Алтын куз ортангы топ сценарий

Cкачать: Сценарий "Аяулы алтын күз" Ортаңғы топ

«Құлыншақ» бөбекжай балабақшасы

 «Аяулы, алтын
күз»

(мерекелік ертеңгілігі)

Ортаңғы топ «Тамшылар»

Тәрбиешілер: Қаракөз
Қорабайқызы 

Айнұр Нұрмұханова

Саз жетекшісі: Шұға Жантұрғанқызы

Би маманы: Алмара
Жанатоллақызы

«Аяулы , алтын күз»

Мақсаты: 
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.
Мерекелік көңіл- күй орнату. Балаларды ән салуға, би-билеуге, түрлі іс
–әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарының
дамуына ықпал ету. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Салеметсіздер ме, Ата-аналар және балабақша апайлары! Бүгін
ортаңғы «Тамшылар»тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Аяулы , алтын күз»мерекелік
ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Кездескен соң күзбенен,

Бұтағынан үзілген!

Ай жапырақ, сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Қуантып біздерді

Мерекелі күз келді,

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз- деп
ортада

Ралина:

Берекесін
сайлауға

Өлкемізге
күз келді

Жемістерін
жинауға

Шақырады
біздерді                                                              

Шахназ:

Құстар
қайтты ән салып

Бұлт
шарлады аспанды

Қыс
келді жар салып

Күзгі
суық басталды

Ақмоншақ:

Күзім
ау күзім ау

Мінезің
бұзық ау

Жаңбырың
сіркіреп

Келгенің
қызық ау.

Хор:«Күз жомарт» әні

Келесі
кезекті сіздерге
  «Күз оқиғасын»  тамашалауды ұсынамыз.

Бір
үйде Маржан атты қыз анасымен және әкесімен бірге өмір сүріпті.Ол мейірімді,
көңілді және өте тілалғыш еді. Маржан марғауым болса деп армандапты. Және бір
күні оған ата-анасы марғауды сыйға тартыпты. Маржан марғауына Мурзик деп ат
қойды, Мурзик өте әдемі әрі нәзік еді, бірақ өте тентек еді.

Маржан
шығады.

Маржан:
Мурзик, сен тағы бәрін шаштың ба (сөйлеп
жүріп заттарды жинайды). Менің ойыншықтарым,Әжемнің жіптері, кітаптарды
жыртыпты (марғауды шақырады). Мурзик,мурзик қайда жүрсің өзің?

Мурзик
жүгіріп келеді.

Маржан: Өзің қандай тентексің? Келші бері. Менің жаныма отыршы, мен саған
кітап оқып берейін.

Марғау: Маған сенің кітабың керек емес. Мені далаға жиберші, серуендеп
келейін.

Маржан: Жарайды жақсы, барып серуендеп кел. Тек орманға бармаймын деп
уәде  бер, ол жерде адасып кетесің. Кәзір күн суытты себебі күз келді.

Марғау: Күз келді.Ол қайда келді? Ол кім өзі?

Маржан: Жүр далаға, сол жерде күзді де көресің.

Марғау: Жақсы орманға бармаймын деп уәде беремін!

(Жапырақтар
биіне қыздарды дайындау)

Жүргізуші. Марғау есіктің артына шыға сала сілейіп қалады. Дала таңғажайып
күйге еніп тұр. Айналада түрлі- түсті жапырақтар айналып жүр. Қызыл,сары,
қызғылт, самал жел олармен ойнап жүр. « Бұл неткен керемет  деп ойлады марғау.
Түсінікті бұл күз келгендігінің белгісі! Бірақ ол қайда,қашан келеді.  Міндетті
түрде онымен кездесу керек!»

Би: «Жапырақтар»

Жанна,
Жанайым,   Кәусар.М, Аянат , Анель,  Іңкәр

Аянат:

Ой
балалар балалар,

Қоңырқай
күз болыпты.

Қурап жапырақ 
солыпты,

Ел егін
орыпты.

Жанна:

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан
алуан жапырақ.

Күзгі
бақта күлімдеп,

Көз
тартады атырап

Кірпі
шығып мен өзіммен бірге көкөністер мен жемістерді де ала келдім.

Кірпі.

Денің сау мықты болу үшін,

Дәрумендер жинаған жемістерді.

Сүю керек әрдайым,

Дәрумендер тірегің.

Жетіспесе бірі оның,

Ауырып сен қаларсың.

Ерасыл   (Картоп)

Мен ұялшақ картоппын                 

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар

А.Ілияс (Алмұрт)

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Ризабек (Алма)

Нарттай қызыл алмамын,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Арсен (Қызанақ)                

Піскен кезде қызанақ            

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей,

Томат шырын ішпеген?

Мансур (Сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын  

 Жастайынан ішпеген?    

 Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Марғау: Cалем

(Кірпіге
таңданыспен қарап).

Кірпі: Салем

Марғау: Сен кімсің өзің?

Кірпі: Ой менің кім екенімді білмейді. Балалар
айтындаршы оған мен кіммін?

Балалар: Кірпі

Марғау: Кірпі қызық екен. Ал сен неғып жүрсің?

Кірпі: Менің үйде кішкентай балаларым бар, Мен қысқа азық қорын дайындап
жатырмын. Ал сен марғау не істеп жүрсің?

Марғау: Мен күзді іздеп жүрмін .Мен оны ешқашан көрген емеспін.
Жапырақтарды  түрлі-түсті түске бояған дәл соның өзі емес пе. Онымен кездесіп
алғысымды білдіргім келеді.

Кірпі:
Бұл жерден сен күзді таба алмайсын. Кездескің
келсе орманға барғаның дұрыс. Мен орманда ағаштың астында інімде тұрамын.Марғау
мен сені қонаққа шақырамын. Жүр күзді бірге іздейік.

Марғау:
Орманда ол жер қорқынышты ғой және адасып
кетуім мүмкін маған солай деді.

Кірпі: Мүлдем олай емес.Орманда өте әдемі, әрі көңілді. Кеттік менімен
бірге жүр бәрін өзің көресің.

Кірпі:
Міне орман дегеніміз осы. Қарашы айнала неткен керемет. Ал мынау
менің үйім төрлет.

Марғау:
Рахмет басқа жолы кірермін. Менің тезірек күзбен кездескім келеді. Маған оны
көрсетші бірге серуендейікші.

Кірпі:
Бостан босқа жүрмей маған саңырауқұлақ жинауға көмектесші. Қазір тағы
көмекшілерді шақырамын. Балалар кірпілерім сендер қайдасындар?

(Кірпілер
шығады)

Кірпілер:
Біз келдік және саңырауқұлақ теруге дайынбыз.

Марғау:
Кешіріңдер бірақ мен саңырауқұлақтың не екенін білмеймін. Мен оны
ешқашан көрген емеспін.

Кірпі:

1-
ші кірпі       Диана

Мен кірпімін үлкен апасы

Қуаныштымын танысқаныма

Бірде  ертемен

Балалар орманға жиналды

Саңырақұлақ жинау үшін

Танып алу керек оларды.

2-ші
кірпі          Елшат

Алаңқайда қарағайдың жанында,

Қоңырқалпақтар көрінді.

Қарасаң тәбетәң ашылады,

Ол ақ саңырауқұлақ біліңдер.

3
–ші кірпі         Азамат

Ей балалар бері келіңдер,

Мындағы томарқұлақты көріңдер.

4-ші
кірпі        Мұхаммед

Біреу жапыраққа жасырынды,

Екі түлкі жүр қараңдар.

5-ші
кірпі         Елсерік

Шыбынжұтқа еңкейіп,

Жинаудың еш қажеті жоқ.

Халық оны біліп алған,

Оның ешбір пайдасы жоқ.

6-шы
кірпі       Ғ.Ілияс

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмділер

Тәттісі көп не түрлі

Ән:
«Саңырауқұлақ»

Ұшқан
құстардың шуы естіледі.

Жүргізуші:
Мурзик  орман ішін аралап жүріп құстардың дауысын естіді.

«Құстар»
биі

Жаннұр,
Ақмоншақ, Ралина, Кәусар.А,  Шахназ , Зүлфия

Биден
кейін тырна қалады.

Марғау:
 
Бұл не? Біреу жылап тұр ма?

Жүргізуші:Жоқ
жылап тұрған жоқ керсінше келесі көктемге дейін туған өлкесімен қоштасып жатыр.

Марғау:
Салематсыз бе? Сіз кімсіз?

Тырна:
      Жаннұр:

Мен
құспын.

Жылы
жаққа ұшамын

Күн
суытты тоңамын

Алаңдамаңдар
көктемде келемін

Мен суықтан
қорқамын

Марғау:
Қош болыңдар, құстар көктемге дейін. Мен сендерді күтемін. Күн қараңғы
түсе бастаған сияқты. Ой жаңбыр жауа бастады желде соға бастады, ал мен күзді
таба алмадым. Ол қайда жасырынып тұр екен?

Хор: «Күзгі бақ» әні

(Жаңбырмен
жел шығады)

Жаңбыр:
Салем балақай?

Жел:
Сен кеш батқанда орманда не істеп жүрсін?

Марғау:
Сәлеметсіздер ма! Мен серуендеп жүрмін әрі күзді іздеп жүрмін.

Жаңбыр:Күз
саған не үшін керек?

Марғау:
Бәрі күз келді күз келді дейді. Ал маған күздің кім екені қызық. Мен
оны тауып алғыс білдіруім керек.

Жаңбыр:
Көргенімдей сен өте батыл екенсің.Мен жаңбырмын

Жел:
Мен желмін, Сенің жолың болды. Саған күзбен кездесуге мына балалар көмектеседі.

Жүргізуші:
Олай болса балалар бізге Маржан  ән орындап берсін мүмкін күз
келетін шығар.

Ән: 
«Жау-жау- жаңбыр»

Орындайтын:
Қадырхан Маржан

Жаңбыр:
Балаларсендер бізге көмектестіңдер сендерге рахмет .

(Күз
кіреді)

Күз:
Сәлеметсіңдер ме балалар мені таныдыңдар ма? Мен алтын күзбін жылдың ғажап
мезгілі, еш бояусыз және қылқаламсыз келдім және барлық жапырақты боядым.

Жел:
Алтын күзМурзик сені көргісі келді. Бірақ ол күз туралы ештене
білмейді.

Күз.
Ештене білмейді. Олай болуы мүмкін емес. Мені бәрі біледі солай ма балалар?

Балалар.Иә

Жүргізуші:
Марғау да білу үшін орысша тақпағымызды айтып берейік.

Жанайым:

Кричит
ворона в небе: -Кар-р!

В лесу
пожар-р, в лесу пожар-р!

А было
просто очень:

В нем
поселилась осень.

Анель:

Прошла
 лиса под кустом,

И
обожгла листву.

Хвостом,

Огонь
по веточкам полез.

И
запылал,

Осенний
лес.

Алтын
күз:
Балалар мен өзіммен бірге сендерге сыйлығымды ала келдім.

Марғау:Рахмет
саған алтын күз.Сен өте мейірімді,әрі жомартсың. Сен бізге сұлулық сыйлайсың біз,
 саған бас иеміз.

Күз
шығып кетеді.

Марғау:
Меніңде үйге қайтуым керек.Мені қожайыным іздеп жүрген шығар. Сау болындар
достар! Келесі кездескенше!

Жүргізуші:
Осымен
«Аяулы күз, алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ата-аналар
сіздерге көп-көп рахмет!

«Алтын күз» мерекесі. Ортаңғы топтарға арналған ертеңгілік  

Зал іші күз мерекесіне сәйкес безендіріледі.

Жүргізуші:           Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген

Жылауық бұлттары бар қанат керген

Күз келді мезгілінде арқаланып

Күн бар ма байлығын ол тегін берген?!

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ

Кеттік те қызу істі дереу бастап

Астық, жеміс, мақтасын- бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап.

— Армысыңдар, құрметті қауым, бүгінгі біздің балабақшада өткелі отырған «Алтын күз» мейрамына хош келдіңіздер.

Қайың, терек басынан

Сарғыш тартып жапырақ

Жерге түсіп шашылған

Жапырақтар қобырап

Аулаларға тарайды.

Жүргізуші:  — Балалар! Сендерге күз ұнай ма?(Балалар жауап береді.) Бірақ, балалар, күз әртүрлі болады. Бүгінгідей — тыныш, алтын күз болады. Суық, жаңбырлы болады. Мен мұндай күзді  білемін, мұндай күзде жылы үйде паналап отырғың келеді. Сендер мұндай ауа райында не істегілерің келеді?(Балалар жауап береді.)   Ал менің кішкентай кезімде, ертегі тыңдап, көңілді де ашық күнді күз суретін салған ұнайтын. Кішкентай бөбектеріміздің «Күз бояулары» тақырыбын-дағы тақпақтарын тыңдайық.

Балалар тақпақ айтады.

Жүргізуші (Іннің бейнесіне келтірілген ширмаға келіп):

                  — Мына інде кім тұрады екен?      

                  Міне баспалдағы  

                   Баспалдақта мұңлы кірпі

Қолшатыры қолында

Сыбырлады жәй ғана

Кірпі:        — Мен ертегіден кеткенмін

Мен әннен де жоғалғанмын

Мен орманнан қуылғанмын

Мені мүлдем ұмытқан

Үйшігімді таптап кеткен

             Езіп- жаншып, шашып кеткен

Кім мұнда бұзық болған

Ал, үйім менің — осы орман!

Жүргізуші: — Кірпі, сені біреудің ренжіткені, өте өкінішті- ақ. Қаласаң біз сенің көңіліңді     көтерейік?  Біздің балалар саған арнап ән айтып береді.

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал  терек

Жапырағын жұлғызып.

            (Күз тақырыбындағы ән айтылады.)

Жүргізуші: — Қалай көңілің көтеріле бастады ма?

Кірпі:  Рахмет, сендерге, мен жаңадан достар таптым және қазір менің  көңілім көтеріңкі. Барып,  өзіме жаңа үй салайын!(Кірпі жүгіріп кетеді)

Жүргізуші: — Міне, қандай жақсы біреуге жақсы ісіңмен, біреуге жылы сөзіңмен   көмектескен.

— Ой, кірпі қолшатырын тастап кетіпті! Қазір жауын жоқ болса да, күтпеген мезетте жаңбыр жаууы мүмкін. Ал, қолшатырсыз мұздай жаңбыр астында қалу өте жаман!

        (Жаңбыр тақырыбындағы ән айтылады.)

 Жүргізуші:   -Қазір, біз  «Кім жылдам » қызық ойынын  ойнайық. Бұл ойында кімнің  жылдам көкөніс жинайтынын байқаймыз. Ал, жинаған көкөнісімізді қолшатырымызбен бірге кірпіге апарып берейік.

   «Кім жылдам »  ойыны ойналады.

Аю пайда болады.

Жүргізуші: — Ой, аюжан! Неге сен көңілсізсің?

Аю: У-у-у(жылайды)

Жүргізуші: — Тұратұршы жыламай! Мен сені түсінбедім. Мүмкін болса, сен бізге не болғанын түсіндірерсің?

Аю: — Бал жегім келіп еді, жаман аралар мені шағып-шағып тастады. У-у-у!

Жүргізуші: — Міне , енді түсінікті. Аралар кінәлі екен ғой! Аралар шақпасын десең, біреудің омартасына тиіспеуің керек шығар? Аюжан, қалай ойлайсың?(Аю жерге қарап, қызарып кетеді) Болар іс болған екен, сені емдеу керек. Бізбен бірге қалып, «Алтын күз «мерекесін тамашаласаң аралардың шаққанынан ізде қалмай сауығып кетесің. Ал, балабақшамыздағы бал салынған  бөшкені сыйға берер едік.

Аю: — Жақсы болды, маған мұндай ем өте қажет.

Жүргізуші: — Ендеше, аюжан ормандағы достарыңның биін тамашалайық.

Би: «Аю мен екі қоян«

Жүргізуші: -Балалар, аю тағы қандай жидек жегенді ұнатады?

               (Балалар жауабы)

Ән: «По малинам в сад пойдем»

Жүргізуші: — Балалар, бәрің бір минутқа көңіл бөліңіздер.

Алтын тапсаң егерде

Айтар едім ертегі

Құлақ салып тыңдасаң

Шешерсіңдер тезірек

Шал кемпірге айтыпты

Пісірші маған ….

(Балалар жауабы: Бауырсақ)

Кемпір мен шал залға кіреді.

 Шал:           —    Ұн мен майың бар екен

Илесеңші қамыр сен

Бауырсақты пісіріп

Тойдырсаңшы бәрін тез.

Кемпір:     — Ұн мен майың аз болар

Оған тұз бен қант керек

Бар ынтам мен көңілді

Салайын мен барынша

Үлпілдеген ақ нанды

Пісіремін бәріңе.

(Ыдысын әкеліп қамыр  илеп, бетін сүлгімен жауып қояды.)

Кемпір:     — Май салынған қамырды

Илеймін деп шаршадым!

(Орындыққа отырып ұйықтайды. Шал да ұйықтайды.)

Ыдыс ішінен қатты дауыс шығады:  — Ой, ой!

(Шал шошимын деп орындықтан құлайды да, орындықтың артына  қорқып тығылады.)

 Шал:  -Бұл қайсың, менімен ойнап тұрған?

Қамыр:(ыдыс ішінен) — Ой! Мен қысылып барам! Маған ыстық!

(Тұрады, сүлгіні ысырып жібереді)

Қашып кетем ыдыстан

Жиегімен жүгіріп,

Болғым келмейді бауырсақ

Бұл жер жаман қапырық

Көтерілген қамырмын

Отырмаймын орнымда

Ыдысың да тар екен

Тар! Тар! Қашамын! ашып кетеді)

Шал(кемпірді оятып): — Кемпір! Қамыр қашты!

Кемпір:- Ой, қалай ұйықтап қалғанмын!

(Есіктен жүгіріп шығып кетеді. Артынша кемпір мен шал бауырсақпен бірге кіреді.)

Екеуі бірге:

                        Ұсталдың ба, қап бәлем

Отырасың пеште сен

Піспейінше  шықпайсың

Қызарған соң алармын.

Кемпір:  — Бауырсақ піскенше біраз уақыт бар.

Жүргізуші: — Ата, әже, сіздер ұйықтап қалмас үшін билеп, сергіп алыңыздар.

(Шал мен кемпір билейді)

Жүргізуші: — «Үйшік» ертегісін ағылшын тілінде тамашалайық.

   «Үйшік» ертегісі

Кемпір: — Балаларды бауырсақтан ауыз тигізер уақыт келді. (Папье- машеден жасалған бауырсақ алмамен толтырылған)

Шал:-  Бауырсағымыз жәй бауырсақ емес, алмасы бар бауырсақ екен. Жей қойыңдар, балалар! (Барлық балаға алма таратылады)

Жүргізуші: — Ата, әже, сіздерге балалардың атынан көп-көп рахмет! Бауырсақ тентек болғанымен, өзі тәтті екен. Балалар, бауырсақтың піскен кездегі түсі қандай? (Балалар жауабы). Дұрыс айтасыңдар. «Алтын күздей» сары болады екен. Балалар, күзді неге «Алтын күз» деп атайтынын білесіңдер ме? Себебі, мына бауырсағымыз ұннан пісіріледі. Ал, ұнымыз күзде алтындай сап-сары болып піскен бидайдан алынады екен. Бидайдан басқа жеміс-жидектер, көкөністер де күзде пісіп, еліміз астық-дақылдарға байитын болғандықтан «Алтын күз» деп аталады екен.

«Алтын күз» ертеңгілігін тамашалап келіп отырған ата-аналарымызға, балабақша басшыларына сөз беру.

«Алтын күз»

 Жүргізуші:   Алма, өрікті қамбаларға

Толтырыпты алтын күз

Шәкірт болып парталарға

Отырды кеп — алтын күз.

Бұлт болып та Алатауға

Байланыпты алтын күз

Дастарханда таба нанға

Айналыпты алтын күз.

— Армысыңдар,  құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің балабақшамызда өткелі отырған «Алтын күз» мейрамына қош келдіңіздер.

 Жүргізуші:   Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз

Дүкендерге  түседі:

Астық пісіп,

Ортақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы!

Бұл қай кезде болады? (Балалардың жауабы)

Жүргізуші:— Балалар, сендерге күз ұнай ма?(Балалардың жауабы)

 Жүргізуші:— Күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?(Балалардың жауабы.Осы сәтте жүргізушінің ұялы телефоны шырылдайды)

Жүргізуші:—  Алло, иә. Саламатсыз ба, Алтын күз! Бізге қонаққа келемін дейсіз бе? Келіңіз, келіңіз. Біздің балалар қонақ күткенді ұнатады. Ендеше көріскенше, сау болыңыз! (Телефонмен сөйлесіп болған соң)

Жүргізуші:—  Балалар, маған жаңа ғана Алтын күз телефон шалды. Бізге қонаққа келеді екен. Сондықтан, балалар, алтын күзді қуанышты көңіл-күймен қарсы алайық.

Тақпақ

Жүргізуші:—  Біздің балалар күз ерекшеліктері туралы «Листочки» әнін біледі. Осы әнмен күзді қарсы алайықшы.

    Ән «Листочки»(Әннің соңында күз бұлтпен келеді)

Күз: — Саламатсыздар ма, менің кішкентай ғана бүлдіршіндерім, мені аялаған достарым. (Балалар амандасады)

Күз:- Балалар,мен сендерге Қыс деген ағайымнан, көктем, жаз деген апайларымнан үлкен сәлемдемелер әкелдім. Олар мына ашық аспанымыз, жарқыраған күніміз, піскен егін мен жеміс -жидектеріміз.   Балалар, кәне кім айтады екен. Мені не себептен Алтын күз деп атайды? (Балалар тақпақпен жауап береді)

1-бала

Талымды келісті,

Тойлады жемісті!

Береке салты күз,

Мереке- алтын күз!

2-бала

Қауын-қарбыз жемістермен

Толтырамыз қол себетті

Алтын күз деп аталады

Күз айы да сол себепті.

Күз: — Жарайсыңдар, балалар. Мен туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (Балалар жауабы)

Жүргізуші: — Балалар, біз алтын күзге арнаған өнерімізді көрсетейік.

Тақпақтар

Жүргізуші: — Енді, Алтын күз, балаларымыздың биін тамашалаңыз.

Би «Антошка»

 Тақпақ:  Алақай-ау. алақай

Шаттанды балақай.

Жез түсті, күз түсті.

Жөн үсті, дән пісті,

Жер берді жемісті,

Игерді ел егісті.

          Ойын: «Не қайда өседі?»

Жүргізуші: — Балалардың Алтын күзге арнаған өнерлерін әрі қарай тамашалайық.

Ән: «Күз келгенде»

Жүргізуші:

   Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шарықтап,

Тамшы жерге секірді.

Би: «Көңілді жаңбыр»

Ел егінін орады,

Қырманға дән толады.

Біздің дала — бай дала

Алтын астық айнала   (Желдің дыбысы естіледі)

Күз: — Балалар, желдің гуілін естимісіңдер? Мені бауырларым шақырып жатыр. Басқа сендер сияқты бүлдіршіндерге баруым керек. Балалар, бәрің өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріңді тамашалап, тәнті болдым. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болыңдар. Мына күзгі жемістерден ауыз тиіңдер. Сендерге көп-көп рахмет! Қош сау болыңдар!  (Осылайша бұлтқа қайта мініп жел дыбысымен шығып кетеді.)

Жүргізуші: — Балалар, сендерге Алтын күз мерекесі ұнады ма? (Балалардың жауабы) Күздің берген сыйлығы ұнады ма?(Балалардың жауабы)  Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» — Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

1.Азамат: Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.

Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

2. Арай: Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз,

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.

3. С. Мансур:Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,

Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,

Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

4. Ясмин: Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,

Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

5. Айдос Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көпегін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!

(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)

Ән: «Алтын күз»

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным,

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.

1.Екпей егін шықпас, 2. Жердің сәні егін

Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім

3. Егіндікті күз суар. 4. Арпа, бидай ас екен

Күз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен

5. Не ексен соны орасың 6. Жері байдың – елі бай.

Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Шағала»

Мадина: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!

Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап

Басым айналып барады!

2 — бала: Енді, енді не етеміз?!

Мадинаға қалай көмектесеміз?

Қабдолла Әдия: Сабыр сақта, саспайық

Дәрігер шақырайық!

Мадина: Жо — жоқ! Дәрігер керек емес!

Қазір өзім тұрамын тез!

Азамат: Онда дәрі ішіп ал,

Менде міне, көп дәрі бар!

Абылайхан: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек

Бұл — дәлелденген рецепт!

Мадина: Ах!

Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! («Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)

Жанель: Мені неге шақырдыңдар,

Қандай шағым, арыздар бар?

Бәрі бірге: Мадинаға дәрігерлік көмек керек!

Жанель: Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғанын ұғайын… (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)

Жанель: — А — а — а — деп қане, аузыңды ашшы…… (Тексереді)

Тістерің орнында, тамағың іспеген

Қол — аяғың әлсізденген

Қызуың ыстық екен

Білдім, неден ауырғаныңды…!

Жеткілікті мөлшерде ағзаңа

Дәрумендер жетіспеген!

Мадина: Енді не істеймін?

Жанель: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,

Көп — көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде – «Күзгі бақша» телеарнасының , Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар бар екенің, хабарласып көрейік!

— Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!

Қызанақ — кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

1 –Өрік

2 – Қызанақ

3 – Орамжапырақ

4 – Жүзім

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: — Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.

Ән: «Бізде де бар, бау бақша»

Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.

Қ.Әдия: Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,

Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.

Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз

Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.

Әділ: Autumn leaves are falling down,

Falling down, falling down,

Autumn leaves are falling down,

Yellow, red, orange and brown

Әскербек Мансұр: Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,

Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,

Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.

К.Адия: The leaves are falling

One by one

Summer`s over

School`s begun

Інжу: Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жабады.

Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Дильназ: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ-сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының кориспонденті –Қоянға сөз берейік!

— Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?

Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине,

өзін қорғай алады,

домаланып қалады. Қандай аң?

Балалар: Кірпі!

Қоян–кориспондент: Дұрыс балалар!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

Балалар: Тиін!

Қоян–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Күзгі жол»

Кезегімізді өлең шумақтарына берейік.

1.Жиһангер: Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді

Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді

Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,

Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

2.Алина: Ой, балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Құлап жапырақтар солыпты.

Ел егінін орыпты,

Ой,балалар,балалар.

Ойнайық та күлейік,

Мәз боп бірге жүрейік

3.Нұрсұлтан: Сарғайды тоғай, сап-сары манай

Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып

Жапырақ ұшты, суық та түсті

Сонда да бізге,қызық көп күзде.

4.Аймерей: Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.

Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.

Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.

5.Елжас: Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтын,сары күз,

Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күнім елжіреп.

6. Қарақат: Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жабады.

Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Ән: «Күзгі жаңбыр»

Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» — атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

Алтын күз  (Ортаңғы топ үшін)

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген. Ортаға 3 бала шығады:
1 — бала: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
2 — бала: Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
3 — бала: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
 Би «…………………»
(Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)
1 — бала: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
2 — бала: Енді, енді не етеміз?!
(Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?
3 — бала: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
1 — бала: Жо — жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
4 — бала: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
5 — бала: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл — дәлелденген рецепт!
1 — бала: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! («Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын… (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер: — А — а — а — деп қане, аузыңды ашшы…… (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол — аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды…!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
1 — бала: Енді не істеймін?
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп — көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
6 — бала: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
7 — бала: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
— Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Алма: Мен — алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Өрік: Мен — өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Жүзім: Мені бәрі жүзім дер
Бір — бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар — қатар тізілген
Шие: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Қияр: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Асқабақ: Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Картоп: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң — доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Қызанақ: Менің атым — қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!
Ән «Алтын күз»
Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында
— шаршауды білмеуге!…….. (Балалар қайталайды)
— көңілді би билеуге!……. (Балалар қайталайды)
— әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды)
— бір — бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!
Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!
Тәрбиеші: Қане онда…..
Қызықтайық бірге, сүйінелік,
Қолшатырлы қыздар биіне еріп!
Би «Қолшатырлы қыздар биі»
(Би аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)
Тәрбиеші: Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Ойын «Кім жылдам?»
Тәрбиеші: Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы әнге елтіп!
Ән «Күз»
Тәрбиеші: Жарнамаға құлақ түріңіздер
Жаңалықтарды біле жүріңіздер…
— Әп — сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты, күз кереметтерін бейнелеген ата — анаға үлкен сыйлығымыз бар. Асығыңыздар, асығыңыздар, асығыңыздар! (Бірнеше ата — аналар мальбертте сурет сала береді)
Тәрбиеші: Әсем әнсіз той бола ма?
Ән арнайық күзге жаңа!
Жеке ән «Сәлем, сәлем Алтын күз!» муз: А. Еспенбетова
Тәрбиеші: Сән әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар,
«Күз — 2013» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!
Сәнді киімдер шеруі
Тәрбиеші: Вокалды топ бүгін бізде қонақта
Келіпті күзге ән арнамаққа!
Жеке ән « Егін жинау» Муз: А. Филиппенко
Тәрбиеші: Енді бір сәт назар сап
Мақтау менен сыйға лайық
Сурет өнерін тамашалайық!
(Күз тақырыбына сурет салған ата — аналар ортаға шығып өз туындыларын қорғайды)
Тәрбиеші: Өнерлеріңізге ризамыз
Суретші екенсіздер нағыз
Сыйлығымыз сіздер үшін!
(Күз тақырыбына дайындалған жапсыру, картина, жұмсақ ойыншық түрінде жасалған жеміс немесе көкөніс т. б. сыйға тартылады)
Тәрбиеші: Жарнама, тағы жарнама!
Жаңалықтан құр қалма!
Тілек айтқанға сыйлық бар
Күзге арнап ортада!
(Балабақша меңгерушісі — мен 1 ата — анаға сөз беріледі, сыйлықтар беріледі)
Тәрбиеші: Күз тойын осыменен тамамдайық
Тағы да жомарт күзге ән арнайық!
Ән «Жомарт күз» 

Қызылорда қаласындағы №8 «Бүлдіршін»
санаториялық балабақшасы коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің музыка жетекшісі
Жұмабекова Бибігүл Мүсірепханқызы

Алтын күз!


  • Балабақшадағы ертеңгіліктер
  • Aimir77
  • 16.02.2018
  • 0
  • 1
  • 62146

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№1 Ақбота балабақшасы
тәрбиеші: Есболсинова Гульшат Рысбаевна

Алтын күз! ертеңгілік.

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.

Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.

Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.

Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.

(Әуен ойналады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)

Би: Жапырақтар

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Келді міне Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.

Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!

(Балалар қолдарын бұлғайды)

Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.

Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі

Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Ән: Алтын күз

Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?

Күз айларын кім атап шығады?

Күз айларын ортаға шақырайық . (Қыркүйек, қазан, қараша)

Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйек айында
Сағынышпен біз барамыз
Өнер білім тойына

Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адам достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін

Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі

Ойын: «Өз ағашынды тап!»

Шарты: Шашылған жапырады теріп алып, өз ағаштарының қасына тез барып тұру.

Бағбаншы: кіреді.

Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?

Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен  құттықтауға келдім. Ал сендер неге  жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.

Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін көкөністер мен жемістерді қазір өздерін таныстырсың.

Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар

Өрік
Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.

Алма
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.

Сәбіз
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Пияз   
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Картоп
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

Алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.

Қызанақ
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.

Шие
Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім

Бағбаншы: Балалар мен бір ойын білемін , бірге ойнайық.

Ойынның аты: «Көкөністер»

(Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.)
Күз бен жел кіреді:
Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
Әуен: Сиқырлы
Жел: Ахалай, махалай суф !Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.
Бағбаншы: Желдін артынан қуады.

Жүргізуші:  Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын

Бағбаншы: Күз бізге керек, оны балалар тосып отыр.

Жел: мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап тастадым.
Жүргізуші: Біздің балаларда шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік.
Ойын: «Тауық пен әтеш»

Екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ, ал әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады.

Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң?

Жел: жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер.
Жүргізуші: күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр.
Күз оянады.

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Мен Күз ханшайымымын.

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!

Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.

Күз ханшайымы:Өте жақсы, балалар, рахмет.

Күз ханшайымы:Өте қызықты ертегі екен. Рахмет, балалар.

Ән: Жаңбыр.

О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші күлімдеп
Аунар ма еді, жатып ап!

Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап

Ағаштарда жапырақ,
Ұшып ұшып азайды.
Тырау тырау тырналар,
Туған жерден ұзайды.

Ән: «Күз келгенде».

Жүргізуші:

Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?

Ойын: «Сиқырлы орамал»

Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.

Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Күз: Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.

Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдарбалалар!,Келгенше жыл айналып.

(Күз кетеді)

Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.

Жүргізуші: Осымен «Балбөбек» тобының «Келді міне Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!


ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Келді міне, алтын күз!

(Ортаңғы топтарға арналған ертеңгілік)

Музыка ойнап тұрады.

Сахна сыртынан дауыс естіледі.

-Хабарландыру! Құрметті ата – аналар, қонақтар!

Тыныштықты сақтаңыздар.

Телефондарыңызды өшіріп,

Сахнаға назар аударыңыздар.

Алтын күз мерекесін, асыға күткен,

Тәп – тәтті біздің балапандарды

Қошеметпен қарсы алыңыздар!

Балалар әуенмен сахнаға кіреді.

Екі қатарға тұрып, түрлі қимылдар жасап, билейді.

Жүргізуші: — Армысыздар  құрметті ата- аналар, қонақтар!

Бүгінгі  мерекеге қош келдіңдер балалар!

Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жауабын табуға дайынсыңдарма?
  • Жиын – терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Жемістер мен көкөністер піседі,

Қызыл – сары жапырақтар түседі.

Берекелі, мереклі қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Балалар жауабы: «Күз» мезгілі.

  • Бәріміз бірге «Күз келгенде» әнін орындайық.

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Қанекей қол соғып қарсы алайықшы.

Ортаға музыка әуенімен «Алтын күз» келеді.

  • Армысыздар балалар,

Күзгі бақтағы қонақтар,

Өздеріңе әкелдім.

Күздің сыйын көз тартар.

-Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар!

Балалар мен өздеріңе асығып жеттім.

Жаздан кейін кезек күттім. Мен туралы не білесіңдер, айта қойыңдаршы,  балалар.

Балалар ортаға алтын  күзге арнаған тақпақтарын айтуға шығады
  • бала.

Көбейді құт – береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз!

2 -бала

Түсіп жатыр аулада,

Ағаштардан жапырақ.

Алтын күзім келдің бе?

Сарғайыпты жапырақ.

3- бала

Жемісті мол теретін,

«Күз» дос екен біздермен,

Бәрін тауып беретін

«Жомарт» екен күз деген!

4-бала

Күз айы тамаша,

Ән айттық жаңаша,

Би билеп бәріміз,

Қуанайық балаша!

Жүргізуші:

  • Жарайсыңдар, балалар! Балалар сендер көкөністер мен жемістер жегенді жақсы көресіңдерме? Ендеше ертегі тамашалайық.

Ертегі «Тілазар баланың басынан кешкен оқиғасы»

Автор:— Ертеде бір ерке балақай болыпты. Ол дұрыс тамақ ішпейді екен.

Анасы: — балам тамағыңды жей қойшы.

Баласы: — Жемеймін. Тамақ жегім келмейді.

Анасы:- Балапаным, тамақ жесең үлкен болып өсесің. Ақылың көп болады.

Бала: — Жемеймін, кәмпит жегім келеді.

Анасы:- Енді қайтсем екен? Мен саған шырын әкеліп берейін. (анасы кетіп қалады)

Автор: — Осы кезде үй сыртынан өтіп бара жатқан Қасқыр ерке баланың еркелігін байқап қалады.

Қасқыр: — Аууу мына ерке бала анасын тыңдамайды екен. Маған осындай балалар керек еді. Мына баланы мен орманыма алып кетейін.

Автор: — Бала анасын тыңдамады. Анасы дайындаған асты ішпеді.

Қасқыр баланы алып кетеді.

Бала: — Анашым, құтқаршы. Жоқ бармаймын.

Осы кезде серуендеп келе жатқан күз ханшайымы алдарынан шығады.

Күз ханшайымы: — Қасқыр жібер балақайды. Оны қайда алып барасың?

Қасқыр: — Жібермеймін. Маған осындай тілазар, ерке балалар керек. Оны өзіммен орманға алып кетемін.

Күз ханшайымы: — Қасқыр баланы маған бере ғой. Бұл бала ақылды, анасын тыңдап, тамақты жақсы ішетін болады.

Қасқыр: — Жарайды,  жіберсем жіберейін. Анасын ренжітсе мен тағы да келемін. (Қасқыр кетіп қалады)

Алтын  күз:- балақай, тамақ жемей, тәттіні көп жесең тісің ауырады. Тісі ауырған баланы дәрігерге апарады. Кәмпиттің орнына жемістер мен көкөнісер жегенің дұрыс болады. Олардың құрамында дәрумендер мол. Уақытылы жеп отырсаң бойың өсіп, ақылың толысады. Ауырмайтын мықты бала боласың.

Күз ханшайымы қолындағы таяғымен сиқырлап:

  • Қайда менің көкөністерім мен жемістерім?

Балақайға бар ма ақыл – кеңестерің?

Көкөністер мен жемістер ортаға шығады.

Алма:

Мен алмамын, алмамын.

Мені жемей қалмағың,

Мені жесең балақай .

Мықты бала болғаның!

Алмұрт:

Алмұрт деген арумын,

А,С дәрумендерінің көзімін.

Мені жеген балалар,

Білімді бала бола алар.

Сәбіз

Мен сәбізбін, сәбізбін.

Адам бойын өсірем,

Аурудың көзін кетірем.

Бойшаң сұлу сәбізбін.

Күн көзімен жетілем.

Қарбыз.

Мен қарбызбын,

Шөлдесе шөлі қанатын.

Бүйрекке шипа табатын,

Адам үшін пайдалы.

Жоғары менің санатым.

Өрік

Мен өрікпін, өрікпін.

Дастарханға көрікпін,

Мені жесең балақай

Жүрегің жақсы соғады.

Өмірің ұзақ болады!

Бала қолын шапалақтап қуанады.

  • Рахмет, алтын күз. Маған жемістер мен көкөністердің кеңестері ұнады. Енді мен көкөністер мен жемістерді жуып жеймін. Тамақты да жейтін боламын. Сау болыңдар, балалар!
Алтын күз: — Қанекей жемістер мен көкөністер бәріміз би билеп жіберейік.

Жемістер мен көкөністер Алтын күзді ортаға алып би билейді.

Осы кезде найзағай ойнап, күн күркірейді.

Жүргізуші: — Бұл кім болды екен?  Біздің мерекеміздің шырқын бұзғысы келген? Мұндай ғажаайып мерекеде балаларды қорқытуға бола ма екен?

Қолына барабан ұстап, дүркіретіп бұлт келеді.

  • Мен бұлтпын ашулымын, қаҺарлымын,

Көңілді жүру ұнамайды.

Мерекені тойлау үшін,

Рұқсатты неге менен сұрамайды. (Балалар күледі)

Ах, қазір мен жаңбырымды төгемін.

Салқын суды сендерге қарай бүркемін. (су атқышпен су атады)

Алтын күздің жанына келеді.

  • Алтын күз, балалармен неге ойнайсың,

Менсіз мерекені неге тойлайсың?

Мына мен тұрғанда ойнауға, күлуге, билеуге болмайды,

Қазір күзді алып кетемін.

Найзағайды сендерге қалдырамын.

Алтын күз: — Бұлай жасауға болмайды, бұлт. Ашуланбашы. Балалардың қызықты мерекесін бұзбашы. Қазір бізге найзағай да, бұлтта керек емес.

— Балалар жаңбырдан бізді не қорғайды?

— Балалар: — «қолшатыр» деп жауап береді.

Қанекей «қолшатыр» ойынын ойнап жіберейік.

Ойын «қолшатыр»

Бұлт:- А, сендер менен қорықпайды екенсіңдер. Ендеше мен алтын күзді алып кетемін. (Бұлт алтын күзді алып кетеді)

Жүргізуші: — ой, балалар енді қайттік?

Музыкамен кірпі келеді.

  • Сәлеметсіңдерме балалар! Неге көңілсізсіңдер? Мен жаз бойы саңырауқұлақ, алма, жапырақтарды қысқы азық қылып жинап аламын. Күз келгенде ұйқыға дайындаламын. Ой, ұйқым келіп тұрғаны. Қане достарым келіңдер. Балалардың көңілдерін көтеріп, би билеп берейік.

«Саңырауқұлақтар» биі.

Жүргізуші: — Бізге қонаққа келген Алтын күзді ашулы бұлт келіп, алып кетті.

Кірпі: — қамықпаңдар, балалар. Ендеше мен сендермен қызықты ойын ойнағым келіп тұр. Бұлттың да ашуы тарқап, Алтын күзді босатар.

Ойын «кім жасырынды?»

Кірпі:- Рахмет балалар! Саңырауқұлақтарымды алып, ұйықтауға дайындалайын. Кездескенше сау болыңдар, балалар! (балалармен қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: — Балалар, бұлт бізге әлі ренжіп жүрген сияқты. Бәріміз бірге «бұлт пен жаңбыр» әнін айтайықшы.

Ән «Бұлт пен жаңбыр»

Бұлт Алтын күзді алып келеді.

Бұлт: — Ой балалар, мен сендерге Алтын күзді алып келдім. Мен босқа ашуланыппын. Жаңбырсыз күз, күз мезгілінсіз жаңбыр болмайды екен. Бәрінен де достық қымбат екен.(Бұлт пен алтын күз құшақтасады)

Қане балалар біз де құшақтасып, дос болайықшы бір – бірімізбен. (балаларда құшақтасады)

Алтын күз:- Балалар, біз бұлт екеуіміз сендерге сыйлық әкелдік.

Алтын күз қолындағы таяқшасын айналдырып;

-Сиқырлы таяқшам, сиқырла,

Балаларға сыйлығыңды дайында.

Сиқырлы таяқшам, сиқырла,

Балаларды қуантуға дайындал.

Бұлт себетті әкеліп береді. Себетті сиқырлап, орамалын ашып, себет толы жемістерді балаларға көрсетеді.

Алтын күз бен бұлт: — Балалар сендермен қоштасатын кез келді. Келесі күз мезгіліне дейін қош сау болып тұрыңдар. (балалармен қолштасып шығып кетеді)

Жүргізуші; — Осымен бүгінгі еретңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Аман – есен болыңыздар.

«Әулиекөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің №2Аманқарағай орта мектебі» ММ

Тақырыбы:

Алтын күз

Өткізген:Мукатова Г.М.

2016 жыл

Алтын күз

(Ортаңғы топ үшін)

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата — аналар, баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз.Құттықтай отырып бүгінгі біздің бүлдіршіндеріміздің«Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші :              Олай болса,

                                   Мерекесі халықтың

                                   Алтын күзді бастайық

                                   Алтын күзге арналған

                                   Ертеңгілігімзіді бастайық

 (Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар шығып жапырақтармен шеңбер бойын айналып болған соң орындықтарына жайғасады.).

Ортаға 3 бала шығады:
1 -Айару: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

2 — Бекзат: Гүл жайнаған даланың,

 Жапырағы солыпты.

 Таңырқадым, қарадым,

 Танымастай болыпты.

3 — Назерке: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші:

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр ,ал сендер оны шешіп көріңдер.   

Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз

Дүкендерге  түседі:

Астық пісіп,

Ортақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы!

Бұл қай кезде болады? (Балалардың жауабы)

(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)

Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма?

Жаңбыр жауайын деп тұр. (жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)

Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Бұлт:Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын

Қаласам қазір сендерге

Жаңбыр болып жауамын.

(Балаларға жаңбыр шашады).

Жүргізуші:

Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,

Дабылыңды соқпай тұр.

Саяғынды түгендеп,

Үйіріңді соқпай тұр!

Жүргізуші: Бұлт, біздің балалар күз туралы тақпақтар біледі.Ендеше,  балалардың тақпақтарын тамашалайық.

Тақпақтар:

Күзім ,күзім,күзім Жансая

Пісті алма, жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық біз теріп

Күзім-ау, күзім-ау Ясмина

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

Тоңазып отырып Саян

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі

Көктемде егеін егетін Азиза

Күзде жиып беретін

Біздің дала-бай дала

Алтын астық айнала

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап. Наима

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді. Аружан

Жемісі мол теретін
  Күз дос екен бізбенен
  Бәрін тауып беретін
  Жомарт екен күз деген.  Амина

Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау  

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!   Арнұр

Астық жеміс жиылды,

 Қамбамызға құйылды.

 Ардақты күз мың алғыс,

 Алдық өнім сыйыңды. Мадина

Бұлт: Рахмет, балалар!

Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ! 

Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?

Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде Күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамымызға Күнді қонаққа шақырыйық (балалар қолдарың шапалақтап, Күнді шақырады).

Күн келеді.

Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?

Балалар: Иә!

Күн:Мен жарқырап төбеде

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.

Бұлт:Күн, күн, тоқтай тұр!

Сөзімен менің құлақ тұр.

Ішім толы суға,

Сусыз өмір бола ма?

– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!

Күн: Жоқ, мен мықтымын!

(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)

Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар!

Жүргізуші: Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін ойын ойнайық.

Ойын: «Кім жылдам?»

(Кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2– 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)

Жүргізуші:Күн мен су бар жерде

Бау–бақша да гүлденер.-Күн мен Бұлт бізбен бірге күз мерекесін тойлаңыздар.

Жүргізуші:Балалар ,айтыңдаршы  қазір  жылдың  қай  мезгілі?

Балалар:Күз  мезгілі.

Жүргізуші:Күз  мезгілінің  белгілерін  атап  беріңдерші.

Балалар:Күзде  күн  суытады.Адамдар  жылы  киінеді.Құстар  жылы  жаққа  ұшып  кетеді.Жауын  жауады.Жемістер  мен  көкеністер  піседі.

Жүргізуші:Балалар,дұрыс  айтасыңдар.

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз. (Осы сәтте жүргізушінің ұялы телефоны шырылдайды)

Жүргізуші:—  Алло, иә. Саламатсыз ба, Алтын күз! Бізге қонаққа келемін дейсіз бе? Келіңіз, келіңіз. Біздің балалар қонақ күткенді ұнатады. Ендеше көріскенше, сау болыңыз! (Телефонмен сөйлесіп болған соң)

Жүргізуші:  Ал,балалар,балалар,

Енді  бері  қараңдар.

Бізге  қонақ  келмекші, 

Сендерді  бір көрмекші.

Әуелі  жұмбақ  жасырамын, 

Құлағымды  асырам. 

Таба  алсаңдар  шешімін, 

Қонағымды  шақырамын.

«Көк  майсалы  көрікті, 

Алқаптағы  көп  егін. 

Бұл  күндері  киіпті Сары  жібек  көйлегін.» 

Бұл  не, балалар? (Күз)

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

         жомарт көңіл жарқын жаз.

        Сары алтынға малынған,

        Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!

Күз: — Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай ғана бүлдіршіндерім, мені аялаған достарым. (Балалар амандасады)

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз:Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі.Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Хор: «Күздің күні қандайды…»

Тақпақтар :

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап, Ясмин

Келді міне Алтын күз!

Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау  

Жаңбырың сіркіреп, Кәусар

Келгенің қызық-ау!  

Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген Даяна

 Бақшаға баратың бізбенен

Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз. Айбек

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның. Нұргүл

Жүргізуші:                

Бүгін мейрам,бүгін той

Қуанышты күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой деп

Би: «Қолшатыр» биімен ортаға бишi кыздарды шақырамыз.

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз: Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз.

Ойын: «Дәмін ажырат».

Ойынның шарты:Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші:    Балабақша бағында
            Сайраңдаймыз жанында
            Нақ өзіндей бүлдіршін
            Көп достардың жанында,-деп,біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерге «Күз жомарт» әнін орындап береді.

Хор: «Күз жомарт»

Жүргізуші:  Жарайсындар, балалар!

Би: «Қолшатыр биі»

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып

Барлық кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз): Ал, балалар, сау болыңдар!

Алтын күз

Балалардың келуі. «Жапырақтар» биі

Бұлттың келуі. «Кім жылдам?» ойыны Күннің келуі.

Алтың күздің келуі. «Қолшатыр» биі. «Дәмін ажырат»ойыны.

Ата-аналармен жұмыс «Шебер қолдар».

МКҚК «ЕрТарғын» балабақшасы
« Алтын күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған»
Тобы: «Балдырған»
Тәрбиеші: Ережепова Э.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша — «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1. Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелдейсін халқымыз. Ақпейіл
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

2. Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті,
Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін. Санжар
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз.

3. Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді, Ақсезім
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

4. Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды Димаш
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

5. Алып келді мереке, астық жеміс береке,
Батырлыққа жараса, көбейді той тамаша, Арнұр
Ән салады өзен, тал құрақ, шашу болды жапырақ.

6. Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға, шақырады біздерді. Данияр

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Ән: « Күзге сәлем» қабыл алыңыздар! Орындайтын хор.

Күз ханшайымы: — Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.

Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен Қадыржан
Бірінші қыркүйек, білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды.

Қазан: Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп Әкежан
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы.

Қараша: Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық
Қараша өрледі, қараша ән салып
Күн суытып барады, малдар қолға қарады Нұрасыл
Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.

Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын.

Кезегімізді әнге берейік. Шайкамал Маликаның орындауында
«Жау-жау жаңбыр» әнің қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.
1.Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді Бақдаулет
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

2. Күздің қазан айында, алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып, сыбдыр- сыбдыр етеді, Абылайхан
Күн суытып, жапырақтар түседі.
Астық жеміс жиылды, жомарт екен күз декен.

3. Сарғайды тоғай, сап-сары манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып Инабат
Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге,қызық көп күзде.

4. Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды. Думан
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.

5. Жаздай күткен бәріміз, Сары алтын,сары күз,
алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз,
көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп Қ.Дильназ
асыр салып жүре бер, сары көйлегің желбіреп.

Жүргізуші: Табиғат-Ана ғой.Тағдыр ғой күз деген.
Тыныштық бұзылма, үмітті үзбеген.
Азамат, Қайыржан, Бақдаулеттің орындауларында «Қыздар-ай»-әнің тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін,
Мақтанбақшы сіздергі, жемістер, көкөністер сан түрлі.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар оқиды.

1. Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын. Алихан
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

2. Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ Диляра
Күнге қарап ұялып.

3. Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз Азамат
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

4. Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды. Димаш
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

5. Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме Ақерке
Ісіп кетер маңдайым.

6. Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай Ақсезім
Менің атым құлпынай.

7. Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды, Бақдаулет
Қараса егер салғырт кім.

8. Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін Ақпейіл
Тамағыңа сүйегім.

9. Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп Арайлым
менің атым өрік.

10. Көктеп ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып Қайыржан
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі су арып.

Күз ханшайымы: — Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем…
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністерді ажырат» )
Жүргізуші: —Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам.
Балалар өз тақпақтарын айтамыз дейді.

1. Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық Дильназ
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.

2. Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң Бекжан
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

3. Көк майсалы көрікті, алқаптағы көпегін
Бұл күндері киіпті , сары жібек көйлегін, Малика
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ,
Ой алақай тамаша, шашу шашты жапырақ.

4. Күн шуаққа маужырап, жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап, ұшты кенет жапырақ
Әй алақай тамаша, шашу шашты жапырақ. Нұрдаулет
Бақтың іші алаша, аунар ма едім жатып ап.

5. Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап. Ақерке
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.

6. Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық. Алихан
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.
Жүргізуші: «Жомарт күз» әнің бүлдіршіндердің орындауында қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше
Би өнеріне кезегін.
Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз.

Бүлдіршіндеріміздің орындауында « Ақ бидай» әнің қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2013» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Але сегодня праздник
  • Актуальность праздника день семьи
  • Актуальность праздника день россии
  • Актуальность праздника день отца
  • Актуальность праздника день народного единства мое понимание праздника день народного единства

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии