Ертегі жеті ла? сценарий

Жазыл?ан сахналы? к?рініс ?деби шы?арма негізінде балаларды? с?йлеу тіл ?старту байланыстырып,с?йдуін дамыту,дыбыс?а м?дениетін жетілдіру.С?здік ?орларын дамыта

Тақырыбы: Жеті лақ ертегісін сахналау.

Білім беру саласы: Таным,қатынас,шығармашылық.

Бөлімі: Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

Мақсаты:

Көркем әдеби шығарма негізінде балалардың сөйлеу тілін ұстарту, байланыстырып сөйлеуін дамыту, дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Сөздік қорын молайта отырып, ертегі қойылымын сахналауға қатынасып, бала бойындағы актерлік шеберлікті шыңдау, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу.

Фон Музыка.

Саңырауқұлақ орманда отырады.

— Ееее амансыңдарма балаларым? Мен 100 жылдан артық орманның ішінде өмір сүрген саңырауқұлақпын. Мен сендерге осы орманның ішінде болған бір қызықты ертегіні әңгімелеп бергім келіп тұр. Ертегі «7-лақ» деп аталады.

Ерте,ерте ертеде бір ешкі болыпты. Оның 7 лағы бар екен.Ешкі кунде балаларын жалғыз қалдырып жәрмеңкеге барып,сүт, жеміс-жидек алып, үйіне келеді екен.

Ешкі:

-Лақтарым,шұнақтарым

Айналайын қарақтарым,

Жәрмеңкеге мен барайын,

Сүт пен жеміс алайын.

Ал сендер үйде қалыңдар,

Есікті кілттеп алыңдар.

Бір-біріне қамқор боп,

Кішіге көз салыңдар.

Тентек боп үйді шашпаңдар,

Есікті ешкімге ашпаңдар!

Кешке өзім келемін,

Тамақ әкеп беремін.

Лақ:

-Мәәә үйді шашпаймыз

Есікті ешкімге ашпаймыз.

Ешкі:

-Ия балаларым,мен кеттім

Тентек болмаңдар.

Ешкі кетеді,көңілді әуен қосылады. Лақтар секіріп,ойнап,билей бастайды.

Саңырауқұлақ:

-Орманға ешкі лақтарымен көшіп келгенін шетел орманынан оралған қасқыр естиді.

Ешкі үйіне қайтқанда күнде бір ән айтады екен.Сол әнді естігенде ғана балалары қарсы алып, есікті ашады екен.

Ешкі әнің айтып үйіне оралады.Лақтар тамаққа тойып алып,ыдыс жуып,секіріп ойнай бастайды.

Ешкі:

-Лақтарым,шұнақтарым!Мен жәрмеңкеге барып келейін-деп кетіп қалады.

Саңырауқұлақ:

-Осы уақытта қасқыр ешкінің кеткенің аңдып тұрады.

Қасқыр:

-Ешкі әрең кетті ғой.Ал енді лақтар жалғыз-деп есікті қағады

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашағойыңдар,аналарын келді,сүт әкелді.

Лақтар:

-Жоқ ашпаймыз.Сен біздің анамыз емессін.Сенің дауысын жуаң,ал біздің анамыздың дауысы жіңішке.

Қасқыр қолын сілтеп:

-Қуларын қараш өздерінің.Қазір мен сендерге көрсетемін.-деп аюға келеді.

Қасқыр:

-Аю менің дауысым жуан,оны жіңішкелетіп берші-дейді.

Аю:

-Істесек істейік.

Саңырауқұлақ:

-Қасқыр дауысын жіңішкелетіп,қайтадан лақтарға келіп:

-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашағойындар-деп жіңішке дауыспен ән сала бастайды.

Лақтар есік ашады,қасқыр бәрін алып кетеді.1-лақ пештің артына тығылып қалады.Ешкі жәрмеңкеден оралып,есіктің ашық жатқаның көріп,жылай бастайды.

Ешкі:

Лақтарым,шұнақтарым!Көлге біткен құрақтарым,

Неге мені тыңдамадыңдар?Есікті ашпандар-деп айттым ғой сендерге.

Пештің артынан 1 лақ секіріп шығып:

-Мама,олардың барлығын қасқыр алып кетті,ал мен пештің артына тығылып үлгердім.Жыламашы анашым!

Ешкі:

-Жоқ,мен барып қасқырды табайын,оның қарның жарайын.Ал сен үйде отыр.Жооо-жоқ менімен бірге жүр-деп 2-уі қасқырдың үйіне барады.

Ешкі:

-Қасқыр,сен қандай жауыз едің?

Қасқыр:

-Ешкі,менің кінәм не?

Ешкі:

-Лақтарымды сен жеп қойдың.

Қасқыр:

-Әй,сол ойым іске аспады ғой!Кешірші мені ешкі.Лақтарын сүйкімді екен.Оларды жеуге дәтім бармады.Біз жақсы дос болып кеттік.

Ешкі:

-Ондай болса олар қайда?

Қасқыр ысқырады,лақтар секіріп ортаға шығады.Көңілді әуенге барлығы билейді,залдан барлық орман аңдары шығады.

Саңырауқұлақ:

-Ееее,балапандарым!Менің ертегім сендерге ұнадыма? Ааааааа.Көңіл күйлеріңіз көтеріліп қалғанына менде мәз болып қалдым.Менің бұнымен ертегім біткен жоқ балалар! Келесі жолы тағы ертегі ойнаймыз.

Ендеше сау болыңдар!

Айтпақшы, айтпақшы балаларым дос болыңдар!Жарайма?Мамаларынды тыңдандар!

Көңілді әуенмен балалар саңырауқұлақты шығарып салады.

Тәрбиеші:

-Балалар ертегі сендерге ұнадыма?

-Жағымды кейіпкерді атайықшы

-Жағымсыз кейіпкер кім?

-Бұл қай ұлттың ертегісі?

-Сендерге ертегіні сахналау ұнады ма?

Балалар біз алдағы уақытта көптеген ертегілер сахналайтын боламыз!

Тайгожина Данара Женисовна, тәрбиеші

«Борас орта мектеп-бақша» КММ

ШҚО, Бесқарағай ауданы

Автор: Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен.Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып:

7lak

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –

Автор: деп өлеңдетеді екен.

Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.

Автор:Ешкі орманға кеткенін байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой.Қарным бір тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.)

Автор:Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан даусымен.

Қасқыр: О, Лақтарым!Ой шырақтарым!

Аша қойыңдар,

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Тұяғым шылқыған су.

Автор: -дейді өлеңдетіп.

Лақтар:

-Естідік, естідік-біздің енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді.

Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді.

Қасқыр:

О, ұста менің көмейіме жіңішке тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.

Ұста:Қолымнан келмейді.

Қасқыр:Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді.

Автор:Үйшіктің жанына келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті қағып.

Лақтар: Бұл кім?

Ешкі:Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр!-

Автор:дейді әндетіп

Лақтар:Есік ашып, енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді.

Ешкі кетерінде:

-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп қатты тапсырады.

Автор:Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді.Содан жіп-жіңішке даусымен.

Қасқыр:

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –деп әндетеді.

Лақтар анасы екен деп есікті ашады.

Қасқыр:О, шырақтарым менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.

Автор:Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.

Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті.

Автор:Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды.

Ешкі:Аңшы, маған көмек беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.

Аңшы:О, жүр мен оның сазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді.

Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой, қолындағы мылтығы ма?Қой атып тастамай тұрғанда қашайын.

Лақтар:О, анамыз келді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп жылайды.

Автор: Ешкі лақтарымен табысып, орманда бақытты өмір сүреді.

★★★★★★★

Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.

↓↓↓

ТАПСЫРЫС ЖАСАУ

Мақсаты:
Балалардың көркем шығармалар арқалы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту.
Ертегілермен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу жағымды, жағымсыз
кейіпкерлерді ажырату. Ертегіні мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре отырып сөйлеу,
рольге бөліп ойнау, баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Әдіс — тәсілі:
ертегіні сахналау, өлең, диалогты сөйлеу.

Қажетті құрал:
атрибуттар, үй, ағаш

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекет

Дөңгелене тұрайық шаттық шеңберін құрайық.

Армысың асыл күн

Армысың көк аспан

Армысың, жер ана

Армысың, жан досым

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым
Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз? суретін қарау

Бүгін біз, сіздермен қонақтармен бірге
«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін сахналаймыз. (Кейіпкерлердің атрибуттарын
киеді)

Тәрбиеші:
Ерте ерте заманда бір ешкі және жеті лағы болыпты. Олар орманда

өмір сүріпті. Ешкі орманнан азығын тауып,
жинап әкеледі екен. Ешкі орманға

кетерінде былай дейді:

Ешкі:(Дильназ)

Лақтарым
шырақтарым шұнақтарым есікті ешкімге ашпаңдар, мен сендерге шөп, сүт әкелемін

Лақтар: (
Амир,Арман,Назерке,Диана,Аида,Еркеш,Азамат)

-жарайды есікті ешкімге ашпаймыз

Тәрбиеші:
лақтар үйде ойнап, секіріп қала береді.
Ешкінің үйде жоғын
білген қасқыр, ешкінің үйіне келіп есігін қағып былай дейді.

Қасқыр: (Арыстан)

лақтарым
шырақтарым, шұнақтарым анаң орманнан келді, есікті ашыңдар.

Лақтар: мә — мә есікті ашпаймыз сен біздің
анамыз емессің! сенің даусың жуан, ал анамыздың дауысы жіңішке.

Тәрбиеші: сөйтіп
қасқырға есікті ашпайды орманнан анасы оралады.

Ешкі: (Дильназ)

— лақтарым, шырақтарым қутыңдаған
шұнақтарым Есікті ашыңдар, аналарың шөп, сүт әкелді.

Тәрбиеші:Лақтар
есікті ашады аналары үйге кіреді.
Лақтар қасқыр келіп
есікті ашылғанына айтады.

Ешкі
(
Дильназ)

-Жарайсыңдар лақтарым! мен орманға тағы
кетемін, ал сендер есікті ешкімге ашпаңдар деп орманға кетеді.
Ал
қасқыр үйдің жанында ешкінің кеткенін көріп, тағы да келеді, даусын
жіңішкелендіріп әндетеді.

Қасқыр(Арыстан)

-лақтарым шырақтарым, мен сендерге сүт,
шөп әкелдім есікті ашыңдар.

Тәрбиеші:Лақтар
қуанып есікті ашып жіберсе ол қасқыр болады.

Қасқыр:(Арыстан)

а – а сен
сендерді ұстап үйіме алып кетемін.

Тәрбиеші:6
лақты қасқыр алып кетеді ал бір лақ тығылып қалады. Орманнан ешкі оралады,
үйіне келсе есік ашық лақтарын іздейді.

Ешкі:(Дильназ)
лақтарым шырақтарым қайдасыңдар

Тәрбиеші:Тығылып
қалған лақты тауып алады. Ол болған жайды баяндап береді.

Ешкі:(Дильназ)
жүр ендеше орман ішін аралап қасқырдан сұрайық.

Тәрбиеші:
Ешкі мен лақ орман ішін аралап келе жатса алдыңнан қасқыр шығады.

Ешкі:(Дильназ)


Қасқыр сен, менің лақтарымды көрдің бе?

Қасқыр:(Арыстан)
Жоқ, олар орманда ойнап жүрген болар.

Тәрбиеші:
сөйтіп қасқырмен ешкі келе жатса алдарынан үлкен шұңқыр кездеседі.

Қасқыр: (Арыстан)

-ешкі секір,

Ешкі: (Дильназ)

-жоқ, бірінші сен секір.

Тәрбиеші: сөйтіп
қасқыр шұңқырдан секемдеп түсіп кетеді.
Ал ешкі лағымен

шұңқырды айналып өтіп, қасқырдың тығып
қойған лақтарын тауып алып өз

үйлеріне оралады.

Ертегі осылай аяқталды, ролді ойнаған
кейіпкерлермен таныстырылады.

Өлең айтады.

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Күтілетін нәтижелер:

Білу:
Ертегіні тыңдап, мазмұнын баяндау.

Игеру:
Тіл байлығын, сөздік қорын молайту.

Үйрену:
Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажырату.

Ертегілер әлемі

Мақсаты: кітаптың пайда болуы жайлы әңгімелеу, қазақ ертегілерін
көп оқуға баулу.

Дайындық: балалар ата-аналарымен бірігіп кітаптар оқиды, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар жаттайды.
Көрнекілігі: ертегі кітаптарының сөресі.
Қажетті қосымша заттар: ертегі кейіпкерлерінің заттары

(жұмыртқа, шалқан, қасқыр, түйе)

1Жүргізуші-Диана: Ертегісіз басқаның керегі
не,

                    Ертегісіз дүние әдемі ме?

                    Назар аудар, ертегі
қойылымы!

                    Қош келдіңіз, ертегі
әлеміне!

2 жүргізуші-Мейрам: Қош келдіңіз, ертегі
әлеміне!

                     Ертегінің бәріне берері
мол.

                     Жамандықтан жиренер өсер
ұрпақ,

                     Жақсылықтың шарықтап
кемеріне.

Диана : Ана тілің арың бұл,

                      Ұятың боп тұр бетте.

                      Өзге тілдің бәрін біл,

                      Өз тіліңді құрметте!

Мейрам : Білмегенді айыптар,

                     Бүгінгі кеш айрықша.

                     Өзге ұлттың баласы

                     Сөйлейді тек қазақша.

Диана : Қымбатты
балалар! Бүгінгі кездесуге келгендеріңіз үшін өте қуаныштымыз. Сіздер бұл
мерекеге көптен бері дайындалып ұстаздарыңмен бірігіп ертегілер оқып дайындық
жасадыңыздар.
Мейрам :Ғажайып ертегілер әлемінде жақсылық әрқашанда
зұлымдықты
жоятынына көз жеткіздіңдер. Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Назарларыңызға достарымыз ертегіден қойылым көрсетеді. Ендеше достардың өнерін
тамашалайық.

Диана :Кіп
кішкентай балапан,

                      Алға қанат ұмтылған.

                 Көрсетем деп өнерін,

                Жақсы іске талпынған.

1-класс оқушыларының орындауында «Шалқан»
ертегісі.

1-класс оқушысы:
Ақпыз, қара, сарымыз,

                                  Ағайынбыз
бәріміз.

                                 Бақытты елде
туған соң,

                                 Шырқалады
әніміз.

Мейрам : 2 класс
оқушыларының орындауында  «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Диана:  Үйретеді
еңбекке
Үйретеді білімге
Үйретеді әуенге
Таза болып жүруге
Бір-бірімен сыйласып
Татумыз біз бәріміз
Бал достықтың ұясы
Біздің айтар әніміз.

Ән: «Әрқашан күн
сөнбесін»

Мейрам : Диана,
сен осы «Жеті лақ» ертегісін оқыдың ба?

Диана : Әрине
оқыдым. Ол ертегіде қасқырдың мейірімсіздігі туралы айтылған.

Мейрам : Олай
болса,  3-класс  оқушылары «Жеті лақ» ертегісін көпшілікке ұсынады. Бірге
тамашалайық.

Диана : ән «Қошақаным»

Мейрам : Кезек 4- класс оқушыларының орындауындағы «Жыл басына таласқан
хайуанаттар» ертегісіне келді. Қарсы алыңыздар
 Мұғалім:Қымбатты бүлдіршіндер! Қазір сендер өздеріңнің қаншалықты
кітапқұмар екендіктеріңді көрсетуге тиістісіңдер. Ол үшін оқушылармен бірнеше
жұмыс жүргіземіз. Жауап берген оқушы әрине, сыәлық алады.
1-ші кезең: «Кейіпкерлермен сырласайық» деп аталады.. Бүгінгі
көрсетілген
ертегіден үзінділер оқылады. Оқушылар бұл қай ертегіден
оқылған үзінді
екенін тауып, ертегінің атын атаулары керек.

1. Жіңішкертіп дауысын,

Алдап соққан лақтарды.

Алданған көп бауырын,

Пештегі лақ құтқарды. Бұл қай ертегі? (Жеті
лақ)

2. Еңбегі ол атайдың

Ала жаздай баптаған.

Көмекке бәрін шақырып,

Жерден оны шаққа алған. ( шалқан)

3. Құйрығынан айрылып,

Қатық іздеп мол кеткен.

Қас жауы оның құтқарып,

Мақсатына ол жеткен. ( Мақта қыз бен
мысықтағы мысық және тышқан)

4.  Мен болам деп – жыл басы,

Бар жануар таласты.

Өркешке мінген хайуан,

Көрді күнді алғашқы. ( тышқан)

Жүргізуші :Өте
жақсы. Сендердің ертегілерді қызығып, ықыласпен тыңдағандарың шынымен-ақ
көрініп тұр.
Ойынымыздың екінші кезеңі: «Мен қай ертегіденмін» деп аталады.
Кітапханашы:. Кәнеки, балақайлар, енді біз осы ертегілердің мына
қаптан шыққан  өз заттарын өздеріне қайтарып беруге көмектесейік. (қаптың
ішінде шалқан, жұмыртқа, қасқыр, түйе суреттері болады)
               1.шалқан

2. Жұмыртқа — Мақта қыз бен
мысық

3. қасқыр

4. түйе
Мұғалім: Саяхат – ойынымыздың 3 кезеңі «Ой-өрісті сергітейік» деп
аталады. Мына сұрақтардың жауабын дұрыс тапқан балаға сыйлықберіледі.
1. Шалқанды не себепті атай суыра алмады?
Жауабы: ол үлкен
2. «Мақта қыз бен мысық ертегісінде» мысық неліктен құйрығынан айрылды?
Жауабы: ол уақытында келмеді
3. «Жеті лақ » ертегісіндегі мейірімсіз аңды тап.Жауабы: қасқыр
4. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мысыққа кім көмектесті? Жауабы: Тышқан
5. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінде тапқырлық көрсеткен
хайуанат?
Жауабы: тышқан
Саяхат-ойынымыздың қортындысын жариялау.
Жүргізушілер: 4 клас оқушыларының орындауында ән «»
Қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің тақырыбы: Ертегі әлеміне саяхат

«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

Мақсаты: Оқуіс әрекетінде «Қасқыр мен жеті лақ ертегісінің үзіндісіне

тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік қорын

молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту.

Әдіс –тәсілдер: Сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау,

қорытындылау.

Көрнекіліктер: Ертегіге байланысты суреттер

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба достарым.

Амансың ба, қонақтар,

Біз сіздерді сағындық.

Балалар жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі.

Қыс туралы не білеміз?

Кіріспе. Енді балалар бүгін біз « Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен

танысамыз

Балалар қасқыр туралы не білесіңдер?

Қандай жануар?

Жабайы жануар, Қауіпті аңдар қатарына жатады.

Қасқыр туралы мына өлеңді еске түсірейік.

Мен көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым.

Аш болсам ұлырмын,

Ауылды торыймын.

Ешкі,лақ қандай жануар?

Үй жануарларына жатады.

Етімен, сүтімен бізге пайдалы.

Лақ туралы қандай өлең.тақпақ білесіңдер.

Балалар Лағымау лағым,

Ерке тотай шұнағым.

Ағаштарды кемірсең,

Құлағыңды жұламын

Сергіту сәті: «Қорбаңдаған аюдың…»

Тәрбиеші ертегі суреттерін пайдалана отырып,ертегіні әңгімелеп айтады.

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен.

Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:

Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде

«Шырақтарым лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», деп әндетемін. Осы

кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі

кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады.

Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр

саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап

жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр

ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды даусы ешкінікі сияқты жіңішке

болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп

қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн

сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете

созып тұрып әнге басты:

Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік

ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан

жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды.

Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны

тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне

оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады.

Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы

үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап

жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ

шыға келеді. Бәріде аманесен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек

болмады .Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып,

қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады .Сол

кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да,

батып кетті.

Қорытынды:

Балалар барлығымыз ертегіні жақсы түсіндік пе?

Қызықты болды ма?

Енді сергіту жасап жіберейік;

Көлбең, көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Қасқыр қалай жүреді,

Қасқыр былай жүреді.

«Жеті лақ» ертегісі

Тақырыбы: «Жеті лақ» ертегісі.

Мақсаты: Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын

Айтып бере білуге үйрету, өз ойларымен бөлісе білуге талпындыру.

Ертегі кейіпкерлерінің қимылын,дыбысын салдырып,кейіпкерлер

бейнесін сомдау қабілеттерін дамыту.

Міндеті: Сахналандыру үстел үсті, театр арқылы кейіпкерді бейнелеуге үйрету,

Ертегілерді тыңдауға,түсінуге,көруге талпындыру.

Көрнекілігі: «Жеті лақ» қуыршақ театры.

Шаттық шеңбері: Балалар бір-бірімен амандасып, «Қайырлы күн,бүгінгі күн шуақты нұрлы болсын!» деп тілек білдіреді,достық, ынтымақтастық сыйлайды.

Балалар мен бүгін сендерге «Жеті лақ» ертегісін оқып беремін.

Ертегі оқылады.

-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

— Ертегі кейіпкерлерін атап көрейікші.

— Анасы орманнан келгенде балаларына қандай өлең айтады екен?

Балаларым, шырағым,

Қутыңдаған шұнағым,

Сендерге сүт әкелдім,

Есікті ашшы,лағым.-деп хабар береді екен.

  • Ешкінің бұл айласын кім естіп қояды?
  • Қасқыр.
  • Балалар сендер де лақтар сияқты бөтен кісілерге есік ашасыңдар ма?
  • Жоқ ашпаймыз. Анамыздан рұқсат сұраймыз.

Сергіту сәті: Ал, балалар келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.

-Балалар ешкі үй жануарына жата ма?

-Әрине

-Ешкінің төлін не деп атаймыз?

-Лақ дейміз.

Шөре-шөре,лағым,

Тентек болма, шырағым!

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Балалар өз қалауы бойынша ертегі кейіпкерлерін таңдап алып,рөлдерге бөлініп ертегіні сомдауға кіріседі.Балалар бойында қуаныш сезімдері пайда болады.

Күтілетін нәтиже:

Білу қажет: Ертегі аттарын, кейіпкерлерді атап, мазмұнын айта білу.

Игереді: ертегі айту, жаттығуды іс-әрекет арқылы жасай біледі, сахналандыру

түсініктерді қалыптастыру.

Меңгереді: кейіпкер бейнесіне ену, ертегі эмоциямен айту, тақпақтарды мәнерлі айту қабілеттері артады.

Ертегі кейіпкерлеріне ат салысып ойнағандар:

Қасқырдың рөлінде –Рамазан

Ешкі рөлінде— Нұрай

Жеті лақ рөлінде— Қуаныш, Эмелья, Бекзат,Бақдаулет, Бақберген,Кәусар,

Темірлан.

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Жеті лақ» ертегісі.

Мақсаты: Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын

Айтып бере білуге үйрету, өз ойларымен бөлісе білуге талпындыру.

Ертегі кейіпкерлерінің қимылын,дыбысын салдырып,кейіпкерлер

бейнесін сомдау қабілеттерін дамыту.

Міндеті: Сахналандыру үстел үсті, театр арқылы кейіпкерді бейнелеуге үйрету,

Ертегілерді тыңдауға,түсінуге,көруге талпындыру.

Көрнекілігі: «Жеті лақ» қуыршақ театры.

Шаттық шеңбері: Балалар бір-бірімен амандасып, «Қайырлы күн,бүгінгі күн шуақты нұрлы болсын!» деп тілек білдіреді,достық, ынтымақтастық сыйлайды.

Балалар мен бүгін сендерге «Жеті лақ» ертегісін оқып беремін.

Ертегі оқылады.

-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

— Ертегі кейіпкерлерін атап көрейікші.

— Анасы орманнан келгенде балаларына қандай өлең айтады екен?

Балаларым, шырағым,

Қутыңдаған шұнағым,

Сендерге сүт әкелдім,

Есікті ашшы,лағым.-деп хабар береді екен.

  • Ешкінің бұл айласын кім естіп қояды?

  • Қасқыр.

  • Балалар сендер де лақтар сияқты бөтен кісілерге есік ашасыңдар ма?

  • Жоқ ашпаймыз. Анамыздан рұқсат сұраймыз.

Сергіту сәті: Ал, балалар келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.

-Балалар ешкі үй жануарына жата ма?

-Әрине

-Ешкінің төлін не деп атаймыз?

-Лақ дейміз.

Шөре-шөре,лағым,

Тентек болма, шырағым!

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Балалар өз қалауы бойынша ертегі кейіпкерлерін таңдап алып,рөлдерге бөлініп ертегіні сомдауға кіріседі.Балалар бойында қуаныш сезімдері пайда болады.

Күтілетін нәтиже:

Білу қажет: Ертегі аттарын, кейіпкерлерді атап, мазмұнын айта білу.

Игереді: ертегі айту, жаттығуды іс-әрекет арқылы жасай біледі, сахналандыру

түсініктерді қалыптастыру.

Меңгереді: кейіпкер бейнесіне ену, ертегі эмоциямен айту, тақпақтарды мәнерлі айту қабілеттері артады.

Ертегі кейіпкерлеріне ат салысып ойнағандар:

Қасқырдың рөлінде –Рамазан

Ешкі рөлінде— Нұрай

Жеті лақ рөлінде— Қуаныш, Эмелья, Бекзат,Бақдаулет, Бақберген,Кәусар,

Темірлан.

Бекітемін:

Аға тәрбиеші:——-Есқабылова. Ұ

Тәрбиеші: Нұрмағанбетова. З.К.

9.11.2015 оқу жылы.



-80%

Похожие файлы

  • Тоқсандық тест тпасырмалары

  • Ана тілі-ата-баба мұрасы

  • Раздаточный материал

  • Ғажайып әлем бағдарламасы

  • Қ.Қойдосов атындағы орта мектеп

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жетілақ» ертегісінің сценарийі

Рөлдерді ойнатын бастауыш сынып оқушылары.

Автор:( Ильяс) Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көкмайсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен .Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып:

Ешкі: (Диляра)

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, ашақойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр!

Автор:( Ильяс) деп өлеңдетед іекен.

Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.

Автор: 🙁 Иляс)  Ешкі орманға кеткенін байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой. Қарным бір тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.)

Автор:( Ильяс) : Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан даусымен.

Қасқыр: (Имран) О, Лақтарым!Ой шырақтарым!

Аша қойыңдар,

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Тұяғым шылқыған су.

Автор: -дейді өлеңдетіп.

Лақтар: (2-сынып оқушылары )

-Естідік, естідік-біздің енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді.

 Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді.

Қасқыр:(Имран)

О, ұста менің көмейіме жіңішке тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.

Ұста:(Мансур)Қолымнан келмейді.

Қасқыр: (Имран)Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді.

Автор:Үйшіктің жанына келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті қағып.

Лақтар: (2-сынып оқушылары )Бұл кім?

Ешкі:Дильяра Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр!-

 Автор:дейді әндетіп

 Лақтар:Есік ашып, енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді.

Ешкі кетерінде:

-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп қатты тапсырады.

Автор:Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді.Содан жіп-жіңішке даусымен.

Қасқыр:

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –деп әндетеді.

Автор:Лақтар анасы екен деп есікті ашады.

Қасқыр:О, шырақтарым менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.

Автор:Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.

Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті.

Автор:Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды.

Ешкі:Аңшы, маған көмек беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.

Аңшы:О, жүр мен оныңсазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді.

Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой, қолындағы мылтығыма?Қой атып тастамай тұрғанда қашайын.

Лақтар:О, анамызкелді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп жылайды.

Автор:Ешкі лақтары мен табысып, орманда бақытты өмір сүреді.

Басқа материалдар

«Жеті лақ» ертегісі

Мақсаты: Әрбір кейіпкердің рөлін ойнай отырып,қимыл арқылы көрсетуге үйрету; дауыс ырғағын,дауыс көркемділігін дамыту; ертегіні сахналауға үйрету; үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері.

Рөлдерде ойнайтындар:

Жүргізуші, тәрбиеші: Зәмзәгүл Амангелдіқызы

Ешкі — тәрбиеленуші Алимахун Асемай

Қасқыр – тәрбиеші Асем Изатқызы

Лақтар – тәрбиеленуші Абуғали Адия,Шаймұрат Айару, Ғаниқызы Ханифа.

Аңшы – тәрбиеленуші Жомарт Нұрлыбек.

Жүргізуші : З.А. Балалар,ертегімізді бастамас бұрын, мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия , дайынбыз.

Жүргізуші: I Басында екі таяғы бар.

Төрт аяғы бар

Адам деуге болмайды

Сақалы тағы бар (ешкі)

II Тастан тасқа секірген

Ұзын салпақ құлақты

Қойдан маза кетірген

Кім біледі? (лақты).

III Алыстан сезіп ел ішін,

Көк төбегім ұлып тұр

Бірақ малдың өрісін

Қияннан –ақ біліп тұр. (Қасқыр)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Енді балалар, денемізді бір сергітіп алып, ертегімізді тамашалайық.

Сергіту сәті: Тіктеп титтей құлағын

Ботам былай жүреді

Сыртылдатып тұяғын

Лағым секіріп жүреді.

Жүргізуші: Баяғы заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы бар екен. Олардың үйі орманның шетінде орналасыпты. Ешкі лақтарына азық әкелу үшін күнде орманға кетеді екен.Үйінен шығып бара жатып

Ешкі: Қарақтарым,шырақтарым есікті ешкімге ашпаңдар,әйтпесе сендерді қасқыр алып кетеді.

Жүргізуші: — Деп,кетеді екен.Бір күні орманға кеткенде,үйіне қасқыр келіп,есігін қағады. Бірақ лақтар есікті ашпайды.Үйге кіре алмаған қасқыр тасаға тығылып, ешкінің келуін күтеді.Бір кезде ешкі келіп:

Ешкі: «Қарақтарым,шырақтарым, мен сендерге азық алым келген аналарыңмын есікті ашыңдар»,

Жүргізуші: -дейді.

Лақтар: Алақай,алақай анамыз келді

Жүргізуші: Лақтар есікті ашып,ешкі үйге кіреді.

Жүргізуші: Ертесіне ешкі орманға кеткенде қасқыр үйдің есігін қағып:

Қасқыр: «Қарақтарым,шырақтарым, мен сендерге азық әкелген аналарыңмын».

Жүргізуші: — дейді қасқыр.

Лақтар: Алақай,алақай анамыз келді.

Жүргізуші:Лақтар есікті ашады. Қасқыр үйге еніп лақтарды алып кетеді.

Қасқыр: -р,р,р.

Лақтар: -мә,мә,мә,мә.

Жүргізуші: Тек кішкентай лақ қанапештің ішіне тығылып,аман қалады.Ешкі оралғанда лақтарды таппай қайғырады.

Ешкі: мә,мә,мә,мә лақтарымды қасқыр әкетіпті,енді қайттім!

Жүргізуші: Сол кезде пештен кішкентай лақ шығып, болған жағдайды анасына айтады.

Лақ: мә,мә,мә, ана сіз орманға кеткенде, үйге қасқыр келді,біз сіз екен деп, есікті ашып жібердік. Қасқыр балаларды алып кетті.

Жүргізуші: Ешкі тездетіп аңшыға жолығып, лақтарын құтқаруды өтінеді.

Ешкі: Аңшы өтінемін, менің балаларымды қасқыр алып кетіпті,құтқаршы.

Аңшы: жарайды,құтқарам.

Жүргізуші: Аңшы қасқырды тауып алып, лақтарды үйлеріне алып кетеді. Ешкі мәз болып, балаларымен ұзақ өмір сүріпті.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Ертегі ?ойылымы сценарий
  • Ертегі ?ойылымдар сценарий
  • Ертегі ?леміне саяхат сценарий
  • Ермолов день праздник
  • Ермолов вновь приходит праздник ноты

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии