Оқушыларға салауатты өмір салтын
насихаттап, өз денсаулығын күте білуге,
зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу,
еліміздің болашағы жастардың қолында
екенін айта отырып, болашаққа деген
көзқарасын қалыптастыру.
Оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын
қалыптастыру,тілдерін дамыту,
сөздік қорларын байыту
Оқушыларды дастархан басында сақталатын
рәсімдермен, ырым-тиымдармен тансытыру.
Ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және
ұлттық ыдыс-аяқтарымен таныстыру
І
Оқушыларға дәстүрді сақтауға,нанды
тағы да басқа тағамдарды қастерлеуге,
ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу
ІІ
ІІІ
Дастархан басындағы
дәстүрлер
Ырым- тиымдар
Дастарқан басында сақталатын ырым — тыйымдар 1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. 2. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек 3. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. 4. Дәмді табақтың ортасынан алма, өз алдыңнан алып же. 5. Тамақ үстінен аттамайды Дастарқан басындағы дәстүрлер 1. Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды / ауыз тиіңіз 2. Төрге шығыңыз / төрлетіңіз / жоғарлатыңыз. 3. Шай ішіңіз, дастарқанға келіңіз. 4. Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады. 5. Астан кейін дастарқан басындағы ең үлкен, құрметті адам асқа бата береді Ас ішу тәртібі 1. Қол жумай, асты ішпейді. 2. Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді 3. Дастарқан басында әдепсіз сөйлемейді 4Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек 5. Тамақ ішіп отырып, кітап оқуға, теледидар көруге болмай
Асты қалай ішу керек?
1.Тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды
2. Асты асықпай, шайнап жұту керек
3. Тамақ ішіп отырып кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
4. Тамақты талғамай ішу крек
5. Әсіресе ұлттық тағамдарымызды талғамай жеу крек
Түрлі-түсті тағамдар
Ыдыс- аяқ туралы
жұмбақтар
Ішсең де айран, жалғаз шай,
Тамақтан соң ауыз шай
Асты қалай ішу керек
Су- тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің
Мақал — мәтелдер 1. Ас атасы нан, нан атасы – дән 2. Ет етке, сорпа бетке 3. Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы 4. Ас қадірін тоқ білмейді 5Ас — адамның арқауы
Қорытындылау
Тәрбие сағаты: Ас – адамның арқауы.
Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін түсіндіру, дұрыс
Тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру.
2.Оқушылардың білімін , ой – өрістерін, тілдерін, ойлау, таным-
дық қабілеттерін дамыту.
3 .Денсаулық сақтауға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кітапшалар, брошюралар, журналдар, мақал – мәтел-
дер, оқушылардың салған суреттері.
Әдіс –тәсілдері: сұрақ – жауап, ойындар, түсіндіру, топпен жұмыс, топтардың презентациясы.
Барысы:
І Ұйымдастыру
Тренинг. Жақсы тілек айту.
Оқушыларға денсаулық тілеу. Оқушылар да бір – біріне жақсы тілектер айтады.
ІІ Негізгі бөлім
1. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ қойылады:
-
«Ас – адамның арқауы» дегені калай түсінесіңдер?
Әр бала өз пікірін айтып, ортаға салады.
2. Мағынаны тану.
1.Топтық жұмыс.
1-топ.Адам ағзасы, дұрыс тамақтанудың жолдары туралы айтып, әңгімелейді.
2-топ.ХХІ ғасырдағы неше түрлі аурулардың шығу себебін іздестіреді, өз ойларын айтып, түсіндіреді.
3-топ. «Тісі ауырған бегемот» ертегісін ойдан құрастырып, тісті күту жолдарын айтады.
Топта жазуға, сурет салуға немесе ауызша айтуға дайындалады.
3.Ой толғаныс.
Топтардың презентациясы.
Әр топ дайындаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.
4.Ойын «Ұлттық тағамдар»
Ойынның шарты:
Балалар тағамдардың атын айтып, оның денсаулық үшін қандай пайдасы және зияны бар екенін айтып беруі керек.
Мысалы: ет, қазы, жал, жая, шұжық, қатық, ірімшік, сүт, айран, шұбат, қымыз, сүзбе т.б.
ІІІ Қорыту.
Әр бала бір мақал – мәтел айтып қорытады.
Ет етке, сорпа бетке.
Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама!
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Өзі тоймастың көзі тоймас.
Өле жегенше бөле же.
Ауру астан,
Дау қарындастан.
Тәні саудың жаны сау.
Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Ауру азығымен.
Әрдайым, балалар, дұрыс тамақтануды естен шығармайық. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі екенін ұмытпайық!
8 – cынып. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ас – адамныңарқауы
Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту;
2. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту:
3. Тақырыппен жұмыс жасау арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер, үлестірмелер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, суретпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Сәлемдесу;
•Оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
7 – тапсырма. Керекті сөздерді пайдаланып толықтырып жазыңдар
ІІІ. Мәтінмен жұмыс. /Ас – адамның арқауы/. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу.
IV. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерге жазу және жаттату.
V. Жаттығу жұмыстары
5–тапсырма. Берілген етістіктерді ырықсыз етіске айналдырып жазыңдар
Айтылды, қойылды, аударылды, шығарылды, желінді, жатқызылды, тасталынды, басылды, сыпырылды, кесілді, қосылды, дайындалды, пісірілді, ішілді, көрсетілді, суреті салынды, сатып алынды, оралды, қаралды.
VI.Сабақты қорыту.
«Асты ысырап ету – берекені кетіреді» деген сөз бар. Мұны қалай түсінесіңдер?
Сендер ысырапшыл емессіңдер ме?
Неліктен «Ас атасы – нан» дейміз?
VII. Үйге тапсырма: 1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгенін айтып беру.
Асқа қатысты тыйым сөздерді жазып, жаттап келу.
VIII. Бағалау
Сыныбы: 8 «а»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Домбыра үйірмесінде
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы-домбыра туралы түсінік беру. Оның шығуы, құрылысы туралы білімдерін молайту.
2. Оқушыларды өздігінен жұмыс істей алуға үйрету және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер, үлестірмелер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, суретпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Сәлемдесу;
•Оқушыларды түгелдеу;
• Психологиялық дайындық (Мен бақыттымын, себебі…)
• Сыныпты топқа бөлу (Есімдерінің алғашқы әрпінің дауысты және дауыссыз болуына қарай «Дауыстылар» және «Дауыссыздар» тобына бөлу).
ІІ. Жаңа сабақ.
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтардың өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
ІІІ. Топтық жұмыс.
«Дауыстылар» тобы: «Домбыра» сөзін септеңдер.Берілген сөздер қатарынан сөйлем құрастырындар. Қазақтың, домбыра, аспабы, халық. (Домбыра – қазақтың халық аспабы) Атасы, домбыраны, Айгүлдің, жақсы, өте, шертеді. (Айгүлдің атасы домбыраны жақсы шертеді) Үйреніп, домбыра, Айбар, алды, тез, (Айбар домбыраны тез үйреніп алды)
«Дауыссыздар» тобы: «Домбыра» сөзін көпше және жекеше түрде жіктеңдер.
Берілген сөздер қатарынан сөйлем құрастырындар.
Домбыра, Самат, екі рет, үйірмесіне, аптасына, барады. (Самат домбыра үйірмесіне аптасына екі рет барады)
Мектепте, біздің, үйірмесі, бар, домбыра. (Біздің мектепте домбыра үйірмесі бар)Домбырашы, жақсы, өскенде армандаймын, мен, болуды. (Мен өскенде жақсы домбырашы болуды армандаймын). IV. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен танысып, сөздік дәптерге жазу және жаттату. үйірме-кружок талабым – желание, стремление, цель жетіген – жетиген (муз. семиструнный инструмент) шаңқобыз – шанкобыз (муз. свирель) дауылпаз – дауылпаз (муз. ударный инструмент) ойнай береміз – можем игратьикемділік – гибкость, проворность, умелостьжасампаздық – созидательность V. Жаттығу жұмыстары 4–тапсырма. Керекті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жазыңдар. Кешке еденді жуу керек. Суды аулаға шашу керек. Досыңның қатесін ескерту керек.Ұшақ үш сағаттан соң Астанаға қону керек.Таңертең үйді жинау керек. Домбыра сатып алу керек. VI. Мәтінмен жұмыс. /Домбыра үйірмесінде/ Мәтінді оқып, түсінгендерін айту. VII.Сабақты қорыту. Домбыра жүрегіммен үндес едің,Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,Өнердің не екенін де білмес едім. VIIІ. Үйге тапсырма: Cөздікті және тұйық етістіктің ережесін жаттау. 2-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап жазу.
VIII. Бағалау
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/310429-asadamny-arauy
Мақсаты:
1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ас түрлері
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздер «Ас – адамның арқауы» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
І. Қызығушылықты ояту.
Ас дастарханға қалай келеді?
Оқушылардың пікірін тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Нан туралы ақыл – кеңестер.
Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.
«Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан»
«Ас жүрген жер – береке»
«Дастархан дәмі – киелі»
І бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
Балаға ми жеуге болмайды.
Ми жемейді жас бала,
Миды ұсын басқаға,
Былжыр болып өсеміз,
Ынжық болу масқара.
9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10.Дастарханнан аттауға болмайды.
11.Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
12.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлер»
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады.
2. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады.
3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.
4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
5. Той дастархан, той үлгі
Бай дастархан жайылды.
Атап – атап ас қойдық
Атаға деп бас қойдық.
6.Су құйдым да құманмен
Қолына мен әкемнің
Содан кейін оған мен
Орамалды әпердім.
7.Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.
8.Күнделікті отбасының тамақтануында ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.
9.Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.
10.Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.
Жамбас қойдық құдаға
Жал мен жая сыбаға
Қалақтай төс жездеге
Қазы қарта өзгеге.
Уыз, қаймақ тағы бар
Уылдырық табылар
Табан , сазан, майшабақ
Табақ тарттық қайталап.
11. «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді.
12.Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады.
13.Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылаты су жылы болуы керек.
14.Қазіргі тойларда дастархан жаю мәдениет дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе, жеміс пен көкөніс дастарханның сәні.
Балаларға – тортымыз,
Барлық жұртқа құртымыз
Балмен піскен қауыршақ
Балдай тәтті бауырсақ.
Қауын –қарбыз, көкөніс
Қанша жидек, көп жеміс.
Қане, тойда тойыңдар.
Кәдеден соң ойын бар .
Нан туралы тақпақтар
1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
2. Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» деп қарғанар
Нан ардақты адал ас
Кәрі – жас одан аттамас.
3. Нанға үлкен жүрекпен қараңдар
Нанды өмір деп санаңдар
Нан болмаса
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
4. Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарқаннан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ей, балалар, балалар
Болмаңдар сірә нанға зар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
Жұмбақтар:
5.Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)
Беттескен қос табақ
Ортасында бас табақ
Көзбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)
Мақал-мәтелдер:
1. Қырман басы – береке
Көп жүрген жер – мереке.
2.Егін ексең – тыңға.
Шықтым дей бер шыңға.
Қоныс көркі – там.
Дастархан көркі – нан.
Нан – тамақтың атасы.
Ынтымақ – көптің батасы.
Тістем наның қадірін
Тарыққанда білерсің.
VІ бөлім. «Ас ішу тәртібі»
1. Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар.
Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.
5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,
6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады.
V бөлім. «Үй тапсырма»
Үйден дайындап келген ас мәзірімен таныстыру.
VІ. Бата беру
Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.
Амандық берсін басыңа
Қадір келсін қасыңа
Бар екем деп тасыма
Жоқ екем деп жасыма
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа.
Әумин!
Ой қорыту:
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , – демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.
Слайд 1Тақырыбы:
«Ас – адамның арқауы»
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екенін түсіндіру. Ырым
— тыйымдармен таныстыру. Ұлттық тағамдарды насихаттау. Қазақ халқының дастархан байлығын, тағам түрлерінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру. Еңбек адамдарын сыйлай білуге, әр адам нанды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Слайд 3
«Біз қоректену үшін өмір сүрмейміз, біз өмір сүру үшін қоректенеміз».
Слайд 4Ет тағамдары:……………………………………
Сүт тағамдары:……………………………….
Нан тағамдары:……………………………….
Слайд 5Ет тағамдары: қазақша ет, қуырдақ, қазы – қарта, шұжық, бесбармақ.
Сүт тағамдары:
айран, қаймақ, ірімшік, сүзбе, қымыз.
Нан тағамдары: тоқаш, шелпек, бауырсақ, таба нан.
Слайд 6Дастарқан басында сақталатын ырым — тыйымдар
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2.
Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек
3. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.
4. Дәмді табақтың ортасынан алма, өз алдыңнан алып же.
5. Тамақ үстінен аттамайды
Слайд 7Дастарқан басындағы дәстүрлер
1. Үйге келген адамдарға дәм таттырмай
шығармайды / ауыз тиіңіз/
2. Төрге шығыңыз / төрлетіңіз /
жоғарлатыңыз.
3. Шай ішіңіз, дастарқанға келіңіз.
4. Дастарқан басында адамдар жасына қарай
отырады.
5. Астан кейін дастарқан басындағы ең үлкен,
құрметті адам асқа бата береді
Слайд 8Мақал — мәтелдер
1. Ас атасы нан, нан атасы – дән
2. Ет
етке, сорпа бетке
3. Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы
4. Ас қадірін тоқ білмейді
Слайд 9Ас ішу тәртібі
1. Қол жумай, асты ішпейді.
2. Аузында тамақ
тұрғанда сөйлемейді
3. Дастарқан басында әдепсіз сөйлемейді
4. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек
5. Тамақ ішіп отырып, кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
Слайд 10Ас атасы — НАН
Қасиетті ас
достық
НАН Дәмі тәтті
Береке
молшылық
Тоқшылық
Слайд 11Дұрыс тамақтану ережесі
Майлы тағамдарды көп пайдаланбаңыз.
Тым ащы және тұзды тағамдардан сақтаныңыз
Тәттілер
көп, ал денсаулық біреу-ақ.
Жеміс – жидектер — пайдалы тағам.
Күніне 3рет, бір уақытта тамақтану қажет.
Тамақты дұрыстап шайнап жұту керек.
Тым ыстық не суық тамақтан тіс эмалі бұзылады.
Түрлі дәмдеуіштер қосылған тағамдар ағзаға өте зиян.
Слайд 12ТАМАҚТАНУ ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тамақтану режимін сақта!
Тамақ құрамы туралы ойланыңдар!
Тамақты дұрыс шайна!
Тамақты артық
жеме!
Тамақ уақытында асықпа!
Слайд 13Сауалнама
Сенің бойың
Сенің салмағың
Күніне неше рет тамақтанасын?
Таңғы асыңды күн сайын ішесің бе?
а) ия б) жоқ
Сорпаны күн сайын ішесің бе? а) ия б) жоқ
Көкөніс пен жеміс-жидектерді күн сайын пайдаланасын ба? а) ия б) жоқ
Сен бүгін мектепте тамақ іштің бе? а) ия б) жоқ
Ішсеңіз, тамақ қандай болды? а) ыстық б) салқын в) жылы
Қандай ыдысты пайдаландыңыз? а) пластикалық б) шыны
Таңғы, түскі және кешкі астың арасында қандай тамақ, сусын түрімен тамақтанасын? а) жеміс-жидек б) тәтті тағамдар в) шай, сүт, йогурт г) тамақ ішпеймін
Кешкі асыңды қашан ішесің? а) ұйықтардын алдында б) 2 сағат бұрын в) әртүрлі
Слайд 14Пайдалы тағамдарды «+» белгіле, ал зиянды тағамдарды «-» белгіле.
Қарақұмық
(гречка) ботқасы, газ сусыны, балық, алма, бесбармақ, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки, компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пирожное, пицца, доширак лапшасы, балмұздақ, нан пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, творог, шұжық, ет, шабдалы, апельсин,күріш, алмұрт, кофе, қызылша.