Географиялы? кеш сценарий

Географиялық кештің тақырыбы: Жас географ Сабақтың мақсаты: Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ой

Географиялық кештің тақырыбы: «Жас географ»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру. : «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын сыныпты анықтау

Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.

Түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.

Барысы:

I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.

II. Ұйымдастыру.

1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру

1. 2. Әділ — қазылар алқасын сайлау.

1. 3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру

III. Қорытынды.

IV.Марапаттау.

Мұғалім:

— Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

— Бүгін біздің «Жас географ» атты ойын сайысын бастаймыз.

— Бүгінгі ойын сайысқа жетінші сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін , сыныптың намысын қорғауға 7 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 2 топ қатысады.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ — қазылар құрамымен таныстырайық:

Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білімді деген ақылшың Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

1. Таныстыру (топ аты, ұраны, төсбелгісі)

2. Блиц турнир (сұрақтар).

3. Географиялық жұмбақ шешу.

4. Картамен жұмыс.

5. Қара жәшік.

6. Топ басшылар сайысы (географиялық нысандар бойынша сұрақтар)

7. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр

8. Үй тапсырмасы «Қалдықтарға екінші өмір сыйла»

Ітур. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.

(Топтар өздерін таныстырады) І топ карта, ІІ топ саяхатшылар

ІІ тур: Блиц турнир. Мұнда барлығы 20 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайысқа қатысатын топтар кезек кезек жауап береді. Егер жауабы жоқ болса келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады.
1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)
2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)
3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд)
4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро)
5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)
6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м)
7. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)
8. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)

9. Кофенің отаны қай материк (Африка)
10. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)

11. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? (1519 — 1522ж)

12. Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (Түбек)

13. Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді (Анд)

14. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер (үндістер)

15. Антарктиданы ашқан саяхатшылар ( Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)

16. Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)
17. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
18. Солтүстік және Оңтүстік польюстерді қосатын сызық (Мередиан)
19. Ең кішкентай құс (Калибри)
20. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)
ІІІ Тур бойынша 2 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.

«Географиялық жұмбақтар»

І -ТОП

Сурет –жұмбақ (2-мин)

сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

АФРИКА

Қонақтап күнде қонар су бетіне, 
Сүйсінер барлық адам келбетіне. 
Тұлғасы су ішінде көрінеді, 
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер. (карта)

II-ТОП

сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?

С.АМЕРИКА

Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, 
Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)
IV тур — «Карталар әлеміне саяхат». Ұпай саны: 5 ұпай Әр топ берілген объектілерді картадан тауып, картадан көрсету.

1 — топ

1. Жерорта теңізі

2. Дрейк бұғазы

3. Сомали түбегі

4. Анд тауы

5. Игуасу сарқырамасы

6. Сахара шөлі

7. Чад көлі

2 – топ

1. Қара теңіз

2. Мозамбик бұғазы

3. Виктория сарқырамасы

4. Конго өзені

5. Титикака көлі

6. Атакама шөлі

7. Косцюшко тауы

V тур: «Қара жәшік»

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады

Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай

І топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны «жылан өсімдігі» деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны — Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:

Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны — Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.

Жауабы: Шай

VI тур. Капитандар сайысы. Мұнда әр топ басшысына 1 сұрақ беріледі. Cұраққа толық дұрыс жауап берсе топ қоржына 10 ұпай беріледі.

1.Егер Анд тауы Американың батысында емес, шығысында орналасса, онда материк климаты қалай өзгерер еді?

Жауабы: Егер Анд тауы материктің шығысында орналасса, онда климат құрғақ болар еді. шығыстан экваторлық және муссонды — пасатты ауа циркуляциясына байланысты ауа массаларының келуінен

2. Егер Антарктика болмай, оның орнында Оңтүстік полюс маңында Солтүстік полюстегідей мұхит болса не болар еді?

Жауабы: Антарктида материгінің, оның мұздығының болуы Жер шары атмосфера циркуляциясына үлкен әсер етеді. Егер Антарктика болмаса Жер шары атмосферасының температурасы қазіргіден әлдеқайда жоғары болар еді.

VII тур. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр» Әр бір дұрыс тапқан сұрақ жауабына 5 ұпай.

(қызықты сұрақтар)

Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты (краб-Араб)

Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны (эскимо-эскимос)

Ең ашулы қандай қала? (Грозный)

Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады (Куба)

Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).

Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)

VIII тур. Үй тапсырмасы «Қалдықтарға екінші өмір сыйла». Бұл сайыста әр топ өздерінің қалдық өнімдерінен жасаған туындысымен таныстырады. Бұл сайыс та жасаған жұмысына қарай 10 ұпай балмен бағаланады.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сайыстың қорытындысын шығару;

Әділ қазыларға сөз беру;

ІV Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз

Просмотр содержимого документа

««Географиялық кеш»»

Географиялық кеш. «Жасын тағдыр жарқылы» (8-сынып)

Тақырыбы: Жасын тағдыр жарқылы

Мақсаты: Қазақтың бір туар ұлы, жан жақты білгір ғалымы, ХІХ ғасырдың демократ, ағартушы мәдениетінің тұңғыш өкілі Ш.Ш.Уәлихановпен оқушыларды таныстыру, ой пікірлерін ортаға салып, білімдерін саралап, патриодтық сезімін оятып, ата бабамыздың еңбегін құрметтеуге үйрету.

Кештің жоспары:

  1. Кештің ашылуы

  2. Кеште ұйымдастырылатын сайыстар

А. сұрақ жауап

Б. Суретшілер сайысы

В. Баяндама «Ш.Уәлиханов жер су аттары жайында»

Г. Алғырлар сайысы

Д. Саяхатшылар сайысы

Е. Ақылдылар сайысы

3. Кешті қорытындылау. Ш. Уәлиханов атындағы атақты тағайындау.

Көрнекілігі: саяхатшы сайысының мәліметтері, жоспар, тақырып, сөзжұмбақ, Ш.Уәлиханов суреттері «суретшілер» сайысына арналған).

1 — жүргізуші. Құрметті оқушылар Ш.Ш.Уәлихановқа арналған «Жасын тағдыр жарқылы» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Ш.Ш.Уәлиханов заманының жан жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшы, қазақтың демографиялық сынын бастаушы, орыс мәдениетінің қазақ даласына таралуын және қазақ мәдениетінің, әдебиетінің орын ағартушыларына алғаш таратушы. Осылайша Шоқан заманының ең қажетті адамы қоғам қайраткері болып өтті.

2 — жүргізуші. Құрметті оқушылар бүгінгі кеште бірнеше сайыстар және «Ш.Уәлиханов атындағы атақ» беріледі.

І. Сұрақ жауап сайысы. Құрылған топ сұраққа жауап береді.

  1. Ш.Уәлиханов қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1835ж бұрынғы Қостанай обл. Құсмұрын бекетінде)

  2. Мына жылдар нені білдіреді? 1856. 1858. 1865. 1985 (1856 Құлжаға, Қашқарияға саяхаты, 1858 қайтып оралуы, 1865 қайтыс болған жылы, 1985 150 жылдығы тойланды)

  3. Ш.Уәлихановтың қандай еңбектерін білесіңдер?

  4. Шоқан туралы кімнің еңбектерін білесіңдер?шоқан қай жерде жерленді? ( Қапал жақтағы Кешентоған деген жерде, қазіргі Алтынемел)

  5. Орыс география қоғамының мүшелігіне қай жылы сайланды? 1843ж

Суретшілер сайысы: суретшілер Шоқанның салған суреттерін минутта көшіріп салу және қай жылдары, қай құралмен салғанын айту керек.

Музыкалық үзіліс.

Баяндама. Шоқанның жер су аттары туралы жазған еңбектерінен баяндама оқылады. Сол баяндамадан топқа сұрақ қойылады.

1 — топ: шоқан еңбектеріндегі қазақ тіліндегі жер су атауларын атап беріңіз?

2 — топ: Басқа тілдегі жер су аттарын атап беріңіз?

Алғырлар сайысы: Бұл сайыс әдебиетпен байланысты.

1 — топ. Манас эпосынан үзінді оқу

2 — топ: Шоқан қайтыс болғанда Орынбай ақынның Шыңғыс пен Зейнепке айтқан жұбату өлеңінен үзінді оқу.

Саяхатшылар сайысы:

  1. топ: жылдарға саяхат жасайды.

  2. топ. Шоқанның өміріне байланысты тарихи жерлерге саяхат.

Аялдамалар:

  1. Құсмұрын бекеті

  2. Сырымбет тауы

  3. Омбы

  4. Ыстықкөл

  5. Қашқария

  6. Самта Асу

Ақылдылар сайысы: сөзжұмбақтар беріледі.

Қорытындылау.

Жүргізуші: Шоқанның бүгінгі таңдағы еңбегі көпке мәлім. Ол география, этнография, тарихи қаламыздағы Ш.Уәлихановқа қатысты объектілерді табуыңызды сұраймыз. Олай болса бүгінгі кеште қазақтың тұңғыш саяхатшысы Ш.Уәлиханов туралы жан жақты мәлімет бердік деп ойлаймыз. Әділ қазыларға бүгінгі кештің Ш.Уәлиханов атындағы атағын тағайындап, жеңімпаздарды анықтауды сұраймыз.

Музыкалық үзіліс.

Мұғалім қорытынды сөз сөйлеп, мадақтауға болады.

Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.

І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар

І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.

І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.

І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль

Слайд 1 Географиялық алаң
География пәнінің мұғалімі: Елубаева Гульмира Ахановна

Географиялық алаңГеография пәнінің мұғалімі: Елубаева Гульмира Ахановна


Слайд 2Мақсаты

1.Оқушылар дүниетанымын кеңейту.
2.Географиядан алған білімдерін ортаға салу
3. Картамен

жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты  1.Оқушылар дүниетанымын кеңейту. 2.Географиядан алған білімдерін ортаға салу3. Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын  қалыптастыру.


Слайд 3Сайыс шарттары
І кезең: «Біздің әлем»
ІІ кезең: «Иә, жоқ» ойыны
ІІІ

кезең: «Елтану» ойыны
ІV кезең: «Қара жәшік»
V кезең: «Бұл қай ел»
VІ кезең: «Географиялық ассоциация»
VІІ кезең: «Жекпе-жек» капитандар сайысы. «Ең,ең,ең»

Сайыс шарттарыІ  кезең: «Біздің әлем» ІІ кезең: «Иә, жоқ» ойыныІІІ кезең: «Елтану» ойыныІV кезең: «Қара жәшік»V


Слайд 4І кезең: «Біздің әлем»

Топтар өз құрамдарымен таныстырады.

І кезең: «Біздің әлем»Топтар өз құрамдарымен таныстырады.


Слайд 5
Бақылау сұрағы

Еуразияның кіндігі қайда орналасқан?

Бақылау сұрағы    Еуразияның кіндігі қайда орналасқан?


Слайд 6ІІ кезең
«Иә, жоқ» ойыны
1-топ

Әрбір топқа 10 сұрақ

беріледі,әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап тез-тез берілу керек.

ІІ кезең  «Иә, жоқ» ойыны1-топ  Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі,әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауап


Слайд 7 1.Қазақстанның шекарасы 2 724,9 мың км

Иә
2. Таулар биіктігіне қарай 4-ке бөлінеді?
Жоқ
3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель
Иә
4. Қазақстан 6 елмен шектеседі
Жоқ
5. Өскемен- Шығыс Қазақстан облысының орталығы
Иә
6. Қазақстанда 5 экономикалық аудан бар
Иә
7. Мұнайды экспортқа шығаратын елдерді ОПЕК ұйымына мүше елдер деп атайды.
Иә
8. Италия мемлекеті Апеннин түбегінде орналасқан
Иә
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы
Шота Уәлиханов
Жоқ
10. Ең ежелгі материк – Гондвана
Жоқ

1.Қазақстанның шекарасы 2 724,9 мың км


Слайд 91.Тау жыныстары пайда болуына қарай 2-ге бөлінеді?
Жоқ
2.Қазақстан оңтүстігінде Тәжікстанмен шекараласады
Жоқ
3.Петропавл-Солтүстік

Қазақстан облысының орталығы
Иә
4.БҰҰ-ның штаб пәтері Вена қаласында орналасқан
Жоқ
5.Испания Пиреней түбегінде орналасқан
Иә
6.Ең ежелгі мұхит Тетис

7. Қазақстанда халық санағы 4 рет болды
Жоқ
8. Қазақстан Ғылым Академиясының президенті М.Қозыбаев
Жоқ
9.Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары Ш.Ниязбеков.Ж.Нәжімеденов
Жоқ
10.Қазақстанның ең суық жері
Атбасар өңірі/ Ақмола облысы/

1.Тау жыныстары пайда болуына қарай 2-ге бөлінеді?Жоқ2.Қазақстан оңтүстігінде Тәжікстанмен шекараласады Жоқ3.Петропавл-Солтүстік Қазақстан облысының орталығыИә 4.БҰҰ-ның штаб пәтері


Слайд 111-топ
АҚШ
Тореадор
Қытай
Эйфель мұнарасы
Франция
Қорған
Ұлыбритания
Колизей
Испания
Вестминстер –
парламент үйі
Италия
Бостандық статуясы

1-топ АҚШТореадорҚытайЭйфель мұнарасыФранцияҚорғанҰлыбританияКолизейИспанияВестминстер – парламент үйіИталияБостандық статуясы


Слайд 122-топ
Ресей
Карлов көпірі
Жапония
Босфор көпірі
Түркия
Бранденбург қақпасы
Германия
Фудзияма
Үндістан
Тәж Махал
Чехия
Қызыл алаң

2-топРесейКарлов көпіріЖапонияБосфор көпіріТүркияБранденбург қақпасыГерманияФудзиямаҮндістанТәж МахалЧехияҚызыл алаң


Слайд 131-топ
АҚШ
Тореадор
Қытай
Эйфель мұнарасы
Франция
Қытай қорғаны
Ұлыбритания
Колизей
Испания
Вестминстер –
парламент үйі
Италия
Бостандық статуясы

1-топ АҚШТореадорҚытайЭйфель мұнарасыФранцияҚытай қорғаныҰлыбританияКолизейИспанияВестминстер – парламент үйіИталияБостандық статуясы


Слайд 142-топ
Ресей
Карлов көпірі
Жапония
Босфор көпірі
Түркия
Бранденбург қақпасы
Германия
Фудзияма
Үндістан
Тәж Махал
Чехия
Қызыл алаң

2-топРесейКарлов көпіріЖапонияБосфор көпіріТүркияБранденбург қақпасыГерманияФудзиямаҮндістанТәж МахалЧехияҚызыл алаң


Слайд 16Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі,сол арқылы оның ішінде не

бар екенін табу керек.3 көмек болады,әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады.
Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай.
І топ.
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған.Сондықтан оны «жылан өсімдігі» деп атаған.Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп отырған

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі,сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек.3 көмек болады,әрбір


Слайд 17 Бірінші көмек. Бұл өсімдіктің отаны- Орта Азия

Екінші көмек: Францияда

шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады

Үшінші көмек: Иісі өткір,ащы,тамаққа пайдаланамыз

Бірінші көмек. Бұл өсімдіктің отаны-  Орта АзияЕкінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл


Слайд 18
ІІ топ
Ең алғаш бұл сусын ХVІІІ ғасырда голландықтар дастарханында пайда

болған.Ресейге бұл сусын тосыннан келген.
1638 жылы Мәскеуден моңғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді.Орыс елшілері бұл сыйды көріп,жарамсыз зат ретінде қабылдап,өз елдерін төмендету деп есептейді.Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді.Патша оны ұнатады.Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал ХІХ ғасырдан бастап оны көп мөлшерде пайдалана бастады.

ІІ топЕң алғаш бұл сусын ХVІІІ ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған.Ресейге бұл сусын тосыннан келген.1638 жылы


Слайд 19
Бірінші көмек. Отаны –Қытай елі

Екінші көмек: Қытайдан басқа

Үндістанда,Шри-Ланкада,
Жапонияда,Индонезияда,Вьетнамда, Грузияда,Тайландта өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы ауырады

Бірінші көмек. Отаны –Қытай елі Екінші көмек: Қытайдан басқа  Үндістанда,Шри-Ланкада,Жапонияда,Индонезияда,Вьетнамда, Грузияда,Тайландта өсіріледі. Үшінші көмек: Бұл


Слайд 20

Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан
гүлдесте жасап, басына және өзінің саз

аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген.Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте «даңқ символы» ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынангүлдесте жасап, басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген.Содан бері


Слайд 21
Бірінші көмек: Отаны Жерорта теңізі жағалауы

Екінші көмек. Бұл өсімдік Грекия мемлекетінің

елтаңбасында бейнеленген.

Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа пайдаланады.

Бірінші көмек: Отаны Жерорта теңізі жағалауыЕкінші көмек. Бұл өсімдік Грекия мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын


Слайд 22

Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады.Оның тарихы да қызықты.Қытай әміршісінің

сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет көрсетушілер ауыздарынан жағымды иіс шығып тұру үшін бұл дәнді ауыздарына салып жүруі керек болған.

Қытайда бұл өсімдік дәмдеуіш ретінде жоғары бағаланады.Оның тарихы да қызықты.Қытай әміршісінің сарайында аула сыпырушылардан бастап барлық қызмет


Слайд 23

Бірінші көмек: Гүлін көбінесе ер адамдарға сыйлайды.

Екінші көмек: Емге де

пайдаланылады

Үшінші көмек.Бұл өсімдіктің отаны-Индонезия

Бірінші көмек: Гүлін көбінесе ер адамдарға сыйлайды.Екінші көмек: Емге де пайдаланыладыҮшінші көмек.Бұл өсімдіктің отаны-Индонезия


Слайд 25Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.Ел халқының көп бөлігі

әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен атырауында тұрады.Ел астанасы аса ірі агломерациялардың бірі.Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған.Ел аумағында мұнай өндіріледі.Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады.

Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзеннің аңғары мен


Слайд 26

Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.

Екінші көмек: Жерорта теңізінің

оңтүстігінде орналасқан.

Үшінші көмек: Пирамидалар елі.

Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.Үшінші көмек: Пирамидалар елі.


Слайд 27Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда “төмен жатқан жер” деген мағынаны

береді.Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан,ел аумағында халық өте тығыз орналасқан.Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2-орын алады.
Ауыл шаруашылығының басты саласы-көкөніс және жеміс-жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі сүтті сиыр өсіруге маманданған.Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.

Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда “төмен жатқан жер” деген мағынаны береді.Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан,ел аумағында


Слайд 28
Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған

Екінші көмек: Бұл елді

гүлдердің отаны деп атайды.

Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды.

Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылғанЕкінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды.Үшінші көмек: Бұл


Слайд 29

VІ кезең
«Географиялық ассоциация»
Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі.Қандай географиялық ұғымды

білдіріп тұрғанын табулары керек.
Ойлануға 30 секунд,әрбір дұрыс жауапқа
3 ұпай.

VІ кезең «Географиялық ассоциация»Оқушыларға әр түрлі ұғымдар беріледі.Қандай географиялық ұғымды білдіріп тұрғанын табулары керек.Ойлануға 30 секунд,әрбір дұрыс


Слайд 30І топ
1.Толқын,қауіп-қатер,жылдамдық,
апатты құбылыс,жер сілкіну
2.Өзен ,теңіз,бұлт,булану,жауын-шашын.
3.Анталия,Ессентуки,Майами
4.Теңіз,көл,өзен.
5.Игуасу,Анхель,Виктория.
6.Осло,Вильнюс,Вена
7.Гольфстрим,Солтүстік Атлант,Бразилия.
8.Мариана,Ява,Пуэрто-Рико
9.Гренландия,Отты Жер,Мадагаскар,Хонсю
10.Атлас,Аппалач,Анд,Декан,Карпат

І топ1.Толқын,қауіп-қатер,жылдамдық,апатты құбылыс,жер сілкіну2.Өзен ,теңіз,бұлт,булану,жауын-шашын.3.Анталия,Ессентуки,Майами4.Теңіз,көл,өзен.5.Игуасу,Анхель,Виктория. 6.Осло,Вильнюс,Вена7.Гольфстрим,Солтүстік Атлант,Бразилия.8.Мариана,Ява,Пуэрто-Рико9.Гренландия,Отты Жер,Мадагаскар,Хонсю10.Атлас,Аппалач,Анд,Декан,Карпат


Слайд 31ІІ топ
1.Мұхит,мұз,тау,«Титаник»,қауіп-қатер
2. Тау,су, жыра,ғажайып көрініс.
3.Самум,бриз,тайфун,муссон,ураган
4.Гвинея,Бискай,Парсы
5.Гоби,Сахара,Такла-Макан.
6.Ганг, Евфрат,Хуанхэ,Дунай.
7.Чад,Байкал,Гурон,Эри,Виктория,
8.Тайга,саванна,тундра
9.Братислава,Каир,Рига
10.Ла-Манш,Беринг,Гибралтар

ІІ топ1.Мұхит,мұз,тау,«Титаник»,қауіп-қатер2. Тау,су, жыра,ғажайып көрініс.3.Самум,бриз,тайфун,муссон,ураган4.Гвинея,Бискай,Парсы5.Гоби,Сахара,Такла-Макан.6.Ганг, Евфрат,Хуанхэ,Дунай.7.Чад,Байкал,Гурон,Эри,Виктория,8.Тайга,саванна,тундра 9.Братислава,Каир,Рига10.Ла-Манш,Беринг,Гибралтар


Слайд 32І топ
1.Толқын,қауап-қатер,жылдамдық,
апатты құбылыс,жер сілкіну- Цунами
2.Өзен ,теңіз,бұлт,булану,жауын-шашын.Дүниежүзілік су айналымы
3.Анталия,Ессентуки,Майами-Курортты жерлер
4.Теңіз,көл,өзен- Су қоймалары
5.Игуасу,Анхель,Виктория-

Сарқырама
6.Осло,Вильнюс,Вена- Астаналар
7.Гольфстрим,Солтүстік Атлант,Бразилия-Жылы ағыстар
8.Мариана,Ява,Пуэрто-Рико-Шұңғымалар
9.Гренландия,Отты Жер,Мадагаскар,Хонсю-Арал
10.Атлас,Аппалач,Анд, Декан,Карпат-Тау

І топ1.Толқын,қауап-қатер,жылдамдық,апатты құбылыс,жер сілкіну- Цунами2.Өзен ,теңіз,бұлт,булану,жауын-шашын.Дүниежүзілік су айналымы3.Анталия,Ессентуки,Майами-Курортты жерлер4.Теңіз,көл,өзен- Су қоймалары5.Игуасу,Анхель,Виктория- Сарқырама6.Осло,Вильнюс,Вена- Астаналар7.Гольфстрим,Солтүстік Атлант,Бразилия-Жылы ағыстар 8.Мариана,Ява,Пуэрто-Рико-Шұңғымалар9.Гренландия,Отты Жер,Мадагаскар,Хонсю-Арал10.Атлас,Аппалач,Анд,


Слайд 33ІІ топ
1.Мұхит,мұз,тау,«Титаник»,қауіп-қатер-Айсберг
2. Тау,су, жыра,ғажайып көрініс-Сарқырама
3.Самум,бриз,тайфун,муссон,ураган-Желдер
4.Гвинея,Бискай,Парсы-Шығанақтар
5.Гоби,Сахара,Такла-Макан-Шөлдер
6.Ганг, Евфрат,Хуанхэ,Дунай- Өзендер
7.Чад,Байкал,Гурон,Эри,Виктория- Көлдер
8.Тайга,саванна,тундра –Табиғат зоналары
9.Братислава,Каир,Рига-Астаналар
10.Ла-Манш,Беринг,Гибралтар-Бұғаздар

ІІ топ1.Мұхит,мұз,тау,«Титаник»,қауіп-қатер-Айсберг2. Тау,су, жыра,ғажайып көрініс-Сарқырама3.Самум,бриз,тайфун,муссон,ураган-Желдер4.Гвинея,Бискай,Парсы-Шығанақтар5.Гоби,Сахара,Такла-Макан-Шөлдер6.Ганг, Евфрат,Хуанхэ,Дунай- Өзендер7.Чад,Байкал,Гурон,Эри,Виктория- Көлдер8.Тайга,саванна,тундра –Табиғат зоналары9.Братислава,Каир,Рига-Астаналар10.Ла-Манш,Беринг,Гибралтар-Бұғаздар


Слайд 34VІІ кезең:
« Жекпе- жек» капитандар сайысы
«Ең,ең,ең»
Екі топ капитандары қатар шығып

тұрады да, кезекпен-кезек жауап береді.Біреуінің жауап бере алмағанына,екіншісі жауап беріп, ұпайын алуға болады.Тез-тез жауап беру керек.Әрбір дұрыс жауапқа 1- ұпай

VІІ кезең:« Жекпе- жек» капитандар сайысы«Ең,ең,ең» Екі топ капитандары қатар шығып тұрады да, кезекпен-кезек жауап береді.Біреуінің жауап


Слайд 35Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару.

Әділқазыларға сөз беру.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

Қорытынды бөлімСайыстың қорытындысын шығару.Әділқазыларға сөз беру.Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.


Слайд 37Қатысқандарыңызға рахмет!!!
Сау болыңыздар!!!

Қатысқандарыңызға рахмет!!!Сау болыңыздар!!!


ÓZGE JAŃALYQTAR

«Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі

Ashý

Júkteý

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш сценарий

Ashý

Júkteý

Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауы ашылуының сценарийі, 2017

Ashý

Júkteý

«Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» аймақтық ақындар айтысы

Ashý

Júkteý


MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY

Baılanys aqparattary:

Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń «Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy» KMQK

Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15

Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX

Telefony:
+7 (7142) 562-428

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Географические праздники 2022
  • Геншин праздник очага
  • Геншин праздник морских фонарей сяо
  • Геншин праздник морских фонарей на английском
  • Геншин праздник морских фонарей 2022 дата

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии