиевна

«№ 23 Айналайын» бөбекжай балабақшасының әдіскері:

Куракина Любовь Васильевна

«№ 23 Айналайын» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі:

Жаманкараева Кулшат Мирашовна

Сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар:

І бөлім — «Таныстыру»

ІІ бөлім — «Шебер қолдар» қол өнер

ІІІ бөлім — «Дефиле» сән көрсету

IV бөлім — Би «Ана мен қыз» деп аталады.

Әділ қазылар алдында парақтар таратылды қатысушалардың ата — жөнімен, сайыс бөлімдері бар, сонымен қатар әр бөлімге баға беріп отырасыздар. «Таныстыру» сайысының ең жоғарғы бағасы «5»

Қатысушыларға сәттілік!!! Ал, біз бастаймыз.

Бірінші нөмірлі қатысушыларды өз таныстыруларымен ортаға шақырамыз.

1 Нұрлан Інжу, анасы — Толқынбекова Ботагоз Ғылымбековна.

2 Тілеуқабыл Айшабибі, анасы — Рашатова Асем Бериковна.

3 Қасым Айша, анасы — Жылкибаева Луиза Даниловна.

4 Көбетай Іңкәр, әпкесі — Кубетай Нұрсая.

5 Төлеу Айзере, анасы — Даутова Қымбат Габидоллаевна.

6 Сулкеева Аяулым, анасы — Кусанова Айзада Муратовна.

Енді кезекті әдіс қазы алқаларына береміз, бағаларыңызды көрсетсеңіздер.

Ендігі кезекте «Қол өнер» сайысы. Анасы мен қызы үйден бірге жасаған жұмыстарын ортаға шығарып, таныстыру қажет. Ең жоғарғы баға «5». Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.

1 Нұрлан Інжу, анасы — Толқынбекова Ботагоз Ғылымбековна.

2 Тілеуқабыл Айшабибі, анасы — Рашатова Асем Бериковна.

3 Қасым Айша, анасы — Жылкибаева Луиза Даниловна.

4 Көбетай Іңкәр, әпкесі — Кубетай Нұрсая.

5 Төлеу Айзере, анасы — Даутова Қымбат Габидоллаевна.

6 Сулкеева Аяулым, анасы — Кусанова Айзада Муратовна.

Әділ — қазылар дайын болса өз шешімдерін көрсетсін. Сіздерге көп рахмет!!!

Қазір сайыскерлер келесі бөлімге дайындалғанша біз балалармен «Көктем келді» әнін шырқайық.

Қазір мен залда отырған ата — аналар мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Орамал жинау» деп аталады.

Ойынның шарты: мына жерде жуылған орамалдар жатыр. Сол орамалды тезірек іліп, кептіруіміз керек. Қазір қыздарымыз сол кірлерді жаяды, ал аналарымыздың тапсырмасы қиындау. Көздері жұмулы, жайылған кірлерді жинайды. Ойынның шарты түсінікті болса, ойынымызды бастаймыз.

Сіздерге көп рахмет, орындарыңызға отыруға болады.

Жүргізуші: Ал, халайық ықылапен демейік

Аяулы аналар мен инабатты қыздардың сән үлгісін көрейік

Сыры менен сымбатына қарап біз

Әділдікпен бағаларын берейік.

Жүргізуші: Әділ қазы өз бағасын берсін, ал біз әрі қарай көңілді

мерекемізді жалғастырамыз.
Біз әдепті баламыз 
Оттай болып жанамыз 
Тақпақтарды жақсы айтып , 
Би де билеп аламыз 
Би: «Крылатые качели»

Жүргізуші: Ал, енді сіздерге бір үлкен, тату — тәтті отбасы туралы көрініс көрсетеміз.

Кішкентай мысық (маргау) кіреді.

Жүргізуші: Мынау мысық (марғау) — отбасымыздың ең кішкетай мүшесі. Ол өмірге жаңа келді. Отбасымызда кімнің басты адам екенін білу оған қызықты.

Марғау: Балалар! Қонақтар! Мяу — мяу,

Құттықтаймын бәріңізді!

Сегізінші Наурызбен,

Сағындыра кеп жеткен.

Көктемнің алғашқы күнімен,

Мен марғаумын.

Ойнағанды ұнатам,

Күні кеше туылсам да.

Секіріп, секіріп билегенді ұнатам,

Бар жақсыны үйретер.

Кереметтей жанұям бар,

Жанұямның бірақта

Басшысы мен емеспін,

Өкініштісі сол ғана.

Жүргізуші: Сенің отбасыңда кім басшы?

Марғау: Мен кішкентай баламын,

Отбасымның басшысы.

Менің анам деп ойлаймын.

Мысық ана кіреді: Кішкентай мағауды құшақтайды. Біздің үйдің басшысы — бізге сорпа қайнатып беретін, сүтімізді беретін, басымызды уқалап, бар мейрімін төгетін адам деп ойлаймын. Үйіміздің күзетшісі итіміз осы сөзімізді растайды.

Ит кіреді

Ит: Гав, Гав, Гав

Қандай әдемі ит. Сізге бір сұрақ қойсам бола ма?

(ит басын изейді)

Жүргізуші: Отбасыңызда кім басшы? — мысық па, ит пе, әлде ана мысық па?

Ит: Мен басшы болар едім. Отбасында анамыз өте жақсы, мейірімді, әкеміз де керемет. Отбасында барлығы ана мен әкені тыңдайды.

Жүргізуші: Ал, енді қатысушыларымыздан сұрайық. Отбастарыңызда кім басшы?

1 қыз: Кім басшысы маңызды емес.

Отбасыда қуаныш болса болғаны.

2 қыз: Кім басшысы маңызды емес.

Отбасымда қамқорлық болса болғаны.

3 қыз: Кім басшысы маңызды емес,

Отбасында мейірім болса болғаны.

4қыз: Кім басшысы маңызды емес,

Отбасымда татулық болса болғаны.

5 қыз: Кім басшысы маңызды емес,

Отбасымда көңілді болса болғаны.

6 қыз: Кім басшысы маңызды емес,

Отбасымда махаббат болса болғаны.

(Қыздарға анасы келеді, оларды құшақтайды).

Соңғы сайыс,би: «Аналар мен қыздары»

Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Менің сүйікті анам». Біздің қыздарымыз демалғанша, ортаға ұлдарды шақырамыз. Ұлдардың аналарын ортаға шақырамыз. Аналар орындыққа отырыңыздар. Ал, біздің ұлдар аналарын сәндеуге арналған заттарды сатып алып, аналарын мерекеге сәндесін. Столда заколка, очки, моншақ, шляпа т.б. жатады.

Жүргізуші: Әділ — қазылар сайыс қорытындысын шығарады. Ал, біз аяулы ана, әжелерімізге құттықтауды жалғастырамыз.

Тақпақтар:

Ән: «Әже»

«Аяулы — ана, инабатты — қыз» сайыскерлерін ортаға шақырамыз.

1 қыз: Маған анам бояу да бермейді.

2 қыз: Далап та жоқ, бірақ мен қамықпаймын.

3 қыз: 6 түрлі — түсті фламастер алып, бетімді сонымен әрілеймін.

4қыз: Мойнымызға алқа тағып, қолымызға моншақ тағып.

5 қыз: Әлемде қыздан артық әдемі ештеңе жоқ.

6 қыз: Әкешім босқа ренжімеңізші.

Жүргізуші: Міне осылай әкелер, өз ханшайымдарыңызға қараңыздар.

Тақпақтар ана туралы:

Сайыстың қорытындысын шығарғанша, би тамашалайық

Би «Рок — н — ролл»

Ендігі кезекті әділ — қазылар алқасына береміз, ортаға шығып өз шешімдеріңізді айтсаңыздар.

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге ұлдар құр қол келген жоқ, ұлдарға сөз кезегін берейік. Ұлдар құттықтау сөздерін айтып, сыйлықтарын береді.

Жүргізуші: Менің қолымда анаға, әжеге, қызға деген махаббат символы — жүрек бар. Қазір осы жүректі анамыз туралы жақсы сөздер айтып, бір — бірімізге береміз.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Амонг ас сценарий квеста
  • Амонг ас праздник на день рождения
  • Американский формат сценария шаблон
  • Американский формат написания сценариев
  • Американский формат записи сценария

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии