Сабақтың тақырыбы: «Дарынды бала: ол кім?»
Сабақтың мақсаты: Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; балалардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту
Сабақтың түрі: дебат
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
-амандасу;
-балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру;
2. Тақырыпты ашу;
Мұғалім сөзі:
Қай халық үшін де ұлы мұрат – ана тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу. Ал болашаққа аманаттау міндеті,ең алдымен білім беру саласымен байланысты. Өйткені білім ғана қоғамды көркейте алады. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып,таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған. Оларға дұрыс тәрбие берудің біздің міндетіміз. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса ,олар ұлтымыз үшін мақтаныш .Сондықтан талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және оның бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орынын табуға көмектесу қажет.
Жалпы,дарынды баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейміз. Мұнда, «5»- ке оқитын баланың бәрі дарынды емес.
«Дарынды бал ол кім?» тақырыбында ортаға тақырып тасталып балалар арасында пікірталас жүргізу;
1-топ: Дарынды баланың ақыл – ойы, дербестігі,шығармашылық ой — әрекеті жоғары болады. Ол болып жатқан іске қанағаттанбайды, өздігінен ізденіп,жаңа іс- әрекет жасайды. Сондықтан мұндай баланы дер кезінде танып,бағыт- бағдар беріп , көмек көрсету- әр ұстаздың міндеті. Дарындылық негізі- ізденіс пен белсенділік. Жалпы олимпиадалар, көрмелер, лабораториялық жұмыстар, техника апталықтары, басқада шығармашылық істерге қатысу, түрлі байқауларды қою мен өткізу дарынды балаларды анықтауға көмектеседі.
2- топ: «Дарынды бала» ерекшелігі
Дарынды балалардың ерекшелігін бірнеше тұрғыдан байқауға болады:
Біріншіден, педогогикалық тұрғыдан:
өзгеше ойлайды,көп көлемде білім меңгереді де оны ұмытпайды.
Екінші, психологиялық тұрғыдан:
Ішкі сезімі ерекше өте сезімтал, толыққанды, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.
Үшіншіден, физиологиялық тұрғыдан:
Дамудағы шапшаңдылық, жиі–жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы.
Төртіншіден, әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
Адамгершілік сезімдері ерте дамыған, моральдық қасиеттері жоғары болуы.
1-топ: Дарынды балаларды анықтау үшін зерттеу жұмысының бөліктері:
І. Баланың бағыты: өмірлік позициясы,сенімі, талғамы, қызығуы.
ІІ. Танымдық психикалық қасиеттері: зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
ІІІ. Оның сезімі және ерігі:
ІV. Темпераменті: мінез – құлқының табиғи ерекшелігі.
V. Мінезі: психикалық сипаты.
VІ. Қабілеті: іс әрекет мүмкіншілігі.
Мұғалім оқушыны дамыту үшін, бұл бөлімдердің барлығын толық білуі қажет. Сонда ғана ол оқушының дамуын педогогикалық психологиялық тұрғыдан дұрыс басқара алады.
2-топ: Жалпы қабілетті дамыту үшін қойылатын талаптар:
1. Туа біткен қасиетті тану
2. Отбасының жағдайы
3. Ата – анасының қолдауы.
4. Ұстаз біліктілігі.
5. Мектептегі оқыту мен тәрбиенің мәні
Міне, осындай талаптар ұштасқан кезде ғана қабілетті, талапты, талантты оқушылардың ерекше қасиеттерін жетілдіру, одан әрі дамыту жұмысы ұйымдастырылады.
3. Қорытынды:
Мұғалім сөзі:
Мұнда әр мұғалім табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп өз міндетін атқару қажет.
Мұғалімнің бірлескен жұмысының нәтижесінде ғана дарынды оқушылар жемісті еңбек етіп, күткендей жетістіетерге қол жеткізуге болады.
Мұғалімге қойылатын талаптар:
1. Дарынды баланы анықтау.
2. Ата – анасымен мәдениетті сөйлесе білу
3. Дарынды балаларға арнап бағдарламалар түзе білу
4. Сабақта жаңа технологияның тиімді пайдалы жақтарын орынды пайдалана білу.
5. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін қосымша жаңа, тың тапсырмалар беру.
6. Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу.
Бала бойындағы дарынды ашуда әрбір ұстаз өз жұмысын нақтылы жүргізсе, онда баланың өмірге деген көзқарысын қалыптастыра алады.
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Дарынды бала: ол кім?»
(дебат)
Өткізген : Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова.Н.С
2016-2017 оқу жылы
2016-2017 оқу жылында 3 «А» сыныбында «Дарынды бала: ол кім?» тақырыбында дебат түрінде өткен ашық тәрбие сағатының жүргізілуі туралы анықтама
Мақсаты: Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; балалардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту .
Тәрбие сағатына сыныптағы 16 оқушы түгел қатысты. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында сергіту сәті орындалды. Балалар екі топқа бөлінді. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың дебат түрінде өтетіні түсіндірілді. Мұғалім дарынды бала туралы алғы сөзден кейін ортаға «Дарынды бала: ол кім?» тақырыбын тастады. Оқушыларға 3минут уақыт берілді. 1-топ: Дарынды бала болып жатқан іске қанағаттанбайды, өздігінен ізденіп, жаңа іс-әрекет жасайды,- деген пікір айтты. Ал 2-топ болса: дарынды бала өзгеше ойлайды, көп біледі, әрі ұмытпайды. Адамгершілік қасиеттері ерте дамыған, моральдық қасиеті жоғары дамыған болады, -деген пікірді алға тартты. 1-топ балалары: мұғалім дарынды оқушыны психологиялық — педагогикалық және бағыты жағынан нақты анықтап, дамуын ары қарай басқара алады, -десе, 2-топ : туа біткен қасиетті тану, отбасының жағдайы, ата-анасының қолдауы, мектептегі оқыту мен тәрбиенің маңызы сияқты талаптар ұштасқан кезде ғана қабілетті, талапты, талантты оқушылардың ерекше қасиеттерін жетілдіру ұйымдастырылады деген пікірде қалды.
Мұғалім баланың бойында дарынды ашуда әрбір ұстаз өз жұмысын нақтылы жүргізсе, онда баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастыра алады деген тұжырымға келді. Оқушылар дебатқа белсене қатысып өз ойларын ашық, еркін ортаға сала білді. Әсіресе, Абылай, Алия, Айгерим, Бейбарыс топтағы оқушылардың алды болды. Топта белсенділік таныта алмай, өз пікіріне сенімсіз оқушылар да болды.
Ұсыныс:
1.Өз ойларын анық, нақты жеткізе алмайтын оқушылармен (Аманат, Мирас) жеке жұмыстану ;
2.Оқушылардың шығармашылық және белсенділік қабілеттерін шыңдау мақсатында пікірталастарды жиі ұйымдастыру.
Сынып жетекші: Сапарова Н.С
Жұлдыздар шеру – 2017
23 мамыр күні Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ «Жұлдыздар шеруі» атты мерекелік шара өтті. Мектептің акті залында 1-11-сынып оқушылары, оқу үздіктері, әр түрлі сайыстар мен конкурстардың, конференциялардың жүлдегерлері, ата-аналар мен мұғалімдер, қонақтар шақырылды.
Мерекелік шара барысында 4 оқушы (Павлов В, Корнеева Е, Шарапова А, Баужанова Д.) «» номинациясында, 3 оқушы (Мұқанов Ж, Тортопиди А, Путинцев Н.) «Білімнің биік шыңына» номинациясында, 5 оқушы (Нұрмақанова А, Галайба А, Крылова Н, Жұмабекова Д, Казанцева В.) «Жұлдыздарға жақында» номинациясында, 4 оқушы (Кұсайнов А, Абасов А, Татарченко А, Яковлев Д.) «Олимпиада үміткерлері» номинациясында марапатталды.
42 оқушы жақсы оқыған және үлгілі тәртібі үшін марапатқа ие болды.
«Ең үздік сынып номинациясында:
3-сынып оқушылары – Жас суретшілер»,
6-сынып оқушылары – «Ең үздік спортшылар»,
8-сынып оқушылары – «Ең үздік шығармашыл сынып» номинациясын иеленді.
«Бағдаршамның достар» жас жол инспектор отряды облыстық «Қауіпсіз дөңгелек» конкурсында ие болған ІІІ орны үшін ақшалай сыйлықпен марапатталды. .
«Ең үздік мерекелік шара» номинациясында: Путинцева А.А, Лейман А.С, Ибрагимова С.Х, Балтабаев О.Т алғыс хатпен және де ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар «Мадагаскардағы жаңа жыл» ертеңгілігіне белсене қатысқан 4 «б» сыныптың ата-аналары Волкова С.В, Кычакова Е.В, Лизунова М.Н, Падун В.М, Кусаинова С.К. да құрметке ие болды
Талантты да дарынды балалардың дамуына, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасап жүрген мұғалімдер де марапаттан тыс қалмады. Олар Әліпаева А.Қ, Казанцева Л.Н, Левченко Л.И, Тортопиди Т.И, Голубцова Е.Л, Горохова Л.Н, Кузьмин С.В, Лизунова М.Н, Аксенюк В.В, Жұманова М.С, Камзаев М.Т.
«Жұлдыздар шеруінде» мектебіміздің жарық жұлдыздары марапатқа ие болды, олардың таланты мен білімі біздің мектептің жарқырауына, ауданымыздың Приертіс тарихының қалыптасуына өз үлестерін қосуда.
Біз дарынды да талантты оқушыларымызға аспан әлеміндегі жұлдыздарының жарық болуын тілейміз!
Директордың орынбасары
Әліпаева Айгерім Қалиқанқызы
Мектепішілік шара «Жұлдыздар шеруі » озат және мектеп белсенділерін марапаттау рәсімі
1- жүргізуші:
2-Шежін ауылының Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақшасында өткізіліп отырған «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Жұлдыздар шеруі-2012» қош келдіңіздер! 2011-2012 оқу жылы бойынша оқу озаттарын және мектепішілік, аудандық, облыстық іс-шараларда белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау рәсімі өткізілмек.
Жеңіс туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шет елдің,
Көкке әнұран шалқиды
2- жүргізуші:
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты.
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!
І-жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Жұлдыздар слетінің салтанатына ортақ болған,
Қонақтарды таныстырып өтейін!
Ауыл округінің әкімі Сариев Абат Мағауұлы
2-жүргізуші: Зейнеткер ұстаздар Сеитова Әния Гумаровна және
Кужекешева Шолпан Сабыровна
І-жүргізуші: Ата-аналар комитетінің төрайымы Жумашева Миргүл
2-жүргізуші: Жоғары санатты, география пәнінің мұғалімі Хаиров Ораз Ғұбашұлы
І-жүргізуші: Жоғары санатты, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Шакаева Алтын Боранбаевна
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,
— дей отырып, алғашқы құттықтау сөз ауыл округінің әкімі Сариев Абат Мағауұлына және мектеп-балабақша директоры Айман Нұрғалиқызы Уразалиеваға беріледі.
І-жүргізуші: Күмбірлей күй естілсе домбырадан,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбырыған. — деп сахнаға «Бал-балалық» әнімен
1-сынып оқушысы Тулубаева Анариданы шақырамыз, қабыл алыңыз!
2-жүргізуші: Қымбатты, достар! Бүгінгі слетті Жұлдызды деп белгілейміз. Ойлап қарасаң әр
адамның жұлдызы бар емес пе? Сондықтан да мінезі мен іс-әрекеттері сол жұлдызнамамен анықталады.
І-жүргізуші: Біздер бүгін шынында да солай ма екенін тексеріп көрейік деп шештік.
Аспан әлемінде 12 жарық жұлдыз бар. Оның әрқайсысы үш-үштен төрт табиғат құбылысына бөлінеді.. Олар: От, Жер, Ауа, Су.
2-жүргізуші: Бірінші От табиғат құбылысының жұлдыздарын ортаға шақырамыз.
От — таусылмас күш қуаттың қайнар көзі. От табиғат құбылысы адамдардың өмірлік ұстанымы — өзін-өзі жетілдіру! Жебеуші ғаламшарлары: Марс, Күн, Юпитер
Тоқты- түсі қызыл, алтын сары. Апта күні — сейсенбі. Бақытты саны — 9. Болмысы билікті және мінездері қуатты адамдар. Өмірлік мақсаты — кез келген істе көшбасшы болу! Болашақ көшбасшыларды қарсы алайық:
І-жүргізуші: 3-сынып оқушысы Абылғалиев Армат — оқу озаты, мектепішілік «Жас эрудит» байқауының ІІ орын жүлдегері, футбол ойнағанды жанымен жақсы көреді .
2-жүргізуші: Ал қазір Арыстандарды шақырайық. Түсі- сары, қызыл сары. Бақытты саны- 1және 11. Өмірлік ұстанымы – кез келген істе мықтылық көрсету! Арыстан – патшалықтың және ерліктің символы. Бұл жұлдызда дүниеге келген адамдар батыл, күшті және мейірімді. Өз
өздеріне сенімді, әр кезде көмекке келуге дайын. Қарсы алайық:
1-жүргізуші: 4-сынып оқушысы Базарбаева Аружан— оқу озаты, мектепішілік пән олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері,
2-жүргізуші: 3-сынып оқушылары Рамазанова Мадина— оқу озаты, аудандық «Жас эрудит» байқауының қатысушысы, Мақсотов Нұрбек –оқу озаты, мектепішілік «Жас эрудит» байқауының жеңімпазы және аудандық кезеңінің қатысушысы.
1-жүргізуші: Отты табиғат құбылысын аяқтайтын Мергендер: түсі – көк, күлгін. Апта күні- бейсенбі. Бақытты саны – 3. Мергендер бізге әсемділік, құлпырған денсаулық, ұзақ бақытты өмір береді. Сондай-ақ олар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ұраны –биік шыңдарға ұмтылу! Міне, біздің Мергендер:
2-жүргізуші: 8-сынып оқушысы Айжарикова Ақтоты –аудандық пән олимпиадасында І орын, аудандық «Жас экологтар» байқауы І орын және аудандық шығарма байқауларының жүлдегері, би өнерімен айналысады.
1-жүргізуші: 10-сынып оқушысы Ахметова Жадра –аудандық «Ғарыш әлемін ашамыз» байқауы ІІ орын, аудандық «Балалар Даму Ассоциясы» іздестіру-зерттеу конференция ІІІ орын және ғылыми конференциясының қатысушысы,
2-жүргізуші: 11-сынып оқушысы Бекболова Бекзада— аудандық «Бесінші элемент» химиялық турнирі ІІІ орын, облыстық математика пән олимпиадасының қатысушысы сертификатының иегері фармацепт болғанды армандайды, арманы орындалсын деп тілейміз.
1-жүргізуші: 1-сынып оқушылары Тулубаева Анарида— оқу озаты, аудандық «Балдәурен» фестивалінің І орын жүлдегері, әнші, Жасқайратова Әдемі-оқу озаты
2-жүргізуші: Осы топ жұлдыздарын марапаттауға сөз мектеп-балабақша директоры Айман Нұрғалиқызы Уразалиеваға және оқу ісінің меңгерушісі Гүлнар Аманжолқызы Дуйсеноваға беріледі.
1-жүргізуші: Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдына,
Әнші қыз тамылжыған әнің қандай, — деп сахнаға 7-сынып оқушысы
Таңатова Назеркені « Мектебім » әнімен сахнаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Келесі топ, олар, Ауа табиғат құбылысының жұлдыздары. Ауа – терең ойлау мен пайымдау құбылысы. Оның өкілдері тың идеяны ауадан ойлап табады. Олар адам баласының ең құнды қасиеттерін білдіреді. Жебеуші ғаламшарлары: Меркурий, Хирон, Уран.
Таразы — түсі- ақшыл көк, қара көк. Апта күні -жұма. Бақытты саны-7. Өмірлік мақсаты- тепе-теңдікті сақтай отырып өмір сүру! Таразылар ақылдығымен, жұмсақ мінездерімен ерекшеленеді. Ұжымда оларды көңілді мінезі, әзілдігі және әдептілігі үшін жақсы көреді. Ауа табиғат құбылысының бірінші өкілдерін қарсы алайық:
1-жүргізуші: 8-сынып оқушысы Танабаева Сая – оқу озаты, аудандық пән олимпиадасы
І орын, аудандық «Менің Отаным -Қазақстан» туристік слеті ІІІ орын, аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, сегіз қырлы, бір сырлы деп Саяны айтуға болады.
3-сынып оқушысы Насибуллин Әділхан-оқу озаты, мектепішілік «Жас эрудит» байқауының белсенді қатысушысы, футболшы, спортпен айналысқанды жақсы көреді.
2-жүргізуші: Суқұйғыш. Түсі- көк, ақшыл жасыл. Апта күні- сәрсенбі, сенбі. Бақытты
саны- 4. Болмысы қарама-қайшы, өте қапайым, салмақты адамдар. Суқұйғыштардың өмірі ешқашанда бұлдыр және бірыңғай болмайды. Ұстанымы- сенім, үміт, тәуелсіздік! Сонымен, қарсы алайық:
1-жүргізуші: 5-сынып оқушысы Ахметова Айзере – оқу озаты, халықаралық «Ақбота» интеллектуалдық марафон ІІІ орын, облыстық «Зерде» интеллектуалдық сайыс ІІІ орын, аудандық «Балдәурен» фестивалінің жүлдегері, биші өнерімен айналысқанды жақсы көреді. Атасы да анасы да математиктер, болашақта өзі де математикадан жетістіктерге жетеді деп сенеміз.
2-жүргізуші: 7-сынып оқушысы Жумашева Данара – аудандық Абай оқулары ІІІ орын, аудандық «Жас жол инспекторы» команда құрамында ІІІ орын, аудандық «Балдәурен» фестивалі ІІ орын, би өнерімен айналысады. 1-сынып оқушылары Аманжолова Дана –оқу озаты, Дуйсенова Анель-оқу озаты.
1-жүргізуші: Егіздер. Түсі – күлгін, қызыл сары. Апта күні- сәрсенбі. Бақытты саны-5.
Табиғат егіздерді әдемі сырт келбетімен, жалынды жүрекпен, оқуға, еңбекке деген ынтасымен жаратқан. Олар тілдерге қабілетті. Ұраны- мен байланыстырамын! Еліміздің болашақ журналистер мен спортшыларды қарсы алайық:
2-жүргізуші: 2-сынып оқушысы Жексенова Дильназ-оқу озаты,
1-жүргізуші: 4-сынып оқушысы Аяпбергенова Камила- оқу озаты, мектепішілік пән олимпиадасының жеңімпазы, аудандық олимпиадасының номинанты, аудандық Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай фестивалінің номинанты.
6-сынып оқушысы Халиуллина Гүлбибі— аудандық Абай оқулары ІІІ орын, аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, аудандық «Балдәурен» фестивалінің жүлдегері, билегенді жақсы көреді.
2-жүргізуші: 6-сынып оқушысы Жумашева Бизада— — аудандық Махамбет оқулары ІІІ орын, аудандық «Балдәурен» фестивалінің жүлдегері, мәнерлеп оқу және бимен айналысады.
1-жүргізуші: 11-сынып оқушысы Тлекқабылов Мержан — аудандық Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай жеңіл атлетика ІІІ орын, шаңғы жарысы ІІІ орын, облыстық Тайманов атындағы техникалық олимпиаданың қатысушы, облыстық, республикалық футбол жарыстарына қатысады, спортшы.
2-жүргізуші: Өмірде өлшенбейтін іс — балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына білім нәрін құйған ұстаздар. Ауа құбылысының жұлдыздарын марапаттау үшін сөз зейнеткер ұстаздар Әния Гумаровна Сеитова және
Ораз Ғұбашұлы Хаировқа беріледі.
1-жүргізуші: Бар әлемнің биін билеп келемін,
Тынбай соққан даланың бір жүрегін.
Бетке алады тағдыры ортақ би елін,-
демекші ендігі кезекті «Дала сазы» биіне береміз, орындайтын «Еркетай» бишілер тобы.
2-жүргізуші: Келесі топ Су табиғат құбылысы.
Су -барлық нәрсенің бастамасын, яғни түпкі негізін білдіреді. Су- барлық кедергілерден өтіп, өзгелердің шамасы келмейтін өмірдің түрлі салаларына араласа алады. Жебеуші ғаламшарлары: Ай, Плутон, Нептун.
Шаян. Түсі- ақ сұр, көк сұр. Апта күні- дүйсенбі. Бақытты саны- 2. Ұраны — мен сеземін! Шаяндар арманшыл, жұмбақты, тамаша сезгіш қабілеттері бар, табиғатты жақсы көретін, қызықты сұхбаттас адамдар. Бұлар ойшыл, ғалым, сазгер типтеріне жатады. Міне, біздің ойшылдар:
1-жүргізуші: 5-сынып оқушысы Тагаева Анаргүл – оқу озаты, би өнерімен айналысады.
Сарышаян. Түсі- қою қызыл, алқызыл. Апта күні- сейсенбі. Бақытты саны-9. Өмірлік мақсаты- өмірге үнемі өзгеріс енгізіп отыру! Өте тұйық мінезді, көп уайымдайды, күреседі, оларда аздап жұмбақты, білер-білінбес бір нәрсе бар. Біздің жұмбақтарымызды қарсы алайық:
9-сынып оқушысы Тулешев Бахтияр — аудандық ғылыми жоба жарысының қатысушысы, облыстық «Былғары доп» жарысының ІІІ орын, мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» байқауының белсенді қатысушысы, 5-сынып оқушысы Аманжолов Бахытжан – оқу озаты
2-жүргізуші: 2-сынып оқушысы Азбергенова Зарина—оқу озаты, аудандық Ұлы Жеңіс күніне арналған фестивалінің номинанты, 4-сынып оқушысы Жалмуханбетова Ақдана – оқу озаты, мектепішілік пән олимпиадасының қатысушысы, 6-сынып оқушысы Тукешева Бинура – оқу озаты, аудандық география интеллектуалдық турнирі ІІ орын
1-жүргізуші: Балық. Түсі- көкшіл, көк сұр. Апта күні- бейсенбі. Бақытты саны -7. Ұстанымы- жан-жақтылық, достық, махаббат! Олар көнгіштік, бекемді, қонақжай және мырза, есте сақтау қабілеттері өте жақсы. Қарсы алыңыз:
2-жүргізуші: 8-сынып оқушысы Нарынбаева Гүлнүр – оқу озаты, аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын, аудандық Абай оқулары ІІ орын, аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, керемет ән шырқайды.
1-жүргізуші: 8-сынып оқушысы Бектыбаева Гауһар – аудандық «Ақжелкен» математикалық регата І орын, облыстық кезеңнің қатысушысы, аудандық Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай жеңіл атлетика ІІІ орын, аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын, аудандық «Жас экологтар» байқауы І орын.
2-жүргізуші: 3-сынып оқушысы Айжарикова Әлия –оқу озаты, мектепішілік «Жас эрудит» байқауның ІІІ орын иегері.
1-жүргізуші: Су құбылысының жұлдыздарын марапаттау үшін сөз кезегі Кужекешева Шолпан Сабыровна және қосымша білім беретін педагог Светлана Жакуповна Мухитановаға
беріледі.
2-жүргізуші: «Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй», — деп Абай атамыз айтқандай, назарларыңызға
ән: «Туған жер», орындайтын _Бекболова Мирзада және Таңатова Аружан
1-жүргізуші: Келесі топ Жер табиғат құбылысының жұлдыздары.
Жер — бүкіл тартылыс күшінің орталығы. Оған қарайтын өкілдері сенімді, мықты, әрі тұрақты. Жебеуші ғаламшарлары: Шолпан, Прозерпина, Сатурн.
2-жүргізуші: Түсі- жасыл, сарғылтым, көгілдір. Апта күні- жұма. Бақытты саны -6. Ұстанымы- менікі, тек қана менікі болу керек! Олар батыл және батыр, қайырымды және ақпейіл. Мінездері қарама-қайшы, қызбалы. Қарсылаңыз – Торпақтар:
1-жүргізуші: 10-сынып оқушысы Аманжолова Раушан – оқу озаты, аудандық «Апельсин» физика-техникалық турнирі ІІ орын, аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын, аудандық «Бесінші элемент» химиялық турнир І, облыстық кезеңінің қатысушысы, аудандық ғылыми жоба жарысының І орын жүлдегері
2-жүргізуші: 7-сынып оқушысы Айткалиева Айжұлдыз – оқу озаты, аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, биші. 4-сынып оқушысы Ақбулатова Дана – оқу озаты, аудандық шығармалар байқауларының қатысушысы, мектепішілік пән олимпиадасының ІІ орын жүлдегері.
1-жүргізуші: 6-сынып оқушысы Душаканова Нүргүл – оқу озаты, халықаралық «Ақбота» интеллектуалдық марафон ІІІ орын, аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, бос уақытында тоқығанды жақсы көреді.
2-жүргізуші: 4-сынып оқушысы Бекболова Мирзада – оқу озаты, мектепішілік пән олимпиадасының белсенді қатысушысы, аудандық халықаралық әйелдер күніне арналған фестивалінің номинанты, аудандық «Балдәурен» фестивалі ІІІ орын, кішкентай әншіміз.
1-жүргізуші: 5-сынып оқушысы Насибуллин Әлемхан – аудандық «Қазақстан жануарларын сақтайық» байқауының ІІ орын иегері, облыстық «Былғары доп» жарысы ІІІ орын, аудандық суреттер байқауының белсене қатысушысы.
2-жүргізуші: Жердің қолдау көрсететін соңғы жұлдызнамасы –Бикеш белгісі. Түсі –ақ, жасыл. Апта күні- сәрсенбі. Бақытты саны -5. Өмірлік мақсаты- елге, өзіңе қызмет ету!
Олар тазалықты тәртіпті талап етеді. Тәртіптілерімізді қарсы алайық:
6-сынып оқушысы Қапсиков Нұрберген— аудандық «Жас экологтар» байқауы ІІІ орын, аудандық «Болашақ бүгіннен басталады» атты «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің КТК лига фестивалі ІІІ орын, аудандық ғылыми жоба жарысының қатысушысы, облыстық «Былғары доп» жарысы ІІІ орын.
1-жүргізуші: 2-сынып оқушысы Ақбулатова Альбина – оқу озаты, аудандық Ұлы Жеңіс күніне арналған фестивалінің номинанты, 6-сынып оқушысы Қабдолова Мейрамгүл – оқу озаты, 7-сынып оқушысы Каршигенова Аида— оқу озаты, аудандық «Күзгі өнімдер» байқауының ІІІ орын жүлдегері, аудандық ғылыми жоба жарысының қатысушысы.
2-жүргізуші: 8-сынып оқушысы Ақбулатова Дина- аудандық «Балалар Даму Ассоциясы» іздестіру-зерттеу конференция ІІІ орын, аудандық «Жас экологтар» байқауы ІІІ орын, аудандық сурет байқауының жүлдегері, болашақ суретші.
1-сынып оқушысы Утешева Аяулым – оқу озаты.
1-жүргізуші: 1-сынып оқушылары Дуйсенгалиева Бақыт –оқу озаты, Карашева Айша –оқу озаты, Тагаева Айымгүл-оқу озаты.
2-жүргізуші: 9-сынып оқушысы Рамазанова Айнагүл – оқу озаты, мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» байқауының жүлдегері, оқу озаты, аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын, аудандық «Бесінші элемент» химиялық турнир ІІ орын, аудандық «Жас экологтар» байқауы І орын, аудандық сызу пәнінен олимпиада І орын, облыстық кезеңге қатысып дипломмен марапатталды, аудандық «Балалар Даму Академиясы» іздестіру-зерттеу конференция ІІІ орын.
1-жүргізуші: Жақсы шәкірт Азамат атанады.
Халқынан , ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырамыз ұстаз бен ата- ананы.
Жер табиғат құбылысының жұлдыздарын марапаттау үшін сөз кезегі жоғары санатты, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алтын Боранбаевна Шакаева және ата-аналар комитетінің төрайымы Жумашева Миргүл беріледі.
2-жүргізуші: Өнерді жанымменен түйсінемін
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
«Қазақ» биін билесін мың бұралып,
Биімен шашу шашып бишілерім.
Ортада «Балдәурен» фестивалінің жүлдегері 7-сынып оқушысы Жумашева Данараның орындауында Үнді биі.
1-жүргізуші: Бүгінгі тамаша кешімізде қаншама жаңа жұлдыздар жанды десеңші. Мектебімізге осындай жұлдыздар тәрбиелеген үшін әкелеріне, аналарына, әжелеріне, аталарына қамқор, зерек, шыдамдылықтары үшін алғысымызды айтамыз.
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалыңдатып, шарықтаңдар әрдайым!
Ән: «Ұстазым»
2-жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегң.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Жұлдыздар шеруі — 2012» атты слетті жабық деп
жариялаймыз! Тамашалағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!
Көп –көп рахмет сіздерге!
Тақырыбы: «Гимназияда жастарымыз дарынды»
Мақсаты: Дарынды балаларға арналған гимназияның өнерлі жастарының басын бір сахнада тоғыстырып, қабілеттерінің ашылуына, жан — жақты қырынан танылуына ықпал ету, мүмкіндік жасау, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру.
І — жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар, құрметті оқушылар және ауыл тұрғындары! Бүгінгі №1 мектеп — гимназиясының құрылғанына 1 жыл толуына орай мектеп — гимназия оқушыларының жалынды жүрегінен шыққан «Гимназияда жастарымыз дарынды» атты мерекелік кешімізге
(екі жүргізуші қосылып):
қош келдіңіздер!
ІІ — жүргізуші: Бірі үшін бәрі бірдей қиналған,
Кішіге ізет, үлкендерді сыйлаған.
Осындай гимназиямыз бар біздің,
Өнерлілер, дарындылар жиналған.
І — жүргізуші: Кірсеңіз есігіне гимназияның,
Өзгеше бір әлемде жүргендейсіз.
Мекені бұл дарындардың, даралардың,
Көп нәрсені ойға тұтып білгендейсіз.
ІІ — жүргізуші: Арман шіркін асқарларға жетелейді,
Бәрімізді бір арнаға әкеледі.
Армандаған мектебіне келіп бүгін,
Талай дарын өз өнерін көрсетеді.
І — жүргізуші: Барлығында бір арман, жалғыз үміт,
Ешбірінің бойында болмас күдік.
Зор сеніммен келіп отыр бүгін міне,
Таңмен бірге оянар күліп жүріп.
ІІ — жүргізуші: Самғасын бейбіт құсы көгімізде,
Жат елдік тиіспесін жерімізге.
Туымыз желбіресін мәңгілікке
Ер есімі сақталсын ел есінде.
І — жүргізуші: Тек сіздерге арнаймыз нәзік үнді,
Жанып тұрған оттаймыз біз жалынды.
Әнші де бар, биші де бар, ақын да бар,
Гимназияда жастарымыз дарынды.
ІІ — жүргізуші: Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төріңде рахаттың,
Өз отаным — өзім туған босағам.
Жергілікті композитор Жәкула Нұрғалиевтің әні «Туған жер». Орындайтын: жас әншіміз Абат Сымбат.
І — жүргізуші: ия, расымен де бұл дарынды жастардың ордасы. Біздің мектеп — гимназиямыз өнерлілерді тәрбиелеп отырған мектеп. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, «Қазақстанның болашағы – дарынды жастар». Мектебіміздің ашылғанына көп болмаса да, өз өнерімізді алдарыңызға паш ету біздің қолымыздан келеді.
ІІ — жүргізуші: Аз ғана уақыт ішінде бір — бірімізге бауыр басып қалдық. Сол бауырмашылдықтан біздің арамызда бірлік, сыйластық бар. Бізді осындай бір үйдің балаларындай еткен ең бірінші жаратқанның ісі болса, екінші бұл сіздердің арқаларыңыз, аяулы ұстаздар!
Ән: «Ұстазым менің». Орындайтын: 10 — сынып оқушысы Әзиева Назерке, 9 — сынып оқушысы Айтжанов Ілияс.
І — жүргізуші: Осындай әнді естігенде ұстаздарымызға деген махаббат оттай лаулап жанады емес пе?
ІІ — жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың. Каникул кездерінде достарымызбен қатар ұстаздарымызды қатты сағынып жүруші едік қой.
І — жүргізуші: Оларды тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Одан да мектебіміздің ақын жанды қыздарымыздың бірі, республикалық Мұқағали оқуларының жүлдегері, «Алтын белгіге» үміткер Қайыржан Назеркені ортаға шақырамыз. «Мектепке арнау»
ІІ — жүргізуші: Аудандық оқушылар арасында өткізілген айтыстың жүлдегері, 11 сынып оқушысы Көптілеуов Қуандықтың орындауында «Сағыныш» әні.
І — жүргізуші: Біздің мектебімізді тек ақындылар мен әншілердің мекені деп танымаңыздар, құрметті көрермендер! Біздің мектеп — бар өнерді бойға жинаған мектеп.
Елге ырыс, жүректерге несібе,
Ілесуге жаңа өмірдің көшіне.
Күй шашылсын, би биленсін ортада,
Домбыраның үніменен көсіле.
№1 мектеп — гимназиясы бишілерінің орындауында «Қаражорға» биін қабыл алыңыздар.
ІІ — жүргізуші: Айтжанов Ілияс пен Көптілеуов Қуандықтың орындауында «Арман қала» әнін қабыл алыңыздар! Жамандықтан сақтандырған,
І — жүргізуші: Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған — деп,
жас бишілерімізді испан биімен ортаға шақырамыз.
ІІ — жүргізуші: — достым, қалай ойлайсың, біздің мектептен тағы да қандай өнерлі балалар шығады екен?
І — жүргізуші: — сен алаңдама, бізде тіпті КТК ойындарының жұлдыздары елдің езуінде күлкі ойнатып шығады.
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар талантты дарытуға.
Серілер жігерленіп шықты сахнаға,
Сіздерменен әзілменен табыстыруға.
(Ортада КТК — ның жұлдыздары өнер көрсетеді).
ІІ — жүргізуші: Керемет кешімізде
Қыздарымыз билейді.
Толқындай айналғанда,
Аяқтары жерге тимейді.
Көңілімізді көтеру үшін ортаға мектебіміздің 11 сынып биші қыздарының орындауында классикалық би.
І — жүргізуші: Ән – махаббат, ән – сағыныш,
Ән – жұбаныш, ән – қуаныш,
Сырлы сазды әнімен бізді,
Тербетеді даламызды –
деп облыстық Абай — Шәкәрім оқуларының жүлдегері, 7 сынып оқушысы Қыздарбай Әйгерімді «Бесік басында» әнімен ортаға шақырамыз.
ІІ — жүргізуші: Тамашадан көрініс «Қыз сыны»
І — жүргізуші: Ән «Арулар – асыл жандар». Орындайтын мектебіміздің жас әншілері Нұрлыбекқызы Айкөркем және Қыздарбай Айгерім
ІІ — жүргізуші: — Иә, достым, біздің әншілеріміз ән айтқанда, бишілер мың бұралып билегенде көрерменін тамсандырады.
І — жүргізуші: — Сен білесің бе? Біздің жігіттер әзілмен ғана достарын таңғалдырмайды, олардың спорттық биден де ерекшеліктері басым.
Ортада мектебіміздің биші жігіттері, 8 сынып оқушыларын «брейк» биімен ортаға шығады, қарсы алыңыздар!
ІІ — жүргізуші: Өз қолыңда өмірің, өз тағдырың
Өз қолыңда биікке бір самғауың
Жас қаламгер ұсынады сіздерге,
Жүректен жарып шыққан өз арнауын, —
Дей отырып, мектебіміздің жас дарынды ақыны, аудандық олимпиаданың жүлдегері Қайыржан Назеркені қошеметпен қарсы алыңыздар! (Сен күтпедің…)
І — жүргізуші: Думан қызсын, көрсетсін ел өнерін,
Жатыр небір айтылып сөз де керім.
Ән бұлағы қайнарын қанып ішкен,
Көрсетсін оқушымыз өз өнерін.
Ән. «Бақыт деген». Орындайтын мектебіміздің жезтаңдай әншісі Аққойшиева Айдана.
ІІ — жүргізуші: Көтерелік көңілді біз таласа,
Бүгінгі күн ойын — с ауық жаңаша.
Құдайберген, Тоқсындардың жолымен,
Ұсынамыз сіздерге біз тамаша.
Тамашадан көрініс. «Қазақ солдаттары» Орындайтын мектебіміздің оқушылар алқасының өнерпаздары.
І — жүргізуші: Билесе биші ұл — қызымыз бұраңдайды,
Өшпей ұлттық өнер ұрандайды.
Ой балқып, көңіл шалқып арғымақтан,
Көрермен толқымай бір тұра алмайды
Шығыс биі. Орындайтын: Жеңісова Алтынгүл
ІІ — жүргізуші: Ән – арқашан самғайтұғын қанатым,
Ән – тәтті үн, жаным ләззат табатын.
Ән – даланың әншілері, бұлбұлы
Ән – даланың шат көңілді ұл — қызы –
Мектебіміздің әнші қыздары, аудандық «Сайра, тілім, самға» сайысының жүлдегері Жекенова Амангүл мен аудандық олимпиада жүлдегері Асауова Жұлдыздың орындауында «Гүлдәурен» әнін қабыл алыңыздар.
І — жүргізуші: Шуақ төгіп мейірлі көңілдері,
Ұйытқы болсын отырған көрермені.
Домбыра тартып, ән айтып, жыр жырлайтын,
Өнерсіз бала бұл мектепте кемде — кем — дей келе, ортаға 8 — сынып қыздарынан құралған «Томирис» бишілер тобын шақырамыз.
ІІ — жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде — бақыт, білім, берекем!
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр берсін. 8 оқушысы Кәдірбай Айшаттың орындауындағы «Бақыт іздеймін» әнін қабыл алыңыздар!
І — жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елітіп өткен,
Өздеріңе арнап би билейді ұл — қыздарың.
Өзбек биі. Орындайтын мектебіміздің талантты бишісі, 10 — сынып оқушысы Айнұр.
ІІ — жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты алып.
Тамашадан көрініс «Қыз Жібек пен Төлеген». Сахнада «Оқушылар ұйымының» өнерпаздары.
І — жүргізуші: Әр жыл сайын қаруланып біліммен,
Алға дәйім мені бастап өсірдің.
Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,
ІІ — жүргізуші: Мектебім алтын ұям нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін алып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауды,
Тұрады құшағымда сыңғыр қағып.
Ортамызға өздерінің өнерімен мектебіміздің әншілері Әзиева Назеркенің орындауында «Жан гүлім» әнін қабыл алыңыздар.
І — жүргізуші: Сенімі асқар, аптабы күн қыздар — ай,
Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар — ай.
Көрік болған көгімде жұлдыздар — ай,
Құдіретпен жаралған жан қыздар — ай.
Мектебіміздің жас та дарынды бишілері, аудандық сайыс жүлдегерлерінен жиналған «Гүлдер — Ай» тобы ортамызда.
ІІ — жүргізуші: Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшар талай — талай азамат.
І — жүргізуші: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жанымен сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастаусың ұлылықтың,
Мектебім, саған мәңгі басымды ием.
Бойларыңда от барлығын байқадым,
Жүректерде шоқ барын да байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Оқушылар шарықтаңдар әрдайым!
ІІ — жүргізуші: Гимназияға арнау. Орындайтын мектеп оқушылары.
(ән аяқталар кезде): Осымен бүгінгі №1 мектеп — гимназиясының құрылғанына 1 жыл толуына орай мектеп — гимназия оқушыларының жалынды жүрегінен шыққан «Гимназияда жастарымыз дарынды» мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Амандықта жүздескенше!
Әнші балапан» байқауының мақсаты: Бүлдіршіндердің әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнге биге деген қабілеттерін шыңдау.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, армысыздар!
Бәріңізде есен — сау бармысыздар!
Қош келдіңіздер әншілердің ордасына,
Роза, Бибігүл, Мақпал апалардың жалғасы бар.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші. Балапанды әншілер деп жүрейікші.
Әділқазы алқалармен танысайық.
Болашақ әншілерге сәттілік тілейікші,- дей отырып Әділ қазы алқаларымен таныстырайық
Бөбекжай бақшамыздың әдіскері :Ахатова А.Қ.
Іс-қағаздар реттеушісі:Елеубекова Е.Қ.
Кәсіподақ төрайымы:Сметанина Т.Л.
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүсең, менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай олай болса байқауымызды бастаймыз.
1. Аяла асқан жүйрік, ақтабан қыз.
Үмітін туған елдің ақтаған қыз
Мадина ,Қарақат , Жанарлардай Әндерін әншілердің жаттаған қыз . Қарсы алыңыздар алдарыңызда Астана қаласында өткен халықаралық байқаудың 1орын иегері Жансая.
Келесі қатысушымыз:
Алдарыңызда «Балақан» әнімен Жұмағали Айару.
2.Бал дәуренім тәтті балдай
Отаным менің әсем қандай
Еркін елім еркелеткен
Ән салып мен шыркап өтем.Астана қаласында өткен Талан Қазақстан халық аралық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алған, «Балдырғандар» тобын
«Бақытты балалық шақ» әнімен қарсы алайық.
Келесі қатысушымыз:
«Апатайым анашым» әнімен Қали Айланаға кезек береміз.
Балалар қараңдаршы бізге бүгін тамшылар қонаққа келіпті ендеше «Ақбота» тобының Тамшылар вокалды тобын «Жаңбыр» әнімен қарсы алайықшы.
3. Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспадағы айменен таласатын.
Өнеріне көркі сай келіп тұрған
Зеренің әндері мен билері бар өзіне жарасатын.-дей келе,
Халықаралық байқаудың 2-ші орын иегері Шөптібай Зере «Тұсау кесу» әнімен
Қошметтеп отырайық көрермендер.
Біз бәріміз білеміз биыл Абай құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасы жүріп жатыр,олай болса «Ақерке» тобының тәрбиеленушісі Абдукаримов Арсен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып береді.
4.Мұңға батқан жүректі ән оятар.
Тәтті үннің әсері жан оятар .
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап.
Әр қашанда көңілді жадыратар.
Келесі кезекте әнші қыздарымыз вокалды «Айгөлек» тобын қарсы алыңыздар !
Бүгінгі бүлдіршіндерімізге тағыда қошымет корсетіп қояйық.
Ендігі кезекті бүгінгі байқауымызда әділ шешімін беретін әділқазыларға сөз береміз.
(Әділқазылар марапаттайды.)
Демеңдер біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Келесі кездескенше қош, халайық
Осымен «Әнші балапан» байқауымыз аяқталды.
Қош сау болыңыздар ата-аналар, тәрбиешілер балаларыңыздың өнерлерін көріп «Әнші балапан» байқауына қаттысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.
Кішкентай әнші балапандар өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмасын, биіктерге самғасын,- деп бүгінгі байқауымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.