Сценарий на 1 июня День защиты детей.
1ж. Армысыздар, ?адірменді асыл хал?ым,
Арта берсін абырой, ата?- да??ы?
?арсы алайы?, ??рметтеп балаларды
?ста?ан ?аза?ымны? ата-салтын.
?айырлы к?н ??рметті о?ушылар,?стаздар, ата –аналар!б?гін біз ?лкен мерекеге жиналып отырмыз!Б?л –балалар мерекесі:
2ж.Всем –всем лучезарных улыбок и хорошего настроения! Потому что сегодня действительно добрый день- День защиты детей!
Детство – время золотое
И волшебные мечты.
Детство –это мы с тобою
Детство –это я и ты!
1ж.Б?л мерекені? р?сімі бойынша жалау к?терілуі тиіс. Оны к?теруге о?ушылар ша?ырылады.
2ж. Сегодня здесь, друзья мои,
мы собрались не зря.
Спешим поздравить от души
Девчонок и ребят!
1ж.Аспан т?рса к?лімдеп,
Балаларга сол ба?ыт.
?аза?стан г?лденіп,
?ркендесе, сал – ба?ыт.
??тты?тау с?зі Е?бекші ауылыны? ?кімі Бекмухамбетов Ч.А. беріледі.
2ж. Пусть ангел вас хранит всегда
от жизненных потерь
и детство пусть хоть иногда
Вам открывает дверь
След. Слово для позд-я предост директору школы Танабергенову Ж.Р.
3ж?рг.
Сценка.
Жила –была ворона, она так долго жила, что уже не помнила, сколько ей лет, сколько зим. Может сто, а может быть, все двести.
Ворона: Ах, ах какое было время! Берёзы были выше! Да! Горазда выше! И жизнь в лесу не была такой скучной. Ах! Как было весело! Не то, что сейчас – никакого тебе веселья, никакой радости!
Вылетает бабочка, поёт песенку.
Бабочка:
Ах, какой чудесный луг, и цветы цветут вокруг.
И цветы цветут вокруг. Ах, какой чудесный луг.
Ах, кружится голова, радость жизни мне дана.
Радость жизни мне дана. Счастье я полна. Тра -ля -ля-ля -ля.
Ворона: Она счастьем полна. Да знаешь ли ты, порхающее создание, что такое счастье?
Бабочка: Ой, простите! Я вас не заметила. Я думала, что я одна. Вы спросили о счастье? Да, да. Я знаю, что такое счастье. У меня сегодня день рождения. И я могу летать. Это такое счастье!
Ворона: Так и у меня есть крылья. Ну и какое же это счастье? Это просто крылья, без них как без рук – ни туда. Ни сюда.
Бабочка: Да нет же, нет. Это счастье –летать с цветка на цветок, видеть всю эту красоту. Ах, я вижу солнце, я вижу небо, я вижу цветы!
Ворона: Ну и что? Я тоже вижу это каждый день уже сто лет. Привыкла.
Бабочка: Ну что вы! Ворона! Разве к этому можно привыкнуть? Вся это красота наполняет меня радостью и счастье. Мне хочется всё время петь и танцевать!
Ворона : Ну, не знаю, не знаю. Как можно быть такой легкомысленной. Только петь и танцевать!
Появляется ёж.
Ёж: Здравствуйте. О чём это вы тут спорите?
Ворона: О счастье. Знаешь ли ты, ёж, что такое счастье?
Ёж: Да я как –то не задумывался. Живу и живу. У меня всегда работы много. То домик починить надо, то ежата куда – ни будь заберутся, выручать надо. А вот счастье – надо подумать. Что же это такое? Давайте ещё у кого – ни будь спросим. Эй, Миша, иди сюда!
Появляется Медведь.
Мед: Здравствуйте. Чего вам?
Ворона ведь: Знаешь ли ты что такое счастье?
Медведь: Ну. Так сразу. Посижу вот. Подумаю.
Зиму перезимовал – хорошо. Малинки сейчас покушал – хорошо. А счастье ли это? Не знаю.
Заяц (подбегает): Я тут слушал вас думаю. Когда вы меня от лисы прятали, поделились со мной своей силой, я был так счастлив, что у меня есть такие друзья!
Медведь: Вот и заяц о счастье сказал.
Ворона: Да какое там счастье: разве его кто- ни будь видел?
Бабочка: Счастье надо почувствовать. Это как луч солнца, как дуновение ветерка, как утренняя роса, как аромат цветка.
Медведь: Что – то я начинаю понимать. Счастье — это как будто солнышко, только внутри.
Заяц: Значит, счастье – когда мне светло и радостно внутри!
Бабочка : Да, да. Вы правильно думаете!
Заяц: А ещё мне хорошо в лесу с вами, друзья мои. Значит, когда мы вместе, это тоже счастье.
Медведь: Да, когда рядом друг — это большое счастье. Даже, если это очень маленький друг, как бабочка.
Заяц: Оказывается, счастье внутри нас. Как интересно!
Ворона: И когда можно рассказать о чём – ни будь интересном всем – всем, это тоже счастье? И когда мы сейчас все вместе собрались, и к нам пришло много хороших гостей это тоже счастье?
Ёж: А вы как думаете?
Ведущий: А как вы думаете? Ёж задал вам вопрос. В чём вы, например, видите счастье?
Дети что такое счастье?
Танец маленьких утят.
Конкурсы.
1) Эстафета водителя
2) Поросята, кошки, лошадки.
3) 2 мальчика собрать автогр.
4) стульями танец.
5) игра с ложками.
6) танец живота с частями тела.
Іж.Сонымен осы балалар?а арнал?ан шарамыз м?ресіне жетті.Сау-с?лемет болы?ыздар.
Просмотр содержимого документа
«»Балалар ?ор?ау к?ніне арнал?ан сценарий» »
1-Жүргізуші: Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! «Құлыншақ» және «Шұғыла» тобынының балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!
2-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
Ұлмерей: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Жасұлан: Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Раяна: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Інжу: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Екі шеңбер болып, шыршаны айналып, көңілді әуенге билеу.
Хор: «Елочка»
1-Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала
Сиқырлы сәулелер тарайды.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.
Мұстафа: Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
Аягөз: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған
Әділжан: Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?
Ақтілек: Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
2—Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр.
Көңілді әуенмен. Сиқыршы келеді.
1-Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Сиқыршы! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол!
Сиқыршы: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге, шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін.
Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді, шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үрлейміз. (Балалар үрлейді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.
Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.
Қоян мен қасқыр келеді. Қап, бәлем музыкасымен.Қоянның қолында құмыра болады.Аяз атаның киімін киеді,.ал, қасқыр ақшақар киімін киеді.
2.Жүргізуші: Балалар, бұл кейіпкерлер қай мульфильмнен? Естерімізге түсірейікші.
Қоян: Салеметсіздерме балалар!.Жаңа жылдарың құтты болсын!.Жаңа сендердің балалабақшаларыңа келе жатқан да мына құмыраны тауып алдым.(Екеуі таласады).
Құмыраны жерге түсіріп алады.
Ішінен мыстан кемпір шығады.
Мыстан:Мен шықтымау ақыры, мына қараңғы жерден. Мені сиқыршы сиқырлап тастап еді.
Мына шыршаның әдемісін ай.Үйіме алып кетсем бе екен.
Сиқыршы:Мыстан, енді сені қазір тағы да сиқырлап тастаймын.Балалардың мерекесіне кедергі келтірме.Одан да біз бен бірге жаңа жылды қарсы, ал, балалардың өнерін тамашала.
Мыстан:Менің бір шартым бар, мен сендерге жұмбақ айтамын жауабын тапсаңдар мен де қаламын, ал егер таба алмасаңдар шырша менікі.
- Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (қар)
- Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ сурет салады.( аяз)
Жұмбақ шешіледі.Мыстан кемпір қалады.
1-жүргізуші:Балалар, біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп жатыр?.
Сиқыршы: .Мүмкін, адасып кеткен шығар.Біз Аяз атаны іздеп келейік.
Қоян, қасқыр, Сиқыршы кетеді.
2-жүргізуші.Мыстан әже, сізбен бірге, балалар ойын ойнағысы келіп отыр.Қалай қарайсыз!.
Ойын: «Байпақ». 2ойыншы 2 сыңарды бөліп алады, біреуі оң, екіншісі сол аяғынікін киеді, әуенмен билеп шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет (балалар, ата аналармен).
Мыстан: Неткен күшті, ақылды балалар, сендер шаршамадыңдар ма?, мен шаршадым, мен енді қайтайын, жақсы тілегін айтып кетеді.
1-жүргізуші:
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.
2-жүргізуші:
Тобымыздың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық.
Бишілерге кезек береміз.
Би: «Ай мен жұлдыздар
1-Жүргізуші:Балалар, Аяз атаны шақырайықшы мүмкін естіп қалар.
Балалар: Аяз ата-3 рет
Аяз Ата мен Ақшақар келеді: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).Орманда адасып жүр едік.Мына жұлдыздар мен айдың жарығының көмегімен сендер жіберген қоян мен қасқырдың арқасында сендерге де жеттік ау.
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Ақшақар:Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Ит жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.
Хор: «Аяз ата»
Арша: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл,
Ата-әже, әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл.
Қонысбек: Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың
Надежда: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.
Маңдайлы: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды.
Ән: «Шыршаға бардық» Арша, Жансель
2-Жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.
Би: «Аққала»
1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де- деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.
Әмина: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарап жылыстап.
Нұрсая: Жайна шырша жарқылдап
Бейнесіндей сәбидің
Түрлене түс жасыл бақ
Қыс пен жазға бірдейсің.
Санжар: Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Данияр: Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
Ақшақар: Қандай керемет, өнерлі балалар екенсіңдер!Енді балалар ата-аналарымызбен ойын ойнап серігіп алайық.
Ойын: «Қырықаяқ»
Ойын шарты:5 бала 5 анасы шығады. 2 топқа бөлініп ойнайды
Аяз ата: Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? Сиқыршы сиқырлап тастамадыма екен! Балалар, тауық қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме!
2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
1-жүргізуші: Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Ит жылын
Ұзатып сап Тауықты
Жаңа жыл жарылқасын ескі жыл есіркесін –деп , өткен жыл мен. Келер жылымызды қошеметпен қарсы алайық!
Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Ит» , «Тауық» кіреді)
Тауық: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!.
2-жүргізуші: Шынымен балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.
Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған Тауық жылын шығарып салайық. (тауық кетеді).
Ит: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
Мен Жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
— Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жылы сөздер жазылған жүрекшелер шашылады),
1-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың -ендігі кезекті, балалардың тақпақтарына берейік.
Томирис: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Айнара: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Дарын: Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз ән саламыз.
Бағдат:Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Жансель:Аяз келді, қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты
Мейіржан: Жапалақтап ақшақар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Інжу Н:Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
Хор: «Жаңа жыл»
Сыйлықтар таратылады
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.Мен сендерге сыйлықтар әкелдім! (таратып береді). Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз, аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар!.
Ақшақар : Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз, Аяз ата, сау болыңыз, Ақшақар.
1-жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар. балалар! «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты, ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Осындай, керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа 2018 жылымыз құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт, қуаныш нұры жаусын!.
2-жүргізуші: Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше, аман-сау болайық!.
Бірге: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты!
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Дереккөз: Sabaqtar.kz
Ұқсас материал:
- «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
- «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
- Қызыл телпектің жаңа жылғы саяхаты. (сценарий)
- «Кош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік сценарий
- Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
-
«Жасыл шырша жанында» атты жаңа жылға арналған сценарий
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар елді мекені,
МКҚК «Рауан» балабақшасының музыка жетекшісі Омарова Аралкул
Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты өткізілген
балалар концертінің сценарийі.
«Рауан» балабақшасының кішкентай тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен дайындалған «Саңырауқұлақ» ертегісі.
«Көбелек» биімен сахнаға бүлдіршіндер шығып билейді.
Бала тілегі Орынд: Ф. Амантай
Музыкалық фонмен сахнаға жүргізушілер шығады.
1 – Жүрг: Жаны құмар сәби ек жаңалыққа
Шаруасы жоқ паңдық та даналық та
Жаратқанның теңдессіз шеберлігі-ай
Бар бақытты сиғызған балалыққа
2 –Жүрг: Мәңгі өзгермес бақыты, бақ қадірі
Секілді жұпар шашқан бақша гүлі
Адамзаттың сарқылмас сағынышы
Балалықтың бал дәурен патшалығы
1 – Жүрг: Армысыздар аталар мен әжелер
2 –Жүрг: әкелер мен аналар
1 – Жүрг: ағалар мен жеңгелер!
2 – Жүрг: Бармысыздар егеменді еңселі елімізде
1 – Жүрг: Ашық аспан астында
2 – Жүрг: Бейбіт те, тыныш заманда
1– Жүрг: алаңсыз асыр салған, күлкілері күміс, қылықтары балдай бал-бөбек бүлдіршіндер!
2 — Жүрг: Жарқын жаздың алғашқы күні 1 маусым — бүлдіршіндеріміз үшін ерекше күн. Себебі бұл күн — балалардың төл мерекесі.
1 – Жүрг: Ендеше бүгінгі 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
мерекесі
Бірге: құтты болсын!
2 — Жүрг: Адамның өмірге деген құштарлығын еселей түсетін құдірет ол – ұрпағыңның өсіп ер жетіп, азамат болуы.
1 — Жүрг: — Болашағын ойлаған әрбір қоғам бар жақсылықты алдымен елдің ертеңі жас ұрпаққа жасайды. Бұл орайда, Тәуелсіз Отанымыз өз алдына отау тігіп шаңырақ көтерген алғашқы күндерінен бастап талай-талай ізгі ниетті қадамдар жасап келеді.
2 – Жүрг: Тәуелсіз елімізде бүлдіршіндеріміз бақытты, дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Демек, жас ұрпақтардың келешегі кемел деген сөз.
1 — Жүрг: Сәби үнімен, сәби күлкісімен мынау жарқын дүние жасара түспек. Олай болса кіршіксіз таза, ақ көңілді, адал жүректі сәбилеріміз аман болсын – дейік!
2 — Жүрг: Ашық аспан аясында,
1 – Жүрг: Нұрын шашқан күн сәулесіндей, біздің балдырғандарымыз
Бірге: бақытты өмір сүрсін!
1 — Жүрг: Ұрпақты жалғастырар бала бағың
2 — Жүрг: Күлкісімен келтірген өмір сәнін
1 – Жүрг: Бүгінгі мерекеде сіздерге арнап
2 — Жүрг: Бар өнерін көрсетсін балаларың
1 – Жүрг: Ендеше қадірлі қонақтар! Өнерлі балаларыңыздың сіздерге арнағалы тұрған мерекелік бағдарламасын
Бірге: қабыл алыңыздар!
«Әке» әнімен болашақта әнші болғысы келетін өнерпаз балаларыңыз Бейбарысқа қошемет көрсетейік ағайын!
1 – Жүрг: Таудай болған талабы,
Кім сүймейді баланы.
Бақшалардан басталған,
Сәбилердің қадамы
2 – Жүрг: Ой, Гүлфайруз. Сен тақпақты керемет айтады екенсің.
1 – Жүрг: Иә, Гүлбану. Есіңде ме, кішкене кезімізде біз де осы бүлдіршіндердей тақпақ айтып өскен бала едік, қазір сахнада концерт жүргізіп тұрмыз.
2 – Жүрг: Ендеше, біздей үлкен азамат болсын дей отырып тақпақ айтамын деп тұрған бүлдіршіндерімізді қошеметтеп сахнаға шақырайық.
Тақпақ оқиды.
«Қарлығаш» әнімен кішкентай әнші бүлдіршініміз Жанеркені қошеметпен
Бірге: сахна төріне шақырайық.
1 – Жүрг: Жанарынан шуақты,
Арайланды таң нұры.
Кішкентай күн сияқты,
Балғындардың барлығы.
2 – Жүрг: Балдырғандар талабы,
Міне жаңа басталды.
Қуана қарсы алалық
Жақсы би мен жақсы әнді.
Орталарыңызда « Заманауи биімен» өздері әнші, өздері биші болашақтарынан зор үміт күттіретін қыз — жігіттерімізді
Бірге: қарсы алайық!
2 – Жүрг: Ұлан байтақ қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
1 – Жүрг: Жаса! Жаса! Егеменді еліміз
Кең жазира ұлан – байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз
Жүрегі туған елім, туған жерім деп соққан әнші қыздарыңыз Асылзатты Туған жер әнімен
Бірге: Ортаға шақырамыз.
1 жүрг: Ана — сарқылмас бұлағың, таусылмас қазынаң. Мынау өмірдің өзі анамен қымбатты. Шуағымен жарық шашса, мейірімімен әлемді жылытады.
2 – Жүрг: Осындай аналарымызға бас ие отырып, Аружан қыздарыңыз сіздерге
«Апатайым анашым» әнін тарту етеді. Сонымен сахнада
Аружан. Қошемет көрсетейік ағайын!
1 – Жүрг: Бал балалық балдырған шақ сан арман
Барлық бала армандауға жаралған
Балдырғандар әндетіңдер, билеңдер
Орындалсын ойларыңдағы бар арман
2 – Жүрг: Отанменен бірге біздің жанымыз
Жарасып тұр әніңіз бен сәніңіз
Бірлік қонған ұлан – байтақ елімде
Өмір сүрген бақыттымыз бәріміз
Сахнада «Батырлар» биімен биші өнерлі ұлдарыңызды
Бірге: қарсы алайық.
2 – Жүрг: Гүлфайруз, біздің бүлдіршіндеріміздің барлығы өнерлі екен. Шіркін, менің де балдырған шағым еске оралып тұрғаны.
1 – Жүрг: Иә, Гүлбану. Балалық шақ бал дәуренге не жетсін! Алғаусыз күлкі, ниет – пейілдерін айтсайшы — тап -таза тұнық, көңілдері де сондай мөлдір, ерке мінез – бәрі – бәрі балалық шақтың белесі.
2 – Жүрг: Туу, балалық шаққа бір барып қайтсам ғой. Ата-анаң айтқаныңды екі етпей орындап, аға-апаң еркелетіп…
1 – Жүрг: Қой Гүлбану, мына балалардан ұят болар. Онан да ерке қызымызды ортаға шақырып, қалай еркелейтінін көрейік. Ерке қыз әнімен ортаға
Бірге: Мерейді шақырамыз.
1 Жүрг: Мөлдір сондай тұп-тұнық
Жүрегінің пәктігі
Қардай аппақ жоқ кіршік
Сезімінің ақтығы
2 Жүрг: Жанарының жарқылы
Жанып салар жан сырын
Шаттық толы әр күні
Бақытты шақ, бал шырын.
Сахнаға «Жаңбыр» әнімен
Бірге: Сабинаны шақырамыз.
Өзбек биі Орынд: Айгөлек би тобы.
1 – Жүрг: Ұрпақты жалғастырар бала бағың
Күлкісімен келтірген өмір сәнін.
2 – Жүрг: Мерекеге арналған шуақ шашар
Бар өнерін көрсетсін балаларың.
Ендеше «Аналар алтын» әнімен жоғарғы топтың бүлдіршіндері Елдарды
Бірге: сахнаға шақырайық.
1 – Жүрг: Гүлбану сенің әжең бар қандай бақыттысың. Әжелердің жүрегі ыстық, алақаны жылы ғой, шіркін!
2 – Жүрг: Иә, даналықтың кені болған, пейілі мол, асыл да, ардақты әжелеріміз аман болсын!
1 — Жүрг: Ендеше сахна төрінде «Сағындым әже» әнімен
Бірге: Қуанышова Әлия
1 жүрг: Әуендерге қосылып
Кәне биле балақан.
2 жүрг: Қосылайық биіңе
Шапалақтап алақан
Сахнаға биші қыздарымызді «Домбыра» биімен қошеметтеп шақырамыз.
1 – Жүрг: Бүгінгі сахнадағыбалғындардың ерекше өнері мені де шабыттандырып тұрғаны.
2 – Жүрг: Мені де. Мынадай дүбірлеген думанда бір ән айтпай кетсек болмас.
1 – Жүрг: Дұрыс айтасың.Осы әнімізді барлық балғындарға арнайық.
«Көңілді күн» Орынд: Гүлфайруз, Гүлбану
1 – Жүрг: Аспан тұрса күлімдеп
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп
Балаларға сол бақыт
2 – Жүрг: Балаларға сол бақыт
Жүрсе алдында анасы
Болса мөлдір өзені
Болса байтақ даласы
1 – Жүрг: Бала — өміріңнің шырағы,
2 – Жүрг: Көңіліңнің айнасы,
1 – Жүрг: Еліміздің ертеңі,
2 – Жүрг: Ғұмырыңның жалғасы.
1 – Жүрг: Бала – ананың бақыты,
2 – Жүрг: әлемнің шаттығы,
1 – Жүрг: өмірдің бастауы
Туған елді көктететін, бейбіт күннің жаршысы бал-бөбектеріміз аман болсын.
2 – Жүрг: Қымбатты аналар ата-аналар, балдырғандар! Мереке тағы да құтты болсын . Бұлтсыз күн, ашық аспандай , нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балдырғандарымыз бейбіт өмір сүрсін. Бірге: Әрқашан күн сөнбесін!
Осымен балаларыңыздың сіздерге арнаған мерекелік концерті аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет.
Концертке қатысушылар сахнаға шығады.. Хор. «Балабақша»
Ашылуы.
Песня: «Разноцветные шары» — участники концерта.
Ведущий 1:
Бармысыңдар, балалар, бармысыңдар!
Жазда келді, жайнаған гүлді шыңдар.
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар, бәрің де, армысыңдар!
Қайырлы күн!
Жүрегінде жалын бар,
Шырқар әсем әні бар,
Сүйкімді нұр — сәні бар,
Бойында ақыл, ары бар,
Ізетті де, инабатты,
Білгір де, талантты,
Достар!
Ведущий 2:
Всем – всем, добрый день!
Всем – всем, лучезарных улыбок и хорошего настроения!
Потому что сегодня всеказахстанский – День защиты детей! «Мы дети независимого Казахстана! Нам жить в новом мире!»
Ведущий 1:
Бүгін біздің төрімізге ауданымыздың құрметті қонақтары Аршалы ауданының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев, «Білім бөлімінің» бастығы Гүлмира Исабекқызы Баяхина және де Ұлы Отан соғысының ардагерлері келіп отыр. Қанекей қол соғып құрмет көрсетейік.
Кезекті құттықтау сөзін ауданымыздың әкімі …
(Сегодня в нашем зале присутствуют уважаемые гости. Аким Аршалынского района Маржыкпаев Ермек Боранбайұлы, начальник «Отдела образования» Баяхина Гульмира Исабековна, ветераны Великой Отечественной Войны Купины Иван Антонович и Валентина Тимофеевна, Любарская Анна Петровна.
Давайте их поприветствуем аплодисментами.
Слово для поздравления предоставляется акиму ….)
Блок «Детство»
1. Песня «Хорошее настроение» исп. вк. гр. «Забава» –
І место в областном фестивале конкурсе «Жұлдызды әнші».
2. Танец «М&M-dance» исп. мл.гр. ансамбль «Мөлдір».
3. Песня «Подтяжки» исп. Матасова Катя – победитель районного конкурса детского творчества «Под куполом дружбы».
4. Танец «Гумми — гумми» исп. танц.гр. ансамбль «Мөлдір».
5. Песня «Балалық» исп. вокальная гр. «Забава»
6. Танец «Айгөлек» исп. мл.гр. — ансамбль «Мөлдір».
7. Песня «Тұлпарым» исп. Сахай Жасұлан — победитель районного конкурса юнных даровании «Лучики Аршалынского района».
Блок народный.
Ведущий 1:
Ата – бабам аңсаған арманына,
Жеттік міне бүгін елдің мақсатына.
Жүз отыздан астам ұлт өкілдері,
Түсіністікпен өмір сүріп жатыр осында.
Ведущий 2:
Живут народы разные
Как одна семья
Желтые, белые, смуглые –
С ними в дружбе я!
Я – Казахстанец!
Я – азиат!
Здесь каждый человек другому брат!
8. Песня «Маусымжан» исп. Мұратбаева Санемай
9. Танец «Қара жорға» исп. средняя гр.ансамбль «Мөлдір». Дипломант областных смотров народного творчества «Ақмола жұлдыздары».
10. Танец «Русский сувенир» исп. танц.гр. ЦДТ.
11. Танец узбекский «Чевар қуллар» исп. ст.гр.ансамбль «Мөлдір».
12. Күй «Ерке сылқым» исп. Маштаев Артур.
13. Танец «Кадриль» исп.ср.гр.- ансамбль «Мөлдір».
14. Песня «Дождик» исп. вок.гр. «Забава»
15. Песня «Ақ көгершін» исп. Сахай Есбол – победитель районного конкурса детского творчества «Под куполом дружбы».
Блок патриотический, посвященный 66-ой годовщине Победы.
Ведущий 1:
Өмір үшін күрескен бабаларым,
Бүгін міне, еске алып отыр балаларың.
Алғыс айтып, сіздерге бас иеді.
Ұясынан құлатпай, әлпештеген балапанын.
Өмір үшін күресіп, жеңдіңіздер,
Туған жерге қайта айналып келдіңіздер.
Алдарыңызға қойған бір мақсатпен,
Періштедей жаңа өмір бердіңіздер.
16. Танец «Яблочко»исп. ст.гр. — ансамбль «Мөлдір».
17. Песня «Помни» исп. Сунцова Таня – І место в районном конкурсе патриотческой песни «В памяти останетесь Вы навсегда!».
18. Песня «Зажгите свечи» — Марченко Катя – Гран – при в районном конкурсе патриотческой песни «В памяти останетесь Вы навсегда».
Ведущий 2:
Наследники великой этой славы,
Ее мы чтим и бережно храним
Героями гордимся мы по праву
И стать на них похожи мы хотим!
19. Выступление военно – патриотического клуба «Каскад» ЦДТ
Блок патриотический
Ведущий 1:
Тәуелсіздік – арманым ең аңсаған,
Бабаларым жетеміз деп шаршаған.
Бүгін міне бар әлемге танылдық,
Қазақ елі үміт артам мен саған.
Жетемін деп қиялдағы сағымға,
Ілестік қой нелер ағымға.
Егемендік — шын бақыты елімнің,
Жемісі мол туған жердің бағында.
Ведущий 2:
Цвети, земля, моя родная,
Незная горя, нужд и бед.
Земля моя, земля святая,
Тебе дорован солнца свет.
22.Песня «Расцветай Казахстан» исп. вок.гр. «Забава» (слайды) — І место в областном фестивале конкурсе «Жұлдызды әнші».
23.Песня «Үш қоңыр» исп.Муратбаев М., Милахат С., — дипломаты областных смотров народного творчества «Ақмола жұлдыздары». вок.гр. «Забава» — І место в областном фестивале конкурсе «Жұлдызды әнші».
24.Танец «Інжу» исп.ст.гр.- ансамбль «Мөлдір». Дипломант областных смотров народного творчества «Ақмола жұлдыздары».
Закрытие
25. Песня «Детство» — участники концерта.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс — шара
«Аялы алақан» орталығының тіл дамыту маманы
Тақырыбы: « Өлкенің гүл жайнаған балғындары»
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір — бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі — түсті шарлар, слайд «Бала деген бір бақыт»
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата — аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
1 — Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін.
Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мырзаханов Бағлан Мырзаханович.
Құттықтау сөз кезегі
Ән « Ертегілер әлемінде» орындайтын Айгүл.
Сайқымазақтардың келуі
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақтаңдар.
Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз.
Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.
Тақпақтар:
Ақсұлтан Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Дильназ: Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын
Каусар: Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Фариза: Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.
Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! — дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.
Ойын: «Тиын тастамақ»
Мұнда берілген сауалдарға жауап бере отырып, балаларыңызды таныстырып бересіздер.
Дұрыс, ата — аналар бір сәт болса да бала болып, өткенге көз жүгіртіп балалықты меңгердік десек те болады.
Би «Айгөлек»
Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән «Бала тілегі» орындайтын Айгүл
Жүргізуші: Осымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс — шарамыз аяқталды.
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
«№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Сауытбаева Гүлмира Серікбайқызы
-Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» — атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Просмотр содержимого документа
«Аналар мерекесіне арналған мерекелік сценарийі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»»
«Қуант бізді, Жаңа жыл!» ертеңгілік сценариі
Балабақшадағы ертеңгіліктер- babazhanova
- 15.06.2020
- 0
- 1
- 11064
Алматы қаласы
ТОО «BabyБалдаурен» балабақшасы
Тәрбиеші Бабажанова Алтын Жалеловна
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым — қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген
Жүргізуші – Сиқыршы: Құрметті біздің қонақтар, ұжымдастар!
Барлығыңыз да бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Қарлығаш» тобында!
(балалар келіп шыршаның жанына тұрады)
Сиқыршы: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан, бәрімізге!
— Балалар, қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсізғой, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамдарын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Сиқыршы: Міне, керемет, қараңдаршы, қандай әдемі шырша! Шырша тойына өз өнерлерін ала келдіңдер ме? Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.
(Балалар тақпақтарын айтады).
Жаңа жылды қарсы алдым,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды,
Қонақтардың бәрінде.
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам он болсын.
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата –әже, әке-әже,
Құтты болсын жаңа жыл!
Сиқыршы: Балалар, шыршамен ойнайықшы, ол өз шамдарын жақсын, біз үрлегенде сөндірсін, шамдарды жағу үшін біз шапалақтаймыз. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты-қатты үрлейміз.
«Шыршамен» ойын.
(Балалар үрлейді, шамдар сөнеді. Ойын екі-үш рет ойналады. Балалар шапалақтайды, ал шырша жанады.)
Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз, бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі. Ал біз шыршамызға арнап ән айтайық, би билейік.
Ән «Жасыл шырша жанында»
Сиқыршы: Қыс қызығы тамаша,
Ойнаймыз біз таласа.
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша – дей отырып, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Балалар тақпақ айтады.
Тамаша, тамаша
Шыршымыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп, сағынған.
Шыршаны айналып,
Би билейміз ән салып.
Жаңа жыл өзіңді
Жырменен қарсы алып.
— Жарайсындар, балалар. Ал қазір бізге шыршамыздың құрбылары келіпті. Олар бізге бір құпия айтқылары келіп тұр екен. Қандай құпия екенін көріп, билерін тамашалайық.
Би «Шыршалар».
Сиқыршы: Жарайсындар, қыздар. Шыршамыз көңілденген сияқты. Ал, енді айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (Балалардың жауабы).
Сиқыршы: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 – рет
Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. (Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата:
Амансын ба ұлдарым,
Амансын ба, қыздарым?
Қандай әсем жүздерің,
Қандай мөлдір көздерің.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ақшақар— Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүрг.: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, сәлеметсіз бе, Ақшақар. Біз балалармен ән айтып, би билеп, ойын ойнадық. Ал енді, балалар сіздерге де ән орындап береді.
Ән «Шырша жыры»
Ән аяқталған кезде Аяз ата шеңбердің ішінде қалып қояды.
Балалар: Қалып қойдың шеңберде,
Жібермейміз ешқайда.
Шығармаймыз біз сізді,
Ойнағымыз келеді.
Аяз Ата: Мен тышқан болып өтемін, (балалар отырады)
Ұшақ болып ұшамын. (балалар тұрып, қолдарын көтереді)
Су болып ағамын, (балалар отырады)
Құс болып ұшамын. (балалар қайта тұрып, қолдарын көтереді)
— Балалар, босатыңдаршы мені! Не қаласаңдар, соны орындаймын.
Балалар: Сыйлық!
Аяз ата: Сендерге арналған сыйлықтарым бар еді, жеткізе алмай қалдым. Қане менің кішкентай көмекшілерімді шақырайыншы. Ергежейлер, көмектесіндерші.
«Ергежейлер» биі.
Сиқыршы: Аяз ата, сіз шаршаған шығарсыз. Балалар сізге тақпақтарын дайындап келді, отырып тамашалап, демалып алыңыз.
Аяз ата: Жақсы, ендеше балалардың тақпақтарын тындайық.
Сиқыршы: Ал, балалар, тұрмайық. Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтайық. Ал, Аяз ата демалып алсын.
Балалар тақпақтарын айтады.
Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Тақпақтарды жаттадық,
Би де үйрендік, көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын, деп.
Бар баланың қонағы,
Төрлет Ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан мырза болады.
Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
О, алақай Аяз ата!
Келе жатыр алыста.
Қане, досым, әнге қосыл,
Биге қосыл, қалыспа!
Аяз ата: Жарайсындар, балалар.
Ақшақар.: Жарайсындар, балалар. Жаңа біздің ескі жылымыз жүр еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай қамығып жүрген шығар, рахмет айтып ортаға алайық.
(Музыкамен Ескі жыл-Доңыз келеді).
Доңыз: Мен доңызбын, доңызбын,
Өзім сондай сұлумын.
Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақыт, денсаулық тілеймін.
Ақшақар: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде – жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Кел, Жаңа жыл! Жаңа жыл! – деп ортаға жаңа «Тышқан» жылын шақырамыз!
Жаңа жыл (Тышқандар): Сәлеметсіздер ме! Кешіккен жоқпыз ба? Біз сондай асықтық, жүгірдік. Кешігеміз деп қорықтық. Біздің ең жақсы қасиетіміз – жылдамдық.
Жүрг.: Жоқ кешікпедіндер. Қош келдіңдер! Олай болса, барлығымыз жаңа жылымызға арнап, әнімізді айтайық.
Ән «Жаңа жыл»
Аяз ата: Жарайсындар, балалар. Ал, Тышқан жылы, қош келдің! Сендер бізге қандай базарлық әкелдіңдер?
Тышқан: Біз сіздерге әдемі, көңілді, жаңа жылдық биімізді әкелдік.
«Карнавал» биі.
Аяз ата: Жарайсындар, балаларым. Барлықтарың өнерлі екенсіндер. Аталарыңды бір қуанттыңдар, ал маған кететін кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)
Ақшақар: Ата сен әзілдеп тұрсын ба?
Сыйлықтарды ұмыттың,
Әлде сен балаларды сүймейсің
Тәтті егер бермесең?
Аяз ата: Ой, ақбас ау ақбас
Кәне мен сендерге көрсетемін сиқырды
Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.
(Ақшақар сыйлық толы үлкен шананы алып келеді).
— Міне, менің сыйлыққа толы үлкен шанам да жетті.
Сыйлықтарды таратады.
— Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!
Жүрг.: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын.
Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
Өнерлі ару қыздарың,
Жарқын, жарқын жүздерің,
Жайнап өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай жайқалып,
Биіктердер өздерің.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып,
Әр жыл сайын сендерге,
Келіп тұрамын сағынып.
— Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!
Жүрг.: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын.
Дайындаған: тәрбиеші, Бабажанова Алтын Жалеловна.