Ата аналар сайысы сценарий

"Ата мен бала" атты ата-аналармен өткізілген сайысБалабақша тәрбиешілеріне арналған. Дошкольное образование, Уроки, Дошкольникам, "Ана мен бала" ата -аналар сайысы

Тақырыбы: «Ана мен бала»

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаз, 3 Д қалам, А3 қағадар, пломастер.

Ұйымдастыру кезеңі.
Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар!
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, балабақша , қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.

Тәрбиеші:  Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Шәріпбектер отбасы ортамызда.

Анасымен баласы

2 Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғыпқарсы алайық енді оны
Меңдібаеватар отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткенотбасы бұл
Анасымен қызы
Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар. Сайыс ережелерімен шарттарымен таныс болыңыздар.

Тәрбеиеші: Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

1 кезең.Таныстыру. 5 минут

2 кезең. Қызықты сұрақтар 5 минут

3 кезең. Өз өнері 5 минут

4. кезең: Үй тапсырмасы көрме жұмысы 5 минут

5 кезең: «Мен суретшімін.» 15 минут

Бүгінгі сайысты бағалайтын әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар.

1.Балабақша меңгерушісі Л.И.Оразаева

2. Балабақша әдіскері Г.М.Байжанова

3.Балабақша тәрбиешісі: Ә. Төлепова

1кезең: «Таныстыру»

2.кезең. «Қызықты сұрақтар»

II. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Тәрбиеші: Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында — демекші
3 кезең — «Өнерлінің өрісі кең» отбасылар өнерін көрсету бөліміне береміз.

Бұл сайыстың шарты бойынша ата-аналар өз өнерлерін ортаға салады.

4 кезең. Үй тапсырмасы. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойына орай көрме жұмыстарын таныстыру. Уақыты: 5 минут.

5 кезең «Қылқалам шебері» «Мен суретшімі » атты тапсырма сайысы. Бұл сайыста бала мен ата – ана бірігіп қатысады. Берілетін уақыт 10 минут

1. Анасы баласының айтқан бейнесін ақ парақ бетіне көздерін жұмып отырып салады.

2.Қараңғыда сурет салу тақтайшасы бойынша анасымен баласы отбасы тақырыбында сурет салады.

3. Д қаламын пайдалана отырып, еркін тақырыпта сурет салады.

Жарайсыздар ата-аналар. Бүгінгі сайыс өз қорытындысына келіп жетті.

Әділ-қазы алқалары өз шешімдерін шығарам дегенше ортаға «Біз бақытты баламыз» әнімен әнші қыздарымызды шақырамыз.

Сайыстың қорытынды шешімі.

Ата-аналарды мадақтау.

«Бегім Ана» балабақшасы

«Менің отбасым» апталығы

«Ана мен бала» сайысы

Тәрбиешілері: Жидебаева А.С

Жомартова М.М

Қызылорда 10.10.2018 жыл

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнектілігі: Әр отбасына арналған слайд-шоу, бейнесюжеттер, «Аңса, балам», «Бала арманы» әніндерінің минустары, құнсыз заттар.

Барысы:

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп, мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.

Бүгінгі біздің сыныбымызда «Отбасы — алтын діңгек» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

1-ші Аяжан анасымен — Анара Сайлаубекқызы
2-ші Ералы анасымен — Меруерт Қабдірахманқызы
3-ші Әрсен анасымен — Жадыра Союзбекқызы

Шаттық шеңберіне тұру.

Мұғалім: — Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарын құтты болсын.

1 бала — Баршаларына сәттілік тілеймін.

1 ана — Балаларымыз саналы, тәрбиелі болуына үлес қосамыз.

2 бала — Әрқашан тату-тәтті болайық.

2 ана — Балаларымыз кішіпейілді, мейірімді болуына үлес қосамыз

3 бала — Аңсаған армандарымызға жетейік.

3 ана — Өзіміздің балаларымыздың бойында өнегелікті дарыта білейік.

Сайысқа қатысу ретін анықтау.

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1) Байсалбаева Айгуль Даулетовна — директордың оқу ісінің орынбасары
2) Дуйсенбаевна Жадыра Дуйсенбаевна — ата-ана
3) Сейткасымова Эльмира Есеновна — ата-ана

Сайыс 3 балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнің бағалау өлшемдері (критерийлер) болады.

Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1 бөлім — Таныстыру
2 бөлім — «Бала арманы» үй тапсырмасы
3 бөлім — «Жағдаяттар» сұрақ-жауап сайысы
4 бөлім — «Адамзатқа көмек» атты шығармашылық тапсырма сайысы.

Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 бөлім — Таныстыру. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.

1. Мұратов отбасы.
Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайын өсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Отбасылар сайысына бүгін анаммен келіп тұрмын.
Атым Ералы болады сұрасаңыз,
Найман екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Самат — асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым — Меріерт Қадірахманқызы,
Жүзінен төгіледі күннің нұры.
Атыма кір келтірмей өтсем,
Сенің мойынан түсер перзент жүгі.

2. Ахметовтар отбасы
Болашаққа зор үмітпен қараймын,
Ахметтей ұлы атадан тараймын.
Кеудесінде ар мен намыс мақсаты көп,
Мен Аяжан Мұратқызы — қара қызы қазақтың.
Анам Анар бет бұрған ұстаздыққа,
Елімізге пайдалы іс қылмаққа.
Аружан деген апайым, Ясмин дейтін сіңлім бар,
Мен де келдім жарысқа қатыспаққа.

3. Оразгалиевтер отбасы.
Мен Әрсен арқынның баласымын.
Жадыра анам — өмірдег жанашарым,
Атам мен апам менің, асқар тауым.
Үйреткен тәрбиенің бар асылын.
Ізімнен келе жатқан інім бар,
Отбасым өмірдегі дара-шыңым.
Менің асыл арманым, ғарышкер боп,
Көрсету өнегенің жарасымын.
1-ші «А» сыныбымның мақтанымын,
Топтан озған тұлпардай, дарасымын.
Мен Әрсен Отанымның ұлымын,
Көтерген көк байрағын Алашымның.

Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған «Бала арманы» үй тапсырмасын тамашалайық. Бұл бөлім үш критерий (өлше) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі, АКТ-ны қолдануы.

1. Мұратовтар отбасы — Ерасылдың арманын сахналау түрінде көрсетеді. Бала мен анасынын диалогы, «Аңса жаным» әнін орындау.
2. Ахметовтар отбасы — Аяжанның арманы «Арман журналы» түрінде ұсынылады.

Аяжан: Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін,
Бәріміз бірге қалайық.

Ән «Бала тілегі» Аяжан — орындайды, анасы — сурет салады.

Аяжан: Әкем біреу, анам біреу менің,
Мен жығылсам сүйелер тілеулерім.
Олар барда — мереке,
Әлемге тіршіліктің жылуы таралады.

3. Оразгалиевтер отбасы — Әрсеннің арманы «Әрсеннің түсі» — релаксация түрінде өтеді.

Анасы: Қане, барлығымыз денелерімізді бос ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңыздар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар.

Әрсеннің түсін тамашалайды.

Әрсен:
Ғарышкер болу арманым,
Арайлап атқан таңдарда.
Әубәкіров Тоқтардай,
Қуантқан әркез жан-жағын.
Ғарышкер асыл ағалар,
Көк аспанды аралар.
Ғарышкер болсам деп айтар,
Араңызда бала бар.
Арманы асқақ баланың,
Үміттің отын жағамын.
Ғарышкер боп өскенде,
Оттай лаулап жанамын!
Биіктер менің талабым!

Жүргізуші: (қорытынды сөз): Балалардың армандары бүкіл адамзатқа ортақ. Қай тілде бала сөйлемесе де, оның болашағы, аңсаған арманы, кейін мақсаты ата-анасына байланысты. Бұл сайысты Мұхтар Шахановтың «Арман» өлеңінің жолдарымен аяқтағым келеді:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.

Әділ қазы мүшелерінен үй тапсырмасына берген берген бағаларын сұрасақ.

Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың 3 бөлімі — «Сұрақ-жауап» сайысын бастайық. Отбасыдағы жағдайларға байланысты бейнесюжет ұсынылады. Мұнда берілген жағдайды келесі екі отбасы пікір алмасу түрінде ойларын айтып, нұсқа береді. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, орындау шеберлігі, тақырыптың өзектілігі.

1. Мұратовтар отбасы 1 жағдай — «Дүкендегі жағдай»
Маман пікірі Нургельдина Роза Габдуловна
2. Ахметовтар отбасы 2 жағдай — «Компьютердің пайдасы мен зияны»
Маман пікірі Төлеутайев Еркебулан Әділетұлы
3. Оразгалиевтер отбасы 3 жағдай — «Баланың таңғы оянуы»
Маман пікірі Омертаева Эльмира Ардақовна

Әділ қазы мүшелерінен жағдаяттар сайысына берген бағаларын сұрасақ.

Қорытынды сөз: 
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды — демекші бір-бірімізге әрқашан көмектесейік.

Сынып ішінде бір-бірімізге көмектесе білдік, ал бүкіл адамзатқа қандай көмек көрсетуге болады? Оны келесі бөлімде анықтаймыз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беріліуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, оның барлық өміріне апат әкеледі» — деп, Әл-Фараби бабамыздың сөзінде өзекті түйіні бар. Тәрбие дегенде өзі бірінші ойға келетін ұғымдар — адамгершілік, тазалық. Жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынасы және мәдениет пен жауапкершілік . Ендеше келесі сайысымызда қоршаған ортаның маңызды бөлімдерін таңдап, қоллаж тәсілімен безендіріп, оның мазмұнын отбасы тақырыбымен байланыстырып ашу көзделеді. Интернет ресурс, құнсыз қолдануға болады. Бұл бөлім үш критерий бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, берілген материалдың қолданылуы, сөз көркемдігі. Сиқырлы қоржын ұсыну. Қоржынның ішінде түрлі құнсыз заттар.

Жүргізуші: Бұл сайыста ата-аналар құнсыз заттарды құнду затқа айналдырып болашақта балалары қандай болғанын көргісі келетінін білдіре білді.

Қорытынды: Ата-аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.

Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың төрт бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық.

Рефлексия.

Аяжан:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың, — мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып, қанасыздар.
Анасы: Сендер — күнсіңдер, аспанда жарқыраған

Ералы:
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар-
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, — лайықсыздар.
Анасы:Сендер — өзен, тау суы сарқыраған

Әрсен:
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Анасы: — Сендер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

Балалар: Сіздер — ана, жан, қыздар.

Жүргізуші:
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшейік. Осы сайыстың демеушілері: 1-ші сынып ата-аналары — Сейсенбаева Гүлзира Оразгалиева, Дүйсенбаева Жадыра Дүйсенбаевна, Сейткасымова Эльмира Есеновна. Алғысымды білдіремін.

azbyka.kz

Сайыста біздің — Аналар

Тақырыбы: «Сайыста біздің — Аналар»
Жүргізуші:
Наурыз той көңіл тойы, көктем тойы
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін.
Наурыз құтты болсын аналарға
Ана деген асыл бағы жұмақтың
Ана деген қайнар көзі бұлақтың
Сағынасың, сағынасың сен өзің,
Болмаса егер қасыңда ол бір — ақ күн.
Ана деген қайтпас қайсар болаттай
Ана деген қалың шыққан құрақтай.
Ана өмірдің тіреуіші секілді,
Шаңырақты ұстап тұрған құлатпай.
Құрметті біздің аналар!
Наурыз құтты болсын баршамызға!
Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер деп «Сайыста біздің Аналар!» атты мерекелік сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
— Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды қошеметтеп ортаға шақырайық.
— Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ал қәзір құрметті аналар ортаға келіп мына қоржын ішінен өздеріңнің кезек нөмірлеріңді алуға шақырамыз.
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады.
1. бөлім «Тегін білмеген тектілік» Таныстыру
2. бөлім «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
3. бөлім «Дәм думан» тағамдар сайысы үй тапсырмасы
4. бөлім. Өнер сайысы.
5. бөлім «Қонақ күту»
(дастарханда қонаққа ұсынар ас мәзірі, көрсетер ілтипат)
6. бөлім «Оң саусағың майысып, шебер болар ма екенсің»
«Сән үлгі — 2014»
Келе жатқан мәңгілік дара салтын,
Мақтанышым, елдігім, парасатым.
Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,
Өміріме өң беріп жарасатын —
дегендей бірінші сайысымыз бағасын беруге әділ қазыларға сөз береміз.
Жүргізуші:
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік —
деп сайысымыздың екінші бөлімі «Сұрақ — жауап» сайысы салт — дәстүрге байланысты болмақ.
Жүргізуші: Сайыскерлеріміз келесі бөлімге дайындаламын дегенше балабақшамыздың «Еркетай» тобының өнерін тамашалаңыздар
Жүргізуші:
Біздің халық өнерпазға бай халық,
Әнші деп те биші деп те айталық.
Талаптарын таудай екен бүгінгі,
Өнерлеріңді көрсетсеңдер қайтеді —
дей отырып біздің сайыскерлеріміздің өз өнерлерімен ортаға шақырамыз
Осымен бұл сайысты тамамдасақ,
Тағыда жарысамыз аман болсақ.
Сөз береміз әділқазы алқасына,
Әр ананың өнерлерін сараласақ.
«Еркетай» топ бүлдіршіндері: Би: «Қара жорға»
Сөз кезегі әділ қазыларда, марапаттаулар, сыйлықтар табыстау.

Аналар мерекесі

Аналар мерекесі

Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.

8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі

Келді,көктем құлпырып

Келді,көктем құлпырып

Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы — 8 — наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем

Жапырақ тамырдан нәр алады                                                 Ата-аналар сайысы.

Гүл көктем, ару көктем

Гүл көктем, ару көктем

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы

Қыз өссе-елдің көркі (ертеңгілік)

Қыз өссе-елдің көркі (ертеңгілік)

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД Сүлейменова Ақбота Маукенқызы

Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сайысты? шарттары:

1.Таныстыру

(Отбасы ?зін таныстырады. Таныстыру формасы ерікті 3 мин)

2.Бізді? отбасылы?

д?ст?рлер

(?р отбасы ?зіні? отбасына т?н

отбасылы? мереке салт-

д?ст?рлерден к?рініс к?рсету) 

“?ке к?рген о? жонар,

шеше к?рген тон пішер”

(?нер) 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?

Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.

Быстро и объективно проверять знания учащихся.

Сделать изучение нового материала максимально понятным.

Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.

Наладить дисциплину на своих уроках.

Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа

«Ата-аналар сайысы “Мені? отбасым” »

“ Менің отбасым”  Ата-аналар сайысы

Менің отбасым”

Ата-аналар сайысы

Сайысқа қатысатын ата-аналар: 1.Манасова Мейрамгуль Тұрлановна 4а сынып 2. Танатова Үнзила Жұмақызы  5б сынып 3.Ниғметова Мария Есмагзамовна 5а сынып

Сайысқа қатысатын

ата-аналар:

1.Манасова Мейрамгуль Тұрлановна 4а сынып

2. Танатова Үнзила Жұмақызы

5б сынып

3.Ниғметова Мария Есмагзамовна 5а сынып

Сайыстың шарттары:  Таныстыру ( Отбасы өзін таныстырады. Таныстыру формасы ерікті 3 мин)

Сайыстың шарттары:

  • Таныстыру

( Отбасы өзін таныстырады. Таныстыру формасы ерікті 3 мин)

2.Біздің отбасылық дәстүрлер  (әр отбасы өзінің отбасына тән отбасылық мереке салт- дәстүрлерден көрініс көрсету)

2.Біздің отбасылық

дәстүрлер

(әр отбасы өзінің отбасына тән

отбасылық мереке салт-

дәстүрлерден көрініс көрсету)

“ Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”  (өнер)

Әке көрген оқ жонар,

шеше көрген тон пішер”

(өнер)

4.Көрме  (әр отбасы өзіндік тақырыбы мен көрме Ұйымдастыру, Таныстыру)

4.Көрме

(әр отбасы өзіндік тақырыбы мен көрме

Ұйымдастыру,

Таныстыру)

Сайысты қорытындылау     Ата-аналарды марапаттау

Сайысты қорытындылау

Ата-аналарды марапаттау

Уақыт бөліп   қатысқандарыңызға  рахмет!

Уақыт бөліп

қатысқандарыңызға

рахмет!

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Ата — ананы құрметтеу — әрбір адамның борышы».

Мақсаты: Оқушылар бойына ата — анаға деген құрметін арттыру, жылылықты ұялату. Ата-анасының адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ата — анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.

Көрнекілігі: Мектеп залын әртүрлі шарлармен безендіру, Ата-ана туралы қанатты сөздер.

Барысы: «Ата», «Әже», «Әке», «Ана» болып топтық сайыс

1. «Сұрақ – жауап»

2. «Сергіту сәті»

3. «Ой бөліс,пікірлес» ойыны

4. «Жағдаяттан шығу»

Жүргізуші:

Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар! «Ата-ананы құрметтеу-әрбір адам борышы» атты тренингке қош келдіңіздер.

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап,марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың – дей келе бүгінгі тренингті әсем әуенмен ашайық.

Орындайтын «Анашым» Оразкелді Балауса.

1 — жүргізуші: 

1-топ: Ата-ана, бала туралы мақал –мәтел дерді мағынасына қарай стрелка арқылы сәйкестендіріп, 1 мақалдың мағынасын түсіндір.

2-топ: Әртүрлі суреттер таратылып «Ата анаңды неге теңер едің?» сұрағына сәйкес келетін суреттердің жанына отбасы мүшелерін жапсырту, себебін анықтату.

3-топ: Олар қандай? сұрағына өлеңнің ұйқасын тауып жазу арқылы өлең құрату.

4 — топ: Сен ата — анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды» деген негізгі ойға құрылған қандай әңгіме оқып едік. Есіңе түсіріп сол әңгімені сахналап беріңдер

2 — жүргізуші: 

Сергіту сәті:

С. Мәуленовтың «Ата ақылы » өлеңін хормен, іс — қимыл арқылы айтқызу.

1- жүргізуші: 

Әке –шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталар болсақ: жастығын, денсаулығын, күш — қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген анаға мың тағзым.

О, Ата – анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің – дей келе ата – ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға берейік.

1- оқушы: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен адепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата — ананың ұл — қызы болып өседі.

2-оқушы: Ата — ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса,қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

3-оқушы: Ата — ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

4-оқушы: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. (Ғ.Мұстафин).

2 — жүргізуші:

Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар,ол — қорлық.

Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп, талай түн қаттың.

Өміріме нәр береді ақ сүтің,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсан біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің,

Қуанып көз алдыңда жүргенің — дей келе келесі кезекті «Үкілі қыз» биіне береміз.

Орындайтын: «Айжұлдыз» тобы.

1 — жүргізуші:

Ата-ана алдындағы әдептілік — баланың бармақтай кезінде бойына табиғи дарыған қасиет болуы тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау. Ата- әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.

Хормен:

Қымбатты ата — ана, ұстаздар!

Біздің борышымыз — сіздерді құрметтеу.

Оқушылармен ой бөлісу сәті: «Ой бөліс,пікірлес» ойыны.

1. «Ата — ананың ақысы немен өлшенеді?»

2. «Ата — анаңа не қылсаң алдыңа сол келеді» дегенді қалай түсінесіз?»

3. «Ата — аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады?»

4. «Ақылды баланың бойында болатын жақсы қасиеттер қандай?»

5.«Үлгілі ата — ананың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек деп ойлайсың?»

2 — жүргізуші: 

Ана сіздер, кең байтақ даласыздар,

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңілінде,қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар — дей келе әсем әнге кезек береміз.

Орындайтын: «Ана туралы жыр» Аятбек Арсен.

1 — жүргізуші:

«Отбасы — шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел — ана отбасы жылуын сақтаушы, ал әке отбасының тірегі.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз-

демекші, біз кешімізді аяқтай келе барлықтарыңызды ортаға қол ұстасып, шеңбер жасап тұруға шақырамыз. Біз қазір «Бар жақсылық — отбасыға» тренингін ойнаймыз. Барлығымыз бір — біріміздін отбасымызға жақсы, игі тілектер тілейміз.

Мысалы: Әсем: сенің отбасыңа мен өмірдегі бар жақсылықты тілеймін.

Асыл аналардың құрметіне әсем ән жолдаймыз.

Орындайтын: «Асыл жан» Нұрмахан Азиз.

2 — жүргізуші:

«Отбас ағашы» атты стендке бүгінгі тренингтен алған әсерлерін стикерлерге жазып жабыстырады.

Көріскенше күн арасы жақын болсын! Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Tақырыбы: Дәстүрді дәріптейік.
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың
ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген
тәлім-тәрбиесін көрсету;
Оқушыларды ата — бабаларымыздың дүние танымын
қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға
үйрету;
Мектеп пен ана-ана арасындағы байланысты нығайту;
Түрі: сайыс түрінде
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай суреттер, слайд бейнелері

Барысы.

І. Кіріспе бөлім.
(Сахнада сазды әуен, <<Сарыарқа >> күйі ойналады)
Кіріспе сөз:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен-кіші, жасымыз,кәріміз де.
Төрлетіндер, қадіренді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

ІІ. Негізгі бөлім. <<Дәстүрді дәріптейік>> ата-аналар сайысы
Жүргізуші ата-аналар сайысының кезеңдерімен таныстырады:
І кезең. <<Сұрасаң менің тегім…>>
ІІ кезең. <<Эрудиттер байқауы>>
ІІІ кезең. Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі
IV кезең. <<Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар>>
VІ кезең. <<Ұлттық өнер-ұлттық тағам>>

Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Алқасы әділқазы-кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.
(әділқазылармен таныстыру)

ІІІ. Қорытынды бөлім. Марапаттау

Бірлік болсын — ел аман,
Тыныш болсын бұл заман.
Берекесін бере берсін,
Бейбіт жатқан бұл далам!

№21 орта мектеп

Тәрбие сағаты

Сыныбы: 3 <<А>>
Күні: 15.03.2014ж.
Өткізген: Өтепбергенова Құндыз Сағатқызы

2013-2014 оқу жылы

Tақырыбы: Дәстүрді дәріптейік.
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың
ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген
тәлім-тәрбиесін көрсету;
Оқушыларды ата — бабаларымыздың дүние танымын
қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға
үйрету; Мектеп пен ана-ана арасындағы байланысты нығайту;
Барысы.
(Сахнада сазды әуен, <<Сарыарқа >> күйі ойналады)
Кіріспе сөз:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен-кіші, жасымыз,кәріміз де.
Төрлетіндер, қадіренді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз
— дей келе бүгінгі <<Дәстүрді дәріптейік>> тақырыбындағы ашық тәрбие сағытымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын: <<Дәстүрді дәріптейік>> деп алған себебіміз — өз халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін сыйлап, мәртебесін көтеру. Салт — сана мен дәстүр бізді басқа халықтардан ажырататын бірінші белгі. Дәстүр ата- бабаларымыздың дүние танымымен астарлас. Ғасырлар бойы ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Басқа халықтардан ерекшелеп тұратын ұлттық құжатымыз. Оны сыйлау, болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізу — біздің міндетіміз.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін ұстанғандардын бірі — өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері — салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы.

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Арамызда бүгін болар сайысты
Сөзден жүйрік жыршы бетін ашады.
(Содан кейін осы сайыстың басталу салтанатына қарт әже тілегін айтып, батасын беріп, шашу шашылады. Шашу шашылып жатқанда әдемі бір әуен ойналады. Әуенің ырғағымен жүргізуші тойдың ашылуына байланысты жыр жолдарын оқиды.)

Негізгі бөлім.

(Мұғалім бүгінгі сайысымыздың әр кезеңімен таныстырып өтеді.)
Ата-аналар сайысының кезеңдері:

І кезең. <<Сұрасаң менің тегім…>>
ІІ кезең. <<Эрудиттер байқауы>>
ІІІ кезең. Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі
IV кезең. <<Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар>>
VІ кезең. <<Ұлттық өнер-ұлттық тағам>>

Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Алқасы әділқазы-кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.
(әділқазылармен таныстыру)

І кезең. <<Сұрасаң менің тегім…>> (Таныстыру)
(Әр отбасы өзін-өзі таныстырады, осы кезеңді не өлеңмен,не қара сөзбен таныстыру керек.)

ІІ кезең. <<Эрудиттер байқауы>> (сұрақ-жауап)

(Ұлттық киімдегі екі қыз бала табақшамен сандық және конвертті алып шығады. Әр отбасынан балалар ортаға шақырады.Сандық ішіндегі нөмерленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын анықтайды. Тапсырмадағы сұрақтарға отбасы ақылдасып, бірігіп жауап береді.

1.<<Байғазы>> және <<Көрімдік>> салт-дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?

<<Байғазы>>- балалардың, жастардың жаңа киімі,заты үшін беріледі.мысалы, қамшы,шана, ертоқым т.б.
<<Көрімдік>>-жаңа туған бала, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін,ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
Айырмашылығы көрімдік адамға,жандыға беріледі, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге байланысты.
2.<<Жасау>> және <<Енші>> салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығын атаңыз.
Жауабы. 1) <<Жасау>>-ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік.Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет,ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек,әсем әшекейлі заттар берген.Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан.Жасау қыздың еншісі десе де болады.
<<Енші>>- балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп,дүние-мүлік,мал береді. Мұны енші деп атайды.
Қыздарға берілетін дүние-мүлік <<жасау>> деп аталады, ал балаларды үй қылып шығарса (яғни ата-анасынан бөлек отау) оны енші дейді.
3.<<Иткөйлек>> (<<Итжейде>>) және <<Қырқынан шығару>> салт-ғұрыптарының мағынасын түсіндіріңіз. <<Қырқынан>> және <<қырқы>> сөздерінің мағынасын ажыратыңыз.
Жауабы: 1) Ырымшыл халқымыз бала (туғанына қырық күн) <<қырқынан>> шығарылғаннан кейін оның көйлегіне (жейдесіне) тәтті түйіп иттің мойынына байлап жіберетін дәстүр бар.Итті балалар қуып жетіп, мойынындағыны шешіп алып, тәттісін бөліп жейді.
Көйлекті (жейдені) баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп бойларында сақтаған.
Ит мойнына байланғандығы оны жеті қызынаның бірі деп әрі баламыз көп болсын деген ырыммен астасып жатыр.
2) Әдетте бала туғанына қырық күн толған соң ыдысқа 40 қысық су құйып шомылдарады.Бұған үлкен әжелер,әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады.сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне, матаға орап тігіп қоятын болған.
<<Қырқынан>> деген, баланы туғанына қырық күн толған соң суға шомылдырады, тырнағын, шашын алады, соны айтады.
Қайтыс болған адамның қырық күннен кейін <<Қырқы>> беріледі.Мұны шатастыруға болмайды.
4.<<Тәбәрік>> және <<Ерулік>> салт-ғұрыптарының мағынасын түсіндіріңіз. <<Тәбәрік>> түрлеріне тоқталыңыз.
Жауабы. 1) <<Ерулік>> — ауылға жаңа үй көшіп келсе қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге <<ерулік>> деп ас пісіріп табақтартады. Бұл — жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың сыйласудың үлкен белгісі.
2) <<Тәбәрік>> — біреу ойын — тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт — дәстүрге кәде алса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт <<тәбәрік бер>> деп сұрап алады. Олжалы адам әдеп бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермесе сараң болғаны.

5. Тыйымдар-халықтың тәлім-тәрбие ,үлгі-өнеге,ақыл кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі.Бұл негізінен балаларға арналып, оларға жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл,әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады.
1.Мықыныңды таянба (Жақын адамы қайтқан кісі мықынын таянып жылайды)
2.Үйге қарай жүгірме (Біреу қайтыс болғанда немесе хал үстінде жатқан адамға көмек беру керектігін хабарлауға асыққанда жүгіреді)
3.Тізесін құшақтамау (Бұл ешкімі жоқ адамдар ғана тізесін құшақтайды)
4.Үйде ысқырмау (Үйдің ырысын кетіресін)
5.Үлкен адамның жолын кеспе (1.әдепсіздік 2.жолы болмайды)
6. Жеті атаға дейін алысып,қыз беріспеу (Қан тазалығын сақтау)

ІІІ кезең. Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі (Салт-дәстүр көрсету)
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз
Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

IV кезең. <<Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар>>
Қойылған сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап берулеңіз керек
1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3.Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4.Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)
5.Қар жана ма?
(Қалауын тапса,қар жанады)
6.Оттан да не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7.Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8.Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай,жинау қиын)
10.Білгенің қанша,білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)
11.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ,қол батыр)
12.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13.Көрдім,көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)
14.Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
15.Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас)

V кезең. <<Өнерлінің өрісі кең>> (Отбасылар өз өнерін көрсетеді. Сайыста ән,жыр,өлең,би,мәнерлеп оқу,сықақ оқу т. Б.)
VІ кезең. <<Ұлттық өнер-ұлттық тағам>> (ұлттық тағам түрлерімен таныстыру)

Қорытындылау. <<Өнерпаз атауы>>, <<Зеректер отауы>>, <<Шебер отауы>>, деген атақтар беріліп, бас жүлде алған отауға <<Үлгілі отбасы>> деген атақ беріледі, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата — бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
Біз салт-дәстүрлерімізді құрметтей және сақтай отырып, өткен тарихтың бір күнін болса да көре аламыз.Біз өз ұлтымыздың рухын сенуге және даналығымен мақтана аламыз және өзімізді дана мәдениетті боламыз.
Егер біз өз халқымыздың салт-дәстүрін сақтамасақ біз өз ұлтымыздың мәдениетін мүлдем үмытып қалуымыз мүмкін және біздің кім екенімізді сезінбеуіміз мүмкін.Біздің міндетіміз өз білгендерімізді балаларымызға үйретіп,үлгі боларлықтай болуымыз керек.Өз отанымыздың патриоты болайық.
Бірлік болсын — ел аман,
Тыныш болсын бұл заман.
Берекесін бере берсін,
Бейбіт жатқан бұл далам!
Анықтама

2014 жылдың 15-наурызында 3 <<А>> сыныбында
<<Дәстүрді дәріптейік>> атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

Ашық тәрбие сағатының жалпы мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәлім-тәрбиесін көрсету;
Оқушыларды ата — бабаларымыздың дүние танымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету;
Мектеп пен ана-ана арасындағы байланысты нығайту;

Ашық тәрбие сағаты ата-аналар арасында сайыс түрінде өткізілді.
Сайыс 5-кезеңнен тұрды:
І кезең. <<Сұрасаң менің тегім…>> (Әр отбасы өзін-өзі таныстырады, осы кезеңді не өлеңмен,не қара сөзбен таныстыру керек.)
ІІ кезең. <<Эрудиттер байқауы>> (сұрақ-жауап)
ІІІ кезең. Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі (Салт-дәстүр көрсету)
IV кезең. <<Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар>> (Қойылған сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап беру)
V кезең. <<Өнерлінің өрісі кең>> (Отбасылар өз өнерін көрсетеді. Сайыста ән,жыр,өлең,би,мәнерлеп оқу,сықақ оқу т. Б.)
VІ кезең. <<Ұлттық өнер-ұлттық тағам>> (қазақтың ұлттық тағамдарының дайындалу жолдарымен таныстыру)
Сайысқа төрт отбасы қатысты және олар:
1. Кулмурзаева Эльмира- <<Шебер отбасы>>
2. Жүсіпов Әділбек- <<Берекелі отбасы>>
3. Жансейітов Өмірбек- <<Үлгілі отбасы>>
4. Уксукбаев Досболат- <<Өнегелі отбасы>> номинацияларымен марапатталып, сыйлықтар үлестірілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы Мортық ауылы, Мортық орта мектебінің, бастауыш сынып мұғалімі Дакенова Шолпан Жұмажанқызы. Еңбек өтілі — 29 жыл, санаты — І, білімі — жоғары

«Тек ата — аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адами бақытты беруі мүмкін»
Сухомлинский

Мақсаты: ата-аналарды мектеппен, қоғамдық ұйымдармен өзара белсенді әрекет етуге тарта отырып, қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты, рух-жігері шыңдалған, белсенді тұлға қалыптастыру

Күтілетін нәтиже: ата-ана өз баласы туралы өзін мазалап жүрген сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап таба алады; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімі күшееді; мектеп пен ата-ана ынтымақтастығынан тәрбиелі, ұлтжанды, жаңа заманға сай тұлға дамып қалыптасады;

Сахнаны безендіру: мақал-мәтелдер — «Әкеден-ақыл, анадан-мейір», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Жеті атасын білген ұл, Жеті елдің қамын жер. Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады», «Әке — асқар тау, Ана — етегіндегі бұлақ, Бала — жағасындағы құрақ»;

Банерде отбасы суреті және сөздер: АТА— беделі әкеден жоғары, өмірлік тәжірибесі мол,әулеттің тірегі. Қазақ отбасында ата мен әженің ролі зор. Отбасындағы шешуші сөз — атанікі.Ол өз отбасы мен әулеттің ғана емес, басқа ағайын-туыстың, тіпті, түйткіл мәселелерін шешіп, ақыл-кеңесін беріп отырған.

ӘКЕ — шаңырақ иесі,отбасындағы орны ерен. Отбасын асырап-сақтау негізінде ер-азаматқа жүктеледі. «Отағасы» деп аталуының себебі де осында болса керек.Үйге табыс кіргізу, бала —шағаны өсіріп-жеткізу ер азаматтың міндеті.

Барысы: Сайысқа әкесі мен баласы бір топ болып қатысады. Әр топ таныстыру дайындап келеді. Сайысқа әділқазылар сайланады.

Мұғалім: Балалар, қолдарыңды алға созып, алақандарыңа қараңдаршы, бас бармағыңды кімге теңейсіңдер? Қалған саусақтарыңды ше? (Балалар жауаптарын тыңдау). Ендеше менің сөзіме де назар аударып көріңдер:

Бас бармағым — атам, үйдің данасы.
Балаң үйрек — әжем, ошақ анасы.
Ортан терек — әкем, отау панасы,
Шылдыр шүмек — шешем, шаңырақ ажары.
Титтей бөбек — мен, бәрінің базары.

Балалар және ардақты әкелер, қош келдіңіздер дей отырып, «Әке және бала» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің сайымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазылар алқасын сайлайық. (Әділқазылар сайланып орындарына жайғасып отырады).

Мұғалім: Сайыскерлеріміз дайындалғанша, балалардан базарлықты қабыл алыңыздар.

Сабыржан: Анаң — күнің, жүрегің,
Әкең — өмір тірегің.
Сен — бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

Айгерім: Әжең — асыл ардағың,
Атаң — дана қорғаның.
Сен — бақытты ұлансың,
Бәрі соған қуансың!

Ажар: Ағаң — қамқор асқарың,
Інің — мөлдір аспаның.
Сен — бақытты ұлансың,
Бәрі соған қуансың!

Бақтияр: Қарындасың — қанатың,
Ел-Отаның — жаннатың.
Сен — бақытты ұлансың,
Бәрі соған қуансың!

Жанар: Атам не айтсам көнетін,
Апам көңіл бөлетін.
Мен осы үйдің кенжесі,
Бәрі жақсы көретін.

Мөлдір: «Бір ісіме қапа ма»
Деп қарайды апама.
Сипаттырып басынан.
Еркелейді атама.

Нұртілеу: Үйде жоқ анашым,
Үйде жоқ әкешім,
Жинадым төсекті,
Суардым көшетті.
Сумкасын апамның,
Үстелін ағамның
Қойдым мен тазалап,
Десін деп Азамат!
Тартпасын ашпадым,
Қағазды шашпадым.
«Мен азамат» деп аталып,
Енді отырмын дем алып.

Оқушылардың орындауында «Отан» әні.

І. Ортақ мекен — Жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымен жарасқан. 2 р

ІІ. Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы. 2р

ІІІ. Туыспыз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз. 2р

Мұғалім: Жеті атасын білген ұл,
Жеті елдің қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер-демекші әр топ өздерін таныстырып өтсе.

І бөлім — Отбасымен таныстыру

Әр топ өзін таныстырып өтеді, әділқазылар өз ұпайларын қойып, әр сайыстан кейін топтың жалпы ұпай санын жариялайды

ІІ бөлім — Әр отбасына жеке тапсырманы орындату

Әр тапсырмаларды орындауда ортаға екі топ шығып орындап тұрады.

1 тапсырма — «Мақал—мәтелдің мағынасын ашу». Берілген мақал-мәтелдің мағынасын ашу

Әкеден-ақыл, анадан-мейір. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

2 тапсырма — «Балабақшаға жиналдық». Ереже: Екі қатарға он баладан тұрғызылып, киімдері дайындалады. Әкелер 2 минут ішінде неғұрлым көп баланың киімдерін кигізіп балабақшаға дайындағаны есептеледі.

3 тапсырма — «Қызықсыз газет». 1 минут ішінде әкелер газетті бір қолмен ұсақ жыртып тастау керек, сол сәтте бала әкесін екінші қолынан ұстап тұрады. Ұпайға газеттің бөлшектері саналады.

4 тапсырма — «Көп шар». Ереже: Әке 2 минут ішінде бірнеше шарды үрлеп, жіпсіз байлау, баласына ұстату қажет. Ұпайға үрленген шарлар саны есептеледі.

5 тапсырма — «Мен сутасушы асыққан…». Ойыншық машинаның үстіне іші толы су құйылған ыдысты бір сүйреп шығу, шарты: су төгілмеу керек, төгілген жағдайда қай ыдыста су аз төгілгені есепке алынады.

6 тапсырма — «Менің балам». Ереже: әкесі баласын қолынан тану керек, ол үшін әкенің көзі байланып, бірқатар балалар арасынан тауып алады.

7 тапсырма — «Шляпоголик». Газеттен бірнеше түрлі баскиім жасау және оны жарнамалау. Ұпайға баскиім саны есепке алынады

8 тапсырма — «Қара жорға». Әкелер мен балалары бар өнерін салып көрермендер көңілінен шығып билеу қажет

ІІІ бөлім — Марапаттау

Әр отбасына көрсеткен өнеріне қарай номинациялар беру. Ұсынылған номинациялар: «Ең жүйрік», «Ең балажан», «Ең мықты», «Биші жорға», «Ең өнерлі», «Ең білімді», «Көрермендер сыйы», «Ең белсенді»

Мұғалім: Сайысымыз өз мәресіне де жетті. Уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге рахмет. Ал осы біздің іс-шарамызды мына сұрақпен аяқтағым келеді. «Дүниеде не қымбат?» (Жауаптарды тыңдау)

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат

Қазыбек бидің сөзінен

«Толағай» отбасылық сайысы


  • Дене шынықтыру
  • medetmmm
  • 12.01.2018
  • 0
  • 1
  • 11217

ШҚО Катонқарағай ауданы Көкбастау ауылы КММ «Юбилейное орта мектебі»
Дене шынықтыру пән мұғалімі: Черьязданов Ернат Меирович

Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер

1. Спорт — денсаулық кепілі.

2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.

3. Саулық-байлық негізі

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық- әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы — еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектеп-лицейіміздің 7 «А» сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

1-жүргізуші:

Денсаулық — ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық — ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

2-жүргізуші:   

Денсаулық — ол күлуің
Көңіл — күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

1-жүргізуші:

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1.

2.

1-жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.       

2-жүргізуші:   

Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

1-жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!

2-жүргізуші:   

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!

1-жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

2-жүргізуші:   

Бүгінгі спорттық сайыс _____ кезеңнен тұрады.

1.

2.

1-жүргізуші: Сайысқа арнайы _____ отбасы қатысады.  

Ал, енді І «Таныстыру»  кезеңін бастайық!

(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)

Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.

1____________________________________________ отбасы

2____________________________________________ отбасы

3____________________________________________ отбасы

4____________________________________________ отбасы

2-жүргізуші: ІІ кезең: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.

І тур: «Кім жылдам?»

(анасы допты полға ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, колесоға  түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.)

1-жүргізуші:

ІІ тур: «Білімді кенгуру» сайысы.

(ата-аналар мен оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір-бір есепті шығару керек)  /барарда және қайтарда осы іс-әрекет/

2-жүргізуші: ІІІ тур: «Кім көп секіреді?». (ата-анасы скакалканы екі жақтан ұстап, баланы  секіртеді) /10-нан аса/

1-жүргізуші: ІҮ тур: «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала!».  (Ата-ана кезекпен-кезек орындықта байланып тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішіндегі жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған ата-ана соны шешу керек, яғни айту керек. /Шар жарылғанша, қайталайды./ Кездескен кедергілерден өту қажет: обручтан өту, бір аяқпен секіру)

2-жүргізуші: Ү тур: «Жеңіске жету» сайысы.

Ата-аналар кезекпен-кезек кездескен кедергілерден өтіп, /змейка- доппен, обручты айналдыру-3 рет,  скакалкамен ту тұрған жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына апарады. Және соңғысы алып келеді../

Кім жылдам, әрі бірінші алып келсе жеңіске жетеді.

1-жүргізуші:

Денсаулықтың  маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат  күлкіні жамылып.
Той – думанда да, кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

2-жүргізуші: Ендігі кезек,  бүгінгі сайыста белсенділік танытып отырған белсенді көрермен ата-аналарға берейік. Сонымен «Белсенділер» тобымен өткізілетін сайыс:

1-жүргізуші:

1. Қол күресі. (әкелер үшін)

2. Арқан тартысу. /аналар бөлек және әкелер бөлек/

3. Мақал-мәтелдер сайысы. /Мақалды аяқтау және осы мақалдың мағынасын түсіндіру./

2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер сайысы. /Мақалды аяқтау және осы мақалдың мағынасын ашу, түсіндіру./

Мақал-мәтелдер

1. Денсаулық — …………………… (зор байлық)

2. Тәні саудың — ………………………….. (жаны сау)

3. Емнің алды — ………………………….. (еңбек)

4. Тазалық – саулық негізі,

Саулық — ……………….. негізі. (байлық)

5. Шынықсаң — ………………… (шымыр боласың)

6. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын …………. ізде. (жол)

7. Сау дене,озат ақыл, адал көніл-

Үшеумен бақытты болады …………….. (өмір).

1-жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.

Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа.

2-жүргізуші:

Өмір, өзін қайдасын,
Күн мен түнді жалғайсың.
Жақсыларға жақынсың,
Жамандарға шалғайсын.
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап  біздерге.
Денсаулықтың  әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне

1-жүргізуші: Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.

2-жүргізуші: Марапаттау рәсімі біздің ата-аналарымыздың өнерлеріне тәнті болып отырған әділқазылар алқасына береміз.

(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1-жүргізуші:

Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!

2-жүргізуші:

Денсаулық — басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1-жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық.

2-жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамадалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!


Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Асы? пати сценарий
  • Атрибуты праздника ивана купалы
  • Атрибуты праздника дня народного единства
  • Атрибуты праздника день россии
  • Астрономический праздник сегодня

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии