Ертегі сахналау балаба?шада сценарий

Скачать: Ертегілер әлеміне саяхат. Шалқан ертегісін сахналау

Жамбыл
облысы ,
Төле би ауданы,
«Әсем» балалар бақшасы

тәрбиеші:

Абдикалыкова
И.Т.

Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат.

                   
«Шалқан ертегісін» сахналау

Мақсаты:

Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апару.
Ертегіні мұхият                      тындап түсінігін қайталауға өз ойын айтуға
үйрету. Балаларды ынтымаққа,    достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабаққа
деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік:

Ертегі кейіпкерлері ата, әже, қыз, мысық,
күшік, тышқан, үйшік. Шалқан отребуттары.

Методикалық әдіс: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.

Тәрбиеші:

 Балалар қараңдаршы, бүгін бізге сабаққа көп қонақтар келіпті,
ендеше амандасайық.

Психо жаттығу:

                Қуан,
шаттан алақай

                Қуанатын
келді күн

                Қайырлы
таң, қайырлы күн!

               Күліп
шыққан бүгін күн.

Сабақтың барысы:

 Тәрбиеші балалар кәзір жылдың қай мезгілі? (Қыс
мезгілі) дұрыс. Ендеше балалар қыс туралы кім тақпақ біледі. «Дұрыс. Ал енді
кім айтады қандай ертегілер білесіңдер.

Балалар:

 Шұбар «тауық», Бауырсақ «Шалқан», Түлкі мен ешкі т.б..

Тәрбиеші:

 Балалар бүгін біз сендермен ертегілер әлеміне саяхатқа
барамыз. Ертегілер әлеміне жету үшін біздерге жолда нешеме кедергілер немесе
тапсырмалар болады соны дұрыс шешкенде ғана ертегілер әлеміне жете аламыз.
Ендеше жүріңдер жолға шығайық.

Қызықты сәт:

Осы кезде есік қағылып, хатшы хат әкеледі.

Тәрбиеші:

 Балалар, қараңдаршы бізге  почташы хат әкелді, кімнен
екенін ашып көрейік. Білгішбектен келген екен. Кәне, хат мазмұнын оқиын, сендер
тыңдаңдар. Сәлеметсіндерме балалар. Сендердің ертегілер әлеміне  саяхатқа бара жатқандарыңды
естіп хатпен бірге тапсырма да жолдап отырмын.

Тәрбиеші:

Балалар орындаймыз ба?

(балалардың жауабы: — ия).

1. – ші тапсырмасы. Жұмбақтың жауабын шешу. Өзіне
болған қорған – орман ішінде бар, бір аң қорбаң-қорбаң.

(аю)

Өзі қу, әрі айлагер

Жүрген жері айқай
да шу

(Түлкі)

  Тапсырма:

Геометриялық пішіндерді дұрыс атаңдар және
түстерін ажыратыңдар.

Балалар, осы
сендер немен дем аласыңдар?

Ал, су не үшін
керек?

Су туралы өз
ойларыңды айтыңдар.

Балалар:

 Дұрыс біз ауамен дем аламыз. Ауа көзге көрінбейді.

Тәрбиеші:

Ал, су не үшін керек.

Балалар:

 Су таза болу керек, таза емес суды ішуге болмайды.
Сумен жуынамыз, сусыз өмір жок.

Тәрбиеші:

 Міне енді ертегілер әлеміне де келіп жеттік. Мұнда біз
Шалқан ертегісін сахналаймыз.

Сабақты пысықтау (қорытындылау)

        
Бүгін біз сендермен
қандай ертегіні сахналадық.

        
Достық деген не?

Қол ұстасып
тұрайық

Щеңберді біз
құрайық

Көріскенше күн
жақсы.

Сау – саламат болайық.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата – аналар мен балалар! Біз көптеген ертегілер білеміз. Міне солардың бірі былай басталады:

Айдалада аланда бір үйшік тұр.

Ол биікте, аласа да емес …

Естеріңізде ма осы ертектін аты?

Сіздер үйшіктін сол аланда қалай пайда болғанын білесіздер ма? Үй перілері туралы естіппедіңіздер? Үй перілері бүкіл әлемді шарлап шығыпты, тіпті Англияда да болыпты. Англияға барып олар ағылшынша сөйлеуді үйреніп келіпті. Үйге қайтып келіп олар, ормандағы аланда әдемі үйшік соғуды шешіпті. Міне ғажайып олар үй соғуды ұмытпапты, ал қазақ тілін ұмытып қалыпты.

(осы кезде үй перілері шығады да үй соға бастайды, үй соғып жатып ән салады.)

«Building blocks»

Building blocks,
Building blocks,
What can I build?

Building blocks,
Building blocks,
What can I build?

I can build a house, house, house
I can build a house, house, house

(Үй перілері үйшікті соғып болып, үйшіктін ішінде орналасады.

Жүргізуші: Айдалада аланда бір үйшік тұр. Ол биікте, аласа да емес. Қасынан тышқан – ізқазған өтіп бара жатыр еді. Үйшікті көріп тоқтады да:

Тышқан: Сәулетті үйшік тым жақсы!(есікті тоқылдатады) Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.

Үй перілері үйшіктен жүгіріп шығады да, қол ұстасып тізіліп тұрады.

Үй перілері: We don’t understand. Say it in English, please! (Біз сені түсінбейміз. Өтінеміз ағылшынша айтшы.)

Тышқан: I am a mouse. I am grey, I have a tail. (Мен тышқанмын. Сұр түстімін. Менің құйрығым бар.)
Let me live with you. (Мені сендермен тұрайыншы.)

Үй перілері: Come in please.(кел кір)

Үй перілері қолдарын көтеріп, тышқанды үйшікке кіргізеді. Ертедегі кейіпкерлерді аюдан басқаларынын бәрін үйшікке кіргізеді.

Жүргізуші: Тышқанды үйшікке кіргізді,

Ғажайып үйшіктің есіктері.

Бір – бірімен татулас,

Ағылшыншада сөйлейді.

Тышқан: What is your name?
Үй перілеріMy name is House – spirit.
Тышқан: Where do you live?
Үй перілеріI live in the house.

Жүргізуші: Үйшікке бақа – бақылдақ секектеп келеді.

Бақа: Сәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.

Тышқан: Мен тышқанмын інқазған,

Қонаққа шақырамын мен сені.

Бірақ үйшікке кіру үшін,

Ағылшынша сұран сен.

Бақа: Knock-Knock-Knock! (есікті тоқылдатады)

Үй перілері: Who is there?

Бақа: I am a frog. (Мен бақамын.)
I am green; I like to jump. (Мен жасылмын; секіргенді жақсы көремін.)
Let me live with you. (сендермен тұрайыншы.)
Үй перілері: Come in please. (кел кір)

Үй перілері бақаны үйшікке кіргізеді де, орындарына отырады.

Жүргізуші: Жұмыс қызу жүріп жатты,

Тату тәтті тұрып жатты.

Таңертенмен азанда,

Әтеш келді қонаққа.

Әтеш: Сәулетті үйшік,

Тым жақсы!

Үйшікте кім бар?

Тіл қатшы.

Тышқан(үйшіктен шығады): I am a little mouse. (мен кішкентай тышқанмын)
Бақа (үйшіктен шығады): I am a green frog. (мен жасыл бақамын)
Тышқан мен бақа (бірге): Ал сен кімсің?
Әтеш: мен Әтешбын ән шырқаған. Таңертен ерте тұрамын, сендерді де оятамын. Ку – ка – ре – ку.

Әтеш өлен айтады.

«Good morning»

Good morning,
Good morning,
Good morning to you,
Good morning,
Good morning,
I am glad to see you.

Тышқан мен бақа (бірге): Кел, бізбен бірге тұр.

Үй перілері: Who is there? (Бұл кім?)
Әтеш: Knock-knock-knock! (Стук-стук-стук!)
Үй перілері: Who is there? (Бұл кім?)
Әтеш: I am a cock. I have a bright tail. (Мен Әтешбын. Менің әдемі құйрығым бар.) Let me live with you. (Мен сендермен тұрайыншы.)
Үй перілері: Come in, please. (Кел кір.)

Жүргізуші: Міне тұрып жатыр бәрі бірге: бақа, тышқан және Әтеш..
оятады уақытында бәрінде,

Әсем әнмен әтеште.

Қораз үйшіктен шығып бәрін оятады. Бәрі үйшіктен шығып жаттығу жасайды.

Жүргізуші: Қоян – желаяқ үйшіктің жанынан жүгіріп өтіп бара жатып, тоқтайды.
Қоян: Сәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.
Тышқан (үйшіктен шығады): I am a little mouse. (мен — тышқанмын )
Бақа (үйшіктен шығады): I am green frog. (Мен — бақамын)
Әтеш: I am a cock. (мен — Әтешпін)
Бәрі (хормен): сен кімсін?
Қоян: Мен қоян – желаяқ. 
Бәрі (хормен): Қояным қош келдің, 
Төртеу болған тым жақсы.

Бірақ сен тағыда,

Үйшіктің есігін қағағой.
Қоян: Knock-knock-knock! (Стук-стук-стук!)
Үй перілері: Who is there? (Бұл кім?)
ҚоянI am a rabbit. I like to dance. (Мен қоянмын.Мен билегенді үнатамын.)
Let me live with you. (Сендермен тұрайыншы.) 
Үй перілері: Please, come in. (Кел кір.)
Жүргізуші: Үйшікке секіріп кірді сұр қоян,
Асырсалып қуанлы достары.

Жүргізуші: Үйшіктің жанынан түлкі өтіп бара жатып, терезені қағады.

Түлкі шығады. Үй перілері үйшіктің алдында тізңлңп тұрады.

Түлкі: Тук-тук-тук! Сәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.

Бақа: Есікті қағып жатқан кім?
Түлкі: Бұл, мен түлкімін. 
Әтеш: Солай – ақ болсын қош келдің!
Бірақ сен өзінді ағылшынша таныстыр.
Түлкі: I am a fox. I am red; I have a beautiful coat and fluffy tail. (Мен Түлкімін. Мен қызғылтсарымын, менің әдемі тоным бар және құйрығым бар.)
Үй перілері: Please, come in. (Кел кір.)
ЖүргізушіКенеттен ну орманнан
Көкжал бөрі – қасқыр сері жүгіріп келді.
Есіктен сығалап, ол сұрады.
ВолкСәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы. 
Үй перілеріAnd who are you? (Сен кімсің?)
Волк: I am a grey wolf. I want to eat very much. May I come in? (мен сұр қасқырмын. Менің қарным аш. Кірсем болады ма?)
Бәрі (хормен): Қош келдің! 
Жүргізуші: Міне, осылайша олар әндетіп сәулетті үйшікте бірге тұрып жатты.
Жүргізуші: Ну орманна маймандап,
Шықты аю кенеттен.
Ұнады үйшік аюға,

Есікті қағып сұрады.
Аю: Сәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы. 
Тышқан (үйшіктен шығып): I am a little mouse.

Бақа (үйшіктен шығып): I am green frog. 
Әтеш (үйшіктен шығып): I am a cock.

Қоян (үйшіктен шығып): I am a rabbit.

Түлкі (үйшіктен шығып): I am a fox.

Волк (үйшіктен шығып): I am a grey wolf. 
Бәрі(хормен): Ал сен кімсің? 
Аю: Мен маймақ аюмын,
сендермен ән салып тұрамын.
Бал беремін достарға
I am a bear. I live in the mood. 
Үй перілері: Sorry. There are many visitors here. You are too large. There is no place for you. (Кешір бізде қонақ тым көп. Сен тым үлкенсін. Симайсын.) 

Аю есікті қағып тұра береді. Үйшіктің сыртына хабарландыру ілінеді: «Sorry. All places are taken.» (Кешіріңіздер, орын жоқ)

Жүргізуші: Есіктін сыртына жауап ілінді:
«Кешіріңіз, орын жоқ » – деді.
Байқамады маймағым.
Аяғын тықты ол үйшікке,

Тырмысып бақты тағыда.

Әрен кірді ол үйшікке.

Аю үйшікке әрен кіреді. Үй перілері аюдын итергеніне шыдамай құлап қалады, сүйтіп үйшік қирайды..

Жүргізуші: Сәулетті үйшік қирады.Развалился теремок.
Сытылып шықты аңдарда:
Тышқан, артынан бақада.
Әтеш, Түлкі, қоянда.
Не істедің маймақ аюым!
Сұр қасқырда ытқып шықты үйшіктен.
Аю (ұялып): не істедім мен достарым?
Сәулетті үйшік қирады.

Жүргізуші: Ақымақ, маймақ аюым,
Жылама сен томпағым,

Жаңа үйшік соғармыз,

Тату – тәтті тұрармыз.

Үй перілерімен, аңдар үйшікті қайта соғады. «Building blocks» әнің айтады. Иіледі.

«Ертегілерді сахналау арқылы балалалдың шығармашылық қабілетін дамыту» атты еңбегіне

ПІКІР

Аталған еңбектер мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегілердің түрлері ұсынылып оны сабақта және бос уақыттарында пайдалану әдістері қамтылған. Көркемәдебиет сабақтарында ертегілерді сахналауға және ертегіні рөлдерге бөліп ойлау арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру міндеттері нақты көрсетілген. Балабақшада даярлық тобында сахналық қойылымдардың тиімді жолдарын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударған. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан –жақты ашады, іс –әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Материалдың мазмұнында әдіс –тәсілдері түрлі -түсті суреттермен және балалардың іс -әрекет барысындағы фото суреттерінің берілуді еңбектің құндылығын қуаттай түседі. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаудың маңыздылығы тәжірибелік сабақтардың жан –жақты талданып ұсынылуында. Ең бастысы ертегіні сахналау -балалардың кейіптендіру дағдыларын қалыптастыруға, танымдық белсенділігі мен іс –әрекетке қызығушылғын арттыруға ықпал ететіндігімен маңызды.

Аталған еңбекті балабақша тәжірибесінде тәрбиешілер пайдалану үшін басылымнан жариялауға ұсынуға болады.

МАЗМҰНЫ:

  1. Кіріспе:…………………………………………………………………………………….5

1.1 Қазақ ертегілерінің қалыптасу тарихы………………………………..8

    1. Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы…………………………………………………………………………..12

    2. Қазақ халық ертегілері арқылы мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары……………….19

2. Қорытынды…………………………………………………………………………………..24

3. Қолданылған әдебиеттер ………………………………………………………………25

Кіріспе. Көкейтестілігі: Қазіргі ғаламтану заманында еліміздің әлеуметтік –экологиялық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі ,әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруды кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойыне сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»- деп атап көрсеткен. Қазақстан халқының іргері дамуын қамтамасыз ететін –білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртура ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл,әрине, балалардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы балалардың шығармашылық әрекеті ғылыми –педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Балалар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары –ақ И.Я. Лернер жазған болатын.

Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог –ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р. Рахымбаев, С. Қ. Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.

«Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын ,әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді.» Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс –әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз.

Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, бала шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар » үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады:

-біріншіден, бала дербес ,өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады;

-екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.

Баланың шығармашылығын дамытуда педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты. Шығармашылықты қалыптастыру жолдарын зерттеу тапсырмаларды күрделендірудің үш кезеңін аңықтауға мүмкіндік туғызады.

Ә. Әмірова, Г. Метербаева, А. Меңжанова, Ғ. Таубаева және басқа ғылымдар өз еңбектерінде халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін қарастырып, көркем бейнені қабылдау проблемасына немесе этикалық түсініктер мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың әдістерін анықтау жағына көңіл бөлген. Аталған мәселелерді қарастыруда бірталай қарама – қайшылықтар туындады.

— балалардың ойлау қабілетінің қазақша қалыптаспағандығына сәйкес сөйлеу дағдылары дан жеткіліксіз деңгейде ;

— ертегілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеліп жинақталмағаны ;

— ауыз әдебиеті үлгілерін балаға жеткізуге арналған аудиовизуальді құралдардың тапшылығы;

— оқу –әдістемелік көмекші құралдармен қамтамасыз ету мәселесінің нақты шешілмей келе жатқандығы анықталып, осы олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында біз іс –тәжірибеміздің тақырыбын төмендегідей деп таңдап алуға негіз болады.

Іс –тәжірибенің тақырыбы: «Ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ».

Іс – тәжірибенің мақсаты: ертегілерді сахыналау арқылы балалардың сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін дамыту;

Іс –тәжірибенің міндеті :

— іс –тәжірибені педагогикалық –әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасау;

— ертегілерді жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеу;

— ертегілерді сахыналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;

— балабақшада ертегілерді сабақта және бос уақыттарында пайдалануға арналған көмекші құрал дайындау;

Іс –тәжірибенің болжамы: Егер : іс –тәжірибені педагогикалық –әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалса, ертегілер бағдарлама мазмұнына сәйкес жас ерекшеліктеріне қарай арнайы іріктелсе, ертегілерді көркем әдебиет сабақтарында пайдаланудың әдіс –тәсіллері нақтыланса, балабақшада ертегілерді пайдалануға арналған көмекші құрал дайындалса онда біздің жүргізген іс –тәжірибеміз оң нәтиже береді.

Күтілетін нәтиже:

— ертегілерді сахналау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптасады, шығармашылық қабілеттері артады;

— сахналау арқылы таңғажайып ертегі, кейіпкер әрекетінің сиқырлығын түсінеді;

— ертегіні сахналай отырып, балалардың шығармашылық тебіренісі, рөлдерді орындау шеберлігі арта түседі және тәрбиешілерге арналған әдістемелік көмекші құрал дайындалады.

Іс –тәжірибенің жаңалығы:

— іс -тәжірибені педагогикалық- әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған еңбектерге талдау жасалды;

— ертегілер балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеледі;

— ертегілерді сахналау барысында балалардың ертегіні айтуға, тыңдауға қызығушылығы оянды;

— тәрбиешілердің білім беру үдерісінде бағдарламаның мазмұнына сәйкес балаларға арналған ертегілер жинақталып, әдістемелік көмекші құрал дайындалды;

Қазақ ертегілерінің қалыптасу тарихы

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Қазқ ертегілерінің қалыптасуы мақсаты. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Құрылымы Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалған, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Түрлері Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: 1) жануарлар туралы ертегілер; 2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады. Қалыптасу тарихы Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады. Қазaқ ертегілерінің қалыптасуы Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғыл.- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «[[Дала уәлаятының газеті]]нде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев,Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – Әуезов). Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–1973 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды. 

Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастыруындағы маңызы

Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі — ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік — жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебеттерде жатыр.
Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады.
Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру. 2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.
З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер — ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Бастауыш мектеп жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.
1) Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда,олардың ойлау түсіну қаблеттін суреттеліп,отырған оқиғанның керкем обрыздың нақтылығын дәлдігін өз өмірінің аймаласынан алуды қажет етеді.
2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында мерзімі болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алу керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып отыру қажет.
3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу,әдістерінің динамикасы ерекше болады.
4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады,оған сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.
5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды

Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: «Ертегі деп бояғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық,мерген,мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі.Өйткені, оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор — айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертек 
Ертегі — ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. «Ұшқыр кілем»,»Адам жеңбек Айыртас батыр»т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі — хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ. 
Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс — тіршіліктері суреттеледі.
Еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр Торғай»,»Кім күшті?», «Қуыршақ»

сияқты балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық тартымды. «Кім кім күшті?»ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөпдоқты, қасқыр, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пітесін жеп қоятын тышқақ тышқанның ін қазып,алты баптан ауыруды сүйреген құмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол еңбек сүйгіш «ұйымшыл».
Ал «Мақта қыз бен мысық» және «Қотыр торғай» оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты. Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -«Орманға қар не үшін керек» деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап»алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға;оны аялап қорғауға үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі — шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес.күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы; «Аяз би», «Тазша бала», «Ұр тоқпақ»,»Атамтай Жомарт»т.б ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып,оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.
Батырлар жыры — ел — жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Бұл, әсіресе ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған. Олардың батырлық қаһармандық істерін мадақтап жырға қосқан. Алғашқыда батырлардың бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа да жорықтар жалғасып, оқиға тізбегі өрбітілген. Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді де көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды айтушы, таратушы адамды жыршы деп атады. Балаларға ертегілердің түрлері көп. Батырлық — эпостық, хайуанаттар жайында, тазша бала, өтірік өлең. Ал батырлық ертегілер арнайы жанрда қарастырылып жүр. Міне, сол дәстүр негізінде қазақ фольклористері соңғы жылдары батырлық ертзп жанрын бөліп алып, оны қиял-ғажайып ертегімен новеллалық ертегінің сондай-ақ қиял-ғажайып ертегімен қаһармандық эпостың аралығындағы жанр деген пікірге келді.
Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта болады. Бірі — көне заманда туған миф пен хикаялар, нанымдар мен ғажаиып ертегілер негізінде пайда болып дамыған көркем ертегілер.
Мысалы, «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай » сияқты классикалық фольклор үлгілері. Бұл қиял — ғажаиып ертегілерінен кейінгі жанырдың үлгілері. Сол себепті мұндаи архаикалық элементтер көп. Екінші — қаһармандық эпостық ертеп түріне айналған нұсқалары. Олардың ішінен бір жағынан көне түрлері яғни жырға жақындай, бірақ толық ертепге аиналып үлгірмеген шығармалар бар. Ал екінші жағынан классикалық батырлар жырының қара сөзге ауысқан үлгілері кездеседі. Мысалы; «Қабанбай батыр», «Алпамыс алып»,» ЕрТарғын шығармаларын атауға болады. Көптеген ертегілер мынадан деп басталады;
Ерте,ерте,ертеде ешкі жүні бөртеде.
Қырғауыл жүзі қызылда, 
Балақ жүні ұзында 
Атақты бір бай бопты
Төрт түлігі сай болыпты
Деп басталатын ертегілердің құлақ күйінде барлық байлық дүн дүниесі сайлық алдамшы көңіл жайлық түптің — түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендіпн бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей. Бабалар дәстүрін тәуелсіздік алған алғашқы күннен бағдарлы басшылықа алынган іргелі егемен еліміз, мұрагерлер мүдесін үнемі назарда ұстаумен келеді.Әлем балалар әдебетінің 50 томдық асыл қазынасынан қазақ тілінде басып шығаруды жедел қолға алуда соның бір айқын айғағы шытырманы көп мына заманда адалдық, мейрімділік, іскерлікке, отан сүйгіштік, бауырмалдыққа баулитын ертегілер.
Халық ертегілері — халық өмірін бейнелейтін фонтастикалық негізге құралған оқиғалы көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжрибесі, оның мәденетімен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібімен түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қызметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық қастандық әрекеттері халық ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына ақыл -парасаты баяндайды. Адам арманның жарқын болашағына қол сілтейді. Өмір күресіне бастайды. Ол сондықтан «халық жанның айнасы» — деп атаған. Халық ертегісінің ішінде балалардың сүйіп оқитын олардың жас еркшеліктеріне тән мұралар өте көп, халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер беріп көңілін шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Халық ертегілерінің бай фонтастикалық балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қияпатын танытады, сана — сезім, ақыл — ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.
Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитын барлық ықыласынасы сүйсіне тыңдайтын, оның ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа айтылып, әбден текшелеп халықтың тапқыр ой -пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады. Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері, типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебетінде жасалған. Көптеген халықтардың ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен; «Тоғыз құйрықты ақ түлкі» Қытай халық ертегісі, «Тылсым Тауыс» Үнді ертегісі,»Ата мұра» Парсы ертегісі. Міне, бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз тұрмыс-тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз, әңгімелер пайда болады.
Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтын хайуанаттар жайындағы ертегілер. Табиғат жайында ең бай матералдар, кең түсініктер балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы берілеген «Бармақтай бала»,»Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық». Хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер кейіпкерінің өзі қызық. Сол күлкілі, қызық кейіпкерлердің өмір сүру өмірге икемді болуы жолындағы қақтығыстармен қарым -қатнастар олардың айла — тәсілдері жас өспірімдерге өмір жолын танытады. Кішкентай, болымсыз тіршілік иөлерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін көрсету тақырыбы балаларға арналған қазақ ертегілерінің барлығына да ортақ. Бұл ертегілер балалардың ой — санасын оятып, олардың өздерінің күш -жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат жұртына жетуге үйретеді. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуі жеңілде, күлкілі қызық болып айтылады. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар, бірінші олардың мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екінші, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып, адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Үстем тап өкілдерінің қарапайым момын елді қалай алдайтынын, арбайтынын, күш көрсетіп қанайтынын неше алуан зұлымдық әрекеттері жасайтынын біледі. Сондықтан халықтың шығармалары ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер түгел дерлік балалар фолькулорының мұрасы деп қараймыз. Бұған «түлкі мен тауық» деген ертегіні мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып, тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында отырған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап, қақпаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі:
-Тауығым, биікте неге отырсың? Тілімді алсаң, жерге түс, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап — күлейік -дейді. Тауық:
— Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой –дейді. Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса,бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнелді. Тауық оны намазға шақырады «Байтал түгіл бас қайғы», тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. «Біреуге ор қазба, өз басыңа келер» деген апырмай, тауық қандай түлкі қандай түлкіні тауық па еді алдағандай. Осының өзі балаларға үлгі өнеге боларлық терең ойлар айтылған.

Қазақ халық ертегілері арқылы мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары 
         Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі — өнегесінен нәр алары анық.

Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды. Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып  табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Табиғат аясында мұғалімнің ойынан туып, аузымен айтылған ертегі балалар үшін жарық сәуле, ол сәуле олардың ми қуысының барлық құпия түкпірлерін шарлайтын жарық сәуле. Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға түсініксіз. Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес.

Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.

Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауғаөз қабілетін  орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:

1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор

кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. Бұрынғылардың сана – саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе”- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері

мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен,

зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты жетілдіре тәрбиелеудеауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.

Адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді

Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер ,әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек. Жүсіп Баласағұнидің “ Құтты біліктің”әр сөзі, әр тарау тынысы – адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады.

Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөнді – жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында  кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», “Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз”, “Құдай деген құр  қалмайды” деген қағидаларды үнемі уағыздаған, Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген. Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу – жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы —  оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Балалардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі.  Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.

Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады. К.Д. Ушинский: “… шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма” деп жазған.Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, “Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Қазақ ертегілерін академик М. Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде  табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген. Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады.  Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді. Кедей, жесір кемпірдің баласы немесе әке-шешесі жоқ, өмірі кедейліктен көз ашпаған тазша өзінің ақыл-айласы, тапқырлығымен ханды, оның уәзірлерін жеңіп, ақыр аяғында хандықты не уәзірлікті өз қолына алады. Ертегінің аяғы жақсылықпен аяқталады. Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. “Түлкі мен ешкі” ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі “ешкі мүйізіне шығып ” зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: “Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар”,- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.

Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі – шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті  өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы  адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын

Адамгершілік тәрбиесі түсінігі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.

Қортынды

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде  қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Сынып оқушыларын ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді  қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады.

Қазақ ертегілерін  ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады. Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік  жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді. Ертегіде өмір мұратына жету үшін ең керек нәрсе адам үшін ақылдылық екені айтылса да, сол ақылдылыққа жетудің жолы еңбек деген  түсінікті  аз сөзбен ғана беріп отырады.Сонда ертегінің жасаушының басты мақсаты — өмір мұратына жеткізетін ақылдылықты толық дәлелді  көрсете білу ме, әлде өмірдің мәні сайып келгенде, еңбекпен ғана байланысты екенін ұғындыру ма, деген сұрақ туындайды.

Ертегі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады.

Пайдаланылған әдебиеттер 

Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. Алматы, 
«Жазушы» 1975ж. 135-1846. 
Айдашаев А. «Қазақ халық әдебиеті» Ертегілер.
«Жазушы» 1979ж. 112-1466. 
Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті» Алматы «Ғылым» 1974ж, 
221-2276. 
Бердібаев Р. «Сарқылмас қазына» Алматы «Мектеп» 1983ж. 
145-2016. 
Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп. 
1991ж. 3-376. 
Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы 
«Мектеп» 1969ж. 77-796. 
Кенжебаев Б. «Әдебиет белестері» Алматы «Мектеп». 1986ж. 
143-2016. 
«Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның
әдебиеті 2003ж. 34-536. 
9. Қазақ әдебиетінің тарихы Т.1, 2-ші кітап
10. Қазақ халық 
11. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымең даму жолдары»
12. Қазақ ертегілері: Аңыз, 
13. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие
15. Қирабаев С. «Мектеп және қазақ әдебиеті» Алматы
16. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы «Мектеп»
17. П.Мұқанов С. «Халық мұрасы» Алматы «Мектеп» 1980ж.
18. Сүйіншәлиев X. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу
19. Тойшыбаев С, Дайрабаев Ғ. және Қожакеев Т.
20. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.
22. Бастауыш мектеп // О. Бартаева «Бастауыш сыныпта
23. ¥лағат // Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің
24. Ұлт тағылымы 2004//Р. Ерденова «Патриоттық тәрбие берудегі

Павлодар қаласы әкімдігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының № 28сәбилер бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

«Қызыл телпек» ертегісі.

Тәрбиеші:Кунанбаева.Р.М

Жүргізуші:Ертеде кішкентай сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйкімді немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телтек сыйлапты.Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.

Содан бері көршілері қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті.Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына.

Анасы: -Қызым, мына бәліштерді әжеңе апарып, қал жағдайын сұрап кел

Қызыл телпек: Жарайды апарып берейін.

Жүргізуші: Анасының сөзін екі етпей Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі туратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек.Қызыл телпек орманда жалғыз жүру қаншалықты қауіпті екенін білмейді.Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп асықпай жүреді.Бір кезде қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Қызыл телпек сен қайда барасын?

Қызыл телпек: -Мен әжемнің үйіне барамын.Әжеме бәліш апара жатырмын.

Қасқыр:-Әжең қайда тұрады?

Қызыл телпек: -Ол орманның жанындағы ауылдағы бірінші үйде тұрады.

Қасқыр:-Жарайды кел екеуміз жарысайық.Кім бірінші әжеңе барады екен.

Сен ана жолмен, ал мен мына жолмен барайын.

Жүргізуші: -деп қасқыр қызыл телпекке ұзақ жолды ұсынып, өзі ауылға баратын қысқа жолды таңдап алады.Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен қасқыр есікті қағады.

-Тоқ-тоқ-тоқ

Әжесі:-Бұл кім?

Қасқыр:-Әже бұл мен ғой немере қызың Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім.

Жүргізуші:Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжесі шынымен немересі келген екен деп ойлап:

Әжесі:-Тұтқаның жаныңдағы жіпті тартсаң, есік ашылады.

Жүргізуші: Аш қасқыр үйге кіріп әжені бас салады да, бүтіндей жұтып қояды. Содан соң есікті жауып, басына әжейдің орамалын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады.

-Тоқ-тоқ-тоқ!

Нұрәлі (қасқыр):-Бұл кім? (деп дауысын жіңішкелеп сөйлейді)

Полина (қызыл телпек): -Бұл мен Қызыл телпекпін. Мен сізге қонаққа келдім.

Қасқыр:-Тұтқаның жаныңдағы жіпті тартсаң, есік ашылады.

Жүргізуші: Қызыл телпек үйге кіріп, бәліштер салынған себетті үстел үстіне қойады да ,әжесінің қасына жақындап келіп:

Қызыл телпек: -Әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?

Қасқыр:-Сені қатты құшақтау үшін.

Қызыл телпек: -Әже, құлағын неге сондай үлкен?

Қасқыр:-Сені жақсы есту үшін.

Қызыл телпек: -Әже, көзің неге үлкен?

Қасқыр:-Сені жақсы көру үшін.

Қызыл телпек: -Тісің неге үлкен?

Қасқыр:-Сені тезірек жеп қою үшін.

Жүргізуші: —деп Қызыл телпекті бас салып, жұтып қоюды. Байғұс қыз айғайлап та үлгермеді, бірақ, бақытына қарай үйдің қасынан отыншылар өтіп бара жатқан еді. Отыншылар қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде төсекте қозғала алмай жатқын қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап не болғаның бірден түсініп қояды. Отыншылар қасқырды ұстап алып, қарның жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншылар қасқырдың ішін қайта тігіп қоя береді. Қызыл телпек пен әжесі отыншыларға алғысын білдіреді.

Әжесі:-Сендерге көп рахмет.

Жүргізуші: -деп, ризашылықтарын айтып, отыншыларға бәліштермен шәй береді.

                Өзінің көрерменімен  әрбір жаңа жүздесуінде сахналық өнер қайта жаңарғандай болады және ешнәрсемен теңдесі жоқ бірге күйзелу сезімін сыйлайды. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна (театр) ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар, ойын – қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен – дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.      Бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен кішігірім әндерді, тақпақтарды, жұбату өлеңдерін, кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан да әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекеті өз бетінше жүргізіледі.     Балалар беске қараған жасында, театр іс-әрекеті үрдісінде, рөлдерді орындау барысында өзіндік жеке ерекшеліктерді енгізуге белсенді ұмтылады. Мектепке дейінгі ересектер жасында балаларды көркемдік – бейнелік айшықтықтың амалдарына арнайы үйрету мүмкіндігі туады. Қарапайым шығармалардан кереметтей сахналық көрініс жасауға болады. Сахналық жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді. Рөлді ойнау арқылы бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге үйренеді, өзі жаман қасиеттерді қайталамауға тырысады.     Балалардың көрген театрдың өзінен, сондай – ақ өздері қойған сахналық қойылымдар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, көрініс туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Осының барлығы баланың сөйлеу қабілетінің дамуына, анық сөйлеуіне, өзі алған әсерін монолог түрінде жеткізуге себебін тигізеді.     Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнап, кейіпкерлердің сөздерін, диалогтарын жаттап алу арқылы балалардың тілдері дамып, сөз байлықтары молайып отырады. Ал қуыршақ театрында кейіпкерлердің рөлдерін қуыршақтар ойнайды.       Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту  неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.Тіпті сәбилер тобынан бастап – ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілуі үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналық қойылымдарды қолдана берген жөн.       Балалар ой-өрісінің кеңеюіне байланысты сахналық ойындар күрделене түсуі тиіс. —         Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады. —         Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлерінің сөздері балаларға ұсынылады. —         Үшінші кезеңде балалар бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. —         Төртінші кезеңде рөлдерге бөліп, ертегіні ертеңгіліктерде, театрлық ойындар іс — әрекетінде ойнап көрсетеді. Соның айғағы ретінде біздің балабақшадағы қолданылған сахналық қойылымдардан, ертегіні сахналаудан үзінді ұсынамын. Сондай – ақ, ғалымдар сахна іс – әрекетінің тиімділігі көбінесе балалардың бейнелеу шығармашылығы оқу іс – әрекетінің  кешенді болуына байланысты екендігін айқындайды. Сәндік безендіру шығармашылығы үрдісінде балалар ойлану, ойын дамыту және қиялдау мүмкіндігіне ие болады, мұның барлығы орындалатын бейнелердің мәнді болуына қолайлы әсер етеді.                                

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Айгөлек»

Әулиекөл балабақшасы» МКҚК

Ертегіні сахналау

Дайындаған: Жұмабаева Г.К.

Әулиекөл -2014жыл

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………3

2- 3 жас балаларына арналған ертегілердің перспективті жоспары

мен технологиялық картасы…………………………………………………………………..5

3- 4 жас балаларына арналған ертегілердің перспективті жоспары

мен технологиялық картасы…………………………………………………………………..31

4- 5 жас балаларына арналған ертегілердің перспективті жоспары

мен технологиялық картасы………………………………………………………………….82

5- 6 жас балаларына арналған ертегілердің перспективті жоспары

мен технологиялық картасы…………………………………………………………………132

Пайданылған әдебиеттер………………………………………………………………………182

Ертегілерді сахыналау арқылы балалардың

шығармашылық қабілетін дамыту.

Ертегіні сахналау арқылы бүлдіршіннің шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеменің ең басты міндеттерінің бірі болып саналады.  Сахна әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Кезінде орыстың ұлы ақыны сахнаны «Сиқырлы өлке!» деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Шәкен Айманов «Сахна – адамдарды туыстандыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері – тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған. Өнердің осы бір ғажайып түрімен жүздескен үлкендер де, балалар да ұлы ақынның, теңдесі жоқ режиссердің айтқан осы дана сөздерінің мағынасы мен мәнін өз сезімдерімен теңдей бөліседі.

     Өзінің көрерменімен  әрбір жаңа жүздесуінде сахналық өнер қайта жаңарғандай болады және ешнәрсемен теңдесі жоқ бірге күйзелу сезімін сыйлайды. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна (театр) ерекше рөл атқарады.

Сахналандырылған ойындар, ойын – қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен – дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.

     Бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен кішігірім әндерді, тақпақтарды, жұбату өлеңдерін, кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан да әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекеті өз бетінше жүргізіледі.

    Балалар беске қараған жасында, театр іс-әрекеті үрдісінде, рөлдерді орындау барысында өзіндік жеке ерекшеліктерді енгізуге белсенді ұмтылады. Мектепке дейінгі ересектер жасында балаларды көркемдік – бейнелік айшықтықтың амалдарына арнайы үйрету мүмкіндігі туады. Қарапайым шығармалардан кереметтей сахналық көрініс жасауға болады. Сахналық жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді. Рөлді ойнау арқылы бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге үйренеді, өзі жаман қасиеттерді қайталамауға тырысады.

    Балалардың көрген театрдың өзінен, сондай – ақ өздері қойған сахналық қойылымдар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, көрініс туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Осының барлығы баланың сөйлеу қабілетінің дамуына, анық сөйлеуіне, өзі алған әсерін монолог түрінде жеткізуге себебін тигізеді.

    Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнап, кейіпкерлердің сөздерін, диалогтарын жаттап алу арқылы балалардың тілдері дамып, сөз байлықтары молайып отырады. Ал қуыршақ театрында кейіпкерлердің рөлдерін қуыршақтар ойнайды. 

     Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту  неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.Тіпті сәбилер тобынан бастап – ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілуі үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналық қойылымдарды қолдана берген жөн.

      Балалар ой-өрісінің кеңеюіне байланысты сахналық ойындар күрделене түсуі тиіс.

—         Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.

—         Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлерінің сөздері балаларға ұсынылады.

—         Үшінші кезеңде балалар бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

—         Төртінші кезеңде рөлдерге бөліп, ертегіні ертеңгіліктерде, театрлық ойындар іс — әрекетінде ойнап көрсетеді. Соның айғағы ретінде біздің балабақшадағы қолданылған сахналық қойылымдардан, ертегіні сахналаудан үзінді ұсынамын.

Сондай – ақ, ғалымдар сахна іс – әрекетінің тиімділігі көбінесе балалардың бейнелеу шығармашылығы оқу іс – әрекетінің  кешенді болуына байланысты екендігін айқындайды. Сәндік безендіру шығармашылығы үрдісінде балалар ойлану, ойын дамыту және қиялдау мүмкіндігіне ие болады, мұның барлығы орындалатын бейнелердің мәнді болуына қолайлы әсер етеді.

2- 3 жас балаларына арналған ертегілердің перспективті

жоспары мен технологиялық картасы

(1-ші кіші тобы)

Тақырыбы

Мақсаты

Сағатсаны

1

Шалқан.

(орыс халық

ертегісі)

Ертегіні айтып, көрсете білуін, қарапайым қарым- қатынасын , бағалай білуге үйретіп, түсіндіру. Мүсіндердің қарапайым әдіс- тәсілдермен таныстыру. Балалардың еңбекке деген қызығушылығын ояту.

1

2

«Бауырсақ» (орыс халық ертегісі)

Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту. Алақан арасына салып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

1

3

«Мысық,әтеш және түлкі» ертегі

Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ой-белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстетикалық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.

1

4

«Торғай мен тышқан » ертегі.

Балаларға «Торғай мен тышқан» ертегісін айтып беру, рөлдерге бөліп ойнатып, тілдерін дамыту. Еңбекке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу

1

5

«Қияр мен қырыкқабат». Неміс ертегісі (Байғазы 25 бет)

«Бақшада» тақырыбы бойынша әңгімелесу. Көкеністердің аттарын ажыратып, сол арқылы сөздік қорын байыту. Көкеністердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы білімдерін жетілдіру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

1

6

«Құлын, қозы, лақ»

Балаларды үй жануарларымен, оларды бір-бірімен ажыратып, төлдерін атай білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін арттыру және тіл байлықтарын жетілдіру.

1

7

«Шұбар тауық»

Балаларға ертегі мазмұнын таныстыру арқылы, түсіне білу қабілеттерін жетілдіру. Тілдік қорларын, сөйлеу дағдыларын дамыту, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

1

8

«Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады». (қазақ ертегісі).

Үй жануарларымен таныстыру,олардың

пайдасын білу.Балалардың мысық жөнінде

түсі түсініктерін кеңейту, оның тіршілігімен

таныстыру.

1

9

«Үш аю» (орыс халық ертегісі)

Балаларды ертегі тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін бағалауға, ертегінің мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым қатынастарын бағалауға тәрбиелеу. Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау қабілетін дамыту.

1

Барлығы:

9

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы №1

1-ші кіші топ

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным» Бөлімдері : Көркем әдебиет, мүсіндеу, сенсорика (біріктірілген сабақ) Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі . Мақсаты: Ертегіні айтып, көрсете білуін, қарапайым қарым- қатынасын , бағалай білуге үйретіп, түсіндіру. Мүсіндердің қарапайым әдіс- тәсілдермен таныстыру.Балалардың еңбекке деген қызығушылығын ояту. Көрнекі құралдар: Ермексаз , сулы шүберектер, пышақ, тақтайша, тірек сызбалар, маскалар. Әдіс-тәсілдер: Ойын, сөздік жұмыс, жұмыс істеулерін айтып көрсету,сұрақ –жауап.

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті.

Ынтыландыру- оятушы кезең

Тосын сый:

Балалар жартылай шеңбер жасап, амандасайық бір бірімізбен

-Балалар мына суретке қараңдаршы, не бейнелеген?

-Сәлеметсіздерме!

-Көктем -Балалар суретке қарап көкөніс пен жемістерін атайды.

Ұйымдастырушы -ізденуші кезең

-Ал ендеше,балалар бір ойын ойнайық -Мен осы балабақшаға кележатқан кезде көкөністермен жемістерді шашып алдым. -Сендер маған көмектесесіңдер ме? -Осы шашылған көкөністер мен жемістерді екі бөлек себетке теріп салу керек.-Жарайсыңдар балалар. -Балалар, қарандаршы, менің қолымда қандай жеміс? -Балалар алманың дәмі қандай? -Пияздың дәмі қандай екен? -Балалар мен бір көкөністі қолымда тығып ұстап тұрмын,

-иә

-көкөністер пен жемістерді теріп екі себетке салып қойды

-Алма

-Тәтті

-Ащы

-Оның түсі қандай? -Оның пішіні қандай екен? -Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табу керексіңдер. Жұмбақ:

Еті семіз, жұғы жоқ, Терісі қалың, жүні жоқ. -Дұрыс « Шалқан » ертегісін естеріңе түсіріңдерші, оған қандай кейіпкерлер қатысты? -Жер ырыстың кіндігі – демекші. Шал нені егеді? -Дұрыс, шалқан егеді. -Кәнекей, бұл ертегіні көрсетіп берейікші, кім шал болады? Бір күні шал бақшада шалқан тұқымын жерге егеді, ол өсіп, өніп үлкен болады. Шал тартып-тартып тарта алмайды. Шал кемпірін шақырады , тартып-тартып тарта алмайды. Кемпір немере қызын шақырады, тартып- тартып тарта алмайды. Немере қыз бала күшігін шақырады, тартып -тартып тарта алмайды. Күшік мысықты шақырады, тартып- тартып тарта алмайды….

Тақырыбы: Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай. 
(халық ертегісін сахналау)
Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, мағынасын айтып түсіндіру; ертегінің тіл ерекшелігін, көркем сөздерін түсіндіру, ойлау әрекетін дамыту; ертегінің басты кейіпкерлерінің мінез-құлқына баға бере отырып, өз ойларын жеткізе білуге үйрету, балаларды адамгершілікке, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ертегіні рөлге бөліп сахналауға үйрету.

  • Балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем.

  • Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылды
Күннің көзі көрінді
Көктем деген немене?
Көктем деген көп жаңбыр
Әнге салып әуеде
Қарлығаш ол тұрған бір
Көктем деген — ашылған
Бұлақтардың көзі ғой
Ақ тұманның басында
Жаңа туған қозы ғой

  • Дұрыс

  • Көктем туралы кім тақпақ біледі?

  • Көктем ерекшеліктері

  • Көктем мезгілінде қандай керемет мерекелерді білесіздер?

  • Наурыз, аналар мерекесі, мамыр айында жеңіс күні

  • Жеңіс күнін балалар біздер өткенде атап өттік

  • Дұрыс айтасындар балалар

  • Ал енді балалар біз қандай ертегілерді білеміз

  • Сендерге балалар ертегілер ұнай ма?

  • Ондай болса, мен сендерге Алдар көсенің басынан кешкен бір оқиға туралы қызықты бір ертегісін әңгімелеп берейін

  • Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай

Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Көңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса , дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе, оның жауабы:

  • Шық , әй! – екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық-Әйін» естімеген жан болмайды екен.

Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен.
Алдар қу! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ ел-елге жайылды. Ел аузындағы мәтелге айналады.
Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас, — дейді жұрт. Осы сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да есітеді.

  • Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем Алдар атым құрысын, — деп, Алдар аттанады. Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді. Күн-түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ең далада жалғыз үй қонған Шығайбайдын үйіне келеді.

«Не істеп отыр екен бұл қу» деп , атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Сығаласа: Шығайбай қазы тіліп отыр екен. Бәйбіше нан илеп отыр екен. Тоқалы бас үйтіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.
«Осыдан таппасам Алдар атым құрсын», — деп жылмаң етіп; — Кеш жарық! – деп кіріп барады.
Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш …» дегенді айтып болғанша қолдарындағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұр-шықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады. Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.
«Әй әбден-ақ әккістеніп алған екенсіндер, мызғымас қу екенсіңдер», — дейді Алдар ішінен. Амандаскансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып төр алдына отырып алады.
«Әй көсе екенсің, жұртты құртқан қу ма екенсің! Жүрісің жылмаң екен. Жырынды болған сұм ба екенсің! Қу болсаң да, сұм болсаң да менен дәм тата алмассың», — дейді бай ішінен.

  • Қайдан жүрген сұмсың? Қайда барасың? Не естіген-білгенің бар? – дейді бай Алдарға. Алдар көтеріле түсіп, күлімдеп, желдірте жөнеледі.

  • Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып үлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астындағы қазыдай.

Артық-кем қып асырмай,
Шын айтқанда жасырмай:
Таспен ұрдым жіберіп,
Күң астындағы басындай.
Былыш етті иленіп,
Бәйбіше астындағы нанындай.
Өтірік болса сақал жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай.

Осыны айтқаннан кейін бай:

  • Шоқ түссін тіліне! – деп, астындағы қазысын лақтырып тастайды.

  • Тілін кесілсін! – деп, бәйбіше астындағы нанын лақтырады.

  • Жағын қарыссын! – деп, тоқал басты лақтарады.

  • Ішің толсын, — деп қызы тырнаны лақтырады.

  • Қазыңды аса бер бәйбіше, — дейді бай: «амал қайсы» деген пішінмен.

Бәйбіше қазанға ас саладыда,

  • Піс қазаным бес ай – десе.

  • Отырайын он ай! – дейді Алдар , етігін шешіп тастайды да.

  • Кер тағының терісін келер жылы киермін, — деп төрге орнығып отырады.

Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады. «Мынау кәпір қашан жатады» деп, үн жоқ қасарып бай да отырады. Ақырында ұйқыдан шаршап шыдай алмай:

  • Әй кемпір төсек сал, — дейді. Бәйбішесі төсек салады. Үй іші ұйықтаған кезде Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды.

Бір уақытта бай тұрып бәйбішесін оятады:

  • Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау иті – деп сыбыр етеді.

Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп.

  • Жат жігітім, жат! Сазайың осы! – деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қыйдалайды, бұлай қыйдалайды, болмайды.

  • Етін не болып кеткен. Өңкей шандыр! – деп, қатынына ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды.

Ақыры Алдардан келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады.

  • Ертегіні мәнерлеп, мазмұнын балаларға түсінікті етіп оқып беру, мазмұнын айту.

  • Шықбермес Шығайбай қандай адам еді?

  • Оның үйіне қонаққа кім келеді?

  • Шығайбай сараң.

  • Сараң – деген сөзді қалай түсінесіздер?

  • Алдар көсе қандай кісі?

  • Алдар көсе қулығымен, айласымен адамдарға жақсылық жасап, көмектесіп отырған.

  • Мақал : берместің асы піспес, қазаны оттан түспес.

  • Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Қолды бірге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Бір, екі, үш!
Орнымызды табайық.

  • Енді балалар ертегіні рөлге бөліп, мына отырған қонақтарға сахналап ертегіні көрсетіп беріңдерші.

  • Шығайбайды Алдар көсе қалай алдаған екен?

  • Сахналау

  • Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

  • Шығайбай қандай адам?

  • Ертегіде тағы қандай кейіпкерлер бар?

  • Нанды кім илеп отырды?

  • Қойдың басын кім ұстап отырды?

  • Шығайбай не тіліп отырды?

  • Тырнаны кім тіліп отырды?

  • Балалар жарайсыңдар?

  • Балалардың жауаптарына мақтау айту, баға беру.

Қорытындылау.

  1. Кейіпкерлерді атау.

  2. Қай кейіпкер жағымды, қайсы жағымсыз кейіпкерлер?

  3. Кеңпейілге Байланысты тақпақ.

Кеңпейілдік жарасады адамға
Жақсылықтың нышаны ғой қашанда
Бір- біріңе көмек беріп сыйласаң
Жоғарыда болар сенің сыбағаң.

13 бөбекжай-бақшасы

«Піс қазаным бес-ай» ертегісін әңгімелеп, сахналау.
Ересек «Гүлім» тобы

Өткізген: Успанова А.О.
Бурбаева А.Н.

Қостанай 2016 жыл

«Ертегілер елінде»

«Шалқан» ертегісін сахналау.

Мақсаты:

Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту.

Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін толтыру.

Көрнекіліктер:

«Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті құралдар.

Ертегінің барысы:

Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.

Есік қағылады:

Тәрбиеші:

Балалар, қанекей кім есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті ашып.

Тәрбиеші есік ашады:

Тәрбиеші:

Балалар, бізге жыл басы қоян қонаққа келіп тұр.Қанекей бәріміз қоянмен амандасайық.

Қоянның сөзі:

Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бүгін сендерге әдейі орманнан «ертегілер еліне» қонаққа келіп тұрмын. «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп сауысқаннан естіп, арнайы келдім.

Тәрбиеші:

Қоян, сіз дәл уақытында келдіңіз, олай болса балалармен қосылып, ертегіні тамашалауға шақырамыз, балалардың арасынан орны алып, орналаса қойыңыз.

Әуенмен шалқан ертегісі басталады.

Тәрбиеші:

Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.

Ата:

Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.

Тәрбиеші:

Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.

Ата:

Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.

— Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!

Кемпір:

Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!

Тәрбиеші:

Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.

Кемпір:

Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз:

Жарайды апа сізге көмектесемін.

Тәрбиеші:

Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.

Қыз:

Итім, итім көмекке келші.

Ит:

Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін

Тәрбиеші:

Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.

Енді ит көмекке мысықты шақырады.

Ит:

Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық:

Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.

Тәрбиеші:

Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.

Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Мысық:

Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.

Тышқан:

Әрине көмектесіп жіберемін.

Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.

Шалқан ертегісін сахналау

Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын,
қиялын дамыту, үй жануарларының дыбысын ажырата білу.
Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің суреттері, көрініске керекті құралдар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеуАшық оқу қызметі «Шалқан» ертегісі
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой — қиялын дамыту.
Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, көкөністер.
Түрі: Көрініс, ертегі
Тәрбиеші:
Құрметті балалар! Бүгінгі өткелі отырған «Қарлығаш» ортаңғы тобының ертегілер еліне қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. «Шалқан» ертегісі орыс халық ертегісі, балалар.
Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар, олар:

Ал, осы, «Шалқан» ертегісі балалар, тұрмыс — салт туралы ертегі екен.«Шалқан» орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер бар. Емдік қасиеті де бар. Ендеше, апайлар және балалар, мен сіздері, осы «Шалқан» ертегісін «Қарлығаш» ортаңғы тобының балаларының сахналағанын көріп — тамашалауды ұсынамын.

Ертегінің барысы:
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.
Есік қағылады. Ішке қоян келеді. Балалар қоянмен амандасады.
Қоян: Мен «Қарлығаш»тобының бүлдіршіндері Шалқан ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп естідім, жолда келе жатып, Сиқырлы дорба тауып алдым.
Тәрбиеші: Сиқырлы дорбаның ішін ашады. Ішінде көкеністердің суреттері шығады.Көкеністермен балаларды таныстырады.
«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Ролдерде ойнағандар:
Автор: Тәрбиеші
Атай: Әнуар
Әжей: Балауса
Немере қызы: Камила
Күшік: Мұқтарбек
Мысық: Азиза
Тышқан: Досбол
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: — Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным, мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.
Әже: Мен көмекке келдім.
Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.
Әже: — Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды шақырайық.
Автор: Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
Қызы: — Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
Мысық: — Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады.
Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі дәмді тағамнан ауыз тиеді. Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:
Тышқан: — Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса шақырыңдар дейді.

Сабақты қорытындылау:
Тәрбиеші:
Біз бүгін өандай ертегімен таныстық?
Балалар:Шалқан ертегісімен.
Тәрбиеші:Ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар:Ұнады.
Тәрбиеші:Осы ертегіде қандай үй жануарлар бар екен?
Балалар:Ит, мысық, тышқан
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер Шалқан ертегісінің көрінісін қойыңдар. Сендерге қоян дән риза болды. Өзі сендерге арнап сыйлық әкеліпті. Қоян балаларға сыйлйқтарын таратады.
Тәрбиеші:Балалар бізде рахметімізді айтып,қоянды шығарып салайық.Балаларды мадақтау.Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталды.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Ертегі ?ойылымы сценарий
  • Ертегі ?ойылымдар сценарий
  • Ертегі ?леміне саяхат сценарий
  • Ермолов день праздник
  • Ермолов вновь приходит праздник ноты

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии