Ескерткішті? ашылу салтанатына сценарий

Ахмет-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар.. учителю, Мероприятия, Ахмет Байтұрсынұлы ескерткіш ашылу салтанаты

Мектеп дәлізі тақырыпқа сай безендірілген, ескерткіш, қызыл дорожка

1-жүргізуші

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдық мерей тойына және мектебіміздің 10 жылдық мерей тойына орай Ахмет ескерткішінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жөн сілтедім жақын емес , алысқа

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда

Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа!»

«Адам баласының дүниеде шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет» деп ақындарымыз айтқандай адамдық диқаншысы-Ахмет Байтұрсынұлы еді…

Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың аруағына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық…

1-жүргізуші

Ұлтымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішінің ашылу салтанаты мектеп директоры Кенжеков Сансызбай Домбайұлы мен Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және даярлау институтының директоры Измуханбетовнаға Софья Салахадинқызына беріледі

Ескерткіш ашылу салтанаты (музыка). Гүлшоқтарын қою..

2-жүргізуші

Сөз кезегін мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, мұражай меңгерушсі – Есентемиров Тілеген Наурызбайұлына беріледі.

1-жүргізуші

Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы…

2-жүргізуші

Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңыдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан  1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше  буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

1-жүргізуші

Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында  емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 жылы  “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 жылы “23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.  А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану  ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы.

2-жүргізуші

Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан  1922 жылға  дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятты

1-оқушы

Оқуға шақыру

Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

2-оқушы

Ахмет Байтұрсынұлына арнау

Қасиетті асыл мұра көздерім,

Сауатсызға күрес ашқан өздерің.

Тұған елге ана тілді мирас қып,

Ел есінде сүргін болған кездерің.

Әліпбиден оқулыққа жол ашқан,

Арабшасы қазақшаға жанасқан.

Ұлы ғалым сен өлмейсің мәңгілік,

Байтұрсынұлы Ахметтен кім асқан?!

Мұхиттан гауhар таптың қазақ елге,

Тот баспас алтын әріп соққан желге.

Инемен құдық қазған білім деген,

Айналды ұл-қыздарың кемеңгерге!

1-жүргізуші

Ахмет-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахметті өзінің басшысы деп санайды. Ахмет ашқан қазақ мектебі, Ахмет түрлеген ана тілі, Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-болып істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.

2-жүргізуші

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,            

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін     

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын                

 Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,- деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып тұр.   

  А. Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек.           

Мектебіміздің төрінен орын тепкен Ахмет атамыздың ескерткіші — оның өмірі мен шығармашылығын келер ұрпаққа мәңгілік өнеге етіп жалғастырмақшы. Ахмет Байтұрсынұлы рухына тағзым ете отырып, бүгінгі ескерткіш ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тәмамдаймыз!

Тақырыбы: <<Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып>> атты ескерткіштің ашылу салтанаты.

Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін,туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата — бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен өскелең ұрпақ! Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. 9 мамыр Жеңістің 66 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі <<Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып>> атты ескерткішіміздің ашылу салтанатына қош келіпсіздер!

Музыканың ырғағымен АӘД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін.

(Әнұран орындалады).

Жүргізуші: Аталарымыздың ерлігін жыр ету, оны өнеге ретінде ұрпақ бойына сіңіру, ең алдымен ұстаздардың міндеті болмақ. Ондағы батыр тұлғалардың бойындағы қасиеттерді ашып көрсету, тәрбие жұмысының негізгі міндеттерінің бірі.

Дыбыстық ролик: (День победы әні орындалып тұрады)
Еліміздің қорғаны, халқымыздың қалауы болып…
Биыл даңқты мереке жылы болып отыр, сондықтан да егемендік пен тәуелсіздік алып өркениетті демократиялық қоғам орнатуға батыл қадам басқан ұлттар мен ұлыстар мекендеген халқы бар, ынтымағы жарасқан, ой парасатты азаматтары бар, Қазақстан Республикасында, сондай — ақ Түлкібас ауданындағы бұл мейрамды терең жан толғанысымен, жүрек сыздауымен, мақтаныш сезіммен, қуаныш сезіммен атап өтпейтін бір де бір адам және отбасы жоқ.
Иә, Отан — ана өзінің 27 миллион ұлдары мен қыздарынан айырылды. Олар дала төсінің ерлері, инженерлер мен ғалымдар, қысқасы адамдардың зор бақытын жасаушылары бола алатын еді. Өмір мен өлім арасында отты майдандарда қазақстандықтар, солардың ішінде өзіміздің осы Даубаба ауылының өрімдей азаматтары қыршын кетті. Зұлым жауға қарсы күреске 1 миллион 200 мың қазақстандықтар қатысты. Олардың 200 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен награтталды. Ал, 500-і Кеңестер Одағының Батырлары атағына ие болды.
66 жыл толып отырған Жеңісті жақындатуға біздің ауылымыздың халқы да өзіндік үлес қосып, тарих шежіресінде өз іздерін қалдырды.
Қазіргі ұл — қыздарымыздың қызығын көріп отырған ардақты ақ шашты әжелеріміз тылда еңбек етіп, соғысқа өз үлестерін қосты. Жауынгерлерді киіммен, азықпен, қарумен қамтамасыз етуде жанқиярлықпен үлестерін көрсетті.
Мінеки, бұл күндері соғыстың аяқталғанына 66 жыл уақыт өтті, бірақ соғыс әкелген қайғы мен азапты біздің халқымыз ешуақытта есінен
шығармайды.
Аудан бойынша әлі де болса, санын анықтауды қажет ететін деректерге жүгінсек, мыңдаған жауынгер майдангерлердің елге оралмағаны, белгісіз кеткені байқалады. Оның ішінде біздің аталарымыз, туыс бауырларымыз бар екендігін естен шығармаймыз. Бұдан артық қайғы мен қасірет бар ма?

Ескерткіштің ашылу рәсімі. (Муз. День победы)

Жүргізуші: Ескерткіштің ашылу рәсімін Ауданымыздың әкімі Абдуалиев Қайрат мырза, мектеп директоры Әлібаев Сәкен мырза және тыл қызметкері ………. апа(ата) жүргізеді.

От жағу рәсімі жүргізіледі.

Жүргізуші:
Құттықтау сөзін аудан әкімі Абдуалиев Қайрат мырзаға береміз. (сөйлейді)

Жүргізуші: Адам тарих. Адам кешкен жолын ұқ,
Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.
Сұрапылдан дауа таппай шерленген,
Әлем демін әрең алды шеңберден.
Ажыратып қанды қара шеңгелден,
Жарып шықты қарғыс пенен өлімнен.

Хор: <<Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген>>. (соңында ақ кептерлер ұшырылады).

Жүргізуші: (музыка Журавли) Ер есімі — ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер — азаматтар естен мәңгі шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері
1.
2. Анарбаев Сағындық
3. Айтбаев Әлтай
4. Айтбаев Құдайберген
5. Аблаев Ысырайыл
6. Айтбаев Қожатай
7. Әшірбеков Сарыбай
8. Әшірбеков Кенжебай
9. Баймырзаев Дауылбай
10. Байдауылов Жақсыбай
11. Бұғыбаев Ыбырайым
12. Бижанов Үсіпбек
13. Бердібаев Ақылбек
14. Бердібаев Ағабек
15. Баймбетов Н
16. Дәуірбаев Тұрғынбай
17. Дәуірбаев Кәрібай
18. Дабаев Тұңғышбек
19. Дүйсебаев Ділдәбек
20. Есдәулетов Айдарбек
21. Ермағанбетов Әбдірәсіл
22. Ембердиев Ордабек
23. Ембердиев Өмірбек
24. Есмұратов Өстемір
25. Есімбеков Жүнісбек
26. Жөргенбаев Жұман
27. Жәрімбетов Өскенбай
28. Жауғашбаев Әлмеш
29. Жауғашбаев Тойшыбек
30. Жақыпов Қырықбай
31. Жақыпов Аман
32. Жақыпов Орынбек
33. Жаулыбаев Тойшыбек
34. Жаулыбаев Зәуірбек
35. Жаулыбаев Мақай
36. Жарқынбаев Сейдалы
37. Исаев Кенжебек
38. Көмекбаев Исабек
39. Керімбаев Дәулет
40. Құмғанбаев Спабек
41. Қошанов Матыш
42. Қарамұрзаев Төребек
43. Қылқанов Таңатар
44. Қылқанов Тоқсанбай
45. Қырықбаев Абылай
46. Қисықов Мүсірәлі
47. Қисықов Үсенәлі
48. Қуанышбаев Жиенбек
49. Құлымбетов Кәдірқұл
50. Құдасов Дәрібай
51. Құмғанбаев Затыбек
52. Қаратаев Өмірбек
53. Мендекеев Асан
54. Мадияров Бажақай
55. Мырзақұлов Әлібек
56. Мәмиев Қилыбай
57. Нұржанов Мырзайыл
58. Нарбаев Жүнісәлі
59. Наурызбаев Байтөле
60. Наурызбаев Төретай
61. Наурызбаев Сапарбай
62. Наурызбаев Жұмәділ
63. Наурызбаев Лесбек
64. Нарымбетов Әліқұл
65. Нарымбетов Жексенбі
66. Оразбаев Рысқұлбек
67. Оразымбетов Құлибек
68. Оразымбетов Жүнісбек
69. Өтеулиев Тұратай
70. Өтеулиев Тұрақұл
71. Өтегенов Әбдеш
72. Өтегенов Ерназар
73. Пұшанов Ынтымақ
74. Рашев Ақылбек
75. Рашев Талдыбек
76. Садықов Бәйірбек
77. Сыдықов Ағабек
78. Сыдықов Қаныбек
79. Сұлтанов Әуесхан
80. Сұлтанов Сейтхан
81. Станбаев Батыр
82. Станбаев Мамыт
83. Сазаев Кенжебек
84. Сазаев Төтей
85. Станбаев Құрбан
86. Садықов Зиябек
87. Тәукебаев Болысбек
88. Төлебаев Рүстем
89. Тоқымбаев Жұмағұл
90. Тұрабаев Өтеулі
91. Төлебаев Жүнісбек
92. Төлебаев Тастан
93. Тналиев Айдарбек
94. Тоқымбаев Тасыбек
95. Тоқымбаев Тілеуқұл
96. Төлепбергенов Мамырбек
97. Төлеев Түктібай
98. Төлеуов Тілеуқабыл.
99. Жұмабаев Қаратай
100. Дәуітбеков Сейітбай
101. Салыбеков Әбдірахман.
102. Байжігітов Құлыбек.
103. Бөртекеев Намаз
104. Қыдыралиев Бегалы
105. Есімбеков Сейдалы
106. Отарбаев Есімбек
107. Жауғашбаев Төрехан
108. Құрманалиев Құдайқұл
109. Құрманалиев Бүркітбай
110. Пірімжаров Ақылбек
111. Пірімжаров Мақұлбек
112. Бөртекеев Әлімбек
113. Қуанышбаев Б.

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектебіміздің директоры Әлібаев Сәкен Сармантайұлына беріледі.

Жүргізуші: (музыка Однополчане)
<<Көк түтінге көмемін>> — деп көгімді,
<<Ес жидырмай еземін>>, — деп елімді.
Келді фашист — жеңе алмады бірақ — та,
Бақыт үшін қаншама қан төгілді.
Көрші үйіне қара қағаз келіпті,
Қайран аға қан майданда өліпті.
Ерлігіне ескерткішті орнатып,
Жолдастары басына гүл қойыпты

Венок әкелініп, қойылады. Гүл шоқтары қойылады.

Жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Құрметті қонақтар , соғыста қаза болған батырларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. ( 1 минут үнсіздік )

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі аудандық мәслихаттың депутаты Әбдімүтәліп Сапаров мырзаға беріледі.
Бастауыш сынып оқушылары:
Сүйінші , халқым сүйінші,
Сүйіншіге — сүйінші!
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан ата-бабамыз!

Кек қайтарып фашистен ,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке!

Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі тыл еңбеккерлері Зиякүл апа пен Бейсеқұл аталарымызға және осындай игі істі басынан соңына дейін ұйымдастырып жүрген Кенжебеков Жанұзақ ағаларымызға беріледі.

Жүргізуші: (Би <<Қара жорға>>) Қазақтың ұлттық биіне айналған <<Қара жорға>> биін тамашалаңыздар.
АӘД пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ҚР Мем. Туы әкетілсін.
Жүргізуші: Осыменен бүгінгі <<Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып>> атты ескерткішіміздің ашылу салтанаты аяқталды. ….

Өткізілу орны: Ертіс ауылы
Основная церемониальная точка определена на площадке парадного входа, где установлены два микрофона, пространство входа перекрыто символической ленточкой, территория украшена шарами, флажками. Звучат фонограммы казахских песен и кюев, звуковые фанфары.

Жүр:Қайырлы күн! Қадірменді меймандар, қымбатты ата-аналар, бүлдіршіндер, тарбиешілер! Ертіс аулындағы жаңа бой көтерген қазақ бала -бақшасына, Қош келдініздер!
Вед:Добрый день! Дорогие гости, участники знаменательного торжества! Нынешней праздник стал возможным благодаря целенаправленной политике и государства, которая во главе с Президентом Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым уверенно и неуклонно осуществляет конкретные меры по развитию социальной сферы и государственного языка.
Жүр:

Биікке баулып жастарды,
Алар талай асқарды.
Жана бала бақшаның,
Ашылу салтанаты басталды!

балабақша ашылу салтанаты.

Вед:

Жизнь становится светлей и краше,
Всё быстрее и чудесней бег
Вот опять в родном Иртышске нашем
Открываем новый мы объект.
С ним связали мы мечты и устремления,
Детский смех, и поиск и полёт,
Открывает садик – вдохновенно,
В путь к познанию детей зовёт.

Жүр:Жана бала бақшаның ашылу салтанаты ашық деп жариялаймыз!
Вед:Торжественное открытие детского сада объявляется открытом!

Жүр:

Құтты болсын туған күн, бала бақша!
Табысыңмен қуанта Бер ертеңгі.
Осы ұядан ұша берсін ылғи да,
Білім қуған еліміздің түлегі.
Вед:Сегодня на торжественном открытии нового объекта присутствуют:

Жүр:

Бала бақшаның салынуына өз уақытын аямаған еліміздің азаматтарына, жомарт жандарға мың алғысымызды айтамыз. Баршаңызға зор денсаулық жанұяларынызға бақыт тілейміз.
«Өз елім» – Замандас вокалдық тобы (Бека,Азамат)

Вед:Слово для поздравления предоставляется Акиму Иртышского района Левченко Владимиру Ивановичу.
Жүр.Құттықтау сөз аудандық маслихат хатшысы Зейнішев Хамза Зейнішұлына беріледі.
Жаз қызығын тауысып,
Лүпіл қағып жүрегі.
Бөбектер жүр қуанып,
Бала бақшаның ашылу күнінде.
Жүр:. Осы ортаға зәулім, әдемі ғимаратта тілім тәрбие алатын кішкентай кішкентай бұлдүршіндерімізді шақырамыз!Қарсы алыңыздар!
/звучит музыка/
Вед:. А так же на сегодняшнем празднике детей к нам в гости пришли сказочные герои, это колобок и пес Барбос, встретим их бурными аплодисментами.
— Сәлеметсіздерме балалар, здравствуйте ребята! Мы прехали к вам из нашей волшебной страны сказок по поручению доброго волшебника. Он поздравляет всех детей села Иртышск с этим прекрасным событием, и поручил нам выполнить особую миссию вручить вам ключ от нового здания6 который откроет для вас мир сказок, знаний и улыбок. Позвольте нам зачитать приказ: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар Ертіс ауылындағы Жана бой көтерген бала бақшаның ашылуы құтты болсын! Жан бұлдіршіндер осы Жана бала бақшада, ойнап күліп уақыттарыңызды қызықты өткізіп білім тәрбие алынып, балғын бал дәурен балалық шақтарыңыз бақытты болып еліміздің болашағы мақтанышы болуларыңды бұйырамын!
— ребята прежде чем дать вам волшебный ключик, мы хотели бы посмотреть и послушать наших маленьких звездочек.
/Музыка, дети, стихи/
Жүр:Тыңданыздар ,тыңдаңыздар! Жаңа бала – бақша ғимаратының салтанатты ашылуын бастаймыз!
Вед:Внимание, внимание! Начинаем торжественную церемонию открытия нового детского сада!

Вед:Право разрезать ленточку предоставляется Акиму Иртышского района Левченко Владимиру Ивановичу и
Звучит торжественный кюй. Две девушки подходят к официальным лицам с разносами, на которых расположены подушечки с ножницами. Производится церемония разрезания ленточки.
Производится обряд «ШАШУ», звучит национальная музыка/

Жүр:Құрметті халайық! Ертіс ауылында бой көтерген жаңа бала-бақша салтанаты түрде ашылды.
Вед:Открытие Детского сада села Иртышск состоялось.

Жүрг:Қымбатты достар! Қадірлі меймандар! Бала бақшаның ашылу салтанаты өзінің шарықтау шегіне жетті, біз сіздерді осы құтты қадаммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, еңбекте жаңа белестерге жете берулеріңізге тілектеспіз. Сау-саламат болыңыздар!

Вед:Дорогие друзья, уважаемые гости! Торжество, посвящённое открытию детского сада, завершён. Мы ещё раз поздравляем вас с этим знаменательный событием. Желаем вам здоровья, счастья, новых трудовых успехов и всего самого наилучшего!

★★★★★★★

Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.

↓↓↓

ТАПСЫРЫС ЖАСАУ

Мектеп спортзалының салтанатты ашылуының сценарийі

Күні: 1 желтоқсан

Орны: мектеп спортзалы

Қатысушылар: мектеп ұжымы, оқушылар, қонақтар

Жүргізушілер:

Бағдарламасы:

Қонақтарды қарсы алу 10.00-11.00-де

Іс-шара 11.00-11.40

Спорттық шаралар 12.00-14.00

Шақырылған қонақтар:

Педагогикалық еңбек ардагерлері:

Демеушілер:

Әкімшілік:

Күй ойнап тұрады

1 ведущий: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Қаратал орта мектебіне қош келдіңіздер!

2 ведущий:  Уважаемые гости! Сегодня мы все станем участниками исторического момента, большого события в жизни нашего села-открытия дополнительного корпуса школы.

2 ведущий: Осы салтанатты рәсімді орындау аудан әкімі _______________________пен Қазақстан Республикасының еңбек ардагері ____________________________________________беріледі.

2 ведущий: Теперь, уважаемые гости просим пройти в зал.

1 жүргізуші:Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды.

Ел тынысын тереңінен танып кең,Шарапаты бар адамға дарып тең.Елбасының есімі бұл тарихтаҚалар анық өшпес алтын әріппен.

2 жүргізуші: Казахстан – единое многонациональное государство. Развитие и процветание Казахстана – это колоссальный труд Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева – политического деятеля мирового масштаба. Прогресс Казахстана за годы независимости стал возможен благодаря лидерству Президента. Республику отличают высокие темпы экономического роста, стабильность совершенно нового становления общества.

Свободен, величествен и первоздан,

Звезде подобный средь земель и стран,

Кюй счастья ты наигрываешь звонко,

Родной мой лучезарный Казахстан!

«Жігіттер» тобының орындауында «Жаса,Қазақстан!» әні

1 жүргізуші: Бүгінгі күн біздер үшін ерекше, себебі: аудан әкімінің бастамасымен және қолдауымен қосымша оқу кабинеттері – ұлдар мен қыздарға арналған технология, мектеп алды даярлық кабинеттері әзірленсе, шағын орталық қайтадан жаңартылды. Ең бастысы біз армандаған спортзал ашылмақшы. Сондықтан аса ерекше құрметпен _____________,құттықтау сөзді Сізге береміз.

Қыздардың орындауында «Спорттық би».

1 жүргізуші:Әр баланың балаң жүрегіне мейірімділік нұрын ұялатып, оның болашаққа деген үлкен сенімі мен үмітін үкілеп беретін,ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Олай болса сөз кезегін _______________________________.

Оқушы: Менің Президентім-тәуелсіз қазақ елін тарих сахнасына шығарып, дүниежүзіне таныстырған да, табыстырған да тұлға.

Оқушы: Менің Президентім-тәуелсіз қазақ елінің абырой-беделін асқақтатып, әлемге әйгілеген саңлақ саясаткер.

Оқушы: менің Президентім-тәуелсіз Қазақ елінің тілі басқа, тілегі бір тұрғындарын бір тудың астына топтастырған, бірлік пен татулықтың тірегі.

Оқушы: Менің Президентім-тәуелсіз Қазақ елінің экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жетекші елдермен терезесін тең ұстаған көреген көшбасшы.

Оқушы: Менің Президентім-ұлттық тіліміз бен дәстүрлі дініміздің берік қорғаны.

Оқушы: Менің Президентім-тәуелсіз Қазақ елінің ғылыми болашағы — жастарымыздың білім алып, еңбек етуіне бағыт-бағдар беріп отырған жанашыр қамқоршысы.

Оқушы: Дети мира – это мы!

Так сказал наш президент.

И об этом пусть узнает каждый континент.

Мы хотим, чтоб наша дружба,

Еще крепче стала.

В 21 век шагнула

Юность Казахстана!

1 жүргізуші: Ел ағалары әрқашан жас ұрпақты бірлікке, елжандылыққа тәрбиелеуге баса назар аударған. Төле би бабамыздың: «Жүзге бөлінгеннің жүзі қара» деген аталы сөзі бар. Сондай-ақ, табиғатынан дарынды қазақ халқында: «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» дейтін ауызбіршілікке шақыратын жалынды сөз кездеседі. Бұл аталы да, баталы сөздер әр қазақтың жүрегінен орын алуы керек деген ниетпен келесі сөз кезегін ҚР еңбек арддагері медалінің иегері ___________________________________ береміз.

Ән «Қазақ елі» (_____________________)

2 жүргізуші:На базе нашей школы занимаются секции футбола, легкой атлетики, гиревого спорта, армрестлинга.При школе функционирует хоккейный корт. В спортивном зале уже 5 лет работает секция по греко-римской борьбе, под руководством директора Детско-Юношеской Спортивной Школы района ________________, мастера спорта СССР по греко-римской борьбе _________________________________.

2 жүргізуші:

Денсаулық ол- шыныққан

Барлық дене мүшесі.

1 жүргізуші:

Денсаулық ол -тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі

2 жүргізуші:

Денсаулық ол- күлуің

Көңіл — күйің жадырай,

1 жүргізуші:

Денсаулық ол- жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

2 жүргізуші:

Спорт, ребята, очень нужен,Мы со спортом крепко дружим.

1 жүргізуші:

Спорт – помощник!Спорт – здоровье!Спорт – игра!

Бірге: Физкульт – ура!

2 жүргізуші: Спорттық жетістіктер шеруі.

(Под музыку спортсмены выносят Кубки и медали, завоёванные спортсменами школы, ведущие называют имена спортсменов, их заслуги, затем – за какую победу получен Кубок или медаль)

Халық Арай-призер района по греко-римской борьбе и армрестлингу, член сборной района

Зикрин Арман-грек-рим күресінен аудан жүлдегері, аудан құрама командасының мүшесі

Казбеков Жанибек-призер района по футбола

Бейбутов Ансаган-футболдан аудан жүлдегері

Рустемова Диана-чемпион района по настольному теннису, член сборной района по футболу

Айтжанов Ермахан-грек-рим күресінен, футболдан аудан жүлдегері, аудан құрама командасының мүшесі

Жумашев Аскарбек-грек-рим күресінен аудан жүлдегері

Рашев Руфат-призер района по греко-римской борьбе

Салимов Ерлан-грек-рим күресінен, футболдан аудан жүлдегері

Кайырбек Сания- чемпион района по армрестлингу

Сонымен қоса мектептің құрама командасы

2014 жылы қыздар командасы аудандық футзал ойындарында 3 орынға ие болды

В 1 этапе областного турнира детской спортивной игры «Я-чемпион»команда школы заняла 2 место

Аудандық «Жасұлан-2014» сапта тұрып ән айту байқауында — 1 орынға ие болды

2015 жылы грек-рим күресінен аудандық жарыста – 1 орын алды

В районных соревнованиях по футболу — 3 место

аудандық футзал ойындарынан – 2 орын

Аудандық «Жасұлан-2015» сапта тұрып ән айту байқауында — 1 орын.

1 жүргізуші: Өлеңге әркімнің ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы» — деп Абай атамыз жырлағандай,

жақсы лебізін естімекке сөз кезегін аудандық білім бөлімінің басшысы _________________________________________ береміз.

Ән «Көк тудың желбірегені!»

Балалардың қолдарында жалаушалар, шарлар

Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесіне байланысты халыққа сөзін арнаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Ерте заманның өзінде біздің бабаларымыз денсаулықты зор байлық деп ұққан. Бағзы заманда айтылған өсиеттен ауытқымаған мемлектіміз, азаматтардың рухтық берік және ден саулығының мықты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап отыр». «Тек денсаулығы мықты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті. Сондықтана да, біздің мемлектіміздің стратегиялық бақыттағы саясатының бірі бұқаралық спорт қозғалысын дамыту болып саналады. Биылғы жылғы Қазақстан халқына жасаған Жолдауымда мен – 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын дене шынықтыру мен спортқа тарту қажеттігін аса маңызды міндеттің  бірі етіп айттым», — деді Қазақстан Президенті. Сурет ҚР Президентінің баспасөз қызметінен алынды, мұрағат

«Бекітемін»

№55 «Қыран» балабақша директоры

___________Утесинов М.Ж

« »___________2018ж.

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №55 «Қыран» балабақшасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің салтанатты ашылу сценарийі

Жүргізуші: 

Ауылым той деп бүгін жар саламыз,

Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.

Армысыздар қадірлі ата – аналарым,

Армысыздар кіп – кішкентай балапаным.

Құтты болсын деп айтамыз бүлдіршінге,

Бақшамызға нық – нық басқан қадамдарың.

Балабақша – менің жарқын көңілім,

Балабақша шаттық толы өмірім.

Балабақша әнім боп та көріндің,

Балабақша анам боп та көріндің, -дей отырып, бүгін №55 «Қыран » балабақшаның ашылуына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: 

Қазір тәрбие мәселесіне ерекше назар аударар шақ туды. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында тиісті тәрбиеге баулу өте маңызды мәселеге айналып отыр. Сол себептен облысымыздың әр ауданы мен ауылында балабақшалар ашылып халықты қуанышқа бөлеп отыр. Бұл еліміз үшін, халқымыз үшін, мемлекетіміз үшін үлкен жетістіктердің бір.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы жолдауы аясында қайта ашылып жатқан балабақшаларға ерекше қолдау көрсетіп жатқан облыс әкімі______________________ мырзаға алғасамызды айтамыз.

Құттықтау сөз ______________________ мырзаға беріледі.

Жүргізуші : 

Балабақша босағасы – бұл бір шың,

Сонда өседі , қанат қағып бүлдіршін.

Еліміздің Президенті ертеңгі,

Балабақшада жүр ме екен кім білсін.

7 топ тәрбиеленушісі Сәрсенбай Көркем Ықыласқызының орындауында Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстаным!» өлеңі.

Жүргізуші : 

Бала тәрбиесі – ол үлкен және жауапты іс. «Баланы бесіктен» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Баланы қай нәрсеге болса жасынан үйреткен жақсы. Әсіресе елін сүюге, имандылыққа , қазақ тілін қадір тұтуға үйретудің маңызы зор. Осы қасиеттерді №55«Қыран» балабақшасының тәрбиешілері беретініне сенеміз.

Келесі құттықтау сөзді балабақшамыздың ата-анасы_____________________________береміз.

Жүргізуші : 

Бүгінгі күн әр баланың, әр азаматтың жүрегінде. Тәрбиенің негізгі қалаушысы- балабақша. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашағымыз.ендеше кішкентай балғындарымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Бала:

Ата – анамның күнімін,

Туған елдің гүлімін.

Тілім де бал, өзім бал,

Балдай тәтті қылығым.

Бала:

Good night, Good night,

My little child.

Wake up gay and bright.

In the morning light.

Бала:

Про наш веселый детский сад,

Мы гоорим с теплом.

За годом год для всех ребят,

За годом год для все ребят!

Құрметті бүгінгі ашылу салтанатына жиналған қонақтар!

№55 «Қыран» балабақшамыздың бүлдіршіндерінің қадамы құтты болсын, балабақшаның ашылу салтанатының лентасын кесу құрметін Маңғыстау облысының әкімі ______________________ мырзаға ұсынамыз.

  • Басты бет
  • Материалдар
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • Басқа
  • Қазақстан тарихы
  • ашылу салтанаты

Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:

Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.

ашылу салтанаты

Материал жайлы қысқаша түсінік:

әріптестермен тәжірибе алмасу

Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

ашылу салтанаты

Адилбаева Батес Абилкасымовна

Түркістан оьлысы Шымкент қаласы Абай ауданы №60 жалпы орта білім беретін мектебі тарих пәнінің мұғалімі

26.12.2018

716

1

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Абай атындағы орта мектебінің «Балауса» сауықтыру демалыс лагерінің  жабылу салтанатының сценариі
(Фанфары)

 -Лагерь! Сап түзеп тік тұр!
Жүргізуші: Қайырлы таң! Қадірменді ұстаздар, лагерде дем алушы бүлдіршін балалар! Абай атындағы орта мектебінің «Балауса» сауықтыру лагерінің  жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

-Балалық шақтың бал аралы «Балауса» аралында өнерлі де талантты балалардың басы қосылған ғажайып мекенде салтанатты кешімізді бастаймыз!

Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады
Жазғы лагерді жабамыз
Бәрлерінді шақырамыз
Күлеміз,ойнаймыз,ін шырқаймыз
Спортпенен шұғылданамыз

Жүргізуші: 

Бәрі болған қазақ деген көне елде
Ел белгі де,ерлік,елдік,өнер де
Жақандағы ең жауынгер халыққа 
Кім сенеді ту болмады дегенде

http://tonkosti.ru/images/a/ae/%D0%A4%D0%BB%D0%B0%D0%B3_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD.png

-Лагерь, сап түзеп тік тұр!

-Мектеп туы кіргізілуге дайындалсын!

-Мектеп туы кіргізілсын!

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны  орындалады

Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Найля Кеңесқызына береміз!

(Лагерде белсенділік танытқан барлық тәлімгерлер марапатталады)

Жүргізуші: 

Ерсайын Жадыра орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар!

http://joyous-baby.ru/d/292680/d/x_0aa4cd15.jpg

-Лагерь, туға қарап сап түзе!

-Топтардың ту алмасу салтанатына назар аударыңыздар!

Келесі құттықтау сөз кезегі тәрбиешілер атынан Қонысова Бахытгүлге жолданады.


Барлық тәлімгерлерді ортаға шақырамыз!http://stat20.privet.ru/lr/0c09c75445874e95cc0e2b828a283232

Лагерь тынуғушылар орындауындағы Флешмобты тамашалаңыздар!

Келесі сөз кезегі легерь тәлімгерлері атынан Газизова Асылайға беріледі.

http://tonkosti.ru/images/a/ae/%D0%A4%D0%BB%D0%B0%D0%B3_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD.png

-Лагерь, сап түзеп тік тұр!

-Мектеп туы шығарылуға дайындалсын!

-Мектеп туы шығарылсын!

Осымен лагердің жабылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті.Келесі кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Есептік концерт сценарий
  • Есенинский праздник поэзии когда
  • Есенинский бал сценарий
  • Есенинские чтения сценарий
  • Есенинская осень сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии