Балалар жылы 2022 сценарий

Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың қарадо­малақ балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына

Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың қарадо­малақ балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды. Иә, қай кезде де мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бө­лінеді.

ІЗДЕНІС ПЕН ТАЛПЫНЫС  ЖАС ӨРЕННІҢ БАҒЫН АШАДЫ

Мектеп партасында отырған әрбір баланы білімді, дарынды, өнерлі, интеллектуалды етіп тәрбиелеу күн тәртібінен түспейді. Бүгінде аудан бойынша 43 білім беру ұйымы бар. Жалпы, 2021-2022 оқу жылында мектеп жасындағы 8334 оқушыға 1197 педагог дәріс береді. Ең алдымен, «Балалар жылы» аясында жас балғындардың барлық жағынан да­муына жұмыс жасалуы тиіс. Бұл ретте, кәсіби тұрғыдан шыңдалған, білімі жетік подагогтарды тарту маңызды. Шын мәнінде, 5 мектеп-лицей мен 12 орта мектепте оқу жылы барысында балаларға арналған кешінді іс-шаралар қамтылатыны сөзсіз. Өз кезегінде аудандық білім бөлімі балалармен тікелей жұмыс жасайтын мекемелердің материалдық базасын, білім сапасын арттыруға 2022 жылы 10,7 миллиард теңге қаржы бөлуді жоспарлаған.

– Дарынды балалармен жұмыс жасау – уа­қыт талабы. Қазіргі таңда ғылыми тәжірибелер алаңы қалыптасып, мектеп жасынан балаларды зерттеу жұмысына бейімдеген абзал. Мәселен, компьютерлік бағдарламаларды мең­­­­гер­ген жас өрендер робототехника жасау­ға машық. Сонымен бірге, халықаралық, рес­пуб­ликалық, облыстық білім бәсекелерінде бақ­тарын сынаған оқушыларымыз орасан же­тіс­тік­терге қол жеткізуде.

«Балалар жылы» аясында бітіруші тү­лек­терге жағымды жаңалық техникалық маман­дықтарға арналған гранттар са­ны арт­тыру қолға алынбақ. Бұл ретте, білім сынағынан сүрінбей өткен әрбір отбасының балалары жо­ғарғы оқу орындарында тегін білім алуға қол жеткізеді.

Биыл аталған жыл шеңберінде ерекше бі­лім беруді қажет ететін баларлар үшін арнайы құрал-жабдықтармен жасақ­талған кабинеттер ашылады. Өз кезегінде 3 білім ошағында физика, химия пәнін оқытуға арналған кабинеттер пайдалануға беріледі. Ғылыммен айналысатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер жасалады. Биыл 25 пайызға жалақысы көтерілген ұстаздарымыз дарынды балаларды анықтауға, алғыр, өнерлі оқушы­ларды тәрбиелеуге күш-жігерін арнайды. Жалпы, 6 қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелерде 5433 бала қамтылған. Яғни, қосымша біліммен қамту мен спорт секцияларына әлі де жан-жақты балаларды тартатын боламыз, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков.

Ауданға қарасты Шіркейлі ауылында дарынды балалар шоғыры қалыптасқан. Бәлкім, киелі топырақтан шыққан зиялы қауым өкілдері мен ұлы тұлғалардың ізбасарлары болуы заң­дылық шығар. Бұл ретте, 4 жыл қатарынан білім ошақтары арасында үздік атанған №129 Ә.Жәмішов атындағы мектеп-лицей өткен жылды табысты қорытындылады. Жанболат На­заров басқаратын мектеп-лицей педагогтары аудандық, облыстық, республикалық білім бәсекелерінде жеңімпаз атанды. «Барлығы ба­ла үшін» дейтін 90-нан астам ұстаздың ең­бегі олимпиада, ҰБТ сынақтарында еселеп қайтты. Ауылдағы білім ошағы айтулы жылда балаларға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

– Мектеп-лицейдің педагогикалық ке­ңе­­сінің шешімімен «Балалар жылында» 11 іс-­шара бекітілді. «Қазіргі жастардың өмір­лік басымдықтары», «Оқушы мен ұстаз мәде­ниеті», «Құқықтық сауаттылық – заман талабы», «Бақытты отбасы – зор­лық зомбылықсыз әлем», «Денсаулық – ең бас­ты қажеттілік», «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді», «Біз бақытты баламыз» секілді бірнеше та­қырып аясында балалармен кеңінен жұмыс жа­сайтын боламыз. Күнделікті тәрбие саға­­ты, дөңгелек үстел, пікірталас, спорт­тық іс-шаралар, оқушылардың білім дең­гейін жоға­рылататын олимпиадалар ұйым­дас­тыру жос­парда бар. «Ғылым – теңіз, білім – қа­йық» демекші, біз шәкірттерімізге өмір айдынында адаспай жол табу үшін сапалы білім мен тәрбие беруге тырысамыз, – деді №129 Ә.Жәмішов атындағы мектеп-лицей директоры Жанболат Назаров.

Айтулы жылда аудандық жастар ре­сурс­тық орталығының мамандары да бір­неше іс-шаралар өткізуді көздейді. Мә­селен, орталық дарынды балаларға қол­дау көрсетуге мүдделі. Сонымен бір­ге, қазақ ертегілері желісі бойынша ба­ла­лардың қатысуымен мюзикл құруды жоспарға енгізген.

БАР БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ БАЛАБАҚШАДАН ҚАЛАНАДЫ

Қазақта «Адам болатын бала – алысқа қа­райды» деген мәтел бар. Дәл қазіргі уақытта білімді, алғыр балғындардың көптеп шығуына балабақшалардың атқаратын рөлі зор. Жалпы, аудан көлемінде 29 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде, 17 мемлекеттік, 6 жеке ба­ла­бақша, 6 шағын орталық халық баласын тәр­биелеуде. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1950 ба­ланы 326 педагог оқытады.

Күнделікті балалармен жұмыс жасайтын «Бақ-Нұр бөбек» балабақшасының тәрбиешісі, жас маман, Жұлдызай Зейдешова «Балалар жылынан» зор үміт күтеді. Айтулы жылда ба­лабақша қызметкерлерінің жалақысы 25 па­йыз­ға өсетіні мәлім. Тек жаңашылдыққа иек ар­татын жас маман балалардың ой-өрісінің да­муы­на, білім алуына түрлі іс-шараларды қам­ту­ды көздейді.

– Бар білімнің негізі балабақшадан қа­ла­нады. «Балалар жылында» балабақша пе­да­­гогтары ерекше серпінмен жұмыс жасай­ды. Себебі, барлық жұмысымыз кішкентай бал­­ғындармен тығыз байланысты. Әркез ата-ана­ның көз қуанышына айналған сәбидің ба­­қытты болғанын қалаймыз. Ертеңгі елдің тұт­қасын ұстай­тын балалардың жан-жақты бо­луы үшін педогогикалық әдістемелерге сүйенеміз. «Балалар жылын» жан-жақты қол­дау мақсатында кешенді іс-шаралар өткіземіз, – дейді жас маман.

КІТАПХАНА – БАЛАЛАР АҚЫЛШЫСЫ

Бүгінде «Ертөстік», «Көксерек», «Алпамыс батыр», «Қобланды» кітаптарын сүйіп оқитын балалар легі аз. Ақылды гаджеттерді жанына серік ететін кейінгі ұрпақ ақыл кенін оқудан қашады. Десек те, «Кітап – ғылым, тілсіз мұ­ғалім» екенін ұмытпаған абзал. Аудандық ба­лалар кітапханасында 40343 кітап қоры жа­сақталған. Кішкентай оқырмандар саны – 2158-і құрайды. «Балалар жылында» аталған кітапхана өз оқырмандарын асыға күтеді.

Қазіргі таңда балалар кітапханасында «Фан­­тазия» үйірмесі, «Жыр жауһар» клубы, «Өлке болып оқимыз» және «Сырға толы Сыр өңірі» жобасы жұмыс жасайды. Тұрақты оқыр­мандарды кітап оқуға қызықтыру үшін арнайы жобалардың берері мол. Жыл көлемінде кітапхана ұжымы ата-бабалар қоныстанған киелі мекендерге, қасиетті жерлерге саяхаттауды мақсат тұтқан. Өз кезегінде кішкентай оқырмандар мен сала мамандары Қалжан ахун медресесіне барып, қасиетті бабаның ту­ғанына 160 жыл толуына орай зиратына тәу етпек.

– ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «2021 жылды «Қазақстандағы балалар мен жас­өспірімдердің кітап оқуын қолдау жы­лы» деп жарияланған болатын. Ал биыл ҚР Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялағаны мәлім. Жыл көлемінде біздің ұжым балалардың шығармашылық әлеуетін кө­теру мақсатында тиісті іс-шараларды қолға алатын болады. Бүгінде қорымызға жаңадан 569 кітап қосылды. Жас оқырмандарымызға ертегілер, ғибратты әңгімелер желісінде сах­налық қойылымдар ұсынамыз. Сонымен бірге, еліміз­ге танымал ақын жазушыларға арналған шығармашылық кештер өткізіледі. Біздің мақ­сатымыз – оқырмандар санын көбейту. Бала­лар әдебиетінің жауһарларын кеңінен наси­хаттау, – дейді балалар кітапханасының мең­герушісі Гүлдана Әбенова.

Түйін

Аудан бойынша өткен жылы 887 сәби дү­ниеге келген. «Балалар жылында» бос ұран­шылдыққа салынбай, нақты жобалар қам­тылғаны дұрыс. Мәселен, сарапшылар «Ана ка­питалын» қалыптастыру керектігін айтады. Иә, арнайы капитал негізінде балалардың әлеуметтік тұрғындан жағдайын жақсарту көз­делсе игі. Сонымен бірге, денсаулығында кінәраты бар балалар ерекше қамқорлыққа алынуы тиіс. Бүгінде ауданда 232 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Жыл көлемінде олардың денсаулығына жіті көңіл бөлініп, аурушаңдық деңгейі төмендесе жақсы. Көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмек игілігін көрсе дейміз. Әйтпесе, жылды нақ цифрмен тізбектеп, іс жү­зінде балаларға пайдалы істер атқарылмаса, бос әурешілік.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады, деп мәлімдеді Ақорда.

Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.

Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз.Қасым-Жомарт Тоқаев

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімінің білім сапасына қорытындысы

Р/С

Мұғалімнің аты-жөні,тегі

Санаты

Сабақ беретін пәні

Сабақ беретін сыныптары

Тоқсан бойынша

Білім сапасының көрсеткіші

1

Ералина Шынкумис Тулеповна

Педагог-зерттеуші

Қазақ тілі

2 «А»

І

55,5%

ІІ

66,6%

III

58%

IV

50%

ЖҚ

61,54%

Әдебиеттік оқу

2 «А»

І

66,%

ІІ

51,8%

III

61,5%

IV

53,85%

ЖҚ

61,54%

Математика

2 «А»

І

66,6%

ІІ

81,4%

III

65%

IV

46,15%

ЖҚ

73,1%

Дүниетану

2 «А»

І

ІІ

81%

III

IV

61,5%

ЖҚ

76,9%

Жаратылыстану

2 «А»

І

ІІ

77,7%

III

IV

61,5%

ЖҚ

76,9%

Қазақ тілі

2 «Ә»

І

57,1%

ІІ

59,2%

III

54,17%

IV

54,17%

ЖҚ

58,33%

Биылғы 2022 Барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Президент жаңа жылдық құттықтауында «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін», – деді. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен, билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек екенін атап өтті.

Расында, биылғы жылды өскелең ұрпақ үшін барлық жағынан қамтамасыз етуге жақсы мүмкіндік туып отыр. Мәселен, білім саласында балаларға арналған түрлі бағдарламалар, жобалар жасап, балалардың білімін арттыруға болады. Денсаулық саласы бойынша жаңа туған сәбиден бастап 18 жасқа дейінгі барлық балалар мен жасөспірімдердің тегін медициналық көмек пен қамту енгізілсе нұр үстіне нұр болмақ. Бұл туралы педиатр Жарқынай Алпысова да оң пікір білдірді.

«Мен балалар дәрігері болғандықтан, «Балалар жылын» бірінші болып қолдайтын жандардың бірімін. Себебі бізге неше түрлі балалар келеді. Барлық баланың ата-анасы балаларын 100 пайыз қамтуға, ем керек болса, емдетуге толық мүмкіндігі бола бермейді. Ал қазір кез келген медициналық қызмет жеке клиникаларда өте қымбат. Ал мемлекеттік емес мекемелерде емдеу үшін бітпейтін кезек екеніні барлығымызға белгілі. Сонымен қатар үнемі ем-дом қажет ететін балалар да бар. Олардың жағдайы тіпті ерекше. Осындай жағдайлардың барлығын ескере отырып, биылғы «Балалар жылында» барлық балаларға медициналық көмектің барлық түрін қарастырса құба-құп еді», – дейді ­педиатр Жарқынай Алпысова.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі екенін айта келе, осы жылы «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептейтінін айтты.

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өтті Президент.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», – дейді Президент.

Сонымен қатар «Балалар жылында» балаларды дамытуға арналған арнайы бағдарламалар мен орталықтардың айы оңынан тумақ. Ол үшін балалар неге қызығады, немен айналысады, барлығын зерттеп, олардың дүниетанымын кеңейтуге де мүмкіндік туып отыр. «Робототехника» саласын балаларға үйретіп, олардың ойлау қабілетін арттыруға үлес қосып жүрген балалар психологы, педагог Әсем Жотаева өз кәсібінің биыл ерекше дөңгелейтінін тілге тиек етті.

«Қазір балалардың көбісі робо­тотехникаға ерекше қызығады. Мен педагогпын, өз балаларымды өмірге әкеліп, үйде отырған жылдары балалар неге қызығады, оларды қайтсем дамытамын деген ізденісте жүрдім. Осылайша, өз балаларым арқылы өзге балалардың да арманына қанат қақтыруды жөн көрдім. Міне, биыл жетінші жыл мен робототехникамен айналысамын. Арнайы орталық ашып, балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуі үшін жақсы мүмкіндік беріп отырмын. Бұрын ата-аналар балаларын өздері жетектеп әкелетін. Қазір керісінше, балалар ата-анасын алып келеді. «Мен осындай жерге келгім келеді, менің досым немесе құрбым осында, робототехниканы меңгергім келеді» деп балалардың өзі ынталанады. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Президентіміз биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады ғой. Ендеше, барлық ата-аналарға айтарым, баланы оқыту, білім беру, денсаулығын қадағалау, әлеуметтік жағдайын жасау аздық етеді. Баланың жарқын болашағы үшін оның жан-жақты дамуы, қызығушылығын одан әрі жетілдіру өте маңызды. Сондықтан бұл жылды балалармен сырласу деуге де болады», – деді педагог Әсем Жотаева.

Осылайша, 2022 Барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Президент өз сөзінде балаларға ерекше назар аудару керегін, бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен, билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек екенін айтты.

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ
«Ana tili»

Қош келдің, Жаңа жыл! (2022 жаңа жылға арналған сценарий)

«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші:Бибарыс

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата — аналар кіреді)
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Хор «Шырша жыры»
Жүргізуші: — Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 — рет
Аю: Нұрбақыт- Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр — тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір — ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» — дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: — Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес…
Балалар: иә.
(осы кезде Маша (Мелена келеді) Шыршаға таңырқап)
Маша (Мелена) – Керемет….(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю (Нұрбақыт )— Әрең таптым — ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!Балалар, Ортамызға аю мен машаны алып жаңа жылдық өлеңімізді айтайық,

(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Монтаж

Арман

Жаңа жыл -жаңа қадам жаңа бағыт

Болашақ силайтындай жаңа бағыт

Жақсылықтың белгісі жаңа уақыт

Келіп міне жатырмыз қауқылдасып

Аянат

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы жаңа жылды

Олда көптің бір болып

Қайда қызық болса думан

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалар мен бірге болды

Саян

О алақай Аяз ата

Келе жатыр алыстан

Кел билейік күйренейік

Ол келгенше жаңа жыр

Құтты болсын құтты болсын

Құтты болсын жаңа жыл

Айым

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел балалар келіңдер

Тамашаны көріңдер

Жүргізуші:Бибарыс
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақмерейді шақырып,
Қырғыз биін билейік

Жүргізуші:Бибарыс— балалар, жаңа жыл болса кеп қалды «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп жаңа барыс жылымызды қарсы алайық.

Қош келдің,барыс жылы
Барыс:Диас Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2022 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2022 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2022 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

Жүргізуші. Балалар ,барыс жылын ортаға алып,жаңа жылдық кешімізді жалғастырайық.

Монтаж

Арман

Аппақ аппақ жапалақтапқар жауады тынбастан

Қалың орман қар жамылған

Макжырайды түнгі аспан

Кең пейілді мол мейірлі

Сағынышпен табысқан

Рамазан

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалдымайысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

Жүргізуші:Бибарыс

Балалар,орманнан қонаққа қояндар келген екен.Олай болса. қоян биін тамашалайық

Ер балалар биледі.

Жүргізуші: Міне, балалар қояндар да өнерлерін көрсетті.Қояндарға үлкен алғысымыз
Білдіреміз.

Жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр

Нұрдан ләззат  ала біл.

Ақын жазар жаңа жыр

Жырдан тыңда терең сыр.

 Күй: « Қосалқа» Орындайтын Әбдірашов А.

Жүргізуші: Мың  бұралған ақ қайыңдай

Бишілер шықсын ортаға

Ал  ендеше қол соғайық,

Қошеметпен  қолқала.

 Қыздар биі

Жүргізуші :Міне тағы бір жылды да өткердік

Өткен жылдың жақсылығын көп көрдік.

Әрбір жылды жақсылыққа баладан.

Қай бір жылды ұнатпадық, жек көрдік.

Жаңа жылға жаңа қадам  басайық.

Армандаған белестерден асайық,

Күлімдеумен  көк аспанның  көгінде,

Күндей болып, жылы шуақ  шашайық.

Құрметті, оқушылар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Келесі кездескенше  сау   болыңыздар!

Сценарий 1 маусым: БАЛАЛАР күні«Әрқашан күн сөнбесін»
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар елді мекені,
МКҚК «Рауан» балабақшасының музыка жетекшісі Омарова Аралкул
Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты өткізілген
балалар концертінің сценарийі.

«Рауан» балабақшасының кішкентай тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен дайындалған «Саңырауқұлақ» ертегісі.

«Көбелек» биімен сахнаға бүлдіршіндер шығып билейді.
Бала тілегі Орынд: Ф. Амантай
Музыкалық фонмен сахнаға жүргізушілер шығады.
1 – Жүрг: Жаны құмар сәби ек жаңалыққа
Шаруасы жоқ паңдық та даналық та
Жаратқанның теңдессіз шеберлігі-ай
Бар бақытты сиғызған балалыққа
2 –Жүрг: Мәңгі өзгермес бақыты, бақ қадірі
Секілді жұпар шашқан бақша гүлі
Адамзаттың сарқылмас сағынышы
Балалықтың бал дәурен патшалығы
1 – Жүрг: Армысыздар аталар мен әжелер
2 –Жүрг: әкелер мен аналар
1 – Жүрг: ағалар мен жеңгелер!
2 – Жүрг: Бармысыздар егеменді еңселі елімізде
1 – Жүрг: Ашық аспан астында
2 – Жүрг: Бейбіт те, тыныш заманда
1– Жүрг: алаңсыз асыр салған, күлкілері күміс, қылықтары балдай бал-бөбек бүлдіршіндер!
2 — Жүрг: Жарқын жаздың алғашқы күні 1 маусым — бүлдіршіндеріміз үшін ерекше күн. Себебі бұл күн — балалардың төл мерекесі.
1 – Жүрг: Ендеше бүгінгі 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
мерекесі
Бірге: құтты болсын!
2 — Жүрг: Адамның өмірге деген құштарлығын еселей түсетін құдірет ол – ұрпағыңның өсіп ер жетіп, азамат болуы.
1 — Жүрг: — Болашағын ойлаған әрбір қоғам бар жақсылықты алдымен елдің ертеңі жас ұрпаққа жасайды. Бұл орайда, Тәуелсіз Отанымыз өз алдына отау тігіп шаңырақ көтерген алғашқы күндерінен бастап талай-талай ізгі ниетті қадамдар жасап келеді.
2 – Жүрг: Тәуелсіз елімізде бүлдіршіндеріміз бақытты, дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Демек, жас ұрпақтардың келешегі кемел деген сөз.
1 — Жүрг: Сәби үнімен, сәби күлкісімен мынау жарқын дүние жасара түспек. Олай болса кіршіксіз таза, ақ көңілді, адал жүректі сәбилеріміз аман болсын – дейік!
2 — Жүрг: Ашық аспан аясында,
1 – Жүрг: Нұрын шашқан күн сәулесіндей, біздің балдырғандарымыз
Бірге: бақытты өмір сүрсін!
1 — Жүрг: Ұрпақты жалғастырар бала бағың
2 — Жүрг: Күлкісімен келтірген өмір сәнін
1 – Жүрг: Бүгінгі мерекеде сіздерге арнап
2 — Жүрг: Бар өнерін көрсетсін балаларың
1 – Жүрг: Ендеше қадірлі қонақтар! Өнерлі балаларыңыздың сіздерге арнағалы тұрған мерекелік бағдарламасын
Бірге: қабыл алыңыздар!
«Әке» әнімен болашақта әнші болғысы келетін өнерпаз балаларыңыз Бейбарысқа қошемет көрсетейік ағайын!
1 – Жүрг: Таудай болған талабы,
Кім сүймейді баланы.
Бақшалардан басталған,
Сәбилердің қадамы
2 – Жүрг: Ой, Гүлфайруз. Сен тақпақты керемет айтады екенсің.
1 – Жүрг: Иә, Гүлбану. Есіңде ме, кішкене кезімізде біз де осы бүлдіршіндердей тақпақ айтып өскен бала едік, қазір сахнада концерт жүргізіп тұрмыз.
2 – Жүрг: Ендеше, біздей үлкен азамат болсын дей отырып тақпақ айтамын деп тұрған бүлдіршіндерімізді қошеметтеп сахнаға шақырайық.
Тақпақ оқиды.
«Қарлығаш» әнімен кішкентай әнші бүлдіршініміз Жанеркені қошеметпен
Бірге: сахна төріне шақырайық.
1 – Жүрг: Жанарынан шуақты,
Арайланды таң нұры.
Кішкентай күн сияқты,
Балғындардың барлығы.
2 – Жүрг: Балдырғандар талабы,
Міне жаңа басталды.
Қуана қарсы алалық
Жақсы би мен жақсы әнді.
Орталарыңызда « Заманауи биімен» өздері әнші, өздері биші болашақтарынан зор үміт күттіретін қыз — жігіттерімізді
Бірге: қарсы алайық!
2 – Жүрг: Ұлан байтақ қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
1 – Жүрг: Жаса! Жаса! Егеменді еліміз
Кең жазира ұлан – байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз
Жүрегі туған елім, туған жерім деп соққан әнші қыздарыңыз Асылзатты Туған жер әнімен
Бірге: Ортаға шақырамыз.
1 жүрг: Ана — сарқылмас бұлағың, таусылмас қазынаң. Мынау өмірдің өзі анамен қымбатты. Шуағымен жарық шашса, мейірімімен әлемді жылытады.
2 – Жүрг: Осындай аналарымызға бас ие отырып, Аружан қыздарыңыз сіздерге
«Апатайым анашым» әнін тарту етеді. Сонымен сахнада
Аружан. Қошемет көрсетейік ағайын!
1 – Жүрг: Бал балалық балдырған шақ сан арман
Барлық бала армандауға жаралған
Балдырғандар әндетіңдер, билеңдер
Орындалсын ойларыңдағы бар арман
2 – Жүрг: Отанменен бірге біздің жанымыз
Жарасып тұр әніңіз бен сәніңіз
Бірлік қонған ұлан – байтақ елімде
Өмір сүрген бақыттымыз бәріміз
Сахнада «Батырлар» биімен биші өнерлі ұлдарыңызды
Бірге: қарсы алайық.
2 – Жүрг: Гүлфайруз, біздің бүлдіршіндеріміздің барлығы өнерлі екен. Шіркін, менің де балдырған шағым еске оралып тұрғаны.
1 – Жүрг: Иә, Гүлбану. Балалық шақ бал дәуренге не жетсін! Алғаусыз күлкі, ниет – пейілдерін айтсайшы — тап -таза тұнық, көңілдері де сондай мөлдір, ерке мінез – бәрі – бәрі балалық шақтың белесі.
2 – Жүрг: Туу, балалық шаққа бір барып қайтсам ғой. Ата-анаң айтқаныңды екі етпей орындап, аға-апаң еркелетіп…
1 – Жүрг: Қой Гүлбану, мына балалардан ұят болар. Онан да ерке қызымызды ортаға шақырып, қалай еркелейтінін көрейік. Ерке қыз әнімен ортаға
Бірге: Мерейді шақырамыз.
1 Жүрг: Мөлдір сондай тұп-тұнық
Жүрегінің пәктігі
Қардай аппақ жоқ кіршік
Сезімінің ақтығы
2 Жүрг: Жанарының жарқылы
Жанып салар жан сырын
Шаттық толы әр күні
Бақытты шақ, бал шырын.
Сахнаға «Жаңбыр» әнімен
Бірге: Сабинаны шақырамыз.
Өзбек биі Орынд: Айгөлек би тобы.
1 – Жүрг: Ұрпақты жалғастырар бала бағың
Күлкісімен келтірген өмір сәнін.
2 – Жүрг: Мерекеге арналған шуақ шашар
Бар өнерін көрсетсін балаларың.
Ендеше «Аналар алтын» әнімен жоғарғы топтың бүлдіршіндері Елдарды
Бірге: сахнаға шақырайық.
1 – Жүрг: Гүлбану сенің әжең бар қандай бақыттысың. Әжелердің жүрегі ыстық, алақаны жылы ғой, шіркін!
2 – Жүрг: Иә, даналықтың кені болған, пейілі мол, асыл да, ардақты әжелеріміз аман болсын!
1 — Жүрг: Ендеше сахна төрінде «Сағындым әже» әнімен
Бірге: Қуанышова Әлия
1 жүрг: Әуендерге қосылып
Кәне биле балақан.
2 жүрг: Қосылайық биіңе
Шапалақтап алақан
Сахнаға биші қыздарымызді «Домбыра» биімен қошеметтеп шақырамыз.
1 – Жүрг: Бүгінгі сахнадағыбалғындардың ерекше өнері мені де шабыттандырып тұрғаны.
2 – Жүрг: Мені де. Мынадай дүбірлеген думанда бір ән айтпай кетсек болмас.
1 – Жүрг: Дұрыс айтасың.Осы әнімізді барлық балғындарға арнайық.
«Көңілді күн» Орынд: Гүлфайруз, Гүлбану
1 – Жүрг: Аспан тұрса күлімдеп
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп
Балаларға сол бақыт
2 – Жүрг: Балаларға сол бақыт
Жүрсе алдында анасы
Болса мөлдір өзені
Болса байтақ даласы
1 – Жүрг: Бала — өміріңнің шырағы,
2 – Жүрг: Көңіліңнің айнасы,
1 – Жүрг: Еліміздің ертеңі,
2 – Жүрг: Ғұмырыңның жалғасы.
1 – Жүрг: Бала – ананың бақыты,
2 – Жүрг: әлемнің шаттығы,
1 – Жүрг: өмірдің бастауы
Туған елді көктететін, бейбіт күннің жаршысы бал-бөбектеріміз аман болсын.
2 – Жүрг: Қымбатты аналар ата-аналар, балдырғандар! Мереке тағы да құтты болсын . Бұлтсыз күн, ашық аспандай , нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балдырғандарымыз бейбіт өмір сүрсін. Бірге: Әрқашан күн сөнбесін!
Осымен балаларыңыздың сіздерге арнаған мерекелік концерті аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет.
Концертке қатысушылар сахнаға шығады.. Хор. «Балабақша»

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Балалар бакчасында гаилэ бэйрэменэ сценарий татарча
  • Балалар бакчасында 9 майга сценарий
  • Балалар бакчасында ?нил?р б?йр?мен? сценарий
  • Балалар бакчасы ачылуга сценарий
  • Балалар бакчасы ачу тантанасы сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии