Тақырыбы: Дені саудың — жаны сау (спорттық — ойын сауық)
Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Берілген жан — жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы орындай білуге, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, , жаттығу кезінде денені түзу, тік ұстай білуге дағдыландыру. Қол, иық, аяқ, табан, бұлшық еттерін жетілдіру.Берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге тәрбиелеу, Дене мүшелеріне массаж жасату. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.
Қажетті құралдар: гимнастикалық төсеніштер, түрлі — түсті жалаушалар, денсаулық туралы нақыл сөздер, гимнастикалық доптар, ақ қағаз, фломастер
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі «Дені саудың — жаны сау» атты мерекелік іс шараға қош келдіңіздер. Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың — жаны сау» атты мерекелік сауықтыру іс — шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар залға бірінің артынан бірі жүріп келеді. Шеңбер құрып тұра қалады.
ЖЫЛУЛЫҚ ШЕҢБЕРІ
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жылынган жүрек жылуын
Бір-бірімізге шашайық
Жүргізуші: Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей.
Жаттығуды бастаймыз!
— Ал балалар қолдарынды белге қойып сап құрып, шеңбер бойымен жүреді, аяқ ұшымен, өкшемен, жеңіл жүгіру
Жүру түрлерін аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру, қаздарша, жай жүру, жүгіру.
Жүріп келе жатып 3 қатарға бөліну.
1). Басқа
Тік тұру, қол желкеде, басты 1 — ші оңға, 2 — ші бастапқы қалыпқа келу, 3 — ші солға,
2) Тілге
1. Ауызды ашып, тілді шығару.
3). Мойынға
Тік тұрып, қол белде, мойынды оңнан солға қарай айналдыру.(4 рет)
4). Қолға
Тік тұру, қол төменде, аяқ қосулы.
1. Қолды алға созу.
2. Жоғары көтеру.
3. Қайта алға созу.
5). Отыру, аяқты қосу.
Қол тізе үстінде.
1. Қолды аяқ ұшына тигізу.
2. Қайтадан тигізу.
6) Демалу жаттығуы.
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Жүргізуші: — Адамдардың көңілді, әдемі боп жүруі неге байланысты?
Балалар: — Денсаулыққа.
Жүргізуші: — Дені сау адам — бақытты адам.
— олар өз денсаулығын күтеді, қысы-жазы шынығады. Таңертең жаттығу жасайды.
— Ал, сендер қандай балаларсыңдар?
Ақылды біз баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Дидактикалық ойын: Біздің денсаулығымызға не керек ?
Міндеті: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Құралдар: Доп.
Ойын барысы: Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты педагогқа қайтарады. Ал, шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді. Дені саудың- жаны сау.
Тәрбиеші:. Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек. Ал сендер күн тәртібін сақтайсындар ма?
Ал енді біз көм қимыл-қозғалыстар жасадық
Енді Партаға отырып жайғасайық алдарымызда не көріп тұрсыңдар?
Қағаз және фломастер
Ал енді мына плакатта дене шынықтыру құралдарының суреттері салынған бірақ 1-2 құрал ғана бар екен. Қалғандары қайда екен? Ал ендеше сендер балалар Дене шынықтыру сабағында Бекболат ағаймен қандай дене шынықтыру құралдарын қолданасындар? Соның суретін саламыз. Әрқайсымыз бір –бір суреттен салып мына бос орынға суретімізді жапсырамыз.
Ал енді сурет салуды бастаймыз.
Балалар суреттерді салып сол плакатқа іліп қояды.
Ал енді жалпы дамыту жаттығу: «Жалқаубек» аэробикасы
1. Б.қ. «Дымбілмес» Аяқты алшақ қойып, қолдарды белге ұстап, екі иықты кезек кезек көтеріп, түсіру.
2. Б.қ. Ат болу. Екі аяқты кезек-кезек алға созып иілу.
3. Б.қ. «Велосипед». Жатып, аяқтарын қимылдату.
4. Б.қ. «Сағат». Орнымыздан тұрып, аяғымызды алшақ қойып, қолымызды бос жібереміз. Қолды алға, артқа созып жаттығулар жасау.
Спорт — біздің досымыз,
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт — біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған — дей отыра
Табанды шынықтыру массажы:
Табанға массаж-өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұл табан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін керек.
Табанға арналған төсеніш үстерімен жүру.
Ал енді сонғы «Жүректен –жүрекке» деген жылулық шеңберін ата-аналармен өткізсек дейміз. Ата-аналарымызды ортаға шақырамыз
Ал енді ата-аналарымыз балаларына деген ең жақсы тілектерін айтып жүректерін тарту етеді.
(ата-аналар тілектері)
Балалар берілген жүректерін ортамыздағы жап-жасыл болып тұрған ағашымызға іліп қояды. Ал осы ағашымыз осы жүректерімізді мәңгі жылытып тұрады. Ал ағашымыз осылай ары-қарай гүлдене берсін.
— Жарайсыңдар балалар!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау — саламат болайық.
Құрметті ата-аналар, қонақтар, апайлар бүгінгі сауықтыру іс-шарамыз аяқталды. Келіп, тамашалап көргендеріңізге рахмет. Деніміз сау болсын!
Автор — Жайлауова Масаты Камажаевна
Күні: 30.11.2018.ж.
Тақырыбы: Дені саудың — жаны сау.
Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары байлық екенін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау.
2. Шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Ұқыпты, таза. салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, кубиктер, спортшылар суреттері
Түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Шаттық шеңберінде тұрып сәлемдесу.
«Қайырлы күн, достар!, Қайырлы күн қонақтар!, Қайырлы күн Бәріңе!»
ІІ. Кіріспе: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылар! Бүгінгі 3 — сынып оқушыларының «Дені саудың жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.
Шығыстың әйгілі данышпаны Әл — Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ? Адамның басты байлығы денсаулық. Денсаулық дегеніміз адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық адамға табиғат сыйлаған басты құндылық. Денсаулықты нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі — салауатты өмір салтын сақтау болып табылады. Сонымен, бүгінгі «Дені саудың — жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
— Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып сәлемдеседі.
«Қайырлы күн ДОСТАР!, Қайырлы күн ҚОНАҚТАР!, Қайырлы күн БӘРІҢЕ!
1. Жүргізуші:
— Қайырлы күн балалар, Қайырлы күн құрметті қонақтар!
2. Кубиктерден сурет құрастырып көрейікші.
— Қандай суреттер шықты?
— С. Сәпиев
— С. Сәпиев кім?
— С. Сәпиев — боксшы, халықаралық спорт шебері.
Екі дүркін Олимпиада чемпионы (Бейжің — 2008, Лондон — 2012).
— екінші суретте кім?
— Илья Илин.
— Илья Илин кім?
— Илья Илин — зілтемірші, ауыр атлет.
Әлемнің үш дүркін чемпионы (Бейжің — 2008, Сидней, Лондон — 2012). Ауыр атлетика саласында ең жас Олимпиада чемпионы
— С. Сәпиевтің суретін құрастырған оқушылар — «Денсаулық» тобы болып, Илья Илиннің суретін құрастырған оқушылар «Салауат» тобы болып екі қатарға жайғасыңдар!
ІІІ. Негізгі бөлім.
«Бірінші байлық – денсаулық» деп Халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат, міндеттердің бірі адамның хал — ахуалы мен «Қазақстан — 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денінің саулығы, салауатты өмір сүре білуге дағдылануы болып табылады. Бүгінгі күнде Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір адамның міндеті болып саналады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы назарларыңызға:
3. Слайдпен таныстыру.
4. Сабақтың жоспармен таныстыру:
1. Әр топ өз атын қорғайды.(Денсаулық — зор байлық),(Салауатты өмір – денсаулық кепілі).
2. Мақал — мәтелдер айтады.
3. Жұмбақтар шешеді.
4. «Кім тапқыр» бөлімі. Суретпен жұмыс.( Атақты споршылар суреттері)
5. Салауаттылыққа байланысты көрініс ұйымдастыру.(Оқушылар шығармашылығына)
5. Ситуациялық сұрақтар.
6. Салауаттылыққа, Дене шынықтыруға байланысты өлең — тақпақтар орындайды..
ІҮ. Бекіту
Уа халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық зор байлық деген сөзді,
Орынды айтқан ұлы Абай данамызда
Қарсы ал ерте күн көзін, Жасамай бос жорамал,
Төсегіңді жина өзің. Білмесіңді сұрап ал,
Киме теріс киімді, Мақсат қоймай алдыңа
Теппе киім — бұйымды. Қыдырып құр қаңғыма.
Шығармағай есіңнен
Асықпай іш тамақты, Қашпа қоғам ісінен.
Жалама аяқ — табақты. Әрқашанда тілектес
Пышақты ұста оң қолмен, Ата — анаңа көмектес
Шанышқыны ұста сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр — салақ болмағын.
Салма ауызға инені,
Үзбе, жұлқып түймені.
Жасама жат қылықты —
Былғама су, құдықты.
Аяқ — қолың болмай кір,
Тырнағыңды алып жүр.
Әдет қыл бұл ісіңді —
Тазалап жүр тісіңді.
Деме терді
Әдептілік – әдемі!
Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы — ақ.
Тұра алмайды дамылдап,
Микробтар тайғанап.
Нан ұстасаң, қол жумай
Нанға жұғып, ішке еніп.
Микробтар көңілі жай
Отырады түстеніп
Микроб жақсы көреді
Кәмпит — сәмпит шайнасаң
Жылдам өсіп — өнеді
Ауызыңды шаймасаң
Тік ұстап денеңді,
Сапқа тұр сен енді
Жанға сеп шынығу
Жаттығу тынығу
Сымбатты болу да
өзіңнің қолыңда.
Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып, айдай толасың
Спортты серік ете біл.
Салауатты сен боласың
Шымыр болу оңай ма?
Арман болған талайға
Жас жеткіншек! өзіңе
Айта кету борышым
Ауырсаң ауыр кеселмен
Дәрігер бермес қол ұшын
Ауырып ем іздегенше
Ауырмайтын жол ізде
Денсаулық ол шыныққан барлық денең мүшесі
Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі
Денсаулық ол – күлуің, көңіл — күйің жадырай
Денсаулық ол жүруің, ешбір жерің ауырмай.
Сымбат мүсін дегенің
Бітім көркі дүниенің
Сымбат жүру әдемі
Дене қалпын тік ұстап
Көтеріп сәл кеудені
Иық жазып дұрыстап
Түзу отыр қисаймай
Бүкіреймей жантаймай
Күш сап баспен арқаға
Жатып алмай партаға
Аяқ — қол — көмекші
Күт оны ерекше
Қол жиі ластанар
Сондықтан істің әр
Соңында қолды жу
Жояды кірді су
Аяқ – қолды кірлетпе
Тырнақты алып жүр
— Сонымен балалар, салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?
А) спортпен айналысып, үнемі сергек жүру.
Ә) Денсаулығы мықты болу.
Б) Дұрыс тамақтану.
В) Күн тәртібін нақты құра білу.
Ү. Қорытынды.
Міне құрметті қонақтар, сіздермен 3 — сынып оқушылары — Салауатты өмір салты жайында өздерінің білгендерімен, ойға түйгендерімен бөлісті.
— Адам денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының қожасы. Салауатты өмір салтын сақтай отырып, тамаша денсаулықпен — тамаша өмір сүру өз қолыңызда!
Сондықтан бүгінгі ашық сабағымызды Сара Алпысқызының мынандай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби – әр отбасының қуанышы бақыты. Ал, денсаулығы мықты сәби халқының болашағы, Отанының сенімді тірегі».
Халқымыздың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болар өскелең ұрпағымыз — жаны таза, дені сау, сергек болып өссін!
Бүгінгі жеткіншектеріміз — Ертең Көк туымызды көгімізде желбіретер мықты азаматтар болып өссін!
Барлығы хормен: Дені саудың — жаны сау!
«Денсаулық күндері» онкүндігі барысында өткізілген «Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие сағаты
Өткізген: Кужаниязова А.Ж.
«Дені саудың — жаны сау»
(спорттық — ойын сауық)
Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір — біріне деген достық қарым — қатынастарын дамыту.
Қажетті құралдар: шарлар, түрлі — түсті жалаушалар, денсаулық туралы нақыл сөздер, доптар, пирамидалар, көлшік, бақа атрибуты.
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі «Дені саудың — жаны сау» атты спорттық ойынға қош келдіңіздер. Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың — жаны сау» атты мерекелік сауықтыру іс — шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Марш ойналып, балалар залға бірінің артынан бірі жүріп келеді.
Жан — жақты жаттықтыратын жаттығулар:
Бір қатармен жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру. Шеңберге тұрып, дем алу жаттығуын орындау.
Ку — ка — ри — ку, ку — ка — ри — ку, ку — ка — ри — ку, ку — ка — ри — ку.
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Тәрбиеші: Балалар денсаулық басты байлық. Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек.
— Балалар денсаулық туралы мақал — мәтел кім біледі?
1. Денсаулық — зор байлық.
2. Дені саудың — жаны сау.
3. Тазалық — денсаулық кепілі.
4. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
5. Денсаулығы сәбидің — қуанышы әр үйдің.
— Өте тамаша балалар!
Ал енді алдымен әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
1. Балабақша меңгерушісі: Каримова Гүлнар
2. Балабақша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Қайырбаев Ержан
3. Балабақша псхолгы׃ Көбенғалиева Айба
Ал, кәне балалар « Балапан» және «Ботақан» тобы болып екі топқа бөлінейік.
Жарыстың бөлімдерін сіздерге айтып өтейін.
1. Сәлемдесу.
2. «Кім бірінші» ойыны
3. «Кім жылдам» ойыны
4. «Пингвиндер» ойыны
5. «Бақалар» ойыны
6. «Кім епті» ойыны
Тәрбиеші: Балалар сайысымызды бастамас бұрын әнұран орындайық.
— Бәрекелді балалар!
1 — кезең. Екі команданың сәлемдесуі.
1. «Балапан» тобына жалынды сәлем!
2.«Ботақан» тобына жалынды сәлем!
2 — кезең. Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы — деп «Кім бірінші» ойынын бастаймыз.
Ойын шарты: жалаушаны алып, жүгіріп межені айналып келу.
3 — кезең. Жүгір, жүгір желмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып.
Нұрға аман,
Болып қыран.
Өс ұлан — деп « Кім жылдам» сайысына кезек берелік.
Ойын шарты: Жемістер мен көкөністерді жинау.
— Жарайсыңдар балалар, сендер неткен жылдам едіңдер.
4 — кезең. Спорт — біздің досымыз,
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт — біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған — дей отыра «Пингвиндер» ойынын ойнайық.
Ойын шарты: допты екі тізесімен ұстап жүру.
5 — кезең. Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық екен оныңда,
Жету үшін мәреге — деп келесі сайысымыз «Бақалар» ойыны.
Ойын шарты: бақалар шалшық судан секіріп, дауыстап, жүресінен отыра кету.
Тәрбиеші: — Бәрекелді балалар өте жақсы!
Қорытынды сайысымыз «Кім епті» ойыны.
Ойын шарты: кедергілер арасымен ирелеңдеп өтіп, пирамиданы құрастыру.
— Жарайсыңдар балалар!
Ән жұмбақ: «Бұл не?»
Құрметті апайлар бүгінгі спорттық ойынымыз өз мәресіне келіп жетті. Жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. Бүгінгі қатысқан бүлдіршіндерімізге алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта үлкен биіктерден көріне беріңіздер. Бүгінгі жеңістерің құтты болсын. Келіп, тамашалап көргендеріңізге рахмет. Деніміз сау болсын!
Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау» тәрбие сағаты
Мақсаты:
1/Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын алу керектігін үйрету;
2/ Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру
3/Оқушыларды тазалыққа баулу, жеке бас гигиенасын сақтауға, әрқашан күн тәртібін орындауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, мақал-мәтелдер ,плакаттар.
Барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Бүгінгі «Дені саудың – жаны сау» сынып сағатына қош келдіңіздер! Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең — 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы және жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек делінген. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға арналады. Сабақты бастамас бұрын топтармен таныстырып өтейін.
Топтарды таныстыру:
1 — топ – «Шымыр» тобы – « Шынықсаң шымыр боласың» ұранымен.
Шапшаңдығыңа қайран қалам,
Жете бер мақсатыңа армандаған
Майысып, өнерімен тәнті еткен
Рауандай баланы қайдан табам.
Көңіліңнің қошын – ай, көпшіліктің досындай.
Ақ ниетті кең пейіл, біздің Арсен осындай.
Шыңдап күнде мен енді, шынықтырып денемді,
Деген оймен Тамерис, күнде сабаққа келеді.
2 — топ – «Сымбат» тобы – «Сымбатты болу қолыңда» ұранымен
Көркіне қарап тұрсаң бал тамады,
Сөйлесе қас шебердің аңсағаны.
Ән айтып, би билеу,
Бір Аружанның бойынан табылады.
Көргенде жымиып, әрқашанда күліп жүреді үнемі.
Сабақта озып шығам деп, әрдайым Жандос келеді.
І-тапсырма. Денсаулық сөзіне топтастыру жасау. Денсаулық деген не?
Денсаулық
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
ІІ-тапсырма. «Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат» тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жуу, дастарқан басында қисаймай түзу отыру, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу, нанды екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шаю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру.
ІІІ-тапсырма. Жарнама. «Денсаулық – зор байлық».
Мысалы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит, дирол алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
«Шымыр» тобы: Айран
«Сымбат» тобы: Сабын.
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
Қақпаға туралап
Теп допты оң аяқ
Теп допты сол аяқ
Жаттығу, сол аяқ
Жаттыға оңай – ақ
Ал балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық
А дегенде отырып
Б дегенде тұрайық
А — Б, А – Б, А – Б.
IV-тапсырма. Оқушылардың алдына сабын, сүлгі, тарақ, тіс пастасы мен щеткасы салынған дорба ұсыну. Бүгін сабақты біз не жайлы сөз қозғаудамыз? /денсаулық/. Ал бұл заттарды көргенде, ең алдымен не елестейді, қандай сөзді ойлаймыз? /тазалық/. Ал енді тазалық пен денсаулық сөздерін байланыстырып көрейік, не шығады: Тазалық – денсаулық кепілі. Бұл не? /мақал/. Келесі сендерге ұсынар тапсырмам «Тапқырлық» деп аталады. Яғни, денсаулыққа байланысты мақал – мәтелдерді аяқтау.
«Шымыр» тобына: Денсаулық — …………………… (зор байлық)
«Сымбат» тобына: Тәні саудың -………………….. (жаны сау)
«Шымыр» тобына: Емнің алды -………………………….. (еңбек)
«Сымбат» тобына: Тазалық – саулық негізі, саулық — …………….. негізі. (байлық)
«Шымыр» тобына: Шынықсаң -………………… (шымыр боласың)
«Сымбат» тобына: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын …………. ізде. (жол)
«Шымыр» тобына: Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса ……. /аузыңды тый/
«Сымбат» тобына: Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан…../азады/
«Шымыр» тобына: …… қадірін ауырғанда білерсің» (денсаулықтың)
«Сымбат» тобына: ……. жасырған өледі (ауруын)
V-тапсырма. «Нысана» деп аталады /сұрақ-жауап/
Сұрақтар.
1. Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2. Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
3. Пайдалы тағамдарды атаңдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.
4. Пайдасыз тағамдарды атаңдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/.
5. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, арақ ішу, қолды аузына салу/.
VІ-тапсырма. «Ойлан, тап» миға шабуыл /жұмбақ жасыру/
1. Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір — ласың
Тап – таза боласың
Бұл не? (сабын)
2. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не? ( тарақ)
3. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/.
4. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды, бір – бірінен озбайды. /коньки/
5. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне
Бұл не? (Айна)
6. Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сипайды қолын да
Сипайды жонын да
Бұл не? (Сүлгі)
7. Бір атым бар, құлын болып тумаған.
Құнан болып өспеген. /велосипед/
8. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе.
Көрсең де осы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/.
Қорытындылау. Рефлексия «Денің сау болсын десең …» сөйлемді жалғастыру.
Новоприречный негізгі мектебі
( сыныптан тыс сабақ)
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Дені саудың жаны сау ашық сабақ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Тәрбиелік: адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ауызша,пікірталас,
Көрнекіліктер:презентация
Пән-аралық байланыс: валеология
Сәлематсиндарма балалар! Қане ки оянамыз,оянамыз.Жақсырақ тағы оянуымыз үшін сендермен бір жаттығу жұмысын жасап шығайық
Кім кезекші бүгін?Сабақта кім жоқ?
Балалар сендердің бүгінгі сабаққа келген көңіл-күйлерін қандай? Олай болса оны тереңірек білу үшін смайликтер арқылы өзіміздің көңіл-күйлерімізлің күйін айтайық (смайликтер арқылы табу)
Балалар біздің бүгінгі сынып сабағымыздың тақырыбы жасырынып тұр.Оны бізге анықтау үшін жазылған қате әріптерді теріп сөйлем құрастыруымыз керек.сонда ғана бірде тақырыбымыздың аты пайда болады.
Сабақтың барысы:
- 1. Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.
-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды оқып шығайық.
- денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
- Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
- Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.
(«Мың бір хадистен»)
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді үш топ боп сайысып, ортаға саламыз.
- Топ оқушыларын үш топқа бөлу.
1- топ «Денсаулық»
Ұраны: «Денсаулық –зор байлық».
2- топ «Салауат»
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»
3-топ «Тазалық»
Ұраны. «Мәдениеттің белгісі-тазалық»
І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.
ІІ Кластер құру. (денсаулыққа не жатады?)
Ойын «Сөзтудырым»
Денсаулық – сау, ау, ақ, су, лақ, қу, ну, ас, қал, саулық, қас, т.б
ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
Д…. і (дәрі)
К..н …р…іб…. (күн тәртібі)
….ны…..у (шынығу)
с….ау……т (салауат)
Д…не ш….ық….ру (дене шынықтыру)
ту…ку….ез (туберкулез)
тұ……у (тұмау)
д… ау…. қ (денсаулық)
Г…и…на (гигиена)
З…ян…ы з…т……р (зиянды заттар)
Д….р…..ер (дәрігер)
в…та..н (витамин)
кім көп біледі? (спорт секцияларының түрі)
«Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды.
—-Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің
—- Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боласың.
—-Ауру аздырады,
—-Демі бардың емі бар
—-Тазалық — саулық негізі,
—-Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық
—-«Тазалық -денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі»
—-Денсаулық байлықтан қымбат
—-«Дені саудың жаны сау»
- Шығармашылық тапсырма:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.
Қорытынды:
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
Дені саудың – жаны сау
Тәрбие сағаты- admin
- 18.11.2016
- 0
- 1
- 31372
ОҚО, Түркістан қаласы
Бабайқорған ауылы
«Бабай-Қорған» жалпы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Қорғалова Арайлым Музапбаровна
Сабақ: Тәрбие сағат |
Мектеп: |
|||||||||||||
Күні: |
Сынып жетекші: А.Қорғалова |
|||||||||||||
Сынып: 2 «А» Сабақтың тақырыбы: Дені саудың – жаны сау |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
6 мин ішінде 70% оқушылар «Дені саудың – жаны сау!» тақырыбында берілген мәліметтерді толық түсінеді. |
|||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Денсаулық, тазалық, салауат туралы біледі. |
|||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||||||||
Денсаулық туралы көп мағлұматтар біледі және өз ойларын ашық айта алады. |
||||||||||||||
Кейбір оқушылар: |
||||||||||||||
Денсаулық туралы көп мағлұматтар біледі және өз ойларын ашық айта алады. Өлеңді мәнермен айта алады. |
||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: …(істей) алады Дені саудың — жаны сау туралы түсінік алады. Сабақтың тақырыбын ашады, талдау жұмыстарын жүргізуді, жалпы дене қимыл қозғалыстарын істей алады. |
|||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
||||||||||||||
Денсаулық, тазалық, салауат — деген сөздер туралы мағлұмат алады. |
||||||||||||||
Сыныптағы диолог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылымын жақсартуда ауызша тапсырмаларды орындауда сөйлеу дағдылары дамиды. |
||||||||||||||
Талқылауларға арналған тармақтар: денсаулыққа пайдалы табиғи өнімдер туралы не білесіңдер? |
||||||||||||||
Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба? Денсаулыққа кері әсер беретін, зиянды тағамдарды пайдалансақ не болатынын айта аласыз ба? |
||||||||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: Табиғи өнімдердің пайдасы — деген тақырыпта өз ойларын жазады, талқылап айтады. |
||||||||||||||
Табыс критерийлері |
1. Денсаулық туралы өлеңдерді мәнерлеп айта алады. |
|||||||||||||
Алдыңғы тақырып |
Салауатты өмір салты. |
|||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||||
Басталуы |
Ынтымақтастық атмосфера орнату – Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, қонақтармен сәлемдесіп алайық. Үлкенге де Сіз! — Ал балалар, шаттық шеңберін жасаймыз. Балалар бәріміз бірге «Өрмекшінің өрнегін» жасай отырып бір-бірімізге жақсы тілек айтайықшы. Енді балалар өздеріне қажетті суреттерді таңдап алып орнымызға жайғасамыз. — Әр топ өздерінің тобының атын айтады. |
Лента Суреттер |
||||||||||||
Ортасы |
Мағынаны тану: «Кинометафора» әдісі арқылы жаңа сабақты ашамын. – Ал, балалар бейне баянды тамашалап осы бейне баянға тақырып қоямыз. – Ал, кәне балалар бейнебаяннан нені білдік, не туралы көрдік, қане сыный тұрғыдан ойланып айтамыз. Жарайсыңдар балалар бәріміз бірге бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айтайықшы. – Хормен: Дені саудың – жаны сау! – Міне балалар, біз денсаулық туралы бейне бянды көрдік, енді, сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. – Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. – Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдырыңызда. Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан- жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? – Оқушылар: Денсаулық. – Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек? – Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, дұрыс тамақтанату, тазалық сақтауымыз керек. – Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау – ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. – Денім сау болсын десең – тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында. – Ендеше балалар денсаулыққа арнап өлен шумақтарымызды айтайықшы.
— Оқушылар біздің деніміз сау болу үшін денсаулыққа пайдалы іс әрекеттер жасап, имунитетімізді көтеру керек. Олай болса бейне баяннан денсаулыққа пайдалы кеңесімізді тыңдайықшы. — Әр топ басшылары берілген тапсырманы аламыз және оны қорғап шығамыз. — Ал енді балалар денсаулыққа не зиян екенін білеміз бе? — Оқушылар біз спортпен шұғылдану керек дедік жаңа, ендеше біздің мектебімізде де ұстаздарымызда оқушыларымыда спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын сақтау дұрыс жолға қойылған. — Қазақстанды әлемге танытып жүрген спортсмендерімізді білеміз бе? |
Бейне баян Слайдтар Денсаулыққа пайдалы бейне баян Слайдтар, бейне баян, табиғи өнім түрлері плакаттар, маркерлер, Слайдтар, суреттер Денсаулыққа зиянды бейне баян Слайд Зіл темір Қимыл іс – әрекет |
||||||||||||
Аяқталуы |
— Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымыздан не үйрендім, не білдіңдер, нені алдыңдар, қандай көңіл күйде, қандай сезімде болдыңдар, соны білдіру үшін біз кері байланыс жасаймыз. Жарайсыңдар балалар, Сендерде салауатты өмір сүрсеңдер осындай керемет аралдарға барып дем аласындар Мұғалімдермен кері байланыс — Әр қашанда дені саудың – жаны сау деп он екі мүшеміздің саулығын тілей отырып біз сіздерге «Мен бәрін орындай аламын» деген кішкене аутотренинг өткізіп жіберейік. — Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рахмет. — Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет. — Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рахмет. — Мен барлығын білемін, сол үшін басыма рахмет. Қорытынды: Міне, кішкентай ғана бүлдіршіндеріміздің дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын жас ұрпақтарымыз Қазақстанның өсіп, өркендеуіне, Қазақстан Мәңгілік ел – болуына, болашақта өз үлестерін қосып, адал қызмет етіп, мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын үлкен азамат болуына кәміл сенемін. |
Слайд, Аралдардың картасы Кеменің суреті. Чемодан, ет тартқыш, жәшік суреттері Электронды киіз үй. Қимыл іс – әрекет |
||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||
— Қабілеті жоғары оқушыға күрделі тапсырма беремін. — Үлгермеуші оқушыларға деңгейіне, тақырыпқа сәйкес жеңіл тапсырма беремін. |
Кері байланыс Аралдар картасы |
— Техника қауіпсіздік ережесін сақтау. |
||||||||||||
Рефлексия — Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? — Бүгін оқушылар не білді? — Сыныптағы ахуал қандай болды? — Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? — Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? — Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Дені саудың — жаны сау – сабағымның мақсаты шынайы. Бүгінгі сабақта оқушылар денсаулыққа пайдалы «Табиғи өнімдері» туралы жазып, оны қорғап шықты. Оқушылар тақырыпты меңгеруде топтық жұмыс жасап, құрдастар арасында бірлескен сұхбат жүргізді. Жоспарланған саралау уақыты тиімді болды. Берілген уақытта үлгере алдым. Келесі жоспарды оқушылардың алған теориялық білімін практикада қолдануын, салауатты өмір сүруіне көбірек мән беремін. |
|||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: «Өрмекшінің өрнегі» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтты. 2: «Кинометафора» әдісі арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын аша білді. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: «Кластер» әдісі арқылы табиғи өнімдер мен топтық жұмыс жасай білді. 2: Денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдар туралы кеңестерді түсіне білді. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Сабақ барысында кері байланыс жасағанда келесі жолы басқада әдістерді пайдаланып, «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды жоспарладым. |
Мен және менің денсаулығым.
Білім беру саласы:Денсаулық
Бөлімі:Дене шынықтыру
Тақырыбы:»Мен және менің денсаулығым».
Мақсаты:1.Балалар5а денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.Гимнастикалық орындық үстімен тепе-тендікті сақтап жүруді,еденде жатқан шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіруді,іздермен жүруді үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі
Бір қатар сапқа тұрады
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері
Біз бақытты баламыз
Шынығада аламыз
Сәулетті елдің көгінде,
Шамшырақ болып жанамыз
-Жарайсыңдар балалар
Бүгінгі біздің ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Мен және менің денсаулығым»-деп аталады.
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?
-Денсаулық
-Дұрыс айтасындар
-Егерде денің сау болу үшін не істеу керек?
-Ерте тұру керек
-Жарайсыңдар балалар ендеше денсаулық туралы тақпағымызды бирге айтып жиберейік
Денсаулық ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі
Ендеше балалар музыка әуеніне қосылып жалаушалармен орындаймыз
Б.қ аяқтарын сәл алшақ қойып,жолаушаларды төмен түсіріп тұру.Жолаушаларды жоғары көтеру,оларды айқастырып,бір-біріне соғып тықылдату, төмен түсіру.Отыру,жолаушаларды алға созуғ тұру, бастапқы қалыпқа оралу.Жолаушаларды оңға,солға былғау,бастапқы қалыпқа оралу.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
1.Гимнастикалық орындық үстінде тепе теңдікті сақтап жүру.
2. Шыңыршықтың ішінен қос аяқпен секіру.
3.Іздерімен жүру.
Балаларбізде денсаулық туралы мақалдарымыз бар.
1.Денсаулық теңіз.
2.Ұйқы тынықтырады
Спорт шынықтырады
3.Шынықсан шымыр боласын
Шарты:Суреттегі спортқа жататын затты тап.
Өлең шумағы:
Жиналамыз сәтті күндебәрімізде,
Үлкен,кіші жасымыз кәрімізде
Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,
Гүл гүл жайнап жүріңіздер төрімізде.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:Жолаушалармен орындалатын жаттығуларды
Қолданады:гимнастикалық орындық үстімен тепе теңдік сақтап жүру, шығыршықтың үстінен қос аяқпен секіру,іздермен жүру дағдылары.