Бастауыш сыныппен ?оштасу сценарий

Cкачать: Сценарий "Бастауышпен қоштасу" 4класс

Аттандық
бала шақтан болашаққа!

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мақсаты:

1.       
Білімнің
сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып
қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса
отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін
таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын
құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы
болуға тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі
сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар
еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта
буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың,
күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,
жүргенін көрген бір мұрат, —

дегендей, бұл да бір
қуанышты күн.

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені,
биік ас
уға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық
шақтан басталады
. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған
бастауыш сыныбымен қоштасып
, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен
сусындатқан, өмірде
өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге
дайын.

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты
ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар,
ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен а
қ жаулықты апалар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Аттандық бала шақтан
болашаққа!
» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей
отырып тойымызды баста
уға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:        Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар

                             
Білім
іздеп инемен құдық қазғандар.

                              Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

                              Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші:        Қош келдіңіздер ақ
жаулықты аналар мен әкелер,

                              
Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер

                               Бүгін
міне, бастауышпен қоштасады

                            
 Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!

1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді
ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын
қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2 жүргізуші:  —
Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен ,
алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен
қоштасқалы отырмыз.

1 жүргізуші:  Тарыдай болып
кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді
үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Аттандық бала
шақтан болашаққа» атты қоштасу мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргіуші:  Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға
шақырайық.

1 жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4  сынып түлектерін  ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )

1-жүргізуші:        Армысыздар жас достар

                               Болашаққа жол бастар.

2-жүргізуші:        Білім деген ғажаптың

                              Келешегі қазақтың

                              Басталады сендерден.

Айдос:           Қоштасу тойын
бастайық,

                               Ән мен биге
басайық.

                               Өнерімізді
көрсетіп,

              
         Құрметіне бұл тойдың.

                       
Ән мен шашу шашайық.

Лейля:                  Армысың
сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр
алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан
білім шырағын,

Мақтан етем сені
мәңгі мектебім.

Мектеп деген білім
кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның
ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші
адамға

Мектеп деген
даналардың мекені.

Азамат:                Мектебім
– білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім,
артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы
ата –анамдай,

Әрқашан қасиетті атың
маған.

Арада өтсе дағы
дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай
бір жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын
өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің
серті деп біл.

Нұрия:                  Өтті
оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

                                   Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл — білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

Бекет:
                  Есігіңді
ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім
сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі
ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені
таба алам ба?

Мектебім – мәңгі
бапкерім

Қарызбыз саған
бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі
біз.

І жүргізуші:      Армысың сен
, алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр- алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

ІІ жүргізуші : Олай болса
Арай алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
Слайд: «Мектептегі мерекелер».

Көрініс: (ортаға қария мен 5
оқушы шығады)

1- оқушы

Ата, ата, арман деген не? — депті
жігіт

Арман дегеніміз —
ақыл-ойдың шындығы.
Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті
болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді,
ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

2— оқушы

  Дос табу оңай ма? — депті қарт.

  Ата, дос табу
ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Жоқ, балам, өмірде дос
табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана
боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.

3- оқушы

Үйдегі алтын қазығың
кім? – депті қарт.

— Ата,
үйдегі алтын қазық — бала, депті жігіт.

— Жоқ,
балам, үйдегі алтын қазық — ана.
Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана —
ақылшың, әке — қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың
қанатың. Ананы
сыйламағанның ақылы кем, әкені сы
йламағанның жақыны кем, — депті қарт.

4 — оқушы

   Өмір сүру үшін не қажет? — депті
қарт.

   Ата өмір сүру үшін
алтын, ақша, нан, мал қажет, — депті жігіт.

   Жоқ балам, адамның
өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от — өмір, тұз —
дәм, қыз — сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

5-оқушы


Адамға ақыл беретін кімдер? — депті қарт.

— Ата,
ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.

Жоқ, балам, адамға
ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз
шәкіртіне айтады. До
стықтың көзі ақылдан басталады, — депті қарт.

І-жүргізуші: Адам өміріндегі ең
қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын
кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

ІІ-жүргізуші: Дұрыс айтасың:

Ұстаз
еңбегі — ұлы еңбек.

Сондықтан
да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын
жүріп анық бас,

Еңбегің
кетпес далаға

Ұстаздық
еткен жалықпас

Үйретуден
балаға, — деп айтуында терең ой жатыр.

І-жүргізуші:  Олай болса, келесі
өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.

Қалима:        Есімде алғаш ұстаздың
қарсы алғаны

 Айқара есік ашып
тасталғаны.

Бір мереке думан
болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа
апарғаны.

Енді, міне сағымдай
боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба
екен, кім біліпті.

Ұстаз – ана жасады
мына бізден

Ел таң қалар азамат
бір – бір мықты.       

Роза:               Әлі
есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

                     
 
Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Лейля:                  Ұстазым ғой әліпбиді
үйреткен,

Көкейіме көрік беріп,
гүл еккен.

Мені оқытып,
өркенімді өсіріп,

Жалындатып, жанарымды
нұр еккен.

Жадыраған жаздай жылы
жаны бар,

Жақсылықтың шырағы
боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен
бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек
сөзін қабыл ал.

1-жүргізуші:        Айдында аққудай
сылаңдаған

                           
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

2-жүргізуші:     
Шықсын
енді ортаға биші қыздар

                            Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

Би:

1-жүргізуші:        Болмасаң да, ұқсап бақ,

                               Бір
ғалымды көрсеңіз.

                               Ондай
болмақ қайда деп,

                              
Айтпа ғылым сүйсеңіз, — деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар
өнегелерін бойымызға сіңірдік.

Күй:

ІІ жүргізуші: Келесі кезекті сөз 4 жыл бойы
білім берген ұстаздарымызға беріледі.(оқушыларға дипломдар тапсырылады)

Көрініс: «Кітаптар мұңы»

Автор: Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар
әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан бір топ оқулықтар қайда келдік дегендей жан
– жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті.

Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тіріиісің өзі?

Ана тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын.
Бұданда парақтарымның жыртылып, желмен ұшып кеткені жақсы еді ғой.

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді
деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын
зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп –
бүтін ғой?

Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана
тілі оқулығы боламын. Мен үшін қагшама адамдар еңбек етті. Кім үшін? Балалар
оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрініңкі. Мен де
қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді бердім.

Сонымен күнім не болды?
Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп (бір күрсініп) о – ой өткен
күнім есіме түссе, сай – сүйегім сырқырайды.

Қазақ тілі: Бәріміз де сол, мұңдас болдық досым. Мен
Сотқарбай деген баланың кітабы боламын. Әдепті оқулық болып мектеп табалдырығын
аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Ол парақтарымды жыртып алып,
кептер жасап, ұшырып ойнағанда қой демеді ғой, анау үлкен ағасы.

Бейнелеу: Ей, е-ей! Біздің Артықбай көзімізді бақырайтып
қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлады.

Бірақ шындығын айтқанда
әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой!

Математика: Енді бізді қайтер екен?

Қазақ тілі: Жинап – жинап, отқа тастайды.

Бәрі қосылып: Отқа тастар!!!

Математика: Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптеуі мүмкін.

Дүниетану: Иә, түптесе мына сені түптер, жалаңаш бізді
қайтсін. Жұртқа көрінуге ұялып, бір бұрышта отырған жоқпыз ба?

Бейнелеу: Тұрыңдар, достар! Сыныпта «кітаптар емханасы» бар
емес пе? Жүріңдер, кітап дәрігеріне барып көрінейік.

Қазақ тілі: Иә, достар! Келер жылы ұқыпты оқушының қолына
түсейік!

Дүниетану: оқулықтың қадірін білетін жақсы оқушылар көбейе
берсін!

1-жүргізуші
:
Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.

Би:

І  жүргізуші:

Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз
келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол — Сіздер.

ІІ-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты
аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен
жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге
дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар,
біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.

Ән

1-жүргізуші:   Ата-аналар атынан сөз
кезегі ………………………………………..

………………………………………………………………………………………………..беріледі.

(ата-аналардың ыстық
лебіздері)

І жүргізуші:

Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Қазақ биін билейтін деп ортаға  бишілерімізді  шақырайық.

Қазақ биі  

ІІ жүргізуші:

Достар, осы  бізді болашаққа не бастайды?

1 жүргізуші:  Ата- ананың 
ақылы

                        Болашаққа  деген 
сенім

                        Ұстаздың 
көрсеткен  жолы

  2 жүргізуші:   Ұстаз! Осынау 
сөзде  қаншама  мән – мағына  жатыр  десеңізші!

  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған   
батыр да, тілінен бал  тамған  ақын да   бәрі –бәрі  ұстаздан  білім  алған.
Сондықтан, ұлағатты  ұстаздар, сіздерге  бүкіл  адам  баласы құрметпен  бас 
иеді.

Хор: Ұстазым.

1  жүргізуші:

Құрметті  қонақтар, біздің  қоштасу 
кешімізге  болашақ  1 класс  оқушылары да келіп  отыр. Болашақ  оқушыларға  сөз
берейік.

Тақпақ

1.

2.

 2  жүргізуші:  Бүлдіршіндерге
бастауыш  кластың  кілтін  ұсынамыз

Айдос:

                Ғылымды терең  меңгеріп,

                Үмітті сендер ақтаңдар

                Мектепті үздік  бітіріп,

                Ұстаздың  болшы  мақтаны!

                 Шығыңдар  білім шыңына,

                 Аманат осы сендерге

                 Болыңдар  үздік  тағы да

                 Оқуда және еңбекте

( Бір оқушы  кілт  тапсырады )

 І жүргізуші:   Достар,  біз
бастауышпен қоштасып  тұрмыз. Алғашқы  ұстаздарымызбен  қоштастық.

ІІ  жүргізуші: Иә,   бізді 
болашақта  не күтіп  тұр  екен?  Қандай  асулар  бар  алда?

1  жүргізуші:

Оқу білім,  ізденіс  жолдары. Жаңа 
ұстаздар  күтіп  тұр.

ІІ жүргізуші:  Бастауышым – бал
бұлағым,
                          Алдым сенен балдың дәмін.
                           Әріп танып , білім алып,
                           Рахметімді жаудырамын.
 І  жүргізуші:  Өтті  сенде  қызық  шағым

                            Бастауышым 
балбұлағым

                            Қоштасар  күн 
жетті  міне,

                            Қимастықпен 
қол  бұлғаймын

 Қоштасу вальсі

2  жүргізуші:   Оқушыларымызға 
ақ  жол  тілей  отырып,  орта  буынға  шығарып  саламыз.

  хормен                       Қош  бол,
балғын балалық

                                       Қош
бол, сүйікті  бастауышым !

І  жүргізуші:   Осымен «Аттандық
бала шақтан болашаққа!»  атты  ертеңгілігіміз  аяқталды. Көріп 
тамашалағандарыңызға  көп- көп рахмет.  Қош,  сау  болыңыздар!

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі) 

БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ 
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі) 
Мақсаты:

1.Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.

3.Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

ФАНФАРЫ ойнайды
Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. 
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат. 
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, — 
дегендей, бұл да бір қуанышты күн. 
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. 
 Ендеше осы шәкірттерімізді  ортаға шақырайық. Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады

Мұғалім:     Той бүгін -кең сарайда шалқып тасқан 
                      Той бүгін- жұрт жиналып шашу шашқан, 
                      Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп, 
                      Би билеп, асқақтатып әнге қосқан. 
                      Бұл тойда жан табылмас тасымаған, 
                     Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған, 
                     Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың 
                     Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым! 
1-оқушы: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар! 
2-оқушы: Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 
1-оқушы:               

Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді 
Би билеп, ән де бүгін шырқалар. 
2-оқушы:        

 Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар, 
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар 
Алдарыңда жауқазындай құлпырған 
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған. 
 3-оқушы:     

 Қоштасу тойын бастайық, 
Ән мен биге басайық. 
Өнерімізді көрсетіп, 
Құрметіне бұл тойдың. 
Ән мен шашу шашайық. 
Ән: 
4-оқушы:
       

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, 
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де. 
Төрлетіңіз қадірменді конақтар, 
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен. 

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын, 
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын. 
Осы сырды үйреткен бастауышым, 
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың. 
5-оқушы:

Білімнің қайнар бұлағы. 
Өнердің жарық шырағы. 
Тұрағы өзің, мектебім. 
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма? 
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма? 
Мектебімде алаулаған жас жалын. 
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға. 
6-оқушы:            

Өтті оқу, сан сабақ, 
Бүгін үлкен салтанат. 
Оқулықпен достасып, 
Бастауышпен қоштаспақ 
7-оқушы:            

Қош бол, құтты Бастауыш! 
Алғыстарым көп менің. 
Ақыл — білім, тәрбиең, 
Ой-санама еккенің. 
8-оқушы:            

Есігіңді ашқан балаңа, 
Құшақ жайдың мектебім сен қуана. 
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба, 
Сенен артық дүниені таба алам ба? 
Мектебім – мәңгі бапкерім 
Қарызбыз саған бәріміз 
Өзіңе деген парызды, 
Ақтаймыз талай әлі біз. 
9-оқушы:            

Білім деген байлық бар, 
Еш байлық оған жетпейді. 
Жасыңда оқып, жиып ал. 
Тепкілесең кетпейді. 
Өртіңе де күймейді, 
Ұрылар да тимейді 
Жатып ішер жамбастап, 
Жалқауды ол сүймейді 
Мұғалім:             

Айдында аққудай сылаңдаған 
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған 
Шықсын енді ортаға биші қыздар 
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған. 
Би: 
10-оқушы:
          

Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге? 
Жамандықтан жиреніп, 
Ақын болған кім бізге? 
Десек, ол жан — мұғалім 
Қапастағы елдердің 
Мұңын айтқан кім бізге? 
Көрікті сан жерлердің, 
Сырын айтқан кім бізге? 
Рахмет, саған мұғалім! 

11-оқушы:          

Отанның ұланын, 
Баулыған мұғалім. 
Өзіңсің ағытқан, 
Білімнің бұлағын. 
Мен сенің көктемің 
Нұрыңмен көктедім. 
Сол үшін өзіңе, 
Алғысым көп менің! 
12-оқушы:           

Анамдай сүйем мен, 
Шеберін ғылымның. 
Ұстаздан үйренем, 
Өнерін білімнің, 
Үйретіп іс сазын, 
Мың жаса ұстазым! 
13-оқушы:          

Сүйікті мұғалім, 
Бес алсам ұнадым, 
Екі алсам сынадың, 
Алдыңда әрқашан, 
Бас иіп тұрамын, 
Сүйікті мұғалім! 
Би:      
Оқушы: Құрметті ұстаздар, қонақтар келесі бөлім «Алғыс білдіру» деп аталады. Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
 Оқушы:

Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Маржан апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,
Барамыз болашаққа қадам басып.

«Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі

Балхашева Маржан Абуғалиқызы марапатталады. 
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын — ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің Асем апай осындай.
«Тапқыр ұйымдастырушы» номинациясымен ұстаз — ұйымдастырушы

Мусаева Асем Иманғажықызы марапатталады. 
Читать и писать на руском 
Нас научила она 
Это наша царица 
Валентина Дмитриевнавна  
«Самая справедливая и обаятельная» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі

Жуйкова Валентина Дмитриевна марапатталады.

*** *** ***

Әдемі ғой ән сабағы мектептің,

 Жүректерге әсемдікті сепкен кім?

Бибигүл апай, бас иеміз сізге де,

Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.

«Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі

Уразымбетова Бибигүл Зулпухарқызы марапатталады. 
*** *** ***

Білімнің байыбына барып терең, 
Асель апай бастап еді әліппеден. 
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс, 
 Бастаған тәрбиесін алып келеміз
«Ардақты ұстаз» номинациясымен сынып жетекшіміз

Оразымбетова Асель Жұманқызы марапатталады. 
*** *** ***

Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді, аямады, 
Әзілі бірге жүрер өзімен 
Серік ағай қашып кетсек аямады. 
   «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Иманбаев Серік Ерхатұлы марапатталады. 
*** *** ***

Адамға деген мейірімнің өзінен 
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем. 
Ақ халатты, абзал жан Ляйля апай, 
Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай 

«Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі

Мусанова Ляйля Байжанқызы марапатталады. 
Оқушы: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті — тіршілік зәмзәмі. 
Оқушы: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың бір алғысымызды білдіреміз. 
Ән: 
Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата — ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата — аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.

1-оқушы: Ыстық — ау кім — кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген — дегендей әкенің орны бөлек ау.
2-оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
3-оқушы: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
4-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең — ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
5-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.
6-оқушы: Аман болсын, аяулы анамыз,
Асқар таудай әкеміз!
Ата — анаға мың да бір рахмет!
Ән: «Анашым қартаймашы»

Мұғалім: Ата — аналар атынан сөз кезегі беріледі.
(ата — аналардың ыстық лебіздері)

 14-оқушы: 
Бастауышым — балбұлағым, 
Лаулап жансың шам-шырағың. 
Өзің берген біліміңмен. 
Самғап ұшты тау қыраның. 
15-оқушы:

Өтті сенде қызық шағым. 
Бастауышым — балбұлағым. 
Қоштасар күн жетті міне, 
Қимастықпен қол бұлғаймыз! 
Қош бол, қош бол,                                 бәрі 
Сүйікті бастауышым!
 
Ән: 
Мұғалім:
Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар. 
Мұғалім :    

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, 
Балалардың есімі әулеттерге таралар 
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында, 
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп ,  келесі сөзді қонақтарымызға берейік. 
Мұғалім: 
Осымен «Бастауышым — балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. 

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздер «Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол осыдан 4 жыл бұрын мектеп есігін имене, үрке ашқан бүлдіршіндер қазір сауатты, ақылды, ойшыл мектеп оқушысы қатарына қосылып бәрімізді қуантып отыр.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда

Қол соғып қошеметпен шақыралық,

Төртінші «А» класын ортамызға!

Класымызда сабаққа алғыр, талапты, суретші, шебер Наргиз, биге құмар, шапшаң, сөзге шебер Райхан, көркем сөз оқу шебері Ерболат, сөз мәнісін түсінетін, әр шараны өткізуде, ән айтуды нақышына келтіріп орындайтын Әсет бар. Болашақта футболист болуды армандайтын Нұр, тәртіпті, сабырлы, білімі тұрақты, ұстамды Камила, сауатты Базарбаев Мейрамбек, әдебиет пәнін жанындай сүйетін Темірлан, тапқыр, ақылды, төзімді, апайдың сенімін ақтайтын Қозыкөрпеш сияқты тек «5» баға алатын озатымыз бар. Көпшіл, мейірімді, ұстамды Жамбулов Мейрамбек, кешірімшіл, мұнтаздай тап-таза Алдияр, шаршауды білмейтін, қоғамдық жұмысты жанын салып істейтін оқуда да, өнерде де алда келе жатқан Әйгерім, Назгүл, Орынбасарова Аружан қыздарымыз бар.

Басқалардан аз сөйлеп, көп тыңдайтын, сабырлы да салмақты, айтқанды бірден ұғатын, жан-жақты дамыған Фариза, Балерке, Ерқанат сияқты оқушыларымыз да бар.

Спорттық жарыстарға белсене қатысып жүлделі орынға ие болып жүрген Қуанышова Аружан мен Сұлтаннан да көп үміт күтеміз! Жазулары тайға таңба басқандай сабырлы, ұқыпты, тәртіпті Бейбіттей қызымыз, Нұрисламдай ұлымыз да осында.

Үлкенге үнемі көмек беруге дайын Жандос, шебер, суретші, математика ғылымын игеруге талпынып келе жатқан талапты Мақсат, көркем сөз оқу шебері – Айнұр мен Айнагүл, тез тіл табысатын Азиза, ата-ана айтқанын бұлжытпай орындайтын Нұрсұлтан мен үлгілі, әңгіменің майын тамызып баяндайтын Ақниет, пысық та алғыр Айым, жан-жақты дамыған талабы мықты, іске шебер, пысық алғыр, есепке жүйрік Тұрмысқалиева Аружан сияқты қызымызды мақтан етеміз.

Осындай балаларды тәрбиелеген ата-аналарға 4 жыл осы класқа жетекшілік еткен өз атымнан алғыс айтамын!

Ендігі кезекті 4 «А» класс оқушыларына беремін!

I жүргізуші: Әйгерім Жамбылова:

Бала шақты болашаққа жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым, қымбатты!

II жүргізуші: Әбдібеков Әсет:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар.

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар!

I жүргізуші:

— Біз бүгін сіздерге өнерімізді көрсеткелі отырмыз, қабыл алыңыздар.

Көрініс: «Білімбек пен Жалқаубек» (Амангелдина Райхан, Пазылбекұлы Ақниет)

Білімбек пен Жалқаубек бір-бірімен амандасады.

  • Сәлеметсің бе, Жалқаубек!

  • Привет, Білімбек!

  • Ой, мұнда не болып жатыр? Бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой.

Білімбек:

— Жалқаубек, біз бүгін Благодар орта мектебінің 4 «А» класс оқушылары бастауыш класпен қоштасқалы жатырмыз. Сен қайда жүрсің? Сенде бір ақылыңды неге қоспайсың?

Жалқаубек:

— Қашан? Шынымен айтып тұрмысың? Мен бастауышпен қоштасқым келмейді. Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырмын. Жоғары класта 6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді. Ол кісілердің айтқанына көне алмай кетемін бе деп қорқамын.

Білімбек:

— Бастауыш класта бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең жоғары класта 6 жағыңнан 6 мұғалім білім беріп, тәртіпке шақырғанда, әрең отырмақ түгіл, еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.

Жалқаубек:

  • Мұның жақсы ақыл екен, тырысып көрейік.

Білімбек:

  • 6*6 қанша болады?

Жалқаубек: (Көп ойланады) әрең дегенде – 25!

Білімбек:

  • Сен, міне, бүгін бастауыш мектепті бітіргелі отырсың. Көбейту кестесін әлі білмейсің. Бастауыш мектепті бітірген соң не болады?

Жалқаубек:

  • Кани-кул! Алақай кани-кул! 25 жыл болса ғой, тағы да, тағы да, тағы да!

Білімбек:

  • Жоқ , Жалқаубек! Бастауыш мектептен кейін не бір асулар күтіп тұр. Сол асулардан сүрінбей өтуің керек. Ол асу – өмір. Өмір дегеніміз – күрес. Әй, Жалқаубек көп сөзді қой, одан да бастауышта өз баласындай аялаған ұстазымызбен жақсылап қоштасып, жоғары класта өз тәртібімізді дұрыстап, білімімізді көрсетейік! Келістің ғой, Жалқаубек?

Жалқаубек:

  • Келістім. Екеуміз бірігіп ән айтсақ қайтеді?

Білімбек:

  • Айтсақ айтайық!

II жүргізуші:

  • Дұрыс айтасың, Білімбек. Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.

I жүргізуші:

  • Олай болса, Жалқаубек, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық.

  1. Өмірге ең қажетті 2. Мектеп, ұстаз, жасұлан

Білім берген керекті Қамқор болған жасыңнан

Қадірлейік ұшырған, Ержеткен соң табылмас

Алтын ұя мектепті Жас күніңдей қасыңнан

Ұмтылдырған білімге, 3. Өзің ұшқан ұяңды

Құлшындырған өмірге Ұмытпастан жүрейік

Ақ пейілді ұстаздар Ұлағатты ұстаздар

Бас иеміз сіздерге! Құрмет тұта білейік.

Қ-сы:

Жаншы, жаншы

Жанған шырақ болшы,

Білім орда мектебім

Ағып жатқан 2

Бұлақ болшы

Гүлдене бер мектебім.

I жүргізуші:

  • Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше кластастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық!

Тұрмысқалиева Аружан:

Мектеп деген білім кені, жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

Есеналина Фариза:

Мектебім – білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде өзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл!

Атаниязов Ерболат:

Өнеге ошақ тәрбиең,

Бір сенен қуат аламын

Жарылқашы тәңір ием.

Таудай ғой менің талабым,

Мектебім мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз,

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз әлі талай біз.

Зинелғаппаров Мақсат:

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма,

Мектебімде жырланбаған жыр бар ма,

Мектебімде алаулаған жас шағым,

Кетер мәңгі сізбен талай жылдарға.

Салимгереева Азиза:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Тажибаев Нұрислам:

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам.

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

II жүргізуші:

  • Ән «Мектебім»

  1. Мектебім, аяулы мектебім 2. Келеміз қуанып біз дәйім

Өзіңсің өмірдің көктемі Мектебім сен жайлы жыр дайын

Нәр алып қолымды созамын Айқара есігін ашады

Арманға көктегі Қарсы алып күн сайын

Мектебім келеміз тағы да, Мектебім өзіңді сүйемін

Күн сайын өзіңді сағына Білімді санама түйемін

Сыңғырлап соғады қоңырау Аяулы ұстаздар алдында

Бар бала бағына Басымды иемін

Қ-сы:

Мектебім, аяулы мектебім

Бағыңда гүлдей боп көктедім 2 рет

Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып келемін

I жүргізуші:

  • Ия, мектеп бізді көп нәрсеге үйретті: Отанды, елді, жерді сүюге, қадірлеуге баулыды. Осы қазақ жерін біздің ата-бабамыз қалай сақтап қалғанын оқып-біліп түсіндік.

Мұхаммедова Айнұр:

  • Біздің еліміз – тәуелсіз қазақ елі. 15-ғасырдан кейін тарихшылар «қазақ даласы» деп атағаны жұртқа аян. Осы қазақ даласына Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Біз сол қазақ халқының бақытты ұрпағымыз.

Русланова Айнагүл:

Намысың найзағайдай жарқылдар бір,

Өз халқым дүниеде даңқыңды асыр

Дәуірдің бастау алған жиырма бірі

Елім болсын дәйім алтын ғасыр.

Ән «Жаса, Қазақстан!»

  1. Аружан О, Аружан Т, Айнұр.

  2. Ерболат, Нұр, Алдияр.

  3. Бейбіт, Азиза, Аружан Қ.

  4. Ерқанат, Сұлтан, Нұрислам.

II жүргізуші:

Қазақ халқы өзінің Отанына деген патриоттық сезімін Ұлы Отан соғысында дәлелдеді. Соғыс жылдарында елі мен жерін қорғаған ата-әжелеріміз көп. Осынау бейбіт өмірді тарту еткен ата-әжелерімізге мың алғыс!

I жүргізуші:

Ән «Жеңіскер ата, әжелер!» (Әсет, Әйгерім, Назгүл, Мейрамбек, Мейрамбек, Айым)

Хор «День Победы»

I жүргізуші:

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған – деп Ыбырай атамыз айтқандай осы заманда білім артық па, әлде байлық артық па, қалай ойлайсың?

II жүргізуші:

Әрине, бәләм артық деп жауап берер едім. Дегенмен, байлық та артықтық етпес деген ой жетелейді. Олай болса, балалардың пікірін тыңдап көрейік!

Қуанышова Аружан:

  • Білім артық, өйткені ол пайғамбардан қалған мирас.

Берді Камила:

  • Білім артық, өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.

Қазыбай Назгүл:

  • Білім артық, өйткені білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанымен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды.

Әлиев Нұр:

  • Білім артық, оны суық қолдан сақтаудың қажеті жоқ, жиған дүниені ұрылардан күнде қорғау керек!

Бектілеу Қозыкөрпеш:

  • Білім артық, өйткені ол жан-дүниеңді байытады, байлық жан-дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.

I жүргізуші — Әйгерім:

  • Ия, дұрысайтасыңдар, білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады.

II жүргізуші — Әсет:

Ал байлығы көп адам оған мастанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан да әрқашан білім артық.

Хормен:

Бүгінгі жастарға оқу – міндет

Тек қана оқуменен өнер білмек!

I жүргізуші: «Учат в школе» әнінің қазақша нұсқасы.

Үйретеді мектепте

Әріптерді жазуға, қыл қаламмен басуға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте

Қосуменен, алуға, үлкендерді сыйлауға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте

Оңтүстікті табуға, фигураны салуға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте

Ұстазыңды тыңдауға, жақсы оқушы болуға,

Үйретеді, оқытады бұл мектепте

Кітаптарды жыртпауға, таза етіп ұстауға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте

Әдептілік сақтауға, тәрбиелік жақтарға

Үйретеді, оқытады бұл мектепте

I жүргізуші:

Оның нәзік қолдары

Фортепианоны таңдады.

Әнші болу өскенде

Фаризаның арманы

Есеналина Фариза: Дэниель Штейбельт «Сонатина».

Қазыбай Назгүл: «Испан биі».

II жүргізуші: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» — деген екен батыр Бауыржан Момышұлы атамыз. Келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Пірмұханбетов Ерқанат:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстз-ғалым толастатпас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Мейрамбек Б:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алған сенде жаттадым,

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен арқамыздан қаққаның!

Балерке:

Кеше ғана қоштасып әліппемен,

Кездескен-ек біздер сіздерменен

Бүгін міне аттай жыл өтіпті гой,

Есейіп қалыппыз-ау дегенменен.

Бейбіт:

Әліппем менің! Әліппем менің дүнием

Сенен мен әлі үйренемін деп сүйінем

Әлемнің барлық азаматына бір тілек.

Әліппе ұстап бүлдіршін шықсын үйінен!

Ақниет:

Жүзің жылы, құшағың кең.

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен!

II жүргізуші:

Құрметті ұстаздар! Біз оқып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдаймыз!

Орыс тілінен сабақ беретін

барлығы: Жанна апайға, Толқын апайға,

Бейнелеу өнерінен сабақ беретін

барлығы: Рауза апайға,

Музыкадан сабақ беретін

барлығы: Айнагүл апайға,

Дене шынықтырудан сабақ беретін

барлығы: Жақсат ағайға,

Ағылшын тілінен сабақ беретін

барлығы: Зульфия апайға,

Шахмат үйреткен

барлығы: Жасағанберген ағайға және біздің оқуымыз бен тәртібімізді үнемі қадағалап отыратын

барлығы: Аймангүл апай, Гүлшат апай, Бекзада апай, Мейрамгүл апайларға, мектеп басшысы Нұрлы ағайға

барлығы: Мың алғыс!

I жүргізуші: Орындалатын «Ұстазым» әні баршаларыңызға арналады.

Тыңдаған көңілдегі толғанымды,

Шыңдаған тәрбиемен талғамымды,

Өмірдің маған сыйы деп білемін,

Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды,

Талпынған балапан ем ұядағы,

Қырандай жетілдірдің қиядағы.

Ұстазға деген ыстық сағынышым,

Бір әнге қалай ғана сия алады.

Қ-сы:

Ұстазым менің, қамқорым едің.

Баулыған осы өнерге,

Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң,

Биікке шықсам егерде.

Өмірдің мен білмейтін қақпаларын,

Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.

Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,

Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.

Қ-сы.

I жүргізуші: Мектептегі қызықты сәттерден көрініс.

  1. «А»-дан кейін не келеді? – Адилжан Наргиз

  2. «Өскенде кім боласың?» — Жігер Алдияр

  3. «Оқымауға бола ма?» — Сағынбай Айым

II жүргізуші: 45 минуттың қызықтары.

  1. Әдебиет сабағы – Нариман Сұлтан

  2. Орыс тілі сабағы – Баймұқанов Темірлан, Рейпназаров Нұрсұлтан

  3. Математика сабағы – Сағынғалиев Жандос

  4. Қазақ тілі сабағы – Орынбасарова Аружан.

II жүргізуші: Құрметті Какима апай, ұстаздар!

Біз сіздерді шыдамдылықтарыңыз үшін

I жүргізуші: кешірімді мінездеріңіз үшін

II жүргізуші: мазасыз күндеріңіз үшін

I жүргізуші: біз үшін ағарған шаштарыңыз үшін

Барлығы: жақсы көреміз, әрқашан құрметтейміз!

I жүргізуші — Әйгерім:

Ажырамай мектептен бір елісіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз –

демекші, сөз кезегін мектеп директоры Пенаев Нұрлы ағайға береміз.

II жүргізуші — Әсет:

Қалайтын баласының сәтті жолын

Қуаныш кернепті шат жүрегін

Достарым, тыңдаңыздар ана сөзін

Сіздерге арнап айтар ақ тілегім –

дей келе құттықтау сөз кезегін ата-аналарымызға береміз!

I жүргізуші — Әйгерім: Осымен өздеріңізге арналған «Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Мақсаты:

  1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу;
    2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт-сапар тілеу;
    3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу;
    Көрнекілігі: шарлар, білім кілті, фотомонтаж, слайдтар, видео-ролик, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
    Видеоролик «Шуақты 4 жыл …»

Мұғалім:

Бүгін, міне, жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап білімменен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.

    Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз , енді міне, қанаттары қатайып, білімнің негізі болатын бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Олай болса 4-сыныптың «Қош бол, бастауыш»  атты мерекелік салтанатына қош келдіңіздер!

Бесіктегі  баланың,
Күлгенін көрген — бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген — бір мұрат –
дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!   (Оқушылар ортаға шығады)

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп отырайық,
4-сынып оқушылары ортамызда!

Мұғалім:
Армандасаң да , қиялдасаң  да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына  өз өнерлерін көрсетуге дайын.

(Музыка «Жазамын  жүрегімнен»)

1 — жүргізуші:  Р

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар!  Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!
Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2 — жүргізуші: А

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

1 — жүргізуші: Р

Армысыздар, әжелер мен аналар!
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйла, оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

2 — жүргізуші: А

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін, міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!

1 — жүргізуші: Р

Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!

2 — жүргізуші:  А

Дұрыс айтасың   Расул!   Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді, міне мен де  мектептен тәлім алудамын.

1 — жүргізуші:  Р

«Мектеп — білім» кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,

Ғалымжан Серікбайұлына

Сөз кезегін береміз.
Мектеп директорының құттықтау сөзі

2 — жүргізуші: А

Құрметті Индира әпкей, қош келдіңіз,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.

1 — жүргізуші: Р

— Балалар, айтыңдаршы біздің мерекеге келген қонақтар біз жайлы білгілері келіп отырған шығар, өзімізді таныстыра кетсек артық болмас еді.
1-оқушы: 4 сыныпты  8 бала бітіргелі отыр  (Сая)
2-оқушы: Сыныптың орта жасы – 9 жас (Абзал)
3-оқушы: Бойлары – 130 см, 4 жылда әр бала 15 см-ге өсті  (Инабат)
4-оқушы: Салмақтары — 30  кг, 4 жылда әр бала 4 кг-нан салмақ қосты. (Ерзат)
5-оқушы: Сынып оқушылары мейірімді, ақкөңіл, алғыр (Балнұр)

6-оқушы: Сыныпта 3 оқу озаты мен 2 екпінді бар  (Ерасыл)

1-жүргізуші: — 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып, мыңдаған сабақтар оқыдық.
2-жүргізуші: — ондаған ережелер жатталып, жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.
1-жүргізуші: — басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып, ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр
2-жүргізуші:   — үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде, мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.
1-жүргізуші:  — 6560 дәптер жазып тастаппыз
2-жүргізуші:  — қосымша парақтарды айтсаңшы
1-жүргізуші:  — 4 жылда 6600 қоңырау соғылды.  4 жыл еңбектендік.
2-жүргізуші:  — Ал  ол  дегеніміз  — 2 904 сабақ
1-жүргізуші:  — 102 сынып сағаты
2-жүргізуші:  — 2 433 шулы да,  көңілді үзілістер
1-жүргізуші:  — тау-тау оқылған кітап беттері
2-жүргізуші:  — реніштер мен қуаныштар, қызықты  оқиғалар.
Оқушылар хормен:  Бұған тек  әлділер  ғана  шыдайды.

1-жүргізуші:  Десек те, біздің сыныпта ешкім де, екінші жылға оқуға қалған жоқ қой.

2-жүргізуші:  Әрине, барлығымыз бәйгеге қосқан тұлпардай жүйткіп келеміз!

1-жүргізуші: Ия,  Ақмаржан  мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.

2-жүргізуші:   Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларына кезек берейік.

1 — оқушы: Ерзат

Мектeп деген –  білім кені жыр кені,
Мектеп деген –  ғылымның ең үлкені.
Мeктеп деген –  тәрбиеші адамға,
Мектeп деген –  даналардың мекені.

2 — оқушы:  Балнұр

Мектебім білім берер алтын ұям,
Бой жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3-оқушы: Ерасыл

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

4-оқушы:  Сая

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

5-оқушы:  Инабат

Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.

6-оқушы: Абзал

Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған,
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.

1-жүргізуші:    Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің  Ақмаржан?
2-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз ғой.  «Мұғалім — мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

1-жүргізуші:    Ия,  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, 42 әріпті танытқан , оңымыз бен солымызды айырып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.

2-жүргізуші:  Дұрыс айтасың, Расул, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі — бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
1-жүргізуші:  Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де  — ұстаз өсіреді»  деген екен.

2-жүргізуші:  Олай болса келесі жырымызды қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз –  ұстазымызға арнаймыз!

1-оқушы:  Ерзат

Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.

2-оқушы: Балнұр

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсіз,
Әр балаға сіз ана-әкедейсіз.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсіз.

3-оқушы: Инабат

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңіздей болса, шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

4-оқушы: Ерасыл

Есімде ерен ұстазым,
Шашымнан сипап өткенің.
Аянбай бізге қыс-жазы,
Молынан мейір төккенің.

5-оқушы: Сая

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.

6- оқушы:  Абзал

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Анамның аяулы үні сияқтанған.

7- оқушы: Расул

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Бәрі:  Мың алғыс сізге біздей түлектерден,   

           Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән: «Ұстаз-Ана!»  Балнұр

1-жүргізуші: Р

Қағылды, міне, әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр-ау !

2-жүргізуші: А

Расында да, 4 жыл деген  4 күндей боп өте шықты ғой. Олай болса, мына бізге білім берген ұстаздарға деген шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар!

1-оқушы:  Ақмаржан

Байсалды мінезіңіз бірқалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Роза әпкей неткен мықты төзімдісіз,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсіз.

2-оқушы:   Сая

Үйреткен сөз өнердің қыр-сырларын,
Гүлденткен үлес қосып бала бағын.
Жансая әпкейге шексіз алғыс,
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.

3-оқушы: Ерзат

Орыс тілді оқытып,
Тілімізді ширатқан.
Сыныпқа кіріп келгенде,
Қимылдамас еш пенде.
Айгүл апай тәртіпті,
Ұғындырған біздерге

4- оқушы:  Ерасыл

Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Құралай апай тәлімі
Сәулесін шашқан жарықтай.

5-оқушы:  Балнұр

Ұстаздардың арқасында шаттандық,
Сөзін ту ғып, болашаққа аттандық.
Еңбек пәні мұғалімі Күлпаш әпкей
Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.

6-оқушы: Инабат

Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.
Еркінбек ағай үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.

1-жүргізуші:  Иә, осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы бүлдіршін едік,  сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттағанбыз.
2-жүргізуші:  Енді міне,  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш  сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
1-жүргізуші:  Иә, міне, сағымдай боп өте шыққан  4 жыл ішінде біздің  ұстаз-анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
2-жүргізуші:  Ендеше, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!

 1-оқушы:  Сая

Бастауышым – бал бұлағым,
Лаулап жанған шам-шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

2-оқушы: Ерасыл

Бастауышым- бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

3- оқушы:  Балнұр

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,
Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.

4— оқушы: Ерзат

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

5-оқушы: Инабат

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауыштa айтылмаған сыр бар ма?
Бастaуышта алған білім, жырларым,
Азық болар , әлі талай жылдарға.

6-оқушы:  Абзал

Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті, міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

 Ән: «Бастауышпен қоштасатын кез келді»  Ақмаржан

 1-жүргізуші: Расул

Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия  т.б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану,  орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.

 1-оқушы:  Балнұр

Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым

2-оқушы: Расул

Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.

3- оқушы: Ақмаржан

Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы

4-оқушы:  Абзал

Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бәрі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.

5-оқушы: Ерасыл

Үйренеміз жалықпай,
Орыс тілін шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттанамыз қалыспай.

 Хор: «Бастауыш мектеппен қоштасу»

1-жүргізуші: Расул

   Біздердің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

2-жүргізуші: Ақмаржан

Олай болса келесі жыр шумақтары аяулы ата-аналарымызға арналады. Қабыл алыңыздар!

1-оқушы:  Абзал

Ыстық-ау  кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.

2-оқушы:  Ерасыл
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

 1-жүргізуші:   Әр ана өз баласын жақсы оқып,  елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

2-жүргізуші:  Иә, дұрыс айтасың Расул!  Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?!

1-оқушы:  Сая
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

2-оқушы:  Балнұр

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Хормен:  Ата-ана сізге мың алғыс!

Ата-аналарға алғыс хаттарды табыс ету

Видео ролик

 2-жүргізуші:   А

Соңымыздан еріп келе жатқан  мектеп алды даярлық тобының  бүлдіршіндеріне  бастауыштың білім кілтін табыс етеміз.

1-жүргізуші:   Р

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамыз  білімнің кілтін біз.

2-жүргізуші: А
Осыдан 4 жыл бұрын біз де сендер секілді бүлдіршін едік. Мектеп табалдырығын имене аттап, оқушы атандық. Енді, міне, 4-сыныпты аяқтап, бастауышпен қоштасқалы отырмыз. Мінекей, бастауыштың  білім кілтін сендерге табыстаймыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, тек алда болыңдар!

1-жүргізуші: Расул

Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңыраудың  сыңғыры.

2-жүргізуші:

Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!

 Ән: «Қимай тұрмын бастауышты»  Расул

1 — жүргізуші: Ақмаржан

Жетекші боп жүрдіңіз түлектерге,
Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де — дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!

Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, — демекшімін,  бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер.

Мұғалім:  «Қоштасу әні»
Ұстаздың қоштасу әні

Ақ жол тілеп түлектерді шығарып салады

Мұғалім:

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

Ата-аналардың құттықтау сөзі

Ал ата-аналарға айтарым:

Қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын.
Тек биікке самғасын!

Ал түлектерге айтарым:

Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар!

Арман-тілектерін айтып, әуе шарларын аспанға ұшыру

БАСҚА ДА СЦЕНАРИЙЛЕР

Автор: Жаңбырова Тоғжан
№9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Ақтау қаласы Маңғыстау облысы

Сценарий тақырыбы: Бастауышпен қоштасу
Сценарий мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген — бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» , «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны»,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Есен : Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Гаухар: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Тұралбек: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Айнұр:Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Есен : Дұрыс айтасың Айнұр ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Айнұр : Олай болса Есен алтын ұя мектебімізге арнап
Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
Слайд: «Мектептегі мерекелер»

Тұралбек : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

6 оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.

7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

8 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Ән : «Үйретеді мектепте»

Гаухар: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айнұр?

Айнұр :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Тұралбек:Дұрыс айтасың Айнұр,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Есен : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

9 оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

10 оқушы:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

11 оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

12 оқушы:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

13 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

14 оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

15 оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.

16 оқушы:Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.

17 оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.

18 оқушы:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.

19 оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғысмына отты жүректерден!

Ән: Б.Бисенова «Ұстазға мың тағзым»

Есен: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Тұралбек: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Айнұр: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Гаухар: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

20 оқушы : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

21 оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.

22 оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

23 оқушы:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

24 оқушы: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

25 оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

26 оқушы : бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

27 оқушы :Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

28 оқушы:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

29 оқушы:Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл- білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық ,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.

30 оқушы: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы

31 оқушы: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
5-шіге барған соң,
Айжан апай бағалар.

32 оқушы: Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.

33 оқушы:Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Айнұр апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.

ӘН: «Бастауыш- балбұлағым»

Тұралбек: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Гаухар:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

34 оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

Есен:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Айнұр: Иә, дұрыс айтасың Есен. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

35 оқушы:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

36 оқушы:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән Б. Бисенова « Мама»

Айнұр: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұситаздарымызға береміз!

Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Мектеп директорының құттықтау сөзі
Марапаттау рәсімі

Концерттік нөмірлер:
1. Ұлдар хоры: Ән Б.Бисенова «Тұлпарым»
2. Би: «Сарыжайлау»
3. Көрніс «Кітаптар мұңы»
4. Күй : « Кеңес» Күзембаев М.
5. Би: «Қаражорға»
6. Қыздар хоры: Ән:Б. Бисенова «Әже»

Қорытынды сөз
Ән: Б.Бисенова. «Ең соңғы қоңырау»

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Ашылуы: қазақ биі

І жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті, ата – аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар! Бүгін 4 класс оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн. Өйткені, олар бастауыш кластың түлектері. Міне, бойлары да, ойлары да өсіп,бастауыш класста білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр. Ендеше қызықты да,ғаламат өзгерістер сыйлаған, білімнің бастауы болған «Қош бол, білім бастауы — бастауышым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

ІІ жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

І жүргізуші: Бастауыш бала үшін өмір мәні,

Бастауыш бала үшін өмір сәні

4 жыл оқып, бастауышты тәмамдап

Бүгін міне қоштасады барлығы,

Саламат па, екенсің, жайсаң елім

Еңселі 54 – тің қонақтары.

ІІ жүргізуші: Бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

І жүргізуші: Сондай –ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан,жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымен қоштасқалы отыр.

ІІ жүргізуші: Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,

Бастауышты тәмамдайтын күн жетті.

Қошеметпен шақырамыз ортаға

Қадам басқан шәкірттерін құрметті – дей отырып, бастауыш түлектерін ортаға шақырамыз.(музыка әуенімен түлектер ортаға шығады)

І жүргізуші: Армысыздар жас достар,

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптың,

Келешегі қазақтың

Сендерден басталар.

ІІ жүргізуші: Ажырамай мектеппен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз –дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы М.Ж. Досовқа беріледі.

Хормен: Мектеп – кеме,Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

І жүргізуші: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушыларымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Ботагөз: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Аяулым: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Мереке: Ұлылықты аруақ тұтар үнемі

Алтын ұя ақ босаға киелі

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Исламбек: Мектеп – үйім, ұстаз – менің ата – анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа таралған.

Сағынжан: Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Хор: «Аяулы мектебім»

Ән «Чему учат в школе»

Көрініс «Ақылды қария»: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)

1- оқушы

-Ата, ата, арман деген не? — депті жігіт

— Арман дегеніміз — ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

2- оқушы

Дос табу оңай ма? — депті қарт.Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.

3- оқушы

-Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.

— Ата, үйдегі алтын қазық — бала, депті жігіт.

— Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке — қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың — қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, — депті қарт.

4 — оқушы

Өмір сүру үшін не қажет? — депті қарт.Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, — депті жігіт. Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от — өмір, тұз — дәм, қыз — сән, ақыл өмірдің нәрін береді. 5-оқушы

— Адамға ақыл беретін кімдер? — депті қарт.

— Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.

-Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, — депті қарт.

1-жүргізуші: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?

2-жүргізуші: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған тіліміз, ана тіліміз туралы тақпақ өлеңдерге кезек берейік.

Оқушы:Өмірімнің шырағы, ақыл ойдың бұлағы.

Ана тілі қадірлі, халқымыздың жыр — әні.

Ақыл, ой да, білім де, туған ана тілінде.

Ана тілсіз ұғылмас, ауа, жер де, күнің де.

Ақ сүтіндей анамның, ардақтаймын ана тілін.

Оқушы:Тілім барда, қазағым бар, халқым бар.

Дәстүрім бар, ата жолым салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.

Оқушы:Тілім менің — елдігім де, ерлігім,

Кемеңгерлік кемелдігім, кеңдігім.

Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім,

Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.

Оқушы:Ана тілім — қасиетім, дарыным,

Көз жеткісіз көк жиегім жарығым.

Бұл дүниенің терең тылсым сырларын,

Өзің ғана арқылы тек таныдым.

І жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ,алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз — ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың алғашқы ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің? ІІ жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз дер едім. І жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнайық.

Жадыра: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,

Басталған ақ батаңның жас талабын

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың,

Өмірде сенің алар орныңа

Бәрі де жеткізе алмас бағаларын.

Әдина: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан

Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Анамның аяулы үні сияқталған.

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады,

Біз әлі биіктерден көрінеміз

Үмітпен сеніміңіз ақталады.

Алтынбек:

Аружан:

Сағынжан: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Әділет: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты,

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

Хор «Ұстазым»

ІІ жүргізуші: 2011 жылы қыркүйектің 1-інде ата –анамыз біздерді қолымыздан жетектеп, білім ордасына алып келді. Бас иіп, шексіз алғысымызды аналарымызға және қадірлі әкелерімізге білдіреміз.

Әкелдіңіз білім ал деп мектепке,

Жетектеп арман қуған балаңызды

Рахмет айтамыз ата – ана,

Басымызды иіп біздер мәңгілікке.

І жүргізуші: Құрметті, аналар мен әкелер, біз сіздерге рахметімізді айта отырып, келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.

Оқушылардың орындауында ән «Қос бәйтерегім»

ІІ жүргізуші: Құрметті, қонақтар! Біздің қоштасу кешімізге 1 класс оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік.

МАД тобының тақпақтары.

Жадыра: Ғылымды терең меңгеріп,

Үмітті сендер ақтаңдар!

Мектепті үздік бітіріп,

Шығыңдар білім шыңына!

Аманат осы сендерге

Болыңдар үздік тағы да

Еңбекте де оқуда. (бір оқушы кілт тапсырады)


С этим файлом связано 2 файл(ов). Среди них: 6сынып.docx, 7 сынып алгебра 2 ток.docx.
Показать все связанные файлы


Подборка по базе: 1 жартыжылдық білім сапасы БАСТАУЫШ.pptx, Вариативтік сабақ _Қызықты математика_ бастауыш сынып.docx, Эссе «Мен – бастауыш сынып мұғалімімін».doc, Сапа бастауыш — копия.docx, ЖАҢА ЖЫЛ СЦенариі 2023жыл (1).doc, ИМП Бастауыш сын каз.pdf, Алтынсарин ОӘҚ бастауыш.pdf, диаграмма Бастауыш.docx, «Әуенді тап» сазды-ойын сценариі..docx, 9-дәріс Бастауыш білім берудегі мониторинг ғылыми және тәжірибел


Бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігінің сценариі

1-ж: Нұршат қайда жүрсің? Ертеңгіліктің басталатын уақыты болды ғой!Залды қара,оқушылар толып қалыпты.Қазір апай келіп қалса қайтеміз?

2-ж: Еркебұлан,білмеймін қатты толқып тұрған сияқтымын.Бастауыш сыныпты қимай тұрмын ба?!

1-ж:Мүмкін,бүгін мен де бір түрлі болып тұрмын.Нұршат бол,кешті бастайық!

2-ж: Жас жүректің өмірлік құштары гүл.

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

1-ж: Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық,жар салайық

4 «В» бастауыш түлектерін

Қошеметпен қол соғып қарсы алайық!

2-ж: Армысыздар құрметті қонақтар,аяулы біздің ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!Бүгін біздер үшін үлкен мереке.Төрт жыл бойы алғашқы бастауыш білім алып,ақылымыз толысып,бойымыз да,ойымыз да өсіп негізгі білім сатысына аяқ басқалы отырмыз.

1-ж: Бастауыш түлектері Республикалық,Халықаралық олимпиада жеңімпаздары,мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып көзге түсіп жүрген белсенді оқушылардың көптігімен ерекшеленеді.

(Хор: Ұландар маршы)

2-ж: Мектеп-лицейіміздің гимніне айналған Ұландар маршының авторы аудандық жыл мұғалімі сайысының жүлдегері,облыстық,Республикалық,Халықаралық құрмет грамоталарының иегері, Кембриж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебінің бірінші деңгей тыңдаушысы,бірінші санатты мұғалім сынып жетекшіміз Дәкібай Күнсұлу Ағарысқызын ортаға шақырамыз.

(Жаннетта ұстаз туралы өлең оқиды)

1-ж: Биік сіздің ұстаздық қасиетің,

Мінезің жоқ қиынға бас иетін.

Ұжымды шеберлікпен алға сүйреп,

Орындайсыз бабалар өсиетін.

Көшбасшы ұстаз өзіңіз бас иетін,- дей отырып мектеп-лицей директоры Зинегүл Бәлдірқызын осы ертеңгілікті ашуға шақырамыз.

2-ж: Қазіргі орындалар қазақ биі сіздерге арналады,қабыл алыңыздар!

1-ж: Біздің алғашқы ұстазымыз,сүйікті сынып жетекшіміз,мектептегі асыл анамыз Күнсұлу апай,ендігі сөз кезегі өзіңізде.

2-ж: Алғашқы ұстазым әні өзіңізге арналады.

1-ж:Ұстаздарым биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.

Бастауышта білім берген шаршамай,

Еске сақтап жүреміз біз баршаңды,-дей отырып,біздің сыныпқа әр кез жетекшілік жасайтын,жанындай жақсы көретін,әрдайым ақыл-кеңесін аямайтын ұстазымыз,жанашыр досымыз Индира Жасаралқызын ортаға шақырамыз.

2-ж: Сонымен бірге,біздің жан-жақты білім алуымызға бар күш-жігерін аямаған ұстаздарымыз:

Сіздерге шын жүрегімізден алғыс айта отырып,орындалатын …………………… әнді өздеріңізге арнаймыз.

1-ж:Айналайын,әкем менің қорғаным,

Сіз арқылы бақытты өмір орнады.

Сіз арқылы аман-есен ер жетіп,

Сіз арқылы білімді адам болғаным

2-ж:Сіздер барда бақыттымыз әрдайым,

Үмітіңді армандарды жалғайын.

Болашақта білімді адам атанып,

Тәуелсіздік биігінде самғайын.

1-ж:Әке туралы ән.Бүгінгі ертеңгіліктегі барлық әкелер,ән өздеріңізге арналады.

2-ж:Ақын жаны,аналарды жырлаған,

Жаным ана жарқын өмір сыйлаған.

Аналарға бас иеміз бәріміз,

Бар өмірін баласына арнаған.

1-ж:Ән: Асыл ана. Орындалар әсем ән біздің ардақты аналарымызға арналады.

2-ж:Ата-ана бақытымсың,барымсың,

Тірегімсің,сүйенішім бағымсың.

1-ж:Құрметті құрметті ата-аналар,бүгінгі ертеңгіліктегі біздің өнеріміз өздеріңіңзге арналады.Би:………………………….

2-ж:Еркебұлан,мұғалім мамандығының қиындығы мен қуанышы қатар жүретінін білесің бе?

1-ж: Әрине,қиындығы да,қуанышы да оқушы.

2-ж: Қиындығы оқушы дегеніңе түсінем.Әр үйдің еркесіне білім беріп,әріп таныту,тәрбие беру үшін мұғалімнің қанша күш-жігерін сарқып жүргеніне күнде куә болып жүрміз.Тіпті өз баласынан гөрі,жұрт баласын көбірек ойлайтынын қайтерсің!Ал,қызығы дегенді түсіне алмадым.

1-ж: Сол білім берген оқушылары үмітін ақтап,үздік оқыса,үлкен жетістіктерге жетсе,мектеп бітірген соң,оқу грантына ие болып биіктерден көрінсе,ұстаздардың еңбектері ақталғаны.Бұндай жетістіктерге ұстаздары қандай ұстаз қуанбасын!

2-ж : Еркебұлан,біздің сыныптың оқушылары жетістіктерден алдарына жан салмайды.Биылғы жылдың марапаты олардың білімдерінен көп хабар береді ғой!Біздің ортамызда оқу ісінің меңгерушісі Гүлбану Ерқосайқызы құттықтаулар алып келіпті.

1-ж: Нұршат, оқу мен тәрбие егіз демекші,Берекет ағай да бүгінгі кештің құрметті қонағы.Олай болса,ұстаздарымызды ортаға шақырайық!

2-ж:Жүрегіміз түкпірінен ән қылып,

Шырқай оған айттық біздер тілекті.

Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік,

Тербетеді сезімменен жүректі.

Ендігі орындалатын ән өздеріңізге арналады,қабыл алыңыздар.

1-ж:Балдан да тәтті немере,

Сыйлайды әже-атасын

Құттықтау тілек айтылар,

Алайық көптің батасын,-дей отырып біздің сүйікті әжелеріміз бен ардақты аталарымыз сөз кезегі өздеріңізде.

2-ж:Ән шырқаса билеп алар тәніңді,

Қимылымен нұрландырар жаныңды.

Ата-аналар, қадірлі ұстаз,құрбылар,

Қарсы алайық бишілерді жалынды.

Би:……………………..

1-ж:

Қош бол, бастауыш мектеп!
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт — сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

1 — жүргізуші: Дастан
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

2 жүргізуші: Назерке
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

1 — жүргізуші: Дастан
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелеп.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

2 — жүргізуші: Дастан, Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
1 — жүргізуші: Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, бастауыш мерекесін» бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргізуші: Олай болса, Дастан бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

1 жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып түлектерін ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Бастакы чуораан сценарий
  • Баста петь на праздниках прокисшей солянки
  • Бассейн юургу расписание на праздники
  • Бассейн мэи расписание на праздники
  • Баспас?з конференциясы сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии