Еске алу турниріне сценарий

Сенің биік рухыңа бас иіп,Еске аламыз сағынышты жүрекпен, — дей отыра бүгін мектебімізде үлкен шара өткізіліп отыр.
Иллюстрация: Freepik.com

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар,  ұстаздар!

Ұстаз едің,  жүректерге гүл еккен,

Адалдықты көкіректерде түлеткен.

Сенің биік рухыңа бас иіп,

Еске аламыз сағынышты жүрекпен, — дей отыра бүгін мектебімізде үлкен шара , ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған Тайгуллин Аманкел ағамызды еске алуда үшінші жыл қатарынан  өткізіліп отырған, қала мектептерінің ұстаздары арасындағы волейбол турнирлік  кешіне қош келдіңіздер!

(фанфар)

Жүргізуші:

Кім ойлаған лаулаған от өшет деп,

Кім ойлаған ерте өмірден көшет деп.

Арамызда жұлдызды адам  жоқ бүгін ,

Еске алу тірілерден ізет тек,

(слайд жүріп отырады)

(күй-фанфар)

Жүргізуші:     Аманкел аға, 1943 жылдың 4- желтоқсанында Семей облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келді,  1963-1970 жылдары Семей қаласының Крупский атындағы педогогикалық институтын тарих мамандығы бойынша  тамамданды. Өзінің еңбек жолын 1970 жылы Семей обылысы Шұбартау ауданы  Алғабас орта мектебіне тарих мұғалімі болып  бастап, 1973 жылы аталған ауданның Горный орта мектебіне оқу ісінің меңгерушісі болып ауысты. 1976 жылы семей обл.

Шұбартау ауданы  Калинин орта мектебіне директор болып тағайындалады. 1982 жылы Шұбартау аудандық партия комитетінің үгіт насихат бөліміне инспектор болады.  1990-1997 жылдары осы Семей облысының  Шұбартау ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде директор болып қызмет атқарды. 1998 жылы Павлодар қаласына көшіп Абай атындағы лицей мектебіне тарих мұғалімі ретінде қабылданды. 2000-2009  жыл аралығында Павлодар қаласының №22 мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын аяқтады.

Жүргізуші:

Есімің әлі талай аталар

Ұмытпайтын бала-шаға ,досың бар,

Артыңда ізіңді басқан бауырларын

Ұмытпай мәңгі сені есіңе алар.

Жүргізуші:     1 минуттық  үнсіздік  жариялансын. Рахмет!

(фанфар)

Аманкел ағамыздың өмір жолы, рухани жан дүниесінің байлығы, адамға деген мейірімі ерекше болатын. Ағамыз өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған адам.40 жылдан астам мұғалімдік қызметте табысты еңбек етті. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тәлімгер ұстаз атанды. Тайгулиндер отбасының ақылшысы, тірегі, ұрпақтарының мақтанышы болған Аманкел ағамызды біз мәңгілік есте сақтаймыз

Жүргізуші:Келесі сөз кезегі мектеп директоры Майра Кабиденқызына беріледі .

(Әріптесі Н.Мұқатайұлының еске алу сөзі, 11 сынып оқушыларының еске алу сөзі )

(кішкене фанфар)

Жүргізуші:

Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сен бергенсің алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын.

(Сөз кезегі Аманкел ағамыздың туыстары Алматы қаласынан келген құдасы (Исабаев) Тұрсынбай аға мен балдызы Базарбек Жомарт Бекділдаұлына беріледі.)

Ән: Ұстазым менің ұстазым

Жүргізуші: Баршаның мәңгі жадында,

Атыңыз сіздің – нұрлы аңыз.

Жаралған асыл задында,

Асқардай биік тұлғаңыз,

Жүргізуші: Сөз кезегі  жарыстың бас төрешісі­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Исабаева Асем Малгождаровнаға   беріледі.             (фанфар)                                                                      

Жүргізуші: Осымен кешіміздің  1- ші бөлімі аяқталды. Екінші бөлім мектеп спорт залында жалғасын табады. Сәттілік тілейміз!

 Аманкелді еске алуға байланысты ұйымдастырылған  кештің әзірлемесі.

Жүргізуші:     Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар,  ұстаздар!

Өкінбе, аға, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
дей отыра бүгін мектебімізде үлкен шара , ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған Тайгуллин Аманкел ағамызды еске алуда өткізіліп отырған, волейбол турнирлік  кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Турнир ашық деп жариялансын! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін!

(Әнұран ойналады.)

Жүргізуші: Кім ойлаған лаулаған от өшет деп,

Кім ойлаған ерте өмірден көшет деп.

Арамызда жұлдызды адам  жоқ бүгін ,

Еске алу тірілерден ізет тек.

(слайд жүріп отырады)

Жүргізуші:     Аманкел аға, 1943 жылдың 4- желтоқсанында Семей облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келді,  1963-1970 жылдары Семей қаласының Крупский атындағы педогогикалық институтын тарих мамандығы бойынша  тамамдады.

Аманкел ағамыздың өмір жолы, рухани жан дүниесінің байлығы, адамға деген мейірімі ерекше болатын. Ағамыз өзінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған адам.40 жылдан астам мұғалімдік қызметте табысты еңбек етті. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тәлімгер ұстаз атанды. Ұрпақтары,туыстары үшін сол өнеге қастерлі болып қала берді. Өмірінің соңғы жылдары №22 орта мектебінде өтті.

Қандай қызмет атқарса да, кез келген адаммен ортақ тіл таба білетін. «Әке білек, саусағы балалары.Қан тамырмен жалғасқан аралары» — демекші, Аманкел ағамыздың балалары да әке жолында. Тайгулиндер отбасының ақылшысы, тірегі, ұрпақтарының мақтанышы болған Аманкел ағамызды мәңгілік есте сақтаймыз.

Жүргізуші:     Есімің әлі талай аталар

Ұмытпайтын бала-шаға ,досың бар,

Артыңда ізіңді басқан бауырларын

Ұмытпай мәңгі сені есіңе алар.

Жүргізуші:     Келесі сөз кезегі мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденқызына беріледі .

Жүргізуші:     Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым?
Әке, сенің өмірінді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным! деп ортаға Аманкел ағаның ұлы Дәулет Аманкелұлын шақырамыз.

Жүргізуші:    Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасың.

Сен бергенсің алғашқыда айырып,

Жақсылық пен жамандықтың арасын.

Сөз кезегі Аманкел ағамыздың туыстарына береміз.

Алдарыңызда  әнімен, қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:       Аралатқан ғалымдардың мол бағын,

Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.

Көрген сайын жанарыңнан оқимын,

Ізгілік пен парасаттың жолдарын.

Жүргізуші: Ал енді турнирға қатысатын командалармен таныстырып өтейік.

Осымен кешіміздің  1- ші бөлімі аяқталды.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  2. «Денсаулық басты байлық»
  3. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  4. «Дарабоз» (Сыныптан тыс спорттық шара)
  5. Спорт бойынша біліміңді тексер (Тест)
  6. «Спорт-өмір серігі» спорттық сайыс

Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасындағы қазақ күресінен Республиалық турнирінің өтілу сценарийі

16.05.2018 жыл, сағ: 9:00. ЖГТУ спорт кешені

Барлық жарысқа келген қонақтар мен спорт жанкүйрлері жиналған соң

«АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН!» әніне қойылған ФЛЭШ-МОБ биін билейді

ФЛЭШ-МОБ аяқталысымен ФАН-ФАР

Ортаға жүргізуші шығады

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті спортты жандарына серік еткен бүгінгі Республикалық турнирге қатысушы спортшылар мен жарыс қонақтары! Бүгін спорт сүйер қауымы үшін ерекше күн, өйткені бүгін қазақ күресінің болашағы мен ел мақтаныштарының сынға түсіп, ең мықтыларын анықтайтын күні. Ендеше бүгінгі турнирге қатысатын мықтыларымызды қол соғып қошеметпен ортаға шақырайық!

Музыка ырғағымен барлық Республикалық турнирге қатысатын спортшыларымыз шығып ортаға келіп жайғасады

Жүргізуші:

Тараз «Парасат» колледжінің ұйымдастыруымен, Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай өткелі тұрған кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасындағы қазақ күресінен Республиалық турниріне ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

ФОН

Жүргізуші:

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикамның Әнұраны. Қазақстан Республикасыны мемлекеттік Гимні шырқалсын.

ҚР мемлекеттік Гимні

Жүргізуші:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында — спортпен тұрақты түрде айналысу – ұлт денсаулығының ажырамас бөлігі екенін нық атап көрсетті. Бүгінгі өткелі тұрған қазақ күресінен Республикалық турнирінің мақсатыда осында.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасындағы қазақ күресінен Республиалық турнирін салтанатты ашу үшін сөз кезегі Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы «Ғылыми тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» директоры Қайыпчаев Бекбол Сураншыұлына берілді.

ФОН

Құттықтау сөз

Жүргізуші:

Келесі құттықтау сөз кезегі Тараз «Парасат» колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кузембаева Дина Молдаканқызына берілді.

ФОН

Құттықтау сөз

Жүргізуші:

Спорт – көркі өмірдің,

Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың.

Жарысқа қатысушылар мен арнайы келген қонақтарымыз, спорт жанкүйерлері құрметіне «Қазағымсың» әнің қабыл алыңыздар.

ӘН: «ҚАЗАҒЫМСЫҢ» орындайтын: «ҰЛАР» тобы

Жүргізуші:

Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасындағы қазақ күресінен Республиалық турнирінің ашылу рәсімі өз мәресіне келіп жетті, балуандарымызға сәттілік серік етсін деп, жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

МАРШ ОЙНАЛАДЫ

«Облыстық қазақша күрес турнирі»
1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар, көрермендер Ш. Айманов атындағы қазақ гимназия мектебіне хош келдіңіздер!
Талайлардың шырқалып тұңғыш әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн Шәкен аға мектебінде,
Спортшылар күш сынасып бірге ұшады. / Қол соғып қошеметпен спортшыларымызды қарсы алайық!/
1 — 2ж Алаңда, Павлодар қаласы
2 — 1ж Алаңда, Қарағанды қаласы

1 — жүргізуші: Алаңда, Ш. Айманов мектебі

2 — жүргізуші:
Бір тумасы киелі жер Баянның
Өнерге де құлаш ұрған дананың
99 жасқа келді міне, халайық!
Шәкен — дархан дарыны бір даланың
1 — жүргізуші:

Керілгенде кинода бір кереге
Сусындатқан қазағымды өнерге
Шәкен — мәңгі сөнбейтұғын бір жұлдыз
Өнердегі өмірі бір өнеге.
2 — жүргізуші:

Ш. Аймановтың 99 жылдығына арналған «Облыстық қазақша күрес турниріне» хош келдіңіздер! Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15-ші ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы. С.Торайғыров атындағы Айманбұлақ деген жерде туған. Шәкен Кенжетайұлы Айманов Семей қаласындағы Каз Коммунада одан кейін педагогикалық техникумда оқыған жылдары көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. Театр сахнасында қайталанбас образдарда қатысқан.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1947 жылдан 1951 жылға дейін театрдың көркемдік жағын басқарумен қатар бас режиссер болып та істеді.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1953 жылдан 1970 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің қанат жайып өркендеуіне де ерекше мол үлес қосты.
1 — жүргізуші:
Шәкен аға – шын өнердің дүлділі
Шәкен аға – кинолардың жұлдызы.
Шәкен аға – сахнаның сардары,
Шәкен аға – театрдың бұлбұлы — деп облыстық турнирді ашық деп жариялаймын! / Гимн ойнайды/
2 — жүргізуші:
Кино өнері әлі талай өрбиді,
Өнер – жалын еш уақыт сөнбейді.
Шәкен түсірген кинолардың барлығы,
Көрерменнің көңілінде өлмейді — дей келе Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Мұсабаев Жабай Жәнәбілұлына құттықтай сөз беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Еске алу

Автор: Айгуль Нургалиева

Өмірдің жиылғандай бар керегі.
Силастың елдің жақсы ардағымен,
Араласып бетке ұстар саңлағымен.
Жеті бала өсіріп, қырық бес жыл,
Қол ұстасып келіпсіз жан-жарыңмен.
Барында, жоғында да дәулетіңнің,
Көңілін қалдырмадың әлдекімнің.
Тізгінін кісілікпен ұстап жүрсіз,
Әулие Ешенғазы әулетінің.
Айналған қосағыңнан туысыңа
Апайым аман болсын-тыныш ұя.
Өмірдің бар қызығы алдан шығып,
Шайқалмас ырыс қонсын уысыңа!!!


Тағы еске алу сөздері


Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдызым ең,
Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от-ғұмырың.
Қыраным ең шырқар биік аспанға,
Айналардай ұлым едің мақтанға.
Пенделіктің ашпай жатып пердесін.

Періште боп ұшып кеттің аспанға.
Шаңырақтың еркесі едің, серкесі едің,
Өнердің еншілеп ең ерте шебін.
«Апайлап» өткен асыл құлыным-ай,
Жамбасыңа батпасын жер төсегің!

Анама

Анажан шаңыраққа болдың пана.
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда.
Сағындық,ана, сізді баршамыз да.
Жан-ана, ұл-қызыңның тірегі едің.
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда.
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы.
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткен күндер.
Жадымызда мәңгіге сақталады.

Сезім шіркін көңілдерді кернеген,
Қимастықтың күйін шертіп тербеген.
Күтпеп едік, көріп жүрміз бүгінде
Қиындықты біздер бұрын көрмеген.

Сағыныштан жүрек тулап алқынды,
Жылағаннан көз жасымыз сарқылды.
Жол апаты болған сүрең қаңтарда
Мәңгілікке жоғалттық үш алтынды.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда
Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.
Өзімізді санаушы едік бақытты,
Үшеуі де ортамызда болғанда.
Алла алды, өзі берген жандарын
Тілейміз біз жұмақтан орын болғанын
Туыс, бауыр, достарынан сұраймыз
Дұға оқып, естеріне алғанын!
Асқаровтар отбасы бір жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған әкесі Сапарбек Байтайұлын, анасы Сәуле Құрмашқызын және Әсем Сапарбекқызын сағынышпен еске алады.

Өмірдің жолы күрделі, әрі бұралаң,
Жаратушымыз оны ақ-қарадан құраған.
Қарасына пенде қамығып, кейде қан жылап,
Тағдыр талқысына еріксіз көніп шыдаған.
Сондаймыз біз де, ерте кеттің, құлыным,
Ішімізге толды запыран, зарлы қайғы-мұң.
Азамат болар зерделі, таралар аты көпке деп,
Үміт күтіп, армандағанның бірімін.
Кенеттен кеттің, сартап болып санамыз,
Ойласақ іштей қайғыдан күйіп-жанамыз.
Өткенді ойлап, келешектен үміт қып,
Аңсауменен өзіңді ағартты шашын анаңыз.
20 жыл өтті, бейнеңді қарғам, сағындық,
Алладан сұрап қайырын, жақсылығына жалындық.
Алдың бейіш, артың нұр, шапағатың тисін деп,
Дұға қылып өзіңе, тағдырға біз де бағындық.
Сағынышпен еске алушы жеңгең.
Жаманбаев Дәуір Еркінтайұлын сағынышпен еске алу
Автор: Айгуль Нургалиева

Раушан апайымды сағынып еске аламыз

Еске аламыз ардақты да апамызды
үлкеніміз ақыл айтар панамызды,
егілеміз жылаймыз еске алып
кең пейілді ақ көңіл Раушанымды.

Жылаймыз да көнеміз ғой тағдырға

бала шағаң туыстарың бар мұнда,
ешқашанда ұмытпаймыз біз сені
дұға жасап барып тұрамыз басыңа.

Арай менен Айгерімдей қыздарың
Айдос Жандос алтын сенің ұлдарың,
Жандосыңның қызығында көрмедің
көп болды ғой армандаған арманың.

Немерең бар Апа деген өзіңді
сағынады айтқан сенің сөзіңді,
апаларын іздейді олар сағынып
мейірімді жарқын сенің жүзінді.

Жездем жүрғой сені ойлап жылайды
Раушаным деп сағынады ойлайды,
орта жаста опырылдау омыртқаң
жыласаң да орны енді толмайды.

Аға бауыр сіңілдерің өзіңнің
қарашығы біздер сенің көзіңнің,
апатайым ақыл айттың сен бізге
астары бар сенің айтқан сөзіңнің.

Тірі болса туған күні болушеді
елу алты жасқа бүгін толушеді,
сұм ажал кеп акетпесе апайымды
ортамызда күліп ойнап жүрушеді.

Тура деген сөздерің бар ұмытылмас
сол сөздерің мына біздің естен шықпас,
сол сөзіңді бір естуге зар болдық қой
апатайым туысың бар сені қимас.

Жақсы адам ол жаққа да керек екен
жұмақ төрін апатайым мекендеген,
Раушантайым кетеді деп кім ойлады
Алла берген ғұмыр жасы өлшеулі екен.

Топырағың торқа болсын жан апам
орын берсін Аллам саған жұмақтан,
қорғап қолдап аруағыңмен ұрпағыңды
сақтай көрші Аллам өзің жаратқан!!!

Бауырың Ерік Еренғазыұлы.

Отбасың туыстарың
Сағынып еске аламыз.

Досымды еске алу

Әне-міне дегенде,
1жыл өтті қас қағым.
Пай-пай шіркін өмір ай,
Қара-ақтан ау тұрасын.

Бүгін бармыз,ертен жоқпыз-деген сөз
Ойға салар,күрсіндіріп,мұңайтып.
Күліп-ойнап,ұмыттығой бұл кісі,
Сағынбайды-дейтін шығар әр кісі.

Сағынамын, сағынамын әрине,
Сағынамын,сағынбайды’ деседе,
Кім сағынбас?!адал досты,сендей ау
Кім сағынбас?!сендей досты,жаным ау.

Әр кез сені еске алып ойланам,
Орынынды баспайды екен әр адам.
Өкініштен тұратын бұл өмірге,
Өкпелімін,ех шіркін алып кетер біздіде.

1жыл өтті көрмегелі өзіңді,
Еске аламын жарқылдаған жүзіңді,
Еске аламын көнілді бір кезіңді.
Еске түсер қызық күндер бұрынғы,
Қайтпайтының кім біліпті ол күнді.

Қас-қағымда кеттінғой сен бұл күні,
Жүзімізді бір мұңайтып,жылатып.
Ажал айтып келмейдіғой-деп бірақ,
Бірімізді біріміз жүрік жұбатып.

Пай-пай шіркін өмір ай,
Қара-ақтан тұрасын..
Күліп жүрсен бүгін сен,
Бәлкім ертен жыларсын.
Кеткендерді еске ап,
Бір сәтте мұңға батасын.
Бақыттысын сен бірақ,
Қара жерді басасын.
Есте сақтап,ұмытпассын бәлкім сен,
Қара жерде бір күні сенде жатарсын.
Қатап А.

Еске алу

Ана… Жүрекке тым жақын, нəзік үн. Менің жүрегімде ойып, орын алып кеткен жан жүрегім Анашым… Сіздің əрбір даусыңыз, айтқан ақылыңыз бен көз алдымнан кетпейтін жарқын бейнеңіз жаңғырып санама нұр себуде.. Іздеймін… Сағынамын… Құшақтап құшағыма қысқым келеді… Сырымды ашқым келеді… Бақытыммен бөліскім келеді… Өмір қысқа болсада жеткен жетістіктерімді көрсеткім келеді… Əттең… Амал не?… Жанымда жоқсын Жан Ана… Тағдыр бізді осылай сынған болар… Бірақ бір өкінетінім… Анасы жанында жүрген жандарға қарап… Өмір неге сонша қатал деп налимын… Мама сізді жиі сағынамын… шерімді тарқатқым келеді… жан сырыммен бөліскім келеді… Сіз кеткелі жаныма жұбаныш жан таппадым… Жалғыз тірегім өзің екенсің Мама… Міне бүгінде сіздің бұл өмірден өткеніңізге 3жыл болыпты… Сізсіз көктемнің 3 жылын, жаздың 3жылын , күздің 3жылын, қаһарлы қыстың 2 жылын қарсы алыппын… Осы тұста көп өзгеріс орын алды өмірімде… Бірақ барбір сіздің орныңыз ерекше… Дал қазір жанымда болсаң ғой… Мама… Сағынамын сізді…

Nazira Baratova

Еске аламыз

Жыл толды алып жүрек тоқтағалы
Жыл толды ұлымызды жоқтағалы
Алайда ұлымыздың нұр бейнесі
Көңілдерде мәңгілік сақталады

Еске аламыз сағынамыз өзіңді
Бір жыл болды көздің жасы төгілгелі
Ақ көңілді жан едің ғой өмірде
Неге өмір қысқа болып берілді

Еске алады сағынады ата анаң
Сұм ажалға кімдер қарсы баралған
Жердің бетін жетірет айналсамда
Өзіңдей ұлды қайдан таба алам

Өмір неге қатал едің аяусыз
Қара жердің тоймағаны мазасыз
Өткен жылы он жетіге келгенде
Жастың жанын алып кеттің шыдамсыз

Сағынамыз сарғайамыз жабыға
Қайғы мұңды көтерерміз жабыла
Қара жерді сен жатырсың жамыла
Көзімізден ыстық жастар ағыла

Достарыңда көбеді ғой жаныңда
Өзің едің тұңғышымда барымда
Қуанушедің қос қарындас барына
Қуанушедің аға болған бауырға

Міне бүгін жиналдық сенің жылыңа
Тума туыс жиналған жұрт қайғыра
Бізді ойлап Қуандығым қайғырма
Қош бол енді əрең жүреміз жарыла

Қос жанарым жылағаннан оралмас
Сыр шертемін жүрегімде ауыр тас
Еш қашанда айлар өтсін жыл өтсін
Есімізден еш қашанда жойылмас

Қуандық Ниязымбетовтың рухна арнау

Жазған : Калиев Мейрамбек

Аяулы жар, ардақты әкеміз. Орта жүз, Руы – Көшкін-Шақабай, Қасымбекұлы Жолдыбай көзі тірі болса, 8 маусымда 80 жасқа толар еді… Сұм ажал ортамыздан алып кеткеніне 27 жыл толып отыр. Әкемізді сағына еске ала отырып, топырағың торқа, жанның жәннатта нұрлансын деп Алладан тілейміз.

Әкеден асқар жок екен!
Әкенің сөзі оқ екен.
Қарайып жүрсе қасыңда,
Уайым-қайғы жоқ екен.

Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,
Ел айтады, жұрт айтады жарысып.
Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,
Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.

Әке, көзден кеттіңіз мәңгі жырақтап,
Сенбей сізді көп іздедік біз жылап.
Кетіпсіз ғой бұл өмірден мәңгіге,
О дүниені мекен қылып тұрақтап.

Әке деген асқар тауың,орманың,
Әке деген жұбанышың,қорғаның!
О,адамдар бар кезінде Әкені,
Қадірлейік,өкініште болмағын!

Адам мәңгі жүрмейді бұл жалғанда,
Көнеміз ғой тағдырдың салғанына.
Көзімізге ып-ыстық жас келеді,
Әке, өзіңді сағынып, еске алғанда!

Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрінен де мейірімін аямаған.
Жәннатта жаның болсын, рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге аяулы адам.

Жалғап өскен ағайынның арасын,
Қайран Әке, бір төбе дарасың.
Тірі болса артыңдағы ұрпағың,
Әкешім, мәңгі есте қаласың!

Қол жайып «Әумин» — деп бата оқып,
Жүреміз талай барып қабіріңе!
Мейіріммен жымиған күлкіңізді,
Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.
Жатқан жерің, жан әке, жайлы болып,
Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

Еске алушылар: зайыбы – Орал, балалары, күйеу балалары, немерелері-шөберелері


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Тақырыбы: <<Ұстаз — ұлы есім>>. Марат Нығметжанұлын еске алу кеші.
Мақсаты:
1. Білімділік: Бүгінгі ұрпақ — ертеңгі насихаттаушы — шәкірттерімізді өмірден озған құрметті ұстазымыздың өмір дерегімен таныстыру
2. Дамытушылық: Оқушылардың ұлағатты ұстаз жайлы оқып- үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: : Ұстаздың еңбек жолымен таныстырып, үлгі-өнеге беру. Оқушыларды ұлы ұстаз есімін қастерлеуге, кұрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ауызша журнал

Тәрбие сағатының әдісі: іздену, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: Марат Нығметжанұлы туралы жинақталған слайд

Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда Қарқаралы ауданының тумасы, ауылымызға және біздің мектебімізге көптеген еңбегі сіңген, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері Марат Нығметжанұлы жайлы сөз қозғамақпыз. Олай болса тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

1 — жүргізуші.
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

2-жүргізуші.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай ұстаз деген ол ұлы есім.

1 — жүргізуші.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы — жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
2-жүргізуші.
Осындай ұлы тұлға, есімі ауылымызға, ауданымызға кең танылған мектебіміздің алғашқы директоры, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері Марат Нығметжанұлы туралы қанша сөз қозғасақ та орынды.

1 — жүргізуші.
Біреудің табиғаты — ұстаз, біреудің кәсібі ұстаздық. Алғашқысы туа бітті ұстаз. Соңғысы жүре келе қалыптасатын ұстаз.

2-жүргізуші.
Марат ұстаз туа бітті мейірімнен жаралғандай шынайы ұстаз. Ұстаздықтың бір өлшемі-жүрек гүлі- мейірім болса, екінші өлшемі адалдық. Адалдығы жоқ адам ұстаз емес, ұстаз атын жамылған әлдекім.

1 — жүргізуші.
Ал біздің ұстаз — Марат Нығметжанұлы шәкірт алдында адал, өзіне де, өзгеге де әділ бола білген ұстаз.

2-жүргізуші.
Марат Нығметжанұлы 1937 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Восток совхозының Калинин елді мекенінде қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Нуркин Нығметжан ұстаздық қызмет атқарып жүріп, Ұлы Отан соғысына аттанып, соғыста көз жұмған.

1 — жүргізуші.
Марат ағай 1944 жылы Калинин мектебінің 1-сыныбына қабылданады. 1951 жылы Қарағанды қаласындағы №7 Жамбыл атындағы мектеп-интернатына ауысады. 1956 жылы осы аталған мектепті тәмамдады.

2-жүргізуші.
Мектепті аяқтаған соң осы жылы Қарағанды педигогикалық институтына биология, химия және ауылшаруашылығының негіздері мамандығы бойынша оқуға түседі де, 1959 жылы осы оқу ордасын аяқтап, диплом алған.

1 — жүргізуші.
1959 жылы институтты бітіргеннен кейін Жазира апайымызбен отбасын құрады. Отбасында тоғыз бала тәрбиелеп өсірді. Олардың барлығы білім алып, қазіргі кезде отбасын құрған бір-бір шаңырақ иесі. Әке жолын қуған тұңғышы Гүлназия Маратқызы өзі білім алған Ынталы мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. Қазіргі кезде о дүниелік болған.

2-жүргізуші.
Осы жерде Марат Нығметжанұлының қара шыңырағының отын сөндірмей, сол шаңыраққа ие болып отырған ауылымыздың белді азаматы, учаскелік инспекторы Талғат Маратұлынан әкесі туралы бір-екі ауыз пікір алсақ.

Арай:
-Сіз асқар тау әкеңіздің отбасында қандай әке болғанын бір-екі ауыз сөзбен әңгімелеп берсеңіз.
Ақжан:
-Сіз әкеңіздің қандай жақсы қасиетін өзіңізге үлгі еттіңіз?

Ән: <<Ұстазым>>

1 — жүргізуші.
Марат Нығметжанұлы 1959-1966 жылдар аралығында Жамбыл совхозының сегізжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1966 жылы Ынталы совхозында сегізжылдық мектеп ашылып, сол мектепке директор болып Жамбыл мектебінен ауысып келген. Міне сол жылдан бастап ұлағатты ұстаз өз өміріне ерекше бір күш-жігер жинағанын ешқашан ұмытқан емес.

Қаймхан Арай:
Бағбан күтсе ағашын,
Жапырақ жаяр мәуелі.
Бермесең қалай бағасын,
Қастерле оны әуелі.
Дихан да жерін сүйеді,
Топырағы анасы.
Адамзат басын иеді,
Кімнің бар оған таласы?
Ұстазды бірақ бағбанға,
Диханға да теңеме.
Ұстазға тең жоқ жалғанда,
Тұрағы шың төбеде.
Ұстаздың жасы нақ өмір,
Білімді, білгір кемеңгер.
Жаны жомарт абзалдың,
Адамдық арды сол білер

Жәмилә:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

1 — жүргізуші.
Ұлағатты ұстаз директор болып қызмет атқара жүріп, 1970 жылдан бастап қазақтың табиғат қорғау ұйымының мүшелігіне қабылданды. Осы еңбектерінің нәтижесінде 1970 жылы <<Қажымай еңбек еткені үшін>> медалімен марапатталды.
2-жүргізуші.
Жұмысқа алғырлығының, іскерлігінің арқасында 1974 жылы <<Социалистік сайыстың жеңімпазы>> белгісіне ие болды. Білімді ұстаз, білікті басшы Марат Нығметжанұлы өзі басқарған мектеппен білім алушы шәкірттерінен өз білімін аямағандығының арқасында 1980 жылы <<Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері>> белгісімен марапатталды.

Нұрайым:
Ұстаз деген — жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген — анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген — ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Арман:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1 — жүргізуші.
Өзі дәріс беретін пәнін өте жақсы меңгергендігімен қатар Марат Нығметжанұлы бос уақытында өлең жазумен шұғылданған. 1986 жылы <<Еңбек ардагері>> медалімен марапатталды. 1998 жылы 30 жылға жуық директорлық қызметінен кейін зейнеткерлікке шығады. 1999 жылы құрметті ұстаз, сүйікті жар, мейірімді әке, халық сыйлаған, ел таныған азамат дүниеден озды.

2-жүргізуші.
Алайда ұстазымыздың көзі кетсе де, артынан қалған ұрпақтары әке атын өшірмеді. Мектеп директоры Ж.Рахымбековтің бастамасымен Марат Нығметжановтың жанұясының қолдауымен 2001 жылдың 17 қарашасынан бастап мектебімізде Марат Нығметжанұлының он күндігі ұйымдастырылып, тәрбие сағаттары өткізіліп, волейбодан аудандық турнир өтіп отырады. Сонымен қатар мектептің үздік оқушыларына Марат Нығметжанұлының атындағы стипендия тағайындалған.

1-жүргізуші.
Жазылған деректермен ғана шектелмей, Марат Нығметжанұлымен бірнеше жыл еңбек еткен, осы мектепке еңбек сіңірген, қазіргі кезде зейнеткерлікке шыққан ұлағатты ұстаздарымызға сөз берейік.

Келген қонақтар ұлағатты ұстаз туралы әңгімелеп береді.

Мұғалім: Ашық тәрбие сағатымызды қорытындылай отырып, өз ойымыздан туындаған, ұлағатты ұстазға арналған өлең шумағымен аяқтаймыз.

Ақжан:
Марат ұстазға арналады
Құрайын жібек сөзбен өлең-өрнек,
Шын мықтының еңбегін елеген ек.
Білімді — ұстаз, білікті — маман болып,
Қызмет еткен жансыз сіз шебер өрлеп.
Әрқашанда ісіңе адал болдың,
Жемісін ертеңгі күн көреді ел деп.
Сіз секілді ұстаздан үлгі алып,
Ұлтым дейтін ұландар өне бермек.
Қазекем құр бекерге айтпаған ғой,
Қасқадан қарағайдай төбел өнбек.
Күтімі жақсы болған жас шыбықтың,
Тамыры қара жерге терең енбек.
Себебі жақсылығы жақсы адамның,
Ақ жауындай жабады төбеден кеп.
Үйретуден балаға жалықпаған,
Білім нәрін бәріне бере бермек.
Қайтсе бір күн жемісін береді ғой,
Отыз жылда сіңірген ерен еңбек.

2-жүргізуші.
Назарларыңызға рахмет, сау болыңыздар.

ÓZGE JAŃALYQTAR

«Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі

Ashý

Júkteý

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш сценарий

Ashý

Júkteý

Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауы ашылуының сценарийі, 2017

Ashý

Júkteý

«Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» аймақтық ақындар айтысы

Ashý

Júkteý


MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY

Baılanys aqparattary:

Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń «Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy» KMQK

Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15

Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX

Telefony:
+7 (7142) 562-428

+

Та?ырыбы: «Жыр падишасы»  Фариза О??арсынованы еске алу кеші                                          

    

Ма?саты: К?ні кеше ?ана д?ниеден  оз?ан поэзия падишасы Фариза О??арсынованы? шы?армашылы? ?міріне талдау жасай отырып, балаларды? с?з ?неріне деген с?йіспеншілігін арттырып, а?ынны? шы?армаларын  насихаттау.

    1 ж?ргізуші Жандос: Поэзия – ?асиетті ??ым. Ол — адамны? ішкі сезіміні? тіл жетпес тылсымында жат?ан ?сем ?лемі. Жеке адамны? ешкімге айтпас ??пия ?астерлі ішкі сыры.

2 ж?ргізуші  ?алия : Поэзия тек ?ана ішкі д?ние ?ана емес, адам жаныны? алаула?ан алтын жалыны. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жо?ары екенін ба?зы заманнан — а?  ?лы Аристотель айтып бергені м?лім. Поэзия – ?лемні? жыршысы, а?ылды? айнасы, халы? м??ы, ?нерді? шы?ы.
1- о?ушы Ажар: ?абит М?сірепов айт?андай: «Біреуді? ба?ы – тілінде, Біреуді? ба?ы – уысында»- демекші осы атал?ан ба?тар б?йыр?ан поэзия ауылында?ы ?араг?з н?зік жандылар ?аншама десе?ші! ?аза? ?ыздарыны? поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде ал?аш?ы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз. Фариза туралы пікірлер толассыз. Соны? бірі жазушы Шерхан М?ртаза: ?аза?та а?ын к?п, Фариза жал?ыз. Жа?а ту?ан айды? жанында жал?ыз ж?лдыз ерекше жар?ырап т?рады. Періште ж?лдыз сия?ты. А?ынды?ы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ??самайды. А?ын жал?ыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондарды? ж?регін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен ??діретті.
2 –о?ушы Айжан: Фариза сонау Нарын ??мыны? арасында, асып — тас?ан байлы?ы болмаса да ?зіндік д?улеті бар отбасында д?ниеге келген. ?кесі еліне сыйлы, ашы? — жар?ын адам бол?ан. Ол ?кесіне арнап к?птеген ?ле?дер шы?ар?ан. Фариза ?кесінен жастай ?алып, анасы Халиманы? т?рбиесінде болады. Анасы к?п с?йлемейтін, с?йлесе ма?алдап с?йлейтін, аса а?ылды, рухани ?уатты, с?лу адам бол?ан.
3 –о?ушы ?лжан     Фариза марпаттары: «??рмет белгісі» (1976)«Парасат ордені» (1996)?азКСР Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты (1979).Халы??а білім беру ісіні? ?здігі (1985).?аза?станны? халы? жазушысы (1991).?аза?станны? халы? а?ыны.?аза?стан Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты.

  4 –о?ушы Жанат: 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалы? институтыны? тіл-?дебиет факультетін бітіріп, Балы?шы ауданыны? Еркін?ала, «Октябрьді? 40 жылды?ы» ?аза? орта мектептерінде м??алім болып ж?мыс істеген.

1966–1968 жж. Гурьев облысты? «Коммунистік е?бек» газетіні? партия т?рмысы б?лімінде ?деби ?ызметкер міндетін ат?ар?ан.

1968–1970 жж. республикалы? «Лениншіл жас» (?азіргі «Жас алаш») газетіні? А?т?бе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып е?бек еткен.

1970–1978 жж. республикалы? «?аза?стан пионері» (?азіргі «?лан») журналыны? бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (?азіргі «А? желкен») журналыны? бас редакторы болып істеді.

2000–2004 жж. ?Р м?жілісіні? депутаты болды.

1 – ж?ргізуші  Жандос: Фариза апамыз жырлап ?ткендей

 — Ту?ан жер, ту?ан ауыл ?ымбат ма?ан,

Ешкімге б?л сезімді был?атпа?ам.

Мен оны? ?зім ?ана сезінетін

?acmepлi ?асиетін жырлап ба?ам.

Ол жерге деген менде сезім б?лек,

(жатпасын келгенімде ?зімді елеп!)

Ал оны? ?асиетін сезу ?шін

Тек мені? журегім мен т?зім керек!

2 ж?ргізуші  ?алия: Келесі кезекте  Ниетбаева Жайна  орындауында «Фариза ?ыз» ?ле?ін ?абыл алы?ыздар.( С?зін жаз?ан: М. Ма?атаев)

2 ж?ргізуші  ?алия:   ?ле? — ?мір, ?ле? — сезім десек, сырлы лирика?а т?н ерекшелік ?мір ??былысын ж?рек тол?ынысы мен шынайы тербеліс ар?ылы жеткізу болып табылады. Ендігі кезекті Фариза а?ынны? о?ырман ж?регінен орын ал?ан жырларына кезек береміз

5- о?ушы ?лия:: Мен ?оры?паймын
с?сты т?л?алары?нан, ас?арларым,
Жанартаулардан лапылдап шаш?ан жалын.
К??іл — с???ар емес пе – келеді ыл?и
ас?арлардан да ?рі асып аспанда?ым.
?ршіп ?айта жаныма от алмасам,
Мен ?йтеуір ??здардан жас?анбадым.

6 –о?ушы Нур?иса: Сезем – талай жанардан жас парларын.
Тарлау жолда тай?ана? тастар барын.
Шыр?ау деген шы?дардан ??лау емес,
Жасыма тек,
жас ??сым – жа?сы арманым!

7- о?ушы Элеонора: Жастар –
жара т?спеген жанына ?лі
т?сінгендей жанымды табынады;
мені? ас?а? ?м м??ды жырларымды
іздеуі ха? соларды?, са?ынары…
Мен кешпеген д?ние жо? екенін
сезеді олар. Сезеді б?рі — б?рі,

8- о?ушы  Н?рай:

 Ж?рек сенсі?, Отаным, ?о?амым да

Мейлі к?лдір, к?рсі?дер, ора м???а, —

Мен б?рібір ?зі?нен б?лінбеймін,

Сенсіз мені? ?нім жо?, жо? арым да.

9- о?ушы Жайна:

Достарым, ортам, ?о?амым,

Оларсыз семем, соламын.

Сал?ынды? сеуіп, сырт берсе,

К??ілім де – кірбі?, жо? ?нім,

Соларды? ?аба?тарымен

Налимын, тасып – толамын

10- о?ушы Ринат:

М?з айдынында?ы ой

«?мірді? ?зі. — м?з айдын,

Тай?анап кетпе! — деген е?,

Сыр?анап ж?ріп  м??айдым,

Еске алдым сені неге мен ?

?ай?ы азап шексе? жебер ем,

Тайганап кетсе?, демер ем…

Дейт??ын ?зі? емеспе е??

11- о?ушы Падиша:

Аса алмай асу белестен.

?а? ма?дайымнан жел ескен

Тайгана?  ??зда турамын кеп,

Енді ??лардай дірілдеп,

Бар eдi с?йер кімім деп,

?арадым  ?міт ж?збенен,

сонда мен сені  іздегем.

12 о?ушы ?айрат:Ту?ан ел

Аймалайды ?пкен желі

Н?р?а оранып к?к пен жері.

Бала са?ым б?лдырайды,

Гулмен ойнап б?ктердегі.

?аз-?йректі? тансе ?ні

Ерке ?зенмен табысады.

Бip-6ipineн к?ле ?ашып     

А?  тол?ындар алысады.

13 о?ушы Арманай:  ?анат туралы хикая

14 о?ушы  С?нім:

Мезгіл б?рша? жаны?а салып та?ба,

?айраты?нан ?айысып, налып ?алма,

Сені іздейтін а?а бар тары??анда,

Інілер бар дем берер жабы??ан?а.

Бір а?и?ат – б?рібір жо?алмайсы?,     

Жо?алмайтын жо?таушы халы? барда,

15 о?ушы  Санду?аш:

— Акын ?ле?деріндегі лирикалык ?йел кейіпкер ?леуметтік іске к??ілі толады, ша?ыра?ынан опа табады, с?йтіп бакыт, рахат барлы?ына иланады.

Туса да ?илы-?илы басыма к?н,

Осында сан ?уанып тасы?аным.

?йтеуір 6ip рахат к?тетіндей

Мен ыл?и оша?ыма асы?амын.

1 –ж?ргізуші  Жандос: Кемел ша?та адамны?, бас?ан ізге ?айта 6ip к?з тастауы, ту?ан оша??а оралуы за?дылык сия?ты. Сондай т?ста а?ын ?аламынан «Киіз ?й», «Оюлар», «Жаулы?тар», «Жер ошак» секілді ж?рек тебірентерлік ?ле?дер ту?ан.

Далам –мені?  ?азынам, жыр санды?ым,

Жыр н?рімен жер бал?ып, бусанды ??м.

Сорта? жерді? т?зы бар тамыры?да,

Аш?ылтымдау сонды?тан жусан жырым.

1 –  ж?ргізуші Жандос: Келесі кезекте Ниетбаева Жайна мен Базарбаева Арманайды? орындауында «?ыздар?а ?семдік жарасады»  ?нін ?абыл алы?ыздар.

2-ж?ргізуші: ?алия: ?ымбатты ?ауым,  сыныбымыз?а «?аза?стан » телеарнасы келіп ?алыпты. Тікелей эфирде «Поэзия падишасы» атты телеба?дарлама. С?з кезегі  телеба?дарлама ж?ргізушісі Назымда!

Назым: — Рахмет, ?алия!
Шат?алдарында жар ??зды?,
А?пан жалында ?ар — м?зды?,
К?лдене? к?зден ?ор?арсын,
Жанымда ж?рші, жал?ызбын, осылай о?ырманына ?ле? арна?ан парасатты поэзияны? падишасы Фариза а?ын ф?ниден ?тті. ?аза? Еліні? ма?дайына біткен ж?лдыз с?нді…
М??а?али м??ын ша??ан ?лы т?л?аны? ?азасы ?р ?аза?ты? жанына батары с?зсіз. ?алай ма?таса? та, ?алай жо?таса? та лайы?ты т?л?а.

Назым:  Эфирде «Поэзия падишасы». Ба?дарламаны? ?она?тарымен таныстырып ?тейін. ?аза? поэзиясын зерттеуші жас ?алым Жолдасова Айгерим, жас тарихшы Раметтуллаев Нурсултан. К?рермендер ба?дарлама ?она?тарына ?з с?ра?тарымызды ?оя отырайы?.

Бір с?ра?ты ?зім бастап ?ояйын. Айгерим ханым, Фаризаны? мы?тылы?ы не деп ойлайсыз?

Айгерим: Б?л сауал?а жауапты? е? д?рысы — оны? ?ле?дерін о?у да, былай?ы ?леммен салыстыру. Сонда оны? ?аза? поэзиясында ?ана емес, ?лем поэзиясында т?л?алы? д?режеге к?терілгенін, оны? творчествосыны? ?лтты? м?ра?а — ?лт, мемлекет ма?тан ететін м?ра?а айнал?анын сезінуге болады. Фариза ?ле?ге о бастан ешкімге ??самайтын к?рделі де ??діретті болмыспен, т?л?а?а т?н т?тасты?пен келді. ?мірге тек ?зіне ?ана т?н к?збен — сезім, ж?рек к?зімен ?арау, биіктікті ?зіне т?н, ерекше болмыспен сезінуден туындайтын поэзияны? осындай бірегей ??былысы оны? творчествосына ??іле білген кісіге ?ана сезілмек. Фариза ?лемі — ?лі ?зіміз сырына тере?дей ?ойма?ан, біра? айтулыларды? бірі болып ?аза?пен бірге м??гі жасайтын ?лем.

Назым:- ?ымбатты к?рермендер, с?ра?тары?ызды ?оя бері?іздер. ?зі?ізді таныстырып ?тсе?із!

Нур?иса: Мені? атым – Нур?иса. Мен с?ра?ымды  жас тарихшы Нурсултан?а  ?ой?ым келіп т?р. Фариза а?ынны?  ?ле?дері т?нып т?р?ан лирика. Оны? ?ле?деріні? та?ырыбы ?андай?

 Нурсултан: А?ын ?йелдер жаныны? к?пиясын, арманын, махаббатын к?п жазады. Ол сезім к?йлерін шертуге, ?лия мен М?нш?кті? та?дыры мен трагедиясына дастандар арнады.  А?ын – ?з заманыны? ар-?жданы. Ол болаша? ?шін ?мір с?реді. ?лденеден м??ай?ан кезінде, біреуді? пасы?ты?ынан ж?регі м?зда?ан кезінде, кешегі досыны? б?гін теріс айнал?анын к?ргенде Фаризаны? досы, сенері, м??дасы, берер д?рі-дауасы – поэзия. 
 

Назым: Фариза апамызды? досты? та?ырыбынан сыр шертсе?із?

Досты? оны? ішіндегі халы?тар досты?ы та?ырыбы – а?ын шы?армаларында?ы ?зекті та?ырыпты? бірі еді. «Дауа» жина?ында?ы «?ыр?ыз ?аза? – ?зімні? ?ос жанарым» атты ?ле?інде де а?ын іргелес екі елді? орта? та?дырын, орта? тыныс-тіршілігін ы?ыласпен жырлайды.

Сен ?уанса?, шуа?ты менде де к?н,

Сен самса?ан, мені? де ?рлегенім!

Сізді? ?йде ?она?сып  ?рлемедім

?ыр?ыз, ?аза? – ?зімні? ?ос ?рлемедім

?ыр?ыз, ?аза? – ?зімні? ?ос жанарым,

?ос жанарым, ?ашан да с?нбе мені?!- деп жырла?ан еді.

Назым:Рахмет сіздерге ??рметті ?она?тар. «Поэзия падишасы» ба?дарламаны? ?она?тарымен Фариза апамызды? шы?армашылы?ынан сыр шерттік.

Назым :. ?аза? поэзиясы биік шы?дар?а жал?асып келеді. М??а?алиды?, Ж?мекенні?, Т?легенні?, Фаризаны?, т.б. ж?рек сазымен жазыл?ан ?аза?ты? жиырмасыншы ?асырда?ы поэзиясы — ?лмейтін поэзия деп ба?дарламамды ая?та?ым келіп отыр.

2-ж?ргізуші ?алия: Рахмет Назым. Келесі кезекте хормен «?аза? ?ызы» (С?зін жаз?ан: И Сапарбаев, ?нін жаз?ан: Р Тайманов)

2- ж?ргізуші ?алия:А?ын орны ?аламы ?андай биікке к?теріп шы?аpca, сол жерде. Ондай орын ?cipece биікте к?п, — деп ?абит Mycipenoв айт?андай, ?рдайым бізді? а?ын апамыз Фариза ?аламы м??алмай, ?лі де сан-салалы ты? та?ырыпта?ы е?бектерімен о?ырман ж?регіне жол таба берсін дейміз.

1-ж?ргізуші  Жандос: Поэзия падишасы Фариза О??арсынованы еске алу кеші  ?з м?ресіне жетті. К?ріскенше сау болы?ыздар!

Просмотр содержимого документа

«»Жыр падишасы» Фариза О??арсынованы еске алу кеші »

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Есептік концерт сценарий
  • Есенинский праздник поэзии когда
  • Есенинский бал сценарий
  • Есенинские чтения сценарий
  • Есенинская осень сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии