Білімділік ма?саты: бойларында?ы икемділік, сымбаттылы?, ?аблеттілік, инабаттылы?, ізеттілік,біліктілік,танымдылы? ?абілеттерін д?ріптеп дамыту?а баулу.
Дамытушылы? ма?саты: ?ыз балаларды ?демілікке, с?лулы?, а?ылдылы?, іскерлікке баулу, тал?амдарыны? жо?ары болуын дамыту.
Т?рбиелік ма?саты: ?ыз балаларды ?зін –?зі к?те білуге, ??ыптылы??а т?рбиелеу.
Сайыс ?тілу барысында ?йымдастыру б?лімі.
Керекті ??ралдар: на?ыл с?здер, плакат, к?рнекіліктер.
Кіріспе б?лімі: «Г?л ?ссе жерді? к?ркі, ?ыз ?ссе елді? к?ркі» демекші,
К?рінер ?ыздар с?лу шашбауымен,
Б?рымын кейін сертіп тастауымен.
Жарас?ан шашбауымен те?гелерім
Те?гені? кім біліпті д??геленгін.
?ос б?рымды с?лулы?ты? белгісі деп таны?ан хал?ымыз ?ыздарды? шашын ?сіріп ?шына зергерді? ?олына шы??ан шашбау, шолпы та?ып, ??лулы??а жастайынан бауклы?ан, ?ыз бала?а керек ?асиет – тал?ам, жарасым, а?ыл, білім, іскелік ?мір тіршілігінен н?р алып тамыр?а жайылады.
Б?гін к?рермендер назарына ?йірме о?ушылары аралы?ында ?тетін «Б?рымды ?ыздар» сайысын ?сынамыз.
?діл?азылар
Жоспар:
І — сайыс «Таныстыру»
ІІ – сайыс « Салт – д?ст?рді білесі? бе ?»
ІІІ – сайыс «?з ?нері»
І? – сайыс «Мені? ?уырша?ым»
? — сайыс « Кім тап?ыр!»
?І – сайыс «?зын шашты? формасы»
?ІІ – сайыс «Ою ой?анны? ойы ?ш?ыр »
1-ші ж?ргізуші: «Асыл тастан, ?нер жастан
шы?ады» деп дарынды
Халы? айтса, халы? с?зі
?р?ашанда нанымды.
Сол ?нерді? жолын ?у?ан
Жігіттерді? атынан,
?абылда?ыз шын ж?ректен
Мерекелік ??тты?тау.
2-ші ж?ргізуші: А?ын мен ?нші деген – ел еркесі,
?аза?ты? тар?амасын берекесі.
8-наурыз к?ні ??тты болсын, —
Аналар мен арулар мерекесі !
1- ші ж?ргізуші: Армысыздар, ??рметті ?стаздар, аяулы ата-аналар, к?рікті ?пке – ?арындастар! Б?гін сіздер мектебімізді? жа?сы салт – д?ст?ріне айнал?ан «Б?рымды ?ыздар » бай?ауын тамашалау?а келіп отырсыздар! ?ош келді?іздер ! К??іл сарайлары?ыз ашылсын, к?лкілері?ізден інжу – маржан шашылсын!
2-ші ж?ргізуші: Уа, халайы? халайы?,
М?нда назар салайы?.
«Б?рымды ?ыздар» сайысын
Р??сат болса бастайы?.
1-ші ж?ргізуші: Мы? б?рал?ан арулар а?дап басып,
Келеді міне орта?а тол?ып тасып.
Аруларын сыйла?ан, хал?ым мені?,
К??ілді ?ошеметпен ?арсы алайы?!
( Арулар кезекпен орта?а шы?ады.)
2-ші ж?ргізуші: А??ылда?ан а? к??ілмен,
Г?лдей жайнап ?демі ?ыз.
Озамын деп ны? сеніммен
Шы?ты орта?а Мейрамг?ліміз.
1-ші ж?ргізуші: Шашы ?зын,к?рікті ?ыз та?ы бар,
К?неки б?рі? бері ?ара?дар.
Дидары ат?ан та?дай арайлы,
?арсы алайы? б?рымды ?ыз Дананы.
2-ші ж?ргізуші: ?ара шашы, ?ос б?рымы жарас?ан,
?ыпша белі тал шыбы?тай б?рал?ан.
?арсы алайы? Манзураны ?ошеметпен,
?нерімен к?рерменді та??алдыр?ан .
1-ші ж?ргізуші: К?птен к?ткен ?ыздар келді арайлы,
Келесі кім деп ж?ртым ?арайды.
Б?рымды ?ыз Айжаннан ?рдайым
?уаныш пен шатты? к?лкі тарайды.
2-ші ж?ргізуші: Асы?пайтын, сабырлы ?ыз та?ы бар,
К?неки б?рі? бір ?ол со?ы?дар.
К?ркі оны? та??алдырар к?рікті,
?арсы алайы? ?депті ?ыз М?лдірді.
Бірге: Ал, халайы?, арулар?а тамсанайы?,
?ыз ?ылы?ты дегенге ?н салайы?.
Атына заты сай арулар?а
Та?ы бір ?ол со?ып ?арсы алайы?.
1-ші ж?ргізуші:Уа, арулар, арулар!
Ешкімі? жо? алалар.
Ару болу ?лкен сын,
Оны ?азы? ба?алар.
( ?діл?азылар ал?асымен таныстыру.)
2-ші ж?ргізуші: А? тілеуі ата – ананы? аяла?ан,
Баласын шапа?аты саяла?ан.
Ежелден ?ыз ?сірген, ?айран ?аза?,
А? батасын арудан аяма?ан.
( ?же арулар?а бата беріп, шашу шашады.)
1-ші ж?ргізуші: Ені, сайысымызды бастайы?
2-ші ж?ргізуші: Бойжеткен арулар келіп жетті таныту?а,
Бойында?ы бар дарынды дарыту?а.
?оры?пастан сахна?а келіп жетті,
?деппен, ізетпен танысу?а.
1-ші ж?ргізуші: Білектей ар?асында ?рген б?рым,
Шолпысы сылдыр ?а?ып ж?рсе а?ырын.
К?мшат б?рік, а? тама?, ?ара ?асты
С?лу ?ызды? к?ріп пе е? м?ндай т?рін, — деп Абай атамыз жырла?андай бай?ауымызды бастайы?.
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б . жан – жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт – дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге , мейірімділікке тәрбиелеу.
1 – жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар,тәрбиеленушілер! Бүгін сіздер «Бұрымды ару» байқауын тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңіздер інжу – маржан шашылсын!
2 – жүргізуші:
Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі – шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қанымен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: Шашының ұзындығы ізін басқан», «шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты».
Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
«Көктем аруы» байқауы (8 наурыз сценарий)
Тақырыбы: «Көктем аруы» байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
1-Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар!
Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыp!
2- Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
1-Жүргізуші
Тауып бір әйел — әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.
2 — жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 — жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 — жүргізуші:
Арулар — аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір — біріне жалғап тұрар.
1 — жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін — өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
2 — жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы- дей келе құттықтау сөзін шаңырағымыздың басшысы Садвокасов Серғазы Уәлиұлына беріледі.
1 — жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық — деп ән жолдаймыз.
Ән: Анаға сәлем
Орындайтын: Балтабаев Дәулет Бәшімұлы
Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Ендеше, «Ару қыздар – 2014» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
1 — жүргізуші
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Аруларды кезекпенен ортаға шығарайық
2 — жүргізуші
Ән салуға жалықпайды
Шаршамайды, сірә бір
Аяжанның сан өнері бар,
Сырын терең ұға біл.
1 – ші талапкеріміз 5-сынып оқушысы Дулат Аяжанды ортаға шақырамыз
1-Жүргізуші
Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Жүрек жұтқан Айдана қыз
2– ші талапкеріміз 6- сынып оқушысы Мадимарова Айдананы қол соғып қошеметпен қарсы алайық!
2-Жүргізуші
Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.
Лиана қыз ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген
3 – ші талапкеріміз 7- сынып оқушысы Қабдраш Лиананы сахна төріне шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Ашық қабақ, торсық шеке, томпақ бет,
Мадинандай ер жүрек қыз табылмас
4– ші талапкеріміз 8- сынып оқушысы Болатова Мадинаны қошеметпен қарсы алайық
2-Жүргізуші:
Алайық қарсы Фаризаны
Үлгілі қыз бұл инабатты
Мерекеге бүгінгі
Әкелген көп бар сыйлары.
5– ші талапкеріміз 9- сынып оқушысы Дүйсенбаева Фариза ду қол шапалақтап қарсы алайық.
1-Жүргізуші:
Ләззатымыз да өнерлі
Күліп жүрер ақырын,
Жолың болсын Ләззатжан
Өнеріңді төк енді.
6– ші талапкер іміз 10- сынып оқушысы Тұрсынәлі Ләззатты қошеметпен ортаға шақырайық
2-Жүргізуші:
Өзі әдемі сыпайы
Қазақ қыздан аумайды
Қарсы алайық Динараны
Жайдарлы жүзді әдемі
-
– ші талапкеріміз 11- сынып оқушысы Дәнебаева Динараны қол соғып қарсы алайық, халайық!
1-Жүргізуші
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
2- Жүргізуші:
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.)
2) «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан шығарма оқу)
3) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
4)Үй тапсырмасы. Бір салат дайындап келу, оның құрамын, атын, дайындау тәсілін айту
5) . «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6) «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.
1- Жүргізуші
:
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Бекмурзенова айгүл Базархақызы – директордың оқу ісінің меңгерушісі
2. Умбетова Жайнагүл Макенқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қыйлажева Алтынгүл амантайқызы – технология пәні мұғалімі
4. Жанғазина Айгүл Әділханқызы – Музыка пәнінің мұғалімі
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
2-Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
2- Жүргізуші:
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын — деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Музыкалық нөмер сынып_______________________________________________
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
1-Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Әр түрлі өнермен өрге басып кідірмейік.
2-Жүргізуші:
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі — өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
ІІ кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан үзінді оқу)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
1-Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші,
ІІІ кезең: «Кім жылдам?»
(Әр ару өзінің шеберлігін, икемділігін көрсетеді).
1 мин ішінде Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
2-Жүргізуші:
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай — пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Музыкалық нөмір__________________________________
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
ІV кезеңде Үй тапсырмасы
1-Жүргізуші:
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз дем арада майысып.
Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді
2-Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе -елдің көркі» деген сөзді,
Қапасыз қалай айтқан қайран бабам.
Музыкалық нөмір_________________________________
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
V кезең
1-Жүргізуші:
Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, — деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен шаш үлгісін көрсетуде сынға түседі.
Музыкалық нөмір_____________________________________-
1-Жүргізуші:
6 кезең : Зерделінің ойы озық
Зерделінің ойы озық
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақтар
1. Бес асыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз…
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл сөз көнсеңіз.
2. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу)
3. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар)
4. «Байғазы» деген не? (балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, затай сыйлық)
5. Үш қуат — ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып — ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш арсыз — ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
6. Үш даусыз — мінез, кәрілік, ажал.
Үш кәдесіз — жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел).
Үш жамандық — Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
7. Үш жақын — Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті.
Үш көз — Су анасы — бұлақ. Жол анасы — тұяқ . Сөз анасы — құлақ.
Үш тоқтам — ақыл — арқан , ой — өріс, адам — қазық.
8. Жеті қазына
1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы (ит).
9.Бес парыз
1.Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2.Намаз оқу. 3.Ораза ұстау. 4.Қайыр‑садақа беру. 5.Иман және ихсан (адамгершілік пен рақымшылық
10. Алты игілік
1.Денсаулық. 2.Қазына. 3.Дос. 4.Әйел (жар). 5.Білім. 6. Бала (ұрпақ)
11. Алты парыз
Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар:
1. Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып).
2. Шақырса – бару.
3. Кеңес сұраса – ақыл қосу.
4. Сұрағына – жауап беру.
5. Ауырып қалса – көңілін сұрау.
6. Қайтыс болса – жерлеуге қатысу. (Мұхаммед пайғамбар)
12. Жеті жоқ
Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.
13. Жеті жетекші
1. Адамның басшысы – ақыл.
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы – кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)
14. Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ел жетім,
Замандасы қалмаса —
Бәрінен де сол жетім.
2 — жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі — дей келе қазақ қыздарымызға арналған мерекелік сәлем Ғалия Серікқызы жолдайды.
Ән: Қыз сынып
Орындайтын: Исмакова Ғалия
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар — дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
2 — жүргізуші
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
1 — жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
1 — жүргізуші
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем аруы — 2014» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда көңілдеріңіз шаттыққа, құшақтарыңыз гүлге толы болсын — дей отырып, балаларыңыздан гүл шоқтарын қабыл алыңыздар бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,.
Осымен концертіміз аяқталды.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!! Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!
Сахна көрнекті безендірілген.
Әдемі әуен ойналып тұрады. Жүргізушілер ортаға шығады.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар, байқауға қатысушы аяулы арулар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып Ұлыстың Ұлы күні келді.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен, Жер Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Осы наурыз мерекесіне арналған «Бұрымды қыз» атты байқауымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі — жалы, қыздың көркі — шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп, керемет суреттеген. Ал енді, бүгінгі байқауға қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.
(Арулар ортаға кезекпен шығады)
Жүргізуші: Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар,
Ару болу үлкен сын.
Оны қазың бағалар,- деп қазылар алқасымен танысайық:
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1 — «Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру.
2 — Салт — дәстүрге байланысты сұрақтар.
3 — Шаш үлгісін көрсету арқылы шаш күтімін жарнамалау.
4 — Өз өнерін көрсету.
Қатысушы арулар, сахна сыртына барып, дайындықтарыңызды пысықтай беріңіздер.
Жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін , — деп Абай атамыз жырлағандай, байқауымыздың І бөліміне кезек берейік. Бұл бөлім «Мен қазақтың қызымын дара туған» — деп аталады. Бұл сайыста аруларымыздың өздерін таныстыруы қыздардың киімі, шаштың өрімі, жүріс-тұрысымен бірге бағаланады. (Арулар кезекпен, бір – бірлеп шығады)
Жүргізуші: «Халқын сүйген – халқының салтын сүйеді» дей келе, келесі сұрақ-жауап сайысына көшейік. Бұл сайысымыздың 2 кезеңі «Салт — дәстүрге байланысты сұрақтар»
I – сұрақ.
1. Бес қаруды ата. (садақ, қылыш, айбалта, шоқпар, найза)
2. Жеті қазынаны атаңыз. (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, мылтық, қақпан, ау, өткір кездік)
II – сұрақ.
1. Үш арсыз. (ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Қыздар туралы мақал-мәтелдер.
(Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Қыздың құны қырық жеті.
Бір қыз күйеуге шықса,
Мың қыз түс көреді.
Жақсы қыз — жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
Қыздың қабағында құт бар.
Қыз – қонақ.
Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.
III – сұрақ.
1. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі. (қамзол)
2. Бес дұшпанды атаңыз. (өсек, өтірік ,мақтаншақ , еріншек, бекер мал шашпақ)
IV – сұрақ.
1. Үш даусызды ата. (мінез, кәрілік, ажал)
2. Үш биді атаңыз. (Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би)
V – сұрақ.
1. Үш мақсат. (жол мақсаты — жету, дау мақсаты — біту, сауда мақсаты — ұту)
2. Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірін ата? (қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірі — ою — өрнек)
VI – сұрақ.
1. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз үйіне бір жылдан кейін барған. Қалай аталады? (төркіндеу)
2. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше. (түскиіз)
VII-сұрақ.
- Үш байлықты ата. (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
2. Ана туралы мақал-мәтел.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, кезекті сайысымыздың келесі 3 кезеңі «Шаш күтіміне» берейік. Бұл сайыста аруларымыз әдемі шаш үлгісін көрсету арқылы, ұзын шаштың формуласымен таныстырып, ұзын шашты өсірудің құпиясын ашады және сусабындарына жарнама жасайды.
Жүргізуші: Осымен соңғы сайысымыз, өз өнерлерін көрсету кезеңіне де келіп жеттік. Аруларымыз ән айту, би билеу яғни, қолынан келетін өздерінің өнерін көрсетулері керек.
Жүргізуші: Қазағымның салт — дәстүрін сақтаған,
Осындай бар қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенді ғой сені өсірген ақ анаң.
Жүргізуші: Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ шешімін шығарып, жеңімпаздарды анықтауға қазылар алқасын ақылдасуға шығарып салайық.
Жүргізуші: Жеңістеріңіз құтты болсын!
Басқа материалдар:
- «Қыз — ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауының сценарийі
- «Аяулы анашым» атты ертеңгілік
- «Аяулы анашым» атты ересек топқа арналған мерекелік ертеңгіліктің сценарийі
- «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған…» (сценарийлік жұмыс)
- Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір шуағы! (мерекелік кеш)
- «Арулар асыл жандар» атты сайыстың әзірлемесі
- Ана — өмірдің шуағы (мерекелік кеш сценарийі)
- 8-ші наурыз мерекесіне арналған сайыс сценарийі
- Бәрі де, ана, бір өзіңе арналады (Аяулы Аналарға арналған мерекелік кеш)
- 8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
- Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік жоспары
“КӨКТЕМ АРУЫ-2013” байқауы сценарий
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Әдісі: байқау
Көрнекілігі: слайд, видео, музыка, шарлармен безендірілген сахна
Барысы:
1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне мектебімізде 9 – 11 кластар арасында өткелі отырған «Мектеп аруы – 2010 » байқауына келіп отырсыздар. Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.
2-жүргізуші : Сонымен бірге «Қыз — қонақ», « Қыз өссе – елдің көркі», «Қызды қырық үйден тыю» деген мақал – мәтелдер бекер айтылмаса керек. «Мектеп аруы – 2010» байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымызды бойынан байқап, көру. Олай болса, байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне, ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық-дей келе ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.
2-жүргізуші: Кім жеңеді байқауда үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Қазы алқасы атыңды ақта бүгін
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда
1-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
- Тынышбаев Алтынбек
- Бөлегенова Толғанай
- Мауешова Азиза
2-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,
2-жүргізуші:Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін алып, дайындала берсін.
1-жүргізуші: Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
- Мен қазақтың қызымын (таныстыру)
- Ғашықтар сыры (көрініс)
- Сұлулық құпиясы (шаш сәндеу мен макияж жасаудың қыр-сыры)
- Зерделінің ойы озық (ситуациялық сұрақ)
- Тосын тапсырма
- Шебер шыңы (тігін тігу)
- Дефиле (өз ойындығы мектеп формасының үлгісін ұсыну)
2-жүргізуші: Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
1-жүргізуші: Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
2-жүргізуші: Бірінші сайыс- өзін-өзі таныстыру Ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.
- УбайдуллаГауһар
2.Қайып Ақбота
3.Метжанова Лаура
4.Абит Аймекен
1-жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі — өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз-дей келе келесі кезекті 2-ші “Ғашықтар сыры” кезеңі көрініске береміз. Бұл кезеңде қыздарымыздың актерлік шеберліктеріне көңіл аударатын боламыз. Олай болса, Аруларымызға сәттілік тілейміз!
2-жүргізуші: Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, — деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық құпиясы» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен шаш үлгісі мен макияж жасау бойынша сынға түседі. Бұл кезеңнің ерекшелігі бір басқа, қыздарымыздың ептілігі қалай екен? Қыздарымыз аяқтап болғанша кезекті әнге берелік.
2-жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, “Зерделінің ойы озық” ситуациялық сұрақтарға кезек берелік. Ия бүгін аруларымыз барлық жағынан көп сынға ұшырауда. Ендігі кезеңде кез-келген жағдайда тапқыр және сабырлы бола аламызба? Соны байқап көрелік
1.Сізді құрбыңыз мерекелік кешкі дастарханға шақырады.Сіз жолға шықтыңыз,үстіңізде ақ көйлек ,қолыңызда құрбыңызға арналған сыйлығыңыз бен гүліңіз де бар делік.Кенет бір көлік жаныңыздан өтіп бара жатып,үстіңізге сұйық балшықты шашты да кетті.Айналаңызда көмектесер ешкім жоқ,бөтен адамдар ғана бар.Белгіленген уақытта болып қалды.Ал,сіздің құрбыңыз,нағыз талғампаздың өзі.Сол кезде сіз,қандай айла ойлап табар едіңіз?
2. Сізде математика пәнінен бақылау болатын болып, мұғалім бақылау сұрақтарын тез арада үйден шығарып алып келуге өтініш жасады. Көктем кезі болатын сен үйден шығып мектепке қарай асығып келесің кенет жердегі былшыған балшыққа құлап түстің. Қолыңдағы қағаз да үсті-басың да әбден былғанды. Мектепке бұл күймен бара алмайсың, алайда мектептегі мұғалім де балалар да сені күтуде не істейсің?
3. 8-наурыз мерекесі болатын ұл балалар сынып қыздарына сыйлықтар дайындапты.Сіз бірнеше күн сабақтан қалып бүгін келіп тұрсың. Ұл балалар сыйлықты таратып жатты сіз өз атыңызды тағатсыздана күтіп тұрсыз, бірақ сізге сыйлық жетпей қалды. Көңіл-күйіңіз және әрекетіңіз?
- Жаңа-Жыл мерекесі күні болатын. Кешкілік отырысты тағатсыздана күтудесіз өйткені бүгін көптен көрмеген жақын достарыңызбен кездесесіз. Барлық қыздар әдемі көйлектерін киіп, шаштарын сәндеп кешке қызу дайындалуда. Сіз де сол күні жаңадан қымбат көйлек сатып алып, шашыңызды барынша сәндедіңіз. Барлығы жиналып сізді күтуде, асығыстық па әлде қобалжыдыңызба, шығып бара жатып үстелде тұрған тамақты байқамай қағып кеттіңіз де керемет көйлегіңіз көріксіз күйге түсті. Көңіл-күйіңіз бен әрекетіңіз?
- Сіз құрбыңызбен өте тату доссыздар. Құрбыңыз бүгін сабаққа келмей қалды. Сол күні құрбыңды сыныптағы қыздардың біреуі жамандай бастап ед оған бәрі қосыла кетті. Сіз үндемедіңіз. Ертесіне құрбыңыз бұл жайында естіді де ол қызбен ренжісіп тіпті екеуі төбелесе бастады. Ол қыз жылап қалды. Ол мұғалімнің қызы болатын, апай ішке кіріп бас салып айқайлады. Кім-кінәлі екенін сұрағанда мұғалімнің қызы болғандықтан, оқушылардың барлығы бірауыздан құрбыңды кәналай жөнелді. Сіз тағы жалғыз қалдыңыз не істейсің?
1-жүргізуші: Ал қане қыздар келесі 5- кезекте сіздерге “Тосын тапсырма” Әрбір ару өз анасын ерекше қадір тұтады, құрметтейді деп ойлаймыз. Бұл жолы қыздарымыз анаға деген тартуды, сыйды қолдан жасамай, сатып алмай жүректен шығарса дейміз. Ендеше аруларымыздың анаға деген махаббат сезімдерін, жүрекжарды лебіздерін дәл қазір қағаз бетіне түсірсе.
Қыздарымыз тапсырманы орындағанша кезекті әнге берейік.
Әділқазылардан бұл кезеңнің бағасын сұрайық.
2-жүргізуші: Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойына жинағандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер»деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын — дей келе келесі кезең “Тігін тігу”
Бұл кезеңде ситуациядан тез әрі ұқыпты шыға білуді талап етеді. Үйде ініңіз екеуіңіз ол сабаққа кешігіп бара жатыр, бірақ көйлек түймелерінің барлығы түсіп жатыр тез қадап беруіңізді сұрап жылап тұр. Іске сәт!
2-жүргізуші: Ал, құрметті ағайын, соңғы жетінші кезеңімізге де келіп жеттік.
1-жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасақ,- дей келе, сайысымыздың өз ойынан шыққан шығармашылық туындыларын сән үлгісі “Дефиле” кезеңін тамашалайық.
2-жүргізуші: Мектепте белгілі бір сақталған мектеп формасы бар, десе де қыздарымыздың өз ойларында, қиялында жүрген киім үлгісі қандай екен тамашалайық. Кім білсін, болашақта аруларымыздан керемет дизайнерлер шығар.
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады
2-жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше, өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық.
2-жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
1-жүргізуші: Барлық аруларымызды ортаға шақырамыз. Сайысты қорытындылау үшін
Әділқазыларға сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Баршаңызды көктем мерекесімен, әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Тағы да, Мерекелеріңіз құтты болсын!
«Кішкентай ару» сайысы
Балабақшадағы ертеңгіліктер- admin
- 31.01.2017
- 0
- 1
- 13418
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасының
тәрбиешісі: Рзабаева Айша Куатбаевна
Саз бөлмесі мерекеге сай әдемі безендірілген. Әсем әуенмен балалар кіріп, орындарына келіп тұрады.
Тақырыбы: «Кішкентай ару» сайысы.
Жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан бабалар ,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар.!
Тәрбиеші: Құрметті аналар,ақ жаулықты әжелер, қонақтар, ұжымдастар және мың бұралған қыздар бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз Аналар мейрамы құтты болсын! Ендеше аналарымызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бүлдіршіндеріміздің «Келді Көктем» әнімен бастаймыз.
Балалар бір жақсы әуен естілетін сияқты, кім екен келе жатқан.
Тәрбиеші: — Сәлематсызба Ару Көктем! Біз сені көптен асыға күттік. Қош келдің, кең байтақ елімізге!
Ару көктем: Сәлематсыздарма балалар,қ онақтар!
Сәлем, сәлем, балақайлар.
Қуаныңдар алақайлар.
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.
Жүргізуш: Ару Көктем біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтары бар
1-бала: Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
2-бала: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
3-бала: Көктем, көктем,
Күн шуағын төккен,
Әнші құстар сайрайды,
Жердің беті жайнайды.
Жүргізуші: —Ару Көктем бүгін балабақшамыздың №6 «Балдырған» тобында аналар мерекесіне арнап, ару қыздарымыздың арасында «Кішкентай ару» сайысын өткізгелі отырмыз. Бізбен бірге аруларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
Бірі көркем бірінен,
«Балдырғанның арулары
Көпшіліктің тілеуінен,
Жаралғандай бәрі-бәрі
Ару көрсең тасыр көңіл,
Айналаға нұрын шашқан,
Жаса тірлік,жаса өмір!
Бақыт осы ойнап күлген.
Балдырғандар арасында.
Қызғалдақтай жайнап күлген,
Арулардың бәрі осында.
Тәрбиеші: -Ал, құрметті көрермендер аруларымызды ортаға шақырайық.
1. Джарылғасинова Дильназ тобымыздың алғыр қызы
2. Алмуратова Жансая тобымыздың ару қызы
3. Өсербай Иңкар тобымыздың әнші қызы
4. Бақыт Нұрдана тобымыздың салмақтықызы
5. Есмуханова Ұлдана тобымыздың епті қызы
Тәрбиеші: —Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
«Тегін білу — тектілік» (өзін-өзі таныстыру)
Білім сайысы.
Сурет салу. (Анама сыйлық)
«Мықты болсаң тауып көр» (мақалды жалғастыр)
Өз өнерін көрсету
Тәрбиеші: «Кішкентай ару» сайысын аруларымыздың өзін-өзі таныстырудан басталады.
Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар,
Қуанып, шаттанып күлуде бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Сайыста әділқазылар тағы да бар.
(Әділқазылар алқасымен таныстыру)
1. директор: Г.С.Узакбаева
2. әдіскер: Ш.Т.Дабытова
3. психолог: Кемелханова Т.Я
Тәрбиеші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп тобымыздың жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдік,
Ал, аруларымызға тек сәттілік тілейікші!
1-бала: Амандасам ата-қазақ салтыменен,
Ұстаздар,құрбы-құрдас халқымменен.
Отырған әділ-қазы алқасына
Иіліп әдеппенен сәлем берем.
Армысыздар жиналған барша қауым
Алдыңызда өлеңмен жыр шашамын.
Таныстырып өзімді өтер болсам,
Азамат қызы Дильназ мен боламын.
2-бала: Сәлем бердім жиналған баршаңызға,
Үлкен-кіші, дос жаран алқаңызға.
Тұрмын міне, қатысып бұл сайысқа
Бар жақсылар сіздердің арқаңызда
Еркін қызы атым менің Жансая
Жасым менің алтыда, көңілім хош.
Анам аты Гүлбану ақ сүт берген,
Сүйікті ордам «Шынар»балабақшасы.
3-бала: Сәлем менен бастаймын мен сөзімді
Өлең менен таныстырам өзімді.
Нағыз қазақ қызы екен дейтіндей,
Болып өстім сезімде.
Қазағым ана сыйлап өскен халық,_
Атымды Иңкар деп қойғаны сол,
Дариға мен Бердіханның гүл қызымын.
Жарқырап нұрын шашқан жұлдызымын.
Достарым өзімді мақтамаймын,
Қазақтың қарапайым бір қызымын.
4-бала: Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын.
Нұр шашқан көктемнің шуағындай,
Нұрдана атты кішкентай қыздарыңмын.
Кіші жүздің руынан Адай деген,
Асқар таудай әкем Еркін деген.
5-бала: Көрермен қауым армысыздар!
Бәріңізде есен-сау бармысыздар!
«Кішкентай ару»сайысына қатысып,
Үкілі үмітімнің тұсауын кессін қазылар.
Есмухан қызы Ұлданамын.
Руым Адай Жеменей,нағашы жұртым Әли еді.
Биылғы қой жылы құт боп келіп,
Аналардың құтты болсын мейрамы.
Тәрбиеші: Кішкентай аруларымыз келесі шартқа дайын болғанша кезекті аналарымызға арналған әнге береміз
Ән: «Мама»
Тәрбиеші: Әділқазылар алқасы 1 таныстыру бөлімінің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
Өнералды қызыл тіл, өз тіліңді жатқа біл.
Ана тілім ардақты, жатқа айтам тақпақты.
Жұмбақ айтып жасырам, жаңылтпаш ол сөз емес
Әрбір сөзін дәл табам, мақал-мәтел жақсы сөз.
Бабамнан қалған болар сөз, бәрін біліп өстік біз — деп өлеңдете келіп, арулар тест сұрақтары бойынша таңдап алынған сұрақтарға жауап
берулері керек.
1-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс екенін ата, сөз тап. Тақтада жазып көрсет.
2. Табиғат дегеніміз не?
3. 7санының көршілерін ата.
4. Шалқан ертегінің кейіпкерлерін атап бер.
2-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Үй жануарларын атап бер.
3. 5 санының көршілерін ата.
4. Қызыл телпек ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
3-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Табиғат нешеге бөлінеді?
3. 9 санының көршілерін ата.
4. Үйшік ертегісінің кейіпкерлерін ата.
4-бала:
1.Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2.Жабайы жануарларды ата.
3.8 санының көршілерін ата.
4 «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
5-бала:
1. Әріпті ата, қандай дыбыс, сөз тап.
2. Дала құстарын ата.
3. 4 санының көршілерін ата.
4. «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
Тәрбиеші: Әділқазыларымыз аруларымызға бағаларын есептеп болғанша ақ жаулықты әжелерімізге арнап «Әжем» әнін қабыл алыңыздар.
Аруларымыздың білім сайысы бойынша алған бағаларын беріңіздер.
Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың 3 шарты сурет салу «Анама сыйлық» жасау деп аталады. Аруларымызға 10 минут уақыт беріледі, түрлі түсті қаламдармен аналарына сурет салып, сыйлық жасайды.
Тәрбиеші: Аруларымыз сурет салып болғанша концерттік номерлерімізді тамашалаңыз. Ұлдарымыздың «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар.
1-бала:
Слушай нашу песенку,
Мамочка любимая.
Будь всегда здоровая!
Будь всегда счастливая!
2-бала:
В день весенний солнечный
Мам мы поздравляем
Жизни долгой радостный
Мамам всем желаем!
3-бала:
Сізге бүгін сый–құрмет,
Жан анашым мерейім.
Қаласаңыз би билеп,
Әнде шырқап берейін.
4-бала:
Шалқып тасып әніміз,
Жарқырасын жанымыз.
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
5-бала:
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам,
Менің анам сүйкімді,
Бәріненде жақсы адам.
Тәрбиеші: Аруларымыздың сурет салу шарты бойынша алған бағаларын беріңіздер.
Тәрбиеші: Келесі 4 шартымыз мақал-мәтел айту. Аруларымыз әділқазылар алдындағы қағаздарды кезекпен алады. Кімге қандай мақал түссе соған жауап береді. (Отан, отбасы, еңбек, білім, достық) туралы мақалдар.
Тәрбиеші: Аруларымыз келесі шартқа дайын болғанша ата-аналармен ойын
Ойын «Кім епті»
Шарты: Ортаға екі ата-ана шығады. Ақ носки киген 4 бала, көк носки киген 4 бала ортада музыкамен би билеп жүреді. Ақ носки киген балаға ақ футболка, көк носки киген балаға көк футболканы тез кигізіп орнына кім бұрын отырғызып болса сол жеңімпаз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар ата-аналар.
Тәрбиеші: Аруларымыздың мақал-мәтел айту бойынша алған бағаларын беруіңізді сұраймыз.
Тәрбиеші: «Кішкентай ару» сайысымыздың 5 шарты өз өнерін көрсету.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай өнер сайысын бастаймыз.
1-бала: «Мама моя» әнін орындайды.
2-бала: Үнді биін орындайды.
3-бала: «Апатайым» әнін орындайды.
4-бала: «Бипыл»
5-бала: «Құттықтаймын мама» әнін орындайды.
Тәрбиеші: Әділқазыларымыз өз бағаларын бергенше кезекті биге береміз.
Би: «Флешмоб»
Тәрбиеші: Аруларымыздың өз өнерін көрсету бойынша алған бағаларын беруіңізді сұраймыз.
Тәрбиеші: Бүгінгі сайыста аруларымыздың алған жалпы ұпайлары бойынша аруларызға:
1. Әдепті қыз.
2. Көркем қыз.
3. Сұлу қыз.
4. Ибалы қыз.
5. Сүйкімді қыз — номинациялары берілді.
Тәрбиеші: Өмірдегі ең асыл жан — Ана. Сол үшін балалар аналарымызды, әжелерімізді, қыздарымызды сыйлайық, ардақтайық, құрметтеп жүрейік.
Құрметті аналар, әжелер, ұжымдастар мерекелеріңіз құтты болсын.
Сәбилердің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт әкелсін!
Сау саламатта болыңыздар!
Тақырыбы: Ару қыздар байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.
Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару қыздар – 2012» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Тайпақова С.М. – мектеп директоры
2. Айтжанова З.Е. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қалмағамбетов А.Е. – кәсіподақ комитетінің төрағасы
4. Табимбаева М.И. – технология пәні мұғалімі
5. Байқатов А.М. – бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі — өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі
1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан
2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.
3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.
5.«Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.
7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
ІV кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе
Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, — деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
VI «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
1-ші арудың сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б. Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9.Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.
2-ші арудың сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А.Бақтыгереева).
6. Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
8. Әнші Мадина … (Ералиева)
9. Тай, құлынның анасы? (Бие).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
3-ші арудың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
9. Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.
4-ші арудың сұрақтары.
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)
8. Әнші Тамара… (Асар)
9.Ешкінің төлі ? (лақ).
10. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.
5-ші арудың сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
7. Көздің суы (жас)
8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
9. Қобыландының жары ( Құртқа)
10. Ең зор байлық (денсаулық)
6-шы арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)
4. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)
5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)
6. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
7. Жарға тұтылатын зат (кілем)
8. Жылқыда не жоқ (өт).
9. Әнші Роза … ( Рымбаева)
10. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)
6-шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары.
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Қыздар — ай» әні. Орындайтын Жолдығулов Сырым
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.
VII Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» — дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
БҚО, Шыңғырлау ауданы
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Математика және информатика пәні мұғалімі
Жекенова Акмарал Канатбаевна