«Амал
келді, Жыл келді!» атты мерекелік концертінің сценарийі
Хабарлаусыз: «Мерекелік күй»
Жүргізуші:
Тыңдағандарыңыз Бауыржан
Көбенғалиевтің «Мерекелік күй» шығармасы. Орындаған «Жетібай сазы» фольклорлық
ансамблі
Жүргізуші:
Амал – жыл
басы. Наурыздың 14 – і күні есік ашатын бұл мерекенің тәрбиелік мәні зор. Әр
айдың 14 де жаңа ай туады, яғни қазіргі күнтізбемен қарағанда наурыз айы шын
мәнінде дәл бүгін кіріп жатыр. Ендеше жылдың басын Наурыздан бастап санайтын
қазақ үшін бүгін ұлы күн деп айтуға әбден болар.
Жақындатып өткенге, кеткенге енді,
Көктем келді балбырап, көктем келді.
Суық сорған жаныма шуақ құйған, Осы
еді ғой күткенім көптен бері.
Күй: «Адай» Орындайтын:
Ән:«Наурыз»
Орындайтын:
Жүргізуші:
Дәл осы
Амал мерекесін салт – дәстүрдің ажырамас бөлігіне, тәрбиелік құндылығына
айналдыра білген Маңғыстау өлкесінде мерекелік леп әрбір үйден сезіледі, әрбір
жылы қабақтан білінеді, кәрі – жас демей қол алысып, төс соғыстырып жатқан
жұртшылықтың жүректері елжіреп, ерекше күйге бөленеді. Күннің ғана емес,
адамзат көңілінің жыли түскенін бар жан дүниеңмен сезініп, бір марқайып
қаласың.
Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен,
« Сақтай гөр» деп терістен.
« Кел, таза бақ, кел» десіп,
Кел тілек бер десіп….
«Қазақ биі»
Орындайтын:
Ән: «Наурыз келді» Орындайтын:
«Ақтанның термесі» Орындайтын:
Жүргізуші: Көңілдің
мұзын жібітіп, бауырмалдықты арттырып, үлкендердің батасына бөленіп, айналаны
әсемдікке орайтын мұндай мерекені ұлықтайтын қазақ халқы бақытты. Бұл күні әр шаңырақ ақ
дастарханын жайып, кішілер үлкендерге, көршілерге, ағайын – туыс бір – біріне,
бала – шағалар әр үйге кіріп көрісіп құттықтап шығады.
Қазағым, наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір алла иіп тұрсын.
«Наурыз» биі
Орындайтын:
Ән: «Көктем»
Орындайтын:
Жүргізуші:
Бауырласқан тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
«Амал келді, жыл келді» көрінісі
Жүргізуші:
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
Ән: Орындайтын:
Жүргізуші: Көрісу дәстүрі – ел ішінде
бұл күн халықтық мереке есебінде ешқашан үзіліп көрген емес. Амал туды жыл
келді, – деп қуанған ата – бабаларымыз ағайын – жұрттың амандығын біліп, бір – бірімен
көрісуге асыққан. Наурыз айының 21 – жұлдызында күн мен түн теңеліп жыл
жаңарса, ал 14 наурыз күні жаңа ай туады. Сондықтан бұл күн – Амал мерекесі
Наурыз мейрамының беташары болып есептеледі.
Ән: Орындайтын:
Жүргізуші: Барлықтарыңызға
осы мереке жұғысты болып, дәстүрді дәріптеу кең етек алсын! Жыл құтты болып,
жақсылық, ырыс, несібесін ала келсін, келесі Амалға аман – есен жетуді нәсіп
еткей! Ескі
жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!
Тақырыбы: Амал келді – Жыл келді
Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп
— Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бір жасыңыз құтты болсын! Бәріміздің асыға күткен Амал да мерекеміз де келіп жетті. Бүгінгі 1 сыныбының дайындаған «Амал келді, жыл келді» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
14 наурыз — Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе — реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
«Вальс» биін билеумен тамсандырған.
Би: 1 сыныбының қыздарының орындауында би «Сағым дала»
Жиналған жұрт: Анау жерде жүрген кім? Бұл Қожанасыр емес пе? Ау, Қожеке мында келіңіз, мында келіңіз.
Ортаға Қожанасыр келіп:
Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нәрсенің жайы, білесіңдер ме?
— Жооқ, білмейміз
— білмесеңдер, білмейтін нәрселерің жайынан қалай сөйлеймін?- деп тағы кетіп қалады.
— Енді Қожеке сұрағанда білеміз дейік — деп келіседі
— Жамағат, мен не жайында сөйлемекпін, білесіңдер ме?
— Білеміз, білеміз — деп шулайды.
— Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын — деп тағы кетіп қалады.
— Енді Қожеке сұрай қалса, білетініміз де бар, білмейтініз де бар деп айтайық — деп келіседі
— Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын білесіңдер ме?
— Білетініміз де бар, білмейтініз де бар — деп шулайды.
— Олай болса, білетіндерің білмейтіндерге үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін — деп мінбеден түсіп кетеді.
Ой мынауың не деп кетті? Нені білуіміз керек? Нені білмейміз?
Ау ағайын, бүгін амал мерекесі емес пе? Бүгін көрісу ғой. Ендеше көрісейік.
Жүргізуші:
14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат — шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.
Қарашаш (Жансая):
Уа, халайық! Бүгін үлкен мереке, үлкен той! Ата — бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ. қорада қой қоздап, түйе боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін жайдарман шақ.
«Той» әнімен Келдіхан Шарапатты ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
Бұл күні үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін кез.
Ал, халайық! Енді осы мерекемізге ата — салтымыз бойынша ортамызға Қыдыр бабамызды шақырайық. Қыдыр баба баршамызға тілек тілеп, оң батасын берсін!
Қыдыр баба:
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы — уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Бетін сипап, бата береді. Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады)
Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай, амал мерекесін өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рақмет. Ал енді қандай қызықтарың бар?
Қарашаш (Жансая):
Қыдыр баба, мүмкін біздің балалар «Наурыз жырын» білетін шығар. Сұрап көрейік. Қане кім дайын?
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн — көктем
Жарығыңмен шуағыңмен күн ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем
Күлімдер дүние ойнарсың,
Күрең тайың ат болып,
Бәйгеге қоссаң, келерсің
Жұрттан жеке тақ болып.
«Сақтай гөр», — деп терістен
«Кел, таза бақ, кел!»- десіп.
«Ием, тілек бер!» — десіп,
Шалдар бата беріскен.
Қыдыр баба:
Ой рақмет, айналайындар! Өркендерің өссін!
Қарашаш (Жансая):
Ал, Қызыр баба, енді өзіңіздің жолыңызды қуған тағы бір өнерлі өреніңіздің жыр — батасын тыңдап көріңіз.
Нұртаң жыршы:
Уа, құдайым, оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Аруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Атамекен тазарып
Асығы түссін алшыдан.
Құт — береке кетпесін
Диқаншы мен малшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле — жала қазақты
Іздесе де, таппасын!
Қоянбайқызы Диананың орындауында «Наурыз көктем» әні. Қошеметтеп ортаға шақырайық!
Құшақтасып, көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыстың ұлы күнінде
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
Бәйбіше шығар балпиып,
Күндігі баста қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Шашбаулары төгіліп.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай — салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
Қыдыр баба:
Ой рақмет, айналайындар! Өркендерің өссін!
1 «Ә» сынып оқушыларының орындауында топтықби «Туған жер»
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп.
Бір жастарың құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Осымен 1 «Ә» сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағаты да өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Жүргізуші: Салеметсіз бе, құрметті ата — аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі наурыз мейрамына арналған 14 — Наурыз көрісу Амал мерекесі атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша — Жаңа жыл және Күн — Түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды
Мал біткеннің бал татыған уызы
Қуат болып қанымызғы тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
Олай болса сыныбымыздың күйші қызы Торебаева Гулнарды ортамызға шақырамыз «Өмір жолы»
Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтары:
Қалдыбек, Лаззат, Айжан.
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй, демекші
Контуаров Атаниязды «Мереке» әнімен ортаға шақырамыз.
Би: «Қара жорға»
Ән: Ықлас Аслан «Ана — әке»
Көрініс: Амал кейбір түсіндірмелерге қарағанда “тоқты” немесе “тоқтының басы” болмаса “қой басының қасқасы” дегенді білдіретін, Тоқты шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдыз болып табылады. Арабша “хамәл” – қозы деген сөз. Бұл сөзге ежелгі түркі танымы бойынша қарасақ, ха+мал: “мал” сөзі ұсақ, уақ дегенді білдіреді, яғни бүгінгі қазақша “мал” сөзінің семантикалық мәні о баста “ұсақ мал” екенін ұқтырып тұр. Шамасы, бұл араб тіліне енген ежелгі түркі сөзі болар.
— Ата, бір жасыңызбен!
— Бар бол, қарағым… Айналайын…
14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
— Айткүл әжелерге көрістің бе, балам?
— Иә, әже, көрістім. Төлен атамдарға да кірдім.
— Жиенғали жезделерің де осы жаңа көрісіп шықты. Соларға бара ғой, құлыным. Түс болып қалды, үш үйдің есігін ашуға үлгермей қаларсың…
— Пәлі, әлгі Төлен кіріп шықпады. Жолым кіші демейді бұлар.
— Жә, бүгін келмесе, абыр — сабыр боп үлгермеген шығар, ертең кіріп көрісер…
Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден — бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре — сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы — 22 наурыз мерекесін қарсы алады..
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Жүргізуші:
Би: қыздар «Қазақ биі»
Өлең шумақтар: Ғани, Айжан, Жақсылық, Жәнібек Ән: Айдарбекұлы Абдулла
Би: Вальс қыздар мен ұлдар.
Ән: Ауезов Нұржан «Әке»
Хор: қыздар «Қазақы дастархан»
Осымен құрметті қонақтар! Бүгінгі амал мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет Сау болыңыздар!
Ашық сабақтар- SauleErm
- 06.06.2017
- 0
- 1
- 15214
Тақырыбы: Амал келді – Жыл келді
Мақсаты: Амал мерекесі, көрісу туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: Бір жастарың құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп
— Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бір жасыңыз құтты болсын! Бәріміздің асыға күткен Амал да мерекеміз де келіп жетті. Бүгінгі 1 «ә» сыныбының дайындаған «Амал келді, жыл келді» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
- 14 наурыз — Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
«Вальс» биін билеумен тамсандырған.
Би: 1 «Ә» сыныбының қыздарының орындауында би «Сағым дала»
Жиналған жұрт: Анау жерде жүрген кім? Бұл Қожанасыр емес пе? Ау, Қожеке мында келіңіз, мында келіңіз.
Ортаға Қожанасыр келіп:
- Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нәрсенің жайы, білесіңдер ме?
- : Жооқ, білмейміз
- : білмесеңдер, білмейтін нәрселерің жайынан қалай сөйлеймін?- деп тағы кетіп қалады.
- : Енді Қожеке сұрағанда білеміз дейік- деп келіседі
- : Жамағат, мен жайында сөйлемекпін, білесіңдер ме?
- : Білеміз, білеміз- деп шулайды.
- : Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын -деп тағы кетіп қалады.
- : Енді Қожеке сұрай қалса, білетініміз де бар, білмейтініз де бар деп айтайық- деп келіседі
- : Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын білесіңдер ме?
- : Білетініміз де бар, білмейтініз де бар — деп шулайды.
- : Олай болса, білетіндерің білмейтіндерге үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін- деп кетіп қалады.
- Ой мынауың не деп кетті? Ненібілуіміз керек? Нені білмейміз?
- ау ағайын бүгін амал мерекесі емес пе? Бүгін көрісу ғой. Ендеше көрісейік.
Жүргізуші:
- 14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі.Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат-шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.
Қарашаш (Жансая):
- Уа, халайық! Бүгін үлкен мереке, үлкен той! Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ.қорада қой қоздап, түйе боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін жайдарман шақ.
- : «Той» әнімен Келдіхан Шарапатты ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
- :
- Бұл күні үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін кез.
Ал, халайық! Енді осы мерекемізге ата-салтымыз бойынша ортамызға Қыдыр бабамызды шақырайық. Қыдыр баба баршамызға тілек тілеп, оң батасын берсін!
Қыдыр баба:
- Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле –жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Бетін сипап, бата береді. Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады)
- Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай, амал мерекесін өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рақмет. Ал енді қандай қызықтарың бар?
Қарашаш (Жансая):
- Қыдыр баба, мүмкін біздің балалар «Наурыз жырын» білетін шығар. Сұрап көрейік. Қане кім дайын?
- :
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн- көктем
Жарығыңмен шуағыңмен күн ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем
- :
- Күлімдер дүние ойнарсың,
Күрең тайың ат болып,
Бәйгеге қоссаң, келерсің
Жұрттан жеке тақ болып.
- :
- «Сақтай гөр», — деп терістен
«Кел, таза бақ, кел! »- десіп.
«Ием, тілек бер!» — десіп,
Шалдар бата беріскен.
Қыдыр баба:
- Ой рақмет, айналайындар! Өркендерің өссін!
Қарашаш (Жансая):
- Ал, Қызыр баба, енді өзіңіздің жолыңызды қуған тағы бір өнерлі өреніңіздің жыр-батасын тыңдап көріңіз.
Нұртаң жыршы:
- Уа, құдайым, оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Аруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Атамекен тазарып
Асығы түссін алшыдан.
Құт-береке кетпесін
Диқаншы мен малшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты
Іздесе де, таппасын!
- :
Қоянбайқызы Диананың орындауында «Наурыз көктем» әні. Қошеметтеп ортаға шақырайық!
- :
Құшақтасып, көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
- :
- Ұлыстың ұлы күнінде
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
- :
- Бәйбіше шығар балпиып,
Күндігі баста қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Шашбаулары төгіліп.
- :
- Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
Қыдыр баба:
- Ой рақмет, айналайындар! Өркендерің өссін!
- :
1 «Ә» сынып оқушыларының орындауында топтықби «Туған жер»
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп.
Бір жастарың құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Осымен 1 «Ә » сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағаты да өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
14 – наурыз көрісу Амал мерекесі
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
14 – наурыз көрісу Амал мерекесі
Куванчова Саним Кураловна
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі
12.11.2019
1966
1
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
Амал
келді, жыл келді.
(қызметкерлерге
арналған концерттік бағдарлама)
1. Құрманғазының
күйі «Сарыарқа».Орындайтын Мақсат-Мұрат,
Нұрсұлтан.
Айбек:
—
Ау,
аман ба, жарандар,
Алтын
таңға қараңдар.
Ерте
жайнап атты таң
Естіліп тұр
шаттық ән.
Жаңылсын:
—
Арайы
бар даланың
Амансың
ба, жаңа күн,
Сәлем
халқым, тірегім
Сіздермен
бір жүрегім.
Орындалды
ойларың
Құтты болсын
тойларың.
Айбек:
—
Құрметті
халайық! Таудай қариялар – аталар, ақ жаулықты аналар,
ел тірегі ер мінезді ағалар, кең пейілді ақ жарқын
жеңгелер!
Жаңылсын:
—
Аға
артынан қалыспай өрге өрлеген, ертеңіміздің
тірегі інілер, күлімкөз жайсаң мінез апа-сіңлілер!
Айбек-Жаңылсын
/бірге/
—
Ұлыстың
Ұлы күні құтты болсын!
Айбек:
—
Көңілдеріңізге
шат мереке,
Жаңылсын:
—
Үйлеріңізге
бақ береке,
Айбек:
—
Бастарыңызға
денсаулық
Қораларыңызға
он саулық берсін.
Жаңылсын:
—
Қыдыр
баба қолдаушыңыз болсын,
Ұл-қыздан сейір
шапағат берсін.
Айбек:
—
Жаңа
жылды әр халық әр уақытта өзінің
салт-дәстүріне байланысты қарсы алады екен. Ендеше,
Жаңылсын, осында жиналған жұртты Наурыз мерекесінің шығу
тарихымен қысқаша таныстырып өтейік.
Жаңылсын:
—
Әрине,
Айбек. Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз
мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі
халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында
бағзы замандардан бері орын алған.
Наурыз
– ежелгі, мәдениеті дамыған елдің бірі Парсының «нау»-
жаңа, «руз» — күн,
яғни жаңа күн деген сөзінен шыққан.
Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-нші
жұлдызына сәйкес келеді. Қазақ елі осы күнді
«Ұлыстың ұлы күні – Ұлы күн» деп
атаған.
Айбек:
—
Ал Қазақстанның батыс аймақтарында,Каспий
жағалауын мекендеген қазақтар Наурызды ескіше хамалдың
1-і,қазіргіше 14-наурыздан бастап тойлайтын ежелгі дәстүр
бар.
Елімізде
қалыптасқан дәстүр бойынша Ұлыс таңын,
Жаңа күнді халқымыз көрісумен бастаған. Адамдар
бір-біріне ақ тілегін білдірген.
Жаңылсын:
—
Наурыз – шат-шадыманды ойын-сауық, той басы. Бұл
күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп,
көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда жағымсыз
әдеттерге тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес,
түрлі ойындар, ән, өлеңдер,наурыз жырлары айтылады.
Әркім үлкендерден бата тілейді.
Айбек:
—
Қыз-жігіттер жиналып бас қосып «ұйқыашар»
әзірлейді. Ол тәтті ет, уыз сияқты дәмді
тағамдардан жасалады.
Бұл күні қарттар да естен шықпайды.
Оларға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел
көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.
Бұлардың соңы келер күн «наурыз көжеге»
жалғасады.
Наурыз
көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық
тағлымы өте зор. Ол барлық адамдарды
жомарттықққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа,
татулыққа, бірлікке шақырады.
Жаңылсын:
—
Күн
мен айға әлемнің
Берем
ыстық сәлемін.
Қарттарыма
сүйініп,
Сәлем берем иіліп.
Айбек:
—
Орындалды
ойларың,
Құтты
болсын тойларың.
Жарқыраған
жас нұрлы
Жаса,
Наурыз дәстүрі.
Береке
– бірлік болсын деп
Көп
көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
/Ортаға кимешек киген
әжелер келін,немерелерімен шығады (қызметкерлер)/
1-ші әжей:
—
Ау,
аталар, аналар,
Айналайын
балалар,
Жеп-ішсін
деп тамсанып
Жеті
түрлі дәм салып
Наурыз
көже пісірдім
Тойға қазан
түсірдім.
2-ші әжей:
—
Құйдым
алтын табаққа
Бал
көжеден татыңдар,
Бар
қызыққа батыңдар
Көжеге
жас кәріңді
Шақырамын
бәріңді!
/ «Наурыз айы келгенде» әні
жіберіледі. Келіндер мен қыздар «Наурыз көжені» келген
қонақтарға ұсынады/
1. Д.Нұрпейсованың
күйі «Әсем қоңыр».Орындайтын Нұрсұлтан.
2. Түркештің күйі
«Көңілашар».Орындайтын Мақсат-Мұрат.
Жаңылсын:
—
Осындай
той қазақта бола берсін,
Көңілдерге
жақсылық тола берсін.
Айбек:
—
Аралаған
бақ, береке, молшылық,
Қадір
дарып, құт қонғайсың халқыма – дей келе
Ұлыстың ұлы күні – ақ тілеу,ақ ниет
тілейтін күн.
Олай
болса дана көз қарияларымыздың ақ батасын алайық.
/Тілек,
батаға кезек беріледі/
14-Наурыз амал көрісу күні
Мақсаты:
- Оқушыларға халқымыздың қасиетті күні 14-Наурыз амал күнінің маңызы туралы білім беру.
- Ұлттық дәстүр туралы білімдерін одан әрі дамыту
- Адамгершілікке,имандылыққа, ибалылыққа,мейірімді болуға тәрбиелеу.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
Амал мерекесін тойлайтын дәстүр Маңғыстау түбегінде әруақытта адамдар 14 Наурыз мерекесімен бір-бірін құттықтады. Аңыздардың бірінде былай деп айтылған: хан белгілі бір жас баланы адайлықтарды Наурыз мерекесімен құттықтау үшін жібереді, бірақ-та ол атпен шауып келе жатып, мерзімнен екі аптаға бұрын осы өлкеге жеткен еді. Ал басқа аңыз бойынша адайлықтар Маңғыстау түбегіндегі қыстауларына қыста барып, ал 14 наурыз күні жайлауларына қайтып келді, осы оқиғаның құрметіне той жасады.
Қай заман болсын, осы дәстүр жер бетінен жоғалып кетпей, қазақ халқының өмірінде өз орнын алып жатыр. Қазақстан халқы Наурыз мерекесіне дайындалу үстінде болғанда, Маңғыстау түбегіндегі жұрт 14 наурыз күнінен бастап, Наурыз мейрамын тойлай бастайды. Маңғыстаулықтар Амал мерекесін Отпан тауында тойлайды. Аталмыш мейрам «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде басталады. Маңғыстаудың биік шоқысы-да осы Отпан тауы (Балтық теңізі деңгейінен 532 м).
Виртуалды қораушылық- кибербуллинг
Кибербуллинг – біреудің ренжіту, көңіл-күйін бұзу немесе намысына тию үшін технологияларды қолдану. Кибербуллинг, жағымсыз мәтіндік және MMS хабарламалардан бастап блог пен әлеуметтік желілердегі дөрекі жазбаларға шейін, сонымен қатар электрондық хабарламалар мен адамның намысына тию үшін әдейі жасалған сайттарға шейін, кез-келген түрде бола алады. Кибербуллинг жәбірленушінің үйі мен жеке кеңістігіне «электронды» түрде болса да кіріп кете алатындықтан қарапайым буллинг формаларынан да зиянды болуы мүмкін. Одан қалса, куәгер бола алатын адамдар саны одан да көп болуы мүмкін. Жағымсыз хабарламалардың тарау жылдамдығы әлде қайда жоғары. Интернетте жарияланған және таратылып жатқан материалдарды қадағалау өте қиын.
- Кибербуллинг анонимдігі мен интернеттің кескінсіз болмысы баланы өзі шын өмірде ойламаған да әрекеттерге тартуы мүмкін, дәлірек айтқанда, бұзушы немесе куә болуы. Ата-аналар балаларға «достарын» бұғаттау және ыңғайсыздықтар тудыратын сайтқа кірмеудің жақсы екендігін түсіндіру керек. Олар әрдайым бақылау астында болады да, егер біреуді бұғаттағысы келсе, ол мәселені дұрыс шешім шығаруға көмектесе алатын ересек адамдармен талқылай алады.
Тақырыбы: «Көрісу күні»
Мақсаты:Оқушыларды қазағымыздың салт дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелегімен таныстыру және үлкенге құрмет , кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Сахнада бір отбасының құрып ,стол жасап отырғызылады.бүл отбасы үлкен шаңырақ, екінші отбасы келіп салем беріп көріседі.
Үлкен отбасынан ата шығып , көрісу туралы мағлумат береді,
Алмұрат ата :Таң сібірлеп атысымен , көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасын алдын ала дайындалып ұойған дастарханын жаяды .Міндетті түрде бауырсақ пісіріп , дастарханға тәтті –пәтісімен қосып үйіп қояды.
Отбасының кішілері үлкенндеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады.Бір –біріне «Бір жасыңмен !»дейді Оли «Бір жасқа есеюіңмен!Осы жылға аман –есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.Содан кейін әр отбасы көршелерімен көріседі.Жасы кіші отбасы мүшелері, жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек , яғни түске дейін үш үйге кіріп , көрісіп үлгеруі керек.Кішкентай балаларға аналары пакет ұстатып қояды.Бала қай үйге көрісуге кірсе , сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады.Қазақ қашанда дастарханын айырқша қастерлеген .Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін , дастарханымыз аралас болсын , қарым –қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
Ма??ыстау жерінде жалпы батыс ??ірінде амал мерекесі аталып ?тіледі. Жыл ?ткен сайын б?л мерекені? ма?ыздылы?ы артып келеді. «Адай ата – Отпан тау» тарихи танымды? этно-м?дени орталы?ында бас ?осып, ?алы? ж?ртшылы? амал мерекесін атап ?теді. Жер жерде мерекені ел а?алары ?йымдастырып а?айындар бір-бірімен бас ?осып, ел тынышты?ы мен болаша?ы жайлы ой ?оз?алады. Амал мерекесіні? ма?сатты жастарды патриотты? т?рбиеге баулу, адамгершілік, ізгілік сынды асыл ?асиеттерін ны?айту болатын. Осы ма?сатта мектебімізде «Амал о? болсын!» атты мерекелік шара ?йымдастырылды. Барлы? ?ызметкерлер мен о?ушылар ?лтты? киімдер киіп ерекше к??іл к?йде болды. Мерекені? шы?у тарихы мен ??ндылы?ы т?сіндірілді. К?рісу р?сімі о?ушылар?а к?рсетілді. Мектеп директоры барша ?атысушыларды айтулы к?нмен ??тты?тап ?лтты? салт д?ст?рімізді ?лы?тау?а ша?ырды. О?ушылар ?з бойында?ы ?нерлерін орта?а салып, ?аза?ты? ?й?ы ашар, селт еткізер т.б. салт д?ст?рлерімізді бозбала мен бой жеткен ?ыздар шынайы к?рсете білді. Мы? б?рал?ан бишілер мен тамылжыта ?уендеткен ?ншілер мерекені? к?ркін келтірді. Аузы дуалы ?арияларымыз а? батасын берді. Жеке к?сіпкер М.Т?бекбаева мерекеге орай а? дастар?ан жайып, арнайы ?зірленген к?жеден д?м татып, ?лтты? б?йымдар мен та?амдар к?рмесін тамашалады. Мектеп о?ушылары арасында аударыспа?, те?ге алу, дойбы, то?ыз??мала?, ?аза?ша к?рес, ?ол к?ресі, асы? ойыны сынды ?лтты? ойындарымыз ойнатылды