Ертегі еліне саяхат
(Нурсапанова Назгуль)
бастауыш
сынып оқушылары арасындағы сайыс
Мақсаты:
1)
Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен
таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
2)
Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың
логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл — ой белсенділігін арттыру,
тез ойлауға машықтандыру.
3.
Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын
салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке,
шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдері: түсіндіру — көрсету, сұрақ — жауап,
баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекіліктер:
ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен, шармен безендірілген сахна, «Кітап қалай
жасалды?», «Ертеге кейіпкерлері» тақырыбындағы слайд презентация,
суреттер, «Ертегілер елінде» көрме, тапсырмалар берілген
карточкалар, бейнетаспа.
Амандасу.
Шаттық шеңбер:
Дөңгеленіп
тұрайық
шеңберді
біз құрайық
Қол
ұстасып бәріміз
Ақ
тілекті жолдайық
Әлемде
нұр тыныштық
Әрбір
бейбіт күн ыстық
Қайырлы
таң балабақша
Қайырлы
күн достарым
Достарымды
көргенде
Қуана
қарсы аламын
Сәлем!
Сәлем! Сәлем!
Кітапханашы
: Ата -аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхатқа» қош
келдіңіздер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
«Кітап
оқисың ба, жас дос?» сауалнама жүргіземіз.
1.
Өзің сүйіп оқитын кітап?
2.
Сенің жақсы көретін ертегің?
3.
Ең алғаш оқыған кітабың?
4.
Қай кітапты, ертегіні қайтадан оқыр едің?
5.
Сенің сүйікті әдеби кейіпкерің?
6.
Қазір қандай кітап оқып жатырсың?
7.
Кітапханашы апайлардың аты кім?
«Кітап
қалай жасалды?» тарихқа саяхат. Экранға назар аударыңыздар.
Әдеби
монтаж «Ертегі сиқыры»
1-оқушы:
Өткен күн таңтамаша ертегі ғой,
Айтады
ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі
айтса еліктіріп балалар,
Қиялға
қызықтырып ертеді ғой.
2-оқушы:
Ертегіде халықтың мұң-зары бар,
Орман,
тау, өрмелейтін кұздары бар.
Жамандықпен
алысып, жауын жеңген
Халқымның
ұлдары мен қыздары бар!
3-оқушы:
Жауларымен алысып жекелеген,
Батыр
ма ел намысын өтемеген.
Ертегімен
халқымыз ертеңіне
Ұрпағын
қызықтырып жетелеген.
4-оқушы:
Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды
мына келген ертейік біз.
«Ертегі
еліне» бір саяхаттап,
Келгендерді
соңымыздан ертейік біз.
Өте
жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер
күтіп тұр екен.
Сайыс
шарттары:
1.
Миға шабуыл
2.
Ерте, ерте, ертеде ертегілерден үзінді
3.
Кейіпкерлерді қорғау
4.
Үй тапсырмасы
5.
Ертегі мен мультфильм
6.
Суретпен жұмыс
7.
Кімнің заты?
8.
«Кітап ненеі сүйеді?»
1-тапсырма.
«Миға
шабуыл» сұрақтар беріледі.
1.
Ертегілер туралы кім не біледі?
2.
Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?
3.
Ертегінің қандай түрлері бар,?
4.
Ертегі басталғанда қалай басталады?
Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер.
Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер,
аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер?
Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар
екен?
«Ерте,
ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын
екен».
2-тапсырма: «Ерте, ерте, ертеде…» деп
ертегілерден үзінді оқылады. Бұл тапсырмада ертігінің аты, кейіпкерлері,
ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек «Ертегілер
елінің» қақпасы ашылады.
3-тапсырма:
Балалар ертегілердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Жағымды
кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаймыз? Келесі
тапсырмада топ басшылары мына суреттердегі ертегі кейіпкерлері болып өзін-өзі
қорғайды..
«Мақта
қыз бен мысық »
Мақта
қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,
Сен,
мысық, кайта-қайта мазамды алдың.
Қатық
төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығынды
жұлып ап жазаладым.
Мысық:
Көзіме көрінбей тышқан,
Мен
мысықпын іші пысқан.
Қатығынды
қайтардым төккен,
Қайырымды
алдым көптен.
Біздің
ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды
болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?
Мыстан:
Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа
дұшпанмын.
Су
астынан шыға кеп,
Алақаныннан
қысқанмын.
Тісімді
жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа
мініп ұшқанмын.
Жас
емеспін, кәрімін,
Ертегінің
сәнімін.
Көркейтуге
келгенмін
Ертегілер
ауылын.
Дәу
қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?
Дәу:
Мен жалғыз көзді Дәумін,
Балаларға,
батырларға жаумын.
Тауыңды
да, тасыңды да лақтырамын,
Тек
жамандық жолында шапқыладым.
Талай
жерде ақылмен алдап кетті,
Қаңбак
шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.
(Кақпадағы
қаңбак шалды тұра қуады).
Қанбақ
шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,
Жел
соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып
дәуді алдадым ақыры мен,
Қу
түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан
жамаңдыққа жоламаймын,
Мен
қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.
«Қырық
өтірік» ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден
ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер солай ма балалар?
Біздің
ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай
Тазша
бала: Мен Тазша баламын,
Кіп-кішкентай
ғанамын.
Қысылғанда
сөз табамын,
Қырық
өтірік пе кедергі,
Жаңылмай
айтып беремін.
Ақылыма
тәнті боп,
Алтын
үйді басыма,
Той
жасады хан қызын
Отырғызып
қасыма.
Керқұла
атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,
Жамандықты
жайраттым жолымдағы.
Азу
тісін қағыпап арыстанның,
Жеті
басты аждаһармен алысқанмын.
Міне
Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,
Әйтпесе
батыр деп мені мойындар кім?
Мен
батыр, Керқұла атты Кендебаймын,
Кәнеки,
тұра алады жолымда кім?
Меңді
қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,
Жақсылыққа
әрдайым серік болған.
Ертегіде
хан, қара батырлар да
Жүреді
мендей қыздың ақылымен.
Толағай:
Аптап ыстық кең даланы қуартқан,
Егін
күйіп, бұлақтарды суалтқан,
Мен
Толағай тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр
әкеп,Отанымды қуантқам.
4
–тапсырма. Үй тапсырмасы.
Мәнеріне,
дауыс ырғағына, актерлік шеберлікке назар аударылады.
5
тапсырма. Ертегілер елінен және мултьфильмдерден суреттер көрсетіледі.
6-тапсырма.
Суреттер таңдап алады. Соған сәйкес ертегі құрастыру керек.
Көрермен
көзайымы.
5
есекте неше құйрық бар?
∙ 2
иттің неше тұмсығы бар?
∙
үстел үстінде 3 алма мен 2 алмұрт тұр, барлығы қанша жеміс тұр екен?
∙
үйректің 2 балапаны мен қаздың 2 балапаны суда жүзіп, шулап жүр. барлығы қанша
балапан жүзіп жүр?
Жарайсыңдар
балалар, Машаның есептерін тамаша шештіңдер.
1.
«Кімнің заты?» ойыны
1.
Өзі тамақ пісіретін қазан- «Ұр тоқпақ!»
2.
Алдайтын таяқ- «Алдар көсе»
3.
Бағалы сақа- Алтын сақа
4.
Ұшатын кебіс –«Маленький Мук»
5.
Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»
6.
Гауһар айна- «Ұйқыдағы ару»
Кітап
нені сүйеді?
Ойын
шартында мен сіздерге бірнеше нұсқаны айтам, келіссеңіздер шапалақ
ұрасыздар, келіспесеңіздер ұрмайсыздар.
-Қаптағанды-
иә
-лас
қолмен ұстағанды
-қар
мен жаңбырға тастағанды
—
Аялап ұстағанды
-кітап
сөрелерінде тұрғанды
-кітапқұмарларды
-полда
жатқанды
-құрметтегенді
-Жұмыртқа
жаққанды
-төбелескенді
Қорытынды.
-Ертегі
еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?..
Ертегі
біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ
жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек кезде бір —
біріне көмекке келеді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында барлығында
жеңіп шығады екен.
Олай
болса әділқазылар мүшелерінің қорытындысын тыңдайық.
Жарайсыңдар
балалар! Сендер жарадыңдар, барлық тасырманы да орындап, сайыс межесіне
жетіп, жеңіп алған орындарыңыз құтты болсын!
Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттергетәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бейімдеу.
Көрнекілігі: слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар
Шарты: Әр сынып ертегіден көрініс көрсетіп, сахналайды.
Шараның барысы: І. Кіріспе сөз:
-
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Барлығыңызда бастауыш сынып апталығында оздырылғалы отырған « Ертегілер елінде» атты шарамызға қош келдіңіздер! Ертегі — балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.
-
Бүгін 1-4 сынып оқушылары өздерінің дайындаған ертегілерін біздің алдымызда сахналап көрсететін болады. Олай болса «Ертегілер елінде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Көрермендерге сұрақтар:
-
Қандай ертегілерді білесіздер?
-
Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./
-
Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?
-
Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./
-
Ертегілер қалай аяқталады? / Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті»
Жүргізуші: Балалар, «Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,
Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді?
— Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Ертегілер әлемі». Орындайтын: 1-сынып оқушылары
Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді,- демекші алдарыңызға 1-2 сынып оқушыларын шақырамын.
1 сынып – «Шалқан» ертегісі «Маса мен аю» ертегісі
2 сынып – «Бауырсақ» ертегісі.
Көрермендерге: «Кім білгір?»
Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.
-
Алдар көсе
-
Ер Төстік
-
Алтын балық
-
Күлше қыз
-
Маша мен аю
Жүргізуші: Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті 3-сыныптың оқушыларына берейік.
3 «А» сынып – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Көрермендерге: «Кім тапқыр?»
Шарты: Ертегіден үзінді және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын және кейіпкерді атау.
-
«Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/
-
«Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? / Жыл басына таласқан хайуанаттар/
-
Қу түлкі барлық балықты
Түсіріпті бір-бірлеп,
Түсіріп бәрін болған соң
Түсіп қапты бүлкүлдеп.
Суатқа барып құйрықты
Кешке қарай малып қой,
Таң атарда тартасың
Балыққа жарып қайтасың./Түлкі мен қасқыр/
-
«- Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» -дейді жан ұшыра. (Қарлығыш пен дәуіт )
-
«Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Тісімді жұлып, лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/
Жүргізуші: Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды – дей отырып, ендігі кезек 4-сынып оқушыларында.
4 «А» сынып- «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбайдың кездесуі»
Қорытынды: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Ақтүйесай орта мектебі
Тақырыбы:
Ертегілер әлеміне саяхат
Өткізген: Айтжанова М.Б.
2016-2017о.ж.
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет,
Математика, Бейнелеу.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.
Мақсаты: Балалрдың көркем шығармаға деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегіні кейіпкерлендіре отырып тіл байлықтарын арттыру, әр-түрлі мінез-құлықтарды ажырыта білуге үйрету. Әр түрлі тапсырмсалар арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Ертегі суреттері, слайд тақта.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы -Ой, балалар біздерге қонақтар келіп қалған екен, кәнеки амандасайық.
-Жарайсыңдар,енді шаттық шеңберіне тұрайық.
-Өте тамаша,орындарыңа отыра қойыңдар. Амандасу рәсімі:
«Ертөстік» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласымыз.
Алдыменен қонақпен,
Амандасып аламыз.
Сәлеметсіздер ме!
Шаттық шеңбері:
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға гүлдер шашылды
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Іздену,ұйымдастыруш -Балалар,бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.Көптеген кедергілерден өтіп,сұрақтарға жауап береміз.
-Жалпы ертегі дегеніміз не?
-Дұрыс айтасыңдар.Ертегіде жақсы,қайырымды,еңбекқор кейіпкерлер жеңіске жетеді.
Ал біреуге жамандық жасайтын адамдар жеңіліп қалады.
-Менің сыпыртқым мында екен ғой,мұнда не болып жатыр,-деп осы кезде ішке мыстан кемпір келеді.
-Тимеңдер,неғып жүрген балаларсыңдар,неге менің мазамды аласыңдар?
Тәрбиеші:-Әжетай,бұл балалар өте жақсы балалар.Біз ертегілер еліне саяхатқа бармақпыз.
Мыстан кемпір:
-Саяхатқа?Алдымен менің сұрақтарыма жауап берсеңдер ғана барасыңдар.
Тәрбиеші:-Жарайды,біздің балалар жауап беруге дайын.
Солай ғо балалар.
-Мен мына сыпырғышымды жерге 3 ұрғанда шарлар пайда болады.Әр шарда тапсырма болады.
-Кәне барлығың бірге үшке дейін санаң.
(шарлар пайда болады.)
-Ой,әже міне керемет.
Балалар,күніміз әрқашан жарық болып,бізге жылуын шаша берсін деп,алдымен сары шардан бастайық.
Сары шарда қандай пішін байланған?
-Дұрыс айтасыңдар,ендеше алғашқы тапсырманы орындайық.
1-тапсырманың өзінде бірнеше сұрақтар бар екен.
1)Отан,ел,жер туралы мақал-мәтелдер.
2)Табиғат дегеніміз не?
3)Нешеге бөлінеді?
4)1-ден 10-ға дейін тура жіне кері санау.
5)Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
-1-ші тапсырманы жақсы орындадыңдар.Енді екінші тапсырманы қалай орындайды екенсіңдер соны көрейін.
-Көктем мезгіліндей көк шарды алайық,онда қандай түспен белгіленген пішін бар?
2-тапсырма: Қай ертегі кейіпкерлері? (слайд арқылы көрсету)
3-тапсырмаға көшу үшін жердегі жайқалған жасыл шөптей жасыл шардағы тапсырманы көрейік.Бұл шарда қандай пішін байланған?
Мына суреттерді мазмұнына қарай ретімен орналастыр.
Әжей бірнеше ертегінің суреттерін береді.
Жеріміз қызғалдақтай құлпырсын деп қызыл шарды алайық.Қызыл шарда қандай пішін бар?
4-тапсырма: Сендерге ертегі айтқан ұнай ма?
Әжей бұны қалай түсінсек болады?
-Иә,менің бір ертегі тамашалағым келіп отыр.Соны орындай аласыңдар ма?
Олай болса,әжей бізбен бірге ертегі еліне жүріңіз.
«Қызыл телпек» ертегісі
-Ертегі ұнады ма?
-Бұл ертегі қалай аталады?
-Қай кейіпкер ұнады,қайсысы ұнамады?
-Қасқыр қанда?
-Қасқыр сөзі қандай әріптен басталады?
-Қасқыр сөзін буынға бөліңдерші.
-Жарайсыңдар,өте тамаша.
Әжейдің соңғы шары қалыпты.
Әжей бұл шарда тапсырма жоқ қой.
Ол шардың түсі қандай?
-Тапсырманы өзім айтам,менің де сендер сияқты әдемі болғым келеді.
Шығармашылық жұмыс:
-Балалар,әжейге моншақ пен әдемі орамал жасап берейік. Ол үшін 2-ге бөлініп 1-ші қатар алдарыңдағы макаронды жіпке тізіп, сырлап моншақ жасаймыз.Ал,2-ші қатар алдарыңдағы қағазда салынған орамалды саусақ ұшы арқылы әдемілейміз.
Балалардың жұмысына баға беру.
Әжей,балалардың сыйлықтары ұнады ма?
-Иә,ұнаған да қандай.Мен сендерге ризамын,жақсы,білімді балалар екен.Енді мен жүрейін,мына шарлар сендерге қала берсін.
Балалар тыңдап отырады.
Ол әңгіме,жалмауыз кемпір,жануарлар мен адамдар,т.б.
Балалар таңырқай қарайды.
Иә,жауап береміз.
Балалар 1,2,3 санайды.
Таң қалады
Сары,дөңгелек пішін
Қызыл,үшбұрышпен
Қай ертегінің кейіпкерлері екенін айтады.
Суреттерді ертегінің мазмұнына қарай орналастырады.
Жасыл түсті,сопақша
Балалар «Қызыл телпек» ертегісін басынан аяғына дейін орындап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Қасқыр сөзін буынға бөледі.
Шардың түсі қызғылт сары.
Әжеге арнап моншақ пен орамал жасайды.
Рефлексті коррекциялаушы -Балалар,бізге қонаққа кім келді?
-Қандай ертегілерді білдіңдер?
-Қай ертегіні орындадыңдар?
-Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
-Келген қонақтарымызға сйылықтарымызды берейік.
-Мыстан кемпір келді
«Бауырсақ»,»Қызыл телпек», «Жеті лақ»,т.б.
«Қызыл телпек» ертегісін
Иә,ұнады
Жасаған моншақтарын келген қонақтарға табыстайды.
Күтілетін нәтиеже.
Білуі керек: ертегілердің жүйесін,берілген тапсырмаларды орындай білу.
Болуы керек: Ұқыпты,тәртіпті,қайырымды,ертегіге деген қызығушылықтарының болуы.
Баланың қолынан келуі: Ертегінің мазмұнын айту.
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Бұрма ауылы,
Бұрма жалпы орта білім беру мектебінің жоғары санатты
бастауыш сынып мұғалімі Шатекова Карлыгаш Тулеукулкызының
1-сыныпта «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында өткізген ашық тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты:
1) оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
2) оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;
3)оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кейіпкерлердің бет перделері, ертегілер кітабынан көрме, бейнетаспа.
Барысы.
Мұғалім: — Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай? Көңіл күйлеріңді жақсарта түсу үшін бір тамаша ән тыңдайық!
«Ертегілер әлемі» әнін тыңдау. (Орындайтын Нұрәсем мен Мадина)
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?
Ертегілер әлеміне барғыларың келе ме?
Онда әуелі ертегілер еліне жеткізер бір сиқырлы затты тауып алайық. Ал іздеп көрейік.
- Жоғарыдан іздеңдер, бар ма, көріне ме?
- Төменнен іздеңдер, бар ма, көріне ме?
- Терезе жаққа қараңдар, мұқият қараңдар, бар ма? Мұнда да жоқ па?
- Мүмкін гүлдердің арасында болар?! Балалар гүлдердің арасынан сиқырлы таяқша тауып алады.
Міне, енді жолға шығуға болады, мына сиқырлы таяқшаны қозғай отырып сиқырлы сөздер айтсақ әп сәтте ертегілер елінде боламыз.
Шухты-мухты,
Дрим-трим,
Шухты-мухты,
Дуруки мурики.
О, қандай ғажап, міне біздер ертегілер еліндеміз. Ертегілер елінің қақпасы бізге айқара ашылды. Бірақ ертегілер елін аралау үшін бірнеше тосқауылдан өту керек сияқты, дайынбыз ба?
- Балалар, ендеше бәріміз тапсырманы бірігіп орындап, тосқауылдан жылдам өтіп кетейік.
1-ші тосқауылымыз Мыстан кемпірдің тапсырмасы. «Ерте, ерте, ертеде…» деп аталады. Бұл тапсырмада ертегіде не туралы айтылады? Ертегілер туралы кім не біледі? Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?
1-оқушы: Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балалар,
Қиялға қызықтырып ертеді ғой.
2-оқушы: Ертегіде халықтың мұң-зары бар,
Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.
Жамандықпен алысып, жауын жеңген
Халқымның ұлдары мен қыздары бар!
3-оқушы: Жауларымен алысып жекелеген,
Батыр ма ел намысын өтемеген.
Ертегімен халқымыз ертеңіне
Ұрпағын қызықтырып жетелеген.
4-оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген ертейік біз.
»Ертегі еліне» бір саяхаттап,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз.
Мұғалім:
- Өте жақсы, балалар! Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Мына суретте сол ертегілер түрлері бейнеленген. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?
- Ертегі басталғанда қалай басталады?
»Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен».
Жақсы.
2-ші тосқауыл құмырадағы Жынның тапсырмасы: Бұл қай ертегі? Кейіпкерлері кім?
Енді не қыламын?-деп, бара жатса, бірін қазып жатқан тышқанды көреді. Ол тышқанды бас салады.
- Жаның барында айт! Үйіңде не бар?-дейді.
Тышқан қорыққанынан:
- Үйімде бір табақ тарым бар ,-дейді.
Ол:- Маған бір уыс тары бер,-дейді.
Бұл қай ертегі? -Мақта қыз бен мысық..
Кейіпкерлері туралы еске түсіріп көрейік.
Көкек:
— Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, жұрттың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер, — деп келіспейді.
— Бұл қай ертегі? – Сауысқан мен көкек.
— Кейіпкерлері нелер?
— Ол үңгірден алысырақ тұрады да:
— Халіңіз қалай, тақсыр? – деп, арыстанның көңілін сұрайды.
— Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, біраз
сөйлесейік, — дейді арыстан.
– Бұл қай ертегі? – Арыстан мен түлкі.
— Кейіпкерлері нелер?
3-ші тосқауылымыз, жоқ бұл Ғажайып бақ аялдамасы екен, мұнда біз сендермен біраз тынығып алуымызға болады.
— Мен сендермен бір ойын ұйымдастырамын. Ойынның аты «Үй жануарларын тап». Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, «үй жануарын» естігенде қол шапалақтау керек.
Ал ойынымызды бастайық :
жолбарыс, түйе, бүркіт, жылқы, аю , қасқыр, ешкі, шегіртке, лақ, кірпі, қой, қоян, жылан, сиыр, тиін, тауық.
4-ші тосқауылымыз Айдаһардың тапсырмасы: Ертегі кейіпкерлерінің өзін-өзі қорғауы.
«Мақта қыз бен мысық »
Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,
Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың.
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығынды жұлып ап жазаладым.
Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан.
Қатығынды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.
- Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?
Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Су астынан шыға кеп,
Алақаныннан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін
Ертегілер ауылын.
-Дәу қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?
Дәу: Мен жалғыз көзді Дәумін,
Балаларға, батырларға жаумын.
Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,
Тек жамандық жолында шапқыладым.
Талай жерде ақылмен алдап кетті,
Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.
(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).
Қанбақ шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,
Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.
Алып дәуді алдадым ақыры мен,
Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.
Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,
Мен қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.
-«Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер.
Тазша бала: Мен Тазша баламын,
Кіп-кішкентай ғанамын.
Қысылғанда сөз табамын,
Қырық өтірік пе кедергі,
Жаңылмай айтып беремін.
Ақылыма тәнті боп,
Алтын үйді
басыма,
Той жасады хан қызын
Отырғызып қасыма.
-Біздің ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай.
Керқұла атты Кендебай: Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,
Жамандықты жайраттым жолымдағы.
Азу тісін қағыпап арыстанның,
Жеті басты аждаһармен алысқанмын.
Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,
Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?
Мен батыр, Керқұла атты Кендебаймын,
Кәнеки, тұра алады жолымда кім?
Меңді қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,
Жақсылыққа әрдайым серік болған.
Ертегіде хан, қара батырлар да
Жүреді мендей қыздың ақылымен.
Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,
Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.
-Жақсы, балалар! Үшінші тапсырманы да орындадық. Енді мультфильм көруге қалай қарайсыңдар?
— Ертегі қалай аталады екен?
- Құйыршық қаңдай бала?…
- Ертегі сендерге ұнады ма?..
- Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен.
Қортынды:
— Ертегілер елін біраз араладық, енді өз сыныбымызға қайтар кезде келіп жетті. Ол үшін тағы да сиқырлы тақшаның көмегі керек. Сиқырлы сөзді ұмытып қалған жоқсыңдар ма?
Шухты-мухты,
Дрим-трим,
Шухты-мухты,
Дуруки мурики.
Сиқыр деген ғажап емес, міне әп-сәтте сыныпқа оралдық, бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Несімен ұнады?
— Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырылған.
Сендер осы ертегілердің өздеріңе ұнағанын алып үйден оқып келесіңдер. Ойдан ертегі құрастырып көріңдер.
- Ертегілер сенің қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды аскақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар. Сау болыңдар.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,
логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей
отырып достыққа, қарым-қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің суреті.
Сабақтың барысы:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ата-аналар, балалар, ұстаздар!
І. Кіріспе сөз
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.
Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.
Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:
- Қиял-ғажайып;
- Хайуанаттар туралы;
- Шыншыл ертегі;
- Тұрмыс-салт ертегілері.
Қиял-ғажайып ертегілерде жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады.
Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді.
Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын-қыстау оқиғаларда ақыл, айла-тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б.
Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.
Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм-қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.
Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқамінерлердің іс-әрекеттерін әшкерелейді.
Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!
Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Қатысушы топтар:
а) «Мақта қыз бен мысық» тобы (Ы. Алтынсарин)
«Алтын балық» тобы (А. С. Пушкин)
«Қар ханшайымы» тобы (Г. Х. Андерсен)
«Қызыл телпек» тобы (Шарль Перро)
Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Осы мерекенің ашуы Дәуреннің орындауында «Ертегілер әлемі» әнін қабыл алыңыздар.
ә) Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар:
б) Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады:
І бөлім – Таныстыру.
ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ».
ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?»
IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).
V бөлім – «Кім шапшаң?»
VI бөлім – «Кім білгір?»
І бөлім – Таныстыру.
ІІ бөлім – «Сөзжұмбақ».
- Қой басқаратын жануарі (Ешкі)
- Аң патшасыі (Арыстан)
- Апаң-апаң, ескі шапан,
Иір қобыз, жарық құлдызі (Түйе)
- Жанды сағат, айғай саладыі (Есек)
- Қалтасында баласы, ол қандай аң? (Кенгуру)
- Мал терісінен жасалатын қыстық, жылы киім. (Ішік)
к | |||||||
е |
|||||||
н | |||||||
е | р | т | е | г | і | ||
ш | ы | ү | с | у | ш | ||
к | с | й | е | р | і | ||
і | т | е | к | у | к | ||
а | |||||||
н | |||||||
ІІІ бөлім – «Кім ойшыл?» (ата-аналар)
Шарты: Кез-келген ертегіден үзінді айтылады, сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.
- – Ей күшік мен сені жеймін! – депті
— Қой, көкешім, қой! (Күшік, қасқыр, мысық)
- Дерменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді. (Кедей, дерменші
бай)
- Жыл ббасына таласып түйе күнді көрмей қалыпты. (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу,
жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).
- – Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың? (Мұз, күн, бұлт, жусан, қошақан, қасқыр,
мерген, тышқан, құмырсқа).
IV бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).
Шарты: Әр топ өз ертегілерінің үзінділерін сомдайды.
V бөлім – «Кім шапшаң?»
Шарты: Ертегіден үзінді оқылады. Ертегінің атын табу және жалғастырып айту.
- Түлкі, түлкі сен неге мына семіз аққуларды жемейсің? – дейді. (Күңшіл үйрек)
- Қыз итті шақырады. Ит мысықты шақырады. Мысық тышқанды шақырады. (Шалқан)
- Төгілмесе, ешкім ішпесе бір қазан сүт қайда кетеді. (Бір қазан сүт)
- Көлге қарқырдың құйрығы мұз болып қатып қалыпты. (Түлкі мен қасқыр)
VI бөлім – «Кім білгір?»
Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.
- Маша мен аю
- Түлкі мен т ырна
- Бауырсақ
- Жеті лақ пен қасқыр
Қортынды:
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: — Оқушылардың ертегілер туралы білімдерін тереңдету; ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез — құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл — қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
— Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
— Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Барысы:
— Мұғалім сөзі. Құрметті қонақтар!
Сіздер қазір мектебіміздің 2 сынып оқушыларының өнерін, білімін тамашалайсыздар!
«Ертегі еліне саяхат» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!
(ортаға ертегі кейіпкері Ханшайым шығады)
Ханшайым:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Мен ертегілер әлеміндегі ханшайыммын. Менің әлемімде көріскенімізге қуаныштымын!
Маған кеше бір үлкен хат келді. Сол хатпен сіздерді таныстырайын.
Ертегілер еліндегі ханшайымға! Ханшайым біз сізбен кездескіміз келеді. Сіздің ғажайып әлеміңізге барып білімімізді өнерімізді көрсеткіміз келеді. Сіз қалай қарайсыз? Жауап күтеміз! 2 «А»сынып оқушылары.
Мен оларға қарсы еместігімді айтып қайта хат жолдағанмын. Қазір менің әлеміме 2«А»сынып оқушылары келе жатыр. Бәріміз бірге сол оқушыларды қарсы алайық
Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің ғажайып әлеміме қош келдіңдер! Мен ханшайыммын.
1 — жүргізуші:
Сәлеметсіз бе ханшайым!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Біз бүгін сіздермен ғажайып ертегілер әлемінде көріскенімізге қуаныштымыз!
2 — жүргізуші:
Ханшайым! Сіздің ғажайып ертегілер әлеміңізге бос келгеніміз жоқ. Тақпақтар, жұмбақтар айтып, оқыған ертегімізден сахналық қойылым көрсетуге дайындалып келдік.
Ханшайым:
— балалар сендер айтыңдаршы ертегіні жақсы көресіңдер ме?
— ең алғаш ертегіні кімнен, қайдан естідіңдер?
— өздерің ертегі туралы не білесіңдер?
(оқушылар ертегі туралы не білетінін айтады )
1 – оқушы:
Балалар, ертегі деген шынымен – ақ ғажап емес пе, сендер осы күнге дейін ертегіні біреулерің ата — әжелеріңнен, енді біреулерің ата — аналарыңнан тыңдап және оқып, теледидардан көріп келесіңдер.
2 – оқушы: Ертегі ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келе жатыр және мәңгі жасай бермек. Ұлы ақын, жазушылардың бәрі бала кездерінде біз сияқты ертегі тыңдап өскен. Қазақ ертегілерін академик Мұхтар Әуезов үш топқа бөледі.
3 – оқушы: Қиял – ғажайып ертегілер. Бұндай ертегілер ойдан, қиялдан туындайды.
4 – оқушы: Жан – жануарлар, хайуанаттар туралы ертегілер. Бұндай ертегілер желісі хайуанаттар арқылы туындайды.
5 – оқушы: Шыншыл ертегілер. Бұндай ертегілер барысы шыншыл әңгіме негізінде туындайды.
6 – оқушы: Ертегіде ақылды, мейірбан болуға, қалай өмір сүре білуге, қалай достаса білуге үйретеді. Барлық нәрсе ақылмен істелу керектігі жайлы айтылады.
7 – оқушы. Ертегі кейіпкерлерінің іс — әрекеті арқылы адамның әртүрлі қасиеттері анық көрсетіледі: қайырымдылық, батылдық, көмек көрсетуге дайын тұрушылық, достық, қарапайымдылық, еңбекқорлық.
8 – оқушы: Ал адамның жағымсыз қасиеттерін жалқаулық, қорқақтық, дөрекілік қылықтары арқылы көрсетеді.
Ханшайым:
Балалар сендер ертегі туралы көп білді екенсіңдер. Өте тамаша.
1 — жүргізуші:
Ханшайым, Нұрила екеуміздің балаларға дайындап келген жұмбақтарымыз бар еді. Сол жұмбақтарды балаларға жасырсақ қарсы болмайсыз ба?
Ханшайым: Жоқ, жоқ жұмбақтарыңды жасыра қойыңдар бәріміз бірге тыңдайық.
2 – жүргізуші.
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын
(түлкі)
1 – жүргізуші.
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
(қоян)
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Сыныбы: 1 «А» , 1 «Б»
Күні: 01.02.2018
Тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат»
Мақсаты: 1.Оқушыларды достыққа тәрбиелеу
2.Мектеп оқушыларын ынтымақтастыққа,бірлікке тәрбиелеу
Ұйымдастыру кезеңі:
1 «Б» Жандос (Ергежейлі1): (Кітап оқып жүреді,ортаға келіп) – Достарым,Достарым келіңдерші,келіңдерші? (деп шақырады)
1 «Б» Абдулазиз (Ергежейлі2): (Терезе сүртіп жүреді) — Не болды? — Неге шақырдың?
1 «А» (Ергежейлі 3): (Жер қазып жатады) –Қолыңдағы не?
1 «А» (Ергежейлі 4 ): (доп ойнап жүрген) -Оны неге ұстап жүрсің?
1 «А» (Ергежейлі 5 ): (гүл отырғызып жатады) – Енді не істейміз?
1 «Б» (Ергежейлі 6): Олай болса кітап оқып беретін адам іздейік?
1 «Б» Олжас (Ергежейлі 7): (алма жинайды) Бәріміз бірге іздейік!
Сабақтың басы:
Бәрі бірге кітап оқып беретін адам іздейді.Ергежейлі Белоснежканы көріп қояды.
Олжас (Ергежейлі 7): -Таптым!Таптым! –деп айқайлай жөнеледі.Бәрі қасына келіп,
Бәрі бірге: (Таңғала) -Ұйықтап жатыр ғой?!
Ергежейлі 4: -Оятып көрейік?
Ергежейлі 1: -Тұрмайды
Ергежейлі 3 : -Енді не істейміз?
Ергежейлі 2: -Қолына кітап беріп көрейік,сонда оянады шығар
Ергежейлі 1: -Жарайды!
Бәрі бірге: Тұрды!Тұрды!
Белоснежка: -Ой,Ергежейлілер,мені неге ояттыңдар?
Ергежейлілер: — Біз кітап оқи алмай жүрміз
Белоснежка: -Олай болса мен сендерге кітап оқып берейін.Бұл жерде «Екі дос» туралы ертегі бар екен.Бірге тамашалаймыз ба?
—Жүріңдер олай болса, ертегілер әлеміне саяхат жасайық!
«Екі дос» ертегісі
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп:
«Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Белоснежка: -Ал,балалар,айта қойыңдаршы,ертегі не туралы болды?
—Шын дос қандай болады?
—Сендердің адал достарың бар ма?
—Оның қандай қасиетін бағалайсығ?
Жарайсыңдар! Келесі біздің тамашалайтын ертегіміз «Шалқан»
«Шалқан» ертегісі
Автор: Ерте ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында бақшаның жемісін жинап жүріп, шалқанды көреді шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.
1 «Б» Ата : Ой бәрікелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмай сөйтіп, көмекке өзінің кемпірін шақырады.
1 «Б» Кемпір — кемпір маған келші көмекке қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші.
1 «Б»Кемпір: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
Кемпір: Қызым – қызым бізге көмекке келші! Атаң еккеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.
1 «А» Қыз: Жарайды, әже сіздерге көмектесейін.
1 «А» Қыз: Ақтөс — ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз
1 «А» Ит: Аф — аф — аф көмектес десендер көмектесейін..
1 «А» Ит: Мысық – мысық бізге көмекке келші біздер шалқанды жұла алмай жатырмыз.
1 «Б» Мысық: Мяу — мяу — мяу көмектесіп жіберейін.
Мысық: Тышқан — тышқан бізге көмектесіп жіберші.
1 «Б» Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Автор: Олар тарта — тарта ақыры шалқанды сурып шығарады.
Міне балалар осындай қызықты ертегіні тамашаладық.
Автор: -Балалар,қандай ертегі тамашаладық?
-Ертегі не туралы?
-Сендердің сыныптарыңда ынтымақтастық,бірлік бар ма?
Міне,биылғы 1 сыныптардың арасында да ынтымақтастық,бірлік бар.Олар бәрін бірлесіп істеді.
«Бірге көтерген жүк жеңіл» демекші.
Енді 1 «А» және 1 «Б» сынып оқушыларының орындауында «Дос болайық бәріміз» әнін тыңдайық.
Келіп тамашалағандарыңызға рақмет!
Мазмұны
- І аялдамаға келдік. Көркем әдебиет аялдамасы
- ІІ аялдама.Математика аялдамасы
- ІІІ Өнер аялдамасы
- ІV аялдама
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
1. Балалардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын дамыту.Сөзді анық айтуға,есте сақтау қабілетін дамыту.
2. Кейіпкерлерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
3. Балаларды ұқыптылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: Саяхат
Керекті көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреті, дорба, қисынды есептер, мультфильм кейіпкерінің екі түрлі суреттері, түймелер тігілген картондар, акварель бояуы, конструкторлар, тышқан, тауық (қуыршақ театр), сахна, бағалауға арналған жұлдызшалар
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, айту, сұрақ-жауап, қайталау, мақтау, мадақтау
Сабақтың барысы: «Шаттық шеңбері» Армысың құдіретті Аспан ата, Армысың мейірімді Жер ана, Армысыздар келген қонақтар, Армысың менің Жан досым,
Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.Балалар бір-бірінің иығынан ұстап, пойыздың дыбысын шығарып жүреді.
І аялдамаға келдік. Көркем әдебиет аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар бұл аялдамада қараңдаршы сиқырлы қапшық бар екен.Ішінде не бар ененін білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ, білмейміз
Тәрбиеші: Олай болса Айзере ішінде не бар екен?
Балалар: Сурет
Тәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар бұл жай сурет емес, ертегі суреттері.Бұл қандай ертегінің суреті айтыңдаршы?
Балалар: Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісін әңгімелеу.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бұл аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді пойызымызға мініп келесі аялдамамызға барайық
ІІ аялдама.Математика аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар бұл аялдамада бірнеше тапсырмалар берілген.Бірінші тапсырма.Тақтада суреттер ілініп тұр.Ол суреттердің артында қисынды есептер бар.Есептер шығаруға дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия дайынбыз (Қисынды есептер шығарады).
Тәрбиеші: Балалар сендер есепті дұрыс шештіңдер.Ал, енді екінші тапсырманы көрейік. «Сиқырлы қорапша» балалар қорапшаның ішінде түймелер тігілген картондар бар қазір біз ол түймелерден ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Көзіңді жұм да, сана»
Ойынның шарты: 7 бала шығады, қолдарына картондар беріледі,көздерін жұмып, сипап сезу арқылы қолдарындағы түймелерді ретімен санайды.Осылайша барлық сандарды атап шығады.Қалған 3 бала ол сандарды тура және кері санайды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар сіздер бұл ойынды керемет ойнадыңдар.Ал енді тағы да ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: ия
Тәрбиеші: Біз қазір «Айырмашылығын тап» ойынын ойнаймыз.Ойынның шарты: Екі мульфильмдегі кейіпкердің сурет берілген, сол екі суреттің бір-бірінен айырмашылығын табу керек.
-Жарайсыңдар.Бұл ойынды да жақсы ойнадыңыздар.Пойызымызға мініп «Сергіту сәті» аялдамасына барамыз.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ-топ-топ, Ал қолменен хоп-хоп-хоп, Бір оңға бір солға, Айналайық кел мұнда. Қолымызды бір сілкеп, Басымызды шайқайық. Бір оңға бір солға, Ойнайықшы кел мұнда. Секіреміз жоғары, Қиын емес секіру. Бір оңға бір солға, Секірейік кел мұнда
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Енді пойызымызға мініп саяхатымызды жалғастырайық.Келесі аялдама «Өнер» аялдамасы.
ІІІ Өнер аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар жылаған дауыс естіле ме?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ой, балалар қараңдаршы мұнда тышқан мен тауық жылап тұр.Тышқан, тауық сендер неге жылап тұрсыңдар, не болды?
Тышқан: Жыламай қайтейін біздің үйшігімізге Аю сыймай құлатып қойды, оны қалай құрастырамын.(жылайды)
Тауық: Ал, менің балапандарым аш менің балапандарыма тары керек.Балалар сіздер маған тары жасап көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:Тышқан, тауық сіздер жыламаңыздар менің қыздарыммен ұлдарым сіздерге көмектеседі.Балалар аю үйді қандай ертегіде кездесетін еді?
Балалар: Үйшік ертегісінде
Тәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше көмектесемізбе балалар?
Балалар: Ия біз көмектесеміз.
Тәрбиеші: Олай болса ұлдар сіздер мына құрастырғыштар арқылы Тышқанға үй жасап беріңіздер, ал қыздар болса Тауыққа мына бояулар арқылы тары жасап берсін жарайма?
Балалар: Жарайды. (Ұлдар конструкторлар арқылы әдемі үй құрастырады, қыздар кішкентай саусағы арқылы ақ бетке сары бояудан тары жасайды)
Ұлдар: Тышқан міне сіздің үйіңіз енді жыламаңыз.
Тышқан: Рахмет сендерге балалар менің енді бұрынғыдан да әдемі үйім болатын болды.
Қыздар: Тауық алыңыз міне сіздің тарыңыз.Енді жыламаңыз.
Тауық: Балалар сіздерге көп рахмет.Сіздердің көмектеріңіздің арқасында балапандарым аш қалмайтын болды.
Тәрбиеші:Тауық, тышқан менің балаларымның сіздерге көмегі тигеніне қуаныштымын.Сау болыңыздар.Балалар енді пойызымызға отырып, келесі аялдамамызға барайық.Келесі аялдамамыз «Тіл дамыту» аялдамасы.
ІV аялдама
Топ ішіне кенеттен Бауырсақ кіріп келеді.Балалар таң қалады.
Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Бауырсақ: Мен кіммін?
Балалар: Бауырсақсыз
Бауырсақ: Жарайсыңдар.Мен қай ертегіденмін?
Балалар: Бауырсақ ертегісіненсіз
Бауырсақ: Жарайсыңдар балалар, өте керемет.Балалар өздерің қайдан келе жатырсыздар?Егер сіздер менің сұрақтарыма толық жауап берсеңдер мына сандықшаның ішіндегі сыйлықтарды сіздерге беретін боламын.КЕлісесіңдер ме?
Балалар: Ия.Біз Шалқан ертегісін әңгімеледік, есептер шығардық, суреттің айырмашылығын таптық, Тышқан мен Тауыққа көмектестік
Бауырсақ: Қалай көмектестіңіздер?
Балалар: Ұлдар үй құрастырды, ал біздер тары жасадық
Бауырсақ: Өте тамаша балалар мына сыйлық сендерге, енді мен өз ертегіме барайын.Сау болыңыздар балалар.
Балалар: Сау болыңыз
Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар сіздер Бауырсақтың сұрақтарына толықтай жауап бердіңіздер, сондықтан ол сіздерге мына сыйлығын беріп кетті.Алдымен пойызымызға мініп тобымызға қайта оралайық содан кейін мен сіздерге Бауырсақтың сыйлықтарын тарататын боламын жарайма?
Балалар: Жарайды
Тәрбиеші: Олай болса пойызымызға мінейік.Кеттік
— Міне, балалар біз тобымызға да келдік.Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қоятын боламын сол сұраққа жауап беремін.Содан соң сыйлықтарыңды беретін боламын.
— Балалар біз қайда саяхат жасадық?
— Саяхатымызда нелерді көрдік?
— Біз қандай есептер шығардық?
— Біз кімдерге көмектестік?
— Қандай кейіпкерлерді көрдік?
Тәрбиеші: Балалар өте тамаша сіздер бүгінгі оқу іс-әрекеттемізге белсенді болып, барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар.Мен енді сіздерге сыйлықтарды таратайын.Ой, қоян сіздерге өте жақсы жауап бергендеріңіз үшін мынадай жұлдызшаларды беріпті.Осымен бүгінігі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар ертегінің мазмұнын білуі керек.Қисынды есептерді шығара алуы керек.Еркін сөйлей білуі керек.
Болуы керек: Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары, сұрақтарға толықтай жауап болуы керек;
Қолынан келуі: Балалар есептерді өздері шығара алады, әдемі үйді, тарыны өздері жасай алады, ертегі кейіпкерінің рөлдерін өздері ойнай алады.
★★★★★★★
Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.
↓↓↓
ТАПСЫРЫС ЖАСАУ