Тақырыбы: Амалдан
амалға аман жетейік!
Мақсаты:
1) Балаларға көрісу
(амал мерекесі), наурыз көже туралы түсінік беріп, өнерлерін көпшілік алдында
көрсетуге үйрету;
2)
Балалардың есте сақтау қабілетін, бойындағы дарындылығын, төзімділігін дамыту;
Ауызекі сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру, болашаққа деген сенімділігі мен
сүйіспеншілігін арттыру;
3) Ата-баба
салтын сақтау, құрметтеу, сыпайылыққа, бірін-бірі сыйлап көмектесуге, кешірімді
бола білуге тәрбиелеу. Ата жолын үлгі тұта отырып, өз ойларын тез, ұтымды
жеткізуге бағыттау;
Құрал-жабдықтар:
Қазақ
үй бұрышы, слайд, буклет, нақыл сөздер.
Күй
орындалып тұрады.
Жүргізуші: 14 Наурыз-Жаңа жылдың басы болып
саналады.Еліміздің
батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе
облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор,
Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды деп,
наурыз айының 14-күнінен бастап, «Көрісу» салты басталады. Кей жерлерде «амал»
деп те атайды.. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық
жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды.Біздің жақта осы күні кішілер
үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге
кіріп, көрісіп құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына
көрісуге болмайды. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да
құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа
жыл күнінің аты – ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс
күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол
болар» – деген. Сонда көрісу дәстүрі тек батыста емес, барлық жерлерде де
болған, тек бертін келе халық ұмытып кеткен, отаршыл саясат ұмыттыруға
тырысқан. Бірақ, осы батыс аймақтарда ұмытылып көрген емес. ХХ ғасырда ел
шұбырған аумалы-төкпелі заманда сан қазына түбірімен құрып, ұмытылып кеткені
шындық. Ай мен Үркердің қиылысып өтуін көшпелі жұрт тоғыс атаған ғой. Наурыз айында
тоғыстың келетін тұсы да осы күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде
14-нен 15-на қараған күні қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап,
ырым еткен. 15-і күні халық қыс жұлдызы бітіп, жаз жұлдызы туды деп есептеген
екен. Сонымен, ертең – қазіргі күнтізбе бойынша Наурыз айы туады. Наурызды
қазақ жыл басы десе, ескіше болсын, жаңаша болсын, келе жатқан Жаңа жылымыз –
Наурыз құтты болсын!
Көрініс: (Наурыз
тал егіп жүрген жастарға бала ерткен ата кезігеді.)
Бала:
— Ассалаумағалейкум, ата.
Ата:
— Уағалейкум ассалам, жасың құтты болсын!
Бала:
— Мал-жан аман ба?
Ата:
— Алланың бергеніне шүкір. Е, е, е… «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Бір тал кессең,
он тал ек» дегендей қайырымды іске кірісіпсің, жасың ұзақ болсын, айналайын!
Бала:
— Рахмет. Мына бала немереңіз болар?
Ата:
— О не дегенің, ол менің бел балам.
Бала:
— Ата, сонда жасыңыз нешеде?
Ата:
— Әлі жаспыз ғой, сексеннің сеңгіріне шықтым.
Бала:-
Бәрекелді… Үйге кіріңіз, төрлетіңіз, ата.
(Қонақ
күту, наурыз көже ұсыну, келген қонақтармен амандасып, құшақ жайып көрісіп
төрге жайғастыру).
Әже: Сонау
бала күнімізден бұл айдың он төртінші жаңасының таңы атысымен үйдегі жан
біткенмен құшақтаса қол алысып, одан соң апыр-топыр көрші үйлерге барып көрісе
бастаушы едік.Әр үйдің қазанында сүр ет асылып, таң атысымен көрісуге келетін
адамдарға дастархан дайындай бастайды. Соғымның шекесін осы күнге сақтап
қоятындар да бар. Бәрінен де ет баптау мен сақтаудың шеберлері болған
шешелеріміз бұл күнге арнап қарынға салып сақтаған, шұжық етіп баптаған еттерін
асушы еді. Бұл еттердің түрі де, дәмі де шие татып тұрушы еді. Асылған еттің
арасында сары әйнектей мөлдір, тұздауы мен сүрлеуі әбден келіскен бір білем
құйрық май, немесе өркеш май міндетті түрде болады. Сүр ет қайнап жатқан қазанға
бүйенге құйылған уызды да еппен пісіріп алатын қайран шешелеріміз-ай десеңші.
Бұл күні түйесі боталаған үй міндетті түрде үлпершек асады. Үлпершек те шұжық
сияқты ғой. Сәлем-сауқатын алып, арнайы көрісе келгендердің алдына буы
бурқыраған ет толы табақ келгенде май жеуден қашатын адамның өзі әлгі қиялай
туралған шыңылтыр сүр майдың дәмін көріп, қалай асап жібергенін өзі де байқамай
қалушы еді. Әлгі аппақ бордай кірт-кірт туралып кесек- кесек болып жатқан
түйенің уызы еттің ең үстіне туралып ол қанша көп болса да бірден таусылып
қалатын. Амал күні қазан толы, қарын тоқ болсын деп салынатын сүбе қабырғасымен
тұтас ішекке тығылған қазы да көрісіп келгендердің бір сыбағасы. Сонау күздің
басында шыжғырып шыны ыдысқа құйып сақтаған, түсі сап-сары бояудай қанық сары
майдың дастарханға қойылатын күні де осы кез. Тары қайнатып, бидай қуырып
талқан, жент жасалатын. Шешеміздің бұл күнге арнап дайындайтын дастархан мәзірі
осындай ерекшелігімен есте қалыпты. Біздің бала кезімізде 14 наурыз отбасылық
мейрам ретінде әр үйде осылайша аталып өтетін еді. Біз оны көрісу дейтінбіз.
Ата: — Қазақтың
Наурыз мерекесі басталды! Иә, Григориан күнтізбесіне дейін көшпелі қазақ халқы
«Амал» — бүгінгі «Наурыз» мерекесін наурыздың 14-і күні атап өткен. Себебі дәл
осы күні Амал жұлдызы Күнмен бір сызықтың бойына шығады. Ұлы Даланы мекендеген
көшпелі түркі халықтары бұл астрологиялық құбылысты «Амал мен Күннің көрісуі»
деп білген. Осыдан көктем шығысымен «Көрісу» деген жақсы дәстүр дүниеге келген.«Амал
туды жыл келді!» деп қуанған ата-бабаларымыз ағайын-жұрттың амандығын біліп,
бір-бірімен көрісуге асыққан. Осы кезде малын түгендеп, қалың қардан босаған
жайылымға шығарады. Жалпы, наурыздың 21-і күн мен түн теңеліп, жыл жаңарса,
наурыздың 14-і жаңа ай туады. Сондықтан бұл күн – Амал мерекесі Наурыз
мейрамының беташары іспетті. Өкінішке қарай, бүгінде көктемнің алғашқы күні –
Амал мерекесін, көбінесе Қазақстанның батыс аймақтарында жиі атап өтеді.
Көрініс:
Бала: — Сүйінші!
Келініңіз босаныпты.
Әже: — Сүйіншің
әзір, аман, сау жаны қалса болар игі. Кімді болыпты?
Бала: — Солдат
деді-ау деймін.
Ата: — Наурыз күні
дүниеге келген екен, атын «Наурызбай» қоялық.
«Бесікке
салу» рәсімі жасалып, бесік жыры айтылады.
Әлди,
әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылыма бөпем, жылама
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Наурыз
бата
Кеңпейілді қазақ елім!
Кемелденген ғажап елім!
Ұлыс күні құтты болсын!
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы,
Әнші құстар баққа қонсын!
Алтын табақ аққа толсын!
Шаттығының сәтті күнін,
Татулықтың
тәттілігін,
Өрсін ұрпақ қайырымды!
Бұлт шалмасын ай – күнімді!
Жаңа күнім жадырасын!
Төл көбейіп, жамырасын!
Еккен егін өнімімен,
Еңбегіңнің сенімімен
Тірлігіңнің жемісімен,
Бірлігіңнің жеңісімен
Бағы жанып кәрі – жастың,
Басынан
бақ арылмасын!
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Жүргізуші:
Амал келді, тағы
да амал келді!
Адамдар бір-
біріне көрісе барады, кішілер үлкен-дерден бата алады. Пенделікпен қателік
жасағандар, Амалда ар алдында тазарады.
Амал – бірлік,
адамдардың бір-біріне деген көл-көсір ниеті.
Амал – тірлік,
адамдардың жамандық атаулымен күресі.
Ендеше
жанымыз да, тәніміз де тазара бергей! Ауладан басталар аймағымызды
абаттандырып, табиғат тамырына нәр жүгіртіп туған жерді түрлендірейік. Ұлттық
рух, салт-дәстүр салтанат құра бергей! Дастархан толы, көңіліміз тоқ болғай.
Атышулы дағдарыс дүрбелеңі елімізден жоқ болғай!
14-Наурыз: Жаңа жылдың басы болып
саналады
БҰҰ Бас ассамблеясы «Наурыз
халықаралық мерекесі» қарарын бір ауыздан қабылдап, бағзыдан келе жатқан
мерекені атап өту күнін 21 наурызға белгілепті. Толық нұсқасы мына жерде..
Наурыз мерекесі – үш мың жылдан бері салтанатты түрде Орталық Азиядан Балқанға
дейінгі ауқымды өңірде аталып өтетін мейрам. 21-наурыз ұлыстың ұлы күні, күн
мен түннің теңелу кезі екенін білеміз. Біздің Жаңа жылымыз, ұлттық мейрамымыз.
Енді бүкіл түркі жұртына ортақ мейрам, халықаралық мейрам болып бекітілді. Ал,
еліміздің батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал,
Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов,
Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды
деп, осы айдың 14-күнінен бастап, «Көрісу» салты басталады. Кей жерлерде «амал»
деп те атайды. 1918 жылдың 24-қаңтарында «Батыс Еуропа күнтізбесінің Ресей
мемлекетіне енгізілуі туралы» В.И. Ленин қол қойған декрет қабылданды. Бұл
кезде юлиан және григорий күнтізбелерінің арасындағы алшақтық 13 күнге жеткен еді.
Декретте көрсетілгендей 1918 жылдың 31-қаңтарынан кейінгі күн: 1 ақпан емес, 14
ақпан болып есептелді. Соның әсерінен бұрын 1-наурызда Жаңа жыл – Ұлыс күнін
тойлайтын қазақ елі, 1918 жылдан бері қарай 14-наурызда көрісіп келеді деуге
болады. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық жасап,
ата-баба рухына дұға бағыштайды.Біздің жақта осы күні кішілер үлкендерге,
көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп
құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына көрісуге болмайды.
Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен
сүйіп, көрісіп жатады. Бала кезімізде үлкен әжелері бар үйлерге көрісіп
барғанда, алғысын айтып, қолымыздың сыртынан сүюші еді. Қолдан сүю «түріктердің
дәстүрі, қазаққа жат» деп жүргендер бар ғой. Соған қарағанда, қолымыздан сүю
тек түріктер емес, ежелден келе жатқан түркілік дәстүр шығар деп ойлаймын. Осы
көрісу дәстүрі тек батыста ғана емес, бұрындары еліміздің көп жерлерінде
болғанға ұқсайды. Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларында: «14-март – ескіше
1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні
дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз.
Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс күні
дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлыс. Жаңа
жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ
мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» – деген. Сонда көрісу
дәстүрі тек батыста емес, барлық жерлерде де болған, тек бертін келе халық
ұмытып кеткен, отаршыл саясат ұмыттыруға тырысқан. Бірақ, осы батыс аймақтарда
ұмытылып көрген емес. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелі заманда сан қазына
түбірімен құрып, ұмытылып кеткені шындық. Ай мен Үркердің қиылысып өтуін
көшпелі жұрт тоғыс атаған ғой. Наурыз айында тоғыстың келетін тұсы да осы
күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде 14-нен 15-на қараған күні қой
құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. 15-і күні халық қыс
жұлдызы бітіп, жаз жұлдызы туды деп есептеген екен. Сонымен, ертең – қазіргі
күнтізбе бойынша Наурыз айы туады. Наурызды қазақ жыл басы десе, ескіше болсын,
жаңаша болсын, келе жатқан Жаңа жылымыз – Наурыз құтты болсын! 14-наурыздан
көрісуді ұмытпайық!
Бұл күн бала кезімізден жаңа жылдың
басы болып саналады. Амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін ашып
қойып, жақсы тілектер тілейді. Ауылдың кішілері үлкендерге көрісіп барады.
Жағдайы бар адамдар бір малын сойып, қазанды толтырып ет асып Наурыздық
жасайды. Ал, соятын малы жоқ адамдар қыстан қалған сүр етін асады. Амалда
адамдар көрісіп келер деп сақтап қойған шұжығын, үлпершегін асатындар бар.
Мұндай мүмкіндігі жоқ үйлер қазанға май қатып күріш, жармасын салып «қазан толы
болсын» деген ырыммен көже асып қояды. Көпшілік үйлер бұл күні жеті шелпегін
пісіріп иіс шығарып, бауырсағын сірә пісіреді. Он төртінші наурыз ел ішінде
отбасылық мереке есебінде ешқашан үзіліп көрген емес. Бұл күні ағайын туыс,
құда — жекжат, дос — құрбы бір үйден –бір үйге барып, ең жақын, сыйлы
үлкендеріне жақсы шапан, көйлек -жаулық әкеліп көрісу дағды-дәстүрге айналған .
Ал бала күнімізде 22 наурызды мереке есебінде елеген емеспіз. Тек 1988-89
жылдардан бастап мерекелей бастадық қой. Жеті түрлі дәм салып наурыз көже
пісіру де осы кезден бастап насихаттала бастады. Шындығын айтқанда бала
күнімізде Маңғыстауда шешелеріміздің наурыз көже пісіргені есімде жоқ. Осы
кезден бастап мал төлдей бастайды. Алты ай жаздың басталуы, малға да , жанға да
жайлы жер аяғының кеңи бастауы деп осы Амалды ерекшелеп күту дәстүрге айналған.
Жыл бойына жалғасатын көрісуге байланысты кейінгі кезде Бейнеуде жақсы жағдай
қалыптасты. Рулас ағайындардың үлкен-кішілері түгел бас қосып жылына бір үйге
жиналып көрісіп жүр. Бұл уақытты үнемдеуге әрі мерекені ойдағыдай бірге атап
өтуге жақсы. Кейбір үлкен ауылдар мейрамхана, тойханаларға жиналып бас қосып
мерекелейді. Мұның бәрі заманның дамып, жақсы жағдайдың болғандығынан ғой.
Мен Бұрмақ деген байдың қызы болдым.
Әкеміз Түрікменстанға ерте қоныс аударыпты. Өміріміздің барлық саналы жылдары
түрікмен жерінде өтті. Атамекенге көшіп келгенімізге үш-төрт жыл болды.
Түркменстандағы қазақтар жыл сайын 14 наурызды ерекше күтетін. Бұл күн
жақындағаннан -ақ көше-көше болып тұрып жатқан маңайымызды, жолды, үйлеріміздің
айналасын, салмаларды (арықтарды) тазалап дайындайтынбыз. Айнала жаңарып,
тазарып қалатын. Үй ішімізді тазалап, кір-қоң қалдырмай жуып — шайып,
сандықтарды ашып, жаңа заттарды іліп қойып үй ішінің сәнді болып тұруына көңіл бөлетінбіз.
Өзіміз де ұлттық киімдерімізді киіп, ілмелі жаулықтарымызды тартып, собық
сырға, шашбау, өңіржиектерімізді тағып сәнденіп, үлкен кісілерге көрісіп
баратынбыз. Әйелдер бір-бірімен міндетті түрде құшақтарын айқастырып көрісетін.
Аталарымыз бен қайнағаларымызға тек иіліп сәлем беріп, енелерімізден бастап
қалған адамдармен қол алысып көрісеміз. Бұл күні адамдар үйлерінің ауласына,
қөшелерге тал егеді. Біздің үйіміздің ауласында шалым әр наурызда отырғызған
түрлі жеміс ағаштары бар еді. Шалым Сазанбай бәрін өсірді, тек жаңғақ ағашын
көгерте алмады. Наурыз күні көрісіп келетін адамдарға дастархан жасап қоямыз.Ет
асылады. Жүгеріні түйіп қазанға май қатып, су құйып наурыз көже дайындаймыз.
Наурыз көжені мол етіп дайындаймыз, құрамына міндетті түрде ақ қосылады. Осы
жерге келгелі бұл күнді ағайын-туыспен бірге жиналып қарсы алып мерекелеп
жүрміз.
Бұл күн Батыс Қазақстан аймағында,
оның ішінде біздің атакүлдігімізде бағзыдан келе жатқан мейрам. Сондықтан сонау
бала күнімізден бұл айдың он төртінші жаңасының таңы атысымен үйдегі жан
біткенмен құшақтаса қол алысып, одан соң апыр-топыр көрші үйлерге барып көрісе
бастаушы едік. Әр үйдің қазанында сүр ет асылып, таң атысымен көрісуге келетін
адамдарға дастархан дайындай бастайды. Соғымның шекесін осы күнге сақтап қоятындар
да бар. Бәрінен де ет баптау мен сақтаудың шеберлері болған шешелеріміз бұл
күнге арнап қарынға салып сақтаған, шұжық етіп баптаған еттерін асушы еді. Бұл
еттердің түрі де, дәмі де шие татып тұрушы еді. Асылған еттің арасында сары
әйнектей мөлдір, тұздауы мен сүрлеуі әбден келіскен бір білем құйрық май,
немесе өркеш май міндетті түрде болады. Сүр ет қайнап жатқан қазанға бүйенге
құйылған уызды да еппен пісіріп алатын қайран шешелеріміз-ай десеңші. Бұл күні
түйесі боталаған үй міндетті түрде үлпершек асады. Үлпершек те шұжық сияқты
ғой. Сәлем-сауқатын алып, арнайы көрісе келгендердің алдына буы бурқыраған ет
толы табақ келгенде май жеуден қашатын адамның өзі әлгі қиялай туралған
шыңылтыр сүр майдың дәмін көріп, қалай асап жібергенін өзі де байқамай қалушы
еді. Әлгі аппақ бордай кірт-кірт туралып кесек- кесек болып жатқан түйенің уызы
еттің ең үстіне туралып ол қанша көп болса да бірден таусылып қалатын. Амал
күні қазан толы, қарын тоқ болсын деп салынатын сүбе қабырғасымен тұтас ішекке
тығылған қазы да көрісіп келгендердің бір сыбағасы. Сонау күздің басында
шыжғырып шыны ыдысқа құйып сақтаған, түсі сап-сары бояудай қанық сары майдың
дастарханға қойылатын күні де осы кез. Тары қайнатып, бидай қуырып талқан ,
жент жасалатын. Шешеміздің бұл күнге арнап дайындайтын дастархан мәзірі осындай
ерекшелігімен есте қалыпты. Біздің бала кезімізде 14 наурыз отбасылық мейрам
ретінде әр үйде осылайша аталып өтетін еді. Біз оны көрісу дейтінбіз. Ол кезде
біз тұрған Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы , Ебейті ауылында сіресіп жатқан
қалың қар енді-енді жіби бастайтын. Кей жылдары бұл күні қар жауып тұрса,
адамдар «жарықтық, наурыздың ақша қары, жақсылықтың нышаны, жыл жақсы болады
екен» деп жататын. Қар кетпегесін ағаш егілмейді ғой. Бірақ мал төлдеп, сауын
малдардың уызына тоя бастаушы едік. Үлкендерге барып көрісу әлі күнге жалғасып
келеді. Ал бүгінгі күнгі дастархан мәзірі бәрімізге белгілі жаңаша жасалады…
Амал келді, тағы да амал келді! Адамдар бір- біріне көрісе барады, кішілер
үлкен-дерден бата алады. Пенделікпен қателік жасағандар, Амалда ар алдында
тазарады. Амал – бірлік, адамдардың бір-біріне деген көл-көсір ниеті. Амал –
тірлік, адамдардың жамандық атаулымен күресі. Ендеше жанымыз да, тәніміз де
тазара бергей!. Ауладан басталар аймағымызды абаттандырып, табиғат тамырына нәр
жүгіртіп туған жерді түрлендіре-йік. Ұлттық рух, салт-дәстүр салтанат құра
бергей! Дастархан толы, көңіліміз тоқ болғай. Атышулы дағдарыс дүрбелеңі
елімізден жоқ болғай
Амал туды – Наурыз келді!
15-Наурыз, 2012 | 250 рет оқылған
Қазақтың Наурыз мерекесі басталды! Иә,
Григориан күнтізбесіне дейін көшпелі қазақ халқы «Амал» — бүгінгі «Наурыз»
мерекесін наурыздың 14-і күні атап өткен. Себебі дәл осы күні Амал жұлдызы
Күнмен бір сызықтың бойына шығады. Ұлы Даланы мекендеген көшпелі түркі
халықтары бұл астрологиялық құбылысты «Амал мен Күннің көрісуі» деп білген.
Осыдан көктем шығысымен «Көрісу» деген жақсы дәстүр дүниеге келген.«Амал
туды жыл келді!» деп қуанған ата-бабаларымыз ағайын-жұрттың амандығын біліп,
бір-бірімен көрісуге асыққан. Осы кезде малын түгендеп, қалың қардан босаған
жайылымға шығарады. Жалпы, наурыздың 21-і күн мен түн теңеліп, жыл жаңарса,
наурыздың 14-і жаңа ай туады. Сондықтан бұл күн – Амал мерекесі Наурыз
мейрамының беташары іспетті. Өкінішке қарай, бүгінде көктемнің алғашқы күні –
Амал мерекесін, көбінесе Қазақстанның батыс аймақтарында жиі атап өтеді.
Түркітанушы ғалым Серік Ерғалидың мәліметі бойынша, бұған дейін бұл мерекені
Маңғыстаудан бастап, Сыр өңірі, Қостанай және Торғай аймағымен қоса, ресейлік
Астрахан, Сарытау, Самара және Орынбор облыстарының қазақтары ұлттық мейрам
ретінде тойлаған. Бүгінде Амал мерекесін тойлау үшін батыс аймақтарына
Талдықорған, Алматы, тіпті көрші Өзбекстан елінен жұрт ағылып жатады. Дегенмен
Амалды бір аймақ емес, ел болып бүкіл республика бойынша атап өткен жөн. Бұл
бастаманы кеше астаналық жастар да көтерді. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университетінің студенттері қазақтың Амал мейрамын Арқа
жерінде атап өтіп, «Көрісу» салтын тағы бір мәрте жаңғыртты.
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, қоғам
қайраткері, ақын:
– Астанаға келгенімізге он жылдан асып
кетті. Содан бері жастардың Амал мерекесін ұлықтап жатқандарына алғаш рет куә
болып, қатты қуанып отырмын. Негізі, адамзат тарихында үш күнтізбе болған.
Соның екінші күнтізбесінде осы жылдың, біздіңше, Наурыз мерекесі наурыздың 14-і
күні басталады. Ал үшінші күнтізбе енгізілгеннен кейін, ол мейрам наурыздың
22-сіне ауысқан. Осы кезде «Көрісу» деген жақсы дәстүр болған. Енді бұрын үлкен
қалалар болмаған ғой. Бірнеше шаңырақ болып түрған қазақ халқы жер аяғы жібіп,
көк шыға бастаған кезде, «Қыстан аман-есен шықтық!», — деп бір-бірін құшақтап,
қуанып амандасқан. Мінеки, осы бастаманы Астананың жастары көтеріп отыр. Бұл –
аса қуантарлық жағдай. Ата-бабамыздың салт-дәстүрі жалғаса берсе, қазаққа өлім
жоқ деп білемін! Жастарға рақмет! Амал мерекесі құтты болсын!
Серік ЕРҒАЛИ, түркітанушы
ғалым:
– Негізі, Наурыз бен Амал бірін-бірі
толықтырмаса, қайшы емес. Сол себепті осы мерекелерді бейресми түрде 14-22
наурыз аралығында мейрамдағанымыз жөн. Өкінішке қарай, бүгінде оны көбінесе
еліміздің батыс аймақтары жиі тойлап жүр. Біз «ана аймақ, мына өңір» демей,
біртұтас қазақ халқы болып, Амалды да, Наурызды да тойлауымыз қажет. Бүгін
Астанада наурыздың ақша қары түсті. Қазақ «қардың басын қар алар», – дейді,
бұл – көктемнің белгісі! Сонымен, құрметті ағайын, наурыздың 14-і қазақтың
Жаңа жылы Ұлу жылына кірді. Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын! Жаратушымыз
тілегімізді қабыл етіп, еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!
XXI ғасыр көшбасшысы. “Егемен елге-білімді
ұрпақ”. (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)
Опубликовал inust
в 15 Ноябрь 2011 – 17:57Нет
комментариев
Газизова Лаура Серікқызы Атырау
об. Индер ауд. Есбол с. Кулагино орт. мект. физика пәні мұғалімі, «Атамекен»
ордасының тәлімгері
Мақсаты:
Егемен еліміздің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде насихаттау. Мектебіміздің
білімді де жан-жақты оқушысын анықтау.
Сыныптан тыс шараның өте
шеберлдікпен жасалған презентациясын көшіріп алыңыз. XXI ғасыр көшбасшысы.
“Егемен елге-білімді ұрпақ”. (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)
Жүру барысы:
І тур. Өзін-өзі таныстыру
ІІ тур. «Бәрін білгім келеді»
1.Жалпы сұрақтар
2. Көкпар
3. Бәйге
ІІІ. “Мен елімнің болашағымын”
1.Жалпы сұрақтар
1 сұрақ. Шешендік өнері туралы ғылым қалай аталады?
А) этимология В) риторика С) геральдика
2 сұрақ. Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш
олимпиада чемпионы
А) Б. Саттарханов В) Б. Жұмаділов С) Ж. Үшкемпіров
3 сұрақ. Грек тілінен аударғанда “халық
билігі” деген мағына беретін сөз
А) плутократия В) автократия С) демократия
4 сұрақ. Қазақтан шыққан тұңғыш грек-рим
(француз) күресінің шебері, әлем чемпионы
А) Балуан Шолақ В) Қажымұқан С) Д. Тұрлықанов
5 сұрақ. Қазақ елінің дарынды күйшісі,
“Кісенашқан”, “Көбікшашқан”, “Кішкентай” күйлерінің авторы
А) Дәулеткерей В) Ықылас С) Құрманғазы
6 сұрақ. “Мыңжылдық Адамы” атағы берілген
ұлы қолбасшы, жиһангер, империя әміршісін атаңыздар
А) Әмір Темір В) Бату хан С) Шыңғыс хан
7 сұрақ. Қазақстан Республикасында Тілдер
Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша В) 28 қазан С) 22 қыркүйек
8 сұрақ. “Бақытсыз Жамал” романының авторы
кім?
А) М.Дулатов В) І.Жансүгіров С) Ж.Аймауытов
9 сұрақ. “Хижра” сөзі араб тілінен
аударғанда қандай мағына береді?
А) Жыл санау В) Уақыт өлшеу С) Қоныс аудару
10 сұрақ. Металл ақшалардың айналымын,
тарихын зерттейтін ғылым саласы
А) бонистика В) нумизматика С) пегуния
11 сұрақ. 2010-шы жылы жүз жылдығы
тойланған қазақ батырын, жазушысын атаңыздар.
А) Т. Бигельдинов В) Б. Момышұлы С) Т. Тоқтаров
12 сұрақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік
көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы
А) М. Мәметова В) Ә. Молдағұлова С) Х. Доспанова
13 сұрақ. Алаш партиясының көсемі, ұлт
зиялысы, қоғам қайраткері
А) А. Байтұрсынов В) М. Дулатов С) Ә. Бөкейханов
14 сұрақ. “Адамдық борышың” өлеңінің
авторын ата?
А) А.Құнанбаев В) С.Мәуленов С) Ш.Құдайбердиев
15 сұрақ. Қазақстан Республикасының “Білім
туралы” заңы қашан қабылданды?
А) 16 желтоқсан 1991 жыл В) 27 шілде 2007 жыл С) 20желтоқсан 1986 жыл
II тур “Көкпар”
Қазақстан тарихы
1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450
адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға
апарып соқтырды? (“Отырар опаты”)
2. Геральдика ғылымы нені зерттейді?
елтаңбаларды
3. Суретте бейнеленген жәдігер қай жерде
орналасқан? (Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде )
4. “Дарабоз” атанған батыр? Қабанбай
5. Қазақ елінің тұңғыш президенті Н. Ә.
Назарбаев қашан дүниеге келді?
(1940 жылы шілде айының 6-шы жұлдызында)
Математика
1. Жасы жүзге келген бір қария болыпты. Ол
өзінің туған күнін өмірінде тек 25 рет қана тойлаған екен. Бұл мүмкін бе? ( иә,
егер ол 29-шы ақпанда дүниеге келсе )
2. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым қалай
аталады? аксиома
3. “Ақын жанды болмасаңыз, математик те
бола алмайсыз” деп айтқан орыстың әйел математигі (С. Ковалевская )
4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан
нүктелер жиынтығы қалай аталады (шеңбер)
5. Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты
есе арттырғанда қандай сан шығады 999
Биология
1. Биология сөзіне анықтама беріңіз?
(“Биос” – тіршілік, “логос” – ғылым )
2. Тұңғыш рет ана тілімізде жаратылыстану
ғылымы бойынша оқу құралдарын жазған ғалым. Ол кісінің “Жануарлар” кітабы 1922
жылы Ташкентте басылып шықты? (Халел Досмұхаммедов )
3. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші
шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма )
4. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының
жұқа кесіндісін микроскоппен қараған ағылшын ғалымы кім? (Роберт Гук )
5. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге
бөлінеді? (Кіндік тамыр және шашақ тамыр )
Қазақ тілі
1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар
қалай бөлінеді? (Ашық және қысаң )
2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын
сөздер жиынтығы қалай аталады? (Диалект сөздер )
3. Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі
сөздер қалай аталады? (Омоним сөздер)
4. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін
ғылым саласы қалай аталады? (СИНТАКСИС )
5. “Қазақ” газетінің негізін салушы,
ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
География
1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай
аталады? ( Хан Тәңірі )
2. Австралия аборигендерінің имек ағаш
түріндегі қаруы қалай аталады? (бумеранг )
3. Қашқарияға экспедициялық сапармен
барған қазақтың тұңғыш географы? (Ш. Уәлиханов)
4. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады?
(Гренландия)
5. “Тұманды Альбион ” атауы қай елге
қатысты айтылады? (Ұлыбритания )
Қазақ әдебиеті
1. “Ер Төстік” ертегісіндегі бас
кейіпкердің тұлпарының аты қандай? (Шалқұйрық )
2. “Көшпенділер” тарихи трилогиясының
авторы (І. Есенберлин )
3. Қазақ халқының ұлы жыршысы, ақыны.
Қазіргі Тараз қаласы кеңестік дәуірде осы кісінің есімімен аталған? ( Жамбыл
Жабаев)
4. “Мен қазақпын” поэмасының авторы кім?
(Ж. Молдағалиев )
5. Көп жылдар бойы “Балдырған” журналын
басқарған жерлесіміз, балалар ақын (М. Әлімбаев )
ІІІ тур “Бәйге”
Ғылым 10 20 30 40
Тұлға 10 20 30 40
Спорт 10 20 30 40
“Ғылым”
10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап
тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )
20. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған
биология ғылымының саласы. (экология)
30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым
саласы қалай аталады? (космонавтика )
40. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер
арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )
“Тұлға”
10. Парсы патшасы Кирді жеңген сақ
патшайымы. (Томирис )
20. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш
ғарышкер, ҚР-ның Халық Қаһарманы
(Т. О. Әубәкіров )
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш
президенті, жерлес ғалым. (Қ. И. Сәтбаев )
40. Әйгілі шығыстанушы ғалым, Ш.
Уәлихановтың досы. (Г. Н. Потанин)
“Спорт”
10. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі
қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион)
20. 2004 жылы Афины қаласында өткен
олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )
30. 2011 жылы Алматы-Астана қалаларында
қандай спорт ойындары өтті? (қысқы Азия ойындары)
40. 2000-шы жылы Сидней олимпиадасынан
жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы. ( Б.
Саттарханов )
ІV тур “Мен елімнің болашағымын”
(өз ойын қорытып айту)
Тәрбие сағатынң өте
шеберлдікпен жасалған презентациясын көшіріп алыңыз. XXI ғасыр көшбасшысы.
“Егемен елге-білімді ұрпақ”. (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)
Күн менен түн
теңелді,
Жер
шуаққа кенелді.
Соны
тойлап ел енді,
Наурыз тойы – салтымыз.
«Көгерсін» деп халқымыз,
Жарқырап тұр күйіміз.
Өліара
шақ бұл –
Өзегі барлар сүрінбек,
Жадырар қарттар жас күнін еске ап «шіркін» деп,
Наурыз көженің мәйегі аңқып ауада,
Қайнаса қазан бүлкілдеп.
Биылғы наурыз…
Райы жақсы ырымға.
Қоңырау тақтық құлдыраңдаған құлынға.
Қазақы үйде қауқылдасып кәрі – жас,
Сары ала сүрдің исі келіп мұрынға.
Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол,
жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шарттары, талаптары баршылық. Соның бірі
Ұлыстың ұлы күні Наурызнамада дайындалатын «Наурыз көже» асы. Наурыз көженің
мәні – жаңа жылда татулық, молшылық, мәнді, сәнді өмір болсын деген
ырымдардан, тілектерден туған. Бүгін міне, ақ түйенің қарны жарылған күн.
Жеті түрлі тағамнан; қойдың басы, сүр ет, бидай, сүт, езілген құрт, тұз, жуа
қосып әзірленген әжеміздің «Наурыз көжесінен» дәм татайық.
Жеп – ішсін деп тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып.
Наурыз көже пісірдім,
Тойға
қазан түсірдім.
Бал көжеден татыңыз,
Көктем – Наурыз тойында.
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Жүргізуші: Салеметсіз бе, құрметті ата — аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі наурыз мейрамына арналған 14 — Наурыз көрісу Амал мерекесі атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша — Жаңа жыл және Күн — Түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды
Мал біткеннің бал татыған уызы
Қуат болып қанымызғы тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
Олай болса сыныбымыздың күйші қызы Торебаева Гулнарды ортамызға шақырамыз «Өмір жолы»
Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтары:
Қалдыбек, Лаззат, Айжан.
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй, демекші
Контуаров Атаниязды «Мереке» әнімен ортаға шақырамыз.
Би: «Қара жорға»
Ән: Ықлас Аслан «Ана — әке»
Көрініс: Амал кейбір түсіндірмелерге қарағанда “тоқты” немесе “тоқтының басы” болмаса “қой басының қасқасы” дегенді білдіретін, Тоқты шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдыз болып табылады. Арабша “хамәл” – қозы деген сөз. Бұл сөзге ежелгі түркі танымы бойынша қарасақ, ха+мал: “мал” сөзі ұсақ, уақ дегенді білдіреді, яғни бүгінгі қазақша “мал” сөзінің семантикалық мәні о баста “ұсақ мал” екенін ұқтырып тұр. Шамасы, бұл араб тіліне енген ежелгі түркі сөзі болар.
— Ата, бір жасыңызбен!
— Бар бол, қарағым… Айналайын…
14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
— Айткүл әжелерге көрістің бе, балам?
— Иә, әже, көрістім. Төлен атамдарға да кірдім.
— Жиенғали жезделерің де осы жаңа көрісіп шықты. Соларға бара ғой, құлыным. Түс болып қалды, үш үйдің есігін ашуға үлгермей қаларсың…
— Пәлі, әлгі Төлен кіріп шықпады. Жолым кіші демейді бұлар.
— Жә, бүгін келмесе, абыр — сабыр боп үлгермеген шығар, ертең кіріп көрісер…
Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден — бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре — сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы — 22 наурыз мерекесін қарсы алады..
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Жүргізуші:
Би: қыздар «Қазақ биі»
Өлең шумақтар: Ғани, Айжан, Жақсылық, Жәнібек Ән: Айдарбекұлы Абдулла
Би: Вальс қыздар мен ұлдар.
Ән: Ауезов Нұржан «Әке»
Хор: қыздар «Қазақы дастархан»
Осымен құрметті қонақтар! Бүгінгі амал мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет Сау болыңыздар!
Тақырыбы: Амал келді – Жыл келді
Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп
– Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бір жасыңыз құтты болсын! Бәріміздің асыға күткен Амал да мерекеміз де келіп жетті. Бүгінгі 1 сыныбының дайындаған «Амал келді, жыл келді» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір – бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе – реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
«Вальс» биін билеумен тамсандырған.
Би: 1 сыныбының қыздарының орындауында би «Сағым дала»
Жиналған жұрт: Анау жерде жүрген кім? Бұл Қожанасыр емес пе? Ау, Қожеке мында келіңіз, мында келіңіз.
Ортаға Қожанасыр келіп:
Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нәрсенің жайы, білесіңдер ме?
– Жооқ, білмейміз
– білмесеңдер, білмейтін нәрселерің жайынан қалай сөйлеймін?- деп тағы кетіп қалады.
– Енді Қожеке сұрағанда білеміз дейік – деп келіседі
– Жамағат, мен не жайында сөйлемекпін, білесіңдер ме?
– Білеміз, білеміз – деп шулайды.
– Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын – деп тағы кетіп қалады.
– Енді Қожеке сұрай қалса, білетініміз де бар, білмейтініз де бар деп айтайық – деп келіседі
– Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын білесіңдер ме?
– Білетініміз де бар, білмейтініз де бар – деп шулайды.
– Олай болса, білетіндерің білмейтіндерге үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін – деп мінбеден түсіп кетеді.
Ой мынауың не деп кетті? Нені білуіміз керек? Нені білмейміз?
Ау ағайын, бүгін амал мерекесі емес пе? Бүгін көрісу ғой. Ендеше көрісейік.
Жүргізуші:
14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір – бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат – шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.
Қарашаш (Жансая):
Уа, халайық! Бүгін үлкен мереке, үлкен той! Ата – бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ. қорада қой қоздап, түйе боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін жайдарман шақ.
«Той» әнімен Келдіхан Шарапатты ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
Бұл күні үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін кез.
Ал, халайық! Енді осы мерекемізге ата – салтымыз бойынша ортамызға Қыдыр бабамызды шақырайық. Қыдыр баба баршамызға тілек тілеп, оң батасын берсін!
Қыдыр баба:
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Бетін сипап, бата береді. Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады)
Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай, амал мерекесін өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рақмет. Ал енді қандай қызықтарың бар?
Қарашаш (Жансая):
Қыдыр баба, мүмкін біздің балалар «Наурыз жырын» білетін шығар. Сұрап көрейік. Қане кім дайын?
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн – көктем
Жарығыңмен шуағыңмен күн ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем
Күлімдер дүние ойнарсың,
Күрең тайың ат болып,
Бәйгеге қоссаң, келерсің
Жұрттан жеке тақ болып.
«Сақтай гөр», – деп терістен
«Кел, таза бақ, кел!»- десіп.
«Ием, тілек бер!» – десіп,
Шалдар бата беріскен.
Қыдыр баба:
Ой рақмет, айналайындар! Өркендерің өссін!
Қарашаш (Жансая):
Ал, Қызыр баба, енді өзіңіздің жолыңызды қуған тағы бір өнерлі өреніңіздің жыр – батасын тыңдап көріңіз.
Нұртаң жыршы:
Уа, құдайым, оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Аруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Атамекен тазарып
Асығы түссін алшыдан.
Құт – береке кетпесін
Диқаншы мен малшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле – жала қазақты
Іздесе де, таппасын!
Қоянбайқызы Диананың орындауында «Наурыз көктем» әні. Қошеметтеп ортаға шақырайық!
Құшақтасып, көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыстың ұлы күнінде
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
Бәйбіше шығар балпиып,
Күндігі баста қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Шашбаулары төгіліп.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай – салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
Қыдыр баба:
Ой рақмет, айналайындар! Өркендерің өссін!
1 «Ә» сынып оқушыларының орындауында топтықби «Туған жер»
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп.
Бір жастарың құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Осымен 1 «Ә» сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағаты да өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
14 наурыз көрісу мейрамы амал мерекесі амал келді жыл келді көрісу күні
© Дереккөзі
Амал
келді, жыл келді.
(қызметкерлерге
арналған концерттік бағдарлама)
1. Құрманғазының
күйі «Сарыарқа».Орындайтын Мақсат-Мұрат,
Нұрсұлтан.
Айбек:
—
Ау,
аман ба, жарандар,
Алтын
таңға қараңдар.
Ерте
жайнап атты таң
Естіліп тұр
шаттық ән.
Жаңылсын:
—
Арайы
бар даланың
Амансың
ба, жаңа күн,
Сәлем
халқым, тірегім
Сіздермен
бір жүрегім.
Орындалды
ойларың
Құтты болсын
тойларың.
Айбек:
—
Құрметті
халайық! Таудай қариялар – аталар, ақ жаулықты аналар,
ел тірегі ер мінезді ағалар, кең пейілді ақ жарқын
жеңгелер!
Жаңылсын:
—
Аға
артынан қалыспай өрге өрлеген, ертеңіміздің
тірегі інілер, күлімкөз жайсаң мінез апа-сіңлілер!
Айбек-Жаңылсын
/бірге/
—
Ұлыстың
Ұлы күні құтты болсын!
Айбек:
—
Көңілдеріңізге
шат мереке,
Жаңылсын:
—
Үйлеріңізге
бақ береке,
Айбек:
—
Бастарыңызға
денсаулық
Қораларыңызға
он саулық берсін.
Жаңылсын:
—
Қыдыр
баба қолдаушыңыз болсын,
Ұл-қыздан сейір
шапағат берсін.
Айбек:
—
Жаңа
жылды әр халық әр уақытта өзінің
салт-дәстүріне байланысты қарсы алады екен. Ендеше,
Жаңылсын, осында жиналған жұртты Наурыз мерекесінің шығу
тарихымен қысқаша таныстырып өтейік.
Жаңылсын:
—
Әрине,
Айбек. Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз
мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі
халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында
бағзы замандардан бері орын алған.
Наурыз
– ежелгі, мәдениеті дамыған елдің бірі Парсының «нау»-
жаңа, «руз» — күн,
яғни жаңа күн деген сөзінен шыққан.
Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-нші
жұлдызына сәйкес келеді. Қазақ елі осы күнді
«Ұлыстың ұлы күні – Ұлы күн» деп
атаған.
Айбек:
—
Ал Қазақстанның батыс аймақтарында,Каспий
жағалауын мекендеген қазақтар Наурызды ескіше хамалдың
1-і,қазіргіше 14-наурыздан бастап тойлайтын ежелгі дәстүр
бар.
Елімізде
қалыптасқан дәстүр бойынша Ұлыс таңын,
Жаңа күнді халқымыз көрісумен бастаған. Адамдар
бір-біріне ақ тілегін білдірген.
Жаңылсын:
—
Наурыз – шат-шадыманды ойын-сауық, той басы. Бұл
күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп,
көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда жағымсыз
әдеттерге тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес,
түрлі ойындар, ән, өлеңдер,наурыз жырлары айтылады.
Әркім үлкендерден бата тілейді.
Айбек:
—
Қыз-жігіттер жиналып бас қосып «ұйқыашар»
әзірлейді. Ол тәтті ет, уыз сияқты дәмді
тағамдардан жасалады.
Бұл күні қарттар да естен шықпайды.
Оларға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел
көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.
Бұлардың соңы келер күн «наурыз көжеге»
жалғасады.
Наурыз
көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық
тағлымы өте зор. Ол барлық адамдарды
жомарттықққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа,
татулыққа, бірлікке шақырады.
Жаңылсын:
—
Күн
мен айға әлемнің
Берем
ыстық сәлемін.
Қарттарыма
сүйініп,
Сәлем берем иіліп.
Айбек:
—
Орындалды
ойларың,
Құтты
болсын тойларың.
Жарқыраған
жас нұрлы
Жаса,
Наурыз дәстүрі.
Береке
– бірлік болсын деп
Көп
көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
/Ортаға кимешек киген
әжелер келін,немерелерімен шығады (қызметкерлер)/
1-ші әжей:
—
Ау,
аталар, аналар,
Айналайын
балалар,
Жеп-ішсін
деп тамсанып
Жеті
түрлі дәм салып
Наурыз
көже пісірдім
Тойға қазан
түсірдім.
2-ші әжей:
—
Құйдым
алтын табаққа
Бал
көжеден татыңдар,
Бар
қызыққа батыңдар
Көжеге
жас кәріңді
Шақырамын
бәріңді!
/ «Наурыз айы келгенде» әні
жіберіледі. Келіндер мен қыздар «Наурыз көжені» келген
қонақтарға ұсынады/
1. Д.Нұрпейсованың
күйі «Әсем қоңыр».Орындайтын Нұрсұлтан.
2. Түркештің күйі
«Көңілашар».Орындайтын Мақсат-Мұрат.
Жаңылсын:
—
Осындай
той қазақта бола берсін,
Көңілдерге
жақсылық тола берсін.
Айбек:
—
Аралаған
бақ, береке, молшылық,
Қадір
дарып, құт қонғайсың халқыма – дей келе
Ұлыстың ұлы күні – ақ тілеу,ақ ниет
тілейтін күн.
Олай
болса дана көз қарияларымыздың ақ батасын алайық.
/Тілек,
батаға кезек беріледі/
Тақырыбы: 14 – наурыз көрісу Амал мерекесі
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Жүргізуші: Салеметсіз бе, құрметті ата — аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі наурыз мейрамына арналған 14 — Наурыз көрісу Амал мерекесі атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша — Жаңа жыл және Күн — Түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды
Мал біткеннің бал татыған уызы
Қуат болып қанымызғы тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
Олай болса сыныбымыздың күйші қызы Торебаева Гулнарды ортамызға шақырамыз «Өмір жолы»
Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтары:
Қалдыбек, Лаззат, Айжан.
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй, демекші
Контуаров Атаниязды «Мереке» әнімен ортаға шақырамыз.
Би: «Қара жорға»
Ән: Ықлас Аслан «Ана — әке»
Көрініс: Амал кейбір түсіндірмелерге қарағанда “тоқты” немесе “тоқтының басы” болмаса “қой басының қасқасы” дегенді білдіретін, Тоқты шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдыз болып табылады. Арабша “хамәл” – қозы деген сөз. Бұл сөзге ежелгі түркі танымы бойынша қарасақ, ха+мал: “мал” сөзі ұсақ, уақ дегенді білдіреді, яғни бүгінгі қазақша “мал” сөзінің семантикалық мәні о баста “ұсақ мал” екенін ұқтырып тұр. Шамасы, бұл араб тіліне енген ежелгі түркі сөзі болар.
— Ата, бір жасыңызбен!
— Бар бол, қарағым… Айналайын…
14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
— Айткүл әжелерге көрістің бе, балам?
— Иә, әже, көрістім. Төлен атамдарға да кірдім.
— Жиенғали жезделерің де осы жаңа көрісіп шықты. Соларға бара ғой, құлыным. Түс болып қалды, үш үйдің есігін ашуға үлгермей қаларсың…
— Пәлі, әлгі Төлен кіріп шықпады. Жолым кіші демейді бұлар.
— Жә, бүгін келмесе, абыр — сабыр боп үлгермеген шығар, ертең кіріп көрісер…
Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден — бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре — сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы — 22 наурыз мерекесін қарсы алады..
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Жүргізуші:
Би: қыздар «Қазақ биі»
Өлең шумақтар: Ғани, Айжан, Жақсылық, Жәнібек Ән: Айдарбекұлы Абдулла
Би: Вальс қыздар мен ұлдар.
Ән: Ауезов Нұржан «Әке»
Хор: қыздар «Қазақы дастархан»
Осымен құрметті қонақтар! Бүгінгі амал мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет Сау болыңыздар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№11 орта мектептің география пәні мұғалімі
Толегенова Жазира Кенжекуловна
-Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» — атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Просмотр содержимого документа
«Аналар мерекесіне арналған мерекелік сценарийі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»»
16.03.2018
Амал мерекесі 14 – наурыз көрісу
Тақырыбы: 14 – наурыз көрісу Амал мерекесі
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің
ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа
баулу.
Жүргізуші: Салеметсіз бе, құрметті ата — аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
наурыз мейрамына арналған 14 — Наурыз көрісу Амал мерекесі атты ашық тәрбие
сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі
қазақша — Жаңа жыл және Күн — Түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми
мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген
жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22
наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз
өңірін қамтыған еді.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды
Мал біткеннің бал татыған уызы
Қуат болып қанымызғы тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
Олай болса сыныбымыздың күйші қызы Тамараны ортамызға шақырамыз «Өмір
жолы»
Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтары:
Дима, Саша,Павел
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй, демекші
Каринаны «Мереке» әнімен ортаға шақырамыз.
Би: «Қара жорға»
Ән: Ксюша «Ана — әке»
Көрініс: Амал кейбір түсіндірмелерге қарағанда “тоқты” немесе “тоқтының басы”
болмаса “қой басының қасқасы” дегенді білдіретін, Тоқты шоқжұлдызындағы ең
жарық жұлдыз болып табылады. Арабша “хамәл” – қозы деген сөз. Бұл сөзге ежелгі түркі
танымы бойынша қарасақ, ха+мал: “мал” сөзі ұсақ, уақ дегенді білдіреді, яғни
бүгінгі қазақша “мал” сөзінің семантикалық мәні о баста “ұсақ мал” екенін
ұқтырып тұр. Шамасы, бұл араб тіліне енген ежелгі түркі сөзі болар.
— Ата, бір жасыңызбен!
— Бар бол, қарағым… Айналайын…
14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына
қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін
асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды.
Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп
қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір –
біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен
жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі.
Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті
түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп,
көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін,
дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен
туған.
— Айткүл әжелерге көрістің бе, балам?
— Иә, әже, көрістім. Төлен атамдарға да кірдім.
— Жиенғали жезделерің де осы жаңа көрісіп шықты. Соларға бара ғой, құлыным. Түс
болып қалды, үш үйдің есігін ашуға үлгермей қаларсың…
— Пәлі, әлгі Төлен кіріп шықпады. Жолым кіші демейді бұлар.
— Жә, бүгін келмесе, абыр — сабыр боп үлгермеген шығар, ертең кіріп көрісер…
Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын
жергілікті халық сағына күтетін бірден — бір салт болып отыр. Бұл күні
бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп
болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде
ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан
кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре — сәре
болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы — 22 наурыз мерекесін қарсы алады..
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Жүргізуші:
Осымен құрметті қонақтар! Бүгінгі амал мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз
аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет Сау болыңыздар!
Тақырыбы: «Мерекеңмен, анашым!»
Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруы,құлпыруын балаларға жеткізу.
Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар! Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер. Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз – күнімен құттықтаймыз. Әр қашан дендеріңіз сау, көңіліңіз жайдарлы бола берсін!
Жүргізуші: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар!
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Әлпештеген,аялаған,
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жолдап бүгін саған
Мерекеңсен құттықтаймын
Ән: «Анашым»
Арнұр
Әжемізді ардақтап, Әдеппен бас иеміз. Рома:
Біздің үйдің жылуы, Анамыздан тарайды.
Жүргізуші: Балалар қазір жылдың көктем мезгілі. Көктем мезгілінде күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді, ағаштар бүр жарады. Сонымен қатар, табиғат шаттанып, малдар төлдеп,тіршілік жанарып қалады.
Әдемі әуен ойнайды.
Жүргізуші: Біздің мерекеге қонақ келе жатқан сияқты, кім екен?
Залға көктем келеді.
Жүргізуші: Сәламат па ару көктем!
Сені асыға күттік көптен.
Жер-анамыз бір бусанды,
Күн де нұрын төгіп кеткен.
Ару көктем: Сәлем,сәлем,балақайлар! Мен ару көктеммін,өзімен бірге күннің жылуын, қызғалдақтын жұпар иісін,шуақты ала келдім. Қыздарды, аналарды,әжелерді және апайларды мерекемен құттықтауға келдім!
Валерия:
Анам менің «Күнім» дейді
Мен қуансам күлімдейді.
Зариф:
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
Ойын: «Бәйшешектерді жина»
Балалардың орындауында «би» қабыл алыңыздар!
Сырт жақтан Мама-мама деген ұн шығады.
Жүргізуші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?
Залға қоян кіреді.
Қоян: Мама,мама ! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын?
Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын, мен бәрін алдаймын. Әй, қоян сен неге жылайсын?
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай?
Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен де әдемі.
Нанбасаң қара! (артына қарайды мамасы жоқ) Ой менің мамам қайда?( басын ұстайды) Мен мамамды жоғалттым.
Екеуі жылайды.
Аю келеді: Бұл не шу ұйқымнан ояттыңдар ғой.
Екеуі: Біз мамамыздан адастық.
Аю: Мамаларын қандай еді?
Екеуі: Сұп- сұлу, әп-әдемі!
Аю: Өтірік айтпаңдар, менің мамам әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі»- деп үшеуі дауласады.
Осы кезде ақ Көгершін ұшып келеді.
Көгершін: Бұл не айқай-шу? Сендер мында екенсіңдер ғой! Сендерді мамаларын іздеп жатыр.
Аңдар: Рахмет, Көгершін! Біз мамаларымызға кеттік, алақай!
Көгершін: Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдаңдар. Әйтпесе жоғалтып аласыңдар.
Барлығы шығып кетеді.
Жүргізуші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай, мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай бала жоқ. Сендердің әжелеріне де айтанын тілектерің бар шығар.
Әлдайыр:
Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем апамды.
Айсәуле:
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы көрем әжемді.
Ән: «Мама»
Би: «Вальс»
Жүргізуші: Рахмет Сізге, Ару көктем!
Осы күнде бар бала
Тағатсыз – ақ күткенді,
Сыйлықтарын сіздерге
Сыйлайтұғын сәт келді
Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.
Жұргізуші: Құрметті әжелер мен аналар!Сіздерді көктемнің шуақты күнімен бірге келген төр мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дүниеде ананың ыстық алақанынан артық еш нәрсе жоқ.
Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
Ешқашан да қимаған.
Аман болсын аналар!- дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет!
Просмотр содержимого документа
«Мерекеңмен анашым! сценарий»
«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: жүргізуші, клоун
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, 2 тегене, ұзын жіп, кір қысқыш.
• Ойындар:
1. Гүлді жина эстафетасы
2. Ананың даусын тану
3. Кір жуу
Ертеңгіліктің барысы:
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» — атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Хормен
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Ильяс:
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Мерекелі осы күн!
Сәлеметсің бе Алтын күн!
Сәлеметсің бе Жер ана!
Сәлеметсің бе көк аспан!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Дария:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
Елнұр:
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем.
Жания:
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Жахангир:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Балнұр:
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап,
гүл атты!
Данара:
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Несібелі:
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап- күлем!
Дария:
Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде,
шын сағынып қаласың.
Айбота:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Ән «Айналайын, ақ мамам!» (отырады)
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
( балалардың қолынан ұстап амандасады).
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
(Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді).
(Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
Дария:
Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік
Қане енді бұралып
Би билеп те берейік
(Гүлдермен би билейді)
Сайқымазақ: Қандай жақсы би. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.
Сайқымазақ:
Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар. Қазір бізге Ильяс қыздарға арнап ән айтып береді.
Ильяс «Бағала» әнін айтады.
Сайқымазақ: Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану.
Ойын «Ананы дауысынан тану»
Жүргізуші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің.
Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
Балалар: Иә.
Сайқымазақ: Ал, қазір маған 2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар аналарына қалай көмектеседі екен, соны көрейік.
«Кір жуу» ойыны
Ойын шарты: мамасы кірді жуады, ал баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.
Фокустар:
Саусақпен. Саусақты жұтып алады. .
Гүлмен. Бір гүлді каробкаға салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.
Жүргізуші: сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады.
Сайқымазақ: Фокус, мокус. (Каробканың ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.
Балаларға кәмпиттер таратылады.
Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!