№
Тақырыбы
Мақсаты
Сағат
саны
Күні
1
«Кел балалар, оқылық!»
(өлең)
Ы.Алтынсарин
Қазақтың тұңғыш педагог ағартушысы Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру. Өлеңді жатқа айтуға үйрету . Сүйіспеншіллікке тәрбиелеу.
1
2
«Біздің балабақшада»
Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.Ұжымдық қарым –қатынас дағдыларын дамыту. Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне ,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
1
3
Ойыншықтар
(өлең)
Н.Әлімқұлов
Өлең мәтінін түсініп жатқа айта білуге үйрету,ой –өрісін дамытып,ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу
1
4
Ойыншықтар
(өлең)
Н.Әлімқұлов
Өлең мәтінін түсініп жатқа айта білуге үйрету,ой –өрісін дамытып,ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу
1
5
«Күзде» (өлең)
І.Байжұманова
(Мәнерлеп оқу)
Күз мезгілі туралы түсінік беру.Өлеңді тыңдап,өз түсінігін жүйелі айтып беруге баулу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
1
6
«Жапырақтар» (өлең)
Т.Молдағалиев
Күзгі табиғат жөніндегі түсініктерін нығайта отырып,табиғат әсемдігін көре білуге ,әңгімелеуге баулу.
1
7
Ойдан шыққан әңгіме
Балаларды қиял арқылы ойдан әңгіме құрауға ,тілдерін дамытуға ,өз ойларын жеткізе білуге ,әңгімелеуге баулу.
1
8
Суретші бол
Берілген тапсырмадағы суретті бояу,түстерін ажырата білуге,әдемілікке,ұқыптылыққа ,тазалыққа баулу.
1
9
«Не деу керек ?»
Ә.Дүйсенбиев
Балаларды имандылыққа , мейірімділікке,кішіпейілділікке,әдептілікке баулу.
1
10
«Құмырсқа мен көгершін» (әңгіме)
Әңгіменің мазмұнын түсіну.Жақсылық жасауға тәрбиелеу.
1
11
Отбасындағы сыйластық
Отбасы мүшелерін дұрыс атауға,сәлемдесіп, қоштасуға ,үлкенді сыйлап,құрметтеуге үйрету. Отбасында үлкенге құрмет,кішіге қамқорлық керектігін айтқызу арқылы инабаттылыққа тәрбиелеу.
1
12
«Атасының ақылы» (Әңгіме)
С.Сейтенов
Әңгімені тыңдату,үлкен адамның айтқан нақыл сөздеріне көңіл бөлдіру. Қазақтың мақал –мәтелдеріндегі ұлағатты сөздер арқылы тәрбиелеу.
1
13
«Бұл қай кезде болады?»
Жылдың төрт мезгіліндегі құбылысты салыстыру және айыра білу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
1
14
Қазақстан-Республикам менің
Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу.Ой өрісін дамыту . Еліне,жеріне , Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
1
15
Менің сүйікті қалам,ауылым және ел ордасы Астанам
Балалардың қала,ауыл және Астана туралы түсініктерін тиянақтау. Ой –өрісін дамыту.Елін,жерін,туған қаласын сүюге тәрбиелеу.
1
16
«Қыс» (өлең)
Н.Аманжолова
(жаттау)
Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Өлеңді жатқа айта білу арқылы көркем әдебиетке қызықтыру.Сөздік қорын молайту.
1
17
«Қолғап» (өлең)
Ә.Дүйсенбиев
(жаттау)
Өлең мазмұнын түсіне отырып жаттауға үйрету. Ой –өрісін кеңейту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1
18
Жабайы аңдар
(сурет бойынша әңгімелеу)
Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша әңгімелету. Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап айтуға ,қорғауға ,қамқор болуға , аттарын ажыратып атауға жетелеу,сөздік қорын байыту.
1
19
Үй жануарлары
Үй жануарларының ерекшеліктерін ,олардың адам өміріне пайдасын, төрт түлік малға не жататынын , олардың төлдерін атап айтуға баулу.
1
20
«Қасқыр мен ит» ертегі
Балаларға әңгімені тыңдата отырып,осы әңгімедегі жағымсыз кейіпкердің бейнесін саусақ театры арқылы көрсету, қасқыр-жағымсыз,ит –жеті қазынаның бірі екенін айтып түсіндіру.
1
21
«Екі әтеш» ертегі
Ертегіні тыңдап,өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу. Көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру.
1
22
«Ақылды лақ»(ертегі)
Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.балалардың сөздік қорын молайту. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
1
23
«Әтеш пен Тоты» ертегі
Ертегінің мазмұнын түсіну,өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайту,сөйлеуге дағдыландыру.
1
24
«Айна» (ертегі)
Балаларды ертегіні түсініп,сөйлеуге ,әңгімелей білуге үйрету.Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.
1
25
«Көктем өрнегі»
Көктем мезгілі туралы балаларға білім беру және оның ерекшеліктерімен таныстыру.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
1
26
«Менің әжем» (өлең)
Қадыр Мырза Әли
(жаттау)
Өлең мазмұнын түсіне отырып жаттауға үйрету. Ой –өрісін кеңейту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1
27
Әшекей бұйымдар
Ұлттық зергерлік жайлы білім беру. Қазақ халқының қолөнері туралы ұғымдарын кеңейту. Зергерлікке тәрбиелеу.
1
28
Наурыз –думан
Балаларға жыл басы –Наурыз мерекесі туралы айту. Наурыз –жыл басы, көктемнің алғашқы мерекесі .Малдар төлдеп,ағаштар бүршік атып,тіршіліктің оянған кезі.
1
29
«Ағшатар неге ашуланды?»
Балаларды Б.Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланады?» әңгімесімен таныстыра отырып, оларға ағаштар және олардың 1пайдасы туралы жан –жақты мәлімет беру.
1
30
«Алдар көсе мен бай» (ертегі)
Көркем шығармашылық мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйррету.
Шығарманың тарбиелік мазмұнын түсіндіру.
1
31
«Екі қаз , бір бақа»
Ертегінің мәнін ықыласымен тыңдауға баулу, оқылған ертегіні дұрыс түсінуге ,ойларын тиянақтау, сөздік қорын байыту, жақсылық жасауға байыту.
1
32
«Қамқорлық» (әңгіме)
М.Төрежанов
Шығарманы оқып беру арқылы түсініктерін қалыптастыру.Әңгімелеп беруге,диалог сөздерді мәнеріне айта білуге дағдыландыру.
1
33
«Татту доспыз бәріміз» (Әңгіме құрату)
Достыққа, таттулыққа,бауырмашыл болып өсуге баулу,өзара татулық сезімдерін дамыту. Достық қарым –қатынасқа тәрбиелеу. Сөздік қорын байыту.
1
34
«Адал дос» (әңгіме)
Адал дос туралы түсінік беру.Адалдық қасиеттерін дамыту. Достық қатынасты бағалай білуге баулу. Сөздік қорын байыту.
1
35
«Үш жолдас» (әңгіме)
В.Осеева
Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.Достық қатынасты бағалай білуге баулу.Достаса білуге,адал достыққа тәрбиелеу.
1
36
«Жайлауда» (өлең)
Н.Жанаев
Өлең желісі бойынша сұрақтарға жауап беру. Өлеңді жатқа айтуға үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
1
Оқу қызметінің
кезеңдері
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Қайырлы күн!
Жарқырап күн ашылды,
Алтын сәуле таратын.
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз.
Қайырлы күн!
Біз ер жүрек ұлдармыз.
Шаттық шеңберге тұрады, бір- бірімен амандасады.
Шеңберге тұрып, тақпақты қимылмен айтады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балалар өткен ұйымдастырылаған оқу іс-әрекетімізде Ертегіге саяхат жасадық, Жетілақ ертегісіне. Қане еске түсіріп өтейікші.
-Біз бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісі. Бұл ертегіні бәрімізде білеміз.
Ертегіні есімізге түсірейікші. Ертеде шалмен кемпір болыпты, шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды. Кемпір бауырсақ пісіріп, суысын деп терезе алдына қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ, терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі. Жолда қоянға, қасқырға, аюға кездеседі, түлкі бауырсақты жеп қояды. Міне балалар, бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды.
-Түлкі қандай?
-Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? Ал енді бүгін «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды, керісінше жақсылыққа кенеледі.
Олай болса, «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық. Балаларымыз рөльдерге бөліп ойнап көрейік. Кемпір:
-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Балалар жауап береді.
Балалар еске түсіреді.
-Айлакер, қу.
-Әрине.
Балалар рөльдерге бөлінеді.
Шал:
Әй, кемпір-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Тәрбиеші:
Кемпір солай істейді, қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймақ қосып, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де, одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян:
Бауырсақ! бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
Жоқ, сен мені жеме саған өлең айтып берем.
-Мен бауырсақ, бауырсақ,
Атамнан қаштым,
Әжемнен қаштым.
Ал сенен қашу, қоян,
Қиын емес маған.
Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі.
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп.
Қасқыр:
Бауырсақ! бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
-Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.
-Мен бауырсақ, бауырсақ
Мен атамнан қаштым
Әжемнен де қаштым
Қасқыр, сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі.
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю:
Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
-Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. -Менен бауырсақ, бауырсақ
-Менен бауырсақ,бауырсақ
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым
Аю сенен де қашам-деп
Тәрбеші:
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі:
Амансыңба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Тәрбиеші:
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды.Түлкі болса қыбырын білдірмей, жақындай береді.
Түлкі:
-Оңай құтыла алмайсың, менің тапсырмаларымды орында, сені жемеймін.
Мен жұмбақ жасырамын.
Күнде жейміз.
Тәтті дейміз.
Қадір тұтып құрметтейміз.
Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін, сенің достарың көп екен.
Сау болыңдар!
Сергіту сәті.
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы атқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Ғажайып сәт!
Бауырсақтың келуі
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Бауырсақ жауап береді.
-Нан.
Балалар таңдана қарайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік
Балалар бүгін біз қандай ертегімен таныстық.
Жарайсыңдар, балалар.
-Бауырсақ неден жасалады?
-Ұнанан жасалатын тағамдарды атаңдаршы?
Бауырсақ кандай аңдарға кездеседі?
-Түлкі қандай?
Ертегі сендерге несімен ұнады?
Балаларды жеке-жеке мақтап, мадақтау.
Балалардың жауабы.
-Бауырсақ ертегісімен.
-Ұннан жасалады.
-Бауырсақ, нан, торт, печенье.
Балалар түлкімен қоштасады.
-Қоян.
-Қасқыр.
-Аю.
-Айлакер, қу.
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылы,
Ы.Алтынсарин атындағы ОММДШО
«Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі
Исебаева Зина Әбішқызы.
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
Топ: І- балауса тобы
Сабақтың мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Технологиясы: «Тәй-тәй» технологиясы
Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.
Сәлем, сәлем, басым!
Сәлем, сәлем, көзім!
Сәлем, сәлем, бетім!
Сәлем, сәлем, тісім!
Сәлем, сәлем, балалар!
Сәлем, сәлем, апайлар!
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! І-ші сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиалынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.
— Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Тәрбиеші
Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал
— Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір
— Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Шал
— Әй, кемпірім-ай !
Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Тәрбиеші
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.
Тәрбиеші
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Тәрбиеші
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Тәрбиеші
Бауырсақ әндете жөнеледі
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Қасқыр
Тәрбиеші
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю
— Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!
Тәрбиеші
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Тәрбиеші
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Түлкі
— Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
1. Қыста ақ,
Жазда сүр.
(қоян)
2.Қорбаң- қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді (аю)
3.Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(түлкі).
Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.
Тәрбиеші
Қорытындылау:
— Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)
— Өте жақсы!
— Ал, түлкі ше?
-Түлкі қу, айлакер.
Жағымды-Жағымсыз
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады? (Бидайдан)
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
Бауырсақ: Сары.
Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай?
Бауырсақ: Домалақ, шеңбер.
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Қатысушылар: Автор-Тәрбиеші, Кемпір-Жанеля, Шал-Мирас, Бауырсақ-Аяла, Қоян-Бексұлтан, Қасқыр-Алихан, Аю-Айсұлтан, Түлкі-Іңкәр.
Шолпан (сиқыршы): Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерге ертегі ұнай ма? Мен сендерге жай келген жоқпын, өзімен бірге «Бауырсақ» ертегіні алып келдім. Егер сендер қаласаңдар, мен сендерге оны айтып қана қоймай, көрсете де аламын. Ол үшін көздерінді жауып, ертегі әлеміне саяхатқа аттанайық.
Ерте — ерте ертеде, шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпірге былай деді.
Әдлет (шал) : Кемпірім-ау, кемпірім-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.
Амина (кемпір): Неден пісірейін? Көптен бері үйде ұн да жоқ.
Әдлет (шал): Ей, кемпірім-ай! Міне саған ақша, дүкенге барып, үнді сатып алып кел, содан бауырсақты пісір.
Шолпан (сиқыршы): Кемпір шалының айтқанын істейді: дүкенге барып үнді сатып алып келеді, оны қаймаққа илейді. Отын жағып, табасына майын құйып, бауырсақты пісіруге кіріседі. Бауырсақ, домалақ әрі сырты қызарынқырап әдемі болып піседі. Иісі мұрын жаралық. Шал оны бірден жеп көргісі келеді. Бірақ бауырсақ ыстық болған соң, кемпір оны терезеге қояды да, өздері ұйқыға жатады. Сол кезде ……
Мөлдір (бауырсақ): Ой, мен қайдамын? (терезеге қарап) Мен өзі қандай әдемімін, өте сұлумын. Далаға барып бәріне мақтанып келейін.
Шолпан (сиқыршы): Солай бауырсақ далаға шығып кетеді. Даладан орманға домалап кетеді. Орманда әндетіп келе жатқанда, алдынан қояндар шығады.
Айғаным (қоян): Мында қандай ғажап иіс. Мынау, бауырсақ қой. Бауырсақ, бауырсақ сен қайда бара жатырсың? Өзің сондай дәмді екенсің.
Мөлдір (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым. Сондықтан ренжіме. (домалап кетеді)
Шолпан (сиқыршы): Осылайша бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі, қоян оны дұрыс қарап та үлгірмей қалады. Бауырсақ жалғыз жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқырлар шығады.
Мерей (қасқыр): Мында қандай ғажап иіс, менің қарным ашып қалды. Ой, бауырсақ екен ғой. Бауырсақ, бауырсақ сен қандай әдемісің, домалақсың, мен сені жегім келіп тұр.
Мөлдір (бауырсақ): Қасқыр жан, сен мені жеме, одан да мені тыңда. Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым, мен қояннан да қашып кеттім, сеннен де қашып кетемін. (домалап кетеді)
Шолпан (сиқыршы): Осылай деп бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Бауырсақ орман ішінен домалап келе жатса алдынан балды жеп келе жатқан аюларды кездеседі.
Нұрзат (аю): Бауырсақ, бауырсақ сен қайда бара жатсың?
Мөлдір (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым. Орманды аралап келе жатырмын.
Нұрзат (аю): Бауырсақ, сен өте әдемі және мен сені жегім келіп тұр.
Мөлдір (бауырсақ): Аюжан мен қояннан және қасқырдан да қашып кеттім, сондықтан сен де мені жей алмайсың. (домалап кетеді)
Шолпан (сиқыршы): Бауырсақ орман ішінен көбелекті ұстап алғысы келеді, бірақ көбелек одан ұшып жөнеледі. Сол кезде түлкі келеді.
Аделя (түлкі): Бауырсақ, сен қандай әдемісін, қандай тәттісін. Мен сені жигім келіп тұр.
Мөлдір (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым, бәрінен қашып өзім жоғалып кеттім. енді атама және апама баратын жолды таба алмай тұрмын.
Мерей (түлкі): Бауырсақ, ал сенің үйінде сен сияқты бауырсақ бар ма? Менің қарным ашты.
Мөлдір (бауырсақ): Иә, бар. Апам көп бауырсақ пісірді. Егер сен мені үйге апарып келсең, мен саған бауырсақ беремін.
Аделя (түлкі): Келістік. Қанеки жүре ғой.
Шолпан (сиқыршы): Осылай түлкі бауырсақты ұстап атасы мен апасының үйіне жол жүреді. Атасы мен апасынын үйіне келгенде, атасы мен апасы бауырсаққа қатты қуанады. Олар түлкіге рахметін айтып, үйге шай ішуге шақырады. Апасы дастарханға бауырсақтарды қояды. Олар осылай бәрі дос болады. Осымен ертегі аяқталды.
(балалардың орындауында би)
Құрманғали Мақпал Қырықбайқызы
Білім беру саласы:Қатынас
Оқу қызметі: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты:«Бауырсақ» ертегісін сахналау, таныс ертегінің мазмұнын түсіну.
Көрнекілігі: Ертегі желісі бойынша суреттер.
Міндеті: 1. Ертегі мазмұнын түсінуге үйрету.
- Диалогты сөз арқылы баланың тілін дамыту.
- Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Балалар,күнсалқынболсада,біздіңжүрегімізжылы.Жылуымыздыжан-жағымызғаберіп,жылулықшеңберінқұрып,келгенқонақтарымызбенамандасайық.
Жылулық шеңбері:
Үлкенгедесіз,
Кішігедесіз,
Сәлемберіпсіздерге
Басиемізбіз
Тәрбиеші:Балалареңалдыменбізәдеміормандажүргендейболайық.
-Балаларқазіржылдыңқаймезгілі?
-күзмезгілі
-күзмезгілініңқандайөзгерістерібар?
-Күнсалқын,жаңбыржауады, жапырақтар сарғаяды.
-күзде қанша ай бар?
— 3 ай бар
— сол 3 айды атап беріңдерші?
— қыркүйек, қазан, қараша
Қандай ертегілерді білеміз. Ата- аналарын сендерге қандай ертегілер оқып береді?
Бүгінгі оқу қызметіміз қандай ертегі туралы екенін білуіміз үшін мен сендерге жұмбақ жасырам
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан ( Бауырсақ)
Сәлем балғын балалар!
Бәрін бері қараңыздар
Бауырсақ жайлы ертегі
Сіздерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік
Баяндайық көріңіздер
Өз бағасын беріңіздер!
-Бүгінгі оқу қызметімізде «Бауырсақ»ертегісін сахналаймыз.
Баура
Ерте ерте ертеде Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
- Кемпір- ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір
- Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Шал
- Әй кемпір- ай! Қойманың түбін қырып көрсеңші ұн табылып қалар.
Баура
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып екі уыс ұн табады да , бауырсақ пісіреді, терезе алдына суытқалы суытқалы қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, домалап кетеді. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып берем.
Баура
Бауырсақ қоянға өлең айта бастайды
Баура
Бауырсақ әңдетіп келе жатса, оның алдынан аю шыға келіп:
Аю
Бауырсақ!Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып берем.
Баура
Бауырсақ аюға өлең айта бастайды
Баура
Бауырсақ әңдетіп келе жатса, оның алдынан түлкі шыға келіп:
Түлкі
Бауырсақ!Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып берем.
Баура
Бауырсақ Түлкіге өлең айта бастайды
Бауырсақ
-Мен атадан да қаштым, ападан да қаштым,қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым, аюдан да қаштым, бәрінен қашып өзім жоғалып кеттім. Енді атама және апама баратын жолды таба алмай тұрмын.
Түлкі:
Бауырсақ, ал сенің үйінде сен сияқты бауырсақ бар ма? Менің қарным ашты.
Бауырсақ:
Иә, бар. Апам көп бауырсақтар пісірді. Егер сен мені үйге апарып келсең, мен саған бауырсақ беремін.
Түлкі:
Келістік. Қанекей жүре ғой.
Баура:
Осылай түлкі бауырсақты үйіне апарады.Атасы мен апасы бауырсақтың келгеніне қатты қуанады. Олар тұлкіге рахмет айтып, үйге шай ішуге шақырады.Олар осылай дос болады. Осымен ертегі аяқталды.
Ал енді балалар сергіп алайық
Сергіту сәті:
Қоян болып секірейік,
Аю болып қорбаңдайық.
Қасқыр болып ырылдайық,
Түлкі болып бұлаңдайық,
Қорытындылау:
Тәрбиеші:
-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, қоян жағымды кейіпкерлерге жатады?
-Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ
-Өте жақсы
— Ал, түлкі ше?
-Түлкі қу, айлакер
Балалар бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады? (Бидайдан)
-Бауырсақтың түсі қандай?
-Сары
Бауырсақтың пішіні қандай?
- Домалақ,шеңбер
- Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін атаңдар?
- Кемпір, шал, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю,Түлкі
«Бауырсақ» ертегісі
Балабақшадағы ашық сабақтар- admin
- 30.12.2017
- 0
- 5
- 21536
Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы
№7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы КМҚК
Тәрбиеші Жакупова Айжан Амерхановна
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.
«Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: Сабақта балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерінің атау арқылы. Тілдерін жетілдіре отырып,ертегіні кейіптендіре білуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды достыққа, бірлікке баулу,ертегілерді сүюге, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, есте сақтау, сөйлеу қабілетін дамыту.
Сөздік жұмысы: шал, кемпір, бауырсақ, қасқыр, аю, түлкі
Билингвальдік компанент: ата-дедушка, әже-бабушка, бауырсақ-калабок
— Сәлеметсіңдер ме! Балалар, сендермен көріскеніме қатты қуаныштымын. Бүгін ерекше күн, бізге көптеген қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайық. Балалар ауызбіршілікпен шаттық шеңберге тұрды. Тәрбиешімен бірге:
Біз шаңырақ астында,
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішіп асты да
Бірге сайран құрамыз.
Балалар есікті біреу қағып тұр. Бүгін бізге қонаққа әжеміз келіпті.
Әже: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Бүгін мен сендерге қонаққа келдім. Білімдерінді тамашалайын деп.
Тәрбиеші: Әже жайғасып отырыңыз. Балалар, біз бүгін әжемізге не білетіңімізді көрсетейік. Сонымен балалар, мына суретке назар аударыңдар.
— Бұл суретте қандай ертегі бейнеленді?
— Шалқан
— Дұрыс айтасыңдар. Шалқанды орысша қалай дейді?
— Репка
— Жарайсыңдар балалар, ал Шалқанды кім екті?
— Ата
— Шалқан қандай болып өсті?
— Үлкен
— Ал мына суретте қандай ертегі бейнеленген?
— Шұбар тауық
— Дұрыс. Ал шұбар тауық орысша қалай дейді?
— Курочка Ряба
— Дұрыс. Шұбар тауық қандай жұмыртқа жұмыртқалады?
— Алтын жұмыртқаны
— Дұрыс, Бауырсақ орысша қалай дейді?
— Колобок
Ал ендеше біз бүгін Бауырсақ ертегісін сахналаймыз
«Ертеде бір Шалмен Кемпір болыпты». Шал бір күні кемпірінен бауырсақ пісіріп беруін сұрайды.
— Әжесі, әжесі, маған бауырсақ пісіріп берші-дейді
— Атасы, атасы, үйде ұн жоқ қой!-әжесі дейді.
— Қамбарға бар, пышақпен қыр, қанатпен сыпыр, майға пісір-атасы айтты. Кемпірі қамбарға барды. Пышақпен қырып, қанатпен сыпырып, майға қуырып, бауырсақ пісіреді. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға,ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
— Бауырсақ,Бауырсақ! Мен сені жеймін! — дейді.
— Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Қалған ұннан жасалған,пышақпен қырған, қантпен сыпырған, майға қуырылған. Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым,ал қоян сенен қашу оп оңай»
Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барада. Оған Қасқыр, Аю кездесіп, олар да оны жегісі келеді.
— Бауырсақ домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
— Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін: «Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым,мен қояннан қаштым, мен қояннан қаштым, Қасқырдан қаштым, Аюдан қаштым, ал Түлкі сенен қашу оп оңай»
— Бауырсақ,менің құлағым естімейді,мұрным үстіне келіп, өлеңді қайталап айтшы
— Түлкі бауырсаққа айтады
Бауырсақ өлеңайта бастағанда, Түлкі оны жеп қояды.
Тәрбиеші сендерге ертегі ұнады ма? Түлкі бауырсақты не істеді?
Түлкіні қандай деп айта аламыз?
Тәрбиеші: әже, сізге балалардың сахыналаған ертегісі ұнады ма?
Әже: Балалар, сендердің ертегілерін маған ұнады. Сондықтан мен сендерге риза болып,бауырсақ пісіріп әкелдім. Қазір, шаймен бауырсақ жейміз.
Ертегінің мәтіні (тексті) керек болса мында басыңыз.
Шолпан (сиқыршы): Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерге ертегі ұнай ма? Мен сендерге жай келген жоқпын, өзімен бірге «Бауырсақ» ертегіні алып келдім. Егер сендер қаласаңдар, мен сендерге оны айтып қана қоймай, көрсете де аламын. Ол үшін көздерінді жауып, ертегі әлеміне саяхатқа аттанайық.
Ерте — ерте ертеде, шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпірге былай деді.
Әдлет (шал) : Кемпірім-ау, кемпірім-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.
Амина (кемпір): Неден пісірейін? Көптен бері үйде ұн да жоқ.
Әдлет (шал): Ей, кемпірім-ай! Міне саған ақша, дүкенге барып, үнді сатып алып кел, содан бауырсақты пісір.
Шолпан (сиқыршы): Кемпір шалының айтқанын істейді: дүкенге барып үнді сатып алып келеді, оны қаймаққа илейді. Отын жағып, табасына майын құйып, бауырсақты пісіруге кіріседі. Бауырсақ, домалақ әрі сырты қызарынқырап әдемі болып піседі. Иісі мұрын жаралық. Шал оны бірден жеп көргісі келеді. Бірақ бауырсақ ыстық болған соң, кемпір оны терезеге қояды да, өздері ұйқыға жатады. Сол кезде ……
Мөлдір (бауырсақ): Ой, мен қайдамын? (терезеге қарап) Мен өзі қандай әдемімін, өте сұлумын. Далаға барып бәріне мақтанып келейін.
Шолпан (сиқыршы): Солай бауырсақ далаға шығып кетеді. Даладан орманға домалап кетеді. Орманда әндетіп келе жатқанда, алдынан қояндар шығады.
Айғаным (қоян): Мында қандай ғажап иіс. Мынау, бауырсақ қой. Бауырсақ, бауырсақ сен қайда бара жатырсың? Өзің сондай дәмді екенсің.
Мөлдір (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым. Сондықтан ренжіме. (домалап кетеді)
Шолпан (сиқыршы): Осылайша бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі, қоян оны дұрыс қарап та үлгірмей қалады. Бауырсақ жалғыз жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқырлар шығады.
Мерей (қасқыр): Мында қандай ғажап иіс, менің қарным ашып қалды. Ой, бауырсақ екен ғой. Бауырсақ, бауырсақ сен қандай әдемісің, домалақсың, мен сені жегім келіп тұр.
Мөлдір (бауырсақ): Қасқыр жан, сен мені жеме, одан да мені тыңда. Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым, мен қояннан да қашып кеттім, сеннен де қашып кетемін. (домалап кетеді)
Шолпан (сиқыршы): Осылай деп бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Бауырсақ орман ішінен домалап келе жатса алдынан балды жеп келе жатқан аюларды кездеседі.
Нұрзат (аю): Бауырсақ, бауырсақ сен қайда бара жатсың?
Мөлдір (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым. Орманды аралап келе жатырмын.
Нұрзат (аю): Бауырсақ, сен өте әдемі және мен сені жегім келіп тұр.
Мөлдір (бауырсақ): Аюжан мен қояннан және қасқырдан да қашып кеттім, сондықтан сен де мені жей алмайсың. (домалап кетеді)
Шолпан (сиқыршы): Бауырсақ орман ішінен көбелекті ұстап алғысы келеді, бірақ көбелек одан ұшып жөнеледі. Сол кезде түлкі келеді.
Аделя (түлкі): Бауырсақ, сен қандай әдемісін, қандай тәттісін. Мен сені жигім келіп тұр.
Мөлдір (бауырсақ): Мен атадан қаштым, мен ападан қаштым, бәрінен қашып өзім жоғалып кеттім. енді атама және апама баратын жолды таба алмай тұрмын.
Мерей (түлкі): Бауырсақ, ал сенің үйінде сен сияқты бауырсақ бар ма? Менің қарным ашты.
Мөлдір (бауырсақ): Иә, бар. Апам көп бауырсақ пісірді. Егер сен мені үйге апарып келсең, мен саған бауырсақ беремін.
Аделя (түлкі): Келістік. Қанеки жүре ғой.
Шолпан (сиқыршы): Осылай түлкі бауырсақты ұстап атасы мен апасының үйіне жол жүреді. Атасы мен апасынын үйіне келгенде, атасы мен апасы бауырсаққа қатты қуанады. Олар түлкіге рахметін айтып, үйге шай ішуге шақырады. Апасы дастарханға бауырсақтарды қояды. Олар осылай бәрі дос болады. Осымен ертегі аяқталды.
(балалардың орындауында би)
★★★★★★★
Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.
↓↓↓
ТАПСЫРЫС ЖАСАУ