«Нағыз қазақ – домбыра»
Дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кешінің сценарийі
Тақырыбы: «Нағыз қазақ – домбыра»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының күйшілерін таныстыру, олардың күйлерін тыңдап, шығу тарихымен зерттеп, рухани азық беру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қазақы киіз үй жабдықтары, шарлар.
(Сахна ашылады)
Пролог: «Шерлі домбыра»
(Фанфар, жүргізуші шығады)
Жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл — пәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра.
Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, жәнеде жас достар! Бүгінгі мектебімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілгелі отырған «НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА» атты дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер! Елбасымыз «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласында; «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Енді, ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша Қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.» деп жазды.
Ендеше, біздің де бүгінгі кешіміз Елбасымыздың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласының аясында болмақ.
Сахнада Сейтектің күйі «Тойбастар»
Орындайтын: Әбдіғаппарова Нұрайна
Жүргізуші:
Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен домбыра.
Сахнада Секен Тұрысбековтың күйі «Көңіл толқыны»
Орындайтын: Мұңайтпас Ерқанат
(Экранда Дина Нүрпейісованың видеоролигі қосылады)
Жүргізуші:
Дина Нұрпейісова қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Ол 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бекетай құмы деген елді мекенде дүниеге келді. Дина ата — ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде — ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген.
(Сахнаға Жетпіс Әдемі «Құттықтаймын мама» әнімен шығады)
Жүргізуші:
Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, — деп Қасым Аманжолов жырлағандай қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Ортада Жас Ұландықтардың әдеби монтажы.
Жүргізуші:
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
Бәкір Тәжібаевтың әні «Ақбұлақ»
Орындайтындар: Мансұр мен Кәусар
(Сахна сыртында «Адай» күйі қосылады)
Жүргізуші:
Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы Атырау облысы, Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келді. Жастайынан алғыр, домбыраның құлағында ойнап өскен. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен — ақ домбырасының тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Құрманғазының көптеген шығармалары бар. Соның бірі Адай күйі.
Сахнаға Ауылдық мәдениет Үйінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Аяпова Бақыт апайды шақырамыз.
Орындалатын күй «Адай»
Жүргізуші:
Халық күйі «Келіншек»
Сахнада Аяпова Бахыт апай шәкірттерімен.
Жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл — пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір ханда шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес дәл сол кездің өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде. — деп Қадыр Мырза Әлі жырлағандай қазақ халқының әрбір шығармаларында өзіндік тарихы бар. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй — ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде — кем болған.
Сахнада Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа»
Орындайтын: Айтбай Ұлпан
(«Туған жер» әні қосылады. Ұлпан мен Аяулым)
Жүргізуші:
Әдемі сенде әуен бар сезінгенге,
Менің де оны ұқпаған кезім кем бе?
Үніңе құлақ тосам құлап түсіп,
Тірліктің у – шуынан безінгенде.
Біздің заманымызға қазақ халқының ән — күйлері, жыр дастандары осы киелі домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп үйінің төріне іліп қояды. Бүгінгі «Нағыз қазақ – Домбыра» атты әдеби сазды кешімізді қорытындылау үшін бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары ардақты анамыз Шектібаева Света апайымызды жәнеде Аудандық оқушылар Үйінің үйірме жетекшісі Бекмолдаев Жасұланды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер! Елбасымыздың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен «Нағыз қазақ – Домбыра» атты дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кешімізге келіп көріп тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Мардан Байділдаев атындағы
№232 орта мектептің тәрбие ісінің орынбасары
Гүлсім Нүрпейісова Берікболқызы
«Үкілі домбыра» атты күй сайысының сценарийі
Қазақ биі
Фанфары ойнайды.
Ортаға жүргізушілер шығады.
1 Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті өнерсүйген қауым, ұстаздар, оқушылар! Бүгін оқушылар сарайында алғаш рет қаламыздың мектеп оқушылары арасында өткелі отырған «Үкілі домбыра» атты күй сайысына қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші: Қазақтың қара домбырасының үні-күй өнері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т.б. күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама десенші!
1 жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың осы ата – бабалар тастап кеткен асыл мұрамызды жалғастыру біздің міндетіміз, сондықтан да осы бүгінгі сайысымыздың мақсаты күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру.
2 жүргізуші: Балаларға мейірімді оқушылар сарайы аясында өткелі отырған сайысымызға қала мектептерінен бірнеше оқушылар қатысуда. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.
Кезекпен – кезек жүргізушілер шақырып тұрады
1 номерде С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің оқушысы Ғаппар Диасты қарсы алыңыздар!
2 сайыскеріміз № 16 орта мектебінің оқушысы Арыстанбекова Әсемай.
Келесі сайыскерімізде № 16 орта мектебінен келіп отыр, ортаға Әлібек Әлжәнібекті шақырамыз!
4 сайыскеріміз № 14 орта мектебінің оқушысы Шайкиспарова Аяжан
5 номерлі сайыскеріміз № 4 мектеп – лицейінің оқушысы Төлеген Темірлан.
Келесі сахнаға № 4 мектеп – лицейінің оқушысы Молдабаева Айгерімді шақырамыз.
7 сайыскеріміз № 7 орта мектебінің оқушысы Заманбек Қанат
Келесі сайыскерімізде № 7 орта мектебінен келіп отыр, олай болса Бақытжанов Нұржанды қарсы алыңыздар.
9 сайыскеріміз С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің оқушысы Макашев Абзал
10 номерлі сайыскеріміз № 16 жалпы орта мектебінің оқушысы Мұқышева Арайлым.
11 сайыскеріміз №3 орта мектебінің оқушысы Әбілқасым Даниярды қарсы алыңыздар.
С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің оқушысы Ділдебаева Жайнаны шақырамыз.
Келесі сайыскеріміз № 19 орта мектебінің оқушысы Нақыпбек Жасұлан.
Соңғы сайыскеріміз № 7 орта мектебінің оқушысы Искендиров Ерботаны қарсы алыңыздар!
1 жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныстырып өтейік. (жүргізушілер кезек – кезек)
- Күй өнерін аса қадірлейтін, қазақ өнерінің жан ашыры Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі «Домбыра- терме» үйірмесінің жетекшісі Сагидуллаев Балтабай Кеңесович.
- Өнер мектебіндегі, домбыра сыныбының ұстазы Мукышов Ержан Сагынбекович.
- Өнер мектебіндегі, домбыра сыныбының ұстазы Оразалин Махмут Батырханович .
2 жүргізуші: Осы сайысымызды ашып беру үшін құттықтау сөз Оқушылар сарайының директоры Сансызбаева Гульнара Султановнаға беріледі. Сайыскерлерімізді қошемет көрсетіп, сахна сыртына шығарып салайық!
Ал, құрметті көрермендер сайысымыздың өткізу тәртіптері мен шарттарын таныстырып өтейік, сайыс жас ерекшелігіне байланысты бағаланады, олар кіші, орта және жоғары топтар, ескертіп кететін жағдай осы 3 жас ерекшелігінің ішінен бір ғана бас жүлде болады және топтарға қарай І, ІІ, ІІІ дәрежелі орын болып саналады. Оқушы өзі ойнай алатын аспапта, қалауы бойынша 1 күй орындайды.
Бағалау шарттарымен таныс болыңыздар, бірінші орындаушылық шеберлігі, орындалатын күйдің көркемдік деңгейі және сахналық мәдениеті, киім сәні.
1жүргізуші: Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе – деп Қасым Аманжолов ағамыз айтқандай бірінші кезекте кіші топтардың өнерін тамашалаймыз. Олай болса, ортаға бірінші сайыскерімізді қошемет көрсетіп қарсы алайық. С. Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің 3 сынып оқушысы Ғаппар Диастың орындауында халық күйі «Келіншек». Жетекшісі Усейнова Фариза Гиниятовна.
2 Жүргізуші: Келесі сайыскерімізді қошеметпен сахна төріне шақырамыз. №16 жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушысы Арыстанбекова Әсемай.
Әсел Төлеубаеваның күйі «Атама»
1жүргізуші: Күй — қазақтың ежелден келе жатқан өнері. Қыл қобызын беу — беулетіп, қос ішегіне тербеткен халық, әрқашан осы өнерді пір тұтқан. Саз әуенімен жүрек сырын, ел тағдырын бейнелеген. Қазақта күйші алуан түрлі болған. Олар «Сүт емген, Ит емген » болып бөлінсе, «Сүт емген» күйшілер бесіктен белі шыққаннан, осы өнерді құрметтеп өскен. Оларға қанмен дарыған болса, «Ит емген» күйшілер шәкіртіне бойындағы бар өнерін үйретіп болып, қолдарына аспап ұстамай, өздері дәруіш болып кеткендер.
2 Жүргізуші: №16 жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушысы Әлібек Әлжәнібектің орындауында Халық күйі «Жастар биі».
1 жүргізуші: Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй -қазақ,қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні «көк» деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
2 Жүргізуші: Олай болса сайысымызды ары қарай жалғастыру үшін кезекті ортаңғы топтың қатысушыларына береміз. Сахнаға № 14 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Шайкиспарова Аяжанды шақырамыз. Құрманғазының күйі «Балбырауын».
1 жүргізуші: Келесі сайыскеріміз № 4 мектеп – лицейінің оқушысы Төлеген Темірлан. Енсеповтің күйі «Балбұлақ».
2 Жүргізуші: Қазір біреулер дауға айналдырғысы келіп жүрген «Адай» күйінің қалай шыққандығы туралы жазушы Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» деген кітабында жазылды. Онда күйдің Махамбет-Исатай көтерілісі кезінде Гекке отрядына қарсы күресте табандылық көрсеткен жасақшылар арасындағы Адай руынан шыққан азаматтарға арналып шығарылғандығы, көтеріліске Құрманғазының өзі де қатысып, адайлардың ерлігін өз көзімен көргендігі айтылған. Бүгінде «Адай» күйі Маңғыстаудың гимніне айналып отыр. Сахнаға № 4 мектеп – лицейінің оқушысы Молдабаева Айгерімді шақырамыз. Құрманғазының күйі «Адай»
1 жүргізуші: Келесі сайыскеріміз № 7 орта мектебінің оқушысы Заманбек Қанат. Қанаттың орндауында «Қыз Ақ желең»
2 Жүргізуші: Келесі сайыскерімізде бізге осы шығарманы алып келіпті. Ендеше осы «Қыз Ақ желең» күйін № 7 орта мектебінің оқушысы Бақытжанов Нұржанның орындауында қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші: Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық — демекші келесі тыңдайтын күйлеріңіз Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа». Орындайтын С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің 5 сынып оқушысы Макашев Абзал. Қарсы алыңыздар!
2 Жүргізуші: Айжан қыз күйші-домбырашы. Адайдың Қосай атасынан туған күйші қыз өз заманында композитор Құрманғазымен кездесіп, күй тартысқан әрі осы кездесуде орындаған «Адай» («Адай қыз») күйін Айжан қыз шығарған деген деректер халық аузында сақталған. Айжан қыз 1875 жылы патша өкіметінің отаршылдық саясатына мойынсұнбаған елмен бірге басқа жаққа көшіп кеткен. Оның «Айжан қыз» және «Шашбау қақбай» атты күйлері бар. Айжан қыз – адайдың күйшілік мектебін қалыптастырушылардың бірі. Ендеше келесі тыңдайтың күйлеріңіз «Айжан қыз». Орындайтын № 16 жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Мұқышева Арайлым.
1 жүргізуші: Келесі сайыскеріміз №3 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Әбілқасым Данияр. Құрманғазының күйі «Адай». Қабыл алыңыздар!
1 жүргізуші: Күй өнері сонау Мизам баба, Айыр қалпақ Айдаhар би, Қорқыт бабалардан қалған. Сол байырғы өнер ұмытылмай ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Күй тек қазақта ғана бар. Күйдің де түрлі – түрлісі бар. Келесі кезекті жоғарғы топтың күйшілеріне береміз. Сахнаға С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің 10 сынып оқушысы Ділдебаева Жайнаны шақырамыз. Боранқұлдың күйі «Кең жайлау».
1 Жүргізуші: № 19 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нақыпбек Жасұланның орындауында Тәттімбеттің «Көкейкесті» күйін қабыл алыңыздар!
2 Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында – дей отырып ортаға № 7 орта мектебінің оқушысы Искендиров Ерботаны шақырамыз. «Балбырауын» күйі қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші: Асыл – Алтын домбыра
Елімменен сырласар
Құлақ құршын қандырар
Біздің алтын домбыра! — дегендей біздің бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларымызды сахна сыртына шығарып саламыз.
2 Жүргізуші: Сахна төріне барлық сайыскерлерімізді шақыруға рұқсат етіңіздер!
Сөз кезегін әділ қазыларға береміз!
1 жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші? Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан өнерді ұмытпаған, сол ата – бабаларымыз тастап кеткен мұраны жалғастыру біздің болашақ ұрпақтың міндеті.
2 жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен біздің бүгінгі «Үкілі домбыра» атты күй сайысымыз өз мәресіне жетті! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: «Күмбірле, күй – домбыра!»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық музыкасын, мәдениеті мен өнерін түсініп, бойына сіңіре білуге дағдыландыру.
Білімділік міндеті: Қазақ халқының ұлттық өнерін, ұлттық аспап домбыра туралы түсінуі тиіс;
Дамытушылық міндеті: Оқушылардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттыру, ырғақты сезіну, биік дыбысталуды есту, есте сақтау қабілетін дамыту, домбыра аспабында күй ойнау, ән тыңдау, оқушылардың ой-өрісін жетілдіру;
Тәрбиелік міндеті: Оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастыра отырып, ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы, лекция-концерт
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен түсіндіру, күй тарту, ой бөлісу
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, әдебиет, физика, математика,
бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: домбыра, қобыз аспаптары, суреттер, нақыл сөздер, жұмбақтар, компьютер, бейне слайд, сұрақ-жауап, музыкалық сауаттылық, постерлер, фломастерлер, үнтаспа, қазақтың ұлттық киімі.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі ;
-
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру;
-
Сабақты бекітіп, қорытындылау;
Мұғалім: Ал енді, сіздер менің алдымда жатқан шоколадтардан таңдап, алу арқылы 3 топқа бөлінесіздер.
-
Домбыра, дауылпаз атты шоколад тандаган оқушылар 1-ші топқа;
-
Қобыз, жетіген атты шоколад тандаган оқушылар 2-ші топқа;
-
Асатаяқ, қоңырау атты шоколад тандаған оқушылар 3-ші топқа бөлініп отырыңыздар!
— Мен сіздерге үйге қазақтың ұлттық аспаптары жайлы қосымша мағлұмат әкелулеріңізді тапсырғанмын. Сіздер үйден әкелінген мағлұматтарды пайдалана отырып, осы сабақта берілетін тапсырманы топпен бірігіп жасайсыздар.
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру.
-
Музыка дегеніміз не? (Музыка дегеніміз — белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі.)
-
Сөз неден құрылады? (пауза) иә, ол әріптерден құрылады, ал музыкалық дыбыстар неден құрылады? (Музыкалық дыбыстар нотадан құрылады)
-
Неше нота дыбыстары бар? (7еу: до, ре, ми, фа, соль, ля, си)
Мұғалім: Олай болатын болса, нота туралы өлеңді барлығымыз бірге қосылып айтып көрейік! (Ноталардың қысқаша қайырымын оқушылар айтқан кезде, тақтаға нота дыбыстары 5 сызыққа ілінеді және де домбыра аспабында қағыстармен тартып, ойнайды.)
(Нота музыкасы қойылады. Әрбір шумақтан кейін нота дыбысы музыкалық тақтаға орналастыру домбыра аспабында ойнау)
Ноталарға қысқаша қайырым
До нотасына қысқаша қайырым:
Мен отырмын бақылап,
Бірінші сызық жақын-ақ!
До нотасы болған соң,
Көтерілем сатылап.
Ре нотасына қысқаша қайырым:
Мен ре, ре мін, ре мін,
Ре ретінде білемін,
Бірінші сызық астында ,
Қатарлсып келемін.
Ми нотасына қысқаша қайырым:
Бірінші сызық үстіне,
Шығып алдым, күш міне!
Ми нотасы боламын,
Естеріңе түсті ме?
Фа нотасына қысқаша қайырым:
Мен фа, фа нота болғасын,
Екі сызықтың ортасын,
Иеленіп жатырмын,
Меншігімді қорғасып.
Соль нотасына қысқаша қайырым:
Соль мін, соль мін, тұз деме,
Төменнен де іздеме,
Екінші сызық үстінде,
Тұрмын түспей, түс десе.
Ля нотасына қысқаша қайырым:
Мен ля, ля, ля биікпін, биікпін,
Көңілдімін сүйіктім, сүйіктім!
Аяғым екінші сызықта,
Төбем үшке тиіп тұр, тиіп тұр.
Си нотасына қысқаша қайырым:
Си нота деп аталдым,
Рас, біраз мен қиналдым,
Үш сызыққа шыққанда,
Қасыма бәрің жиналдың.
До нотасына қысқаша қайырым:
До нотаның інісімін,
Танысайық бауырлар,
Барлығыңа сәлем беріп,
Мен түсемін сатылап.
Мұғалім: Бәрекелді!
«Мінсіз болсаң – тіл бар ма?
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.», – демекші біз сабағымызды «Музыкалық үзіліс» айдарымен әрі қарай жалғастырамыз!
М У З Ы К А Л Ы Қ Ү З І Л І С !!!
-
Имашева Аиданың және де Ахмедия Асланның орындауында Бейсенғали Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз» атты әнді домбыра аспабында ойнау;
-
Жағыпар Ақбота – халық күйі «Кеңес»;
Мұғалім: Өте жақсы! Ал енді, кезекті саз жұмбаққа берейік! Оқушылар шығып, әр күйден үзінді ойнап береді, және де компьютерден әннің, күйдің үзіндісі беріледі. Ал қалған оқушылар сол күйді естіп, саз жұмбақты шешуі керек.
Егер оқушылар саз жұмбақтың жауабын таба алмасаңыздар, келген қонақтардың да көмектесулеріне болады.
С А З Ж Ұ М Б А Қ
-
Тәттімбет – «Сарыжайлау» (компьютер);
-
Құрманғазы – «Аман бол, шешем, аман бол», (Мұғалім–Усейнова Ф.Г.);
-
Нұрғиса Тілендиев – «Куә бол» (компьютер);
-
Халық күйі – «Тепеңкөк», (Әбдіқасов Зият, 3 «Б» сыныбы)
-
«Әке арманы» (Кенжалиев Әділхан, 5 «Б» сыныбы)
-
Халық күйі – «Келіншек», (Ғаппар Диас, 5 «А» сыныбы)
-
Ой қозғау
«Тақырыпты ашу»
Қай ұлттың болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспабы болады. Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен. Ең алғаш пайда болған аспаптар — домбыра мен қобыз аспабы. Уақыт өте келе
аспаптың басқа түрлері де шыға бастайды: қылқобыз, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы, асатаяқ, сазсырнай, дауылпаз, тұяқтас және т.б. (Суреттері көрсетіледі)
Бұл күні тұрақты орын алып төрден,
Әр үйдің санасына жарық берген.
Домбыра сырын жайып сан ғасырдың
Зар-мұңын бабалардың алып келген.
Домбыра туралы видеофильм «Бабалар аманаты – Ұлттық аспап — домбыра
Домбыра аспабы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады.
М У З Ы К А Л Ы Қ Ү З І Л І С !!!
-
Ал енді, ортаға 8 «А» сынып оқушысын Құрманғазының «Алатау» күйін орындауға Исатай Арайлымды шақырамыз!
-
8 «Б» сыныбы Әбдіхалық Санжар – Құрманғазының күйі «Адай»
-
Cуретті-постер жасау
-
Ал енді, сіздер қолдарыңыздағы қосымша мәліметтерді пайдаланып суретті-постер жасайсыздар. Жасап болған топ өздерінің дайын екендерін алақанмен шапалақтау арқылы көрсетесіздер. Суретті-постер жасау үшін сіздерге берілетін уақыт саны – 3 минут. Суретті-постерді қорғауға (2 минут) топ басшысшы мен бір топ мүшесі ортаға шығады. Іске сәт!
1 топ Суретті-постер тақырыбы: «Домбыра, дауылпаз» |
2 топ Суретті-постер тақырыбы: «Қобыз, жетіген» |
3 топ Суретті-постер тақырыбы: «Асатаяқ, қоңырау» |
Мұғалім: Міне, балалар әр топтың дайындалғандары көрініп тұр!
-
Сабақты бағалау
Бағалау парағы
№ |
Критерий Аты-жөні |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру |
Саз жұмбақ |
Суретті-постер |
Қорытынды |
1 |
|||||
2 |
|||||
3 |
|||||
4 |
|||||
5 |
|||||
6 |
Мұғалім: Ал, балалар сіздердің ойларыңызды білгім келеді.
-
Ой-толғау. «Сыр-сандық»
-
Музыканы өмірмен қалай байланыстыра аласыздар ма?!
-
Сәтбаев қаласының мақтанышына айналған өнерпаздары туралы айтсаңыз.
-
Қаланың абыройын асқақтатқан, талант иелерін бір сөзбен қалай атауға болады?
Мұғалім: Ендігі кезекті ән мен күйге берейік! Жергілікті ақын Мәуия Бекмағанбетованың сөзіне және де композитор Нұрлан Керімбековтың әніне жазылған «Сәтбаев вальсі» атты әнді оқушылармен бірге 5 «А» сынып оқушысы Жағыпар Ақботамен бірге қосылып айтайық!
-
Сабақты қорытындылау
Мұғалім: Ал, енді бүгінгі сабақтан алған өздеріңіздің білімдеріңізді, көтеріңкі көңіл-күймен, барлығымыз бірігіп, халықтың «Еркем-ай» әнін тартайық;
Келесі тыңдайтындарыңыз халықтың «Жастар» күй;
-
Рефлексия
Мұғалім: Әр топтың алдарында түрлі-түсті стикерлар жатыр, сіздер осы стикер бетіне сабақтан алған әсерлеріңізді жазып, ортаға шығып рефлексия жасаймыз.
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Сценарий «Волшебная домбра»
ко Дню Домбры в Казахстане
Цель: Формирование понятий о народных традициях.
Задачи:
Формировать познавательный интерес дошкольников к национальным музыкальным инструментам, интерес к казахскому народному творчеству и
обычаям. Развитие способности любви к окружающим, доброжелательности,
любознательности, находчивости. Воспитывать любовь и уважение к традициям. Создать
праздничное настроение.
Ребёнок одетый в казахский
национальный костюм выбегает и громко говорит :
Сүйінші! -2 раза
Кто
не слышал, слушайте,
кто
не видел, смотрите!
Праздник
«Домбры» — начинается!
Ведущая:
Играй свой кюй, домбра,
играй,
Напев чудесный разливай,
Журчи, как горные ручьи,
Да сердце радость напевай.
Чтоб весь туман в горах исчез,
Чтоб тучи все сошли с небес,
Чтоб все заслушалось тебя, —
Твои напевы полюбя,
Еще сильней, домбра, играй!
Звучит грамзапись
звучание домбры
(Входит Айсулу)
Айсулу:
—Сәлеметсіздерме, балалар! Домбра тойы
құтты болсын! Я очень рада встретиться с вами .Какой сегодня
радостный и солнечный день!
Ведущая:
—Здравствуй, Айсулу! И мы очень рады встрече с тобой.
Айсулу:
-У меня для вас есть подарок.
(дает ведущей домбру. Ведущая
благодарит Айсулу за подарок)
Ведущая: Невозможно представить Казахстан без прекрасной
мелодии ,без домбры. Домбра- самый любимый народный инструмент.
Домбра – одна
из любимых музыкальных инструментов у казахского народа. Домбра умеет плакать и
веселиться, домбру берут с собой в дорогу, домбра помогает в пути, под звуки
домбры соревнуются в пении, а девушки танцуют под её волшебные звуки.
Айсулу: Домбра может рассказать, как бежит
осенний ручей, как стремительно несётся табун лошадей, как грустно бывает вдали
от дома, как весело и звонко смеются дети, играя в степи.
Это домбра не простая –
волшебная. Если вы скажете волшебные слова: «Волшебная домбра поиграй…»- то
кто-то появится или что-то произайдёт.
Ребенок
Три колышка да две струны,
Да девять узелков — домбра.
Да десять пальцев, что вольны
Любые вызывать ветра.
Скачите, пальцы, словно конь,
В прекраснейшей из всех погонь,
Играй еще сильней, домбра!
(Гости родители – Камалиденова Б.М. , Ахаева К.Б. играют на домбре)
Родитель читает стихотворение
Владимира Ангарского в сопровождении видео клипа
И запела домбра: как всегда
Льется музыка - так хороша,
Будто кони летят по степи.
Ты попробуй их догони.
Потом стихнет немного домбра,
Запоет чуть потише она.
В арыках заструилась вода.
Звуки домбры зовут все меня.
Звук домбры изменился, стал звонче,
За собою он в горы позвал.
Я увидел такие красоты,
И Медео я вновь увидал.
Это все я увидел, ведь дома
Мне домбра рассказала сама.
Только музыку надо услышать.
До чего же домбра хороша!
Она друг ведь тебе и попутчик,
И поможет она и в беде,
Только слушай ее повнимательней,
А она все расскажет тебе.
Айсулу:
(отрывок из стихотворения «Домбра» Ольги Григорьевой)
Горяча
домбра, горяча,
Вьётся музыка, как огонь.
Струны сами собой звучат,
Раскаляются, только тронь.
Их коснёшься правой рукой,
Растревожишь слегка, чуть-чуть,
И заслушаешься домброй,
И отправишься с нею в путь…
(Танец с домбрами- девочки
танцевальная группа «Жауқазын» )
Айсулу:
Игра «Выложи домбру из
шишек»
(рисованный мелом белый силуэт домбры, дети по
силуэту выкладывают шишками )
Айсулу:
Игра
—
День Домбры праздник всех казахов? (хлопают)
— У
домбры 7 струн? ( топают)
— Домбра
это национальный музыкальный инструмент казахов? ( хлопают)
— Домбра
это духовой инструмент ? (топают)
— Кюй играют на домбре? ( хлопают)
–День
домбры это праздник лета и дружбы (хлопают)
Ведущая:
Игра «Нарисуй Домбру» (мольберт, ватман, маркеры)
Айсулу:
Загадка:
Она
музыканту была дорога.
В
звуках её очень много добра.
Зовётся
она очень просто… (ДОМБРА)
Кетбұғаға
көмектесті қайғыда.
Музыкантқа
ашты болашақ жолды да.
Дауысы
мейірімге толы.
Оның
атауы аталады… (ДОМБЫРА)
Ведущая:
Игра. «Укрась Домбру узором» (силуэты домбры,
казахские узоры)
Айсулу:
Домбра, домбра, твое звучанье
Как запах цвета от земли
В ней радость жизни и страданья
В ней чаша полная любви
Не умолкай, пусть в жизни вечной
Летит над степью песнь твоя
В которой будут бесконечно
Звучать слова: Земля Моя!
( Василий
Гаврилиди)
(выступление
домбристов-сотрудников ясли-сада Камалиденова Б.А.
Хожа М.)
Благославение старших
(аже дает детям благославение )
Скачано с www.znanio.ru
Макенова Жанар Байғуанышқызы І санатты жоғарғы деңгейлі тәрбиеші. «Айнагүл» бөбекжай-бақшасы МКҚК, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Преснов селосы |
«Арман» ересек тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білімдік облысы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық».
Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу», «Жапсыру».
Білімділік: Сәбидің дүниеге келуіне байланысты жасалатын ұлттық салт-дәстүрлер туралы балалардың білімдерін қайталап бекіту. Күй атасы Құрманғазы, қазақ халқының ұлттық музыка аспабы домбыраның құрылысымен, сыртқы ерекшеліктерімен, үнімен, жасалу жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын байытып, ауыз екі сөйлеу тілдерін жетілдіру. Домбыраны ою-өрнектермен әшекейлеп, қайшымен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды отан сүйгіштік сезімге баулып, ата-бабамыздың бай мұрасын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Әңгімелеу, көрсету, түсінік беру, технология қолдану, дамыту ойындары; салт-дәстүрлерді атау, айтыс, мақал-мәтел айту, күй тыңдау, тілдерін жаттықтыру.
Сабақтың барысы
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар. Балалар шеңбер құрып, қонақтармен амандасайық!
Арайлап, таң атты!
Күн сәулесін таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды күніміз
Сәлеметсіздер ме балалар!
Сәлеметсіз бе Жанар Байғуанышқызы!
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде қоршаған ортамен танысу және жапсыру сабағы болады.(Есік қағылады, иығында қоржынымен домбырасы бар Алдар көсе кіріп келеді).
Алдар-көсе:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балаларды сағынып,
Алыс жолдан келдім мен.
Өнер сүйер бөбектерге,
Сыйлық алып келдім мен.
Алдар-көсе: Міне сиқырлы қапшық тауып алдым. (Тәрбиешіге береді). Оның ішіндегі тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сыйлық аласыңдар деп жазылыпты. Тапсырмаларды өзім орындай алмағасын сендерден көмек сұрай келдім, тез сыйлық алғым келеді.
Тәрбиеші: Ал, балалар көмектесеміз бе?
Тәрбиеші: Балалар, мына хаттың ішінде не бар екен?
(Сиқырлы қапшықтың ішіне салынған хатты ашып, ондағы тапсырма жайында балаларға түсінік береді).
Дамыту ойын «Салт-дәстүрлерді ата». (Слайдпен көрсетуі).
Шарты: балалар салт-дәстүрлер туралы тәрбиешінің сұрағына жауап беріп, дәстүр бейнеленген көрністің суретін табады.
— Отбасында бала дүниеге келгенде сәбидің бауы берік болсын, дені сау болсын деп, тілектер айтып қонақтар келеді.
— Бұл қандай дәстүр?
— Жауабы: «Шілдехана» дәстүрі.
— Ата баланың құлағына есімін дауыстап үш рет айтады.
— Бұл қандай дәстүр?
— «Балаға ат қою» дәстүрі.
— Баланың шашын, тырнағын алады, суға шомылдырып, оған қырық қасық су құяды.
— Бұл қандай дәстүр?
— «Қырқынан шығару дәстүрі».
— Қонақтар келеді, тыштырма жейді, әже көпшіліктің астына бала денсаулығы мықты болуы үшін тарақ, айна, таза болу ы үшін сабын, батыр болуы үшін қамшы салады.
— Бұл қандай дәстүр?
— Жауабы: «Бесікке салу«дәстүрі.
— Сәби алғаш рет қадам жасайды. Осы кезде ата-анасы қандай той жасайды?
— «Тұсау кесу» тойын жасайды.
Тәрбиеші: Балалар мынау қандай аспап?
Ал көңіл күйді көтеру үшін қандай өнер түрін қолданады?
Балалар: Ән айтады, домбыра тартады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
— Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары: қобыз, жетіген, сазсырнай, аса таяқ т. б.
Домбыра — халық даналығы. Домбырадан төгілген күйлер халқымыздың тынысы, табиғаттың ғажайып үнін бейнелейді. Күйлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Тәрбиеші:
Домбыра туралы тағы не білесіңдер?
Домбырамен сөйлеген
Махаббаты халқымның
Жігер беріп күй деген
Жарқырады алтын күн. Мансұр
— Домбыра қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы.
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраның құрлысымен танысамыз. Мынау домбыраның басы, құлағы, сабы (мойны), пернелері, кеудесі, қақпағы, ауызы, тиегі, шектері, қорғаны, түп тиегі. (Тәрбиеші домбыра құрылысының атауларын атап көрсетеді. Балалардан қайталап айтып беруін сұрайды).
Тәрбиеші: Балалар, атақты күйші Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» т. б күйлері бар.
Алдар-көсе: Мен өзіммен бірге алып келген домбыраммен сендерге күй тартып берейін. Құрманғазы атамыздың күйі «Балбырауын» (Құрманғазының «Балбырауым» күйін Алдар көсе орындайды).
Тәрбиеші: Балалар, Құрманғазының қандай күйін тыңдадық?
Балалар: — «Балбырауын«күйін тыңдадық.
Тәрбиші: -Күй немен орындалады?
Балалар: — Күй домбырамен орындалады.
Сергіту сәті: «Киіз үй»
Орнымыздан тұрайық,
Керегені керейік.
Уықтарды көтеріп,
Шаңырақты біз құрайық.
Алдар-көсе: Балалар мен әр түрлі тойларға барып домбырамен өлең айтамын. Менің жолдастарым да өлең айтқылары келеді. Бірақ олардың домбыралары жоқ. Сендер жасап берсеңдер, олар қатты қуанар еді.
«Домбыраны әшекейлеп ою-өрнек жапсыру»
Балалар, кәне ою түрлерін атап шығайық. «Қошқар мүйіз», «Тұмар», «Құс қанаты», «Су тамшысы».
Тәрбиеші:
— Балалар, енді әсем безендірілген домбыраларымызды Алдар көсеге сыйға тартайық. Алдар көсенің жолдастары қуанып қалсын.
— Балалар мында тағы бір тапсырма бар екен. Өнер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
«Өнер алды қызыл тіл», «Өнерлінің өзегі талмас», «Өнерлі бала сүйкімді».
Тәрбиеші: Балалар, сендер Алдар көсеге, келген қонақтарға айтыстан үзінді айтындаршы. Халқымыз айтыс өнеріне ерекше мән берген. Қазір бізде айтыскерлерімізді ортаға шақырып, өнерлерін тамашалайық.
Ата-баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
Айтыс десе қызығып Ерасыл
Біздер дайын тұрамыз.
Ойыншыққа бұрын мен,
Қызыққанда шығармын. Алишер
Қазір, міне өсіп ем,
Домбыраға құмарттым.
Қолың жетпей мойныңа,
Қиналмайсың тентегім Томирис
Алып жатып қойныңа
Түсіңде де шертесің.
«Сарыарқаға күй тең келер ме,
Тартсам кетем желпініп Даниал
«Айгөлекті«икемге
Жүрмін енді келтіріп.
Үкі тағып басына,
Күнде қолға аласың Дилара
Әкеңнің домбырасына
Қашан ие боласың?
Айналайын халқым-ай
Болсын жүзің жарқын-ай
Ата-салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай
Тәрбиеші: Балалар жақсы өнер көрсетті.Оларға қошемет көрсетейік.
Алдар-көсе: Балалар, сендер өте білімді, мейірімді балалар екенсіндер. Мен сендерге ризамын. Мен бір тойға барамын. Сендерге сыйлығымды тастап кетейін. Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз!
Сабақты қортындылау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
— Бізге кім қонаққа келді?
— Қандай салт дәстүрлерді атадық?
— Домбырамен таныстық па?
— Қандай ою түрлерін білесіңдер?
Тәрбиеші: Балалар сендер домбыра туралы өлең білесіңдер ме? Онда келген қонақтарға арнап «домбырасыз ән қайда» орындап берейік.
Алдар көсенің тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, енді сиқырлы қапшық түбінде қандай сыйлық бар екен, тобымызға барып қарайық.
Сау болыңыздар!
Мотивациялық-қозғаушылық
Музыка залына көңілді музыка әуенімен бірінен соң бірі тізіліп, нақты қадаммен келеді. Шаттық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді.
Домбыра қайда барсам тастамаймын,
Әнмен сенсіз өлең бастамаймын.
Екі ішек, он бір перне, бір тиектен,
Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.
(Кенен Әзірбаев)
Балалар музыка залына көңілді әуенмен келеді.
Көңілденеді.
Өленң жолдарын мұқият тыңдап мағынасын түсінуге тырысады.
Балалар көңілді әуенмен залға көңілдене кіріп адымдап, жүреді.
Өлеңнің мазмұнын түсінуге тырысады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Домбыра-қазақ халқының арасында өте ерте заманда кең тараған, қос ішекті шертіп ойнайтын аспаптың бірі. Домбыра әртүрлі үлгіде ағаштан ойылып жасалады.даусы майда қоңыр құлаққа жағымды.
Музыка тыңдау: «Келіншек» (халық күйі)
Күйді белгілі бір композитор шығарып, бір-бірінен естіген күйінде үйреніп, кейін шығарған адам ұмытылып қалған.
«Келіншек» күйі жаңадан түсткен жас келіншекке арналып шығарылған, жас келіннің жүріс-тұрысы, ширақ қимылы суреттелген.
Ән үйрену: «Домбыра сазы» (И.Нүсіпбаев, Х.Талғаров).
Ибрагим Нүсіпбаев балаларға арнап көп әндер жазған қазақ композиторы (Суретін көрсету.)
Мысалы: «Айналайын ақ мамам», «Кір қуыршақ», «Біз туған күніміз»,
«Қыс қызығы», «ойыншықтар» әндерін жазған.
Музыка жетекшісі әнді орындап береді. Балалардан ән туралы түсінігін сұрайды.
Әннің мәтінін қайталап, әуенімен қосылып үйренеді.
Ойын: «Соқыртеке»
(Е.Хасанғалиев, А.Асылбек)
Бұл ойынның мәтіні де, ойыны да басқалау. Бір баланың көзін байлап, ол басқа балаларды әндетіп жүріп іздейді.
Би: «Полька» ирландский полька
Би өте көңілді жеңіл, екпінмен жүгірге орындар береді.
Домбыра аспабын қолдарына алып, қызықтап, шертіп көреді.
Күйді зейін қойып тыңдап көңілді-көңілсіз, жылдам-ақырын бояуларын ажыратуға талпынады.
Әнді әуенімен бірге әндете айтып үйренеді.
Әндердің атауларын жетекшімен бірге қайталап сөздік қорын арттыруға тырысады.
Ойынға белсене қатысады.
«полька» биін ырғағын, сипатын ажырата соған сай қимылдарын үйренеді.
Домбыра аспабын ұстап таңырқап қуанады.
Күйдің көңілді-көңілсіз, жылдам-ақырын сипатын ажыратуға тырысады.
«Домбыра сазы» әнін көңілдене айтады, мәтінін жатқа шатаспай айтуға тырысады.
Бірге қайталап айтып үйренеді.
Әр бала ойынға белсене қатысады.
Би қимылдарының сипатын ажырата билеуге тырысады.
Рефлексиялық — түзетушілік
-Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ән тыңдадық, қандай ән үйрендік?
-Әнде не туралы болды?
-Ойынымыздың аты қалай аталады?
Бігінгі іс-әрекетіміздің қай бөлімі ұнады?
Қорытындылау, бағалау.
Балалар көтеріңкі көңіл-күймен топтарына тарайды.
Жауап беруге талпынады.
Көңілдене қоштасады.
Тема: Волшебная домбра.
Цель : формирование понятий о народных традициях. Задачи: — углубление знаний детей о казахских национальных обычаях; — развитие способности любви к окружающим, доброжелательности, любознательности, находчивости. — создать праздничное настроение. — привить интерес к казахскому народному творчеству и обычаям. — воспитать любовь и уважение к традициям. — активизация познавательной деятельности дошкольников№ |
Ребёнок вбегает в зал и громко говорит : Сүйінші! -2 раза
Альберт: Слушайте, слушайте,
Пришел весенний праздник!
Кто не слышал, слушайте,
кто не видел смотрите!
Праздник «Наурыз» — начинается!
Шахназар: О,алақай,алақай! Наурыз тойы келді,
Күн нұрын шашіп ,
Ойын ,күлкі әкелді!
Дети заходят в зал с танцем « Весенний вальс» Б. Тулегенова
Ведущий: Сегодня мы собрались в этом зале встретить весну. На нашу казахстанскую землю пришел весенний праздник Наурыз. Суть этого праздника в единстве человека с природой. Наурыз отмечается в день весеннего равноденствия. Приходит равноденствия с 21 на 22 марта. Люди заранее готовятся к встрече этого праздника. Проводится уборка жилья, мужчины идут расчищать родники и сажать деревья. Молодежь дарит подарки друг другу. Специально к празднику из 7-ми компонентов готовят Наурыз – коже. Ближе к вечеру начинается айтыс – словесное состязание акынов в соправождении домбры. В нем могут участвовать все: молодые, пожилые.
Анеля: Жылдын басы –Наурыз !
Ульяна:Жардын басы- Наурыз!
Рината:Наурыз тойы , құтты болсын қалайық!
Настя:
Наурыз- это праздник веселья,
Наурыз- это праздник весны.
Наурыз- это праздник цветенья,
Наурыз — это праздник любви!
Рината:
Приди в семью любовь и мир.
Достаток, радость и согласье.
Пусть вместе с нами тут живут
здоровье и большое счастье!
Мы здесь сегодня собрались
Чтоб встретить праздник – Наурыз!
Улыбки, игры, шутки, звонкий смех,
Пусть радуют сегодня всех.
Алина: Когда приходит праздник Наурыз,
Цветут сады, цветут поля.
Когда приходит праздник Наурыз,
Весною дышит вся земля!
Песня « Весна пришла»
Ведущий: Ребята, Наурыз приходит в такое прекрасное время года, когда деревья просыпаются после зимних стуж. Солнышко греет землю.
Давайте поприветствуем Наурыз! (Входит Наурыз с домброй)
Звучит грамзапись звучание домбры
Наурыз: Сәлеметсіздерме, балалар! Наурыз тойы құтты болсын! Я очень рада встретиться с вами.Какой сегодня радостный и солнечный день!
Ведущий: Здравствуй, Наурыз! И мы очень рады встрече с тобой.
Наурыз: У меня для вас есть подарок. Это домбра не простая – волшебная. Если вы скажете волшебные слова: «Волшебная домбра поиграй…»- то кто-то появится или что-то произайдёт.
Наурыз: Давайте попробуем:
Волшебная домбра, поиграй,
Гостей сюда приглашай!
(Инсценирование казахской народной сказки « Чудесная шуба»)
В роли Бая -Шахназар, Алдар- Косе- Альберт
Ведущий: Спасибо, тебе красавица Наурыз!
Наурыз: А теперь мальчики могут сыграть на волшебной домбре и пригласить гостей.
Мальчики: Волшебная домбра, поиграй,
Девочек наших на танец приглашай!
Танец «Қамажай»
Ведущий: Наурыз – это праздник весёлых, задорных игр.
Игра 1. « Кто быстрее »- тот кто поймал платочек тот целует девочку.
Игра 2. «Тенге алу»(проскакать на лошади, по ходу движения собирать монеты, кто больше собрал тот считается победителем)
Игра3. на внимание:
-Наурыз праздник всех казахов (хлопают)
— Национальное блюдо казахов хачапури ( топают)
— Степной цветок Казахстана тюльпан ( хлопают)
— На масленицу пекут баурсаки ( топают)
— Бешбармак едят французы (топают)
— Казахи гостеприимный и дружный народ ( хлопают)
–Наурыз это праздник весны и дружбы (хлопают)
Наурыз: Волшебная домбра, поиграй
Гостей сюда приглашай!
Матрёшка: Я весёлая матрёшка….
Танец: «Русские матрёшечки»
Наурыз: Волшебная домбра , поиграй
Традиции и обряды казахского народа.
Ведущий: А сейчас пришло время окунуться в прошлое нашего народа и показать вам обряд.
Бабушка нашей Адели сегодня у нас в гостях. Сейчас вы ребята увидите обряд « Түсау кесу»-« Резание путы ребёнку». Как говорится один раз увидеть, чем сто раз услышать.
(показ и объяснение)
Ведущий: Мы желаем этому малышу, чтоб он шел верной, чистой и светлой дорогой. В жизни его не встречались черные полосы. А в душе всегда была весна.
Ведущий: До наступления праздника люди приводили в порядок свои дома, расплачивались с долгами, поссорившиеся — мирились. А в этот день каждой семье накрывали дастархан — скатерть с различными явствами. Для угощения соседей готовилась похлёбка — «Наурыз-көже»
Бабушка нашей Анели сейчас расскажет о приготовлении «Наурыз коже».
В состав входит обязательно мясо, которое означает отказ от тяжёлых зимних блюд. Белый айран(кефир) или қүрт, вообще белое – это как «ақ жол, белая дорога». Обязательное добавление круп – означает будущий урожайный год. Всего должно быть 7 компонентов. Наурыз коже надо доесть до конца. Это означает, что год будет сытым.
7 элементов жизни: вода, мясо, соль, жир, мука, злаки ( рис, кукуруза, пшеница и молоко. Это ингридиенты символизируют радость, удачу, мудрость. Здоровье, благосостояние, скорость, рост и божественную защиту.
Анеля:
Свети нам солнышко свети,
Легко с тобой живётся.
И даже песенка в пути,
Сама собой поётся
Данила:
Пой расти и расцветай,
Солнечный прекрасный край,
Песней славлю я тебя,
Казахстан – земля моя!
Аделя:
Брызги солнца вширь и ввысь!
Это праздник — Наурыз!
Он в улыбках тысяч лиц-
Это праздник Наурыз!
Надя:
К нам в окошко льётся песня
Всюду музыка слышна.
Нынче празднует рождение
Казахстанская страна!
Ведущий: А сейчас в знак благодарности мы спаём песню.
Песня «Весенняя капель».
Шахназар: Наурыз кұтты болсын ағайын!
Алина : Деніміз сау болсын!
Настя : Наурыз мерекесі құтты болсын!
Милана: Барлық халық бақытты болсын!
Ведущий:Қош сау болыңыздар халайық !
Благославение старших (бабушки дают детям благославение )