Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен
Мақсаты: Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт — дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе қағаздар, асықтар.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5 — 10 сыныптан 1 бозбала мен 1 бойжеткені арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-
деп сайысқа қатысқа қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ.
Ел дәстүрін қолдамақ.
Жігіттер шықсын ортаға, —
деп жігіттерді ортаға шақырамыз.
(Әр қатысушының бойындағы өнері мен жетістігі аталып, жеке — жеке таныстырылады)
Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, —
демекші, кез — келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара — жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Мектеп басшысы:Досанова Балкумис Газезовна
2.Тәрбие ісінің орынбасары:Жұбатқан Темірлан Сапарғалиұлы
3. Психолог Абильдина Асем Жаңалыққызы
Енді, мына қоржыннан асық таңдап алып, кезек номерлеріңізді анықтаймыз.
Номерімізді анықтап алдық, ендеше, орындарыңызға жайғасуларыңызға болады. (Әр жұп номерлеріне сәйкес орындарына отырады)
Байқау 9 кезеңнен тұрды.
1.«Таныстыру» аталымында сайыскерлер арнайы дайындап келген слайд арқылы таныстырады.
2.«Тосын сый» аталымында сайыскерлер салт-дәстүрге байланысты 5 сұраққа жауап берді. 3.«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» аталымында бозбалалар мен бойжеткен үй тапсырмасы ретінде өздері жасап келген қолөнер бұйымдарын әділқазыларға табыстап, олардың жасалу әдістеріне, мән-мағынасына тоқталып өтеді.
4.«Әсемдік қыздарға жарасады» аталымында бозбала мен бойжеткен кешкі сән үлгілерін көрсетеді.
5.«Нұрлы талант» аталымында сайыскер топтар өздерінің өнерлерін көрсетіп, жырларымен, күмбірлеген күйлерімен, бұратылған билерімен, әуелеген әндерімен көрермендерге паш етеді.
6. Ас үйде қандаймын?
Бұл кезеңде бозбала мен бойжеткен ас үйде каншалықты шебер екендігін көрсету керек. (салаттын бір түрін сол мезетте дайындап шығару керек)
7. «Сұлу би — сымбат мүсін айғағы» бөлімі
Барлық вальс ырғағында билейді.
8.«Селт еткізер» бөлімі
Бұрын қазақтың қыз — жігіттері бір — бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен.Әр жұп бір-біріне жақсы тілекпен бірге сыйлықтарын ұсынады.
Жүргізуші:
Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер сайыскерлермен,
Сәт те келіп қалғандай танысатын,-
Әр жұп өздерін таныстырады.
2.«Тосын сый» ата Шуақ сыйлар адамға ән кешінде
Бұл ғажайып бағалар сән кешіне
Бұл білімділік ой көкпар тарттыратын
Кезек бердік сұрақ жауап бәйгесңне. лымында сайыскерлер салт-дәстүрге байланысты 5 сұраққа жауап берді.
Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы-қазақтың теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі десек артық айтқандық емес.ақсақалдардың ақылын тыңдау,жөн сөзге тоқтау,үлкеннің айтқанын иек қаққызбай тыңдау-инабаттылықтың,кішіпейілдіктің,бауырмалдылықтың,иманжүзділіктің көрінісі.Осындай халқымыздың салт-дәстүрлерін ұмыт қалдырмай жалғастыру негізгі мақсатымыз.
1.Атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?
/Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат. т.б./
2.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?
/Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той,
3.Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар?
4.Киіз үй неше қанатты болады?
5.Кереге дегеніміз не?
6.Уық дегеніміз не?
7.Шаңырақ дегеніміз не?
8.Халқымыздың қандай ұлттық ойындарын білеміз?
(Алтыбақан, Қыз қуу, Көкпар, Қыз қуу, Алтын сақа, Ақ сүйек т.б)
9.Халқымыздың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
(Ет асу, Қазы, Ірімшік,Жент, Қымыз, құрт т.б)
10.Қандай туыстық атауларын білесің?
Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша азаматтардың үш жұрты болады Олар өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Қазақ үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», – деп жақын тартыпжүрген. Сұраса келе қазақ туыс болған.
Ата, Әже, Апа, Әке, Бала, Тұңғыш бала, Кенже бала, Немере, Қарындас, Іні, Аға, Қайны, Абысын, Келін, Жеңге, Бөле, Бажа, Құдаша, Күйеу, Жезде, Балдыз, Дос, Сырлас, Құрдас
11. Байғазы деген қандай дәстүр?«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
12.»Шілдехана» деген қандай дәстүр?
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.
13.»Тұсаукесер» деген қандай достүр? Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.
14. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.
15.Айдар
Айдар (ғұрып). «Тұлымдысын тұл қылды, Айдарлысың құл қылды» («Қобыланды»).Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны —«айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
16.Базарлық
Базарлық (дәстүр). Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
17.Байғазы
Байғазы (дәстүр). —«Уа, сатира сарбазы, Алырнаңа байғазы!» (С. Әбілкәкімов).Байғазы — балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.
Қазіргі таңда көп жағдайда байғазыны жеңіл көлік, үй (пәтер) немесе көрнекті бір зат алғанда қайырлы болсын, жаңа үйге кіргенде үйінің іші құтты болсын деп жатады.
18.Жеті ата
«Жеті ата» (ғұрып), «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» (Мәтел).Әр адам өзінің жеті атасын білуі — көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе «жеті атасын білмейтін жетесіз»—деп сөккен. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы. Мысалы: өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан арғы ата-бабасының есімдерін білу жеті атаны білу деген сөз.
19.Айттық
Айттық (дәстүр). «Бір топ ауыл қыдырып «айттық» алып жүр». (Б. Майлин).Айт күні «айттық»—деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады.
3.«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» аталымында бозбалалар мен бойжеткен үй тапсырмасы ретінде өздері жасап келген қолөнер бұйымдарын әділқазыларға табыстап, олардың жасалу әдістеріне, мән-мағынасына тоқталып өтеді.
4.«Әсемдік қыздарға жарасады» аталымында бозбала мен бойжеткен кешкі сән үлгілерін көр
5.«Нұрлы талант» аталымында сайыскер топтар өздерінің өнерлерін көрсетіп, жырларымен, күмбірлеген күйлерімен, бұратылған билерімен, әуелеген әндерімен көрермендерге паш етеді.сетеді.
«Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,
Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.
Қане жұртым көрелік өнерлерін,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін, —
Біздің сайыскерлеріміздің бірі ән айтса, бірі билейді, бірі күй тартса, бірінің ағаштан түйін түйетін шеберлігі бар. Ендеше, әр жұптың өз бойларындағы өнерлерін тамашалайық.
6. Ас үйде қандаймын?
Бұл кезеңде бозбала мен бойжеткен ас үйде каншалықты шебер екендігін көрсету керек. (салаттын бір түрін сол мезетте дайындап шығару керек)
«Сұлу би — сымбат мүсін айғағы» бөлімі
Ән мен күйді қатар берген санамызға,
Құштармыз — ау өнерге баршамызда.
Өнердің ең әсемін би деп айтсақ,
Қыз — жігіттер, биден құр қаламыз ба?-
Барлық жұптың көздері байланады. Сайыскерлер бір — бірін тауып алып, вальс ырғағында билейді.
«Сыйлық тарту» бөлімі
Бұрын қазақтың қыз — жігіттері бір — бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен. Мінекей, сіздерге де қазақы дәстүрмен өз жұптарыңызға сыйлық табыстау қажет деп шарт қойылған болатын. Ендеше, сыйлық тарту кезегі де келіп жетті. Қанекей, өз жұптарыңызға жақсы тілекпен бірге сыйлықтарыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Қорытынды:
Қазылар алқасы қортынды шығарады, сайыскерлерді марапаттап, сыйлықтар табыстайды.
.
«Бозбала мен бойжеткен» байқауының сценарийі.
(Сахна тақырыпқа сай безендірілген, лэдэкранда тақырып аты, залда әуен ойнап тұрады)
Өтетін орны: Жайсаң арнайы білім беру ұйымының АКТ залы.
Өтетін күні:
Сағ:
Жүрг: Қайырлы күн ханымдар мен мырзалар! Еліміздің ең керемет мерекесі Әз — Наурыз қарсаңында және ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдық, қара шаңырағымыздың 100 жылдығы мерейтойлары аясында ұйымдастырылып отырған «Бозбала мен бойжеткен — 2022» байқауына қош келдіңіздер!
Наурыз мейрамы — ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қоймайды, осы бір көктемніңшуақты мейрамы бабалар рухына тағзым етіп, салт — дәстүр, әдет — ғұрып, рухани құндылықтарды да сақтауда орны ерекше.
Оған Сіз бен Біз бүгінгі байқауымызда куә боламыз. Мейрам баршаңызға құтты болсын!
(Лэдэкранда жұптардың суреттері мен аттары көрсетіледі)
Ендеше, Сіздердікөп күттірмей, қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық.
1.
2.
3.
4.
Жүр: Олай болса бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ — қазылар алқасының мүшесімен таныстырып кетейік.
1.___
2.
3.
Байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар!
1. «Біз — бозбала, бойжеткен»( өзін — өзі таныстыру, қалауыңыз бойынша ән, би, қойылым, бейнеролик ) 3 минут
2. «Қазақтың салтын, сақтаған көркем…» ұлттық салт — дәстүрден қойылым: 3 — мин
3. «Нұрлы талант» өз өнерлерін көрсету; 2 — минут
4. «Білімдінің күні жарық» интеллектуалдық сайыс
5. «Сән салтанаты» киім үлгісі:
Жүрг. Ата — бабамыз «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп, бозбала бойына билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, зергерлік, аңшылық өнерді дарытып отырса, «Қызға қырық өнерде аз» деп, қыз баланы жастайынан кесте тігуге, ою оя білуге, ас әзірлеу сияқты алуан өнерге баулып отырған.
Иә, ата — бабаларымыздың айтуына сүйенсек, қазақ бозбаласы мен бойжеткені осы қасиеттерді бойына сіңіре білген. Ал, біздің бүгінгі сайысқа қатысушы жұптарымыз бұны қаншалықты дәлелдей алады?!
Сайысымыздың алғашқы кезеңі«Біз — бозбала, бойжеткен» ( өзін — өзі таныстыру, қалауыңыз бойынша ән, би, қойылым, бейнеролик ) 3 минут
Қатысушылар:
Жүр: Қазақтың тәлім — тәрбие тарихы — халқымыздың теңдесі жоқ даналықтың қасиетті мектебі десек артық айтқандық емес. Ақсақалдардың ақылын тыңдау, жөн сөзге тоқтау, үлкеннің айтқанын иек қаққызбай тыңдау — инабаттылықтың, кішіпейілділіктің, бауырмалдылықтың көрінісі. Байқауымыздың да мақсаты — осындай халқымыздың салт — дәстүрлерін ұмыт қалдырмай жалғастыру.
Ендеше, байқауымыздың 2 — кезеңі»«Қазақтың салтын, сақтаған көркем…». Ұлттық салт — дәстүрден қойылым көрсету. 3 — мин
Қатысушылар:
Жүрг: Өнер – халық тарихының шежіресі.. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырдан келе жатқан қол жетпес мұрасы. Қазақ халқының тіршілігі мен салт — дәстүрі, сана — сезімі, өмір сүрген ортасы, әдет — ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарихи мәртебеге айналды.
Міне, бүгінгі ұрпақ соның куәсі.
Ендеше, сайысымыздың келесі кезеңі: «Нұрлы талант» бұл кезеңде қатысушы жұптар өз өнерлерін ортаға салатын болады. 2 — минут
Қатысушылар:
Жүр: Қатысушы жұптарымызға көп — көп рахмет. Сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашаладық, енді жұптарымыздың қаншалықты білімді екенін тексеріп көрелік. Сайыс кезеңі үшін барлық жұптарымызды Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырғым келіп тұр.
Қатысушылар:
Сайысымыздың 4 — кезеңі «Білімдінің күні жарық»интеллектуалдық сайысы. Назарларыңызға экраннан сұрақтар легі беріледі. Қалауыңыз бойынша саланы таңдап, сұрақтарға жауап бере аласыздар. Әр жұпқа 3 сұрақтан қойылады. Сұрақтарға вариант берілмейді. 1 мүмкіндік болады. Ол — көрермен көмегі.
Бәрі түсінікті болса, сайысымызды бастайық.
Жүр: Сайысымыздың шешуші және соңғы кезеңі «Сән салтанаты» кезеңі. Жұптарымыз ұлттық киім үлгілерін көрсететін болады. Ендеше, алдарыңызда қатысушы жұптар:
Жүр: Қымбатты көрермен қауым бүгін өте тамаша өнер кеші, жақсы сайыс болды. Талабы таудай талапкерлерімізге әділ баға беру үшін әділ — қазылар алқасына сараптауға уақыт береміз.
Қорытынды сөз кезегі бүгінгі әділ — қазылар алқасына беріледі.
Құрметті әріптестер, ұстаздар келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Мереке тағы да құтты болсын!
Бозбала мен бойжеткен.
Ма?саты: О?ушылар арасынан ?абілетті, ?нерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді аны?тау; эстетикалы?тал?амынарттыруар?ылы?нерге, сезімталды??а, сыпайылы??а, мейірбандылы??а, адалды??абаулу,?лтымызды? салт — д?ст?рін ??рметтеуге, тілімізді с?юге, тап?ырлы? пен шешендікке т?рбиелеу.
Ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, о?ушылар! Б?гінгі 7-10 — сыныпты? арасында ?ткізілгелі т?р?ан «Бозбала мен бойжеткен» сайысына ?ош келді?іздер.
Мы? б?рал?ан арулар билей басып,
Келеді міне орта?а тол?ып, тасып,
Аруларын сыйла?ан хал?ым мені?,
К??ілді ?ошеметпен ?арсы алайы?,-
деп сайыс?а ?атыс?а ?атысатын бойжеткендерді орта?а ша?ырамыз.
1.
2.
3.
4.
Ж?ргізуші:
Уа, халайы?, халайы?,
М?нда назар салайы?,
Ата жолын жал?ама?.
Ел д?ст?рін ?олдама?.
Жігіттер шы?сын орта?а, —
деп жігіттерді орта?а ша?ырамыз.
1.
2.
3.
4.
Ж?ргізуші:
Сайыста ба? сыналар, бап сыналар,
Бас ж?лдені ?нерлі, тап?ыр алар.
Кім ?нерлі, кім тап?ыр – шешу ?иын
?азылар ал?асы болмаса, на? сын айтар, —
демекші, кез — келген сайыс ба?алануы тиіс. Я?ни, сайысты? ара — жігін ажыратып, ?ділдік айтып, тура шешім ?абылдайтын ?азылар ал?асымен таныс болы?ыздар.
1.
2.
3.
Б?л сайыс барысында ?атысушы ?ыз — жігіттер сайыс шарттарын орындауы тиіс. ?з бойында?ы ?нерін, тап?ырлы?ын, шешендігін к?рсете білген ж?п ?ана «на?ыз бозбала мен бойжеткен» ата?ын же?іп алады.
Ж?ргізуші: Енді кезек номерлері?ізді аны?тап алайы?
Номерімізді аны?тап алды?, ендеше, орындары?ыз?а жай?асулары?ыз?а болады. Сайысты? ба?дарламасы :
1. С?лемдесу я?ни ж?птар бір-бірін таныстырады
2. «?нерліні? ?рісі ке?»
3. «?ол?нер»
4. «Ойлан тап»
5. « Пародия»
6. «Ж?бы?ды танисы? ба?»
Ж?ргізуші:
Армысы?, айналайын дархан хал?ым,
Са?та?ан ?лтымызды? берік салтын.
Тіл ?шына оралар кездескенде,
«С?лем – с?зді? анасы» деген хал?ым.
Ендеше бірінші б?ліміміз «с?лемдесу» б?лімін бастаймыз. Ж?птар бір-бірін таныстырады
Ж?ргізуші:
«?нерлі ?рге ж?зер» дейді хал?ым,
?нерлі болса? егер б?л да бір сын.
?ане ж?ртым к?релік ?нерлерін,
?а?ып та?дай, тамсанып, десіп шіркін, —
Бізді? сайыскерлерімізді? бірі ?н айтса, бірі билейді. Ендеше, ?р ж?пты? ?з бойларында?ы ?нерлерін тамашалайы?.
Ж?ргізуші:
Ендігі кезекте 3 тур «?ол?нер» б?ліміне кезек берейк.(тапсырма беріледі)
Ж?ргізуші:
Ендігі кезекте «ойлан тап» б?лімі. б?лімде ?р ж?пты? ?аншалы?ты тап?ыр, ойлары ж?йрік екендігі аны?талады.
Ж?ргізуші:
?рі ?арай бізде «Пародия» б?лімі (танымал ?ншілеріні? танымал ?ндерін д?л на?ышында, ?ртістік ?абілеттерін к?рсете отырып орындау)
Ж?ргізуші:
«Ж?бы?ды танисы? ба?» б?лімі
Б?л б?лімде жігіттерді? к?зі байланады. Олар ?ыздарды? ?олдарынан ?стап, ?з ж?бын тауып алулары тиіс. (музыка ойналады)
Ж?ргізуші
Осымен бізді? сайысымыз ?з м?ресіне жетті. Же?імпаздарды аны?тау ?шін ?діл?азылар орта?а ша?ырылады.
Бозбалалар?а: Бойжеткендерімізді? бойынан ?андай жа?сы ?асиеттерді к?ргін келеді?
Бойжеткендерге: Сені? та?дауында?ы бозбаланы? ?андай бол?анын ?алайсы??
Ж?ргізуші:
«?ош» демейміз, ?лі талай сайыстар бар,
?нерлері? шы?дай берсін, ?алыспа?дар.
К?рерменім к?бейсін к?ннен –к?нге,
Келе берсін ?она?тар ?арыштан да.
Осымен кешіміз ?з м?ресіне жетті, келесі кездескенше аман-сау болайы?!
Просмотр содержимого документа
«Сайыс: Бозбала мен бойжеткен»
Бозбала мен бойжеткен
Байқаудың өткізілу мақсаты:• «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар күнін жоғары дәрежеде атап өту;• Оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау;• Талантты оқушыларға қолдау көрсету.
Байқау 4 кезеңнен тұрады.• Таныстыру (5 минут)• Саған сенемін.• Өз өнері (жырдан үзінді, көрініс т.б.)• Сөз тапқанға қолқа жоқ (салт-дәстүрге байланысты)
1 – жүргізуші: О, махаббат! О, махаббат, сен әлі тірі ме едің? Көзімнен ғайып болған күнім едің!Гүлім едің,Елтіген түнім едің.О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!
2 – жүргізуші: Мен сені ұмытқанмын Жылытқаның есте жоқ, суытқаның, Суып қаным, Жинағам құрып хәлім. Құлаған отауымның уықтарын,Содан бері мен сені ұмытқанмын. 1 – жүргізуші: О, махаббат, сен әлі тірі ме едің? Тірі болсаң, мен де енді тірілемін Ақ періште алдына жүгінемін,Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер
Халқымыз ежелден ер азамат тәрбиесіне бар ниетін салып, үміт артқан. «Ел азаматымен сыйлы», «Елдің атын ер шығарады» деп ұлдарына қашан да сенім артқан.
1-жүргізуші: Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Қазақ халқы мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Халық аузындағы «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер қыз баланың нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартып тұрған жоқ па?!
2-жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешіміз ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүрлерді сақтап, өнеге ұстаған ұл-қыздарымызға арналады.
1-жүргізуші: Кім жеңеді байқауда үміт алды
Қобалжу бар, жүректе күдік барды.
Қазы алқасы атыңды ақта
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда, — дей келе сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
2-жүргізуші: Махаббат – адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі десек артық болмас.
1-жүргізуші: Кешегі өткен тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу-маржаны сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн бейнелері адамгершілік парасаттылығымен, сүйген жарға деген адалдығымен шоқтығы биіктеп, дараланып көрінер еді.
2-жүргізуші: Ендеше, осындай пәк махаббат иелерінің інілері мен сіңлілерін ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: «Сүйген жарым, сүйенген жарым – сенсің»,
Деп Қалқаман Мамырмен серт етіскен.
Көкенайдың садағы екі айырып,
Қос ғашық амалсыздан «Хош!» десіскен.
Ортаға Қалқаман мен Мамырды шақырайық.
2-жүргізуші: Қалың қыпшақ қолы үшін,
Атқа мінген Қобыланды,
Бағалар адалдығы үшін
Сүйікті жары Құртқаны.
деп, Қобыланды мен Құртқаны шақырайық.
1-жүргізуші: Жыр жолдарын жадымызға жаттайық,
Осылардай сертке адал болайық.
Шынайы махаббаттың қос шынары,
Қозы менен Баянды қарсы алайық.
2-жүргізуші: Халқымыз ардақтаған хас батырды,
Мадақтап ұрпағына үлгі тұтты,
Шақырайық ортамызға Алпамыс пен
Батырдың жан серігі Гүлбаршынды.
2-жүргізуші: Жартас тауда кездесіп бір-біріне,
Сырласқан ғашық болып күнен күнге
Бүгінгі басқосудан қалмайық деп
Еңлік пен Кебек те келді міне.
1-жүргізуші: Ғашықтықтан айналған аты аңызға,
Ем бар ма екен жүректің жарасына.
Мұңды арман, пәк махаббат иелері
Төлеген мен Жібек келсін ортамызға.
2-жүргізуші: Ендеше сайысымыздың алғашқы шартына көшейік. Сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыру» деп аталады. Әр жұпқа 5 минуттан уақыт беріледі.
Әділқазылар бағасы: _________________________________________________
1-жүргізуші: Махаббат – зор даналықтың, білгір мен білімділіктің, асқан ақылгөйліктің жемісі емес. Ол тек жерде ғана өмір сүреді. Тууы бар, өсіп өнуі жоқ көзге көрінбейтін, мәңгі жасайтын бейнесіз белгісіз дара ұғым.
2-жүргізуші: Махаббат- адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы.
1-жүргізуші: Келесі кезең « Саған сенемін» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша әр жұпқа тапсырмалар беріледі. Сол тапсырманы мүлтіксіз орындаулары тиіс. Әділқазы алқалары жұптарымыздың шапшандығын ескере отырып, өз бағаларын береді.
2-жүргізуші: Ортаға бозбалаларды шақырамыз.
1-жүргізуші: Бұл кезеңнің шарты бойынша бүгінгі бозбалаларымыздың артында 12 қыз бар. Осы қыздарымызға жақсылап қарасаңыз олардың құлақтарынан сырғаларды байқауға болады. Сіз аз ғана секундтын ішінде өтіп қыздардың құлағындағы сырғаларды байқап шығасыздар. Содан кейін табасыздар.
( бозбалар қарап шыққан соң, сырғаның екінші сыңары әкелінеді.)
Бозбалалар екеуін ғана таңдап аласыздар. Әр сырғаның иесін табу керек. Шапшаңдық ескеріледі.
2-жүргізуші: ортаға бүгінгі күннің бозбалалары мен бойжеткендерін шақырамыз.
Бүгінгі бойжеткендерімізге берілетін тапсырма өздерінің бозбалаларын аз ғана секундтың ішінде рубажкаларын, галстуктарын тағып берулері керек. Сіздерге берілетін уақыт 30 секунд. Қыздармен жігіттер бір — бірлеріңізге қарама – қарсы тұрсаңыздар.
Әділқазылар бағасы: ______________________________________________________
Би: Үнді биі ( фариза мен қарақат)
1-жүргізуші: Ата өнерінің ұрпағының қууы, оны мирас етуі – қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Ата-бабамыз «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп, бозбала бойына билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты өнерлерді дарытып отырса, «Қызға қырық өнер де аз» деп, қыз баланы жастайынан кесте тігу, киім тігу, ою оя білу, ас әзірлеу сияқты алуан түрлі өнерге баулып отырған.
2-жүргізуші: Ия, ата-бабаларымыздың айтуына қарағанда, қыз күйеуге шықпай тұрып, өнер мен біліктіліктің алпыс екі түрін меңгеруі керек екен.
1-жүргізуші: Ия, олай болса, сайысымыздың келесі шарты бойынша сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап көрелік.
8а 8ә8 б9а9ә10 клӘділқазылар бағасына кезек берелік.
2-жүргізуші: Салт — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасса, дәстүр – атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі.
1-жүргізуші: Халқымызда «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды» деген сөздер бар.
2-жүргізуші: Олай болса, сайыскерлеріміздің … білімін байқап көрелік. (Сұрақ-жауап)
1. Әуеден ұшқан бұлдырық
Құбыладан соққан ызғырық
Жатқа кетіп барамын
Жаратқан соң қыз қылып.
Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күң болмас.
Оң жақтан кетіп барамын,
Қыз еркелеп ұл болмас.
Қандай салт дәстүрден алынған үзінді?
(Қоштасу)
2. Есік ашар дәстүрі туралы айтып бер.
(Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата-енесінің үйіне келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш есік аша келуі дейді)
3. Аузына түкірту қандай ырым?
(Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, т.б. елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан шыққан)
4. Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлеген. Батаның қандай түрлерін білесіңдер?
(Жас талапкерге бата, дастарханға бата, алғыс батасы, жаңа айдың батасы, наурыз батасы)
5. А.Байтұрсыновтың
Келгенінше құттықтап бірін-бірі,
Қуанышта көрісіп кәрі-жасы
Көңілі түгел адамның сен келген соң,
Самарқанның елжіреп түскен тасы
өлең жолдарында қандай салт-дәстүр суреттелген?
(Наурыз күніне байланысты сөз. Аңызда әйгілі астроном Ұлықбек обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, сен тастан да қаттысың ба?» деп тоқтатады екен)
6. Мінгені пайғампардың көк атан-ды,
Көп тұрсақ әрбір үйде таң атады.
Арқасында ақ атанның жауыры бар,
Баратын бұдан былай ауылым бар.
Мұхамбет үмбеті айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.
үзіндісі қай өлеңнен алынған? Бұл өлең қай уақытта айтылады?
(Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір жарты шүберек, басқа да сол сияқты нәрселер береді).
1-жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімін шығарып болғанша мектебіміздің жас әншісінің орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар.
Ән: Самат пен Айя
2-жүргізуші: Міне, біздер анықтадық тұлпарды,
Айта алмаспыз, міне, мынау кеш қалды.
Риза боп уәжісіне әділқазы алқасы
Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан тұлпарды, —
дей келе, жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазылар төрағасын шақырамыз.
1-жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер
Ой білісті, бақ сынасты үміткерлер
Осымен бұл сайысты тәмамдасақ
Тағы да жүздесерміз Сіздерменен белестерде.
Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше аман, сау болыңыздар.
Бозбала мен бойжеткен
Мерекелік іс шаралар- guliram
- 30.01.2016
- 0
- 2
- 23107
«Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы» КММ-сінің технология пәні мұғалімі Сулейменова Баян Абаевна
Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен
Мақсаты: Қазақ қызы мен ұлының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, сегіз қырлы, жан-жақты ұлттық қасиеттерін танып білу. Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт — дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер
- Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8 — 10 сыныптар арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-
деп сайысқа қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ.
Ел дәстүрін қолдамақ.
Жігіттер шықсын ортаға, —
деп жігіттерді ортаға шақырамыз.
(Әр қатысушының бойындағы өнері мен жетістігі аталып, жеке — жеке таныстырылады)Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, —
демекші, кез — келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара — жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(Құрамы үш адамнан тұратын қазылар алқасы сайланады)
Сайыс бөлімдері:
1. Таныстыру (Қыз бала жеке,ұл бала жеке өздерін таныстырады)
2. Өнерлі өрге жүзер (Өз қалағандары бойынша өнер көрсетеді)
3. Ұшқыр ой бөлімі (Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады)
4. Сыйлық тарту (екі жұп өз қолдарынан жасап бір-біріне тілек тілеп сый тартады)
5. Тапқыр бозбала (бозбала көз байлау арқылы өз жұбын тауып алуы керек)
6. Қорытынды.
Жүргізуші:
Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер сайыскерлер
Сәт те келіп қалғандай танысатын,-
1.Таныстыру (Қыз бала жеке, ұл бала жеке өздерін таныстырады)
Береке де осында
Мереке де осында
Болып жатыр той- думан
Қырандардың қосында
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Ал, кәнеки, қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар
Бастап жігіт өнерін
Биіктерге самғаңдар!
2. Өнерлі өрге жүзер (Өз қалағандары бойынша өнер көрсетеді)
3. Ұшқыр ой бөлімі (Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады)
8 сыныпқа:
1. Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы не төлеуге тиіс? (Қалың мал)
2. Қоштасу сәтін қалай түсінесің? (Ұзатылған қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айтады.)
3. Құда-құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алыпне істейді? (Атын байлап – атбайлар салтын орындайды)
4. Жаңа түскен келінді туыс-туған, көрші-көлем ілік-жекжаттар неге шақырады. Қандай дәстүрді орындайды? (Үй көрсету немесе есік көрсету).
9 сыныпқа:
1. Балалардың жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай немесе заттай сыйды не деп атаймыз? (Байғазы)
2. Балалары ержетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік мал береді. Бұл қандай дәстүр? (Енші)
3. Айдар дегеніміз не? (балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ орналастырып қояды.)
4. Мизам (Сабан той) қандай дәстүр? ( Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді. )
10 сыныпқа:
1. Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы затты не деп атайды? (Аманат)
2. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ақтілеудің белгісін не деп атайды? (Бата)
3. Қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәт басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. Бұл қандай дәстүр? (Соғым басы)
4. Діни мейрамдарды ата: (Ораза айт Құрбан айт)
4.Сыйлық тарту (екі жұп өз қолдарынан жасап бір-біріне тілек тілеп сый тартады) Бұрын қазақтың қыз-жігіттері бір — бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен. Мінекей, сіздерге де қазақы дәстүрмен өз жұптарыңызға сыйлық табыстау қажет деп шарт қойылған болатын. Ендеше, сыйлық тарту кезегі де келіп жетті. Қанекей, өз жұптарыңызға жақсы тілекпен бірге сыйлықтарыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
5.Тапқыр бозбала (бозбала көз байлау арқылы өз жұбын тауып алуы керек) Бұл бөлімде жігіттердің көзі байланады. Олар қыздардың қолдарынан ұстап, өз жұбын тауып алулары тиіс. (музыка ойналады)
6. Қорытынды:
Бойымызға мәдеиет үлгілерін, өнерді меңгеріп, адамдық жан дүниемізді жігіттің бойындағы асыл қасиеттерімен толықтыра алдық деп ойлаймыз. Құрметті ұстаздар, оқушылар “Бозбала мен бойжеткен” сайысына келгендкріңізге көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Қазылар алқасы қортынды шығарады, сайыскерлерді марапаттап, сыйлықтар табыстайды.
Тәрбие сағаты
Бозбала мен бойжеткен
Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен
Мақсаты: Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт – дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе қағаздар, асықтар.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8 – 9 – сыныптың 5 жігіті мен 5 бойжеткені арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-
деп сайысқа қатысқа қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ.
Ел дәстүрін қолдамақ.
Жігіттер шықсын ортаға, –
деп жігіттерді ортаға шақырамыз.
(Әр қатысушының бойындағы өнері мен жетістігі аталып, жеке – жеке таныстырылады)
Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, –
демекші, кез – келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара – жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(Құрамы үш адамнан тұратын қазылар алқасы сайланады)
Бұл сайыс барысында қатысушы қыз – жігіттер жұп тауып алады да, бірігіп, сайыс шарттарын орындауы тиіс. өз бойындағы өнерін, тапқырлығын, шешендігін көрсете білген жұп қана «нағыз бозбала мен бойжеткен» атағын жеңіп алады.
Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер, алдымен, мына берілген қиықтар арқылы, жұптарымызды таңдап алайық. Сәйкес келген қиықшалар жұп болып саналады.
Енді, мына қоржыннан асық таңдап алып, кезек номерлеріңізді анықтаймыз.
Номерімізді анықтап алдық, ендеше, орындарыңызға жайғасуларыңызға болады. (Әр жұп номерлеріне сәйкес орындарына отырады)
Сайыс бөлімдері:
Сәлем – сөздің анасы
Мақал – сөздің мәйегі
Ұшқыр ой
Жұбыңды танисың ба?
Өлең – сөздің патшасы
Жаңылтпаштан жаңылмайық
Өнерлі өрге жүзер
Сұлу би – сымбат мүсін айғағы
Сыйлық – тарту
«Сәлем – сөздің анасы» бөлімі
Жүргізуші:
Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер сайыскерлермен,
Сәт те келіп қалғандай танысатын,-
Әр жұп өздерін таныстырады.
«Мақал – сөздің мәйегі» бөлімі
Жүргізуші: Ең мәдениетті нағыз қазақ әр сөзін мақалмен әрлеп сөйлейтіні баршамызға аян. Енді әр жұптың сөз саптауларына кезек берейік. Ол үшін алдымен сіздерге мақал айтылады. Ал, сіздер осы мақалда қандай сөз бар, сол сөздің біріне мақал құрауларыңыз тиіс (мақал кезек бойынша жалғасады). Қай жұп мақалды көп тапса, ұпайлары да көбейеді.
Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарады», «Ер елімен жақсы», «Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді», «Шешен сөзінен сынады, иен көзінен сынады» т. т.
«Ұшқыр ой» бөлімі
Жүргізуші: Қазақ халқы жұмбақтап, астарлап сөйлеп, айтар ойын тұспалдап жеткізе білген. Бұл бөлімде әр жұптың қаншалықты тапқыр, ойлары жүйрік екендігі анықталады. Сіздерге халқымыздың жұмбақ сөздері жасырылған кеспелер таратылады. Ойлануға 3 минут беріледі.
Қазақ халқының жұмбақтары:
1) Ертеде өзі сері, өзі әнші, өзі күйші бір жігіт болыпты. Бірақ, тұрмысы кедей екен. Пәлен деген ауылда үлкен той болатынын естіген жігіт бармақшы болып, әке – шешесінен рұқсат сұрайды.
Әкесі: «Балам, ауылың жіберсе барарсың»,- дейді. Сонда баласы: «Ауылың жіберсеңіз қалай, неге жібермейді, мен сіздерден рұқсат сұрап отырған жоқпын ба?» деп таң қалады.
Тойдың болатын уақыты жетіп, тойға жинала бастаған жігіт «ауылың жіберсе барарсың» сөзінің мағынасын түсініп, санын соғып қалған екен.
«Ауылың жіберсе барарсың» сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.
2) Ауылдағы ең үлкен сыйлы кісінің үйіне бір топ қариялар келеді. Қарттарға шай – суын, етін беріп, зыр жүгіріп жүрген келіні бір уақытта сыртқа шығып кетеді. Қараса, өзеннің арғы бетінде бір қойды қасқыр жеп жатыр екен. Сонда келін үйге кіріп, аталарына қарап – қарап қойып: «Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Жанымаларыңды жонып – жонып жіберіп, тез жетіңдер» деген екен.
Келін нені жасырған?
3) Екі атты келе жатса, бір қойшы қой бағып отырса керек. Бұлар кездесіп, аман – саулық сұрасқан соң, қойшы екі аттының бірінен «Қасыңдағы жолдасың кім?» деп сұрайды. Сонда аттының айтқан жауабы: «Бұл кісінің шешесі менің шешемнің қайын енесі. Кім екенін өзің біл», дейді.
Атты кісінің бір – бірімен қандай жақындығы бар?
4) Ертеде бір ауылда қыз – жігіттер жиналып, бастаңғы жасайды. Бастаңғыға бір жұпынылау тұратын үйдің қызы да бармақшы болады. Әкесінен рұқсат сұрап, бастаңғыға қайтсе де баратындығын айтады. Сонда әкесі: «Қызым – ау, мен рұқсатымды берермін – ау, бірақ барғысбасың барғызбас», – дейді. Қыз «Барғызбасы несі, кім барғызбайды? Неге барғызбайды? Неге бармаймын? Барамын!» – деп қиғылық салады. Бастаңғы уақыты таянып, оған барар кезде, барғызбастың барғызбасы не екенін түсінген қыз бастаңғыға бара алмай қалады.
Қыздың әкесі не айтты?
5) Екі жақсы атқа мінген жолаушылар бір кісіге кездеседі. Жолдағы кісі былай дейді: «Мына кісінің жорғасын – ай, қыздан өткен жолдасын – ай». Сонда атты адамның бірі: «Бұл кісінің шешесі менің шешемнің қайын енесі. Мен бұл кісінің жан денесі», – дейді.
Бұл адамдар бір – біріне кім болғаны?
Жауаптары:
1) Жігіттің тұрмысы кедей, тойға киер киімі жұпыны болатын. Бұрын тойларға ауыл адамдарынан киім сұрап баратын болған.
2) Қонаққа келген қариялардың есімдері Өзенбай, Қамысбай, Қозыбай, Қасқарбай, Пышақбай.
3) Атты кісілер – әкесі мен баласы.
4) Қыздың бастаңғыға киіп баратын киімі жоқ.
5) Жолаушылар – әкесі мен қызы. Жауап берген жолаушы – қызы.
«Жұбыңды танисың ба?» бөлімі
Бұл бөлімде жігіттердің көзі байланады. Олар қыздардың қолдарынан ұстап, өз жұбын тауып алулары тиіс. (музыка ойналады)
«Өлең – сөздің патшасы» бөлімі
Сайыскерлер бөлім шарты бойынша берілген тақырыпқа сәйкес өлең жолдарын құрастырады. Уақыт 5 минут. (ән тыңдалады)
«Жаңылтпаштан жаңылмайық» бөлімі
Сайыскерлерге жаңылтпаштар айтылады. Олар тез қайталау керек.
Майқарағай басында мал қараған бала отыр,
Балқарағай басында бал қорыған шал отыр.
Құндызды өзім күндіз көрдім,
Сол құндызды көрген түні із көрдім,
Құндызды күндіз жүз көрдім.
Ақ терек пе, көк терек пе?
Көк терек пе, көп терек пе?
Көп теректер көк тіреп пе?
Көкті тіреп, көктемек пе?
Мен бақшаның қарбызын алдым,
Ол таудың жалбызын алды.
Жалбызын алса, жалғызын алды,
Жалғызын алса, жалғызы қалды.
Қарамайын қарағайдың
Қаламайын, жоламайын.
Қарағайдың қара майын,
Қасына енді жоламайын.
«Өнерлі өрге жүзер» бөлімі
«Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,
Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.
Қане жұртым көрелік өнерлерін,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін, –
Біздің сайыскерлеріміздің бірі ән айтса, бірі билейді, бірі күй тартса, бірінің ағаштан түйін түйетін шеберлігі бар. Ендеше, әр жұптың өз бойларындағы өнерлерін тамашалайық.
«Сұлу би – сымбат мүсін айғағы» бөлімі
Ән мен күйді қатар берген санамызға,
Құштармыз – ау өнерге баршамызда.
Өнердің ең әсемін би деп айтсақ,
Қыз – жігіттер, биден құр қаламыз ба?-
Барлық жұптың көздері байланады. Сайыскерлер бір – бірін тауып алып, вальс ырғағында билейді.
«Сыйлық тарту» бөлімі
Бұрын қазақтың қыз – жігіттері бір – бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен. Мінекей, сіздерге де қазақы дәстүрмен өз жұптарыңызға сыйлық табыстау қажет деп шарт қойылған болатын. Ендеше, сыйлық тарту кезегі де келіп жетті. Қанекей, өз жұптарыңызға жақсы тілекпен бірге сыйлықтарыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Қорытынды:
Қазылар алқасы қортынды шығарады, сайыскерлерді марапаттап, сыйлықтар табыстайды.
Сыныптан тыс шара бозбала мен бойжеткен жұптық сайыс
© Дереккөзі