Жауапты: «Жас
Ұлан» балалар ұйымы
Өткізген:
Арынова А.К.
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп
1 – жүргізуші: Бүгінгі біздің кешімізді М. Шахановтың «Достық
өлкесінің заңы» — атты шығармасымен бастағымыз келеді.
Алдымызда қанша сауал
тосылды,
Өмір бізді ерте
үйірді биіне.
Сәби кезім.
Бірге ойнайтын
досымды
Ертіп бардым
нағашымның үйіне.
Сәбилік шақ!
Сүттей аппақ кезең
бұл,
Аңғал, бейқам
балбұлақтай сыңғырлы.
Досым «киіп көремін»
деп әжемнің
Аңдаусызда көз
әйнегін сындырды.
Енді қайттік? Амал –
айла азайып,
Құтылуға өткел іздеп
тарқыдық.
Досым менің ұяң еді
ғажайып,
әжем өте қатал еді,
жарықтық.
—
Бала мұнша бола ма екен
мазасыз,
—
-Қане, қайсың көзәйнекті
сындырған?-
деді әжеміз, -қалдырмайтын жазасыз
сындырған кім? Алдыма кеп тұр жылдам!
Енді қайттік? Кім ұсынбақ көмегін?
Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:
—
Мен сындырдым,
кешіріңіз…. мен едім…
—
Дедім үнсіз төмен салып
басымды.
Бір өзгеше дүлей
мінез тосып ек,
Шіркін , адам
табиғаты – ай сан қырлы.
Қанша ашулы
болғанымен осы рет
Әжем мені жазалаусыз
қалдырды.
Лезде қайта көтеріліп
еңсеміз,
Көңіліміздің айынынан
күн күлді
Сол сәте інім сыбыр
етті:
«Сенбеңіз,
көзәйнекті қонақ бала
сындырды».
Әжем кенет ашу буып
күйгелек
Ашу буып аң – таң
болып қалды да:
-Жүр бері,- деп
құлағымнан сүйрелеп
Ертіп барды
нағашымның алдына.
«Қой бәйбіше, дау
тудырма бекерге,-
Деп нағашым әңгімені
жалғады,-
Айып па екен, өзін
беріп қатерге,
Ер жігіттің досын
қорғап қалғаны.
Достық деген
ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен
замандар.
Отанын да сатып кете
алады
Қиын шақта досын
сатқан адамдар!»
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар.
Сіздерді бүгінгі «Жас Ұлан» балалар ұйымының «Достар» бағыты бойынша
арналған «Достықтың кілті — бірлікте» — атты сайсымызды бастауға
рұқсат етіңіздер.
1- жүргізуші: Қазақста мынадай жақсы сөз бар: «Доссыз
адам тұзсыз ас, достық кілтін байқап аш» — демекші, нағыз дос болу үшін,
Әлібек сенің ойынша қандай болуы керек?
2-жүргізуші: Нағыз дос әрқашанда досыңның қиын сәттерінде
өз қол үшін беріп, көмегін беруі, қиын сәттерде сатпауы, дос болғаннан кейін
адал дос болуы керек деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Иә, досың болса тірегің де бар. Қиын және
қуанышты сәттерде досыңа сырыңыды, мұңынды айтып, шер тарқатуға болады.
2-жүргізуші: Ал ондай боса сайысымызды бастайық.
1-жүргізуші: Сайысымызды бастамай тұрып, жоспарымен
таныстырып өтейік. Бүгінгі сайысымыз негізінен ІҮ бөлімнен тұрады:
І – бөлім: «Адал
дос алтыннан қымбат» — атты
таныстыру сайысы.
ІІ – бөлім:
«Сырласуға дос жақсы» — атты
сайыс (әртүрлі жағдаяттарды шешу);
2-жүргізуші:
ІІІ бөлім: «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі
алтын» — атты өнер сайысы (бұл үй тапсырмасы)
ІҮ. «Досың дос болғанда шаттан, дұшпанмен дос
болудан сақтан» — атты сайыс. (Нағыз дос қандай болуы керек? Моделін жасау және
қорғау)
1- жүргізуші: Сайысқа қатысатын командаларды бағалау үшін
әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
1. Музыка пәнінінң
мұғалімі Жанысов Б.Т.
2. Аниса тәте
3. Мектеп психологы
Шакарова Б.К.
Әділқазы алқасының
қойған бағаларын есептеп шығатын, есепшілермен таныстыра өтейік:
9 сынып оқушысы
Бейсембаева Асель
Ал енді бірінші
сайысымызды бастайық:
Ортаға 5 а
сынып командасын шақырамыз.
5б…..
2-жүргізуші. Міне әр топ өздерін таныстырып өтті. Келесі
сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.
Келесі сайысымыз «Сырласуға
дос жақсы» — атты сайысымызды бастаймыз. (бұл сайыста командаларға әр түрлі
жағдаяттар беріледі, солардың шешімін табу керек);
1.
Ты выполнил контрольную
работу. Твой друг переписал у тебя и получил за работу оценку «5», а ты «2» ,
т.к. учитель поумал, что ты переписал.
Что ты будешь делать?
2.
Твой друг как всегда
опаздал на встречу на час.
Что ты будешь делать?
3.
«Жақсымен дос болсаң
жетерсің мұратқа, жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа» — деген мақалды қалай
түсінесіңдер?
4.
Сен қоңырау кезінде
өзіңнің сыныптас жолдастарыңмен әңгімелесіп тұрған уақытта, көрші сыныптағы бір
оқушы өтіп бара жатып дөрекі сөз айтып кетті.
Сен сол кезде не істер едің?
5.
Сен өзіңнің жақын құрбыңа
(досыңа) жақсы көретін кітабыңды оқуға бердің. Кітабыңды бергеніне көп уақыт
өтті, бірақ сенің досың (құрбың) кітапты беруге асықпайды.Сұрасаң ертең әкеп
берем дейді. Бір күні сол досыңның (құрбыңның) кішкендай қарындасы (інісі)
келіп саған кітабіңнің жыртылғаны туралы айтты. Сенің шешімін
6.
Сенің досың саған қызық
кітабын оқуға берді. Бірақ та ол өз оқыған саған айта бастады. Сен осы жағдайда
не істерсің?
1-
жүргізуші. Әділ қазы алқасы шешім қабылдағанша ортаға
бишілер тобын шақырамыз.
Сөз кезегі
қазылар алқасында.
Ал енді келесі бөлім
«Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» — атты өнер сайысына кезек келді.
(бұл үйге берілген тапсырма)
2-
жүргізуші: Әділқазы алқасына сөз кезегі беріледі.
Келесі ақырғы сайысымыз «Досың дос бболғанда шаттан, дұшпанмен дос
болудан сақтан» — атты сайыс (осы сайыста нағыз дос қандай болу керек? Моделін
жасау және қорғау)
Ал енді сайысымызды бастайық.
1-
жүргізушы:Оратға бишілер тобын шақырамыз
2-
жүргізуші: Сөз кезегі әділқазылар алқасында
1-жүргізуші: Мінекей, бүгінгі сайыс та өз мәресіне жеткендей, біздің бүгінгі
сайыскерлерге сәттілік, ұзақ ғұмыр, жақсы тілектер тілей отырып:
Айқындалмас жақының мен алысың,
Доссыз жүру мүмкін емес сол үшін.
Өз көңіліңнен сенім таба білмеген.
Досқа досша ұсына алмас қол ұшын
Доссыз менің өмірімде бар ма сән?,
Досым ьбарда арманға асам, алға асам.
Мақтау күтпен, адамшылық арыңды
Көкірегімді оққа төсеп қоғасам.
Адам деме жалған күліп алдасам,
Не берсем де сеніп бере алмасам,
Тар кезеңде талшық етер жаныма,
Жарты құртты бөліп бере алмасам.
Дос құшақтан босамасын қолдарым,
Осы менің, осы менің арманым.
Достығыма сенетін жан аз болса,
Онда құрбым, менің әлсіз болғаным.
2-жүргзуші: Осымен «Достықтың кілті — бірлікте» — атты сайысымыз аяқталды.
Ұйып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
«Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ-сі
Мектепішілік математика пәні мұғалімдерінің семинары
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»
Өткізген: Садакова Г.
Сыныбы: 5 «Ғ»
Бейнеу, 2016ж.
Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»
Жалпы мақсаты: Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді.
Міндеттері:
— ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін қалыптастырады;
— өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамытады;
— инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Дамытпалы саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдер: АКТ, жұптық-топтық әдістер, СТО әдіс-тәсілдері,
Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл сөздері, дос туралы мақал — мәтелдер, интерактивті тақта, слайд, компьютер, А3 қағазы, маркерлер, үлестірме қағаздар.
Дереккөздер: Ғаламтор, кітап, газет, журналдар.
Оқыту нәтижелері: Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейедіту және нақтыланады. Достарға деген қарым-қатынастары қалыптасады, достықты қадірлей білуді ұғады, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйренеді.
Оқушы өз бетімен ізденеді және өз ойын еркін айта алады.
Оқушының есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын, өзі басқара біледі. Оқушылар арасында ынтымақтастық орнайды. Өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарай алады. Пікірталасқа қатысады.
Сабақ барысы
Топқа бөлу. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Мұғалім: « Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей.
Досыңа қосылғанда дем бергендей»
Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке,
Тұйғынға қапастағы жем бергендей» демекші, жақсы рухани күшіміз, әдеп-байлығымыз. Адам үшін ата-анадан кейнгі ең жақын-абзал дос. Жақсы-адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілімен қолын ұсынатын адамдар көп болмақ.
«Доссыз өмір-тұл», « Доссыз өмір-тұссыз ас»-деп халық тегін айтпаған. Адам ес біліп, етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Міне бүгін, балалар, достық жайлы әңгімелеспек. Достық әлемі қызық оқиғаларға адал шынайы қарым-қатынас, асқақ адамгершілікке толы әлем.
Біз достық әлімімен таныс болу үшін, достықты бағалай білу үшін бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды саяхат сабақ ретінде өткізіміз.
Ал, балалар, енді жолға шығуға әзірленейік. Саяхат өте ұзақ болмақ. Біз ой кемесіне мініп, толқындатып, жолда аялдамаларға тоқтап, дем алып, адасып кетпес үшін өз бағыттарымызды анықтап алғанымыз дұрыс. Біздің айналамызда ретімен достық аралдары орналасқан. Әр аралда біздің достарымыз тұрады. Олар бізге тапсырмалар әзірлеп қойыпты. Сол тапсырмаларды орындап, досымызды біздің ортамызға қонаққа шақырайық.
Бірінші арал. «Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды»
1
Осындай мақал жазылған. Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу-деген киелі құс және сұлулық символы. «Өмірде жұптарыңыз жазылмасын, көлде жүзген екі аққудай болып мәңгі өмір сүріңдер» — деп айтады. Сонда аққулар бір-бірінен айырылмайтын және бір-бірінен айырылса өмір сүре алмайтын құстар.
Ал достықты сатпау деген не? (Сұрақ қойылды). Қиындыққа, жамандыққа қалдырмау, досы үшін өзінің басын қатерге тосу, досын құтқару — достық өлкесінің заңы болса керек.
«Достық өлкесінің заңы» М.Шаханов өлең оқылады.
Алдымызда қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сәби кезім.
Бірге ойнайтын досымды
Ертіп бардым нағашымның үйіне.
Сәбилік шақ!
Сүттей аппақ кезең бұл,
Аңғал, бейқам балбұлақтай сыңғырлы.
Досым «киіп көремін» деп әжемнің
Аңдаусызда көз әйнегін сындырды.
Енді қайттік, амал-айла азайып,
Құтылуға өткел іздеп тарықтық.
Досым менің ұяң еді ғажайып,
Әжем өте қатал еді, жарықтық.
— Бала мұнша бола ма екен мазасыз,
Қане, қайсың көзәйнекті сындырған? –
-деді әжеміз, — қалдырмаймын жазасыз,
Сындырған кім?
Алдыма кеп тұр жылдам
Енді қайттік, кім ұсынбақ көмегін?
Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:
— Мен сындырдым, кешіріңіз… мен едім..
Дедім үнсіз төмен салып басымды.
Бір ерекше дүлей мінез тосып ек,
Шіркін, адам табиғаты-ай сан қырлы.
Қанша ашулы болғанымен осы рет
Әжем мені жазалаусыз қалдырды.
Лезде кайта көтеріліп еңсеміз,
Көңіліміздің айдынынан күн күлді.
Сол сәтте інім сыбыр етті:
«Сенбеңіз,
Көзәйнекті қонақ бала сындырды».
Әжем кенет ашу буып күйгелек,
Ашу буып аң-таң болып қалды да:
— Жүр бері, — деп құлағымнан сүйрелеп
Ертіп барды нағашымның алдына.
«Қой, бәйбіше, дау тудырма бекерге,-
Деп нағашым әңгімесін жалғады, —
Айып па екен, өзін беріп қатерге,
Ер жігіттің досын қорғап қалғаны.
Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
Оқушылар өз аралындағы достық қарым-қатынас жайлы әңгімелер айтып береді.
Бірінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.
Екінші арал. Достық туралы мақал-мәтелдер.
2
Мақалды жалғастыр
-
«Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».
-
«Дұшпан …. айтады, дос….айтады».
-
« … адам тамыры жоқ … тең»
-
«…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
-
«……….ақшаң болғанша, көп досың …».
-
«Досы көппен …. ,
Досы жоқпен … ».
-
«…. басқа қарайды,
… аяққа қарайды».
-
«Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».
-
« Досың мың ….,
… біреу болса да көп».
-
« … дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
… дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
-
«Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
-
«Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
-
«Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
-
«Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
-
« Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
-
«Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас».
-
«Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
-
«Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
-
«Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп».
-
«Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Екінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.
Үшінші арал. «Менің қызықты оқиғам»
3
Үшінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.
Төртінші арал. «Ағаш жапырағымен көрікті,
Адамдар достарымен көрікті»
4
Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»
Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, алдымен өзіннің жаман қасиетінді айтасын, сосын қасындағы сыныптасың сенің жақсы қасиетінді айтады.
Рахмет, оқушылар! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар!
Төртінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.
Бесінші арал. «Екі дос» видеоролик.
5
Бесінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.
Алтыншы арал.
«Менің достарым» Коллаж жасау. Өздерінің суреттерімен коллаж жасайды.
6
Алтыншы аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.
Жетінші арал. « 5 саусақ» тренинг
7
«5 саусақ» тренингі
Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.
Тірек сөздер:
Адал арам
жомарт өз қамын ойлайтын
адамгершілігі мол кекшіл
қарапайым сөзге түсінбейтін
мейірімді жалқау
кешірімді тәккапар
төзімді қатал
ақылды мейірімсіз
сабырлы сараң
салмақты қызғаншақ
кек сақтамау тұйық
ашықтық
бүкпесіздік
Жетінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.
Сегізінші арал. Достық әлемінің пердесін достық жайлы әнмен жабайық.
8
Хор. «Жан досым»
Iздегенде табылатын қасымнан,
Көңiлi бар қызгалдақтай ашылған.
Көрпесек, сағыныштан жүдейтiн
Кiм бар жақын бала күнгi досымнан.
Жан досым үстем болсын мерейiң
Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн.
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн.
Қос бұтағы секілденiп ағаштың —
Қатар тұрып гүлiмiздi сан аштық.
Жол тапсақ бiз — бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та, бiрге жүрiп адастық.
Жан досым үстем болсын мерейiң
Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн.
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн.
Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде бiз
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.
Жан досым үстем болсын мерейiң
Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн.
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн.
Сегізінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.
Қорытынды сөз. – Балалар, осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Біз бүгінгі мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Әрқашан достықты бағалайтын азамат болып өсулеріңді тілеймін. Қош сау болыңыздар!
Ашық тәрбие сағатынан көріністер
Ашық тәрбие сағатынан көріністер
Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
а) Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;
ә) Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту;
б) Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Түрі: Аралас
Формасы: ұжымдық
Әдіс-тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Почта» ойыны, «Ойлан, тап!» , «Досымның жүрегі» ойыны, көрініс, «Қарым қатынаста мен қандаймын?» тесті.
Көрнекі құрал-жабдықтар: «Нағыз дос» атты алма ағашы, плакат, таратпа ақ беттер, аудиоматериал, Автобус суреті, стикерлер
Тәрбие сағатының кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе.
3. «Почта» ойыны
4. Көрініс «Жігітті жолдасына қарап бағала», «Достың түрлері»
5. Ойлан, тап! (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)
6. Тыныштық сәті: «Достық шуағының жылуы»
7. «Досымның жүрегі» ойыны
8. Дос қандай болу керек? «Нағыз дос» атты алма ағашы
9. «Ренжістік, достастық» ойыны
10. Қорытынды
11. Рефлексия
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушылармен амандасу.
Гүлнұр: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын амандасып алайық. Ең алдымен бір-бірімізге қарап (Сәлем, сен бүгін әдемісің, жүзің жайнап тұр ) т.б. сол сияқты жақсы сөздерді айтып амандасамыз. Жақсы. Бәріміздің көңіл күйіміз көтеріліп қалған шығар ия? Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз «Достық» аялдамасына тоқтап, бұл аялдамада «Доссыз өмір бос» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз. Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Доссыз өмір бос» деп аталады.
2. Кіріспе сөз:
Айтолқын: Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
-Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік. Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не? Дос қандай болу керек?Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
Гүлнұр: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.
Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.
Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол – дағы
Адам үшін ата – анадан кейінгі ең жақыны – жақсы дос. Адам ес білгеннен бастап өзің түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Достық әлемі қызық оқиғаларға, адал, шынайы қарым-қатынастарға, асқақ адамгершілікке толы әлем.
3. Почта ойыны:
Гүлнұр: Балалар қазір біз почта ойының ойнаймыз. Қазір мен сол ойынның тапсырмаларын оқимын. Мұқият тыңдаймыз.
М а қ с а т ы : Оқушылардың қарым – қатынасын жақсарту, бір – бірін жақын танып білу. Достық қарым-қатынастарын нығайту.
Бірінші тапсырма: Ең алдымен бір бет парақ ал, сол параққа өзіміздің аты – жөнімізді толығымен жазамыз.
Екінші тапсырма: Парақтарды жинап алып бір – біріне тарату. Енді алдарыңызға түскен оқушының жақсы қасиеттерін жазыңыздар.
Үшінші тапсырма: Парақтарды жинап алып бір – біріне тарату. Енді алдарыңызға түскен оқушының жаман қасиеттерін жазыңыздар.
Төртінші тапсырма: Парақтарды жинап алып бір – біріне тарату.Енді алдарыңызға түскен оқушының сыртқы бейнесіне қарап болашығы қандай болмақ.
Бесінші тапсырма: Парақтарды жинап алып бір – біріне тарату. Енді алдарыңызға түскен оқушының ортамен деген қарым – қатынасы қандай ?
Алтыншы тапсырма: Парақтарды жинап алып бір – біріне тарату. Енді алдарыңызға түскен оқушыға жақсы тілек жазамыз.
4. Көрініс:
1) Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, — депті.
Қарт жігітке:
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, — депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
— Шырағым, жаман жігіт емессің, — депті.
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:
— «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, — депті.
2) Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2 түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық, -дейді.
-Дұрыс – ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
— Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер? (Оқушыларды тыңдау)
Айтолқын: «Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?
— Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық — өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».
5. «Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1. «Кемшіліксіз … іздеген адам … қалады».
2. «Дұшпан … айтады, дос … айтады».
3. «Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …».
4. «… теңгең болғанша, жүз … болсын».
5. «.. басқа қарайды,
… аяққа қарайды».
Жауаптары:
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Жүз теңең болғанша, жүз досың болсын».
5. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
6. Тыныштық сәті:
Гүлнұр: Балалар, ыңғайланып отырамыз, көзімізді жұмамыз, өзімізді еркін сезінеміз. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз. Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз. Балалар, бір-бірімізді ренжітпеуге уәде берейік. Бәріміз хормен «Уәде беремін» — деп айтамыз.
7. «Досымның жүрегі» ойыны.
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.
8. Дос қандай болу керек?
Айтолқын: Әр қайсымыз дос қандай болу керек сол бойынша досқа тән қасиеттерді тақтада ілініп тұрған «Нағыз дос» атты алма ағашына, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілеміз. (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, жалқау, өтірікші, қатігез, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау, сыйлы, әдепті, тәртіпті, шыншыл, өзімшіл, сыпайы, әдемі, тату, көмекке келетін, жаңашыр жан, еңбекқор, батыл, тұрақты)
9. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
Гүлнұр: Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Пікір алмасу.
— Сендерге ойын ұнады ма?
— Татуласу ше?
— Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/
— Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
— Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.
10. Қорытындылау: Айтолқын: Жақсы, оқушылар. Бүгін біз достықтың қадірі, доссыз өмірдің мәні жоқ екенін әңгіме еттік. Біздің сіздерге айтарымыз:
-Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
-Досыңды алдамай, оған адал бол.
-Досыңды қорлама.
-Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
-Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
-Досыңның кемшілігін кешіре біл.
11. Рефлексия: Гүлнұр: Бүгінгі тәрбие сағатымыздан алған әсерлерімізді, достық жайлы не ұқтық соны берілген қағаздарға жазып, тақтада ілініп тұрған достық автобусына апарып орналастырамыз. Автобусымыз әрі қарай саяхатын жалғастырады. Жақсы, оқушылар осымен «Доссыз өмір бос» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Әрқашанда дос болайық бәріміз!
Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Есмуханова Жадра Каирбековна
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Дос жəне достық»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту.
Дамытушылық: Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Міндеттері:
— Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;
— Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту;
— Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Сөйлемді аяқта» тренингі, хатқа жауап беру, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны.
Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, мәуелі ағаш, жүрекшелер, 5 саусақты қағаз қолғап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері, бір-бірімізді сыйлай білейік.
Сұрақтарға топпен постер құрастыру арқылы қорғау, өз ойларын ашық айтады.
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?
2. Досың бар ма? Ол кім?
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4. Достық жасқа байланысты ма?
5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
8. Дос қандай болу керек?
*Достық ағашын құрастыру.
ІІ. «Нағыз дос» атты алма ағашына, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау)
Достық ағашын бірлесіп балалармен құрастырамыз.
Ертегі желісін тыныштық әуенмен тыңдау, ойларын айту.
ІІІ. Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, — депті. Қарт жігітке:
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, — депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
— Шырағым, жаман жігіт емессің, — депті.
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:
— «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, — депті.
Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды.
-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?
— Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық — өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».
ІV. «Сөйлемді аяқта» тренингі. Топтық жұмыс.
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені …
Ә) Сыйластық бар жерде …
Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім…
V. Жағдаяттан шығу. Слайд арқылы
1. Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?
2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, — деп өз өтінішін Аңсарға айтты…
— Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?
3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді… Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты…
— Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?
4. Құрбылары Жанарға балмұздақ бергенді.
Жанар кетті алға тез,
Алды-артына қарамай,
«Рахмет» — деп, жалғыз сөз
Айтуға да жарамай!
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
-Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.
5. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма?
Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?
Балалар бір-бірімізге ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар «рахмет» деген сөзді, Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.
Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік.
VІ. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Пікір алмасу.
— Сендерге ойын ұнады ма?
— Татуласу ше?
— Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/
— Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
— Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.
VІІ. «Хат қоржын» (хаттарға жауап)
Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым… Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар?
VIІІ. «Менездеме беру» тренингі
Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір-біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.
«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып бірауыздан алдымыздағы жүкті көтере білейік.
Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату балалар бір – бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі. Сондақтан да достық — татулықтан басталады делінеді.
ІХ. «Сиқырлы орындық» жаттығуы.
Ортадағы бір орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын а
йтады.
Х. Жүректен жүрекке:
О қушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді.
-Досыңа адал бол!
— Татулық тілеймін!
-Досыңа кек сақтама!
— Кешірімді бол!
-Достық тілеймін!
ХІ. Қорытынды:
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
— Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз «Достық» аялдамасына тоқтап, бұл аялдамада «Достық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік алдық.
Релаксация
-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз.
«Досымның жүрегі» ойыны
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.
Балалармен бірлесіп «Достық» хоры
Дос деген достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бір-бірін жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңық,
Жасығанда жездей боп мойымайық.
Сыр сақтамас біреумен дос болам деп,
Сыр ашқан досымыздан айрылмайық. — деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, қымбатты менің бүлдіршіндерім. Досты аялайық, шынайы достықты сақтайық.
Сабақтың тақырыбы: «Достық»
Сабақтың мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру;
Оқушылардың достық туралы ой — пікірлерін дамыту;
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу.
Сабақтың әдісі: Пікір — талас
Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер.
Сабақтың мазмұны:
Ән: «Қайдасыңдар, достарым»
Жүргізуші: Достық — адамдардың бір — бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын — жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог — психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде — кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, маңызына байланысты екені даусыз.
Біз бүгін 6 сынып оқушылары арасында «Дос. Жолдас. Құрбы — құрдас» деген тақырыпта пікірлесу сабағын ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз кешегі шәкірттеріміз – бүгінгі студенттер мен бүгінгі шәкірттеріміз – ертеңгі студенттердің достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды». Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар» әнін тыңдайық.
Жүргізуші: Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»- дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.
Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
Жүргізуші: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.
О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.
Жүргізуші: Қандай адамдар досқа лайық?
Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін — бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір — біріне тірек, медет болуынан, қам — қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын — қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,- деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.
1-көрініс
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
— Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
— Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.
— Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр
— Мамаң ұрыспай ма?
— Мамама түсіндіріп айтамын ғой.
— Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді
Жүргізуші: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі! Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» — деп сұрапты. Жанышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем — сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар. Сондағы жаңағы Қарлығаштың қылығы достық па?
Т а л д а у
Жүргізуші: Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл — өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», — демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.
2 — көрініс
Бір топ оқушы өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке тұрған оқушыны көрсетіп еді, топ оқушылар қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай білдірді
Жүргізуші: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз. Бір топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара достыққа лайықты жандар ма? Осындай достарың болғанын қалайсың ба?
Т а л д а у
Жүргізуші: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы» — деген екен. Енді тағы бір көрініске назар аударалық.
3 — көрініс
2 — ші көріністегі қайталанады. Жеке тұрған оқушының қасына біреуі барады. Екеуі мәз болып шығып кетеді.
ДАУЫС: Үш күннен соң…
Жеке оқушы топтың қасына келіп: «Білесіңдер ме, Ақзира маған өзінің кіммен жүретінін айтты…»
Бәрі шығып кетеді.
Жүргізуші: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері физик Бендами Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып – қағуды қажет етеді. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», — деген екен. Жаңағы көріністегі кімдікі достық?
Т а л д а у
Достық — әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір — біріне пейілі – ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой — ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» — деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.
Махамбет Өтемісұлы айтпақшы: Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Яғни Кенжегүлдей (жеке оқушы) адам – жаман дос.
Ал меніңше Әл — Фараби айтқандай: « Өрге жүзген өнегелі ісімен адал дос тап тең құрбыңның ішінен»,- деген нақылды білмеген Ақзираның (екінші оқушы) қылығы үлкен қателік.
Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез — келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны – шындық. Жаңағы көріністен Кенжегүл мен Ақзираның достығы ұзаққа бармайды.
Халықта: «Досыңнан тап!» — деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос — дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», — деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.
Жүргізуші: Француз философы, жазушы Жан — Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын жазушысы Генри Фильдинг, т. б. сияқты даналар бейне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», — дейді. Жан — Жак Руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», — дейді. Мұны қалай түсінесіздер?
Т а л д а у
Жүргізуші: ағылшын философы, Фрэнсис Бэкон: «Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады», — деген екен. Тағы да көрініске назар аударалық.
Қорытындылау.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап.
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.
Тақырыбы: Татулық – достық кілті_
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
- Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
- Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, сандық
Тәрбие сағатының түрі: дамытпалы саяхат сабақ.
Мұғалім сөзі: — Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын. Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз төрт топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.
Топты түрлі-түс қағаздармен бөлу. Топтың атын оқушыларлың өздері қою.
- Топ. «Татулық»
- топ . «Сыйластық»
- топ . «Ынтымақ»
- топ. «Бірлік»
Ойын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру
1-өлке. «Аққуды атпа,
Досыңды сатпа!»
2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.
3-өлке. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған.
4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
5-өлке. « Әдебиет – өмір айнасы,
Сахна оның жолдасы»
1- өлке. «Аққуды атпа, Досыңды сатпа»
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу – киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпау деген не?
— Дос алдамау керек
Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
Достар ұрыспау керек.
Достар тату болу керек.
— Досы үшін өзінің басын қатерге тосу керек.
2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.
Мақалды жалғастыр
- «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».
- «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».
- «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
- «……….ақшаң болғанша, көп досың …».
- «Досы көппен …. ,
Досы жоқпен … ».
- «Досы … , өзі де жақсы».
- «…. басқа қарайды,
… аяққа қарайды».
- «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».
- « Досың мың ….,
… біреу болса да көп».
- « … адам тамыры жоқ … тең»
- « … дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
… дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
- «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
- «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
- «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
- « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
- «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
- «Досы жақсының-өзі де жақсы».
- 7. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
- «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
- «Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп».
- «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
- «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
3-өлке. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған сұрақтар.
1.Дос сөзін қалай түсінесіндер?
- Достық дегеніміз не?
- Шын дос қандай болуы керек?
- Жалған достық дегенді қалай түсінесіңдер?
4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
Достыққа байланысты ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін айту.
М. Мақатаев
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десен,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Дос жүрегі шар айна,
Сылтауыңа қарай ма,
Бүлдіріп алма қалайда,
Кір шалдырма жарай ма!
Шимайланса шар айна,
Жанарды тартар жалтырап,
Дос жүрегі – бал бұлақ.
5-өлке. « Әдебиет – өмір айнасы,
Сахна оның жолдасы»
Көрініс. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
— Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
— Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
— Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.
Қорытындылау
— Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір — біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік.
Дос болайық бәріміз
Сөзін жазған X. Талгаров Әнін жазған И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.