Тарихи интеллектуалды сабақ тақытырыбы: Ауған асуында от кешкендер!
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
Көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер,слайдтар
Түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр — сұхбат, түсіндіру, сайыс )
Жоспары:
І. Кіріспе (ашылуы, қонақтарды таныстыру)
ІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына баяндама.
ІІІ. «Сыр сұхбат» ауған соғысының ардагерімен сұхбат жүргізіледі.
ІҮ. «Біздің қайсар ұландар» сынып оқушылары арасында яғни, ұлдар арасында жүргізілетін сайыс.
Ү. Қорытынды.
Барысы:
1 – жүргізуші
Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғандағы от кешкендер!» тақырыбында өтетін тарихи интеллектуалды сабағымызға қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі интеллектуалды сабағымызға қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
Ауған соғысына қатысып, соғысты өз көзімен көріп келген Мырзахметов Жалғас, Ауелов Ермек, Ахметов Бектұрсын ағаларымзға қош келдіңіздер дейміз.
1-жүргізуші: Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, оқушыларға білім беру азаматтық парызым деп білетін
2-жүргізуші: сонымен қатар, ауған соғысы ардагерлері жалпы ардагерлер семинарларын облыстық деңгейде жақсы өтуіне атсалып жүретін,
1-жүргізуші: тәрбиелілік маңызы бар, патриоттық іс-шараларды ұйымдастыруда алдына жан салмайтын Адилов Асылбек ағайды сабағымызды ашып беру үшін алдарыңызға шақырайық.
ІІ. «Ауғандағы от кешкендер». Ауғанстан соғысы тарихына баяндама.
1 – жүргізуші
Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың тарихын сөз етейік.
1-оқушы: Гүлсінай
2-оқушы: Ақжұлдыз
3-оқушы: Ұлзира
1 – жүргізуші:
— Осыған байланысты қазіргі жастарға қойылатын талап өте жоғары деңгейде екенін біле отыра жастардың білім алуға, еңбекке деген, Отан қорғауға деген жауапкершілігі қаншалықты деңгейде екені жайлы ой бөлісе отырсаңыздар!
Ардагерлер ойы.
2 – жүргізуші
Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде «Ұрпаққа аманат» арнауын назарларыңызға ұсынамыз.
Ұрпаққа аманат
Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып
Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан
Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар
Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл — қыз хәліңді
Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан
Ел үшін қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар — ұятпенен ұжданды
Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп
Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол
1 – жүргізуші:
«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.
ІІІ. «Сыр сұхбат»
1-жүргізуші: «Сыр сұхбат» алаңына келіңіздер. Сіздермен сұхбаттасып, әңгіме жүргізетін сыныбымыздың озат оқушы Айнұр.
Айнұр:
Біз соғысты көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарынан, теледидардан, мұғалімдерімізден, оқулықтардан оқып, біліп жатамыз. Ал енді бүгін кездесудің, сұхбаттасудың сәті түскен екен, ендеше ойымызда жүрген сауалдарымызды қойып, жауабын біліп алайық. Қанша дегенмен көзбен көрген кісінің әңгімесі басқаша болады емеспе. Сұрақты бастап қоя берсек рұқсат па?
-
Соғыс қалай басталды? Сіздерді майдан даласына ерікті түрде алып кетті ме әлде күш көрсету, зорлық-зомбылық жасау арқылы ма?
-
Айтыңызшы, ауған соғысы өте қатал болды. Тіпті, баласынан айырылған аналарда, баласының соғыста қайтыс болғандығын ешкімге білдірмеу, айтпау керек болды дейді. Бұл қаншалықты рас, шындыққа жанасады ма?
-
Майданға қанша жас аралығындағы азаматтарды алды? Және де біздің Жаңақорған ауданынан соғыс даласына қанша адам аттанды, майданға кеткен азаматтарымыз түгел оралды ма?
-
Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп
жүрсіз?
5) Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп
ойлайсыз?
6) «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған
дұрыс деп ойлайсыз?
Т.б. сұрақтар қойылады.
1 – жүргізуші:
Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.
2-жүргізуші: Бүгінгі жас ұрпақ, Ертеңнің тірегі. Қазіргі кезде жастарға көп міндет жүктелгенін білеміз. Міндет деп айтуға да келмес, дұрысы барлық жағдай жасалып жатыр. Аллаға шүкір, мұң мұқтажымыз жоқ, мынадай кең сарайдай мектепте білім алудамыз. Бірақ біз бүгінгі жас ұрпақ, болашақта ел тірегі болатынымызды ұмытпауымыз керек.
1-жүргізуші: Сол үшін сыныбыздың қайсар ұландарын сынамаққа бел будық. Қазағымның қара нардай жігіттері дайынбыз ба?
Оқушы: Сұлтан
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
әрине, дайынбыз!
ІҮ. “Жауынгер жасұлан” сайысы
-
Блиц сұрақтары
2. “Кім жылдам” ойыны
3. “Әуенді тап” ойыны
4. Жағдаяттық сұрақтар
1.Блиц сұрақтары
1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
14
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
1995 жылы 30 тамыз
3. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР — да қандай ордендер беріледі.
«Отан» ордені, «Даңқ» ордені (2 дәрежелі), «Айбын» ордені (3 дәрежелі),«Парасат» ордені «Достық» ордені (2 дәрежелі),«Құрмет» ордені,«Барыс» ордені (3 дәрежелі)
4. Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы құрылды?
1992 жылы
5. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі кім?
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы
7. Қазақстан Республикасының ең жоғарғы заң шығарушы орган? Парламент
8. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті: Қазақстан Республикасын қорғау
9. Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштерінің құрылымы?
-
Әуе қорғаныс күштері (авиация);
-
әуе қорғанысына қарсы әскер;
-
Артиллерия
«Кім жылдам» ойыны
1-жүргізуші: Сайыстың келесі шартында жігіттер винтовка яғни қаруды пайдалану жолдарын біле ме екен? Білсе, қаншалықты деңгейде білетінін білу үшін, қаруды шашып және жинап жарысуын қадағалаймыз (Олардың қанша минут немесе секунд ішінде шашып жинауы белгіленеді).
3. Әуенді тап. әр қайсысы жеке жеке жауап береді.
1. Елім менің /Б. Тлеуханов/
2. Көк тудың желбірегені / Ақсұңқар Әбілтай/
3. Айналдым елім / Жігіттер кв./
4. Қазақ елі осындай /М. Арапбаева/
5. Мен Қазақпын /Е. Құдайбергенов/
6. «Атамекен» /Е. Қасанғалиев/ әндері
4. Жағдаяттық сұрақтар. Карточкаларды алып, жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.
Жағдаяттық сұрақтар:
Шабуылда ұрысты кім басқарады?
Потриот ұғымын қалай түсінесің?
Әскерге сен не үшін барасың?
Командирді қорғау, сарбаз үшін не?
1-жүргізуші: Жауынгер жасұлан сайысы осымен өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытынды есебі шыққанша, ардагерлердің қаруды пайдаланудағы икемділіктері қандай екендігін байқайық. (ардагерлер қаруды шашып жинаудан өзара жарысады)
2-жүргізуші: Сайыстың қорытынды есебін жариялауға рұқсат етініздер! Ерекше көзге түскен оқушы ардагердің қолынан мақтау қағазын алып, марапатталады.
ІҮ. Қорытынды сөз / Ой түйін/
Жүргізуші: Құрметті ауған соғысының ардагерлері, көрермендер, Бүгінгі «Ауған асуындағы от кешкендер!» тақырыбында өткен тарихи интеллектуалды сабағымыздан түйген ойларыңызды айта кетсеңіздер. Ауған ардагерлеріне сөз беру
1 — Жүргізуші:
— Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
2 — Жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Тақырыбы: «Ауған от – жалыны» кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25жыл толуына арналған кездесу кеші.
Мақсаты: 1. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
2. Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Тақырыптық кітапханалық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар,
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:
1. __________________________
2. __________________________
3. __________________________
Шараның барысы:
1 — Жүргізуші
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен колледж білім алушылары.
2 — Жүргізуші
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
1 — Жүргізуші
-Отан үшін мерт болғанды танып біл
Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашан да өшпейді,
Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!
Олар –сенің таңғы шапақ, нұрын ғой!
Олар сенің мәңгі асқақ жырың ғой!
Мәңгі алауға жиі барып әрдайым,
Бас киімді қолыңа алып гүлің ғой!
Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте!
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңе ұста, құрметте,-
деген өлең жолдарымен Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!.
Маржан
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. 1979 жылы маусымда Орта Азия республикаларының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия округінің, мұсылман ұлты өкілінен, әсіресе барлаушылар, атқыштар, танкішілер бөлімшелерінен таңдалып алынып, шығыс тілін білу және қайратты болу басты талап болды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Батальон командирі болып өзбек ұлтының өкілі майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды.
Нұргүл
Жаз бойы әскер құрамы мамандықтар бойынша тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне, қару жарақтың бар түрінен ату, бетпе –бет айқасу, жүгіру, мина істерін игеруге дайындалды. Мұсылмандық батальон 10 -12 қарашада Ташкент Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғаныстандағы Баграм авиабазасына түсірілді.
Меруерт
Барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізді. 1979 жылы 10- желтоқсанда КСРО Қорғаныс министрі Устинов Бас штаб бастығы Огарковты өзіне шақыртып алып, оған саяси бюро Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізу үшін алдын ала шешім қабылдағанын айтып 75 – 80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді.
Назгүл
Соңғы шешім 16 – желтоқсан күні 12 – де шағын ғана Кеңес басшыларының тобымен шешілді. 16 –желтоқсанда 40 – армия құрылып, оның басшылығына генерал — лейтенант Тухариновты тағайындады. 40 – армияның далалық басқармасын толық жауынгерлік әрекетке келтіріп, Түркістан әскери округінен атқыштар және танкішілер полкін және тағы бір дивизияны толық соғыс қимылына тағайындау тапсырылды. Барлық 100 –ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды.
Гүлім
Әскерді жасақтау үшін резервтен 50000 аға офицерлер, сержанттар шақырылды. Ауыл шаруашылығының 8000-ге жуық автомобильдер мен басқа техникалар бөлінді. 24-желтоқсан күні бірінші жазбаша құжат пайда болды. 1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15:00 де КСРО қорғаныс министрі бұйрығымен Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу басталды. Кеңес әскерінің Ауғааныстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел әрекеті болды. Бұл дүниежүзінде Кеңес Одағына деген қырғи қабақ соғыстың жаңа толқынын туғызды.
Ж.Назерке
Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты, 35 мың адам жараланды Кеңес әскернің соғыс әрекеттері КСРО ға 5 млрд.сом шығын әкелді. Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы қасіретінде шек жоқ. 1979 жылы 25 желтоқсанда басталып, 110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 21979адам қатысты. Оның 780 – і соғыста құрбан болды, 22 –іс түссіз жоғалды. Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді.
2 Жүргізуші
— осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қандышайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһармман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
1. Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы
2.
3.
1 — Жүргізуші
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
— Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз!
2– Жүргізуші
— Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған, адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды!
1 — Жүргізуші
— Колледжіміздің кітапханасында Кеңес армиясының Ауғаныстаннан шығарылуы күніне арналған «Ауған қасіреті» атты көрмесі жасалған. Ал ендігі сөз кезегін өзіміздің кітапханашымыз_________ береміз !
Ардагерлермен сұхбат:
Қанағат
— Сіздің пікіріңізше, Ауған соғысының басты сабақтары не деп ойлайсыз?
Райхан
— Бастан өткізген қиындықтарды ұмыту мүмкін емес қой. Ал сіздің әскери борышыңызды өтеу қай жерде басталды, алғашқы кездерде қандай қиындықтар болды? Ауғанстан несімен есіңізде қалды?
С. Ақбота
— Солдат өмірі тек қиындық пен сәтсіздіктерден тұруы мүмкін емес қой, еске алатындай көңілді де қызықты сәттеріңіз болған шығар, соның біреуін еске түсіріп айтып бере аласыз ба?
Аңсаған
— Біздің халқымызда ертеден досқа қол ұшын беру, көмек көрсету – үлкен мәртебе, әрі парыз болып есептелген. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл принцип яғни, адал достық жеңіске жетуге көмектесті. Ал «Достық қиындықта шындалады» дейміз, Ауған жерінде осындай достық жеңістерге жетулеріңізге көмектесті ме?
Асемгул
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
Шырын
Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.
Жамиля
Еркіндікті аңсап өткен ер елім,
Менің де бар әлі саған берерім.
Ел боламыз ынтымақты, бірлікті,
Болашаққа ойым таза, сенемін.
Өзгелермен терезесі теңескен,
Өтіп кетті талай асу белестер.
Биіктерден әрқашанда көрініп,
Жанды қайта тұлғалары көп өшкен.
2 — жүргізуші
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер!
1 жүргізуші
— Бүгінгі кешімізге келген Ауған соғысына қатысушыларға мың да бір алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат, қуаныш пен шаттық тілей отыра, Отанымыз тыныш болсын деймін. Тек қана жақсылықпен кездесейік. Ал оның бәрі болатынына кәміл сенемін.
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
— Осымен, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші аяқталды. Көңіл қойып, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу — кеші
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Барысы:
1 — жүргізуші
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 8 — 9 — 10 сыныбымен ұйымдастыруымен болып отырған «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған…» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!
2 — жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда!
1 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. Бейсенбаев Серік
Ажигулов Зинет ағаларымыз.
2 — жүргізуші
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
1 — жүргізуші
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 — ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 — і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып, оның 1 — і хабарсыз кетті, ал 14 — сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық:
Еске алу (1 мин үнсіздік)
2 — жүргізуші
Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал — лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» — деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.
«Ауған соғысы» туралы бейнебаян үзінді көріңіздер
1 — жүргізуші:
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
1 — жүргізуші:
— Сіздердің құрметтеріңізге ән. «Атамекен»
Соғыс жылдарындағы оқиға туралы баяндама «Жылдар сөйлейді». Зерделі 8 сынып
1979 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғаныстанда 86 адамынан айырылды, оның 7 – еуі қазақстандық еді.
12 желтоқсанда КОКП ОК Саяси бюросы Ауғанстанға 40 — армияны енгізу туралы шешім қабылдады.
13 желтоқсан Армия генералы С. Ф. Ахромеевтің басшылығымен КСРО Қорғаныс мин — нің жедел тобы Ташкент, Термез қалаларына жіберілді. 40 — армияның қолбасшылығына генерал – лейтенант Ю. В. Тухаринов тағайындалды.
27 желтоқсанда арнайы мақсаттағы «Зейнит» бөлімшесі Тәжі — Бек сарайын шабуылдады. АДР басшысы Х. Амин өлтірілді. Мемлекеттің жаңа басшысы Б. Кармаль болды.
1980 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1484 адамынан айырылды, оның 181 қазақстандық еді.
Ақпанның аяғы. Кабулда үкіметке қарсы жаппай қозғалыс өтті. КСРО елшілігі атқыланды, бірнеше кеңестік азаматттар қаза тапты. Оппозицияның қарулы отрядтарын АДР армиясымен бірігіп талқандау туралы Ауғандағы кеңестік әскери қолбасшылығына тиісті нұсқаулар түсті.
Көктем. 40 — армияның қатысуымен Пактия және Газин уәлфяттарында жауынгерлік іс — қимылдар жүргізіліп, І — Панджер операциясы өтті.
1981 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1298 адамынан айырылды, оның 97 қазақстандық еді.
Сәуір. 3 – Панджер операциясы сәтті өтті.
Қыркүйек. Кеңестік және ауғандық әскерлер шартты «Мармоль» атауымен қиын операция жүргізді. Балх уәлаятындағы Мазари — Шариф Оңтүстігіне қарай 25 — 30 шақырымда тауда орналасқан көтерілісшілер базасы талқандалды.
1982 жылы
Бұл жылы 1948 кеңестік жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 168 қазақстандық қаза тапты.
Мамыр. 40 — армияның қолбасшылығына генерал В. Ф.Ермаков тағайындалды. Оның басшылығымен Парван, Каписа, Газни уәлаяттарында жауынгерлік операциялар, сонымен қатар Ауғанстанның Пәкстан, Иранмен шектесетін мемлекеттер шекарасын жабуда ауқымды жұмыстар жүргізілді.
1983 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1446 адамынан айырылды, оның 72 қазақстандық еді.
Мамыр — қыркүйек. Қарсыластармен соғыс барысында 22 жауынгерлік операция жүргізілді. 2800 торауыл қойылып, 17 632 қару бірлігі жойылды. 4334 және1772 мың бірлік оқ дәрі қолға түсті. 103 колонна. Дислокация пунктері атқыланып, 38 минаның жарылуы оқиғасы тіркелді.
1984 жылы
Кеңес әскерінің бұл жылы шығыны 2343 адамды құрады, оның 103 — і қазақстандық еді.
Мамыр — қыркүйек. 40 — армия 22 жоспарлы, 19 жоспардан тыс операциялар жүргізді. 2084 торауыл қойылыр, 18184 моджахед өлтіріліп, 3839 жеке қару бірілігі қолға түсіріліді. 80 колонна, 96 дислокация пункті атқыланды, 53 мина жарылысы болды, кеңес әскері 886 адамынан айырылды, оның 111 — і офицерлер болды. 1958 адам жараланып, оның ішінде 70 мың адамы өліп, 3 минааттар, 50 — ден астам мина, ауқымды қару – жарақ, оқ – дәрі қолға түсті.
1985 жылы
Ауғанстанда кеңестік 1868 адам қаза тапты, оның 86 – сы қазақстандық болды.
қазан. Мәскеуде Кеңес әскерін Ауғанстаннан шығару туралы келіссөз қабылданды.
1986 жылы
Ауғанстанда кеңестік 1333 адам қаза тапты, оның 70 — і қазақстандық болды.
Сәуір. Кеңес әскерін қалайда Ауғанстаннан шығару туралы АҚШ — тың №166 Ұлттық қауіпсіздік директивасына қол қойылды.
1987 жылы
3 – қаңтар. Ауғанстан респ. революциялық кеңесі «Ауғанстандағы ұлттық татуласу» Декларациясын қабылдады.
1988 жылы
759 кеңес әскері, оның ішінде 44 қазақстандық қаза тапты.
Желтоқсан. Горбачев БҰҰ — ның Бас ассамблеясының 4 — сесссиясында АҚШ пен Пәкістанға арналған инициатива көтерді. Онда 1989 жылдың 1 қаңтарынан барлық соғысушы жақтар арасындағы ұрыс қимылдарын, оппозиция мен үкімет әскеріне қару – жарақ, техниканы жеткізуді бір уақытта тоқтату ұсынылды.
1989 жылы
Кеңестік әскерінің шығыны 53 адамды құрады. Оның 8 — і қазақстандық болды.
15 ақпан. Түстен кейін Ауғанстан кеңестік шекарашылар тастап шықты. Термез қаласында болған митингіде 40 — армияның қолбасшысы алдарына қойған әскери міндетті толық орындап шыққанын мәлімдеді.
2 — жүргізуші:
КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күнін атап өту қарсаңында «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.
«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.
«Мен көрген соғыс» атты бейнебаян үзінді көріңіздер
Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Осындай ағаларымыздың хатынан үзінді тыңдаңыздар. (Күй орындалып тұрады.) Арайлым 10 сынып.
«Жауынгер хаты» (авторы М. Сергеев.)
Бауырым, бұл хатымды аласың ба?
Ауғанның тауларының арасында,
Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,
Жатырмыз ессіз — түссіз жар астында.
Қоршаудамыз, барады айдан асып,
Анталаған жаулармен тайталасып,
Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,
Шер — қайғыңды енді кімге айта аларсың?
Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,
Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.
Түн ортасы басталар қанды қырғын,
Жарылыстан — жарылыс – күл боп ұшқан.
Күні өтеді осылай жастығымның,
Жолдасымның естідім ақтық үнін.
Қансырады, құлады командирім,
Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.
Күліп жатты жалғанның барлығына,
Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!
Көтергенмен рухын жауынгердің,
Іште қалды — ау өкпесі тағдырына!
Басқа салды, біз көндік, амал қанша?
Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.
Қай бұрышта қалады бас домалап,
Алла білер, жортатын сапар қанша?
Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,
Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,
Бауырым, дән риза мен болар едім,
Осы хатым еліме барып жетсе!
Түсімізге енеді ақ қорымдар,
Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.
Бәрімізде бір арман қоршаудағы;
«Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»
1 – жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз.
6 — сынып
1. Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар
2. Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
3. Отан үшін оққа тосып кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім — жесір тағдырларын ойлашы.
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.
4. Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып
Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
5. Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан
Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар
Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл — қыз хәліңді
6. Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан
Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар — ұятпенен ұжданды
Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп
Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол
1 — жүргізуші: Арал қаласына қатысқан Ауған соғысының ардагерлері:
Екі жүргізуші барлық Ауған соғысының ардагерлерін кезек кезек тізіп айтып шығады
«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше, сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар!
Ендігі сөз кезегі алып бәйтерек, ауылымыздың мақтанышы болып жүрген ауған соғысының ардагерлеріне беріледі.
Сұхбаттасу
Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар, олай болса кезекті оқушыларға берейік. Оқушылардың сұрағы:
— Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?
— Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума – туыстарыңыз білді ме?
— Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?
— Бұл сұм соғысқа аттандыңыз ба?
— Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?
— Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады?
— Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме? Әлде қару беріп жібере салды ма?
— Сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?
— Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз.
— Соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?
— Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
— Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
— «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
— Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?
1 – жүргізуші:
15 ақпан 1989 жылы 40 — армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.
2 — жүргізуші
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
1 — жүргізуші:
— Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
2 — жүргізуші
Ерлік — елдің туы. Ер қуаты — қару болса, ел — қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық.
Ән: «Байтақ елім»
1 — жүргізуші
Кешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің директоры береміз.
2 — жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде.
Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
«Ауғанның асуында от кешкендер…»
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп — интернаты
Оразгулова Дина Айнуровна — қосымша білім беру педагогы, тарих пәнінің мұғалімі
Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші
Өткізген: Сафинова Загипа Базылбекқызы, мектеп кітапханашылары
Өткен күні: 11.02. 2015 жыл
Өткен орны: мектеп кітапханасы
Мақсаты:
оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі:
Слайд. Кітап сөресі
Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:
- Утемисов Хайрулла
- Амралинов Қайрат
- Мухаметгалиев Хайдар
Кездесу кештің барысы
Саруар Мадияр:
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл толуына арналған «Ауғанның от — жалыны» атты жауынгер интернационалистермен кездесу кешін
Бірге: ашық деп жариялаймыз!
Зейнурова Ботагөз:
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.
Мадияр: 1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың
15 ақпан күні — Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі. Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестеріміз де аз емес. Олай болса бүгінгі кездесу сағатымыздың құрметті қонақтары — жауынгер – интернационалистерге қошемет көрсетейік. Олар:
(Қонақтармен таныстыру)
- Утемисов Хайрулла
- Амралинов Қайрат
- Мухаметгалиев Хайдар
Ботагөз: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Боздақтарға басымды иіп бір минут,
Есіме алам сол бір апат қайғыны
Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға басымызды иіп тағзым етейік!
Мадияр: Арманына жете алмаған ұлын ойлап
Ананың құрғамаған көзі жастан-
демекші өмірінде естіп білмеген жерде ұлының қазаға ұшырағаны көптеген аналарымыздың көз жасының себепкері болды.
Әрине уақыт өте, бейбіт өмірдің шуағы жарқыраған шақта, сол қаза болған асыл азаматтар халқының мәңгі есінде сақталып, бүгінде оларға ескерткіштер орнатылып, көше аттары беріліп, құрметке ие болуда.
Ботагөз: Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,
Халқым аман болсыншы деп тіледі.
Егеменді ел болып етек жаптық,
Төбемізден көк байрақ желбіреді.
Мадияр: Құрметті жауынгер интернационалистер, Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің 7 сынып оқушысы Қайырбек Аяулымның орындауында «Қазақстан, алға!» әнін қабыл алыңыздар
Ән
Ботагөз: Былтыр Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына Амангельды Жантасовтың « Қара – майор отряды» атты кітабы жарық көрді. Сол кітаптың мазмұны жөнінде видео бейнеге назар аударайық.
Видео Слайд көрсетілімі
Мадияр: — 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
Ботагөз: — Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.
Мадияр: — 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 10 жылға созылды.
Жау дейміз — ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..
агитбригада
Ботагөз:
Өтер жылдар, артып тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.
Мадияр:
«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.
(Әңгіме сұхбат жүргізіледі)
- Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?
- Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?
- Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?
- Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?
- Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?
- Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?
Ботагөз:
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Сәтбаев қаласының абыройын асқақтатуға атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп — құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз. (Сыйлықтар беру)
Мадияр:
Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Сіздердің Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын.
Ботагөз: Енді ондай соғыс ешқашан болмасын. Тәуелсіз елімізде мәңгі тыныштық орнасын! Еліміздің көк туы биікке желбіресін!
Мадияр:
Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, шақырғанымызға келгендеріңізге көп — көп рақмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше
Бірге : Қош сау болыңыздар!
Естелік суретке түсу
(Қонақтарды құрметпен шығарып салу)
Ауған жерінен Кеңес армиясының шығарылуына 25 жыл толуына орай «Елінің каһарман ерлері» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу.
Мақсаты: Ауған соғысы туралы мағлұмат беру, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалары ерлігін үлгі ету.
Іс-шаралар барысы: Ауған соғыс ардагерлерін құрметпен қарсы алу.
Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл толуына орай кездесуімізді ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші:
-
Салеметсиздер ме, қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі
кешіміздің қонақтары!
Еліміздің Ата Заңы – Конституцияның 36-бабында «ҚР қорғау – оның
әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп атап көрсетілген . Отанның лайықты қорғаушысы болу – күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап, өзін әскери қызметке дайындауға өз Отаны – Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуы тиіс. Осы мақсатта жастарды Қазақстандық патриотизмге баулу Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.
«Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі – онымен етене
байланысып жатқан ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті – өз халқына деген сүйіспеншілігі» деп Бауыржан Момышұлы патриотизмнің мәні мен мазмұнын ашып көрсетті. Ақпан айының 15-жұлдызында Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шыққанда 23 жыл толды. Кеңес Одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгі сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, ескерткіштер орнатылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақстанда да сақталған.Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. «Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Солардың ішінде ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті».
-
Күй
-
Сап көрінісі
-
Автоматты бөлшектеу және жинақтау
-
Оқты оқжатарға жинақтау
-
Гир көтеру
Жүргізуші: Ауған елінде, қан майданның өтінде күн сайын емес, сағат сайын қауіп-қатермен беттесіп жүрген ардагерлерімізге сөз кезегін береміз.
-
Марапаттау
-
Концерттік бағдарлама.
Ауған соғысы
Мақсаты:
Оқушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Слайд, бейнетаспа.
Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері
Дөңгелек үстелдің барысы:
Жүргізуші:
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жанатта болсын жаны
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 10 сыныптармен өткізгелі отырған «Ауған ақиқаты» атты Ауған соғысының ардагерлерімен дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!
Гимн
Жүргізуші:
1989 жылы, ақпан айының 15 — ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, Ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара — пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 30 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы қажет пе еді?» деген сұрақтар көп қойылатын кезеңде, біз жастар еліміздің сол соғысқа қатысқан ағаларымыздың Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толып отыр.
Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатынасып, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бүгін біздің ортамызда.Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып отырған құрметті қонақтарымыз, Ауған соғысының ардагерлерімен таныстырып өтсек:
(Қонақтармен таныстыру)
1. Ахметжанов Мұхтар Абдіқасұлы
————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-
Жүргізуші: Ерлік кездейсоқ болмайды, ол жауынгердің жүрегінде достарын еске алып, Отанынан өзін тыс сезіне алмайтынын түсінгенде ғана туындайды. 3285 күнге созылған алапат апаттың аяқталар күні бар екен. Ол 1989 жылдың 15 — ші ақпаны болатын. Дәл осы күні халықаралық Женева келісімінде бекітілгендей, Ауғанстаннан соңғы кеңес әскерлері шығарылды. Ауған соғысына 22269 жерлесіміз қатысып, жиырманың біріне жат жерден топырақ бұйырған.
Осынау қанды қасапты шейіт болған 10955 боздақтың 761 — і қазақстандық жауынгер. 362 — сі қазақ. Тоғыз жылда соғысқа қатысып, 484 — і жараланып қайтқан. 20 — сынан осы күнге дейін хабар жоқ. Ауған соғысы жайлы баяндама әзірлеп келген — сынып оқушысы ———————————————————————————————————————————————сөз берсек.
Баяндамашы :
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 — ке жеткен.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 — і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал — лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» — деген ойлы сөзі бар.Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар мен оқушылар алдымен бейнетаспаны көріп , содан әңгімемізді жалғастырсақ.
Жүргізуші:
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі , міне өздеріңіз таспадан көрген – Ауған соғысы.
Жүргізуші:
Құрметті —————————————————————————————————————————————— сіздің Ауған соғысы жайлы сұхбатыңыздан бастасақ.
Жүргізуші: Рахмет, аға, әңгімеңізге. Ардақты ағалар! Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген бұл соғысты, сіздер өз көздеріңізбен көрдіңіздер, куә болдыңыздар, сондықтан оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен, рұқсат етсеңіз.
(Сұрақ-жауап жүргізіледі)
- Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?
- Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?
- Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?
- Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?
- Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?
- Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?
Жүргізуші:
«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып әңгімелеп бергендеріңізге көп рахмет.
Жүргізуші:
Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар
Тағдыр талай тауқыметін табыстар
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғанда болып азап шеккен арыстар.
деп ақындарымыз жырлағандай, өмір жылжып жатады, ерлік өлмейді, заманымыз жалғаса береді. Бұған дәлел ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері. Қоғамдық жұмыстағы белсенділері, түрлі кәсіптік игерудегі бәрінен бұрын жастарды, отан сүйгіштікке ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.
— сынып оқушыларының орындауындағы ән өздеріңізге арналады, қабыл алыңыздар.
Ән.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, келгендеріңізге көп — көп рахмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Боздақтарға басымды иіп бір минут,
Есіме алам сол бір апат қайғыны
Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға басымызды иіп тағзым етейік!
Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,
Халқым аман болсыншы деп тіледі.
Егеменді ел болып етек жаптық,
Төбемізден көк байрақ желбіреді.
Басқа материалдар