Тақырыбы: «Ертегілер сыр шертеді»
Мақсаты: Оқушыларды әдеби ертегілерді сахналауға үйрету. Жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін жетілдіру .Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы танымдық қабілетін дамыту.
Сыныптан тыс шараның барысы: а) ұйымдастыру; ә) қойылым көрсету;
Түрі: сахналық қойылым
Көрнекілігі: Слайд, үйшік, орман ағаштары, жүйрік ат.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мемелекеттік тіл-ұлт тірегі» айдарымен өткізілетін тіл мерекесінің он күндігі аясында 6-7 класс оқушылары дайындаған «Ертегілер сыр шертеді» атты сахналық қойылымға қош келдіңіздер»
Ән: «Ертегілер»
Жүргізуші:
Сіздердің алғашқы тамашалайтын ертегілеріңіз «Қойшы бала» ертегісі.
Ерте-ерте ,ертеде бір қойшы бала болыпты. Ол өзінің шешендігі, тапқырлығымен елдің көзіне түсіпті.Оның сол шешендігімен тапқырлығы ханның да құлағына жетіпті.
Хан жендеттеріне қойшы баланы әкелуді бұйырыпты:
— Әй, әкеліңдер, анау қойшы баланы.
— Иә, хан ием шақырдыңыз ба?-
— Сен өзің тапқыр екенсің, сен маған сол тапқырлығынды көрсет.Мен саған үш түрлі сұрақ қоямын, сен сұрақтардың үшеуіне дұрыс жауап берсең, мен саған осы сарайдың жартысын беремін және де қасыма бас уәзір етіп сайлаймын.
— Иә, хан ием айта беріңіз.
— Бірінші сұрағым мынадай: Аспанда қанша жұлдыз бар?
— Міне, мына бетте қанша нүкте болса, аспанда да сонша жұлдыз бар.
— ә, жарайды, ендеше сахарада қанша құм бар?
— Әлемге қанша қар жауса сахарада сонша құм бар.
— Жарайды, адамнын қолынан не келмейді?
— Адамның қолынан бәрі келеді.
— Ендеше, сен өзеннің суын тауыса аласын ба?
— Хан ием, бірақ сіз маған өзенге құйылатын барлық көлдерді тоқтатып бересіз бе? Әйтпесе, мен ішкен сайын көбейе береді.
— Жарайды, сен өзің тапқыр екенсің. Мен уәдемді орындаймын.
Сөйтіп, хан қойшы балаға берген уәдесін орындап, оған сарайдың жартысынан бөліп беріп, оны бас уәзір етіп тағайындайды.
Жүргізуші: 7-класс оқушысы Киндикбаева Ғазиза «Ана тілі»өлеңі.
Жүргізуші: Біздің келесі сахналайтын ертегіміз «Жылқы мен түлкі» ертегісі.
Ерте, ерте ертеде бір үй иесінің өзі өсірген жылқысы болыпты.Ол қожайынына көп қызмет етіпті. Бір күні ол қартайып, жұмысқа әлі келмейді. Сонда оған үй иесі:
-Сен енді ешқандай жұмысқа жарамайсың, егер де күштілігіңді дәлелдегің келсе, алдыма арыстанды сүйреп әкел.
— Жылқы қожайынның сөзінен кейін қатты күрсініп, қайғырып келе жатқанда алдынан бір түлкі шығады.
— Ей, саған не болған?
— Еее, -деді жылқы ауыр күрсініп, мені сараң қожайыным үйден қуып жіберді.
— Сен енді ешқандай жұмысқа жарамайсың, егерде күштілігінді дәлеледегің келсе, алдыма арыстанды сүйреп әкел,-деді. Сірә, менің оны істей алмайтынымды біліп, әдейі айтты ғой деймін шамасы.
— Сен уайымдама мына жерге сұлап жата қал, ар жағын өзім тындырам.
Түлкі арыстанның үңгіріне барып:
— Ей, асеке, ана жерде бір аң сұлап жатыр барып көрмейміз бе?
Олар жылқы жатқан жерге барып:
— Міне, сұлап жатқан аңымыз.
Арыстан жей бастаған кезде:
— Жоқ, асеке, бұл жерде жеген қолайсыз өзіңіздің үңгірінізге барып жемейсіз бе? Келіңіз мен сіздің аяғыңызды осы аңның құйрығына байлап берейін,-түлкі екеуін байлап тастайды да:
— Шуу, жануарым шуу,-деп жылқы арыстанды сүйрей жөнелді. Арыстан бар даусымен айқайлайды. Ормандағы барлық жануарлар қаша жөнеледі. Жылқы арыстанды қожайынның алдына әкеліп тастайды:
— Жарайсың, енді мен уәдемді орындаймын.
Сөйтіп, қожайын жылқысын өмір бойы күтіп баптайды.
Сіздердің келесі тамашалайтын ертегілеріңіз «Түлкі, тасбақа және кене» ертегісі.
Ерте-ерте, ертеде түлкі, тасбақа және кене дос болыпты. Олар ән айтып келе жатқанда алдарынан бір уыс тары тауып алады. Олар әрі ойланып, бері ойланып, сонда түлкі:
— Достар, біз бұны бөлісе алмаймыз, онан да біз бұны егіп, оны сатып ақшасын теңдей бөліп алайық,-дейді түлкі. Соған бәрі келіседі.
Түлкі тағы да қулыққа басып:
— Достарым, мен мына жарды тіреп жатпасам құлап кетеді,-деп ұйықтай жөнеледі. Тасбақа мен кене күннің аптап ыстығында жер жыртып, оған алыстан су тасиды. Олардың еңбегіне күн разы болады, ал түлкінің біресе көлеңкесін қашырып, біресе табанынан қытықтайды. Тасбақа мен кене егін орар кезде:
— Сен орасың, мен жинаймын.
— Жарайды, кене,-деп екеуі егін орады. Егін біткен кезде:
— Еее, достарым, сіз боп, біз боп егінді де бітірдік.
— Иә достарым, біз бұны бөлмей-ақ қояйық. Біз жарысайық кім жеңсе, сол осы егінді алсын,-дейді. Оған бәрі келіседі. Жарыс басталар кезде кене түлкінің аяғына жабысып алады. Жарыс мәресіне келер сәтте:
— Әй, әй басасың адамды.
— Жоқ-жоқ, бұл мүмкін емес, сен қашан келдің.
— Сен ал кеттік деген сәтте келіп қойғанмың,-дейді кене.
— Ендеше, тасбақаны күтейік, сол айтсың,-дейді екеуі. Тасбақаны күтеді.Тасбақа басын тасқа соғып, әбден қиналады, ол мәреге үшінші жетуге асығады. Ол мәреге келер сәтте түлкі:
— Ойбай, тасбақа саған не болған?
— Сұрама, түлкіжан, жолда аңшы иттер ұстап алып сені сұрады, досымсың ғой айтпадым Түлкі қорыққаның білдірмей:
— Достарымсыңдар ғой, айтпаңдаршы,-деп зыта жөнеледі.
Ал, тасбақа мен кене мәңгілік дос болып қалады. Осы сәтте «Еңбек бәрін де жеңбек» деген мақал мен аяқтайық.
Жүргізуші: 7-класс оқушысы Өтетілеуова Гүлдана «Ана тілі» өлеңі.
Сіздердің келесі тамашаайтын ертегілеріңіз «Жақсылық пен Жамандық» ертегісі.
Ерте-ерте, ертеде Жақсылық пен Жамандық атты кісі болыпты. Бір күні Жамандық арып-ашып келе жатса артынан бір аттылы кісі келе жатады. Екеуі жөн сұрасып қайда бара жатқандарын біліседі. Ол келе жатқан Жақсылық екен.
— Мені артыңа міңгестіре кетші,-дейді Жамандық.
— Ендеше, сен мына атқан мін де таяу жерге байлап кет, әрі қарай жаяу кете бер. Мен де дәл солай байлап кетемін. Осылай екеуміз кезек мініп бармасақ мына атқа қиын соғар. Сөйтіп, жамандық сол кеткеннен мол кетіпті. Ал Жақсылық кешке жақын арып-ашып бір күркеге келеді. Күркеде қазан асулы тұр екен:
— Айдалада қайнап тұрған не ет дәмін көрейін,-деп дәмін көріп, шатырдың үстіне жатады. Біраздан соң күркеге түлкі, қасқыр, арыстан келеді. Сонда түлкі:
— Ойбай, мынаны біреу жепті ғой;
— Кім жеуші еді, бұл жерге адам басушы ма еді?
— Жарайды, не көрдіңдер, не білдіндер айта отырыңдар?
-Мен күнде пәлен байдың ала тоқтысын қарауылдап жүрмін. Мені ол әлі күнге ұстай алмай жүр, ұстайтын бір ала тайы бар, тағы да оның жарлығы кімде-кім сол арыстанды ұстап берсе, оған бір үйір жылқымды беремін деген.
-Ал мен күнде пәлен байдың жеріндегі бір құмыра алтынды қарауылдап жүрмін.
Кешке жақын Жақсылық барлық естіп білгенін орындайды. Бірінші түлкі айтқан жерге барып алтынды қазып алады. Екінші байға барып:
— Сен өзің емшісің бе, маған қызымды емдеп берші? — Еее, мына қызды емдемей әбден қинапсыңдар ғой!. Әкел анау ала тоқтыны мұның емі соның өкпесіңде.
— Әй, әкеліңдер анау ала тоқтының өкпесің,-дейді бай. Жақсылық байдың қызын емдеп, оны өзіне жар етіп алады.
Ал кешке жақын Жақсылық арыстанның айтқан жеріне барып байға жолығады:
— Сен маған сол арыстанды ұстап берші, -дейді бай:
— Мен саған сол арыстанды ұстап берем сен маған не бересің?
— Бір үйір жылқымды беремін.
— Жарайды,-деп Жақсылық арыстанды ұстап береді.
Ал кешке жақын үйге Жамандық келеді:
— Сен осының бәріне қалай қолын жетті.
— Жарайды, неде болса адамзатсың ғой айтайын. Осы пәлен жерде бір күрке бар. Онда қазан асулы тұр. Сен оның дәмін көр де күркенің үстіне жат, біраздан соң түлкі, арыстан, қасқыр келеді. Сен олардың айтқанын орындап тыңдасаң, сен осындай боласың!
Жамандық кешке қарай күркеге келеді. Күркеде қазан асулы ет тұр. Ол тойғанынша жеп күркенің үстіне жатады. Біраздан соң түлкі келеді:
— Ойбай, мына тамақтың сорпасы жоқ, омыртқасы жоқ, тоқпақ жілігі жоқ, біреу ішіпті ғой.
— Кім жеуші еді, бұл жер адам басатын жер ме?
— Тоқтандаршы неде болса күркенің үстіне шығып көрейік. Күркенің үстінде Жамандық жатыр екен. Олар Жамандықты талап жеп қойыпты.
Сөйтіп, Жақсылық жақсылығының арқасында мұрат-мақсатына жетіпті. Жамандық жамандығының кесірінен ит құсқа жем болыпты.
Жүргізуші: 6-7 класс оқушылары Сәлімова Аружан мен Мусаева Эльвира «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі.
«Ертегілер елі» әні орындалады.
Жүргізуші: Осымен бүгінгі біздің «Ертегілер сыр шертеді» атты сахналық қойылымымыз аяқталды. Көңіл қойып, назар аударғандарыңызға рақмет!
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Северный орта мектебі
Тақырыбы:
(сахналық қойылым)
6 -7 класс
Өткізген:
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Б.Ибраева
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы:
«Ертегілер елінде»
Мақсаттары: Оқушыларды ертегілер арқылы өмірге деген
дұрыс көзқарасқа, ой өрісін, сөйлеу тілін дамытып, жақсылық пен жамандықты
айыра білуге, жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.
Көрнекілігі: Ертегілер, Алдар көсе мен Қожанасырдың
суреттері.
Тәрбие сағатының
барысы:
1.
Сап түзеу.
2.
Мұғалімнің сөзі:
Ертегі-халқымыздың
ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Кейбір
ертегілер қазақтың өте ерте замандағы өмірін көзге елестетеді. Балалар, бүгінгі
біздің Ертегілер елінде атты ертенгілігімізге Қожанасыр мен Алдар Көсе
аталарымыз келеді. Олар сендердің ертегіні қалай білетіндерінді және
өнерлеріңді, білімдеріңді тамашалауға келеді.
«Тазшаның қырық
өтірігі» деп аталатын күлдіргі ертегіні естіген боларсыздар. Сонда өлімнен
қорықпай, қаһарлы ханның алдына қасқайып кіріп: «Мен шешемнің құрсағында жатқан
кезімде әкемнің жылқысын он бес жыл бақтым», — деп өтірік әңгімесін бастайтын
бір қаршадай ғана батыл бала бар. Ол бізге өзінің Тазша бала деген күлкілі атымен
танымал.
Осы ертегіде
Тазша бала қырық өтірікті мүдірмей айтып шығып, ханның тосынан қойған тосқауыл
сұрақтарына да тапқырлықпен жауап береді. Хан тағы да, айла-шара ойлап, баланы
сүріндірмек болып: «Ал енді қырық ауыз өтірк өлең айт»- дейді.
Тазша бала бұған
да мүдірмейді.
Жүк артып инелікке
ерте көштім,
Жүйкелеп сары
майдан арқан естім.
Мұратына
шегірткенің ат
арқандап,
Дегенде өлдім-талдым әрең
шештім,-деген сияқты ұшқыр қиял, тапқыр ойға толы өтірік өлеңін ағылта жөнелді.
«Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым, ши оқпен мың құланды атып қырдым, ауынан
өрмекшінің кілем тоқып, ұялмай жүз тұзатқан сатып тұрдым.»,- деп ханды да
күлдірді. Сөйтіп, қаршадай Тазша бала өзінің батылдығымен , ақыл айласымен,
сөзге тапқыр шешендігімен жай оттай жарқылдап өлім тырнағына ілікпей жеңіп,
мұратына жетеді.
Жүргізуші: Қазір тазша баланың тойға келуін күтіп
отырмыз.
Жұлдызшы: (дүрбісімен қарап отырып): Бәсе, бұларсыз
қандай
той болмақ. Әне келе
жатыр.
Жүргізуші: Ата, оларыңыз кім?
Жұлдызшы: Ана ушеуі ше. Әлгі әпенділерді айтам.
Жүргізуші: А, а… Қожанасыр мен Алдар Көсе ме?
Жұлдызшы: иә, қасында қыршаңқысы тағы бар.
Жүргізуші: Онысы тағы кім?
Жұлдызшы: Е, әлгі сужұқпас ше?
Жүргізуші: Тазша бала ма?
Жұлдызшы: Иә, соның дәл өзі, әне, келіп қалды.(Үшеуі
дауылдасып, дыбырласып келеді)
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде
ән салайық.
Өнерпаз өрендерге
тамсанайық.
Аңыз боп ертегіден
бізге жеткен,
Құрметті
қонақтарды қарсы алайық.
Қожанасыр: Уа, бәрекелді, бәрекелді! Алыстан есек
шаршатып, етік тоздырып жеткенімде орталарыңадәл бүгінгі күні келгеніміз қандай
дұрыс болған. Алдар, Тазша мынау халайыққа сәлем берейік:
Ассалаумағалейкум,
халқым менің,
Құтты болсын
бүгінгі осы тойың.
Мереке басы болсын
берекенің,
Игі еңбектің
жемісін бәрің жегің.
Алдар Көсе:
Мен, Алдармын,
Алдармын,
Досымын адал
жандардың.
Жақсыға талай
серік боп,
Жаманды талай
алдадым.
(Қолын кеудесіне
салып иіледі)
Жүргізуші: Алдар, Қожанасыр атайлар сөз кезегін Тазша
балаға берейік.
(Тазша бала сөйлеп
ала жөнеледі)
Тазша бала:
Туа сала атаңдым
Тазша бала,
Меңдей аңқау
болмас-ау басқа бала.
Той өтеді дегенді
естіп,
Көк есекті
желдіртіп жаста болса.
Оқушы:
Айтпаймын өлтірсең
де өтірікті,
Салт-сана,
әдет-ғұрып кетіліпті.
Үлкен тұрып
сөйлемес кіші қайда?
Бір шалға немересі
жекіріпті.
Тазша бала:
Балықтың
қабырғасын отқа жақтым,
Өтірік өлең айтып
жұртқа жақтым.
Бір сонам асыраңды
қашып кетіп,
Мекеден он жыл
іздеп әзер таптым.
Оқушы:
Міндім де ақсақ
қоңыз аяндадым,
Болдыртып аяңымен
қоян алдым.
Апырмай сол
қоянның семізін-ай
Көтеріп қоңызыма
қоя салдым.
Тазша бала:
Қамысты жылқы
ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге
тіреу сырық қылдым.
Бір талын
сақалымның кесіп алып.
Көшкенде жылқы
айдап шыбық қылдым.
Қожанасырдың
көңіл-күйі түсіп, берекесізденіп тұрады.
Алдар Көсе: Әй әпендім неғып үн-түнсіз, берекең қашып
тұр?
Қожанасыр: Әй, Алдарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ
болар дейсің бе?
Есегіме артып әкеле
жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әнебір бұрышта «рэкет» деген пәлелер
тартып алып, есек те жоқ, базарлығым да жоқ, жұртыма не айтарымды білмей
тұрғаным…
Алдар Көсе: Апырай ә, шының ба?
Қожанасыр: Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен
ел-жұртты бүлдіріп,қазіргілердің бәрі Тазша екеуінің ұрпақтарың көрінеді.
Алдар Көсе: (сөзден тосалып жұртқа қарап ойланған болып):
Апырай, ә,мына пәледен қалай құтылсам екен? ә-ә-ә , таптым, таптым! (Қожеке
бұрылып) Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк пе? Қанарың қызыл ала ғой.
Қожанасыр: Иә, дәл солай!
Алдар Көсе: Ендеше әлгінде бір-екі полиция жұртқа жар
салып, иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына «Көктемнің» дәл бергі бұрышында. (Қожанасыр
қалбалақтап солай қарай жүгіре жөнелді).
Алдар Көсе: Әй, Суайтбегім! Мынау тағы не сұмдық! Қайдағы
жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубатты қайдан таптың? Өтіріктің де жөні бар
емес пе?
Тазша бала: Ой, Алдеке, имандай шыным. Оллахи-бұлаххи
(қолының қырымен тамағын орады).
Алдар Көсе: Тек-ей, ант су ішіп не болды? Алдына жан
салмаған өтірікші екенің баршаға аян. Қожекең екеуің немене, қара аспанды суға
алдырып. Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елкезек екен.
Бірі аттан түсіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық
тастап, енді біреуі қолыма су құйып, бәрі құрақ ұшып қарсы алды.
Тазша бала: Е-е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да,
әйтпесе бізді қайтсін. Әпенділері де, өтірікшілері де толып жатқан көрінеді.
Әлгінде той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ: «Ой, аға, мұнда
сізге не бер? Біздің сеніп жүрген ағаларымыздың қасында өтірік айтудан сіз жіп
есе алмайсыз»- дейді. Содан абыройым барда осылай тарттым.
—
Жә, сөзді қойып,
балалардың бізге әзірлеген ертегісін тамашалайық!
(Сахнаға оқушылар
шығып, «Алдардың шық бермес, Шығайбайға қонақ болуы» ертегісін орындайды.)
№45 жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы:
Ертегілер
елінде
Орал 2012ж
№45орта жалпы білім беретін мектеп.
Тақырыбы: Мемлекеттік
рәміздер.
Орал 2012ж
Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат
Мақсаты:Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдеиетімен сусындатып, ой-өрісін танымдық қасиетін дамыту. Ертегілерге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі. слайд.
Түрі: Сахналық көрініс.
Сыныбы: 3-4 сыныптар.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кітапханашының кіріспе сөзі.
ІІІ. Ертегілер әлеміне саяхат.
ІҮ. Ертегі айтып берейін.
Ү. Қорытынды.
Кітапханашының кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар және ұстаздар? Бүгін біз сіздермен ертегілер еліне саяхат жасағалы отырмыз. Біздің ата-бабаларымыз жақсы күнді аңсап, зұлымдықты әділеттілікті жеңіп, асыл қазынаны тауып, көкке ұшуды армандаған. Сондықтан ертегілер дегеніміз- халық қиялы, арманы, ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі. Сондықтан да балалар кітапханаға келіп ертегі кітаптар оқып, кітаппен дос болуға шақырамын.
Ертегілер әлеміне саяхат.
Кітап ханшайымы: Армысыз, қайырымды Аспан Ата!
Армысыз, мейірімді Жер-АнаІ
Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!
Бүгінгі мейрам, қуан, шаттан
Кітап ханшайымы: Жүріңдер балалар тағы да ертегілер әлеміне саяхаттап келейік.
Ертегілер елінде ән орындалады.
Саққұлақтан кейін
Балалар бірге алып кетеміз бе бізге серік болсын. Ия
Тышқан: Мен әлемдегі айлакер тышқанмын, түйенің өркешіне мініп күн сәулесін бұрын көріп қалған тышқанмын.Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалған.Ал, мен қай ертегіденмін.Қазақтың есептеуінде жылдан үлкен мүшел деген бар. Сол жылдар он екі жануардың атымен аталады қане кім атайды.
Мені өздеріңмен ала кетіңдерші менде саяхатқа шыққанды жақсы көрем.
Тышқаннан кейін
Кітап ханшайымы Жарайды тышқан сені де ала кетейік
Мақта қыз:Мен мақта қыз үйді тазаладым
Сен мысық қайта-қайта мазаны алдың
Қатық төктің еңбекті қадірлемей
Құйрығыңды жұлып ап жазаладым.
Кітап ханшайымы: Балалар алдарыңдағы Мақта қыз қандай ертегінің кейіпкері.Бұл ертегі неге үйретеді.
Балалар еңбекке ендеше балалар еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер.
Шал: Амансыңдар ма қарақтарым жолдарың болсын.
Кітап ханшайымы: Ата біз халқымыздың ертегілер әлеміне саяхат жасап жүрміз.
Шал: Жарайсыңдар менде осы ертегілер алінің кейіпкерлерінің бірімін.Қазбайдың өмірін сақтап қалып мына сиқырлы заттарға ие болдым.Олар қазан,есек,тоқпақ.Балалар мені таныдыңдарма.
Кітап ханшайымы: жарайды сізді де өзімізбен бірге алып кетейік
Саққұлақ: балалар бір жағымсыз дауыс естіледі Біздерді бір кедергі күтіп тұр.
Мыстан:Мен мыстанмын мыстанмын
Жақсылыққа дұшпанмын
Жамандыққа құштармын
Су астынан шыға кеп
Алқымыңнан қысқанмын
Сендер мені қай ертегіден көрдіңдер
Жарайды мыстан жүр бірақ бізге кедергі жасама.
Кітап ханшай
ымы:Балалар біз халқымыздың ама ертегілерімен таныстық.
Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын кеңейтіп, бір — біріне қамқор болуға үйрету, таным, белсенділіктерін арттыру. Балалардың қызығушылығын оятып кейіпкерлермен бірге қуану — қайғыруды байқауға үйрету. Балалардың сөйлеу, тілін дамыту, ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауыс интонациясын дұрыс келтіріп айтуға дағдыландыру. Бір — біріне жанашырлық сезімдерін қалыптастыру, дос болуға тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту. Эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері, макеттері, муляждары, құрастырмалы үйлер.
Қолданылатын әдіс — тәсілдер: Түсіндіру, жаттықтыру, ертегіні рөлдерге бөліп көрсету, әңгімелесу, шығармашылық, өз бетімен жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
Саз әуені ақырын жүріп тұрады.
Жүргізуші:. Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін өткелі отырған «Ертегілер елінде» атты сахналық қойылымымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналық қойылымымызды ашық деп жариялаймыз.
Ән: «Әке» Орындайтын Төлеген Серім
Жүргізуші: келесі көретіндеріңіз «Түлкі мен Қоян» ертегісіне сахналық қойылым
Автор: Бір хандықта ну орманның ішінде түлкі мен қоян дос болыпты. Олардың достығы сонша, тіпті олар екеуі бір — бірімен көрші болып тұруды ұйғарады. Содан түлкі өзіне мұздан, ал қоян ағаштан үй салады екен. Жылдар жылжып, күндер өтеді. Қыс өтіп көктем де келеді. Түлкінің мұздан жасалған үйі су болып еріп кетеді, сосын түлкі қулық жасап, қоянның үйіне кіріп алмақ болып қоянға келеді.
Түлкі: Қоянжан, біз екеуміз дос едік қой, менің үйім мұздан жасалған еді, міне күн жылынып мұз да су болып еріп кетті, екеуіміз бірге тұрайықшы…
Қоян: Жарайды біз доспыз ғой бірге тұрсақ тұрайық.
Жүргізуші: Сөйтіп түлкі қоянның үйіне кіріп алып, қоянды далаға қуып шығады. Қоян жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Қасқыр кездеседі.
Қасқыр: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Қасқыр: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін. түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз.
Қасқыр: Түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын
Жүргізуші: Қасқыр қаша жөнеледі. Қоян одан да бетер жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Аю кездеседі.
Аю: Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Аю: Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін., түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз
Жүргізуші: Сөйтіп аю қоянның үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Аю: Түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Мен қазір пештен секіріп түсіп, тырнақтарыммен сендерді тырнап, тістеріммен тістеп аламын Аю қаша жөнеледі. Қоян одан да қатты жылай бастайды
Қоян жылап отырғанда, оған Әтеш кездеседі.
Әтеш: КУ — КА — РЕ — КУ, Қоянжан сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен жыламағанда қайтейін, түлкі екеуміз дос болып, көрші тұратынбыз, түлкінің үйі мұздан жасалған, ал менің үйім ағаштан жасалған болатын. Күн жылынып түлкінің мұздан жасалған үйі еріп кетіп, менің үйіме кіріп алып мені үйімнен қуып шықты. (Жылайды)
Әтеш: КУ — КА — РЕ — КУ, Қоянжан сен жылама, мен саған көмектесемін біз түлкіні сенің үйіңнен қуып шығамыз. КУ — КА — РЕ — КУ?
Уәзір: Әтеш пен қоян үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Әтеш: КУ — КА — РЕ — КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен пештен түсіп жатырмын.
Әтеш: КУ — КА — РЕ — КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен киініп жатырмын.
Әтеш: КУ — КА — РЕ — КУ, қолымда шалғым бар, түлкінің басын шауып аламын, түлкі, түлкі шық үйден!
Түлкі: Қазір мен шығып келемін.
Жүргізуші: Түлкі әтештерден қорқып, үйден жүгіріп шығып қаша жөнеледі. Сөйтіп қоян түлкінің кеткеніне қуанып, әтештерге рахметін айтады.
Қоян: Рахмет сендерге, сендер менің үйімнен түлкіні қуып жібердіңдер.
Жүргізуші: келесі тамашалайтындарыңыз «Қызыл телпек» ертегісі
Автор: — Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында Қызыл телпек өмір сүріпті. Ол анасымен бірге тұрыпты. Бір күні анасы:
Анасы: — Қызым, мен әжеңе арнап тоқаш пісірдім, сол тоқашты апарып бер. Жолда жүргенде сақ бол. (Қызыл телпек тоқашты алып кетеді.) Осылайша Қызыл телпек әжесіне асығып жолға шықты.
Ұзақ жол жүрген Қызыл телпек адасып қалады. Не істерін білмей жылай бастайды. Осы кезде музыканың дыбысы естиді.
Бременьский музыканты (ит, бала, есек, әтеш мысық) Әншілер Қызыл телпекті Тасбұлақтың сайына жеткізіп тастайды.
Жолай Қызыл телпекке Қасқыр кездеседі
Қасқыр: — Қызыл телпек сен қайда асығып бара жатырсың?
Қызыл телпек: — Мен әжеме тоқаш апара жатырмын.
Қасқыр:- Әжең қай жақта тұрады?
Қызыл телпек: Орманның арғы жағында тұрады.
Осылайша қасқыр айласын асырмақшы болып, әжесінің үйіне бет алады. Қасқыр әжесінің есігін қағады.
Әже: — Кім бұл?
Қасқыр: — Мен ғой әже Қызыл телпек немерең. Мен сізге тоқаш алып келдім.
Әже: — Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң есік ашылады
Автор: Есікті ашып әжені жұтып қояды. Қасқыр әженің орнына жатып алады да, Қызыл телпекті күтеді.
Қызыл телпек есікті қағады. – Әже мен ғой Қызыл телпек немерең, мен сізге тоқаш әкелдім.
Қасқыр: — Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң, есік ашылады.
Қызыл телпек үйіне кіреді.
Әжесінің жанына барып,; — Әже көзің неге үлкен?
Қасқыр: — Сені жақсылап көру үшін
Қызыл телпек: — Құлағың неге үлкен?
Қасқыр: — Сенің сөздеріңді есту үшін
Қызыл телпек: — Тістерің неге үлкен?
Қасқыр: — Сені жеу үшін
Қызыл телпекті қасқыр жұтып қояды.
Ормандағы аңшы қатты дауысты естіп қалады да, әжейдің үйіне келіп, қасқырды көріп атып салады. Қасқырдың іші жарылып, әжей мен Қызыл телпек шығады.
Қызыл телпек тоқашты әжесіне береді, әжесі қатты қуанады.
Жүргізуші: келесі кезек әнде. Ән: «Ертегілер»
Орындайтын: Айгерім Құлжанова
Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар осымен біздің «Ертегілер елінде» атты сахналық қойылымымыз аяқталды. Қош, сау болыңыздар.
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде . «Бауырсақ» ертегісі
Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Технологиясы: «Тәй-тәй» технологиясы
Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.
Сәлем, сәлем, басым!
Сәлем, сәлем, көзім!
Сәлем, сәлем, бетім!
Сәлем, сәлем, тісім!
Сәлем, сәлем, балалар!
Сәлем, сәлем, апайлар!
Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.
— жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)
— қиял-ғажайып ертегілер
— шыншыл ертегілер
Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.
Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.
— Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.
— Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане, қандай ертегілер естеріңде қалды? (Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.)
Балалар, ертегі не жайында?
— Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен.
Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді).
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! І-ші сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиалынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші
Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал
— Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір
— Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Шал
— Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Тәрбиеші
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.
Тәрбиеші
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қоян
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.
Қоянның тапсырмасы:
-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.)
Тәрбиеші
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Тәрбиеші
Бауырсақ әндете жөнеледі
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Қасқыр
— жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Қасқырдың тапсырмасы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.
1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам.
Тәрбиеші
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю
— Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!
Аю
Аю: Әй, балалар, балалар!
Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойындар
Кәне, тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орындайық.
Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсаққ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Тәрбиеші
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Тәрбиеші
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Түлкі
— Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
1. Қыста ақ,
Жазда сүр.
(қоян)
2.Қорбаң- қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді (аю)
3.Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(түлкі).
Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.
Тәрбиеші
Әже келе жатқан Тәуелсіздіктің 21 жылдық мерекесіне арнап 21 бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты.
Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер, (отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).
Қорытындылау:
— Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)
— Өте жақсы!
— Ал, түлкі ше?
-Түлкі қу, айлакер.
Жағымды-Жағымсыз
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады? (Бидайдан)
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
Бауырсақ: Сары.
Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай?
Бауырсақ: Домалақ, шеңбер.
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.
Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады,сабақтар ашық ауада өткізіледі.Сондықтан да балалардың жыл бойғы алған білімін ,біліктілік дағдыларын ,қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке , нәтижеге ие болады.
Жағымды көңіл-күй мен қолайлы орта туғыза отырып, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Жұпар» балабақшасында «Ертөстік» тобының тәрбиеленушілерімен «Бауырсақ» ертегісін балалабақша бүлдіршіндеріне сахналады. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдаған аю рөлінде — Бірлік Жалғас,әже рөлінде -Уадутбек Айлуна,өжет қоянның рөлінде -Әділханова Асыл,айлакер түлкінің рөлінде -Дінмұхамедқызы Анель, сұр қасқырдың рөлін сомдаған -Ерлібек Ақарыс ,тап-тәтті қылығымен көрермен көзайымына ие болған бауырсақ рөлін сомдаған — Қалдыбаева Айлана,атанын рөлінде-Жұмабек Жамбыл. Балалар ертегіні сахналау барысында өздерінің рөлдерін өте жоғары деңгейде ойнап,бүлдіршіндерге жақсы жазғы көңіл күй сыйлады.
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
— ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
— ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?
Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
«Ертегілер елінде»
«Шалқан» ертегісін сахналау.
Мақсаты:
Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту.
Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін толтыру.
Көрнекіліктер:
«Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті құралдар.
Ертегінің барысы:
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.
Есік қағылады:
Тәрбиеші:
Балалар, қанекей кім есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті ашып.
Тәрбиеші есік ашады:
Тәрбиеші:
Балалар, бізге жыл басы қоян қонаққа келіп тұр.Қанекей бәріміз қоянмен амандасайық.
Қоянның сөзі:
Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бүгін сендерге әдейі орманнан «ертегілер еліне» қонаққа келіп тұрмын. «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп сауысқаннан естіп, арнайы келдім.
Тәрбиеші:
Қоян, сіз дәл уақытында келдіңіз, олай болса балалармен қосылып, ертегіні тамашалауға шақырамыз, балалардың арасынан орны алып, орналаса қойыңыз.
Әуенмен шалқан ертегісі басталады.
Тәрбиеші:
Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата:
Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші:
Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата:
Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.
— Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!
Кемпір:
Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Тәрбиеші:
Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір:
Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз:
Жарайды апа сізге көмектесемін.
Тәрбиеші:
Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз:
Итім, итім көмекке келші.
Ит:
Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін
Тәрбиеші:
Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит:
Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық:
Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші:
Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық:
Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан:
Әрине көмектесіп жіберемін.
Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.
Ертегілер елінде
Тәрбие сағаты- admin
- 28.01.2017
- 0
- 1
- 18487
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Шалабаева Алмагүл Утешқызы
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдыру.
3. Төзімділікке, адамгершілікке, бірлесе жұмыс істеуге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу. Ертегілерді оқуға деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, үлестірме карточкалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын түгендеу, көңілдерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
II. Кіріспе бөлімі:
Қазақ ауыз әдебиетінің көне түрлерінің бірі — ертегілер болып табылады. Онда қазақ халқының ғасырлар бойы бастап кешкендері суреттеледі. Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.
Ертегіден халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-арманы, бақыты туралы ойларын көруге болады.
Ертегі ғасырлар бойы сақталып, жалғасып біздің дәуірімізге жеткен.
Әдетте ертегілер «ерте, ерте, ертеде» немесе «баяғы заманда» деп басталып, соңы жақсылықпен аяқталады.
Бар екен де жоқ екен,
Ертек- ертек, ерте екен.
Ешкілері бөртеекен,
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен,
Ертегіден қызық екен.
Міне балалар бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
I-бөлім. Таныстыру.
I-топ. Бауырсақ.
II-топ. Шалқан.
III-топ. Қызыл телпек.
II-бөлім. Кім білгір?
Қай топ ертегілерді көп біледі?
III-бөлім. Кім тапқыр?
Суреттің қай ертегіден алынғанын табу, кейіпкерлерін атау.
IV. Кім ойшыл?
Ертегіден үзінді оқылады, жалғастырып айту.
V. Кім шапшаң?
Ертегі көрінісінің қиындыларын құрастыру.
Қауындықта ақ қораз,
Дайындады қақ біраз.
Ұйқы көрмей ұзақ таң,
Бақ күзетті бұзауқан.
Бау–бақшаны аралап,
Жеміс терді қара лақ.
VI. Кім дарынды?
Сурет бойынша ертегі құрастыру.
VII. Қорытынды.
Жеңімпазды анықтау.
Міне, балалар бізге ата-бабадан мұра болып қалған құнды шығарманың бірі ертегі екен. Оның қай-қайсысын алсақта тәрбиелік мәні өте көп екен. Мысалы, тұрмыс-салт ертегілерін естігенде өмірдің неше түрлі қырлары мен сырларын түсінуге, әр дүниені танып білуге көмектессе, қиял-ғажайып ертегілерін оқығанда елді қорғаған қаһармандардың іс- әрекетіне қызығып, олардың жақсы істерін үйреніп, жаман істерінен жиренуге көмектеседі. Ал хайуанаттар туралы ертегілерден табиғаи пен жан- жануарлар дүниесін тереңірек тануға, олардың іс-әрекеттерін мәнін түсінуге көмектеседі. Сондықтан көбірек оқып, атадан қалған мұраны яғни халық шығармасын келесі ұрпаққа жеткізуге біз міндетті екенімізді ұмытпайық .
Ата-мұра бізге өнеге деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.