Балабақшамен қоштасу
Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді.
Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)
1-бала: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
2- бала: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
1-Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл- ойларың
Өсті міне бойларын
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың
2- тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.
1- Тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән. «Көңілді күн»
2-Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір – бірден
Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз
Темірлан: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Көп- көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
Акнұр: Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.
Бексұлтан Мектепке енді барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
АльбинаБіз балауса баламыз
Жетілді ой-санамыз.
Бақшакмызбен қоштасып
Мектепке енді барамыз
Жәнібек Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік
ЕркебұланОйыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Оку білім үйреткен
Бакшамызды қимаймыз
НұржанБір-бірімен силасты
Тату жүреміз бәріміз
Балдостықпен қнеге біздін балабақшамыз
Еркежан сен үйреттін сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мен мектепке барамын
Балабақша қош енді
Тәрбиеші: Ән салындар күліндер
Жайнап гүлдей жүріндер
Қоштасуды тойлайық
Біз бір билеп тастайық
Би «Мы ногами топ-топ-топ»
Ортаға қонақ келеді
Ханшайым : Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы білімдісіңдер мен сендерді өз әлемімі шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?
Сол кезде Жалмауыз кемпір келеді
Жалмауыз кемпір: Ой мында не болып жатыр
2-Тәрбиеші: балалар балабақшамен қоштасып мектепке барады
Жалмауыз кемпір: Ой мына ханшайым мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.
1-Тәрбиеші: Қой Жалмауыз кемпір біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.
Жалмауыз кемпір:ондай болса менің тапсырмаларымды орындандар .
2-Тәрбиеші : балалар орындаймызба?
Жұмбақ жасырады (кемпірқосақ) Түстерді ажырату.
Жалмауыз кемпір: жарайсындар! Келесі тапсырма Жемістермен көкеңістерді ажырат
Ханшайым Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Оқушы біз боламыз ба?
Жалмауыз кемпір: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?
2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
1-Тәрбиеші: Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Көбелектер»
2-Тәрбиеші: – Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
1- бала. – оқып білім алу үшін
2- бала: – еліме еңбек ету үшін
3- бала: Білімді азамат болу үшін
4- бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін
1-Тәрбиеші:
Ән: «Ақ мамам»
Ханшайым : Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Жалқаубек сенде ойна.
Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.
. Жалмауыз кемпір: жарайсындар сендер расында бәрін біледі екенсіндер. Мен кайтайын немерелерімді мектепке жіберейін . Сауболындар .
Тәрбиеші бүгін мейрам,бүгін той
Қуаныш күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой
Би: «Балапандар»
Ойын «Портфель»
Портфельдің суреті салынған үйшік
Жүргізуші: Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа
Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік
Тук, тук, тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Тәрбиеші ал балалар турмайық
Қол соғайық тындайық
Тойымызда бүгінгі
Шырқап әнге салайық
Ән: «Қошақаным»
Тәрбиеші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені, — дегендей түлектердің орындауында
«Біз мектепке барамыз» әні.
уа халайық,халайық
алақанды ұрайық
би билеген балаларды
қуанып қарсы алайық
«Танец маленьких утят» би
Тәрбиеші: тақпаққа кезек берейык
Талай — талай баспалдақты аттармыз,
Ата — ананың үмітінде ақтармыз.
Ляйля,Жұлдыз,Бота,Анар апайлар
сізден алған ақылды
Есімізде өмір — бақи сақтармыз.
Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Тәрбиеші Бақытгүл апай,
Қырмызы апай сіздердің
Еңбегіңізді ақтаймыз.
Әр күніміз той — думан
Рахатқа батып ек.
Асқа бізді тойдырған
Нургүл апайға көп рахмет!
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Гуля апайға мың рахмет
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Ақбота апайға көп рахмет
Тәтті тағам пісіпген
Айран сүтін ішкізген
Азпазшы апайлар
Сіздерге де мың алғыс
Вальс «коштасу»
Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Даярлыкка баратын қадамдарың құтты босын!
Бірге: Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош — сау бол!
Жүргізуші: — Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер! Ендігі сөз кезегін біздің конағымыз Гүлжан Мырзахметовнаға беріледі..
2014-2015 оқу жылы бойынша
3 сынып оқушысы
Сапарова Жасминаға
Мамематика пәнінен алған білім дуңгейіне
САРАПТАМА
Сапарова Жасмина жалпы мектеп бағдарламасы бойынша білім алды.
Жалпы мектеп бағдарламасы бойынша күнтізбелік жоспар жасалды.
МАТАМАТИКА ПӘНІ : аптасына 3 сағаттан 102 сағат оқытылады.
Жасмина сабаққа 8 желтоқсаннан келді. І жарты жылдықта аудан бірлігі-квадрат сантиметр;тік төртбұрыштың,шаршының ауданы;көбейту кестесі т.б. тараулар бойынша білім берілді. Сонын ішінде Жасмина ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу;тік төртбұрыштың периметрін табудын әр түрлі тәсілдерін толығымен меңгерді. ІІ жарты жылдық бойынша-геометриялық фигураларды латын әріпімен белгілеу;ауызша көбейту және бөлу;ондықтарды ондықтарға,жүздіктерді жүздіктерге ауызша бөлу;екі танбалы,үш танбалы сандарды бір танбалы санға жазбаша көбейту және бөлу;бөліндінің мәнінде нөлі бар болатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу тақырыптары бойынша білім берілді.Осы берілген білім бойынша тарауларды толық меңгерді.Өз бетімен жұмыс орындау қабілеті жоғары.Өзіндік жұмыс,бақылау жұмыстарын мұғалімнің көмегінсіз орындайды.Жазуы жақсы, таза,есте сақтау қабілеті өте жақсы. Бақылауды толығымен 5-деген бағаға жазады.Ауызша шапшан есептейді.Осы пән бойынша Жасмина толық беске жетіп отыр.
Пән мұғалімі: Татубаева Б.М.
2014-2015 оқу жылы бойынша
3 сынып оқушысы
Сапарова Жасминаға
Қазақ тілі,әдебиеттік оқу пәндерінен алған білім дуңгейіне
САРАПТАМА
Сапарова Жасмина жалпы мектеп бағдарламасы бойынша білім алды.
Жалпы мектеп бағдарламасы бойынша күнтізбелік жоспар жасалды.
Қазақ тілі пәні бойынша – қазақ тілі аптасына 1-рет барлығы 34-сағат оқытылды.Түбір сөз,туынды сөз.Түбір мен қосымшаның жазылуы.Сөз топтары,Зат есім,Жекеше зат есім,жалқы зат есім,Негізгі және туынды зат есім,Болымды және болымсыз етістік туралы білімдер берілді.Түбір сөздерге тиісті журнақтарды қосып жазуда өте жақсы.Жасмина бір сөзге дыбыстық талдау жасауды жақсы меңгерген.Көзінің нашар көруіне байланысты тақтадағы сөздерді ұзақ көшіреді.Диктантты толығымен 5-деген бағаға жазады,ал жазуына келер болсақ,жызуы жақсы,көркем жазады.Осы пән бойынша Жасмина толық беске жетіп тұр.
Әдебиеттік оқу- аптасына 2-рет барлығы 68-сағат.
Бұл пән бойынша «Жақсыдан үйрен» баланын айласы, «Нағыз адам», «Халыққа жеткіз күйімді», «Еңбекпен тапқан тиын», «Бесік жыры», «Төрт түлік тұралы жырлар», «Төре бидің төрелігі, Қазыбек бидің толғауы, Әйтекенің билігі» тараулар бойынша білім бердім.Жасмина бүл тарауларды ауызекі сөйлеуде толық меңгерді.Өз ойын ашық айта алады.Әр мәтінді ауызша еркін айтады.Мәтінде кездесетін жағдайаттарға өз пікірін білдіре алады.Оқу технологиясы өте жақсы,өлен,тақпақтарды жаттау ,яғни есте сақтау қабілеті жақсы.Әдебиеттік оқу пәні бойынша толық 5-тік баға қойылды.
Пән мұғалімі Мусабекова Ж.
Балабақшамен қоштасу кеші
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата-аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 «Күншуақ» балабақшасының «Құлагер» тобының түлектері «Бақытты балалық шақ» Ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.
Залға балалар әуенмен кіріп кіреді.
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
1-жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып есейіп
Өздеріңмен қоштасатын күн туды
2-жүргізуші
Бәріңдіде сәбиім деп сүйетін
Өздеріңдң сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік
1-жүргізуші:
Қымбатты ата-аналар, ұжымдастар, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз.
2-жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады
Ән: «Біріншіге барамын»
Ақтілек:
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Мектепке біз барамыз
Нұрайым:
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
1-Жүргізуші:
Бөбек еді ол рас
Кіп кішкентай кешегі
Бүгін міне азамат
Болды бәрі деседі
2-Жүргізуші:
Тіл дамытып сурет салып
Жаттықтырды қолдарын
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын
Би: «Мы мальенкие звезды»
Тақпақтар:
Бексұлтан:
Мәпелеген анамыз
Бақша болды панамыз
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз
Каусар:
Мектепке енді барамыз
оқимыз сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
1-Жүргізуші:
Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп уйге қайтатын
Сәбиі еді былдырлап
Сағынышын айтатын
2-Жүргізуші:
Тілі таза бүгінде
Жүгірмейді аптығып
Жүректері тұрма әлде
Қоштасатын шақты ұғып
Би: Испан
Тақпақ:
Ақбала:
Балабақшам қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін
Камила:
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Санжар:
Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сиқырлы бала бақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен даналықпен
(Көңілді әуенмен атқа мінгесіп Қожа мен Сұлтан келеді)
Жүргізуші: Ау бұл кмдер шаңдатып жібердіңдергой мына жерді?
Қожа: Менің атым Қожа, ал мынау менің досым- Сұлтан.
Біз көрші ауылға сабан тойға бара жатырмыз.
Жүргізуші: Қайдағы той сабақ қайда?
Сұлтан:- Басыңды қатырып неге керек, мен мектепте оқыған емеспін, сондада аштан өліп көштен қалған жоқпын, әкемнің жылқыларын бағамын.
Жүргізуші: Сондада, қалайша ата-анаң мектепке апармадыма?
Сұлтан: Апарды гой, бірақ маған ұнамады, күштеп апармақшы болып еді, мен көлге қарай қаштым, содан әкем оқымасаң, оқымай ақ қой деп райынан қайтты.
Қожа сықылықтап күліп)- Ой қатырған екенсің менде солай істемесем.
Сұлтан: Ой……. Ол өнерімде көпке бармады, бір күні әкем жұрттың балалары білім алып жатыр, мен сияқты өмір бойы малдың соңында жүре бересіңбе? мектепке бар деп зекіді. Мен бұрынғы әдетіме салып, «Мектепке апарсаңдар көлге батамын» деп қорқытпақшы болып едім, әкем ой жүгірмек, батқың келсе кел өзім ақ батыра қояйын- деп шашымнан сүйремесі барма сүйтіп амал жоқ сүйретіліп, 17 ге келгенше 3- ақ сыныпты оқып шықтымғой.
Жүргізуші: Бүгін бізде той, келіңдер білім сайыстырайық.
Сұлтан: Ой мен ойын ойнағым келмейді, оданда асық ойнап күш сынасайық. Былтырғы сабан тойда, сендердей майшабақтардың онын жыққанмын.
Жүргізуші: Оның не сен үлкен жігітсіңғой.
Сұлтан: менің бойым ұзын болғанымен, арықпынғой. (балалардың қасына барып қолының бұлшық етін көрсетеді)
(Әуенмен ортаға ғұлама Ғалым келеді)
Ғалым: Уа халайық, менің патшалығымда жайсыз жағдай болып тұрғаны біздің патшалықтың көркі болған, білім байтерегі жеміс бермей солып барады оған себепші, жалқау, сабақ оқымайтын уақытын бос өткізетін балалар.
Өнерменен білімнен
Нәр алатын бәйтерек
Еңбекқормен талаптыға
Жеміс берер бәйтерек
Саясы оның талайға
Пана болған бәйтерек
Жемісін жеп талайлар
Дана болған бәйтерек
Енді солып барады
Кім құтқарып қалады
-Біздің байтеркті, өнерлі білімді балалар ғана құтқара алады.
Жүргізуші: -Бізде ондай балалар көп, қалай балалар көмектесеміз бе?
Би: Циган
Тақпақтар:
Нұрәлі:
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Бану:
Есіңдеме әке-ана
Бірден жаңа асқанда
Кіп-кішкентай мына мен
Әкелгенің бақшаға
Нұрсейіт:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біз мектепке барамыз
Диана:
Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мен мектепке барамын
Балабақшам қош енді
Ғалым: Жарайсыңдар балалар өнерлі екенсіңдер. Қане Сұлтан сенің қандай өнерің бар.
Сұлтан: Мен санау білемін. 1,3,5,4,2
Ғалым:- Дұрыспа балалар? Қане кім санап береді?
(Балалар үш тілде санайды)
Ғалым: Рахмет, өркендерің өссін сендердің арқаларында біздің бәйтерек қайтып жайнап көтерілді. Білім әлеміне атағалы тұрған алғашқы қадамдарың құтты болсын.
Сұлтан: Сендерге қарап өзім үшін қатты ұялып тұрмын. Шынын айтсам оқымағаныма өкінемін. Мен тек қолымдағы саусақтарым жеткенше санай аламын. Мен сияқты болмаңдар оқыңдар балалар.
Қожа: Қой менде мектепке барайын сау болыңдар балалар!
1-Жүргізуші:
Ән саламыз бас қоса,
Бақшаменен қоштаса.
Күніміз тұрсын күлімдеп,
Жүрейікші достаса.
2-Жүргізуші:
Көңілді өскен баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Тойымызға сән беріп,
Ән де айта аламыз
Ән «Біз мектепке барамыз»
Көрініс: «Портфель»
1-Жүргізуші:
Алуға терең білімді,
Мектепке енді кеттіңдер.
өсті міне бойларың,
өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойларың!
Сәтті болсын жолдарың,
2-Жүргізуші
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім,
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердіке болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Би: «Прошальные игрушки
Жүргізуші:
Күтеді мектеп ана сіздерді
Басады аға-әпке салған іздерді
Қоштассада әсем балабақшамен
Ұмытпайды апайларды сіздерді
Тақпақтар:
Исмайл:
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артықсыз біз басқадан
Гүлмира апай мың алғыс
Нұрайым:
Өздеріңді ұмытпай
Есімізге аламыз
Әдіскер апай сізгеде
Ризамыз мың алғыс
А.Айша
Баланың ойын әр кезде
Жан тәнімен түсінген
Гүлжазира апай сізгеде
Білдіреміз мың алғыс
Е.Диас
Денсаулыққа болаттай
Ауыруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апай мың алғыс
Данияр:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сыйпаған
Гүлнәсип апай мың алғыс
Арман:
Жайдары жүз ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ағылшын тілін үйретіп
Ақыл айтып тұратын
Ағылшын апай мың алғыс
Әмірхан:
Үйренгенбіз өнерді
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Биші апай мың алғыс
Меруерт:
Ерекше біздің бір апай
Біз қараймыз таңырқай
Ән үйрендік апайдан
Ешқашанда жалықпай
Музыка апай мың алғыс
Б.Айша
Тәтті тағам пісрген
Алдымызға ұсынып
Айран, сүтін ішкізген
Айтамыз алғыс сіздерге
Шын көңілмен
Айбану:
Бізде мұнда әрдайым
Төсегіміз дап дайын
Қамымызды ойлаған
Апайларға мың алғыс
Ән: «Қош бол балабақша»
Жүргізуші:
Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі
Көңілде бәрі сақталсын
Би «Қоштасу вальсі
- Cайты учителей
- Все блоги
- Все файлы
- Все тесты
-
1 - Войти
- Зарегистрироваться / Создать сайт
СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Бейбитова Райхан Сарсенбековна
воспитатель
42 года
214
121 695
Балаба?шамен ?оштасу
04.05.2015 14:21
Балаба?шамен ?оштасу мерекелік ерте?гілік. бала ба?ша т?рбиешілеріне ?дістемелік к?мек ретінде ?зімні? ерте?гілікте ?ткізген іс шарамды жоспар ретінде салып отырмын. Балаба?шамен ?оштасу?а арнал?ан мерекелік ерте?гілік. бала ба?ша т?рбиешілеріне ?дістемелік к?мек ретінде ?зімні? ерте?гілікте ?ткізген іс шарамды жоспар ретінде салып отырмын.
Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей
МҚКК № 8«Тұлпар» бөбекжай-балабақшасы
Балабақшамен қоштасу.
Ертеңгілік.
Музыка жетекшісі: Сагинова Н. А.
Хромтау қаласы
2017 ж.
Музыка ойнайды, екі бала кіреді.
1Бала: Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық!
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшаменен қоштасатын,
Бүгінгі күн ерекше.
2 Бала: Ана тілін ардақтап,
Ана салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік
Сүйген өз ұл, өз қызын
Бөбегім деп аянбай,
Балабақшам өз үйім.
Апай болды анамдай…
1Бала: Дильназ, балаларды шақырайық… (шығып кетеді)
Жалпы кіру
1: Қуантамыз, сыйлаймыз
Бақшамызды қимаймыз.
Биіл күзде мектепке
Біріншіге барамыз.
2: Халқым бізге сенеді,
Ұрпақ оған қуаныш.
Ұстаз жақсы көреді,
Балаларды тіл алғыш.
3: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
4: Балалабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
5: Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
6: Болсын кіші бойымыз,
Биікке ұшып ойымыз.
Өсіп оймен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
7: Баулап баптап өсірдіңіз
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз өзіңізді.
8: Бұл алғашқы қадамым,
Таудай менің талабым.
Білім нәрін алуға,
Мен мектепке барамын.
9: Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
10: Аялап, баулып өсірген,
Қателік етсек кешірген.
Оқытып бізді үйреткен,
Көңілге құйған қуаныш.
Бұл кім?
Балалар: Тәрбиеші. ( Тәрбиешілер кіреді).
1-тәрбиеші: Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын.
Сәби еді былдырлап,
Сағынышын айтатын.
Тілі таза бүгінде,
Жүгірмейді бүгінде
Жүгірмейді аптығып,
Жүректері тұр ма әлде
Қоштасатын шақты ұғып.
2- тәрбиеші: Бөбек еді ол рас,
Кіп- кішкентай кешегі.
Бүгін міне, азамат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын.
Ән «Біріншіге барамын»
1-тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Кәнекей кішкентай түлектеірімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қояйық. Балалар, бүгінгі күн сіздерге сиқырлы, көп ғажап сәттер сыйлайды.
(Балалар орындарына отырады. Есікке түрткені естіледі. Залға үлкен әдемі қоробшаны кіргізеді: «Түлектерге сыйлық».Ішіндегі хатты жүргізуші оқиды. Қоробшаны ашса, ішінен кіші топтын баласы шығады, аузындағы соскасын түкіріп жіберіп:
Бала А-ааа, бұл недеген сұмдық? Барлығы мерекеге жиналған, тойлап жатырсыңдар. Ал бізді ешкім шақырмаса да, өзіміз келдік! Достарым, келіңдер!
(қолымен былғап, достарын шақырады. Тақпақтарды оқиды.)
1 бала: Сендермен бірге өстік біз,
Көп жақсы нәрсе үйрендік.
Шығарып сап мектепке
Құттықтауға біз келдік
2 бала: Амал қанша бұл анық,
Қоштасатын кез келді,
Ойыншықтар мұңайып
Іздейді-ау енді сендерді.
3 бала: Өздеріңді олар да,
Сағынады біліңдер
Бізбен бірге ойнауға,
Келіп-кетіп жүріңдер
Жүргізуші: Балалар, бүгін сендердің ойыншыктарын да көңілсіз. Сендерді қимайды. Бірақ сендер олармен қоштасып, мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанасындар. Олармен коштасып, би билейік.
Би кіші топтын балаларымен «Ойыншықпен қоштасу»
( Лунтик әуенмен залға кіреді)
Лунтик: Мен- мейрімді Лунтик
Туылдым мен Айда.
Жер бетінде белгісіз,
Қалай пайда болғаным.
Жер бетінде әдемі, белгісіз бар көп заттар,
Ғажайып қой бұл әлем
Бар ғой осында көп қызық
Саламатсыздар ма! Қандай әдемі балақайлар! Сендер кімдерсіңдер?
Жүргізуші: Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр, біздің балалар мектепке кеткелі жатыр.
Лунтик: Мектеп? Не ол? Неге қажет?
Жүргізуші: Лунтик, білесіңбе, мектепке білім алуға барады. Сан түрлі ғылымдарды зерттейді. Мысалы, математика. Бұл ғылым санауды үйретеді.
Лунтик: мен де мектепке барғым келеді.
Жүргізуші: Жарайды, сенің мектепке дайындығынды сынап көрейік. Есеп шығарып көрейік. Мысалы, сенің қалтаңда 2 алма бар.
Лунтик: (қалтасынан іздейді)Қайда? Жоқ, менің қалтамда ештене жоқ!
Жүргізуші: жоқ, бұл есепте айтылған. Мысалы сенде 2 алма бар. Жақсылық, 1 алманы алса. Қанша қалады?
Лунтик: 2!
Жүргізуші: неге?
Лунтик: мен Жақсылыққа бермеймін.
Жүргізуші: Сондада да, Лунтик, сенен 1 алманы алса қанша қалады?
Лунтик: қалмайды!
Жүргізуші: неге?
Лунтик: мен жеп қоюға үлгерем!
Жүргізуші:Лунтик, Есепті шығара алмайды екенсің. Ал достарыңмен міңдетті түрде бөлесу керек. Енді қара біздің балалар есепті қалай шығара алады.
1.Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?
2. Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң –жарадың!
3.Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?
4.Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
5.Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?
Ойын «Орныңды тап»
Лунтик: Жарайсыңдар, достарым. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Ал мен онда өз еліме барып математика ғылымын үйренейін. Қош сау болыңдар балалар.
Жүргізуші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін
Жұмбақ: Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп тың жауабы (Компьютер)
Ия, дұрыс. Ұлдарымызды болашақ програмистерді қарсы алыңыздар.
Би «Программистер»
Жүргізуші: Қалай ойлайсыңдар, компьютер мектептің оқуын ауыстыра алама, себебі ол бәрінде жасай алады ғой?
Дауыс естіледі «Әрине, компьютер бәріненде күшті. Мектептің қажеті де жоқ»
(Залға Жалқаубек кіреді құлаққаппен, планшетпенен)
Жалқаубек: Сәлем жігіттер, қыздар. Кітаптарды оқуға не керек? Кәзіргі заманда ешкім кітап оқымайды. Міне, интернет деген ең керемет зат. (Жалқаубек планшетпен ойнап тұрады)
Жүргізуші: МынаубіздіңЖалқаубек қой, ол да сендер сияқты мектепке бару керек.
Бірақ не істейтін білмейміз, күнде компьютер ойнайды, мектеп ойында да жоқ.
Сабаққа дайындалғысы келмейді, ерініп отырады. Жалқаубек сен мектепті ойлау керексің ғой.
Жалқаубек: мектеп! Мектеп! Мен неге оқуым керек, мен өзім жүрген интернетпін!
Әдебиеттердің де керегі жоқ, кім оқиды сол шаршайды. Санауға да мен ерінемін.
Жүргізуші: Жалқаубек, оқу керек, үйрену керек. Болашақта Отанымызға көмегіңді тигізесін.
Ән «Балдырғандар»
Жалқаубек: Ой, бұл бекер сөз ғой. Тек ертегілерде өтірік оқиды.
Жүргізуші: Баяғы заманнан бастап адамдар білімге өте көңіл бөлген. Нанбасан, сиқырлы сағатыңды жүргізіп көр?
Жалқаубек: сиқырлы сағат? Шынында да сағаттың көмегімен қазіргі кезде болашаққа, өткенге саяхаттауға болады екен ғой, ия?
Жүргізуші: Көр, содан соң білесін.
(Жалқаубек сағат тілін жылжытады, әуен естіледі, жарық жылтылдайды)
Жалқаубек: Не болып жатыр? Бұрыңғы заманда не болды кен көрейік?
(Әуен естіледі, залға хан кіреді)
Хан: эй, Қасым, не деген ақымықсын. Мынау не? Болашақта қазақ хандығын қалай басқарасын? Сен барлық ғылымдарды білетін, өзге тілде сөйлей алатын данышпан болуын керек. (қамшымен қорқытады) Саған бүкіл халық қарап тұр, ал сен болсаң «Үш жүз» қалай жазылатынын білмейсің. Мені халыққа масқара еттің.
Қасымханның. Қалай білмеймін? Ұшжүз.
Хан. Әлде сен білесің бе? (Хан Жалқаубекке айтады)
Жалқаубек. Мен….білмеймін…. Бұндай сөздерді қайдан үйренесіңдер?
Қасым Хан. Қайда, Қайда? мектепте!
Хан; Жүр балам біздің ауылда той болып жатыр, той бітіп қонақтарды шығарып салайық, сонан соң мен саған өзім барлығын үйретемін.
Би «Асатаяқ»
Жалқаубек: Иәәә. Мен ол туралы ешнәрсе білмеймін…
Жүргізуші: Жалқаубек, сен қамықпа, оқымастан бұрын, алдымен әріптермен танысу қажет. Міне, қарашы біздің бүлдіршендеріміз әріптердің барлығын таниды.
(Ойын «Әріпті тап»)
Жалқаубек; ия,сендер барлық әріптерді біледі екенсіңдер.
Жүргізуші: Біздің балаларымыз әріптерді тани қоймайды, сонымен қатар ноталарды да біледі.
Ал, балалар, аспаптарды
Қолдарына алыңдар.
Мың құбылтып, мың бұралтып
Саз әуенге салыңдар.
(Оркестр «Турецкое рондо»)
Жалқаубек; өткен шақта не болғанын біз білдік ал енді болашаққа саяхаттайықшы (сағат тілін жылжытады, әуенмен робот кіреді)
Робот. Мен роботпын .
Жалқаубек, О. мынаны мен түсінемін. Темірден жасалған, басы жасанды компьютер
Робот. Зерттеуге арналған объект көріп тұрмын. Білімін тексеремін.(бақылау өлшеу аспабымен Жалқаубектін қасында жүргізеді) Білім деңгейі 0 %. Тезарада оқыту керек.
Жалқаубек. Мені тексеремекші болып тұр. Алдымен өзіңді тексеріп көрейік. (4жұлдызды жығарады)Ал енді сана 2+2 тең болады? (жұлдызды артына тығады)
Робот: 4
Жалқаубек .ал енді есепте (1тығады)
Робот. 2+ 1=4! Ой мен бұзылған шығармын. Маған кету керек! (шығып кетеді)
Жалқаубек Ия, Жалқаубек, компьютерді алдап кеттің, ал біздің балалларымыз өте ақылды, олар нақыз жарқыраған жұлдыздар
Ән «Біз кішкентай жұлдыздар»
Жүргізуші: Біздің бүлдіршіндеріміздің мектепке баратын сөмкелеріне оқулықтарын,оқу құралдарын әрдайым реттеп салады. Мектепке ұстайтын сөмкені қалай жинау керек екенін жалқаубекке көрсетейікші. Ал ата аналарымыз бізге көмекке келеді..
Ойын «Портфель жинау»
Анасы бір байлам гүлдерді жинайды, әкесі шарларды үрлейді, бала керек құралдарды портфельге салады.бәрін бітіріп, бірге қол ұстасып, жүгіріп қоңырауға соғады.
Портфельмен би
Жүргізуші: Міне Жалқаубек мына сөмкені ала ғой. Бізбен бірге 1 қыркүйек күні мектепке барасын.
Жалқаубек: рахмет, мен енді түсіндім. Мектепсіз оқусыз бәрі бекер екен. (шығып кетеді)
Жүргізуші: Қараңдаршы, аспаннан жарқырап жұлдыздар түсіпті. Бұл жұлдыздар сиқырлы жұлдыздар кен.
Ойын «Менің мамандығым»
Би «Стюардесса»
Бала: Бақшаны әркім анасындай,
Қастерлейді бағалап.
Өйткені ол баласындай
Бізді өсірді аялап
Барлығы:
Мың алғыс сүйікті бақшамызға,
Мың алғыс сүйікті апайларға!
Бала: Қош бол, әсем бақшамыз,
Қош бол, құрбы-құрдастар.
Қош, балалар бақшасы
Алғаш ашқан есігім,
Қадіріңді білерміз
Біз шалғайда жүрсек те!
Ән «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші:Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле
Бұралып тал шыбықтай тұла бойы
Шаттық пен күлкі үйіріле келбетіне.
«Қоштасу» вальсі
Жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Балабақшамен қоштасу
(Залды мерекеге байланысты безендіру)
Фонограмма. (Радиодан сағат соғылған сигнал естіледі.Диктордың дауысы жаңалықтарды хабарлайды,тәрбиеші сырттан микрафонмен айтуға болады) «Сәлеметсіздер ме, құрметті радиотыңдаушы достар. Қарағанды қаласындағы «Алтын сақа» балабақшасыңда «Бұл күнді бес жыл тостық» қойылымы аяқталды. Бүгін сол қойылымға қатысқан әртістер мен әнші, бишілермен кездесу болады. Соны тамашалаңыздар.
Көңілді музыкамен екі жүргізуші кіреді.
1-ші жургізуші: Біздің қойылым – бұл балаларымыз.
Біздің қойылым – бұл бақытымыз.
Біздің қойылым – бұл біздің күн нұрымыз.
1-ші жүргізүші: Біз бұл күнге көп дайындалдық.
Болды көп-көп жеңісте,
болды кішкене реніште.
Бала бақшамен қоштасатын күн келді.
Қарсы алайық бүгінгі күн иелерін
Біздің ең үздіктеріміз
Ең білімділеріміз
Ең намысшлдарымыз
Ең салмақтыларымыз
Ең спортсмендеріміз
Ең еңбекқор балаларымыз
Музыка ( вальс ). Балалар екеуден кіреді. Залдың ортасымен жүріп, екі жаққа бөлініп тұрады. Вальстен үзінді билеп отырады.
Жүргізуші: Біздің балабақша спонсорлары және бүгінгі күннің түлек бүлдіршіндерінің ен жақсы, ең сүйіктісі – сіздер, құрметті ата-аналар! Сіздердің түсініктеріңізге, көмектеріңізге, бізбен бірге болғандарыңызға көп-көп алғыс айтып, бас иеміз.
жүргізүші: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
жүргізүші: Өсті ақыл, ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
Ән: «Балабақша»
Алғашқы құттықтау сөзді балабақша директоры Жанна Қайратқызына береміз, сізді құрметпен ортаға шақырамыз
Құттықтау сөз
1 бала Адильжан
Бүгін балабақша кеңейді
Біз кішкене ғана көңілсізбіз
Өйткені қоштасатын күн келді
Күтіп тұр а, жол біздерді
2 бала Жания
Біз сіздерді әлі көп еске аламыз
Себебі біз мұнда балалық шақтың кішкене үзігін қалдырдық
1 бала Адильжан
Қалай ойнағанымызды, қандай ойлар келгенін
Кешкісін талай анамызың, үйіміздің, орман, ағыстарының суретін салғанымызды
Әлі талай, талай еске аламыз
2 бала Жания
Ал, қандай мерекелер болды
Біз онда әдемі киініп
би билеп, ән айттық
Мерекелерді қалай жақсы көрдік
1 бала Адильжан
Біз бәріміз үлкен толқыныс, қуаныштың үстіндеміз.
Бүгін күн біз үшін өте маңызды ерекше.
Себебі біз мейірімді балабақшамызбен қоштасамыз,
Бізді алтын ұя мектеп бірінші сыныпқа шақырады.
Жүргізуші: Әрине балалар, әдемі көрікті жарық топтарыңды, достарыңмен бірге ойнаған әр түрлі қызықты ойыншықтарыңды және осыншама жыл бірге болған балабақшадағы қызықты күндеріңді бірге өткізген құрбы- құрдастарыңды әркез еске алып жүресіңдер, бұл күндер ұмытылмайды.
Жүргізуші: Адамның жан дүниесіне, болмысына терең үңіліп, олардың бейнесіндегі маңызды қасиеттері туралы психологиялық тұжырымдамалар ой-пікір айтқан қазақ халқының ірі тұлғалары Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин аталарымыз еді. Ұлы ойшыл А.Құнанбаев атамыз, адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе,өзінің 19 «қара сөзінде» .Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады деген екен.Енді кезекті балаларға берейін , бұлар не айтады екен?
бала Өлеңі – ақыл, өзі – аңыз.
Абай біздің бабамыз!
Өсиетін сондықтан,
Санамызға жазамыз!
бала Шен-шекпенге жасыңнан
Құмар болма! – депті Абай.
Милары жоқ масылға
Сыңар болма!- депті Абай.
«Бүкіл абзал» адамның баласы бол!» — депті Абай.
Атаң менен ананның панасы бол!»» — депті Абай.
Өсиетін Абайдың
Орындап жүр қалай кім?
бала Абай Құнанбаев.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң әрқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан
2 жүргізуші: Біз сіздерге хабарлап айтқандай, осы жерде бүгін біздің қойлымымыз болады. Бұл кезеңдерге көп жыл дайыңдалдық. Енді сол кезеңдерге кезек берейік.
Бірінші кезең ол – ностальгиялық
Балалар ойыншықпен залға шығды.
1 бала: Сағат тілінде көкек ән айтады
Ол былай дейді: «Қоштасатын кез елді»
2 бала: Қуыршақ, аю және машиналар- бұлар бізге өте көңілсіз қарап тұрған ойыншықтар.
3 бала: портфелімде жаңа дәптер, қалам, жаңа қарындаш
Қош болыңдар аттарым, біз енді кішкентай емеспіз.
4 бала: Біздің мейірімді ойыншықтарымыз, сендер бізді ұмытпаңдар
Біз қазір ойыншықтармен билейміз
Би: «Ертегілер» /ойыншықтармен/
Жүргізуші: Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталыпта кетті. Сендерді осы қуанышты күндеріңмен құттықтауға сәбилер тобынан балалар келіп тұр. Қарсы алайық
Музыка: ( ән «Құлыным» ) апай сәби-тобының балаларымен залға кіреді. Апайы сози
бала Қош балалар сәт сапар.
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты.
Кілең бестік алыңдар.
бала Үйренеміз жақсы ән біз,
Үйренеміз биді де.
Біздің балабақшамызда
Осындай шат үй, міне
бала
Бір-бірімен сыйласты
Татумыз біз баршамыз
Бал достықтың ұясы –
Біздің балабақшамыз
бала
Айтып ертек, әңгіме
Үйретеді әнді де
Беріп кәмпит, тамақта
Оқытады сабақты
Бұл балабақшада
бала
Бірге ойнап,бірге жүрген
Күндерді біз қимаймыз
Естелік болсын біздерден
Кітап, қалам сыйлймыз.
бала Өздеріңді ұмытпай
Есімізге аламыз
Ұмытпасын деп әрқашан
« Балабақша » әнін саламыз.
Ән: « Балабақша » кіші топ балалары айту керек
Балалар шығып кетеді
1 жүргізуші: Міне біздің балаларымыз осындай кіп- кішкентай болды.
2 жүгізуші: Екінші кезең ол- лирикалық
Балабақшаның өмірінен үзінді тыңдаңыздар
1 бала:
Мен балабақшада ыдыстыда сындырдым
Енді олай істемеймін деп те айттым
Ойыншықтыда шаштым
Балабақша маңына лақтрдым
2 бала:
Шалбарды да кішкене жырттым
Қыздардан кітапты да тықтым
Соңы жоқ –Неге деген сұрақтың
Тостым, іздедім жауабын.
3 бала:
Біз өстік- өндік оны ата- анамыз білмейді де сезбейді
Балабақшада да қыздар мен ұлдарды махабат билейді
Бір- біріне кітап- фишка сыйлайды
Тоқашы мен ойыншықтарымен бөлісіп
бір- бірін олар қатты сағынады
Ән: «Балбөбек» Самирдің орындауында
Би: «Шляпамен»
2- жүргізуші:
Үшінші кезең ол- ойынды
1-2-3-4-5-6 бастаймыз біз ойынды
Біздің балалар осы уақытқа дейін көп қызықты нәрселерді оқып, тоқып білді, бірақ оларды көп қызықтырған, әр түрлі, қызықты ойындар болды.олай болса ойнайық
Ойын: «Сандармен» немесе «Тез орныңды тап»
Балалар музыкамен билейді, музыка тоқтағанда 1, 2, 3, 5,6. Сандары бар балалар бір- бірін тауып тұра қалады. Кім шатасты ол айыбын төлейді.
Төртінші кезең: ол- әзілді
Жүргізуші:
1 Анасы Ділназды бірінші сыныпқа шығарып салады
1. Анасы:аяқ киімі бар, шалбары бар, ақ көйлегі бар
Мұрын орамалыңды қалтаңа сал
Жүргізуші: кітап, қалам, қарындашын бәрін- бәрін салды
Анасы: портфельдің салмағын көтеріп көріп, мынаны көтеру үшін балаға қандай күш керек- дейді де,
балам мында күнделік, қылқалам, қалам сал
бәрін дарынды бала ғана оқып- тоқып алады.
Бала: анашым бәрі сізге таныс, бәрін білесіз, сіз барыңыз бірінші сыныпқа
Ал, мен тосайын екіншісін
2. Анасы: Кім үстелге отырады?
Баласы: Мен
Анасы: кім тосап жейді?
Баласы: Мен
Анасы: Ал, кім ыдысты жуады?
Баласы: Анашым ендігі сұраққа Амина жауап берсіші, әйтпесе мен, мен дей беремін ба!
Анасы: балам мектепте тәртібің қалай, ештеңе бүлдірген жоқсың ба?
Баласы: Анашым әрине мен ештеңе бүлдірген жоқпын. Егер мен үнемі бұрышта тұрсам не бүлдіруші едім.
3. Анасы: Қызым, айтшы маған сен мұғаліміңе ризасың ба?
Қызы: Онша емес анашым, ол өзі ештеңе білмейді- ау деймін, бәрін бізден сұрай береді, сұрай береді.
Би: «Шуточный танец»
Балалардың тақпағы
1 бала Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата- ананы
Мектепке кетіп барамыз
2 бала Сезімді туған баламыз
Оянды ақыл санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз.
3 бала Қуантып, әрі қинайды,
Бақшамнан алыс кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Теңізінен өткенім
4 бала Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшамызбен қоштасып
Біз мектепке барамыз.
Бесінші кезең: ол- тосын кездесулер
Үш пират секіріп, жүгіріп муз. залға кіреді.
1 пират: Ой, мында қаншама адам жинаған?
2 прат: Сендер мында неге жиналып отырсыңдар?
Балалар: Балабақшамен қоштасып, мектепке баруға дайындалып жатырмыз.
3п ират: Оқуға, білімалуға, мектепке барасыңдар. Дұрыс істедіңдер, тамаша. Тез арада біздің мектепке жазылыңдар!
Балалар: Сендердің мектептерің қалай аталады, онда бәрімізге түсуге мүмкіндік барма?
1 пират: Әрине бар. Біздің мектеп «Зиян келтірушілер ғылымы» деп аталады. Онда ешқанай тест, емтихан тапсырмайсыңдар және тегін оқсыңдар.
Жүргізуші: Сіздердің мектепте не үйретеді.
2 пират: Біріншіден алдауды, ешқашан шындықты айтпауды.
3 пират: Ал, екіншіден, қыз балаларды ренжітіп, ұл балаларды төбелеске үйретеді.
1 пират: Ең бастысы сабақтан қалай қашып кетуді, кітапты жыртып, қалам, қарындашты ұмытып, кінәні біреуге жаба салуды үйретеді.
Жүргізуші: Қане, қане тоқтатыңдар, сендерге тек еркіндік бер. Мектепке осылай үйретеме екен? Тыңдаңдар мына өлең жолдаын,
Сақтақтап алыңдар әр кез естеріңе.
Барыңдар балалармен бірге мектепке.
Әліппе Менің атым — Әліппе.
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен
Бауыржан да, Мәлік те.
Математика: Біздің келер шамамыз
Бестен үшті аламыз
Төртті бөліп екіге
Жауабын тез табамыз.
Дәптер: Ел құрметпен бағалар
Досың бар, ол — тазалық
Кел, дәптерге балалар,
Тап-таза етіп жазалық
Күнделік: Жазулы мәнде әр күннің
Бар мінезің, тәртібің
Дос болайық жарқынын
Жолдасымсың сен менің
бала Мен өзіңмен біргемін
Екеумізде намыс бар
Жаман оқып жүрмігін
Жалығуды білмейміз
Жабығуды білмейміз.
Ән: «Бүлдіршіндер әні»
Музыка онайды к/ф «Буротино» залға билеп Буротино кіреді, амандасады, пираттарға таңдана қарап, олардың не істеп жүргенін сұрап, олардың мектебінің жаман екенін айтып, оларды дұрыс, бәрн үйрететін мектепке шақырады. Ол үшін бүгінгі балабақшаны бітіріп, мектепке барайын деп отырған балалармен бірге дайындалып, менің әкелген тапсырмаларымды түгелдей дұрыс орындасаңдар, бәріңе мектепке баруға рұқсат ететінін айтады.
Буратиноның тапсырмалары
Ойындары:
Пиратардың сөзі: жарайды бізді де мектепке бірге ала кетіңдер, барайық деп үстілеріндегі киімдерін шешіп, тәртіпті балалар қатарына қосылады.
Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып би билеп,
Жалғастырсын ойды-ой.
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып балабақшамен
Біріншіге барамыз
Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана
Алтыншы кезең: ол- біз басқа тілде сөйлей аламыз
Жүргізуші: біз тек қзақ тілінде ғана сөйлеп қоймай, орыс тілінде сөйлейміз, ағылшын тілінде ұстаздың көмегімен сол тілге тілімізді бейімдедік. Келесі кезеңді тамашалаңыздар
Орыс тіліндегі қойылым
Ағылшын тілінде
Би: «Лентамен»
Міне біз ақырғы кезеңге де жеттік: ол- қоштасу
1 жүргізуші: Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің.
2 жүргізуші: Сүйкімді балғын балашақ
Сендердікі болашақ
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар!
Жүргізуші: Бүгін қызық, бүгін той
Сендер үшін балақай
Шақырамын бәрінді
Вальсіне мына қоштасу.
Би: «вальс».
Жүргізуші: Міне бүгінгі қысқа да нұсқа қойылымымыз аяқталды. Біз балабақша өмірінен ең үздік, ең қызық сәттерді көрсеттік. Ал, 1 қыркүйектен бастап «Мектеп өмірі» атты фильм түсіруге болады. Ол түсіретін фильмдеріңізідің соңында осындай бақытты, көңілді, мейірімді, сүйкімді, мықты болуларыңызды шын жүрегімізден тілейміз.
Енді бізің балалардың осы балабақша ұжымы яғни балабақша қызметкерлеріне айтар алғыс, тілектері бар екен, соны тамашалаңыздар
бала Мектепке ертең барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Қашықта болмас арамыз.
Сіздерге келіп тұрамыз.
бала Баулап, баптап, өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз өздеріңізді
Ұмытпаймыз сөздеріңізді.
бала Орын берген бақшадан
Меңгеруші апай , жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз өзіңіз басқадан.
бала Витамин жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Дәрігер апай сізге де
Алғыс айтып барамыз.
бала Тамылжыта ән салдырып үйреткен
Мың бұралта белімізді билеткен.
Сазгер апай сізге алғыс айтамыз
Мың қайтала сәби бала жүректен.
бала Балабақша бесігім
Қайсысын айта берейін
Қабыл алшы гүлімді
Сіздерге сыйлап кетейін.
бала Тобымызда болды жарық, әрі таза
Келдік біз қуанышпен балабақшамызға
Айтамыз дауыстап бәріміз
Хормен бәрі: Рахмет!
Және бас иеміз сіздерге арнап
Ән: « Қош балалар бақшасы »
Міне құрметті ата- аналар біздің сәби түлектеріміз осылайша өздерінің қимас ұялары балабақшамен қоштасты, сіздерге айтарымыз балалардың әрі қарай жақсы- жаманды айыра білуі, денсаулықтарының мықты, берік болу сіздердің қоларыңызда, әр кез баламен бірге болып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, тек қуанышқа бөлене берулеріңізге және үлкен төзімділік, шыдамдылық тілейміз, ендігі сөз кезегі өздеріңізде.
1-2 ата- ана сөйлейді
Жүргізуші:
Рахмет, енді біздің түлектерімізге балабақшаны бітіргені үшін дипломдары мен венеткаларын және сыйлықтарын беруге рұсат ертіңіздер
★★★★★★★
Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.
↓↓↓
ТАПСЫРЫС ЖАСАУ
Балабақшамен қоштасу
Балабақшадағы ертеңгіліктер- admin
- 19.11.2018
- 0
- 1
- 21278
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
«Жұлдыз» бөбекжайы» КМҚК
Педагог-психологы Интымакова Айгуль Сагинтаевна
Ертеңгілік
Балабақшамен қоштасу
Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық қарым–қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ата-аналар балабақша ұжымы! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларын – деп,
Сүйікті балабақшасымен, қимастықпен қоштасатын балаларымызды құрметпен қарсы алайық.
Балалар музыкамен кіреді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар
Қазақстан Гимн орындалады (хормен)
Жүргізуші: Мектеп ана шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та балабақшам сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең – деп,
Бүлдіршіндеріміз мектепке баруға дайын екендігін дәрігер апайдан сұрап көрейікші.
Дәрігер апай келеді.
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай.
Жүргізуші: Дәрігер жолдас.
Алдындағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Сұрақ қойып, жауап ал,
Жарамсызы қалады.
Дәрігер апай балаларды тыңдап шығады.
Дәрігер: Бәрі тегіс қаралды,
Бәрі тегіс жарамды
Бәрі түгел дайын екен
Бәріне де рұқсат етем
Егер ауырып қалар болса
Дәрісіз–ақ емдеу керек
Денсаулықтың бұзылғанын
Жаттығумен жөндеу керек.
Дәрігер жаттығу жасатады.
Дәрігер: Ал, енді жолдарың болсын. Жаттығу жасауды ұмытпаңдар.
Жүргізуші: Дәрігер апай біздің қуанышты кешімізге келгеніңізге көп рахмет.
Дәрігер қоштасып шығып кетеді.
Ал енді, білім ханшайымын шақырып, балалардың білімдерін тексерейік.
Білім ханшайымы келеді.
Ханшайым: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ханшайым: Мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім. Балалар, жақсы оқитын бала неше деген баға алады?
Балалар: «5»-деген баға.
Жүргізуші: «5»-тік бағасы қандай балаларға қойылады?
Балалар: Сабақты өте жақсы оқитын, еңбекқор балаларға қояды.
Жүргізуші: Еңбек туралы кім мақал–мәтел, біледі?
Асылай: Еңбекқор бала жұмыс сұрар,
Жалқау бала түсте тұрар.
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар!
Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан
Ханшайым: Қазақстан республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев
Ханшайым: Дұрыс, жарайсыңдар балалар.
Бір жылда қанша мезгіл бар?
Балалар: Төрт мезгіл бар.
Ханшайым: Атап беріңдерші?
Балалар: Көктем, жаз, күз, қыс.
Ханшайым: 1-ден -10-ға дейін санаңдар, сосын кері санайық.
Балалар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
Ханшайым: Жауаптарың дұрыс.
Балалар енді біз ойын ойнайық.
Ойын: «Ойна да, ойлан» (есеп шығару)
Ойын шарты: Үлестірмелі сандарды тақтаға жабыстыру арқылы есеп шығару.
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар есепті дұрыс шығардыңдар.
Балабақшадан көп нәрсе үйренген екенсіңдер.
Рахмет сендерге балалар! Сәт-сапар тілеймін.
Сабақтарыңды тек 4-5–ке оқуларына тілектеспін.
Қош сау болыңдар, мектепте кездескенше.
Би: «Испан биі»
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Асылжан: Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артық өзі басқадан
Аяулым: Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз
Би: «Жаяу»
Ойын: «Жұбын тап»
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, үлестірілген суреттерден жануарлар мен оның төлдерін жұптастырып жинайды.
Би: «Зуби-зуби»
Тақпақ:
Гүлназ: Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз
Ерсұлтан: Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам қош сау бол.
Би: «Көктем келді!»
Ойын: «Керекті оқу құралдары»
Ойын шарты: Балалар ойыншықтардың арасынан оқу құралдарын жинау керек.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндердің балабақша қызметкерлеріне айтатын алғысын қабыл алыңыздар !!!
Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан ба біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Раушан Жанатбекқызына
Барлық балалар: «Мың алғыс»
Жайдары жүз, ақ қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп,
Білгенімізді сұрайтын,
Ақыл айтып тұратын
Айнұр Амантайқызына
Барлық балалар: «Мың алғыс»
Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер
Жансая Жанадиловнаға
Барлығы бірге: «Мың алғыс»
Естен кетпес үніңіз,
Бізбен өтті әр күніңіз.
Бізге үміт артасыз,
Бізді баптап қараған.
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған,
Айгүл, Мөлдір,
Жанар, Гүлназапайларға
Балалар бірге: «Мың алғыс»
Әлде май ма, құймақ па?
Палау ма, әлде сорпа ма?
Керек болса бал қаймақ,
Тұрады әр кез ортада
Тәп-тәтті тағамы,
Апайлар ас маманы
Клара мен Қарашаш апайға
Бәріміз бірге: «Мың алғыс»
Бүгін балабақшамен қоштасқалы тұрған түлектеріміздің тақпақтарын тыңдасақ.
Асылжан: Витамин жеп қолынан
Өскен сәби баламыз
Дәрігер апай, сізге де
Алғыс айтып барамыз
Ақнұр: Тәрбиеші мен күтуші
Анамыздай біздерге
Тек жақсылық тілейміз
Рахмет айтып сіздерге
Еркежан: Қош, балалар, сәт сапар
Үлгілі бәрің болыңдар
Жақсы оқып әрқашан
Тек «5» -тікті алыңдар
Есімхан: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біз мектепке барамыз
Қасымхан: Көңілді өскен баламыз
Шырқатып әнге саламыз
Тойымызға сән берер
Би де билей аламыз
Саянұр: Үлкен сенім жүктеп алып
Мектепке кетіп барамыз
Тәрбиешім, өзіңмен
Қоштасу әнін саламыз
Қарақат: Балабақшам бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашты мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық
Асылай: Үлкендердей тап–таза
Бормен жазар тақтаға
Үлгілі бала боламын
Жүретіндей мақтана
Шар ұшыру сәті. (Балалар өздерінің арман-тілектерін айтады.)
Түлектеріміздің қоштасу вальсін қабыл алыңыздар.
Би: «Вальс»
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші: Әр бір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Сол ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата-ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата-аналарға сөз кезегін береміз.
Келесі сөз кезегін «Жұлдыз» бөбекжайы» меңгерушісі Раушан Жанатбекқызына сөз кезегін береміз. (Балаларға сыйлықтар табысталады.)
Жүргізуші: Барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз.
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала
отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
(Фонограмманың жазылуы дыбысталады)
(Музыка ойналып тұрады. )
Дауыс:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Құрметті қонақтар ата-аналар!Балаларды тәрбиелеу және оқыту мен қамтамасыз ету жөніндегі2018-2019 жылдарға арналған!”Біз өмірдің гүліміз”бағдарламаасын жүзеге асыру аясында мектеп алды даярлық сыныбының қоштасу кешіне Алімхан.Ермеков атындағы ЖОББ мектеп базасындағы тірек мектебінің мектеп алды даярлық тобының түлектері “Бақытты балалық шақ”ұшағымен келіп қонады.Кеш барысында қол телефондарыңызды өшіріп,әр сөздерін мұқият тындап,өнерлеріне тамсанып,қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!Кешімізге қош келдіңіздер!
1жүргізуші:
— — Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!»атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2жүргізуші:Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық
Балалар хор:
Үлкендерге сіз
Кішілерге сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
1жүргізуші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойлары
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
2жүргізуші:
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
1жүргізуші: Балалар біз қай елде тұрамыз?
«Біздің Қазақстан», «Отан» .
— Қандай ауылда, кентте тұрасындар ?(Ақадыр кенті)
— Қай мектепте оқисыңдар,Мектептерін кімнің атымен аталады?(Әлімхан Ермеков атындағы мектепте)
-Қай сыныпта оқисыңдар?(даярлық сыныбында)
Ендеше, балалар Отанымыз Қазақстан, анамыз,ұстазымыз,мектебіміз жайлы не білетіңімізді ортаға салайық .
Қазақстан,Отан
Ана
Ұстаз
Мектеп жайлы тақпақтарын,хорларын айтады.
Есік қағылып , көгершіндер кіреді.
Хор:»Біз мектепке барамыз»
Есік қағып көгершін кіреді.
2жүргізуші:
Балалар қарандаршы бізге қонақ келді.Бұл көгершін құсы.Бізге өзімен бірге хат әкеліпті.Хатта не жазылған екен оқып көрейік.
— Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.
І тапсырма Сауат ашу сабағынан
1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?(2-ге,дауысты дауыссыз)
2.Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?(қызыл)
3.Дауыссыз дыбыстар ше?(көк)
4.Мына сөздерді оқып береміз?(Айша,Айна,Ана,маса)
5.Сөздерді буынға бөліп оқы?(Бо-та, қа-ла, да-ла, ша-на.)
ІІ тапсырма Математика сабағынан.
1. 1ден-20ға дейін санап,кері санаймыз?
2.Геометриялық фигураларды атап айтамыз?
3.Сандардың көршісін тап?
Би: Құстар
Жүргізуші:
Шаттыққа толы жанары
Сыйлайды нені кім білсін
Мектепке кетіп барады
Талабы таудай бүлдіршін.
Балалардың қадамы құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын
Ән: Қайрулла Іңкәр « Ақ мамам» әнімен
Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Гүлдер»
Ұлдарымыз өнерлі
Ән де айтып береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты:Төрт-төрттен ұлдар бөлінеміз, Геометриялық фигуралар бар осы фигуралар арқылы үшбұрыш және шеңбер құрастырамыз
Ұлдарымыз өнерлі
Ән де айтып береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді
Ән:Тұлпарым
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- деп ортаға Микки маус биімен қыздарды ортаға шақырайық.
Би:Микки маус
«Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық
- Мектепке біз барамыз ба?
- Кілең бестік аламыз ба?
- Айтқан тілді аламыз ба?
- Ақылды бала боламыз ба?
- Нан жеймін деп жылаймыз ба?
- Ертеңгісін тұрамыз ба?
- Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
- Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
- Екі алғанда жылаймыз ба?
- Оқушы біз боламыз ба?
Жүргізуші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
- Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
- Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
- Тамағын уақытылы бересіз бе?
- Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
- Сериал көріп жатасыз ба?
- Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
- Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
- Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
- Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
- Бала үшін асулардан асасыз ба?
Би:Вальс
«Батамен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқу, үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын, тілектерін алып, болашаққа жол бастайық.
Сөздің кезегі бастауыштың оқу ісінің меңгерушісі Тлеужанова Гүлім Сапарқызына беріледі.
2жүргізуші:
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
( Балалардың мадақтамаларын тапсыру)
Хор:Даярлықпен қоштасу
1жүргізуші:
— Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.
(Фонограмманың жазылуы дыбысталады)
Дауыс:міне,біздің кешіміз аяқталды.Біз сіздерге қызықты кезендерін көрсете алдық.Біздің тілеріміз сіздерге бақыт,шаттық,береке,мереке.
Назым Ербаева
Басқа материалдар
«Бақытты балалақ шақ» фильмі» атты ертеңгілік
Музыка залы ертеңгілікке безендірілген. Интерактивті тақтада ертеңгіліктің аты жазылған.
Ата-аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері музыка залында отырады.
Фанфары ойнайды.
Радиостанциядан хабарлама «Армысыздар, құрметті қонақтар! Сіздерге «Гүлдер» сәбилер-балабақшасындағы «бал-бала »атты радиостанциясы сәлем жолдайды. Кеше Шахтинск қаласының «Гүлдер» сәбилер-балабақшасында «Бақытты балалық шақ» атты фильмнің түсірілімінің 1 бөлімінің аяқталғанын хабарлаймыз. Бүгін сағат 11-де фильмнің презентациясы және фильм түсіріліміне қатысқан актерлермен кездесу болады. Барлығыңызда қатысуға шақырамыз».
Тәрбиешілер ортаға шығады.
1 –тәрбиеші:
Біздің бұл фильм бірнеше айлар бойы түсірілді. Фильм атына сай бақытты балалақ шақ туралы. Қуанышты сәттер де реніштерде, әртүрлі келеңсіз жағдайларды болды. Фильм түсірілімінің 1 бөлімі аяқталды. Фильмнің 2 бөлімін түсіру жалғасады. Бүгін біз кейбір фильмге қатысқан актерлермен актрисаларды шығарып салғалы отырмыз.
2 –тәрбиеші:
Ендеше ортаға фильм түсіріліміне қатысқан барлық актерлер мен актрисаларды шақырамыз.
Залға балалар кіреді.
1 –тәрбиеші: Бүгін балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттайтын балаларымызды ортаға құрметпен шақырайық.
«Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле,
Бұралып тал шыбықтай тұла бойы,
Шаттық пен күлкі үйрілді келбетіне»- дей отырып Серикпаева Адияны қарсы аламыз.
2 –тәрбиеші: Үндемей бәрін тыңдырған
Салмақты біздің қызымыз,
Ақылды, дана,сымбатты,
Көркем болып өсіңіз» деп Айбат Назираны қарсы алайық.
1 –тәрбиеші: Іс келгенде алдына
Жан салмайтын ұлымыз
Ер мінезді көрікті,
Исаұлы Мансұрды қарсы алайық.
Балалар ортадан өз орнындарына отырады.
2 –тәрбиеші:
Біздің фильм бұл- бақыт, біздің фильм — күннің нұры деп айтуға болады.. Қойылым кезінде режиссерлер де актерлерде ауысып отырды.Түсірілім барысында жеңісте, жеңілісте бәрі болды. Енді, міне, кейбір түсірілімге қатысқан актерлермен қоштасатын сәт келді.
1 –тәрбиеші:
Сіздерді фильмнен үзінді көруге шақырамыз!
2 –тәрбиеші: Бірінші кадр «Настальгия».
Ортаға 3 бала шығады.(Қолдарында доп,қуыршақ,машина бар)
1- бала: Добым менің домалақ
Тоқтамайсын домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тарелканы сындырдың
Тентек болып кетіпсің
Қоштасамын сенімен.
2-бала: Ойыншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді,
Еркелігі соншалық
Көтермесем жүрмейді
Қоштасамын сенімен!
3- бала: Үлкенмін ғой міне, мен
Ойыншықтарды жинаймын,
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Қоштасамын сенімен.
«Қуыршақ биі»
Адия: Ойыншықты жинаймыз.
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер,білім үйреніп
Білімді ұрпақ боламыз.
Рахмет, сендерге,
Сүйікті біздің ойыншықтар.
Сағынамыз сендерді.
Біз сендерді ұмытпаймыз,
Сендерге біз қол бұлғаймыз- деп қолдарынан жетектеп бишілерді шығарып салады.
1 –тәрбиеші: Екінші кадр «Бақытты балалық шақ»
Назира: Алтыға толып бүгін мен.
Әдепті бала боламын.
Қуантып ата-анамды
Мектепке кетіп барамын.
Еділ: Бақшамызды ұмытпай
Келіп кетіп тұрындар,
Сондай кезде апайлар
Қалады ғой қуанып.
Мансұр: Бақшадағы күндерді
Есімізге сақтаймыз,
Апайлардың еңбегін
Бәрімізде ақтаймыз!
Камилла: Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында
Көп ойнадық, көп күлдік.
Өтті күндер тамаша.
2 –тәрбиеші: Әртүрлі түстер бақытты балалық шақтың әр күні секілді. Мектепте де күндерің қызыл,жасыл, сары түстерге толы болсын.
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды,
Көкте қызыл жасылды.
Кемпірқосақ асылды.
«Кемпірқосақ» биі.
1 –тәрбиеші: Келесі кадр «Ғажайып сәт»
Береке: Ертегілер туралы
«Жарптица» биі
2 –тәрбиеші: Келесі кадр «Шақырылмаған қонақ»
(Ортаға 2 болып киінген кейіпкер шығады.)
Екілік: Әрең жеттім ғой мұнда.
1 –тәрбиеші: Сіз кімсіз?
Екілік: Мен екілікпін. Мені өздеріңмен бірге 1 сыныпқа аласыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Екілік: Сумкем мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіңе.
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіне.
Жалқауларын жалдап алам,
Аңқауларын алдап алам.
Көшпей қалса сыныптан,
Досым үшін менде қалам. Сабақты мүлде оқымаймын. Мен мектептегі ең жақсы бағамын. Балалар менімен дос боласыңдар ма?
1 –тәрбиеші: Менің балаларым мектепте өте жақсы оқиды. Олар сенімен дос болмайды.
Екілік: Жақсы оқиды ? Жақсы оқу үшін білім керек қой, балалар түк білмейтін шығар?
1 –тәрбиеші: Балалардың барлығы білімді.
Екілік: Білімді? Ендеше тексерейін бе? Ал, балалар айтыңдаршы 2+2 қосқанда неше болады?
Екілік: білімді болсаңдар басқа тілде тақпақ айтыңдаршы.
1 бала: Милый садик помни нас, Вот настало расставание, Воспитатели родные Мы уходим в первый класс!
2 бала: Ағылшын тілінде
Екілік: Сонда да сендердің білімді екендеріңе сенбеймін. Енді ойын ойнап көрейікші.
1 –тәрбиеші: Келіңдер балалар, өзіміздің тек өте жақсы баға алатынымызды дәлелдейік.
Ойын «Көңілді бестіктер»
Екілік: Енді менімен дос боласындарма?
Балалар: Жоқ.
Екілік: Ендеше, мен басқа балабақшаларға барайын. Мүмкін сол жақтан дос табармын.
(Екілік сахнадан шығады.)
2 –тәрбиеші: Келесі кадр: «Жұмбақ жасыру»
1 –тәрбиеші: Ата-аналар сіздермен ойын ойнап, жұмбақ шешсек қалай қарайсыздар?
Ортаға балалар шығады.
1 жұмбақ: Тілі барда үні жоқ
Сөйлеп тұрар ішінен
Көзбен шалсам бір рет
Не дегенің түсінем. (кітап)
2- жұмбақ: Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі. (қарындаш)
3- жұмбақ: Бір жорға бар шабысты,
Ақ қағазға жабысты.
Жорғаласа тайпалап,
Келтірер көп табысты. (қалам)
2 –тәрбиеші: Енді, «қолғап» ойынын ойнаймыз. Ортаға 8 адамды шақырамыз, 2 командаға бөлінеміз.
Ойын шарты қолдарыңызға киген қолғаптағы әріптерден сөз құру қажет.
1 –тәрбиеші: Келесі кадр «Достық»
Сабина: Тұрғанымда қысылып,
Медет берген достарым,
Өз жұмысын ысырып.
Көмек берген достарым.
Мөлдір: Жырға сені қосумен
Өтсем деймін досым-ау
Сыйлас болып досыммен
Өмірімде осынау.
Екеуі бірге: Дос болам десең,
Досымды сыйла,қымбаттым
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын!
«Достар» әні.
2 –тәрбиеші: Қандай фильм болсын жарнама жасалады. Жарнама.
1- бала: Егер сіздерге балабақша керек болса,
«Гүлдер» балабақшасына келіңіздер!
Мұнда бәрі бәрін біледі.
Үйретеді, көрсетеді.
Таптырмайтын бау-бақша
Келіңіздер тамаша!
2- бала:Сіздер осы бақшада
Сурет салып,ән салып
Жапсырасыз,қиясыз
Есептейсіз,сызасыз
Тақпақ айтып,би билеп
Дап-дайын боп шығасыз!
3- бала: Тәртіп сақтап әрқашан
Білімге сен талпынсан!
Бір шаңырақ астында
Тату –тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз астыда,
Бірге сайран құрамыз.
1 –тәрбиеші: Келесі кадр «Қайран жастық шақ»
(Балалардың кішкентай күндеріндегі фотолардан слайд көрсетіледі.)
2 –тәрбиеші: Келесі кадр «Қоштасу сәті»
Назира: Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны ерекше.
Балабақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі күн ерекше.
Адия: Ұмытпаймын ешқашан
Білім нәрін еккенің
Қош қымбатты апайым
Қош менің бау- бақшам!
Мансұр: Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде бойым есейді
Мектепке барам мен енді
Балабақшам қош енді.!
1 –тәрбиеші: Айналайын балалар!
Алдында мектеп –ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер, даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа да жеттіндер.
Барасындар мектепке
Бір белестен өттіндер.
Өсті міне бойларын
Өсті ақыл ойларын
Қуанышқа ортақпын.
Құтты болсын тойларын!
«Қоштасу вальсі»
2 –тәрбиеші: Келесі кадр «Алғыс айту»
1 –бала: Қағазға сурет салдырып,
Қарайсыз көз талдырып.
Жақсы ісімді мақтайсыз
Ананы таң қалдырып
Тәрбиеші апайларға
Көп рахмет!
2 –бала: Бөлмеміз әрқашан тап-таза,
Ойыншықтар орнында
Тамақ берген уағында
Рахмет Ләйлә апайға!
3 –бала: Есеп-қисап жүргізетін
Бақшаға кіріс кіргізетін
Гүлнара,Гүлден апайларға. Рахмет!
4 –бала: Сайра апайға мың алғыс
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып психолог апаймен.
5 –бала: Біріншіге барамыз.
Дәрумен жеп қолынын
Өскен сәби баламыз
Дәрігер Альфия апайға
Алғыс айтып барамыз.Рахмет!
6 –бала: Томпиған тәтті тоқашы
Шебер қолды аспазшы
Тәтті тамақ ұсынған
…