Сабақтың тақырыбы:
Адалдық-адамдықтың белгісі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
§
Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;
§
Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;
§
Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.
Мақсаты: Адалдық пен шындықтың адами
қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру.
Шаттық
шеңбері Оқушылардың
сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың
мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін
бірге оқып түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс Сабақты
З.Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесімен жалғастыру.
Әңгімелесу
§
Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?
§
«Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?
§
Неліктен адалдық
«кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық»ұғымдарымен қатар жүреді?
§
Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?
Тапсырма
Оқулықта берілген
мәтінді оқу және жүйелеп айтып беру.
Тыныштық сәті Баланың
жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті»
әдіс-тәсілін қолдану.
Дәйексөз «Адалдық-ардың
ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған
ой пікірлерін жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру
мақсатын жүзеге асырады.
Жаңа ақпарат Ары
таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық
адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.
Адалдық әр адамның өзін де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.
Адалдық бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты
айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік
айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.
Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами
қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға
болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның
рақымы мол болады.
Жағдаятты талдау Берілген жағдаят
бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде,олардың
пікірлерін дәйектеуде,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына
көмектеседі.Оқушы ойын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят
бойынша адал болу,өтірік айтпау,алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын ашу.
Дәйексөз. «Адалдық деген ашық ,
шыншыл қарым-қатынас» деген А.Макаренконың
сөзін түсіндіру арқылы оқушылар жағдаяттан
пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу.
Жағдаяттарды талдау. Бұл тапсырма жоғарыда
айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін
ақтау,адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған
байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал
етеді. Төмендегі
жағдаяттарды шешіп,әдептілік тұрғысынан баға беру.
Тапсырма берілген ой тұжырымдамамен
танысу. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып, түйгендерін ортаға салу.
Адалдық:
§
Қоғам әділеттілігінің негізі болады;
§
Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етеді;
§
Жеке тұлға мінез –құлқының жағымды қалыптасуына әсер етеді.
Жаңа ақпарат
Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы,
ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен
қарым-қатынаста, іс-әрекетте адалдық танытуына байланысты оның сенімді
достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.
Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар.
Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның
басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.
Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі
де іспетті. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік
сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық —
пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.
Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза,
мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен
күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып
төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.
ü Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті
болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Әл-Фараби Шешен кісі сөз
бастар,
ü
Адал кісі — ел бастар. Жамбыл
Жабаев
ü Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов
ü Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп
өкпелей алмайсың. Ғабит Мүсірепов
ü Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық. Максим
Горький
ü Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. Қаюм Насыри
ü Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. Михаил Пришвин
ü
Адалдық танытатын адамға да
адал бол. Плавт Тит Макций
ü
Адал болғың келсе, жаныңда
адал достар болсын. Менандр
ü
Адалдық ұмытылса, ақыл мен
ерлік – бос дыбыс. Вишакхадатта
ü
Сүйіспеншілік пен құрмет
адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель
ü
Адалдық – өмірден қымбат. Ф.
Шиллер
ü Ғұмыр
бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Т. Фуллер
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта
«Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде
әңгіме жүргізіледі:
§
Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?
§
Өзіңе –өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?
§
Адал болуға ұмтылу неге керек?
Тапсырма Оқушыларға
оқулықтағы мәтін тапсырма ретінде беріледі.
Жүректен жүрекке Оқушылар
бір-бірінің қолынан ұстап,шеңбер құрып, «Аман болсын адамдар» әнімен сабақты
аяқтаймыз.
№271
орта мектебі
ТӘРБИЕ
САҒАТЫ
Тақырыбы:
Сынып:
11 «А»
Сынып
жетекшісі: Омарова Гүлдана
Оқу
жылы: 2019-2020 ж.ж.
№271
орта мектебі
ТӘРБИЕ
САҒАТЫ
Тақырыбы:
«Сыбайлас жемқорлыққа жол
жоқ!»
Сынып:
8 «Б»
Сынып
жетекшісі: Абдуллаева А
Оқу
жылы: 2019-2020 ж.ж.
№271
орта мектебі
ТӘРБИЕ
САҒАТЫ
Тақырыбы: «Дін және біз»
Сынып:
11 «А»
Сынып
жетекшісі: Омарова Гүлдана
Оқу
жылы: 2019-2020 ж.ж.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адал ұл ер боп туса, ел тірегі»
І топ. Ата балаға сыншы
ІІ топ. Әке көрген оқ жанар.
Жүргізуші:
Айтардан туған жампаз бар,
Жүгін нарға салғысыз.
Арғымақтан туған будан бар,
Күніңде көрінім жерде алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар.
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Бір аяқ асқа алғысыз – деп.
Шалкиіз жырау өрелі ой айтса,
Қазыбек би: Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің ең соңы болады деген.
Бала біздің болашағымыз. Ұрпақ — ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді.
Ілияс Жансүгіровтың әкесі есесіне сауаты бар, өзі өнерлі адам болған. Ол баласының тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Өзінің бойындағы тамаша өнерінің бәрін баласына үйретеді. Ілияс әкесінен жаз, оқуды ғана емес етік тігуді, домбыра тартуды, қоңыр дауыспен ән салуды үйретеді.
Зерек, ұғымтал Ілияс халқының ән — жыр, күй өнерін, бай ауыз әдебиет үлгілерін жаттап өсті.
Ал Абай аулында туған Мұхтарды атасы Әуез немересінің зеректігін, алғырлығын байқап Абай өлеңдерін жаттатып, сөз қадірін үйренуге тәрбиелеген.
І топ. Сіздің отбасыңызда бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөледі? Ал сіз кімнің көңіл бөлгені дұрыс деп айтасыз?
ІІ топ. Сіз өзіңіздің бойыңыздағы қандай қасиетті мақтан тұтасыз? Сіз осы мақаламен келісесіз бе?
І топ. Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге деген мақал бар. Сіз осы мақалмен келісесіз бе?
ІІ топ. Жақсы әке — жаман балаға қырық жыл азық деген мақалды қалай түсінесіздер?
І топ. Жалған айтып ата – анаңды алдаған кездерің болды ма? Өтірік айтқан адамнан болашақта адал азамат шыға ма? Елдің тірегі бола ала ма?
Адамды алдау –
Арыңның алдында қылмыс –
Ағаңды алдау –
Анаңның алдында қылмыс –
ІІ топ. Істеген жақсылығыңды сату дұрыс па?
І топ. Өзіңнің бойындағы қандай қасиетті мақтанышпен айта аласың.
1 жағына жазады.
Жүргізуші: Мен үш қасиетімді мақтан тұтамын депті,- Ақан сері. Олар: 1) жалған айтпадым. 2) жақсылықты сатпадым. 3) һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы.
Өз құдайынан айырылған күні адам бос кеуде, өлгенмен тең деген екен.
Жүргізуші:
Нағыз жігіт – қорған болар халқына,
Нағыз жігіт – берік болар антына,
Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді.
Адал болар ата – баба салтына.
І топқа: Нағыз жігіт – берік болар антына дегендегі ант дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІ топқа: Аманат дегенді ше?
Жүргізуші: Иә бүгін мектеп партасында отырған ұл, ертеңгі жігіт, ер азамат, елдің тірегі. Ал азаматтың жүгі ауыр. Мен қазақпын дейтін азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата — жұртын қастерлеп, жадында ұстау керек. Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі деп айтамыз қазақ тегін айтпаған.
Топ: Олай болса жеті атаңызды, руыңызды білесіз бе? Жеті атаны білу үшін не қажет?
Жүргізуші: Атаның ұлы болғанша, халқының құлы бол. Тегіңді біл, терең біл, бірақ руға бөлінбе. Рушылдың міндеті елін сүю, ол саған міндет
1) сіздің бойыңызда қандай қырсыз (жаман) мінез бар? Ол кімнен жұқты деп ойлайсыз?
2) Қырсыз мінез ұлдан шыға ма, әлде қыздан шыға ма?
Жүргізуші: Қазақта баланың жақсы мінезі, қылықтары болса, өзімізге тартқан, жаман қылығы болса нағашы жұртына тартқан деп жатамыз.
Ұл – қыздан да жаман мінез шығады. Қырсыз Ж. Баласағұн айтқан екен.
Оған дәлел ретінде мына кестені қарастырайық.
Қазақ не үшін жеті атасын білмеген жетісіз деген?
Өйткені жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен. Оны ғылым дәлелдеп отыр. Мысалы:
Өзінде — 100% қан болса
балаңда — 50%
немереңде — 25%
шөбереңде — 12, 5%
шөпшекте — 6, 3%
неменеде — 3, 1%
туажатта — 1, 5%
Демек, қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып, ұрпақ азатынын қазақ әу бастан білген.
Жүргізуші: Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б. Момышұлы кезінде былай мұңайған екен.«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ елі еді. Ендігі қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді болса да шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп келе жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан ата — ана жоқ.»
(қонақтардың пікірін тыңдасақ) 3 асыл мінез, 3 қасиет, қонақтарға тарату.
Қорытынды: Ата — бабаларымыз ұрпағынан үш асыл мінез, үш асыл қасиет, табылуын талап еткен.
Кері байланыс парағын беру
Наркескен қайрылмайтын қылыш болса
Мінезі, ақыл, өнер дұрыс болса,
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт
Жорғадай тілі майда жүріс болса.
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,
еткені берекелі жұмыс болса.
Ақиқат адамдықтың белгісі сол,
Су берсең, балдай көріп қанар болса.
Дархан мен Асанәлінің орындауында Сарбаз жыр.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақжар аудан, Бестерек орта мектебінің
физика және информатика пәні мұғалімі
Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы
Тақырыбы: «Адалдық адамдықтың белгісі»
Тәрбие сағатының
мақсаты:
1.
Оқушыларға
адалдық, шындық туралы түсінік
2.
.Оқушылардың
бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,
ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді
игеруге ықпал ету.
3.
Бірін — бірі сыйлап,
мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушыларға дос, достық
туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым —
қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа,
шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен
тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге
үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік
қасиетін, бір — біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Ресурстар: Ұлы адамдардың ойлары,
нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал —
мәтелдер, суреттер
Тәрбие сағатының түрі:
дамытпалы саяхат сабақ.
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе
Мұғалім сөзі: —
Бүгін біз әдептілік, адалдық,
адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз
ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да,
жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты,
адалдықты, қарапайым — кішіпейілділікті, инабаттылықты,
шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол — біздің ата —
анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны
түсініп, ата — баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын
адамгершілігі бар бала — барлық жақсы қасиеттерді
үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз
қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның
адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның
тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан
дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік
қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл
қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен
инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72
тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп
берді.
Шығыстың ұлы ғалымы
әл — Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен
сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты
сендер қалай түсінесіңдер, әдеп — нормаларын
білесіңдерме, озара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Мұғалім сөзі: Балалар, сіздер
дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине,
білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта
дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз 2 —
топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз
күшімізді тексерелік.
1 — Топ.«Татулық»
2 — топ. «Сыйластық»
1 — арал.
Сұрақтар:
Адал достық дегенде нені
түсінесіңдер?
Сендердің де адал достарың бар ма?
Сенің адалдыққа деген сенімін
қандай?
«Адалдық – адамшылық бастауы»
дегенді қалай түсінесіңдер?
«Адалдық, кеңпейілділік,
ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен
қатар жүре ме? Неліктен?
Мұғалім
:
Адалдық – адам бойындағы асыл
қасиеттердің бірі.
«Адалдық” деген сөз
шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі
қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында
адалдық — пәктік, ар — ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз
— өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда
ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай
жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін,
қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз
жолдас.
Мұғалім. 2 — арал. Адамгершілікке
байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа
шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:
Астана, Алматы, Ақтау,
Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, Павлодар,
Атырау, Қызылорда т. б.
Ал, балалар, өздеріңе қай
қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған
қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру
керек.
Сұрақтар:
– 1. Мектептен үйге қарай
жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі
шықты. Сен не істер едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
– 2. Өзіңнен үлкен кісілер
әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін
бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса,
«кешіріңдер» деп айтар едім.
– 3. Көшеде біреу жөн немесе жол
сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
– 4. Автобуста, қоғамдық
орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру
керек.
– 5. Үлкен кісілермен қалай
сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу
керек.
– 6. Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс — тұрысы
мен өзара қарым — қатынасының ережелері.
— 7. Ата — ананның теледидардан
қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын
бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны
үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі
арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?
— 8. Құрметті досым! Партада менімен
бірге бір бала отырады. Ойнап — ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді.
Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты
менің дәптерімнен көшіріп алады.
Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді.
Мен не істеуім керек?
9. «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
— Үлкендердің алдынан…… (кесіп
өтуге болмайды.)
— Кішкене баланы…………….(жылатуға
болмайды.)
—
Құстарды………………………(атуға болмайды.)
— Қыз
баланы……………………(ренжітуге болмайды.)
—
Сабақтан………………………..(кешігуге болмайды.)
—
Сыныпта………………………..(айғайлауға болмайды.)
10. «Не істеу керек?»
— Үлкен
кісіні…………………..(сыйлау керек.)
— Үлкеннің
тілін……………….(алу керек..)
—
Үлкендерге……………………..(сәлем беру керек.)
—
Кішілерді…………………………(қамқорлау керек.)
— Оқу
құралдарын……………… (күтіп ұстау керек.)
3 — арал. Шығармашылық жұмыс,
топтық жұмыс
Берілген суреттерден коллаж жасау. Яғни
суретте не көріп тұрсыздар соған байланысты мақал —
мәтелдер, нақыл сөздер жазу.
Ана айты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарып сап саласына.
Ей, балам шамаң келсе
жақсылық,
Ақпейіл адамзаттың арасына.
Егерде жол үстінде тікен жатса,
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбей — ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмасты
басқа, бекер
Соны көрген соңғы жас солай
етер.
Жақсы үлгіні жалпы жұрт
дәстүр жасап,
Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.
4 — арал. «Досым саған арнаймын»
Достыққа байланысты ақын —
жазушыларымыздың өлеңдерін айту.
М. Мақатаев
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні
бөтен.
Достық деген — адамның көрігі
екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым — ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ
сенің!
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десен,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда
тұрмақпын.
Дос жүрегі шар айна,
Сылтауыңа қарай ма,
Бүлдіріп алма қалайда,
Кір шалдырма жарай ма!
Шимайланса шар айна,
Жанарды тартар жалтырап,
Дос жүрегі – бал бұлақ.
5 — арал. Көрініс. Ертегі —
Өрмекшінің сотталуы
Адалдық өткелі
Сөзі: Ақмарал Леубаева Әні:
Жарылқасын Дәулет
Сүйетініме шүбәм жоқ,
Сүймей ме деген күмән
көп.
Түстім бе деген тура жол,
Көрінбейді тұман боп.
Қайырмасы:
Бақытқа толы мұң —
кесем,
«Жалған» дер дұшпан «шын» десем.
Қай жаққа болсын кетер ем,
Қолымнан ұстап «жүр»
десең.
Көзіңді жұмып
тұнығым,
Соңымнан ерші, құлыным.
Өзгелер қолы жетпеген,
Өзіңмен өтсін
ғұмырым.
Тағдырға сенбей болмайды,
Шын бақыт екі қонбайды.
Адалдық дейтін өткелден,
Көп адам өте алмайды.
Қорытынды
Адамгершілік қасиет — жеке адамның
басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы
байлығы.
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
4.
Сыныптан тыс жұмыс
«Адалдық жүрген жерде — адамдық жүреді» пікірлесу сағаты
Мақсаты: Оқушыларға өмірде ата — анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Адамның ниеті, ойы, іс — әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез — келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан — дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
Адалдық өмірінде керек нәрсе,
Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін — өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен, ата — анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық жүрген жерде — адамдық жүреді» атты пікірталасу сағатына қош келдіңіздер. Келген қонақтар, оқушылар бүгінгі кеште адалдық, адамдық жайында ойымызды ішімізге бүкпей ортаға сала отырайық. Бүгінгі пікірталасу сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І — бөлім — сұрақтарға өз ойын білдіру.
ІІ — бөлім — адалдық, адамдық туралы мақал — мәтелдерге түсінік беру.
ІІІ — бөлім — ситуациялық сұрақтарға өз ойын білдіру.
І бөлім.
Жалпы адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал болу кез — келген адамның қолынан келмейді? Неліктен?
Ата — анаға, бауырға, ортаға жалпы өмірде адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Сен өзіңді адал жанмын деп айта аласың ба?
ІІ бөлім.
Мақал — мәтел — халық даналығының бір түрі. Олардың тақырыптары да әр алуан. Мақал — мәтелдің мағына — мәні де терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізеді. Ендеше бүгінгі адалдық тақырыбындағы мақал — мәтелдерді айта отырып, мағынасын түсіндіріп өз ойымызды білдірсек. Бүгінгі тақырыбымыз «Адалдық жүрген жерде — адамдық жүреді»дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз түсініктерін, өз ойларын айтты. Осы тақырыпта тағы қандай мақал — мәтелдер білесіңдер?
ІІІ бөлім.
Бүгінгі кешімізге келген қонақтарымызға дайындаған ситуациялық сұрақтарымыз бар. Ендеше кезек берейік.
1. Сенің Айнұр шын сырлас, мұңдас досың. Ол сыныбыңдағы Айгүлмен ренжісіп қалады да саған келіп Айнұрдың кемшіліктерін айтып досыңды жамандады. Сенің әрекетің?
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көрді. Менің қалтамда апамның «самса алып жерсің» деп берген ақшасы бар. Кеттік, кино көрейік,- деді. Алмагүл: Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой,- деп іркіліп қалды. Ештеңе етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз. Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнде кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: «менің анам, сенімен бірге жүргенімді білсе, ол қарсы болмайды»,- дейді. Досым үйінде ата — анасы ұрыспауы үшін, мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым.. Басында мен қиналмастан, оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұмытпайтын болдым. Менің досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек?
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Қазақ халқы қандай да бір дау шықса билерге барып істің ақ — қарасын, әділдігін шешеді. Ендеше бүгінгі кешімізге оқушылардың дайындап келген адалдық жайында ертегілері бар екен. Соларға кезек берейік.
Білім мен өнерді сүй, сусында,
Деп айтсын ел «Осындай ер тусын да!»
Арың адал, әділ болсаң әрқашан,
Дүниенің бар бақыты уысында.
Түспегені абзал ғой арға дақтың,
Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың,
Адал адам әрқашан — еңсесі тік,
Әділдікті ту еткін, қолғанатым.
Бүгінгі кеште ойымызды ортаға салып адалдық, адамдық туралы көп нәрселер айтылды. «Адалдық — адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
ГКС — 12 орта мектебі, Мұрағатшысы
Жүзжасарова Лайық Боранғазықызы
Тәрбие сағат: «Адалдық пен адамдық»
Предмет: | Воспитательная работа |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сабақтың тақырыбы: Адалдық пен адамдық.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, адалдық сезімдерін ұғындыру.1. Білімділік: адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;2. Дамытушылық: Сезім шынайылығымен ар — намыс тазалығы туралы мақал — мәтелдер, өзіндік ой — пікірлерімен бөлісу арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Өзара адал қарым — қатынас жасау іскерліктерін дамыту;3. Тәрбиелік: Адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой — пікірлерін кеңейту; көркем шығармадағы және қоршаған ортадағы достық қарым – қатынастың көріністерін бағалау қабілеттерін дамыту.Сабақтың түрі: Жаңа сабақҚолданылатын әдіс — тәсілдер: Түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық.Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, оқулықтар.Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, информатикаСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин)Оқушылардың көңіл — күйлеріне назар аудару.- Сәлеметсіздер ме балалар.Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырады. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлайды1 слайд«Шаттық шеңбері»«Адалдық»Д. ӘлімжановАдалдық өміріңе керек нәрсе,Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.ІІ. Жаңа білім беру кезеңі (10 мин)2 слайд Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз пікірлерін жеткізеді.- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.Әңгімелесу.• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?• Неліктен?3 cлайд (3 мин)Видеоролик көрсетіледіІІІ. Оқулықпен жұмыс (7 мин).4 слайд «Адал бала” корей ертегісіМәтінді талдауОй бөлісейік:• Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?• Оларды бірден алса, не болар еді?• Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?5 слайд (3 мин)Тренинг(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш ретшапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды. )ІV. Дәйексөзбен жұмыс (4 мин 6 слайд)«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»«Алдау – зұлымдық, Алдану — ақымақтық»«Әділ сөйлеп, адал жүр».V. Жағдаяттарды талдау (5 мин 7 слайд)1 – жағдаят Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: — Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, — деді.Алмагүл:- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой — деп, іркіліп қалды.- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.* Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?2 — жағдаятМенің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, — дейді. Досыма үйінде ата — анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.* Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?Рефлексия (2 мин)Сабақтан не түсіндік?Не ұнады?Сабақтан қандай әсер алдыңдар?7 слайдЖүректен жүрекке (2 мин)Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ — адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана — сезімі мен ар — ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық — этикалық жиынтығы.Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым — түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», — дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.Жүректен — жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.94 Kb |
Количество скачиваний: | 296 |
Скачать
Просмотров: 378
Похожие материалы
- Тәрбие сағат: «Наурыз — Ұлыстың ұлы күні»
- Сценарий школьной линейки «ДЕНЬ ПТИЦ»
- БЕСЕДА » ЧТО ТАКОЕ ПАТРИОТИЗМ?»
- Сценарий: Закрытие ученической конференции
- Сценарий внеклассного мероприятия Широка масленица
- Методическая разработка внеклассного мероприятия к Новому году (1-4)
- Классный час «Жизнь без конфликтов»
- Открытое мероприятие «9 мая»
- Внеклассное мероприятие по окружающему миру «Береги природу»
- Разработка классного часа «Шагаалаалы»
Все материалы взяты из открытых источников сети Интернет. Все права принадлежат авторам материалов.
По вопросам работы сайта обращайтесь через форму обратной связи.
Политика Конфиденциальности сайта uroki.me
- Главная
- Разное
- Образование
- Спорт
- Естествознание
- Природоведение
- Религиоведение
- Французский язык
- Черчение
- Английский язык
- Астрономия
- Алгебра
- Биология
- География
- Геометрия
- Детские презентации
- Информатика
- История
- Литература
- Математика
- Музыка
- МХК
- Немецкий язык
- ОБЖ
- Обществознание
- Окружающий мир
- Педагогика
- Русский язык
- Технология
- Физика
- Философия
- Химия
- Шаблоны, фоны, картинки для презентаций
- Экология
- Экономика
Презентация, доклад на тему Асыл қасиет- адалдық, асыл міндет- адамдық ашық тәрбие сағаты
Содержание
-
1.
Асыл қасиет- адалдық, асыл міндет- адамдық ашық тәрбие сағаты -
2.
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік асыл қасиеттерді -
3.
Слайд 3 -
4.
Жоспары1.Кіріспе бөлімАдам бойындағы қасиеттер туралы не білеміз? -
5.
СәлемдесуАдамгершілік- асыл қасиеттерТілін ардақтауДінін құрметтеуКешірімді болуАдалдықЕптілікМәдени киіне білуӘдепті сөйлеуУәдеге беріктікДосқа адал болуІзеттілікКісілікКішіпейілділікЖайсаңдықМейірімділікБілімділікЕлгезектік -
6.
2.“Адамгершілік- адамның рухани арқауы” Пікіралмасу -
7.
ТүйінАдамға қойылатын басты талап- асыл да ізгі -
8.
Құпия хаттар сыры мен жағдаяттар Құрметті балалар!Менің -
9.
Құрметті достар! Менің бойымда еріншектік деген жаман -
10.
Үш-ақ нәрсе- адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай)Түйін -
11.
Сергіту сәтіАбайдың 14 қарасөзін тыңдау -
12.
Ұлылар айтқан – ұлы сөз -
13.
ТүйінДаламдай кең пейілім,Жүрегім толы мейірім.Мен үшін жоқ уайым,Бәріңе ортақ шуағым -
14.
Оқушылар шығармашылығы -
15.
Әдептілік ережелері -
16.
Слайд 16 -
17.
ҚорытындылауАдамгершілік ағашы -
18.
Слайд 18
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік асыл қасиеттерді ұялата отырып, жаман қылықтар мен істерден аулақ болуға тәрбиелеу, тақырып бойынша қосымша мәліметтер жинақтай отырып, өз бетімен ізденуге, өзін-өзі басқаруға бағыт-бағдар беру;
Слайд 1Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Асыл қасиет- адалдық,
Асыл міндет- адамдық
Сыныбы: 7-в сыныбы
Сынып жетекшісі: Мақымғалиева
Р
Слайд 2
Мақсаты:
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік асыл қасиеттерді ұялата отырып, жаман қылықтар
мен істерден аулақ болуға тәрбиелеу, тақырып бойынша қосымша мәліметтер жинақтай отырып, өз бетімен ізденуге, өзін-өзі басқаруға бағыт-бағдар беру;
Слайд 3
Сабақтың эпиграфы:
«Жаста берген тәрбие,
Жас шыбықты игендей.
Білімді болсын ұл мен қыз,
Пайдасы елге тигендей
Слайд 4Жоспары
1.Кіріспе бөлім
Адам бойындағы қасиеттер туралы не білеміз? (тренинг)
2.Пікіралмасу. “Адамгершілік- адамның рухани
арқауы”
3.Адамгершілік академиясы
“Ұлылар айтқан ұлы сөздер”
4.Оқушылар шығармашылығы
5. Есіңде жүрсін “Әдептілік ережелері”
6. Қорытындылау “Адамгершілік ағашы”
Слайд 5Сәлемдесу
Адамгершілік- асыл қасиеттер
Тілін ардақтау
Дінін құрметтеу
Кешірімді болу
Адалдық
Ептілік
Мәдени киіне білу
Әдепті сөйлеу
Уәдеге беріктік
Досқа адал
болу
Ізеттілік
Кісілік
Кішіпейілділік
Жайсаңдық
Мейірімділік
Білімділік
Елгезектік
Слайд 6
2.“Адамгершілік- адамның рухани арқауы” Пікіралмасу
Слайд 7
Түйін
Адамға қойылатын басты талап- асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген,
жан-жағына үлгілі азамат болу. Өйткені адам баласы өзінің адамгершілік қасиеттерімен ардақты.
Слайд 8Құпия хаттар сыры мен жағдаяттар
Құрметті балалар!
Менің сыныбымда бір бала бар.
Оның аты-Сырым.Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды.Өтірік айту оған түк емес. Менімен ойнағысы келеді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
Слайд 9
Құрметті достар!
Менің бойымда еріншектік деген жаман
қасиет бар. Онымен қалай
күресуге болады. Еріншектің ертеңі таусылмас деген мақал тура маған айтылғандай .
Асан.
Слайд 10
Үш-ақ нәрсе- адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
Слайд 11Сергіту сәті
Абайдың 14 қарасөзін тыңдау
Слайд 13
Түйін
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім.
Мен
үшін жоқ уайым,
Бәріңе ортақ шуағым
Сынып сағатының тақырыбы: Адалдық пен әділдік.
Мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру.
Оқушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы адалдық пен әділдік жөнінде ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту.
Түрі: Тренинг
Тренинг ережесі
бір — бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым — қатынас
жағымды эмоция тудыру
өз ойларын ашық жеткізу
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
«Шаттық шеңбері»
«Адалдық»
Д. Әлімжанов
Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.
Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз пікірлерін жеткізеді.
— Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?
І. Ұйымдастыру кезеңі: «Өрмекші торы» жаттығуы (8 мин.)
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады.
Қажетті құрал: түрлі — түсті жіп орамы.
ІІ. Негізгі бөлім: (30 мин)
Білім жетілдіру: Адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты екенін ескерсек, әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін адам алдына мақсат қоя білу керек. Біз бүгін мақсатқа, жетістікке жету жолдарын анықтаймыз. Осы орайда сіздермен келесі сұрақтардың мәнін ашып көрейікші …
II — топқа бөлу. Әр топқа сұрақтар беру талқылау.
1. Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты адалдық не?
2. Мектепке келудегі мақсаттарың қандай? Сіздерді не үшін оқытып жатыр?
3. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?
4. Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздер отырсыз?
Дұрыс айтасыңдар өмірде білімсіз есеюдің, өсудің қажеті жоқ екенін және де қазіргі кезде білімімізді жетілдірудің түрлі жолдары өте көп.
Ол үшін алдымызға мақсат, міндет, оған жету жолдарын қоюымыз керек.
Бүгінгі сабағымызда келесі ұғымдардың мағынасын ашу үшін жұмыс жасаймыз.
1. Мақсат
2. Адалдық (түрткі)
3. Әрекет жетістікке жету жолы.
4. Әділдік жолы
1. «Мақсат»
Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой — санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс — әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат – іс — әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл — ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс — әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Ал енді сіздердің назарларыңа келесі видео роликті қарауды ұсынамын.
III — тапсырма: Видео «Мақсатыңа жет!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Тренинг
(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды. )
Тапсырма № 1: алдағы он жылға мақсат қоя біл. Жоспарың мен мақсатыңды айқындап ал. Он жылдан кейін өзіңді қандай адам ретінде көргің келеді? Және оны мақсаттан тұратын баспалдаққа жазып қой.
2. «Мотивация (іс — әрекетке деген түрткі)».
Мотив дегеніміз бұл – түрткі яғни адамды іс — әрекетке бағыттайтын ішкі күш.
Тапсырма № 2: алдарыңдағы жетістікке жету жолындағы баспалдаққа мақсатқа жету жолындағы матив түрлерін жазыңыз (оқушылар кезегімен матив түрлерін оқып береді). Ал енді сіздердің назарларыңа келесі бейнебаянды қарауды ұсынамын.
IV тапсырма: Видео «Батыл арманда. Арманыңа сен!!!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
3. Әрекет жетістікке жету жолы.
Сіздердің назарларыңызға келесі видео ролик ұсынылады: «Мен адалдыққа жету үшін….»Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп ойлайсыздар?
Психолог: Белгілі педагог Ушинский айтқандай «Өз бетінше жұмыс — жетістікке жеткізудің бірден бір жолы» яғни өз бетімізше ізденіп, арман, мақсаттарыма қол жеткізуіміз керек екен.
Белгілі тұлға Павлов «Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң, екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі қызықты өтеді, және әрқашан мақсатына жету үшін талпынып, өмірлік ізденісте болады» деген.
Абай атамыз айтқандай
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Балалар әрқашан өз еңбектеріңізге сеніңіздер сонда ғана жетістікке жетесіздер!!!
Психолог: Білімге 3 — жол алып барады.
Ойлау, оқу жолы — бұл ең парасатты жол.
Еліктеу, ұқсау жолы — бұл ең оңай жолы.
Басы тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу жолы — бұл ең ащы жол. Оқушылар, Еңбек етіңдер, сонда мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер. Жүректен жүрекке (2 мин)
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ — адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана — сезімі мен ар — ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық — этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым — түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», — дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Жүректен — жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.
Рефлексия: «Сенім ағашы!» (5 мин)
Источник: bilimdiler.kz
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
«Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді» пікірлесу сағаты
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебі
Мұрағатшысы
Жүзжасарова Лайық Боранғазықызы
Мақсаты: Оқушыларға өмірде ата-анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
Адалдық өмірінде керек нәрсе,
Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін-өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен , ата-анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді» атты пікірталасу сағатына қош келдіңіздер. Келген қонақтар, оқушылар бүгінгі кеште адалдық, адамдық жайында ойымызды ішімізге бүкпей ортаға сала отырайық. Бүгінгі пікірталасу сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І-бөлім- сұрақтарға өз ойын білдіру.
ІІ-бөлім- адалдық, адамдық туралы мақал-мәтелдерге түсінік беру.
ІІІ-бөлім- ситуациялық сұрақтарға өз ойын білдіру.
І-бөлім.
- Жалпы адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адал болу кез-келген адамның қолынан келмейді? Неліктен?
- Ата-анаға, бауырға, ортаға жалпы өмірде адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сен өзіңді адал жанмын деп айта аласың ба?
ІІ-бөлім.
Мақал-мәтел- халық даналығының бір түрі.Олардың тақырыптары да әр алуан. Мақал-мәтелдің мағына -мәні де терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізеді. Ендеше бүгінгі адалдық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді айта отырып, мағынасын түсіндіріп өз ойымызды білдірсек.Бүгінгі тақырыбымыз «Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді»дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз түсініктерін,өз ойларын айтты.Осы тақырыпта тағы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
ІІІ-бөлім.
Бүгінгі кешімізге келген қонақтарымызға дайындаған ситуациялық сұрақтарымыз бар. Ендеше кезек берейік.
1.Сенің Айнұр шын сырлас, мұңдас досың. Ол сыныбыңдағы Айгүлмен ренжісіп қалады да саған келіп Айнұрдың кемшіліктерін айтып досыңды жамандады. Сенің әрекетің?
- Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көрді. Менің қалтамда апамның «самса алып жерсің» деп берген ақшасы бар. Кеттік, кино көрейік,- деді. Алмагүл: Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой,- деп іркіліп қалды. Ештеңе етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз. Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
- Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнде кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: «менің анам, сенімен бірге жүргенімді білсе, ол қарсы болмайды»,-дейді. Досым үйінде ата-анасы ұрыспауы үшін, мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым.. Басында мен қиналмастан, оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұмытпайтын болдым. Менің досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек?
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Қазақ халқы қандай да бір дау шықса билерге барып істің ақ-қарасын, әділдігін шешеді. Ендеше бүгінгі кешімізге оқушылардың дайындап келген адалдық жайында ертегілері бар екен. Соларға кезек берейік.
Білім мен өнерді сүй, сусында,
Деп айтсын ел «Осындай ер тусын да!»
Арың адал, әділ болсаң әрқашан,
Дүниенің бар бақыты уысында.
Түспегені абзал ғой арға дақтың,
Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың,
Адал адам әрқашан-еңсесі тік,
Әділдікті ту еткін, қолғанатым.
Бүгінгі кеште ойымызды ортаға салып адалдық, адамдық туралы көп нәрселер айтылды. «Адалдық-адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.
02.09.2019
«Адалдық сағат»
Мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, презентация
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін , жаңа оқу жылының бірінші күнінде, бүкіл республикамыздың оқу орындарында «Адалдық сағат» өтуде. Биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Жастар-елдің ертеңгі тірегі, Жастарға, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі кездесуіміздің мақсаты болады.
2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейтілетінін атап өтті.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.
Бүгінгі біздің кездесуімізге ауыл әкімі Саухимова Сәуле Тулегеновна мен ардагерлер төрайымы Сыздыкова Асылзат Мукановна келіп отыр. Сөз кезегін қонақтарымызға береміз.
(қонақтардың сөзі)
Біз оқу жылының алғашқы күнінде адамның басты құндылықтарын насихаттайтын боламыз. Олар:
- Адалдық
- Парасаттылық
- Әділдік
- Сенім
Жалпы, бұл қасиетті ұғымдар қазақ болмысына жат емес.
Осы құндылықтардың арқасында туыстас тайпалар бірігіп, Қазақ хандығының негізі қаланды. Ұлан-асыр жеріміз, төл мәдениетіміз, тарихымыз сақталып, бізге аманат етіп тапсырылды.Қазақ хандығын басқарған хандар елде тәртіп, әділдік болсын деген мақсатпен заңдар шығарды. Сол заңдарды бірге еске түсірейік.
(оқушылардың жауаптары)
Әрине, ол «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Қазақ қоғамында қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелерінің әділдігі, Отанға және отбасыға деген адалдық, жаратушыға деген сенім халқымыздың осы дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарымен қамтамасыз етілді.
Еліміздің «Қазақстан-2050» Стратегияда сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қауіп-қатер ретінде көрсетілген. 2014 жылы 26 желтоқсанда 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.
Тікелей Президентке бағынатын жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызмет етуде.Атаулары көрсетіп отырғандай, Заңның да, Агенттіктің де басты мақсаты – әлеуметтік дерттің алдын алу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық деген не? (еске түсірейік)
«Коррупция» (сыбайлас жемқорлық)–латын тілінен аударғанда «бұзу» немесе
«сатып алу» деген ұғымды білдіреді.«Сыбайлас жемқорлық- бұл жеке мақсаттарында пайда көру үшін мемлекеттік билікті пайдалану»
Стратегияның мақсаттары ретінде келесілер айқындалған:
— жемқорлық масштабын азайту;
— мемлекеттік органдардың ашықтығы;
— квазимемлекеттік және жеке секторлардың ашықтығы.
Квазимемлекеттік деген не? Ол мемлекеттің жеке секторға қатысты негізгі үлгісі бар кәсіпорындар.
Жалпы статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2016 жылы – 2807, 2017 жылы — 2452, 2018 жылы – 2375, ал 2019 жылдың 7 айында – 1738 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Осы кезеңде біздің облыста 2016 жылы — 209, 2017 жылы — 385, 2018 жылы — 109, 2019 жылдың 7 айында — 56 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Байқағандарыңыздай, жылдан жылға елімізде және өңірімізде қылмыстық фактілер азайып келеді.
Десе де, жемқорлықтың алдын алу жұмыстары белсенді түрде жалғаса береді.
Transparency International ұйымы – жемқорлықпен күресуге және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1993 жылы Берлин қаласында құрылған. Transparency International ұйымы жыл сайын жемқорлық деңгейіне қатысты мемлекеттердің рейтингін жариялап отырады. Бұл тізімде Қазақстан 2014 жылы 126 орында (26 балл), 2017 жылғы 25 қаңтарда жариялаған құжаттарында 131 орын (29 балл).2018 жылы 31 ұпай жинаған. Жемқорлық деңгейінің көрсеткішін 176 мемлекет арасында жүргізген. Біздің ел әлі де болса коррупция жайлаған елдердің қатарында.
Ұйымның пайымынша, әлемде жемқорлықтан құлан таза ел Дания екен. Ол 2014 жылы ең жоғары деген 100 баллдың 92-сіне ие болып, рейтингтің көшін бастады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 21 тамызда өткен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде жоғары оқу орындарында студенттер сессияны жабу, жатақханадан орын алу үшін пара беретіндігін жеткізіп, білімді ақшаға сатып алатын жастардың болашағы толғандыратынын айтып өтті.
Білім саласында орын алған келеңсіздіктерді анықтау мақсатында Елбасы жоғары оқу орындарында тексеріс жүргізіп, нәтижелерін қауіпсіздік кеңесінде қарауды тапсырды.
Еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылған.
Бұл клубтардың негізгі мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.Біздің өңіріміздің өзінде ғана 300 мыңнан аса мүшелерді қамтитын 903 мектеп клубтары бар.
Біздің мектепте «Адал ұрпаққа» байланысты 2 жыл бойы көптеген шаралар өтуде. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы тәрбие сағаттары, сыныптан тыс жұмыстыр, сурет және кітап көрмелері, рөлдік ойындар.( суреттер)
Бұған қоса, барлық жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ашылған.
Осы жобаның негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.
Ал негізгі міндеттер ретінде келесілер айқындалған:
— білім беру ұйымдарының ашықтығы;
— академиялық адалдық;
— студенттер мен ұстаздар арасында жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.
Бүгінгі күні облысымызда 28 білім ошақтарында «Саналы ұрпақ» кеңселері ашылған (Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Сырдария университеті, 26 колледж).
Биыл барша ел болып, халқымыздың ғұлама ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтудеміз.
Ұлы бабамыз өзінің еңбектерінде адал еңбекті, адал ара қатынасты өмірлік ұстаным етуді дәріптеген.
Өзінің отыз үшінші қара сөзінде, ол: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі — сол», — деп ойын тұжырымдаған.
Тағы бір өлеңінде: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, жастарды адал жүріп, адал тұруға және адал еңбек етуге шақырды.
Ал, ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи», — деп бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі.
Адалдық – адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі. Ол жалған сөйлемеу, жалтармау, уәдесінде тұру сияқты қасиетті қамтиды. Баланы адалдыққа тәрбиелеу, адал еңбекке, әдептілікке үйретуден басталады
19 маусымда өткен «Айбын» V Республикалық әскери — патриоттық жастар жиынында Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық» екенін атап өтті.
Жалпы, жастардың жетістікке жету жолындағы өзегі ретінде мына талаптар бойынша ілгері жылжу маңызды:
• «Сапалы білім»
• «Креативті және жасампаз тұлға»
• «Жоғары ақпарат мәдениеті»Бәсекеге қабілеттілік»
• «Біліктілік»
Парасаттылық. 24 маусымда Арыс қаласында төтенше жағдай орын алды. Бүкіл қазақ елі Арыстықтарға қолдарынан келген қайырымдылықтарын аямай, үлкен парасаттылықтарын танытты. Қол ұшын созған азаматтардың қатарында танымал отандық кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев та бар. Ол Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге 100 млн. теңге бөлді. Жүрегі мейірімге толы адам.
(адалдық, парасатылық, әділдік, сенім туралы мысалдар келтіру)
Биылғы жыл — «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы. Рухани азғындалып бара жатыр деп сөгетін ғасырда өзінің ұлттық мүддесі үшін еңбек ететін, тарихын бағалайтын және болашаққа еш кіршіксіз сенетін рухты жастардың бары қуантады.
Біліммен қаруланған, ақыл — парасаты толысқан адал ұрпақ барда Қазақстанның келешегі жарқын болатындығына сеніміміз мол.
Тасөткел негізгі мектебі
«А Д А Л Д Ы Қ С А Ғ А Т»
Өткізгендер: Жолдыбаева Л.Т.
Суйндык М.Е.