Ауылым— алтын бесігім!
Әуенмен
балалар залға кіреді
Мақсаты: Балаларға туған жер, ауыл туралы
түсініктерін кеңейту. Туған ауыл тарихы мен таныстыру. Туған жердің қадір-
қасиетін ұғынуға, өз ойларын жеткізе
білуге үйрету. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін
қалыптастыру. Туған Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Ауылым-алтын бесігім.
Жүрегім, жырым сенікі
Кеңесі далам, кең далам.
Тудым,өстім, есейдім,
Ең далам-анам, мен-балаң!
Құрметті қонақтар,ата-аналар, балабақша ұжымы бүгінгі «Ауылым-алтын бесігім» атты ертеңгілігімізге
қош келдіңіздер!
(Үнтаспадан ауыл туралы ән тыңдау)
Жүргізуші: -Әнге құлақ түріңдерші?
-Ән не туралы екен?
Балалар: — Ауыл туралы
Жүргізуші:— Иә, балалар ән ауыл жайында. Ал, біздің ауылымыз
қалай аталады?
Балалар: Боралдай
—
Слайдқа назар аударайық!
Жүргізуші:—
Балалар, біз туған ауылымызды сүйе білуміз керек. Табиғатын қорғап, ауылымыздың
тазалығын сақтап жүруміз керек.
Олай болса ауыл туралы тақпақтарымызды айтайық.
Н.Айару:
Ауыл деген кең дала,
Жап-жасыл ғой айнала
Ауасы қандай тамаща,
Ой салады оңаша!
Алима:
Гүлденсе біздің ауылымыз.
Гүлденеміз бәріміз!
Ауылменен әрқашан
Кіреді біздің сәніміз.
Ролан:
Біздің ауыл көктемде,
Көл жағалай қонады.
Айдын шалқар көліне
Аққу қаздар қонады.
Жүргізуші:
Ауыл десем, мал елестер көзіме
Ауыл десем, дән елестер
көзіме,
Ауыл десем ер саламын құр атқа,
Ауыл десем ән естілер құлаққа.
Ән:
«Біз өмірдің гүліміз» Әні: Ғизатов
(Слайд жүріп тұрады ауылдың)
Көрініс: «Менім ауылым»
Ата мен апа кіреді.
Ата: — Апасы құрт майыңды дайындап, бауырсағыңды пісіре бер. Немеремізде
әне-міне дегенше кеп қалар.
Апа:— Ия, ия, дайын бауырсақты да пісіріп қойдым. Қазір дастарханымды жайып
қояйын.
Немересі анасымен кіреді.
Немересі: — Ата, апа мен келдім?
Атасы мен апасы қарсы алады.
Немересі:— Мен сіздерді сағындым, ауылды сағындым, апа сіздің
құртыңызды сағындым.
Немересі:- Ата мен достарыммен ойнап қайтайын.
Ата:- Жарайды балам, ойнай ғой.
Ойын: «Ханталапай»
Шарты: Балалар шеңбер бойына отырады, асықтар арасынан
ерекше қызыл асықты кім табады, сол бала «хан» аталады.
Атасы: Айналайындар өркендерің өссін, біз бір марқайып
қалдық.
Немересі: Ата,апа сіздерде бізбен бірге қалаға
жүріңіздер! Демалып қайтасыздар.
(Осы жерде шығып кетеді)
Жүргізуші: Думан қызсын, көрсетсін ел өнерін
Жатыр небір айтылып сөзде
керім,
Ән бұлағы қайнарын қанып ішкен
Көрсетсін өз өнерін біздің
қыздар!
Би: «Асатаяқ»
Мақал- мәтелге кезек берейік
Алиар: Ауылым-алтын бесігім!
Қ.Інжу: Ел- іші алтын бесік
Сабина: Ауылы-бірдің, аузы бір
Жанерке: Ауыл аймағымен- бота тайлағымен.
Ән: «Отан» Әні: Қуатбаев
Ақмола облысы Бұланды ауданы
«Қараөзек орта мектебі» КММ-і
Ауылым –алтын бесігім
Авторы: Базар И.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ауылым- алтын бесігім.
Мақсаты: 1) ауылдың кешегі тарихы туралы мәлімет беру, бүгінгісіне шолу жасау
2) кіші Отанға деген сүйіспіншіліктерін арттырып, патриотизмге тәрбиелеу
3) ауылдың болашағына көз жіберуге келешекте дамытуға, гүлдендіруге өз ұлестерін қосу
Көрнекіліктері: Интерактив тақта, плакаттар, ауыл туралы нақыл сөздер.
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Еліміздің, ауылымыздың болашағы тек қана білімді жастар екені сөзсіз. Осы мақсатта 8 –ші сынып оқушыларының қатысуымен «Ауылым-алтын бесігім» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!
Ән ұран орындалады.
1-жүргізуші:
Қараөзегім менің ауылым туған жерім,
Төрінен ән кетпеген думанды елім.
Қысы жазы көмкерілген жасыл шырша,
Еріксіз көзі тұрған белің. –деп ақын ағамыз Елеш Хабылхан жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ауылымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім-тәрбие берер ақ сақалды қариялары, ұстаздар мен ата-аналар!
ҚР Президенті — Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» делінген болатын.
2-жүргізуші:
Сондай-ақ туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек деді- Елбасымыз.
1-жүргізуші:
-Ауыл-ата-бабаларымыздың кіндік қаны мен мандай тері төгілген киелі мекені, халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.
Олай болса оқушыларымыздың ауылымызға арнауын тамашалаңыздар!
Шақырады ойнасақ гүл даламыз,
Туған жерден нәр алып нұрланамыз.
Қараөзек мектебінде оқып жатқан
Дарынды оқушыларды қарсы аламыз!
Серікбол:
Жастарға аманат
(ауылымыздың тұрғыны Абдил Хайымханның туындысы)
Қараөзегім туған ауыл мекенім,
Алыс кетсем, өзіңді аңсап жетемін.
Жүрсемдағы сән –салтанатым келісіп,
Өле-өлгенше сені аңсап өтемін.
Жып-жылы боп көрінесің көзіме
Неге ыстықсың деп қоямын өзіме
Сенің сұлу табиғатың дем беріп,
Берілемін талай ыстық сезімге.
Бұдыр –бұдыр төбелерің көлбейді
Орман-тоғай қолын бұлғап кел дейді
Қайрақты өзен баяу ағып барады
Сағым дала самал құшып тербейді
Махаббатым шексіз менің Отанға
Отан ыстық, ауыл қымбат қашанда
Жастарыма аманат, көз қырыңды сала жүр,
Күйі кетіп ауылдың қалмасыншы тасады.
Айбол:
Шөбі шүйгін жері құт Қараөзектің
Ойымен айтар болсам ересектің .
Ауылы алтын бесігі мақтанышым,
Баянды бағы болған келешектің.
Ботагоз:
Сен менің ауылымсың ойымдағы
Алланың берген сұлу сыйымдағы.
Келбетің мәңгіесімде сақталады,
Қайратты өзенінің бойындағы
1-Жүргізуші:
Ауыл десем, мал елестер көзіме,
Ауыл десем дән елестер көзіме.
Ауыл десем ер саламын құр атқа,
Ауыл десем ән естілер құлаққа.
7 «А» сынып оқушысы Хайымхан Ақтілектің орындауында
«Қараөзегім мекенім» әні сөзі Абдил Х.
2-жүргізуші:
Қымбатты көрермендер: алдарыңызда оқушылардың ауылға арнау тыңдаңыздар.
Жанболат:
Алыста жүрсе сағынар,
Көркем сөздер тағылар.
Сағынам сені ауылым,
Пендемін саған табынар.
Топырағыннан нәр алған,
Төсіңде шауып бәйге алғам
Қараөзектей ауылды,
Табайын іздеп қай маңнан.
Алтынжан:
Қараөзектей ел қайда
Қараөзектей жер қайда
Төрт көшелі ауылым
Өзіңді толғау болмайма.
Қараөзек текті елім,
Гүл көмкерген бөктерін
Аман қылсын мәңгілік
Ұстаздармен мектебін.
Келесі кезекті көрініске береміз. «Ауыл өмірінен үзінді»
2- жүргізуші:
Гүлденсе, біздің ауылымыз,
Гүлденеміз бәріміз,
Ауылменен әрқашан,
Кіреді біздің сәніміз.
Берекем мен бірлігім,
Ауылымнан таралар.
Ауылым менің көркейіп,
Өркениетті ел болар-дей келе әсем аруларымыздың биін тамашалаңыздар.
Би «Аққу». Серикболқызы Айсулу, Ерханат Алтынжан
1-жүргізуші:
Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап, жырдан кесте төккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз, депутаттар да, министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шанырағынан шыққан.
Ауылым – ырысы мол құт-мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саянда ойнап, өсіп, білім алып,
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.
Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті Жер-Ана, ауыл-елді,
Көркейтетін болашақ – біз жастармыз.
Отанымыз тыныш болсын, әр отбасына бақыт, байлық, денсаулық тілеймін. Балаларымыз өз өнерлерімен бізді осылай қуанта берсін. Бүгінгі кешті мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:
«Ауылым алтын бесігім,сенде өстім ,сенде көктетім,
Тыныстар ме екен енді тұмарым.»
«Қараөзегім мекенім» әні сөзі Абдил Х.
Қараөзегім мәңгілік тұрағым бол,
Таусылмайтын әрқашан жыр әнім бол.
Кір шалмас атағыңа байтақ елім ,
Адал жандар өзіңде тұрады мол.
Қайырмасы
Қараөзегім мекенім
Өзіңде өскен екенмін.
Қасиетті жер ұйық
Әнге қосып өтемін
Алтын дәні тербеліп құлпырғандай ,
Көлдерінде айнадай сыр тұнғандай.
Береке-бірлікпен тату өскен.
Қараөзектің барша халқы бір туғандай
Қайырмасы
Ну орманмен жан-жағы көмкерілген
Жеміс- жидек мал жанды тең өсірген
Өнерпаз, ақын –ұстаз, шеберлері
Халқының мақтанышы, кемеңгері
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ауылым – алтын бесігім
Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін, халқын,ауылын сүюге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Мұғалім:
-Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Биыл біздің ел басшымыз Н. Ә. Назарбаев « 2011 жылды – бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деп жариялады. Ал 26 қараша мен 15-ші желтоқсан аралығын «20 жұлдызды күн – тәуелсіздіктің жиырма шыңы» дей отырып асыр салып тойлаудамыз.
Олай болса Тәуелсіздік қуанышы, Тәуелсіздік тойы бәрімізге құтты болсын, ағайын!
Бүгін сіздерге осы «25 жұлдызды күн» күнтізбесінен «Ауылым – алтын бесігім» атты тәрбие сағатымызды ұсынғалы отырмыз. Кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
ҚР әнұраны орындалады.
Жүргізуші:
О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышты қанат қып, саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған-ау.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ауылымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім-тәрбие берер ақ сақалды қариялары, ұстаздар мен ата-аналар!
Жүргізуші:
-Қайырлы күн,қымбатты да аяулы оқушылар! Сіздерді тәуелсіздік мерекесімен
Бірге: — құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Сонымен, Тәуелсіздік бізге қалай келді, желтоқсанда қандай оқиға болды, оған кімдер қатысты?
2-жүргізуші:Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген – әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл республиканы үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
Жүргізуші:
-Ауыл-ата-бабаларымыздың кіндік қаны мен мандай тері төгілген киелі мекені, халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.
Жүргізуші:
Шақырады ойнасақ гүл даламыз,
Туған жерден нәр алып нұрланамыз.
Приречное мектебінде оқып жатқан
Кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы аламыз.
1.Бір кездері ауылымның ,
Тоз-тозы шығып кетіпті.
Енді бүгін сол ауыл
Мәресіне жетіпті.
2.Өйткені біздің Елбасы,
Көңіл бөлді ауылға.
Техника мен несие
Бөліп берді қауымға.
3.Қолдары бүгін ұзарып,
Еншісіне тиді жер.
Жер кіндігі мол байлық
Тұрмыстарын түзетер.
Жүргізуші:
Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап,
жырдан кесте төккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз, депутаттар да, министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шанырағынан шыққан. Тіпті Елбасының өзі Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туып-өскен.
Гәкку:
Ауыл десем, мал елестер көзіме,
Ауыл десем дән елестер көзіме.
Ауыл десем ер саламын құр атқа,
Ауыл десем ән естілер құлаққа.
7сынып оқушысы Шпек Айболдың орындауында «Ауылым» әнің қабыл алыңыздар.
Белсенді тақтада ауылымыздың 80 жылдықтағы көрінісін көрсету.Бұрынғы кездегі мен қазіргі таңдағы көрінісі.
Таңда тұрып таңырқаймын,қараймын
Жүргендей-ақ ішінде сән сарайдың.
Туған жердің табиғаты тамаша,
Атып келе жатқанындай арайдың.
Сөйлегендей төңірек маған ымдап,
Өзіне шақырады қолын бұлғап.
Туған жерім мекенім, алтын ордам,
Ақшәулім ардақтымсың маған қымбат.
Сылдыры жасырынған құлағыма,
Маған қымбат шипалы бұлағың да.
Мамықтай жанға жайлы, көк балауса,
Аунап жатсам шіркін-ай, құрағына.
Туған жерім кең-байтақ ұлы далам,
Ыстық сенің ұлың да, қызың маған!
Айналайын, ауылым берекеңмен
Бірлігіңнен қаймағы бұзылмаған.
Бойында халқымның бар қайсарлығы,
Құдайы қонақ күтіп аңсарлығы,
Сақталған ауылымда әлі күнге
Қарапайым қазақтың аңқаулығы.
Білімге де бойымды жетеледің,
Ойыма көп ой қосып, еселедің.
Ауылымның ауасын сағынар ем,
Алыс кетсем жүрегім не етер едің?
Туған жерім анамсың сен, досымсың,
Алтын бесік сүйем сені, осым шын.
Ызындаған сазды үніне желіңнің
Менің сәби әуенім де қосылсын!
Қонақтарға сөз беру.
Жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Би «Аққу». Асылғазы Гәкку.
Жүргізуші:
Гүлденсе, біздің ауылымыз,
Гүлденеміз бәріміз,
Ауылменен әрқашан,
Кіреді біздің сәніміз.
Берекем мен бірлігім,
Ауылымнан таралар.
Ауылым менің көркейіп,
Өркениетті ел болар.
Жүргізуші:
Ауылым – ырысы мол құт-мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саянда ойнап, өсіп, білім алып,
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.
Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті Жер-Ана, ауыл-елді,
Көркейтетін болашақ – біз жастармыз.
«Ақкөлім» жыр шумағы орындайтын Шпек Мадияр.
Қорытынды.
Мұғалім: Құрметті көрермендер!
-Отанымыз тыныш болсын, әр отбасына бақыт, байлық, денсаулық тілеймін. Балаларымыз өз өнерлерімен бізді осылай қуанта берсін. Бүгінгі кешті мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:
«Ауылым алтын бесігім,сенде өстім ,сенде көктетім,
Тыныстар ме екен енді тұмарым.»
Сабақтың тақырыбы: Ауылым – алтын бесігім
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту.
Туған ауыл тарихымен таныстыру.
Туған жердің қадір – қасиетін ұғынуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
- Туған жеріне , еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін қалыптастыру.
Туған Онанын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, ауыл туралы әндер, әуендер.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері» оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Психологиялық дайындық
Аспанда күн ыстық
Ал жерде кім ыстық
Әке мен шешеміз
Сүйікті тым ыстық
Бәрінен Т Ы Н Ы Ш Т Ы Қ
Деген сөз тым ыстық
Жасасын әлемде
Достық пен тыныштық
- Негізгі кезең:
- Үнтаспадан ауыл туралы ән тыңдау. Әннің мәтініне назар аудару. — Ән не туралы баяндалған?
- Әннің әуеніне құлақ түріңдерші?
- Сендерге қандай әсер берді?
- Әрине, ауыл туралы сыр шертеді.
- Ендеше ауыл туралы өз ойларыңды айтыңдаршы.
-Ауыл дегенде көз алдарыңа не елестейді? – деген сұраққа не деп жауап берер едіңдер?
-Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні.
-Ауыл десе кең жайлау, ағынды өзен, асқар тау елестейді.
-Ауыл десе сиыр сауған апаларымыз, қымыз сапырған әжелеріміз елестейді.
-Ауыл десе асыр салып ойнаған ауылдың қара домалақ баласы елестейді.
— Ауыл десе жеті қанат киіз үйі, құрт пен майы, ірімшігі еріксіз еске түседі.
Ендеше бүгінгі сабағымыз сол ауыл туралы болмақ.
- Интерактивті тақтамен, слайдпен жұмыс жүргізу.
1)Сабақтың тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім»
2)
Ауылым – алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі
Кеңесті далам, кең далам
Тудым өстім есейдім.- деп ақындарымыз жырлаған.
-Туған ауыл, Атамекен, Отан туралы өлеңдер, шағын эсселер оқыту.
1-оқушы
Қасиетті туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерім үшін мен саған қарыздармын.Қажырлық пен қайсарлықты, имандылық пен байсалдықты шексіз даламнан үйрендім.
2-оқушы
Біздер жас ұрпақ, қазақ елінің ертеңіміз. Сондықтан да менің достарым жақсы оқып, білімді болып ер жетуі тиіс. Мен елімнің, туған ауылымның болашағы зор екендігіне сенемін. Өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар.
3-оқушы
Мен өзімді және жазиралы кең жерімді сүйемін. Адам асқақ арманына туған ауылын, жерін, Отанын сүйсе ғана қол жеткізе алады.
4-оқушы
Ауыл десем, мал елестер көзіме
Ауыл десем, дән елестер көзіме.
Ауыл десем ер саламын құр атқа
Ауыл десем, ән естілер құлаққа.
5-оқушы
Жайқалған шалғын
Қазына толы. Байлығы тасқан,
Толассыз қарқын, Арманы асқан
Маңырап малы. Бақытты менің ауылым.
- «Еліміздің өзегі – алтын ауыл»
-Бұл ауыл қалай құрылған:
Айхой, шіркін Шамалғаным ауылым,
Ата – ана , құрбылар мен бауырым.
Қиындыққа мойымыған әр уақыт,
Қайран менің өсіп – өнген А у ы л ы м
*Ауыл 1929 жылы 1 – қаңтарда Шамалған теміржол поселкалық кеңесі болып құрылды.
* 1940 жылдан бастап теміржол поселкалық кеңесі Жаңа Шамалған ауылдық кеңесі болып аталды.
* 29 тамыз 1961 жылы облыстық атқару комитерінің шешімі бойынша Калинин және Шамалған ауылдық кеңесі болып аталады.
* 1 қазан 1970 жылы Жаңа Шамалған ауылдық кеңесі толығымен аудан құрамына кірді.
* 1961 жылы Тұрар, Көлащы, Батан, Қошмамбет ауылдары және Шамалған бекеті бірігіп «Дружба» совхозын құрды.
* 1994 жылы Жаңа Шамалған ауылдық аймағы құрылды.
Енді осы ауылдың көркем жерлері мен мекемелеріне сыныптағы Умирбаева Аружан шолу жасайды.
«Аңсаған менің ауылым» Шамалған ауылына қош келдіңіздер!
- Суретте сіздер Жаңа Шамалған ауылдық аймағының әкімшілік ғимаратын көріп отырсыздар.
- Бұл ескерткіш Ұлы Отан соғысы жылдары Отан үшін ерлік көрсеткен бабаларымызға арналған.
- Қазір Қазақстан темір жолы жақсы дамыған кезең. Соның бір айғағы, Шамалған темір жол бекеті.
- «Денсаулық – зор байлық» демекші Шамалған бекетінде бір аурухана халыққа қызмет етеді.
- Суретте «Шамалған базар орталығы», «Қазақстан», «Байқоңыр» сауда орындары. Елімізде жеке кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік жасалға.
- «Білім кілті — мектепте» Шамалған бекетінде үш білім ошағы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде.
- №1 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп.
- № 2 Шамалған ауылындағы қазақ орта мектебі
- № 3 Бұл біздің мәуелі білім ошағымыз, жас ұрпақты қуанышқа бөлеген «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі.»
Сенімді жолмен бастасын,
Халқымның алып батасын.
Аттаған жаңа заманға,
Ауылым менің жасасын!
- «Ауылымның келешегі, менің болашағым»
- Сен ауылың үшін не істер едің?
- Сен ауыл дәрігері болсаң…
- Сен кәсіпкер болсаң…
- Қортынды:
Сабағымызды келешек журналистер қортындыласа:
1-сұрақ: Ауыл кәсіпкерлері туралы білесіз бе?
2-сұрақ: Ауылымның қазіргі жағдайы мен бұрынғы жағдайы қандай?
3-сұрақ: Ауылды құру үшін қандай қиындықтар кездесті?
4-сұрақ: Болашақ ауыл қандай болса екен деп армандайсыз?
Ән «Ауылым әнім» хор.
-Үнтаспадан ауыл туралы әуен орындалады.
«Бір сәт қуаныш» келген қонақтар бүгінгі сабақтан алған әсері туралы жазып, тақтаға іледі.
—Сабақты қортындылау, үйге тапсырма беру:
Ауылым- алтын бесігім
М. Тырнақбаева
Жетыарал орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: оқушыларға ауыл –қазақтың алтын қазығы екенін ұғындыру,
Туған жер – алтын бесігін аялауға, оның гүлденуіне, көркеюіне ат салысуға , білім алуға, еңбексүйгіштікке, салт- дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Ұлттың өзіндік қасиеті мен рухани мұрасын бойына сіңірген, өзіндік көзқарасы қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі:қанатты сөздер, бейнелі суреттер, гүлдер, шарлар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Кіріспе
Ауыл –алтын бесік, алтын қазық. Әр адамға өзінің туып – өскен жері ыстық болады. Себебі ата- аналарымыздың, ата –әжелеріміздің қаны ауылда тамған.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көтерген бастамаларының бірі – ауылды өркендету болған еді.2003-2005- жылдары» Ауыл жылдары» болып жарияланды. Міне, содан бері бірнеше жылдар өтті. Ауылымыз көркейіп, дамып келеді.
«Ауыл дегеніміз –халықтың тұрмыс –салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет –ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары» Н.Ә.Назарбаев
Ауыл – біздің алтын діңгегіміз, терең тамырымыз, балдәуреніміз, үмітіміз, келешегіміз, асқақ арманымыз.Еліміздің мақтанышына айналған атақты адамдарымыз, ғалымдар, шеберлер осы ауылдан шыққан.Кешегі Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтай тұлғаларымыз ауыл тәрбиесін алған, ел президентіН.Ә.Назарбаев та ауылда туып – өскен
«Өз отбасын сүйетін бала ауылын сүйеді, ауылын сүйген ұрпақ елін сүйеді.Өз Отанын сүйген ұлан өзге халықты да құрметтей біледі» Халық батыры.Б.Момышұлы
Туған ауылын аялап, оған жаны ашып өскен ұлтжанды жеткіншек күні ертең адамзаттың ортақ үйі –Жер шарының амандығы үшін де күресетіні анық. Демек, ауыл – қазақтың алтын қазығы.Қара шаңырақ. Ән мен жырдың, күйдің отауы. Небір қилы аңыз – ертегілердің елі. Еңбекқор, ақжарқын адамдардың отбасы. Сондықтан да дананың да, баланың да жүрегі «ауыл» деп соғады.
Бейнелі суретпен жұмыс.
1.Ауыл – қайнаған еңбек. 2. Ауыл – той.( сұрақ –жауап)
2. Мақал – мәтел сайысы.Туған жер туралы өлеңдер оқу.
3.Тренинг сұрақтары: Халық деген кім?
Халық байлығы дегеніміз не?
Халық қазынасы дегенді қалай түсінесіңдер?
(оқушылар жауаптары)
4. Оқушылар шығармашылығынан
Туған жер, ауыл тақырыбына жазған шағын өлеңдері, эсселері, жыр –арнаулары оқылады.
Сурет байқауы «Ауылым – мақтанышым» .
Қорытынды
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса ,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н.Ә.Назарбаев.
Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз,
Ауыл – дене, біз қозғалтар жанымыз.
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы,
Жетіарал ауылы.
Тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім»
Мақсаты: Оқушыларға ауыл өмірі жайлы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып өз ауылының мәртебесін көтеруге шақыру. Сөздік қорын молайту, дыбыстарды дұрыс айтуларын қадағалап, түзетіп отыру.
Тәрбиелік мәні: Туған жерін қадірлеп, қастерлеуге Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, мақал-мәтелдер.
Меңгерілетін сөздер: Отан, туған жер, ауыл, алтын бесік, атамекен, жайлау.
Ұйымдастыру кезеңі.
— Балалар, қонақтармен амандасамыз.Оқушылар:— Саламатсыздар ма!
— Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын бірге оқимыз.
Оқушылар:— «Ауылым – алтын бесігім».
— Балалар, әр адамның туған жері бәрінен де қымбат, өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды.
— Балалар, ауыл, алтын бесік, туған жер деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Oқушы:— Ауыл – әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені.
Оқушы:— Атамекенге деген махаббат, Атамекенге деген сағыныш ауылдан басталады.
Оқушы:— Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.
Oқушы:— Тіпті Елбасымыздың өзі де ауылдың қарапайым жанұясынан шыққан.
— Жарайсыңдар, балалар.
Ауыл – әр адамның құтты, киелі мекені. Олай болса барлығымыз өз ауылдарымыз жайында айтып өтейік.
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керекҰлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Ал осы рухани құндылықтың тамыры- ауылда екен. Сонымен , балалар, «Ауыл» дегенде көз алдарыңа не елестейді? – деген сұраққа не деп жауап берер едіңдер?
-Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні.
-Aуыл десе кең жайлау, ағынды өзен, асқар тау елестейді.
-Ауыл десе сиыр сауған апаларымыз, қымыз сапырған әжелеріміз елестейді.
-Aуыл десе асыр салып ойнаған ауылдың қара домалақ баласы елестейді.
— Ауыл десе жеті қанат киіз үйі, құрт пен майы, ірімшігі еріксіз еске түседі.
-Дұрыс айтасыңдар, сендердің осы ой-толғамдарыңды толықтыруды жөн көріп отырмын. Ауыл-ата-бабаларымыздың кіндік қаны мен маңдай тері төгілген киелі мекені, халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап,жырдан кесте төккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз, депутаттар да, министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Тіпті Елбасының өзі Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туып-өскен.
—Жарайсыңдар, балалар! Енді ауылымыз жайлы тақпақтар айтамыз.
Оқушы:Туған жер – алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Жүреді сенің есімің,
Мәңгі де бақи есімде.
Оқушы:Туған жер, туған ауыл қымбат маған,
Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.
Мен оның өзім ғана сезінетін,
Қастерлі қасиетін жырлап бағам.
Оқушы:Ауылым – ырысы мол құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саяңда ойнап, өсіп білім алып,
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.
Сергіту сәті: «Ұшқыр ой» ойыны
Киіз үй жабдықтары
- Сиырдың баласы
- Бүк, шік деген ненің атауы?
- Қазақтың жаңа жылы
- Жаңадан сауылған жылқы сүті
- Сусын құюға арналған теріден жасалған ыдыс
- Қалыңдықтың бас киімі
- Анаңның туыстары
- Жаңа туған нәрестеге арналған бұйым
- Қазақтың ұлттық аспабы
- Жаңа туған малдың сүті
- Түйе баласы
- Қазақтың қыста жейтін мал еті
- Атты салт мінгенде не қажет?
- Айран неден жасалады?
- Қазақ қыздарының ұлттық бас киімі
- «Алшы» сөзі ненің атауы?
- Жылқының ашытылған сүті
Слайд «Маржанбұлақ — менің туған мекенім»
— Соңғы жылдарда ауылда қандай өзгерістер болды?
Oқушы:— Ауылдарда қазіргі заман талабына сай үлкен мектеп, бала-бақшалар бар.
Оқушы:— Халыққа арналып емхана, ауруханалар салынып, халыққа қызмет етуде.
Оқушы:— Ауылдың жолдары жөнделіп, көгілдір отын, сумен қамтамасыз етілді.
— Дұрыс, балалар. Елбасымыздың жолдауы арқасында ауылдарымыз жылдан жылға көркейіп, дамып келеді.- Берілген сөздерден ауыл, туған жер жайлы мақал-мәтелдер құраңдар.
Алтын, ауылым, бесігім. (Ауылым – алтын бесігім.)
Жердей, болмас, туған, жер,
Елдей, болмас, туған ел.(Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.)
Ыстық, жердің, күні де, түні де, туған, ыстық.
(туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.)
— Балалар, сабағымыздың барысында ауылымыз жайлы әңгімеледік.-
— Жарайсыңдар, балалар! «Ауылым» әнін тыңдаймыз.
«Ой қозғау»
Әрине,ауылымыздың күннен күнге көркейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай. Олай болса, «Болашақтағы Маржанбұлақ ауылын қалай көргіңіз келеді? Жалпы қалай елестетесіз?
Қорытынды:
-Ауылым алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі
Кеңесті далам, кең далам
Тудым өстім есейдім
–деп ақындарымыз жырлағандай, Ауыл гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Себебі, әрбір қазақ ұл-қыздарының шыққан ортасы ол ауылдық мекендер. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, даладағы ас пісіп жатқан ошағы,сарқылдап қайнап жатқан самаурынның шайы, таза ауасы-баға жетпес асыл қазынасы. Осындай ауылдың тұрмыс-тіршілігіне сырттай қарап отырсаң, балалық шақтың өскен ортасын, еш уайымсыз өтіп жатқан күнделікті тұрмыс-тіршілікті әрбір қазақ баласы сағынары сөзсіз. Ауылымыз кеңінен қанат жайып келе жатыр.Қарап отырсақ жолдың арғы бетінен де біршама үйлердің бой түзеп қалғаны көрінеді.
Басқа материалдар
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Мақсаты: . «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбелеу. Ата дәстүрін ардақтау – әкені, ананы, ата-бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу тәрбиелеу. Ата-бабамыздан қалған қазынаның бірі салт-дәстүрімізді Тәуелсіз мемлекетімізді көркейту үшін ұмытпауға тәрбиелеу.
Міндетті: Қазіргі кезде ұмыт қалған көне дәстүрлердің мағанасын ашу,
Қазақтың сал – дәстүрлерін зерттеу; Балаларға қазақтың салт – дәстүрлерін тірбиелік маңызына тоқталу.
Іс – шараның өзектілігі: Тәуелсіз елімізде ата – бабаларымыздың қалдырған салт – дәстүрлерін қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, болашақ ұрпаққа жеткізу.Қазақ «қазақ» деген атына сай болу үшін, қазақтың ұлттық сал – дәстүрі мен ойындарын ұмытпау керек.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар бүгін №28 Құсмұрын орта мектебінде 5-8 сыныптар арасында « Ауылым алтын бесігім» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген сөздерін ұстана отырып, балаларға халқымыздың бай тарихын, салт-дәстүрін, әдет ғұрпын, ержүрек батырлардың ерлігін,жүректеріне мейірімділік пен имандылықты, ізгілікпен адамгершілікті жеткізе алсақ, еліміздің болашағына үлкен үлес қосқанымыз деп білеміз.
Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
28.10.2020
Тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім» атты тәрбие сағаты
Сынып жетекші: Қалиева Л.Қ
Мақсаты: Оқушыларға ауыл өмірі жайлы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып өз ауылының мәртебесін көтеруге шақыру. Сөздік қорын молайту, дыбыстарды дұрыс айтуларын қадағалап, түзетіп отыру.
Тәрбиелік мәні: Туған жерін қадірлеп, қастерлеуге Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, мақал-мәтелдер.
Меңгерілетін сөздер: Отан, туған жер, ауыл, алтын бесік, атамекен, жайлау.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар:— «Ауылым – алтын бесігім».
— Балалар, әр адамның туған жері бәрінен де қымбат, өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды.
— Балалар, ауыл, алтын бесік, туған жер деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Oқушы:— Ауыл – әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені.
Оқушы:— Атамекенге деген махаббат, Атамекенге деген сағыныш ауылдан басталады.
Оқушы:— Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.
Oқушы:— Тіпті Елбасымыздың өзі де ауылдың қарапайым жанұясынан шыққан.
— Жарайсыңдар, балалар.
Ауыл – әр адамның құтты, киелі мекені. Олай болса барлығымыз өз ауылдарымыз жайында айтып өтейік.
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Ал осы рухани құндылықтың тамыры- ауылда екен. Сонымен , балалар, «Ауыл» дегенде көз алдарыңа не елестейді? – деген сұраққа не деп жауап берер едіңдер?
-Ауылым Жаңаталап елестейді.
-Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні.
-Aуыл десе кең жайлау, ағынды өзен, асқар тау елестейді.
-Ауыл десе сиыр сауған апаларымыз, қымыз сапырған әжелеріміз елестейді.
-Aуыл десе асыр салып ойнаған ауылдың қара домалақ баласы елестейді.
— Ауыл десе жеті қанат киіз үйі, құрт пен майы, ірімшігі еріксіз еске түседі.
-Дұрыс айтасыңдар, сендердің осы ой-толғамдарыңды толықтыруды жөн көріп отырмын. Ауыл-ата-бабаларымыздың кіндік қаны мен маңдай тері төгілген киелі мекені, халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап,жырдан кесте төккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз, депутаттар да, министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Тіпті Елбасының өзі Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туып-өскен.
—Жарайсыңдар, балалар! Енді ауылымыз жайлы тақпақтар айтамыз.
Оқушы:Туған жер – алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Жүреді сенің есімің,
Мәңгі де бақи есімде.
Оқушы:Туған жер, туған ауыл қымбат маған,
Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.
Мен оның өзім ғана сезінетін,
Қастерлі қасиетін жырлап бағам.
Оқушы:Ауылым – ырысы мол құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саяңда ойнап, өсіп білім алып,
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.
Сергіту сәті: «Ұшқыр ой» ойыны
Киіз үй жабдықтары
- Сиырдың баласы
- Бүк, шік деген ненің атауы?
- Қазақтың жаңа жылы
- Жаңадан сауылған жылқы сүті
- Сусын құюға арналған теріден жасалған ыдыс
- Қалыңдықтың бас киімі
- Анаңның туыстары
- Жаңа туған нәрестеге арналған бұйым
- Қазақтың ұлттық аспабы
- Жаңа туған малдың сүті
- Түйе баласы
- Қазақтың қыста жейтін мал еті
- Атты салт мінгенде не қажет?
- Айран неден жасалады?
- Қазақ қыздарының ұлттық бас киімі
- «Алшы» сөзі ненің атауы?
- Жылқының ашытылған сүті
- Елбасымыздың жолдауы арқасында ауылдарымыз жылдан жылға көркейіп, дамып келеді.- Берілген сөздерден ауыл, туған жер жайлы мақал-мәтелдер құраңдар.
Алтын, ауылым, бесігім. (Ауылым – алтын бесігім.)
Жердей, болмас, туған, жер,
Елдей, болмас, туған ел.(Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.)
Ыстық, жердің, күні де, түні де, туған, ыстық.
(туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.)
— Балалар, сабағымыздың барысында ауылымыз жайлы әңгімеледік.-
— Жарайсыңдар, балалар! «Ауылым» әнін тыңдаймыз.
«Ой қозғау»
Әрине,ауылымыздың күннен күнге көркейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай. Олай болса, «Болашақтағы Жаңаталап ауылын қалай көргіңіз келеді? Жалпы қалай елестетесіз?
Қорытынды:
-Ауылым алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі
Кеңесті далам, кең далам
Тудым өстім есейдім
–деп ақындарымыз жырлағандай, Ауыл гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Себебі, әрбір қазақ ұл-қыздарының шыққан ортасы ол ауылдық мекендер. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, даладағы ас пісіп жатқан ошағы,сарқылдап қайнап жатқан самаурынның шайы, таза ауасы-баға жетпес асыл қазынасы. Осындай ауылдың тұрмыс-тіршілігіне сырттай қарап отырсаң, балалық шақтың өскен ортасын, еш уайымсыз өтіп жатқан күнделікті тұрмыс-тіршілікті әрбір қазақ баласы сағынары сөзсіз. Ауылымыз кеңінен қанат жайып келе жатыр.Қарап отырсақ жолдың арғы бетінен де біршама үйлердің бой түзеп қалғаны көрінеді.
Қорытынды: Үйде «Болашақтағы менің ауылым» атты шығарма немесе эссе жазу.
Ауылым – алтын бесігім тәрбие сағаты
ОҚО облысы
Арыс ауданы
Ақдала ауылы
С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі Жұманалиева Шынардың 5б сыныбына өткен ашық тәрбие сағаты .
Сабақтың тақырыбы : Ауылым – алтын бесігім.
Сабақтың мақсаты: А)Оқушыларды Ақдала ауылының
тарихымен таныстыру.
Ә)Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін
қалыптастыру.
Б) Туған жердің қадір- қасиетін ұғынуға, өз ойларын
жүйелі түрде жеткізе білуге, сөйлеу
мәдениетіне үйрету.
Сабақтың әдісі: Жаңа технология элементтерін қолдану
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бүктеме қағаз.
Сабақтың барысы:
І Шығармашылық жұмыстар
(Оқушылардың ауыл, туған жер туралы жұмыстары)
ІІ. Ой қозғау («Ауыл», «Алтын бесік», «Туған жер», «Ауыл кімдердің мекені?» деген тақырыптар аясын түсіндіру
ІІІ. Тарихыңды танып біл
(Ауылымыздың тарихын баяндау)
Аружан: «Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жәй жатқан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз» — деген екен рухы мәңгі өлмейтін «Қазыбек би.»
Әлия: Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді. Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала – қазаққа қымбат дала.
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім есейдім …
Ен далам – анам, мен балаң!
Ән:
І. Шығармашылық жұмыстар:
1). Айдана: Ауылым Ақдалам құт дарыған
Өзіңе жете ме бар ғалам.
Өзімдей жас өрендер туып өскен,
Айналдым киелі қара топырағыңнан.
Халқыңның ырысына айналған
Егініді аймағы желеген жайған.
Дән егіп терлеген шаруалары
Күз келгенде астығын жиғаг.
Көгінде күні жарқыраған.
Ақ жүрек адамдары аңқылдаған.
Томатты зауыты ашылып
Шаруа адамдардың жүздері жарқыраған.
Жақсылықты тере берсем көп екен-ау
Жаңа мектеп жас өренге білім берген
Білімді жастарымен көркейетін
Мақтанамын киелі Ауылымнан.
2) Әлия: Ақдала туған елім, туған жерім,
Ешқандай ел жетпейтін менің жерім.
Жазық дала, кең дала жайылымды.
Адамдары сыпайы, қаайырымды.
Суы қандай тәтті су бал татыған,
Буы қандай ыстық су шай қайнардай.
Зауыыты бар қызанақ өңдейтін
Мектебім бар зәулім сарай мақтанардай.
Көлім бар, сазан, табан балығы бар.
Төлім бар қаракөл қой мақтанарлақ
Егінім бар алуан түрлі ақ мақталық
Міне осындай ауылым менің мақтанарлық.
3) Аяулым: Туған жерде асыр салған
Біз ұланбыз өрімдейміз.
Біз ұланбыз еңбек құмар
Өнер десе ерінбейміз.
4) Роман: Жайқалған шалғын
Қазына толы.
Толассыз қарқын
Маңыраған малы
Байлығы тасқын
Арманы асқан
Бақытты ауыл Ақдалам…
ІІ. Ой қозғау:
Бақдаулет:
Менің ойымша ауыл әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат, атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.
Құндыз:
Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары, ғылымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.
Асылбек: Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар ауылдан шықса, батыр Бауыржан Момышұлы ауыл баласы
Ердос:
Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды, Қаһарман батыр Қасым Қайсенов, тіпті елбасымыз Нұраға да осы ауыл баласы.
Жұлдыз: Ауыл десем, мал елестер көзіме
Ауыл десем, дән елестер көзіме
Ауыл десем ер саламын құр атқа
Ауыл десем, ән елестер құлаққа
Би:
ІІІ. Тарихыңды танып біл
Мөлдір.
Ақдала кеңшары 1964 жылы «Қаракөл қой» совхозы болып құрылды. Жаң қызметке орналасқан Сейітбеков Жәутік ағамыз. Ол кісінің атында көше бар.
Бақберген.
1968 жылы Алиев Қалтай директор болды. Совхоздың аты өзгертіліп «Асыл тұқымды қаракөл қой совхозы» деп аталынды.
Бекзат.
1972 жылдан 1974 жылға дейін Табиров Мүсіратіллә деген азамат басқарды.
Хализа.
1974жылдан 1984 жылға дейін Әлібеков Серік.
1984-1985 ж.ж. Жепаев Мырзахан.
1985 – 1991 ж.ж. Дүйсебаев Дәрбіш.
1991-1992 ж.ж. Сарықұлов Исатай
1995 – 1997 ж.ж. Әділбеков Бәкір
1997 – 2000 ж.ж. Назаров Тасболат
Аружын.
2000 жылдан бері қарай Хасенов Даулет «Ақдала» қазыналық кооперативтік шаруашылығын басқарды. Шаруашылықтың негізгі бағыты мал және егін шаруашылығы. Мал шаруашылығы: қаракөл қойы, жылқы, түйе өсірілді. Егін шаруашылығы: бидай, мақта, жүгері, бау-бақша дақылдары, жоңышқа.
Бердіхан.
1997 жылы 27 шілдеде Республикалық, мемлекеттік, қазыналық Ақдала бірлестігі болып аты өзгертілді. Ақдаланың жалпы жер көлемі 107.888 га. Шаруашылықтың негізгі бағыты мал және егін шаруашылығы.
Динара.
«Бірінші байлық денсаулық» ауылдық дәрігерлік амбулуаториямыз жұмыс жасайды. Онда Сәрсенбай Мелдешов атамыз бас дәрігер болып қызметті бастаған болатын. 1998 жылы С.Мелдешов зейнеткерлікке шығуына байланысты, қазіргі кезде Алма Есіркепова апай бас дәрігер қызметін атқарады. Ауылымызда байланыс бөлімшесі мен почта жұмыс істейді.
Мадина.
Ақдала ауылдық окргу әкімшілігі 1964 жылы «Ақдала» ауылдық округ Кеңесі Атқару Комитеті болып құрылды. Ақдала ауылдық округ әкімшілігінің председателі болып Тұралхан Төрегелдиев атамыз қызмет атқарды. 1983 жылы Мұпратбеков Үсей атамыз ауыл әкімі болып қызмет етті.
Аяулым.
1991 ж. – 1993 ж. Бостандық жакеев ауыл әкімі болды. 1994 ж. қаңтар айынан бастап «Ақдала» ауылдық округ әкімшілігі болып қайта құрылды.
Венера.
2003ж. желтоқсан айынан бастап «Ақдала» ауылдық округ әкімі болып Әділбеков Бәкір ағамыз қызмет атқарды. Бәкір ағамыздан кейінгі жылдары Әділбеков Нұралы қызмет атқарды, қазіргі кезде ауыл әкімі Сапар Дәрібаев ағамыз. (бейне көрініс )
Жанболат.
«Жаңа Ақдала» ЖШС 2008 жылы іске қосылды. Сол кезде қызанақ 141 гектар жерге егілді. Көкөніс тамшылатып суару әдісімен өсірілді. 800 тоннадан астам өнім жиналды.
2009 жылы 22 – қыркүйекте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ауылымыздағы «Жаңа Ақдала» ЖШС жұмысымен келіп танысты.
Әлішер.
Биылғы жылы «Жаңа Ақдаланың» егістік алқаптары 1000 гектарға дейін ұлғайды. Оның 700 гектарына қызанақ, 150 гектарына бақша дақылдары және тағы 150 гектарына әртүрлі көкөніс егілді.
Ауылымыздан 200 жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылды. «Жаңа Ақдала» ЖШС директоры Қайрат Тәжітаев. 2009 жылы мұнда қызанақты өңдейтін зауыт салынып, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда Жаңа Ақдала ЖШС директоры Смайлов Асқар
Диана.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Арыс ауданы Ақдала елді мекеніндегі «Жаңа Ақдала агрофирмасы» ЖШС-нің жылына бес мың тоннаға дейін томат сықпасын шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысып, кәсіпорын өнімдерімен танысты.
Ән:
Қорытынды: