Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған Ескелді би — күллі қазақ халқына қауіп төнген ХVIII-ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі. Ол өзінен екі жас кіші Балпық әулиемен, Қабылиса сияқты әрі ақын, әрі батырмен, қол бастаған Орақ батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы жойқын жорықтар жасап, елінен, жерінен айырылып босып кеткен жалайырлардың басын құрап, Жетісу өлкесіне қоныстандырған тарихи тұлға.
Мазмұны
-
1 Шежіреден
-
2 Өмірбаяны
-
2.1 Балалық шағы
-
2.2 Ер жеткен шығы
-
2.3 Батыр Ескелді
-
-
3 Ескелді би туралы жырлар
-
4 Әулие Ескелді
-
5 Ескелді би айтқан сөздер
-
6 Дереккөздер
Шежіреден
Ұлы жүздегі он екі ата Жалайырдың бір тармағы Сиыршы руынан өрбіген бес баланың бірі — Тоқымбеттен Бейімбет туады. Одан тараған үш ұлдың ортаншысы — Жанғабыл. Оның баласы Жылкелді — бес ұлдың әкесі. Үшіншісі Ескелді екен. Жылкелдінің бәйбішесі алты Алашқа мәлім Төле бидің Ұланбике атты қызы екен. Талдықорғандық журналист, жазушы Әли Ысқабаев жинаған деректерге қарағанда, Ұланбике анамыз ұзатылғаннан кейін араға бірер жыл салып, әкесі Төле бидің ауылына төркіндеп барады. Мал ішінде Кертаған деген өгіз жұр екен. Құрбыларымен, шешесімен сырласқанда Ұланбике сол өгіздің басына жерік екенін білдіреді. Мұны естіген Төкең: «Кертаған — малымның құты мен берекесі еді, менің дәулетім қызыма ауысайын деген екен», — деп, өтінішін орындатады. Қызының құрбы-жеңгелерін шақырып: «Өгіздің басын бұзбай тұтас асыңдар, қай жерін қалап жейді екен, байқап отырыңдар» — дейді. Бірақ Ұланбике бас пісіріп алдына келгенде, құрбы жеңгелеріне: «Мені оңаша қалдырыңдар» деген тілек айтады. Әйткенмен бір-екі жеңгесі жабықтан сығалап қарап тұрады. Жерік қыз бастың тілін ғана кесіп алып, жеген екен. Мұны жақсылыққа жорыған Төле би: «Құдай қаласа қызым ұл туады екен, ол қызыл тілдің шешені, өз елінің көсемі болады екен» — деп болжапты. Қызы төркінінен еліне қайтқан соң аман-есен босанып, ұл туады. Жылкелді қайын атасына ат шаптырып сүйінші сұратқанда, Төле би: «Тілекті алла ескерді, Жалайыр еліне ес келді, баланың есімі Ескелді аталсын. Елінің есін жиғызып, халық қамын ойлайтын азамат болып өсер ме екен», — деп, жас нәрестенің ертеңін болжап, шілдеханасына арнайы ақ боз ат шалдырып, дүбірлі той жасаған екен.
Өмірбаяны
Балалық шағы
Ескелдінің жастайынан зерек, тапқыр болып өсуіне қоршаған ортасы игі ықпал еткен. Ел билеген азаматтар, айыр тілді билер бас қосқанда әкесі Ескелдіні бала кезінен бірге ертіп жұрген. Келе-келе есі кіре бастаған кезде билер шиеленіскен дау-дамайдың шешуін таппай дағдарып отырғанда балаң жігіттің еті қызып, арқасы қозып, сөз сұрай бастаған. Ауыл ақсақалдары, білікті билер оқта-текте сөз кезегін бергенде Ескелді асқан тапқырлықпен, шешендікпен, ақынша ұйқас сөздер тауып, сөйлей жөнеледі екен. Бұған әкесі Жылкелді ұяла қысылып: «Балам, үлкендердің алдына бекер түсесің», — деп, тыйым салмақ болғанда сөз төркінін ұғатын зерделі, зиялы кісілер: «Жылкелді, баланың талабын қайтарма, бұл жерде «ата тұрғанда ұл сөйлегеннен без, ана тұрғанда қыз сөйлегеннен без» деген көне мәтелді қолдану ретсіз, балаңның ұғымы да, түйсігі де бөлек, басқа балаларға ұқсамайды» дегенде, көңілі тасып шабыттанған Ескелді:
Қой асығын қомсынып,
Шымыр емес демеңіз,
Қолға жақса сақа ғой.
Ұл сөйлесе шамсынып,
Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса дана ғой, — деп тоқтаған екен. Бұған әкесі де шаттанып: «Балам, алдыңнан жарылқасын, үй баласы ма десем, ел баласы екенсің, еліңнің ай маңдайлы арысы бол!». — деп, батасын берген екен. Төле би жиені бес жасқа толғанда ұлы жүздің бар жақсысын шақырып, Ескелдіні оң тізесіне отырғызып: «Ақыл-есім орнына келді, енді бір он бес жыл жасаймын» — деп, өзінің де алдағы ғұмырын болжаған екен. Бұл жолы Төле би ең ұлы үш батасының бірін Ескелдіге берген екен. Қызырдың сөзіндей бірінші батасын Абылай ханға, екінші батасын Жетісу жерін жау қалмақтан азат етуде айрықша еңбек сіңіріп, теңдессіз ерліктер жасаған Өтеген батырға берсе керек.
Ер жеткен шығы
Бірде Абылай хан жорық сапарынан келе жатып, жолай Сыр бойын жайлап отырған Жалайыр еліне ат басын бұрыпты. Осы өңірдегі сыйлы кісілердің бірі Жылкелді оны арнайы қонақ етеді. Сый-сияпат көріп, көңілі толған Абылай үй иесін сөзге тартады. — Ақсақал, әңгіме айта отырайық. Сіздің ойыңызша, жол анасы не, су анасы не, сөз анасы не? — деп сұрақ қояды. Адамгершілігі, кісілігі айрықша болса да Жылкелді мүндай тапқыр сөзге орашолақтау-тұғын. Сонда да сұраққа жауап беру керек: —Жол анасы үлкен даңғыл жол шығар. Су анасы — мұхит, сөз анасы тіл шығар, — депті күмілжіңкіреп. Сонда сөзге құлақ тігіп отырған Ескелді: —Жол анасы тұяқ болар, су анасы бұлақ болар, сөз анасы құлақ болар, — деп жауап берген. Енді бір деректе, ер жетіп келе жатқан жиенін Төле би сынамақ болған екен. Алыстан сәлем беруге арнайы келген Ескелді әбден кәрілік жеңген нағашы атасына:
Армысыз, ата!
Таудан аққан бұлағым,
Жауға шапсам ұраным.
Сыйынсам да аллаға
Өзіңді айтып тұрамын!
Алты Алаштың өрісің,
Халқымыздың төрісің.
Өзің ғана табасың
Әрбір істің желісін, — деп, сәлем берген екен. Жақын жолдастарын ертіп, сонау Сыр бойынан Қазығұрт етегіне арнайы келген жиеніне риза болғаны сонша бірден өбектемей, ақыл-есінің қаншалықты толысқанын байқау үшін: —Досың қайда? Дұшпаның қайда? — деп сұрақ қойыпты Төле би. Ескелді сұқ саусағымен жұрек тұсын нұқыпты да, аузын ашып, тілін көрсетіпті. —Жақсылық пен жамандықтың тұрағы қайда? — деп сұрағанда, Ескелді оң иығы мен сол иығын көрсетіпті. — Білікті адам қандай? Ақымақ адам қандай? — деп сұрағанда Ескелді күн көзіне күн салып қарап, алысқа үңіліпті, содан кейін көзін жұмып, төмен қарапты. Сонда қарт би «түсіндім» дегендей басын изеп, «балам, қолыңды жайшы» депті.
Шырағың жанып тұрсын,
Бұлағың ағып тұрсын.
Мың да бір бәледен,
Жүз де бір кесапаттан
Алла тағала қағып тұрсын.
Жазың жайлы болсын,
Қысың майлы болсын,
Отын-суың сайлы болсын.
Саған қастық ойлағанның
Көкірегіне қайғы толсын.
Дұшпаның табаныңда болсын,
Достарың қабағыңда болсын.
Маңдайыңда жұлдыз болсын,
Таңдайыңда бұлбұл болсын, — депті.
Қонақтар бой жазып сыртқа шыққанда, жолдастары: — «Достарың кім? Дұшпаның қайда?» дегенде, неге жүрек тұсын нұқып, неге аузыңды ашып тіліңді көрсеттің? — деп сұрағанда, Ескелді: —Қас та, дұшпан да, дос та адамның өзінен. Жүрегің жұмсақ, пейілің кең болса, дос көп. Жүрек — адам денесінің төрешісі. Төреші әділ болса, жұрт айналаңа жиналады, сондықтан достықтың діңгегі деп, жүрек тұсын көрсеттім. Тіл — адамның әрі досы, әрі дұшпаны. Парасатты сөз айтсаң, біреуге жақсылық тілесең, жан-жағың жарқырап жүреді, байқамай, ағат сөз айтсаң — жан-жағың жабыла шағатын жылан-шаянға толады. Мен соны мезгедім. —»Жақсылық пен жамандықтың тұрағы қайда?» деген сұраққа оң иығың мен сол иығыңды неге көрсеттің?,—деп сұрағанда, Ескелді: —Көне аңыздарда Қаһарман, Қатибин деген екі періште адам баласының жақсылығы мен жамандығын екі иығында отырып, үнемі жазып отырады деп, әжем мен атам айтатын. Бұл — жай сөз емес, әрбір пенде адамдықтан асып кетпесін деген тілектен туған. Бала жігіт бірнеше күннен кейін еліне жүрмек болғанда, Төле би жиенін өз ордасына шақырып, ақ бурыл дөненді, күмістеп шапқан ер-тұрманымен алдына көлденең тартып, алмас қылыш сыйлапты. Ескелді нағашы атасы берген түлпарға мініп, алмас қылышын жарқыратып қолына ұстағанда, тұлғасы жауға енді аттанғалы тұрған батырға ұқсаса керек. Сонда Төле би:
Бір алла жар болып,
Қызыр-Ӏлияс шылауыңда болсын.
Атың құтты болсын,
Жаның жұпты болсын.
Табаныңнан мұз өтсін,
Маңдайыңнан күн өтсін.
Үйің ырысқа толып,
Төріңе Қызыр түнесін.
Ғайып-ерен қырық шілтен
Жан-жағыңнан қолдасын.
Мұратың халық болсын,
Алдың жарық болсын! — деп бата беріпті.
Батыр Ескелді
Күллі Ұлы жүзді аузына қаратқан Төле биден бата алған соң Ескелдінің абыройы көтеріліп, барша Жалайырдың билігіне араласа бастайды. Өзінен екі жас кіші Балпық би де осы тұста ел басқаруға жарап қалған еді. Екеуі тізе қосып, Орақ батырды қолбасшы етіп, елді үгіттеуге, мәміле жүргізуге от ауызды, орақ тілді Қаблиса (Қабан) ақынды бас етіп, Сыр бойындағы елді Жетісу өлкесіне қарай көшіреді. Бұл оқиға Қалқа Жапсарбаевтың дастанында тамаша суреттелген. Шежіре бойынша оқиға 1767 жылы болған сияқты. Ауыз әдебиетін, тарихи деректерді көп жинаған Әубәкір Диваев былай деп жазған: «Үйсіндер Сырдан ауып келген… Сарқырама, Қараөзен, Қуаң деген жерлерден қалмақты қуып, Жетісуға егін салып орналасқан. Үйсіннен Қасқарау Өтеген батыр, Суаннан Қараекенің баласы Дәулет, Жалайырдан Ескелді, Сыпатай, Байқоңыр батыр бесеуі жерге бастап алып келді. Қалмақтан әуелі жерді босатқан Қаракерей Қабанбай, Тарақтыдан шыққан Тәттібай батыр, Қораластан шыққан ер Жауғаш, Ыстыдан шыққан Шой батыр Абылайды хан көтеріп, қалмақты қуған». Бәрі шындық, тек Абылайды әлгі аталғандар ғана емес, күллі қазақтың ру басылары, қолбасшылар хан көтергені тарихтан белгілі. Тағы бір шындық, Бұхар жыраудың ашумен айтқан бір сөзіне бола Абылайды Төле би құл ретінде ұстады деу мүлде қате, ол оның түйесін де баққан емес, ақылына, мінезіне іштей риза болған ұлы би болашақ ұлы ханды өз ұлындай көріп, тәрбиелеп өсірген. Талдықорғанның маңайындағы Үштөбе деген жерде Абылай бастаған қол қалмақтармен бетпе-бет кездесіп қалады. Сол кездегі салт бойынша әуелі екі жақтың батырлары жекпе-жекке шығуы керек. Сонда Долонхор деген қалмақ батырымен Ескелді айқасып, ұзақ арпалыстан кейін аттан аударып, басын кесіп әкелген екен. Сонда қазақтар жаппай шабуылға шығып, жауды қашырған дейді. «Ер Ескелді аталатын» тұсы сол. Осы оқиғадан кейін Ескелді бір топ жасаққа қолбасшы болып тағайындалады. Ол Абылайға былай десе керек:
Алдияр деп айқайлап,
Тұла бойда қан ойнап,
Елім үшін құрсанып,
Қылыш іліп білекке,
Өлімге де бас байлап,
Жеткіз деп құдай тілекке,
Суық ұстап түсімді,
Қайрап қойып тісімді,
Найзаға байлап ақ байрақ,
Жауға шаптым бөгелмей,
Сынағалы күшімді!
Ескелді бастаған қол Ӏле, Қаратал, Көксу бойында қалмақ жасақтарына қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, үнемі жеңіске жетіп отырған. Азық- түлік, күш-көлік әкеле жатқан тылдағы керуенін ілгері бастырмай, тау-таудың қуысына тығып талқандайды екен. Ол бастаған қолдың Ӏле, Бақанас жақтағы ерліктері осы күнге дейін ел аузында. Ол Қапалда Қабанбай тобына қосылып, жаралы жауды шекарадан асыра қууда да айрықша көзге түскен.
Ескелді би туралы жырлар
Ескелді мен Балпық бейнесі ауызекі аңыздарда ғана емес, халыққа белгілі ерен жүйрік ақындардың да жырларына ілінген. Мысалы, ұлы жырау Сүйінбай Қатағанмен айтысқанда былай деген:
Мен бір жерде тұрмайын,
Ӏледен әрі өтейін,
Қызыл тілмен жетейін,
Таңбалы тасты бетке ұстап,
Желкеңді қиып кетейін,
Он екі ата ол жақта,
Тарақ деген жұртым бар,
Ақкөбікті өлтірген,
Орақ деген мықтым бар.
Арғы атасын айтайын,
Толған айдай толқыған,
Қоғалы көлдей шалқыған,
Көсем өткен Ескелді,
Шешен тілді Балпықтан.
Сыпайы туған бұл жұртым,
Ӏле өзенін жерлеген,
Сыр суындай өрлеген,
Дұшпанға намыс бермеген,
Бақ-дәулеті кернеген,
Он екі ата Жалайыр
Аршынға қолын сермеген,
Батырлық, ерлік сонда бар,
Маңына дұшпан келмеген.
Сүйінбай ақынның сөзін талай жылдан кейін одан әрі жалғастырған ақын Сара былай жырлайды:
Ел едік Үйсін, Найман аулы аралас,
Қосылған төскейде мал, төсекте бас.
Жалайыр жалпақ, жуас берекелі,
Ертеден мәлім еді ел екені.
Сағынып аңсай іздеп келгенімде,
Ортаңнан қызық көрдім мерекелі, — дейді де:
Балпық пен Ескелдідей кемеңгер де,
Айтулы сөзге жүйрік тереңдер де,
Дарынды Дарабоздай бәйбіше өткен
Ақылы асып туған ерлерден де.
Үш жүзге мәшһұр болған аты көптен,
Жайылып талай жерге даңқы жеткен.
Маржандай көмейінен сөз төгілген,
Бақ қонған Бақтыбайдай ақын өткен…
Сол Бақтыбай айтысқа шығарда үш әулиеге сиынады екен:
Ия, Алла! Тіл жағыма бергін медет,
Қолдай гөр, Ескелді атам өзің демеп, —
деп бір бастаса, ар жағын жалғап:
Атам Қабан оңдаса,
Ескелді, Балпық қолдаса, — деп сиынады екен.
Ал XX ғасырдың ақыны Қалқа былай деп толғаған:
Балпық пенен Орақты
Ескелді биді басшы ғып,
Алдынан жер шолады.
Атырауды айналып,
Қаракенге барады.
Ӏшіне шыққан бүлдірген
Бүлдіргені жұпардай,
Мұрынды исі жарады.
Аққан суы мөлдіреп,
Ӏшсең шөлің қанады.
Қараталдың өлкесі
Ӏледен де бағалы.
Әулие Ескелді
Көзінің тірісінде әулие атанған, әрі шешен, әрі батыр Ескелді бидің кейбір заттарын ұрпақтары әлі күнге дейін көздің қарашығындай сақтап отыр. Қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданындағы Сарыбұлақ ауылында Ескелді-Балпық мұражайы бар. Сонда Ескелді ұрпағы Әлбилан баласы Нұрсағат қария сақтап тапсырған дулыға көрмеге қойылған. Және бір қасиетті мүлкі бұрынғы Талдықорған облысындағы «Жетісу» колхозының Екпінді ауылында тұратын Жүнісбай баласы Сүлеймен карияның үйінде сақталып тұрғанын 1992 жылы қазан айында өткен дүбірлі той кезінде естіген едік. Ескелді бидің әулиелігін куәландыратын бір дерек: сонау бір жылдары Қаратал өңіріне күріш егеміз деп жер қазғанда тік тартылған канал Ескелдінің зиратына тіреліпті. Жергілікті қариялар зиратқа жақындамаңдар, алыстан айналдыра қазыңдар десе, бұл жұмысты басқарушылар: «Әулиеге де, құдайға да сенбейміз»— деп, экскаваторшыны жұмсай беріпті. Алып машина қайта-қайта бұзылып сынса да, аналар өршелене түскен. Ақыры экскаватор құлап, машинист оңбай жараланған. Соңында канал арнасын күмбезден бұрып әкетуге мәжбүр болған. Мұны көзімен көргендер бар!
Ескелді би айтқан сөздер
Талдықорғанда тұратын ақын, журналист Әли Ысқабаев Ӏле өзенінің Балқашқа құятын сағасында өмір сүрген Найзабай баласы Қосшыбай қарттан Ескелді би айтты деген мынадай сөздерін жазып алған:
Екі жақсы бас қосса,
Бірін бірі қия алмас.
Екі жаман бас қосса,
Кең қонысқа сия алмас.
Жаңбырсыз — жер жетім.
Басшысыз — ел жетім.
Бақ пен дәулет тең келсе,
Адамның толар кемелі.
Қиямет көрсең де ғұмырдан,
Тұяғың таймасын тұғырдан.
Көңіл — гүл,
Тіл — бұлбұл,
Сезім — сері,
Нәпсі — бөрі.
Сабыр — ақыл серігі.
Жаманның дәмесі зор, сөзі қотыр,
Көкірегі қараңғы көр, көзі соқыр.
Әйел — үйдегі ырысың,
Ұл — айбарлы қылышың.
Қыз — түздегі өрісің,
Келін — кеңейген тынысың.
Олақ — міншіл,
Қызғаншақ — күншіл.
Сырғақ — сыншыл,
Бос сөз — былшыл.
Пәнидегі сорлы адам,
Арын төгіп сорлаған.
Қаріп-қасірге шырақ бол,
Жетім-жесірге бұлақ бол.
Жеріне қарап елі туады,
Еліне қарап ері туады.
Ел қонбаса — жер азады,
Жер болмаса — ел азады.
Қатарынан озатын ұл биікте жүреді,
Ез атанып тозатын ұл иықта жүреді.
Ақылды елді оздырады,
Ақылсыз өзін-өзі тоздырады.
Есерліктің белгісі,
Кеуде соғар, керілер.
Өсекшілдің белгісі,
Сөзі жылмаң көрінер.
Жаман болса алғаның,
Дау-дамайда қалғаның.
Өмірдің көріп жалғанын,
Тарылады жан-жағың.
Араға үш жүз жыл салған соң, әрине, көп сөздер ұмытылған. Әйтпесе Ескелді сияқты ел бастаған би, қол бастаған батыр айтқан ұлы сөздер үшан-теңіз болуға тиіс. Бүл әулиенің рухы да, ісі де ұрпақтар жадында мөңгі сақталарына күмән жоқ. Мұны біз Қаратал өзені бойында өткен 300 жылдығына арналған ұлан-асыр тойдан, оған орнатылған зәулім ескерткіштен анық байқадық.[1]
Материал жайлы қысқаша түсінік:
ИНСТРУКЦИЯ ПО
ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСТНОСТИ В ПОХОДЕ
1. Общие положения:
1.1 К туристическим походам, экскурсиям, экспедициям допускается учащихся, имеющие, медицинские допуск и прошедшие инструктаж по технике безопасности.
1.2 При проведении туристских походов , экскурсии, экспедиции не обходимо учитывать возможное воздействие на участников следующих опасных факторов:
Потертости ног при не правильном подборе обуви;
Травмы раны при не правильном использовании острых и режущих предметов.
1.3 при проведении туристских походов, экскурсии экспедиции в группе должна быть медицинская аптечка с набором не обходимых медикаментов.
1.4 При несчастном случае, признаках заболевание участник обязан не медленно сообщить об этом руководителю.
1.5 Все походы, экскурсии экспедиции проводить по приказу директора школы, учреждение дополнительного образования.
1.6 Продолжительность и протяжность походов, график прохождения, естественные препятствие должные соответствовать возрастным возможностям частников и подготовки группы.
2. Требования безопасности перед проведением туристского похода, экскурсии, экспедиции:
2.1 Участник должен пройти соответствующую подготовку, инструктаж по технике безопасности , медицинские осмотр и представить руководителю справку о состоянии здоровья.
2.2 Частник должен в ходить на маршрут в той форме и с тем снаряжением, которое указано руководителем.
Төмендегі Басқа толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
- Тарих
- 22 Қыркүйек, 2016
Ескелді би – даналық дариясы
Бүгінгі таңда кітап оқу қалып бара жатқан сияқты. Себебі компьютерлік, инстаграм, ұялы телефон, sмs заманы келді де, бәрі өзгеріп шыға келді. Тіптен күнделікті баспасөзіміз газет-журналдарымыздың өзі қолға әрең түседі. Неге олай? Таралымы аз. Кітап та солай. Іздеп тауып жүріп оқысаң оқыдың, әйтпесе жоқтың қасы. Оқырманына жетпейді. Осындай оймен жүргенде «Ескелді би – даналық дариясы» деп аталатын сыртқы мұқабасы әдемі безендірілген кітап қолыма тиді. Авторы жазушы – Сәбит Биболов екен. Қызығып кітапты парақтап оқи бастадым.
Бұл кітапқа дейін де бабамыз Ескелді Жылкелдіұлы (1692-1780 жж.) туралы біраз кітаптарды оқығаным бар еді. Оның үстіне бабамыз жайлы тарих бетінде сан түрлі аңыз бен әфсаналар айтылып, жазылып та жүр емес пе? Әсіресе, Ескелді бабамыздың жаугершілік замандағы елі үшін жасаған батырлығы мен ерлігі бір төбе де, данышпандығы мен даналығы, көсемдігі мен көрегендігі, сонымен бірге айтылып жүрген ғақлия сөздері бір төбе еді. Міне, осыларды тарихшыларымыз бен қаламгерлеріміз әр қырынан жазып, бүгінгі ұрпаққа жеткізгені тағы бар. Осы ретте қолыма тиген кітапты асықпай әр бетіне үңіліп оқып шықтым. Тіптен керек жерінің астын сызып оқыдым.
Жазушы кітапты үш тарауға бөліпті. Әр тараудың атқарып тұрған жүгі мен айтар ойы жинақы да тартымды шыққан. Артық-ауыс сөз бен алыстан орағыта жазылған ойлар жоқ. Әр тарау мен әр тақырыптағы жазылған дүниелерге нақты дәлелдермен сілтеме жасалған. Бұл дегеніңіз, оқырман үшін қажетті нәрсе. Керек жеріңді алыстан іздемейсің, бірден сол сілтеме арқылы тауып алуыңа әбден болады. Кітап авторының бір ұтқан жері осы болар деп ойлаймын.
Жалпы, кітаптың кіріспесінде ХV ғасырдың аяғында басталған жоңғар, ойрат, қалмақтармен болған соғыс үздік-создық өршіп, біресе басылып, үш жүз жылдан астам созылғанын айтады. Осы бір жаугершілік заманда Қожаберген жыраудың «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деп басталатын «Елім-ай» атты элегия толғауын кітап авторы толығымен беріпті. Бүгінгі ұрпақ үшін осы толғауды берудің маңызы зор. Себебі әлі күнге дейін толық нұсқасын білмейтініміз шындық. Бірінші тараудағы «Батырлық пен даралық», «Бұқар жырау мен Жанғабыл би», «Қамал бұзар қаһарман болар», «Жекпе-жек», «Ескелді бидің ұлы көші» сияқты тақырыппен жазылған дүниелерде бабамыздың өмір жолы мен шыққан тегін тартымды суреттей отырып, оның сол кездегі алғырлығы мен даналығын ашып-айқындап береді.
Жанғабыл ел басқарған Жалайырдың атақты биі, ойы орамды, талғамы терең, сөзге шешен жан болса керек. Осы Жанғабылдың екі баласының үлкені Жылкелді де, екіншісі Шора екен. Билер алқасының бір жиынында Жанғабыл би атақты Төле бидің үйінде отырып, Төленің қызы Ұланбикеге көзі түседі. Сөз десе сөзі бар, көркі десе көркі бар, өте инабатты қыз екенін байқаған Жанғабыл би Төле биге сөз салып, құда болады. Ақыры Жылкелді Ұланбикемен тұрмыс құрып, жарық дүниеге Ескелдідей маңдайы жарқыраған ұл келеді. Төле би ести сала қолын жайып: – «Болашақ жиенім ел бастайтын батыр, сөз саптайтын шешен болады екен, Әумин деп батасын берген екен. Аруақты Төле би жаңылмапты. Болжамы дәл келіп, Ескелді ержете келе батыр, шешен, әрі алдындағы күндерді күні бұрын болжайтын, болжап қана қоймай айтқаны дәл келетін ерекше дарын иесі болып өсті» деп жазады кітап авторы Сәбит Биболов.
Кітап авторы Ескелді бабасының батырлығын да нақты дәлелдермен келтіреді. «Соңғы жекпе-жек» деп аталатын оқиға желісінде қалмақтың қол басы Шажа деген ноянымен жекпе-жекке шығып, Шажаны шойын шоқпарымен бір сілтегенде жан тәсілім етеді. Сол жекпе-жек өткен тау мен өзенді кейіннен Шажа деп атап кетеді. Осы күнге дейін Шажа, Сарытөр, Сарыжазық, Ойсаз, Төлектің төрі, Сарноқай, Мыңбұлақ атты жайлаулар осылай аталып келеді. «Тарихтан белгілі Қапалы, Қаратал, Көксу, Іле бойындағы қанды шайқастарда жеңіске: Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Абылай, Малайсары, Райымбек, Баян, Ескелді-Балпық, Қабан, тағы басқа да батырлардың қол біріктіруінің арқасында жеткен еді» дейді автор.
Екінші тараудағы «Даналықтың дариясы бесікте басталған», «Алғашқы билік», «Ескелдінің екі жолбарысы», «Қамыс жебе» және т. б. тақырыптармен берілген әңгімелерінде автор Ескелді бабамыздың сәбилік шағын сөз ете отырып, балалық шағындағы тапқырлық ой орамдарын тартымды бере білген.
Үшінші тараудағы «Жаңарған дәуір» деген тақырыппен берілген кітап авторының танымдық жазбасында 2000 жылғы 10 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай Талдықорған ауданын Ескелді ауданы деп атау жөнінде Жарлыққа қол қойғанын нақтылап жазады. Хабарды естіген жергілікті халықтың қуанышында шек болмады десек артық болмас. Осы бөлімдегі «Аруақты жерден ат үркеді», «Мұхтар Әуезов пен Қалқа Жапсарбаев», «Ескелді бабаның ғақлия сөздері» тақырыбында бабамыз жайлы аңызға айналған іс-әрекеттері мен асыл сөздерін паш етіп жазады. Бұл да кітап авторының жазудағы тапқырлығын танытса керек. Сонымен бірге Ескелді бидің алтыншы ұрпағы, химия ғылымының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Еділ Ерғожин бабасының осыдан 23 жыл бұрын тұрғызылған кесенесін қайта жаңғыртып, жаңаша түрде қайта жөндеуден өткізіп ел игілігіне ұсынды. Оның ашылу салтанатына еліміздің құрметті азаматтары қатысып, өздерінің тілектерін білдірген болатын. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегенге сай келіп тұр. Ұлы бабаға деген құрмет, әрі тағзым осылай-ақ болар.
Үстіміздегі жылғы 8-ші наурыз «Халықаралық әйелдер күні» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрі бойынша еліміздің бір топ қыз-келіншектерін қабылдап, сыр бөліскенін көпшілік қауым жақсы біледі. Осы кездесуде Елбасы Н.Назарбаев Ескелді би бабамыздың мына бір ғақлия сөзін: «Әйел – үйдегі ырысың,
Ұл – айбарлы қылышың.
Қыз – түздегі өрісің,
Келін – кеңейген тынысың» мысалға келтіре сөйледі. Яғни Ескелді бабамыздың осындай аталы нақыл сөздері әр қазақтың жүрегінде орын алып, болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге екенін түсінуге болады.
Кітаптың ажарын ашып тұрған тағы бір ерекшелік, Ескелді бабаның кесенесінің ашылу салтанатынан түсірілген суреттермен безендірілуі. Бұл да тарихи дүниелер.
Жалпы кітапқа баға беруден аулақпын, бірақ осы кітапты оқып отырып өзімнің алған әсерімді ғана қағазға түсіріп отырмын. Негізінен жазушы Сәбит Биболовтың қаламынан туған бірнеше кітаптарынан хабардармын және қанықпын. Ал жазушының «Ескелді би – даналық дариясы» кітабы өзге кітаптарына ұқсамайтын, бөлек жанрдағы дүние. Кітап бүгінгі оқырман үшін танымдығы басымдау, өз ойы бар деп айтсам артық бола қоймас. Шығарманың шырайын ашып тұрған да осы жағы. Бір өкініштісі, кітап таралымының аздығы ойлантады. Бірақ соған қарамастан кітаптан Ескелді би туралы көптеген деректерге қанығуға болады.
Сайлаубай ТОЙЛЫБАЕВ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Алматы
Біздің Telegram каналына жазылыңыз
алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз
Редактор блогы
Қали Сәрсенбай
«Ана тілі» газетінің Бас редакторы
Толығырақ
Ескелді бидің ел есіндегі жеті қасиеті
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына, сан ұрпақтың өсіп-өнуіне жағдай жасап, оны сақтап қалу жолында маңдай тері мен жанын пида етуді мақсат еткен тарихи тұлғаларымыз аз емес. Олардың арасында халқының тәуелсіздігі мен жұртының тыныштығы үшін «түнде ұйықтамаған, күндіз отырмаған хан-сұлтандар, халықтың қамын жеген би-шешендер, ақын-жыраулар, айлап ат үстінен түспеген, түсе қалса, тоқым төсеніп, ер жастанған батыр-баһадүрлер, сардар-қолбасшылар, руымен бірге у ішуден тайсалмаған елбасылары, жұрт ағалары, ақсақалдар, т.б. болды. Егер біз өткенімізге салауат айтып, бүгінге шүкіршілік етіп, болашаққа үкілі үмітпен қарар болсақ, онда ұлт нышаны: тілімізді, ділімізді, дінімізді ту етіп, ұрпақты-ұрпаққа аманаттап, аман жеткізген ата-бабаларымыздың, оларды түзу жолға бастап, бағыт-бағдар берген тарихи тұлғаларымыздың, ұлы қайраткерлеріміздің рухына бас иіп, олардың ерен ерлігі мен есіл еңбегін ұлықтап, жас ұрпақтың санасына сіңіру басты мұратымыз болуға тиіс. Міне, бүгінгі сөз күреспен өткен бүкіл саналы ғұмырын туған халқының тұтастығын, руластарының ынтымақ-бірлігін, ағайынның өзара татулығын сақтауға жұмсаған, ел амандығы үшін жанын қиюдан тайынбаған, биліктің шыңына шықса да әділдіктің ақ жолынан танбаған ұлық тұлғалардың бірі, ірі қоғам қайраткері Ескелді би Жылкелдіұлы туралы болмақ.
Ескелдінің өмірі мен қызметіне қатысты ел арасында сақталған аңыз-әңгімелерді, өлең-жырларды, қария сөздерді барынша жинақтап, оларды саралап-салғастырып, ой елегінен өткізіп, зерде таразысында салмақтағанда, оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны мен тарихи тұлға – билерге тән асыл қасиеттердің бәрін айқын аңғаруға болады. Біріншіден, ол – Жетісудағы ірі тайпалардың бірі Жалайырдың Сиыршы руының Тоқымбет деген беделді атасынан тараған Жаңғабылдың немересі, Жылкелдінің белбаласы. Ел әңгімелеріне қарағанда, Жаңғабыл әйгілі Төле бимен құдандалы болып, Ұланбике есімді қызын ұлы Жылкелдіге айттырған. Кейін немересі дүниеге келгенде бұрынғының жолымен ұлы биге ат қойғызып, бата сұраған. Тумысынан зерек болып туған Ескелді атасының жетегінде жүріп тәрбие алып, ауыл ақсақалдарының ақылдасу жиындарын, рубасыларының алқалы кеңестерін тыңдап өскен. Ел ішінен шыққан парасат иелерінің ақыл-кеңесін, ділмәр-шешендердің сөз жүйесін, білікті билерден үзілмей келе жатқан жөн-жосық, ата жолын, уәж, пәтуә, бітім, келісім, шешім, үкім, кесім сияқты билік ұстанымдарын үйренді, жадына жаттады. Жастық шағының кейбір сәттерін нағашысы Төле бидің ауылында өткізіп, мемлекеттік, ұлттық мәселелерді қозғаған мәслихаттарға, құрылтайларға, ірі дау-жанжалдарды қарастырған топтар мен кеңестерге қатысуға мүмкіндік алды.
Сол тұстағы қазақтың зиялы қауымымен, тарихи тұлғаларымен жүздесіп, сөздеріне қанығып, көргенін көкейіне тоқыды. Кейде өзі де араласып, ұтымды жерде ұпайын жібермей дауға да қатысып отырды. Көргенінен көрегендігі басым Төле би баланың іс-әрекеті мен сөзінен келешегін барлап, екі мәрте батасын беріп, билік жолында тілекші болды. Бұл – қазақ билерінің мыңынан біріне ғана берілетін тағдырдың сыйы еді. Ескелді кейін жас болса да дауға араласты, әділдігімен әккі билерді таңдандырды. Сөйтіп, қазақ қоғамында сирек те болса кездесетін «Бала билердің» қатарынан орын алды.
Ел ішінде Ескелдінің тапқырлығына, зеректігіне, жастай билікке араласуына байланысты аңыз-әңгіме, өлең-жырлар аз сақталмаған. Соның бірінде Ескелдінің алғашқы биілігінің бірі сөз болады. Ескелдінің бала кезінде әкесінің бір үйір қысырағы қолды болыпты. Араға жылдар өтіп бір елде той өтіп, балуандар күресіп, аттар бәйгеге қосылады. Ескелді сол бәйгеден озып келген атты көріп тұрып, оның әлгі жоғалған үйірдегі күрең биенің тұқымы екендігін айтып, дау қуады. Ат иесі де ант ішіп, өзінің төл малы екендігін дәлелдеп бағады. Ақыры екеуі Төле биге келіп жүгінеді. Абыз қарт екеуін бір күн қонақ етіп күтіп, келесі күні өріске өрген отардан үш қой алып қалып, Ескелдіге көгендегі көп қозының арасынан әлгі қойлардың төлін тауып, бауырына салуын бұйырады. Ол көгенге барып алдымен егіз қозы әкеліп бір қойдың бауырына салады, кейін тағы екі қозы қолтықтап келіп қалған қойларға салады. Қойлар жатсынбай емізіп кетеді. Көріп тұрған жұрт таңырқап, атты малданған жігіт кінәсін мойнына алады. Сонда Төле би тұрып даудың билігін Ескелдінің өзіне береді. Сонда жас өрен: «Мен мал іздеп жүргенім жоқ. Ол менен кеткен мал ғой. Іздемеймін де, ол өзіне құт болсын. Маған мына таныған атымды әперсеңіз болды»,– деп дау түйінін шешіпті.
Екішіден, ХVІІІ ғасырдың өзге ірі билері секілді Ескелді де ел басына күн туған сәттерде руластарынан жасақ құрып, оларға басшылық етіп, туған жер мен елдің тұстастығын сақтап қалуға атсалысты. Талай жекпе-жектерде қарсы келген жауынан күш-қайраты мен жігері үстем болып, жеңіске жетіп отырды. Ол Жетісу өлкесіндегі қазақ-жоңғар соғыстарының көбіне қатысып, әсіресе Іле-Бақанаста, Қапалда, Текелі тауында, Үштөбе мен Шымылдық қарағайда өткен шайқастарда көзсіз ерлік көрсетіп, жорық жолдарында ұйымдастырушы, қолбасшылық қырларымен де танымал болды. Жұрт жадында жатталып қалған аңыздарда Ескелдінің жаужүрек батырлығымен қоса әскери істің шебері, соғыстың әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген, қабілетті қолбасшы ретіндегі тұлғасы жан-жақты баяндалады. Үштөбедегі алғаш жекпе-жегінде жаудың Долонхор батырын жер жастандырса, Іле бойындағы Лаузан-Шонаның түменімен болған соғыстағы жекеде қалмақтың жеті батырының басын қанжығасына байлайды. Жетісу батырларының сапында, әсіресе рулас Балпық би, Қабан (Қаблиса) жырауменен үзеңгілес жүріп күрескен Ескелді батыр жоңғарлар толық күйреп, шекара ауғанға дейін қолынан найзасы, белінен қылышы түспей ат үстінде жүрді.
Үшіншіден, Ескелдіні өзге билерден, рубасылары мен батырлардан ерекшелеп, оқшаулап тұратын тағы бір қыры – туыстарының, етене жақын ру-тайпаластарының келешегін ойлауы, оларды Сыр бойынан бастап жау тырнағынан босай бастаған атамекен, ата-бабалардың кіндік қаны тамған Жетісуға аман жеткізуі, замандастары Балпық, Қабан, Жолбарыс билермен бірігіп он екі ата Жалайырды алаламай әділдікпен қоныс бөліп беруі. Бұл да әйгілі Асанқайғы абыздың жөн-жосығымен еліне жайлы қоныс іздеген ұлы көштердің бірі еді. Белгілі фольклортанушы Ә.Диваевтың айтуынша Жетісу жұртын: «Үйсіннен Қасқарау Өтеген батыр, Суаннан Қараекенің баласы Дәулет, Жалайырдан Ескелді, Сыпатай,Байқоңыр батыр бесеуі жерге бастап алып келді».
Ел аузындағы бір әңгімеде Ескелді қасына жолсерік етіп Балпықты, Қабылиса мен Қоғыл көріпкелді ертіп жер шолуға шығыпты делінеді. Түс мезетінде Қараталға жетіп, жан-жағын ағаштар мен көк шалғын көмкерген өзеннің суына жуынып-шайынып, жан рахатына бөленіпті. Сонда Жетісудың осы бір жерұйығына тамсанған Ескелді би: «Па, шіркін, жер деп осыны айтсаңшы! Шеңгелі үйдей, қояны қойдай, балығы тайдай тулап жатыр. Жағасы жайдақ өзеннің жетім менен жесірлерге беретін нәсібі де мол ғой, – депті де атына мініп, берекелі өзенді әрлі-берлі кешіп өткен көрінеді. Бұл бүгінге дейін сақталып, жұрт кәдесіне жарап жатқан «Ескелді өткелінің» тарихы.
Төртіншіден, Ескелді өзіне тән Сиыршы руының ғана емес, он екі ата Жалайыр тайпасының, тіпті Абақ пен Тарақтан өрбіген иісі Үйсіннің, қала берді бүкіл Ұлы жүздің қабырғалы билерінің бірі. Сондықтан ол рубасы ретінде өз жұртының күнделікті тіршілігіне, тұрмыс-әлеуетіне, әлеуметтік жағдайына, құқықтық жағынан қорғалуына жауапты болды. Әсіресе, ел ішіндегі қылмыстық іс-әрекеттерді, дау-дамайды реттеуде, ағайын арасындағы, болмаса рулық мәселелерді шешуде біліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен танылды. Ескелдінің билігіне қатысты аңыздардың көбінде ол айыпкерді, даугер мен құныкерді бір-бірімен бейбіт түрде бітістіруге тырысып, үлкен руаралық жанжалдардың алдын алып отырғандығын аңғаруға болады. Ол дауды қарау үрдісінде айыпкерді мойындатудың далалық үлгілерін мейлінше шебер пайдаланып, қылмысты бұлтартпас айғақтармен дәлелдеуге тырысқан. Мысалы, бірде екі адам бір атаншаға дауласып, иесін анықтап беруді сұрағанда, екеуіне де оның енесін алдырып, екі жерге байлатады. Жұрт алдында әлгі атаншаның тақымына қыл бұрау салып бақыртқанда, анық енесі бұйдасын үзіп, төліне қарай ұмтылса, қатысы жоқ екіншісі күйсеп тұра беріпті. Кінәлі амалсыз ұрлығын мойындап, ел бидің қисынды дәлеліне таңырқаған екен.
Екінші жолы бір сәбиге екі әйел таласып, дауласқанда Ескелді екі жақты байыппен тыңдап, ақыры түйіні шешілмеген соң ішкі сезіктеріне барлау жасап (психикалық сараптау), баланы қылышпен шауып, екеуіне қақ бөліп беретінін айтады. Сонда баланы шын туған әйел оның амандығын тілесе, иемденіп кеткен әйел тірідей айырылғысы келмей, бидің кесіміне мойынсынады. Екі әйелдің арасындағы психологиялық тартысты терең сезінген Ескелді баланың өліміне бейжай қараған адамды кінәлі деп тауып, оны туған шешесіне қайтарып беруге шешім шығарады. Бұл мотивтің төркіні сонау Сүлеймен пайғамбардың заманындағы осы мазмұндас оқиғамен орайласады. Кейін бұл сарын «Сүлейменнің соты» деген айдармен «Інжілге» енгізілген. Қазақ халқы да әлемнің өзге жұрттары сияқты осынау көне сарынды жадтан- жатқа ауыстырып, бойына сіңіріп, билік үдерісіне пайдаланып келгенін көреміз. Әсіресе, бүгіндері Төле би, Қаздауысты Қазыбек, болмаса Ескелді айтты деген сөздер жүздеген жыл ауыздан-ауызға тарап келгені белгілі. Алайда қазақ билері бұл сарынды кесім алдындағы тергеуде айғақты дәлел таппаған жағдайда айыпкерді бұлтартпаудың тәсілі ретінде пайдаланып отырған. Оған «Әділ төрелік» деген аңызда аталған көне оқиғаны Ескелдінің аузына салып, кейін Төле би шеше алмаған дауды оның үлгісінде аяқтап, кінәлі әйел жазаланады.
Бесіншіден, Ескелді ауылдық, рулық, тайпалық деңгейлердегі дауларды шешуде бұлтартпас айғақтарды, қисынды дәлелдерді көркем ой мен шешен тілмен ұштастырып, байламды, кесімді тұжырымдарын бейнелі, кестелі тіркестермен, мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен, өлең-жыр үлгісімен жеткізіп отырған. Ол шаршы топ алдында, ел мәселелерін көтерген тартыстарда түйіні шиеленіскен дауды екі-ақ ауыз сөзбен шешетін жүйрік тілді шешендігімен де ерекшеленді. Сондықтан ел арасында Ескелді айтыпты деген сөздерде шешендік дау да, шешендік арнау да, шешендік толғауда да кездеседі. Бірде Сарыүйсіннің атақты Сары биі жер дауымен келіп, Ескелдінің үйінен түстеніпті. Қолын шайып, ұсынылған сүлгінің ортасынан ұстап, сүртініп, ұзақ тұрып қалыпты. Сонда себебін сұраған Ескелдіге қарап: «Бір мәні болғаны ғой. Түсінсеңіз түсінерсіз, түсінбесеңіз көрерсіз», – депті. Ескелді бір мырс етіп: «Шетінен сүртінсеңіз, «бірігіп ел боламыз» дегеніңіз еді. Екі ұшына сүртінсеңіз, «еліңді екі бөлемін» дегеніңіз еді. Ортасына сүрттіңіз, «ортаңды қақ жарып, қоныс аламын» дегеніңіз ғой. Асқақ ойлап, астамшылыққа ұрынсаңыз, ел обалы мойныңызда»,– дейді. Осы аталы сөзге тоқталған Сары би елін Іледен өткізіп, Алатау баурайына көшіп кеткен көрінеді. Сондай-ақ Ескелдінің соңында қалған мұралардың арасынан «Бақ пен дәулет тең келсе, Адамның толар кемелі», «Сабыр – ақыл серігі», «Ел қонбаса – жер азады, Жер болмаса – ел азады», «Абыройды төккенің – кісіліктен кеткенің», «Дұшпаным өзімнен зерек болғай» сияқты т.б. мәтелдер мен нақыл сөздерді мол ұшырастыруға болады.
Алтыншыдан, сол кезеңдегі өзге де билер сияқты Ескелді де жыраулық, әулие-көріпкелдік қасиеттерден кенде болмаған. Жаугершілік замандарда, әсіресе ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығында халықты жауға қарсы күреске жұмылдырып, елдікке, ерлікке, отансүйгіштікке үндеуші басты идеологтардың қатарындағы жыраулардың көпшілігі бидің де қызметін атқарса, қазақ тарихында із қалдырған билердің де ақындық, жыраулық қасиеттері басым болғаны баршаға мәлім. Сондықтан бұл үдерістен Ескелдің де сырт қалмағаны – заңдылық. Онымен үзеңгілес жүріп, ХVІІІ ғасырдағы ел басына күн туған ауыр кезеңдердің ыстығы мен суығын тең бөліскен Қабан жырау Жалайырдың Мырза руының қабырғалы биі болса, Оған қатысты сақталып қалған мұралардың қатарында Аңдас Балпық би айтыпты деген толғаулар жұрт жадында аз сақталмаған. Мысалы, Ескелдінің шабыттанып кеткенде жырауларша төгіп-төгіп жіберетінін қарт абыз Төле биге айтқан мына арнауынан айқын аңғаруға болады:
Армысыз, ата!
Таудан аққан бұлағым,
Жауға шапсам ұраным.
Сыйынсам да Аллаға
Өзіңді айтып тұрамын!
Алты Алаштың өрісің,
Халқымыздың төрісің.
Өзің ғана табасың
Әрбір істің желісін.
Болмаса, «Есерліктің белгісі, Кеуде соғар, керілер. Өсекшілдің белгісі, cөзі жылмаң көрінер», – деген жыр жолдарынан құралған дидактикалық сарындағы толғауын дәстүрлі жыраулар поэзиясынан алшақ деп айта алмаймыз.
Ескелдінің тағы бір қыры, көбіне жыраулардың бойына тән әулиелік, көріпкелдік, келешекті болжаушы сияқты тылсым күштердің де иесі ретінде халық сенімін иеленуі. Ел аузындағы қария сөздерге сүйенсек, оның бойындағы мұндай қасиеттер бала кезінен белгілі болған. Соның бірін мынандай сюжеттің желісі құрайды. Бірде бесікте жатқан Ескелдіден өзге ешкімнің жоғын пайдаланып бір бейтаныс адам Жылкелдінің үйіне кіріп, керегеде ілулі тұрған қылышты алып кетіпті. Біраз жылдардан кейін әлгі адам тағы келіп, қонақ болып отырғанда ойын баласы Ескелді оны танып қалып, үйдегілерге өткен қылышқа қатысты оқиғаны баяндап беріпті. Сондағы қолы суық адамның түр-келбетін, киген киімін, іс-әрекетін толық баяндап, оның қылмысын мойындауына мәжбүр еткен. Бұл әңгімені жоғарыда көрсетілген бәйгеден келген ат туралы, немесе Балпыққа Алладан перзент тілеуі жөніндегі, болмаса көз тиген тайлақты қамшымен жазып жіберуіне байланысты, әйтпесе киелі жез қармағымен Балпықтың қашқан атын байлап тастауына қатысты т.б. аңыздар толықтыра түсіп, Ескелдінің әулиелік, көріпкелдік дарынын айқындай түседі.
Жетіншіден, Ескелді бидің тарихи тұлғасы, ірі қайраткерлік келбеті қазақтың ауызша тарихында тек рулық, тайпааралық дау-жанжалдарды үйлестіруші ғана емес, елдің сыртқы істеріне де араласқан қанігі саясаткер, жұртының тыныштығын ойлаған елші-бітімгер ретінде де көрініс береді. Атап айтқанда, «Суан да ортақ, су да ортақ» деген аңызда жапсарлас жатқан Жалайыр мен Суан арасындағы барымта дауын, «Ескелді мен Қараменде бидің кездесуі» атты әңгімеде құн дауын әділ шешіп, алғашқысында тайпааралық, екіншісінде Ұлы жүз бен Орта жүз арасындағы қылмыстық іс-әрекеттерді ел мүддесі тұрғысында қарастырып, екі жақтың ынтымақ-бірлігін сақтап қалғанын аңғаруға болады.
Енді бір аңызда Ескелді жау қолына түседі. Оны қолға түсірген батыр ұлына үйіндегі ұры мысықты елсізге апарып тастауды бұйырады. Бала діттеген жерге барып, мысықты лақтырғанда ол аттың бауырына жабысады да ат үркіп, баланың аяғы үзеңгіде кетеді. Тулаған аттың тепкісінен бала түсіп қалып, жұлынған бір аяғы үзеңгіде кетеді. Қалмақ батыры бұл қасіретін Ескелдінің киесінен көріп, оны босатып, тілегін сұрайды. Сонда би оның ел шегінен жыраққа көшіп кетуін сұрайды. Оның тілегі орындалып, ел басына тыныштық орнайды. Сөйтіп, Ескелді өзіне төнген қауіпке қарамай бойындағы бар асыл қасиетін жұмсап, қантөгісті соғыссыз, бейбіт бітімге келіпті.
Абылай тынымсыз соғыстардан ығыры шыққан кездердің бірінде жоңғар жағына Ескелді бастаған елшілер тобын аттандырады. Жоңғар ханының алдында Ескелді қазақ-қалмақтың түпкі тегі бір екендігін, тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрдің де ұқсастығын термелей жеткізіп, арадағы араздықты ата-бабалардың дәстүрімен бейбіт түрде шешуді сұрайды. Оның жолын: «Даудың түбін қыз бекітеді, судың түбін шым бекітеді. Жаудың түбін тіл бекітеді» деген далалықтардың ортақ ұстанымы айқындап беретінін де құлаққағыс етеді. Сонда Ескелдінің ұсынысын қолдаған хан беретінін қызды елшінің өзіне қосып, ұзатпақ болады. Тағы да жауап сөздің қисынын тапқан би: «Салтты санасыздар бұзады. Ел ағасынан бұрын елші жол алмас болар. Абылай еліміздің айбыны да, ағасы да, тақсыр! Жол алдымен хан иемдікі!»– депті. Сөйтіп, бейбіт келісім жасалып, жоңғар ханының Қандан есімді қызын Абылай алыпты. Аңыз бойынша бұл әйгілі Қасым сұлтанның анасы болса керек.
Азды-көпті ел есінде қалған халық туындыларындағы ауызша мәліметтер Ескелді Жылкелдіұлын он екі ата Жа- лайырдың көшбасшысы ретіндегі орнын, сондай-ақ Жетісу өлкесінің, жалпы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени өміріндегі рөлін, сол тұстағы халық мүддесі үшін атқарған орасан еңбегін баяндайды. Біз жоғарыда тарихи тұлғаның қысқаша ғана ел билеудегі, адал төрелік, әділ кесім етудегі, айбынды батыр-қолбасшы тұлғасында ел қорғаудағы, әулие-көріпкелдікпен ел келешегін жорудағы, мәмілегер елші-дипломат, сөз өнерінің шебері-шешен ретіндегі қырларын сөз еттік. Ал оның дала заңдылықтарының, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің білгірі абыздық-шежірешілік қызметі, философиялық ой-түйіндері, шешендік, ақын-жыраулық бейімдері толық қарастырылмады. Сондықтан келешекте Жетісу өлкесінің, жалпы қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы тарихын толықтыруда Ескелді бидің ерен еңбегі ескеріліп, оның тарихи болмысы жан-жақты зерттеледі деген ойдамыз.
Тоқтар ӘлІбеков,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты қолжазба бөлімінің меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты
Сабақ тақырыбы: Қаз дауысты Қазыбек би.
Сабақтың мақсаты:. Оқушыларға Қазыбек би Келдібекұлының өмірі мен шешендігі, оның халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, әділ қазы, қоғам қайраткері болғандығы жайында мағлұмат беру, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың нәтижесі: Оқушылар Қазыбек бидің өмірі мен шешендігі,оның халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, әділ қазы,қоғам қайраткері болғандығы жайында ақпарат алады, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Табыс критерийі: 1. Қазыбек бидің өмірі жайында білемін.
2. Қазыбек бидің шешендігі жайында білемін.
3. Халықаралық дәрежедегі елші-дипломант, әділ қазы, қоғам қайраткері болғандығын білемін.
Қолданылатын модульдер: Талантты және дарынды балаларды оқыту, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету,Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқытуды басқару және көшбасшылық, Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялық іс әрекет: «Топтастыру» әдісі, «Тақырыбын тап» әдісі, «Венн диаграммасы» әдісі.Кері байланыс смайликтер арқылы.
Уақыты |
Мұғалімнің іс –әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Ресурстар, көрнекі құралдар |
5 мин |
Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сандар (1,2,3,4,5) арқылы топқа бөлу |
Мұғаліммен сәлемдеседі. Шаттық шеңберін жасап, бір-біріне өздерінің таңертең естіген алғашқы әдемі сөздерін айтып көңіл күйлерін көтереді. Сандар (1,2,3,4,5)бойынша топқа бөлінеді. |
|
6 мин |
Үй тапсырмасы «Топтастыру» әдісі бойынша плакат, маркер, стикер таратып беріп, өз ойларын постерге түсірулерін айтамын. |
Оқушылар тақырыптан түсінгендерін плакатқа түсіреді, постерлерін қорғайды. |
Плакат, маркер, стикер |
18мин 3 мин 7 мин |
Негізгі бөлім (жаңа сабақ) Қазыбек би. «Тақырыбын тап» әдісі бойынша берілген тақырыпты мағыналық бөлікке бөліп беру. Сергіту сәті «Көңілді күн » Сабақты бекіту «Венн диаграммасы» бойынша Төле би мен Қазыбек бидің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату. |
Оқушылар әр бөлімге лайықты тақырып таңдап, ат қояды. Мәтін бөлігіне тақырып қою үшін мұқият оқып, негізгі түйінді, тақырып мазмұнын түсінуге тырысады. Интербелсенді тақтаға қарап, қимылды салады. Оқушылар Венн диаграммасы бойынша тірек сызбалар арқылы Төле би мен Қазыбек бидің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады. |
Оқулық Интербелсенді тақта. Оқулық, дәптер |
2мин 2 мин 2мин |
Қорытынды бөлім Бағалау Өзін – өзі бағалауға нұсқау беремін Үйге тапсырма Қазыбек бидің өмірі мен шешендігі жайында түсініп оқу. Рефлексия Тақтаға көңіл күйді білдіретін үш түрлі смайликтер ілу. |
Өзін-өзі бағалау парақтарына жазады. Топ басшылары бағалау парағындағы бағаларды айтады. Оқушылар өздеріне бүгінгі тақырыптың қаншалықты түсінікті, түсініксіз екенін білдіру үшін тақтадағы смайликтерге стикерлер жабыстырады. |
Кеспе қағаздар. Бағалау парағы Стикерлер. |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…