Ертегімен есейемін сценарий

Cкачать: "Ертегілер еліне саяхат" сыныптан тыс іс-шара

Ертегі еліне саяхат
(Нурсапанова Назгуль)

бастауыш
сынып оқушылары арасындағы сайыс

Мақсаты: 

1)
Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі  кейіпкерлерімен
таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2)
Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың
логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл — ой белсенділігін арттыру,
тез ойлауға машықтандыру.

3.
Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын
салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке,
шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

 
      Әдіс — тәсілдері: түсіндіру — көрсету, сұрақ — жауап,
баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекіліктер:
ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен, шармен безендірілген сахна, «Кітап қалай
жасалды?», «Ертеге кейіпкерлері» тақырыбындағы слайд презентация,
 суреттер,  «Ертегілер елінде» көрме, тапсырмалар берілген
карточкалар, бейнетаспа.

Амандасу.
Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп
тұрайық

шеңберді
біз құрайық

Қол
ұстасып бәріміз

Ақ
тілекті жолдайық

Әлемде
нұр тыныштық

Әрбір
бейбіт күн ыстық

Қайырлы
таң балабақша

Қайырлы
күн достарым

Достарымды
көргенде

Қуана
қарсы аламын

Сәлем!
Сәлем! Сәлем!

Кітапханашы
: Ата -аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхатқа» қош
келдіңіздер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. 

«Кітап
оқисың ба, жас дос?» сауалнама  жүргіземіз.

1.
Өзің сүйіп оқитын кітап?

2.
Сенің жақсы көретін ертегің?

3.
Ең алғаш оқыған кітабың?

4.
Қай кітапты, ертегіні  қайтадан оқыр едің?

5.
Сенің сүйікті әдеби кейіпкерің?

6.
Қазір қандай кітап оқып жатырсың?

7.
Кітапханашы апайлардың аты кім?

«Кітап
қалай жасалды?» тарихқа саяхат. Экранға назар аударыңыздар.

Әдеби
монтаж «Ертегі сиқыры»

1-оқушы:
Өткен күн таңтамаша ертегі ғой, 

Айтады
ертегі сыр, ертегі ой. 

Ертегі
айтса еліктіріп балалар, 

Қиялға
қызықтырып ертеді ғой.

2-оқушы:
Ертегіде халықтың мұң-зары бар, 

Орман,
тау, өрмелейтін кұздары бар. 

Жамандықпен
алысып, жауын жеңген 

Халқымның
ұлдары мен қыздары бар!

3-оқушы:
Жауларымен алысып жекелеген, 

Батыр
ма ел намысын өтемеген. 

Ертегімен
халқымыз ертеңіне 

Ұрпағын
қызықтырып жетелеген.

4-оқушы:
Кел онда, ертегіні шертейік біз,

Қауымды
мына келген ертейік біз.

«Ертегі
еліне» бір саяхаттап,

Келгендерді
соңымыздан ертейік біз.

Өте
жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер
күтіп тұр екен.

Сайыс
шарттары:

1.
Миға шабуыл

2.
Ерте, ерте, ертеде ертегілерден үзінді

3.
Кейіпкерлерді қорғау

4.
Үй тапсырмасы

5.
Ертегі мен мультфильм

6.
Суретпен жұмыс

7.
Кімнің заты?

8.
«Кітап ненеі сүйеді?»

1-тапсырма. 

«Миға
шабуыл» сұрақтар беріледі.

1.
Ертегілер туралы кім не біледі? 

2.
Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?

3.
Ертегінің  қандай түрлері бар,? 

4.
Ертегі басталғанда қалай басталады?

 
  Балалар, ертегілер — бұл қиял-ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер.
Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер,
аңыз-ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер?
Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар
екен?

«Ерте,
ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын
екен».

 
   2-тапсырма: «Ерте, ерте, ертеде…» деп
 ертегілерден үзінді оқылады. Бұл тапсырмада ертігінің аты, кейіпкерлері,
ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек «Ертегілер
елінің» қақпасы ашылады.

3-тапсырма:
 Балалар ертегілердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Жағымды
кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаймыз? Келесі
тапсырмада топ басшылары мына суреттердегі ертегі кейіпкерлері болып өзін-өзі
қорғайды..

«Мақта
қыз бен мысық » 

Мақта
қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым, 

Сен,
мысық, кайта-қайта мазамды алдың. 

Қатық
төктің, еңбекті қадірлемей,  

Құйрығынды
жұлып ап жазаладым.

Мысық:
Көзіме көрінбей тышқан,

Мен
мысықпын іші пысқан.

Қатығынды
қайтардым төккен,

Қайырымды
алдым көптен.

Біздің
ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды
болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

Мыстан:
Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа
дұшпанмын.

Су
астынан шыға кеп,

Алақаныннан
қысқанмын.

Тісімді
жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа
мініп ұшқанмын.

Жас
емеспін, кәрімін,

Ертегінің
сәнімін.

Көркейтуге
келгенмін

Ертегілер
ауылын.

Дәу
қай ертегінің кейіпкері? Ол туралы не айта аласындар, балалар?

Дәу:
Мен жалғыз көзді Дәумін,

Балаларға,
батырларға жаумын.

Тауыңды
да, тасыңды да лақтырамын,

Тек
жамандық жолында шапқыладым.

Талай
жерде ақылмен алдап кетті,

Қаңбак
шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.

(Кақпадағы
қаңбак шалды тұра қуады).

Қанбақ
шал: Мен Қаңбақ шалмын, қаңбақтаймын,

Жел
соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып
дәуді алдадым ақыры мен,

Қу
түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан
жамаңдыққа жоламаймын,

Мен
қаңбақ шал, жел соқса домалайтын.

«Қырық
өтірік» ертегісіндегі Тазша бала өзінің шешендігімен хандарды сөзден
ұтқан. Сөйтіп өзінің мұратына жеткен кейіпкер солай ма балалар?

Біздің
ортамызда тағы қонактар бар. Олар Керқұла атты Кендебай, Меңдіқыз, Толағай

Тазша
бала: Мен Тазша баламын, 

Кіп-кішкентай
ғанамын. 

Қысылғанда
сөз табамын, 

Қырық
өтірік пе кедергі, 

Жаңылмай
айтып беремін. 

Ақылыма
тәнті боп, 

Алтын
үйді басыма, 

Той
жасады хан қызын 

Отырғызып
қасыма.

Керқұла
атты Кендебай:  Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,

Жамандықты
жайраттым жолымдағы.

Азу
тісін қағыпап арыстанның,

Жеті
басты аждаһармен алысқанмын.

Міне
Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,

Әйтпесе
батыр деп мені мойындар кім?

Мен
батыр, Керқұла атты Кендебаймын,

Кәнеки,
тұра алады жолымда кім?

Меңді
қыз: Мен Менді қыз ақыл мен көркі қонған,

Жақсылыққа
әрдайым серік болған.

Ертегіде
хан, қара батырлар да

Жүреді
мендей қыздың ақылымен.

Толағай:
Аптап ыстық кең даланы қуартқан,

Егін
күйіп, бұлақтарды суалтқан,

Мен
Толағай тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр
әкеп,Отанымды қуантқам.

4
–тапсырма. Үй тапсырмасы.

 Мәнеріне,
дауыс ырғағына, актерлік шеберлікке  назар аударылады. 

5
тапсырма. Ертегілер елінен және мултьфильмдерден суреттер көрсетіледі.

6-тапсырма.
Суреттер таңдап алады. Соған сәйкес ертегі құрастыру керек.

Көрермен
көзайымы.

 5
есекте неше құйрық бар?

∙ 2
иттің неше тұмсығы бар?


үстел үстінде 3 алма мен 2 алмұрт тұр, барлығы қанша жеміс тұр екен?


үйректің 2 балапаны мен қаздың 2 балапаны суда жүзіп, шулап жүр. барлығы қанша
балапан жүзіп жүр?

Жарайсыңдар
балалар, Машаның есептерін тамаша шештіңдер. 

1.
«Кімнің заты?» ойыны 

1.
Өзі тамақ пісіретін  қазан- «Ұр тоқпақ!»

2.
Алдайтын таяқ- «Алдар көсе»

3.
Бағалы сақа- Алтын сақа

4.
Ұшатын кебіс –«Маленький Мук»

5.
Көк есек пен, ескі шапан –«Қожанасыр»

6.
Гауһар айна- «Ұйқыдағы ару»

Кітап
нені сүйеді?

Ойын
шартында мен сіздерге бірнеше нұсқаны айтам, келіссеңіздер  шапалақ
ұрасыздар, келіспесеңіздер ұрмайсыздар.

-Қаптағанды-
иә

-лас
қолмен ұстағанды

-қар
мен жаңбырға тастағанды


Аялап ұстағанды

-кітап
сөрелерінде тұрғанды

-кітапқұмарларды

-полда
жатқанды

-құрметтегенді

-Жұмыртқа
жаққанды

-төбелескенді

Қорытынды.

-Ертегі
еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?..

Ертегі
біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ
жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек кезде бір —
біріне көмекке келеді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында барлығында
жеңіп шығады екен.

Олай
болса әділқазылар мүшелерінің қорытындысын тыңдайық.

Жарайсыңдар
балалар! Сендер  жарадыңдар, барлық тасырманы да орындап, сайыс межесіне
жетіп, жеңіп   алған орындарыңыз құтты болсын!


Ертегілер еліне саяхат

 Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Тақырыбы:   «Ертегілер елінде»

Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.

дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттергетәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан  жиренуге бейімдеу.

Көрнекілігі: слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар

Шарты: Әр сынып ертегіден көрініс көрсетіп, сахналайды.

Шараның барысы: І. Кіріспе сөз:

  • Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Барлығыңызда бастауыш сынып апталығында оздырылғалы отырған « Ертегілер елінде» атты шарамызға қош келдіңіздер! Ертегі  — балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін  ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.

  • Бүгін 1-4 сынып оқушылары өздерінің дайындаған ертегілерін  біздің алдымызда сахналап көрсететін болады.  Олай болса «Ертегілер елінде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрермендерге сұрақтар:

  1. Қандай ертегілерді білесіздер?

  2. Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./

  3. Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?

  4. Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./

  5. Ертегілер қалай аяқталады? Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті»

 Жүргізуші: Балалар,  «Жұлдыз айы көркем,

Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,

Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді?
— Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса  кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Ертегілер әлемі». Орындайтын: 1-сынып оқушылары

Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді,- демекші алдарыңызға 1-2 сынып оқушыларын шақырамын.

1 сынып – «Шалқан» ертегісі «Маса мен аю» ертегісі

2 сынып – «Бауырсақ» ертегісі.

Көрермендерге:  «Кім білгір?»

Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.

  • Алдар көсе

  • Ер Төстік

  • Алтын балық

  • Күлше қыз

  • Маша мен аю

 Жүргізуші: Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті 3-сыныптың оқушыларына берейік.

3 «А» сынып – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Көрермендерге: «Кім тапқыр?»

Шарты: Ертегіден үзінді  және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын  және кейіпкерді атау.

  • «Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/

  • «Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? / Жыл басына таласқан хайуанаттар/

  • Қу түлкі барлық балықты
    Түсіріпті бір-бірлеп,
    Түсіріп бәрін болған соң
    Түсіп қапты бүлкүлдеп.

Суатқа барып құйрықты
Кешке қарай малып қой,
Таң атарда тартасың
Балыққа жарып қайтасың./Түлкі мен қасқыр/

  • «- Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» -дейді жан ұшыра.   (Қарлығыш пен дәуіт )

  • «Жақсылыққа дұшпанмын.

Жамандыққа құштармын,

Тісімді жұлып, лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/

Жүргізуші: Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды – дей отырып, ендігі кезек 4-сынып оқушыларында.

4 «А» сынып- «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбайдың кездесуі»

Қорытынды: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір!  Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Ақтүйесай орта мектебі

Тақырыбы:

Ертегілер әлеміне саяхат

Өткізген: Айтжанова М.Б.

2016-2017о.ж.

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде . «Бауырсақ» ертегісі

Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету. 
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу. 
Технологиясы: «Тәй-тәй» технологиясы
Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі. 
Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар. 
Сәлем, сәлем, басым!
Сәлем, сәлем, көзім!
Сәлем, сәлем, бетім!
Сәлем, сәлем, тісім!
Сәлем, сәлем, балалар!
Сәлем, сәлем, апайлар!
Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады. 
—         жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету) 
—         қиял-ғажайып ертегілер 
—         шыншыл ертегілер 
Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз. 
Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. 
— Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз. 
— Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане, қандай ертегілер естеріңде қалды? (Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.) 
Балалар, ертегі не жайында? 
— Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен. 
Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді). 
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы: 
Тәрбиеші: 
Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! І-ші сәбилер тобының тәрбиеленушілерінің қиалынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.  
Тәрбиеші
Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып: 
Шал 
—         Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. 
Кемпір 
—    Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! 
Шал 
—         Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Тәрбиеші
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. 
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді. 
Қоян 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда. 
Тәрбиеші
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:   
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қоян 
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік. 
 Қоянның тапсырмасы: 
-Ұн неден алынады ? (Бидайдан) 
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.) 
 Тәрбиеші
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп: 
Қасқыр 
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Тәрбиеші
Бауырсақ әндете жөнеледі 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған 
Қасқыр 
—    жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында. 
Қасқырдың тапсырмасы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып  алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік. 
1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам. 
Тәрбиеші
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.   
Аю 
—         Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын! 
Бауырсақ 
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған! 
Аю 
  Аю: Әй, балалар, балалар! 
        Менде қызық ойын бар, 
        Ал ықылас қойындар 
        Кәне, тәртіп сақтайық, 
        Мен берген тапсырманы, 
        Бұлжытпай орындайық. 
Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсаққ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері. 
Тәрбиеші
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. 
Түлкі 
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы! 
Тәрбиеші
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді. 
Бауырсақ 
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған. 
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған. 
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!        
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым. 
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым, 
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу 
Қиын емес бұл маған!   
Түлкі 
—    Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында 
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер. 
     1.  Қыста ақ, 
          Жазда сүр. 
                     (қоян) 
  2.Қорбаң- қорбаң етеді, 
Орманда ол жүреді (аю) 
  3.Орманда тұрады, өзі бір қу, 
Жүрген жері айқай-шу. 
                          (түлкі). 
  Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді. 
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді. 
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді. 
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді. 
Тәрбиеші
Әже келе жатқан Тәуелсіздіктің 21 жылдық мерекесіне арнап 21 бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты. 
Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер, (отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).    
Қорытындылау: 
— Балалар ертегі сендерге ұнады ма? 
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық. 
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.) 
— Өте жақсы! 
— Ал, түлкі ше? 
-Түлкі қу, айлакер. 
Жағымды-Жағымсыз 
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан) 
-Ұн неден алынады? (Бидайдан) 
 Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай? 
Бауырсақ: Сары. 
Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай? 
Бауырсақ:  Домалақ, шеңбер. 
Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері. 

Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады,сабақтар ашық ауада өткізіледі.Сондықтан да балалардың жыл бойғы алған білімін ,біліктілік дағдыларын ,қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке , нәтижеге ие болады.

Жағымды көңіл-күй мен қолайлы орта туғыза отырып, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Жұпар» балабақшасында «Ертөстік» тобының тәрбиеленушілерімен «Бауырсақ» ертегісін балалабақша бүлдіршіндеріне сахналады. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдаған аю рөлінде — Бірлік Жалғас,әже рөлінде -Уадутбек Айлуна,өжет қоянның рөлінде -Әділханова Асыл,айлакер түлкінің рөлінде -Дінмұхамедқызы Анель, сұр қасқырдың рөлін сомдаған -Ерлібек Ақарыс ,тап-тәтті қылығымен көрермен көзайымына ие болған бауырсақ рөлін сомдаған — Қалдыбаева Айлана,атанын рөлінде-Жұмабек Жамбыл. Балалар ертегіні сахналау барысында өздерінің рөлдерін өте жоғары деңгейде ойнап,бүлдіршіндерге жақсы жазғы көңіл күй сыйлады.

Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат

Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Іздеп көріңіз:

ертегилер елине саяхат ашық сабақ, ертегилер елине саяхат ашык сабак, ертегілер еліне саяхат ашық сабақ балабақшада, ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары, ертегілер еліне саяхат тәрбие сағаты, ертегілер еліне саяхат сценарий, Ертегі еліне саяхат атты сабақ жоспары балабақша, Ертегілер еліне саяхат, Қазақша ашық сабақ: Бастауыш сынып | Ертегілер еліне саяхат, Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат, ертегилер елине саяхат сценарий казакша, сценарий на казахском языке про сказку, 1 маусым балаларды қорғау күні сценарий, ертегілер еліне саяхат сценарий казакша, 1 маусым балалар куни сценарий казакша, сценарий на 1 июня день защиты детей на казахском, 1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік

 

Габдуллина Айгуль Тугелбаевна учитель казахского языка и казахской литературы ГУ «Средняя школа № 6 отдел образования г. Костанай»

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Сынып: 5 «Б, В»

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халық ертегісі, олардың ерекшеліктері.
Дамытушылық: Қазақ халқының ауыз әдебиетіне қызығушылық ынтасын тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, мазмұнын өз сөздерімен айтып беруге жаттықтыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың әдісі: жалпы топтық, жұмыс, әңгімелесу, сұрақ — жауап.

Пайдаланған көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, ұлағатты сөздер, кітаптар, суреттер, компьютер.

Өтетін жері: 304 кабинет

Қатысқандар: Артюх Дарина, Завгородний Федор, Казанбасов Темирхан, Козлов Виктор, Сидельникова Луиза, Лен Кристина, Диде Екатерина, Крамер Дмитрий, Сидельникова Изабелла, Вертянкина Яна, Майник Нино, Рерих Анастасия.

Байқаудың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

— Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!

— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.

— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?

— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық

— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?

— Ертегілер елінде кімдер тұрады?

— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?

— Ертегілер бізді неге үйретеді?

1 — жүргізуші

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

— Ал ертегі дегеніміз не? (Ертегі халық ауыз әдебиетінің түрі, халық шығармасы, халық мұрасы.)

— Ертегілер неше топқа бөлінеді? (қиял — ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс — салт ертегілері)

Сахнада көрінісі: бірінші ергегі «Алдар көсе мен бай».

Авто сөзі: Алдар көсе байдың қойын жайыпты. Жайып жүріп, бір күні шықпақ болыпты. Байдың баласы жоқ екен. Қойнына ыстық нанды тығып, қойына кетіп бара жатса, Алдар көсе келіп:

Крамер Дмитрий: — Бай, сенімен құшақтасып кетейін,

— Ит жегір-ай!

— Ит жегенше, мен жейін

Казанбасов Темирхан:

— Байеке, байеке, жіңішке бізіңізді бере тұрсаңыз. Етігімді тігіп алайын,

Казанбасов Темирхан: — Үйге барсаң, қатын береді,

— Бай Жіңішкебізді маған ал деді, — деп, қатынына айтыпты. Қатыны «бермеймін» десе, Алдар көсе байға айқай салыпты.

Крамер Дмитрий: — Бер,

Курдани Никита: — Тазым, тазым, басыңды жазып берейін бе? — депті. Таз:

— Мақұл, — депті.

— Көк серкеңді әкел, — деп, серкені сойып, қарнын-жынын таздың басына қаптап:

— Сен енді осы құдыққа түсіп, жылын. Қасыңа бір ешкі байлап қоясың. Сол ешкі маңырағанда, тазың кетеді,—деп, ешкіні байлап кетіпті. Сөйтсе, қой кетіп қалыпты. Алдар көсе Жіңішкебізбен келе жатса, бір қарт қос айдап жүрсе, сартқа келіп, Алдар көсе қартқа айтыпты.

— Сарт, мен сенің үйіңнен тамақ ішіп шықтым. Қатының тамағыңды даярлап тұр, маған «сен айдай түр» деді, — депті. Сарт сеніп, үйіне кетіп қалса, өгізінің құйрығын кесіп, жерге қадап, екі өгізді Жіңішкебізбен бір белдің астына апарып қойып, сартқа айқайлапты.

— Сартақ сарт, өгізің жерге кіріп кетті,— деп айқайлайды. Сарт келіп, құйрықты тартса, Алдар көсе «жұлынады, тартпа» десе, сарт болмай, жұлып алыпты.

— Әне, жұлма десем де, жұлды.
Сарт жерді қазып-қазып, таба алмай, сарт үйіне кетіпті.
Алдар көсе Жіңішкебізді, екі өгізді алып, жолына түсіпті.

2 — жүргізуші:

— Балалар, қандай ертегіні сахнада көрдік?

— Балалар жауабы: «Алдар көсе мен бай».

— Алдар көсе туралы біз не білеміз?

— Ол қандай адам болған?

— Сахнада келесі ертегіні көреміз?

«Түлкі мен ешкі»

Автор сөзі: Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

Курданин Никита: — Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? — депті.

Сидельникова Изабелла: — Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, — депті түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», — деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

2 — жүргізуші:

— Балалар, бұл қандай?

— Түлкі қалай шықты?

— Ешкі не істеді?

— Келесі ертегі

«Қожанасыр тойға баруы»

Автор сөзі: Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», — демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:

Завгородний Федор: Қожеке, алыңыз, алыңыз! — деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

Казанбасов Темирхан: Же, шапаным, же! — деп, отыра береді.

Үй иесі:

Завгородний Федор: Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? — дейді.

Сонда Қожа:

Казанбасов Темирхан: Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! — деп, жауап береді.

1 — жүргізуші:

— Ертегі кім туралы?

— Оқушылар өз пікірін айтады

— Келесі ертегіні көрейік?

«Мақта қыз бен мысық»

Автор сөзі: Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:

Паульс Дарья: Келмесең келме! — деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:

Бабич Антонина: Неге шақырдың? — деп сұрайды.

Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

Паульс Д.: Ендеше қатығыңды төгем! — дейді.

Мақта қыз:

— Мен құйрығыңды кесіп аламын! — дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық:

— Апа, апа, құйрығымды берші! — дейді.

Мақта қыз:

— Менің қатығымды төле! —дейді.

Сидельникова Луиза: Мысық сиырға барады.

— Сиыр, маған қатық берші! — дейді.

Сиыр:

— Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! — дейді.

Козлов Виктор: Мысық ағашқа барып:

— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! — дейді.

Ағаш:

— Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, — дейді.

Артюх Дарина, Диде Екатерина: Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

— Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! — дейді.

Қыздар оған:

— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, — дейді.

Мысық дүкенге барады.

Майник Нино: — Әй, дүкенші, маған сағыз берші! — дейді.

Дүкенші:

— Маған жұмыртқа бер! — дейді.

Лен Кристина: Мысық тауыққа барады.

— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! — дейді.

Тауықтар:

— Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, — дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» — деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.

Мысық тышқанды бас салады.

— Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? — дейді.

Рерих Анастасия: Тышқан қорыққанынан:

— Үйімде бір табақ тары бар, — дейді.

Мысық:

— Маған бір уыс тары бер, — дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Қорытынды:

— Ертегі еліне саяхат жасау сендерге ұнады ма?…

— Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек бір біріне көмекке келеді. (Барлық оқушылар ертегілер ән айтады)

2— жүргізуші:

— Олай болса әділқазылар мүшелерінің қорытындысын тыңдайық.

— Жарайсыңдар балалар! Бүгін бәрің өте әдемі болып, жақсы қатысып отырсыңдар. Сендерге рахмет. Орнымыздан тұрамыз. Балалар қонақтарға не дейміз.

Балалар: Сау болыңыздар!

Тақырыбы:   «Ертегілер елінде»

Мақсаты:

білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.

дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан  жиренуге бейімдеу.

Көрнекілігі: слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар

Шарты: Әр сынып ертегіден көрініс көрсетіп, сахналайды.

Шараның барысы:

І. Кіріспе сөз:

— Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Барлығыңызда бастауыш сынып апталығында оздырылғалы отырған « Ертегілер елінде» атты шарамызға қош келдіңіздер! Ертегі  — балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін  ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.

Бүгін 1-4 сынып оқушылары өздерінің дайындаған ертегілерін  біздің алдымызда сахналап көрсететін болады.  Олай болса «Ертегілер елінде» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әр сыныптың ертегіні сахналау шеберліктерін анықтап, әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар:

  1. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сейтмуханова А.Ж.

2.Кітапханашы: Тасмаганбетова А.Б.

  1. Қосымша білім беру педагогі: Тасмаганбетова А.С.

Көрермендерге сұрақтар:

  1. Қандай ертегілерді білесіздер?
  2. Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./
  3. Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?
  4. Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./
  5. Ертегілер қалай аяқталады? / Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті»

Жүргізуші: Балалар,  «Жұлдыз айы көркем,

Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,

Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді?
— Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса  кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Ертегілер әлемі». Орындайтын: 3-сынып оқушысы: Шарипова Гүлназ

Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді,- демекші алдарыңызға 1-2 сынып оқушыларын шақырамын.

1 «А» сынып – «Шалқан» ертегісі

1 «Б» сынып –«Қызыл телпек» ертегісі

1 «В» сынып – «Үйшік» ертегісі

2 «А» сынып – «Бауырсақ» ертегісі.

2 «Ә» сынып –  «Дос іздеген бота» ертегісі

2 «Б» сынып –  «Жеті лақ» ертегісі

Көрермендерге:  «Кім білгір?»

Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.

  • Алдар көсе
  • Ер Төстік
  • Алтын балық
  • Күлше қыз
  • Маша мен аю

Жүргізуші: Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті 3-сыныптың оқушыларына берейік.

3 «А» сынып – «Мақта қыз» ертегісі

3 «Ә» сынып —  «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі

3 «Б» сынып – «Мақта қыз» ертегісі

3 «В» сынып – Кім күшті? ертегісі

Көрермендерге: «Кім тапқыр?»

Шарты: Ертегіден үзінді  және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын  және кейіпкерді атау.

  • «Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/
  • «Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? / Жыл басына таласқан хайуанаттар/
  • Қу түлкі барлық балықты
    Түсіріпті бір-бірлеп,
    Түсіріп бәрін болған соң
    Түсіп қапты бүлкүлдеп.

Суатқа барып құйрықты
Кешке қарай малып қой,
Таң атарда тартасың
Балыққа жарып қайтасың./Түлкі мен қасқыр/

  • «- Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» -дейді жан ұшыра.   (Қарлығыш пен дәуіт )
  • «Жақсылыққа дұшпанмын.

Жамандыққа құштармын,

Тісімді жұлып, лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/

Жүргізуші: Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды – дей отырып, ендігі кезек 4-сынып оқушыларында.

4 «А» сынып- «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбайдың кездесуі»

4 «Ә» сынып – «Көктем сәні» ертегісі

4 «Б» сынып – «Егінші мен қасқыр» ертегісі

Қорытынды: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір!  Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Тақырыбы:   «Ертегілер елінде»

Мақсаты:

білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.

дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.

тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан  жиренуге бейімдеу.

Көрнекілігі: слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар

Шараның барысы:

І. Кіріспе сөз:

— Ертегі  — балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін  ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер-тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен шайқасады.

Сұрақтар:

  1. Қандай ертегілерді білесіздер?
  2. Ертегілер неше түрге бөлінеді? /тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл./
  3. Өзің білетін ертегі кейіпкерлерін ата?
  4. Ертегілер қалай басталады? /«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады./
  5. Ертегілер қалай аяқталады? / Ертегі үнемі жақсылықпен аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті»

Балалар,  «Жұлдыз айы көркем,

Әдемі еді неткен, құстары сөйлейді,

Бұлттары билейді…» деген шумақтар нені еске түсіреді?
— Бұл әрине «Ертегілер әлемі» әні. Өлең ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерге елес береді. Олай болса  кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Ертегілер әлемі».

Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді. / ертегі тамашалау /

І топ: «Үйшік» ертегісі                           ІІ топ: «Мақта қыз» ертегісі

  • «Кім білгір?» тапсырмасы:

Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек.

  1. Алдар көсе
  2. Ер Төстік
  3. Алтын балық
  4. Күлше қыз
  5. Маша мен аю
  6. Қожанасыр
  • « Кім қандай ертегі біледі?»/ оқушылар өздерінің білетін ертегілерін айтады/

Балдырғандар көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды, демекші ендігі кезекті оқушыларға береміз.

  • «Кім тапқыр?» тапсырмасы:

Шарты: Ертегіден үзінді  және кейіпкерлер жасырынған жұмбақтар оқылады. Ертегінің атын  және кейіпкерді атау.

  1. «Үшінші рет салғанда,түсті, әйтеуір, бір балық.Балыққа тіл бітіп: « Жібер мені, қарт, еңбегінді жемеймін, қалауыңды айт», -деді. /«Алтын балық»/
  2. «Тышқан өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалды. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалды.» Қандай ертегіден алынған үзінді? / Жыл басына таласқан хайуанаттар/
  1. Қу түлкі барлық балықты
    Түсіріпті бір-бірлеп,
    Түсіріп бәрін болған соң
    Түсіп қапты бүлкүлдеп.

Суатқа барып құйрықты
Кешке қарай малып қой,
Таң атарда тартасың
Балыққа жарып қайтасың./Түлкі мен қасқыр/

  1. «- Көкек-көкек! Қайырымды көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!» -дейді жан ұшыра.   (Қарлығыш пен дәуіт )
  2. «Жақсылыққа дұшпанмын.

Жамандыққа құштармын,

Тісімді жұлып, лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.» Кім туралы айтылған? / мыстан кемпір/

Мұғалім:     Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды – дей отырып, ендігі кезекте барлығымыз ертегіні тамашалайық. /компьютерден қарау/

Қорытынды: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!Жақсы қасиеттерін бойға сіңір!  Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.

Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

V бөлім – «Кім шапшаң?»

Шарты: Кез-келген ертегіден үзінді айтылады, сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

  • – Ей күшік мен сені жеймін! – депті

— Қой, көкешім, қой! (Күшік, қасқыр, мысық)

  • Дерменші үшінші рет қолын суға малғанда, қара темір балта ілігеді. (Кедей, дерменші

бай)

  • Жыл басына таласып түйе күнді көрмей қалыпты. (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу,

жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).

  • – Тышқан, тышқан сен неден күшті болдың? (Мұз, күн, бұлт, жусан, қошақан, қасқыр,

мерген, тышқан, құмырсқа).

Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым — лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», — деп әндетемін. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

Тышқан: Сонда мені қай ертегіден екенімді білмей тұрсыз ба?  Мен бар әлемдегі айлакер Тышқанмын.

Мақта Қыз:

Мен, Мақта Қыз, үйді тазаладым,

Сен, мысық қайта-қайта мазаны алдың.

Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,

Құйрығыңды жұлып ап жазаладым.    МЕН ДЕ ӨЗ ТАПСЫРМАЛАРЫМДЫ БАЛАЛАРҒА  АРНАП  АЛЫП КЕЛДІМ  ДЫМБІЛМЕС ОҚИ ҒОЙ СҰРАҚТАРДЫ

Мысық:
Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан

Қатығыңды қайтардым төккен,

Қайырымды алдым көптен.

Шал: Жарайсыңдар. Мен де осы ертегі елінің кейіпкерінің бірімін. Қазбайдың өмірін сақтап қалып, мына сиқырлы заттарға ие болдым. Олар қазан, есек, тоқпақ. Балалар, мені таныдыңдар ма? Ертегінің атын білесіңдер ме?  ( «Ұр, Тоқпақ!»).

Мыстан:

Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа дұшпанмын.

Жамандыққа құштармын,

Су астынан шыға кеп,

Алқымыңнан қысқанмын.

Тісімді жұлып, лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәпрімін,

Ертегінің сәнімін.

Көркейтуге келгенмін,

Ертегілер ауылын.

Аптап ыстық кең даланы қуратқан

Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан.

Сол кезде

Тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп, отанын қуантқан.

Ол кім? (Толағай)

Кіп-кішкентай ғана бойы бар,

Қысылғанда сөз тапқан

Қырық өтірік пе, керегі?

Жаңылмай айтып береді. (Тазша бала)

Кедергі еткен масаға,

Адамдармен дос болып,

Тек жақсылық  жасаған

Айыр еткен құйрығын,

Зұлым жылан тасада

Білесің бе, қандай құс? (Қарлығыш)

Шал: Бұл сұмдықты өзім тоқтатпасам болмайды. Балалар осы қай ертегі болмасын, жақсылықпен аяқталады. Біздің халық ертегілері қандай сөздермен аяқталады? («Сөйтіп өз мұратына жетеді»,  «Одан кейін ұзақ жылдар өмір сүріп  мақсаттарына жетеді», «Еліне қайтып, мұрат-мақсаттарына жетіпті»).

Үйшік ертігісі

Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
– Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
– Мен бақылдауық бақамын. – Кел, бірге тұрайық.
Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
– Мен қорқақ қоянмын!– Кел, бірге тұрайық.
Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
– Мен қу түлкімін!– Кел, бірге тұрайық.
Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын!
– Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?

– Мен сұр қасқырмын!– Кел, бірге тұрайық.
Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын!
– Мен қу түлкімін!
– Ал мен болсам, сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?
– Мен қорбаңбай аюмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
– Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.
– Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр  – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.
Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.  Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алады.

Үйшік ертігісі

Автор: Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді.

Автор: Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

Автор: Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.

Автор: Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:

Автор: Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:

Автор: Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.
Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:

Автор: Аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр  – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.  Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алады.

Тышқан тоқтап:

1.– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

  1. – Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
    3. – Кел, бірге тұрайық.
  2. Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой

Бақылдап бақа келеді:

  1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
  2. – Мен бақылдауық бақамын. Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді.
  3. — Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
  4. – Кел, бірге тұрайық.

Ытқып секіріп Қоян келіп:

  1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
  2. – Мен қорқақ қоянмын!
  3. Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
  4. Кел, бірге тұрайық.

Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:

Түлкі:

  1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
  2. Мен қу түлкімін!
  3. Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
  4. – Кел, бірге тұрайық.

Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:

Қасқыр:
1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
2. Мен сұр қасқырмын!

  1. Мен сұр қасқырмын. Ал сен кімсің?
  2. – Кел, бірге тұрайық.

Қасқыр үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
1. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?

  1. Мен сұр қасқырмын.
  2. – Ал мен болсам, сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?
  3. – Кел, бірге тұрайық.

Аю:

  1. Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
  2. – Мен қорбаңбай аюмын!
  3. – Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
  4. Қорықпаңдар, түк те болмайды

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
— ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: ғажайып, сиқырлы, құм қалашығы.
Билингвалды сыңары: ғажайып — удевительный, сиқырлы – волшебный.
Заттық — дамыту ортасы: «Ертегілер әлемі», «Ертегі ханшайымы шақырады» үнтаспасы, сиқырлы кітап, қуыршақ театры «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің кейіпкерлері, ғажайып сәт Ертегі ханшайымы, құм қалашығы.
— Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» әнін айтайық
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?
— Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
— Ертегілер бізді неге үйретеді?
Балалардың жауабы тыңдалады. Үнтаспадан тосыннан, алдын — ала жазылған Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
— Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
— Төменнен іздеңдер, бар ма?
— Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында — а — а — а»
Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Тәрбиеші:
— Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
— Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
— Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
— Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері «Мақта қыз бен мысық», «Қызыл телпек» ертегілері
— Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
— Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
— Жарайсыңдар, балалар.
— Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап тәрбиешіге айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын — дейді
«Бауырсақ», «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегілерінен үзінді ойнайды
— Бұл қай ертегі?
— Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
— Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
— Бұл қай ертегілер? «Жеті лақ», «Үш торай»
/Санау, кеңістікті бағдарлау, сапасын анықтау/
— Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?
Тәрбиеші:
— Балалар, мына мнемотаблицада сендерге таныс ертегі бейнеленген. Сендер ертегі мазмұнын осы таблица бойынша еске түсіріп, айтып беріңдер.
Балалар «Сараң аю» ертегісін айтып береді
(Сиқырлы кітап тек тәрбиеші түсінетін тілмен ертегі көруге шақырады)
Ертегі тамашаламас бұрын бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Қуыршақ театрынан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі көрсетіледі.
— Ертегі сендерге ұнады ма?
— Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
— Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
— Айдаһар қандай?
— Маса не істеді?
— Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
— Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
— Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
— Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп — кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір — біріне көмектесіндер, бір — бірлерінді ренжітпендер, бір — бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Ертегі ханшайымы кіреді
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
— Мен сендерді құм қалашығына шақырамын, өздеріне ұнаған ұсақ ойыншықтармен «Ертегі елін» жасандар
— Құм қалашығында ойнауды білесіндер ме?
Әр баланын қасына барып;
— Қандай ертегі құрастырдың?
— Сендердің ертегілерінде құстар қандай?
— Неге аңдар суда жүзіп жүр?
Жетекші сұрақтар қойылады
Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Ертегілер еліне саяхат сценарий бастауыш сынып апталы?ына
  • Ертегілер еліне саяхат сценарий балаба?шада
  • Ертегілер еліне саяхат ерте?гілік сценарий
  • Ертегілер елінде сахналы? ?ойылым сценарий
  • Ертегілер ?леміне саяхат сценарий бастауыш сынып

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии