Екі ж?лдыз бай?ауы сценарий

Армысыздар,??рметті ?стаздар,аналар мен ?желер,?пкелер мен ??рбы ?ыздар келе жат?ан 8-наурыз Хал?ыаралы? ?йелдер мерекесі ??тты болсын.Дендері?із сау,е?бектерін

«Екі жұлдыз-»-ән байқауы.

Хор «Нұрын төккен маған»

1-ші жүргізушіі: Армысыздар,құрметті ұстаздар,аналар мен әжелер,әпкелер мен құрбы қыздар келе жатқан 8-наурыз Халқыаралық әйелдер мерекесі құтты болсын.Дендеріңіз сау,еңбектерініз жемісті болсын!

Мұғалім: Бүгін 2 «А» сыныбында ұйымдастырылып отырған

«Екі жұлдыз» -ән байқауына қош келдініздер.

2-ші жүргізуші: Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз айтқандай

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей

Қалықтатып созғаны

Сарыарқаның беліндей

Барша «Мирас» қауымын

Әнімен залға сыйғызған – «Екі жұлдыз» байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық.

Мұғалім: Мерекемізді сайыс қатысушыларын таныстырудан бастаймыз.

1.Ғабдұлмәлік Нұраділ –апасы

Бақыткүлша Базарбекқызы

2. Сайполда Шапағат –анасы

Күнсұлу Есімханқызы

3.Ешмұханбет Мадина- анасы

Сәнім Ниязбекқызы.

4. Мырзабек Ақжайық-анасы Расул Самар

5.Бақыт Әмір –анасы

Махабат Бақытбекқызы

(Музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады).

-Сайыскерлер нөмер таңдайды.

Мұғалім: Енді сіздер бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып кетейік.

1.

2.

3.

Орындаушы жұптармен таныс болсақ, біз алғашқы жұпты шақырғанша байқауға қатысушы сайыскерлерімізді көшеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.

«Анажаным» әні орындалады.

1-ші жүргізуші: Сахна төріне № 1 жұп салтанатты сәні бар,адамдық қасиеттері бойында бәрі бар,ұстазарды құрметтей білетін , қоғамдық істерде белсене қатысып жүретін Сәнім Ниязбекқызы мен оның ботадай көзі,тәп-тәтті сөзі бар Ешмұханбет Мадина «Армансыз күнім болмайды» — әнімен .

«Айгөлек» — орындайтын Байсағат Нұрай орындалады.

2-ші жүргізуші : Ортаға № 2 жұп –өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын,ұстаздарға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын ,қалаған ісіне шың беріле істей білетін,үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Күнсұлу Есімханқызы мен сынып белсендісі,сымбатты қызымыз Шапағат «Балдаурен» әнімен ду шапалақпен ортаға шақырайық.

«Әжем» әні

1-ші жүргізуші :

Ортаға №3 жұп –өнебойы келбетіне сай түскен,қашпайтұғын тапсырылған бір істкен, реңжімей күлімдейтін,ащуы еш білінбейтін , ұстаздардың көңілін жақсы істермен тарта алатын Расул Самар,жаман баға алмайтын,сынып жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын оқушы Мырзабек Ақжайық «Жаса Қазақстан»әнімен сіздердің көшеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.

«Менің әжем осындай» әні.

«Ана ағып жатқан бұлақ,бала жағадағы құрақ» деген нақыл бар халық даналығында.Ана туралы айтылмаған ,жазылмаған жыр,тартылмаған күй жоқ шығар.Алдарыңызда № 4 жұп .Балалардың шығар әркез көңілінен шәкірттін мейіріміне бөленген Махабат Бақытбекқызын шақырайық Әмір атты кішкентай жұлдызымен «Әлемнің жарығын сыйладын сен маған» әнімен..

«Айналайын ақ мамам»- хор.

2-ші жүргізуші: Енді ортаға №5 жұп .Айтқан сөзі шынайы,мінезі сыпайы,сөзі алтын,көңілі жарқын.Үнемі «балапаным» деп жүретін.Айналып «күнім» дейді еркелетіп Бақыткүлша Базарбекқызы алдарыңызда Нұраділдей әнші құлынымен.

1-ші жүргізуші: Осындай той қазақта бола берсін

Көңілдерге жақсылық тола берсін

Бақ-береке,дәулет,табыс,денсаулық

Әр отбасына молымен қона берсін!

2-ші жүргізуші:

Үздік жұпты анықтау үшін әділ-қазылар алқасынан жұптарды өнерін бағалауды сұраймыз.

1-ші жүргізуші : Марапаттау рәсімін өткізу үшін мерекемізді сайыс қатысушыларын ортаға шақырамыз.

Мұғалім: Бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімін мектебіміздің директорына береміз.

-«Екі жұлдыз» әнұраны орындалады.

Келесі «Екі жұлдыз» сайысында кездескенше хош,сау болыңыздар!

Материал жайлы қысқаша түсінік:

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ВОКАЛДЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ СЦЕНАРИІ
1жүр: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
2 жүр: Добрый вечер, дамы и господа, мы рады видеть вас в нашем уютном зале, на конкурсе «Две звезды»!
1 жүр: Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық!
2 жүр: Сегодня состоится вечер настоящего, живого звука! Песенный конкурс «Две звезды» зажигает свои звёзды. И открывает новые имена! Наша школа замечательна артистичными, танцующими и поющими учащимися. И не только учащимися, но и учителями.

Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

«Екі жұлдыз» ән байқауы

Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.

Біздің әр Өзін өзі тану сабағында аңыз әңгімесіз өтпейтіні рас сол себепті алдарыңызға «Алма ағаш» атты аңыз

Ертеде бір бала алма ағашымен айырылмастай дос болыпты. Олар күнұзақ бірге болып, күндерін ылғида бірге өткізіпті. Бала шаршаса оның тасасына тығылып, қарны ашса жемісін жеп, іші пысқанда оның үстіне өрмелейтін болған. Осылай күндер зырғып өте берді. Әлгі бала есейіп ержетіп өз теңін тауып үйленіпті. Оның бала кезіндегі алма ағашына баратын уақыты болмапты. Ал алма ағашы баланы қатты сағынатын. Күндердің бір күнінде бала алма ағашына келіпті. Алма ағашы қатты қуанып:

-кел баяғы күндердей ойнайық, мінекей менің жемісімді же, — дейді

Бала: -қандай ойын, мен ойнайтын жастан кеттім, маған ақша керек.

Алма ағашы: — менде қандай ақша, оданда сен менің жемісімді теріп алып сатып ақша қыл дейді. Бала алманың барлық алмасын теріп алып кетеді.

Алма ағашы тағы жалғыссырап тағы қалады. Уақыт өтіп бала алма ағашына тағы келеді.

Алма ағаш қатты қуанып: — кел баяғы күндегідей ойнайық дейді.

Бала: — қайдағы ойын мен әке атандым маған үй керек дейді,

Ағаш: — мен не істей аламын немесе менің бұтақтарымды жинап алып үй сал дейді. Бала ағаштың барлық бұтағын теріп алып кете барады, ағаш тағы қалады. Арада тағы біраз жылдар салып бала қайта ағашқа келеді.

Алма ағашы тағы қуанып: -кел баяғыдай ойнайық дейді.

Бала: -қайдағы ойын мен қазір ел ағасы болдым шет елге шығуға маған кайық керек дейді.

Ағаш:- мен не істей аламын? Менің діңімді ал содан қайық істеп аласың дейді. Бала ағашты бел ортасынан кесіп алып кетеді.

Арада тағы жылдар өтіп бала тағы келеді. Ағаш: — кел отыр, менің саған берер жемісімде, бұтағымда, ағашымда жоқ, деп еңкілдеп жылап жібереді.

Бала:- менің оны жейтін тісімде, кесіп алып кететін күшімде жоқ дейді жай сенің көлеңкеңде отырсамда жарайды деген екен.

Бұл оқйға баяндалған алма ағашы біздің анамыз. Біз кішкентай кезімізде әр қашан оның қасында болдық, кейін есейіп ер жетіп сол кісінің тіпті хәлін сұрауға уақытымыз болмады, ал өзіміз жеке үй болғанда анамызды ойлайтында уақыт болмады. Бауырлар осы жарық дүниеге әкелегн анамызды құрметтейік, олар мәңгі біздің қасымызда болмайды ғой.

Бұл біздің өзін өзі тану пәнінің бір элементі болатын.

Олай болса құрметті тыңдарман көңіл күйді түсірмейміз, уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.

2сынып Иралинова Ләззат және

3сынып Мажитова Қымбат және Сардар сұлтана, балайым

4сынып Марияш «

5сынып Ермекбаева Жансая

6сынып Кокышева Гулзира

7сынып Нурсейтова Маржан

8сынып Алма

9сынып Ақшолпан

10сынып Тапалова Дария
Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетсек.
1.
2.
3.
1. Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Анадан жаралған ғой дана біткен,
Биіктен өз баласын ана күткен.
Біздерді кешір, ана, түсінбесек,
Еркелеп сәби, жастық, балалықпен – дей келе, сахна төрінде өздерінің әсем әндерімен Иралиновна Ляззат орындауында «Ана» әнімен. Қабыл алыңыздар.

2. Қарашы Қазақ еліме қарашы қазақ жеріме дей келе сахна төріне Мажитова Қымбат «Қазақ елі» әнімен қарсы алыңыздар!

3.Тағы да бір тамаша жұбымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мектебің мынау класың

осында он жыл тұрасың демекші
Алдарыңызда Ермекбаева Жансая «_Мектебім» әнімен қарсы алайық.

4. Сахна төрінде

жүз теңгең болғанша, бір досың болсын демекші «Жан досым» әнімен Жусупова Алма_шәкірті

Құрметті көрермендер қол соғып қолдап отырыңыздар.

5. Тамаша«Бала тілегі» әнімен осы жұбымызды шақырамыз. Сахна төрінде Нурсейтова Маржан шәкірті қарсы алыңыздар.

6. Осы жұбымыз Қайрат Нұртастың хит әндерінің бірін орындап көрмекші.
Көрермендер қалай ойлайсыздар осы әнді жұлдызды жұбымыз хит қылып айта алар ма екен.
Оны сіздермен бірге тамашалайық. Ортада орындауында «__Ана___» әнімен

Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.
Музыкалық номер. Сіздердің алдарыңызға кішкентай бүлдіршін Төкеш Наргиз анасымен ән айтуға келген екен Наргизаны сахынаға шақырайық «Ана мен бала әні» сіздердің құрметтеріңіз үшін.
Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Екі жұлдыздың әнұраны.

Келесі «Екі жұлдыз» сайысында кездескенше хош,сау болыңыздар.

«Екі жұлдыз» байқауының сценарийі.
(Сахна мерекеге сай гүл, банер, ленталармен, шарлармен безендірілген, әуен ойнап тұрады)
Өтетін орны: Жайсаң арнайы білім беру ұйымының АКТ залы.
Өтетін күні: 
Сағ: 
(ВИДЕО)
Жүр: Армысыздар, қадірменді қонақтар! 
Жүр: Қайырлы күн, құрметті әріптестер және ән сүйер қауым. 
Жүр: 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні, Қазақстан халқының тойы, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі. Мереке құтты болсын!
Жүр: Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. 
(ВИДЕО)
Жүр: Құрметті қонақтар Мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» байқауына қош келдіңіздер. Бұл байқау жыл сайынғы үрдіске айналған байқау десек те болады, себебі «Екі жұлдыз» байқауы Жайсаң арнайы білім беру ұйымында 4 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биылғы «Екі жұлдыз»байқауының ерекшелігі байқауға басқа мекемелерден жұптар қатысады. Олай болса, қатысушыларға сәттілік тілей отырып «Екі жұлдыз» байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 
Жүр: Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық.

 1. Жайсаң жалпы орта білім беру мектебі — Базаров Мейрамбек Надырұлы — педагог ұйымдастырушы және Амирова Жұлдыз Асқарқызы — педагог психилог
2. Мәртөк ауданының психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті — Тынысбаев Ерлан Энуарбекович — психолог және Есбусинова Бакытгул Мирболатовна — әлеуметтік педагог
3. Жайсаң көпсалалы колледжінен – Кузясова Тілектес – медбике және Дьяченко Наиля — тәрбиеші
4. Жайсаң арнайы білім беру ұйымы — Блинова Нургуль Тулегеновна — тәрбиеші және Мураткалиева Абдулина Абдуалиевна — тәрбиеші.
1жүр: Олай болса бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділқазылар алқасының мүшесімен таныстырып кетейік. 
1___Мәртөк аудандық Мәдениет Үйінің әншісі Есенжол Амиров 
2.___Мәртөк аудандық отбасылық үлгідегі балалар үйінің директоры Гүлнұр Бекжанова
 3. ___ Мәртөк аудандық Мәдениет Үйінің әншісі Ақзия Закенова 
Талаптар:
Әр мекемеден 1 жұп қатысады 
Әр жұп 2 ән орындауы қажет:
1. Бөлім Патриоттық ән
2. Бөлім — Заманауи хит ән
Жүр: Әр әнге әннің мағынасын ашатын сахналық қойылым немесе бимен көркемделу қажет. (Сахналық қойылым немесе биге: жұптардың өздері немесе сол топтың қызметкерлері қатысады).
1жүр: Қазақ әндері көбінесе төрден төмен түсіп, аяқ жағалап кетпейді. Керісінше Құралайды көзге атқан қас мергенше жүрекке тиеді. Жүрекке жеткен санаға сәуле сепкен салмағы сары алтындай, өзіміздің рухани құндылығымызды оятып, патриоттық жігер — қайратымызды шыңдай түседі. Олай болса, бірінші тапсырма бойынша қазіргі таңдағы потриоттық әндер тақырыбындағы әндерге кезек берелік.
1жүр:
Ал, ендеше 1 нөмірлі қатысушы жұбымыз — Жайсаң жалпы орта білім беру мектебінен — Базаров Мейрамбек Надырұлымен Амирова Жұлдыз Асқарқызын ортаға шақырамыз. Ән «Туған жерім»
2 — ші нөмірлі жұбымыз — Жайсаң көпсалалы колледжінен – Кузясова Тілектес – және Дьяченко Наиля – Ән «Жаса қазағым»
3 — ші жұбымыз — Мәртөк ауданының психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті — Тынысбаев Ерлан Энуарбекович пен Есбусинова Бакытгул Мирболатовна Ән«Қазақстаным»
4 — ші жұбымыз — Жайсаң арнайы білім беру ұйымы — Блинова Нургуль Тулегеновна мен Мураткалиева Абдулина Абдуалиевна. Ән «Атамекен»
1жүр: Осымен байқауымыздың І туры аяқталды. Сонау жылдардан бері қәзіргі таңға дейін қаншама әндердің ішінен құлағымыздан кіріп жүрегімізге ұялаған әндер жетерлік. Бұл әндер мәңгі санамызда қалатыны анық. Ендеше байқауымыздың ІІ кезеңі бойынша Заманауи ХИТ әндерге кезек берелік….
1жүр
Ал, ендеше 1 нөмірлі қатысушы жұбымыз Жайсаң жалпы орта білім беру мектебінен — Базаров Мейрамбек Надырұлымен Амирова Жұлдыз Асқарқызын ортаға шақырамыз. «Обернитесь»
2 — ші нөмірлі жұбымыз — Жайсаң көпсалалы колледжінен – Кузясова Тілектес – және Дьяченко Наиля – «Beverly hills»
3 — ші жұбымыз — Мәртөк ауданының психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті — Тынысбаев Ерлан Энуарбекович пен Есбусинова Бакытгул Мирболатовна «Уәде қайда»
4 — ші жұбымыз — Жайсаң арнайы білім беру ұйымы — Блинова Нургуль Тулегеновна мен Мураткалиева Абдулина Абдуалиевна. «Он сегізбен, жиырма бес»
Ойын:
1жүр: Қымбатты көрермен қауым бүгін өте тамаша өнер кеші, жақсы сайыс болды. Талабы таудай талапкерлерімізге әділ баға беру үшін әділқазылар алқасына сараптауға уақыт береміз. 

1жүр: Қортынды сөз кезегі бүгінгі әділқазылар алқасына беріледі. 
1жүр: Құрметті әріптестер, ұстаздар келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Мереке тағы да құтты болсын!

Екі ж?лдыз ?н бай?ауы

«Екі жұлдыз» ән байқауы
Күні: 20 ақпан
Уақыты: сағат 1700
Өтетін орны: Спорт зал
Сынып: Мұғалім мен оқушы
1 — Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!2 — Жүргізуші: Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.1 — Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
Серік Асхат Сағынбайұлы Ақерке Абуғали Мама әні
Габбасова Айдана Салимгереевна Мақсот Рамазан
Аюпова Альфия Алмировна Колузанов Раман
Умбеталиева Рауза Нұрлыхановна Оля Таликова
Жалмухамбетова Айнаш Хусайынқызы Жақсылық Әлижан
Умбеталиева Рауза Нұрлыхановна Разживина Настя
2 — Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетсек.1. Оқу ісінің орынбасары:Чапова Татяна Николаевна
2.Тәрбие ісінің орынбасары: Галиева Назгуль Сарсеновна3.Музыка пәнінің мұғалімі:Жумакаев Куандык Ибатовичтаныстырып өтсем:
– сырт келбеті, киім кию үлгісі;
-дарындылығы;
-қатысушылардың арасындағы шығармашылық байланысы;
-орындалған ән қалай айтылды.
Алдарыңызда бағалау парақтары таратылды, бағалау ең жоғарғы ұпай 5 ұпай, ең төменгі ұпай 3ұпай.Әр жұп әніні орындап біткеннен кейін сөз кезегі сіздерде.Ал ұпай санын сайыс соңында айтасыздар.Бәрі түсінікті секілді.
1 — Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Асхат мен Ақерке «Мама»әнімен қарсы алайық.
2 — Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай?1 — Жүргізуші: Келесі жұбымыз да өздерінің бағын осы әннен іздемекші. Әннің қалай шығатынын мына сіздермен бірге тыңдап көрейік.Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате боларӨзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным – демекші,Сахна төріне Алфия мен Романды «Мамонтенок» әнімен қарсы алыңыздар!2 — Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде1 — Жүргізуші:
Көңілім бүгін алаңдыКүттің бе әке балаңдыШаттықпен жарқын тойыңа,Сыйлаймын сазды бұл әнді – дей келе,Алдарыңызда Рамазан мен Айдананы «Әке мен ана» әнімен қарсы алайық.1 — Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар?
1 — Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде1 — Жүргізуші: Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше қарсы алайық. Рауза мен Оляны әнімен қабыл алыңыздар!2 — Жүргізуші: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Алдымен адам бол деп жетелеген демекші «Анашым» әнімен сахна төрінде Айнаш пен Алижанды қарсы алыңыздар.Ән: Мама орындайтын:Шынғыс
1 — Жүргізуші: Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше қарсы алайық. Рауза мен Настяны әнімен қабыл алыңыздар!2 — Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар1 — Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.Музыкалық номер. Қазылар ойланғанша.
Ән: «Төрешін» Жумуров Жарас1 — Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.2 — Жүргізуші: Екі жұлдыздың әнұраны.
Серік Асхат Сағынбайұлы Ақерке Абуғали Мама әні
Габбасова Айдана Салимгереевна Мақсот Рамазан
Аюпова Альфия Алмировна Колузанов Раман
Умбеталиева Рауза Нұрлыхановна Оля Таликова
Жалмухамбетова Айнаш Хусайынқызы Жақсылық Әлижан
Умбеталиева Рауза Нұрлыхановна Разживина Настя



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

БЕКІТЕМІН

Колледж директорының

әлеуметтік және тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

_________ Б.Ж.Бахтиярова

«____» __________ 2016 ж.

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» РМҚК 85 жылдығына орай «85 жарқын іс» тақырыбымен өткізілетін

«Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауын өткізу

сценарийі

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

Дайындаған оқытушылар: Амренова А.Е, Карибжанов С.А, Меллатова М.Д., Мұханов А.Қ., АСК мүшелері

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-2 отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама № «___» ____________ 2016ж.

Төрайымы __________Г.К.Мукушова

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама № «___» ____________ 2016 ж.

Төрайымы __________Л.А.Мукушева

Тілдер циклдық комиссиясы отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама № «___» ____________ 2016 ж.

Төрайымы __________Г.Б. Байтемирова

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» РМҚК 85 жылдығына орай «85 жарқын іс» тақырыбымен өткізілетін

«Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауын өткізу үшін атқарылатын

дайындық жұмыстары

Өтетін уақыты: 30.01.16 сағ: 13:00

Өтетін орны: Мәдениет залы

Р/с

Іс – шараны өткізудің дайынық кезендері

Уақыты

Жауаптылар

«Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауының сценарийін жазу

20.01 дейін

Карибжанов С.А.

Меллатова М.Д.

Мұханов А.К.

«Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауы өткізілетіндігі туралы хабарландыру жазу

15.01 дейін

Мұханов А.К.

АСК мүшелері

Байқауға қатысатын оқытушылар мен оқушылардың өтініштерін қабылдау

15.01 дейін

Меллатова М.Д.

Мұханов А.К.

АСК мүшелері

Байқауға төрелік ететін әділ қазыларды анықтау және оларға ескерту

15.01 дейін

Меллатова М.Д.

Карибжанов С.А.

Жүргізушілерді анықтау және оларды дайындау

20.01 дейін

Меллатова М.Д.

Карибжанов С.А.

«Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауына презентация дайындау

22.01 дейін

Мұханов А.Қ.

АСК мүшелері

Мақтау қағаздарын дайындау (Диплом және сыйлық)

20.01 дейін

Мұханов А.Қ.

Амренова А.Е.

АСК мүшелері

Жұптардың байқау барысында әнді орындау ретіне байланысты жеребе өткізу

22. 01

Меллатова М.Д.

Карибжанов С.А.

Мәдениет залын безендіру, әділ қазы алқаларының столын дайындау, залдағы орындықтардың орналасуын реттеу және байқауға қатысатын қатысушыларға орын дайындау

22.01 дейін

Амренова А.Е.

3 қысқартылған ПО – 1 тобы

АСК мүшелері

Байқауға қатысушылардың әндерін дайындау

22.01 дейін

Амренова А.Е.

АСК мүшелері

Үзіліс кезіндегі өнер көрсететін оқушыларды анықтау және дайындау

22.01 дейін

Карибжанов С.А.

Меллатова М.Д.

Мәдениет залындағы кезекшілік және жинастыру

23.01 дейін

3 қысқартылған

ПО — 1

АСК мүшелері

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің» РМҚК 85 жылдығына орай «85 жарқын іс» тақырыбымен өткізілетін

«Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауын өткізу

сценарийі

Фанфары ойналады

(музыка ойналады, жүргізушілер ортаға шығады)

І жүргізуші: Армысыздар, құрметті ән сүйер қауым! «Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауына хош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және өнер байқауының қатысушылары.

І жүргізуші:  байқау колледжімізде дәстүрлі түрде жылда өткізіп келеді. Байқаудың мақсаты:

  • Колледж студенттеріне эстетикалық тәрбие беруді арттыру, оқытушы мен студент арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру;

  • Бірлікке, ұйымдастырушылыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады.

ІІ жүргізуші: 

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, – дей келе байқаудың шарттарымен таныс болайық:

  • Байқау II – кезеңнен тұрады

I – кезең: «Халық әндерін» орындау;

II – кезең: «Эстрадалық әндер» орындау;

  • Байқауға тек оқытушы мен студенттен құралған жұп қана қатыса алады;

  • Байқауға қатысушылар байқаудың өту кезеңіне сай ән орындауы керек;

  • Орындаушылар әнді орындау шеберлігі және әнге сай костюмдері арқылы, бишілердің көмегімен немесе театрландырылған көрініс жасап, әннің мағынасын барынша ашуға тырысуы тиіс;

І жүргізуші:

Қазақтың қасиетті даласында

Думанда ауыл-аймақ арасында

Қызықтап көрермендер жиналыпты

Қошемет көрсетуге баласына, – дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі «Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық.

(музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)

№ 1-жұп: Есептік және экономикалық пәндер циклдық комиссиясының оқытушысы Мұратбекқызы Ақмарал және 3 негізгі ИС тобының студенті Медхатов Ілияс.

№ 2- жұп:: Арнайы пәндер-1 циклдық комиссиясының оқытушысы Орманов Асылжан Калиевич және 1 негізгі ВТ – 1 тобының студенті Құмарова Диляра

№ 3-жұп: Арнайы пәндер-1 циклдық комиссиясының оқытушысы Мұханов Асхат Қуандықұлы және 3 негізгі ФО – 2 тобының студенті Касен Камила.

№ 4-жұп: Тілдер циклдық комиссиясының оқытушысы Санязова Гулмира Келесовна және 3 қысқартылған ИС тобының студенті Фазли Сайд Абдул.

№ 5-жұп: Тілдер циклдық комиссиясының оқытушысы Хусайнова Жанар Халимуллаевна және 2 қысқартылған ПО тобының студенті Байдулла Мирас.

ІІ- жүргізуші:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл, — дей келе бүгінгі ән байқауына қатысып, өнерлерін көрсететін сайыскерлеріміздің әділ бағасын беретін әділқазылар алқаларымен таныс болайық.

1. Колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы

2. Директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахтиярова Бақытгүл Жануазаковна

3. колледж әдіскері Рахматуллина Рашида Минишеевна

4. Қоғамдық пәндер циклдық комиссиясының төраймы Қуанышева Күлпаш Бадешовна

5. «Колледж дауысы — 2015» байқауының жеңімпазы 3 негізгі Есеп-1 тобының студенті Талтусова Балауса

І жүргізуші: Байқауға қатысатын жұптармен таныс болсақ, біз алғашқы жұпты сахна төріне шақырғанша байқауға қатысушы сайыскерлерімізді «Жұлдызды шайханаға» қошеметпен шығарып салайық.

ІІ- жүргізуші: 

Табады асыл сөзді ер данасы, 

Шығады білімдіден сөз сарасы.

Салшы бір әсем әнге шарықтатып, 

Тыңдасын мына халық шабыттанып, — дей келе «Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауымыздың I – кезеңі «Халық әндерін» орындау кезеңін бастаймыз. Бастамас бұрын ең алдымен экранға назар аударайық.

І- жүргізуші: 

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән — шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады, — дей келе ортаға алғашқы жұбымыз Есептік және экономикалық пәндер циклдық комиссиясының оқытушысы Мұратбекқызы Ақмарал және 3 негізгі ИС тобының студенті Медхатов Ілиясты ортаға шақырамыз.

Өнер көрсеткен өнерлі жұбымызға алғысымызды айтып жұлдызды шайханаға шығарып салайық!

І жүргізуші: Келесі жұпты шақырмастан бұрын назарларыңызды экранға аударсаңыздар!

ІІ- жүргізуші: 

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді – деп келесі жұбымыз Арнайы пәндер-1 циклдық комиссиясының оқытушысы Орманов Асылжан Калиевич және 1 негізгі ВТ – 1 тобының студенті Құмарова Диляраны сахна төріне шақырамыз.

Өнер көрсеткен өнерлі жұбымызға алғысымызды айтып жұлдызды шайханаға шығарып салайық!

ІІ- жүргізуші: 

Келесі жұпты шақырмастан бұрын назарларыңызды экранға аударсаңыздар!

І- жүргізуші: 

Ән әуені көгімізде самғайды,

Көңілдерді қуанышқа жалғайды

Ән мен бірге біз ұшамыз аспанда

Қанатымыз ешқашанда талмайды, — дей келе ортаға келесі жұбымыз Арнайы пәндер-1 циклдық комиссиясының оқытушысы Мұханов Асхат Қуандықұлы және 3 негізгі ФО – 2 тобының студенті Касен Камиланы сахна төріне шақырамыз.

Өнер көрсеткен өнерлі жұбымызға алғысымызды айтып жұлдызды шайханаға шығарып салайық!

І- жүргізуші: 

Келесі жұпты шақырмастан бұрын назарларыңызды экранға аударсаңыздар!

ІІ- жүргізуші: 

Талаптының айтқанын мен қостайын, 
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын. 
«Ән көңілдің ажары» деген бар ғой. 
Бұрынғының жолымен ән бастайын,-дей келе ортаға келесі жұбымыз Тілдер циклдық комиссиясының оқытушысы Санязова Гулмира Келесовна және 3 қысқартылған ИС тобының студенті Фазли Сайд Абдулды шақырамыз.

Өнер көрсеткен өнерлі жұбымызға алғысымызды айтып жұлдызды шайханаға шығарып салайық!

ІІ- жүргізуші: 

Келесі жұпты шақырмастан бұрын назарларыңызды экранға аударсаңыздар!

І- жүргізуші: 

Өнерімнің жалғасы – өлеңдерім,
Өлең барда биіктен көрінемін.
Әрбір жаққа шарлатып, ой – санамды,
Қазақтың ақынындай күйге енемін!-дей келе ортаға келесі жұбымыз Тілдер циклдық комиссиясының оқытушысы Хусайнова Жанар Халимуллаевна және 2 қысқартылған ПО тобының студенті Байдулла Мирасты шақырамыз.

Өнер көрсеткен өнерлі жұбымызға алғысымызды айтып жұлдызды шайханаға шығарып салайық!

І- жүргізуші: Осымен I – кезең «Халық әндерін» орындау кезеңі аяқталды. Әділқазылар алқалары I – кезең бойынша бағаларыңызды берсеңіздер. Жоғарғы бал 5 ұпай.

(әділқазылармен сұхбат)

І- жүргізуші: 

Өнерпаздар жарысып сан-саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі «Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауында,
Әуелеген әсем ән жолданады, -дей келе «Әнді сүйсең менше сүй» атты өнер байқауымыздың II – кезеңі «Эстрадалық әндер» орындау кезеңін бастаймыз…


13.02.2020

«Екі жұлдыз» сценарий

Жүргізуші -1

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де мектепке келіп жетті.

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» — деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:

«Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған сияқты.

Қаз — қатар өскен тату бақ,

Ойланып қалған сияқты».

Жүргізуші -2

«Көзіңнен күлкі үйірілген

Айналдым кірпігіңнен

Бір ұшқын шарпып өтті,

Сөйтті де ғашық етті!» — деген ән жолдарын бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» бағдарламасына хош келдіңіздер!

Бүгінгі Екі жұлдыз екі бөлімнен тұарды: Бірінші бөлімде мектеп ұстаздары мен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз, ал екінші бөлім әуенді тап яғни угадай мелодию деп аталады.

Жүргізуші -1

Ендеше жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе? Ондай болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Өжекей Заурегүл
  2. Эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі Қарлығаш Құттыбековна

Жүргізуші -1

Ал енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырайық.

1)Замира апай және Сейл Нұрай

2)Ғалымбек ағай және Күнтуған Ботагөз

3)Рина апай және Күнтуған Жангелді

4)Бердігүл апай және депханұлы Думан

Ал, жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік тілейміз. Сіздер сахнаға шығуға дайындалғанша, бағдарламамыздың ашылу құрметіне Арулар би тобының орындауында тамаша билерін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші -1

Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз алғашқы жұптарымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші -2

Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген                     , айдай ажары бар аруымыз бен жұбына құт болған қошеметпен ортаға шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар! Рахмет!

Жүргізуші -1

Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымыз:

Жүргізуші -1

Қазақ қонақ келсе төрге,

Әнші келсе өрге,

Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі жұбымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

Жүргізуші -1

(Көрермендер алғыс) Сәттігүл апай, осы өнер көрсеткен жұптарымыздың қайысы сізге ұнады және неліктен?

Жүргізуші -2

Ой, Аяулым, маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып, дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығы да жақсы айтты деп ойлаймын.

Жүргізуші -1

Рас айтасыз, бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болады. Ондай болса, осымен 1-ші бөлім аяқталды деп жариялап жұптар екінші бөлімге дайындық жасағанша, тағы сіздердің құрметтеріңізге арнап Айдана қыздарыңыздың орындауында сазды әуенімізді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші -1

Осыдан екінші бөлімімізді бастайық. Жұптарды  ортаға шақыру.

Қазір 4 ән қойылады тапқан жұп қол көтеріп, сол әннің атын, бір шумағын айтып беруі тиіс қай жұп бірінші қол көтереді сол жауап береді.

Ал енді әділ-қазылар өз шешімін шығарғанша біздің әнімізді алыңыздар.

«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.

  1. «Ең үздік дауыс»
  2. «Жарасымды жұп»
  3. «Талантты жұп»
  4. «Биші жұп»
  5. «Ең әдемі жұп»

Жүргізуші -2

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін

Жүргізуші -1

Осымен, «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтаймыз.

Әр жұп жұлдыз болуға лайық, Қос жұптардың жұлдыздарын бірге жағайық.

Екі жұлдыз әні

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Европейские праздники 2021
  • Екатерининский бал сценарий
  • Еврейском празднике пурим
  • Екатеринин день праздник когда
  • Екатеринбургский цирк программа на новогодние праздники

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии