3 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Грамматикалық тақырыбы:
Тәуелдік жалғауы
Лексикалық тақырыбы:
Алматы – әсем қала
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға тәуелдік жалғауы жайлы мағлұмат беру, сөздерде тәуелдік жалғауын ажырата білу
ә) Мәтін арқылы оқушылардың ой – өрісін дамыту
б) Оқушыларды Отанын, елін, жерін сүйуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
— Балалар, біз бүгін Алматы қаласымен тәуелдік жалғауы туралы білімдерімізді тереңдету мақсатында сабағымызды бастаймыз.
Сабағымыздың мақсаты мәтіннің мазмұнын игеріп, сұраққа жауап беру арқылы мазмұндау және мәтіндегі сөздерді тәуелдеу.
І. Ой қозғау
Алматы қаласы туралы не білесіңдер?
Алматының символы?
Алматы қаласының табиғаты қандай? Алматы қай таудың баурайында орналасқан?
Алматыда қандай кешендер бар?
ІІ. Мәтінмен жұмыс
Алматы – әсем қала
Алматы – Қазақстанның ең ірі, ең әдемі қаласы. Халқының саны жағынан да ол – Қазақстанның ең ірі шаһары. Алматы – мәдениет пен ғылымның, өнердің орталығы. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқан. Алатаудың аясында, көркем шыршалар көмкерген әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ спорт кешені бар. Алматының символы – әлемде сирек кездесетін атақты апорт алмасы.
Қазақ елінің белгілі музейлері мен театрлары, концерт залдары да осы қалада орналасқан.
Болашақта Алматы ірі қаржы орталығына айналмақ.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
1.Алматы қандай қала?
2.Алматыда ненің орталығы ?
3.Қала қайда орналасқан?
4.Алматыда қандай кешен бар?
5.Алматының символы?
6.Болашақта Алматы ненің орталығына айналмақ?
Сөздік жұмысы
қаржы — финансы
шаһар, қала – город
ІІІ. Грамматикалық тақырып тәуелдік жалғауы туралы қысқаша түсінік беру.
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулар дейміз.
Жекеше түрі |
||||
Соңғы дыбыс (Конечный звук) |
Дауысты (Гласные) |
Дауыссыз (Согласные) |
||
Жақ (лицо) |
||||
1. Менің (Мой) |
-м балам |
-м әкем |
-ым досым |
-ім үйім |
2. Сенің (Твой) |
-ң балаң |
-ң әкең |
-ың досың |
-ің үйің |
Сіздің (Ваш,Ваше,Ваши) |
-ңыз балаңыз |
-ңіз әкеңіз |
-ыңыз досыңыз |
-іңіз үйіңіз |
3. Оның ( его, ее) |
-сы баласы |
-сі әкесі |
-ы досы |
-і үйі |
Буын (Слог) |
Жуан (твердый) |
Жіңішке (мягкий) |
Жуан (твердый) |
Жіңішке (мягкий) |
Көпше түрі |
||||
Соңғы дыбыс |
Дауысты (Гласный) |
Дауыссыз (Согласные) |
||
1.Біз(дер)дің |
бала-лар-ымыз |
әке-лер-іміз |
дос-ымыз |
үй -іміз |
2. Сендердің Сіздердің |
бала-лар-ың бала-лар-ыңыз |
әке-лер-ің әке-лер-іңіз |
жыл-дар-ың жыл-дар-ыңыз |
көз-дер-ің көз-дер-іңіз |
3. Олардың (их) |
бала-лар-ы |
әке-лер-і |
дос-тар-ы |
үй-лер-і |
Буын (Слог) |
Жуан (твердый) |
Жіңішке (мягкий) |
Жуан (твердый) |
Жіңішке (мягкий) |
ІV. Дәптермен жұмыс . Мәтіндегі сөздерді тәуелдеу.
Алматы, қала.
Сергіту сәті: Алақанды ұрайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып.
Біз дем алайық.
Ү. Топтық жұмыс.
Топты төртке бөліп тапсырмаларымен таныстыру.
І топ. Алматы қаласының табиғатын бейнелеу.
ІІ топ. Қазақстан, Алатау, Медеу сөздерін тәуелдеу.
ІІІ топ. Бес жолды өлең жазу.
ІҮ топ. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау.
Әдемі қала, ірі шаһар, өнер орталығы, баурайында орналасқан.
ҮІ. «Кім көп біледі?» ойыны
Тест сұрақтарына жауап алу
Тәуелдік жалғау нені білдіреді?
а) заттың көп екенін
ә) заттың біреуге тән екенін
б) жіктелуін
Мына сөздер (қалам, Алатауым, Медеуім) нешінші жақта тұр?
а) ІІ жақ
ә) І жақ
б) ІІІ жақ
Тәуелдік жалғауларды белгіле:
а) -ның, -нің, -дың, -та, -те, -ба
ә) -м, -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і
б) — лар, -лер, — дар, -дер, -тар, -тер
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау. Мәдениет, шаһар сөздерін тәуелдеу, осы сөздерден сөйлем құрау.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
«Алматы – әсем қала»
1.Жүргізуші: Ар ма, ағайын!!!
Қайырлы күн, қымбатты қауым.
2. Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер,кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар.Сіздерді көктемнің алғашқы мерекемелерімен құттықтай отырып «Алматы –әсем қала» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!!!
1.Жүргізуші: Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңқа бөлеп тұрғандай.
Көңілің алатаудың шуақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай
Қалайша аяулы ана ұмыта алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай
Ән:
2. Жүргізуші:
Адамзатты жарататын
-Әйел. Ұлтын көбейтетін
-Әйел.Ұрпақ ұлыстарын
-Әйел. Еркекті ер ететін
-Әйел.
Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі-әйел. Махабаттың осы нұры-әйел.Өмір деген алтын сарай елігінің күміс кілті-әйел.
Махабаты.
Ананың қадірлі онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі ән жолдарын ұсынайық.
Ән : Оразбек Гүлжан
Жүргізуші:Күн болмаса, кім ерітер мұздарды,
Ағашы жоқ таулар қандай ызғарлы
Жігіттерге жақсы сая болсын деп,
Әуелерден жаратыпты-ау қыздарды
дей отыра «Таңшуақ» би тобының өнерін тамашалаңдар.
Би:
Жүргізуші:Қыздардың арманы
Жігіттердің серісі
Мектепміздің мақтанышы
Жалғас Бектас Ойыннан кейін көрініс
Жүргізуші:Құлайын деп бара жатамқұлдырап
Көңілім жүдеп , көзім алды бұлдырап.
Сол кезде бір ән естимін жақыннан
Аққан бұлақө секілденген сылдырап
Ән:
Жүргізуші:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарылдап
Ана деген бәйтерегі өмірден
Ана деген- алтын қазық алтын бақ.
Жүргізуші:Ару қала Алматыға 1918 ж.2 наурызда Кеңес Үкіметі орнады.1921ж ежелгі Алматы атауын алды.
Жүргізуші:Жақсы екен ғой Алматым
Алтын үйек астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған
Келдім сені сағынып,
Алтын ұям –Алматым
Ән:
Жүргізуші:Әсем үнмен мүсіндеп
Тербемекпін алматым,
Сұлу жырым үшін де
Мен керекпін, Алматым!
Би: «Таңшуақ» би тобы
Жүргізуші:Алматымыз астанасы қазақтың
Тұрамын мен сол қаланың өзінде
Рим де емес ол, Париж де емес мақтаулы,…
Тарихы: Екуза Оразбай
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан. Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі. Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген. Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты. Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
Б.з.д. 10 — 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған. Б.з.д. 7 ғ. — б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды. Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қаламәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған. 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады — Алматы. 15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай. 1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.. 4 ақпан 1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды. 1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды. 1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А. Калпаковский болды. Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары бойынша қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы 2 км.; батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер салынды. Жаңа қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке бөлінді. Бірінші мен екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал соңғылары қала сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды. Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-гвардейшы-панфиловшылар паркі). Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды (1839-1883). 1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен қаланған үйлер қирады. 1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады. Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И.В. Мушкетов басқарған комиссия құрылды. Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-архитектор А. П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы құрылыстың принциптерінің жоспарын жасады. 1910 ж. жер сілкінісі осы жоспардың дұрыстығын нақтылады. Осы кезеңдегі қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар. 1909 ж. «Россия Полное географическое описание нашего Отечества» атты жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт, татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды. Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала елтаңбасының авторы. 1917 жылғы көтеріліс қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа атаулар пайда болды. 1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы, әскери басшы орнынан алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын Шкапский мен Тынышпаевты тағайындады. 1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды. 1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді». 1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады. Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді. 1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады. Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырыда басталды. 1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл екі ірі …
Слайд 2
4-сынып
Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Елеукенова Н.Е
№17 мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Алматы – әсем
қала
Слайд 3Оқу
мақсаты:
.
О1 Ақпаратты түсіну
О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра
білу, әртүрлі тапсырмаларға жауап бере алу, жаңа сөздерді меңгерту
Слайд 4Жетістік критерийлері:
1.Тыңдалған материал бойынша мәселені болжау;
2. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіне алу,
детальды ақпаратты таба алу;
3. Тыңдалған материал бойынша сұрақтарға жауап бере алу;
4. Ойын өмірмен байланыстырып айта алу.
Слайд 5Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды
түгелдеп, зейінін сабаққа аудару. Сыныпты «Молекула»ойыны арқылы үш топқа бөлемін.
І топ . ІІ топ. ІІІ топ .
Ә) Үй тапсырмасы бойынша жылдам ойлау қабілеттерін дамыту үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Әр топқа сұрақтар оқылып, тез жауап қайтаруы тиіс.
Слайд 62. Жаңа сабақ. Миға шабуыл:
1. Оқушылар , Қазақстанның қандай әдемі
қалаларын білесіңдер?
2. Алматы қаласында болып көрдіңдер ме?
3. Берілген суреттерден қай қаланы көріп тұрмыз?
Слайд 8
Сұрақ – жауап:
Алматы қандай қала?
Алматыда қандай ірі мәдени орталықтар бар?
Алматы
қайда орналасқан?
Слайд 9Сөздікпен жұмыс
Сөздерді хормен оқып шығады
Сөйлемдер құрайды.
Слайд 10
1- тапсырма . Мәтінмен
жұмыс.
Берілген мәтінді кезек – кезек оқиды.
Мәтінді аударады.
Слайд 112 тапсырма . Топтық жұмыс
1 топ : Бір – біріңізге жалпы
және нақты бір сұрақ
дайындаңыз.
Алматы қаласының табиғатын бейнелеңіз.
2 топ: Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз.
«Алматыда тұрамын» – сөзін өткен
жақта
жекеше/ көпше жіктеңіздер.
3 топ: Жалпы сұрақ дайындаңыз.
«Алматы» сөзін септеңіздер.
Слайд 12Жетістік критерийлері:
Мәтіннен негізгі, қосымша, детальды ақпаратты таба алады;
2. Мәтін бойынша нақтылау
сұрақтарын құрастыра алады.
Слайд 151 «Ойлан тап»:
3. Медеу, мұзайдыны, бар,Алматыда .
4. Алматыда, бар, цирк.
Слайд 16Лаам
Аалқ
Матыал
2- «ШАТЫСПАҚ» СӨЗДЕРДІҢ ДҰРЫСЫН ТАП!
Слайд 17Асан Медеу мұзайдынына барады.
3- төмендегі сөйлем қай шақта тұр?
Слайд 18Город -………..
Мальчик- …………,
Вода -……….
Флаг — …………
4- «Тапқыр болсаң, тауып көр» сөздердің
ұйқас аудармасын табу.
Слайд 20Рефлексия
«Сәттілік ағашы»
Қызыл алма – бәрі түсінікті;
Сары алма – кейбір деректерді түсінбедім;
Жасыл алма – ештеңе түсінгенім жоқ.
Слайд 216. Бағалау. Оқушылардан бағалау парағын жинап алып бағалаймын.
7. Үйге тапсырма: «Менің
арманымдағы — Алматы» тақырыбына сурет салу, сурет бойынша әңгіме жазу.
Тақырыбы: «Алматы — арман қала».
Көрнекілігі: Карта, видеомагнитофон кассетасымен, нақыл сөздер, интерактивті тақта., т. б материалдар.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі..
2. Негізгі бөлім.
Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтардан өзгеше, бұл сабақта өздеріңнің оқығандарыңды, көргендеріңді, түсінгендеріңді ортаға саласыңдар. Қазір барлықтарыңды 2 топқа бөлемін. Менің берген тапсырмамды топтарыңда талдап, жазып түсінік беретін болыңдар.
Оқушыларды бөліп, жотадағы қойылған сандардың ретімен таныстырамын. 100, 200, 300 әр санның өресіне қарай сыйлықтар дайындалған
Алматының тұрған орнын картадан көрсетіп тұрып әңгімелейміз.
Алматының әсем қала екендігін көрсететін кассетадан арнайы материал көру.
Телевизорға көңіл аударайық.
3. Тақырып бойынша топтардан балл таңдаймыз.
1. Алматының тарихы.
100. Алматының тұрған жерінде ежелден кімдер мекендеген?.
Жауап: Қала тұрған жерді қазақ ұлтын құраған тайпалар мекендеген. Археологтардың зерттеулерінде ертеде сақтар, кейін үйсіндер, орта ғасырларда дулат тайпалары мекендеген деген дәлел айтады.
200. Алматы ежелден қандай атпен аталған?
Жауап: Алмалық пен Алмату. Алмату қазіргі Алматы тұрған жерде орналасқан. Алматудан қалған ескерткіштер 20 ғасырдың 40 — 50 жылдарына дейін сақталған. 1807 жылы Верный бекінісі салынған.
300. Алматы атағын қашан алды?
Жауап: 1918 жылы 2 наурызда Кеңес үкіметі орнады.
1921 жылы ежелгі Алматы атауын қайта алды.
Алматы кеше.
100. «Қазақстан» кітабынан «алтын адам» туралы не білесің?
Жауап: Алматы облысы, «Есік» қаласынан, қаланың сол жақ жағалауынан табылды. 1969 — 1970 жылдары К. Ақышов 17 — 18 жастағы сақ жауынгері бейнесін.
200. Алматыда қандай оқу орындары бар? Жауап: Алматы құрылыс Академиясы, Мед Академия, Жоғарғы әскери Академия, Алматы жоғарғы би мектебі, Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Ал. МУ, т. б.
300. Қалаға көрік беретін қандай ғимараттар бар?
Жауап: Даңқ монументі, М. Әуезов драма театры, Медеу мұз айдыны, Спорт сарайы, «Қазақстан», «Анкара», «Рахат — палас» қонақ үйі, Республика сарайы, Мемлекеттік музей, т. б.
Алматы ертең.
100. Өз ойыңда Алматыға не керек?
Жауап: Метро, Арал — Алматы темір жолы, океанариум, Электричка.
200. Алматының болашағына кедергі келтіретін нелер деп ойлайсың?
Жауап: Көліктердің түтіні, ауаның ластығы, таулы жерде тұратындығы.
300. Алдағы уақытта Алматыда қандай кинолар түсірілсе деп ойлайсың?
Біздің туған жеріміз Аралдың тарихы, жолда көретін қиындықтарымыз, Ортадағы өткелдерді адамдардың көрген қиындығын ағаларымыз көріп, солар жайлы деректі фильмдер, арнайы жобалар жасаса деп ойлаймыз.
Алматы бүгін.
100. Қазір Алматыда қандай өнер адамдары тұрады?
Жауап: Барлығы бақ қуып, Астанаға кетіп қалды ғой деймін.
200. Алматыдан қандай ақпарат құралдары тарайды? Қандай газет — журналдар бар?
Жауап. «Хабар», «Ұлттық арна», «КТК», «Алма тв», «Ақ желкен», «Қазақстан әйелдері», «Балдырған» т. б.
300. «Қазақфильм» киностудиясы шығарған қандай кино тамашаладың?
Жауап: «Қыз Жібек», «Құлагер», «Өтелмеген парыз», «Несібелі», «Шегіртке», Қазір түрлі телесериалдар т. б.
II бөлім. Енді балалар, өз бетерінше жинақтап, қосымша материалдар алып келген екенсіңдер, соны тыңдайық.
Ұлдай Ізмамбетованың орындауында «Сағындым Алматымды», Сансызбаева Айтолқынның орындауында «Алматым», Төлегенова Назеркенің орындауында «Астанам» әндері орындалды.
Қорытынды. Ал, балалар бүгінгі тәрбие сағаты өз мәресіне жетті, түсінбеген сұрақтарың болса сұраңдар, түсінгендеріңді ойларыңа тоқып, алдағы уақытта қолданады деп ойлаймын.
Әлі де білімдеріңді жетілдіріп отырыңдар. Алда Алматы қаласы сіздерді күтіп тұрған шығар.
Біздің тақырыбымызға араласып өздеріңнің білімдеріңді көрсеткендеріңе рахмет, сау болыңыздар!
Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар!
Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бүгін кемеңгердің туылғанына 105 жыл толуына орай «Дәуір данасы» атты ісшарамызды ұйымдастырып отырмыз.
Дана халықтың дара перзенті, иісі Алаштың пір тұтар тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы Балқаш ауданында дүниеге келген.
Көзінің тірісінде-ақ әулие атанған Димаш атамыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алмай тұрған кезінде елімізді басқарған — ел үшін туған ер еді.
Экраннан Д.А.Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған видео көрсетіледі
Жүргізуші: Таудың ұлы өссе егер тауға қарап,
Қазақ жасы Димашқа қарап өскен.
Күллі әлемде елу жыл ел ағасы,
Болған бар ма Димаштай ер данасы.
Кеме ұшырып Ғарышқа жол ашқалы,
Одан, сірә, басшының жоқ асқаны.
Биігінен Димаштың тұғырлы Елім,
Биік болса Алаштың көк аспаны! Қонақтарға сөз беріледі.
Жүргізуші: «Ерім» дейтін ел болмаса,
«Елім» дейтін ер қайдан болсын?! Халықтың қалауына, ығына жығылған басшының басты мақсаты да осы болуы керек. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен перзент.
Оқушылар Д.Қонаевтың игі істері мен жетістіктерін баяндайды
Слайд презентация
«Дін аға» әні, видео көрсетіледі
Жүргізуші: Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Д. А. Қонаевтың атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Д.А.Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам», — деп атап өткеніндей Димаш атамыздың марапаттары мен қызықты ақпараттарға кезек берсек.
Оқушылар қызықты ақпараттар баяндайды
Жүргізуші: Димаш аға! Дидарыңыз жарық күн,
Ұранысыз қазақ деген халықтың.
Саясаттың дауылына сынбаған,
Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың.
Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарық таңды,
Сіңірдің жан аямай көп еңбек.
«Жылдар сөйлейді» Д.Қонаевтың еңбек жолы,
жылдар жазылған қағаздар ұсынылады.
Оқушылар еңбек жолын ретімен баяндайды.
Жүргізуші: Үзілмеген достығы, сәлемдері,
Басшылар бар әр қилы, әр елдегі.
Димашқа арнап жыр жаздым жеті шумақ,
Жеті ұлы атанған әлемдегі,- ақын Өтеш Қырғызбай жырлағандай, дүние жүзі ғалымдары жер шарының халқына адал қызмет еткен бүкіл ел басшыларын таразылағанда Д.А.Қонаевтың әлемдік халқына адал қызмет еткен жеті басшының бірі болуы көпті аңғартады. Кітап көрмесіне шолу
Жүргізуші: «Қонаев — ұлттың Ары мен Намысы! Қонаев — ұлттың рухы мен Иманы! Қонаев — қазақтың Қанағат мектебі, Адалдықтың өлшемі»-деп ақын Темірше Сарыбайұлы биік баға берген екен.
«Димаш салған даңғыл жол». Оқушылар өлең оқиды
Жүргізуші: Жесірге пана болды,
Жетімге жаға болды.
Дінін сүйген дара болды,
Елу жыл елге аға болды.
Осындай құрметке бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының қадірін білген елі мен жерін сүйген, сол үшін ғұмыр сүрген адам халық жадында мәңгі қалады. Халық қадірлеп пір тұтқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі бізбен бірге мәңгі жасай бермек.
Оның асқақ рухына мың тағзым…
Ардақтылар қалар мәңгі Ел есінде,
Ғасырлар мұхитының белесінде.
Мәңгілік Димекең де бізбен бірге,
Мәңгілік «Қазақстан» кемесінде.
Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Басқа материалдар:
- Аңыз адам Дінмұхаммед Қонаев туралы
- Бүгін Дінмұхамед Қонаевтің туған күні. Қонаев жайлы деректер
- Бүгін Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні
Сценарий мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл — әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Сценарий тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сценарий Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Сценарий көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.
Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі — Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2-жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
1-оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.
2-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
2-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші:
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
— Қыздар, мен газет әкелдім.
— Не жаңалық шығыпты?
— КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына
В.Колбинді тағайындапты.
— Колбин деген кім екен?
— Қайдан келіпті?
— Колбин Ульяновтан келіпті.
— Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
— Біз демократияны талап етеміз.
— Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
3-оқушы:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
1-жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».
4-оқушы:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
1-жүргізуші:
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан
үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.
(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)
2-жүргізуші:
1 минут үнсіздік
1-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
5-оқушы:
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
1-жүргізуші:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.
2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.
Көрініс.
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
6-оқушы:
«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Салт – санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазыңтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!
Халқым, саған ризамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,
Бұл жерде — өрімдей… қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған!
1-жүргізуші:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына
дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін
үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт
болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.
Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.
Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат:
Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)
Ойын: «Алма ағашы»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
2-жүргізуші:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.
1-жүргізуші:
Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,
Елеулі іске қосар емірентіп.
Бүгінгі кеш қонағы апайымыз
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,Төрешова
Ақкенже Қонысбекқызына сөз береміз.
Өлең: «Желтоқсан желі»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2-жүргізуші:
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 2_ жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Сценарий Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл — әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Сценарий Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сценарий Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Сценарий Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты
плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға
газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.
Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі — Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2-жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
1-оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.
2-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
2-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші:
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
— Қыздар, мен газет әкелдім.
— Не жаңалық шығыпты?
— КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына
В.Колбинді тағайындапты.
— Колбин деген кім екен?
— Қайдан келіпті?
— Колбин Ульяновтан келіпті.
— Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
— Біз демократияны талап етеміз.
— Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
3-оқушы:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
1-жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».
4-оқушы:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
1-жүргізуші:
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан
үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.
(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)
2-жүргізуші:
1 минут үнсіздік
1-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
5-оқушы:
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
1-жүргізуші:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.
2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.
Көрініс.
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
6-оқушы:
«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Салт – санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазыңтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!
Халқым, саған ризамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,
Бұл жерде — өрімдей… қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған!
1-жүргізуші:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына
дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін
үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт
болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.
Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.
Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат:
Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)
Ойын: «Алма ағашы»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
2-жүргізуші:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші:2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.
1-жүргізуші:
Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,
Елеулі іске қосар емірентіп.
Бүгінгі кеш қонағы апайымыз
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,Төрешова
Ақкенже Қонысбекқызына сөз береміз.
Өлең: «Желтоқсан желі»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2-жүргізуші:
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!