Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дені сау ұрпақ –ел болашағы—»
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының
қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Адам денсаулығы, оны сақтау және жеке бас гигиенасын сақтау туралы іс-әрекеттерімізді, ойымызды ортаға салуға даярланып келу және ұсыныс пікір айту.
Ой ашу сұрағы:
а) Тіс тазартатын құралдар. (Тіс щеткасы мен пастасы)
ә) Ол судан қорқады, кір одан қорқады. (Сабын)
б) Денені шынықтыратын денсаулыққа әсері мол сабақ. (Дене тәрбиесі)
в) Адам өміріне ең қажетті заттар. (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
г) Жалқаудың досы. (Еріншектік немесе ұйқы)
Жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Әр топ өз пікірлерін ортаға салады.
І топ. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып әр-түрлі жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып жүру. Күн тәртібін сақтау.
ІІ топ. Мектепте де, үйде де, тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау.
І топ. Жеміс-жидектерді жуып жеу. Тамақта асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналысып, таза жүру.
ІІ топ. Әрбір адам өзінің денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды. Адам еңбекке қабілетті болып өсіп, дене құрылысы сымбатты болады. Мысалы: тісті таңертең және кешке жуып, таза ұстаса, тісің бұзылмай жақсы сақталады. Үнемі таза жүрсең денеңе жаман жаралар шықпайды т.с.с.
Тірек схемамен жұмыс.
Ал балалар-«Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? Байлық туралы ой қозғау.
Байлық
Табиғат Білім Мал Машина Саябақ Ақша
Денсаулық
Мына сызба бойынша біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар.
Дені сау болса, білім аласың, еңбек етесің. Еңбектенген адамға мал да, машина да, саябақ та, ақша да бітеді.
Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болуы үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсың?
Денсаулық
Табиғи күш Дене шынықтыру Тамақ Тазадық
Топтық жұмыс. Әр топ өздерінің күн тәртіптері туралы әңгімелер өтеді.
І топ. Табиғи күштің қандай қажеттілігі туралы сыр шертесіңдер?
ІІ топ. Дене шынық тырудың мыңызы қандай? Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығу түрлері? Дене шынықтыру туралы өз ойың? Спорттың түрлері.
І топ. Тамақ. Дұрыс тамақтану жолдары қандай?
1) Күн тәртібін сақтау… Тамаққа әртшүрлі витаминдерді пайдалану. Тағамның пайдалы, зиянды жақтарын көрсету. Сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті су. Осылар туралы әңгімеле.
ІІ топ. –Жеке бас гигиенасы дегеніміз не? Өз ойың.
-«Тазалық – саулық негізі. Саулық – байлық негізі» деген мақалдардың мағынасын түсіндіру.
— Таза жүретін баланы қалай айтады?
— Оның достары?…
Сергіту сәті. Үнтаспадағы әуенге жаттығу жасау.
«Тіс күтімі» (Тіс дәрігермен кездесу)
9) «Қол күтімі» (рейдтің қорытындысы)
Денсаулықтың достары мен қастары.
Еңбек Күн Су
Дұрыс тамақтану Дұрыс ұйықтау
Күн тәртібі Жеміс-жидек Дене күтімі
Ластық Арақ Темекі
Жалқаулық Еріншектік Насыбай
Ой тұжырымы:
-Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
-Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?
-Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
(оқушылар жауаптары тыңдалады. Және сарапшылар қай топтың көбірек жауап бергенін ескеріп, қорытындалайды.)
Қорытынды сөзі:
Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.
Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
«Дені сау ұрпақ- ел болашағы»
Өткізген: Аубакирова К.Е.
11 «А» сыныбы
Арқалық қаласы 2016 жыл
Конспект. Тәрбие сағаты «Дені сау ұрпақ -ұлт болашағы»
Тақырыбы: Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы !
Мақсаты:
1.Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда ,
алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа , темекі тартуға
деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру
2.Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың зиянды заттар туралы білімдерін
тереңдету, салауатты өмір салтына және
имандылыққа тәрбиелеу, маскүнемдіктің ,
нашақорлықтың зардаптарын айту .
3. Дамыта оқыту: Темекінің зияны ғылыми дәлелденген деректер
бойынша нақты фактілер мен түрлі- түсті слайдтар
арқылы көз жеткізу.
Көрнекіліктер : Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
(Алма , анар, өрік, банан жемістерінің суреттерімен бөлу)
1- топ алма жемісін таңдаған оқушылар «Денсаулық» тобы
2- топ анар жемісін таңдаған оқушылар «Сымбат » тобы
3-топ өрік жемісін таңдаған оқушылар «Шымыр» тобы
4- топ банан жемісін таңдаған оқушылар «Жүйрік» тобы
(Алма таңдаған оқушылар дені сау болады, Анар таңдаған оқушылар сымбатты болады, өрік таңдаған оқушылар шымыр болады, банан таңдаған оқушылар жүйрік болады.
Мұғалім сөзі: (Слайд салауатты өмір)
«Денсаулық – зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын , ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз» абзал. Еліміздің қай азаматы болса да елінің болашағы алаңдатары сөзсіз. Еліміздің болашағы-бүгінгі бүлдіршіндер сіздерсіздер. Сондықтан сіздердің болашақта дені сау азамат болып өсуілерің еліміз үшін маңызды .
ІІ. Ой қозғау: Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
(әр топтан бір оқушы шығып өз ойларын айту )
(Тазалық, спорт , таза ауа , дұрыс тамақтану, күн тәртібі)
Адам денсаулығына байланысты жаман әдеттерді атаңыздар ?
ІІІ. Шығармашылық тапсырма
1- топ «Денсаулық» тобы
Темекі шегу- зиянды әдет (постер қорғау)
2- топ «Сымбат » тобы
Мақалды жалғастыр
1.Денсаулықтың жаңасын- (Ақшаға қайдан табасың)
2.Аурудың жақсысы жоқ,
(Дәрінің тәттісі жоқ)
3. Ауруын жасырған (асқынады)
4. Дені сау адам- (дәулетті адам)
3-топ «Шымыр» тобы (Сахналау)
Екі бала ортаға шығады.
1-оқушы:Мен мына нәрсені түсінбеймін,Осы кез-келген темекінің сыртында: «Темекі шегу денсаулығыңа зиян» деп жазылып тұрса да адамдар соны шегеді,ол неге?
2-оқушы: Қазақта «әр адамның өз санасына байланысты » деген сөз бар,сондықтан темекіні шегу шекпеуді әр адамның өз санасына берсін .Сонда да мен денсаулыққа зиян деген сөзді оқи тұра темекі шеккен адам оның зардабының не болатынын әлі жете түсінбеген адам деп ойлаймын. Сондықтан темекіден аулақ болған жөн деп ойлаймын.
4- топ Денсаулық – мол байлық
Ой толғау жазу
ІҮ бөлім « Жарнама»
1 топ шұбатты жарнамалайды
Шұбат- түйенің сүтінен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт — табиғи өнім.Көптеген ауруларды жазады Үнемі шұбат ішуіңіз керек.
2 топ құртты жарнамалайды.
Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Бойында кальций бар. Сондықтан үнемі құртты сатып алған тиімді.
3 топ минералды сусынды жарнамалайды
Минералды суысндар адам денсаулығына өте пайдалы. Түрлі ауруларға шипа болады. Бұл сусынды үнемі тамақ ішер алдына 1 сағат бұрын қабылдаса, ас дұрыс қорытылады . Денсаулығымыз мықты болсын десек, үнемі минералды сусынды алайық.
4 топ дәрумендерді жарнамалайды
Адамның бойына әрқашан дәрумен қажет. Дәумендер адамның көңіл күйін жақсартады, күш жігер береді. Кез келген ауруларға қарсы тұра алады. Сондықтан үнемі дәруменге бай жіміс жедиектерді сатып алайық.
Ү. Жадымызда сақтайық
Темекі адам денсаулығына өте зиян.Темекі түтінінен адам ағзасына 3600-ге жуық әртүрлі заттар бөлінеді . Темекі құрамында никотин уынан мидың есте сақтау қабілеті төмендейді. Темекі құрамындағы ең қауіпті зат никотин. Ол адам ағзасына жүрек ауру мен ісік ауруының өршуіне ықпал етіп қана қоймай, ең қауіптісі – оның темекі шегуге деген ынтасын арттырады. Никотинге үйір болғанс соң темекі тастау қиынға соғады. Қазақстанда ерлердің 54% әйелдердің 11% темекі шегеді. Жыл сайын темекі шегуден 20-24 мың адам өледі . Сондықтан темекіден аулақ болайық.
(Видео)
Ү. Қорытындылау
Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері (топтастыру )
Ендеше еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керектігін атап көрсетті .
1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»
2-бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
3-бағыт «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
Осы бағыттарды үнемі жадымызда сақтайық.
Хормен Ән «Салауатты өмір»
Біз бақытты баламыз
Өсіп –өніп толамыз,
Гүлдей жайнап,гүлдей жайнап, гүлдей жайнап
Жат қылықтан аулақпыз,
Шынығып та алмақпыз 2- рет
Көкке самғап, көкке самғап, көкке самғап
Спортпен дос боламыз
Жалындаймыз жанамыз
Оттай лаулап, оттай лаулап, оттай лаулап
Елге еңбек етеміз
Болашаққа сенеміз 2- рет
Алға қарап, алға қарап, алға қарап
Темекі жау білеміз
Одан аулақ жүреміз
Алыстаймыз, алыстаймыз, алыстаймыз
Дәрумендер көп жейміз
Бойға қуат бер дейміз. 2-рет
Қалыспаймыз, қалыспаймыз, қалыспаймыз.
Сауатты ұрпақпыз
Саналы да болмақпыз
Білім алып, білім алып, білім алып
Еріншек боп жатпаймыз
Тазалықты сақтаймыз 2-рет
Үлкендердің тілін алып, тілін алып
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Біз «Мәңгілік елге » айналар қазақ елінің салауатты ұрпағы боламыз.
Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы»
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жас ұрпаққа «Қазақстан – 2030» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өнеге сағаты.
Сабақтың көрнекілігі: сурет, мақал-мәтелдер
Жоспары:
1.Ой қозғау. «Бірінші байлық – денсаулық»
2.Табиғи дәрумендер. «Ас-адамның арқауы»
3.«Біз зиянды әдеттерге қарсымыз»
4.Көрініс.
5.Сергіту сәті.
6.Денсаулығынды ойласаң. Мақал – мәтел, жұмбақтар.
7.Қорытындылау.
Мұғалім:
Адам – табиғаттың теңдесі жоқ, ең қадірлісі. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған аса зор байлығы. «Бірінші байлық денсаулық» демекші, — халық денсаулығы ел байлығы. Егеменді еліміздің Тәуелсіздік туының биікке самғауына, экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау салауатты болуы керек.
Біздің бүгінгі сабағымыз денсаулық тақырыбына арналады. Бүгін біз «Денсаулық» пойзымен «Денсаулық» деп аталатын тамаша елге саяхатқа аттанамыз. Әр аялдамадағы сұақтарға жауап бере отырып, білімгерлер билет алады.
1-аялдама.
1-сұрақ.«Денсаулық» дегенді қалай түсінесіңдер?
Спортпен шұғылдану,таза ауа, күн тәртібін сақтау, жеке бас
гигиенасын сақтау, шылым шегуден аулақ болу, ұстамды болу , жақсы әуен ,демалыс.
«Денсаулық» — ұғымына талдау жасау.
Д-демалу
е-еңбектену
н-нашақорлыққа жолама
с-салауатты болу
а-алғырлық
у- уайымсыз өмір
л-лайықты өмір
ы-ынта
қ-қозғалыс
Дені сау, ғұмыр жасың болады ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен
Күлкідей бола алмайды бәрі-бірақ
2-аялдама:
«Табиғи дәрумендер»
Ас – адамның арқауы
Дәрумендер –денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері.
Табиғи дәрумендер жеміс- жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде
болады. Бүгінгі таңдағы тамақтану мәдениетіне тоқтала
кетейік. Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бірқалыпты
тамақтану, тағамның әр түрлі болуы, қандай мөлшерде
тамақтану қажеттілігін білу. Адамтағамнан өзіне бір
тәулікке жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға
тиіс. Күнделікті пайдаланатын тағамның құрамында ақуыз,
май, дәрумен, тұз т.б. белгілі мөлшерде болуы қажет.
Адам жаны мен тәнінің саулығы дұрыс және сауатты
тамақтануға тікелей байланысты. Дәрумендер: жемістер,
көкөністердің құрамында болады.
Дәрумеңдер тірегің,«A, B, C, D, E» деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
A-қажет көзіне,
В-жүйкені тоғайтар
С-дан микроб безінер,
D-сүйекті нығайтар.
1.А-дәрумені: сәбіз, қауын, қызанақ, жұмыртқа, ірімшіктің құрамында болады. А дәрумені көздің үдерісіне, өсіп-өну, зат алмасу үшін маңызы зор.
2.В1-дәрумені: бауыр, сәбіз, сүттің құрамында болады. Жүйке жүйесін тыныштандырады.
3.В6-дәрумені жетіспесе адамның қаны азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ, ұйқышыл болады. Бұл дәрумен: бидай, бауыр, ет, жұмыртқада кездеседі. Адамның жаны мен тәнінің саулығы дұрыс сауатты тамақтануға тікелей байланысты.
3-аялдама.
«Біз зиянды әдеттерге қарсымыз»
Көк түтінге үйір болма шырағым,
Ащы суға үйір болма шырағым.
Ақпай жатып кесіледі бұлағың,
Жапырылып қалады жасыл бұлағың
Көк түтінге жас өкпеңді ыстама,
Ащы суға өзіңді-өзің қыстама.
Ер жетудің белгісі деп бұл да бір,
Әуес көріп ұстамасты ұстама.
Қазақтың ел алдындағы абройы-беделі, қадір-қасиетінің жақсылығы дәулетімен ғана емес, ұрпақтарының өнегелі өмірімен өлшенген. Бүгінгі жастар арасында темекі мен ішімдікке әуестенушілер көбейіп барады. Мұны аз десеңіз, ғасыр індетіне айналып үлгерген есірткі де етек алып жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс!. Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтқан. «Жаман әдет – жұқпалы аурудай», сол жаман әдет-қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін күресе білуіміз керек.
Темекінің құрамындағы улы заттардың ағзаға тигізетін әсері қандай ауруларды тудырады?
Темекінің құрамындағы – никотин тыныс алу жолдарын қабындырады, қантамырларын тарылтады. Адамды: өкпе, рак ауруларына шалдықтырады, асқазанға жара шығуы жиі кездеседі.
«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.
Дәрігер:- Неніұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
Сергіту сәті.
Мақал-мәтел, жұмбақтар
— Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2 Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
3 Емнің алды — еңбек
— Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-тазаболасың. (Сабын)
Шомылған баланы,
Аймалапалады.
Сүртедіқолын да,
Сүртедіжонын да. (Сүлгі)
Аузыжоқ, көзіжоқ,
Тіліжоқ, өзіжоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
Бізедік, бізедік,
Отызекіқызедік.
қатар-қатартізілдік,
Кезек-кезекүзілдік. (Тіс)
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)
Балалар, келесі кезекте жағдаятты шешіп көрейік.
Сағат шырылдайды. Болат орнынан тұрады. Терезені ашады. Жаттығу жасайды. Жақсылап беті қолын жуады. Мектепке келеді. Сабаққа белсенді қатысады.
Сағат шырылдайды. Самат сағаттың қоңырауын басып қойып, ерініп кеш тұрады. Беті қолын шала жуып, мектепке асығады. Сыныпта отырып ұйықтап қалады.
Салыстыр:
Балалар сендерге қай баланың қылықтары ұнады?
Болат сендерге несімен ұнады?
Саматтың күн тәртібі дұрыс па?
Ал сендер дұрыс күн тәртібін ұстанасындар ма?
«Полиглот» (көп тіл білу)
-
Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды. (жүрек, сердце, heart)
-
Үй ішінде
Екі батыр,
Кіргендерді
Отап, турап жатыр. тіс, зубы, teete
-
Қимылдаса қос жебе,
Қыруар-қыруар іс өнер. (қол, рука, hanol)
-
Көргендер көрші отырып,
Бірін-бірі көрмейді. (көз, глаза, eyes)
Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ—ұлт болашаы» 5-6-сынып
Мақсаты: Эстафеталық ойындар ойната отырып, салауатты өмір салтын
насихаттау.
Түрі: Эстафеталық жарыс.
Өтілетін орны: Спорт зал
Қажетті құралдар: Доптар, секіртпелер,шариктер,дартс арқан.
1.Өтілу ережесі: Кенгуру сайысы. Допты аяқтың қалтасына қысып алып, екі
аяқпен алдыға секіріп, белгіленген жерді айнала, қайтрда допты қолға ұстап
жүгіру.
2. Секіртпемен жүгіру сайысы: Белгіленген жерден айналып, секіріп келіп
екінші топ мүшесіне береді. Осылайша бәрі секіріп болғанша жалғастырады.
3. Өрмекшілер сайысы: Оқушылар өрмекші тәсілімен кезек пен кезек
белгіленген жерге барып келуі керек.
4. Картошка егу жинау: 1 бала картошканы егіп, 2 бала жинап өту керек.
5.Құрттар жарысы: Оқушылар бір—бірінің белінен ұстай отырып, ирелендеп
жүріп өтуі керек.
6. Допты жоғарыдан беру: Оқушылар тізбектеп тұрып допты бастарынан
асыра бір—біріне шапшан беру керек.
7. Дартс: Әр командадан бір ұл, бір қыздан дартс атады.
8. Арқан тартыс: Барлық команда мүшелері, бірлесе отырып арқан
тартысады.
9.Капитандар сайысы: белгіленген жерге шапшан жүгіру.
Дені сау отбасы – ұлт келешегі
Б. Ө. Бітібаева
«Жұлдыздар» тобының тәрбиешісі
Мақсаты: Сауықтыру міндеттері
Отбасы мен балабақша арасындағы қарым қатынасты нығайту. Баланың дұрыс дене бітімін қалыптастыру Шынықтыру міндеттері.
Дене бітімінің мүсіні және денсаулықты сақтау туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелеу міндеттері .
Табандылық пен төзімділікке тәрбиелеу. Ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру .
Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру .
Қажетті құралдар: ат, қамшы, доптар, асықтар .
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, балалар, балабақша қызметкерлері. Бүгін ерекше күн. Өйткені, біз спорт түрлерінен өз өнерлерімізді көрсетеміз. Сендердің епті, жылдам және көңілді күйлеріңді көру біз үшін үлкен қуаныш .
Құрметті қонақтар, бүгінгі ойынға «Жұлдыздар» тобының балалары ата-аналарымен қатысқалы отыр
Жүргізуші:
Міне бала, әке ана шықты алаңға
Жас спортшылар жеке- жеке команда
Ал балалар өздеріңді таныстырыңдар,
Батылдық, мықтылық, ептілік көрсетіп табанды
«Алақай» деген ұранды біз ортаға тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
(Балалар, ата-аналарымен ортаға шығып, әуен ырғағымен жеңіл жаттығулар жасайды)
Екі топқа бөлініп өздерінің ұрандарын тастайды .«Жұлдыздар» отбасы :
Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін.
«Қуаныш» отбасы:
Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.
Дәрігер: Амансыңдарма балалар, ата-аналар. Мерекелерің құтты болсын! Сендердің денсаулықтарыңды тексеруге әдейі келдім. Ойынға дайынсыңдар ма? Қане, қане алдымен денсаулықтарыңды тексеріп алайын, арқаңды тос тыңдайын. Жәрайсыңдар, бәрі жақсы. Ойынға қатысуға рұқсат.
(Төрден әділқазылар алқасы орын алады)
Жүргізуші: Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды.
Бала тәрбиелеген тәрбиеші ,
Бала болып ойнайды-деп сайысымызды бастайық.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян — қолтық алыспай.
« Ат жарыс» ойынына кезек берейік.
Ойын шарты: Әр топтың әкесі баласын арқалап белгіленген межені айналып өтіп орнына келіп тұрады.
Жүргізуші: Қалма жұрттың соңында ,
Қажет болса мың атта.
Азық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
Қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге»
Шарты: Балалар қолдарына қамшы алып атты қамшылай отырып ,межені бір айнаып келеді.Ойынды бірінші аяқтаған бала жеңімпаз.
Жүргізуші :Балалар біраз тынықсын ,демеуші қыздардың орындауында «Балапан» биін тамашалайық.
Жүргізуші: Ал қадірлі халайық
Зердемізді салайық.
Белімізді буып алып,
Күшімізді сынайық.
«Күрес»- қазақтың ұлттық ойыны.
Шарты: Әр топтан бір бала ортағ кілем үстіне шығады. Күресшілер бірін бірі жығып, жамбасын кім бірінші жерге тигізсе сол жеңімпаз.
Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік
Ойнайықта күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса.
Ендігі кезек аналарға беріліп,қолдарындағы допты торға дәл түсірген топ жеңімпаз атанады.
«Ойлан ,біл» ойыны ,яғный екі топқа спорттық білімдерін шыңдау мақсатында сұрақтар қойылады.
Жүргізуші: Бұл ойында тәсіл көп,
Кім мол алса асықты.
Ептілігі басым боп,
Сол баланың жеңгені.
«
«Хан талапай» ойыны.
Ортаға әр топтан бір бала шығады. Олардың көздерін орамалмен байлайды .Ортаға шашылған асықты кім көп жинаса, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Бүгін міні оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз.
Сөз кезегі әділқазыларға беріліп,екі топтың ойынын бағалайды.Екі топқа сый ретінде «медальдар» тапсырылады.Екі топ сап түзейді.Қол алысып төс қағысып, қоштасады.
Жүргізуші: Ослайша жарыс жолын тартамыз,
Барлығымыз көңілді боп қайтамыз.
Балаларды тәрбиелеп шынықтырған,
Тәрбиеші апайларға рахметімізді айтамыз.
Бекітемін:
Тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтмуханова А.Ж.
Күні 20.10.2017ж. 11.30-да
Қатысушылар 1-сынып 18 ата—ана
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде
Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ— ел болашағы» отбасылық спорттық сайыс
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Түрі: эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: спорт зал
Керекті құралдар: доптар, кеглилер, шығыршық, себеттер, қаптар.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оіай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар бүгінгі отбасылық спорттық сайысымызға хош келдіңіздер!
Сайысқа 18 отбасы қатысып отыр.
Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға —
(Әр тобын таныстырады )
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтмуханова А.Ж.
2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Сабиров С.Ш.
3. Мектеп медбикесі Кабиева А.Х.
Сайыс кезеңдерін смайликпен бағалайсыз .
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
І «Желаяқтар»
ІІ «Шығыршықтан өту»
ІІІ «Кенгуру»
ІҮ «Пингвин»
«Таныстыру»
Шарты: Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады. әр топтың эмблемасы
1 — топ «Жасұлан» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан»
2 — топ «Барыс» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін»
3 – топ «Қыран» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан біз қалмаймыз!»
І кезең: «Желаяқтар»
Ойын шарты: Бірінші ойыншы бастапқы орыннан кедергілер арасымен межені жүгіріп айналып келіп, екінші ойыншыға қол беру. Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.
ІІ кезең: Шығыршықтан өту.
Ойын шарты: Бастапқы орыннан бірінші ойыншы шығыршықты ұстайды қалған ойыншылар шығыршыұтан өтеді. Келесі ойыншы ұстайды, арғарай ойын жалғасын табады. Межені айналып, қай топ келсе сол топ жеңіске жетеді.
ІІІ кезең: «Кенгру»
Ойын шарты: қаппен секіру.
ІҮ кезең: «Пингвин»
Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып, эстафетаны келесі ойыншы жалғастырады.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тарасса бізге жарады.
Сайысымыздың қортындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз
кезегін береміз. (Әділқазыларды тыңдау)
Марапаттау рәсімі.
Уа, халайық назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.
Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары! Сіздерге сайысымызға келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Сабақтың тақырыбы: «Де
ні
сау ұрпақ-елдің болашағы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, өз
денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу,
еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып болашаққа деген көзқарасын
қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Денсаулық туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, мақал –
мәтелдер, жағдаяттық сұрақтар.
Барысы:
Армысыздар, аман – есен бармысыздар!
Құрметті тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер!
Бүгінгі біздің «Дені сау ұрпақ-елдің болашағы» тақырыбында өткізіліп отырған
ашық тәрие сағатына қош келдіңіздер.
Денсаулық — өмір
жалғасының сәулесі. Өз денсаулығыңа
қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт.
Уа, халқым, назар аудар
денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың
денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді,
Құры айтпаған ұлы Абай
данамызда.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың бұл әлемде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Денсаулықты сақтап түзу
өсесің,
Күнәдан пәк жәннат
өмір кешесің.
Көрген күнің
қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді,
жақсылыққа жетерсің.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
— Балалар, көңіл – күйіміз қалай?
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз
шаттық шеңберін құрайық.
— Балалар күн анамыз бізге күн нұрын шашып
тұр қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып,
бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Бүгінгі тәрбие
сағатымыз сәтті өту үшін жақсы тілектер
айтайық.
Аспанымыз
ашық болсын!
Ата – анамыз аман болсын!
Бақытты болайық!
— Біз неге шеңберге тұрып, тәрбие сағатын
бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік. .
Шеңбер арқылы –бір бірімізге күлімдеп қарап, бақыт,
қуаныш, жылылық тілейміз.
Назира:Салауатты сөзінің негізгі мағынасы –
парасатты,байыпты,ақылды,ойлы,білімді зергерлі және сабырлы деген
ұғымды білдіреді.
Роза: Өмір салты дегеніміз — әрбір жеке адамнан бастап,бүкіл
қоғамның қалай еңбек етіп,қалай
тұрмыс құрып, бос уақытында
демалатыны,қысқасы олардың қалыптасқан өмір
тіршілігі. Яғни , адамның өмір салты қандай болса,
өзі де сондай.
Мадина. Ас – адамның арқауы дейді халқымыз. Сол
айтқандай-ақ,денсаулықты сақтау дұрыс
тамақтанудан басталады.
Мөлдір:Дүние жүзінде тым тез тарап бара
жатқан әдеттің бірі нашақорлық.Бұл тажал
адамның денсаулығын бірден жояды және оған жас организм
бірден үйренеді.
Жансая: Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту,бос
уақытты тиімді пайдалану,денсаулықты сақтау және
нығайту,сапалы тамақтану, зиянды
әрекеттерден аулақ болу.
Азат: Зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған,заманымыздың кес дерттері – шылым шегу, нашақорлық,маскүнемдік,жаман
әдеттердің ішінде жасөспірімдер арасында көп тарлғаны
шылымқорлық – оның зардабы:
бронхит,өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеп соқтырады. Темекі түтінін де 300-ден астам әртүрлі химиялық заттар,олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін,өте қатерлі у
бар.
Аделина:
Денсаулық
ол-шыныққан
Барлық
денең мүшесі.
Денсаулық
ол-тыныққан
Жүйке
тамыр жүйесі.
Аружан:
Денсаулық
ол-күлуің
Көңіл-күйің
жадырай.
Денсаулық
ол-жүруің,
Ешбір жерің
ауырмай.
Мерей:
Құрылысың
бұл сыртқы
Көрінбейді
жүрегің,
Өкпе,миың,бүйрегің-
Құрылысың
бұл ішкі.
Дариға:
Қара
айнаға,көресің
Өзіңді-адам
денесің.
Қол-аяғың,басың
бар,
Бұған
кеуде қосылар.
Дарина:
Сымбат-мүсін
дененің
Бітім-көркі
дененің.
Сымбат-жүру
әдемі,
Дене қалпын тік
ұстап:
Көтеріп сәл
кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу
отыр,қисаймай,
Бүкіреймей,жантаймай.
Күш сап бас пен
арқаға,
Жатып алма партаға.
1-бөлім:Мақал-мәтелдер
сайысы.
2-бөлім:Денсаулық
көрінісі.
3-бөлім:Тіл
өнері.(Жұмбақты шешіп,орыс,ағылшын тілдеріне аудару).
1.Оны күткен
адамдар,
Ұзақ
өмір сүреді.
Қадірін білген
жарандар,
Бақыт осы деседі? (денсаулық,здоровье,health).
2.Жанды матор сынбайды,
Күні-түні
тынбайды.
Кейде оның
жүрісін,
Дәрігерлер
тыңдайды.(жүрек,сердца,heart).
3.Екі көрші
қатар тұрса да,
Бірін-бірі
көрмейді.(көз,глаза,еуes).
4.Отыз екі мықты,
Қаз-қатар
болып шықты,
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті.(тіс,зуб,tooth).
5.Жас кезінде қара
орман,
Жыл өткен сайын
ағарған.(шаш,волосы,hair).
6.Екі
қайың,
Бой-бастары тең
өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары
бес-бестен.(қол,рука,access).
7.Ұрмай-соқпай
жылатады,
Әркім бірақ
ұнатады.(жуа,лук,leaf).
8.Әр желінің
асты толған көк қоян,
Жаз болғанда
көк қоянды жеп қоям.(қияр,огурец,cucumber).
4-бөлім:Мақал-мәтелдерді
жалғастыру.
1.Дені сау адам,
Дәулетті адам.
2.Адамның басты байлығы-денсаулық.
3.Жарлының
байлығы,
Дәнінің
саулығы.
4.Аурудың
жақсысы жоқ,
Дәрінің
тәттісі жоқ.
5.Тазалық
–саулық негізі,
Саулық-байлық негізі.
6.Демі бардың, емі
бар.
7.Дерт көп,
денсаулық біреу.
8.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
9.Жалқаулық-жаман
ауру.
10.Тәні
саудың-жаны сау.
11.Денсаулықтың
шарты-тазалық.
5-бөлім.Жаңылтпаштар.
Қорытынды.