Елім мені? интеллектуалды? ойын сценарий

Тақырыбы: «Елім менің» интеллектуалдық ойын.Мақсаты:1. Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.3. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет

Тақырыбы: «Елім менің» интеллектуалдық ойын.
Мақсаты:
1. Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.
3. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Қатысушы: 4 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Бүгінгі Мұнайлы ұлттық арнасында тамашалап отырған «Елім менің» атты интеллектуалды ойын тікелей эфиріне қош келдіңіздер. Тікелей эфирде жүргізушісі ——————————-
Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.
Бүгінгі ойынға қатысып отырған 4 «В» сынып оқушылары олар өздерінің білімдері мен алғырлықтарын көрсетеді деп сенеміз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
—————————————
Ойынымызға өз бақтарын сынай келген 3 тобымызды таныстыра кететін болсақ
1 — топ «Жас қырандар»
2 — топ «Жас ұландар»
3 — топ «Жас талаптылар» топ басшылары өз топ мүшелерін таныстырып өтеді.
Ойын 4 айналымнан тұрады
1 — айналым:«Викториналық сұрақтар»
2 — айналым: «Мағынасын түсіндір»
3 — айналым: «Қай сөзді жоғалттым?»
4 — айналым: «Қатесіз сөз»
Әр айналым тапсырмасы сол бөлімге келгенде нақты түсіндіріліп отырады. Және әр бөлім аяқталған соң, әнжұмбақ тапсырмасы болады. Әнжұмбақты шешкен топқа 2 ұпай беріліп отырады. Ескерте кететін жағдай әр топ өз сұрақ тарына өздері жауап беруі керек. Басқа топтың жауаптары қабылданбайды. Егер сол топта тапсырма орындалып жатқанда, басқа топ жауап берсе, сол топтың ұпайы кемітіледі.
1 — айналымда барлық топ мүшелеріне 1 сұрақтан қойылып шығады. Оның біреуі сурет сұрақ. 1 ұпай беріледі. 1 миуттан аспау керек.
1 — топқа
1. Қазақтың билерін ата? Әйтеке, Қазыбек, Төле би
2. Жеті ата дегеніміз не? Өзіңнен бастап санағанда сегізінші атаға дейінгі аталар.
3. Ер еңбегі шалқып тасқан өлең авторы? «Туған өлкем» Өтебай Тұрманжанов
4. Абай Құнанбаев кім? Оның өлеңдерін ата. Қазақтың ұлы ақыны. «Ғылым таппай мақтанба», « Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз».

2 — топқа
1. Қ. Р — ның рәміздерін ата? Ту, Елтаңба, Гимн.
2. Қ. Р әнұран авторлары Н. Назарбаев, Ж. Нәжімәдинов
3. Қазақтың ұлттық ақшасы? теңге
4. Наурыз мерекесі қашан тойланады? 22 наурызда тойланады.
3 — топқа
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? Т. Әубәкіров
2. Сыйластық ережелері үлкенге жол беру,
3. Аңқау арыстан ертегісі

Әнжұмбақ «Көк тудың желбірегені»
2 — айналым. «Мағынасын түсіндір»Сөз тіркесі, мақалдар және ұлттық дүниетаным пәнінен ырым — тыйымдар бойынша 3 сөз оқылады. Сіздер сол сөздің мағынасын түсіндіріп берулерің қажет. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріліп отырады. Топпен ақылдасып жауап береміз.
1 — топқа
1. Құлақ аспау — айтылған сөзге тыңдамау, мән бермеу
2. Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса, баспаңдар.
3. Үлкенге ізет,
Кішіге құрмет

2 — топқа
1. Екі езуі екі құлағында
2. Туған жер — алтын бесік
3. Ала жіпті аттамау
3 — топқа
1. Төбе шашы тік тұрды.
2. Пышақпен ойнауға болмайды.
3. Білім – өмір шырағы
Ән жұмбақ «Қазақстан»
3 айналым «Қай сөзді жоғалттым?» мақал немесе мағынасына қарап жасырын сөзді табуымыз қажет. Оқушылар қолымыздағы әріптерді орын — орнына қоюымыз қажет.
1 — топқа
Е С Е К Ө М І Р
1…… көре көсем боласың,
Сөйлей — сөйлей шешен боласың (көре)
2. Мінсең көлік, еті жесең арам. (есек)
3. Шай құюға арналған ыдыс.(кесе)
4. Артқа шегінді немесе…. шегінді.(кері)
5. Білім —- шырағы, оқу білім бұлағы.(өмір)
6. Мектеп…. білім теңіз.(кеме)
7…… өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ. (өсек)
2 — топқа
Т А Р У Н ОҚ Ы
1. Малды қыста қандай орында бағамыз. (қора)
2. Шөп оратын құрал. )(орақ)
3. Қырыққабаттың қырық қабат…. бар. (тоны)
4. Мылтық бұл -….. )(қару)
5. Семіз сөзіне қарама — қарсы.(арық)
6. Білім басқа бітеді,…. тасқа бітеді.(қына)
7. Дәл, айқын, нақты (анық)

3 — Топқа
Ө Н ЕР К ІС Т
1….. алды қызыл тіл. (өнер)
2. Мал жайылатын жер. (өріс)
3. Сырты сары, дәмі тәтті, шырынды жеміс (өрік)
4. Ескі сөзінің басқаша атауы. (көне)
5. Қыста аяққа киетін аяқ киім.(етік)
6. Адамдар айтатын жел, жалған сөз. (өсек)
7. Шкафтың бір бөлігі немесе менің кітабым шкафтың….. тұрады. (сөре)
Ән жұмбақ «Апа, туған күніңмен!»
4 айналым
1 — топ.
1. Оянды
2. Құлын
2 — топ.
1. Сарғая
2. Халық
3 — топ
1. Қартаю
2. Шаһар
Ән жұмбақ «Ортеке»
Сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар ұпай санын есептегенше 4 «В» сыныбы атынан ұлдар орындауында биді тамашалайық.
Әділқазыларға сөз береміз.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Кайбуллаева Таниза Сайлауовна

Тақырыбы: Елім менің

Мақсаты:

  • Жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды бойларына тән қасиеттерді дарыту;

  • Тарихты, соның ішінде ел тарихын сыйлауға, терең меңгеруге, оған деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Нағыз ел партриоттары екенін дәлелдеу.

Сабақтың ұраны:

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет

Көрнекілігі: слайд пен аралық байланыс

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқкшылар мен ойыншылар! бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!

Ойын 4 айналымнан тұрады:

  1. Сөнбес сәуле, тарихи ұлы тұлғалар

  2. Өнер алды қызыл тіл

  3. Картамен жұмыс

  4. Әріптер

1-Айналым. Топ жетекшісі шығып 1 минут ішінде тұлғаларды өз сөзімен жеткізуге тиісті.

1-топқа:

1 топқа

  • Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай

  • Махамбеттің досы Исатай

  • Күйдіргі әңгімелердің кейіпкері Қожанасыр

  • Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген атақты шешен Жиренше

  • Жерұйықты іздеген ақын, жырау Асан Қайғы

  • Төлегенді өлтірген қарақшы Бекежан

  • Ақсиса әнінің авторы Жаяу Мұса

  • Қазақтың тарихта ерекше аталатын ханы Абылай

  • Қазақ халқының палуаны Қажымұқан

  • Сопылық ілімнің көрнекті өкілі А. Иассауй

  • «Оян, қазақ!» деп қазақтарды қараңғыдан шығарған М.Дулатұлы

  • Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты Сабалақ

  • 1986 жылғы оқиға Желтоқсан оқиғасы

  • А. Имановтың серігі Кейкі батыр

  • Орхон өңірінен табылған көрнекті ескерткіштер Тоныкөк, Күлтегін

2 топқа

  • Тұңғыш балаларға арнап мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин

  • А. Құнанбаевтың әжесі Зере

  • Тұңғыш ғарышкер Т. Әубәкіров

  • Қобыз атасы Қорқыт

  • Ұстазы Сүйінбай болған одан бата алған 100 жыл өмір сүрген ақын Ж.Жабаев

  • ҚР әнұранының әнін жазған Шәмші

  • «Абай жолы» романының авторы М. Әуезов

  • «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы М.Х. Дулати

  • Абылайды жырлаушы Бұқар жырау

  • Байбақтыируының старшыны С. Датұлы

  • Тарихтың атасы Геродот

  • Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек

  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

  • «Жеті Жарғы» заңының авторы Тәуке хан

  • Қазыбек, Әйтеке, Төле- Билер

2-Айналым. 1- тапсырма: Тарих пен қазақ тілін байланыстырып сөздің орфографиялық дұрыс жазылуын заңдылығын айтып көрсету

1- топқа: Потанин, Жалайыри, Аргиппей

2-топқа: Йүгнеки,Мустье, Парадарайи

2-тапсырма

Қазақ тілінің сөз тіркестерін тарихи оқиғалармен ұйымдастыру арқылы оның мағынасын ашу. 1-топқа.

  1. Абылай ханөз тұсында айды аспанғы шығарды (аты шықты)

  2. Әбілрқайыр батырлары, жоңғарлардың бір оп жауынгерлерін шие жегенжей қырды ( тұмсығын бұзды)

  3. Күлтегін жырын оқысақ, көздің жауын алады ( қызықты )

2-топқа

  1. Ұлы тұлға Қорқыт атамыздың кірпігінен қырау тамған (қаһарлы)

  2. Қазақ батырларының шамасына шаң жұқпайды(жүйрік

3-Айналым. Картамен жұмыс. Берілген территория қай территория екенін айтып, атаукерек. Айналым екі тапсырмадан тұрады.

1-тапсырма. 1-топқа. Түркістан, Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан

2-топқа. Тараз, Қарахан, Айша Бибі, Бабаджа Қатын кесенелері.

2-тапсырма. Екі топ бір біріне тарихитерминдерді жасырады.

1-топқа. Ақсүйек-Шыңғыс тұқымынан шыққан адамдар

Баж- Жерге салынатын салық түрі

2-топқа

Қазы- Қоғамдық тәртіп сақшысы

Талғар- әскери салық

4-Айналым. Алдыңғы белестердің тобықтай түйіні. Әр ойыншыға екі әріп тиесілі. Берәлген сұрақтардың жауптарын тауып, бір жарым минутта сөз құрастыру

1-топқа.

А-Ы Т-Қ А-Л Б-П

  1. ……………….. балпақ, басың неге жалпақ (бақа)

  2. Досқа күлкі, дұшпанға …………(таба)

  3. Үлкендер жастарға әумин деп не береді? (бата)

  4. Мұңайу, жабырқау-синоним (қапа)

  5. Сақалдың қалың түрі (қаба)

  6. Ауаны көгалдандыру (абат)

2-топқа

А-Ұ Р-Т А-Қ М-Н

  1. Сиса,барқыт,бұл не?(мата)

  2. Адал сөзінің антонимі(арам)

  3. Атадан балаға қалған не? (мұра)

  4. Түйенің аталығы(атан)

  5. Орталық Қазақстандағы өзен(нұра)

  6. жауға шапқанда айтылатын не?(ұран)

7. Жоқ,жоқ мен кінәлі емеспін мені(ұрма)

Қорытынды; Ойынды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз

                                   «Елім менің » 

                     (интеллектуалдық, тарихи-танымдық  ойын.) 

Мақсаты:

Ақпараттық құзыреттілік: тәуелсіз қазақ елінің тарихына шолу жасап, студенттердің біліктілігін арттыру.

Коммуникативтік құзыреттілік: оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауға, өз ойын шебер жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.

Проблеманы шешу құзыреттілігі: өз елінің патриоты ретінде өз ұлтының жетістіктеріне қуанып, кемшіліктерін жоюда күш-жігерін аямайтын тәрбиелі, құзыретті тұлғаны қалыптастыру.  

Шарада қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар:

Компьютер, проектор, шар, плакаттар, слайдтар.   

Қатысушылар:

Топтың аттары: «Атамекен», «Жерұйық» тобы.

Жоспары:

1 тур:Таныстыру 3-5 минут

2 тур.«Жүзден жүйрік»-капитандар сайысы

          1минут, 10 сұраққа жауап.

3 тур: Ойлан тап! Мақал – мәтелдер сайысы.

4.тур: Көрермендермен ойын.

Ойын қорытындысын шығару.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, студенттер! 

Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым

деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.

       «Елім менің» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» интеллектуалды  тарихи танымдық ойын бастауға рұқсат етіңіздер. 

Ойынға қатысып отырған 3бКДО тобының студенттері.

Команданы таныстыра кетсек: Атамекен тобының көшбасшысы Сұпығалиева Айдана. Жерұйық тобының көшбасшысы Құрманғалиева Бибігүл.

«Ал  іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.

 1 тур «Таныстыру» Әр топ өз тобын таныстырады.

2 тур. «Жүзден жүйрік» Команда капитандар сайысы

Атамекен командасы 1мин 10 сұраққа жауап береді.

1.Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)

2. Қазақстанның тұңғыш астанасы (Орынбор)

3Батыс Қазақстан облысы құрамына неше әкімшілік- аумақтық бөлініс кіреді? (12)

4.Қазақстан Республикасының халық саны  (16 млн-нан астам)

5.Қазақ халқының  бес арысын ата? (Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы, С.Торайғыров, Б.Майлин, Ш.Құдайбердіұлы)

6. БҚ облысы Республиканың қай бөлігіне кіреді? (Солт.Батыс)

7. Ж.Досмұхамедовтың  туған жері? (БҚО, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы.)

8. Семей полигонын жабуға күш салған қоғам қайраткері? (О.Сүлейменов.)

9. ҚР   Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков.)

10.Қазақстанның батысындағы тау.(Мұғалжар)

11.

Жерұйық командасының басшысы. 1 мин 10 сұраққа жауап береді

1.1994 жылы жарық көрген «Жанша» кітабының авторы? (Жайсаң Ақбай.)

2. Үш алыпты ата?(Абай, Ыбырай, Шоқан)

3. БҚО ең терең, әрі ауқымды су айдыны? (Шалқар)

4. Маңғыстау аймағында кең таралған ру? (Адай.)

 5. Тәуке ханның заңдар жинағы? (Жеті жарғы)

6. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қай күні жарияланды? (1992ж 4 маусым.)

7. Жаһаншаның ең жақын серігі? (Халел Досмұхамедов.)

8.. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Жандарбек Мәлібеков, Шот-аман Уәлиханов)

9. Лондон олимпиадасында Қазақстан қоржынына қанша медальдар түсті? (7 алтын, 1 күміс, 4 қола)

10. Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен.(Ертіс)  

11.

1-ші турдың    Ұпай санын белгілеу

Келесі турымыз «Самғау» деп аталады. Көп ұпай жинаған команда  бастайды.

             Әр командаға  5 сұрақ  беріледі. Жауап таңдауға  1минут,  жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі, жауап берілмеген жағдайда  қарсы топ жауап береді. 

3 тур: Ойлан тап!

Экранда берілген суреттерге байланысты мақалдар құрау.Уақыт шектеулі. 1 мақалға 1 ұпайдан беріледі. Ал олай болса іске сәт!

4 тур: Ойлау қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған  бұл сайысымыз «Ой ширату» деп аталады.Бұл сайыс көрермендердің қатысуымен жүргізіледі. Сіздерге ым-ишара арқылы жасырылған сөз жанамалап беріледі. Сіздерге қойылатын талап сол сөздерді дұрыс табу.

Қорытынды:Осымен  «Елім менің» интелектуалдық сайысы өз мәресіне таяды. Қай топтың жеңімпаз атанғанын білу үшін әділқазылар алқасына уақыт береміз. Қорытынды баға дайын болғанша тамаша  әнді қабыл алыңыздар.

Класс: 6-7

Тақырыбы: «Елім менің »

Мақсаты: Қазақ елі мен жерінің тарихын таныту, ойындар арқылы тілге деген жанашырлықтарын арттыру, сөйлеу, ойын жетік жеткізе білу, өз елін, жерін сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

Жүргізуші:

Құрметті, көрермендер «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» атты тіл мерекесіне байланысты өткізіліп отырған «Елім менің» танымдық ойынына қош келдіңіздер! Ойын 6-7класс оқушылары аралығында өткелі отыр.

Ойынымыздың мақсаты: Қазақ елі мен жерінің тарихын таныту, ойындар арқылы тілге деген жанашырлықтарын арттыру, сөйлеу, ойын жетік жеткізе білу, өз елін, жерін сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу

Ойынға «Қазына», «Өнеге» атты екі топ қатысады. Ойын төрт бөлімнен тұрады.

  1. Жанды сұрақ (бейне сұраққа жауап беру)

  2. Сөздер сыры (тұрақты тіркестердің мағынасын айту)

  3. Кім көп біледі? (сұрақтарға жауап беру)

  4. Адасқан әріптер (адасқан әріптерді орнына қою)

Әділ – қазы мүшелерімен таныстыру

Әділ – қазы мүшелері:

Әділ – қазы мүшелерінің төрайымы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркешева Ж.

Қазақ тілі және әдебиетінің бірлестік жетекшісі Ибраева Г.У

Әділ – қазыларға бағалау жүйесін түсіндіріп өту

Сөйлер сөзге, тілге адамзат сонау көне дәуірдің өзінде-ақ ерекше мән берген. Ғасырдан ғасырға жетіп, бірден-бірге ұласып жатқан ел аузындағы небір ғажайып аңыз, әңгімелер, көне мақал-мәтелдер, жазба деректер осының айғағы тәрізді. Қай  халықтың тарихына үңілсеңіз де, өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасыз. Табасыз да сүйсінесіз.

Елдігін сақтағысы келген қай халық болмасын, ең алдымен, тілін сақтауға әрі ұрпақтан-ұрпаққа мұра  болып көшіп, мирас боп ұласып отыратын мәдени-тарихи қазынаны келер буынға қастерлеп, қасиеттеп ұзатып салатыны да мәлім.

1-айналым Жанды сұрақ (бейне сұраққа жауап беру)назар аударыңыздыр

І топ сұрақтары

«Менің атым Қожа» повестінде кімнің өмірі баяндалады?

«Менің атым Қожа» повесті қай қалада арнайы жүлдеге ие болды?

ІІ топ сұрақтары

Қожа қандай бала?

Қожа өзін қалай тәрбиелейді?

Ән-жұмбақ «Жаса, жаса қазақ тілі» Байнақ Айбану

2-айналым Сөздер сыры (тұрақты тіркестердің мағынасын айту)

І топ

Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ бассыздық, тәртіпсіздік

Жауырынынан жел өту азап шегу

Жұмған аузын ашпау сөйлемеу

Иненің көзінен өткендей пысық

ІІтоп

Сырдың суы сирағынан келмеу елемеу

Өкпесі қара қазандай ренішті

Қызыл сөзден бал жағу мақтау

Шаңырақ көтерді үйленді

3-айналым Кім көп біледі? (сұрақтарға жауап беру)

Ітоп

Қар жана ма? (қалауын тапса қар жанар)

Сәдуақас кімнің шын аты? Сәкен Сейфуллин

ҚР жаңа конституциясы қашан қабылданды? 1995жыл 30тамыз

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» кімнің өлеңі Абай

ҚР –ның мемлекеттік туының авторы Ш.Ниязбеков

Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма «Абай жолы»

Дүние жүзінде қанша тіл бар 5651

ІІтоп

Кісінің көркі киім емес білім

Абайдың шын есімі Ибраһим

Тіл туралы заң қай жылы қабылданды 1989ж

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» кімнің өлеңі Абай

ҚР-ның Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков Шотаман Уәлиханов

«Ғасыр ақыны» атанған ақиық ақын М.Мақатаев

Сөйлеушілердің саны жағынан қазақ тілі нешінші орынға ие 70

4-айналым Адасқан әріптер (адасқан әріптерді орнына қою)

Ітоп

Баланың ісі шала

Қазақ халқы алты Алаш

Асығың алшы түссін

Қысқы көлік шана

Түйенің аталығы атан

ІІтоп

Есек арба ат арба

Нанды баспа обал болады

Қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып

Ескі жараның бетін тырнама

Әйелді бастан, баланы жастан

Ән-жұмбақ «Алтын бесік» Шәкәрбекова Замира

«Домбыра» Байнақ Айбану

Әділ – қазыларға сөз беру

Марапаттау

(Музыка,технология пәндері бойынша  кіріктіріліп өткізілді)

Саламатсыздарма қадірменді қонақтар,  құрметті әріптестер және оқушылар!         Бүгінгі  “Елім менің”  интеллектуальды-танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Сіздермен бірге “Елім менің”  интеллектуалды-танымдық сайысының жүргізушісі  Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің 9 «А» класс оқушысы Үмбетов  Дастан.

“Елім менің”  интеллектуальды-танымдық сайысына 2  топ  қатыстырылады    және  білім  бәйгесін  баптап келген топ басшылары болуы тиіс.

Оң қанатта  «Қыран» тобы

Сол қанатта  «Болашақ» тобы

Ал, енді сіздердің топтарыңызбен таныс болайық.

Мен екі топқа да сәттілік тілеймін!

Бүгінгі “Менің Қазақстаным”   интеллектуалды-танымдық сайысын  әсем  әнмен   әрлейтін  музыка пәнінің мұғалімі Гүлсім Мешітқалиқызы

Жеңіс жолында 6 асу бар, сол асулардан сүрінбеңіздер, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Сонымен қатар әр айналым соңында музыка пәнінің мұғалімі ән жасырып отырады. Сол әнді тапқан топқа 2 ұпай қосылады.  Әр айналым ережесіне нақтырақ тоқталып  отырамыз.

Ал, қазір бізде І айналым.

І айналымда экран арқылы 2 бейне сұрақ болады. Сұраққа қарама-қарсы тұрған ойыншылар  жеке-жеке  жауап бере алады.

Сұрақты оқып болған соң, жалаушаны бірінші болып көтерген ойыншы

жауап  бере  алады. Дұрыс жауап 1 ұпай.  Ереже түсінікті болған  сияқты.  Ойыншылар  дайын  болса,  экранға  назар  аударайық.

1-ші бейне сұрағымыз  

Мына суреттер қалай аталады? Қайда орналасқан?

Жауабы: Тастарға салынған суреттер –петроглифтер деп аталады. Жетісудағы Шу-Іле Алатауындағы «Таңбалы тас» сурет қорымы. Мұнда әр дәуірде тасқа түскен мыңдаған өнер ескерткіштері бар.

2-ші бейне сұрағымыз.

Суретте қандай опералық шығарма бейнеленген?

Жауабы:  «Біржан — Сара» М.Төлебаев операсы либреттасын Қажым Жұмаділов жазған.

Ән жасырылады (Егемен ел әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.

Ендігі кезекті есепшіден екі топтың ұпайын білейік.

ІІ  айналым   «Келісесің ба, келіспейсің ба?» деп аталады. Төмендегі мәліметтер дұрыс деп ойласаңыздар «Я, келісемін» дей отырып, жауапты толықтыруыңызға болады. Дұрыс жауап 1 ұпай.

І топқа

1.Ағартушы, этнограф, фольклортанушы, саяхатшы Ш.Уәлиханов қазақтан шыққан алғашқы суретші. (Я. Ш.Уәлихановтың салған суреттерінің көпшілігі ғылыми еңбектеріне байланысты болғандықтан, оларды түгелдей кәсіптік өнерге жатқызбаса да қазақтан шыққан алғашқы суретші. Көбінесе графикалық суреттер салған.)

2.Абай «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін орыс ақыны М.Пушкиннен аударған. (жоқ) (М.Лермонтовтан)

ІІ топқа

  1. Ел арасындағы қолөнер шеберлерінің айтуынша қазақ ою-өрнектерінің өте жиі қолданылатын 200-дей түрі бар. (Я. Одан кем емес. Соңғы деректер бойынша жие қолданылатын ою-өрнектер 200-ден асады.)
  2. Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор,дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.Ахмет Жұбанов Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген.(ия)

Ән жасырылады (Алға Қазақстан әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.                                                    Ендігі кезекті  есепшіден екі топтың ұпайын білейік.

ІІІ айналымға да келіп жеттік.

Өнер  туралы  мақал-мәтелдің жалғасын табу.  

Әр топқа 8 мақал-мәтел беріледі.

1,5 минут  уақыт беріледі.  Сол 1,5 минут уақытта қанша  мақал-мәтелге жауап беретінін  білейік. Дұрыс жауап  1 ұпай.

1 – топқа

1.Атадан көріп оқ жонар

Анадан көріп   ….  пішер   (тон)

2.Бой істемейді, …. істейді  (қол)

3.Өнер көзі —  ……. (халықта)

4.Талаппен баста

……….. аяқта  (талғаммен)

5.Шын шеберде ….. болмас (мін)

6.Батыр адам қорқақты сүймес

Шебер адам ….. сүймес (шорқақты)

7.Үйренгенің өзіңе құт,

…….. еліңе құт. (істегенің)

  1. ……. бала сүйкімді (Өнерлі)
  • – топқа

1.Бөрік — адамға …. (көрік)

  1. ………. қолы ортақ, (шебердің)

Шешеннің тілі ортақ

3.Өнерлінің қолы алтын

………… сөзі алтын (өлеңшінің)

4.Асыл тастан, …….. жастан (ақыл)

5.Алтын балдақ қол сәні

Әшекей  ……… тон сәні (кесте)

6.Талапты ерге ….. жауар (нұр)

7.Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өнері көптің  …….. көп (ермегі)

  1. Жеті рет піш

…….рет кес.(бір)

Ән жасырылады (Атамекен әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.

ІVайналым Қазақ халқының  өткен ғасырларда күнделікті тұрмыс — тіршілігіне байланысты пайдаланған  заттар, көне аспаптар  атауларын атап, не қызмет атқарғанын түсіндіріңдер.  Дұрыс жауап 1 ұпай. Экранға назар аударайық.

І топқа

  1. Саба- кептірілген шикі теріні әуелі құрымға салып, құм кептеп қатырып, содан кейін ысқа салып төрт бойдан құрастырылған тері ыдыс.

2.Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап)

ІІ топқа

  1. Ұршық жіп иіретін құрал. Ұршықпен иіргенде  шеберден жүнді созу, оны мұрындыққа іліп қою, иіріліп келе жатқан жіпті біркелкі жинау, т.б.ширақ қимылдарды  қажет етеді.

2.Месқобыз (үрмелі аспаптар тобына жататын көне музыкалық аспап. Иленген  мал терісінен жасалады.Сырт көрінісі қымыз құятын ыдысқа ұқсас.Аузын бекітетін тығыны болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі бар.

Ән жасырылады (Өз елім әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.

Ендігі кезекті есепшіден  екі топтың ұпайын білейік.

      V айналым.   

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Еліміздің  кемел  болашағы да қазақ тілінде. Ана тілін меңгерген ұлтжанды білімді  ұрпақ еліміздің ертеңі, тәуелсіздіктің тірегі. Олай  болса сіздердің қазақ тілінен білімдеріңізді сынаймыз.

Экранда  көрсетілетін  заттар,аспаптар атауларына қатысты фразеологиялық сөз тіркестері  беріледі, сол сөздің мағынасын табыңыздар.

Дұрыс жауап 1 ұпай.

1-топқа:

«Ұршықша иіру».

Жауап: Қазақта өз ісін «дөңгелетіп» алды деген сөз де бар, шаруасын тез меңгеріп алып, пайдасын көріп отыр деген мағынаны білдіреді.

«Шекесі торсықтай»

Жауап: Жаңа туған нәресте ер бала болғанда айтылады. Шекесі торсықтай ұл дүниеге келді деп сүйінші сұралады.

«Суырыпсалма»

Жауап:тез арада ән немесе өлең шығару.

«Шежіреші»

Жауап: көне көз, көп білетін білгір. 

2-топқа: 

«Сабасына түсті»

Жауап: Ашуы тарқағаннан кейінгі адамның көңіл-күйі.

«Қамшының сабындай»

Жауап:  қысқа ғұмыр

«Күміскөмей»

Жауап: ерекше дауысты әншіге айтылытын теңеу сөз.

Паш ету – жария ету.

Ән жасырылады (Жаса Қазақстан әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.

Ендігі кезекті  есепшіден  екі топтың ұпайын білейік.

VI айналымға да келіп тоқтадық.

Бұл нағыз шешуші кезең. Әр ойыншыға екі әріп тиесілі. Мен қойған сұрақтарға осы әріптердің көмегімен жауап берулеріңіз тиіс. Топ басшылары сөздің дұрыс шығуына көмектесеміз.

Дұрыс жауап 1 ұпай.

Кезекті 1-топқа береміз.   К-Р, И-Е, І-И ,З-С

(Киіз) –  тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен  басылады. Қазақтардың байырғы ұлттық  баспанасы,    …….  үй.

(Кісе) – күмісті белдікке таққан былғары қалта; кіселі белдік

Алтын шекпен ерге жарасар,

Алтын кісе белге жарасар

(Есік) – киіз  үйдің йсықырлауық дейтін бір бөлшегі

(Сері) — ертеде халық өнерпазды кім деп атаған?

Кезекті 2-топқа береміз.

Н-Р  , О-И, Т-М,  А-Г

(Нота) — музыкалық дыбысты қағаз бетіне түсіретін белгі

(Орам)- өлшем бірлігі; кеуде, мықын, белді айналдыра өлшейді

(Гимн) — салтанатты ән

(Отан)- менің елім, атамекенім

Ән жасырылады (Ақ көгершін әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.

Ендігі кезекті есепшіден екі топтың ұпайын білейік.

Ал енді ойыншылар міне біз  нағыз шешуші кезеңді де сәтті аяқтадық. Олай болатын болса, жеңімпаздарымызды ортаға шақырайық. Бүгінгі “Елім менің” интеллектуальды-танымдық сайысының жеңімпазы болған  топ марапатталады!

Құрметті көрермендер, қымбатты ойыншылар!

Азат еліміз, байтақ жеріміз, жаны жомарт ұл-қыздарымыз аман болсын.

Келесі кездескенше жүзіміз нұрлы, күніміз  шуақты болсын ағайын.

Ақтөбе қаласы, №34 орта мектеп

Музыка пәні мұғалімі Г.М.Баймуханова

Технология пәні мұғалімі Г.Қ. Азаматова

10.01.2018

Тақырыбы: «Менің елім -Қазақстан»

атты интеллектуалды — танымдық ойын

Тәрбие жұмысындағы қамтылған бағыт: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие және Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие.

Мақсаты:  Елбасының

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға үлес қосу, тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына адал қызмет

ететін білімді де жан

— жақты патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елін-жерін мақтан етуге баулу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мемлекеттік рәміздер, Елбасы

фортреті «Рухани жаңғыру» кітап көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд

— шоу, бейнероликтер.

Қолданылған құрал — жабдықтар: компьютер, презентациялар, бағалау парағы, марапаттау қағаздары;

Өткізілетін сынып: 6-7 сыныптар

Ойын барысы:

1-жүргізуші: — Қайырлы күн құрметті бүгінгі ойынның қонақтары,

ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру аясында «Елім менің -Қазақстан»  интеллектуалды — танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!

2-жүргізуші: Еліміздің тарихы – өте тереңде жатыр. Елім, Жерім,

Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз отбасынан, өз өлкесінен басталады. Туған жеріміздің көркеюі,

рухани жаңғыруына, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге ат салысатын

жастары сендерсіңдар. Себебі елбасы «Болашақ жастардың қолында» -деп үлкен

сенім артып отыр.Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.

( «Мәңгілік ел» әні орындалып ортаға қатысушылар шығады.)

Ортаға «Туған өлке» және «Отаным» топ мүшелері шығып, арнайы дайындалған орындарына

жайғасады. Әр топ өздерін таныстырады.

Топтың аты

Топтың ұраны

1-жүргізуші: — Мінеки біз құрметті ойыншылармен таныс болдық,

ойыншыларға сәттілік тілей отырып ойынымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: Бүгінгі дүбірлі додада жеңімпаздарды анықтап,

шын жүйрікті шабысынан танитын әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтейік.

Әділқазы алқасы:

1.      

2.    

3.      

Ойын 4 кезеңнен тұрады:

І кезең «Бәйге» сұраққа жауап беру

ІІ кезең «Тарих тоғысында» — сурет бойынша тарихи тұлғалардың есімін табу, әңгімелеу

ІІІ кезең «Тіл жүйрігі» оқушылардың үш тілді білуі бойынша сұрақтар

ІҮ кезең «Ел жаңалықтары»- жарысында елімізде болған айтулы оқиғалардың логотиптерін табу

Мінеки, құрметті ойыншылар ойынның барлық ережелерімен таныстық, ендеше іске сәт.

І кезеңді бастайық.

І кезең: « Бәйге» Құрметті ойыншылар, сіздерге

16 сұрақ қойылады, сұраққа тез арада жауап берулеріңіз қажет. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Бірінші болып қай топ жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды бастайды.

Биыл ҚР тәуелсіздігіне неше жыл толады? (26 жыл)

— Рахмет, ойынды бастайтын топқа сәттілік тілейміз!

1 топтың сүрақтары

1.       Мемлекеттік рәміздерге неше жыл толды? (25)

2.       Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (астана)

3.       Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

4.       Отан туралы мақалды аяқта «Отансыз адам, ….» (ормансыз бұлбұл)

5.       Қазақстанға қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 дан астам)

6.       Өз топтарыңның атын латын әріптерімен жаз.

7.       Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)

8.       Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер? (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота Уалиханов)

9.       Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)

10.  Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/

11.  Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? (қараша,1993ж.)

12.  «Жеті жарғы» заң жобасын жасаған кім? (Тәуке хан)

13.  Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)

14.   «Отан» сөзінің синонимы(туған жер,атамекен)

15.  Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ)

16.  Абайдың туған жері (Шыңғыс тауының етегінде)

2       топ сұрақтары

1.      Қазақстан республикасының рәміздерін ата (елтаңба, ту, әнұран)

2.       Қазақстанның танымал тұлғаларын ата.(Г.Головкин т.б)

3.      Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі) 

4.       «Халық»сөзінің синонимі (ел)

5.      Мемлекеттік Гимнің авторлары кімдер? (Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)

6.      Астана қаласының бұрынғы атауы(Ақмола)

7.      Өз топтарыңды латын әріпімен жаз.

8.      Көмірлі аймақты қала? (Қарағанды)

9.      Күй атасы- деп кімді айтамыз? (Құрманғазы)

10.  Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?

(1995жылы, 30 тамыз)

11.  Әбілхан Қастеев кім? (суретші)

12.  «Ленинградтық өрендерім» өлеңіеің авторы кім? (Жамбыл Жабаев)

13.  Қазақтың педагог –ағартушысы кім? (Ы. Алтынсарин)

14.  Қазақстан жерінің үлкендігі бойынша әлемде нешенші орында тұр?(9-орын)

15. Қазақстанның халық саны қанша? (17 млн адам)

16.  Қазақстан мұнай қоры бойынша әлем елдері арасында нешенші орында? (7-орын) 

— Рахмет, құрметті сайыскерлер! Осымен бірінші

кезең аяқталды. Әділқазы алқасы әр топқа дұрыс жауаптарын атап өтсін.

(топтардың ұпай саны айтылады)

Ал біз ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.

ІІ кезең:

«Тарих толқынында» Ойын ережесі бойынша әр топқа 4-суреттен беріледі.   

 (топтарға дайындалуға уақыт беріледі)

1топқа:

(Абылай хан, Шәмші Қалдаяқов, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Әуезов)

_________________

_______________

_______________

_______________

2топқа:

(Әбілқайыр хан, Құрманғазы, Бауыржан Момышұлы, Ілияс Жансүгіров)

_______________

_______________

_______________

Оқушылар екінші кезең бойынша жұмыстарын ұсынады.

ІІІ кезең «Тіл жүйрігі». Бұл кезеңде

ұпай санын таңдайды. Сұраққа ұш тілде дұрыс жауап

берген жағдайда, топқа таңдаған ұпай саны беріледі.

1

10 ұпай

20 ұпай

30 ұпай

2

10 ұпай

20 ұпай

30 ұпай

3

10 ұпай

20 ұпай

30 ұпай

1-қатардағы «10 ұпай»

—  Отан-родина- homeland

1-қатардағы «20 ұпай» —

Отбасы-семья- family

1-қатардағы «30 ұпай» — мемлекет- 

государство- state

           2-қатардағы «10 ұпай» -жалау-флаг-  flag

2-қатардағы «20 ұпай» -елбасы

-президент- President

2-қатардағы «30 ұпай» -халық-народ- people

3-қатардағы «10 ұпай»-  мектеп-школа-

school

3-қатардағы «20 ұпай» — табиғат-природа- nature

3-қатардағы «30 ұпай» —

балалар-дети- children

ІҮ кезең «Ел жаңалықтары» бұл кезеңде экранда көрсетілген суреттерге сәйкестендіру жауаптары арқылы дұрыс

жауапты табады.

Сұрақ: Бұл

қандай айтулы оқиғаның  эмблемасы?

А. ҚР

қарулы күшеріне ……жыл

Б. ҚР

мемелкеттік рәміздеріне …….жыл

В. ҚР

тәуелсіздігіне……жыл

Сұрақ: Бұл

қандай айтулы оқиғаның  эмблемасы?

А.

бүкіләлемдік 28 қысқы универсиада

Б.

ЭКСПО-2017 көрмесі

В. 2011

жылғы Азияда ойындары

Сұрақ: Бұл

қыран бүркіт қайда бейнеленген?

А.

«Болашаққа бағдар: Рухан жаңғыру» бағдарламасында

Б.

Мемлекеттік жалауда

В.

Қазақстан қарулы күштерінің төсбелгісінде

Сұрақ: Бұл

қандай айтулы оқиғаның  эмблемасы?

А. ҚР

тәуелсіздігіне……жыл

Б.

Қазақстан халықтары ассамблеясы….жыл

В. Ұлы

Жеңіске ….. жыл

Жүргізуші:- бүгінгі дүбірлі додадан оза шапқан жүйріктерді

анықтайтын сәт те келіп жетті. Ендеше  сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Марапаттау рәсімі

Жүргізуші: —

Осымен «Менің елім -Қазақстан»  атты интеллектуалды — танымдық ойынымыз өз мәресіне

жетті. Бүгінгі ойын ел тарихын тағы да бір тереңнен ұғынуға, жастардың бойында

Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімін арттыруға зор үлесін қосты

деп ойлаймыз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Рухани жаңғыру, даму

жолындағы  еліміздің қадамы сәтті болсын. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Елбасы туралы сценарий
  • Египетский праздник урожая
  • Елак батыр сценарий
  • Египетский праздник опет
  • Ел тэрбиячесе конкурсына сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии