«Екі жұлдыз» ән байқауы
Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
Біздің әр Өзін өзі тану сабағында аңыз әңгімесіз өтпейтіні рас сол себепті алдарыңызға «Алма ағаш» атты аңыз
Ертеде бір бала алма ағашымен айырылмастай дос болыпты. Олар күнұзақ бірге болып, күндерін ылғида бірге өткізіпті. Бала шаршаса оның тасасына тығылып, қарны ашса жемісін жеп, іші пысқанда оның үстіне өрмелейтін болған. Осылай күндер зырғып өте берді. Әлгі бала есейіп ержетіп өз теңін тауып үйленіпті. Оның бала кезіндегі алма ағашына баратын уақыты болмапты. Ал алма ағашы баланы қатты сағынатын. Күндердің бір күнінде бала алма ағашына келіпті. Алма ағашы қатты қуанып:
-кел баяғы күндердей ойнайық, мінекей менің жемісімді же, — дейді
Бала: -қандай ойын, мен ойнайтын жастан кеттім, маған ақша керек.
Алма ағашы: — менде қандай ақша, оданда сен менің жемісімді теріп алып сатып ақша қыл дейді. Бала алманың барлық алмасын теріп алып кетеді.
Алма ағашы тағы жалғыссырап тағы қалады. Уақыт өтіп бала алма ағашына тағы келеді.
Алма ағаш қатты қуанып: — кел баяғы күндегідей ойнайық дейді.
Бала: — қайдағы ойын мен әке атандым маған үй керек дейді,
Ағаш: — мен не істей аламын немесе менің бұтақтарымды жинап алып үй сал дейді. Бала ағаштың барлық бұтағын теріп алып кете барады, ағаш тағы қалады. Арада тағы біраз жылдар салып бала қайта ағашқа келеді.
Алма ағашы тағы қуанып: -кел баяғыдай ойнайық дейді.
Бала: -қайдағы ойын мен қазір ел ағасы болдым шет елге шығуға маған кайық керек дейді.
Ағаш:- мен не істей аламын? Менің діңімді ал содан қайық істеп аласың дейді. Бала ағашты бел ортасынан кесіп алып кетеді.
Арада тағы жылдар өтіп бала тағы келеді. Ағаш: — кел отыр, менің саған берер жемісімде, бұтағымда, ағашымда жоқ, деп еңкілдеп жылап жібереді.
Бала:- менің оны жейтін тісімде, кесіп алып кететін күшімде жоқ дейді жай сенің көлеңкеңде отырсамда жарайды деген екен.
Бұл оқйға баяндалған алма ағашы біздің анамыз. Біз кішкентай кезімізде әр қашан оның қасында болдық, кейін есейіп ер жетіп сол кісінің тіпті хәлін сұрауға уақытымыз болмады, ал өзіміз жеке үй болғанда анамызды ойлайтында уақыт болмады. Бауырлар осы жарық дүниеге әкелегн анамызды құрметтейік, олар мәңгі біздің қасымызда болмайды ғой.
Бұл біздің өзін өзі тану пәнінің бір элементі болатын.
Олай болса құрметті тыңдарман көңіл күйді түсірмейміз, уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
2сынып Иралинова Ләззат және
3сынып Мажитова Қымбат және Сардар сұлтана, балайым
4сынып Марияш «
5сынып Ермекбаева Жансая
6сынып Кокышева Гулзира
7сынып Нурсейтова Маржан
8сынып Алма
9сынып Ақшолпан
10сынып Тапалова Дария
Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетсек.
1.
2.
3.
1. Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Анадан жаралған ғой дана біткен,
Биіктен өз баласын ана күткен.
Біздерді кешір, ана, түсінбесек,
Еркелеп сәби, жастық, балалықпен – дей келе, сахна төрінде өздерінің әсем әндерімен Иралиновна Ляззат орындауында «Ана» әнімен. Қабыл алыңыздар.
2. Қарашы Қазақ еліме қарашы қазақ жеріме дей келе сахна төріне Мажитова Қымбат «Қазақ елі» әнімен қарсы алыңыздар!
3.Тағы да бір тамаша жұбымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Мектебің мынау класың
осында он жыл тұрасың демекші
Алдарыңызда Ермекбаева Жансая «_Мектебім» әнімен қарсы алайық.
4. Сахна төрінде
жүз теңгең болғанша, бір досың болсын демекші «Жан досым» әнімен Жусупова Алма_шәкірті
Құрметті көрермендер қол соғып қолдап отырыңыздар.
5. Тамаша«Бала тілегі» әнімен осы жұбымызды шақырамыз. Сахна төрінде Нурсейтова Маржан шәкірті қарсы алыңыздар.
6. Осы жұбымыз Қайрат Нұртастың хит әндерінің бірін орындап көрмекші.
Көрермендер қалай ойлайсыздар осы әнді жұлдызды жұбымыз хит қылып айта алар ма екен.
Оны сіздермен бірге тамашалайық. Ортада орындауында «__Ана___» әнімен
Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.
Музыкалық номер. Сіздердің алдарыңызға кішкентай бүлдіршін Төкеш Наргиз анасымен ән айтуға келген екен Наргизаны сахынаға шақырайық «Ана мен бала әні» сіздердің құрметтеріңіз үшін.
Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Екі жұлдыздың әнұраны.
Келесі «Екі жұлдыз» сайысында кездескенше хош,сау болыңыздар.
Сайыс «Две зведы» ?німен басталады, «Екі ж?лдыз»?німен ая?талады .Же?імпаздар?а орын беріліп, ма?тау ?а?аздарымен марапатталады. Сайыс кезінде ?рбір ?атысушыларды? дайынды? кезінде т?сірілген видеосы к?рсетіліп отырады.М??алімдер арасында ?ткізілген сайс. 6-8 ж?п ?атысу?а болады.
В небе полночном, в небе весеннем
Падали две звезды,
Падали звезды с мягким свеченьем
В утренние сады.
Этот счастливый праздник паденья
Головы им вскружил,
Только вернуться снова на небо
Не было больше сил.
Две звезды — две светлых повести,
В своей любви, как в невесомости,
Два голоса среди молчания,
В небесном храме звезд венчание.
Но, к сожаленью, звезды — не птицы,
Крыльев им не дано.
В небе высоком снова родиться
Звездам не суждено.
1. Шо?ыр ж?лдыз ?нерімен к?рінген,
Орын алды сахынаны? т?рінен.
Кезегімен ?сыныл?ан ?р ?нге,
Т?нті болды жинал?ан бар к?рермен.
?айырмасы:
Екі ж?лдыз, екі талант т?рдегі
?німенен ж?ректерді тербеді.
Ж?лдыз біткен сахына?а с?н беріп,
Жар?ыра?ан шуа?тары с?нбеді.
2. Айналдырып игі істі д?ст?рге,
Баулыймыз біз ш?кірттерді ?нерге.
Ба?а беріп шын талант?а ?р?ашан
Жетелейік ж?лдыздарды биікке.
?айырмасы: 2 рет
Екі ж?лдыз, екі талант т?рдегі
?німенен ж?ректерді тербеді.
Ж?лдыз біткен сахына?а с?н беріп,
3. Шо?ыр ж?лдыз ?нерімен к?рінген,
Орын алды сахынаны? т?рінен.
Кезегімен ?сыныл?ан ?р ?нге,
Т?нті болды жинал?ан бар к?рермен.
Звезды сгорают, не долетают
До берегов земных,
Какзолотыесвечи, растают
Звездные песни их!
Две звезды — две светлых повести,
В своей любви, как в невесомости,
Два голоса среди молчания,
В небесном храме звезд венчание.
Две звезды — две светлых повести,
В своей любви, как в невесомости,
Два голоса среди молчания,
В небесном храме звезд венчание.
Просмотр содержимого документа
«»Екі ж?лдыз»м??алімдер арасында?ы ?н сайысы »
Материал жайлы қысқаша түсінік:
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ВОКАЛДЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ СЦЕНАРИІ
1жүр: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
2 жүр: Добрый вечер, дамы и господа, мы рады видеть вас в нашем уютном зале, на конкурсе «Две звезды»!
1 жүр: Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық!
2 жүр: Сегодня состоится вечер настоящего, живого звука! Песенный конкурс «Две звезды» зажигает свои звёзды. И открывает новые имена! Наша школа замечательна артистичными, танцующими и поющими учащимися. И не только учащимися, но и учителями.
Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
13.02.2020
«Екі жұлдыз» сценарий
Жүргізуші -1
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де мектепке келіп жетті.
Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» — деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:
«Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған сияқты.
Қаз — қатар өскен тату бақ,
Ойланып қалған сияқты».
Жүргізуші -2
«Көзіңнен күлкі үйірілген
Айналдым кірпігіңнен
Бір ұшқын шарпып өтті,
Сөйтті де ғашық етті!» — деген ән жолдарын бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» бағдарламасына хош келдіңіздер!
Бүгінгі Екі жұлдыз екі бөлімнен тұарды: Бірінші бөлімде мектеп ұстаздары мен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз, ал екінші бөлім әуенді тап яғни угадай мелодию деп аталады.
Жүргізуші -1
Ендеше жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе? Ондай болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:
- Тәрбие ісінің меңгерушісі Өжекей Заурегүл
- Эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі Қарлығаш Құттыбековна
Жүргізуші -1
Ал енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырайық.
1)Замира апай және Сейл Нұрай
2)Ғалымбек ағай және Күнтуған Ботагөз
3)Рина апай және Күнтуған Жангелді
4)Бердігүл апай және депханұлы Думан
Ал, жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік тілейміз. Сіздер сахнаға шығуға дайындалғанша, бағдарламамыздың ашылу құрметіне Арулар би тобының орындауында тамаша билерін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші -1
Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз алғашқы жұптарымызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші -2
Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген , айдай ажары бар аруымыз бен жұбына құт болған қошеметпен ортаға шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар! Рахмет!
Жүргізуші -1
Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымыз:
Жүргізуші -1
Қазақ қонақ келсе төрге,
Әнші келсе өрге,
Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі жұбымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші -1
(Көрермендер алғыс) Сәттігүл апай, осы өнер көрсеткен жұптарымыздың қайысы сізге ұнады және неліктен?
Жүргізуші -2
Ой, Аяулым, маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып, дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығы да жақсы айтты деп ойлаймын.
Жүргізуші -1
Рас айтасыз, бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болады. Ондай болса, осымен 1-ші бөлім аяқталды деп жариялап жұптар екінші бөлімге дайындық жасағанша, тағы сіздердің құрметтеріңізге арнап Айдана қыздарыңыздың орындауында сазды әуенімізді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші -1
Осыдан екінші бөлімімізді бастайық. Жұптарды ортаға шақыру.
Қазір 4 ән қойылады тапқан жұп қол көтеріп, сол әннің атын, бір шумағын айтып беруі тиіс қай жұп бірінші қол көтереді сол жауап береді.
Ал енді әділ-қазылар өз шешімін шығарғанша біздің әнімізді алыңыздар.
«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.
- «Ең үздік дауыс»
- «Жарасымды жұп»
- «Талантты жұп»
- «Биші жұп»
- «Ең әдемі жұп»
Жүргізуші -2
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін
Жүргізуші -1
Осымен, «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтаймыз.
Әр жұп жұлдыз болуға лайық, Қос жұптардың жұлдыздарын бірге жағайық.
Екі жұлдыз әні
Екі жұлдыз
Сценарилер- kzanar
- 28.01.2017
- 0
- 1
- 27099
Тақырыбы: «Әрбір шәкірт- бір жұлдыз» тақырыбында өтетін «Екі жұлдыз» ән байқауы
Мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, оқушы, тәрбиеші арасында тығыз байланыс орнату.
Міндеті: Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік — рухани бағытта тәрбиелеу.
Байқаудың талаптары: Байқауға қатысушы жұп бір оқушы мен бір тәрбиеші немесе ата-анадан тұруы керек; Әр жұп көріністелген ән орындау керек;
Байқаудың бағалау негіздері
№ |
Бағалау өлшемдері |
№1 |
№2 |
№3 |
№4 |
№5 |
№6 |
1 |
Сырт келбеті, киім кию үлгісі |
||||||
2 |
Актерлік шеберлігі |
||||||
3 |
Әнді орындау шеберлігі |
||||||
4 |
Қорытынды баға |
(Фанфар ойналады,жүргізушілер ортаға шығады
І жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті ән сүйер қауым!
ІІ жүргізуші: Кеш жарық «Екі жұлдыз» байқауын тамашалауға келген көрермен!
1-жүргізуші: Біз бүгінгі сайыста ата-аналармен,тәрбиешілермен балалардың жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық,олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
2-жүргізуші: «…Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,
Сұңқылдаған көмейі
Сыбызғының үніндей.
Қалықтатып созғаны,
Сарыарқаның беліндей.
Барша «Мирас» қауымын
Әнімен залға сыйғызған- «Екі жұлдыз» байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық!
(Музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)
Жалмұратов Азамат және тәрбиеші Нұрлыбекова Гүлжанат Бауыржановна
Зұпаров Дархан және Сексенбаева Дариға
Нағметулла Темірлан және тәрбиеші Камидоллина Перизат Ерболатовна
Аронов Бекжан және Мақсатқызы Ақбота
Аблай Мербек пен Заида Сабитовна
Төлеуов Мұхамеджан мен Сыдықова Аяжанды ду қол шапалақпен қарсы алайық!!!
2-жүргізуші:Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ,бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек
1.Қазақ ұлт –аспатар оркестрі жетекшісі Мұхамбет Сағын Қалжанұлы
2. Ата-ана Туксабаева Сара Егизбаевна
3.Биология пәнінің мұғалімі Гулнар Жалғасовна
1-жүргізуші: Орындаушы жұптармен таныс болсақ,біз алғашқы жұпты шақырғанша байқауға қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.
2-жүргізуші: Бүгінгі екі жұлдыз ән байқауының алғашқы жұбын таныстырып өтейін . Алғырлығымен балаларды үйіре білген, қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген Жалмұратов Азамат пен әнге жаны құмар әсем де көркем тәрбиеші Гулжанат Бауыржановнаны «Балдәурен» әнімен қарсы алайық!
«Балдәурен» әні
1 – жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы жаңа ғана өздеріңіз алғашқы жұбымыздың өнерін тамашаладыңыздар. Сөз кезегі сіздерде, айтар пікірлеріңіз қандай?
(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)
2 – жүргізуші: Салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп жүретін 12 класс оқушысы Нағметулла Темирлан мен өнебойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымдастарының көңілін жақсы істермен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын тәрбиеші Перизат Ербулатовнаны «Бір үйдің баласындай» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.
1– жүргізуші: Әнді керемет орындап шыққан сияқты, бірақ оны әділқазылар қалай бағалар екен. Сөз кезегі әділқазылар алқасы сіздерде.
(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)
2 – жүргізуші: Қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап жүретін,сүйкімді де инабатты 12 класс оқушысы Қуанышбай Әсем мен өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, баршаға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін тәрбиеші Заида Сабитовнаны «Ақжайнақ» әнімен сахна төріне ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)
1– жүргізуші: Ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, иман жүзді, ниеті ізгі 9 класс оқушысы Зұпаров Дархан мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, достарымның сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген 9 класс оқушысы Сексенбаева Дариғаны «Hallelujah» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық.
(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)
2 – жүргізуші: Дархан мен Дариғаның өнерін әділқазылар қалай бағалар екен? Қазылар не айтасыздар?
1- жүргізуші: Айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын, өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, қоғамдық істерге талпынған, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы 9 класс оқушысы Аронов Бекжан мен ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне тәрбиешілердің көңілі тоқ 9 класс оқушысы Мақсатқызы Ақботаны «Егіз-лебіз» әнімен қарсы алайық!
(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)
2-жүргізуші: Жан-жақты, достарына мейірімді, таудай талабы,әншілік өнері бар 9 класс оқушысы Сыдықова Аяжан мен гитараны өзіне серік еткен 12 класс оқушысы Төлеуов Мұхамбетжанды ду қол шапалақпен қарсы алайық!
(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)
1-жүргізуші: Осымен қатысып отырған 6 жұбымыз таңдаған әндерін орындап шықты. Келесі кезек әділ – қазылар мен құрметті көрермен қауым, ендігі дауыс беру құқығы өздеріңізде. 6 жұпқа арналған жәшікке таратылған қағаздармен өздеріңіз қалаған жұпқа дауыс беріңіздер. .Әділқазылар дайын болғанша оқушылардың өнерін тамашалайы
Екі жұлдыз кешінің Осыдәрежеде өтуіне өз үлестері қосқан 12 класс оқушыларының ата-аналарына ризашылығымызды білдіре отырып келесі шырқалар ән барша ата-аналар қауымына арналады.
«Жас қалам»» әні Орындайтын жатақхана квартеті
2 – Жүргізуші: Әділқазылар қорытындылап,көрермендер өз дауыстарын беріп болса бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.Марапаттау кезеңі
1 — Жүргізуші:
Достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
2-жүргізуші:Осымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауы өз мәресіне жеті,келесі кездескенше қош сау болыңыздар!Құрметті қатысушылар «Екі жұлдыз» гимнін бәріміз бірге шырқайық!
«Екі жұлдыз» байқауының сценарийі.
(Сахна мерекеге сай гүл, банер, ленталармен, шарлармен безендірілген, әуен ойнап тұрады)
Өтетін орны: Жайсаң арнайы білім беру ұйымының АКТ залы.
Өтетін күні:
Сағ:
(ВИДЕО)
Жүр: Армысыздар, қадірменді қонақтар!
Жүр: Қайырлы күн, құрметті әріптестер және ән сүйер қауым.
Жүр: 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні, Қазақстан халқының тойы, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі. Мереке құтты болсын!
Жүр: Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.
(ВИДЕО)
Жүр: Құрметті қонақтар Мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» байқауына қош келдіңіздер. Бұл байқау жыл сайынғы үрдіске айналған байқау десек те болады, себебі «Екі жұлдыз» байқауы Жайсаң арнайы білім беру ұйымында 4 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биылғы «Екі жұлдыз»байқауының ерекшелігі байқауға басқа мекемелерден жұптар қатысады. Олай болса, қатысушыларға сәттілік тілей отырып «Екі жұлдыз» байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүр: Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық.
1. Жайсаң жалпы орта білім беру мектебі — Базаров Мейрамбек Надырұлы — педагог ұйымдастырушы және Амирова Жұлдыз Асқарқызы — педагог психилог
2. Мәртөк ауданының психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті — Тынысбаев Ерлан Энуарбекович — психолог және Есбусинова Бакытгул Мирболатовна — әлеуметтік педагог
3. Жайсаң көпсалалы колледжінен – Кузясова Тілектес – медбике және Дьяченко Наиля — тәрбиеші
4. Жайсаң арнайы білім беру ұйымы — Блинова Нургуль Тулегеновна — тәрбиеші және Мураткалиева Абдулина Абдуалиевна — тәрбиеші.
1жүр: Олай болса бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділқазылар алқасының мүшесімен таныстырып кетейік.
1___Мәртөк аудандық Мәдениет Үйінің әншісі Есенжол Амиров
2.___Мәртөк аудандық отбасылық үлгідегі балалар үйінің директоры Гүлнұр Бекжанова
3. ___ Мәртөк аудандық Мәдениет Үйінің әншісі Ақзия Закенова
Талаптар:
Әр мекемеден 1 жұп қатысады
Әр жұп 2 ән орындауы қажет:
1. Бөлім Патриоттық ән
2. Бөлім — Заманауи хит ән
Жүр: Әр әнге әннің мағынасын ашатын сахналық қойылым немесе бимен көркемделу қажет. (Сахналық қойылым немесе биге: жұптардың өздері немесе сол топтың қызметкерлері қатысады).
1жүр: Қазақ әндері көбінесе төрден төмен түсіп, аяқ жағалап кетпейді. Керісінше Құралайды көзге атқан қас мергенше жүрекке тиеді. Жүрекке жеткен санаға сәуле сепкен салмағы сары алтындай, өзіміздің рухани құндылығымызды оятып, патриоттық жігер — қайратымызды шыңдай түседі. Олай болса, бірінші тапсырма бойынша қазіргі таңдағы потриоттық әндер тақырыбындағы әндерге кезек берелік.
1жүр:
Ал, ендеше 1 нөмірлі қатысушы жұбымыз — Жайсаң жалпы орта білім беру мектебінен — Базаров Мейрамбек Надырұлымен Амирова Жұлдыз Асқарқызын ортаға шақырамыз. Ән «Туған жерім»
2 — ші нөмірлі жұбымыз — Жайсаң көпсалалы колледжінен – Кузясова Тілектес – және Дьяченко Наиля – Ән «Жаса қазағым»
3 — ші жұбымыз — Мәртөк ауданының психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті — Тынысбаев Ерлан Энуарбекович пен Есбусинова Бакытгул Мирболатовна Ән«Қазақстаным»
4 — ші жұбымыз — Жайсаң арнайы білім беру ұйымы — Блинова Нургуль Тулегеновна мен Мураткалиева Абдулина Абдуалиевна. Ән «Атамекен»
1жүр: Осымен байқауымыздың І туры аяқталды. Сонау жылдардан бері қәзіргі таңға дейін қаншама әндердің ішінен құлағымыздан кіріп жүрегімізге ұялаған әндер жетерлік. Бұл әндер мәңгі санамызда қалатыны анық. Ендеше байқауымыздың ІІ кезеңі бойынша Заманауи ХИТ әндерге кезек берелік….
1жүр:
Ал, ендеше 1 нөмірлі қатысушы жұбымыз Жайсаң жалпы орта білім беру мектебінен — Базаров Мейрамбек Надырұлымен Амирова Жұлдыз Асқарқызын ортаға шақырамыз. «Обернитесь»
2 — ші нөмірлі жұбымыз — Жайсаң көпсалалы колледжінен – Кузясова Тілектес – және Дьяченко Наиля – «Beverly hills»
3 — ші жұбымыз — Мәртөк ауданының психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті — Тынысбаев Ерлан Энуарбекович пен Есбусинова Бакытгул Мирболатовна «Уәде қайда»
4 — ші жұбымыз — Жайсаң арнайы білім беру ұйымы — Блинова Нургуль Тулегеновна мен Мураткалиева Абдулина Абдуалиевна. «Он сегізбен, жиырма бес»
Ойын:
1жүр: Қымбатты көрермен қауым бүгін өте тамаша өнер кеші, жақсы сайыс болды. Талабы таудай талапкерлерімізге әділ баға беру үшін әділқазылар алқасына сараптауға уақыт береміз.
1жүр: Қортынды сөз кезегі бүгінгі әділқазылар алқасына беріледі.
1жүр: Құрметті әріптестер, ұстаздар келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Мереке тағы да құтты болсын!
Тақырыбы: Екі жұлдыз
Мақсаты: Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың
дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл —
қыздарды тәрбиелеу.
Дамытушылық: өнерпаздарды жан — жақты зерттеп, әнді көпшілік
алдында қысылмай еркін орындауға бейімдеу, кәсіптік шеберлігін
шыңдау.
Көрнекілігі: зал ішін мерекеге сай безендіру. Нақыл сөздер,
гүлдер, шарлар, музыка техникасы, комп. Экрандық көркемдеу
құралдарын кеңінен пайдалану.
Фанфар.
Күй әуені естіліп тұрады.
1-Жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жанкүйер әз-қауымдас!
Бүгінгі концертті біз бастайық
Қошеметтеп, қол соғып отырайық!
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша дүлдүлдерім ән салады
Қош келдіңіз «Екі жұлдыз» байқауына
Ұмытарсыз сабақ бойы шаршағанды, — дей келе Құрметті ұстаздар,
оқушылар және қонақтар бүгінгі «Екі жұлдыз» дүлдүлдер додасын
бастауға рұқсат етіңіздер!
Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» байқауына қатысатын
үміткерлерді сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!!!!
2-Жүргізуші:
1 — жұп
Ән дегенде ерекше бір күй кешкен,
Сұлу сазды әндерімен тербеткен,
Күміс көмей Диас әншімізді қарсы алайық.
Елнұрдай болашақ жұлдызбенен! (музыка ойналады)
2 — жұп
Ботадай көздері бар мөлдіреген,
Достарымен үнемі бірге жүрген.
Әсемдей қыздарыңды қошеметпен,
Қарсы алайық қайсар мінез Аятпенен! (музыка ойналады)
3 — жұп
Ұстаздардың шығар әркез көңілінен,
Достарын мейіріміне бөлеген.
Гиззатов Арсенді біз қарсы алайық,
Аружан атты әнші қыз жұлдызымен! (музыка ойналады)
4 — жұп
Өнерін өзіне серік еткен,
Күлімдеп мейірімімен жылу төккен.
Берікқали Әсемгүлді қарсы алайық
Еламандай әнші, сері жігітпенен! (музыка ойналады)
5 — жұп
Мейірімімен баршаңызды үйіре білген,
Қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген.
Нұрлан Аяулымды ортаға шақырайық,
Таланты жас өнерпаз Арсенменен! (музыка ойналады)
Үміткерлерлер сіздерге сахна төріне қош келдіңіздер дейміз.
1-Жүргізуші:
Келесі кезекте үміткерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар
алқасымен таныс болайық:
1. Мұқатова Жансұлу Елемесқызы — бастауыш сынып мұғалімі
2. Джумагалиева Гүлмира Алибековна — бастауыш сынып мұғалімі
3. Сикенов сейфолла Қайыржанұлы — бейнелеу пәнінің мұғалімі
«Екі жұлдыз» байқауының ережесімен таныс болыңыздар!
Үміткерлер патриоттық, балаларға арналған тақырыптар желісінде
бір әннен шырқауы керек.
Үміткерлер төмендегі критерилер бойынша бағаланады.
Орындаушылық техникасы оның ішінде вокалдық мүмкіндіктері —
жоғарғы балл 5 балл;
Әртістігі — жоғарғы балл 5 балл;
Сахна мәдениеті — жоғарғы балл 5 балл.
2-Жүргізуші:
Үміткерлерді сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен сахна сыртына
шығарып салайық.
Сахна төріне №1 жұбымыз сұңғақ бойы келбетіне сай түскен,
қашпайтұғын тапсырылған бар істен, кішігірім ескертулер берсе де,
ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, сыныптың көңілін өзіне
тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын, атқарар ісіне жанын
салатын, 5а сыныбының жас өнерпазы Бигалиев Диас пен өз ісінің
білгірі, көрермен жүрегінен орын таба білген, үлкен мен кішіге
бірдей 4 сыныптың спортшы жас өрені Газизов Елнұрды «Қазақстаным»
әнімен ортаға шақырамыз!
1-Жүргізуші:
Келесі кезекте №2 жұп достарын аялаған, салтанатты сәні бар,
адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, қоғамдық істерге белсене
қатысып жүретін 5ә сыныбының оқушысы Кенешова Әсем мен бүгінгі
сайысқа бар күшімді саламын деп келген 4 сынып оқушысы Абилов Аятты
«Аналардың тілегі» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.
2-Жүргізуші:
-Енді ортаға №3 жұп өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, үйренем деп
талпынған, қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын
ұдайы, сүйкімді де сыпайы 5ә сыныбының оқушысы Рахымғалиева Аружан
мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен
талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын деп келген 5ә сынып
оқушысы Гиззатов Арсенді «Балалық шаққа саяхат» әнімен ортаға
шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Сахна төріне №4 жұп — өз ортасында ардақты, атқарар жұмысы
салмақты, қысқасы оқушылардың ішіндегі ай мен күндей, 5а сынып
оқушысы Газизов Еламан мен 3 сынып белсендісі, «әнді сүйсең менше
сүй» -дейтін сымбатты қызымыз Берікқали Әсемгүлді «Жаса қазағым»
әнімен қошеметтеп ортаға шақырамыз!
2-Жүргізуші:
Енді ортаға №5 жұп — ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні
жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді,
ниеті ізгі 3 сынып оқушысы Нұрлан Аяулым мен екілік баға алмайтын,
сынып жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын , ісіне жауапты,
білімге талапты 1 сынып оқушысы Губашев Арсенді «Бала тілегі»
әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық!
1-Жүргізуші:
Осымен «Екі жұлдыз» байқауы өз мәресіне жетті.
Әділқазылар алқасын шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне
шақырамыз.
Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша мектебіміздің жас
таланттарын сахна төріне шақырамыз.
Ән: «Қазақстаным» орындайтын 7 сынып оқушысы Мухамедиярова
Милана
Ән: «Байтақ елім — Қазақстан» орындайтын 4 сынып оқушысы
Шойтасов Аман
2-Жүргізуші:
Сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі «Екі жүлдыз» байқауының
үміткерлерін сахна төріне шақырамыз.
1. Бигалиев Диас пен Газизов Елнұр
2. Кенешова Әсем мен Абилов Аят
3. Рахымғалиева Аружан мен Гиззатов Арсен
4. Газизов Еламан мен Берікқали Әсемгүл
5. Нұрлан Аяулым мен Губашев Арсен
Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
Марапаттау рәсімі.
1-Жүргізуші:
«Екі жұлдыз» байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
«Екі жұлдыз» байқауының бүгінгі концерті осыменен аяқталды.
2 — Жүргізуші:
Достық жасасыншы мәңгілік,
Достықты жүрейік тек ән қылып.
Татулық пен достық біздің Отанды,
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.
Сәттілік тілейміз. Құрметті қатысушылар «Екі жұлдыз» гимнін бәріміз
бірге шырқайық.
Бірге:
Келіп тамашалаған барша көрермен қауымға мың алғыс.
Ән аманат сіздер үшін,
Бар болыңыздар, сау болыңыздар!