«Бастауыш – білім
бастауы» онкүндігінің ашылу салтанаты
1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Бастауыш –
білім бастауы» атты бастауыш бірлестігінің ашылу салтанатына қош
келдіңіздер! Биыл «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ата заңымызға 20 жыл»,
«өзіміздің мектебіміздің аты берілген Шоқан атамызға биыл 180 жыл», «Қазақ
халқының ассамблеясына 20 жыл», сонымен қатар «Тәуелсіздігімізге 24 жыл». Бұл
да біздің мерекелі мерейлі тойымыз. Қазақстан болашағы – біздер, яғни жас
бүлдіршіндер. Мектептегі бастауыш сыныптардың пәндері бәріміздің ең сүйікті
сабағымыз. Олар: музыка, еңбек, дене тәрбиесі, сурет және өзін -өзі тану,
математика, әдебиет, қазақ тілі пәндері болып табылады.
2 жүргізуші:
Мектепте
қандай қызық, қандай ғажап,
Танисың
кереметтің бәрін барлап.
Бастауыш
сабақтары ең қызықты,
Әуелеп
биіктерге кетсең самғап, — дей келе, алдарыңызда «Көңілді күн» әнімен
Қуантай Айгерім. Қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші: Қарсы алыңыздар ортада 1 «А» сынып оқушылары өлең
шумақтарымен.
2 жүргізуші:
Қазақ
жері көп шеккен қасіретті
Қазақ
жері өнерлі, өсиетті
Египетті
билеген Бейбарыстай
Елі
текті, киелі, қасиетті, — дей келе ортаға «Қазақстан» әнімен
Разахов Нұрболды шақырамыз.
1 жүргізуші:
Бойыңды
еркін жазып, сергітеді,
Мектепте
бізге дене тәрбиесі.
Салауатты
өмірді біз қалаймыз.
Спорт
деген – денсаулық ол негізі, дей отырып 1 «Б» сынып оқушыларын «Малышка»
биімен қарсы алыңыздар!
2 жүргізуші:
Пәндер
ұнайды бәрімізге,
Көп
үйрену керек қой әлі бізге.
Тартынба
білгеніңді ортаға сал,
Дер
едім, оқушылар, бәріңізге, дей келе Балғабек Айдананы «Арқалығым менің» әнімен
ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші:
Қара
жорға болмаса,
Бидің
сәні келе ме?, — дегендей ортада 1 «В» сыныбының оқушылары
«Қара жорға» биімен. Қарсы алыңыздар!
2 жүргізуші:
Әрбір
пәннің өзіндік әр сыры бар,
Әрбір
пәннің өзіне айтар жыры бар.
Сол
пәндердің құпиясын жеткізген
Әр
ұстаздың жыдымызда үні бар.
деп
ортаға «Тұлпарым» әнімен Ажар мен Ақсезімді шақырамыз.
1 жүргізуші:
Мектепте үйренеміз
түрлі өнерді,
Зердемізге тоқимыз
төгіп терді.
Музыка пәнін
бәріміз ұнатамыз,
Танытатын ғажайып
өнерлерді.
Алдарыңызда «Цыган»
биімен 2 «А» сыныбының оқушысы Назым.
Қарсы алыңыздар!
2 жүргізуші:
Екі шектің бірін
қатты,
Бірін сәл сәл кем
бұра
Нағыз қазақ қазақ
емес
Нағыз қазақ
домбыра, — дей отырып Газизов Серікболсынды «Жастар биі» күйімен
ортаға шақырамыз.
2
жүргізуші:
Құлақтан кіріп
бойды алар,
Әсем ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең менше
сүй, -деп Абай атамыз айтқандай, енді ортаға 1 «В» сыныбының оқушысы Балнұрды «Айгөлек»
әнімен шақырамыз.
1
жүргізуші:
Мың бұралған
бишілер,
Үнді биін
көріңіздер.
Ортада 1 «В»
сыныбының қыздары «Үнді» биімен. Тамашалаңыздар!
2
жүргізуші:
Туған жердей жер
болмас,
Туған елдей ел
болмас, — дей отырып 4 «А» сыныбының оқушысы Гүлназды «Ертегілер» әнімен ортаға
шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
1
жүргізуші:
Кел,
билейік, кел, билейік,
Неге
тұрсың билемей?
Кел,
билейік, іркілмейік,
Неге
отырсың үйренбей? – дей отырып, 1 «А» және 2 «В»сыныбының оқушыларын «Вальс»
биімен ортаға шақырамыз. Тамашалаңыздар!
2
жүргізуші:
Ән көңілдің
ажары, — дей келе алдарыңызда 4 «Б» сыныбының оқушысы Айгерімді «Туған
елім, туған жерім» әнімен. Қарсы алыңыздар!
1
жүргізуші:
Жалығуды
білмейміз,
Жабығуды
білмейміз.
Жауқазындай
көзді тартып,
Жайраң
қағып билейміз, — дей келе ортада 4 «А» сыныбының оқушыларының дайындаған биін
қабыл алыңыздар!
Флэшмоб
2
жүргізуші:
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің.
Хор: «Қазақстан»
1 жүргізуші: Осымен, «Бастауыш
– білім бастауы» атты бастауыш бірлестігі онкүндігінің ашылу
салтанатын аяқтаймыз.
2 жүргізуші: Көңіл
қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Сараптамалық
анықтама
«Бастауыш – білім бастауы»
атты бастауыш бірлестігінің ашылу салтанаты концерттік бағдарлама түрінде
болды. Оған бастауыш сынып оқушылары қатысты. Атап айтатын болсақ, «Көңілді
күн» әнімен Төлеген Әйгерім, «Жаса, Қазақстан» әнімен Разахов Нұрбол,
«Арқалығым менің» әнімен Балғабек Айдана, «Тұлпарым» әнімен Ажар мен Ақсезім,
«Айгөлек» әнімен Балнұр, «Ертегілер» әнімен Гүлназ және «Туған елім, туған
жерім» әнімен Айгерім шықты. Сонымен қатар, 1 сынып оқушылары өлең
шумақтарын арнады. 1 сыныптың оқушылары «Малышка» биін, «Қара жорға», «Үнді»,
«Вальс» билерін және 2 сынып оқушысы Назым цыган биін биледі. «Жастар биі» күйі
де орындалды. 4 сынып оқушылары флэшмоб биімен аяқтады. Бағдарлама соңында
мектеп директоры сөз сөйлеп, өзінің жылы лебізін білдірді. Осылайша бағдарлама
өз соңына жетті. Концерт өз деңгейінде өтті.
«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп» МКМ
Мәңгілік елдің – болашағымыз
(Бастауыш сыныптардың апталығының ашылу салтанаты)
Жауаптылар: Толкимбекова Н
Алибекова С
Кузембекова С
Өтеген батыр кенті
2017 жыл
Тақырыбы: Мәңгілік елдің – болашағымыз
Мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу. Ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд, шарлар т.б
Жүру барысы: қонақтар барлығы АКТ залға кіріп отырады. Музыка ойналып тұрады. Кенет экраннан музыкамен бірге «Жаңалықтар» деген сөз шығады.
Журналист:
-Армысыздар! Сіздерге күндізгі жаңалықтарды ұсынамыз! Бүгінгі таңда ауданымыздың білім ордаларының бірі Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектепте бастауыш сыныптардың апталығы өтуде. Осы апталықтың ашылуына арнайы кездесу ұйымдастырып отырмыз. Белгілі кино актер Берік Айтжанов бізде қонақта. Олай болса, Берік Айтжановты студиямызға шақырамыз. /сұхбат алу/
-Актерлік мамандықты таңдауыңызға не себеп болды және өз жүрек қалайыңызбен бардыңыз ба?
-Жақсы маман болуы үшін, адам нені біліп, нені үйренуі керек?
-Қай жерде туып өстіңіз?
-Әтттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
-Сіз «Рухани жаңғыру» дегенді қалай түсінесіз?
-Мектепте қандай оқушы болдыңыз? Екілік алғанда не істеуші едіңіз? Ұстаздарыңызды еске аласыз ба?
-Балалық шағыңыздан есте қалған қандай қызықты оқиғаларыңыз бар?
-Біз сияқты өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге қандай ақыл-кеңестер айтар едіңіз?
Жүргізуші: -Оқушыларымыз осы кездесуден қандай әсер алды екен? Соларға кезек берейік
1-оқушы: Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.
2-оқушы: Арым -таза, ақ көңіл – адалдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін! -дегендей бүгінгі кездесуде ағамыздың айтқан ақыл-кеңестерін жадымызда сақтап, ілім – білім алуға барлық күш – жігерімізді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі – болашағымыздың рухани жан – жақты дамыған азаматтары боламыз деп сенім білдіреміз.
Жүргізуші:– Ал, дәл қазір мектепте «Мәңгілік елдің – болашағымыз!» атты бастауыш сыныптардың апталықтарының ашылуы өтуде. Ендеше бірге тамашалайық!
Жүргізуші: Білімге деген құштарлық,
Билесін адам санасын.
Білімді болсаң білікті,
Бар сыннан жолды табасың,
Тақпақтар: (білім туралы)
Ақжүніс: Мектеп деген білім кені,жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Мектеп,мектеп,менің жарқын көңілім.
Мектеп,мектеп,шаттық толы өмірім.
2-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең – ақ мақтанышың,
Білім алып,тер төгем,еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
3-оқушы: Талпынамыз,тойлаймыз
Талапты біз жоймаймыз.
Ұлы мақсат шыңына,
Шықпай әсте қоймаймыз.
Білім басы бастауышта қаланар,
Білімменен әлемге жол салынар
4-оқушы: Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да жақсыға пана болған
Ән:
Жүргізуші:
Шырын: Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан жылдар бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Аңсар: Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналып, Мәңгілік елдің іргетасы қаланды.
Айнаш: Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені, Отан біз үшін оттан да ыстық.
Бекзат: Біз еліміздің болашағымыз. Сондықтан біздің иманды,білімді,өнерлі, болуымыз еліміздің ертеңі үшін аса маңызды.
Тақпақтар: (Отан,Қазақстан туралы)
Айзере: Қасиетті Қазақстаным,мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім,жерім,Отаным,бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім,өркенім.
Әлихан: Отан деген әрбір жүрек дірілі,
Отан үшін болып келем үлгілі.
Менің,сенің үмітіміз ертеңгі,
Қазақстан-келешектің мекені.
Айнара: Дарқан далам – сенің,менің қуатым,
Ата-бабам сақтаған жез қанатым,
Салт-дәстүр,дініміз бен тіліміз,
Бола бермек мәңгі менің жалауым.
Асима: О,Родина! В неярком блеске
Я взором трепетным ловлю
Твои пролески, прелески-Все,
Что без памяти люблю.
Заман: Твой путь, республика, тяжел
Но я гляжу в твой глаза.
Какое счастье, что нашел
Тебя я там, где родился!
Бахтияр: Бежит волна неторопливая,
Простор полей ласкает глаз.
Какая Родина счастливая,
И это счастье все для нас!
Аяулым, Инкар, Алинур ағылшынша тақпақтар айтады.
Жүргізуші: Бұл қай кезде болады?
Көрініс: Бала мен күз
Бала: Сәлем саған күз!
Күз: Амансың ба, балақай?
Бала: Сыйлығын көп пе?
Асыға күттік біз.
Күз: Бітік шықты егінім.
Астық толды қырманға
Елдің көбі жүр сонда
Бала: Бауырсақ пен ақ тоқаш
Мол болады десеңші
Күз: Ақ маржандай күріш.
Жүгері мен тары
Қара құмық жетеді
Бала: Ботқа менен көжесіз
Таңғы астың мәні жоқ.
Күз: Көкөнісім көп менің – Шалқан, сәзіз, қияр,
Асқабақ пен пияз бар
Бала: Көкөкністе екен ғоо,
Тамақтың бар нәрі.
Күз: Бақтарымда тұр менің.
Алма менен алмұртым.
Бала: Алма қандай шырынды.
Алмұрт қандай жұғымды?
Күз: Міне менің сыйым
Жемісімді теріп ал!
Астығымды төкпей- шашпай,жиып ал!
Бала: Рахмет саған, алтын күз!
Күз:-Балалар мен сендерге құр алақан келген жоқпын. Өзіммен бірге сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Жемістерімнің құпия тапсырмаларын экранға қарап орындап көріңдер.
Жүргізуші: —Жақсы күз. Сенің еңбегіннің нәтижесін, жемістеріннен көріп отырсақ, ал біздің оқушыларымыздың жемісін, алған білімдерінен байқайтын боламыз.
— Ендеше барлықтарыңызға сәттілік тілеп, тапсырмаларымызды орындауға кірісейік.
-Кәне,жемістеріміздің алғашқы тапсырмасын көрейік.(суреттер бойынша үш тілде әңгіме құрастыр)
Тапсырмалар орындалады (Күз, аңшы)
Ән:
Жүргізуші: Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық-
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Құрметтеуге лайық!
Дүниедегі сұлулықтың бәрі де,
Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну,
Көп тіл білу – өте қажет бүгінде!-дей отырып,
Екінші тапсырмамыз- «Бәйге» Бұл ойында мақал-мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, жұмбақтардың шешуін тауып, үш тілдегі баламасын айтады.
1.Адам басшысы- …(ақыл, ум, intelligence)
2.Ана сүті бой өсіреді, … ой өсіреді (ана тілі, родной язык,language)
3.Нет дыма без … (огонь,от,fire)
4.Чистота залог…(здоровье, денсаулық, health)
5. Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды. (жапырақ-листья-lebes)
6.Айбат шегіп алыстан,
Аң патшасы -……..(арыстан-лев-lion)
7.Уылжыған албырт
Дәмі ғажап — ……….(алмұрт-груша-rear)
8.Мойыны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы. (аққу-лебедь-sebans)
Ән:
Қорытындылау:
Жүргізуші: — Міне,бүгін «Мәңгілік елдің — болашағымыз» атты сабағымызда ән-жырлар, тақпақтарынды арнап жатырсыңдар.
-Балалар, болашаққа қандай ұранмен барасыңдар!
Оқушылармен хормен:
-Алау болып жанамыз,
Көкке қанат қағамыз!
Біз бақытты баламыз!
Біз – Қазақстанның болашағымыз! (Лентаны жоғары көтереді)
Ән:
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Гранитный кентінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа поселка Гранитный отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»
- Басты бет
- Тәрбие жұмысы
- Бастауыш сынып апталығының…
Бастауыш сынып апталығының ашылуы
Күні: 08 .04.2019
Тақырыбы: (бастауыш сынып апталығының ашылуы).
Мақсаты:
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
- Шығармашылық қабілеттерін арттыру
- Талантты оқушыларды айқындау
- Жауапкершілікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу
- Адамгершілік пен эстетикалық қатынасқа көңіл бөлу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға,
санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз.
— Бүгін, біз 08 — сәуір мен 15 сәуір аралығында өтетін бастауыш сынып әдіс бірлестігінің апталық іс — шарасын ашқалы отырмыз.
Бастауыш сынып апталығының жұмыс жоспарымен таныстырып өтейін:
Жүргізуші: Ғылымныңсырынұғына,
Шығыңдарбілімшыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізербілімшыңына.
Бастауыштанқанасың,
Білімніңнәрлісырына
1 — оқушы: Бастауышым — бастамам,
Білімжолынбастаған.
Білімшыңыбиікте,
Белдібужасданам.
2-оқушы: Мектеп — кеме, білім — теңіз,
Бараржерге тез жетеміз.
Адаспаймызұлыжолда,
Ұстазбергенбілімқолда.
3 — оқушы:
Мұндақызықтабылар
Жаңылтпаш, жұмбақбәрі бар.
Айтыс, тартыстағы бар
Сөзжұмбақ та, сан жұмбақ.
Суреттіжұмбақ, шешжұмбақ.
О — о — ой, бірқызықаптаболар,
Өздеріңмен бес болар.
Барлықтарыңызды пәндер апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар… Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
Бүгінгі күні барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін төр екі егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.
2 — Ана тілі:
«А» — дан сыр шерткен,
Барлық пәнді үйреткен.
Ардақтап мен оқимын,
Ана тілін құрметпен.
3 — Математика:
Терең ғылым, сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңызды деп оқимын,
Математика сабағын.
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт — дей отырып, мықтыларға арналған бастауыш пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!
Жаңартылған күні: 15.04.2019 14:44
Құрылған күні: 08.05.2019 21:50
Бастауыш сынып пәндерінің апталығының ашылуына арналған қойылым
Апталықтың тақырыбы: «Болашаққа жол бастар, бастауыш білім данасы ».
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін қорғай алуға үйрету. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімділігін көтеру.
Көрнекілігі: Слайд, стенд.
Барысы:
Жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар.
Білімменен аспанға жол салынар, -деп Ж. Баласұғыни
айтқандай, бүгінгі күнде ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білім мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты.
Сол білімнің көзі бастауышта біріледі емес пе?
Өсіп ой мен санамыз
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз
Бастауыш сыныптар арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар да баршылық.
Бүгін біздің мектебімізде үлкен мереке. Бұл –білім мерекесі. «Болашаққа жол бастар, бастауыш- білім данасы» атты басатауыш пән бірлестігінің апталығын ашуға рұқсат етіңіздер.
Балалар қазір ортаға білім еліне саяхат жасауға Дымбілмеспен Білгішбек келеді.
Дымбілмес: Ау, балалар, тоқтаңдар мыналар неге жиналған, әй.
Білгішбек: Сәлеметсің бе? Дымбілмес бүгін бастауыш сыныптарда аптылқ өткелі жатыр.
Дымбілмес: Апталық, апталық дейсің бе? Е олай болса неге асықтыңдар. Менде осы оқушыларды іздеп жүр едім. Мені білім министрі жіберді арнайы тапсырмамен жіберді . Барлық пәндер бойынша сынақ аламын. Екіліктер қоямын. Ештеңе білмейтіндеріңді дәлелдеп, осы бастауышта қалдырамын.
Білгішбек: Өкпеңізді басыңыз, Дымбілмес біздерді тыңдап білімімізді сынап көріңіз. Біз дайынбыз. Солай ғой балалар.
Дымбілмес: Олай болса алдымен өздеріңнің ана тілідерің-қазақ тілінен білімдеріңді көрейін. Ал кәне кім қандай нақыл сөз біледі?
( Балалар нақыл сөз айтады)
Дымбілмес: Жақсы, нақыл сөздер біледі екенсіңдер. Ал енді Отан, оқу, білім туралы қандай мақал-мәтелдер бар. Кім айтар екен көрейін? (Балалар мақал-мәтелдер айтады)
Дымбілмес: Жарайды, мақал –мәтелдер кім білмейді дейсің. Оданда мықты болсаңдар «Сөз тақпақтарын» айтып беріңдер.
Білгішбек: Олай емес, сөз тақпақтары емес, сөз таптары. Олар – зат есім….. .
Дымбілмес: Жарайды. Оны да біледі екенсіңдер. Енді қандай тапсырма берсем екен?
Таптым! Таптым «Зат есіктер» туралы айтасыңдар?
Білгішбек: Өзің дым білмейді екенсің ғой! Дұрысы зат есімдер.
Дымбілмес: Енді қайттым, ааа етік, етіктер туралы айтыңдаршы?
Білгішбек: Балалар, Дымбілместің айтуы дұрыспа? Етіктер ме еді.
(Балалар жоқ дұрыс емес, етістіктер.)
Дымбілмес: Бұл өмірде есепсіз жүру мүмкін емес. Сондықтан математикаға кезек берейік. (қызықты есептер оқу.)
Дымбілмес: Жарайды, сендерге дайындаған енді бір қиын тапсырмам бар. Соны беріп көрейік. Ол «Бастауыш» атты сөз жұмбақ дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз. (Экраннан сөз жұмбақ көрсетіледі. Балалар жауаптарын айтады).
Дымбілмес: Мыналар, ақылды екен, сөз жұмбақты да шешіп тастады, қой болмас мен басқа ақылсыз балаларды іздестірейін.
Білгішбек: Дымбілмес көрдің бе? Біздің балалар қандай білімді ақылды екенін. Сенде білім алып, оқуды үйренгің келе ме?
Дымбілмес: Иә, оқығым, білгім келеді.
Білгішбек: Олай болса, біздің аптылқта болатын сайыстарға қатысып, біліміңді толықтыр.
Дымбілмес: Жарайды. Сау болыңдар балалар.
Жүргізуші: Ойлантатын есептер
Сандар сыры сиқырлы.
Ғылымдардың патшасы
Математика сабағы , -деп кезек математикалық тапсырмаларға беріледі.
(слайд).
Жүргізуші: Балалар , әдебиеттік оқу кітабынан оқыған ертегілер мен әңгімелерді жақсы көретіндіктері соншалық оларды баяндап беріңдерші. (слайд)
Жүргізуші: Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы, — деп кезекті дүниетанымымызды саралайтын
сауалдарға береміз.(слайд)
Апталықтың жоспарымен таныстыру.
Жүргізуші: Кеудеңнен сезім селі ақтарылсын
Боларсың күні ертең- ақ мақтанышым
Білім алып, тер төгіп еңбек етсең,
Өзіңнің сеніміңді ақтарсың шын.
«Бастауыш – білім бастауы» онкүндігінің ашылу салтанаты
1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Бастауыш – білім бастауы» атты бастауыш бірлестігінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Биыл «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ата заңымызға 20 жыл», «өзіміздің мектебіміздің аты берілген Шоқан атамызға биыл 180 жыл», «Қазақ халқының ассамблеясына 20 жыл», сонымен қатар «Тәуелсіздігімізге 24 жыл». Бұл да біздің мерекелі мерейлі тойымыз. Қазақстан болашағы – біздер, яғни жас бүлдіршіндер. Мектептегі бастауыш сыныптардың пәндері бәріміздің ең сүйікті сабағымыз. Олар: музыка, еңбек, дене тәрбиесі, сурет және өзін -өзі тану, математика, әдебиет, қазақ тілі пәндері болып табылады.
2 жүргізуші:
Мектепте қандай қызық, қандай ғажап,
Танисың кереметтің бәрін барлап.
Бастауыш сабақтары ең қызықты,
Әуелеп биіктерге кетсең самғап, — дей келе, алдарыңызда «Көңілді күн» әнімен Қуантай Айгерім. Қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші: Қарсы алыңыздар ортада 1 «А» сынып оқушылары өлең шумақтарымен.
2 жүргізуші:
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті, — дей келе ортаға «Қазақстан» әнімен Разахов Нұрболды шақырамыз.
1 жүргізуші:
Бойыңды еркін жазып, сергітеді,
Мектепте бізге дене тәрбиесі.
Салауатты өмірді біз қалаймыз.
Спорт деген – денсаулық ол негізі, дей отырып 1 «Б» сынып оқушыларын «Малышка» биімен қарсы алыңыздар!
2 жүргізуші:
Пәндер ұнайды бәрімізге,
Көп үйрену керек қой әлі бізге.
Тартынба білгеніңді ортаға сал,
Дер едім, оқушылар, бәріңізге, дей келе Балғабек Айдананы «Арқалығым менің» әнімен ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші:
Қара жорға болмаса,
Бидің сәні келе ме?, — дегендей ортада 1 «В» сыныбының оқушылары
«Қара жорға» биімен. Қарсы алыңыздар!
2 жүргізуші:
Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,
Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар.
Сол пәндердің құпиясын жеткізген
Әр ұстаздың жыдымызда үні бар.
деп ортаға «Тұлпарым» әнімен Ажар мен Ақсезімді шақырамыз.
1 жүргізуші:
Мектепте үйренеміз түрлі өнерді,
Зердемізге тоқимыз төгіп терді.
Музыка пәнін бәріміз ұнатамыз,
Танытатын ғажайып өнерлерді.
Алдарыңызда «Цыган» биімен 2 «А» сыныбының оқушысы Назым.
Қарсы алыңыздар!
2 жүргізуші:
Екі шектің бірін қатты,
Бірін сәл сәл кем бұра
Нағыз қазақ қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра, — дей отырып Газизов Серікболсынды «Жастар биі» күйімен ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, -деп Абай атамыз айтқандай, енді ортаға 1 «В» сыныбының оқушысы Балнұрды «Айгөлек» әнімен шақырамыз.
1 жүргізуші:
Мың бұралған бишілер,
Үнді биін көріңіздер.
Ортада 1 «В» сыныбының қыздары «Үнді» биімен. Тамашалаңыздар!
2 жүргізуші:
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас, — дей отырып 4 «А» сыныбының оқушысы Гүлназды «Ертегілер» әнімен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші:
Кел, билейік, кел, билейік,
Неге тұрсың билемей?
Кел, билейік, іркілмейік,
Неге отырсың үйренбей? – дей отырып, 1 «А» және 2 «В»сыныбының оқушыларын «Вальс» биімен ортаға шақырамыз. Тамашалаңыздар!
2 жүргізуші:
Ән көңілдің ажары, — дей келе алдарыңызда 4 «Б» сыныбының оқушысы Айгерімді «Туған елім, туған жерім» әнімен. Қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші:
Жалығуды білмейміз,
Жабығуды білмейміз.
Жауқазындай көзді тартып,
Жайраң қағып билейміз, — дей келе ортада 4 «А» сыныбының оқушыларының дайындаған биін қабыл алыңыздар!
Флэшмоб
2 жүргізуші:
Байтақ дала жерім меніңАрта берсін даңқың сеніңКөк байрағың желбіресінЕгеменді елім менің.
Хор: «Қазақстан»
1 жүргізуші: Осымен, «Бастауыш – білім бастауы» атты бастауыш бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанатын аяқтаймыз.
2 жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Сараптамалық анықтама
«Бастауыш – білім бастауы» атты бастауыш бірлестігінің ашылу салтанаты концерттік бағдарлама түрінде болды. Оған бастауыш сынып оқушылары қатысты. Атап айтатын болсақ, «Көңілді күн» әнімен Төлеген Әйгерім, «Жаса, Қазақстан» әнімен Разахов Нұрбол, «Арқалығым менің» әнімен Балғабек Айдана, «Тұлпарым» әнімен Ажар мен Ақсезім, «Айгөлек» әнімен Балнұр, «Ертегілер» әнімен Гүлназ және «Туған елім, туған жерім» әнімен Айгерім шықты. Сонымен қатар, 1 сынып оқушылары өлең шумақтарын арнады. 1 сыныптың оқушылары «Малышка» биін, «Қара жорға», «Үнді», «Вальс» билерін және 2 сынып оқушысы Назым цыган биін биледі. «Жастар биі» күйі де орындалды. 4 сынып оқушылары флэшмоб биімен аяқтады. Бағдарлама соңында мектеп директоры сөз сөйлеп, өзінің жылы лебізін білдірді. Осылайша бағдарлама өз соңына жетті. Концерт өз деңгейінде өтті.
Бастауыш сынып апталығы»Бастауыш -білім бастауы»
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Əдістемелік бірлестіктің жетекшілер мен бастауыш сынып мұғалімлеріне апталық жоспарлап өткізуге көмек бола алады
Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Бастауыш сынып апталығы»Бастауыш -білім бастауы»
Скакова Гулзира Жанарисовна
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы » Ақсуат орта мектебі » КММ бастауыш сынып мұғалімі
25.09.2018
8447
73
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
«Тілім менің тірлігімнің айғағы»
атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының
СЦЕНАРИЙІ
1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді оқушылар және ұстаздар!
2- жүргізуші: « 22 кыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне арналғалы отырған тіл апталығының ашылу салтантына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: « Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қырқүйекте жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.
2- жүргізуші: : Тіл- халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.
1-жүргізуші: Құрметті көрермендер! Мен енді сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Абдикадирова Камшат Мейрамқызына бергім келіп отыр.
Камшат апай сөйлейді
1-жүргізуші: Менің қазір ойыма Қадір Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.
2- жүргізуші: Олай болса сені тыңдалық
1-жүргізуші:
Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,
Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.
Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.
2- жүргізуші: Олай болса мен де саған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдемі өлең жолдарын оқып берейін:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
1-жүргізуші: Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?
2- жүргізуші: Ия, Қазағымның ән-жырына не жетсін, Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға әнімен
шақырамыз.
Ән айтылады
1-жүргізуші:
Ана тілім — ана күтім арым менің
Сәулетім — сая бағым , сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.
2- жүргізуші:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім,-демекші мен ендігі кезекті жырдан шашу шашуға колледж оқушысы
шақырғым келіп отыр.
Өлең оқылады.
1-жүргізуші:
Әнсіз мына өмірдің несі көктем,
Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын әсем әннің куәсі бола отырайық, ағайын!
Ән айтылады
1-жүргізуші:
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
2-жүргізуші:
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
1-жүргізуші:
Туған тіліміздің қадір-қасиеті туралы біздің сөзімізді жалғастыруға ортаға
шақырамын.
Өлең оқылады.
1-жүргізуші:
Білесің бе, «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» деп Вяземский айткан екен.
2-жүргізуші:
Сондықтан туған тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – ол біздің, яғни жастардың басты міндеті.
1-жүргізуші:
Ендеше өз туған тілін қорғап, сол тілде ән айтқалы келіп отырған
неге кезекті бермеске…
2-жүргізуші:
Қарсы алыңыздар!
Ән айтылады
2-жүргізуші:
« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды»деп С.Негимов тіл туралы өз пікірін де білдіріп өткен екен.
1-жүргізуші:
Ия, тіл туралы қалам тербемеген бірд-бір ақын-жазушы жоқ та шығар. Сондықтан осындай әдем іөлең шумақтарын тарту ететін
қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.
Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
2-жүргізуші:
Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
1-жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
2-жүргізуші:
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
1-жүргізуші:
Қадірменді көрермендер! Келесі кездескеше аман болыңыздар!