Ата ана жиналысы сценарий

Скачать: Ата-аналарға арналған жиналыс-тренинг. Тақырыбы: "Не ексең, соны орасың"

«№
11
мамандырылған
физика-математикалық мектеп»  мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау
облысы  Ақтау қаласы

ағылшын
тілі пәні мұғалімі  Дельмухамбетова Манзия Айдынгалиевна

«Не ексең,
соны орасың» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг- жиналысының жоспары

Тақырыбы:
«Не ексең, соны орасың».

Мақсаты: 
Жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі
ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана
беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға
оқытудағы жаңалықтар туралы мәлімет беру. Ата-аналардың  мектеппен, сынып
жетекшімен тығыз байланысын орнату.

Әдістері:
пікір алмасу, сұрақ-жауап, ситуациялық тарсырмалар.

Күтілетін
нәтиже:
Ата-аналар балаларының парасатты, ақылды,
мейірімді т.б.жағымды қасиеттерге ие болуына өздері әсер ететіндігін
мойындайды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа заманға сай жан-жақты
білімді де тәрбиелі азамат қалыптаса- тындығын түсінеді.

Ресурстар: 
Интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер, стикерлер, түсті бояулар. Тапсырмалар:

1.Топқа бөліну

2.Сұрақ-жауаптар

3.Талдау

4.Постер
құру,қорғау

5.Ситуациялық
сұрақтар

6.Ой қорыту

Кері байланыс
Стикерлерге өз ой-пікірлерін жазу

Мұғалім:
Сәлемесіздер ме, құрметті ата-аналар!   Бүгінгі ата-аналар жиналысына хош
келдіңіздер!

 Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам
болуы, еңбексүйгішті , оқу мен еңбектегі табыстары. Құрметті ата-аналар! Біз
ерекше ата-аналар жиналысын өткізгелі отырмыз. Бәріміз айнала шеңбер жасап,
орнымыздан тұрайық және әрбір ата-ананы «Бала үшін ата-ана кім?» деген сұраққа
бір ауыз сөзбен жауап айтып шығуды сұраймын (ата-аналар сұраққа жауар береді).

Әрқайсысы кезегімен:

 -Өмірге әкеледі

 -Оқытады.

 -Тәрбиелейді.т.б.  

 —
Ия, баламыздың алдында қанша міндеттеріміз бар екенін түсінеміз. Бала-ата-ана
өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге маңдайыма кірсін» деп
әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төңгенде мойындарына
бұршағын салып,  «Өзімізді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі- баланың
ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен
шығармауында. Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі
процесс. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден
ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол
отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында
тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар
үлесі бар.

«Жас
көңіл тың жер тәрізді,

Не
ексең сол шығады, әрі мол шығады» деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин
айтқандай, отбасы- баланың тәрбиесінің айнасы. Демек, баланы  отбасынан тануға
болады, яғни ата-анасың бір- бірімен, ата-анасының баласымен қарым қатынасы
қандай екенің өз көзқарасынды қалыптастыруға болады.

Құрметті ата-аналар, біз енді топқа
бөлінеміз.

1 топ-Әке

 2топ-Шеше

 3 топ-Отбасы

( ата-аналар топқа
бөлінеді)

 Мен сіздерді не үшін бұлай бөлді деп
ойлайсыздар? (Ата-аналар жауап береді)  

 Баланы жастан
бақпасаң,

 Жамандықтан
қақпасаң,

 Қадірден жұрдай
қасқа боп,

 Кешкенің өмір
босқа тек,

-дегендей,баласының
ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар,сірә.Олай
болса,бауыр етіңіз балаларыңызды жақсы көріп,еміренгенде не дейсіздер? (Ата-аналар
жауап береді)

 -Құрметті
ата-аналар,енді түрлі-түсті бояуды пайдаланып,үлкен жүректің суретін салайық.  
(Ата-аналар постерге жүректің суретін бейнелейді)

-Ал, ашуыңызға
тигенде, шыныңызды жазыңыздаршы, қандай сөздерді көп қолданасыздар?

(Стикерлерді
таратамын, соған ата-аналар сөздерді  жазады)

 -Енді осы
стикерлерді алдарындағы «Жүрекке» жапсырыңыздар.   (Стикерлерді жүрек
суретіне жапсырады)

Слайдтан  «Сызат» 
бейнеролигін
тамашалайды. («Сызат»  бейнеролигі)

  -Осы бейнеролик
туралы қандай ойларыңыз бар, қандай әсер алдыңыздар, өз пікірлерімізді ортаға
салайық, кұрметті ата-аналар. (Ата-аналар өз ойларын айтып шығады)

Жауаптар тыңдалады. Постерлерін қорғайды ,
түсіндіреді.    

 — Осындайда, Л.Н.Толстойдың
«Ата-аналардың басты қателігі- олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай,
балаларын тәрбиелеуге тырысатындығын- да» деген қанатты сөздері еске түседі.

Ата-ана
мен бала арасындағы осындай қарым-қатынастың салдары слайдтан көрсетіледі.

Ата-аналарға
арналған ситуациялық сұрақтар.  /Әр топ кезегімен жауап береді./

   
    

«Ата-анаға
баласынан жаднама» ұсынылады.

         

             «Тегінде
адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан
басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де-ақымақшылық», — деген шығыс даналығын
келтіре отырып, ой түйіндегім келіп отыр:

 -Бүгінгі
жиналысымыздың жүрісін еске түсірейік. Бұрынғыдан өзгеше ме?

Ата-аналардың
жауаптары:

-Шеңбер
құрып,топқа бөліндік.

 Жүрек
суретін бейнелеп, сұрақтарға шынайы жауаптарымызды жаздық,    жапсырдық, пікірімізді
қорғадық.

 Бейнероликтер
тамашалап, ситуациялық сұрақтарға жауап бердік. Ата-аналар жиналысы өзгеше
болып өтті.  

  -Бала- үйдің
айнасы ғой, балаңызбен әңгімелескенде, ендеше, балаларыңыздың сабағында өзгеріс
бары байқала ма?

            -Тәуелсіз
елдің ертеңгі қожасы, иесі-балаларымыз. Ертеңгі азаматтарымыз заман талабына
сай озық ойлы, тәрбиелі, жан-жақты білімді болуы үшін оқыту саласында, соның
негізінде мектебімізде оң өзгерістер бар. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»
бағдарламасы негізінде мектебімізде сыныптар топқа бөлініп оқытылып жатыр.

             Біз
де бүгінгі тренинг-жиналысымызда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарымызда
қолданғанымыздай, осы сіздерге салып көрдік. Балаларыңыздың осы әдісте білім
алғанына қандай пікір білдіресіз? Жауаптары тыңдалады.

             
Ата-аналардан рефлексия алу.

Тренинг сабақ

Тақырыбы: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру

Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың  ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар  арқылы көрсету.

Көрнекіліктері:Слайд, қағаздар, шам, доп,  жаднама, карточкалар.

Тренинг бағдарламасы:

1. Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».

2. «Біз біргеміз!» қызықты сұрақтар жаттығулар.

3. Ситуациялық сұрақтан шығу.

4. Ой- толғаныс «Жалғасын тап»

5.Өлең шумақ

6.Қорытынды

1. Баяндама оқу

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағыар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен  қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде  отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

2.Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12. Сабаққа дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?

13.Балаңыздың таңдаулы пәні не?

14.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?

15. Балаңыз кеше қандай баға алды?

16.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз  екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

17.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

18.Балаңыз Сізбен сырласады ма?

19.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?

3. Ситуациялық сұрақтар.

Сынақ; Мына үстел үстінен кез – келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақты алмас бұрын 7 топқа бөлінгеніміз дұрыс. (Топпен жұмыс).

— Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

-Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», — деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

-Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

-Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

-Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?


-Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,…..деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

— Сізге мектептегі мұғалімдерден 

«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

 -Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»

Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
-Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?
-Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?
  -Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз.           Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?
-Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?
-Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

Ауызша қою

-Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

-Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

-Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

— Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

4.Жалғасын тап:

Сәби бақыты, ол –
Ата — ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер — азамат бақыты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –

5. «Өлең шумақ» ойыны.
Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.
Талдау: өлең шумағын бір — бірден оқып талдайды.
6. Қорытынды: Мәселен, мен былай құрастырдым:

Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА. – деп бүгінгі тренинг — сабағымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!


6.Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана   мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған  азамат болып шығары сөзсіз.


Рефлексия

Аты-жөні—————————————————————

Менің тренинг барысында түйгенім———————————————————————————————————————————————————————————————

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады —————————————————————————————————————————————————————————————

Маған ең пайдалы, құнды болған————————————————————————————————————————————————————————————————

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Қолы————————————

Аты-жөні—————————————————————

Менің тренинг барысында түйгенім———————————————————————————————————————————————————————————————

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады —————————————————————————————————————————————————————————————

Маған ең пайдалы, құнды болған————————————————————————————————————————————————————————————————

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Қолы————————————

Аты-жөні—————————————————————

Менің тренинг барысында түйгенім———————————————————————————————————————————————————————————————

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады —————————————————————————————————————————————————————————————

Маған ең пайдалы, құнды болған————————————————————————————————————————————————————————————————

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Қолы————————————

Аты-жөні—————————————————————

Менің тренинг барысында түйгенім———————————————————————————————————————————————————————————————

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады —————————————————————————————————————————————————————————————

Маған ең пайдалы, құнды болған————————————————————————————————————————————————————————————————

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді——————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Қолы————————————

«Өлең шумақ» ойыны

Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырыңыз

Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА

Сәби бақыты, ол _________________________________________________
Ата — ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер — азамат бақты, ол –
Ұстаз бақыты, ол

Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», — деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

Сіздің 16 жасар қызыңыз  және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ  күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн тәртібін  енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан  қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға  дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,…..деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

Сізге мектептегі мұғалімдерден 

«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

 Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»

Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

 Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз.           Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ.

«ЖАНҰЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

Тақырыбы: Жанұя құндылықтары

Мақсаты: ата-аналардың көңіл – күйді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.
Қатысушылар: ата – аналар, мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық
Барысы:

І. Кіріспе

Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар! Бүгінгі «Жанұя құндылықтары» ашық есік күніне қош келдіңіздер.  Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Отбасы — Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке — шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата — ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата — аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!

Шаттық шеңбері

ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаттығу  «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
Мақсаты: Ата — анамен баланың ортасындағы қарым — қатынасты анықтау.

Сауалнама.
Ата — аналарға «Сіз қандай ата — анасыз?» тест.

Олар балалармен қарым — қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
Егер сіздер өздеріңнің қасиетті міндеттеріңізді қалай атқаратындарыңызды білгілеріңіз келсе, мына чех психологының сұрақтарына жауап беріңіз

1.Журнал,телевизор, радиодан тәрбие тақырыбындағы бағдарламалар мен мақалаларды бақылап, назарыңызда ұстайсыз ба?

2.Бала қателік жасады. Балаңыздың тәртібі- сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі екенін ойланып көрдіңіз бе?

3.Сіз тәрбие сұрақтары туралы жолдасыңызбен бірдей пікірдесіз бе?

4.Бала сізге көмегін ұсынды.Сіздің жұмысыңыз кешігуі немесе тоқтап қалуы мүмкін болса да баланың көмегін қабылдайсыз ба?

5.Тиым салу немесе бұйыру әдісін тек онсыз мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданасыз ба?

6.Сіз тәрбиеде жүйеліліктің ең басты екенімен келісесіз бе?

7.Балаға қоршаған ортасы өте үлкен әсер етеді дегенмен келісесіз бе?

8.Баланың жан-жақты жетілуінде спорттың маңызды екенін мойындайсыз ба?

9.Сіз балаға бір нәрсені бұйырмай, сұраулы кейіпте айта аласыз ба?

10.Баладан «Уақытым жоқ» деп құтылу сізге жағымсыз ба?

Әр дұрыс жауапқа, яғни «иә» — 2 ұпай, «әрқалай» деген жауапқа — 1 ұпай, теріс жауапқа , яғни «жоқ» — 0 ұпай. Нәтижесін есептеңіз:

6 ұпайдан кем: сізде нағыз тәрбие туралы анық елестету жоқ. Сізге әлі де басынан бастаудың еш уақытта кеш болмайтынын айтқымыз келеді.

7 — 14 ұпай: Сіз тәрбие саласында үлкен қателіктер жібермейсіз, дегенмен де сізге ойланған жөн.

15 ұпайдан жоғары: Сіз өзіңіздің міндетіңізді толық атқара аласыз. Дегенмен сіз әлі де болса жақсартуды байқап көрмейсіз бе?

Жаттығу«Бақыт деген не өзі»
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
Ортаға сынып жетекші шақырылып тапсырма беріледі: бүгінгі қатысушылардың ішінен ең бақытты деген кісілерді орын — орнымен тұрғызу.
Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
3. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»
5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.
Сәби бақыты, ол –
Ата — ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер — азамат бақты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –

Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл….
— Отбасым бақытты болу үшін….
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі….
— Мен қалар едім отбасымның….

Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп — көп рахмет.

  1. Ата — аналарға кеңес
    (оқылып, таратылады)

  2. Рефлексия

  3. Психотренинг
    «Жанұя бақыты»
    Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
    Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
    Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер,қалам,май шам,ватман қағаз, шар.
    Тренинг бағдарламасы:
    Психолог: Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
    «Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты :«Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.
    Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
    «Диаграмма құрастыру» жаттығуы
    Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз
    Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру.
    Ата-анаға:
    1. Ұйқыға
    2. Мектепке
    3. Отбасымен қарым-қатынасқа
    4. Үйірмеге
    5. Достарына
    6. Үй шаруасына
    7. Жалғыз болуға
    Диаграмманы қорытындылау

Сабақ аяғындағы көңіл — күйімізді көрсетеміз.
ІІІ. Қорытынды

Ақмола облысы Целиноград ауданы

Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектеп ММ

Ата – аналар жиналысы

Тақырыбы:

«ЖАНҰЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

Өткізген: Ш.Г.Арстамбекова

Сыныбы: 4 «ә»

2017 ж

Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата ана
Мақсаты:
1. Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата — аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата — ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата — ананың оқу — тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата — ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс — тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ — жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

3. Қызығушылығын ояту.
Ата — аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.

4. Баяндама.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат — әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата — ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін — өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бізде көптеген ата — аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата — ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу — үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата — ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата — ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата — ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата — ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі — өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата — ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата — ананың қолында.

5.«Қызықты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

6. Ата — аналарға «Сіз қандай ата — анасыз?» тест. Олар балалармен қарым — қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
— Мен саған қанша рет айтамын? — Маған кеңес бере қойшы, айналайын! — Мен сенсіз не істер едім?! — Бұл не тағы? — Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? — Кімге тартқан бәлесің өзің? — Мен сендей кезімде.. — Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! — Сенің жаныңдағы қандай достар осы? — Сен не ойлап отырсың? — Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң… — Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауаптары: 7 — 8 балл — Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым — қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
9 — 10балл — Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11 — 12 балл – Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата — ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру. 13 — 14балл — Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар — оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата — ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

7. Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — балапан ұшыру емес» деген мақал — мәтелдерден көруіңізге болады.
Ендеше психологиялық — педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз — ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс — керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі — ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 — 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі — сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін — еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл — күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

6. Қорытынды бөлім:
Құрметті ата — аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл — қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Ақтөбе қаласы, №1орта мектебінің
бастауыш класс оқытушысы
Мурынова Алия Ордабаевна

АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСЫ

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің балабақшамыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Самалмын . Ал, мен ақкөңіл Ажармын…. Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

 2. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

    Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

3. Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

4. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

    Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.

Ойын тапсырмалары;

1.    «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2. «Достық» кірпіші

    «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

3. «Махаббат» кірпіші

 Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз

4.  «Тапқырлық» кірпіші

«Тәрбие» сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік»

 Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.

 Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

 Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Жүректен жүрекке:Құрметті ата-аналар! Енді осы тренинг бойынша сындарыңызды, ұсыныстарыңызды, жылы лебіздеріңізді   немесе тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашқа жапсырып, көркейтейік.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: “ Отбасытәрбие ұясы”.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: Ата-аналар мен ұстаздар арасында қарым-қатынас орнату, бірлесе жұмыстана отырып, балалардың тәртібі мен оқуын қадағалап, олардың өмірде жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Ата-аналар жиналысында қолданылатын құралдар: проектор, слайдтар,үнтаспа.

Жоспар:

  1. Ата-аналармен танысу,оларды колледж ұстаздарымен таныстыру

  2. Баяндама тақырыбы: “ Ата мен ана- бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Топ жетекшісі З.Е.Ахметова.

  3. Ата-аналарға колледж және топ туралы мәлімет беру.

  4. Ағымдағы мәселелер.

Баяндама тақырыбы: Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени — әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi болып табылады.. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.
«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер — бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата — анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда»,деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт — бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше екендігін меңзейді. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi. Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет.

Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, » адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған» деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуiнің қажеттiлігi туралы айтады. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйреніп отырған. «Ата көрген оқ жонар» деген осыдан қалса керек.
Қазақ халқының » Ата – балаға сыншы» деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастырады екен. Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ қыздың жолы жiңiшке» деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. «Қызға қырық үйден тыйым», » Ұлға отыз үйден тыйым» демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес. «Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады. Егер оқушы маманданған ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi, бiлгiр адам болуы қажет». Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, «Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз деген сөзін, басшылыққа алған біздің колледж ұжымы бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын дамыту, өркендету барысында жұмыс жасап келеді. «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат» дегендей,менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса ғана жемісті болады деп ойлаймын.

Колледж туралы мәлімет. (Слайд көрсетіледі)

Топ туралы мәлімет: (Топ жетекшісі топ туралы слайдтар көрсетіп, студенттер туралы тоқталып өтеді.)

Студенттер дайындаған концерттік бағдарлама.

Көрініс: “ Әкем Анам және Мен”. (Орындайтындар: Бақтыгереев Райымбек, Габдиев Нұрбол, Марат Бибісара, Макарова Салтанат, Мамбетиярова Айгерім, Сағынова Нұргүл,Қонысбайқызы Айгерім, Жолдасова Ақнұр, Қараева Гүлбану, Аязбаева Дина, Сати Айгүл.)

Испан биі: Орындайтын Сабырова Гүлжайнас.

Ата-аналармен сұхбат. Сұхбатты жүргізуші Бақтыгереев Райымбек.

“Топтастарыма”- Серікова Ақұлман өз туындысын оқиды.

Нұрбол: Анам менің – аялаған ақ гүлім
        Анам менің – бақытым мен шаттығым
         “Анашым” – деп балаң жырын арнаған
         Неге ғана естімеген тәтті үнін
        Анам менің – өмірдегі тірегім
        Анам менің – кеудемдегі жүрегім
        Егер менің қасымда сен болмасаң
        Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Ақнұр: «Ана» Фариза Оңғарсынова
Ана үлкен , биік құдірет,
Анасыз өмір өтер , жөні бөлек.
Өмірдегі балалар дүниеде,
Арқасында сол ананың ғанибет.
«Ана» сөзі үш әріптен құралған,
Үш әріпте жатыр ғой бар арман.
Сол арманым орындалып кетсе егер,
Аналарға өмірім, арналып кетер ойлаған.
Есіңде болсын ұлдар, қыздар,
Өз анаңа боласың сен қарыздар.
«Кешіріңдер,құрметті аналар» —
Деп өтеді түсінетін адамдар.

Гүлжайнас: Ыстық – ау  кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

  Біз бүгін әкелердің арқасында .

Ақұлман: Өмірімнің қап қараңғы түнінде
Еш не білмес, өңім бе, я түсім бе?
Оң менен сол , от пенен су айырмас ,
Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде,—
Құшағыңа алдың сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан анам!»,
Ыстық-суық , желге – күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.

Дина: Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.
Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған
Екенімді ойламастан тез білдің.

Гүлбану: «Жаным – дедің,— қарашығым,құлыным,»
Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!»
Қаз-қаз тұрсам,езу тартсам,құласам,
Я жыласам – Бәрі жақты қылығым.

Арайлым: Жаным анам – жібек тілді, ақ көңіл,
Жазу болып, шегер болсам ұзын жол,
Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға,
Жан балаңа ақ батаңды бере көр!..

Айгерім: Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясында кім болса да,

  Тек анаңа жақынсың

Айдана: Ана,
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Ақбөбек: Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Айгерім: Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзің кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Айымгүл : Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

Айгүл: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ән: “Әкем-Анам”. ( хор)

Қорытынды: Ал, енді құрметті ата-аналар сіздердің ұл-қыздарыңыз топта және колледж ішінде белсенділік танытып, үздік оқығаны үшін,Сіздерге алғыс хат ұсынып, мадақтағымыз келеді.

Құрметті ата-аналар және ұстаздар назарларыңызға рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар!

Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы ата ана
Мақсаты:
1. Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата — аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата — ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата — ананың оқу — тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата — ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс — тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ — жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

3. Қызығушылығын ояту.
Ата — аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.

4. Баяндама.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат — әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата — ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін — өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Бізде көптеген ата — аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата — ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу — үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата — ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата — ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата — ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

Сонымен әрбір ата — ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі — өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата — ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата — ананың қолында.

5.«Қызықты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу
1. Балаңыздың туылған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың аяғының өлшемі?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

6. Ата — аналарға «Сіз қандай ата — анасыз?» тест. Олар балалармен қарым — қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
— Мен саған қанша рет айтамын? — Маған кеңес бере қойшы, айналайын! — Мен сенсіз не істер едім?! — Бұл не тағы? — Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? — Кімге тартқан бәлесің өзің? — Мен сендей кезімде.. — Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! — Сенің жаныңдағы қандай достар осы? — Сен не ойлап отырсың? — Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң… — Ақылдымсың ғой сен менің!

Жауаптары: 7 — 8 балл — Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым — қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
9 — 10балл — Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11 — 12балл – Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата — ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру. 13 — 14балл — Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар — оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата — ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

7. Мұғалімнің сөзі: Барлық өнеге жанұядан тарайды. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — балапан ұшыру емес» деген мақал — мәтелдерден көруіңізге болады.
Ендеше психологиялық — педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз — ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс — керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі — ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 — 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі — сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін — еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл — күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

6. Қорытынды бөлім:
Құрметті ата — аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл — қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Ақтөбе қаласы, №1орта мектебінің
бастауыш класс оқытушысы
Мурынова Алия Ордабаевна

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Бала тәрбиесіне байыпты қарайық….

Мақсаты: 1. Оқушылардың ата-ана сөзінің мәні ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық – қарым қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімін нығайту.

  1. Оқушылардың ата-ана алдынжағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру
  2. Ата –ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Тақырып  жазылған күн суреті, күннің шапағында жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,  компьютерде жазылған слайд, проектор, үлестірме қағаздар, бейнебаяндар.

            Нақыл сөздер

  1. «Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақал-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» .                  А.С.Макаренко
  2. «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл-отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы». А.С.Макаренко
  3. «Бала жөнінде әділ пікір айту үшін оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесінде көшуіміз керек».                                    Н.Н.Пирогов
  4. «Ата-аналар балалрына сыйлы болуы тиіс. Бірақ сый – сияпат сүйіспеншіліктен туындауы қажет» В.Г.Белинский
  5. «Ата-ана қадірін білмеген халық қадірін біле алмас. Халыққадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас»

Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз

Жаманнан жақсы туады

Адам айтса нанғысыз

Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.  Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы,қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шағуы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қадағалайды. «Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл блген.

«Әрбір баланың мінез – құлқы ата-ананың жағымды іс –әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасында, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан, жиналысымызға  қатынасып отырған ата-аналар, ұстаздар төмендегі сауалнамаларға жауап берейк.

  1. Сауалнама
  2. Ата-ана құқығы

Бала тәрбиесіне қағидалар. (Слайд)

  1. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қатынасын жасаған абзал.
  2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай- тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дрекі жауап береді.
  3. Егер өзің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят
  4. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата- анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
  5. Ата- ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.

Мейірімділік – адамның бет әлпетінен, іс-әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде-кім басқа адамның ақыл-ойы, мүлде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көөмектесе, сол адамды демеп-жебесе ол мейрімділікке жатады.

Іс – шарамыздың келесі блімінде мына бейнебаянға назар аударсақ (Б.Мұстапаевтың орындауында «Ана жүрегі» атты әннің бейнебаяны көрсетіледі.)

Бұл көрініске қарап елжіремейтін адам, езілмейтін жүрек жоқ шығар.

Осындай қатігездік қайдан шығады деп ойлайсындар?  Енді ос көрсетілім бойынша сұрақ қоғым келеді:

  1. Оқушылар, сендер осы көрініске не айтасыңдар?
  2. Ата-аналар, сіздер не айтасыздар?
  3. Сендерге қалай әсер етті?
  4. Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?
  5. Баланы осындай жағдайға жеткізбеудің тәсілдері қандай?

Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңес айтқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер.

1-қателік. Балаларды орынсыз еркелету.

2 – қателік. «Не істесең оны істе, маған бәрібір» деп айту

3-қателік. Аса қатылдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата — анңмын» деп айту

4-қателік. «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін» деп айту

5-қателік. «Саған кңіл бөлуге уақытым жоқ» деп айту

6-қателік. Балаңыздың баршалыққа  баулымау

Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

Келесі блімімізде «Бала тілегі» атты бейнебаянды ұсынамыз.

Бала тілегі атты бенейбаяннан өрбитін сұрақтар.

  1. Осы бейне баяннан қандай ойлар туындайды?
  2. Әкеннің ондай жағдайға душар болуына не әсер етті?
  3. Ағасының бауырына істегені дұрыс па, оны сіз жақсылық деп түсінесіз бе?

Қорытынды:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондқтан  «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алғаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан – бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді.

«Мейірімділікті анадан,

Әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз.

Бір біріне қамқор, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілікті мол асыл қаситтерді бойларына сіңдіру біздің міндетіміз екенін айта келіп пікір алмасу түрінде өткен  ата-аналар жиналысымды тәмамдаймын.

  Тренинг  барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Мұғалім: Тренингімізді бастамас бұрын шаттық шеңбері құрылады. Ата-аналар ортаға шығып дөңгелене тұрады.

Керегені кереміз,

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.

Барысы:

Б
Шаттық шеңбері:

Ата — аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір — біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір — бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Жүрек жылуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз жүректен шыққан жақсы ,жылу сөздерін жүрекшені ұсына отырып тілейді.

1.Топқа бөліп отырғызамын (3 топ 15 ата-ана)

Енді ата — аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны

айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата — аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.

Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып

қорғайсыздар(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

«Жапырақ тамырдан нәр алады»

Енді ата — аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.

Осы ағаштың тамыры – ата — ана, діңгегі — тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз.

Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз  жемісін береді.

2.      «Бала деген кім?»

Бала суреті ілініп тұрады.Одан әр жаққа сызықша тараған.

Т а п с ы р м а: Балаға қандай қасиеттер тән,атаңыздар.

Әр топ атап шығады,жазады..

Қимыл-қозғалыс ойыны. Сұрақтарға жауап алу.

«Иә» десеңіздер-қолдарыңызды шапалақтаңыздар.

«Жоқ» десеңіздер-аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1.Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламаны қарап жүресіз ба?

2.Бала тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя)бірдей ықпал жасай ма?

 -Егер «жанұя»десеңіздер жымиыңыздар.

-Егер «қоршағанорта,қоғам» десеңіздер қолымызды алға созамыз.

3.Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?

Eгер «әке»десеңіздер қолды шапалақтаңыздар.

Егер «шеше»десеңіздер қолды бұлғаймыз.

Егер «екеу» десеңіздер орнымыздан тұрамыз.

«Серіппелі доп» ойыны. Допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алынады

Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрады, жүргізуші допты лақтыра отырып, сұрақтар қояды.
1.Балаңыздың сүйікті түсі?

2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?

8. Туған жылы, айы, күні

9.Бала тәрбиесіне кім жауапты?

10.Балаңыз кеше қандай баға алды?

11. Ең жақсы көретін пәні

12. Жақсы көретін мерекесі

13. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

14. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

15. Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?

Әр топқа тапсырма

•      Алдарыңызда тұрған плакатқа өздеріңізге ұнаған бір машинаны салып,оның әрбір бөлшегін отбасы мүшелеріне бөліп

тастаңыздар. Мыс:  дөңгелегі-?  Рульі-? т.б Салған суреттеріңіз бойынша төрт шумақтан тұратын өлең жолдарын арнаңыз.

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Түстер де сіз жайлы сыр шерте алады.

Көк түс: Байсалдылық .Қанағаттылық белгісі. Ағзаны тыныштандырады, демалдырады. Бронхит, астма,  бас сақинасына, бүйрек  ауруларына жақсы  көмектеседі.

Қызыл түс: Алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын адамдар. Махаббат пен батылдықты  бейнелейтін түс, бірден жұрттың көңілін өзіне аударады,  сезімге берілгіш.

Қоңыр түс: Қонақжай адамдар.Бұл түсті екі аяғымен нық тұрған,өз-өзіне сенімді адам қалап таңдайды. Жүйке  әлсірегенді басады.

Сары түс: Өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар. Адамдардың тез араласып кетуіне жәрдемдеседі, жігерлі адамдарға тән.

Ақ түс: Мейірімді адамдар.Тазалық пен ұқыптылық  басым. Ол жарықты, ашықтықты, шындықты бейнелейді.

Жасыл түс: Байсалды, өз-өзін үнемі еркін  ұстайтын, жүрген ортасында белсенді адамдар.Бұл түс адамның  өз-өзіне деген сенімділігін  арттырады.

Қоңыр қою түс: Ішімдегіні тап деп қарап отыратын тұйық мінезді адамдар. Бұл түс күш,  тектілік пен байлыққа құмар жандардың қалайтын түсі.

Сіз  білесіз  бе?

1-топ: Марат жазаланды. Ол 2 бірдей “2”алған болатын.Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп, үйден шығуға рұқсат етпей қойды. Бірақ достары бірге жіберуді сұрай бастайды.

2-топ: Ата-ана ауылға әжемізге барып, саяжайда жұмыс істеуді ұйғарды.Онда Русланнан басқалардың бәрі өздеріне жұмыс тапты. Оған жүйектерді арам шөптен тазарту, бұлақтан су әкелу ұсынылды.Бірақ ол мұның бәрінен бас тартты. Бақшада көбелек қуып жүрді. Айқайлап ,жұрттың жұмысына кедергі келтірді.

3-топ: Айжан анасына тосын сый жасағысы келді.Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс-аяқтарды жуып,ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды,шешінуіне көмектесті. Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ, біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды.

Сұрақ –жауап

1.Отбасында бала тәрбиесіне  кім көп  көңіл бөлгені  дұрыс ?

2.Қыз баланы  , әлде  ер  баланы  тәрбиелеу  қиын  ба ?

3.Бала  тәрбиесіне  әке қатал  болуы  керек пе ?

4.Балаңызды еркелеткенде қандай сөз  айтасыз ?

5.Балаңыздың  досы  бар  ма ,  Ол  кімдермен  араласады ?

6.Балаңыздың  сабаққа   дайындығына     бақылау  жасайсыз  ба?

Әр ата-ананы орындыққа отырғызу арқылы топтан сұрақтар қояды.

«Аялы алақан» әр ата-ана өз балаларына ақыл –кеңес жазу

« Баламның бойындағы жағымсыз қасиеттер,баламның бойындағы жағымды қасиеттер»

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ»

-Олай болса,әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады. Өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді, мұрагерлеріміз нәрлі болмағы өз қолымызда.

Барлығымыз да ата-анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.

Мына үлкен жүрек, ата-ана, сіздің жүрегіңіз, ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі. Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса, ата-ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек- дей келе, ақиық ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай:

Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды.

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ата-ананың жасалады ,– дегендей, балаларымызға үлгі болар отбасылары көбейіп, қазағымның айнасы болып жүре берсін.

Бүгінгі тренингке ат салысып қатысқандрыңызаға,келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Асы? пати сценарий
  • Атрибуты праздника ивана купалы
  • Атрибуты праздника дня народного единства
  • Атрибуты праздника день россии
  • Астрономический праздник сегодня

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии