Бастауышым балб?ла?ым сценарий

Бастауышым- балб?ла?ым атты сценарий.ма?саты:4 жыл бойы бастауыш сыныпта о?ып ?з ?йренгендерін, білгендерін ата- аналары, ?стаздар?а, ?она?тар?а к?рсету. о?ушыл

«Бастауышым- балбұлағым»

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер 4 жыл бастауышта білім алып, орта буынға қанат қаққалы тұрған 4- сынып оқушыларының «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Толқимыз, толқып тұрмыз баршаңыз да,

Мұндай күн болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметпен шақырайық,

Төртінші сыныбын ортамызға!

Жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырына тамсандырып сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,

Лаулап жансын болашағын шамшырақ!

Жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін міне бастауышпен қоштасып

Азамат боп кешегі сәби еркелер!

Жүргізуші:

Алдарыңызда тұрған балдырғандар осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп, жоғары сыныпқа өткелі тұр.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз!

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз. Құттықтау сөзін мектеп басшысы Кабдылуахитов Асыл Асығатұлына береміз.

Дипломдармен марапаттау

Жүргізуші:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені- дей отырып сөз кезегін оқушыларға береміз.

Дәулет:

Болашаққа болашаққа жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Максуд:

Армысыздар, құрметті ата-аналар,

Ұрпағыңбыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап, оқы деп,

Үйреткен ғой Яссауидей бабалар.

Аңсар:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Санжар:

Өнерге ошақ тәрбиең,

Бір сенен қуат аламын.

Жарылқашы тәңір ием,

Таудай ғой менің талабым.

Әр жыл сайын қаруланып білімнен

Алға дәйім мені бастап сүйредің.

Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен

Ардақтысын мектеп-алтын бесігім!

Ұлжан:

Әлі есімде мектепке келгеніміз

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Аңсар:

Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық

Өнерімізді көрсетіп

Құрметіне бұл тойдың

Ән мен шашу шашайық.

Оразәлі:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де

Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап бүгінгі сәніңізбен.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын

Осы сырды үйреткен бастауышым

Түстей болып міне бүгін артта қалдың.

Ұлан:

Білімнің қайнар бұлағы

Өнердің жарық шырағы

Тұрағы өзің, мектебім.

Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын.

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.

Сұлужан:

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр, алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Мектебім»

Максуд:

Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жиреніп,

Ақын болған кім бізге?

Десек, ол жан- мұғалім

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің

Сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім!

Дәулет:

Отанның ұланын,

Баулыған мұғалім.

Өзінсің ағытқан

Білімнің бұлағын

Мен сенің көктемін

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе

Алғысым көп менің!

Оразәлі:

Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,

Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.

Мені оқытып, өркенімді өсіріп,

Жалындатып, жанарымды нұр еккен.

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

Сұлужан:

Анамдай сүйем мен

Шеберін ғылымның

Ұстаздан үйренем

Өнерін білімнің

Үйретіп іс сазын

Мың жаса ұстазым!

Асылжан:

Сүйікті мұғалім

Бес алсам ұнадым

Екі алсам сынадың

Алдыңда әрқашан

Бас иіп тұрамын

Сүйікті мұғалім!

Аружан:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Нәріңді беріп құрғатпай

Сусаған шөлді қандырған

Сәулеңді шашып жүрекке

Жанымның отын жандырған.

Ән: «Ұстазым»

Жүргізуші:

Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады. Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға – деп айтуында терең мән жатыр. «Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дара шың. Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалады» деп алғашқы ұстаз Арайлым Қайратқызына сөз береміз.

Ұлдардың орындауында би

Смагулова Асылжанның орындауында би

Қыздардың орындауында би

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Кең құшағын аясындай гүл бақтың!

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Ән: «анаға сәлем»

Санжар:

Кеп кешегі тосырқау қайда қалған

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе

Жан дүниесін баланың жайлап алған

Асылжан:

Есігіңді ашқан балаңа

Құшақ жайдың мектебім сен қуана

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба

Сенен артық дүниені таба алам ба

Мектебім мәңгі бапкерім

Қарызбын саған бәріміз

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз

Аружан:

Білім деген байлық бар

Еш байлық оған жетпейді

Жасыңда оқып жиып ал

Тепкілесең кетпейді

Өртіңе де күмейді

Ұрылар да тимейді

Жатып ішер жамбастап

Жалқауды ол сүймейді

Ұлан:

Өтті оқу, сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достасып

Бастауышпен қоштаспақ

Ұлжан:

Қош бол, құтты Бастауыш

Алғыстарым көп менің

Ақыл-білім тәрбиең

Ой- санама еккенің.

Ән: «Туған жер»

Жүргізуші:

Қанаттары қатайды

Биікке енді самғаңдар

Білім жолы- сара жол

Ізденіңдер талмаңдар!- деп бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.

Бағдарлама

1ж .Ақ шаңқан ауыл,2005 жылы ауылға іңгалаған 32 бала дүниеге келді.

2 ж.Сол балалар 2011 жылы мектеп табалдырығын аттады.

3 ж. Ал, енді сол балаларыңыз бүгін бастауышпен қоштасқалы тұр.

1ж .Иә, біз бастауышпен қоштасқалы тұрмыз.

2ж. Оның ішінде бірінші Марина апайымыз,Шынар мен Гүлсім апайларымызбен.

3ж. 5сыныпта басқа да апайлармен достаспақпыз.

1ж.11 сыныпты 2022 жылы бітіреді екенбіз.

2 ж. Не дейді?Шын ба?

3ж. Ендеше болашақ 5 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

1ж .Армысыздар,жаны жайсаң қазақ елі!

2ж. Қайырлы күн!Қарыштаған Қазақстан!

3ж. Асқақтаған ауылымның жұртшылығы!

Ән. Хор .Ұстаздарыма.

ІІ.Оқушылардың әдеби-музыкалық монтажы.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға .

Қош келіпсіздер,ұстаздар,ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауыш сыныбым

Түскей болып міне бүгінгі артта қалды.

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын

Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

4жыл бойы оқыған

Ойға білім тоқыған

Құрметті біздің балалар

Орындалды ойымыз

Құтты болсын тойымыз!

Оқыңдар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген ұстаздар

Ән арнадық арнайы

Тағзым ете, ұстаздар.

Терең сезім шерткен сыр

Жаның сәуле нұр шашсын

Қалықтасын ән және жыр

Жүрек жарып, бүр атсын.

Хормен : Размет сізге, Ұстаз! Ән. Бейбіт күн тілегі. Әділеттің сөзі бар.

-2-

1ж . Бізде бала болғанбыз,- жазушы ағаларымыз айтқандай біздің де балалық шағымыз өте

қызыққа толы өтті.

2ж. Жібек, сен балабақшада болдың ба?

3ж. Әрине,болдым. Балабақша деген жақсы ғой.Міне, мынау Ками мен Нұрзаттың

балабақшадағы кезі еді.

1ж. Мен балабақшада емес, әжемнің тәрбиесінде болдым. Әжемнің ертегісін тыңдап өстім.

2ж. Кел,ендеше кішкентай кезіміздегі кім екенімізді ажыратайықшы. Мынау кім, балалар?

3ж. Ал,мынау томпиған бала кім?

1ж. Біз ата-ана құшағында бақытты болып өсудеміз. Айтыңдаршы, мынау кім?

2ж. Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған ,бізбен бірге уайымдаған ата-ана. Олар

бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.Жақсы бала –сүйеніш, жаман бала –күйініш

дегендей,біздің жетістіктерімізге ата-аналарымыз қуанады. Әрбір оқушының өмірі 3

кезеңге бөлінеді. Бастауыш,ортаңғы және жоғарғы саты. Біздің балалардың өмірінде бүгін

бірінші ,ең маңызды кезеңі аяқталып отыр.Оған олар 4 жыл бойы келді. Ендеше, әртүрлі

жарыс жеңімпаздарын ортаға шақырайық.

Біздің сыныптарымыз осындай.!

3ж. Біздің мақтаныштарымыз , біздің сыныптастарымыз.!

Ән. Достарым-ай.

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,күш құдіреті қасиетті ұғым жатыр.

Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.

Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі-деген Ы.Алтынсари атамыз.Жүрексіз өмір

болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп 1 сыныпқа алып барғаны.

Енді, міне сағымдай боп өте шықты.

4жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті?

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

-3-

1ж.Әділет,сен Нұртіленің 1 сыныпқа келген сәтін білесің бе?

2ж. Әрине, білемін. Біз оның атын аю деп атайтынбыз. Шын атын Нұртіле екенін сосын

білдік қой.

3ж.Пәлі,біз осы ата-аналарымызға біздің мектепке келген кездегі қызықты сәттерімізді неге

есіне алғызбаймыз?

1ж. Оның дұрыс екен, Жібек. Өзім әйтеуір ешқандай қиындықсыз отыра салдым.

2ж. Ал,сен ше,Жібек?

3ж. Оны біз әжелеріміз бен аналарымыздан сұрап көрейік.

1ж.Ендеше, ортамызда Алтынайдың әжесі отыр екен. Сұрап көрейік.

2ж. Сіздің алғашқы немереңізді әкелген сәтіңіз есіңізде ме?Алтынай сізге қиындық

туғызған жоқ па ?

3ж.Гүлназ апай, Мадиярдың мектепке келген кезін еске түсіріңізші.

Ата-ана қуанып шаттанасың

Оқып жүр деп балаңды мақтанасың

Алдарына бұлардың кім шығыпты

Барлық мықты мектеп ен аттанасың

Бас иіп,шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған , бізбен бірге уайымдаған ата-ана.

Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

1ж. Құрметті ата-аналар! Сіздерге төзімділіктеріңіз,шыдамдылықтарыңыз және түсініктеріңіз

үшін көп-көп рахмет. Сіздердің көмектеріңіз болмаса, осындай тамаша бүлдіршіндерімізді

-біздің бастауыш мектеп түлектерін шығара алмас едік.Сондықтан да сіздерге алғысымыз

Шексіз.

3ж. Шөлдеген адамға бір жұтым,су берген адам жұмаққа барады деген сөз бар..Мұғалім

,жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі,тәлім-тәрбиесі,үлкен жүрегі,мейірімі,уыстап

жұтқызған өмір шербеті-тіршілік зәмзәмі.

2ж. Құрметті ұстаздар!Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан зор

Алғысымызды білдіреміз!

1ж. Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,ыстығы

мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп,біздің көңіліміз болмаса, жаны қалмай

сұрап тұратын, ұлағатты,ұстаздар қандай тамаша қауым! Біз бүкіл осы ауыл тұрғындары

атынан кешегі бақылау департаметі тексеруінен өткенін құттықтай отырып,барлық №137

орта мектеп апайлары мен ағайларына тағзым етеміз!

Хормен: Рахмет,сіздерге Ұстаздар!

-4-

Даярлық топ оқушыларын ортаға шақырайық.

1о. О,мынау қандай керемет!

2о. Сіз кімсіз?Ал, сіз ше?Біз де сіздер сияқты болғым келеді.

1ж.Ұмтылысың жақсы екен. Олай болса, Бастауыш білім кілтін сендерге табыс етейік.

2ж. Бұл кілт арқылы сендер ұмтылған нәрселерінің барлығына қол жеткізесіңдер!

1о. Білім алуға,үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға

2о.Тәртіпті болуға, еңбек етугу, үлгілі болуға .Ант етеміз!

3ж.Құрметті оқушылар! Салтанатты сәт келді. Енді 5-сынып оқушыларының антын

беру керексіңдер!

1о.Біз достарымыздың,ата-аналарымыздың,ұстаздарымыздың алдында

2о. Ұстаздарымыздың берген ақылын, білімін, тәрбиесін естен шығармауға

3о. Ұстаздарымыздың жүйке-жүйесін тоздырмауға

4о. 5 пен 4 –ң құшағында қалықтауға, сүңгуге

5о. Мектеп ішінде жүгірмей,алыспай,жұлыспай,бірақ шапшаң қимылдауға.

6о. Тақта алдына шыққанда ең үздік қақпашы сияқты бір де сұрақты жауапсыз

қалдырмауға

7о. Ұстазымның атына кір келтірмеуге

Хормен : Ант етеміз! Гүлсім апай мен өзім сөйлейміз.

  1. Алғашқы ұстаз. Алтынай мен Аягөз.

  2. Вальс биі.

  3. Қос бәйтерек әні. Русланұлы Әсет пен Әділет.

  4. Қазақ биі Ғайниза.

  5. Көңілді күн әні. Сабира.

  6. Қазақстан сарбаздары. 4а -сынып ұлдары.

  7. Әкешім әні ,Алтынай.

  8. Тәжік биі 4б- сынып ұлдары.

  9. Жаяу әні. Әсет,Әділет,Нұрзат.

  10. Ұлттар биі.

  11. Хор. Қазақстан бақытты.

-5-

1ж.Мектепті ойлап өткен айы,жыл-күні

Сондықтан да мектеп үлгілі

Бағдат ағай –дана кісі басшымыз

Тәртіп пен мәдениеттің символы-деп мектеп директоры Бағдат ағайға сөз береміз.

2ж. Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан ата-ана да бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортамызға шақырайық ата-ананы.

3ж. Қоштасар кезегіміз де таяп қалды,

Өнерпаз өрендер де аянбады.

Көріскенше күн жақсы,о, халайық!

Осымен балдырғандар сіздермен қоштасады.

Бастауышым
–ба
лбұлағым.

(Бастауыш
сыныппен қоштасу кешінің сценарийі).

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қош келіпсіздер , құрметті  ата-аналар, 
қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар!  Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін
ерекше күн. Оның ерекшелігі – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған
кіп-кішкентай балдырғандар, енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш
сынып сатысынан орта буынға ұшқалы тұр.

                             Бесіктегі
баланың  күлгенін көрген бір мұрат,

                             Алдына түсіп
ананың, жүргенін көрген бір мұрат,-        

дегендей, бұл да бір қуанышты күн. Ендеше
қызықты да, ғаламат  өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз
жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге
дайын.

Ендеше осы шәкірттерімізді ортаға
шақырайық.
    (Музыканың әуенімен балалар вальс
билеп ортаға шығады).

Мұғалім:
Той бүгін- кең сарайда шалқып тасқан,

                    Той бүгін – жұрт
жиналып шашу шашқан,

                  
Той бүгін-  шат өмірді күйге бөлеп,

                  
Би билеп, асқақтатып, әнге қосқан.

                  
Бұл тойда жан табылмас тасымаған,

                  
Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,

                  
Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың

                  
Иелері- аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!    

1-оқушы: 
Армысыздар,
мұғалімдер — әз жандар,

                    
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

                    
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

                    
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-оқушы:   Қош
келдіңіздер, ақ жаулықты аналар,

                    
Жүздеріңнен 
мейірім мен нұр тамған,

                   
Алдарыңда жауқазындай құлпырған

                   
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

3-оқушы: 
Шаттанамын
,бүгін мен шаттанамын,

                   
Ғылым сырын түсініп мақтанамын,

                   
Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым –ай,

                  
Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.

4-оқушы:  Қоштасу
тойы басталды,

                   
Ән мен биге бастайық,

                   
Өнерімізді көрсетіп,

                   
Әнмен шашу шашайық.

5-оқушы:
 Білімнің
қайнар бұлағы,

                   
Өнердің жарқын шырағы,

                  
Тұрағы өзің мектебім

                   
Шәкірттің асыл қырағы.

6-оқушы:
 Өнерге
ошақ тәрбиең

                   
Бір сенен қуат аламын,

                   
Жарылқашы, тәңір ием

             
      Таудай ғой менің талабым.

7-оқушы: 
Мектебім-
менің бапкерім.

                   
Қарызбыз саған бәріміз,

                   
Өзіңе деген парызды

                   
Ақтармыз талай әлі біз.

8-оқушы:
 
Әлі
есімде мектепке алғаш барғаным,

                    
Өз қолыммен Әліппені алғаным,

                   
Санай ашып Әліппенің парағын,

                   
Әріптерге үнсіз, ұзақ қарадым.

9-оқушы: 
Тастаттың
да үйге еркелік, ойынды

  
                  Мектеп-ана биіктеттің бойымды,

                    
Икемі жоқ қолға қалам ұстатып,

                    
Түзеткенсің жолымды да, бойымды.

                    
Мектеп-ана, ұстаз-пана екенін,

                    
Сенен ұққан, алтын бесік мекенім,

                    
Сол пейілді көрмегенде ешкімнен,

                    
Түсінемін ұлылықтың не екенін.

                    
Жылылықтың сиясы бар сөзінде,

                    
Ұлылықтың ұясы бар көзінде,

                    
Ойын қуған еркелерден ой іздеп,

                    
Тентектігін алып қалған өзіңде.

10-оқушы: 
Арманым
сен алтын ұя мектебім,

                     
Саған
айтар жыр алғысым көп менің,

                     
Жүректерге жаққан білім шырағын,

                     
Мектебіме арналады бұл әнім.

«Мектебім
менің»  әні.

Мұғалім:
Адамзат
ең алдымен ана-әке алдында парыздар. Ата-ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда
салуды қаламайды. Ата-ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Келесі
кезекте өлең жолдарымыз ата-аналарға арналады.

11-оқушы: 
Мәпелейсің
мені анам,

               
      Қолыңдағы құсыңдай

                     
Құлпыра өсіп дем алам,

                     
Құшағыңда қысылмай.

12-оқушы: 
Үмітіңдей
көзіме ,

                      
Көп қарайсың үңіліп

                      
Еркелеген сөзімде,

                      
Ертеңіңіз тұр күліп.

13-оқушы: 
 
Таусылмайды
өлеңі,

                       
Күнде айтып береді.

                       
Барған сайын бір жаққа

                       
Кәмпит алып келеді,

                       
Әжем мені, өйткені ,

                       
Өте жақсы көреді.

14-оқушы:  
Өскенде
ал мен, енді

                       
Аралаймын әлемді,

                      
Сыйлық әкеп әжеме,

                      
Таң қалдырам бар елді

      
                Өте жақсы көремін,

                      
Өйткені мен әжемді!

15-оқушы: 
 
Ортаймасын
анам-әкем шаттығың,

                      
Аялаған ақ шынарым, ақ гүлім

                      
Уақыт өтер әжімдерің білінсе,

                       
Жүрегімді езіп өтер тәтті мұң.

16-оқушы:
 Ана
деген, әке деген мәнді атты,

                     
Жетем саған талмай ұшып қанатым,

                     
Өздеріңсіз өшпес өмір өзегім,

                     
Ұрпағына бақыт тілеп қалатын.

17-оқушы:  
Дүниенің
жарық күні анамыз,

                      
Дана болсақ анаменен данамыз,

                      
Алдыменен тыңдаңыздар , ағайын,

                      
Аналарға арнап бір ән саламыз.

«Анам-әкем»
әні.

«Кеңес»
күйі.

Мұғалім:
 Ғалым
да, батыр да, ақын да, диқан да, көк күмбезін шарлаған ғарышкер де,  ақ халатты
абзал жан дәрігер де,  мал баққан шопан да бәрә-бәрі ұстаздан тәлім алған.
Сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адамзат құрметпен бас иеді.

18-оқушы: 
Есімде
ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

                     
Айқара есік ашып тастағаны,

                     
Бір мереке думан боп осы маңда

                     
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

19-оқушы: 
Енді
міне, сағымдай боп өте шықты,

                     
4жыл уақыт аз ба екен ,  кім біліпті?

                     
Ұстаз-ана жасады мына бізден,

                     
Ел таң қалар  азамат бір-бір мықты.

20-оқушы:
 
Үйретіп
бізге алғаш әліппені,

      
               Ұстазым ғылымға жол салып берді,

                      
Адамның ой-арманы, мақсаттары,

                     
Оқудың сәулесімен жарық көрді.

21-оқушы:   Жүзің
жылы, құшағың кең,

                      
Сенен тілеп ұшамын мен

                       
Өзің берген біліміңмен,

                      
Биіктерге шығамын мен.

22-оқушы:
  
Ақылшы
асыл ұстазым

                      
Өзіңе мен де ұқсармын,

                      
Жеткенше қайрат, күш-әлім

                      
Биікке самғап ұшармын.

23-оқушы:
   
Бізге
шаттық әкелді,

                       
Басшы болып әр істе.

                       
Ұсынғаны адалдық,

                       
Үйреткені адамдық,

                        
Біз басшыға тілейміз,

                       
Бақыт, табыс, амандық.

24-оқушы:  
 Күлімдеп
жанары,

                        
Біздерге жиі кеп

                        
Сынақтар алады.

                       
Оқысаң нашарға,

                       
Түйілер қабағы,

                       
Бестікті көп алсаң,

                       
Мәз-мейрам болады.

24-оқкшы:  
Зәурегүл
апай өнерлі,

                       
Әсем әннің шебері

           
            Қызықтырып ән-күйге,

                       
Бізді үйретіп келеді.

25-оқушы:  
Тұғырын
үш тілдің

                       
Білуді қош көрдім,

                       
Рахмет ұстаз үйреткен,

                      
Біздерді тіліне Пушкиннің.

26-оқушы:
 
 Диана
апайға біз сендік,

                      
Шетел тілін үйрендік,

                      
Ағылшынша жазып та,

                      
Біз сөйлеуді үйрендік.

27-оқушы:
  Денемізді
шынықтырған,

                      
Ойындармен қызықтырған,

                      
Еңбегімен есейдірген,

                      
Жанат ағай, рахмет бізден.

Бәрі:            
Бар білгенін аямаған,

                     
Өз гүліндей аялаған,

                     
Мың рахмет ұстаздарға.

«Ұстазым»әні.

28-оқушы: 
 Бастауышым-
балбұлағым,

                      
Лаулап жансын шамшырағың,

                      
Өзің берген біліміңмен

                      
Самғап ұшты тауқыраның.

29-оқушы: 
 Жүрегімде
ұстаз берген сабағы,

                      
Өн бойыма тамырланып тарады.

                      
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын.

                      
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

30-оқушы:  
Ақыл-ойың
жаңғырып,

                      
Басауышпен қоштасқан,

                      
Өңкей білгіш балдырған

                      
Өсті бойың, ойларың

                      
Құтты болсын тойларың.

31-оқушы:  
Өтті
менің қызық шағым,

                      
Бастауышым –балбұлағым.

                      
Қоштасар шақ жетті міне,

                      
Қимастықпен қол бұлғаймын !

                      
Қош бол, қош бол,

                     
Сүйікті бастауышым!                       бәрі

«Соңғы
қоңырау»  әні.

Мұғалім:    
Бүгінгі
кеш әр үйдің той басы деп саналар,

                     
Балалардың есімі әулеттерге таралар

                     
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

                     
Ақ тілекпен балаларға тілек айтар қонақтар- деп, келесі сөзді қонақтарымызға
береміз

1.       
Мектеп
директорына сөз.

2.       
Тәрбие,
оқу-ісінің меңгерушілеріне сөз.

3.       
Ата-аналарға
сөз.

4.       
Мұғалімдерге
сөз.

Оқушыларға,
ата-аналарға марапат қағаздарын тапсыру.

Мұғалім:  
Бастауыш
сынып білімі- бар білімніңи іргетасы, тірегі. Ендеше осы алған              
білімдеріңді пайдаға асырып, үлкен табыстарға жетіңдер. Тәуелсіз еліміздің
тірегі боп өсіңдер дей отырып, мына өлең жолдарын сендерге арнаймын:

                                        
Балғындар, құтты болсын қадамдарың,

                                       
Жарқын болсын білімдегі болашағың.

                                       
Аттағалы тұрсыңдар бүгіндері,

                       
                Білімнің екінші бір баспалдағын.

                                       
4 жыл да міне, теп-тез өткерді,

                                       
Білім жолда өтті талай өткелді,

                                      
«Әліппені», «Ана тілін» үйреткен,

                                       
Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.

   
                                    Қанаттарың қатайды,

                                       
Биікке енді самғаңдар,

                                       
Білім жолы сара жол,

                                       
Ізденіңдер талмаңдар.

Құрметті
ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! «Бастауышым-балбұлағым»    атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Зейін қойып, тыңдағандарыңыз үшін  шексіз алғысымызды білдіреміз. 

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде  өмірге есік ашатынын сезіндіру.

Білімге деген құштарлығын  арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті  яғни , білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу,  тәрбиелеу. Ақыл ой-өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен ,білімнің алғаш ашқан ұстаздарымен  қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

  1. Бастауышпен қоштасу мерекесі (сценарий)
  2. Бастауышым-мөлдір бұлағым! (сценарий)
  3. Бастауышпен қоштасу (сценарий)

Көрнекілігі: жазылған сөздер.
1.«Бастауышым- балбұлағым».

2.  «Білім кілті- бастауышта».
3.   «Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді».

4.  «Оқусыз- білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ».
5. «Оқу- білім бұлағы
Білім өмір шырағы».

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Бастауышым — балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты  болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп – кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарыңа нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып,  қошеметтеп шақырайық,
Төртінші сыныпты ортамызға.

1-    бастаушы.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
Бүгін міне, қоштасады  бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2-бастаушы.
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз , өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне,бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби еркелер.
Бастаушылар қосыла:  Қош келіпсіз құрметті қонақтар!

Хормен:   Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.

1-    бастаушы: 
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.  ( шашу шашылады).

1-оқушы:
Есімде ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт  аз ба екен , кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

2-оқушы:
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.

3-оқушы.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кеппес мәңгілік,
Мейіріммен  жауырынымнан қаққаның.

4-оқушы.
Жүзің жылы құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.

5-оқушы:
Ақылшы асыл ұстазым,
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім,
Биікке самғап ұшармын.

2-    бастаушы: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.»Жақсы мұғалім- мектептің жүрегі» деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол –ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

1-    оқушы:        Оқыңдар ұл-қыздар деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете ұстазға!
Ән:  «Ұстазым».
Ұстаздарға тілек айту: (сабақ берген ұстаздарға арналады.)
Би : «Қара көйлек киген аппақ қыз».

7-оқушы.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз , қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады,
Деуші едің, — біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол.
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші еді бізге айтып өлең , тақпақ
Танысып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жыртпай өмір бойы жүрем сақтап.

—    Балалар, 1- сыныпта жазған дәптерлеріңді сақтап қойған болатынмын, соны өздеріңе ұсынуға  рұқсат етіңіздер. 1 – сыныпта жазуларың қандай болғанын көріп, тамашалаңдар.

8-оқушы:
Дайындық топта оқытқан.
Есімі бізге қымбатты.
Ұмытпаймыз Зарина әпкейді,
Тал бойы әсем , сымбатты.
Би: «Сыған серенадасы».
Ән:  «Ақ жаңбыр».

9-оқушы:
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,
Өз қолыммен «Әліппені » алғаным.
Санай ашып әліппенің парағын,
Әріптерге ұзақ үнсіз қарадым.

10-оқушы:
Мектеп, мектеп — ашық жарқын көңілім,
Мектебім — шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп – әнім болып төгілдің,
Мектебім – жан анам боп көріндің.

11-оқушы:
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Шәкірттің асыл қырағы.

12-оқушы:
Мектебім — мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.

13-оқушы:
Бастауышым – балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті осында қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән: «Мектебім».
Тамашадан үзінді: «Қазіргі алфавит».
Шаншар  әзіл   сықақ–театрдан  үзінді: « Жолда».
Би: өзбек биі «Назар-назар.».
Куй тарту: « Қос  алқа».

1-    бастаушы:
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.

Би:     Ұлдардың орындауында   өзбек биі «Полка.»

2-    бастаушы:
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты алып.

Мұғалім сөзі: Оқушылар мен сендерге өз портфолиоларыңды ұсынамын, мұны жоғалтпай 5-ші сыныпқа дейін сақтаңдар.

Ата – аналарға сөз:
1-    бастаушы:
Қағылды міне әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,
Шындық па осы япыр – ау!

Соңғы қоңырау соғылады.

Қорытынды: Келгендеріңізге көптен – көп рахмет.
Қош сау болыңыздар.

Басқа материалдар:

  1. Перспективалық жоспар (Балабақша жоспары)
  2. «Қош бол, бөбекжай!» (сценарий)
  3. Жолың болсын, балдырған! (балабақшамен қоштасу сценариі)
  4. Вагон сүйреген паровоз. Балабақшадағы ашық сабақ
  5. Балабақшадағы жігіт сұлтанының сценарийі
  6. Рәміздер туралы тәрбие сағаты (Балабақша)
  7. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  8. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  9. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  10. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  11. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  12. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  13. «Төрт түлігім – ырысым» (балабақша жоспары)

«Бастауышым — балбұлағым» атты бастауыш сыныппен қоштасуға арналған сценарий 4 «А», «Б» сыныптарына негізделіп құрастырылды. Білімнің сара жолы мектептен басталатын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Тақырыбы: «Бастауышым – балбұлағым»

Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, —

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отыр. Ендеше қызыцты да, ғаламат озгерістер сыилаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым- балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1 – жүргізуші Гүлназ

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әнімен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2 – жүргізуші Мәди

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби еркелер.

Хормен: Мектеп – кеме, Білім – теңіз

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

1 — жүргізуші Мәди

Армысыңдар ұстаз қауым ата – ана,

Құлақ түрің жақсы лебіз батаға

Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп

Бастауыштың балалары ата – ана.

2 — жүргізуші Гүлназ

Би биленіп ән айтылар аспандап

Бірте – бірте көтерілді баспалдақ

Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе

Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ

1 – жүргізуші Мәди

Барлық білім бастауыштан басталған

Алғыс саған үлкендермен жастардан

Рахмет саған алғаш ұстаз апайым

Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.

2- жүргізуші Гүлназ

Риза болшы ұстаз қауым ардақты

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты

Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де

Бастауышты орта буын жалғапты

1- жүргізуші Мәди

Қадірлі : ұстаздар, Ата – аналар, Оқушылар!

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,

Білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын

Қалаған бастауыш мектебімізбен.

2- жүргізуші Гүлназ

Сондай-ақ біздің ыстығымызға

Күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан

Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы

Ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Екеуі бірге: Ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші Гүлназ

Мәди, ал енді замандастарымызды, түлектерді, көңілді де ақылды 4 сыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын.

(вальс ырғағымен оқушылар мен ұстаздар кіреді, орындарына барып тұрады)

Оқушылар қаз – қатар тізіліп тақпақтарын айтады.

Гүлназ: Жырын жаттап жатамыз,

Жалықпастан қыс-жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз;

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастап көп елге.

Кел, балалар оқылық!

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқығанннан кезінде

Озған алғаш сол екен

Әліппенің озін де,

Жазған алғаш сол екен.

Бұларды да мектептен

Білдік алғаш оқып біз,

Ұлы болып кетсек те,

Ұлы ұстазға шәкіртпіз.

Аида: Есігіңді алғаш ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?

Сенен артық дүниені табам ба?

Ақбаян: Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,

Күліп –ойнап бірімізбен-біріміз.

Алдияр: Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын,

Кетер мәнгі сөнбей талай жылдарға

Мектеп,мектеп- ашық жарқын көңілім

Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім

Мектеп,мектеп әнім болып төгілдің,

Мектеп,мектеп жан анам боп көріндің.

Жұпар: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен

Жаныма сіңді сенің асыл киең.

Сарқылмас бастаусың ұлылықтың,

Мектебім саған мәңгі бюасымды ием.

Өзіңсің балауса көктемім

Мен сенен нәр алдым,көктедім

Өмірде алғашқы өткенім

Рахмет саған, бастауыш мектебім.

Нұрсұлтан: Арымсың алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Динара: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны

Айқара есік ашып тасталғаны.

Бір мереке думан болып осы манда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Енді, міне сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз-ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Дастан: Балғын шақта келіп едім,

Бала қызыққа еніп едім,

Тағдырымнын білігін де

Сеніп сізге беріп едім.

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенде жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріміммен арқамыздан қаққаның.

Құралай: Жүзің жылы құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз , қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де дер әріпті.,

Қуаныш: Қоссандар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,- біліммен күш толады.

Алғыр болл, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен не істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең,тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Еламан: Жақсылықты жақтаймыз

Бәрін біліп жаттаймыз.

Кітаппенен дос болып,

Сенімдерді ақтаймыз.

Мәди: Ұстаздың бар айтқан,

Ұлағатың ұғындар.

Сөйтіп әрбір сабақтан,

Сәл есейіп шығыңдар.

Ұстазым- ұлағатты сая бағым

Шәкіртті өз балаңдай аяладым

Қолыма әліппенің кілтін берген

Адалдық ақ жолынды бағаладым.

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбен

Ұстаз әнің жаңғыртыпайтып тұрып.

Ізімқайыр: Жүзің жылы құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

(оқушылар ортаға жинақталып тұрады)

Гүлсая: Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар.

2-жүргізуші Мәди: Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Гүлсая: Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерлерін көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Биден шашу шашылсын!

Би: «Джемми». Орындайтындар: Қуанышбаева Аида мен Тұрғалиева Гүлназ

(Би биленіп жатқан кезде безендірілген орындықты ортаға апарып қою, оған хан барып, орындықта ұйықтап отырады. Оның қасына уәзір барады да қалғып-мүлгіп желпіп тұрады )

Сахнада би биленіп жатады. Сәлден соң музыка бәсеңдей барып тоқтатылады. Сахнада хан және күтуші отырады. Хан ұйықтап отырады. Күтушілері қалғып мүлгіп, оның артында желпіп тұрады. Сәлдең соң есінеп, керіліп оянады, жан жағына қарайды.

Хан: Ой,бұл өзі таң атып кетті ме? Кеш батып кетті ме? Әлгі уәзір мен ШаҺизада қайда?

Уәзір,Уәзір деп айқайлайды.

Уәзір: Қуланып жүгіріп келеді

Уа,хан мен мұндамын,ұйқыңыз жайлы болдыма? Не бұйырасыз?

Хан: Әлгі Шаһизада келдіме?

Уәзір: Жоқ,ханеке таң атты,кеш батты Шаһизада әлі жоқ.

Хан: Бұл не қылған сұмдық тауып кел

Уәзір: Жарайды ханеке бұйырығыңыз орындалады.

(Араб музыкасы ойналады, Шаһизада билеп келіп, Ханға сәлем береді)

Шаһизада:Сәлем бердім,ханекем!!! Көрмегелі ай өттіме, жыл өттіме, көп кешіктім айыпқа бұйыра көрмеңіз.

Хан: Көрмегелі көп айдың жүзі болды. Сен жаңа заманға кеткелі хан шаһарында елеулі өзгерістер жоқ. Өзіңнің көреген білгендерінді баян ет.

Шаһизада: Айтсам ханекем айтайын

Қабағыңды байқайын

Таң қалатын бір іс бар

Көп сөз етіп жатпайын

Жаңа заман жақсы екен

Бақ беретін жақта екен

2012 –ні қарсы алып

Таң нұрланып атты екен

Мектеп деген бар орын

Ұстаз қойған талабын

Бастауыш пен қоштасу

Болады екен сол жерде

Рұқсат етсен ханекем

Мен де барам сол жерге.

Хан:Уа,Шаһизада,сонда жаңазаман 2012 жылға жеткен бе? Мұғалім деген кім өзі?

Шаһизада: Мұғалім білім береді. Нағыз күш сол жақта.

Хан: Шаһизада бұл жерге бізді де апаршы.

Уәзір: Құп, ханекем,мен дайынмын

Шаһизада: Жүріңдер ендеше.Ең бірінші баратын жеріміз, Садовый бастауыш мектебіндегі 4-сыныбында өтіп жатқан «Бастауышым — балбұлағым» атты ертеңгілігіне барайық.

Гүлсая: Қош келдіңіздер, қонақтар!

Адасып жүрсіздер ме?

Қай елді мекенінен келесіздер?

Хан: Армысың балам! Біз ертегі еліндегі хан шаһарынан келеміз. Жаңа заманның бүлдіршіндердің өнерін тамашалаймыз.

Гүлсая: Жаңа ғасыр, жаңа заман, біз биыл 2012 жылға аяқ бастық. Шәкірттердің

өнерін тамашалаңыздар. Жүріңіздер, өздеріңізге қолайлы жерге жайғасыңыздар.

Хан,уәзір,Шаһизада үшеуі бір орынға отырады.

Гүлсая: Құрметті ханекем! Қазір біз өздеріңізге арнап 4 – сыныптың оқушылары «Испан» биін билеп береді. (Орындайтындар: Динара, Ақбаян, Гүлназ,Құралай)

(Бидің ортасында Хан, Уәзір, Шаһизада билеп шығып кетеді)

Гүлсая: Армысыздар әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық, ей халайық,

Ән айтатын әншілерді «Бақыт» әнімен қарсы алайық.

Ән: Бақыт

Орындайтын: Ахабаева Жұпар мен Құлжанбаев Қуаныш

1.Бақыт жайлы менің мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық , бірде мүң

Бақытты сол сауаттанып төрт жылда

Білім Іздеп азаптанса кімде кім

Қ-сы:Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің

Бақытым да балалығым сол менің

Бастауышта ойнап- кү…

БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ!

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға білімнің сара жолы мектептен басталатынын ұғындыру.
  2. Білім ордасын, ұстаздарын құрметей білуге, Отанның адал ұл- қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Суреттер, плакатарға жазылған қанатты сөздер, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Бірінші бөлім.

Бірінші жүргізуші:

  • Армысыңдар мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жаяқарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып би билеп ән де бүгін аитылар.

Екінші жүргізуші:

  • Аяулы ата-аналар оқушылар ұстаздар Біз бүгін  ең алғаш қалам ұстатып  Әліпені ұсынған алғашқы ұстазымызға алғыс айту салтанатына жиналып отырмыз. Бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған мектеп-анаға алғысымызды білдіреміз.

Бірінші жүргізуші:

  • Енді « Бастаушым-балбұлағым » атты ертеңгілігімізді бастаймыз!

Екінші жүргізуші:

  • Бастауыш сыныпты бітіруші түлектерді ортаға шақырамыз!

Бірінші оқушы:

  • Білім алған өзіңнен

Дәрігер ұшқыш не ғалым

Саған ыстық сезіммен

Қарайды жұрт мұғалім

Екінші оқушы:

  • Мен де өзіңді әрдайым

Қамқор деп ұғамын

Күліп атқан таңдайын

Жақынсың сен мұғалім

Үшінші оқушы:

  • Үйретіп бізгі алған әліппенні,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның, ой-арманы мақсаттары.

Оқудың саулесімен жарық көрді.

Төртінші оқушы:

  • Өмірге жол бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенен жатадым

Ұстаз ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның

Бесінші оқушы:

  • Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Хор:  «Ұстазым».

Алтыншы оқушы:

  • Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын

Жеткенше қайрат күш әлім

Биікке самғап ұшармын

Жетінші оқушы:

  • Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Сегізінші оқушы:

  • Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Дәуі едің білімнен күш толады

Алғыр бол әдепті бол сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады

Тоғызыншы оқушы:

  • Беруші ең бізге айтып өлең ,тақпақ.

Таласып алушы едік біздер жаттап,

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Оныншы оқушы:

  • Өтті сенде қызықшағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне

Қылмастықпен қол бұлғаимын

Он бірінші оқушы:

  • Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

Хор: «Мектебім».

Он екінші оқушы:

  • Бізді болашаққа не бастаиды

Оқушылар

Ұстаздың көрсеткен жол

Ата ананың ақылы

Болашаққа деген сенім

Он үшінші оқушы:

  • Балғын шақта еліп едім,

Бал қызыққа еніп едім.

Тағдырымның біллігінде,

Сеніп сізге беріп едім.

Ән: «Ананың тілі – аяулы үні»

Он төртінші оқушы:

  • Құрбыласпыз!

Тұрғыласпыз!

Барлығымыз бір класпыз!

Таланттымыз!

Талаптымыз!

Жақсы оқимыз сабақты біз!

Он бесінші оқушы:

  • Мектеп кеме білім теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

Он алтыншы оқушы:

  • Біз гүлденіп жайнаған,

Гүллстанды отаны.

Бірін-бірі сыйлаған,

Туыскандар Отаны.

Он жетінші оқушы:

  • Оқытты ұстаз анамыз.

Өсті білім санамыз

Білгім ер боп өсетін,

Біз бақытты баламыз.

Он сегізінші оқушы:

  • Бойымызда бұл күш,

Еркін өскен ұланбыз.

Оқу білім үйренген ,

Ұстаздарға мың алғыс.

Он тоғызыншы оқушы:

  • Ақылшым,асыл,ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша кеп,

Қамқор боп, қалам ұстаттың.

Жиырмасыншы оқушы:

  • Жалықпай үйреттіңде балаларды,

Өмірге тарту еттің даналарды.

Ізгілікке жол ашып көрсетумен

Қара шашын қыраулап ағады.

Жиырма бірінші оқушы:

  • Шәкірттеріңді тыңдап жауап, сұрағын,

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып, жол сілтеген өмірге,

Барша жанға құрметті жан-«Мұғалім».

Ән: «Ару Ана».

Бірінші жүргізуші:

  • Нұр жүзіңне жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерін сүйген таза көңілден.

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,

Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

  • Бүгін біздер алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтамыз.

Бәрі хормен:

  • Ұстаздарға мың алғыс! (3 рет)

Екінші жүргізуші:

  • Ұстаздар жаққан шырақты,

Өмірмейік балалар.

Бәрін-бәрін білсен,

Оқи берсен кітапты.

Хор:   «Қоштасуға арнау».

«Қайдасыңдар құрдастар» сазымен айтылады.

Төрт жыл бұрын білім жолын бастап едік,

Босағасын бұл мектептің ашқан едік.

Бәріміз де кіп – кішкентай сәби болып,

Келіп едік,құрдастар.

Енді міне бастауышпен қоштасамыз,

Қыркүйекте үлкендермен достасамыз.

Бал – бұл кезім қайда,

Балғын кезім қайда,

Бал – бұл кезім,балғын кезім қайда екен.

Ұмытпаймыз мөлдіреген көздеріңді,

Ұмытпаймыз  «балам» деген сөздеріңді.

Жүзің жылы,құшағыңыз кең ашылып,

Қарсы алдыңыз ұстазым.

Біз тілейміз өзіңізге мол бақытты,

Өміріңіз ұзақ болсын мол шаттықты.

Асылдарым қайда,

Жақындарым қайда,

Асылдарым,жақындарым қайда екен.

Бірінші жүргізуші:

  • Бітіруші түлектер,

Жүктелер бар аманат.

Айтылар ізгі тілектер,

Болмасын еш жаманат!

Екінші жүргізуші:

  • Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар,

Ертенгі ірі ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқу мен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар!

Қоштасу вальсі. (Барлық оқушылар билейді.)

Екінші бөлім.

Оқушылар күшімен әзірленген концертпен жалғасады.

Соңы.

Құттықтау сөз: 1. Мектеп директорына

  1. Оқу ісі менгерушісіне
  2. Тәрбие ісінің менгерушісіне
  3. Ата-аналар комитетіне

Беріледі.

1

Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең

дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға,

білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті

бағалай білуге тәрбиелеу. Атаанасының, Отанының адал ұлқызы болуға жетелеу,

тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан

ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз

ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Кіріспе бөлім:

(Көңілді музыка ойнап тұрады)

Көңілді әуен ойналып, ортаға сынып жетекшілер мен оқушылар билеп шығады.

Сынып жетекші Гаухар:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп,

ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген

шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым – балбұлағым»

мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Сынып жетекші Жанар:

Құрметті атааналар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күн барлығымыз үшін ерекше күн!

Бұл күннің ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған

балаларыңыз ақылойы толысып, оң мен солын айырып, жаман мен жақсыны

ажыраты білуді үйреніп, ең қызық шағы бастауышпен қоштасқалы тұр. Ендеше осы

қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Ортаға бүгінгі тойдың иесі 4 сынып оқушыларын шақырайық.

Ортаға Текебай Ақылбек, Аташ Ақтілек, Есенбай Қосымбек шығады.

Ақылбек: Құрметті ұстаздар мен атааналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар,

Ұлқыздарың көрсетпекші өнерін,

Бар қауым тамсана таңдай қағар

Ақтілек: Dear teachers and students! Welcome to our party «Бастауышым –балбұлағым»

2

Қосымбек: Добрый день, дорогие друзья,

Гости, родители, учителя!

Мы очень рады видеть вас

В этот день и в этот час.

Көңілді әуен ойналып, ортаға Дукамова Сәнтөре, Рахим Ахмет, Ишанғұл

Ақтоты, Отегенова Қызжібек, Серік Жарылқасын шығады.

Іс келгенде алдына

Жан салмайтын қызымыз

Ер мінезді, көрікті

Сәнтөре біздің ержүрек

Атыңнан айналайын Ахмет деген

Сенің жақсы ісіңе баға берем

Жеңіс туын тігерсің болашақта

Үміті зор осы сыныптың саған деген

Ақтоты деген қызымыз

Қатысқан талай сайысқа

Тамылжытып ән айтып

Жеткен талай табысқа

Мың бұралып би билеп

Әркез алға ұмтылған

Қызжібегіміз біздің

Әсемдікті ұқтырған

Жайсаң, жуас мінезі

Жарылқасын бар бір ізді

Тәрбиелеп баптаған

Анасына мың алғыс

3

Көңілді әуен ойналып, ортаға Жақсылық, Аягөз, Сағыныш, Аружан шығады.

Білімімен талайларды тамсандырған

Асып көрші білімді Жақсылықтан

Сыныбыңа бол қашанда ардақты

Ақ жолыңнан тайма осындай салмақты.

Үндемей бәрін тындырған

Сыныптың салмақты қызысың

Жымиып күлген күлкісі

Аягөздің тұйық мінезіай

Білімді, ақылдысы сыныптағы

Талай қиын есепті құрықтады

Сағыныштың алдында талай іс тұр

Болашақта жандырар үміт отты

Өзі ұялшақ үндемес

Мінезіне ешкім тең келмес

Үндемес қыз Аружанға

Сыныпта ешкім тең келмес

Көңілді әуен ойналып, ортаға Маржан, Елтай, Айдана, Нұрсұлтан шығады.

Ару қызы қазақтың

Мектептің бір озаты

Келбеті де сымбатты

Маржан біздің ибалы

Он саусағынан өнер тамған

Есепті де жаңғақша шаққан

4

Үздігіміз сыныптың

Елтай келді ортаға

Барлық істе алда жүретін

Ән, айтып, биде билейтін

Сыныптың белсенді аруы

Айдана өнерлі қызымыз

Математика елінде жан салмайтын

Жауабын табар талай сұрақтың

Сыныбының атақты белсендісі

Нұрсұлтан келеді арамызға күлімдеп

Көңілді әуен ойналып, ортаға Ғани, Ырысбек, Айдана, Альбина шығады.

Ер жігіті қазақтың

Еркесі Ғани бір үйдің

Адалдықты жаны сүйген қашаннан

Ол қатарынан қалмаған

Ер жігіті елімнің

Тұлғасы көкте самғаған

Қатысқан талай жарысқа

Спортшы Ырысбек сахнада

Сабыр берген салмақты

Ақыл берген ардақты

Айжандай қызға

Әсемдік берген жанжақты

Дараласа әкесі, аялаған анасы

5

Ән де, би де, өнер де

Бір өзінен табылған

Альбинаға қарашы

Ортаға Жарылқасын, Қызжібек, Карина шығады.

Ән: «Бақытты балалық шақ»

Қосымбек: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,деп Абай атамыз

айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан,

бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі

анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән жырларын

айтпас бұрын, ұстаз туралы не білеміз?

Ақтілек: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі

шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Ақылбек: Дұрыс айтасың Ақтілек, ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен

бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер

де, бәрібәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Ақтілек: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын

да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса

келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Аружан: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Нұрсұлтан:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Маржан: Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

6

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

Ғани: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

Аягөз: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Сағыныш: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың , даналардың .

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Айдана: Кепкешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.

Ырысбек: Нұр құйған санасына зейіндінің.

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,

Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Ақтоты: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

7

Альбина: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқтанған.

Ақылбек:

«Әліппе тану арқылы»

Күні кеше ғана

Қолыма гүл алып,

Мектептің есігін ашқам,

Томпиып, ұялып…

Мен сынды «біріншілер»

Үрпиіп тұрып қалған.

Сөз күтіп сүйіншілер,

Қуантып шығар алдан.

Қандай, ә, менің сыныбым,

Тәртіппен қаздай тізілген!

Күтіп тұр, дайын сыныбың,

Жүріңдер менің ізімнен.

Алғашқы ұстаз осылай,

Жетектеп бізді әкетті.

«Ұстаз ана» деген сөз.

Санама сонда сақ етті

Жапжарық екен бөлмеміз,

Отырдық тұңғыш партаға

Ұстазымыздан өңгеміз

8

Сұрақты салып «қалтаға»

Аяулы ұстаз жұмсақ үн,

Танысты барлық баламен

Жайдары екен нұр жүзі,

Ұрланып байқап қарап ем

Сол күннен бастап бәріміз

Қайталап ұстаз үлгісін

Тауысып біттік «Әліппе»,

Әріптің танып күллісін.

Ерен ғой ұстаз еңбегі,

Терең ғой жұмыс шеңбері

Әліппе тану арқылы

Түйген ойосы мендегі.

«Бастауышпен қоштасарда»

Жақсылық:

Төрт жыл бұрын қыркүйектің бірінде,

Ойыншықтарды айырбастап білімге

Оқимын деп мектеп іздеп келгенде

«Кімнен?» деген сұрақ тұрған түрімде

Қуаныш пен қорқынышым тең түсіп,

Оқушыға айналғанмын ең кішік.

Томсырайып, жатырқаған жанжағын,

«Біріншілер» еркелігі желге ұшып.

Бірбірінен айнымайтын ұлқызды,

Әдепті апай сапқа түзу тұрғызды.

Сол кісі екен біздің алғаш мұғалім,

Жас жүректер кілтін тапқан, нұр жүзді.

9

Содан бері төрт жыл өтті зуылдап

Ұстаздың көп күш қуатын шығындап,

Әріп танып, жазып, оқып үйрендік,

Есеп құрап, біз, беймаза шуылдақ…

Соның бәрі алғашқы ұстаз еңбегі,

Алғашқы ұстаз, адам қылдың сен мені!

Бастауышпен қоштасарда қабыл ал.

Мың алғысты сыныптас пен мендегі!

Қосымбек: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Би: «Ламбада»

Ән: «Мектебім»

Мұғалім сөзі: (Өткен материалдардан сұрақтарға жауап алу)

Тапсырмалар орындалады

Ақтілек:

Енді оқушылар 4 жыл көлемінде сабақ беріп, білім нәрімен сусындатқан пән

мұғалімдерін құттықтайды.

Сәнтөре: Балғын сәби болсақ та

Қадіріңізді білеміз

Қай қиырға қонсақ та

Май нем из деп үйреткен

Орынша апай

Өзіңізбен біргеміз.

Жарылқасын: Ән салғызып, билетіп

Нотаны да үйретіп

Жаулап алат жүректі

Ән мен күйге бөлетіп

Хорға да бізді дайындап

10

Әрбір іске қарайлап

Түзел апай тұрады

Көзінен күнде нұр ойнап.

Айжан: Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі

Тым еңбекқор, жантәні де әдемі

Көркем жазу сабағында әдемі де, көркем жазуға

Айнаш апай үйретеді біздерді

Ақтоты: Бұл тілдің сан қырларын бағындырған

Сабақтары біздерді сағындырған

Ақкүміс, Ақмарал апайлар сөйлеп кетсе

Орысыңның өзінде жаңылдырған

Қызжібек: Асыр салып ойнаймыз

Жаттығуды жасаймыз

Бойымызға күш жинап

Шынығуға жараймыз

Бибігүл апай сіз үшін

Бәріне де дайынбыз.

Нұрсұлтан: Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне

Қимастықпен қол бұлғаймын

Набат апай, Назира апай, Гаухар апай,

Рыскүл апай, Шолпан апай, Әсем апай

Сіздерге үлкен рахмет.

Ән: «Жарқын жүзді ұстазым»

Интермедия

Тақырыбы: Оқушы арманы

11

Ортаға оқушы шығады. (Жақсылық) Ортаға үлкен қорап келеді.

Жақсылық: Мынау не қылған қорап.? Жаңа жылда аяз атаға менің тілектерімді

орындайтын джин жіберші деп сұраған едім. Сол орындалды ма?

Ашып көрем бе екен?

Ары, бері жүреді. Санамақ ойнап жіберейін: ашайын, ашпайын, ашайын, ашпайын,

ашайын

Әй, қойшы, ашып көрейін!

Музыка ойналады да, қораптың ішінен Джин шыға келеді

Сағыныш: Тақсыр, қош көрдік. Сенің үш тілегіңді орындаймын.

Жақсылық: Түу, шошыттың ғой. О, сиқыр деген осы екен ғой! Расымен орындайсың

ба? Түу, не армандасам екен? Армандарым көп еді! «Әншейінде ауыз жаппас, той

дегенде өлең таппас» демекші, сөзге жүйрік Райымбек едім, маған не болды?

Сағыныш: Апырайай, болсаңшы! Жаңа жыл кезінде сен сияқты қанша жалқаудың

аяз атаға сиқыршы жібер деп хат жазғанын білесің бе? «Түнде ұйқыдан, күндіз

күлкіден айрылдық қой!

Жақсылық: Жарайды, жарайды. Дәп қазір үйге берілген барлық тапсырмалар

орындала қалса екен!

Джин сақалын жұлып алады да, «Сим, салабим, рахатум» үзіп қалғанда барлық

тапсырма орындала қалады. (Слайдтан дәптері шыға келеді)

Жақсылық: Ойбай, мынауың не? Мынау менің жазуым емес қой!

Сағыныш: Сен маған менің жазуым болсын демедің ғой! Қойшы оны кім біліп

жатыр!

Жақсылық: Қайдағы, сен біздің апайды білмейсің ғой! Ол мұғалім болмағанда,

атақты ізкесуші болар ма еді, кім білсін.! Ол кісі ұйықтап жатқанда оятып, мынаны

көрсетсең, мынау менің жазуым емес екенін айтады. Қой, мынауың келмейді

Сағыныш: О! Балақай, тездет, тездет! Мен саған тек 10 минутымды ғана жұмсауым

керек. Үлгермесең, өз обалың, өзіңе! Тез, екінші тілегіңді айта ғой!

Жақсылық: Туү, сен де болмадың ғой! Тез, тез деп. Ал онда екінші тілегімді орында!

Маған Біздің сыныптағы Ақтілектің ән салғаны ұнайды. Өзі де сүпсүйкімді. Дәп

қазір Ақтілек осы жерде бола қалсын!

Джин сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде сыныпқа Ақтілек ұрсып

кіреді

12

Ақтілек: А а, Жақсылық осында екенсің ғой! Сен үшін мұғалімнен сөз естігім

келмейді, осы жолы үй тапсырмасын орындамадың, мені ұятқа қалдырдың, Тез

жылдам черновигіңді ал, есепте. Жылдам, Жылдам. Түу, болсаңшы, мына есептің бәрі

қате,, үш алудан шаршамадың ба? Сені емес дәптеріңді аяймын. Тез бесінші есепті

орында. Жоқ бірінші диктант жазайық. Бірінші сөйлемді тыңда: «бірінші мамыр

халықтар достығы күні. Енді жазамыз. Бірінші

Жақсылық Сағынышқа қарап:

Ей, Джин, Мынаны әкет, тез, тез!

Ақтілек кетіп қалады.

Жақсылық: Уһ! Кетті –ау әйтеуір! Сен қандай Джинсің өзі! Бәрін бүлдіресің ғой!

Сағыныш: Сен маған Ақтілек алдыңда күліп тұрсын деген жоқсың ғой. Өзің

кінәлісің! Тез үшінші тілегіңді айт. Ойланып айтсаңшы, шаршатып жібердің ғой өзің!

Жақсылық: Не ойласам екен! Көп ақша сұрасам ба екен? Бірақ апам өз адал

еңбегіңмен тапқан нан тәтті деуші еді. Бұным жарамас. Бәрі менен қорықса десем бе

екен? Жоқжоқ ! Апай «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деді емес пе?

Ойланып тұрады да, кенет қуанып кетеді.

Жақсылық: Таптым, таптым! Әй, Джин тыңда. Сыныбымдағы барлық достарым

аман есен болып, бірлігіміз мызғымастай берік болсын. Жаңа мектепті мектеп

мақтанышы ретінде аттайық! Елімде сәбидің шат күлкісі естіліп, әрдайым тыныштық

болсын!

Сағыныш сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде, сыныптың барлық

ұлдары шығып Жақсылықпен құшақтасып, амандасады,

Ата – аналармен ойын

Би: «Аю» биі

Қосымбек: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің

атаанамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі

де сол кісілердің арқасы.

Ақтілек: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса

екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап

барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай

білгенге не жетсін!

Ақылбек: Иә, дұрыс айтасың Ақтілек. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып

өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

13

Елтай: Ыстықау кімкімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелегендегендей әкенің орны бөлек екен.

Ақтоты: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Қосымбек: Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Аягөз: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертеңақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән: «Ана – әке»

Ақтілек: Біздің сыныптастарымыздың арасында спортпен айналысатын оқушылар да

бар. Олар күрес, самбодан аудандық, облыстық, республикалық жарыстарында

жүлделі орындар алып жүр.

Ақылбек: Атап айтсақ олар Бұхар Елтай, Саламат Ырысбек, Орысбайұлы Ғани,

Қуанышұлы Сағыныш, Мұханбедияр Жақсылық, Рахим Ахмет, Есенбай Қосымбек.

Осы оқушыларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.

Би: «Спорттық би»

Ақылбек:

Ақтілек, балаларға бір сұрақ қойсақ па деп тұрмын. Сен оған қалай

қарайсың?

Ақтілек:

14

Қойсақ, қояйық.

Ақылбек:

Біз нені үйрендік?

1 оқушы

Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.

2 оқушы:

Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, елімізге жақсылық жасауды.

Ақтілек:

Біз нені сүйеміз?

3- оқушы:

Отанды, ата ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ұстазымызды,

мектебімізді.

Ақылбек:

Біз нені ажырата білеміз?

4 оқушы:

Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.

Ақтілек:

Біз кім боламыз?

5 оқушы

Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер.

Ақылбек:

Ұстаз жаққан шырақты

Өшірмейік балалар,

Бәрін бәрін білесің

Оқи берсең кітапты дей келе, балалар бәріңді зерделі, көңілдерің сәулелі болуға

шақырамын.

Ақтілек:

Қымбатты қонақта! Қазақ халқының би, шешендері бір ауыз ұтымды сөзбен,

оралымды, келісті мақал мәтелмен небір үлкен даудамайларды шешкен. Сондықтан

мақал мәтелдерді үйрену, оның мағынасын түсіну бізді қазақ халқының тарихын,

мәдениетін, әдет ғұрпын түсінуге, шеберде, әдемі сөйлеуге үйретеді.

Қанекей, ендеше мақал мәтелдердің мағынасына үңіліп көрейік.

Мақал мәтелдер айтысы.

Нұрсұлтан:

Сәлеметсіз бе? Көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.

Ахмет:

Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы бала сәлем береді,демекші қалыңыз

қалай?

Қосымбек:

15

Алыстан сәлем береді әдепті елдің баласы,дегендей қандай әдепті баласыңдар.

Ғани:

Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады деуші еді келіңіздер, төрге

шығыңыздар, қонақ болып кетіңіздер.

Елтай:Жат асына қарайды, дос басына қарайды деуші еді аталарымыз, қысылмаңыз.

Нұрсұлтан:Қонағын сыйласа төрге шық дегендей төрге шығайық.

Ахмет:Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше – демекші таныса отырайық.

Елтай: Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл деген. Есіміңіз кім болады?

Менің есімім:

Ғани: Ас адамның – арқауы деген ас алып отырайық.

Қосымбек:

Ойбай ау, жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.

Нұрсұлтан:

Досыңның асын, қасыңдай іш демекші Алла риза болсын.

Ахмет:

Дастарханға ас қойдым, екі қолды бос қойдым демекші досың көп болсын.

Қосымбек:

Көңілмен берсе қара су да бал татыр.

Ахмет:

Иә, досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам демекші досың көп болғанға не жетсін!

Ғани:

Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзер»дегендей

өнерлеріңіз болса, көрсете отырыңыздар.

Нұрсұлтан: Алдымен «Ауылдың алты ауызы» айтылмаушы ма еді?

Елтай: Жарайды, «Ауылдың алты ауызын» мен бастайын.

Күй «Туған жер» Елтай

Ахмет: Құтты қонақ келсе қой егіз табады дегендей, ауылымызда той болып жатыр.

Елтай: Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын деген.

Қосымбек: Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ жақсы отырдық қайтайық.

Ғани: Қырықтың бірі – Қыдыр деген, келіп тұрыңыздар.

Нұрсұлтан: Таз таранғанша – той тарқар демекші қайтайық.

Қосымбек: Тойған жерге – тоғыз кел демекші тағы келіп қалармыз.

Ғани: Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал деген, қане бір бата беріп жібер.

Қосымбек: Бата береді.

Жүйрік тілді ақын бол

Жақсыларға жақын бол.

Достарыңмен тату бол,

Дұшпаныңа қату бол.

16

Ұсақ болма, ірі бол

Өз ортаңның гүлі бол

Ата анаңның көзінің сөнбейтұғын нұры бол!

Кім болсаң да әйтеуір

Азаматтың бірі бол

Туған елдің ұлы бол.

Би «Толғау биі»

Ант беру рәсімі

Қосымбек: Біз 4 сынып ұлдары мен қыздары ұстаздар мен атааналарымыздың

алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған

білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға, өз

Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айтады)

Ән: «Ұстазым» Ақтілек, Ырысбек

Би вальс

Мұғалім:

Құрметті ата аналар, әріптестер! Бүгін «бастауышым балбұлағым» атты

ертеңгілікте осы төрт жылда арман қуып, білімге ұмтылған шәкірттерімнің өнерін

көріп, үміт армандарының қандай екенін естіп тамашаладыңыздар. Халқымыздың

ізгі салт дәстүрлерінің бірі – үлкендерден бата алу.

«Жауынменен жер көгереді, батаменен ел көгереді» дейді халқымыз. Ендеше ата

аналарымыздан бата тілейік.

Мұғалім:

Келесі сөз кезегін алтын ұя мектебіміздің басшысы Айжанақова Нағимаға береміз.

Мұғалім:

Қош менің түлектерім! Алдарыңда орта білімнің ақ айдыны күтіп тұр. Ақ тілек, ақ

бата қабыл болып, ақ желкендеріңіз арман жағалауына адастырмай жеткізсін!

Бастауышты бітірген бағыландарым

Қуат берсін білімнен қорғандарың

Алтын бесік арманға жетелейді,

Орындалсын сол асқақ армандарың.

Ақ жол саған менің бастауыш сыныбым!

Сынып оқушыларына

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

17

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларың,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Егер де мен қатты сөзбен ренжітсем,

Қорғағаным жамандықтан деп есепте.

Кешірімді болыңдар, ренжімеңдер,

Мен барлықтарыңды жақсы көремін.

Сендерге сәттілік тілеймін!

Жақсы оқып, мәдениетті болып, өсіңдер!

Қош 4 сынып, қош бастауыш! – деп

Кетесіңдер орта буынды бастауға.

БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, —

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отыр. Ендеше қызыцты да, ғаламат озгерістер сыилаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:           Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші:            Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2-жүргізуші: Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

1-жүргізуші: Шыңғыс, ал енді замандастарымызды, түлектерді, көңілді де ақылды 4 А сыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын.

(Музыкамен оқушылар ортаға шығады). Вальс!!!

Ән:

1-жүргізуші:         Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар.

2-жүргізуші:         Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

1-оқушы:                 Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Ән мен шашу шашайық.

2-оқушы:                Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді конақтар,

Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауышым,

Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.

3-оқушы:                Білімнің қайнар бұлағы.

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім.

Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын.

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.

4-оқушы:                Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

5-оқушы:                Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл — білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

6-оқушы:                Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені таба алам ба?

Мектебім – мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

7-оқушы:                Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал.

Тепкілесең кетпейді.

Өртіңе де күймейді,

Ұрылар да тимейді

Жатып ішер жамбастап,

Жалқауды ол сүймейді

1-жүргізуші:         Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

2-жүргізуші:      Шықсын енді ортаға биші қыздар

Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

Би:

1-жүргізуші: Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?

2-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың:

Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек.

Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, — деп айтуында терең ой жатыр.

2-жүргізуші:  Олай болса, келесі бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.
Көрініс:____________________________________________________

8-оқушы:                   Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жиреніп,

Ақын болған кім бізге?

Десек, ол жан — мұғалім

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің,

Сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім!

9-оқушы:                 Отанның ұланын,

Баулыған мұғалім.

Өзіңсің ағытқан,

Білімнің бұлағын.

Мен сенің көктемің

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе,

Алғысым көп менің!

10-оқушы:                Анамдай сүйем мен,

                Шеберін ғылымның.

Ұстаздан үйренем,

Өнерін білімнің,

Үйретіп іс сазын,

Мың жаса ұстазым!

11-оқушы:                Сүйікті мұғалім,

                Бес алсам ұнадым,

Екі алсам сынадың,

Алдыңда әрқашан,

Бас иіп тұрамын,

Сүйікті мұғалім!

Ән:

Оқушы:                Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

Оқушы:                Өнерге ошақ тәрбиең,

Бір сенен қуат аламын.

Жарылқашы тәңір ием,

Таудай ғой менің талабым.

Әр жыл сайын қаруланып білімнен,

Алға дәйім мені бастап сүйредің.

Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,

Ардақтысың мектеп — алтын бесігім!

Оқушы:                Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Оқушы:                 Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Оқушы:                Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,

Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.

Мені оқытып, өркенімді өсіріп,

Жалындатып, жанарымды нұр еккен.

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

Көрініс:

1-жүргізуші : Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.

Би:

1-жүргізуші:            Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғылымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, — деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.

2-жүргізуші :

Әйтекенің жарып айтқан,

Қазыбектің қазып айтқаны,

Төлебидің тауып айтқан,

Ұлағатты сөздерінен

1-жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, күш құдыреті қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.

2-жүргізуші: «Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі» — деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. 

1-жүргізуші:         Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны.

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда.

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

2-жүргізуші:        Спасибо, Вам, родные педагоги,

За всё, за всё, чем дороги вы нам

За этот взгляд, то ласковый, то строгий,

За то что мы направильной дороге

Своим стремлением и делам.

Среди немеркнующих профессий

На вечность предявляющих права,

Учителям, как вдохновенным песням,

Жить на Земле, пока Земля жива!

1-жүргізуші: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.

2-жүргізуші: «Самая обаятельная и привлекательная» номинациясымен мектеп директоры Якубонек Татьяна Николайқызы марапатталады.

Оқушы:                Наших чувств нерастраченных чашу,

                И живое дыханье весны,

И любовь, и признательность нашу

Адресуем директору мы.

Сколько мы видели Вас на работе,

Вечно Вы в поисках, вечно в заботе,

Все Вас волнует? Все Вас тревожит,

Чуткое сердце любому поможет.

Мы Вам желаем такой оставаться

И ни за что, никогда не меняться.

1-жүргізуші: Сөз кезегі мектеп директоры Якубонек Татьяна Николайқызына беріледі:

2-жүргізуші: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Жұманова Балхия Аббасқызы марапатталады.

Оқушы:                Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Балхия апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.

1-жүргізуші: Сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Жұманова Балхия Аббасқызына беріледі.

2-жүргізуші: «За организованность» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Коченова Людмила Борисовна марапатталады.

Оқушы:                Завучу от нас поклон. Кто из нас в Вас не влюблен?

Вы душевны и добры, и при этом так умны

Знайте, не забудет Вас  

Выпускной четвертый класс!

1-жүргізуші: Сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі Коченова Людмила Борисқызына беріледі.

2-жүргізуші: «Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазы Базарбаева Зауре Ибадуллақызы марапатталады.

Оқушы:                Білімнің байыбына барып терең,

Зауре апай бастап еді әліппеден.

Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,

Бастаған тәрбиесін алып келем.

1-жүргізуші: «Баға жетпес, өнегелі» номинациясымен сынып жетекшісі
Жұбатова Тамара Менліқұлқызы марапатталады.

Оқушы:                Сөз сөйлесе жарқын — ақ,

                Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Тамара Меңліқұлқызына

Алғыс айтады түлегі.

2-жүргізуші: «Кең пейілді, ұлағатты» номинациясымен күні ұзартылған топ тәрбиешісі Садибекова Умида Сейдахметқызы марапатталады.

Оқушы:                Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл

Умида Сейдахметқызы осындай.

1-жүргізуші: «Инабатты» номинациясымен күні ұзартылған топ тәрбиешісі Есенгельдиева Венера Құлахметқызы марапатталады.

Оқушы:                 Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, Венера апай,

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

2-жүргізуші: «Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі
Қожамжарова Жанат Жұмабекқызы марапатталады.

Оқушы:                Әдемі ғой ән сабағы мектептің,

                Жүректерге әсемдікті сепкен кім?

                Жанат апай, бас иеміз сізге де,

                Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.

1-жүргізуші: «Алтын қалам» номинациясымен сурет пәнінің мұғалімі
Абдулова Светлана Давлетқызы марапатталады.

Оқушы:                Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

                Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі Светлана Давлетқызы.

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

2-жүргізуші: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрбаев Ерлан марапатталады.

Оқушы:                Спорттан талай шәкірт даярлады,

                Шәкіртіне бәрін берді, аямады,

                Әзілі бірге жүрер өзімен

                Ерлан ағай қашып кетсек аямады.

1-жүргізуші: «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі
Бердалиева Меруерт Амангельдіқызы марапатталады.

Оқушы:                Адамға деген мейірімнің өзінен

                Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.

                Ақ халатты, абзал жан Меруерт апай,

Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай

Қашанда шәкірт жанын ұға алады,

Көңілден әр уақытта шыға алады.

Жанат апай, ризамыз өзіңізге,

Сәлеміміз сізге алыстан құралады.

2-жүргізуші: «Смак» номинациясымен біздің құрметті аспазшылар Смышлевская Анна Васильевна және … Жеңіскүл … марапатталады.

Оқушы:

1-жүргізуші: «Алтын қол» номинациясымен құрметті Көпбосынова Бибінұр Бекбауқызы марапатталады.

Ән:

2-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.  

1-жүргізуші:   Ата-аналар атынан сөз кезегі ………………………………………..

………………………………………………………………………………………………..беріледі.

(ата-аналардың ыстық лебіздері)

Би:

Ұстаздар оқушыларға грамоталар ұсынады

Не жетеді көңілдің байлығына,

Мойындатар еңбегімен жұртты мына

Мектебі ниеттес боп қолын бұлғап,

Сәттілік тілеп тұр ғой староста Гулназға

Айгерім мінезі бар жанға жайлы,

Ешкімді еш уақытта алдамайды.

Күліп жүр өмірде дәл осылай

Қиындыққа кездессең болма қайғы.

Санжардай әншіміз бар мақтанамыз,

Әніне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

Санжарға ақ тілекті ақтарамыз.

Жанерке адал жүрек, ақкөңіл қыз,

Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз

Өнері бар бойында тұнып тұрған,

Жолың болсын қашанда кішкене қыз.

Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Қате ісі әрқашан мойындалар.

Әр ісіне жауапты Ердәулет

Арманың болашақта орындалар.

Сахнада ойнаса талдырады,

Өлең оқыса жүректі жандырады.

Қалалық олимпиада жүлдегері, атағы бар.

Абылай артқа өз ізін қалдырады.

Жаның бай , өзің сұлу ертегісің,

Мінекей ұшып барады ерке құсым.

Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,

Сымбат — сен еліміздің ертеңісің

Айтар сөзім, тілегім бар.

Көп жинап білім деген тірегіңді ал.

Ш. Шыңғыс сенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.

Үлкені боп келеді жанұяда,

Сөз айтайын ендеше Аружанға

Өнерпаз, әсем қызды айтпай болмас,

Жақсының жақсысын жарияла.

Болашақ біздің жазушы,

Сөз құдыретін танушы.      

Лаураны біз бағалаймыз,

Әдебиеттен бес алушы.

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Нұржан сен ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табарсың бақытыңды.

Шыңғысқа мінекей кезек келді,

Қызыл тілім жыр айтып безектеді.

Жігіт болды айтсақ та сенбейді ешкім,

Қаншама бұзық оны десек те енді

Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам — бәрінен биік пенде.

Нұрдаулет болашағың жарқын болсын

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

Әлібек сондай салмақты,

Сабақ оқудан бір талмапты

Әр іске де жауапты екенін сезінумен

Кімге болса да ол ардақты

Мейірбек спортты сүйеді

Мектеп үшін намысты бермей күйеді

Бірақ оның қай жерде жүретінін

Тек бір өзі ғана біледі.

1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті — тіршілік зәмзәмі.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мық бір алғысымызды білдіреміз.

1-жүргізуші: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.

Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер

Зымырап өтер-кетер бала күндер.

Тұрады шәкірттерін шығарып сап,

Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.

Бастауышым — балбұлағым,

Лаулап жансың шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен.

Самғап ұшты тау қыраның.

        Өтті сенде қызық шағым.

Бастауышым — балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Қош бол, қош бол,

Сүйікті бастауышым!

Ән:

1-жүргізуші: Осымен «Бастауышым — балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

2-жүргізуші: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!

Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын, түлектер!

Аттанарда ұрпағым бақ жолына,

Түссін деп тура нақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

(Ақ жолмен түлектерді шығарып салады)

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Бастакы чуораан сценарий
  • Баста петь на праздниках прокисшей солянки
  • Бассейн юургу расписание на праздники
  • Бассейн мэи расписание на праздники
  • Баспас?з конференциясы сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии