Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
— ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
— ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?
Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
|
|
|
|
|
|
|
Іздеп көріңіз:
ертегилер елине саяхат ашық сабақ, ертегилер елине саяхат ашык сабак, ертегілер еліне саяхат ашық сабақ балабақшада, ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары, ертегілер еліне саяхат тәрбие сағаты, ертегілер еліне саяхат сценарий, Ертегі еліне саяхат атты сабақ жоспары балабақша, Ертегілер еліне саяхат, Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат, Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат, ертегилер елине саяхат сценарий казакша, сценарий на казахском языке про сказку, 1 маусым балаларды қорғау күні сценарий, ертегілер еліне саяхат сценарий казакша, 1 маусым балалар куни сценарий казакша, сценарий на 1 июня день защиты детей на казахском, 1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
— ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
— ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?
Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттергетәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бейімдеу.
Көрнекілігі: слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар
Шарты: Әр сынып ертегіден көрініс көрсетіп, сахналайды.
Шараның барысы: І. Кіріспе сөз:
-
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Барлығыңызда бастауыш сынып апталығында оздырылғалы отырған « Ертегілер елінде» атты шарамызға қош келдіңіздер! Ертегі — балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.
-
Бүгін 1-4 сынып оқушылары өздерінің дайындаған ертегілерін біздің алдымызда сахналап көрсететін болады. Олай болса «Ертегілер елінде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Көрермендерге сұрақтар:
-
Қандай ертегілерді білесіздер?
-
Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./
-
Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?
-
Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./
-
Ертегілер қалай аяқталады? / Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті»
Жүргізуші: Балалар, «Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,
Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді?
— Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Ертегілер әлемі». Орындайтын: 1-сынып оқушылары
Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді,- демекші алдарыңызға 1-2 сынып оқушыларын шақырамын.
1 сынып – «Шалқан» ертегісі «Маса мен аю» ертегісі
2 сынып – «Бауырсақ» ертегісі.
Көрермендерге: «Кім білгір?»
Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.
-
Алдар көсе
-
Ер Төстік
-
Алтын балық
-
Күлше қыз
-
Маша мен аю
Жүргізуші: Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті 3-сыныптың оқушыларына берейік.
3 «А» сынып – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Көрермендерге: «Кім тапқыр?»
Шарты: Ертегіден үзінді және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын және кейіпкерді атау.
-
«Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/
-
«Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? / Жыл басына таласқан хайуанаттар/
-
Қу түлкі барлық балықты
Түсіріпті бір-бірлеп,
Түсіріп бәрін болған соң
Түсіп қапты бүлкүлдеп.
Суатқа барып құйрықты
Кешке қарай малып қой,
Таң атарда тартасың
Балыққа жарып қайтасың./Түлкі мен қасқыр/
-
«- Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» -дейді жан ұшыра. (Қарлығыш пен дәуіт )
-
«Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Тісімді жұлып, лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/
Жүргізуші: Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды – дей отырып, ендігі кезек 4-сынып оқушыларында.
4 «А» сынып- «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбайдың кездесуі»
Қорытынды: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Ақтүйесай орта мектебі
Тақырыбы:
Ертегілер әлеміне саяхат
Өткізген: Айтжанова М.Б.
2016-2017о.ж.
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
— ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
— ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?
Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,
логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей
отырып достыққа, қарым-қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің суреті.
Сабақтың барысы:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ата-аналар, балалар, ұстаздар!
І. Кіріспе сөз
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.
Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.
Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:
- Қиял-ғажайып;
- Хайуанаттар туралы;
- Шыншыл ертегі;
- Тұрмыс-салт ертегілері.
Қиял-ғажайып ертегілерде жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады.
Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді.
Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын-қыстау оқиғаларда ақыл, айла-тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б.
Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.
Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм-қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.
Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқамінерлердің іс-әрекеттерін әшкерелейді.
Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!
Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Қатысушы топтар:
а) «Мақта қыз бен мысық» тобы (Ы. Алтынсарин)
«Алтын балық» тобы (А. С. Пушкин)
«Қар ханшайымы» тобы (Г. Х. Андерсен)
«Қызыл телпек» тобы (Шарль Перро)
Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Осы мерекенің ашуы Дәуреннің орындауында «Ертегілер әлемі» әнін қабыл алыңыздар.
ә) Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар:
б) Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады:
І бөлім – Таныстыру.
ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ».
ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?»
IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).
V бөлім – «Кім шапшаң?»
VI бөлім – «Кім білгір?»
І бөлім – Таныстыру.
ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ».
- Қой басқаратын жануарі (Ешкі)
- Аң патшасыі (Арыстан)
- Апаң-апаң, ескі шапан,
Иір қобыз, жарық құлдызі (Түйе)
- Жанды сағат, айғай саладыі (Есек)
- Қалтасында баласы, ол қандай аң? (Кенгуру)
- Мал терісінен жасалатын қыстық, жылы киім. (Ішік)
к | |||||||
е |
|||||||
н | |||||||
е | р | т | е | г | і | ||
ш | ы | ү | с | у | ш | ||
к | с | й | е | р | і | ||
і | т | е | к | у | к | ||
а | |||||||
н | |||||||
ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?» (ата-аналар)
Шарты: Кез-келген ертегіден үзінді айтылады, сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.
- – Ей күшік мен сені жеймін! – депті
— Қой, көкешім, қой! (Күшік, қасқыр, мысық)
- Дерменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді. (Кедей, дерменші
бай)
- Жыл ббасына таласып түйе күнді көрмей қалыпты. (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу,
жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).
- – Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың? (Мұз, күн, бұлт, жусан, қошақан, қасқыр,
мерген, тышқан, құмырсқа).
IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).
Шарты: Әр топ өз ертегілерінің үзінділерін сомдайды.
V бөлім – «Кім шапшаң?»
Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу және жалғастырып айту.
- Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің? – дейді. (Күңшіл үйрек)
- Қыз итті шақырады. Ит мысықты шақырады. Мысық тышқанды шақырады. (Шалқан)
- Төгілмесе, ешкім ішпесе бір қазан сүт қайда кетеді. (Бір қазан сүт)
- Көлге қарқырдың құйрығы мұз болып қатып қалыпты. (Түлкі мен қасқыр)
VI бөлім – «Кім білгір?»
Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.
- Маша мен аю
- Түлкі мен т ырна
- Бауырсақ
- Жеті лақ пен қасқыр
Қортынды:
Мазмұны
- І аялдамаға келдік. Көркем әдебиет аялдамасы
- ІІ аялдама.Математика аялдамасы
- ІІІ Өнер аялдамасы
- ІV аялдама
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
1. Балалардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын дамыту.Сөзді анық айтуға,есте сақтау қабілетін дамыту.
2. Кейіпкерлерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
3. Балаларды ұқыптылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: Саяхат
Керекті көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреті, дорба, қисынды есептер, мультфильм кейіпкерінің екі түрлі суреттері, түймелер тігілген картондар, акварель бояуы, конструкторлар, тышқан, тауық (қуыршақ театр), сахна, бағалауға арналған жұлдызшалар
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, айту, сұрақ-жауап, қайталау, мақтау, мадақтау
Сабақтың барысы: «Шаттық шеңбері» Армысың құдіретті Аспан ата, Армысың мейірімді Жер ана, Армысыздар келген қонақтар, Армысың менің Жан досым,
Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.Балалар бір-бірінің иығынан ұстап, пойыздың дыбысын шығарып жүреді.
І аялдамаға келдік. Көркем әдебиет аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар бұл аялдамада қараңдаршы сиқырлы қапшық бар екен.Ішінде не бар ененін білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ, білмейміз
Тәрбиеші: Олай болса Айзере ішінде не бар екен?
Балалар: Сурет
Тәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар бұл жай сурет емес, ертегі суреттері.Бұл қандай ертегінің суреті айтыңдаршы?
Балалар: Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісін әңгімелеу.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бұл аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді пойызымызға мініп келесі аялдамамызға барайық
ІІ аялдама.Математика аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар бұл аялдамада бірнеше тапсырмалар берілген.Бірінші тапсырма.Тақтада суреттер ілініп тұр.Ол суреттердің артында қисынды есептер бар.Есептер шығаруға дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия дайынбыз (Қисынды есептер шығарады).
Тәрбиеші: Балалар сендер есепті дұрыс шештіңдер.Ал, енді екінші тапсырманы көрейік. «Сиқырлы қорапша» балалар қорапшаның ішінде түймелер тігілген картондар бар қазір біз ол түймелерден ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Көзіңді жұм да, сана»
Ойынның шарты: 7 бала шығады, қолдарына картондар беріледі,көздерін жұмып, сипап сезу арқылы қолдарындағы түймелерді ретімен санайды.Осылайша барлық сандарды атап шығады.Қалған 3 бала ол сандарды тура және кері санайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар сіздер бұл ойынды керемет ойнадыңдар.Ал енді тағы да ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: ия
Тәрбиеші: Біз қазір «Айырмашылығын тап» ойынын ойнаймыз.Ойынның шарты: Екі мульфильмдегі кейіпкердің сурет берілген, сол екі суреттің бір-бірінен айырмашылығын табу керек.
-Жарайсыңдар.Бұл ойынды да жақсы ойнадыңыздар.Пойызымызға мініп «Сергіту сәті» аялдамасына барамыз.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ-топ-топ, Ал қолменен хоп-хоп-хоп, Бір оңға бір солға, Айналайық кел мұнда. Қолымызды бір сілкеп, Басымызды шайқайық. Бір оңға бір солға, Ойнайықшы кел мұнда. Секіреміз жоғары, Қиын емес секіру. Бір оңға бір солға, Секірейік кел мұнда
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Енді пойызымызға мініп саяхатымызды жалғастырайық.Келесі аялдама «Өнер» аялдамасы.
ІІІ Өнер аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар жылаған дауыс естіле ме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ой, балалар қараңдаршы мұнда тышқан мен тауық жылап тұр.Тышқан, тауық сендер неге жылап тұрсыңдар, не болды?
Тышқан: Жыламай қайтейін біздің үйшігімізге Аю сыймай құлатып қойды, оны қалай құрастырамын.(жылайды)
Тауық: Ал, менің балапандарым аш менің балапандарыма тары керек.Балалар сіздер маған тары жасап көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:Тышқан, тауық сіздер жыламаңыздар менің қыздарыммен ұлдарым сіздерге көмектеседі.Балалар аю үйді қандай ертегіде кездесетін еді?
Балалар: Үйшік ертегісінде
Тәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше көмектесемізбе балалар?
Балалар: Ия біз көмектесеміз.
Тәрбиеші: Олай болса ұлдар сіздер мына құрастырғыштар арқылы Тышқанға үй жасап беріңіздер, ал қыздар болса Тауыққа мына бояулар арқылы тары жасап берсін жарайма?
Балалар: Жарайды. (Ұлдар конструкторлар арқылы әдемі үй құрастырады, қыздар кішкентай саусағы арқылы ақ бетке сары бояудан тары жасайды)
Ұлдар: Тышқан міне сіздің үйіңіз енді жыламаңыз.
Тышқан: Рахмет сендерге балалар менің енді бұрынғыдан да әдемі үйім болатын болды.
Қыздар: Тауық алыңыз міне сіздің тарыңыз.Енді жыламаңыз.
Тауық: Балалар сіздерге көп рахмет.Сіздердің көмектеріңіздің арқасында балапандарым аш қалмайтын болды.
Тәрбиеші:Тауық, тышқан менің балаларымның сіздерге көмегі тигеніне қуаныштымын.Сау болыңыздар.Балалар енді пойызымызға отырып, келесі аялдамамызға барайық.Келесі аялдамамыз «Тіл дамыту» аялдамасы.
ІV аялдама
Топ ішіне кенеттен Бауырсақ кіріп келеді.Балалар таң қалады.
Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Бауырсақ: Мен кіммін?
Балалар: Бауырсақсыз
Бауырсақ: Жарайсыңдар.Мен қай ертегіденмін?
Балалар: Бауырсақ ертегісіненсіз
Бауырсақ: Жарайсыңдар балалар, өте керемет.Балалар өздерің қайдан келе жатырсыздар?Егер сіздер менің сұрақтарыма толық жауап берсеңдер мына сандықшаның ішіндегі сыйлықтарды сіздерге беретін боламын.КЕлісесіңдер ме?
Балалар: Ия.Біз Шалқан ертегісін әңгімеледік, есептер шығардық, суреттің айырмашылығын таптық, Тышқан мен Тауыққа көмектестік
Бауырсақ: Қалай көмектестіңіздер?
Балалар: Ұлдар үй құрастырды, ал біздер тары жасадық
Бауырсақ: Өте тамаша балалар мына сыйлық сендерге, енді мен өз ертегіме барайын.Сау болыңыздар балалар.
Балалар: Сау болыңыз
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар сіздер Бауырсақтың сұрақтарына толықтай жауап бердіңіздер, сондықтан ол сіздерге мына сыйлығын беріп кетті.Алдымен пойызымызға мініп тобымызға қайта оралайық содан кейін мен сіздерге Бауырсақтың сыйлықтарын тарататын боламын жарайма?
Балалар: Жарайды
Тәрбиеші: Олай болса пойызымызға мінейік.Кеттік
— Міне, балалар біз тобымызға да келдік.Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қоятын боламын сол сұраққа жауап беремін.Содан соң сыйлықтарыңды беретін боламын.
— Балалар біз қайда саяхат жасадық?
— Саяхатымызда нелерді көрдік?
— Біз қандай есептер шығардық?
— Біз кімдерге көмектестік?
— Қандай кейіпкерлерді көрдік?
Тәрбиеші: Балалар өте тамаша сіздер бүгінгі оқу іс-әрекеттемізге белсенді болып, барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар.Мен енді сіздерге сыйлықтарды таратайын.Ой, қоян сіздерге өте жақсы жауап бергендеріңіз үшін мынадай жұлдызшаларды беріпті.Осымен бүгінігі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар ертегінің мазмұнын білуі керек.Қисынды есептерді шығара алуы керек.Еркін сөйлей білуі керек.
Болуы керек: Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары, сұрақтарға толықтай жауап болуы керек;
Қолынан келуі: Балалар есептерді өздері шығара алады, әдемі үйді, тарыны өздері жасай алады, ертегі кейіпкерінің рөлдерін өздері ойнай алады.
★★★★★★★
Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.
↓↓↓
ТАПСЫРЫС ЖАСАУ
Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларға шын көңілден шаттық көңіл — күй сыйлап, мереке атауларымен таныстыру. Балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін өз көздерімен таныстыру. Мерекеге жақсы көңіл — күй керек екенін балаларға ұғындыру.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата — аналар, сүйкімді балақайлар! 1 — маусым балаларды қорғау күні құтты болсын. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз. «Ақбота» балабақшасының өнерлі ұжымы мен талантты балаларының мерекеге орай дайындаған «Ертегілер еліне саяхат» атты мерекелік концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Алақай — ау, алақай!
Той тойлайық балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақай.
Жүргізуші: Ендеше әдептен аспайық, әдепсіз болмайық, ертегілер әлеміне саяхатқа барайық. Балалардың сүйікті ертегілерінің бірі — « Қызыл телпек» ертегісін тамашалаңыздар!
Автор: — Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында Қызыл телпек өмір сүріпті. Ол анасымен бірге тұрыпты. Бір күні анасы:
Анасы: — Қызым, мен әжеңе арнап тоқаш пісірдім, сол тоқашты апарып бер. Жолда жүргенде сақ бол. (Қызыл телпек тоқашты алып кетеді.) Осылайша Қызыл телпек әжесіне асығып жолға шықты. Алдымен екі жол шықты бірі ну орман және екінші жол ұзақ жол.
Алтын балық: — Көмектесіңдер, көмектесіңдер! (Қызыл телпек құтқарады) — Рахмет. Егерде сен қиын жағдайға тап болсаң, мына сиқырлы сөздерді айтсаң мен көмекке келемін. (Абрака, дабрака) Осылайша Қызыл телпек алтын балықты құтқарып жіберіп, сиқырлы таяқшаны алады.
Қарақшылар: — Қызыл телпек қайда бара жатырсың? Біз сені жібермейміз.
Қызыл телпек сиқырлы сөздерді айтады. Сиқырлы сөздерді айтып қарақшылардан құтылады.
Қызыл телпектің көңілін көтеру үшін біздің бүлдіршіндер би билеп береді.
Ортаңғы топбының бүлдіршінің орындауда
Би: «Аққу»
Қызыл телпек пен бауырсақ байқаусызда түйісіп қалады.
Қызыл телпек: — Бауырсақ қайдан келесің?
Бауырсақ: — Атам мен әжемнен қашып келемін. Мен саған өлең айтып берейінші. Жарай ма. (Бауырсақ ән айтады)
Би: «Испан»
Ұзақ жол жүрген Қызыл телпек адасып қалады. Не істерін білмей жылай бастайды. Осы кезде музыканың дыбысы естиді.
Бременьский музыканты (ит, бала, есек, әтеш мысық) Әншілер Қызыл телпекті Тасбұлақтың сайына жеткізіп тастайды.
Автор: Тасбұлақтың сайында музыканттар жүріп өтеді.
«Әуенді сайыс» балалармен бірге жаттығу жасау.
Клоундар шығады. Өз өнерлерін көрсетеді.
Клоундар бірге шармен балаларды алып шығып, билеу. Скакалькамен секіру.
Балалармен ойын: «Қане, билейік»
Би: «Көбелектер»
Қызыл телпек клоундардың өнеріне тәнті болып, қайта жолға шығады.
Қоян Қызыл телпектің қасынан жүгіріп өтіп кетеді.
Қасқыр: — Қызыл телпек сен қайда асығып бара жатырсың?
Қызыл телпек: — Мен әжеме тоқаш апара жатырмын
Қасқыр:— Әжең қай жақта тұрады?
Қызыл телпек: Орманның арғы жағында тұрады.
Осылайша қасқыр айласын асырмақшы болып, әжесінің үйіне бет алады. Қасқыр әжесінің есігін қағады.
Әже: — Кім бұл?
Қасқыр: — Мен ғой әже Қызыл телпек немерең. Мен сізге тоқаш алып келдім.
Әже: — Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң есік ашылады
Автор: Есікті ашып әжені жұтып қояды. Қасқыр әженің орнына жатып алады да, Қызыл телпекті күтеді.
Қызыл телпек есікті қағады. – Әже мен ғой Қызыл телпек немерең, мен сізге тоқаш әкелдім.
Қасқыр: — Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң, есік ашылады.
Қызыл телпек үйіне кіреді.
Әжесінің жанына барып,; — Әже көзің неге үлкен?
Қасқыр: — Сені жақсылап көру үшін
Қызыл телпек: — Құлағың неге үлкен?
Қасқыр: — Сенің сөздеріңді есту үшін
Қызыл телпек: — Тістерің неге үлкен?
Қасқыр: — Сені жеу үшін
Қызыл телпекті қасқыр жұтып қояды.
Ормандағы аңшы қатты дауысты естіп қалады да, әжейдің үйіне келіп, қасқырды көріп атып салады. Қасқырдың іші жарылып, әжей мен Қызыл телпек шығады.
Қызыл телпек тоқашты әжесіне береді, әжесі қатты қуанады.
Кейіпкерлер ортаға шығады.
Кәне балалар жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні
Мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Б.Б.Ізбасарқызына береміз.
МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасы
«Ертегілер әлеміне саяхат»
2014 ж.
Білім саласы: «Қатынас»
Білім бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: « Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Ертегіні айтып түсіндіру және сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйрету. Көркем тілдік және орындау қабілеттерін дамыту. Саусақпен сурет салуға және қағаз қиындыларынан үйшік құрастыруға, өз беттерінше жұмыс жасау дағыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісіне арналған суреттер, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, суреттер, гуашь, қағаз қиындылары.
Әдіс-тәсілдері:ертегіні сахналау, сұрақ-жауап, ТРИЗ технологиясы элементін пайдалану.Ұйымдастырушы–қозғаушы қызмет:
Шаттық шеңбері:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бас иеміз біз.
Ұйымдастырушы–ізденушілік қызмет:
Сиқырлы пойызға отырып, барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
І-аялдамаға келдік.
Балаларға «Шалқан» ертегісін мәнерлеп айтып түсіндіру және оны сахналау.
ІІ-аялдама: «Сергіту сәті»
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі
Суретпен жұмыс.
-Бұл қандай ертегі?
-Осы ертегіні суреттеріне қарап айтып беріңдерші, қане.
(Балалар сұрақтарға жауап береді.)
Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді.
IV-аялдама «Орман»
(Сол орманда аю жылап отыр)
-Аю сен неге жылап отырсың, саған не болды?
Аю: Қалай жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен соған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі?-деп балалардан сұрайды.
Тәрбиеші:
-Жылама аю, біздің балаларымыз сондай әдемі,үлкен үйшікті жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып, келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз үйшік соғуға көмектеседі.
V-аялдама «Шұбар тауық»
Сол аялдамада оларды Шұбар тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі. Мнемокестені көрсетеді.
-Балалар, сендер мына кесте бойынша ертегіні айтып бере аласыңдар ма?
(1-2 бала циклограмма бойынша ертегіні айтып береді).
«Шұбар тауық» рақмет айтады.
-Сендер менің балапандарыма тары жасай аласыңдар ма?-деп сұрайды.
Аю саған біздің жігіттеріміз үйшік соғуға көмектеседі.
Балалар:-Ия,біз оны жасай аламыз. (Осы жерде қыздар сурет салуға кетеді, саусақ арқылы қағаз бетіне балапандарға тарының суретін салады. Аю мен балалар қағаз қиындыларынан үйшік соғады).
Аю мен Шұбар тауық балаларға рақмет айтады.
Сосын сиқырлы пойызға отырып, барлығы топтарына кетеді.
VI-аялдама. Сюрприз.
Бауырсақ секіріп топқа кіреді. Балалардан сұрайды:
-Мен кіммін?
-Мен кімнен қаштым?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті-түзетуші қызмет:
Бауырсақ:-Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма?
— Егер сендер толық жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін.
Балалар іс-әрекетті еске түсіріп айтады.
Бауырсақ:-Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артынада сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады : ертегі кейіпкерінің атын атауды біледі.
Түсінеді: кейіпкердің мінез-құлықтарын ажырата отырып, жақсы мен жаманды ажырата алады.
Қолданады: ертегілер мазмұнын айта біледі.