«Дәрігермен кездесу» сабағы.
3 сынып оқушылары «Біз әлемді зерттейміз» сабақтарында адам ағзасы мен оның жүйелерін зерттеу үстінде. Балалар сабақта адамның дене мүшелерінің суретін салып, ағзадағы әр түрлі жүйелердің, дене мүшелерінің модельдерін жасады. Олар тәжірибе жүргізіп, адам ағзасындағы кейбір жүйелер мен органдардың қалай жұмыс істейтініне көз жеткізді.
Тақырыпты зерттеу соңында балалар адам дене мүшелері, ағзадағы түрлі жүйелер мен органдар туралы брошюралар жасамақ. Әрбір бала өзінің жеке-даралығын таныта отырып, жұмысқа шығармашылықпен кірісетін болады.
3 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер тобы оқушылардың адамның дене құрылысы мен ағза жүйелері туралы түсініктерін кеңейту мақсатында дәрігер Айман Онласбекқызы Сәрсенова мен 3 С сынып оқушысының анасы Жания Сәрсенованы кездесуге шақырды.
Дәрігер балаларды дайындап әкелген қызықты презентациясымен таныстырды, ол мұнда адам ағзасындағы әрбір жүйені көрсетіп, түсіндіріп айтып берді. Айман Оңласбекқызы кездесуге микроскоп, стетоскоп, адам денесінің қаңқасы моделін, қанның оттегімен қанығуын (қанықтылығын) өлшейтін құрал — импульстік оксиметрді алып келді. Дәл қазір бұл құралдардың рөлі аса маңызды. Балалар аталған құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен танысты, олармен жұмыс істеп көрді.
Айман Оңласбекқызы «Дәрігер — пациент», «Зертханалық зерттеу» рөлдік ойындарын ұйымдастырды. Бұл ойындарға балалар да, мұғалімдер де белсенді түрде қатысты. Балалар кездесу соңында зерттеу жұмыстарына қатысты туындаған қызықты сұрақтарын қойды. Өте қызықты, тартымды өткен кездесу оқушылардың ой-өрісін, сабақта алған білімдерін кеңейте түсті. Студенттер зерттеу тақырыбын аяқтай келе, саламатты өмір салтының адам ағзасы мен оның барлық жүйелері үшін қаншалықты маңызды екендігін түсінеді. Сондай-ақ, балалар мектептегі басқа оқушылармен тақырып бойынша жинақтаған білімдерімен бөлісе алады. Олар 1 сынып оқушыларына дұрыс тамақтану, спорт және таңғы жаттығулар туралы әңгімелеп береді.
PYP үйлестірушісі.
3 сынып мұғалімдері командасы.
«Бүгінгі оқушы ,ертеңгі студент»студенттермен кездесу кешіне арналған сценарий
Материал жайлы қысқаша түсінік:
«Бүгінгі оқушы ,ертеңгі студент»студенттермен кездесу кешіне арналған сценарий. Биылғы жыл «Жастар жылы» деп аталды. Ауылымыздың түлектері және осы ауылда білім алып,жоғарғы оқу орынын бітіріп ауылда әр түрлі салада қызмет істеп жүрген аға буынмен болашақ жастардың арасында кездесу өтті.Ойындар ойнатылды.Сұрақтар қойылды.Көңілді кеш болды.
Төмендегі Барлығы толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
«Бүгінгі оқушы ,ертеңгі студент»студенттермен кездесу кешіне арналған сценарий
Мухамеджанова Айгуль Токтасыновна
Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы,Бөкенші ауылы, «Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі»КММ Аға тәлімгер Мухамеджанова Айгуль Токтасыновна.
08.02.2019
3219
6
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
Сыныбы: 10а, ә
Дебат Ел ертеңі — жастар ой — бөліс сайыс сағаты
Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
— Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
— Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
— Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
— Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
-«Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында ой қозғату;
— Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;
Түрі: Дебат (пікірсайыс)
Әдісі: Сұрақ — жауап, ситуация туғызу, нақты дәлелдер келтіру.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты бейне материал («Хабар» арнасынан үзінді сюжет)
Өту барысы (Қ. Мұрзалинаның сөзі):
Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында сондай — ақ биылғы жылы жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы», «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламаның мақаласы мен Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде де жастар мәселесіне баса мән берілген. Жастар ел дамуының негізгі күші. Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес, ол ел болашағы. Жастарға ешуақытта біреуге иек артып мемлекетке қарап алақан жайып жүру жарасқан емес. Мемлекет тек өз шағында жұмысын атқарып зейнетке шыққан қарияларға жұмыс істей алмайтын мүгедектерге ғана көмектеседі. Ал он екі мүшесі сау ойлай алатын еңбек ете алатын құрыштай мықты жастар өз еңбектерімен жолын тауып, бала — шағаларын асырап, елінің өркендеуіне еңбек етуі тиіс. Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес, мен еліме, жұртыма мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс. Сонда біз өркендейміз.
Әділ — қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік:
Әділ — қазылар мүшелері:
1. Тәрбе — ісі жөніндегі орынбасары:
2. Бейімдік оқыту жөніндегі орынбасары:
Бұл пікірталасқа 10 а, ә сынып оқушыларынан құралған жақтаушы тобы және даттаушы тобы қатысады.
Жақтаушы тобы
Қарары: «Жас Отан» жастар қанатының съезі – барлық қазақстандық жастар үшін ерекше маңызды оқиға.
Топ мүшелері:
1. Арай
2. Айгерім
3. Мөлдір
Даттаушы тобы
1. Жанар
2. Ақнұр
3. Олжас
Топ спикерлеріне қойылатын талаптар:
1. Дебат ережесін сақтау
2. Тақырыптан ауытқымау.
3. Сөйлеу шеберлігі
4. Жоғары мәдениеттілік
5. Өзіндік айқын көзқарастың болуы
Пікірталас ойын шарттары
1. Әр топ өзін таныстыру.
2. Екі топ өз ойларын ортаға салады
3. Регламент сақтау
4. Екі топ өзара сұрақ алмасады
5. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
Тақырыпқа байланысты бейне сюжетке назар аударамыз.
Енді сөз кезегін оқушыларға берсек:
Жақтаушы тобы 1 — оқушы: Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.
Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже — ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз. 1986 жылдың желтоқсаны – қазақ жастарының бостандыққа бағыт алғанын айқын көрсетті. Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде өлімге бас тігіп, өзгеге үлгі бола білген жастарымыз өздерінің аттарын тарихқа алтын әріппен жазды. Қайрат пен Ләззаттар «бізді өлтіруге болар, бірақ қорлауға жол бермейміз»,- деп қасық қандары қалғанша ар — намысын таптатпай, өр рухтарымен ерекшеленді. Сол «желтоқсаншылардың» сара жолымен келе жатқан қазіргі жастарымыз егемен елдің көк байрағын әуелетіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, болашаққа нық қадам басып келеді.
Дебат Ел ертеңі — жастар ой — бөліс сайыс сағаты жүктеу
Тақырыбы: «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»атты студенттемен кездесу кеші.Кешке қатысушы көрермендер:- 9-11-сынып оқушылары- Студенттер- ҰстаздарПікір айтушылар:Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттерКештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. 2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуІ-жүргізушіКіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі ««Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»а» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын, жалпы жоғары сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.ІІ-жүргізуші: Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.І- жүргізуші:Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары- мектебіміздің түлектері. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан Сен де бір- кірпіш дүниеге, Кетігін тапта бар қалан
– дей отырып, бүгінгі мектеп оқушылырының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.ІІ- жүргізуші: Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін, Мерекең, құтты болсын, түлектерім. Қол соғып ортамызға шақырайық, Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін
— деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).
Олар:
ІІ- жүргізуші: Қош келдің тәуелсіз ел қырандары, Жақсы атың шартарапқа шығар әлі. Өнеге үлгі болған кішілерге, Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,
деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Ерболат Мұратқалиұлына береміз.
І- жүргізуші: Ұрпағы ұландары текті жердің, Қашанда болмысыңа сүйінемін Кешегі ғалымдар да, мамандар да, Шығады өздеріңнен деп білемін
Келесі сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Құралай Қыдырқызына береміз.
ІІ- жүргізуші:
Студент ертеңіне жол ашады, Асқақта нұрлы болар болашағы. Дәл осы мектебімде білім алып, Арманға аласармас қыр асады,
деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарығыз жөнінде айтып берсеңіздер.
І- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер сіздерге арнаған жеңіл сұрақтарымыз бар. Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
Қатысушыларға берілер сұрақтар: — Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
-Сіздердің арасында педагог саласын таңдаған студенттер бар. Құдай қаласа оқу бітіргесін өздеріңіздің алтын ұя мектептеріңізге қайта келесіздер ме?
-Медицина саласын таңдаған студент,сіз біздің кентімізге келесіз бе?
-Мектеп өмірінің қай кездерін жиі еске алып жүресіздер?
-оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде?
ІІ-жүргізуші. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.(Фигура суырып, отырады болған соң анықтамасы оқылады)Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.І-жүргізуші: «Суретті қимыл» ойын. (ортаға екі студент шығады, біреуі суретті ұстап тұрып екіншісі сол суретті бейнені қимылмен бейнелеп беру, суретті ұстап тұрған студент сол бейнені не екенін табу).ІІ-жүргізуші:Сіздерден «Қонақ кәде» сұраймыз. Мектебіміздің үлгілі оқушысы болған, қазір өнер саласында білім алып жатырған Біржан ағамызды ортаға шақырамыз. І-жүргізуші :Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Маман — қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді , белгілі бір мамандықтың өкілі.Мамандық — адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.
ІІ-жүргізуші :
Студент «анықтамалығы»Университет – «Өмір мектебі» Декан – «Менің Әуезовім» Замдекан – «Оң қол» Ұстаз – «Ағалардың алақаны» Дәріс – «Өліара» Сабақтан қайтқанда – «Тойдан қайтқан қазақтар» Студенттік шақ – «Дүние-думан» Танысу – «Менің атым Қожа» 1-курс – «Әңгүдік» 2-курс – «Пысық болдым, мінеки» 3-курс – «Асуда» 4-курс – «Қош бол, менің ертегім» Магистрант – «Мәңгілік бала бейнесі» Аспирант – «Жоқ іздеген жігітпін» Семестр – «Біздің жақта қыс ұзақ» Староста – «Жау тылындағы бала» Емтихан – «Қан мен тер» Емтихан тапсырғанда – «Сергелдең болған серілер» Сессия соңы – «Аласапыран» Диплом жұмысы – «Соңғы парыз» Жатақхана – «Ақын. Періште. Махаббат» Бөлме – «Жетінші палата» Демалыс – «Сағыныш» Комендант – «Аспандағы әпке» Вахта – «Қорқыттың көрі» Вахтерша – «Бандыны қуған Хамит» СМС – «Жүректегі жазулар» Қалыңдық – «Ең әдемі келіншек» Үйленгеннен соң – «Ол көктем оралмайды»Ойын: « »
І-жүргізуші :
Студенттер, аяулы ақ мамандар, Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.Қыз қуып терезеге қарағандар Білім қуып бөлмеге қамалғандар. Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер, Ауылға жиі айтатын сәлемдері: “Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!” Студенттер, сарылып ой қуғандарҚарынды қанағатқа тойдырғандар Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,Күн сайын, апта сайын той қылғандар. Студенттер, болашақ жас мамандар, Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.Бастарына тек кітап жастағандар, Студенттер, ұстазға ұнағандар. Сүрінгендер, кей жерде құлағандар Қайтадан тапсырам деп жылағандар Тәттіні, ащыны да татып тұрар Студенттің жан сырына құлақ саңдар, Сонда да жандарында жанып тұрар. Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды, Студенттер, Студенттер, Бақыттылар!!!
Өздеріңізге арналған шағын концерттік бағдарламамызды ұсынамыз
(Әзірлеген номерлерді жіберу)
ІІ-жүргізуші: Самғаңдар бейбіт елдің аспанында, Зулайды жастық дәурен қас-қағамда. Мектебің ұстаздарың алтын қазық, Тілейді сәтті қадам жастарына.
Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлайман Асылбекқызына б…
rnrn1-жүрг. Қылышын сүйреткен қыстың қаһарын жібітіп, ақ көрпенің тігісін сөгіп, арамызға Көктем келді.rnrnКөктемім менің, қыбырлаған құмырсқадан саналы адамзатқа дейін қыстың ұзақ күнінде жадыраған жаз мезгіліне жол ашатын өткеліңді сарыла да сағына күттік. Міне, құшағыңды ашып, күлімдеп, өзіңе де жеттің, жүректі тербетіп, жырымызды ояттың. Көкірегімізден өрлеген өлеңімізге құлақ салшы, Көктем!rnrn rnrn2- жүрг.Сыпырып ап ақ көрпесін даламныңrnrnАнасына ұқсап тұрсың ғаламныңrnrnСағынышты әлеміңе күлімдеп,rnrnҚадам басқан менде сенің балаңмын!rnrn1-жүрг.Сен келгенде мен қуандым,көктедім,rnrnҚандай ғажап салып жатқан өткелің,rnrnСондықтан да ақ тілегім көп менің,rnrnҚош келдің, әсем Ару – Көктемім!rnrn rnrn2 жүрг.Көңілді көктем, баршамызға көтеріңкі көңіл-күй, шаттық күлкі, жігер сыйласын!rnrnБірге.Баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймыз!rn
- rn
- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
- Жүргізуші: Есенсіздер ме қымбатты қонақтар, аяулы аналар, қырмызы құлпырған қыздар, асыл жанды арулар!
rn
rn
rn1.Жүргізуші: Көктемдi жырламаған , әйел-ана , ұстаз тақырыбы өлеңiне өрнек болмаған ақын жоқ Ұстаз…Ана…Махаббат…!!!rnrnНе деген мейірімді,не деген шапағатты еді!rnrn2-Жүргізуші: Осынау ұлы, қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші.Сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған Ұстаз есімін қадірлемейтін жан бар ма?! Жақсылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен ,ұстаздың ұлағатынан жаралған.Ол екеуі егіз ұғым.rnrn1-жүрг.Ұстаз деген – анасы ол адамның.rn Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,rn Сен де одан адам болып жаралдың.rn Ұстазыңды түсінгің сен тереңнен,rn Бар әлемге еңбегімен еленген.rn Сенің бағың өрге қарай өрлесе,rn Ол да бірге қуанышқа кенелген.rn Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,rn Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.rn Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,rn Ол өзіңнің орындалған арманың.rn Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,rn Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.rn Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,rnrnБірге.Қасиетіне бас иелік мәңгілік!rnrn rnrn1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Нұргүл? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.rnrn2-Жүргізуші: Мафруза, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. rnrn Ұстаз болу – жүректің батырлығы,rnrnҰстаз болу – сезімнің ақындығы,rnrnҰстаз болу – мінездің күн шуағы,rnrnАзбайтұғын адамның алтындығы –rnrnдеп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!rnrn 1-Жүргізуші: rnrn Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,rnrnКөңілді күндер тусын алдан әліrnrnӘн-шашу әсем әуен, түрлі өнер,rnrnБүгінгі күн Күлаш апай Сізге ғана арналады.rnrn (видеоролик) кетеді мысалыrnrn2 –жүрг:Аса қадірлі Күләш Құнантайқызы!rnrnСізді Халықаралық әйелдер күні — 8 наурызбен – бүгінгі күні Қазақстанға көктеммен бірге келген әйел сұлулығы мерекесімен құттықтаймыз! Көгіңізден күн кетпесін, құшағыңыздан гүл кетпесін, өміріңізден күлкі кетпесін. Құт болып әрбір үйден табылып, шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіз. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.rnБарша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз!rnrn Біздің жүректеріміз сізге деген нәзік сезімдерге, сүйіспеншілікке, адалдыққа, бізге деген махаббатыңызға ризашылыққа толы.rnrn1-жүргrnrn Ұстаз – жұмақ,мен — шуақ,саябағы,rnrnҰстаз — шырақ,мен — сұрақ санадағы.rnrnҰстаз — теңіз,мен — қайық тербетілген,rnrnҰстаз — бұлақ,мен — құрақ жағадағы.rnrn. 2.Жүргізуші:rnrn Күллі өмірін жеткіншекке арнаған rnrn Мұғалімді ардақтайды барша жан rnrn Ғимараттан шықпаса да қыс- жазы,rnrn Жемісі оның жердің жүзін шарлаған rnrn Шәкірт десе ойламайды өз қамын rnrn Керсем дейді күнге де кол созғанын rnrn Шәкірттерін өзінен де озғанын. rnrn rnrn1 жүргізуші: Сен білесің бе,дүниедегі ең сұлу кім?rnrn2 жүргізуші: Дүниедегі ең сұлу – ол қазақ әйелі!rnrn1 жүргізуші: Солай ма,қалайша?!rnrn2 жүргізуші: Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған,әлемдегі ізгі адам;rnrn1 жүргізуші: Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана;rnrn2 жүргізуші: Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен,әлемдегі ең адал жар;rnrn1 жүргізуші: Ұлттың ұйытқасы;rnrn2 жүргізуші: Ұрпақтың анасы;rnrn1 жүргізуші:.Сондықтан осы кешіміз Ұстаз-анамызға арналады.rnrn1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.rnrn2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, білім ордамыздың жүрегі ардагер ұстазымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)rnrn1 жүргізуші: Құрметті Күләш Құнантайқызы, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіз.rnrn қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?rnrn қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?rnrnқонаққа сұрақ: Ізбасарларыңызға айтар тілегіңіз?rnrnСізге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаз-Анаrnrn rnrn 2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.rnrn1-жүргізуші: Күләш Құнантайқызыың артында сол ғылымды жалғастыратын буын бой түзеп келеді. Оған бүгінгі киелі сахнада Педагогиканың падишасы – Күләш Құнантайқызы ісін жалғастырып жатқан ізбасарлар дәлел болмақ. Олай болса, осы кештің біздің қасиет тұнған сахнамызда өткізілуіне ұйытқы бола білген, өнерге бас иген білім ордамыздың басшысы —————————— алғыс айта отырып, сөз кезегін ұсынсақ…rnrn2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.rnrnБілдіріп шәкірттердің ақ ниетін,rnrnҰстаздың алып жүрген атын еркінrnrnБіз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,rnrnЖүректің алғысы мен рахметін.rnrn1.Қазақ педагогика ғылымының тарихынан өз орнын алған талантты ұстаз-Ана Күлаш Құнантайқызы жұлдыздай жарқырып, туабітті қабілетімен халықты мойындатқан нағыз талант иесі.rn
- rn
- Иә ұстаздың еншілеген ата-даңқы да аз емес. Ең бастысы, оның таланты жұршылықтың жүрегіне ұялады. Оның көзінен үнемі көктем шуағы есіп ,өзі сол өзінің кейіпкеріне айналғандай болады. . Солай болатыны, Күлаш Құнантайқызы . ұлылықтың символы іспеттес еді.
rn
rn1.Өмірге деген құштарлық та, елге деген құрмет те, ұрпаққа деген жауапкершілік те оның бойынанан табылды.. Сол үшінде ол аңыз адам… Өз кезегінде ұстаздың аңсаған асыл арманы да осы болар…rnrnІІ. Ия, Күлаш Құнантайқызының есімі тарих парағына әлдеқашан таспаланған.rnrnІ. Қаһарлы соғыстың қан майдандарын да,rnrn rnrnІІ. Сәулесінің өзі ызғар шашқан қабағы қатулы мезеттерде де,rnrn rnrnІ. «Қайта құрудың» қапырығы шарпыған сәттерде де,rnrn rnrnІІ. Тәуелсіздіктің шұғылалы таңында да,rnrnІ. Барлық жүректерде де…rnrnІІ. Бәрінің көңілінде деrnrn rnrnІ-ІІ. оның өнегесі мәңгі жадымызда жатталады.rnrn rnrnІ. Өз жүрегінен өткенді шәкірт жүрегіне жеткізген ұстаз туралы, әз ана туралы қанша айтсаң да, қалай айтсаң да көңіліңдегіні жеткізу қиын.rnrn rnrnІІ. Ғылым қазақты Күлаш Құнантайқызы арқылы таныса,rnrnІ. Қазақ Күлаш Құнантайқызы арқылы әлемді таныды.rnrnІІ. Қазақ Күлаш Құнантайқызы мақтанады,rnrnІ. Күлаш Құнантайқызы қазағымен мақтанады. Бір ұлт – бір тағдыр.rnrnІ-ІІ. Сондықтан да біздің Күлаш Құнантайқызы деген құрметіміз еш сарқылмақ емес…rnrn rn
- rn
- Ғасырлар қойнауының тылсым қатпарынан жеткен салмақты сөзімен , жағымды дауысымен буырқанта, тасыта жеткізетін Күлаш Құнантайқызын әрбір қазақ құрметтеп,аты мерейдің мәңгі мұзартында алтын әріппен жазылатын тұлға болады.
rn
rn І . Жүргізуші: Қымбатты қонақтар мен аяулы аналар! Осымен Сіздерге арналған «Мерейдің мәңгі мұзарты» атты мерекелік кешіміз тәмам. Келесі кештерде кездескенше күн нұрлы болсын!rnrnІІ.Жүргізуші: Қош, сау болыңыздар!rnrn rnrnСценарийді құрған Тикеева Мафруза және Данышпан БайділдәrnrnҚызылорда облысы, Қазалы ауданы, №249 мектеп — лицейrnrn rnrn rnrn rnrn rnrn rnrn rnrn rnrn rnrn rnrn rnrn rnrn rnrn
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ
мектеп интернат кешені
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Мен мамандық әлеміндемін»
Кездесу кеші
Куратор: Рахметова Ж.Ж
2017 оқу жылы
Бекітемін: 11.11.17 ж.
Д.Т.Ж.О: А.О.Рахметов
Тақырыбы: Мен мамандық әлеміндемін
Мақсаты: мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету,
мамандық таңдаудың қыр — сырларын меңгеру; елімізге өз үлесін қоса
білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:
Көрнекілігі: слайд
Кешке қатысушы:
-11 а сынып оқушылары
-Студенттер
-Ұстаздар
Пікір айтушылар: Болашақ мамандық иелері, яғни студенттер
Өту барысы:
1. Кіріспе бөлім.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Мамандық иелеріне сөз беру.
4. Сұрақ — жауап .
5. Кеңестер.
6. Қорытынды.
Қайырлы күн!
«Мен мамандық әлеміндемін» атты шарамызды бастаймыз. Кешімізге қонақтар қош келдіңіздер сіздермен бірге қоғамдық -гуманитария бағытында оқитын 11 а сынып оқушылары. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе мамандық таңдау. Ең бірінші маман дық таңдауды сөз етпек боламыз. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Кей біреуіміз өзіміз қызықпайтын мамандықты таңдаймыз. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбау шылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.
Бүгінгі кездесу кешіміз осы отырған оқушыларымызға мамандықты дұрыс таңдауға, қандай да мәселені шешуге көмектеседі деген ойдамын.
Оқушылар мамандық сөзіне анықтама беріп көрелік.
Мамандық дегеніміз — адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық – адамның қоғамдық мінездемесі.
“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”
Әлемде мыңдаған мамандық түрлері бар. Осы мамандық түрлерін қалай таңдап, қалай білу керек деген сұрақтар кім-кімді болмасын мазалайды.
Бүгінгі оқушыларымыз мамандықты өздері таңдай ала ма? Әлде толығымымен мамандық таңдауға ата-аналар атсалысу керек пе? Сынып оқушыларының өздерінен сұрап көрейік. Өзі таңдады ма? Қандай мамандық таңдады,әлде ата анасы таңдап берді ме?
Куратор: сұрақ оқушыға мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Сұрақ оқушыларға:
Мамандық таңдап үлгердіңбе?
Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың?
Жоғары оқу орнына түсуге өз күшіңе сенесіңбе?
Болашақ мамандығың жайында кіммен ақылдастың?
Өзіңді ҰБТ-ға байланысты мазалап жүрген ойлар бар ма?
Сенің арманың не?
Таңдаған мамандығыңның қыр сырын зерттеп көрдің бе?
Психологқа сұрақ:
Ата ананың бағыт бағдары дұрыс емес пе? Әлде өзі таңдауға қабілетті емес пе?
Әр адамның өзінің арман мақсаты болады. Сол арманына жету керек.
Келген қонақтарды таныстыру:
М.Өтемісов атындағы БҚМУ, тарих,экономика және құқық факультеті, дүниежү зілік тарих және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушы магистрі Мырзабаева Бақытгүл Мырзахметовна мен Майманова Нұршат Нуркановна .
Халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс студеттері -Гарифуллина Алима,
Кенжеғали Ләззат.
Тарих мамандығының 2курс студеттері -Зинуллина Нұрмира,
Қажым Альмира,
Ғұбай Айдана.
Мектеп түлектерін «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.
Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікіралмасудың маңызы өте зор.
Ендігі сөз кезегін сіздерге берсек. Өздеріңіздің оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.
Сұрақ студенттерге:
-Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
-Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
-Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
-Қай уақытта адам өзжемісін көре алады.?
-Оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде ?
Сергіту сәті; «Болмасаң да ұқсапбақ …» Енді студенттер мен оқушыларды ортаға шақырамын
Қандай мамандық болсын кез – келген ситуациядан шыға алатын актерлік өнері болу керек.
Мұғалім мен оқушы, кітапханашы мен оқытушы, сатушы мен сатыпалушы, полиция мен жүргізуші.(Оқушылар мен студенттер рөлге еніп шығады)
Оқытушыға сұрақ:
Бүгінгі жастар тек бір жапырақ қағаз үшін, яғни тек диплом үшін кез келген оқуды таңдай салады,атақты немесе атақсыз болсын қарамайды оқи салады.
1.Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп деп ойлайсыздар?
Жалаң пікірдің себебі. Диплом болса жерде қалмайсың деген баланы қателестіруге алып келеді. Мына мамандықты алсаң адам боласың, экономист болсаң миллионер боласың деген
жалған ұғыммен баланы соған итермелейді.
2.Таңдаған мамандығын оқып I-II курста басқа мамандыққа ауысу көппе?
3.Қазіргі таңда қандай мамандық сұранысқа ие?
4. Біздің оқушыларға мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес айтасыз?
Амантай Орынғалиұлы: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мамандықтан қателеспеу үшін неге сүйену керек? Үш жақ бірлесу керек ата-ана, мұғалім, оқушы.
Қорытындылау:
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз,ойландыратын жағдай болдыма?
Алдарыңызда үлкен жол жатыр. Өздеріңіз таңдаған ақ жол сіздердің болашақтарыңызды жарқын және қуанышқа толтырсын. Ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып өсейік».
Студенттермен кездесу кеші
Материал жайлы қысқаша түсінік:
«Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты студенттермен кездесу кешінің жүру бағдарламасы.
Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру. Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен және қазіргі таңда студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау;
Аубакирова Анар Кадылбековна
6 Қаңтар 2019
#Мектептен тыс мекемелер
#Ойындар, Сценарийлер
#Барлық сыныптар
2782
1
docx
ғылыми-әдістемелік
орталығы
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Сізге пайдалы материалдар.
Сіздің материалыңыз дайындалуда!
Дайын болған соң sembiev_n@mail.ru
почтаңызға жіберіледі.
Уақытыңызды құр өткізбей, біздің
Қаңтар
олимпиадасына
қатысып Диплом алыңыз
Пәнді таңдау
Материал жүктеу үшін:
Сіздің уақытыңызды үнемдеу үшін, біз материалды бірден электронды поштаңызға жібереміз.
Материалды жүктеу