Біз салауатты ?мір салтын ?олдаймыз спортты? сайыс сценарий балаба?шада

Саба?ты? та?ырыбы:Біз салауатты ?мірді ?олдаймызСаба?ты? ма?саты: Спортты? сайыс ?ткізу ар?ылы салауатты ?мір салтын насихаттау.Саба?ты? типі:аралас саба?Саба

Саба?ты? та?ырыбы:«Біз салауатты ?мірді ?олдаймыз»

Саба?ты? ма?саты:

                                 Спортты? сайыс ?ткізу ар?ылы салауатты ?мір  

                                 салтын насихаттау.

Саба?ты? типі:аралас саба?

Саба?ты? т?рі:жа?а білімді ме?герту

Саба?ты? ?дісі:с?ра?-жауап, т?сіндіру, ??гімелесу, топтастыру

Саба?ты? к?рнекілігі:доп, жалауша, ше?бер, секіртпе, ?лкен доп.

Болжамдал?ан н?тиже:О?ушылар ойындармен танысады, адам?а пайда келтіретіні жайлы біледі.

Саба?ты? жоспары:

I. ?йымдастыру кезе?і:

1. Психологиялы? дайынды?

2. О?ушыларды? назарын саба??а аудару

II.Жа?а саба?

1. Ашылу салтанаты

2. Топтарды таныстыру

3. ?діл ?азылармен таныстыру

4. Ойындар?а кезек беру

I б?лім.Кенгуру!

II б?лім.Пингвин!

III б?лім.?ажайып!

IV б?лім.?оян!

V б?лім.Баскетфут!

III.Жа?а саба?ты ?орытындылау ж?не ба?алау.

О?ушыларды ма?тау ж?не мада?тау

Саба?ты? барысы

I. ?йымдастыру кезе?і

1. Психологиялы? дайынды?

2. О?ушыларды? назарын саба??а аудару

II. Жа?а саба?

1. Ашылу салтанаты «Біз салауатты ?мірді ?олдаймыз» атты ?ранмен ?ткізгелі отыр?ан «Тола?ай» спортты? сайысын бастау?а р??сат еті?іздер! «Спорт – денсаулы? кепілі» Дені сау ?рпа? – ?лт болаша?ы болады. Б?л сайыс салауатты ?мір салтын насихаттау ма?сатында ?йымдастырылып отыр?ан шара.

     Сайыс?а ?ш топ ?атысады. Топ м?шелеріні? саны ?шеу. ?р топ же?іс м?ресіне жету ?шін бірнеше кезе?нен т?ратын кедергілерге т?теп беруі тиіс.

2. Топтарды таныстыру. Олай болса, ?ркімге рухани ж?не м?дени мереке сыйлайтын сайысымыз?а ?атыс?алы отыр?ан топтарды орта?а ша?ырайы?.

«Жігер» тобы

«С???ар» тобы

«Т?лпар» тобы

Басталды сайысымыз б?гінгі к?н,

Аны?талсын ?діл?азы ?здігі кім.

Ба? сынап алды?ыз?акеліп т?р?ан

?арсы алайы? топтарды ?ошеметпен.

3. ?діл ?азылармен таныстыру. Сайысымызды? негізгі ар?ауы болып отыр?ан топты? ая? алысын ба?алау ?шін ша?ырыл?ан ?діл ?азылар ал?асымен таныс болы?ыздар.

А)

?)

Б)

Сайысымыз 5 б?лімнен т?рады.?р ойынны? кезегі келгенде ойын ережесін т?сіндіріп береді. Ал ?діл ?азылар ал?асы ?р б?лімнен кейін ба?асын беріп, сараптама жасап отырады.

Б?йгені ат жаратып шап?ан алар,

Олжаны жат?ан емес, тап?ан алар, — деп сайыс?а ?атысушы топтар?а «А? жол» тілейік!

4. Ойындар?а кезек беру.

I б?лім. Кенгуру!

Просмотр содержимого документа

««Біз салауатты ?мірді ?олдаймыз»»

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі — түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, кругтар, кенгуру добы.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті әріптестер бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайысына қош келдіңіздер
Көңілді жарысқа «Қыран» тобы мен «Жүйріктілер»тобы және «Сұңқар» мен «Тұлпар» топтары жарысқа қатысады.
Алдымен жарысымызды бастамас бұрын, денемізді жаттығулармен шынықтырып алайық.

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Жүргізуші:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Балабақша директоры: Абулгартаева С. Т
2. Балабақша әдіскері: Ақжігітова Ұ. М
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
1. «Эстафета» жарысы
2. Мақал сөздің мәйегі. Мақалды жалғастыру
3. «Кім күшті» жарысы
4.«Кім жаңылыспайды» Жаңылтпашты айту.
5.«Кенгуру»жарысы
6.«Пингвин» жарысы

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
І кезең: «Эстафета» сайысы
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп, келесі қатысушының қолынан ұстап, мәреге дейін жүгіріп барады. Әрі қарай ойын осылай жалғасады. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
ІІ кезең: Бір қатысушы мәредегі берілген тапсырманы кеглилер арасымен жүгіріп барып, кері қайту. Берілген мақалдың жалғасын жалғастыру.

Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен — тек жоймайық — деп ІІІ — кезеңіміз «Кім күшті» ойынын бастаймыз!.
Ойын шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс. Қалдығын жинап өз шеңберлеріне салуы керек. Қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз.

Жүргізуші: ІV — кезеңіміз «Кім жаңылыспайды» сайысын бастаймыз.
Мәреге дейін 2 қатысушы бір — бірлерінен аттап секіріп барып, сол жердегі қағазды алып, кері қол ұстасып жүгіріп қайтады. Қағазды жаңылтпашты жаңылыспай айту керек. Жаңылыспай айтқан топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:
Спорт — көркі өмірдің.
Спорт — досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боласың,
Шынығып, өсіп, толарсың — деп V — кезеңіміз «Кенгуру» сайысын бастаймыз!
Ойын шарты: Қатысушылар кенгуру добымен кеглилер арасымен секіріп өтуі тиіс.
Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:
Денсаулық — басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі — дей келе VI — кезеңіміз «Пингвин» жарысын бастаймыз.
Ойын шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.

Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден —
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол —
Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп — көп рахмет!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт — Шевченко қаласы, Баутин ауылы
«Ақбота»балабақшасының дене шынықтыру
нұсқаушысы А. Ермекбаева

Тақырыбы: «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты  анасы мен баласы сайысы

Мақсаты:  Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. МдҰ-ға ата- аналарды тарту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Балабақшамен ата-ана арасында жақсы қарым- қатынас орнату және ата-аналардың қоғамдық жұмыстарға араласуына жағдай жасау, дене шынықтырумен жиі айналысу.

 Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым.

Бүгін «1 – желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент» күніне орай өткізіліп жатқан «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері және олардың ата-аналар арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысқа екі топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен.

Сайысымыздың екі тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

  1. 1. «Балақай» тобының ата анасы Мырзабаева Назым.
  2. «Жасұлан» балабақшасының қызметкері Абдрахманова Ажар
  3. «Қарлығаш» тобының ата анасы Амренова Гүлсім

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады. Ал әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады. Әділқазылар алқасы 4,5балдық жүйе бойынша бағалайды.

1 кезең. Таныстыру. (екі топ өздерінің топтың атын ұранымен таныстырып өтеді).

2 кезең. «Көңілді шығыршықтар»

Шарты: Бірінші тұрған ойыншының қолына шығыршық беріледі. Анасымен баласы шығыршықты киіп екеуі белгіленген жерге дейін жүгіреді. Шығыршықты келесі ойыншыға беріп сайыс ары қарай жалғаса береді. Бірінші болған топ жеңіске жетеді.

3 кезең. «Аяғынды сулап алма»

Шарты: ойыншылардың қолдарына қолшатыр беріледі, аяқтарына галош киеді. Су болып жатқан жерден секіріп, белгіленген жерге дейін жетіп орындарына қайта келіп қолшатыр мен галошты келесі ойыншыға береді. Сайыс ары қарай жалғасып жеңіпазды аңықтайды.

4 кезең. «Қарбыздар»

Шарты: Ойыншыларға берілген белгі бойынша зембілге себетте тұрған қарбызды салып кедергілерден өтіп, қарбызды қапқа салып өз орындарына қайта келіп зембілді келесі ойыншыларға береді. Сайыс ары қарай жалғасып өз жеңіпазын аңықтайды.

5 кезең. «Көңілді доптар»

Шарты: бірінші тұрған ойыншыға секіртпе доп беріледі. Секіртпе доппен белгіленген жерге дейін жетіп қайта келеді. Секіртпе доп келесі ойыншыға береліп, ойын ары қарай жалғасады.

6 кезең. «Көпірден өт»

Шарты : Бірінші тұрған ойыншылар анасы мен баласы гимнастикалық орындықтың үстінен жүріп көпірден өтеді. Сайыс ары қарай жалғасады.

Қорытынды:

Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.(Марапаттау).

«Біз салауатты өмір-салты үшін»

Мақсаты:
1. Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрі: Эстафеталық жарыс
Өтілетін орны: спорт залы
Қажетті құралдары: Үлкен доптар, кедергілер, шелектер, кішкентай доптар.

Өтілу барысы:
1. I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.

1. II. Негізгі бөлім
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар мен жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер бүгінгі

«Біз салауатты өмір – cалты үшін» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа ортанғы топ балалары қатысады. Балалар 2 топтан 8 бала болады.
Жүргізуші:
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)

1. «Жалын» тобы, Топ басшысы Нуркубаев Алинур
2. «Қыран» тобы, Топ басшысы Омар Сұлтан -Ахмет

Жүргізуші:
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Ал балалар сайысқа қош келдіңіздер

Сайыс 5 кезеңнен турады:

  1. «Кенгуру»

  2. «Кім епті,кім мықты»

  3. «Хайуанаттарға су бер»

  4. «Кім мерген»

  5. «Қырықаяқ»

    Жүргізуші:
    Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
    Сайысымызды бастаймыз.
    1 — тур: «Кенгуру»
    Ойынның шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып кедергі арасымен айнала секіре өтіп, кері айналып қайту.

Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен — тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.

2-тур: «Кім епті,кім мықты»

Ойынның шарты: балалар матрастан домалап өтіп,белгіленген жерге барып кері қайту.

3 — тур: «Хайуанаттарға су бер»
Ойынның шарты: Топ мүшесі үлкен шелектердің қасына отырады, балалар кішкентай шелекпен топ мүшесінің шелегін сумен толтырады.
Әділқазылардың бағасы.
Дайынбыз ба? Дайындал! Алға!

4 — тур: «Кім мерген»
Ойынның шарты: Топ мүшелері кедергілер арасынан өтіп,белгіленген жерге жеткенде допты ыдыска салу керек.екі екіден жұптасып, шығыршықтың ішіне кіріп, кедергілердің арасынан айнала өтіп, орындарына келу керек.
Дайынбыз ба? Дайындал! Алға!

5 — тур: «Қырықаяқ»
Ойынның шарты: Балалар топ мүшесінің артына тіркесіп кедергілерді айналып, кері қайтып келеді.

Дайынбыз ба? Дайындал! Алға!
III. Қорытынды бөлім
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден —
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол —
Еңбектену, жалықпау.
демекші, сайысымыздың барлық қатысушыларына «Алғыс хат» марапаттаймыз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Жүргізуші:
Бүгінгі спорт жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп — көп рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: «Спорт – біздің серігіміз» атты эстафеталық жарыс

Сабақтың мақсаты:   1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета

спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында

достық қарым-қатынасты нығайту.

2. Оқушылардың денсаулығын арттыру және

шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты

өмір салтына тәрбиелеу .

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Спорттық іс- шара

Білім беру саласы: «Денсаулық».

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Сайыс тақырыбы, топ аттарын жазу эмблемалар, дипломдар.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу, топтастыру, көрсету, ойын.

Сайыс барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Бүгінгі «Спорт- денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарысына қош келдіңіздер! Бүгінде осындай іс-шара біздің мектебіміздің 3 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Жүргізуші:

1.  Топтарды ортаға шақыру

Ал, қанекей, қонақтар,

Ортаға назар салайық.

2 топтың ойыншылары келеді,

Қол соғып қарсы алайық! – деп, ортаға қатысушы топтарды шақырамыз.

Жүргізуші: Ақ түсті киімде 3А, «Тұлпар» тобы,

көк түсті киімде 3Ә, «Сұңқар» тобы. 

Жүргізуші: Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

1.

2.

3.

Жүргізуші: Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады

  1. «Тұлпар» тобы.

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығулардан ешқашан да қашпаймыз.

  1. «Сұңқар» тобы.

Спортпен достасамыз,

Жалқаулықпен қоштасамыз.

Жүргізуші: Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті.

Дүбірле жарыс, дүбірле,

Жақсылық болсын үйіңде.

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде,- дей отырып, бүгінгі жарысымыз 7 бөлімнен тұрады.

  1. «Кім озар?» — кольцомен допты алып жүру жарысы.

Шарты: Гимнастикалық кольцомен допты кедергілер арасымен жүргізу.

  1. «Кім епті?» — кенгуру жарысы.

Шарты: батут добымен секіріп, кедергілер арасымен өтіп, ілініп тұрған

дартсты дәлдеу.

  1. «Кім шапшаң?» жарысы – хоккей жарысы.

Шарты: шайбаны кедергілер арасымен алып жүру.

  1. «Кім ер жүрек?» — шарикті алып жүгіру жарысы.

Шарты: үлкен ас қасықпеп теннис добын түсіріп алмай, орындықты

айналып, артқа қайтады.

  1. «Кім мықты?» — доппен ойын жарысы.

Шарты: Әр топтың алдыңғы жағынан 6-8м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі б/ша топ басшы өз жағының 1-ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1-ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.

  1. «Кім батыр?» — арқан тарту жарысы.

Шарты: Екі топқа бөлініп, әрбір топ арқанды өз жағына тартады. 3

рет тартысқаннан кейін 2 рет өз жағына арқанды тартып шығарған

топ жеңімпаз болып танылады.

  1. «Кім күшті?» — паравоз жарысы.

Шарты: топтың барлық мүшелері бір-бірінің артыны тізбектеліп

жылдам жүріп, орындықты айналып, артқа қайтады.

Жүргізуші: Ал, енді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.

Қорытынды:  Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!

«Спорт — денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарысы осымен аяқталды.

Жеңістеріңіз құтты болсын! Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін

көп-көп рахмет!

Спорттық сайыс:»Салауатты отбасы елдің болашағы»

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Адамның басты байлығы денсаулық.Балаларға және ата-аналарға денсаулықты сақтап,салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.Отбасымен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Төмендегі Авторлық бағдарлама толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Спорттық сайыс:»Салауатты отбасы елдің болашағы»

Сматілдаева Нұршат Нұрланқызы

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Алдашбай Ахун ауылы,№ 10Балабақша

09.10.2019

546

1

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

ІҮ. Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидалары:

дұрыс тамақтану;

зиянды әдеттерден аулақ болу;

жеке бас тазалығын сақтау;

денешынықтырумен айналысу;

оң эмоциялардың көп болуы;

қоршаған ортаның тазалығы;

күн тәртібін сақтау;

үнемі қозғалыста болу.

Ү. Зиянды әдеттерге қысқаша шолу жасау.

Зиянды әдеттер

Ішімдік ішу, Темекі шегу, насыбай ату, Нашақорлық

Салауатты өмір салтын ұстануға бірден бір кері әсер ететін факторлар.

Ішімдік «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді.

Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр

ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады.

Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе

қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың

ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар.

Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық бұл тажал адамның денсаулығына кері

әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%ы

өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген.

Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері.

Нашақор адамдар өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.

ҮІ. «Тәні саудың жаны сау» (сұрақ жауап)

1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)

2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас

гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)

3. 2002 жылы Елбасы қандай жыл деп жариялады? (Денсаулық)

4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз

қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)

5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)

6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)

7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы)

ҮІІ. Мақал мәтел.

1. Сақ жүрсең, …………..сау жүресің.

2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

3. Денің сау болса, жарлымын деме. ……………Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

4. Тыста ұзақ жүргенің – ……….……..ұзақ өмір сүргенің.

5. Дені сау адам ……………..табиғаттың ең қымбат жемісі.

6. Елемеген ауру жаман, ……………..ескермеген дау жаман.

7. Сырқат тән жарасы,……………. қайғы жан жарасы.

8. Тазалық – саулық негізі, …………саулық – байлық негізі.

9. Көзің ауырса,……………….. қолыңды тый,

Ішің ауырса,………………. аузыңды тый

10. Жарлының байлығы –үүүүүүүүүүүүүүү денінің саулығы.

ҮІІІ. Тілекке тілек қосып, жүректен жүрекке…

Оқушылар бір біріне тілектерін жазып ұсынады.

Қорытынды.

«Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов

айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Биянкурские праздники книга
  • Бишкунак чей праздник
  • Бишілер сайысы сценарий
  • Бишек туйы сценарий
  • Бичии дангына сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии