Интерактивті тақта – ғаламмен байланыс, өркениетпен әңгіме және арман көкжиегіне көз салу
Сабақ тақырыбы да, формасы да еркін ойлау мен шығармашылыққа бағыт береді. Алдымен интерактивті тақта мүмкіндіктерімен танысайық.
Ізденісті серік еткен жас әріптестерімізге бағдар ретінде сабаққа қажет көрсетілім көрнекіліктерді (слайд) материалдарын жасау үлгісін ұсына кетсек. Тыныс белгілерін қайталау сабақтарының бірін осы бағытта өткізіп, оқушылардың сабақтағы мүмкіндіктер өрісін одан әрі кеңейтуді мақсат тұтып, шәкірттерініздің заманауи техника үлгідлерін пайдалануына жағдай тудырғыңыз келсе, ізденістеріңізге қанат бітсін.
Енді сабақ типтері мен өткізілу формаларына тоқталып, дәстүрлі түрде (Ю.А. Конаржевский бойынша) қолданылып келген сабақ технологиялары мен соңғы кездері білім игеру үрдісінің (қабылдау, пайымдау, есте сақтау, қолдану,жалпылау) логикасына сүйене келтіріліп жүрген сабақ типтері жөнінде салыстыра қарап өтсек.
Ю.А. Конаржевский бойынша сабақ технологиясы төмендегідей қарастырылады |
Соңғы кездері сабақ типтерін білім игеру үрдісінің логикасына (қабылдау, пайымдау, есте сақтау, қолдану, жалпылау) сүйене отырып, төмендегідей атаулармен қарастыруда |
|
Кіріспе сабағы
Өткізу формалары: «Ашық ойлар» сабағы, «Эврика» сабағы, «Пайымдау» сабағы |
4. Мақсат қою кезеңі
8. Үйге тапсырма беру кезеңі |
Жаңа білім игеру және оны алғашқы бекіту сабағы
Өткізу формалары: лекция, семинар, экскурсия, конференция, «Эврика» сабағы, практикалық жұмыс, «дидактикалық ертегі» сабағы. |
4. Мақсат қою кезеңі
8. Үйге тапсырма беру кезеңі |
Білімді және әрекет тәсілдерін бекіту сабағы
Өткізу формалары: Семинар, экскурсия. Консультация, практикум, «саяхат» сабағы |
1.Ұйымдастыру кезеңі 4. Мақсат қою кезеңі 7.Бекіту кезеңі 8. Үйге тапсырма беру кезеңі |
Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Өткізу формалары: Семинар, практикум, «шығармашылық»сабақ, «әдеби қонақжай»сабағы, «Не? Қайда? Қашан?» сабағы, «саяхат» сабақ, «концерт» сабақ |
1.Ұйымдастыру кезеңі 4. Мақсат қою кезеңі 3.Білімді тексеру кезеңі 8. Үйге тапсырма беру кезеңі |
Білім және әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы
Өткізу формалары: Лекция, семинар, «ашық ойлау» сабағы, экскурсия. |
1.Ұйымдастыру кезеңі 4. Мақсат қою кезеңі 3.Білімді тексеру кезеңі 6.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі 8. Үйге тапсырма беру кезеңі |
Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау, түзету сабағы
|
Сабақ үлгілері
-
Интеграциялық сабақ (кіріктірілген сабақ)
Оқу бағдарламасын тереңірек беріп, күрделі проблемалармен жұмыс істеуге мүмкіндіктер туғызатын бір – біріне жақын пән мұғалімдері бірлесіп сабақ жүргізетін сабақ түрі. Мысалы, «Көп нүкте» тақырыбына байланысты сабақты әдебиетші, тарихшы, сурет және т.б. пән мұғалімдері көне жазбалар мен М. Мақатаевтың өлеңіне байланыстыра отырып, қызықты мәліметтер мен ғылыми тұжырымдарға сүйенген ақпараттарды үйлестіре, бірін – бірі толықтырып, бірін – бірі дәлелдей отырып, оқушының шығармашылығы мен гылыми ізденісіне бағыт берер қызықты сабақ өткізуіне болады.
-
Баспасөз конференциясы түріндегі сабақ
Конференция түріндегі сабақ жоғары сыныптарда жеке тақырыптар бойынша құрған дұрыс. Қазақ тілі тақырыптары бойынша бұл үлгіні кеңінен пайдалануға болады. Мұндай сабақтарды өткізуге ерте бастан әзірлік жасау орынды. Сабақ өткізу үшін сынып оқушылары екі –үш топқа бөлінеді. Бірінші топ сұрақ берушілер, баспасөз өкілдері – «тілшілері» қызметін атқарады, ал екінші топ елдің тарихы, тілі туралы зерттеуші «мамандар», ой қорытып, бағалайтын «бақылаушылар» тобы. Әр топ тақырып бойынша мұғалім көмегімен жобаларын жасап, сонымен қатар оқулық бойынша алған білімін түрлі оқулықтар, әдеби кітаптар, қолжазбалар мен мерзімді басылым материалдарымен байытады. Сөйтіп, сабақ өтілетін күні өзіне қойылатын түрлі сұрақтарға әзірленеді.
Конференция сабағын өткізер алдындағы дайындық топ мүшелерінің жұмыс істеу, қажетті құралды пайдалану мүмкіндігін қарастыруыңызға байланысты оқушылармен кеңесе отырып ұйымдастырылады. Заман талабына сай «ғалым-зерттеушілер» мен «арнайы өкілдер», «БАҚ мамандары» мамандығы, қызметі айқын танылатын құоал-көрнекілік (төсбелгі, интерактивті тақта, компьютер т.т.) жабдықтармен қамтылуы қажет.Бұл сабаққа салтанат пен ерекше жауапкершілік сипатын береді.
Баспасөз конференциясы түріндегі сабақ оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде төмендегідей міндеттерді атқарады:
-
Бір сабақта белгілі бір тарау бойынша берілген білімді түгелімен қайталап, қорытуға болады
-
Өз бетімен іздену, белсенді жұмыс істеу, қажетті әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын игереді.
-
Әр сала «мамандары» қызметін атқару арқылы сабақ материалын жүйелеуге, жоспарлауға, сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру дағдысына машықтанады.
-
Оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істеу дағдысы, өз жұмысын көрсету мақсатында жарнама жасау, газет шығару, ресми жазу стилі қалыптасады.
-
Бір сабақта бүкіл сынып оқушыларын бірнеше критерий бойынша бағалау мүмкіндігі туады және т.б.
-
Лабораториялық зерттеу сабағы
Лабораториялық зерттеу сабағында оқушылар зерттеу объектісін жан-жақты: ғылыми еңбектер мен тұжырымдарға сүйене зерделеп, зерттеп, сызба-кестелермен, оқулықтағы суреттермен жұмыс істеуге, білім мазмұнына байланысты жоба жасауға үйреніп, дағдыланады. Негізгі мақсаты – оқушыларды ізденіс пен шығармашылық жұмысқа баулу, ойлы, білімді өз бетімен меңгеруге ұмтылдыру.
-
Мектептік лекция сабағы
Лекция гректің (lektio — оқу) деген сөзінен алынған термин.
Лекцияның мәні мынада:
-
Сөздік қорды дамытып, тұрақты сөз тіркестері мен айшықты сөз өрнектері қолданылады;
-
Әдеби стильдік сөйлеуге талпындырады;
-
Жарыссөзде ұтымды пікір айтып, дұрыс баяндауға машықтандырады.
-
Лекция көлеміне, өткізілу мақсатына қарай үш түрге бөлінеді:
Түсіндіру лекциясы |
Баяндау лекциясы |
Шолу лекциясы |
Жүйелі түрде материалдың негізгі белгілерін анықтап, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді |
Кең көлемде күрделі мәселені қамтиды |
Өтілген бір тарауды қорытып, қайталайды |
Лекция сабағын өткізу талаптары:
-
Тақырыптардың мазмұнын ашуда ең басты, аса маңызды, негізгі ойларды іріктеп ала білу;
-
Лекцияда дидактикалық прициптерді сақтай, тақырыпты ғылыми тұрғыда жүйелі мазмұндай білу (Балаларға түсінікті болу үшін ғылыми терминдермен жұмысты қамту: слайд, плакат т.б.)
-
Оқушының қисынды ойлауын дамытатындай, туындаған сұраққа тыңдаушының назарын аударып, қарапайымнан күрделіге, дерексізден деректіге қарай ұғындырып, терең білім алуға ізденіс жасау;
-
Әдебиеттер тізімі ұсынылы, олармен қалай жұмыс жүргізудің жолдары көрсетілуі.
-
Семинар сабақ
Семинар сабағын жүргізу берілетін білімді тереңдету мақсатын көздейді. Сонымен бірге болашақ жоғарғы оқу орнына дайындалу мүмкіндігіне жол ашады.
Семинар сабағы лекцияда берілген білімді жетілдіріп, тіл ұстартып, лекциялық сөздік қорды байытуға машықтандырады. Семинар – оқушы үшін айтылмақ ойын, талданатын тақырыптардың ішкі терең иірімдері дәлелді пікірлермен саралауға мүмкіндік туатын, сөйлеп үйренуге машықтану алаңы. Өткізілетін семинардың сұрақтары мен тақырыбы, бір апта бұрын хабарланып, өтетін уақыты белгленіп, пайдаланылатын әдебиеттер тізімі алдын ала ұсынылады. Семинарды бір жақты білгені мен дайындаған ойын айтуға емес, пікірталас туғызатындай дәрежеде ұйымдастыра білген ұстаз ұтады.
-
Панорамалық сабақ
Бұл мұғалімдерге қажет сабақ жүйесі. Яғни мұғалімдер немесе әдіскердердің өз тәжірибесіне байланысты өткізетін сабағы. Панорамалық сабақ жас мұғалімдерге көмек беру құралы ретінде кеңінен пайдаланылады.
Панорамалық сабақ мақсаттары аясында:
-
Жеке озат мұғалімнің ұстаздық шеберханасының қыр-сырымен таныстыру, тәжірибесін көпке тарату.
-
Әдіскерлер немесе мектеп басшыларының мұғалімдерге сабақты ұйымдастыру бағытында әдістемелік көмек беру мүмкіндіктері қамтылады.
Панорамалық сабақты өткізуші мұғалімдерге қойылатын ең бірінші талап – оның сабақ өтуде өзгелерге ұқсамайтын өзіндік тәсілдерінің болуы. Мұғалімнің оқыту үрдісінде ең көп сүйенетін әдісі қайсы, оның тиімділігі неде деген көкейкесті сұрақтарға панорамалық сабақты таңдаушы әрбір мұғалім жауап ала алуы керек. Панорамалық сабақ мұғалімдердің тың ізденістерін жарқырай көрсететіндей дәрежеде құрылуы тиіс.
Панорамалық сабақта тек мұғалім әрекеті ғана көрініс таппауы тиіс. Сонымен қатар оның шәкірттерінің іс- қимылы, білімді игеру жөніндегі белсенді жұмысы, орын алуы мүмкін жайттар (осы орайда сабаққа қатысып отырған мұғалімдерді оқушы ретінде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады) анық сезілуі керек. Бұл мұғалімдердің оқушылармен ынтымақтаса жұмыс істеу тәжірибесін кеңінен ашып көрсетеді.
-
Белсенді әрекетке жол ашатын ойындар
Педагогикалық үрдісте белсенділік пен бастамашылдықты талап ететін интерактивті оқыту формаларын қолдану соңғы кезде кеңінен өріс алуда. Соның танымал бір түрі – 1953 жылы американдық психолог Алекс Осборн ұсынған миға шабуы әдісі. Бұл әдісті көбіне екі топ арасында: Бірінші идеяларды ұсынушылар, келесі топты сарапшылар мен сыншылдар деп бөле отырып жүргізеді.
Бұл жұмыс басталмас бұрын жүргзуші проблемалық мәселені хабарлайды. Ой қозғау әрекетінің қарапайым ережелері:
-
Ойға келген барлық идеяларды жасқанбай ортаға салу;
-
Оларды сынға алмау;
-
Бір – бірін тосып сөйлеу;
-
Еш тартынбай қиялға да кезек беріп, фантастикалық ұсыныстарды ашық айту;
Ал осының ішінен қажетті пікір мен сапалы ұсыныс, тың идеяны тани біліп, көрсетіп отыру (оларды ойластыра отырып пайдаға асыру) жұмысын бағыттау мұғалім еншісінде.
Топ ішінде талқылау кезеңінде әр топ мүшелері мәселені шешудің жолдарын ойластыра бастайды (5-7 минут). Бұдан соңғы уақытта әр адам өзінің нұсқаларын ортаға салады. Топтың бір мүшесі ол идеяларды қағазға түсіріп жинақтап отыруы тиіс (қағазға немесе үнтаспаға түсіріп отырады). Бұл кезеңде айтылған пікірлердің «дұрыс» не «бұрыс» екендігі талқыланбайды.
Ендігі кезеңде әрбр идея, ұсыныстың мәселені шешудегі мүмкіндігі ортаға салынады. Ең тиімді, қызықты деп табылған нұсқалар атап өтіліп отырады. Ой қозғау барысында жүргізуші қатысушыларды қолдап, ынталандырып тұрғаны дұрыс («жақсы, өте жақсы»т.б. түрінде). Дұрыс пікір мынау деген өз ойын күштеп таңуға тырыспауы керек. Миға шабуыл әдісі ұжымның әр мүшесінің, ондағы әр адамның тұлғалық, кәсіби ерекшеліктерін көрсететін, олардың шығармашылығын дамытуға әсер ететін және ойламаған тың идеяларды дүниеге келтіретін әдіс түрлерінің бірі.
8. Тренингтер
ХХ ғасырдың 40 жылдарының қолданыс таба бастаған тренингтер (ағылш. «to train» — оқыту, жаттықтыру) оған қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып мәселені әр қырынан талқылауын қамтамасыз етеді. Бұл – тұлғааралық қарым- қатынасты дамытуға ықпал ететін: өзіне-өзі баға беру, өзіне басқалардың көзімен қарау, өзгенің пікірін тыңдау, келісе алмаса да түсінуге тырысу, басқа да көзқарас – пікірлерге деген төзімділік және әр адамның шығармашылық дағдылары тануға үйрететін мүмкіндік кеңістігі.
Батыста білімді байыту, дағды машықтарды іскерлікке баулудың тиімді тәсілі ретінде танылды. Тренингтер рөлдік ойындарды қолдана отырып, топтағы жұмыс белсенділігін арттыру, теорияны пркатикалық тапсырмалармен астастыру, ақпараттар көлемін саналы меңгеру (миға шабуыл) арқылы эвристикалық әдістемеге жол ашады.
Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікр алмасады, өз көзқарастарын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады. Басты жауапкершілік жаттықтырушы (сабақ үрдісінде мұғалім мен көмекшілеріне) жүктеледі, оның ойынды ұйымдастыру, қарым – қатынас, тұлға ретінде балаларға әсер етіп, шәкірт қабілеттерін аша білер кәсіби шеберлігі де аса маңызды.
Тренингтер ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:
-
Оқушылар бір –біріне жүзбе – жүз отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір – біріне сенімділік артып., назарға іліккен әрекеттерге қызығушылық танытады, ынталы болады);
-
Тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек (бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);
-
Тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған қатысуын қадағалау;
-
Мұғалім әрбір жаттығудың кесімді уақытта жүзеге асырылуын қадағалауы керек;
-
Тренингтің бастапқы сәті «танысу» жаттығуына арналып және «келісім» (топтың жұмыс ережесі) қабылданады;
-
Теориялық тапсырамалар мен интерактивті жаттығулардың сергітудің арасында сабақтастық болуы керек;
-
Кез – келген тренинг – сабақ басталар алдында мақсаты міндеттері айтылады, ал соңында қорытынды пікірлер жинақталады.
Тренинг түріндегі сабақты өткізген ұстаз:
-
өзара қарым – қатынас жасау мен хабарларды қабылдауға және ақпараттық мәліметтермен алмасуға дайын болу жағдайын жасау;
-
ой қозғау арқылы тілдік қарым – қатынас еркіндігі мен белсенділігін арттыру;
-
координация – іс – қимылдағы өзара бағыттылық пен келісімділікті қамтамасыз ету;
-
мотивация – қажетті эмоциялар мен қызығу ынтасын тудыра білу, сол арқылы өзгерістерді бақылауға жол ашу;
-
қарым – қатынас орнату – байланыстар жүйесіндегі әркімнің өз орнын айқындай білуіне ықпал ету;
-
Әсер етушілік – мінез – құлықтың және басқа да мүдде – тілектернің өзгеруіне бағдар беруге жетекшілік жасауы керек
Енді назарларыңызға бірнеше тапсырмаларды ұсына кетейік. Бұл тапсырмалар Гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп – лицейінде (А. Кыркубаева) қолданылған авторлық ізденіс нәтижесінде туған жаттығулар.
1 –жаттығу «Таңғалдыра таныстыру»
Қатысушылардың бір – бірін ұмытпастай есте сақтауына көмектесетін және оның қызықты мәліметтерді ортаға алу мүмкіндігін алатын жаттығу. Әрбір қатысушы өз есімін айта отырып, соған қоса өзін ерекшке таныстыруы шарт (таңқалдыратын мәлімет айту, тосын сырымен бөлісу, тартымды қимыл жасау, т.б.). Қалған қатысушылар оған бағытта көтеріңкі көңіл күй одағайларымен көтермелей қолдау көрсетулері қажет. Жаттығу бірлесіп орындауға өте көңілді. Бұл жаттығу белгілі тақырыпқа орайластырып, бірнеше сағат отырып шаршай бастаған сәтте ұйыдастырса да сергіту сәтінің қызметін атқарады.
2 – жаттығу «Сәлем — Мен!»
Бұл жаттығу қатысушылардың өзінің ішкі ой, жан дүниесіндегі өзгерістерді айқындауға таптырмайтын құрал десек болады. Бұл жаттығу адамның өзін-өзі бағалауы мен тануына, өзінің артықшылығы мен кемшіліктерге жөнінде ойлануына, сын көзбен қарау мен өзіне құрметпен қарауына мүмкіндік береді. Жаттығу жүргізу алдында әрбір қатысушыға қағаз қалам таратылуы тиіс.
Жаттығудың шарты бойынша әр қатысушы өзі туралы сипаттама жасайды. Өз суретін, сұлбасын ұнатқан бейнеде сала отырып «Мен қандаймын?» деген сұраққа тоғыз түрлі (қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы ұғымына сай ) сай жауап жазулары тиіс. Барлық сөз, теңеу, қасиет, сапа және т.б. «Мен .. . » есімдігінен басталуы тиіс. Өзінің жрнамалық жобасы немесе газетін (тақырыбы – «Сәлем – Мен!») дайындап болған соң, қағазды өзі таңдаған жерге қыстырып, өзіне жақындаған ұжым мүшелеріне түсіндіріп, соңынан өзі туралы пікірге келісіп – келіспегені жөніндегі ойларын сын кітапшасына немесе жарнама қағазына, газетке жазып кетулерін сұрайды. Жазылған пікірлерді салыстыра отырып, «Кеңес берушімен» (мұғаліммен) талқылайды, өзі туралы қорытынды пікірін тұжырымдайды.
3 – жаттығу «Достық әлеміне қош келдің!»
Ойыншылар үшін «Танысу аралы» жасалынады. Мұны алдын ала «Сенің қиялындағы арман аралы» тақырыбында эссе жазғызып анықтап алуға болады. Біреулері ондай аралды Жапония мемлекеті жанынан таңдаса, енді бірі ғарышқа самғайды, келесілері жемісі мол жан аяғы баспаған жерді қалайды және басқа нұсқалар. Ұқсас аралды қалаған жандарды топтастыра қондыратындай айтылған белгілерді қамтыған аралды жабдықтаңыз.
Жапония мемлекеті жанындағы арал |
Ғарыш айлағындағы арал |
Жемісі мол, жан аяғы баспаған жер |
Таулы аймақ |
Жабдықтары (детальдар) |
|||
Теңіз ұлуы қабығы, жапон желпуіші, сакура, оригама, сувенирлер және т.б. |
Ғарыш тақырыбына қатысты ойын бейнетаспаларынан үзінді аспан әлемі картасы, т.б. |
Пальма, жеміс суреттері, аң мүсіндері, т.б. |
Аң мүсіндері, тас қалыптары мен өсімдіктер, табиғат суреті, т.б. |
Әркім өзі таңдаған аралға барып, «Достық» қамалын тұрғызуына рұқсат. Оны ойша тұрғызады ма, сурет түрінде келтіреді ме, әлде қағаздан макетін жасай ма- өз таңдауларында.
Ойын бастаушы уақытты белгілеп, уақыт болғанда топ мүшелерінің аралына барып олар дайындаған «Достық әлеміне қош келдің!» тақырыбындағы ойларын тыңдайды. Өзі таңдаған топ мүшесінің біреуін таңдаулы өкіл ретінде өзге топ өкілдері алдына шығарады. Таңдаулы өкілді (қағаздан, жапырақ пайдалана не төсбелгі тағу, т.б.) киіндіру жауапкершілігі әр топ ұжымының мойнында.
4 – жаттығу. «Көтерме сөздер»
Бұл жаттығу жұппен орындалады. Екі щқушының қалауынша (бір – біріне қарама — қарсы) жұптасып тұруына болады тұруы тиіс. Бірінші қатысушы: «маған сенің мінез- әрекетінде ….ұнайды, ол аса таптырмайтын қасиет, өзіңе сондай жарасымды, т.б.» деп екінші жұпқа өз пікірімен көтерме сөзін арнайды. Екінші қатысушы оған «иә, мен шыңдығында да сондаймын, бірақ сен менің мынадай жақтарым бар екенін байқамадың ба?» деп уәж айтады. Оған көтерме сөз айтушы міндетті түрде оң жауап тауып, жақсылықты басым көрсетуге тырысуы керек. Бұдан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады. Жүргізуші айтылған нәрсенің бәрі шын көңілден болуы керектігін ескертуі тиіс.
5 – жаттығу «Шымшыма шындықтар»
Бұл топ мүшелерінің бір – бірін тану мен анықтау зеректігі мен күмәнді де күдікті ойларын анықтауға қолайлы жаттығу болып табылады.
Жұмыс барысына 10 минут беріледі. Ұжым мүшелерінің өз сұрауына сәйкес әр қатысушының өзі туралы бөлігі толтырылған мінездеме – қағаздары таратылып беріледі. Топ мүшелері толтырған оқушының өзі туралы айтқан ақпараттарымен танысып, екінші бөлімге өз пікірлерін жазулары қажет. Пікір әдемі әзіл. Қалжың болса да шындықтан онша ауытқымаған жауапқа, бірақ шымшыма ойға құрылуы шарт.
Мінездеме – қағаз:
Ақпарат иесі |
Қатысушының өзі туралы ақпараты |
Менің ол туралы шымшыма пікірім |
Мен – адал доспын, қиындықта бой бұғып қалмайтын адаммын. Сондықтан да сыйлымын! |
Иә, бой бұқпайтын қасиетің бары анық. Ал бедел туралы ойласайық: Ол қандай бедел? Әркез қорқытып – үркітіп жиналған бедел емес пе?! Шындықтың беті ащылса қиналған бедел болып шықпай ма? Ойланып көрші! |
6 – жаттығу «Үшбу хат»
Бұл тапсырма негізінен баланың ішкі толғанысына құрылған ой – түйіндерін қағазға түсірту мүмкіндігі. Жұмыс әр адамның өзіне немесе өзі сенетін жанға (досына, сүйікті ұстазына), болашағына хат жазуы формасында ұйымдастырылады. Жазылғандарды кіші топтарда оқуға да болады. Әрине шәкірт қалауы ескеріледі.
Алматы
облысы
Қаратал
ауданы
Мектепке
дейінгі шағын орталығы бар
Жаңаталап
орта мектебінің
Химия-биология
пәнінің мұғалімі
Саржанова
Света Бигалиевна
Баспасөз- конференция сабағы
Тақырыбы : Туберкулез ауруының алдын алу.
Мақсаты;
1.Білімділік мәні
Туберкулез ауыруы туралы түсінік беру,оның алдын алу және
сақтану шараларына тоқталу.
2. Дамытушылық
мәні
Оқушылардың терапевт,фтизиатор,статист,тілші мамандықтары
бойынша түсініктерін кеңейту өз беттерінше іздену, шығармашы
лық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу,
3.Тәрбиелік мәні
Туберкулез ауыруының зиянын, тигізетін әсерін аша отырып ,
адамның өзінің және айналасындағылардың денсаулығын сақ-
тауда оқушылардың сана сезімдеріне азаматтық жауапкершіл-
ік қалыптастыру.
Сабақтың түрі;
Баспасөз –конференция сабағы
Көрнекілігі:
Туберкулез жайлы не білу керек ?
«Балалар туберкулезі туралы не білу керек ?.
«Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар тақырыптарына
рефараттар, мамандардың аттары жазылған тақташалар, газет-журнал деректері,
суреттер, бүктемелер.
Сабақтың барысы: I
Ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
«Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар» тақырыбын сұрап,төмендегідей сұрақтарға
жауап алынды.
Ауаның құрамы
қандай?
Атмосфералық және
өндірістік шаң-тозаңның айырмашылығы қандай?
Тыныс алу
мүшелерінің қандай ауруларын білесіндер?
(тұмау, бронхит
(ауа тамырларының қабынуы) , транхисит
( кенірдектің
қабынуы), фарингит(жұтқыншақтың қабынуы)
Ларингит(көмейдің
қабынуы), гаймарит(кеңсіріктің қабынуы),
өкпенің қабынуы,туберкулез
(өкпе құрты),тыныс демікпесі т,б.
Тыныс алу
ауруларының алдын алу және сақтану шаралары.
Ауа арқылы
таралатын осы ауру турлеріне тақтаға ілінген суреттер арқылы толық шолу жасалады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі
сабағымыз Қазақстанда кең тарап, індетке айналып,дүние
жүзі бойынша
бесінші орынға ие болып отырған туберкулез- өкпе
құрты ауруы жайында болмақ.
Бұл аурудың таралу
жолы,емдеу тәсілдері, аурудың алдын алу
шаралары жайлы
толық малғұмат алу үшін бізге қонаққа дәрігер
мамандарын,
статист,тілшілерді шақырып отырмыз.
Көкейлеріңіздегі
сұрақтарынызды қойып,кеңес алып пікір тыңдауға болады.
Сұрақ : Туберкулез
ауыруының қоздырғышы не?
Терапевт: Туберкулез(лат.tuberculum-төмпешік)-
адам мен жануарларда көбіне өкпе лимфа түйіндерінде ерекше ұсақ төмпешік пайда
болатын ин-
фекциялы ,
созылмалы ауру. Адам туберкулезін медицинаның арнайы
фтизиатор
зерттейді. Туберкулез қоздырғышын 1882ж. Неміс ғалымы
Роберт Кох тапқан.
Ол түзу не имек таяқша тәрізді микроб, ұзындығы
1,5-3мкм.
Сондықтан бұл микробактерияларды Кох таяқшалары деп
атайды.
Сұрақ;
Туберкулез микробактериялары неден және қандай жолмен адамға
жұғады?
«Денсаулық»
журн. тілшісі .
Жауап: Сан. эпид.
ст. маманы
Туберкулез
микробактериялық организмге тамақ арқылы (малдың шала
піскен етінен,
сүтінен жұғуы мүмкін) Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде
туб микробы
түкірік, қақырықпен бірге бөлініп айналаға 0,5-1,5
м тара-
лады да ауада
30-60 минут сақталады. Сау адам тыныс алғанда бұл микроб
мұрын қуысына
енеді де, өкпесіне өтіп оны зақымдайды.
Сурақ: «Қаратал»
газетінің тілшісі.
Қандай адам туберкулезбен ауырмайды?
Жауабы: Дәрігер-фтизиатор
Адамға
туберкулезге қарсы вакцина егілсе не бұрын туберкулездің жеңіл
түрімен ауырса ,
организмде иммунитет пайда болатындықтан, туб миро-
бын
жұқтырғандардың көбі ауруға ұшырамайды.
Сұрақ:
«Жетісу»газетінің
тілшісі: Ал туберкулез микробтарымен әсіресе қандай адамдар көп шалдығады,неліктен?
Жауабы: Терапевт
дәрігер
Организм түрлі
науқастан әлсіресе,С витамині жетіспесе, қызмет орыны
жайсыз
болса,қантты диабет, созылмалы бронхит, маскүнемдік т.б.сал-
дарынан иммунитеті
әлсіреп туберкулезге қарсы тұра алмайды.Туберкулез-
дің жұғуы адамның
жасына байланысты.Иммунитеті жетілмеген жас бала-
лар, балиғатқа
толу кезінде және эндокриндік жүйесі толық қалыптаспаған
жас өспірімдер,
кейбір органдарының тіршілік әрекеті бұзылған егде, қарт
адамдар жиі
ауырады.
Сұрақ: «Бастау»
газетінің тілшісі
Аурудың алғашқы
белгілері қандай, оны қалай анықтауға болады?
Жауабы: Дәрігер-
Фтизиатор
Ауруды әртүрлі
әдіспен анықтайды, әсіресе балалар туберкулезін анықтау
қиын. Сондықтан
балаларға туберкулин реакциясын жасайды.Өкпе тубер-
кулезі жиі
кездесетін түрі. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді,алғашқы-
да аздаған құрғақ
жөтел пайда болып, бара-бара күшейеді, тамаққа тәбеті
тартпайды,ұйықтағанда
терлеп кешке қарай дене қызуы 37-37,5 градус С көтеріледі, тез шаршайды.
Өкпе тубуеркулезің рентгенодиагностика арқылы
анықтайды.Сондықтан
оқушылар, ұстаздар, жалпы жұртшылық кем
дегенде жылына
екі рет рентгенодиагностика арқылы өкпесін тексеріп
тұруы қажет.
Сұрақ:
Туберкулездің таралуы халықтың әл-ауқатына, елдің қоғамдық құрылысына
байланысты болама?
Жауабы: Әрине.
Тұрмыс жағдайлары, әл-ауқаты төмен отбасылар немесе жаман әдетке жақын адамдар
жиі ұшырайды.Сондықтан темекі шегу, насыбай ату сияқты жаман қылықтардан
аулақ болған жөн.
Сұрақ: «Ұлан»
газетінің тілшісі
Мен
араларыңыздағы ең кішісі болғандықтан балалар туберкулезі жайлы
білгім келеді және
оны алдын-ала анықтауға болады ма?
Жауап: Педиатр-
дәрігері
Туберкулездің
қай белгісі болсада еш белгі бермейді.Қазіргі дәрігерлер
балалардың ауруын
ғана емес, сонымен олардын туберкулезді жұқтыр-
ған кезін анықтай
алады. Туберкулез жұққанын бала организіміне тубер-
кулин жіберу
арқылы білуге болады. Осы себептен 1960 жылдан бастап
біздің елде
туберкулездің жұққанын білу үшін өте сезімтал Манту реак-
циясы пайдалана
бастады. Ол үшін қолдын ішкі жақ терісін спиртпен
сүртеді сонан соң
арнаулы инемен теріге туберкулин жіберіледі.Оны 3
тәуліктен кейін
тексереді.Егер егілген жер қызарып іссе онда дәрігер
баланы есепке
алып, тиісті тексеруден өткізеді, қажет болса емдеу шар-
лары жүргізіледі.
Сұрақ:
Туберкулезбен қандай балалар жиі ауырады?
Жауап: Педиатр-
дәрігері
Жанұясында
туберкулезбен ауыратын адамдары бар балалар ауру адам-
мен бірге тұрса,
ауру адам тазалық режимін сақтамайтын ұқыпсыз болса,
балалар тиісті
мерзімде туберкулезге қарсы егілмесе, салқын тиіп жиі ау-
ратын болса
туберкулезге тез ұшырайды.Сондықтан мұндай балалар дәрі-
гердің бақылауында
болуы керек. Нәресте туғаннан кейін оған 2-3 күнен
кейін вакцина
егіледі, пайда болған иммунитет 5-6 жыл сақталады. Бұдан
кейін
туберкулезбен ауырмайтын дені сау балаларға вакцина 6-7 жасында
қайта
егіледі.Қазіргі кезде дәрігедің қолында балаларда кездесетін тубер-
кулездің қай түрін
болсада емдеп шығатын алуан түрлі дәрі –дәрмектер-
мен тәсілдер бар.
Сұрақ:
Туберкулез ем қонатын ауру ма, одан құлан таза айығуға болады ма?
Жауап: Егер ауру
адам дер кезінде анықталып, қажетті ем жүргізілсе жазылады, туберкулезден емдеу
тегін жүргізіледі.
Сұрақ:Аудандық
газеттін тілшісі:
Қаратал ауданы
халқының саны жағынан үлкен аудандар қатарына жатады.Соған қарамастан аудан да
бір тубдиспансер жоқ.Осыған не айтасыз?
Жауап: Аудандық-әкімшілік
өкілі
Аудан
әкімшілігінен қаржы бөлінетін болды. Бұрынғы ғимаратын күрделі
жөндеуден өткізіп,
қайта жабдықталады.
Сұрақ: Балаларға
арналған емдеу орталығы бар ма?
Жауап: Иә,бар.
Аудандық бала бақша жанынан вираждық балаларға арналған
топ бар. Мұнда
балаларға үлкен көңіл бөлінеді. Дәрі- дәрмек тегін, тамақ
құрамыда жоғарғы
калориалы. Аудандық фтизиатор кабинетінен ересек
балалар дәріні
тегін алып ішеді. Туберкулезбен ауырған балалар
Талдықорган
қаласына жіберіліп емделеді.
Сұрақ: Аудандық
емхананың фтизиатор кабинеті соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар мен қамтылған
ба, тез анықтайтын құралдар бар ма?
Жауап: Соңғы
үлгідегі бір рентген аппараты тез әрі жедел түрде қақырығын тексеруге арналған
компьютер диагностика бар.
Тілші: Аудандағы
және ауылдағы туберкулезбен ауырған адамдардың соңғы жылдардағы көрсеткішке
тоқталсаңыз.
Аудандық
емхананың дәрігері:
Өткен 2014 жылы
ауданда ауырған 74 адам тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 6 бала бар, 2013
жылмен салыстырған да туберкулез ауруы екі жағдайға кеміді. Ауылда
туберкулезбен ауратын бала жоқ. Ересектерден 2014 жылы 2 адам , 2015 жылы 1
адам. Бұл адамдар ем қабылдап қазір дәрігерлердің бақылауында.
Тілші: Енді ең
негізгі сұрағымызға көшсек . Туберкулез ауруының алдын қалай алуға болады.
Жауабы:
Дәрігер-фтизиатор
Ең алдымен
салауатты өмір салтын ұстану керек. Жеке бастын гигенасы,
айналасындағы
ортаның тазалығы, осының бәрі туберкулездің алдын
алуға
көмектеседі.Егер 3 аптадан артық жөтел, көкірек тұсының ауруы,
тамаққа тәбетінің
төмендеуі, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, тер-
шендіқ пайда
болса, дереу дәрігерге көріну керек.
Қорытынды:
Оқушылар сабақтан
алған мағлұматтарын пайдалана отырып туберку-
лезден сақтану
жолдарын іс жүзінде бір-біріне көрініс түрінде көрсетті. Мұғалім сабақты қорытындылады.
Баспасөз конференциясы дегеніміз не?
Баспасөз конференциясы – бұл ақпаратты ресми тарату және бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап беру үшін ұйымдастырылған іс-шара. Баспасөз мәслихаттары белгілі қоғаммен байланыс мәселелеріне орай жарияланады.
Корпоративті баспасөз конференцияларын әдетте компанияның атқарушы басшылығы, баспасөз байланысы немесе байланыс офицері басқарады. Ресурстардың шектеулі болуын ескере отырып, әсіресе тоқсандық немесе жылдық табыс кезінде, егер компанияда бөлісу үшін шынымен ерекше немесе жаңалықтар жарнамасы болмаса, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару қиын болуы мүмкін.
Баспасөз конференцияларын корпорациялар мен басқа да кәсіпкерлер, саясаткерлер және басқа мемлекеттік қызметкерлер өткізеді.
Негізгі өнімдер
- Баспасөз конференциялары – бұл ақпарат таратылатын және бұқаралық ақпарат құралдары сұрақ қоя алатын іс-шаралар.
- Бұл іс-шаралар жағымды және жағымсыз жаңалықтарға жауап беру, өнімді шығару үшін немесе бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамды компания туралы кез-келген басқа ақпарат туралы хабарлау үшін өткізіледі.
- Баспасөз конференцияларының көпшілігі баспасөз релизі арқылы жарияланады, бұл конференцияның табиғатын баяндайтын жазбаша мәлімдеме.
- Баспасөз конференцияларын әдетте компанияның атқарушы басшылығы, баспасөз байланысы немесе байланыс қызметкері өткізеді.
- Аз танымал компаниялар бренд туралы хабардарлықты арттыру үшін баспасөз конференцияларын өткізе алады, ал қалыптасқан компаниялар жаңалықтарды ең жақсы жағынан бөлісіп, олардың мәртебесін арттыра алады.
Баспасөз конференциясын түсіну
Баспасөз конференцияларын компаниялар немесе жеке адамдар өткізеді және бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Іс-шара барысында бір немесе бірнеше баяндамашылар жиналғандарға сөз сөйлеуі мүмкін. Содан кейін репортерлар сұрақтар қоя алады.
Баспасөз мәслихаты өткізілмес бұрын, компания осы іс-шараның мәнін баяндайтын пресс-релиз шығаруы мүмкін. Кейде олар конференцияның алдында шығарылады.
Компания баспасөзді арнайы іс-шараларға шақыру арқылы жаңалықтарды өзінің жағымды жағынан ұсынуға мүмкіндігі бар. Басқа жағдайларда, аз танымал компаниялар ақпарат агенттіктеріне компания оқиғаларын жариялауды жеңілдету арқылы бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәртебесін арттырғысы келуі мүмкін.
Бұқаралық ақпарат құралдарының әсеріне ие бола отырып, компаниялар кеңінен жарнамалық науқанға қажет болғаннан әлдеқайда төмен бағамен, нарықта брендтің танымал болуына және беделіне ие бола алады.
Баспасөз конференцияларын жаңалық конференциялары деп те атайды. Ресми мәлімдеме болмаған кезде немесе сұрақтарға рұқсат берілмеген жағдайда, іс-шара фотоаппарат деп аталады.
Неліктен баспасөз конференциясын өткізу керек?
Компаниялардың баспасөз конференцияларын өткізуді таңдауының көптеген себептері бар. Оларды келесілердің кез келгенін жасауға шақыруға болады:
- Жауап пайданың, басқа жаңалықтар, немесе даулар
- Жаңа басшының кетуі немесе қосылуы туралы хабарлаңыз
- Жаңа өндіріс орнын ашыңыз
- Жаңа өнімнің шығуы немесе қосылу немесе сатып алу туралы хабарлаңыз
Әрине, бұл компанияның конференция шақыруы мүмкін жағдайлардың кейбіреулері ғана. Кейбір жағдайларда компаниялар өздерінің баспасөз конференцияларын кез-келген жаңалықтар басталмас бұрын өткізе алады. Бұл жағымсыз жаңалықтарды жасыруға тырысқан компанияға қарағанда компанияны адал және шынайы бейнелеу үшін кез-келген жағымсыз жаңалықтардан озып шығу пайдалы болады.
Баспасөз конференциясына дейін ескеретін нәрселер
Баспасөз конференциясын өткізбестен бұрын – немесе журналистерге белгілі пресс – компанияның назар аударатын бірнеше маңызды тұстары бар.
Біріншіден, бұл пресс-релиз. Конференцияны жариялаудан басқа, шығарылым жақсы жасалған болуы керек. Ол нақты, нақты және нақты болуы керек. Сонымен қатар, бұл өнімді шығару сияқты жағымды хабарландыру болсын, немесе жағымсыз жаңалықтарға немесе дау-дамайға жауап ретінде болсын, мәселе қаралуы керек.
Маңызды
Пресс-конференциядан кейінгі іс-шара да маңызды, сондықтан кез-келген сұрау салмағы бірдей болады.
Баспаның орналасуы да өте маңызды. Ол қатысушылардың санын қамтуы керек және хабарландыру сілтемесі болуы керек. Компания жаңа өнімді шығару туралы болса, конференцияны өндіріс орнында немесе бөлшек сауда дүкенінде өткізуге шешім қабылдауы мүмкін.
Тағы бір ескеретін мәселе – кімді шақыру. Компанияларда, әдетте, конференция туралы баспасөз релизінің көшірмесі бар БАҚ тізімі бар. Шақыру, шығарылым сияқты, адамдардың қызығушылығының максималды деңгейіне жету үшін жақсы жасалған болуы керек.
Тақырыбы: Алаштың айбын ардағы — Абылай хан
(Абылайханның туылғанына 300 жыл толуына орай) баспасөз – конференциясы.
Мақсаты:
1. Абылай ханның туылғанына 300 жыл толуына орай, ұлы тұлғаның қазақ елінің іргелі мемлекет болуын, оның тәуелсіздігі үшін күресіп, бейбіт өмір орнықтырған мемлекет қайраткері екендігін дәлелдеу.
2. Өздігінен жұмыс істеуге, жүйелі ойлауға, тақырыптың мазмұнын ашу үшін деректі материалдар пайдалана отырып, студенттің білімін толықтыру, өз ойын еркін жеткізе алу дағдысын қалыптастыру.
3. Студенттерді елім деп өткен тұлғалардың ерлігін дәріптеуге, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Тарихи шығармаларды пайдалану арқылы ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: баспасөз — конференциясы
Әдісі: сұрақ — жауап, баяндау, ізденіс, зерттеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітап көрмесі
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттерді 2 топқа бөлеміз
І топ — ғалымдар,
ІІ топ — тілшілер
Қатысушылар:
……………..
Жоспары: (тақтадан көрсетіледі)
1. Абылайдың балалық шағы
2. Абылай мемлекет қайраткері
3. Абылайхан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы
4. Абылайды мақтаушы да, жоқтаушы да — Бұқар
5. Абылай ұлы — тұлға
Жүргізуші:
Армысыздар бүгінгі баспасөз конференциясына қатысушылар! Бүгін біз бір топ жас ғалымдар бас қосып, сіздермен баспасөз конференциясын өткізгелі отырмыз.
Біздің бүгінгі өткізгелі отырған баспасөз конференциямыз Абылай ханның 300 жылдық мерей тойына арнамақпыз. Әрине 300 жылдық мерей той әр жыл сайын келе бермейді, осы мерей тойды Республика көлемінде атап өтсе есте қаларлық қуаныш болар еді. Ал бүгінгі баспасөз конференциясын біз кішкене қосқан үлесіміз болсын деп ұйымдастырып отырмыз.
Абылай хан — қазақ халқының ұлы ханы, дарынды қолбасшысы және шебер дипломаты.
Абылай хан — аса қаталдығымен, кесімді пікірімен, сонымен бірге қажет жеріндегі айлалығымен және әркімнің ісін бағалай білуімен де беделге ие болған адам. Ол сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, жау қашырған батыр екенін көпшілік білгенімен, оның дарынды күйші екенін біреу біліп, біреу біле бермейді. Бүкіл қазақ жерін қалмақтардан толық азат етіп, 200 жылға жуық созылған жоңғар басқыншылығына нүкте қойған Абылай екендігін жоққа шығару мүмкін емес
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. Баспасөз конференциясы жанр ма? Ол сұхбатқа жақындау болғанымен, жауап бір ғана адамға емес, түрлі ақпарат көздерінен келген журналистер тобына арналады. Сұрақ жауабы баспасөз конференциясын ұйымдастырушы арнаулы адамның мәлімдемесінен алдын – ала байқалады. Онда қозғалатын актуальді мәселеге байланысты таңдалынып, тексерілген көзқарас қана хабарланады. Баспасөз конференциясы – сұхбаттан бұрыннан бар, бірақ БАҚ тәжірибесінде көп қолданылмаған түрі. Бұл көбіне белгілі адамдармен, басшы қызметкерлермен өткізілетін әңгіме. Баспасөз конференциясы ел көлеміндегі не әлемдік маңызға ие бір мәселеге арналады немесе қалыптасып отырған жағдайды көрермендерге түсіндіру мақсатында ұйымдастырылады. Бұрынғы экс – премьер Қажыгелдин кезінде баспасөз конференциясы жиі ұйымдастырылатын. Оған себеп, ел көлеміндегі экономикалық жағдайдың ауырлығынан қалыптасқан әлеуметтік мәселелердің шешімін табу жолындағы үкімет ұстанған саясат туралы болатын. Шындығында, бұл кейде өз жемісін беріп те жатты.
Кезінде Өскемен студиясы «Баспасөз конференциясы» деген атаумен тұрақты хабар өткізіп тұрды. Баспасөз тобында қазақ және орыс тілінде шығатын облыстық, республикалық газеттер мен Қазақ телевизиясы мен облыстық телерадионың, аудандық газеттердің редакторлары болды. Хабар теледидар студиясының павильонынан жүргізілді. Дөңгелек үстел басына облыс басшылары мен журналистер орналасады. Әрбірінің алдына аты – жөні мен қай ұйымнан екендігі жазылып қойылады. Әңгіме арасында экраннан шағын бейнесюжет те көрсетіліп отырылады. Бейнетүсірілім, студия, журналистер алдындағы жазылым – осының бәрі де баспасөз конференциясы кезінде телевизияны қолданатын спецификалық құралдары болып табылады.
Кез келген баспасөз конференциясының тақырыбы көпшілікке ортақ қызығушылық тудырған жағдайда ол телевизиялық хабар бола алады. Кейде телевизия қызметкерлерінің өздері талдамалы публицистиканың телевизиялық жанрына ұқсас баспасөз конференциясын ұйымдастырады. Ондай жағдайда студияға көрнекті саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар шақырылып, әрі теледидар тарапынан сұрақ қоюшыларға шек қойылмайды. Алайда, сұрақ қою мүмкіндігі осы тақырып төңірегінде әйгіленіп жүрген танымал БАҚ – тың журналистеріне көбірек жасалынады. Мұндай телевизиялық баспасөз конференциясы кейде телеаудитория үшін қызғылықты, аса шиеленісті пікірталасқа ұласып, оның драматургиялық шешімі ұжымды ізденіске салып қояды. Көпшілігінде телевизиялық баспасөз конференциясы режиссер монтажынсыз тікелей де жүріп жатады. Дегенмен, баспасөз конференциясының өзінің қалыптасқан дәстүрі, орныққан қағидасын хабарға қатысушы әрбір адам біліп, оны сақтауы орынды.
Баспасөз конференциясын жүргізуші қонақтардың әрбірін таныстырып, олардың қысқаша мәлімдеме жасауына мүмкіндік береді. Кейде тақырып бәріне белгілі болған жағдайда сұрақ қою бірден басталады. Сұрақты баспасөз конференциясына төрағалық етушінің рұқсатымен ғана қойған жөн. Егер залға радиоқабылдағыш қойылған жағдайда микрофонды күткен орынды. Алдымен өзіңізді таныстырып және қызмет істейтін БАҚ туралы хабарлайсыз. Содан соң, мүмкіндігінше бір ғана қысқа, ықшам, айқын сұрақ қойылуы керек. Сұраққа жауап қайтарушымен пікір таластыру журналистің кәсіби этикасына жат нәрсе.
Баспасөз конференциясы актуальды мәселеге арналып, ол көпшілік аудиториясының қызығушылығын тудырады. Осы жанр аса маңызды экономикалық, саяси әлде ғылыми проблемаларды тереңнен көрсетудің біржақты мүмкіндігіне ие.
Просмотр:
80
ЖАС ТІЛШІ таңдау курсы 9- сынып
ЖАС ТІЛШІ таңдау курсы 9- сынып
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек , одан соң – күш керек, одан соң тәртіп керек.
М.Әуезов
Мазмұны
-
Түсінік хат
-
Оқу-тақырыптық жоспар
-
Бағдарлама мазмұны
-
Әдістемелік ұсыныстар
-
«Жас тілші» сөздігі
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән бере отырып, бейіндік оқыту жүйесі іске асырылуда.
Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты — жеке білім беру траекторияларын оқушыларда жүзеге асыру, оқушылардың отбасында, аймақтық ортада әлеуметтенуі, орта және жоғарғы білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету.Бүгінгі қоғам – ақпараттық құралдар қоғамы. Мектеп оқушылары қазір заманауи құралдармен жабдықталған, қаншама ақпараттық ортамен байланыс жасап отыр. Олар: түрлі телеарналар, ғаламтор желісі, мерзімдік басылымдар т.б.Ақпараттық құралдар және олардан алынатын сансыз мәліметтермен жұмыс істеуге деген оқушы бойындағы аса үлкен қызығушылықты шығармашылық жұмыспен ұштастырып, нақты мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік беретін курс .
Сөз өнері, қызықты ақпараттар жинау, материалдардың құрылымы, алғашқы нұсқасы және өңдеу, жазу процесі, жауапкершілік пен этика , журналистика жанрлары туралы мағлұмат алумен қатар,шығармашылық жұмыс түрлеріне машықтанады.
Ең бастысы, оқушы өзінің бейіндік бағдарын анықтай алады, шығармашылық жұмыс түрлеріне төселеді, коммуникативтік құзырлылығы дамиды.
Бағдарламаның мақсаты:
Білімділік:
— Тіл стильдерінің ерекшеліктері мен құрылымдары туралы білім жүйелілігі;
— Оқушының қызығушылық бағытының , қабілетінің дамуына, кәсіби бейімделуіне жағдай жасау;
— Өз жұмысына өзіндік баға беруге үйрету;
Дамытушылық:
— Оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту;
— Іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру;
— Ой- өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру;
Тәрбиелік:
— Жауапкершілік;
— Қарым-қатынастық;
— Мәдениеттілік;
Курстың міндеті:
Мектептің басты міндеті – оқушыларға ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгерту, қоғамға әлеуметтік- психологиялық жағынан орынды бейімделулерін және ондағы өз орнын дұрыс анықтауларын қамтамасыз ету, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, сондықтан курстың негізгі міндеті оқушының танымдық және бейіндік, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
— Өзіндік жұмыс түрлерін тиімді, дұрыс ұйымдастыра білуіне көмектесу;
— Кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге бағыттау;
— Ғылыми –зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
Қолданылатын технологиялар:
-жобалау;
-ақпараттық-компьютерлік технология;
— шығармашылық шеберлік;
— тұлғалық бағдар;
Іске асырылу көзі:
-мультимедиа;
-ғаламтор;
-БАҚ;
-теле және видео хабарлар;
— жүйелі түзету жұмыстары;
Мұғалімнің қызмет түрі:
-Сабаққа тиімді микроклимат туғызу;
-Әрбір оқушының даму траекториясын анықтау;
Оқушының қызмет түрі:
-зерттеушілік – жобалық;
— Коммуникативтілік;
-Талдау, салыстыру, өңдеу, шешім шығара білу;
-Газет материалдарының жанрлық ерекшеліктерін құрылымын , тілдік қызметін ажырата білу;
— Әңгіме, сұхбат жүргізе білу;
-Көпшілік алдында сөйлей білу;
Оқушылардың мектепішілік газет шығаруы , үздік мақалаларды жариялауы , аудандық газетке мақала беруі курс жұмысының қорытындысы болады.
Оқу – тақырыптық жоспар
Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат.
Курс бөлімдері:
Кіріспе – 1 сағат
Журналистік қызмет- 6 сағат
Журналистік мәтін – 20 сағат
Баспа жұмысы -6 сағат
№ |
Сабақ тақырыбы |
Сағат саны |
Өткізілу түрі |
Шығармашылық жұмыстар |
Мерзімі |
|
1 |
Кіріспе сабақ |
1 |
Интерактивті дәріс |
|||
1-бөлім. Журналистік қызмет |
||||||
2-3 |
Журналистика негіздері |
1 |
1 |
Дәріс, шағын топтармен жұмыс |
«Ассоциативті қатар» әдісі |
|
4-5 |
Тілші мен аудитория (аудиторияның ықыласын аудару тәсілдері ) |
2 |
Газет мақалалары- мен жұмыс |
Іскерлік ойын «Пресс- конференция» |
||
6-7 |
Тілшінің сөйлеу мәдениеті |
1 |
1 |
Тренинг ойын |
Көпшілік алдында сөйлеу |
|
2-бөлім. Журналистік мәтін |
||||||
8-9 |
Мәліметтермен жұмыс |
1 |
1 |
Дәріс |
«Араның ұясы» әдісі |
|
10 |
Материалдың құрылымы, алғашқы нұсқасы және өңдеу |
1 |
Дәріс |
«Араның ұясы» әдісі |
||
11 |
Жазу процесі |
1 |
Дәріс |
Газетпен жұмыс |
||
12 |
Жауапкершілік және этика |
1 |
Дәріс |
«Өз-өзіме хат» |
||
13 |
Журналистиканың негізгі жанрлары. Ақпараттық жанр, әңгіме, сұхбат, репортаж, түсініктеме, корреспонденция, деректеме есеп, баспасөз, мақала, түсіндірме. |
1 |
Дәріс |
Мектеп өміріндегі ақпараттық жанр түрлері (сұхбат, түсініктеме, мақала) |
||
14-15 |
Репортаж және оның түрлері. |
2 |
Дәріс |
|||
16-17 |
Сұхбат. Ақпарат жинау әдістері. |
1 |
Шығармашылық шеберлік |
Рецензия жасау |
||
18 |
Талдамалы жанр, есеп, корреспонденция журналистік шолу, рецензия, баспасөз конференциясы |
1 |
Дәріс |
|||
16-20 |
Рецензия |
2 |
Шығармашылық шеберлік |
Рецензия жазу |
||
21 |
Көркем публицистика жанры, Очерк, эссе, суреттеме. |
1 |
Дәріс. |
|||
22-23 |
Очерк. |
2 |
Шығармашылық шеберлік |
М.Әуезов «Индия очерктері» талдаужазу |
||
24-25 |
Эссе. |
2 |
Шығармашылық шеберлік |
Эссе жазу |
||
26-27 |
Сатиралық жанрлар: фельетон памфлет, пародия. |
1 |
1 |
Дәріс. |
||
28 |
Стильдік және тілдік қателер. |
1 |
Машықтану |
Мақала жазу. |
||
3-бөлім. Баспа жұмысы |
||||||
29-30 |
Газет құрылымы:беттердің қатталуы |
2 |
Аудандық «Бұланды таңы» газеті тілшілерімен кездесу, экскурсия |
|||
31-34 |
Мектеп газетін дайындау, шығару |
1 |
3 |
Мектеп газетіне түрлі жанрда материалдар дайындау, газет шығару |
Бағдарлама мазмұны
1 сабақ.
Кіріспе.(1 сағат)
Курстың мақсат, міндеттері, жұмыс түрлерімен таныстыру.
Жұмыс түрі мен әдісі.
Дәріс. Пікір-алмасу.
Үй тапсырмасы: Ойтолғау «Тілші- мамандығы туралы»
1-бөлім. Журналистік қызмет.
2-3 сабақ.
Журналистика негіздері (2 сағат)
БАҚ. Оның қоғамдағы рөлі, түрлері туралы түсінік беру.
Журналистика бойынша негізгі мамандықтар (тілші, репортер, фототілші,комментатор)
Журналистің кәсіби сапалығы:
Дарындылық,білім,өмірлік тәжірбиесі, адалдық өткір тілдің бірлігі.
Практикалық жұмыс.
Дәріс. «Ассоциативті қатар» әдісі
Үй тапсырмасы: топтық, шығармашылық жұмыс.
4-5 сабақ.
Тілші мен аудитория ( аудиторияның ықыласын аудару тәсілдері)
Аудиториямен дұрыс байланыс орната білу шеберлігі көпшілік алдында сөйлесуге күнделікті дайындық. Сөйлеу техникасын меңгеру, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Көпшілік алдында сөйлеудің әдістемесін меңгеру. Сөйленген сөздерге сыни тұрғыда талдау жасау.
Практикалық жұмыс: Іскерлік ойын «Пресс- конференция»
Үй тапсырмасы: нақты бір тақырып бойынша көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.
6-7 сабақ
Тілшінің сөйлеу мәдениеті
Сөздік қордың молдығы және әр алуандығы. Тіл тазалығы, тіл көрнектілігі, тіл анықтылығы, тіл дәлдігі. Сөз дұрыстығы әдеби тілдің қалыптасқан нормасын сақтау.
Практикалық жұмыс: көпшілік алдындасөйлеуге төселдіру.
«Шешендер жарысы» ойыны.
Үй тапсырмасы: қайталау.
2-бөлім. Журналистік мәтін.
8-9 сабақ. Мәліметтермен жұмыс.
Ақпарат жинау. Пайдаланылатын фактілерді талдау, қорыту, өзара байланысын табу.
Практикалық жұмыс. Дәріс . Шығармашылық жұмыс «Миға шабуыл»
Үй тапсырмасы: Мектеп өмірінен жиналған мәліметтермен жұмыс.
10 сабақ.
Материалдың құрылымы алғашқы нұсқасы және өңдеу.
Ақпарат дайындалып болғаннан кейің материалдың құрылысын жоспарлау, Алғашқы нұсқасын жасау,яғни өңдеу.
Практикалық жұмыс. Дәріс «Араның ұясы» әдісі.
Үй жұмысы: Жиналған мәліметтерінің алғашқы нұсқасын жасау, өңдеу.
11 сабақ. Жазу процесі.
Практикалық жұмыс. Дәріс «Кубизм » әдіісі.
Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта ақпарат дайындап әкелу.
12 сабақ. Жауапкершілік және этика.
Материал жинағанда және жазғанда-журналистің жауапкершілігі, этикасы.
Практикалық жұмыс. Дәріс «Араның ұясы»
Үй тапсырмасы; Шағын эссе. «Өз-өзіме хат»
13 сабақ. Журналистиканың негізгі жанрларымен танысу.
Ақпараттық жанр.
Ақпараттық жанр түрлері қойылатын талаптар,айырмашылықтары.
Практикалық жұмыс. Дәріс. Мектеп өміріндегі ақпараттық жанр түрлері
Үй тапсырмасы: Мектеп өмірінен еркін тақырыпта жанрға материал дайындау
14, 15- сабақ Репортаж және оның түрлері.
Репортаж- ақпараттық жанр. Репортаждың түрлері, өзіндік ерекшеліктері мен берілу тәсілдері.
Практикалық жұмыс. Дәріс. «Мінсіз тапсырма» әдісі, шағын топта репортаж жасауға үйрету.
Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта репортаж дайындау.
16, 17 -сабақ Сұхбат. Ақпарат жинау әдістері.
Сұхбат ұйымдастыру, әдісі, мазмұны жағынан жіктелуі (Хабарламалы, түсіндірмелі, суреттеме, сауалнама)
Практикалық жұмыс: Дәріс. Рөлдік ойын
Үй тапсырмасы: Мектеп газетіне сұхбат жазу.
18- сабақ. Талдамалы жанр
Талдамалы жанрдың- түрлері, құрылымы, мазмұны мен ерекшеліктері. (Есеп, корреспонденция, журналистік шолу, рецензия, баспасөз конференциясы, мақала).
Практикалық жұмыс. Дәріс. Іскерлік ойын.
Үй тапсырмасы: Мектеп өміріндегі талдамалы жанр түрлеріне материал дайындау.
19, 20- сабақ. Рецензия (2 сағат)
Көркем не ғылыми шығармаға жазылған пікір, оны сыни тұрғыдан талдау және бағалау жолдары.
Рецензияның өнер туындылары (Спектакль, кинофильм, музыкалық бейнелеу өнері) мен мәдени оқиғаларға (концерт, көрме, көркемөнерпаздар байқауы) арналған түрлері.
Практикалық жұмыс. Дәріс. Шығарма, ғылыми жұмыс, жазба жұмыстарына жазылған рецензияға талдау жасау.
Үй тапсырмасы: Көркем шығармаға рецензия жазу.
21-сабақ. Көркем публистика жанры
Көркем публистика жанры шығармаларының негізгі қызметі: хабарламалық, эстетикалық, ағартушылық, эксперссиялық.
Негізгі жанрлары: суреттеме, очерк, эссе
Практикалық жұмыс. Дәріс.
Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта эссе жазу.
22, 23- сабақ. Очерк (2 сағат)
Очеркке қойылатын негізгі талаптар.
Шығармашылық жұмыс: Баспада жарияланған очерктер бойынша талдау, түсіндіру жұмыстары
Үй тапсырмасы: Еркін тақырыпта очерк жазуға қадам жасау.
24, 25 сабақ. Эссе (2сағат)
Практикалық жұмыс: Шығармашылық шеберлік. Ақын- жазушылар шығармасынан, эссе туралы.
Үй тапсырмасы: Эссе жазу.
26, 27 –сабақ. Сатиралық жанр, фельетон, памерлет, пародия (2 сағат)
Практикалық жұмыс. Дәріс.Шығармашылық шеберлік.
Үй тапсырмасы: Сатиралық жанрға материал жазу.
28- сабақ. Стильдік және тілдік қателер
Практикалық жұмыс. Дәріс. «Бұланды таңы» газеті тілшілерімен шеберлік сыныбын өткізу.
Үй тапсырмасы: Өздері таңдаған жанр түріне материал дайындау.
3- бөлім. Баспа жұмысы
29,30- сабақ. Газет құрылымы: бірінші бет, ішкі беттер, соңғы бет,әр беттің берілген ақпараттардың мазмұндық құрылымы,дизайн.
Практикалық жұмыс. Аудандық «Бұланды таңы» газеті тілшілерімен кездесу, редакцияға экскурсия жасау.
31-34-сабақ. Мектеп газетін дайындау, шығару жұмыстары.
Үй тапсырмасы: Мектеп газетіне түрлі жанрда материалдар дайындау.
Қосымша 2
«Жас тілші» сөздігі
Жанр — жанр, түрі. Журналистика теориясы жанрдың мынадай белгілері бар:
—ақпараттық жанр, талдамалы жанр, көркем публистика жанры;
—ақпараттық жанр – оқиғалы, түсініктемелі және іргелі, нақты, көркем әрі публистикалық;
Интервью — сұхбаттасу, журналистің бір немесе бірнеше адаммен қоғамдық мәні бар елеулі оқиғаларт мен толғақты мәселелер жөнінде пікір алысып әңгімелесуі.
-сұхбат – анкета, сұхбат-диолог, сұхбат-пікір, сұхбат-монолог, деректі- сұхбат сынды түрлері бар.
Репортаж — репортаж, хабарлау. Журналистиканың хабар жанры, белгілі бір оқиғаның басы-қасына болып, көзбе-көз көрген журналистің оны ізінше өз байқауы мен түсінігі, өз көзқарасы мен бағасы тұрғысынан әсерлі түрде баяндауы.
Рецензия — пікір жазу. Көркем немесе ғылыми шығармаға жазылған пікір, оны сыни тұрғыдан талдау және бағалау
Эссе — әсерден туған лирикалық толғаныс.
Корреспондент — тілші, хабар жеткізуші, хабарлаушы
Мақала — шағын және жедел жанр. Ол өмір шындығының нақты фактілері, құбелестары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлап, телегафтық стильде жазылады. Мақаланың негізгі екі түрі бар. Бірінші жолдық тектес мақала және дербес мақала. Дербес мақала екі түрлі формада: кеңейтілген түрде және сын түрінде жазылады да, ол газеттің күнделікті ісінде өте жиі кездеседі.
Есеп – оқиға туралы ақпараттық хабарлама, онда белгілі бір аудитория қатысады.
Баспасөз конференциясы — баспасөз, радио, теледидар өкілдерінің жиналысы.
Баспасөзге шолу — газеттерде, журналдарда, кітаптарда, радио және телехабарларға пікір түрінде берілетін материал.
Очерк — жедел, ықшам жанр, үлкен туындының нобайы. Адам өмірінің басты-басты тұстарын, биік қасиеттерін ғана қамтиды. Очерк портреттік, проблемалық, аналитикалық, жолсапар, суреттемелік болып бөлінеді.
Памфлет – өткір сатиралық шығарма. Памфлет жазылу формасы мен композициялық құрылысы жағынанан 4 топқа бөлінеді.
Пародия — сықақтап қайталап айту. Автордың жеке шығармасының, әдеби бағытының стилін, жанрын шешу мақсатымен оған ұқсатып жазылған әдеби-көркем еліктеуіш жанр.
Фельетон — әдеби баяндау тәсілі ерекше публистикалық сипаттағы щығарма.
Мақала мен корреспонденциядан айырмашалығы сол, онда сықақ пен әзіл-оспақ элементтері бар.
Түсініктеме — ақпараттық жанр. БАҚ жуйесіндегі насихат құралдарының бірі. Түсіндірме қоғамдық -саяси оқиғалардың, құжаттардың жайын, мәнісін жедел түсіндіруге пайдаланылады.
М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясы 10 «Б» сынып оқушыларының А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастаны бойынша дайындалған оқырмандар конференциясының сценарийі
Қосымша түсінік. А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанында баяндалған оқиға автор тарапынан берілді және оқырмандарға түсінікті болу үшін дастандағы оқиғаны рөлдерге бөліп, мұғалім тарапынан өлең шумақтары қосылды
Конференция мақсаты: Оқырмандарды А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанының жазылу тарихымен, мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру, көркем шығармаларды сахналауға бейімдеу
(Абайдың «Көзімнің қарасы» әні жай ойнап тұрады, интерактивті тақтада күз мезгіліндегі қазақ ауылының көрінісі көрсетіледі. Сахнаға Зейнеп, Алуа, Аяна шығады)
Зейнеп.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Аяна. Абай атамыздың күз мезгіліне арнаған өлеңін тыңдап отырып, көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу тартқан бейнесін қалай керемет шендестіре суреттеген деп таңырқап отырмын. Мен де Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасын ұнатамын. Соның бірін оқып берейін. Ол өлең бәрімізге бала кезден таныс.
(Интерактивті тақтадан қыс мезгілі, қазақ ауылының бейнесі көрсетіліп тұрады)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы — үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Алуа. Иә, Абай атамыздың «Қыс» өлеңін тыңдағанда, шынында үсті-басын ақ қырау басқан шал кіріп келгендей сезінесің. Табиғатқа бұлай жан бітіре, тірі бейне ретінде суреттеу қазақ әдебиетінде Абайға дейін болмаған деседі. Мен де Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңін оқып берейін.
(Тақтадан жаз мезгілі, қазақ даласы, өзен, көл, қалықтап ұшқан құстар, далада көсілте шапқан тұлпарлар бейнесі көрсетіледі )
Жазғытұры қалмайды ќыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап.
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап — қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Зейнеп. Алуа, сенің оқыған өлеңіңді тыңдап, шынында, жадырап қалдық. Адам өмірі мен табиғат құбылыстары арасындағы үндестікті бар жан дүниемізбен сезіндік. Табиғаттың сұлулығына шабытты суреткердің көзімен қарап тамашалау ерекше екен.
Сахнаға Нұрмахат, Әбдірахмен, Сырым, Санжар шығады
Нұрмахат. Қыздар, сендердің оқыған өлеңдеріңнің әсерінен шыға алмай, тіпті,сахнаға шығатын кезегімізді ұмытып кете жаздаппыз. Рахмет сендерге! (Қыздар сахнадан шығады)
Нұрмахат. Достар, мен сіздерге Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқып берейінші
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім.
Әбдірахман. Меніңше, ақын бұл өлеңде құр өкіну мақсатында жазбаған, біздерге білім мен өнер қуатын шағыңды бос өткізбей, еңбектеніңдер деп тұрған жоқ па?! Мен де ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып берейін.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз
Сырым. Иә, керемет өлең. Абай ақынның бұл өлеңінің адамды жігерлендіріп, алға сүйрейтін күші бар екен. Ендеше, мен сіздерге ақынның «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасын» оқиын, тыңдап көріңіздер
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Санжар.
«…Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап»,-деді-ау!.. Қандай әсерлі өлең! Арадағы ғасырлардан асып, Абайдың өзі келіп бізге арнап айтып тұрғандай. Шынында Абайдың өлеңін жай оқу мүмкін емес, оның астарындағы ойы еліктірмей қоймайды. Ал мен сіздерге Абай ақынның шәкірті Ш.Құдайбердіұлының бір өлеңін оқып берейін
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!
Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік.
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегін білсең –аласың, бос береді,
Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.
Нұрмахат. Санжар, бұл Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі ғой. Әкесі өмірден ерте өткен Шәкәрімге Абай әкелік қамқорлығы мен ұстаздық қамқорлығын көрсеткен. Шәкәрім жастарды өзінің ұлы ұстазынан үйренуге шақырады. Біздің бүгінгі дайындаған оқырман конференциямыз да «Әр түрлі асылы көп», керек еткен адамға тегін беретін ақыл сатқан «саудагер» атамыз, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.
Абдрахман. Алаштың аяулы азаматы А.Байтұрсынұлы да Абай жайында: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлы. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,-деп баға береді.
Сырым. Қазақтың бас ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!
(Сахнаға Ілияс, Зейнеп, Бекжан шығады)
Ілияс. Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.
Зейнеп. Дұрыс айтасың, Ілияс! Біздің бүгінгі кешіміз Абай сынды дара тұлғаға арналғандықтан, дана бабамыздың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере кеткеніміз дұрыс болар.
Ілияс. Әрине, дұрыс болады
Бекжан. Зейнеп, Ілияс, бұл ойларың дұрысына дұрыс қой. Біз жалпы Абай атамыздың өмірбаянымен, шығармашылығымен әр сыныпта танысамыз. Өлеңдерін жатқа айтамыз, музыка сабағында әндерін шырқаймыз. Осы залда отырған әр оқушы біз қазір таныстырмақшы болып отырған мәліметтермен жақсы таныс.
Ілияс. Онда не істейміз? Мына(интерактивті тақтаны нұсқайды) дайындаған мәліметтерімізді айтпаймыз ба?
Зейнеп. Мен таптым. Біз осы мәліметтерді сұраққа айналдырайық. Әр сыныптан бір оқушы сахнаға шықсын, біз оларға Абай Құнанбайұылың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақ қояйық.
Бекжан. Білімімен дараланған достарымызға сыйлық берейік.
Ілияс. Ендеше, өзіне сенімді оқушыларды сахнаға шақырайық. 10А, 10Ә және 10В сыныбынан бір бір оқушы сахнаға шықсаңыздар
(Үш сыныптан үш оқушы шығады)
Зейнеп. Сіздер тақтаға назар аударыңыздар. Сұрақтар ұяшыққа орналастырылған. Жауап беретін оқушы ұяшықты өзі таңдайды, Достар, ұяшықты таңдау кезегі өзіңізде. (Оқушы сұраққа жауап бере алмаса, жүргізушілер жауабын өзі айтады.Жүргізушілер әр оқушыға 15 сұрақтан қояды
Сұрақтар:
- Абай Құнайбайұлы қай жылдары өмір сүрді? Абай ақын қай жерде дүниеге келді?
Жауабы: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы. 1845-1904ж.ж.
- Абайдың әкесі Құнанбай туралы не білесің?
Жауабы:Құнанбай 1804-1896 жылдарда өмір сүрген. Ол кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған.Шешен, терең ойлы, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған. Меккеге қажылыққа барға, Меккеге барған қазақтар түсетін Тақия деген үй салдырған. (тағы толықтыруға болады)
- Абай Құнанбайұлы қай жерде білім алды?
Жауабы: Бала Абай кішкене күнінде ауыл молдасынан сауат ашады. Он жасында әкесі Абайды Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабдул Жаппардың, кейін Ахмет Риза медресесінде білім алады. Медресенің соңғы жылында «Приходская школада» үш ай оқиды. Абайды әкесі
13 жасында ел басқару ісіне араластыру мақсатында елге шақыртып алады.
- Абай ауылына қонақ болып барып, Абайды әншілік өнеріне тәнті еткен әнші ақын кім? Біз бұны әдебиет сабағында «Ақын қонақтар» деген «Абай жолынан» алынған үзіндіден білеміз.
Жауабы: Біржан сал
- «Көргені мен білгені жүзге келген шалмен тең» деп Абай кімге арнап айтқан.
Жауабы: Өмірден ерте озған ұлы Әбдірахманға арнап айтқан
- Абайдың алғаш жарық көрген шығармалары кімнің атынан жарияланды?
Жауабы: Көкбайдың атынан жарияланды
- Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан…» Абайдың қай өлеңінен алынған үзінді?
Жауабы: «Әсемпаз болма әрнеге»
- Абай «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын кімнен аударды?
Жауабы: И.А.Крыловтан аударған
- Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе…
Кімнің қай өлеңінен алынған үзінді?
Жауабы: С.Торайғыровтың «Асыл сөз» өлеңінен алынған үзінді
10. Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл-қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне.
Абайға арналған жырдың авторы кім?
Жауабы: Ж.Жабаев
11. «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім…» Абай осы сөздерді қай қара сөзінде жазған?
Жауабы: 37-қарасөзінде
12. Абайдың қай қара сөзі тек сұраулы сөйлемдерден тұрады? (21 сұраулы сөйлем)
Жауабы: 40-қара сөзі
13. «Мінез – ақыл мен ғылымды сақтайтын сауыт» деген афоризмі Абай қай қара сөзінде жазған?
Жауабы: 32-қара сөзінде
14. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады…» Абайдың қай қара сөзінен алынған үзінді?
Жауабы: 18 қара сөзі
15. «Адам баласының ең жаманы талапсыз…» Абайдың қай қара сөзінен алынған үзінді?
44-қара сөзі
Зейнеп. Жарайсыңдар, достар,сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер, сендерге арнайы дайындаған сыйымыз бар, қабыл алыңыздар!
(Жеңімпаз оқушыларға Абайдың шығармалар жинағы сыйға тартылады)
(Зейнеп пен Алуа сахнаға шығады)
Алуа. Абай ақындық өнермен қатар әншілік, сазгерлік өнерді де жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған 20-дан аса өлең-әні бар. «1889 жылы А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударды, ол қазақ даласына «Татьянаның әні» болып таралды.
Зейнеп. Абай шығарған «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты әсем әндері бар. Абайдың сырлы әндерінің бірі «Желсіз түнде жарық айды» Нұртастың орындауында тыңдаңыздар.
Нұртас «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды
(Сахнаға Еламан мен Абай шығады)
Еламан. Ұлы Абайдың әні бізді бір сиқырлы әлемге жетелегендей болды.
Абай. Иә, ол рас, Абай әндерінің сиқырына дауымыз жоқ, бірақ біздің Нұртас досымыздың сиқырлы әуенін де ескергеніміз дұрыс.
Еламан. Әрине, келісемін. Нұртас досымызға өнері өрге жүзсін деп тілек айтайық.
Абай. Сонымен, Абай шығармашылығына арнаған оқырмандар конференциямызды аяқтаймыз.
Еламан. Аяқтағаның қалай, шығармашылық кештің шыңына енді жетпедік пе?
Абай. Айып етпеңіздер, жалғастырамыз деп айтпақшы едім.
Еламан. Жарайды, «Жаңылмайтын жақ, Сүрінбейтін тұяқ болмайды» дейді. Ондай-ондай болады. Кешімізді жалғастырайық.
Абай. Абай шығармаларының тағы бір өзгеше саласы — дастандары. Абайдан қалған үш дастан бар. Олар «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» Соңғысы аяқталмаған.Ақынның дастандары ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде жазылған. Оқиғалары шағын, көлемі аз келеді. Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған.
Еламан. «Сегіз ұлым бір төбе, Ер Төстігім бір төбе» дегендей, Абайдың әр дастаны бір төбе, сондықтан біз бүгін тек бір дастанына тоқталамыз. Ол — «Ескендір» дастаны. «Ескендір» дастаны — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами Әлішер,Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған.
Абай, Осы «Ескендір» дастаны қалай басталатын еді?
Абай. Дастан былай басталады. `(тамағын қырнап, жөткірініп алады)
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?.. (аздап тоқтап, ойланып қалады) Шынында, осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Еламан. Қайсы жұрт?
Абай. Осы оқырмандар конференциясына жиылған жұртты айтып тұрмын.
Еламан. Білмейтіндер бар деп ойлайсың ба? Онда біз алдымен негізгі кейіпкеріміз туралы түсінік берейік. Абай жырға қосқан Ескендір тарихи тұлға, тарихта болған адам. Ендеше, Ескендір туралы мәліметпен тарихшы ұстаздарымыз таныстырса, сенімдірек болар. Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар
(Тақтада алдын ала дайындалған тарихшы пәні мұғалімдері Бестереков Ержан ағай Сейдалықызы Қаламқастың түсіндірме сөзі тыңдалады)
Еламан. Бізді Ержан ағай, Қаламқас апай Ескендір туралы деректермен таныстырды. Ұстаздарымызға рахмет айтамыз.
Абай.“Ескендір” поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып-жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар.
Еламан. Поэмада Ескендірдің аты-жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы – Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас.
Ал, Абай, оқырмандар күтіп қалған шығар, «Ескендір» дастанын бастайық онда.
Абай.
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары — оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол күнде қошеметші айтады екен,
Ханның ханы, патшаның патшасы деп.
Атағы талай жерге оның жетті,
Жердің жүзін алуға талап етті.
Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,
Есіткен елдеріне жүріп кетті.
Алдынан шыға алмады ешкім мұның,
Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,
Жер жүзін жеке билеп алмақшының.
1-көрініс Ескендір рөлінде Нұртас, Дарий патша рөлінде Бекжан)
Дарий патша.
(Сахнада Ескендір әскерлерімен тұрады)
Ескендір.
Уа, менің жеңілмейтін әскерлерім,
Біздер үшін нұрын төксін көктегі күн
Жарты әлемді соғыспен мен жауладым,
Мына бізді қолдай берсін, Хақ тәңірім!
Есімде ғой әрбір күннің есебі,
Ауыр күндер артта қалды кешегі.
Аз емес қой жаулап алған жеріміз,
Бағындырам жер жүзін, оған күшім жетеді
Әскерлер. (Бірнеше дауыс қосарлана: «Жасасын біздің даңқты қолбасшымыз!» деген сөзді бірнеше рет қайталап айтады )
(Осы кезде Дарий патша әскерлерімен залдың төр жағынан шығады.
Ескендір, мен тұрғанда ойлама тек,
Әлемнің билеушісі болам ба деп!
Ол ойың аса қоймас іс жүзіне,
Тосқауыл боламын мен жолыңа кеп!
Әскерімнің саны көп, күші мығым,
Жүрмегін бостан босқа болып шығын.
Жеңіс менің қолымда, ол ақиқат,
Мойындай бер, енді сенің қараң күнің!
Ескендір.
Ол рас, Дарий, сенің әскерің көп,
Әскерің көп болған соң көңілің тоқ.
Жеңісті бере алмаспын сонда-дағы
Жеңіліп отыратын еш жайым жоқ
Тосқауыл бола алмаған ешкім маған,
Әлемнің билеушісі тек мен болам.
Талайлар алдыма кеп басын иген,
Өзімді мойындатам енді саған
Ескендір. Алға, менің даңқты сарбаздарым.
(Ескендір мен Дарий патшаның әскерлері арасында шайқас басталады, нәтижесінде Ескендірдің әскері жеңеді, Қарсы әскер түгел ажал құшады. Жеңілген әскер жерде жатады, Ескендірдің әскері масайрап тұрады)
Ескендір- Нұртас
Әлдеқайда әскерінің көп саны,
Қан майданда Дарий атты патшаны,
Соғыстым да, күл талқанын шығардым,
Бұл әлемде жоқ қой менен асқаны!
Қарсы келмес бірде-бір қорғаны,
Мен жеңбеген бірде-бір жау болмады.
Осылайша даңқым менің жайылды,
Тарихымның еншісінде ол жағы
Ілияс. Әміршіміз қолбасшы ғой даңқты,
Жер жүзіне өзі өзі танытты.
Мына саған тең келетін ешкім жоқ,
Бар мадақтау саған ғана лайықты
Ескендір- Нұртас Уа, Македония ұлдары!
Бізге мәлім даламыздың сырлары
Кім айнытар, мені мына жолымнан
Ал қанекей, еріндерші соңымнан!
Ілияс О әміршім! Сөзіңе құлақ ұрамыз,
Біз ереміз, айтқан сөзде тұрамыз!
(Сахна жабылады.
Автор Абай Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салды қиын істі.
Сандалды сар далада су таба алмай,
Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?
Қызметкердің бәрін де өлтірмекші
Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.
Мысалы, астындағы ат о дағы ұшты,
Ескендір де атының жалын құшты.
Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге
Патшаның ат үстінде көзі түсті.
2-көрініс (Ескендірдің әскері шөл далада шаршап-шалдығып келе жатыр,
Абдрахман
Әміршім, айдан асты, шөл далада келеміз,
Тығырықтан жол таппаймыз неге біз?!
Шөлдедік біз, атымыз да болдырды
Бүйте берсек қырыламыз, өлеміз!
Бауыржан О, әміршім! Өзіңсің ғой қорған да,
Артта қалды таулар менен орман да
Шөл далада өлеміз бе осылай,
Тығырықтан шығатұғын жол бар ма?!
Ескендір. (Сарбаздарының рухын көтере сөйлейді)
Асыл текті сарбаздарым, шыдаңдар!
Қиыншылық артта қалған бұдан зор!
Жеңілмейтін әскерімнің бағын бер,
Бұдан шығар жол да бізге табылар!
Ғаламат. (алыстағы таудың етегінен бұлақ сылдырын естігендей болады)
Әміршім! Ана таудың етегінде, күн нұры
Естіледі бір бұлақтың сылдыры!
Бірнеше адам қайталап айтады. Қәне, қайда?
Ернияз.
Иә, рас мынау өзі бұлақ қой!
Бұл да бізге Алла берген сынақ қой!
Темірлан.
Ал ертерек біздер сонда жетелік
Сол бұлақтан су ішейік, көтеріп!
(Ескендір әскерлерімен асыға жүріп бұлақ басына келеді, барлығы суды қанып ішіп, жан шақырады)
Санжар.
Мына судың дәмі қандай керемет!
Бізге осы зәмзәм суы керек ед!
Ескендір.
Ғайыптан пайда болған бұл неткен су,
Бәрің ішіп, бұл суға бетіңді жу!
Бір бай елден осы су шыққан шығар
Өрлеп барып, үстіне тігейік ту!
Аралаңдар, мына таудың шатқалын,
Ал, қанекей, тегіс бәрің атқа мін!
Зәмзәм суы мына менің меншігімде болады
Тез табыңдар мына судың бастауын!
(Сарбаздар судың бастауын іздеуге кетеді)
Автор Абай
Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей,
Шаһарына жеткенше дамыл көрмей.
Көкпеңбек темір киген өңкей батыр
Тарттырып жөнеледі сырнай-керней.
Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,
Судың басы бір құзар шатқа кірді.
Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,
Қақпасы бекітулі, көзі көрді.
Қақпаны ашайын деп бәрі ұмтылды,
Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.
Аша алмады қақпаны, үміт үзді,
Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды.
Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,
Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой?
Дел-сал болып бәрі де қайта шықты,
Алысып әл келмесін байқаған ғой.
3-көрініс. ( Сахнада үлкен қақпаның макеті, маңдайшасында «Тәңірге бастайтын жол» деп жазылған. Ескендірдің әскері қақпаны аша алмай қайтып келеді.)
Нұрмахат
Бастау табу, мына бізге басты арман
Ал сол бастау, құзар шыңнан басталған!
Қорғанменен жабылыпты бастауы
Аша алмадық, алтындалған қақпаны!
Ескендір Нұртас
Осыншама жер қайысқан қолменен
Қақпа ашу қиын іс пе сендерге?!
Қақпаны ашам, мына маған сеніңдер
Ал қанеки, бәрін маған еріңдер!
(Ескендір әскерлерін ертіп қақпаға келеді, барлығы қақпаны сартылдатыр ұра бастайды)
Ескендір
-Кім бар мұнда, ар жағында қақпаның?
Жөн болады, жылдам маған ашқаның!
Қақпаның ар жағындағы адам. (Қақпаның ар жағындағы адамның рөлінде Сырым) Сырым.
-Бұл кім өзі? Тыныштықты бұзған кім?
«Қақпаны аш»!- деп айқай салып тұрған кім?
Ескендір
Білмесең, мен Ескендір, саған келген
Жер жүзінде соғыста бәрін жеңген
Қақпаны аш, хабарыңды айт, білдір маған
Қорлық қой, ешқашан да көз көрмеген!
Сырым
Ей, падишаһ, әдептен аспа енді
Бұл құдайға бастайтын қақпа еді.
Ескендір Нұртас
Қақпаны ашу мына менің қолымда,
Қақпаны аш! Бөгет болма жолымда!
Сырым
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсан өзіңнің нәпсіңді жең.
Іші тар, көре алмайтынның біреуі-сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.
Ескендір Нұртас
Талпынған, талаптанған, мен де бір ер,
Көп жүрдім, кездей келді көрмегендер
Ең болмаса халқыма көрсетейін
Сый болсын, белгі болар, бір нәрсе бер!
Сырым. (азырақ ойланып тұрып)
Сыйым осы, падишаҺ, мынаны ал,
Саған керек құнды зат ішінде бар!
Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
Апар-дағы ойланып, көзіңді сал!
(Сырым орамалға түйілген бір нәрсе береді, Нұрмахат берген сыйды алып, сахнаға жақындай келіп, көрермендерге мақтана көрсетіп, Ескендірдің алдына алып келеді)
Ескендір.
Уа халқым! Кереметті қараңдар,
Әрбіріңнін беретұғын бағаң бар
Мына мені кіргізбеді қақпадан
Бірақ құр қол қайтармады бәтшағар!
Өздерің-ақ айтарсыңдар төрелік
Қане не бар, ішін ашып көрелік.
Сарбаздар. (қосарлана сөйлейді) Иә, көрелік
(Нұрмахат орамалды ашады, ішінен адамның бас сүйегі шығады)
Ескендір. (ашулы түрмен)
Мынауың не? Қу сүйек қой қуарған,
Маған лайық сый болмады бұлардан!
Апар дағы лақтырыңдар далаға,
Маған лайық осындай сый бола ма?!
Сарбаздар. (қосарлана сөйлейді)
— Иә, бұл қорлық қой!
-Лақтырайық далаға!
Санжар.
Әміршім!
Байқап тұрмын, сүйек емес, бұл тегін,
Белгілі ғой бұдан бірақ үркерің.
Аристотель ғұламаға барайық,
Сезіп тұрмын бізге бір жөн сілтерін.
Ескендір. (сенер-сенбес түрмен)
-Жарайды онда, жіберіңдер бір хабар
Ғұлама ғой, сырын тапса, сол табар.
Санжар. Құп болады, әміршім
(сахна жабылады)
(Сахнаға Бекжан, Тайыр, Шерхан шығады)
Бекжан
А.Құнанбайұлының «Ескендір» дастанын тарихи шығарма десе болар екен. Дастанның басты кейіпкері Ескендір де, қазір ғана сахнада аты аталған Аристотель де тарихта болған адамдар.
Тайыр. Иә, дұрыс айтасың. Көрермендерге түсінікті болу үшін Аристотель туралы да айтып өтейік. Ол кім? Оны Ескендірмен не байланыстырады?
Бекжан. Аристотель сөзінің грекше мағынасы «Ұлы мақсат» дегенді білдіреді. Аты «Ұлы мақсат» дегенді білдіретін Аристотель Македонияға қарасты Халкида түбегінде Стагира қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Стагира қаласының орны бұл күндері Салоникиден 55 км қашықтықта жатыр. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған.
Шерхан. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. 18 жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында шамамен жиырма жыл бойы – б.з.д. 347 жылы, Платон қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады.
Тайыр. Аристотельді Македония патшасы ІІ Филипп өзінің 13 жасар ұлы Ескендірге тәлімгер болуға шақырады. Бұл кезде ол тек Ескендірге ғана емес, басқа екі болашақ патшаға, яғни І Птолемей Сотерге және Кассандрға да сабақ берген. Ол Ескендірді «Гректерге жетекші болуға, варварларға қатал болуға, шаруаларға досы мен туысына көмектескендей көмектесуге, басқаруда әрі қатал, әрі жұмсақ болуға» үйретеді.
Бекжан. Плутархтың жазуынша, Аристотель Ескендірге этика,саясаттану және философия ілімдерін үйреткен. Аристотель өз қабілетінен пайдаланып Ескендірдің дүниетанымына үлкен әсер еткені анық. Дәл Аристотельдің әсерінде Ескендір ғылым-білімге құрмет етті. Ол мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөліп, қызметшілерді жұмылдырып, Аристотелдің көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізуіне септесті.
Шерхан. Дегенмен, Аристотель Ескендір құрған империяны да, Ескендірдің саяси көзқарасын да жақтамағаны кітаптарынан байқалады. Б.з.д. 335 жылы ол Афинаның Ликей деген жерінде өз мектебін ашты. Ликейде Аристотель сабақ беру мен шығармашылықты қатар қолға алады. Оның сабақ өту ерекшелігі өзгеше болды. Ол әдетте жүзім бараңдары мен бау-бақшада серуендеп жүріп, шәкірттерімен түрлі ғылым салалары туралы пікірлескен. Сондықтан оның мектебін «серуен философиясы» деп те атайды және Аристотелге ілесушіні серуенші деп атайды.
Тайыр. Сонымен, біз көрермендерімізді Ескендір туралы біраз мәліметпен таныстырдық деп ойлаймын. Онда, дастанынның жалғасын тамашалауға қайта оралайық.
Шерхан. Иә, Тайыр, данышпан Аристотель Ескендірдің алған сыйының сырын қалай ашты екен, соны білейік.
4-көрініс (Сахнада Аристотель, Ескендір, сарбаздары)
Аристотель ролінде Еламан
(Аристотель бас сүйекті қолына алып ойланып отырады)
Аристотель.
Тегін сүйек емес екен расында
Сүйек тұрсын таразының басында
-Қазынадан алтын, күміс алыңдар
Бір басына тегіс соны салыңдар
Салыңдар да қару-жарақ барлығын
Таразылап көріңдерші әрбірін.
(Таразы әкелінеді. Таразының бір басына бас сүйекті, екінші басына қазынадағы бар байлықты, тіпті қару жарақтарды салады, бірақ бас сүйек ауыр тартып тұрады)
Ескендір
Өз көзіме сенбей тұрмын әлі мен
Бір қу сүйек басым түсті бәрінен
Не бар енді қу сүйектен асатын
Зат қалды ма қу сүйекті басатын?
Аристотель Еламан
Бір уыстай топырақты алып кел
Сосын оны бас сүйекке шашып көр!
(Топырақ шашылады, сол кезде бас сүйегі бірден жеңіл тартып, таразының келесі жағы ауыр тартады)
Ескендір.
Данышпаным, таң қаларлық ісің бұл,
Бізге енді құпиясын түсіндір!
Аристотель- Еламан
Бұл адам көз сүйегі білген жанға,
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да
Өлсе тояр көзіне құм құйғанда
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?!
Қанша тірі жүрсе де өлген күні
Өзге көзбен бірдей ақ болады екен
Ашуланба, ей патшам, айтайын дат:
Алтын қақпа бермеді Сізге рұқсат
Сый сұрадың – бергені бір қу сүйек
Мұны көріп алсаңыз Сіз де ғибрат!
Ескендір.
Бұл өмірде болмас деп ем арманым
Жалған дүние жартысын да жауладым
Бірақ бұл да аз боп маған көрінді
Тек соғысқа бастай бердім елімді
Бір ашкөздік жайлап алды денемді
Алған беттен қайта алмадым мен енді.
Айтыңдаршы, тоқтау айтар маған кім?
Әлі талай елді жаулап алармын.
Қу сүйектей топырақ басса жүзімді
Сонда ғана мен тыныштық табармын
(Ескендір ауыр ойға шомып отырып қалады)
Ескендір. (басын көтеріп, сарбаздарына қарап сөйлейді)
Әрқашанда барға қанағат етейін
Сарбаздармен еліме тез жетейін.
Сарбаздарым, бағытымыз ендігі
Туған жердің топырағы, елдігі
Мирас
Туған жерге ораламыз! Туған жер!
Бізге жұмақ туған жерім, думанды ел!
(Сарбаздар қуана қостайды)
(Сахна жабылады)
Абай автор.
Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті.
Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.
Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең,нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
Сахнаға Нұрасыл, Абай
Нұрасыл.Құрметті көрермендер, біздің сыныптың оқушыларының өнері сіздерге ұнады ма?
Абай. Нұрасыл, оқырмандар конференциясында оқырмандардың да пікірін тыңдамасқ болмас, қалай ойлайсың?
Нұрасыл. Әрине, тыңдап көрелік. Достар, дастанда негізгі екі кейіпкер бар екенін көрдіңдер. Олар Ескендір және Аристотель. Осы кейіпкерлерге мінездеме беріп көрейік. Алдымен Ескендірден бастайық. Дастанда Ескендірді қай қырынан байқадық? Ойларыңызды дастаннан үзінді келтіріп дәледесеңіздер тіпті жақсы болады
(Оқушылардың жауабын тыңдау. Бір оқушы микрофон беріп тұрады)
Нұрасыл. Аристотель туралы не айта аламыз?
Шыңғыс. Кез келген шығармада автор өзінің айтпақ ойын кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы береді. Шығарманың идеясы осында. Солай емес пе? Ендеше, «Ескендір» дастанының идеясы қандай. Абай атамыз осы дастан арқылы бізге не айтқысы келді екен?
(Залдағы оқушылардың пікірін тыңдау)
Нұрасыл. Біз де сыныпта Абай Құнанбайұлының «Ескендір» дастанын талдаған едік. Енді назарларыңызды тақтаға аударсаңыздар. Сыныптағы сабақтан үзінді ұсынамыз.
Сыныптағы сабақ (сыныпта оқушылар дөңгелене отыр)
Мұғалім. Балалар, біз Абай Құнанбайұылың «Ескендір» дастанымен таныстық. Дастанның мазмұны бәрімізге түсінікті болды ма? Дастанның желісін есімізде сақтадық па? Ендеше, «Ескендір» дастанына композициялық талдау жасап көрелік. Шығарманың композициялық құрылымының бөліктерін атап шығыңдаршы
Еркебұлан. Шығарманың композициялық құрылысы мынадай бөліктерден тұрады:
1. Экспозиция, яғни шығарманың басталуы.2. Сюжеттің байланысы. 3.Шиеленісуі.
4. Шарықтау шегі.5. Шешімі.
Мұғалім. Ескендір дастанын осы кезеңдер бойынша талдап көрейік.
Рахым. Филип патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы. Шығарманың экспозициясы осы деп ойлаймын
Диас. Ескендірдің әскерімен елсіз шөлге тап болуы. Өлдім — талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі. Осы оқиғалар сюжеттік байланысқа жатады?
Әлия. Оқиғаның шиеленісуіне Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп Ескендірге қақпаны ашпай қойғаны, Қақпаның ар жағынан алған сый туралы оқиғаларды айтуға болады
Ержан. Дастанның Шарықтау шегіне Ескендірдің қақпаның ар жағынан алған сыйының қу сүйек екенін біліп ашуға булығуы. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
Нұрасыл. Дастанның Шешімі. Хакім Аристотельдің: «Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда» деген жауабы деп ойлаймын.
Мұғалім. Шығарманы құрылысына жақсы талдадыңдар, жарайсыңдар!Енді кейіпкерлерге мінездеме беріп көрейік. Дастанның негізгі кейіпкері Ескендірге концепуальді кестені пайдалана отырып мінездеме беріңдер.
Еркебұлан. Ескендір дастанда дәріптелмейді, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
Мирас. Ескендір тойымсыз, қанағатсыз, оған жаулап алған жері соншалықты көп болса да, өзіне аз болып көрінеді
Өз жұрты аз көрініп көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды
Ғаламат. Дастанда Ескендірдің тойымсыздығы анық байқалады. Оны мына өлең жолдарынан да байқаймыз
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады
Ернияз. Ескендір шөл далада ағып жатқан бұлақты да өз меншігіне алғысы келді. Бұл да Ескендірдің тойымсыз, қанағатсыздығының бір дәлелі.
Ілияс. Дастанда Ескендір мақтаншақ, өркөкірек деп суреттеледі.
Ескендірдің өзін
Білмесең мен Ескендір патша деген,
Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген,-деп таныстыруының өзі мақтаншақ, өркөкірек адам екенін аңғартады.
Еркебұлан.
Ескендірді Озбыр, қанішер кейіпкер деп айтар едім. Оған дастандағы мына жолдар дәлел болады
Жазықсыз жақын жердің бәрін шапты
Дарияның суындай қандар ақты
Мұғалім. Ал дастандағы екінші кейіпкер Аристотел туралы не айтасыңдар. Дастанда ол қай қырынан көрінді?
Әлия. Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке — дара», «хакім адам» деп бағалайды. . Ал Абайдың ұлы ойшыл, данышпанның бейнесін сомдау себебі оның ақыл мен білімді, парасаттылық пен даналықты жоғары санағандығынан туған.
Мұғалім. «Ескендір» дастанының идеясы неде деп ойлайсыңдар. Абай Құнанбайұлы осы дастаны арқылы оқырманына не айтқысы келді?
Әлия. Абай өз дастанында әділетсіздікке, басқыншылықты сынады. Басқыншылықтың салдарынан туындаған ашкөздікті, тойымсыздық, қанағатсыздықты сынады.
Мұғалім: «Ескендір» поэмасының идеясы әділетсіздікке, басқыншылыққа ғана қарсы шығу емес, адамгершілік қасиеттерін ашып, кісілік мұраттарға жетелейтін қанағат атты сипатты дәріптеп, ұрпақтарына серік ету. Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздық, қатыгездік, өзінен басқаны көрмеу, өзгені мойындамау, қырып-жою ұлылық па? Жоқ, бұл осалдық, патшаның өзі байқамаған сорақы әлсіздігі.
Мұғалім. Ал дастаннның идеясы қандай? Абай ақын осы шығармасы арқылы бізге не айтқысы келді?
Нұртас. Абай көптеген шығармаларында адам мінезін түзеу туралы айтады. «Ескендір» дастанында да осы тақырыпты көтерген. Адам бойындағы қанағатсыздық, тойымсыздық, озбырлық, өркөкіректік қасиеттерді сынайды, осындай жағымсыз мінезден арылуға үндейді
Мұғалім. Абай ақын “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса, біз осы поэмамен танысып, талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?
Нұрасыл. Қатыгез болмауға,Мейірімді болуға, тойымсыз болмауға қанағатшыл болу керектігін түсіндік.
(Сыныптағы сабақтың видеосы осымен бітеді)
(Сахнаға Сырым, Абай, Еламан шығады)
Абай. Қанағат ету туралы асыл дініміз исламда да көптеген тамаша хадистер бар.Ұлы Алланың берген нығметтеріне шүкір етіп, бергеніне разы болып, ашкөздікке, дүние құмарлыққа салынбау қанағтшыл болу дегенге саяды.
Әйгілі сахаба Сағид ибн Әбу Уаққас: «Ей, балам, егер сен Алладан байлық сұрасаң, қанағатты сұра. Ол ақиқатында таусылмайтын байлық» деп баласына өсиет етіпті.
Сырым. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға таралып келе жатқан Майқы би бабамыз да «Қанағат қарын тойғызар, Қанағатсыз жігіттің жалғыз атын сойғызар» деп, қанағатшыл болуға шақырады.
Еламан. Қазақ халқында қанағатқа байланысты айтылған тамаша мақалдар мен шешендік сөздер бар. Ата бабаларымыз қанағат етудің мәнісін терең сезініп, ұрпақтарына қанағат етуді аманаттап кеткен. «Ер азығы – қанағат», «Ынсап сайын береке», дейді дана халқымыз. Бабалар аманатына адал болып, Алланың берген нығыметіне шүкірлік етіп, қанағатшыл болайық. Қашанда қанағат түбі — береке!
Мирас. Абайсыз қазақты, қазақсыз Абайды көз алдымызға елестетудің өзі қиын, өйткені ол жалпақ жұртты жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен қазақ халқының кемеңгер ақын – шешені, кең толғар дана көсемі. Оның шалқар дария шабытынан туған таңғажайып шығармалары — жан азығының кәусар бұлағы, сөнбес шырағы.
Нұрмахат. Абай үні – жүрек үні. Абай сөзі – жүрек сөзі. Арада қанша уақыт өтсе де шығармаларын оқығанда оның жүрек соғысын кез – келген көзі ашық, көкірегі ояу адам баласы сезе алады. Абай – бар болмысымен, шын жүрегімен жырлап өткен ақынның бірі. Сондықтан да болар оның әр өлеңі жүрегімен жазылған, өлеңі мен әндері мәңгі жасап келеді.
Санжар. Өзі өлсе де, өлеңдері халық жүрегінен еш өшкен емес. Абай сөздерінің әр сөзіне үңіліп қараған жан, оның әр сөзінен үлкен ғибрат, өнеге, ұлы сабақ алары хақ. Абай уағызын ұққан адамның қоғамның қадірлі азаматы болары даусыз.
Еркебұлан. Абай өзінің саналы ғұмырында ылғи да адамшылыққа тәрбиелеу адам құқының басты мақсаты екенін аңғартты.Ақынның терең мәнді туындылары бағдар тұтар темірқазығымыздай тың биіктерге шақырады да тұрады. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған ойшыл данышпан ақынның жүрегін тербеген тамаша әндері өзінің қалың елі – қазағымен бірге жасап келе жатыр. Абайдың өнер мектебінен тараған әсем әндері қазақ сахарасында қалықтап, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Нұрмахат. Әсем әндері демекші, бүгінгі Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арнаған кешімізді ақынның әсем әнімен қорытындыласақ қалай болады?
Абай
Осындай тамаша кешті қалай қорытындыласақ болады деп ойлап тұр едім. Нұрмахат, сенің үнемі тұйықтан жол табатын тамаша қасиетіңді сыйлаймын ғой. Ендеше бәріміз қосылып Абайдың әнін шырқайық.
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исхакова Базаркуль Кемелбаевна
Баспасөз Конференциясы
- Жоспар
- Кіріспе
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Баспасөз Конференциясы
2. Конференция
3. Баспасөз
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Баспасөз маслихаты — әдетте, ресми органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз маслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз маслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады.
Баспасөзде мүмкін болатын жариялау үшін дайындалған ақпарат.
Съезд, конференция, кеңесулер және т.б. өткізулер кезінде ұйымдастырылатын немесе әлдебір ұйым, мемлекеттік билік органдары жанында тұрақты қызмет ететін ақпарат қызметі.
1. Қазақ Энциклопедиясы
2. Г.Каменова , Г.Мұқанова. «Қазақ тілі – іскери қарым-қатынас үшін». Астана 2004ж
3. Т.Аяпова, З.Кузекова. «Қазақ тілі». Алматы 2002ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Баспасөз Конференциясы
2. Конференция
3. Баспасөз
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Баспасөз Конференциясы
Баспасөз маслихаты — әдетте, ресми органдардың, қоғамдық ұйымдардың,
саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты
өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық
жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы
журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады.
Баспасөз маслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады.
Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз маслихаты пішімі жағынан
сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе,
қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке
журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады.
Баспасөзде мүмкін болатын жариялау үшін дайындалған ақпарат.
Съезд, конференция, кеңесулер және т.б. өткізулер кезінде
ұйымдастырылатын немесе әлдебір ұйым, мемлекеттік билік органдары жанында
тұрақты қызмет ететін ақпарат қызметі.
Конференция
Конференция (conferentіa, лат. confero – жинаймын) – мемлекеттер мен
қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, әлдебір ұйымдар мүшелерінің, ғалымдардың
жиналысы, мәжілісі.
Баспасөз
Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы.
Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір
қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың
не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді
баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір
рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы
жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу
ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық
бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне
орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне
түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық
технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс
Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда —
1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік
басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының
газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық
саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін
қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде
Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге
жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі
мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал,
Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар,
кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі
әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды.
Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен
буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты
(Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы
кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара
Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар,
апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан
астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б.
шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат
құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Президент, премьер-министр немесе белгілі бір мемлекеттік орынды
иеленген басқа тұлға не басқа саяси қайраткердің бұқаралық. ақпарат
құралдарымен байланысын жүзеге асыратын және оның сол немесе басқа мәселе
бойынша көзқарасын жариялайтын өкілі.
Баспасөз Жанрлары — … жалғасы
Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талдамалы публицистикалық жанр |
Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту |
Баспасөз қызметінің ерекшеліктері |
Қазақстан жетістіктері |
Маркетингтік коммуникация түрлері |
Маркетингтегі коммуникация |
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын және тәрбие сағатын ұйымдастыруы. |
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖОЛДАРЫ |
Туристік мекемедегі PR технолоиялар |
Саяси институттар жүйесіндегі «төртінші билік» |
«Ғасырдың
үздік кітабы»
Оқырмандар
конференцияcы
1
жүргізуші: Махмутов Исабек
2
жүргізуші: Сарыбаева Әлия
Көрнекілік:
1. М.Әуезовтың «Абай жолы» романының 4 томы
2. М.Әуезов туралы естеліктер
3. Альбом-шежіре «Абай елі»
1 жүргізуші:
—
Армысыздар,
қымбатты достар!
2 жүргізуші:
—
Қайырлы
күн, сөз өнерін құрметтеуші қауым!
1 жүргізуші:
—
Әдебиет-халықтың
рухани байлығы. Қазақ халқы – өзге ұлттар
сияқты атам заманнан қорланып, сұрыптала сұлуланып,
жинала сақталып, бүгінгі күнге дейін жеткен
көл-көсір фольклоры поэззисы, прозасы бар халық.
2 жүргізуші:
—
Бүгін
біз еліміздің қоғамдық саяси және мәдени
өміріндегі аса бір айтулы оқиға – қазақтың
ұлы жазушысы, ғұлама ғалымы, кемеңгер ойшылы,
туған топырамығымыздың біртуар перзенті Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтың туғанына 110 жыл толу салтанаты
және жазушының әлемге әйгілі «Абай жолы»
роман-эпопеясының жарық көргеніне 65 жыл толуын атап
өтуге жиналып отрымыз.
1 жүргізуші:
—
Бүгінгі
«Ғасырдың үздік кітабы» аталатын оқырмандар
конференциясының алғы сөзін кітапханашы Жайбергенова Фатима
Андрейқызына береміз.
Кітапханашы:
Қадірменді ұстаздар, қадірменді тыңдаушылар!
Ұлы
жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді
түзе» дегендей, ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны
баршамызға аян. Ал, бала тәрбиесі ең әуелі ата –
анадан, мектеп қабырғасынан басталса, тәрбиенің
бәрін олар кітаптан алатыны анық.
Бүгінгі конференциясымыздың арқауы халқымыздың
өткен тарихынан сыр шертетін, қазақ ұлтының
өткен ғасырларда білімді, мәдениетті, өркениетті ел
болғандығын дәлелдейтін әдеби-тарихи мұра –
қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясы болмақ.
Бұл конференцияның мақсаты – жас ұрпақты кітап
оқуға баулу, туған тілді қастерлеу, рухани жан
дүниені байыта түсу, сөйлеу мәдениетінің
қалыптасуына ықпал ету.
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай
жолы» романы арқылы өзінің абырой – атағын
асқақтатып қана қоймай, қазақ
халқының ұлттық қонысын, күллі түрік дүниесінің
ортақ мәдениетінің бүкіл әлемге танытты.
Өйткені, роман желісінен тек бір ғана ұлтқа емес,
түп тамыры Орталық Азидан тараған, кезінде көшпелі
мәдениеттің өркендеуіне,үлес қосқан талай
тайпалардың атадан балаға мирас болып келеген ортақ тарихы жолының
әзән аңғаруға болады.
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы – ғасырлық
туынды, атадан балаға мирас болатын, әр қазақтың
үйнің төрінің орын алатын қасиетті шығарма.
Ендеше осы кітап туралы, оның құндылығы туралы
оқырмандарға, яғни мектеп оқушыларына сөз кезегін
беремін.
2 жүргізуші:
—
Мұхатр
Әуезов туралы түркмен халқының жазушысы Берды Кербабаев
былай деп жазған «Тағдыр жан біткеннің бәріне талант
бере бермейді. Тау граниттан, әр сортты, әр қилы
көлемді жақпар тастардан құралғанмен,
солардың ішінен алмазды өте сирек кездестіреміз.
1 жүргізуші:
—
Оның
бірі- Мұхтар Омарханұлы Әуезов оның үні ынта
қойып ұйып тыңдайтын бұл бұлдың әсем
даусындай әуезді еді, ол өз халқымен ел жұртының
ғұлама білгірі, сөз зергері болды.
2 жүргізуші:
—
«Әлем
таныған әйел» оқитын 56 топ оқушысы Каракулова Жанылсын.
1 жүргізуші:
—
«Абай
жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі
дүние жүзі әдеби классиканың шырқай шыннына
шықты. Сөйтіп, 19-ғасырдың 40-50 жылдарын Мұхтар
Әуезов Туған әдебиетіңіздің даму тарихында
бұрын соңды көрмеген ренессансқа айналдырды.
Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай»
шығарма бұл тұсқа дейін қазақ
әдебиетінде болған емес – дейді Ғабит Мүсірепов.
2 жүргізуші:
—
«Бұл
да аз, — дейді француз жазушысы Луи Аргон, — әлемнің басқа
елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын;
бұл менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік
шығармалардың бірі. Әлемнің басқа елдерінен де
онымен тең түсетін шығарманы табу қиын».
1 жүргізуші:
—
«Абай
жолы»- роман эпопесының шығу тарихы. Оқитын 59 топ
оқушысы Утебаев Талғат.
2 жүргізуші:
—
Ең
талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған орасан биік
бағаға «Абай жолы» қандай қасиеттермен жетті? Бұл
сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән
негізгі ерекшеліктерге тоқталып өтейк.
«Абай жолы»
романының қасиеттілігі. Оқитын 58 топ оқушысы Айтжанова
Аида.
1 жүргізуші:
—
Мұхтар
Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай бейнесі туралы 59 топ
оқушысы Оразов Уәлихан дайындаған «Абай – ұлы
тұлға» тақырыбында бандамасын назарыңызға
ұсынамыз.
2 жүргізуші:
—
«Абай
жолы» романның жастарға берер тәлім-тәрбиесі туралы
мектеп психологы Бақыт Бөлекбаеваның «Абай рухани
ізгіліктері» бандамасын назарларыңызға ұсынамыз.
1 жүргізуші:
—
Көтеріп
күз қайғыны тартар едім,
Болмаса
құздан биік асқар ерің.
Әлемге
қазақ дауысын таратып сен,
Далама
даңқ берген асқар едің.
2 жүргізуші:
—
Бағына,
ел – жұртымның талайына,
Сен
құсап туған едің Абайыма.
Халқымның
мақтанышы, ардагері,
Атыңды
бүркемекпін талай мұңға?
1 жүргізуші:
—
Жырлаймын
дірлетіп қаламымды
Тебірене
және мақтан дала күллі,
Көтеріп асыл
сөздің мұнарасын,
Дауылдап
жазығында дана тынды.
2 жүргізуші:
—
Сол
сұлу мұнарадан сырлар тарап,
Жөнелер
ғасырларға жыр арқалап,
Жұлдыздай
қатар жанған төбемізде,
Асқардан
Абай, Мұхтар тұрар қарап…
1 жүргізуші:
—
«Абай
жолы» жіне Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы зиялы
қауымның жазған пікірлерімен танысу үшін 58 топ
оқушысы Караева Балзираның дайындаған «Көңілемде
қшпес бейне» атты баяндамасын назарыңызға ұсынамыз.
2 жүргізуші:
—
Мұхтар
Әуезовтің өзң ХХ ғасырдағы ұлттық
ой-санамыздың, сөз өнеріміздің асқар биігі,
әлем әдебиетіне қосқан халқымыздың
үлесін таразылайтын өлшем. Мұхтар Әуезовті Бальзакпен,
Толстоймен, Гетемен, Достоевскиймен, Тургеновпен, Шолоховпен салыстыру жиі
кездеседі. Әлем әдебиеітінің алыптарымен қатар
қою жағынан ал,анда, бұл дұрыста. Алайда, ір классик –
қайталанбас дара тұлға. Мұхтар Әуезові, сонан
кейін барып адамзаттың Әуезові.
1 жүргізуші:
—
«Абай
жолы» роман – эпопесы –қазақ әдебиетінің ғана
емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де
дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы
туындыларының бірі. Көптеген елдің адамдары бұл
романнан қазақ халқының жарты ғасырлық
өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдаын,
мідениетін, тұрмысын таныды.
2 жүргізуші:
—
Халықтың
азаттыққа, бақытқа деген арманы мен күрестерін
алғы кезекке шығарып көрсету, бұрынғы мен
бүгінгінің жанды жалғастығын сездіру мәселесінде
де «Абай жолы» қазіргі заман әдебиетіне жақсы
жаңалықтар қосты.
1 жүргізуші:
—
«Ғасырдың
үздік кітабы» оқырмандар конференциясын қорытындылау
үшін кітапханша Фатима Андрейқызына береміз.
Кітапханашы:
— «Абай жолы» жай
ғана тарих емес, ол көркемдік ойдың көрігінен өткен,
сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың
тағдыры, өткені мен кешегі жайындағы терең
толғаныс.
Мұхтар
Әуезовтің өзі – ХХ ғасырдағы ұлттық
ой санамызды, сөз өнеріміздің асқар биігі, әлем
әдебиетіне қосқан халқымыздың үлесін
таразылайтын өлшем.
Көрмеде –
уакыт сынынан мүдірмей өтіп, адамзаттың ақыл – ойы,
көркемдік даналығы туғызған ең үздік,
ең таңдаулы шығармалардың қатарынан орын
алған – Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы.
Ал, бұл
альбом – шежіре қазақ халқының ұлы ақыны
әрі ойшылы Абайдың шығармашылығы мен өміріне
қатысты оқиғалардан мол мағлұмат беретін
Маңғыстау өңірі мен Семей қаласындағы
тарихи ескерткіштер, табиғат көріністері, ежелгі өнерпаз
елдің бүгінгі рухани, мәдени тыныс – тіршілгі жайында
шежірелі сыр шертеді. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды
халқымыздың бір туар перзенттерін дүниеге келтірген осынау
құнарлы топырақ, қасиетті жермен жұртшылықты
етене таныстырады.
Өз
ұлтының мәдениетін, әдебиетін, тілін, дінін, ділін,
әсіресе өткен тарихын пір тұтқан адам ғана –
болашағы зор, көкірегі ашық, білімді, мәдениетті,
өркениетті елдің азаматы болатындығына сенімдімін,
2 жүргізуші:
—
Осымен
«Ғасырдың үздік кітабы» оқырмандар конференциясы
өз мәресіне жетті.
1 жүргізуші:
—
Келесі
кездескенше хош – сау болыңыздар.