Аяласа? таби?атты аяла сценарий

Искендирова С?лушаш Ауталип?ызыБаратай негізгі мектебіні? бастауыш сынып м??алімі Та?ырыбы: Таби?атты аялаМа?саты: Таби?атты ?ор?ау, са?тау ?ажеттігі туралы ой,

Искендирова С?лушаш  Ауталип?ызы

Баратай негізгі мектебіні?

бастауыш сынып м??алімі

                                      Та?ырыбы: Таби?атты аяла

Ма?саты: Таби?атты ?ор?ау, са?тау ?ажеттігі туралы ой, ынта ту?ызу. Ту?ан жер таби?атына деген с?йіспеншілігін арттыру. Таби?атта?ы с?лулы?ты к?ре білу, эмоциялы? ?сер ала білуге, ?з ортасында сымбатты да шыны??ан т?л?а болу?а баулу, экологиялы? м?дениетті ?алыптастыру.

Т?рбие са?атыны? ??рылымы:

І. ?йымдастыру

ІІ. Т?рбие са?атыны? та?ырыбын (постермен ж?мыс)

ІІІ.Таби?ат дегеніміз не?(саяхат-шолу)

        1.Тіршілік атаулыны? бар арманы –ауа

        2.Тіршілік к?зі –су

        3. Таби?ат байлы?ы – ?сімдіктер

       4.Орман с?ні –??стар

       5.Таби?атты? с?лу м?сіні –жануарлар

IV Сергіту с?ті: «Мейірімділікті таби?аттан ?йрен!»

V. Ой-тол?ау (?й тапсырмасы)  «Мен таби?атты с?йемін»

VI. Таби?атты?  ?сем к?рінісі  (таныстырылым)

?ІІ. Міне, ?ызы?!

 ?ІІІ. «Арманына жеткен а?аштар» к?рме

ІХ.  «Ж?ректен ж?рекке» таби?ат?а тілек айту

Х.  Саба?ты ?орыту.?н шашу « Атамекен »

І. М??алім: — Армысыздар ??рметті ?она?тар мен ?стаздар ж?не о?ушылар! Б?гінгі т?рбие са?атыны? та?ырыбын білу ?шін, мына ?нтаспаны ты?дайы?. (О?ушылар ?нтаспадан суды? сылдырын, ??рсы? дауысын, араны? ызы?ын естиді. Осыдан барып естігенін ?а?аз бетіне т?сіреді.)

ІІ. О?ушылар сал?ан суреттерді талдай келе, б?гінгі к?нні? та?ырыбын жариялаймын. «Таби?атты аяла» атты т?рбие са?атымызды бастаймыз.

ІІІ.  Таби?ат  ?леміне саяхат?а шы?айы?:

Онда?ы ма?сатымыз:   сендермен бірге ?орша?ан орта?а деген махаббат ??ндылы?тары жайлы т?сінігімізді ке?ейтеміз, таби?атты с?юді,?ор?ауды, таби?ат-Ана?а с?йіспеншілікпен ?арауды ?йренеміз. Біз б?гін, таби?атпен сырласамыз, оны т?сінуге тырысамыз. Біз б?гін, Таби?ат-Анадан мейірімділікті ?йренеміз!

Видеоролик «Таби?ат деген не?»

Таби?ат дегеніміз не? Таби?ат адамзатты?, жалпы тіршілік атаулыны? ежелден ?мір с?ріп келе жат?ан ортасы, алтын бесігі. Таби?ат-с?лулы?ты? таусылмас к?зі.

Ендеше біз б?гінгі саба?ымызды таби?атпен амандасудан бастаймыз.Барлы?ымыз орнымыздан т?рып мына ?ле? жолдарын бірге айтайы?!

?айырлы к?н, к?нім, далам, орманым,

?айырлы к?н, г?лім, ??сым, к?лдерім.

?айырлы к?н, ?сімдіктер, ж?ндіктер

?айырлы к?н, бар тіршілік иесі!

?те жа?сы!  Барлы?ымыз орындарымыз?а отырамыз.Балалар, жалпы таби?ат дегеніміз не ? Олар?а нелер жатады?

О?ушылар: Ауа, су,?сімдіктер, хайуанаттар, ??стар,балы?тар…

 Саяхатымызды? бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулыны? бар арманы –ауа» деп аталады. С?з кезегі о?ушылар?а беріледі.

 Ясмина: Таби?ат байлы?тарыны? ішіндегі тіршілік атаулыны? ?мір ?зегі –ауа.

Тіршілікте не дейсі? ?ой е? ?ымбат,

Тіршілікте адам ?ымбат, сен ?ымбат.

Ал адам?а ауа ?ымбат б?рінен,

Ауа ?ымбат, алат??ын дем ?ымбат.

Расында да ауадан ?ымбат еш н?рсе жо?. Адам бар –жо?ы бір-екі минут ?ана дем алмай т?ра алады. Сонды?тан дана хал?ымызда « Ауадай ?ажет» деген с?з бар.

М??алім: Ия, балалар, ауасыз ?мірді елестету м?мкін емес.Ауаны ластамау ?р?айсымызды? борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету м?мкін бе?

 Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік к?зі –су» деп аталады. Суды? ?аншалы?ты ма?ыздылы?ы бар екен ?

 Аружан: Таби?атты? к?ркін ажарландырып, жер бетін саялы ба??а айналдыратын байлы? к?зі –су.Ту?ан елімізді? тамаша таби?атыны? бір байлы?ы «к?гілдір ?азына» деп аталатын ?зендер мен к?лдер.

Мен с?йемін сылдыра?ан сал?ын суды,

Суда?ы сал?ында?ан ?аз бен ?уды

Мен с?йем к?н шы?арда к?терілген

К?гілдір к?к жібектей к?кшіл буды.

М??алім:Сонымен су –таби?атты? жаны, ?ара жерді? с?ні дедік. Ал таби?атты ?демілікке б?леп т?р?ан не? Ол –?сімдіктер.

Келесі ?шінші аялдамамыз «Таби?ат байлы?ы –?сімдіктер» деп аталады.Таби?ат байлы?ыны? бір тобы –жер бетіндегі ?демі ?сімдіктер.Олар туралы не айтамыз?

  Аяжан:?сімдіктер, а?аштар таби?атымызды т?рлендіріп т?р?ан т?кті кілем сия?ты. Хал?ымыз ?сімдікті ?мір ?зегі деп алып, одан ?ам?орлы?ын еш аяма?ан. «?ке?нен мал ?ал?анша тал ?алсын» деген к?рнекті с?з соны? ай?а?ы. Сонды?тан мен осы отыр?ан барлы?ы?ызды ?з ?лкемізді? ?сімдіктерін біліп, оларды ?ор?ау?а ша?ырамын.

М??алім: Расында да, ?лкемізді саялы ба??а айналдыру ?р?айсымызды? ?олымыздан келеді.

Ал сол ?демі таби?атымызды ?сем ?нге б?лейтін не,балалар?(??стар)

Олай болса келесі аялдамамыз «Орман с?ні ??стар» деп аталады. Б?л туралы не айтасы?дар?

  Евгений: Таби?атты? с?ні де, ?ні де ?алы?тай ?ш?ан ??стар.Оларды? ?сем ?ндері бойымызды бал?ытып, еріксіз еліктіреді. Олар –бізді? ?анатты достарымыз. Олар –таби?ат са?шылары. Егістікті?, бау-ба?шаны? сенімді серігі. Сонды?тан ата-бабамыз ??старды ?адірлеп, ??рметтеген. Олар батыр ?лдарын с???ар?а, с?лу ?ыздарын а??у?а те?еген.

??старды таби?атты? ?ні десек, таби?атты? с?нін келтіретін та?ы да нелер деп ойлайсы?дар?(Хайуанаттар)

Ендеше келесі аялдамамыз «Таби?атты? с?лу м?сіні жануарлар» деп аталады.

 Аманды?: Таби?атты? с?лу м?сіні, к?рікті келбеті –жануарлар. Хал?ымыз ежелден-а? жануарларды к?зіні? ?арашы?ындай аялап, ?ам?орлы??а ал?ан к?здері м?лдіреп т?р?ан ?ыздарын «Ботаг?з» деп ата?ан.

М??алім: Адам таби?ат перзенті. Д?ниеде екі ана ?ана бар. Бірі тіршілікті? анасы – таби?ат-ана, екіншісі – адамны? анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сонды?тан осы екі ана?а да ?аталды? к?рсетуге, жанын жаралау?а болмайды.

М??алім:?те жа?сы, балалар біз таби?атты? тамаша туындыларына саяхат жасады?. Таби?ат-Ана адамзат баласына бар ?ажетті н?рсені? барлы?ын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар ?ажеттіне жаратсын деп м?лдір су берді, ?ажайып жасыл ?лем сыйлады, орман-то?айымыз ?демі болсын деп ??сы мен ?демі а?дарын берді, ?ыс?асы біз ?мірге ?ажеттіні? б?рін Таби?ат- Анадан алады екенбіз.

Ол ?андай мейірімді,?зі ?андай дархан,ке? болса да, ж?регі де д?л сондай ?айырымдылы??а, мейірімділікке толып т?р. Олай болса біз, балалар д?л ?азір Таби?ат-Анадан ?йренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынны? аты: «Мейірімді ж?рек» деп аталады.

І?.Сергіту с?ті «Мейірімділікті таби?аттан ?йрен!»

?р бала  ?асында?ы к?ршісіне, досына оны? жа?сы ?асиетін білдіретін с?здерді жазып ж?рекшені ?сынады. Мысалы: Айдай ?сем бол! ?ысты? а?ша ?арындай с?лу бол!Б?ла?тай м?лдір таза бол! Ж?лдызы? жары? болсын! Айы? о?ы?нан тусын!К??ілі? к?лдей шал?ысын! Г?лдей жайнай бер! Таудай талап бер!?ыз?алда?тай ??лпыра бер!

  ?.Ой-тол?ау: Мен таби?атты с?йемін  

(Б?л тапсырмалар о?ушылар?а алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отыр?ан ша?ын шы?армалар соларды? ішінен та?дап алын?аны)

Ясмина: «Таби?ат! Сен д?ниедегі е? с?лусы?, е? ?демісі?! Сені?   ауа? да, ж?гірген а?ы? да, айналаны ?сем ?нге б?леген ??сы? да ?демі! Мен сенен ?демілікті ?йрендім.

Мен кей кездері армандаймын, шіркін, а?ын бол?анымда ?ой, сені? ?рбір тасы?ды да, топыра?ы?ды да жыр?а ?осар едім деп.

Біра? мен сені? с?лулы?ы?ды ж?регімні? т?кпірінде са?таймын!»

М??алім:(` О?ушыларды? пікірі ты?далып бол?ан со?)

 ?лан мен Ясмина   таби?атты? ?демілігін осылай жырласа, ?ал?ан о?ушылар  ?ле?мен былайша ?рнектепті. К?не, б?ріміз ты?дап к?рейікші.

?І.Таби?атты?  ?сем  к?рінісі (таныстырылым)

  (АКТ-мен ?зірленген   ?сем  таби?ат суреттері к?рсетіліп, мына ?ле? жолдары баяу музыка ?уенімен о?ылады)

 Аружан: К?н с?улесі т?гілгені ?демі,

Алуан т?рлі ?ызыл г?лдер ?демі.

Сылдыр ?а??ан м?лдір суда ?демі.

Биік –биік шы?дарым да ?демі.

Аяжан:Айдын к?лде а??у ?андай ?демі

С???ар ??сты? сам?а?аны ?демі

Даланы ?нге б?леген ??старым ?андай ?демі

М?лдіреген к?здері киігім ?андай ?демі

Евгений:А? к?рпеге оран?ан ?ысым ?андай ?демі.

Масатыдай ??лпыр?ан к?ктем ?андай ?демі

Асыр салып ойнайтын жазым ?андай ?демі.

Сары т?ске боял?ан к?зім ?андай ?демі.

Мадина:Осылайша таби?ат?а бір ?арап

Таби?атпен сырласуда ?демі.

Жер-Ананы аяласа? жан-т?нмен

Боласы?дар сендер де, д?ниедегі е? ?демі!

?ІІ.Міне, ?ызы?! Е? аума?ы ?лкен а?аш-б?ріміз білетін фикус т??ымдас баньян а?ашы. Оны то?ай а?ашы деп те атайды. Себебі баньянны? ді?і бас?а а?аштар секілді біреу емес, бірнешеу. Оны? жас шыбы?ы жан-жа??а б?та?тарын жаяды. Ал б?л б?та?тардан жапыра?тар ?ана емес, тамырлар да ?сіп шы?ып, т?мен иіледі. Е? ?лкен баньян а?ашыны? 4 мы?нан астам ді?і бар екені аны?тал?ан.

?зіні? биіктігі мен мы?тылы?ы жа?ынан талай а?ашы?нан асып т?сетін бір ш?п бар. Оны? саба?ынан ?арма?ты? сабын, ша??ыны? тая?тарын жасайды. Б?л ?сімдікті? аты-бамбук. Жас бамбук к?ніне жарты метрдей ?седі. Бамбук ауа-райы ысты? ?ытайда, ?ндістанда, Кавказда, Африкада ?седі.

Д?ниеж?зіндегі е? биік а?аш-алып Эквалипт. Ол Австралияда ?седі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Бая?ыда бір кедей адам осы а?ашты? ?бден ?урап, омырылып ?ал?ан біреуіні? т?бінен ойып, отбасына ?й жасайды., т?бірді? ішіндегі ?уысты? ке? бол?анды?ы сондай, тіпті ат?орасын да соны? ішінде жасапты дейді.

С?та?аш Бразилияда ?седі. Кейде оны жергілікті т?р?ындар «сиыра?ашы» деп те атайды. Б?л а?ашты сауу ?шін ?абы?ын тіліп жіберу ?ажет, сол с?тте-а? тос?ан ыдысына с?йы? зат а?а бастайды. Осынау а?аш шырыныны? т?сі ?ана емес, д?мі де с?тке ??сас.

Конфета?аш ?ндістанда, Жапонияда, ?ытайда ?седі. Б?л а?аш ?ырым мен Кавказ?а да ?келінген. Конфет а?ашыны? к?нге кептірілген жемістері к?дімгі к?мпитті? ?зіндей д?мді де т?тті.

Нана?аш ?ндістанда, Индонезияда ж?не бас?а да тропиктік елдерде ?седі. ?рине б?ны? б?та?тарында то?аш та, батон да, б?лке де салбырап т?рмайды, алайда пішіні домала?. ?р?айсысыны? салма?ы 30 кг-дай ап-ауыр жемістері болады. Жергілікті т?р?ындар б?л жемісті? ж?мса? етін к?лге к?міп, к?лше пісіреді., оны? д?мі на?ыз нан?а ??сайды.

?ІІІ. К?рме: Арманына жеткен а?аштар (алдымен АКТ ар?ылы «Орманшыны? баласы» атты ??гімене ты?далады)

 ІХ.«Ж?ректен ж?рекке» О?ушылар саба? со?ында таби?ат?а тілек айтып, та?тада ілініп т?р?ан к?нні? с?улесіне кезегімен мынандай с?здерді апарып іледі.

Г?лдей бер, Жер-Ана!

Аспаны? ашы? болсын!

Аспаны?ды б?лт торламасын!

То?айы? а? мен ??с?а толсын!

Суы? м?лдір, таза болсын!

?зен, к?лі?, те?ізі? балы?тар?а толсын!

Орманы? ?ызыл, жасыл г?лдерге толсын!

К?ні? жары? болсын!т.б.

Хормен :Таби?ат сені с?йеміз,

Басымызды иеміз! Барлы?ы орындарынан т?рып, Таби?ат-Ана?а та?зым етеді.

Х.?н «Атамекен»              Осымен б?гінгі ашы? т?рбие са?атымыз ая?талды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?

Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.

Быстро и объективно проверять знания учащихся.

Сделать изучение нового материала максимально понятным.

Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.

Наладить дисциплину на своих уроках.

Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа

«Т?рбие са?аты . Та?ырыбы: Таби?атты аяла»

Искендирова Сұлушаш Ауталипқызы

Баратай негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Табиғатты аяла

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тәрбие сағатының құрылымы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын (постермен жұмыс)

ІІІ.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)

1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа

2.Тіршілік көзі –су

3. Табиғат байлығы – өсімдіктер

4.Орман сәні –құстар

5.Табиғаттың сұлу мүсіні –жануарлар

IV Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!»

V. Ой-толғау (Үй тапсырмасы) «Мен табиғатты сүйемін»

VI. Табиғаттың әсем көрінісі (таныстырылым)

ҮІІ. Міне, қызық!

ҮІІІ. «Арманына жеткен ағаштар» көрме

ІХ. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту

Х. Сабақты қорыту.Ән шашу « Атамекен »

І. Мұғалім: — Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын білу үшін, мына үнтаспаны тыңдайық. (Оқушылар үнтаспадан судың сылдырын, құрсың дауысын, араның ызыңын естиді. Осыдан барып естігенін қағаз бетіне түсіреді.)

ІІ. Оқушылар салған суреттерді талдай келе, бүгінгі күннің тақырыбын жариялаймын. «Табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

ІІІ. Табиғат әлеміне саяхатқа шығайық:

Ондағы мақсатымыз: сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!

Видеоролик «Табиғат деген не?»

Табиғат дегеніміз не? Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?

Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар…

Олай болса,оқушылардың өлең –шумақтарына кезек берейік.

1.Аружан: Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.

2.Аяжан: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

3.Амандық:Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

4.Ұлан:Қадір тұтып табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп

Бабам айтқан орынды өсиетін.

5.Әмина: Ашық болса менің байтақ аспаным,

Туған жерім бітпейтін мол дастаным.

Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,

Керегі не, керегі не басқаның

6.Мадина:Туған жерім өзіңе не жетеді,

Далам мені мәпелеп тербетеді.

Құшағыңда ең алғаш перзенттерің

Балғын жырын бұлақтай селдетеді.

7. Ясмина: Табиғат, қызығамын сенің суретіңе,

Бас иемін сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

8. Еламан: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек жырын бәріміз.

9. Евгений: Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,

Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын

Саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.

Ясмина: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут қана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.

Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?

Аружан: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су.Туған еліміздің тамаша табиғатының бір байлығы «көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер.

Мен сүйемін сылдыраған салқын суды,

Судағы салқындаған қаз бен қуды

Мен сүйем күн шығарда көтерілген

Көгілдір көк жібектей көкшіл буды.

Мұғалім:Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.

Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?

Аяжан:Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкеміздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.

Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)

Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?

Евгений: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. (Еламан)

Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. (Ясмина)

Қарға қарқылдаса -қар жауады.(Әмина)

Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.(Аяжан)

Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.(Ұлан)

Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.(Мадина)

Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.(Аружан)

  • Құмырсқалар илеуінен шықпаса, жаңбыр жауады.(Евгений)

Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)

Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар» деп аталады.

Амандық: Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті –жануарлар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.

Мұғалім: Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат-ана, екіншісі – адамның анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

Мұғалім:Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.

Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады.

ІҮ.Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!»

Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Айдай әсем бол! Қыстың ақша қарындай сұлу бол!Бұлақтай мөлдір таза бол! Жұлдызың жарық болсын! Айың оңыңнан тусын!Көңілің көлдей шалқысын! Гүлдей жайнай бер! Таудай талап бер!Қызғалдақтай құлпыра бер!

Ү.Ой-толғау: Мен табиғатты сүйемін

(Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отырған шағын шығармалар солардың ішінен таңдап алынғаны)

Ясмина: «Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім.

Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп.

Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!»

Мұғалім:(` Оқушылардың пікірі тыңдалып болған соң)

Ұлан мен Ясмина табиғаттың әдемілігін осылай жырласа, қалған оқушылар өлеңмен былайша өрнектепті. Кәне, бәріміз тыңдап көрейікші.

ҮІ.Табиғаттың әсем көрінісі (таныстырылым)

(АКТ-мен әзірленген әсем табиғат суреттері көрсетіліп, мына өлең жолдары баяу музыка әуенімен оқылады)

Аружан: Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.

Биік –биік шыңдарым да әдемі.

Аяжан:Айдын көлде аққу қандай әдемі

Сұңқар құстың самғағаны әдемі

Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі

Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Евгений:Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі

Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.

Сары түске боялған күзім қандай әдемі.

Мадина:Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!

ҮІІ.Міне, қызық! Ең аумағы үлкен ағаш-бәріміз білетін фикус тұқымдас баньян ағашы. Оны тоғай ағашы деп те атайды. Себебі баньянның діңі басқа ағаштар секілді біреу емес, бірнешеу. Оның жас шыбығы жан-жаққа бұтақтарын жаяды. Ал бұл бұтақтардан жапырақтар ғана емес, тамырлар да өсіп шығып, төмен иіледі. Ең үлкен баньян ағашының 4 мыңнан астам діңі бар екені анықталған.

Өзінің биіктігі мен мықтылығы жағынан талай ағашыңнан асып түсетін бір шөп бар. Оның сабағынан қармақтың сабын, шаңғының таяқтарын жасайды. Бұл өсімдіктің аты-бамбук. Жас бамбук күніне жарты метрдей өседі. Бамбук ауа-райы ыстық Қытайда, Үндістанда, Кавказда, Африкада өседі.

Дүниежүзіндегі ең биік ағаш-алып Эквалипт. Ол Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, омырылып қалған біреуінің түбінен ойып, отбасына үй жасайды., түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті атқорасын да соның ішінде жасапты дейді.

Сүтағаш Бразилияда өседі. Кейде оны жергілікті тұрғындар «сиырағашы» деп те атайды. Бұл ағашты сауу үшін қабығын тіліп жіберу қажет, сол сәтте-ақ тосқан ыдысына сұйық зат аға бастайды. Осынау ағаш шырынының түсі ғана емес, дәмі де сүтке ұқсас.

Конфетағаш Үндістанда, Жапонияда, Қытайда өседі. Бұл ағаш Қырым мен Кавказға да әкелінген. Конфет ағашының күнге кептірілген жемістері кәдімгі кәмпиттің өзіндей дәмді де тәтті.

Нанағаш Үндістанда, Индонезияда және басқа да тропиктік елдерде өседі. Әрине бұның бұтақтарында тоқаш та, батон да, бөлке де салбырап тұрмайды, алайда пішіні домалақ. Әрқайсысының салмағы 30 кг-дай ап-ауыр жемістері болады. Жергілікті тұрғындар бұл жемістің жұмсақ етін күлге көміп, күлше пісіреді., оның дәмі нағыз нанға ұқсайды.

ҮІІІ. Көрме: Арманына жеткен ағаштар (алдымен АКТ арқылы «Орманшының баласы» атты әңгімене тыңдалады)

ІХ.«Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.

Гүлдей бер, Жер-Ана!

Аспаның ашық болсын!

Аспаныңды бұлт торламасын!

Тоғайың аң мен құсқа толсын!

Суың мөлдір, таза болсын!

Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!

Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!

Күнің жарық болсын!т.б.

Хормен :Табиғат сені сүйеміз,

Басымызды иеміз! Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді.

Х.Ән «Атамекен» Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Табиғатты аяла, бағала!

Мақсаты: Балаларды өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, аялай білуге

тәрбиелеу, эстетикалық білімін жетілдіру.

Міндеті: Болашағымызды жалғастырушы ұрпақтардың бойында

табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін молайту, қамқорлық жасауға баулу.

Қоршаған ортаға деген тұрақты қызығушылығын арттыру, эстетикалық

дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен еңбектене білуге үйрету.

Жүргізуші: Армысыздар, қонақтар, байқауға қатысушылар және

әділқазы алқалары! Балабақшамызды көркейту, көгалдандыру мақсатында

өткізіліп отырған «Табиғатты аяла, бағала атты байқауымызға қош

келдіңіздер!

Байқауға әділ баға беретін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері: Кәрімбаева Гүлнар Сұлтанқызы

Балабақшамыздың атаана комитетінің төраймы: Ақылбекова Жанар

Қойшыбайқызы

Сүйейік, табиғатты аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық!

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Байқау кезеңдері: 1. Таныстыру

2. Топтың өз өнері

3. Сән үлгісі

Жүргізуші: Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта, оған (аспан, су,

ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның

қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Табиғат біздің ортақ үйіміз. Біз

оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау бақшада және өсіп тұрған

ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.

Табиғатты қорғау үшін күресейік,

Бірбір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

1-кезең: «Таныстыру».

Жүргізуші:

Көңіл шіркін кірлесе егер қарайып.

Орман кезіп бойымызды жазайық,

Сұлулықпен жаулап алған жанарды.

Беу табиғат тылсымың бар ғажайып.

Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Мұғалім: — Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық «экология» мәселесіне үн қосу үшін «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

I — жүргізуші: Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
II — жүргізуші: Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.
1- оқушы: — Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адам.

2- оқушы: — Бәріде адамдардың рақымсыз істерінен, табиғатты аялай білген кешегі ата-бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанымыздың кесірі.

3- оқушы: — Арал теңізі бұл күндері суалып, сортаңға айналып жатыр. Судың тіршілік көзі екенін ұққан ата – бабамыз суға үлкен мән берген.
I – жүргізуші: — Аталарымыз су болмаса тіршіліктің қиын болатынын мақал – мәтелдер арқылы жеткізген.
II – жүргізуші: — «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Судың да сұрауы бар», «Сусыз жер – нусыз жер». Енді міне, «тозған жерде тоқшылық болмайды» дегендей суы тартылып, сәні кеткен Арал маңының тұрмыс тіршілігі де қиындап отыр.
Арал туралы суреттерге шолу жасалады.

4- оқушы: — Адамдардың кінәсінен бұл күндері елімізде бүлінбеген жер қалған жоқ. Арал өңірі, Балқаш аймағы, қасиетті Абай жері, тұз басқан Сыр өңірі бәрі де өзінің кескін – келбетін жойып отыр.

5- оқушы: — Шіркін, мен сиқыршы болсам, Аралды, Балқашты суға толтырып, қамыс құрақтарын қалпына келтіріп, құс базарын думандатар едім. Ғалымдардың пайымдауына қарағанда күніне қаншама құстар, өсімдіктер тіршілігін тоқтатады екен. Неге дейсің бе, қоршаған ортаның ластануы, адамдардың қатыгездігі осының бірден-бір себебі.

6- оқушы: — Ал, мен қолымнан келсе улы газдарын ауаға төгіп жатқан зауыт, фабрикаларға, машиналарға бақылау орнатып, тәртіпке келтірер едім. Өскемендегі, Шымкенттегі, Атыраудағы зауыттардың түтіні мен газдарынан қаншама адам, қаншама табиғат уланып жатыр. Зауыт, фабрика басшылары байлыққа белшесінен кенелеміз деп, ең негізгі байлығымыздан айырылып жатқанын біле ме екен?

7- оқушы: — Ақтөбе облысындағы көлдердегі өліп жатқан аққуларды көргенде жылағың келеді. Зауыттан шыққан улы заттары бар көлшіктерге кәдімгі көл екен деп ұшып келген құстардың бәрі қырылып қалған.

8- оқушы: О, достарым, құста қандай айып бар,
Келген құсқа құшағыңды жайып қал.
Әлем теңіз, өмір толқын, жыл құсы,
Желкендерін жел көтерген қайықтар.

I-жүргізуші: Табиғи байлықты игеріп, дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге – өзіміз қастандық жасадық.
II-жүргізуші: Сонау 1949 жылдан бастап Семей даласында ядролық қару жарып сынақ жүргізілді.

9- оқушы: Өмір қымбат қашанда әрбір жанға,
Оны қорғау борышың, елім, онда.
Кешегі бір жылдарда айналыпты
Қазағымның даласы полигонға.

10- оқушы: Ауа-райы бұзылды жеріміздің
Өзен-көлі тартылды еліміздің.
Неше түрлі құбыжық қаптап кетті,
Көрмеуіміз мүмкін бе оны біздің.

11- оқушы: Жоқ мұндайға төзуге енді болмас,
Өкініштің оп-оңай орны толмас.
Осылай деп полигон зардабының
Ауызын жапты қазағым, әкем алғаш.
I-жүргізуші: Семей-Невада қозғалысының талабы бойынша 1991 жылы маусымда 40 жыл бйы үздіксіз жүргізіліп келген сынақтарға тыйым салынды.
Бейнефильм, суреттер көрсетіліп, «Заман-ай» әні орындалады.

II-жүргізуші: — «Жері байдың – елі бай», «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың түсінігінде жер, топырақ деген ұғымдар бір мағынада айтылады.
Жер-Ана келеді: — Уа, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер, сендерге өлкеміздің байлығын, асыл қазыналарын, айдын көлдері мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп, ұшқан құс, жүгірген аңдарын қырып-жойыңдар деп қалдырған жоқ едік қой. Көздерінің қарашығындай сақтап, қаймағын бұзбастан сол табиғи күйінде игіліктеріңе ұстаңдар деп қалдырмап па едік?

Асан-Қайғы: Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер.

I-жүргізуші: Жер-Ана! Адамдарға қандай тілегің бар?
Жер-Ана: Қан төгіп соғыспаңдар, Өтінемін!
Куәсі едім соғыстың, Ұлы істің де.
Жетпейді екен еш нәрсе тыныш күнге,
Ақылынан адамның азап тауып,
Алмағайып тұрмайтын қыл үстінде.
Қобыз үні естіледі. Сахнада ауру баланы тербетіп, зарлап ана отыр және бүк түсіп, мұңға батып әке жатыр.
Ана: Мана, күндіз тәуіп шал не деп кетті?
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.
Аққумен баланы аластаңдар —
Деді – дағы, жәйімен жөнеп кетті.
Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі.
Ұмытылып кетті ме санатыңнан.
Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтейін, ол да адамға бола туған
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып.
Әке: Апыр-ай, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?
Оқ атам қасиетке қалай ғана?
Бармаймын, бара алмаймын,
Қалай барам?!

Ана: Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі,
Балам өлсе бақыттың керегі не?
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Құрысын онсыз сенің жалған бағың!
Мылтықты әкел! Атты ертте!
Жалған бәрі.
(Мылтықты алып, белін түйіп шығып кетеді.)
Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалады. Көл бетінде екі оқушы аққу биін билейді.
Бір кезде тарс еткен мылтық үні естіліп, бір аққу құлап түсіп, біреуі айналып ұшып кетеді. Қанатымен жер сабалаған аққуды көріп, дел-сал болған ана сахнаға шығады. Шашы жайылған, үстінде қара киім. Алдынан қарт шығады.
Қарт: Әй, балам!
Болмады ғой, болмайды ғой…
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой…
Әйел мылтықты лақтырады. Ауыл.Әкесі қайтыс болған баланы алып шығады да, ақ төсекке салады.Ана қолын соза аққуды көрсетеді.
Ана: Мына жатқан жетім көл, мына аққуды
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа…
Жоқ, мен емес… Мен атпадым.
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным!
Екі қолын аспанға соза тізерлеп отырады.Балаға жақындайды.
Ана: Қазір ботам…
Мінеки, таң атады…
Қазір ботам аққумен ұшықтаймын.
Жазыласың, құлыным… балапаным!
(қолын соза):
Қасиет! О, қасірет!
Осындай ма ең?
Қасірет! Қасиет, қасірет, қасиет!
Музыка.
I – жүргізуші: Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат-ана, екіншісі – адамның анасы.
II – жүргізуші: Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

12 – оқушы: Сұлу дала. Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің,
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным.
О, туған жер! Тамашасың көркемсің.

13 – оқушы: Табиғат қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

14 – оқушы: Экология!
Бөтен сөз,
Бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.
Өз үй-өлең төсегің,
Табиғат болып қалады.
Оған атқан кесегің,
Өз басыңды жарады.
Эко…Эко-Үй, Отан,
Ежелден-ақ грекше.
Сөз патшасын ұнатам,
Жүрегіме гүл ексе.
Ақ тілеулі көлдің
Бұл – көгершін жыры еді.
Экология – өмірдің,
Соғып тұрған жүрегі.

Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға, аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын, биесін ал,
Тиме аққауға, аққудың киесі бар.

Көрініс. Немересі мен әжесі.
Немересі газет оқып отыр.
Әжесі: — Балам-ау, соншама үңілдің? Газетіңде не жазылған?
(Немересі қабағын шытып алады.)
Әжесі: — Не болып қалды, түрің өзгеріп кетті ғой? Ауырып қалған жоқсың ба? (басын ұстайды).
Немересі: — Жоқ апа, мына газетті оқып қынжылып отырмын.
Әжесі: — Не боп қалды?
Немересі: — Апа тыңдаңызшы. (Оқиды). Семей аймағында ерекше қарағайлы орман созылып жатыр. Жер бетінде мұндай таспалы орман екі жерде ғана бар. Қазақстанда және Канадада.Канадада сол ормандарын көзінің қарашығындай қорғайды, ал бізде қарағай орманы жауыздықпен жойылуда. Бүгінгі таңда 655 мың гектар орманның 10 мың гектары жойылған. Ай сайын 23 мың текше метр ағаш кесіле берсе, онда 22 жылдан кейін орман біткенді жайпап бітіреді екенбіз. Қазір 6 млн 117 мың 210 текше метр орман қалыпты.
Әжесі: — Енді қайттік. 22 жылдан соң жеріміз, еліміз не болмақ?

14 – оқушы: Енді құртып орманды алмақпыз ба?
Сөз қадірі қажет пе салмақсызға?
Орман өрті жүректі жарып жатыр,
Шынында енді ормансыз қалмақпыз ба?
Іштен тынып, дәрменсіз
сыңсиды орман,
Жаз дәуренің, ну орман,
қайда қалған?
Құлап жатқан қарағай отқа оранып,
Өртсіз күндер кете ме болып арман?

Әжесі: Қазақ, қайда барасың күнә арқалап,
Ессіз ұлың орманды жүр балталап.
Орман менен арманың қатар келсе,
Намысыңды кім сенің қорғап қалмақ?

І – жүргізуші: — Табиғатымыз аман болсын, тіршілігіміз таусылмасын!
ІІ – жүргізуші: — Табиғатты түсіне білейік!
Бәрі: — Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Аэродром чкаловский праздник
  • Аэробус детские праздники
  • Ашура праздник поздравления
  • Ашик кериб сценарий урока
  • Ашан красногорск график работы на новогодние праздники

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии