Жазушылар туралы сценарий

Cкачать: Өнерімді еліме арнаймын жергілікті ақын жазушылармен кездесу кеші сценариі

                           
«Өнерімді
еліме арнаймын
» кездесу
кеші

Кештің мақсаты:
Оқушыларды
Шардаралық
ақын
Айдаров Әбдіғаппар Әбубәкірұлының шығармашылығымен
таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге
баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге,
отанға
деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Өткізілетін орны: мектептің акті залы
Көрнекілік құралдар: видеобейне, ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі,
ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал — жабдықтар, аудио аппаратура.
Шақырылған қонақтар: Жергілікті ақын
Әбдіғаппар
Әбубәкірұлы
, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
І.
Әбдіғаппар Әбубәкірұлы  туралы
слайд.
1- жүргізуші :- Қайырлы күн,құрметті көрермен қауым!
2- жүргізуші: — Армысыз,аса қадірменді,
Әбдіғаппар
Әбубәкірұлы
!
1- жүргізуші: -«Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші,қазақ халық
шежіреші ақыны
Әбдіғаппар
Әбубәкірұлының
 шығармашылығына арналған «Өнерімді
еліме арнаймын
» атты
әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2 -жүргізуші:
Бүгінгі өтіп жатқан іс — шарамыздың мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақынымыздың
шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп,
адамгершілік қасиеттерге баулу.
1- жүргізуші:
Олай болса,
Әбдіғаппар Әбубәкірұлы
бүгін бізде қонақта. Аға, сізді сахнаға шақырамыз. Төрлетіңіз! (Ақын қошеметпен
сахнаға шығады)
(жүргізушілердің сөздерімен қатар слайдтар көрсетіледі)
2- жүргізуші: Әр өңірде ел ықыласын иеленіп, көптің
батасымен көгеріп жүрген, көргені мен түйгені көп ерлер аз емес. Солардың бірі-
шардаралық әнші, ақын Әбдіғаппар Айдаров. Ол қазір жарық көргеніне
15
жыл толып отырған аудандағы тұңғыш тәуелсіз басылым – «Шартарап-Шарайна»
газетінің қарымды қаламгері. Оның республикалық «Жас қазақ үні» газетінде
жарияланған ойлы мақалалары да оқырманнан жақсы баға алып келеді.
                                                                                   
Әбдіғаппар ағамыздың өмір мен көңіл әуендері, туған жер мен махаббат
тақырыбындағы өлеңдері де сезім шынайылығын көрсетеді.

2- жүргізуші:

Келесі кезекте
ақын ағамыздың өлеңдеріне кезек береміз.

Мен бір жүрген
жолаушы

Уақыт жоқ
жәдігөймен арбасуға,
Мейлі ол қараласын, қарғасын да.
Мен бір жүрген жолаушы жиһан кезген,
Сапарын кідіртпеген болмашыға.

Аярлар ақ жолыңда
бұғып жатса,
Дос дегенің дұшпан боп шығып жатса.
Қолыңнан не келеді күйінгенде,
Шырмап ап шыбын жаның шырылдатса.

Таңдарым
бұлыңғырлау алдағы атар,
Тіксініп тексіздерден ойға батам.
Түкірдім кердеңдеген кейбіреуге,
Аман-сау жүріңдерші, төрт балапан.

Өмірдің желісі
өлең, арқау жырым,
Күншілдер көрсетсе де қорқаулығын.
Ойдағы ізгі арманым бас игенше,
Сыр бермей тұрса болды денсаулығым…

Дастарханның
жан-жағынан тарап ән…

Болса-дағы өмір
мынау қатыбас,
Пенделікпен жаратылдым жаны қас.
Әуелете шырқап салған әнімнің,
Күйкі тірлік тырнағына татымас.

Көргенім жоқ
барымды елден алып қап,
Ала көңіл жұртын қалай жарытпақ.
Әнім қанша биіктесе мен-дағы,
Қанатында кеткендеймін қалықтап.

Отбасыма
күнкөріске жараған,
Ырзалықпен халық берген қара нан.
Күнде кешке отырамыз мәз болып,
Дастарханның жан-жағынан тарап ән.

Туған жер жұмақ
мекенім

Шағаласы шулап,
теңізі толқып арынды,
Қызылдың құмы күн шуағына малынды,
Қасиетіңнен айналайын, Шардарам,
Сағындым оттай аптапты керімсалыңды.

Құпия мол-ау,
атыңда сенің Жаушықұм,
Болды ма, бәлки, талай да талай жау шығын.
Яхсарттан Сейхундария болып өзгерген,
Ерке Сыр бүгіп жатыр ма әлде бар сырын?
Шағала – жырдың шербетті шырын-шарабын,
Халқыма тарту етсем бе деймін талабым,
Ну орманыңа сән беріп ерек бір кезде,
Шері де жортты-ау алаңсыз ертіп аланын.

Перзенттерің бар,
елім деп өрге өрлеген,
Арғымақтардай арынын басқан кермеден,
Әттең-ай деймін атыңды сенің кірлесе
Дәруіштердей кетеген кейбір кезбелер.

Дария бойлай
сыңсыған қалың тоғайым,
Төгемін саған толғақты жырды толайым,
Қайда да жүрсем есітсем деймін сен жайлы
Жүрекке шуақ беретін хабар-көзайым.

Ойыма өлең келді…

Болмасам да ірі
ақын ерек тұлғам,
Әр сөзіне ақылын елек қылған,
Тоқта Бибім, жайыма тыныш қойғын,
Мұндай кезде сені де керек қылман.

Шықпасам да поэзия
асқарына,
Керек қылман дүние, басқаны да.
Көлгірсіп қалам ұштап біреулер жүр,
Икемдеп ақындықты бас қамына.

Тұйғыны көңілімнің
жыр қақшыды,
Жылыстап күйбең тірлік сырғақсыды.
Қиын-ау таза болу пенделіктен,
Тұсаулап тұра алмасаң қу нәпсіні.

Қалады талай шаруа
қолға алынбай,
Сексеуіл сатып алған – ол жарылмай,
Туады сонда ғана таза өлең,
Ай-күні жеткен сәби толғағындай.

Лесбекке

Ақын жүректің
ынтызар шөлін басар кім,
Өзіңді ойлап еріксіз көзге жас алдым.
Еркетай ұлдың еркелеп келе жатқанын,
Сағынып қалды-ау көшелері Шар-шаһардың.

Сазымен берген
мәңгілік елдің азығын,
Айта алмайды ешкім титімдей оның жазығын.
Аруана тектес бір перзентің жүр жырақта,
Ботадай боздап аңсаумен түпкі қазығын.

Жазылды тарих жас
қазақ қызыл қаныңмен,
(Ән шіркін арман ойнаған бұла сағыммен).
Дүр сілкінттің-ау дүбірлі мына дүниені,
Қатепті қара нарым-ау «Қасқалдағыңмен».

Кездер-ай шалқып
оқыған өлең-жыр неше,
Қалатын босап саптыаяқтар-ай бірнеше.
Қасқа ұлдардың қадіріне жетіп, Шардарам,
Ақындар айтқан бұйырса еді-ау бір көше.

Томашадайсың,
емессің сұңқар, қаршыға,
Құйылып түсер шырқау биіктен шаншыла.
Сонда да болса, әніңе балқып шырқалған,
Талай сұлудың жүрегі соқты-ау алқына.

Өзіңе тартам
өлеңнің кеппей сиясы,
Ақынның осы-сазгерге деген сый-асы.
Қалақтай ғана қалқиған мынау қалжаңның,
Қай жерінде екен ән менен жырдың ұясы?!

ТӨРТ ҚАҚПА –
ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ

Хош келдің,
бауырым түстікке,
Қонақ бол, аттан түс, күтпе,
Тіршілік кешіп жатырмыз,
Шардара деген үстіртте.

Аптапты, желді,
аңызақ,
Жаз келсе жайнар бауы, бақ,
Болады қыс та, дегенмен,
Жатпайды бізде қар ұзақ.

Жайлаған түрік,
оғыздар,
Дей-тұғын елде аңыз бар,
Қалыпты теңіз астында,
Қалалар небір, қорымдар.

Толқиды теңіз кей
шақтар,
Тербейді-ау сірә, әруақтар,
Бұл жерде талай жосыған,
Жау жүрек ұлы қыпшақтар.

Ал досым, сенбе,
сен мейлі,
Теңізді әруақ тербейді,
Тарихын ата-бабаңның,
Ақтарып менен көр дейді.

Сыр бүгіп ішке
қат-қабат,
Толқынмен ойнап жарқабақ,
Қызылдың құмы үздігіп,
Теңізге төніп, анталап,
Төрт қақпа – төрткүл дүниеге,
Төрт тарау жатыр жол тарап.

Жасанды теңіз
жасанып,
Жал құмдар көзге жас алып,
Шардарам менің Шардарам,
Келеді шалқып жасарып,
Шомылып суға, әй досым,
Ыстығын жанның басалық.

Беу, туған жер
таңсығым,
Сұлу Сыр, белес, әр қырың,
Қымбатсың маған Шардарам,
Қымбатсың маған Жаушықұм!

1-жургізуші:Өлеңдерін
тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен ақын ағаның шығармашылығынан біршама
ой түйдік.Ендеше келесі кезекті көрермендерімізге берейік.Осында отырған
көрермендердің ақын ағамызға деген бірнеше сұраулары бар,соны тыңдайық.

Оқушылардың
сұрақтары:

1. Неше жасыңыздан
өлеңді серік еттіңіз?

2. «Төрт қақпа –
төрткүл дүние»  өлеңіңізді тыңдадық. Өлеңнің  жазылу тарихынан айтып
берсеңіз…

3. Балаларыңыздың
ішінде сіздің жолыңызды қуған балаңыз бар ма?

4. Қажылыққа
бардыңыз ба?

5. Жаңа өлеңіңіз
қашан жазылды? Сол өлеңіңізді оқып берсеңіз?

2- жүргізуші:
Жергілікті ақын ағамыз Әбдіғаппар Әбубәкірұлының шығармашылығына арналған
кешіміз мәресіне де жетті.
1- жүргізуші: Құрметті Әбдіғаппар  аға, біз үшін уақыт тауып,
әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз аға!
Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр
үстіне нұр болар еді. Құттықтау сөз тәрбие ісінің орынбасары Есімхан Нұрсұлу
Пердеханқызына беріледі.

Ақын – елдің ардағы (ақындармен кездесу)


  • Сценарилер
  • admin
  • 14.05.2019
  • 0
  • 1
  • 17989

Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі

Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Өткізілетін орны: мектептің акті залы.

Шақырылған қонақтар: жергілікті ақындар Темір Мыңжас пен Рахат Қосбармақ, облыстық әмбебап кітапханасының кітапханашылары, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.

Мектебіміздің кіреберіс дәлізінде күй ойнатылып, ұлттық киім киген қыздар ақындарымызды салтанатты түрде қарсы алады.

І Бөлім

Жүрзуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан  қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын  жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.

Жүргізуші: Маңғыстау өлкесі – жырға бай. Қазақ өлеңіне үлкен үлес қосқан талай тарлан таланттар шыққан жер бұл. Арынды Абыл, адуын Ақтам, қайсар Қашаған, нар тұлғалы Нұрым, саңлақ сөзді Сәттіғұл, сырлы сазды Сүгірдей жыр жүйріктері қазақ жырының мерейін аспандатқан дала осы. Атақты ақын бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан танымал талантты жерлес-ақындарымыз, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының, Жазушылар одағының мүшелері Темір Мыңжас пен Рахат Қосбармақ  «Ақын — елдің ардағы» атты кездесу кешімізде қонақта.

Би «Қазақ»

Қонақтарды қабылдау сөз кезегін мектебіміздің директоры Имангалиева Г.Б береміз.
Шымылдық ашылады /көрініс/ теңіз бен шағалар дыбысы қосылады.
Бүгін түнде
Жаным маған ұйқы жоқ…

Жүргізуші: Бұл өлең жолдарының авторы 30-дан астам ән жазған, лирик-ақын, Халықаралық Дарабоз сыйлығының лауреаты, бар өмірін проза, поэзия, балалар әдебиеті әлеміне арнаған, ҚР тәуелсіздігінің 20 ж арналған этножурналистика саласында Республикалық Шаңырақ конкурсының бас жүлдесін жеңіп алған Темір Мыңжас ағамыз.

Жүргізуші: Ән, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдердің, ойлардың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана – сезіміңді баурап алып жеткізе алатын құдіретті қасиетке ие. Ақындарымыздың ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.

«Іңкәрім» – сөзі: Р.Қосбармақ, әні: орындайтын Есболаева А.С. РҚ-республикалық дәрежедегі бірнеше айтыскер мен мүшәйралардың жеңімпазы,1992 жылы Республикалық Студент көктемі фестивалінің лауреаты, V және VI халықаралық Шабыт фестивалінің дипломанты.400-ден астам телехабар дайындап, жеке меншік Ар телестудиясын құрған.

Ақындарымыздың жыр-жинақтарымен облыстық әмбебап кітапханасының жасөспірімдер бөлімінен келген кітапханашы таныстырады.

ІІ бөлім

Жүргізуші: Поэзия мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние».Табиғат алақаны аялап өсірген ақындардың жүрегінде поэзия сазы ерте дүрсіл қаққаны сөзсіз. Туған жердің көркейуі мен келісті келбеті ақын ағаларымыздың көрікті жырларына арқау болды.

Жүргізуші: Енді туған жерге, ұлы адамдарға, тіл, ана арнау өлеңдеріне кезек берейік.

Сіздердің туындыларыңызды  жаттап, үлгі алып жүрген оқушылардың өнерлерін тамашалайық. Өздеріңіз білетіндей, біздің ел — көпұлтты мемлекет. Мектебіміз де көпұлтты орта.

Поэзия минуты. Күй ойнатылады

«Маңғыстау» – Амина, «Туған елім» – Данияр, «Үстірт» – Илья, «Арнадым саған» — Рахат
«Сүйемін Қазақстанды» Қазақ даласы- Аяна, Ақтаудағы аққулар — Камила өлеңдері оқылады.
Әйгерім 9А Ақын рухына-Абайға, Кемеңгерге – Қайсар 9Б,  Қаһарман-Б.Момышұлына, Күй атасы-Құрманғазыға, Дархан дарын — М.Әуезовке арнау өлеңдер оқылады./портреттерімен

«Тон» Алина С, «Анама» – Богдашина А, «Қадірлеңдер,аялаңдар ананы» -Эльнура Т,Дильназ- Сағындың ба, анашым
Жүргізуші: Иә, өлеңнің өнегесі сол ол сезімді ғана оятып қоймайды, оны адамзаттық асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді.оның шыңы ұлттық сезім де өлең арылы оянып рухани күш алады.

Ән «Апа, сен қартаймайсың» әннің авторы Т.Мыңжас, музыкасын жазған К.Жалғас орындайтын 11А сынып оқушысы Теңелханова А.
Көрініс «Жаңылған жауаптар» авторы Р.Қосбармақ /4- сынып/

Жүргізуші: Ән «Апа, сен қартаймайсың» әннің авторы Т.Мыңжас, музыкасын жазған К.Жалғас орындайтын 11А сынып оқушысы Теңелханова А.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегін мектебіміздің болашақ Фризадай ақыны Әйгерімнің жүрегінен шыққан тырнақалды арнау өлеңін қабыл алыңыздар.
Көрініс: Жаңылған жауаптар

Бүгінгі ақын ағаларымызбен кездесудің сәті 22-ақпан Халықаралық Ана тілі мерекесіне орай өтіп жатыр. Келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән «Ананың тілі» орындайтын 10 сынып оқушылары.
Ортамызға қош келіпсіздер, ақын ағалар. Бір сағатқа ақындарымыздың шығармашылығын сыйғызу мүмкін емес. Сөз кезегі Сіздерде, оқушыларға жылы лебіздеріңізді білдірсеңіз. Бір өлеңіңізді оқып берсеңіз.
Оқушыларымыздың сұрақтары бар Сіздерге қояр сұрақтары.
Ақын жауабы.
Сіздер елімізге белгілі танымал тұлғалармен көп кездестіңіздер, есіңізде қалған қызықты сұхбатыңыз туралы айтып беріңізші?
Өзіңіз жақсы көретін бір өлеңіңізді оқып беріңізші

Сұрақтар: Өміріңізде таңғажайып сәттер болды ма?
Сұрақ: Мектепте қай пәннен екілік көп алатын едіңіз?
Сұрақ: Жақсы көретін ұстазыңыз туралы айтып беріңізші.
Сұрақ Мектептегі қызықты оқиғаңыз туралы айтып беріңізші
Сұрақ: Қазақ ақындары ішінде кімге еліктейсіздер, көп оқисыздар?
Сұрақ: Өзіңіздің бойыңыздағы қай қасиетті жақсы көресіз?
Сұрақ: Біз-болашақ футболшылар, сіздің футболға, жалпы спортқа көзқарасыңызды білгім келеді.

Біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз аға! Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.

Арамызда ақын жанды абзал ұстаздарымыз көп. Соның бірі- мектебіміздін қазақ тілі мұғалімі Майша ханымға сөз берсек, өз ықыласын білдірсе.

Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады деген екен, ақындарымызға қалай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді. Бізді сусындатар сарқылмас мәңгі жырларыңыздың алдында басымызды иеміз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын.Сүйіп тыңдар оқырмандарыңыз көп болсын.

Мен жастарға сенемін, — деп  М.Жұмабаев айтқандай, аға буынның сенімін ақтайтындай парасат-пайымы биік азамат боп өсейік!
Жүргізуші: Сіздерге жылы  жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл тілей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

Оқылатын өлеңдер тізімі:

Данияр – Туған елге
Сайлаугүл – Өмір деген
Амина – Маңғыстау
Илья – Үстірт
Аружан – Қазақстан
Маулен – Сүйемін Қазақстанды
Камила – Ақтаудағы аққулар
Олақ – Ерсұлтан

Арнау өлеңдер:
Айгерім – Абайға
Қайсар – Кемеңгер
Никита – Қаһарман
Жанарыс – Күй атасы Құрманғазы
Гауһар – Дархан дарын Әуезовке
Амина – Тон
Ангелина – Анама
Эльнура – Қадірлеңдер аялаңдар ананы
Дильназ – Анашым
Элина – Өлең
Мадияр – Қайран тілім
Мадина – Үміт

Рахат Құсайынұлы Қосбармақ  1972 жылы 19 маусымда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы «Қызыләскер» (бұрынғы «Тұрман») деген жерде, Сам құмында дүниеге келген. 8 жасынан бастап жыр жаза бастаған ол 1988 жылы Алматы қаласындағы республика бойынша  тұңғыш рет өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына қатысып, бас жүлдені иемденді. 1989-1994 жылдары Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған Рахат Қосбармақ оқи жүріп, студенттердің республикалық «Өркен», тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым «Жас қазақ» газетінде тілші, қазақ-түрік бірлескен «Таң-plus» телекомпаниясында редактор болып еңбек етті.

1994-2002 жылдары Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясында редактор, аға редактор, бас редактор, төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. Облыстық телеарнаның эфирі арқылы 400-ден астам телехабар дайындап, 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті еңбек етті. 2003 жылы жеке меншік «АР» телестудиясын құрды. 2004-2005 жылдары Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің жұмысты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды. 2006-2009 жылдар аралығында республикалық тәуелсіз қоямдық-саяси басылым – «Ар.kz» газетінің бас редакторы болды. 2009-2011 жылдары «Catkaz» ЖШС Бас директорының кеңесшісі қызметін атқарды.

1993 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығына, 1997 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасына», 2000 жылы облыс әкімінің «Алғыс хатына», 2006 жылы Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық жыр мүшәйрасында «Қазақ әдебиетін қолдау қорының» арнайы жүлдесіне ие болды. 2002 жылы «Қазақстанның Тәуелсіздігіне-10 жыл!» мерей тойлық медалімен наградталды. 2008 жылы есімі «Маңғыстау» энциклопедиясына енгізілді.

Рахат Қосбармақ-республикалық дәрежедегі бірнеше айтыскер мен мүшәйралардың жеңімпазы. 1992 жылы республикалық «Студент көктемі» фестивалінің лауреаты. V және VI халықаралық «Шабат» фестивалінің дипломанты.Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі.

«Кемпірқосақ» (1996 жыл, «Рауан»), «Бекет Ата» (2000 жыл, «Информ-Арна»), «Сұрасаң руымды – Дәулеталы» (2010 жыл, «Информ-П») атты кітаптардың, «Жаздың ең соңғы күні» (1999 жыл, «Зерде»), «Атажұрт» (2001 жыл, «Информ-А») жыр жинақтарының авторы.

Темір Мыңжасұлы (1952 жылы туған) – Орта мектептен кейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы кәсіптік-техникалық училищені , ҚазМУ-дің журналистика бөлімін бітіріп, журналистік еңбек жолын осыдан дәл 40 жыл бұрын Красноводск аудандық «Жұмысшы» газетінде бастайды. Содан бері баспасөз саласында қызмет етуден жалыққан емес. Бейнеу аудандық «Рауан», Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газеттерінде жауапты хатшы қызметін атқарған қаламы қарымды журналист, бүгінде облыстық «Маңғыстау» газетінің бөлім меңгерушісі.
•    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1972).
•    ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1980).
•    1972 жылдан ауданы «Жұмысшы» газетінде тілші, облыстық «Маңғыстау», Бейнеу ауданы «Рауан», Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды.
•    1991 жылдан Жаңаөзен қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары, қалылық мәдениет бөлімінің бастығы, облыс ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болды. Қазір облыстағы «Маңғыстау» газетінің бас редакторының орынбасары. Өлеңдері ауданы облысы және респ. басылымдарында жарияланып келеді. Қазақстан жас ақындарының «Қарлығаш», «Бекет ата», «Қос ішек – Струны души», «Жыр моншақ» сияқты жыр жинақтарына бір топ өлеңдері енді.
•    «Бойтұмар» (1994),
•    «Атамекен» (1998),
•    «Жүрек сөзі» (2002),
•    «Сені іздедім» (2006) жыр жинақтарының авторы.[1]


«Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» жас жазба ақындар байқауы

Мақсаты:
— Әдебиетті дамытуға ерекше үлес деп танылған әдеби жанрдың өркен жайып, дамуына ықпал ету;
— Ана тілінде еркін таза, әдеби тілде көркем сөйлеп, жылдам ойын қорытып көркем тілде жауап беруге дағдыландыру;
— Жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету, ынталандыру;
— Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
— Жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын оқушылар арасында насихаттау.

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» байқауына қош келдіңіздер. Бүгінгі байқауға қатысушылар:
…..
Байқау бөлімдері:
1. «Таныстыру». Қатысушы өлеңмен өзін таныстырады.
2.«Жаныма жақын жырларым». Оқушы өз жырын мәнерлеп жатқа оқиды.
3.«Таза ой мен көркем тіл». Бір заттың зияны мен пайдасы туралы көркем тілде салиқалы ой айтады.
4. «Өрілген ұйқас, мәнді сөз». Берілген тіркеске сай 4 тармақты өлең құрастырады.
«Ортамызда — жас жазба ақындар» атты байқауымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі жас ақындарымызға төрелік етуші алқа мүшелерімен таныс болыңыздар:
——————————————
І жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, барша халық,
Қартқа құрмет, сыйлайтын жасқа шабыт.
Салты солай халқымның әуел бастан,
Бауырларша келіңдер, бас қосалық.

ІІ жүргізуші:
Сәлемдесу — игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Қатысушылар рет — ретімен өздерін таныстырып өтеді.

ІІ жүргізуші:
Жазба ақындар жиналды, міне көрдің,
Бәрінің ойға алғаны жарқын сенім.
«Жаныма жақын жырларым» бөлімінде
Ал, көпшілік!
Қабылдаңыз жас ақын өлеңдерін.
Сайыскерлер өзінің жазған жырын мәнерлеп жатқа оқиды.

І жүргізуші:
Таза мінсіз асыл тас —
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз —
Ой түбінде жатады, – дегендей «Ой мен тіл айқындылығы» бөлімінде сіздер берілген парақта жазылған заттың зияны мен пайдасы туралы көркем тілде салиқалы ой айтуларыңыз керек.

ІІ жүргізуші сөз жазылған кеспе қағаздар таратады.
Берілген сөздер: тіл, компьютер, автомобиль, гүл, көп оқу, телефон, теледидар.

ІІ жүргізуші:
«Өлең — сөздің патшасы, сөз – сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы»-
Дегендей қазағымның бас ақыны,
«Өрілген ұйқас, мәнді сөз» бөлімі —
Айқындап берер сізге хас ақынды.
Бұл бөлімде жас ақындардың берілген тіркеске сай осы жерде 4 тармақты өлең құрастырғанына куә боласыздар.
Қатысушылар бір кеспе қағаздан алып, 4 жолды өлең құрайды.

І жүргізуші:
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
Оған да үкі тұмар тағылса да.
Жас ақын өнерінің барын салды,
Кей жерде қара сөзден жаңылса да – дегендей, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
І, ІІ жүргізуші:
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік!

   Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Жырлайды жүрек»

Кештің мақсаты:

            Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Кештің көрнекілігі:

 М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер.Сазды музыка.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын.  Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,  сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

          Енднше ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз. Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз. Сонымен қатар, ақын туралы видеосюжеттерді де ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтің өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/ 1 Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді (Видео 1)/

        Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
       Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
        Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
 «Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж) 
Жүргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Алдымен ақынның өзі туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап алайық.

**********

Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей.  Оған ақынның «Есіңе мені алғасың» атты өлеңі дәлел емес пе.

/2 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Есіңе мені алғасың)/

Жүргізуші: Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

/«Үш бақытым» , «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең»  өлеңдері оқылады/
Жүргізуші:
   Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М.Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшклігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік.

/ 3  Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (өз дауысы)/

 /«Бұлқынып жатыр» , «Қарлығаш»,  «Қаздар қайтып барады», «Пай,пай өмір»/

Жүргізуші: Осы өлеңдерді тыңдай отырып, мәнерлеп оқудың не екенін шын мәнінде түсінесің. Ерекше дауыс тазалығы таң қалдырып, тыңдаушыны өзіне баурайды. Ақын шеберлігі мына отырған балаларға ғана емес, ұстаздар қауымы бізге де көп нәрсені үйретеді.

             Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М.Мақатаев ағамыз жазғанын біле де бермейміз. Кезекті осы әсем әндерге берейік.

/ 4  Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (әндері)/

 /«Диалог» , «Ақ шағала»,  «Ақ қайың», «Саржайлау»/

Жүргізуші:  Енді ақынның әндерін өз оқушыларымыздың орындауында тыңдайық.

  1. Анарбекова Аружан –

  2. Нұрғалиева Айғаным –

Жүргізуші:  Бүгінгі таңда жас ұрпақ Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес.

/ 5  Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Видео 2)/

Жүргізуші: Біздің де балалар құр алақан емес. ************************

Бүгінгі кешімізге ат салысып жатқан балаларға көп рахмет айтып, ақындық жолға басқан қадамдарың құтты болсын, талаптарыңа нұр жаусын демекпіз. Болашақта сендердің де іштерңнен арқалы ақындар шығады деп сенеміз.

 Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы, дей тұра, ғасырымыздың ғаламат ақынына деген қошемет мемлекет тарапынан әлі де аздау ма дейміз. Осы сөзімізге келесі көретін видеосюжет негіз болады.

 / 6  Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Туған күнім)/
Жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр бір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.

Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған

1…..Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кеші

Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған»
Кештің мақсаты: Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін,
ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқу қабілетімен рухани танымдарын дамыту.
Көрнекіліктері:1. Мұқағалидың суреті
2. Анасының суреті
3. Ақынның жары
4. Ақынның балалары

Дәйек сөз: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.

1. Ақын жырларын мәнерлеп оқу:
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе халық.

2. Балаларына арнаған өлеңдері:
«Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!»
Мұқағали

3. Ақын жырларына жазылған әндерді орындау.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

4. Қорытынды: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған».
Мұқағали

Кеш соңында әндерін орындаған, мәнерлеп оқыған оқушыларды марапаттау.

«Есіңе мені алғайсың»
Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған
поэзия кеші

«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.

1-жүргізуші: Сабитова Айым

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

Армысыздар құрметті халайық.
Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым.
Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты поэзия кешімізге хош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, — деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 81 жасқа толар еді.
Жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.

Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.

Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хантәңірідей биіктеп сен барасың, — деп жырлап ақынның өлеңдеріне кезек берейін.
«Арыз жазып кетейін» Қайрат 7 а — класс оқушысы.
Рахмет!
Жүргізуші: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, — деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
«Поэзия» өлеңі. Үкілім 7 а – сынып оқушысы.
Рахмет!
Жүргізуші: Ұлы ақын жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали — өмірдің қыр – сырын білген, аса бақытты жан. Ол «Жазылар естеліктер мен туралы» деп өз өлеңінде тектен тек айтылмаған. Олай болса, ақынның «Жазылар естеліктер мен туралы» өлеңіне кезек берейік. Мәнерлеп оқитын 7-сынып оқушысы Шынтас Фариза 6 б — класс.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі мәнерлеп оқитын 5 – сынып оқушысы Смадияр Айша.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші. Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді –ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы — өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына берейін.
1. «Автограф» Гүлзат 6 б – класс
2. «Мен таулықпын» Шәкәрім 6 а – класс
3. «Махамбеттер, Абайлар» Фариза 6 а – класс
4. «Әй, өмір» Зарина 6 б – класс
5. «Қара өлең» Құндыз 6 а – класс
6. «Жүрек арызы» Фариза 11 – класс
7. «Пай – пай өмір» Гүлбақыт 5 а – класс
8. «Күрсінбеші» Жалғасбек 6 а – класс
9. «Барлығы да сендердікі» Айжан 5 б – класс
10. «Өмір жайлы» Абылай 5 б – класс
11. «Әке, әкеме» Самал 5 а – класс
12. «Ей, өлең» Ирина 6 б – класс
13. «Елім барда» Салтанат 6 б – класс
14. «Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен» Зарина 6 б – класс
15. «Менің мақсатым» Айдана 7 б – класс
16. «Кең дүние төсіңді аш, мен келемін» Нұртуған 5 б – класс
17. «Үш бақытым» 4-класс оқушылары Гүлнұр, Қыдырәлі, Азиза
18. «Шыда, шыда» Қайрат 7 –класс
19. «Қарасаз» Нұртуған 6 –класс
20. «Жырласам ба екен?» Гүлжайна 7 –класс
21. «Жастық» Бейбарыс 7 –класс
22. «Ажалға» Абай 7 –класс
23. «Өзгереді» Нұрлыбек 8-класс
24. «Дәрігерге» Асқар 9 –класс
25. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан эпилог Нұртуған 8 –класс
26. «Халыққа хат» Асылан 7 –класс
Жүргізуші: Рахмет!

Мұқағали балаларын көргенде майдай еритін. Ол баланы ұстауға да, күтуге де шебер болды. Мұқағали балаларын жанынан бетер жақсы көрді. Төрт перзентінің маңдайынан шертпей өтті. Балалары десе ішкен асын жерге қойды. Ендеше, Мұқағалидың балаларына арналған жыр жолдарына кезек берейік.

«Майгүлге» (1-ші, 2-ші өлеңі) Гүлзина мен Лида 7 б – класс
«Майгүлге» Сансызбай Ақбота 5 а – класс
«Шолпаным» Айдана 5 а – класс
«Ұлыма» Жамбыл Ерқанат 5 б – класс
«Арманда, ұлым» Гүлзат 6 б – класс

Жүргізуші. Рахмет!
Жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның махаббат
тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз.

«Махаббат диалогы» 2 оқушы Құнан мен Назерке 6 – класс
«Ғашықпын» Салтанат 7 б – класс
«Мен сені сағынғанда» 6 –класс Назерке
Жүргізуші: Рахмет.

Жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», тағы басқа әндері.
Олай болса, ақынның әндеріне кезек берейік.
1. «Жарығым-ай» Нағашыбай Нұржан мен Шәкәрім 6 а – класс
2. «Көнеміз де» Нұржан
3. «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» Ералиева Мадина
4. «Құмған алған» домбырада 7 б – класс оқушысы Жантөре Ақерке
5. «Күрең күз» Жұматай Тұрсынай 9 –класс
6. Құрманалы Жеңісбек 11 –класс
7. Сілтеу Ислам 11 –класс

Жүргізуші: Рахмет, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін.
Жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!
Жүргізуші: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» — деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия кешіміздің қорытынды сөзін тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағайға береміз.
(Кеш барысында мәнерлеп оқуда, әндерін орындауда көзге түскен оқушыларды марапаттайды).
Жүргізуші: Рахмет, ағай.
Жүргізуші: Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Хош сау, болыңыздар!


2 – жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

Ән: «Нұр жауып тұрған көктемде» осы әнмен өзім аяқтау

Жүргізуші: Осымен біздің әдеби сазды кешіміз аяқталды.Келіп көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен ‐ көп рахмет.

Мектепішілік «Жырлайды жүрек» атты М.М-евқа арналған әдеби сазды кешке белесене қатысқаны үшін марапатталады.

1) Мұқым елдің мұзбалағы. Слайд

2) Ылғи ұлдар бабочка таққан, бірыңғай өлең оқу монтаж

3) жұптарды хотя бы 2 жұп, махаббат туралы өлеңдері

4) Шәмілге, 2 ұл бөліп оқу

5) Фаризажан домбырамен 1 оқушыға орындату

6) Есіңе мені алғайсың әнін, 1 оқушымен дуэт орындаумен аяқтау

7) әдемі бір өлеңді оқумен бастау,ұл мен қыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шелек политехникалық колледжі

  СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби- сазды кеш «Жырлайды жүрек»

Кештің мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кештің көрнекілігі:

М.Мақатаевтың суреті мен «Жырлайды жүрек» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.Слайд.

Сахна әдемі композициялық әуеннің қосылуымен «Пай-пай өмір» өлеңі М.Мақатаевтың өз дауысымен оқылады.

1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Қазақ поэзиясының Хантәңірі- Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешімізге қош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, – деп жырлаған ақын биыл тірі болса 86 жасқа толар еді.

2-жүргізуші: Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

1-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар,студенттер! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешімізді бастаймыз.

Бүгінгі кешіміз үш бөлімнен тұрады.

І бөлім  «Жазылар естеліктер мен туралы»

(Мұқағали туралы естеліктер айтылады)

ІІ бөлім  «Поэзия жүрек тілі» М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері шырқалады.

ІІІ бөлім   «Жас ақындар арнауы» студенттердің  өлеңдері

1-жүргізуші:Олай болса, І бөлімге кезек берелік.

Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/

Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі             М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
1-жүргізуші
  Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»),                (1963-1965 жж), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
«Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж)
2-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.

Нұрлан-жас Мұқағали

Салимбай Мадияр-тергеуші

–        Туған жерің?
–        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
–        Туған жылың?
–        1931. Құрдасымын  Шәмілдің.
–        Жынысың кім?
–        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы    тәуірмін…
–        Партияда барсын, ба?
–        Жоқпын.
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
–        Шыққан тегің?
–        Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
–        Білімің ше?
–        Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
–        Ана тілің?
–        Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
–        Қайда істедің?

–        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.

–        Міндеттісің бе әскерге?
–        Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
–        Сөгіс алып көрдің бе?
–        Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де…
–        Шетелдерде болдың ба?
–        Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
–        Мекен-жәйің?
–        Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

Нұрлан- Еркек деген тартылмаған күй дер ем!

2-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ІІ бөлім ақын өлеңдеріне берейік.       

1-жүргізуші:

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

/«Үш бақытым» , «Отан туралы», «Отан», «Қазақ жері»  өлеңдері оқылады/


Кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын.Қарасазға деген ақын махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Келесі тыңдайтындарыңыз Туған елге деген сағыныш.

«Елім барда»,

2-жүргізуші:

«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
1-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы – бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

«Автограф» Султанов Ислам – 72 топ

 «Кел, болашақ» Наметова Мадина  -75 топ

«Соғыл соңғы көктем» Көшкінбай Бекмурат

2-жүргізуші:
       Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
1 жүргізуші: Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Олай болса Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.
«Ғашықпын» -Жақаш Динара

1-жүргізуші: Ана- өмір сыйлаушы, бала бағбаны. Ару-асыл жырлау, ер-азамат тағдырының иегерлері, тәрбиесіші. Ал, бала ата-анасының өмірінің жалғасы. Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі, мәнерлеп оқитын-71 топ студенті Жылқышы Айдана

1-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті оқушыларға береміз.

Арнау –Жылқышы Айдана 

2 – жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

                                               Әр өлеңі бір әлем

«Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш сценарийі

Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)

І.Алипбай Абдурахман «Арыз жазып кетейін» өлеңі.

1-жүргізуші:

Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы дана менен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.

2-жүргізуші:

Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, қадірменді қауым!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.  Шындығында, Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнаған.

2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.

1-жүргізуші:  Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн  қай жерде болмасын жыл сайын  ақпан айында тойлана беретіні хақ.

 Екі жүргізуші бірге: Ендеше, ақын шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты   әдеби-сазды кешке қош  келдіңіздер!!!

2-жүргізуші: Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе,

1-жүргізуші: кейбіреуі:«Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып,  бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды  ақын емес деп көріңіз..!

2-жүргізуші: Поэзия патшалығындағы  пайымдауы өзгеден бөлек ақын жебелі жырын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.

                                        ІІ.Абыт Балнур «Сіздер» өлеңі

                                       «Қарасазым» өлеңі.

5 «Б»сынып сынып оқушылары:Рамазан Жания, Жанұзақ Анель,

 Стыбай Ақерке, Орынтай Сабина, Темірбек Алихан, Төлеуханов Али

1-жүргізуші:

Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—

деп ақын жырлағандай , ақын өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.

ІІІ. «Туған өлке» әнімен  9 «Б»-сынып оқушысы Қамбыл Мерейді қарсы алыңыздар.

  1-жүргізуші: Ақиық ақын  1931 жылы  Алматы облысы, Нарынқол  ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге  келген. Әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысында, Калининград майданында,  қайтыс болған. Анасының  аты – Нағиман. Әжесінің бауырында өскен соң,  Мұқағали өз анасын  «Нақа»  деп атаған екен.

2-жүргізуші: Соғыс зардабы бұғанасы қатпаған балаларға ауыр салмақ салды. Сол бір сұрапыл жылдарда әжесі мен шешесінің, екі інісінің ортасындағы бас көтерер еркек кіндіктен ересегі Мұқағали болып, бала иығын батпандай басқан отбасының ауырпалығын ерте сезе бастайды.

1-жүргізуші: Иә, ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болды. 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.

2-жүргізуші:  1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.

1-жүргізуші:Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған.  

 2-жүргізуші: : «Поэзия, менімен егіз бе едің»– деп ақын өзі жырлағандай, Мұқағали өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше  Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған ақынның өз дауысына  құлақ түрелік.

(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)

1-жүргізуші:

Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суының!

 2-жүргізуші:

Сенің әрбір бұлағың —
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!–деп тереңнен толғайды.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті ақынның туған жер, Отан  туралы жырларына берейік.

1.Жарқын Мейіржан «Үш бақытым» өлеңі

2.Бекжігіт Аружан  «Қазақстан» өлеңі

3.Жетпіс Айжан   «Отан» өлеңі

 4.Суннат Арманжан «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген» өлеңі

1-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түкпірінен  орын алып, ойлантпай қоймайды.Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ  түрсек.

Ән  «Ақ кептерлер» 8 «В» сынып қыздары

1-жүргізуші:

Поэзия –  сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы.Ол жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы.

Мұқағали:

Ақынмын деп  мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

…Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,– десе,

2-жүргізуші: замандасы, әріптесі  рухани достарының бірі –  Жұмекен Нәжімединов:

Күпі киген ақынның
Костюмді ойы – тамаша,
Киіндірген Абай тек қара өлеңді жаңаша.
Қағып-сілкіп күпіні – шекпен алған сол ақын –
Шекпен киген кешегі Мұқағали болатын.

деп оны жылы қабылдайды, мойындайды.
Ендеше, Мұхаңның әлеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясының төркінін ұғудың да сәті келген сияқты.

1-жүргізуші: Ақын қалам тартпаған тақырып жоқ. Жыр сүйер қауымның Мұқағали поэзиясына деген құштарлығы толастаған емес. Ендігі кезекті ақынның жас оқырмандарына берейік.

1.Абдусалим Назым «Поэзия, менімен егіз бе едің?»

  1. Күздеубай Жансая «Қараөлең»

3.Айтпаева Ақниет  «Кел, болашақ»

4.Құрманбай Мадина «Жастық»

  1. Оралсейіт Аяулым «Болашақққа»

6.Алипова Ақмарал мен Нуралиев Асылжан

1-жүргізуші:

Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.

Ән «Сәби болғым келеді». Орындайтын Мырзабекова Дина

Бірлік Айдана «Бабаларым, рахмет сендерге»

8.Қаныбек Ұлдана «Шеше, сен бақыттысың» өлеңі                   

9.Мұратбекұлы Ернар «Әке» өлеңі

  1. Әкімхан Ақнұр «Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен»
  2. Құсайынова Энвер «Көктем де келер енді».

12.Сағатбекова Еңлік «Сен менің жүрегімнің ішіндесің»

1-жүргізуші: Ән «Есіңе мені алғайсың». Музыка пәнінің мұғалімі  Сейілханова Айнұр апайды шәкірті Дулатбай Айдынаймен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды.

2-жүргізуші: Поэзия тынысын өзінше кеңейткен,қазақы формалар мен бояуларды сақтай отырып, «шекпен жауып қайтарып»,жаңа леп, жаңа үн қосқан, сонымен соны соқпақ салған, өзінше өрнек ойған Мұқағалидың  таудай тұлғаға айналарына күмән келтірмей, ол  және оның поэзиясы туралы жылы лебіз, қонымды пікір білдірген замандастары болды.

 1-жүргізуші: Соның  бірі асқаралы ақын Әбділдә Тәжібаев: «Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей,келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек» десе,

2-жүргізуші: Лирик ақын Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздарының арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» -дейді.

1-жүргізуші:  Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова: «Мақатаев бұл жалғанға қалдырған жарық сәуле – жырлары халқының басын құрап, елдік пен бірліктің, рухани тұтастықтың байрағына айналып отыр» деген екен.

1-жүргізуші:

Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали  – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.

  1. Мұқағали жырларына кезек берейік.

 Құрметжан Сымбат «Елім барда», Сарсенбекова Жанар «Фаризаға».  

                                 ІV. Мұғалімдер папури орындайды.

 2- жүргізуші:  Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

 1-жүргізуші:

Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің,- деген жыр жолдарымен кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Сарсенбекова Жанар Абытқызы

Басқа материалдар

« Жырлары жүректі жаулаған»

(әдеби- сазды поэзия кеші)

1-ші 6-шы 7-ші 9-шы –сынып оқушыларымен

Қатысушылар: 1-2 жүргізушілер, кітапханашылар, оқырмандар.

Безендірілуі: Тақырыптық слайд, кітап көрмесі, ақын туралы қанатты сөздер, өлең жолдарынан үзінді, сахналық безендірулері.

Сахнада «Айналдым сенен, Атамекен-ай» — әні орындалады

Орындаған Тұрғанбек Бану

( сахнаға 1-2 жүргізушілер шығады)

Кітапханашы: Армысыздар, ардақты қонақтар мен оқырмандар, жыр сүйер қауым!

Екі өмірдің көпірі — өр өткелі,

Өлеңде өзге тұлға, бөлек демі.

Жүз жасаған Жамбылдың әруағы

Қолдасын аруағымен демеп мені – деп ақын

  • Шөмішбай Сариевтың шығармашылығына арналған Нұрлыбаев атындағы жасөспірімдер апталығында «Жырлары жүректі жаулаған» атты әдеби-сазды поэзия кешімізге қош келдіңіздер!

Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кенде емес. Солардың бірі — өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен ерекшеленетін, жүректерді жан жылуымен ерітіп, қиялға қанат сермеген қазақ ақындарының бірі — Шөмішбай Сариев.

Саят «Бәйге»

1-жүргізуші: Ақын Сариев Шөмішбай (15.04.1946 ж.т., Қызылорда облысы, Арал ауданы Шөміш темір станциясында туған) Қамбаш орта мектебін бітірген. Ақын, ғалым, сазгер, филолог ғылым кандидаты. Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет істеген. 1965-1971 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, журналистика факультетін бітірген .

1970 – 1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметпен шұғылданады..

«ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монографиясын жазған. «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Грузин ақындары Г.Гулиа, И.Абашидзе, орыс ақындары О.Берггольц, С.Викулов, А. Дементьев, Р.Рождественский, авар ақыны Ф.Алиев, молдова ақыны М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Алғашқы «Арайлы көктем» атты ғылыми сын шығармалары 1974 жылы жарық көрді.

1-сынып оқырмандарының орындауында «Жау жау жаңбыр»

2- жүргізуші: Ақынның алғашқы жыр жинағы «Балдәурен» 1974 жылы жарияланған. «Арайлы көктем» (1975), «Теңізден соққан жел» (1975), «Тағдыр» (1976), «Заула, тұлпар» (1979), «Уақыт» (1979), «Өң мен түс» (1980), «Үш өлшем» (1982), «Тағдыр жыры» (1984), «Біздің ғасыр» (1989), «Тамаша, Тамаша, Тамаша» (1989), «Сағынышым — теңіз» (1994) жыр жинақтары басылып шыққан.1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

«Салем саған туған ел», «Домбыра», «Қарағым-ай», «Сарыарқа», «Аралдан ұшқан аққулар», «Атамекен-ай», «Аққу сенім», «Жер-Ана», «Ән жүрегім туған ел», «Үкілі домбыра», «Дос керек», «Бозжорға», атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған. Қызылорда облысының әкімшілігі (2006) екі томдық таңдамалы шығармаларын жариялады. Орыс және әлем классиктерінен, бүгінгі ақындардан бірталай шығармаларды қазақ тіліне аударған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты (2003), «Тарлан» сыйлығының иегері (2004).

Назым «Орман жыры»

  1. жүргізуші: Осынау сағынышпен Елге еліктім

Киелі топырағын төр көріппін.

Шалғай бір Шөміш атты станцияда

Іңгәлап дүниеге мен келіппін.

Бір адам аян беріп жат көлікті

Түсінде киелі адам бақ көріпті,

Ақбай ағам шешесі түсін жорып,

Шөміш деп маған алғаш ат беріпті.

«Салем саған туған ел» әні Орындайтын Тұрғанбек Бану

2- жүргізуші: Түсімде әжем еніп қуатына,

Мінгізді ақ боз тұлпар жыр атына.

Сол атпен келем шауып кең дүниеде,

Жетсем деп ертегідей мұратыма.

« Әр күнім менің — мүшәйра» — дейді ақын. «Мүшайра» – жүйрік ақын көңілін уақытпен жарыстырған бәйге. Ақынның пайымдауынша, дүниедегі ең жүйрік — өмірдің өзі. Шөмішбай Сариев — жаңа замандағы соны да, жаңа сезімдерін де, ой-пікірлерін де, философиялық ой-толғамдарын да жаңалықтар бар. Жаңалық бар жерде — өмір бар. Өмір бар жерде поэзия бар екендігі ақиқат екендігін дәлелдейді.

«Өмір деген өзі алып өз бәйгесін,

Адамның ғұмырынан алға озады» —деп атап көрсетеді.

Шөмішбай Сариев армандары мен қиялында қазақтың, ұлт ақыны сезімі айрықша күшті. Ол қонағын жыр дастарханымен қарсы алады, оған қымыз орнына жырын, шұбат, жал-жая орнына өлеңін ұсынып сыйлайды.

«Ақын, ең алдымен, адам, сонан соң өз жерінің азаматы, өз заманының ұлы»,- деген еді ұлы В.Белинский. Ақынның адамгершілігі, өмірге көзқарасы, ойы мен сезімі жалпы адамды тануынан, оны бағалауынан бастау алады.

Адамды тану, онымен сыйласу — адамдықтың басты парызы. Өмір –керуенінің жолында ара қатынасын «бұзып алып, қайта жөндеп», «жүктері ауып қалған» «ата-аналарын қайта теңдеп, артып» жүрген («Керуен сарай») адам –сол өмірдің иесі де.

Жанарыс « Дала мен тау»

  1. жүргізуші: Зулайды күндер,

Тулайды жүрек бұлқынып.

Өзімде менің,

Көзімде менің мұң тұнып:

Қалады – ау жастық,

Барады – ау өмір ұмтылып.

Зулайды күндер,

Тулайды жүрек бұлқынып.

Орындайтын Сапархал Бақберген «Қарағым -ай»

2- жүргізуші: Толғанамын,

Тебіренем,

Көңілі — әуен, өмір — өлең,

Елжірейді жан жүрегім.

Аққу құстай – ұясынан,

Қыран құстай – қиясынан,

Самғай ұшқан ән жүрегім

Туған ел!

Ән орындайтын Рүстембек Аружан Бастар Ақнұр «Аралдан ұшқан аққулар»,

Ақын — қазақ табиғатының тамаша жыршысы. Оның өлеңдерінде табиғат пен оның құбылыстары ойлы әрі жанды қалпында суреттеліп, ақын мен оның тікелей тілдесуі, сырласуы күйінде көрінеді.

Табиғаттың әсем, көрікті жағдайларынан жылы әсерленген ақынның өмірдің қайғылы сәттерінен еске алғанда әдемі көріністердің ар жағында жатқан трагедия іздерін танитыны бар. Жұмбағы көп табиғаттың көрер көзге қызғалдағын ұсынуына, қайғының ізін жуып бұлақ ағызғанша күдікпен қарайды. Қызғалдақты боздақтардың қаны ма деп қалса, бұлақ суынан адамның көз жасын көреді. «Мен аунап жатқан мынау жасыл белдер, бабалар денесі ме деп қаламын» дейтіні де бар. Мұның бәрі — табиғат әсемдігіне тамсана бермей, оның бойындағы күрделі шындықты да көре, сол жайлы ойлана білетінін байқатады.

Аружан «Саған айтам домбырам»

1- жүргізуші: Жанардың отын жаулаған,

Жыл сайын өсіп қаулаған,

Жусаның қандай, туған жер,

Балалық шағым аунаған.

Далам боп құшақ айқарар,

Желбіреп желмен жайқалар,

Жарықтық иісі-ай жусанның,

Жаның бір толқып жай табар.

Адам көңілінің күрделілігін, бұралаң-қалтарыстарын ақын «Көңіл көшесі» өлеңінде әдемі аша білген. Ол адам көңілін көшеге теңейді. Кәдімгі өзінің күнде жүріп өтетін көшесі. Екі қанаты самсаған гүл, ойларының бұтағы толы құс. Қиял кезіп жүрген кездесулер мен қоштасулар. Көңілдің бағдар шамы жол сілтеп, көңіл көшесінде зулап аққан машиналар. Осы тіршілік ортасында ой баққан, сыр аңдыған ақын жер үстіндегідей ала көңіл қалпында көрінеді.

Бағдаулет «Ар мен Намыс»

2- жүргізуші: Өмірдің ең ғажайып ұлы күші,

Қарапайым, құпия құбылысы.

Қаланың көшесіндей көп екен – ау,

Көңілдің көшесінің бұрылысы.

Еркіндік болмаса егер несі көктем?

Албырттық жастық па әлде есі кеткен.

Көңілдің светофоры қызыл жанып,

Тұрса да, талай жолды кесіп өткем.

Ақын шығармаларындағы азаматтық үн оның Отан, туған жермен бірге ана тілі туралы жырлары да мұңдалайды. «Ана тілі», «Менің ана тілім ғой», «Ана тілін сүйем ғой» әнінде ананың ақ сүтінен ақын «Қайт, райдан!» өлеңінде ХХI ғасырда халі мүшкіл болып отырған Ана тілін жырға қосты. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ана тілінің тағдыры талқыға түскен заманда қазақ тілінің болашағына алаң болған ақын оның жоғын жоқтап, күйін күйттейді.

би «Сағындың ба»

1- жүргіуші: Белгілі ақын Ғ.Қайырбековтың Ш.Сариевті «Қос қанатты ақын» деп атауы да тегін емес. Шөмішбай Сариев – поэзиямызға 70-ші жылдары келген бір топ талантты ақындардың ортасында өз өлең өрнегі, өз дауысы «ә» дегенде белгілі болған ақындардың бірі. Талант жолы деген күрделі.

Үлкен аға, өлең шеберлері, сыншылар — Әбділда Тәжібаев, Мұхаметжан Қаратаев, Әбу Сарсенбаев, Сағи Жиенбаев ақын шығармашылығы туралы пікірлерінде ақынның азаматтық дауысын әлеуметтік кең тыныстағы толғауларынан, публицистикалық өлеңдерінен танитындарын айтады. Қоғамдық әлеуметтік маңызды оқиғаларға, өз тұсындағы саясатқа үн қатып отыру — әрбір тұлғалы ақынның борышы.

Орындайтын Сапархал Бақберген «Үкілі домбыра» әні

Ақынның поэзиядағы екінші қанаты — ән-өлеңдері. Оның жиырмаға тарта өлеңдер кітабына енген үш жүзден астам ән-өлеңдерін Е.Хасанғалиев, Ә.Дінішев, С.Тыныштығұлова, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова сынды қазақтың майталман әншілері орындап, ән сүйер қауымға кеңінен танытып келеді. Ақын осы салада қайрат көрсетіп келе жатқан белді таланттарымыздың бірі. Қазіргі таңда ақындық шеберлігі кемеліне келген, ел туралы жан-жүрегімен мол толғап, салмақты жыр жазған ақын.

«Қазағымның күйлері- ай», «Салем саған туған ел», «Домбыра», «Қарағым-ай», «Сарыарқа», «Аралдан ұшқан аққулар», «Атамекен-ай», «Аққу сенім», «Жер-Ана», «Ән жүрегім туған ел», «Үкілі домбыра», «Дос керек», «Бозжорға», «Өзің куә Алматым», «Ойлан, балам», «Еркеледін сен», «Дала гүлі» — атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы.

Дариға «Соңғы күн»

  1. жүргізуші: Ақынның әдебиетке байланысты, өнерге байланысты

«Орман жыры» деген өлеңінің мазмұнына тоқтала кетсек, орман сыртынан қарасаң керемет, ғажайып, сұлу. Сол орманды араласам екен деп ойлайсың! Соған сені тастап жіберсе, әдебиетке енесің ғой, сол сәттен бастап ол өте үрейлі, қорқынышты. Өйткені оның арыстандары бар, шайнап тастайтын жолбарыстары бар, қасқырлары бар, түлкілері бар, қорқақ қояндары бар, жыландары бар. Бастапқыдағы таңғалып, құмар болған орман сол мезетте тым басқа. Соған ену, алпауыттарын мойындатудан барып еркін әдебиетке енесің. 

«Біздің алдымызда Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әбділдә Тәжібаев, Қалижан Бекқожин, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, Жұбан Молдағалиев, Әбу Қайырбеков, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев сынды алыптар болды. Біз ақын боламыз деп келгенде, ол бір қытайдың қабырғасы сияқты еді»,- деп ақын еске алады. Олардың барлығынан өту, өзіңнің ақын екеніңді мойындату үлкен бір күрестен тұрады. Жазушылар Одағына өту, бізге үлкен күш, жетістік болды.

Жұлдыз «Табиғат»

  1. жүргізуші: Ақын ағамыз Шөмішбай Сариевтың Бақытжан, Шолпан,

Байсал есімді балалары бар.Үшеуі де кішкентай күнінде өлең, әңгіме жазған. Ақын бір сөзінде, негізінде ақын-жазушылардың балалары жазса, оны «әкесі жазып берген ғой» дейтіні бар. Нашар жазса әкесіне сөз келеді. Сондықтан балаларына, бір үйге бір жын-ойнақ жетеді деген. Айшабибі деген немере қызым 3-сыныпта оқып жүргенде өлең жаза бастады. Менің өзім 5- сыныпта жазғанмын.Содан «Ұлан» газетіне өлеңдері шықты.

Қазірде сиясы кеппеген жырларын, өлеңдерін маған Астанадан жіберіп тұрады деп еске алады ақын ағамыз.

Бүгінде, ақын ұрпақтары барлығы өмірде өз орнын тапқан жандар — заңгер, мұнай саласында қызмет атқарады. Тағы бір еске ала отырып анасы кіші ұлы Бақтыбайдың қолында тұрған, сонда айтады екен: «Ей, Бақтыбай сені қойшы, мен әлі талай тойға барамын, талай жерге барамын сонда соттың шешесі келді деп айтпайды, ақынның шешесі келді деп айтады»,- депті. Айтайын дегенім, ана – құдірет қой. Менің өлең жазғаныма қуанатын бір адам болса, ол – анам еді. Ақын — «Ана» атты тақырыппен ұлы өмірдің негізі, түп-тамыры

«Әйел», «Ана» деген ұлағатты есімде екенін, өмір өркені әйелде екендігін тебірене толқып жыр етеді.

Балалығым жан анам, қалды ұяда!…

Ойың тарап отыр ма әр қияға?

Бірде кетіп қалғың кеп Алматыға,

Бірде кетіп қалғың кеп «армияға» .

Шақтарда хаттар бізден баяулаған,

Тартып кеткің келеді-ау жаяу маған…

Ұл-қызыңның бәрін де жинап алып,

Түс көріп жүр ме екенсің, аяулы анам?!

Ұлдана «Болашаққа хат»

2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқырмандар!

« Жырлары жүректі жаулаған.» — атты әдеби- сазды поэзия кешімізде ақын шығармашылығын оқырмандарға насихаттай отырып, Шөмішбай ақынның ең таңдаулы туындылары осы пафос биігінде отырған тұсында туғаны даусыз. Оның ақындық туралы ойлары кең, шабытты шағындағы көңіл күйі дарқан, қиялы үлкен. Ол «Найзағайға темекісін тұтатып», «Көкірегіне бұлт жинап нөсерлетуді» ұнатады. «Қолын күнге созып», «жер қойны тамырынан мықтап ұстайды». Сөйтіп өзін «дауыл соқса да елемей, тастап жатса толқын жырың телегей, ұлы мұхит қақ жарылып жол беріп, келе жатсаң алып атом кемедей» сезінеді.

Аружан «Керуен сарай»

Ақын ағамызға шығармашылық табыстар тілей отырып мынандай өлең жолдарымен аяқтағымыз келеді.

Сапарды ұзақ-алғыс салғасын ба?

Кеменің мүшкіл халі бар басымда.

Толқиды алай-дүлей толқын өмір,

Тіршілік теңізінің арнасында.

Туыппын толғағы мол теңізде мен,

Теңізбен жаным менің егіз дер ем.

Өмірдің теңізіне сапар шегіп,

Өлеңнің толқындары, сені іздеп ем.

Айдана «Сәуір»

1- жүргізуші: Қанатымен жыр атты ақиықтың,

Жаңа бетін ашатын тарихтың,

Танысалық, кел бермен келер ұрпақ,

Ақыныңмен!

Шөмішбай Сариевпен!-

Сапархал Бақберген «Сарыарқа»

Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!







Белгісіз


Кино


14.05.2013

сұрақ қойды

|

1.0k қаралды



Құрметті достар!!! Сценарий жазалатындарын болса немесе сценарий жазатын достарын болса байланыс номерлерін, е-майл-дарын жазсыншы. қазақша киноға сценарий жазушылар қажет. ен болмаганда ұлттық нақыштағы сценарийлердін бір идеясын айтса жа жетіп жатыр.

3 жауап










14.05.2013

жауап берді

Қысқаметражды фильмдерге жазуға болады. Бірақ әлі өте қатты машықтанған емеспін. [email protected] почтасына достық белгісін тастаңыз!







Болатбек


14.05.2013

жауап берді

Негізі қашанға дейін керек. Мен бір сценария бастайын жатқан едім. Негізі бұрың жазып дәптерімді жоғалтым алдым, қайтадан бастайынын деп жатырмын.







Ақмөлдір Бегалықызы


2.06.2018

жауап берді

Сəлеметсіздерме! Мен сценарий жазған едім.Тақырыбы «Тарихта қалған құдырет».Өте қызықты,барлық жанрлар қамтылған,Тарихи фильм.Басты кейіпкерлері қыз бен жігіт.Қызға мінездеме беретін болсам.Қыз:басты кейіпкер,қолбасшының қызы,қылыштасу өнерінің шебері,сардар,жаттықтырушы.Жігіт:басты кейіпкер:кедейдің асыранды ұлы,сардар, мықты.Егерде сізді менің ұсынысым қызықтырса email-ма *Emails are not allowed*-ға немесе мына нөмірге хабарлассаңыздар болады 8747-799-37-76.Егерде сценарий мен танысып шыққыңыз келсе синопсисін почта арқылы жібере аламын.Назар салып оқығандарыңыз үшін алғыс білдіремін!!

Ұқсас сұрақтар

Поэзия кеші

Мақсаты: Оқушыларға  поэзия   құдіреті   арқылы  қазақ  деген  ұлы  халықтың  болмысы мен  бітімінің  ұлылығын  дәріптеу.

1-жүргізуші:  Қымбатты  ұстаздар,  оқушылар! Қазақ  болмысының  ұлылығын  дәріптейтін   «Поэзия   көктемі» атты   кешке   қош

келіпсіздер!Данышпан  қазақ  халқы  ақынға  кенде  болған  емес.Поэзия   әлеміне   көз   салсақ   қазақ   халқының  арман  — мұраты,  шаттығы  мен  қайғысы   ең   алдымен  ақын  жүрегіне  жиналған, ақын  өлеңдеріне   арқау   болған.

                          Поэзия   досым   менің   күй  аңсаған,

Өзімді,  өмірімді   қиям   саған,

Шағымда  шабыттанған,  қиялданған,

Шапағың   бар   шаттығын   құяр  маған!  -деп, қазақтың  ақиық  ақыны   Мұқағали жазып  кеткен  поэзия кереметі  туралы  жазылған  өлеңін       Аманғалиев    Нұрбол  орындайды.                           

        1-жүргізуші:    Отан,  халық,  тіл -сан  ғасырлық  жүріп   өткен   жолымыздың   шежіресі.     Егемендігіміз   баянды  болсын  десек,  ұлттық   рухымызға   өріс  тілесек,  туған  тілімізді   көздің   қарашығындай  сақтап,  Отанымыз  бен  халқымызды  құрметтеуіміз  керек.

Ендігі  кезекті   әдемі  өлеңге  берейік.

М.Мақатаев  «Үш   бақытым»     Бағдат.

Ж.Молдағалиев    « Бауырлар»           Құрманбаева  Сабина.                 

Бақытжанов  Исламның  орындауында    « Қанекей,  тілім,  сөйлеші.» термесі.

1-жүргізуші:   Туған  жер,  туған  тіл  мәселесі   қашанда  қазақтың  көкейінен, жұдырықтай  жүрегінің   түкпірінен  орын  алатыны  рас.Бұлардың  екеуі де адамзат  баласы  көзін  ашып,  кіндігін  кескен  тұстан басталады.  Осы  орайда  адамдық  асыл қасиеттерді  перзент  бойына  сіңіруге  үлес  қосар  ата-ананың  алдындағы  перзенттік  парызды  айта  кеткен  жөн.

2-жүргізуші: Өзіңді   өмірге  келтірген,  тіршілігіңе  нәр  берген    ата-ананың  алдында  адамның  парыз-міндеті   өлшеусіз.Қазақ   ғұрпындағы  ата-ананың   ерекше   биік  орны,  қадір-қасиеті   ше?  Ананың   ақ  сүтін ,  әкенің  адал  күшін   ақтау-   өз  болашағыңды  сақтау.

1-жүргізуші: О,  Ата-анам,

Таянышым,  тірегім!

Бар  бақытты  бір  басыңа  тіледім.

Бізді  жақсы  болса  екен  деп  қашанда,

Лүпілдейді  сенің  қамқор  жүрегің.

Т.Айбергенов  «Ана»    Айназар  Мөлдір.

     Анельдің  орындауында   «Анашым»  әні.

М.Шахановтың  өлеңі  «Тоқшылық»   орындайтын Абдуали  Айнамгөз

 Айсұлтан  Гүлсамалдың   орындауында   «Әкем-әнім»   әні.

2-жүргізуші:   Халқымыздың  мол  мұрасы, ғасырлар  бойы  сақталған  дәстүрінің  бірі-  табиғатты  аялау.

Табиғаттан  нәр  алған  ғой  жанымыз,

Жер    бетінің  ажары-  ол   сәніміз.

Туған  өлке  табиғатын  аялап,

Ұсынайық   жүрек   нұрын   бәріміз!

 1-жүргізуші:        Табиғаттың  тарылтпайық  тынысын,

Қастерлейік  оның  байлық,  ырысын,

Ей,  адамдар,   арың  қалай  шыдайды,

Табиғат  -анаң,  ал  сен  оның  ұлысың.

 Табиғат  туралы  жырға  кезек  берейік.

С.Мусағалиеваның   өлеңі  «Адамға  ұқсас  тағдыры  табиғаттың»   орындайтын    Кеңесова  Л.

           Айназар   Мөлдірдің    орындауында   «Ерке   сылқым»   күйі.

2-жүргізуші:    Қазақ — намысшыл  халық.  «Арым –жанымның   садағасы»  деп  намысын  бірінші   орынға  қойған.Орынсыз  ешкімнің   арына  тимеген,  намысын   таптаттпаған  халық.

1-жүргізуші: Тұтату  қиын  шаланы,

Тұтанбас  үрлегенге.

Адамдар  аласарады,

Намысы   кірлегенде.

Жауларың   күнде  сені,

Күндесін,  күндемесін

Шаттығ ың   кірлесе  де,

Намысың  кірлемесін.

Ж.Молдағалиев  «Ар-ұят   туралы»                  орындайтын             Амангүл.

М.Мақатаев   «  Ұят  болды-ау»   Айсұлтан  Бекет.

Задагерей   Миржан   мен  Ешекен   Мараттың    орындауында  «   Тың   толғауы » күйі.

  2-жүргізуші:   Өзіңе  сен!

Күшіңе  сен  бойдағы  ерен,

Сенім  деген  киелі    қойма   дер  ем.

Көл-көңілдің   жатпайды  жайнап   үсті…

Жеңілу  де,  жеңу  де  бұл  өмірде,

Бәрі   қарғам ,  өзіңе   байланысты.

 М.Мақатаевтың  өлеңі  «Тілектеске»    орындайтын   Айназар  Мөлдір.

М.Шахановтың  өлеңі  «Жігерлендіру»  орындайтын  Хамит  Алтынбек.

Ән:      Алға  қазақ  жігіттері.

1-жүргізуші: Қадірлі   көрермен!Біз  бүгінгі  кешімізде   қазақ  деген  ұлы  халықтың    тектілігі   мен  өршіл  рухын жырға  қосқан  ақындарымыздың   өлеңдерін  сіздерге  жеткіздік.

Арыстандай  айбатты,

Жолбарыстай  қайратты,

Қырандай  күшті  қанатты

Мен  жастарға  сенемін , —  деп  М.Жұмабаев  айтқандай , аға  буынның  сенімін  ақтайтындай    парасат-пайымы  биік   азамат  боп  өсейік!

2-жүргізуші:  Сіздерге         жылы   жүрек,  ыстық   қайрат,   нұрлы   ақыл                                                                               тілей  отырып,  бүгінгі  кешімізді  аяқтаймыз.Еліміз  аман ,  жұртымыз   тыныш   болсын!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жаз?ы лагерь ашылуы сценарий
  • Жадный дед мороз сценарий
  • Жаворонки церковный праздник
  • Жаворонки традиции праздника
  • Жаворонки праздник испечь

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии