Жазушымен кездесу кеші сценарий

Cкачать: Өнерімді еліме арнаймын жергілікті ақын жазушылармен кездесу кеші сценариі

                           
«Өнерімді
еліме арнаймын
» кездесу
кеші

Кештің мақсаты:
Оқушыларды
Шардаралық
ақын
Айдаров Әбдіғаппар Әбубәкірұлының шығармашылығымен
таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге
баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге,
отанға
деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Өткізілетін орны: мектептің акті залы
Көрнекілік құралдар: видеобейне, ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі,
ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал — жабдықтар, аудио аппаратура.
Шақырылған қонақтар: Жергілікті ақын
Әбдіғаппар
Әбубәкірұлы
, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
І.
Әбдіғаппар Әбубәкірұлы  туралы
слайд.
1- жүргізуші :- Қайырлы күн,құрметті көрермен қауым!
2- жүргізуші: — Армысыз,аса қадірменді,
Әбдіғаппар
Әбубәкірұлы
!
1- жүргізуші: -«Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші,қазақ халық
шежіреші ақыны
Әбдіғаппар
Әбубәкірұлының
 шығармашылығына арналған «Өнерімді
еліме арнаймын
» атты
әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2 -жүргізуші:
Бүгінгі өтіп жатқан іс — шарамыздың мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақынымыздың
шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп,
адамгершілік қасиеттерге баулу.
1- жүргізуші:
Олай болса,
Әбдіғаппар Әбубәкірұлы
бүгін бізде қонақта. Аға, сізді сахнаға шақырамыз. Төрлетіңіз! (Ақын қошеметпен
сахнаға шығады)
(жүргізушілердің сөздерімен қатар слайдтар көрсетіледі)
2- жүргізуші: Әр өңірде ел ықыласын иеленіп, көптің
батасымен көгеріп жүрген, көргені мен түйгені көп ерлер аз емес. Солардың бірі-
шардаралық әнші, ақын Әбдіғаппар Айдаров. Ол қазір жарық көргеніне
15
жыл толып отырған аудандағы тұңғыш тәуелсіз басылым – «Шартарап-Шарайна»
газетінің қарымды қаламгері. Оның республикалық «Жас қазақ үні» газетінде
жарияланған ойлы мақалалары да оқырманнан жақсы баға алып келеді.
                                                                                   
Әбдіғаппар ағамыздың өмір мен көңіл әуендері, туған жер мен махаббат
тақырыбындағы өлеңдері де сезім шынайылығын көрсетеді.

2- жүргізуші:

Келесі кезекте
ақын ағамыздың өлеңдеріне кезек береміз.

Мен бір жүрген
жолаушы

Уақыт жоқ
жәдігөймен арбасуға,
Мейлі ол қараласын, қарғасын да.
Мен бір жүрген жолаушы жиһан кезген,
Сапарын кідіртпеген болмашыға.

Аярлар ақ жолыңда
бұғып жатса,
Дос дегенің дұшпан боп шығып жатса.
Қолыңнан не келеді күйінгенде,
Шырмап ап шыбын жаның шырылдатса.

Таңдарым
бұлыңғырлау алдағы атар,
Тіксініп тексіздерден ойға батам.
Түкірдім кердеңдеген кейбіреуге,
Аман-сау жүріңдерші, төрт балапан.

Өмірдің желісі
өлең, арқау жырым,
Күншілдер көрсетсе де қорқаулығын.
Ойдағы ізгі арманым бас игенше,
Сыр бермей тұрса болды денсаулығым…

Дастарханның
жан-жағынан тарап ән…

Болса-дағы өмір
мынау қатыбас,
Пенделікпен жаратылдым жаны қас.
Әуелете шырқап салған әнімнің,
Күйкі тірлік тырнағына татымас.

Көргенім жоқ
барымды елден алып қап,
Ала көңіл жұртын қалай жарытпақ.
Әнім қанша биіктесе мен-дағы,
Қанатында кеткендеймін қалықтап.

Отбасыма
күнкөріске жараған,
Ырзалықпен халық берген қара нан.
Күнде кешке отырамыз мәз болып,
Дастарханның жан-жағынан тарап ән.

Туған жер жұмақ
мекенім

Шағаласы шулап,
теңізі толқып арынды,
Қызылдың құмы күн шуағына малынды,
Қасиетіңнен айналайын, Шардарам,
Сағындым оттай аптапты керімсалыңды.

Құпия мол-ау,
атыңда сенің Жаушықұм,
Болды ма, бәлки, талай да талай жау шығын.
Яхсарттан Сейхундария болып өзгерген,
Ерке Сыр бүгіп жатыр ма әлде бар сырын?
Шағала – жырдың шербетті шырын-шарабын,
Халқыма тарту етсем бе деймін талабым,
Ну орманыңа сән беріп ерек бір кезде,
Шері де жортты-ау алаңсыз ертіп аланын.

Перзенттерің бар,
елім деп өрге өрлеген,
Арғымақтардай арынын басқан кермеден,
Әттең-ай деймін атыңды сенің кірлесе
Дәруіштердей кетеген кейбір кезбелер.

Дария бойлай
сыңсыған қалың тоғайым,
Төгемін саған толғақты жырды толайым,
Қайда да жүрсем есітсем деймін сен жайлы
Жүрекке шуақ беретін хабар-көзайым.

Ойыма өлең келді…

Болмасам да ірі
ақын ерек тұлғам,
Әр сөзіне ақылын елек қылған,
Тоқта Бибім, жайыма тыныш қойғын,
Мұндай кезде сені де керек қылман.

Шықпасам да поэзия
асқарына,
Керек қылман дүние, басқаны да.
Көлгірсіп қалам ұштап біреулер жүр,
Икемдеп ақындықты бас қамына.

Тұйғыны көңілімнің
жыр қақшыды,
Жылыстап күйбең тірлік сырғақсыды.
Қиын-ау таза болу пенделіктен,
Тұсаулап тұра алмасаң қу нәпсіні.

Қалады талай шаруа
қолға алынбай,
Сексеуіл сатып алған – ол жарылмай,
Туады сонда ғана таза өлең,
Ай-күні жеткен сәби толғағындай.

Лесбекке

Ақын жүректің
ынтызар шөлін басар кім,
Өзіңді ойлап еріксіз көзге жас алдым.
Еркетай ұлдың еркелеп келе жатқанын,
Сағынып қалды-ау көшелері Шар-шаһардың.

Сазымен берген
мәңгілік елдің азығын,
Айта алмайды ешкім титімдей оның жазығын.
Аруана тектес бір перзентің жүр жырақта,
Ботадай боздап аңсаумен түпкі қазығын.

Жазылды тарих жас
қазақ қызыл қаныңмен,
(Ән шіркін арман ойнаған бұла сағыммен).
Дүр сілкінттің-ау дүбірлі мына дүниені,
Қатепті қара нарым-ау «Қасқалдағыңмен».

Кездер-ай шалқып
оқыған өлең-жыр неше,
Қалатын босап саптыаяқтар-ай бірнеше.
Қасқа ұлдардың қадіріне жетіп, Шардарам,
Ақындар айтқан бұйырса еді-ау бір көше.

Томашадайсың,
емессің сұңқар, қаршыға,
Құйылып түсер шырқау биіктен шаншыла.
Сонда да болса, әніңе балқып шырқалған,
Талай сұлудың жүрегі соқты-ау алқына.

Өзіңе тартам
өлеңнің кеппей сиясы,
Ақынның осы-сазгерге деген сый-асы.
Қалақтай ғана қалқиған мынау қалжаңның,
Қай жерінде екен ән менен жырдың ұясы?!

ТӨРТ ҚАҚПА –
ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ

Хош келдің,
бауырым түстікке,
Қонақ бол, аттан түс, күтпе,
Тіршілік кешіп жатырмыз,
Шардара деген үстіртте.

Аптапты, желді,
аңызақ,
Жаз келсе жайнар бауы, бақ,
Болады қыс та, дегенмен,
Жатпайды бізде қар ұзақ.

Жайлаған түрік,
оғыздар,
Дей-тұғын елде аңыз бар,
Қалыпты теңіз астында,
Қалалар небір, қорымдар.

Толқиды теңіз кей
шақтар,
Тербейді-ау сірә, әруақтар,
Бұл жерде талай жосыған,
Жау жүрек ұлы қыпшақтар.

Ал досым, сенбе,
сен мейлі,
Теңізді әруақ тербейді,
Тарихын ата-бабаңның,
Ақтарып менен көр дейді.

Сыр бүгіп ішке
қат-қабат,
Толқынмен ойнап жарқабақ,
Қызылдың құмы үздігіп,
Теңізге төніп, анталап,
Төрт қақпа – төрткүл дүниеге,
Төрт тарау жатыр жол тарап.

Жасанды теңіз
жасанып,
Жал құмдар көзге жас алып,
Шардарам менің Шардарам,
Келеді шалқып жасарып,
Шомылып суға, әй досым,
Ыстығын жанның басалық.

Беу, туған жер
таңсығым,
Сұлу Сыр, белес, әр қырың,
Қымбатсың маған Шардарам,
Қымбатсың маған Жаушықұм!

1-жургізуші:Өлеңдерін
тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен ақын ағаның шығармашылығынан біршама
ой түйдік.Ендеше келесі кезекті көрермендерімізге берейік.Осында отырған
көрермендердің ақын ағамызға деген бірнеше сұраулары бар,соны тыңдайық.

Оқушылардың
сұрақтары:

1. Неше жасыңыздан
өлеңді серік еттіңіз?

2. «Төрт қақпа –
төрткүл дүние»  өлеңіңізді тыңдадық. Өлеңнің  жазылу тарихынан айтып
берсеңіз…

3. Балаларыңыздың
ішінде сіздің жолыңызды қуған балаңыз бар ма?

4. Қажылыққа
бардыңыз ба?

5. Жаңа өлеңіңіз
қашан жазылды? Сол өлеңіңізді оқып берсеңіз?

2- жүргізуші:
Жергілікті ақын ағамыз Әбдіғаппар Әбубәкірұлының шығармашылығына арналған
кешіміз мәресіне де жетті.
1- жүргізуші: Құрметті Әбдіғаппар  аға, біз үшін уақыт тауып,
әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз аға!
Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр
үстіне нұр болар еді. Құттықтау сөз тәрбие ісінің орынбасары Есімхан Нұрсұлу
Пердеханқызына беріледі.

Ақын – елдің ардағы (ақындармен кездесу)


  • Сценарилер
  • admin
  • 14.05.2019
  • 0
  • 1
  • 17990

Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі

Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Өткізілетін орны: мектептің акті залы.

Шақырылған қонақтар: жергілікті ақындар Темір Мыңжас пен Рахат Қосбармақ, облыстық әмбебап кітапханасының кітапханашылары, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.

Мектебіміздің кіреберіс дәлізінде күй ойнатылып, ұлттық киім киген қыздар ақындарымызды салтанатты түрде қарсы алады.

І Бөлім

Жүрзуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан  қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын  жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.

Жүргізуші: Маңғыстау өлкесі – жырға бай. Қазақ өлеңіне үлкен үлес қосқан талай тарлан таланттар шыққан жер бұл. Арынды Абыл, адуын Ақтам, қайсар Қашаған, нар тұлғалы Нұрым, саңлақ сөзді Сәттіғұл, сырлы сазды Сүгірдей жыр жүйріктері қазақ жырының мерейін аспандатқан дала осы. Атақты ақын бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан танымал талантты жерлес-ақындарымыз, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының, Жазушылар одағының мүшелері Темір Мыңжас пен Рахат Қосбармақ  «Ақын — елдің ардағы» атты кездесу кешімізде қонақта.

Би «Қазақ»

Қонақтарды қабылдау сөз кезегін мектебіміздің директоры Имангалиева Г.Б береміз.
Шымылдық ашылады /көрініс/ теңіз бен шағалар дыбысы қосылады.
Бүгін түнде
Жаным маған ұйқы жоқ…

Жүргізуші: Бұл өлең жолдарының авторы 30-дан астам ән жазған, лирик-ақын, Халықаралық Дарабоз сыйлығының лауреаты, бар өмірін проза, поэзия, балалар әдебиеті әлеміне арнаған, ҚР тәуелсіздігінің 20 ж арналған этножурналистика саласында Республикалық Шаңырақ конкурсының бас жүлдесін жеңіп алған Темір Мыңжас ағамыз.

Жүргізуші: Ән, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдердің, ойлардың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана – сезіміңді баурап алып жеткізе алатын құдіретті қасиетке ие. Ақындарымыздың ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.

«Іңкәрім» – сөзі: Р.Қосбармақ, әні: орындайтын Есболаева А.С. РҚ-республикалық дәрежедегі бірнеше айтыскер мен мүшәйралардың жеңімпазы,1992 жылы Республикалық Студент көктемі фестивалінің лауреаты, V және VI халықаралық Шабыт фестивалінің дипломанты.400-ден астам телехабар дайындап, жеке меншік Ар телестудиясын құрған.

Ақындарымыздың жыр-жинақтарымен облыстық әмбебап кітапханасының жасөспірімдер бөлімінен келген кітапханашы таныстырады.

ІІ бөлім

Жүргізуші: Поэзия мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние».Табиғат алақаны аялап өсірген ақындардың жүрегінде поэзия сазы ерте дүрсіл қаққаны сөзсіз. Туған жердің көркейуі мен келісті келбеті ақын ағаларымыздың көрікті жырларына арқау болды.

Жүргізуші: Енді туған жерге, ұлы адамдарға, тіл, ана арнау өлеңдеріне кезек берейік.

Сіздердің туындыларыңызды  жаттап, үлгі алып жүрген оқушылардың өнерлерін тамашалайық. Өздеріңіз білетіндей, біздің ел — көпұлтты мемлекет. Мектебіміз де көпұлтты орта.

Поэзия минуты. Күй ойнатылады

«Маңғыстау» – Амина, «Туған елім» – Данияр, «Үстірт» – Илья, «Арнадым саған» — Рахат
«Сүйемін Қазақстанды» Қазақ даласы- Аяна, Ақтаудағы аққулар — Камила өлеңдері оқылады.
Әйгерім 9А Ақын рухына-Абайға, Кемеңгерге – Қайсар 9Б,  Қаһарман-Б.Момышұлына, Күй атасы-Құрманғазыға, Дархан дарын — М.Әуезовке арнау өлеңдер оқылады./портреттерімен

«Тон» Алина С, «Анама» – Богдашина А, «Қадірлеңдер,аялаңдар ананы» -Эльнура Т,Дильназ- Сағындың ба, анашым
Жүргізуші: Иә, өлеңнің өнегесі сол ол сезімді ғана оятып қоймайды, оны адамзаттық асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді.оның шыңы ұлттық сезім де өлең арылы оянып рухани күш алады.

Ән «Апа, сен қартаймайсың» әннің авторы Т.Мыңжас, музыкасын жазған К.Жалғас орындайтын 11А сынып оқушысы Теңелханова А.
Көрініс «Жаңылған жауаптар» авторы Р.Қосбармақ /4- сынып/

Жүргізуші: Ән «Апа, сен қартаймайсың» әннің авторы Т.Мыңжас, музыкасын жазған К.Жалғас орындайтын 11А сынып оқушысы Теңелханова А.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегін мектебіміздің болашақ Фризадай ақыны Әйгерімнің жүрегінен шыққан тырнақалды арнау өлеңін қабыл алыңыздар.
Көрініс: Жаңылған жауаптар

Бүгінгі ақын ағаларымызбен кездесудің сәті 22-ақпан Халықаралық Ана тілі мерекесіне орай өтіп жатыр. Келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән «Ананың тілі» орындайтын 10 сынып оқушылары.
Ортамызға қош келіпсіздер, ақын ағалар. Бір сағатқа ақындарымыздың шығармашылығын сыйғызу мүмкін емес. Сөз кезегі Сіздерде, оқушыларға жылы лебіздеріңізді білдірсеңіз. Бір өлеңіңізді оқып берсеңіз.
Оқушыларымыздың сұрақтары бар Сіздерге қояр сұрақтары.
Ақын жауабы.
Сіздер елімізге белгілі танымал тұлғалармен көп кездестіңіздер, есіңізде қалған қызықты сұхбатыңыз туралы айтып беріңізші?
Өзіңіз жақсы көретін бір өлеңіңізді оқып беріңізші

Сұрақтар: Өміріңізде таңғажайып сәттер болды ма?
Сұрақ: Мектепте қай пәннен екілік көп алатын едіңіз?
Сұрақ: Жақсы көретін ұстазыңыз туралы айтып беріңізші.
Сұрақ Мектептегі қызықты оқиғаңыз туралы айтып беріңізші
Сұрақ: Қазақ ақындары ішінде кімге еліктейсіздер, көп оқисыздар?
Сұрақ: Өзіңіздің бойыңыздағы қай қасиетті жақсы көресіз?
Сұрақ: Біз-болашақ футболшылар, сіздің футболға, жалпы спортқа көзқарасыңызды білгім келеді.

Біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз аға! Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.

Арамызда ақын жанды абзал ұстаздарымыз көп. Соның бірі- мектебіміздін қазақ тілі мұғалімі Майша ханымға сөз берсек, өз ықыласын білдірсе.

Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады деген екен, ақындарымызға қалай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді. Бізді сусындатар сарқылмас мәңгі жырларыңыздың алдында басымызды иеміз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын.Сүйіп тыңдар оқырмандарыңыз көп болсын.

Мен жастарға сенемін, — деп  М.Жұмабаев айтқандай, аға буынның сенімін ақтайтындай парасат-пайымы биік азамат боп өсейік!
Жүргізуші: Сіздерге жылы  жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл тілей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

Оқылатын өлеңдер тізімі:

Данияр – Туған елге
Сайлаугүл – Өмір деген
Амина – Маңғыстау
Илья – Үстірт
Аружан – Қазақстан
Маулен – Сүйемін Қазақстанды
Камила – Ақтаудағы аққулар
Олақ – Ерсұлтан

Арнау өлеңдер:
Айгерім – Абайға
Қайсар – Кемеңгер
Никита – Қаһарман
Жанарыс – Күй атасы Құрманғазы
Гауһар – Дархан дарын Әуезовке
Амина – Тон
Ангелина – Анама
Эльнура – Қадірлеңдер аялаңдар ананы
Дильназ – Анашым
Элина – Өлең
Мадияр – Қайран тілім
Мадина – Үміт

Рахат Құсайынұлы Қосбармақ  1972 жылы 19 маусымда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы «Қызыләскер» (бұрынғы «Тұрман») деген жерде, Сам құмында дүниеге келген. 8 жасынан бастап жыр жаза бастаған ол 1988 жылы Алматы қаласындағы республика бойынша  тұңғыш рет өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына қатысып, бас жүлдені иемденді. 1989-1994 жылдары Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған Рахат Қосбармақ оқи жүріп, студенттердің республикалық «Өркен», тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым «Жас қазақ» газетінде тілші, қазақ-түрік бірлескен «Таң-plus» телекомпаниясында редактор болып еңбек етті.

1994-2002 жылдары Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясында редактор, аға редактор, бас редактор, төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. Облыстық телеарнаның эфирі арқылы 400-ден астам телехабар дайындап, 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті еңбек етті. 2003 жылы жеке меншік «АР» телестудиясын құрды. 2004-2005 жылдары Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің жұмысты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды. 2006-2009 жылдар аралығында республикалық тәуелсіз қоямдық-саяси басылым – «Ар.kz» газетінің бас редакторы болды. 2009-2011 жылдары «Catkaz» ЖШС Бас директорының кеңесшісі қызметін атқарды.

1993 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығына, 1997 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасына», 2000 жылы облыс әкімінің «Алғыс хатына», 2006 жылы Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық жыр мүшәйрасында «Қазақ әдебиетін қолдау қорының» арнайы жүлдесіне ие болды. 2002 жылы «Қазақстанның Тәуелсіздігіне-10 жыл!» мерей тойлық медалімен наградталды. 2008 жылы есімі «Маңғыстау» энциклопедиясына енгізілді.

Рахат Қосбармақ-республикалық дәрежедегі бірнеше айтыскер мен мүшәйралардың жеңімпазы. 1992 жылы республикалық «Студент көктемі» фестивалінің лауреаты. V және VI халықаралық «Шабат» фестивалінің дипломанты.Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі.

«Кемпірқосақ» (1996 жыл, «Рауан»), «Бекет Ата» (2000 жыл, «Информ-Арна»), «Сұрасаң руымды – Дәулеталы» (2010 жыл, «Информ-П») атты кітаптардың, «Жаздың ең соңғы күні» (1999 жыл, «Зерде»), «Атажұрт» (2001 жыл, «Информ-А») жыр жинақтарының авторы.

Темір Мыңжасұлы (1952 жылы туған) – Орта мектептен кейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы кәсіптік-техникалық училищені , ҚазМУ-дің журналистика бөлімін бітіріп, журналистік еңбек жолын осыдан дәл 40 жыл бұрын Красноводск аудандық «Жұмысшы» газетінде бастайды. Содан бері баспасөз саласында қызмет етуден жалыққан емес. Бейнеу аудандық «Рауан», Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газеттерінде жауапты хатшы қызметін атқарған қаламы қарымды журналист, бүгінде облыстық «Маңғыстау» газетінің бөлім меңгерушісі.
•    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1972).
•    ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1980).
•    1972 жылдан ауданы «Жұмысшы» газетінде тілші, облыстық «Маңғыстау», Бейнеу ауданы «Рауан», Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды.
•    1991 жылдан Жаңаөзен қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары, қалылық мәдениет бөлімінің бастығы, облыс ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болды. Қазір облыстағы «Маңғыстау» газетінің бас редакторының орынбасары. Өлеңдері ауданы облысы және респ. басылымдарында жарияланып келеді. Қазақстан жас ақындарының «Қарлығаш», «Бекет ата», «Қос ішек – Струны души», «Жыр моншақ» сияқты жыр жинақтарына бір топ өлеңдері енді.
•    «Бойтұмар» (1994),
•    «Атамекен» (1998),
•    «Жүрек сөзі» (2002),
•    «Сені іздедім» (2006) жыр жинақтарының авторы.[1]


Сыр- сұхбат.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған тәлімді адамдармен кездесіп, тәрбиесін танытар кешімізге қош келдіңіздер. Кешті бастамас бұрын бүгінгі кешіміздің қонағы

Дара туған кентіміздің ақыны,

Әркез болып ел, халқының жақыны.

Жыр шумағын әуелете тербетіп,

Болған газет, журналдардың бар сәні –дей келе қонағымызды ортаға шақырайық.

  • Ол ақын апамыз Тұрар Қуанышбайқызы бүгін бізде қонақта. Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Өлеңге бала кезден , болдым бейім,

Ақындық қасиетімді, білдім кейін.

Айтыскер ақындарым көш бастаса,

Жазба ақын болғаныма өкінбеймін.

2-жүргізуші:

Ұнатамын жүргенді камзол киіп,

Домбыраның шанағын құлай сүйіп.

Ақындықтың қасиеті жебеп тұрса,

Тағзым етем .өлеңге басымды иіп- деп жырлаған өлеңді жанына серік еткен ақын;

1-жүргізуші: 182 өлеңнен құралған «Тайынтыкөл толқындары» жыр кітабының авторы;

2-жүргізуші: Улан таңы мен Дидар газетінің қоғамдық тілшісі

Сарқылмас сары алтын- сабырым,

Халқыма жетеді жер жарған дүбірім,

Мен соған сенемін

Жар болсын екі дүниеде де- бір өзі Тәңірім!

2-жүргізуші:

Мен – Торғайдың бір бұлағымын,

Жапанға біткен – бір дарағымын.

Әкемнің өшпей қалған бір шырағымын,

Халқымның тарихының бір парағымын.

Ахаң- Жахаңдай тұлпарлардың- бір тұяғымын- деп жырлағанкешегі қазақтың кемеңгер, ғажайып ұлы тұлғаларының, өлеңнің хас шеберлерінің ізін жалғаған Тұрар апамыз ауданымызды, жерімізді мөлдір судай сылдырап аққан сырға толы жырларымен сусындатып келеді.

1-жүргізуші: Олай болса, ардақты апа, сіздің құрметіңізге арналады.

Қабыл алыңыздар!

Би « Көктем»

2-жүргізуші:

Думанды, дулы дүрмекті

Балалық шағым сенде өтті.

Сынтасым,

Сырлы толқының

Бесіктей мені тербетті.

1-жүргізуші:

Халық- ердің аруағы,

Жанбас онсыз- ер бағы.

Болса халқым бақытты

Бақыттымын мен дағы.

Ән: «Анашым» Дуэт

1-жүргізуші: Шырай -, сен білесің бе, Шығыстың ұлы шайыры: «Ақындары әкімдерін іздесе, ондай елдің маңдай соры бес елі, әкімдері ақындарын іздесе, бақыт нұрын кешеді» деген екен.

2-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың Шұғыла. Атақты Наполеон Бонапарт: «Феодализмді құртқан зеңбірек, адамзат пен қоғамның ендігі тағдыры қаламға байланысты. Қаламнан қуатты қару жоқ. Әлемді билейтін- сөз, сөзді билейтін- ақын» деген екен.

1-жүргізуші:

«Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дейді.

Ақын апамызға қандай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді.

1-жүргізуші:

Отырса төр алдында , апалар паң,

Иіскеп немересін , шақырып жан.

Өлеңге « сегіз аяқ» берген –Абай

Жазба ақын жаңылмасын- шабытынан

2-жүргізуші: —

Қазағымның кең байтақ даласында,

Көп болсын, өзіңіздей дара тұлға.

Біз үшін мәңгі үлгі боласыз ғой,

Жыр жазып, мұра қылған Тұрар апа!

Бірге: Қымбатты апа ! Бүгінгі кешімізге қош келдіңіз!

1-жүргізуші

Келесі кезекте сізбен сыр-сұхбат жүргізбекшіміз.Балалардың сұрақтарына шынайы, нақты жауап беруге дайынсыз ба? Олай болса, сізге сәттілік тілей отырып алғашқы сауалдарымыздан бастасақ…

(Оқушылар сауалы қойылады)

  1. Тұрар апа, адам баласының өміріндегі ең тәтті кезең- балалық шағы ғой. Сол балалық дәуреніңіз қалай өтті қысқаша аитып өтсеңіз?

  2. Сіздің қалам ұстап, өлең жазуыңызға не түрткі болды?

  3. Бала кезіңізде кітапқұмар болдыңызба?

  4. Ең алғашқы жазған өлеңіңіз қандай?

  5. Өлеңді неше жастан бастап жаздыңыз

6.Оқушы болғанда қандай болдыңыз?

7.Шығармашыл адамның көбі көңіл- күйдің адамы дейді. Сіз қандай адамсыз?

8. Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы, 5 жаман қасиетіңізді айтыңызшы… (санап айтқызу)

  • Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы қасиетіңізді бүгінгі жастардың бойынан көре аласыз ба?

9.Достықты қалай түсінесіз?

10.Қазақтың ұлы жазушыларынан, ақындарынан кімді үлгі тұтасыз?

11. Сіздің жолыңызды қуған балаларыңыз бар ма?

Мұғалім:

  • Адам баласының мықты боп қалыптасуына үш нәрсе байланысты дейді. Олар: ата- ана, ұстаз және кітап.Әдебиет әлеміне қадам басуыңызға осы үшеуінің қайсысы әсер етті деп ойлайсыз?

  • 24 қараша күні туған күніңіз болды., құтты болсын айтамыз. Деңізге саулық тілейміз.Әрдайым осындай кештердің сәні боп жүре беріңіз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын, сүйіп оқыр оқырмандарыңыз көп болсын!

  • Сізбен жүргізген бүгінгі сұхбатымыз ұнады ма?

  • Олай болса, сіздің өлеңдеріңізді жаттаған оқушылардың өнерлерін тамашалайық.

  • Сіздің шығармашылығыңыздан «Поэзия минуты».

Би «Шахрезада»

Мұғалім:

  • Сіздің жолыңызды қуып, ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген шәкірттерімізде бар қабыл алыңыз.

(Оқушылар шығарған өлеңдерін оқиды)

Қорытындылау. Оқушыларға жылы лебізіңізді білдірсеңіз..

  • Марапаттау

Мектеп әнұраны айтылады.

Сөзін жазған Тұрар Қуанышбайқызы , әнін жазған Еркен Тұрымов

Бүгінгі кештен алған әсеріңіз қандай? Смайликпен көрсету

« Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ

Тұрар Қуанышбайқызымен кездесу

Мұқышева Ж.Ғ

2015- 16 оқу жылы

Қостанай облысы Аманкелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы
жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Аубакирова Гүлмира Кеңесқызы

Аманкелді ауданының біртуар азаматы, ақын Хамитбек Қуандықұлы Мұсабаевпен
кездесу
«Сыр- сұхбат»
Өтілу барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған
тәлімді адамдармен кездесіп, тәрбиесін танытар «Сыр- сұхбат» кешімізге қош
келдіңіздер. Кешті бастамас бұрын бүгінгі сыр- сұхбаттың қонағы болар
тұлғаны білу үшін өлең жолдарын оқимын, кім жайында екенін тауып
көріңіздер!
Дара туған ауданның ол ақыны,
Әркез болып ел, халқының жақыны.
Жыр шумағын әуелете тербетіп,
Болған газет, журналдардың бар сәні.
— Өлең жолдары кім жайында?
— Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса, ақын ағамыз Хамитбек Қуандықұлы
Мұсабаев бүгін бізде қонақта. Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
— Амандасу, қошемет білдіру, сәлемдеме ретінде концерттік бағдарламаны
ұсыну.
1-жүргізуші:
Өзіңде арман, сырларым
Жүрекпен жазған жырларым!
Арқауы өлеңдерімнің
Қоңыр бел, қоңыр қырларым!
2-жүргізуші:
Илансаң досым- жараным,
Ел мен жер – менің бал әнім!
Осының бәрін айғақтар,
Өлеңім- өмірбаяным!- деп жырлаған өлеңді жанына серік еткен ақын;
1-жүргізуші: Бірнеше жыр кітаптарының авторы;
2-жүргізуші: Ауданымыздың біртуар азаматы;
1-жүргізуші: Аудандық «Амангелді арайы» газетінің бас редакторы;
2-жүргізуші: Облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі;
1-жүргізуші: Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты;
2-жүргізуші: ҚР Жазушылар одағының мүшесі;
1-жүргізуші: Мәдениет қайраткері, иманы кәміл қажы;
2-жүргізуші: Қазақстанның құрметті журналисі Хамитбек Мұсабаев ағамызбен
бірге өткізгелі отырған сырлы сұхбатты кешімізге
Екеуі бірге: Қош келдіңіздер!
[pic]
1-жүргізуші:
Өмірім- өлеңім, өлеңім- өмірім,
Сол менің- бойыма дарыған қыдырым!
Сарқылмас сары алтын- сабырым,
Халқыма жетеді жер жарған дүбірім,
Мен соған сенемін
Жар болсын екі дүниеде де- бір өзі Тәңірім!
2-жүргізуші:
Мен – Торғайдың бір бұлағымын,
Жапанға біткен – бір дарағымын.
Әкемнің өшпей қалған бір шырағымын,
Халқымның тарихының бір парағымын.
Ахаң- Жахаңдай тұлпарлардың- бір тұяғымын- деп кешегі қазақтың кемеңгер,
ғажайып ұлы тұлғалары, өлеңнің хас шеберлерінің ізін жалғаған Хамитбек
ағамыз елімізді, жерімізді мөлдір судай сылдырап аққан сырға толы
жырларымен сусындатып келеді.
1-жүргізуші: Олай болса, ардақты аға, сіздің құрметіңізге арналады. Қабыл
алыңыздар!
Ән: «Шашу» Қабдыхамитов Ерназ [pic]
2-жүргізуші:
Думанды, дулы дүрмекті
Балалық шағым сенде өтті.
Сынтасым,
Сырлы толқының
Бесіктей мені тербетті.
1-жүргізуші:
Халық- ердің аруағы,
Жанбас онсыз- ер бағы.
Болса халқым бақытты
Бақыттымын мен дағы.
Ән: «Достарым» Дуэт

1-жүргізуші: Ділдә, сен білесің бе, Шығыстың ұлы шайыры: «Ақындары
әкімдерін іздесе, ондай елдің маңдай соры бес елі, әкімдері ақындарын
іздесе, бақыт нұрын кешеді» деген екен.
2-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың Ерназ. Атақты Наполеон Бонапарт:
«Феодализмді құртқан зеңбірек, адамзат пен қоғамның ендігі тағдыры қаламға
байланысты. Қаламнан қуатты қару жоқ. Әлемді билейтін- сөз, сөзді билейтін-
ақын» деген екен.

1-жүргізуші:
«Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дейді.
Ақын ағамызға қандай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді.
Хамитбек аға, бізді сусындатар мәңгі сарқылмас жырларыңыздың алдында
құрметпен бас иеміз!
Ән: «Туған жердің ұланымыз» Кулахметов Жандос
1-жүргізуші:
Бар мұрадан — қасиетті мұрам ең,
Данасың ғой, болар, әр кез дана кең.
Менің мөлдір, сұлу Ана тілімнің
Шырақшысы- сен аман бол, Қара өлең!
2-жүргізуші:
Қазағымның кең байтақ даласында,
Көп болсын, өзіңіздей дара тұлға.
Біз үшін мәңгі үлгі боласыз ғой,
Жыр жазып, мұра қылған Хамитбек аға!
Бірге: Қымбатты аға! Бүгінгі кешімізге қош келдіңіз!

Мұғалім:
— Хамитбек аға, бүгінгі өткелі отырған сырлы сұхбатты кешімізге тағы да
қош келдіңіз дейміз. Сұхбатымызды бастамас бұрын алдымен, сіздің
өміріңізден бір үзік сыр шертер бейнесюжетке назар аударайық. (1-ші
бейнесюжет)
[pic]
— Сюжетке алыпқосарыңыз бар ма, толығырақ айтып өтсеңіз…
[pic]
— Сізбен жүргізер балалардың сұхбатына шынайы, нақты жауап беруге
дайынсыз ба? Олай болса, сізге сәттілік тілей отырып алғашқы
сауалдарымыздан бастасақ…
(Оқушылар сауалы қойылады)
1. Хамитбек аға, адам баласының өміріндегі ең тәтті кезең- балалық шағы
ғой. Сол балалық дәуреніңіз қалай өтті?

[pic]

2. Хамитбек аға, сіздің қалам ұстап, шабыт тұлпарына мінуіңізге не түрткі
болды?

3. Хамитбек аға, бала кезіңізде кітапқұмар болдыңызба?

4. Ең алғашқы жазған өлеңіңіз қандай?

5. Хамитбек аға, сыныбыңыз туралы айтып беріңізші, қандай оқушылар болды?

Мұғалім: Сіздің мектеп қабырғасындағы кездеріңізді еске алып, сіз жайында
сыныптасыңыздың бір үзік сырын тыңдайық. (Сыныптасы Кәтеп апай берген
сұхбат бейнесюжеті)
— «Балаға бағыт- бағдар беретін ата- анасы», ал сізге ата- анаңыз қандай
бағыт берді?

[pic]
— Оқушылар сауалына кезек берейік.
6. Хамитбек аға, мектепте оқып жүргеніңізде қандай үйірмелерге қатыстыңыз?

7. Оқушы болғанда қандай болдыңыз?

8. Хамитбек аға,бала кезіңізде неге құмар болдыңыз?

9. Бос уақытыңызда немен айналысатын едіңіз?

10. Хамитбек аға,шығармашыл адамның көбі көңіл- күйдің адамы дейді. Сіз
қандай адамсыз?

[pic]

Мұғалім:

— Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы, 5 жаман қасиетіңізді
айтыңызшы… (санап айтқызу)
— Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы қасиетіңізді бүгінгі жастардың
бойынан көре аласыз ба?
(Оқушылар сауалы қойылады)
11. Ақын ретінде сізді көбіне не шабыттандырады?

12. Балалық шағыңыздан есіңізде қалған бір естелігіңізді айтып беріңізші.

13. Ақынның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

14. Хамитбек аға, достықты қалай түсінесіз?

15. Хамитбек аға, сіздің өміріңізде таңғажайып сәттер болды ма?

16. Редактор болып қалыптасуыңызда кімдер әсер етті?

17. Хамитбек аға, қазіргі таңда сізден тәлім алып жүрген шәкірттеріңіз бар
ма?

Мұғалім:
— Ауданымызда «Амангелді арайы», «Қостанай таңы» газеттері беттеріне
мақалалары жарияланып отыратын жастардан кімдерді айта аласыз?
(Оқушылар сауалы қойылады)
18. Хамитбек аға, сіз басшылық жасап отырған сүйікті газетіміз «Амангелді
арайы» газетінен жарық көрген ең алғашқы туындыңыз қандай?

19. Хамитбек аға, білім алған оқу ошағыңыздан ерекше бейнесімен есіңізде
қалған ұстаздарыңыз бар ма?

20. Қазақтың ұлы жазушыларынан, ақындарынан кімді үлгі тұтасыз?

21. Хамитбек аға, қазақ жазушыларының, ақындарының ішінде кімдермен
жүздесіп көрдіңіз? Қандай әсер алдыңыз?

22. Хамитбек аға, соңғы жазған өлеңіңіз қандай, не туралы?

23. Хамитбек аға, сіздің жолыңызды қуған балаларыңыз бар ма?

24. Хамитбек аға, ақын болуым үшін қай қырымнан шыңдалуым қажет?

25. Хамитбек аға, музыкаға жаынсызба? Қандай музыкалық аспапта ойнайсыз?

Мұғалім:
— Адам баласының мықты боп қалыптасуына үш нәрсе байланысты дейді. Олар:
ата- ана, ұстаз және кітап.Әдебиет әлеміне қадам басуыңызға осы
үшеуінің қайсысы әсер етті деп ойлайсыз?

— Өткен жылы 60-жас мерейлі мерекелі жасыңыз аудан көлемінде
шығармашылық үлкен кешпен тойланды. Құтты болсын айтамыз. Әрдайым
осындай кештердің сәні боп жүре беріңіз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз
ешқашан сарқылмасын, сүйіп оқыр оқырмандарыңыз көп болсын!

— Сізбен жүргізген бүгінгі сұхбатымыз ұнады ма?
— Олай болса, сіздің туындыларыңызды үнемі оқып, жаттап үлгі алып жүрген
оқушылардың өнерлерін тамашалайық.
— Сіздің шығармашылығыңыздан «Поэзия минуты».
(Хамитбек шығармаларынан үзінді тақпақтарын оқиды.)
[pic]

1. Аңсағанова Жұлдыз 7- сынып «Қасиетті Батпаққарам- ай»
2. Сабыров Бағдат 6-сынып «Оян, қазақ»
3. Қабдрахим Қарақат 5- сынып «Өзің ғой маған сиқырлы әлем»
4. Қабдыхамитов Ерназ 4-сынып «Ер сұлтаны- Нұрсұлтан»
5. Мұратбек Аяулым 4- сынып «Айналайын Айырқұм» , «Тәуелсіздік
толғауы» поэмасы
Мұғалім:
— Сіздің жолыңызды қуып, ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген
шәкірттеріңіздің сізге арнаған арнауларын қабыл алыңыз.
(Оқушылар шығарған өлеңдерін оқиды)
[pic]

— Қорытындылау. Оқушыларға жылы лебізіңізді білдірсеңіз..
— Марапаттау

[pic] [pic] [pic] [pic]

— Бүгінгі кештен алған әсеріңіз қандай? Смайликпен көрсету
[pic]
Соңы:
[pic]

«Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» жас жазба ақындар байқауы

Мақсаты:
— Әдебиетті дамытуға ерекше үлес деп танылған әдеби жанрдың өркен жайып, дамуына ықпал ету;
— Ана тілінде еркін таза, әдеби тілде көркем сөйлеп, жылдам ойын қорытып көркем тілде жауап беруге дағдыландыру;
— Жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету, ынталандыру;
— Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
— Жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын оқушылар арасында насихаттау.

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» байқауына қош келдіңіздер. Бүгінгі байқауға қатысушылар:
…..
Байқау бөлімдері:
1. «Таныстыру». Қатысушы өлеңмен өзін таныстырады.
2.«Жаныма жақын жырларым». Оқушы өз жырын мәнерлеп жатқа оқиды.
3.«Таза ой мен көркем тіл». Бір заттың зияны мен пайдасы туралы көркем тілде салиқалы ой айтады.
4. «Өрілген ұйқас, мәнді сөз». Берілген тіркеске сай 4 тармақты өлең құрастырады.
«Ортамызда — жас жазба ақындар» атты байқауымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі жас ақындарымызға төрелік етуші алқа мүшелерімен таныс болыңыздар:
——————————————
І жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, барша халық,
Қартқа құрмет, сыйлайтын жасқа шабыт.
Салты солай халқымның әуел бастан,
Бауырларша келіңдер, бас қосалық.

ІІ жүргізуші:
Сәлемдесу — игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Қатысушылар рет — ретімен өздерін таныстырып өтеді.

ІІ жүргізуші:
Жазба ақындар жиналды, міне көрдің,
Бәрінің ойға алғаны жарқын сенім.
«Жаныма жақын жырларым» бөлімінде
Ал, көпшілік!
Қабылдаңыз жас ақын өлеңдерін.
Сайыскерлер өзінің жазған жырын мәнерлеп жатқа оқиды.

І жүргізуші:
Таза мінсіз асыл тас —
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз —
Ой түбінде жатады, – дегендей «Ой мен тіл айқындылығы» бөлімінде сіздер берілген парақта жазылған заттың зияны мен пайдасы туралы көркем тілде салиқалы ой айтуларыңыз керек.

ІІ жүргізуші сөз жазылған кеспе қағаздар таратады.
Берілген сөздер: тіл, компьютер, автомобиль, гүл, көп оқу, телефон, теледидар.

ІІ жүргізуші:
«Өлең — сөздің патшасы, сөз – сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы»-
Дегендей қазағымның бас ақыны,
«Өрілген ұйқас, мәнді сөз» бөлімі —
Айқындап берер сізге хас ақынды.
Бұл бөлімде жас ақындардың берілген тіркеске сай осы жерде 4 тармақты өлең құрастырғанына куә боласыздар.
Қатысушылар бір кеспе қағаздан алып, 4 жолды өлең құрайды.

І жүргізуші:
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
Оған да үкі тұмар тағылса да.
Жас ақын өнерінің барын салды,
Кей жерде қара сөзден жаңылса да – дегендей, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
І, ІІ жүргізуші:
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік!

Жыр мұхитының жүрдек кемесі поэзия  кеші

Мақсаты:

Ақиық  ақын  М. Шахановтың  өмірімен  өзектес

жырларының  құдіретін  сезіну, өміршеңдігін, адам

тіршілігіндегі  маңызын,  тіл  шұрайын  таныту, үлгі

алу;

Ұлттық  қазынаға,  талантты  тұлғаларға  құрметпен

қарауға,  арлылық пен инабаттылық  кішіпейілділік

пен  адалдық сезімдерін  сезіне  отырып,  бойға

сіңіре  білуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Ақын  суреті,  шығармалары, М. Шаханов  туралы  лебіздер  жазылған  плакаттар.

Түрі:  поэзия  кеші

Өтілу  барысы:

  • жүргізуші:

О, сұлу  поэзия, сазды  әуен!

Кескіні  мен  келісімі  жымдасқан  айнымас асыл  жүректі  дір  еткізерлік  жауһар  жырды  көксемейтін  жан  бар  ма?!  Тәңірі  ерек  дарын  сыйлаған  арқалы  ақындар  қай  ғасырда  да  өз  заманымен  бірге  жасап,  өсіп,  өнеді,  өрлейді,  өршіл  рухтағы  қанатты  жырларын  үздіксіз  тудырады!….

Уақыт  мынау  алас  ұрған

Қай   мінезін  басым  етті?!

Егер  адам  баласынан

Екі  ұлы  қасиетті,

Екі  ұлы  шапағатты –

Достық  мене  махабатты

Шегерсек  не  болмақшы?!

Күрт  өзгеріп  заман  тіптен,

Бар  тіршілік  басып  ессіз  тайраңға

Сол  сәтінде – ақ  адам  біткен

Айналмай – ма   хайуанға?!

Дүниенің  күлін  көкке

Ұшыратын  бұл  індетке,

Аз  ба  жерде  қарсы  тұрар  игі  істер

Тек  қарнымен  тыныстайтын,

Достасуға  тырыспайтын,

Жұрттың  бәрі  қылмыскер., — деп  жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарының басында поэзия патшалығына өз даусы, өз болмысы, өз соқпағы, өз үнімен дарабоз арғымақтай екпіндете енген ақын – М. Шаханов. Жырқұмар оқырманның сүйіспеншілігіне бөленгелі қа – ша – ан?!

Ал бүгінгі  Шаханов  ше?

2-жүргізуші.

Асқақ  ұстап  жастық  туын,

Алпыс  таудан  астық  бүгін,

Алла білер,  алдымызда  енді  қанша  қалды  тау,

Барлық  батыл  ойларыңның  алды-күрес, арты-дау.

Кейде албырт  Батырлық  та Тасырлықпен кетпекке

Оймен, мұңмен көз тастайды Рух атты мектепке.

Ол мектептің түсі жадау, терезесі қираған,

Ішінде даңқ сыцғанымен, даңқы байлық жимаған.

Содан оған жұрттың көбі құлақты емес баруға

Шу менен Бу дес бермейді мектеп партын тануға.

Сол мектептің ұстазы едік, нәпсіге бас имеген,

Аңқау, сенгіш адамдығын қайсарлығы сүйреген.

Күллі рухсыз биліктедің парқы, даңқы сұйықтау,

Біз шыққан тау-Шындық тауы. Барлық таудан биік тау.- деп толғанды Т.Әбдікке арналған «Рух мектебіндегі мұң» атты өлеңінде. Осы өлеңнің өзі бұгінгі Шахановтың  ақындық, азаматтық тұлғасын танытқандай.

Ақынның өнегелі өмірі туралы дерекке назар аударайық.

Компьютерден тыңдау.

М.Шаханов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы Отырар өңірінде дүниеге келген. Жастай жетімдік көрседе, өзінің өжеттігі, қайсарлығы, қайраттылығы арқасында білім алып, талмай еңбек етіп, ел құрметіне бөленді. 1969 ж. Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Жас талапты ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атаумен 1966 ж. жарық көрді. 1968 ж. «Балладалар», 1970 ж. «Ай туып келеді»,

1974 ж. «Қырандар төбеге қонбайды», 1976 ж. «Сенім патшалығы» атты кітаптары жарық көрді. Ақын өлең дерінде негізінен философиялық ой басым. Махаббатты қорғау, туған жерді құрметтеу, ана тіл құдіреті, Отанды сүю секілді қасиетті сезімдерді жырға қосты.

Қазақ халқының ақтаңдаққа толы тарихы, тағдырдан көрген теперіші мен қиянаты, сергек ақынды қоғам қайраткері етіп шығарды. Тамыры ерте суалып, тартылған қасиетті Арал теңізі мен Балқаш көлінің жағдайын үлкен мінбеден айтып, ел назарын аударды.

1986 жылы жазықсыз жапа шеккен қазақ жас- тарын қара күйеден арашалау үшін еңбек етті. Оның басшылығымен құрылған комиссия тамыры тереңге кеткен, ұлтқа қарсы бағытталған тарихи шындықтың бетін ашты.

«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы болып, ана  тілінің тағдыры үшін күресті.

2005 жылы екінші рет инфаркт алып, ақын қатты ауырады. Сол кезде туыстас ел Түркиядан арнайы келіп, жан-жақты дәргерлік тексеру жүргізген Эркан Демирташ  бауырымыз ақынға көмек қолын созып, өзі бас болып Стамбұлға ұшақпен алып барып, операция жасады. Сөйтіп ұлтымыздың ұлағатты ұлы опасыз ажалдан аман қалды.

Мұхаң тәуелсіз елдің бүгінгі тарихында да өзіндік із қалдырған, әлемдік оқырманды өзінің ақындық мүмкіндігімен таңқалдырған ақын, халық жазушысы.

І жүргізуші: Кеудесінде асыл тас өлшейтін күйентелі таразыдай биік талғамы бар шын дарынқашанда әр шығармасын әбден сорықтырып, сартап қылып, емешеңді құртып барып ортаға тастайды. Жалпақ әлемге жан дүниесін жайып салу ақын адамның өзге жұмыр басты пенделерден жалғыз – ақ айырмасы осы тәрізді. Бірақ ол дүйім жұртты аузыңа қарату үшін қаншама рухани ерлік керек.

Өнерді өмірлі ететін шындық. Осы бір даусыз қағиданы жүзеге асыру үлкен таланттың өзіне оңай түспейді. Мұхтар Шаханов – бұл үдеден шыға білген ақын.

Мұхтар өнернамасындағы кең дүниеге кеудесін көлегейлемей сөйлейтін азаматтық, батылдықты, азамат болмысының өрелеі де өркениеті сипаттарын тапжылтпай танитын суреткерлікті, өжеттік пен өткірлікті тамыршыдай дәл айырған заманымыздың заңғар жазушысы Ш. Айтматов үзеңгілес келе жатқан інісі туралы былай деп толғанады: «Менің өмірімде екі Мұхтар болды. Оның бірі – әкемдей қамқор пейілді ұстазым, ұлы жазушы М. Әуезов те, екіншісі – азамат ақын, көп жылдан бері сырласым іні досым – М. Шаханов. Менің түсінігімше ол – кең ауқымды, ізденгіш, ойшыл, Шығыстың даналағы мен Батыстың ұшқыр дүниетанымын бір арнада шебер тоғыстырған Азия құрлығындағы аса ірі ақындардың бірі. Мұхтар – қазақ халқының қиын шақта жел өтінде ұстаған, ел ішінде ұлттық батыр қатарында мойындалған қайсар қанат перзенттерінің бірі».

Ақын өзінің үмітпен қойылған есімі туралы былай деді.

«Мені неге Мұхтар қойған?»  (Гүлнұр)

ІІ жүргізуші:

Мұхтар ақын бейбіт күнгі өмірді май тоңғысыз жаймашуақ, мамырайқан тірлік деп ұқпайды. Азаматтық ерліктің соқтықпалы сындарынан өтіп келген ақын адамдардан ел бірлігін, ірілікті, рухани тұтастықты талап етеді. Сондықтан да оның аузынан шыққан сөз бір адамның ғана емес, бүкіл бір ұрпақтың, бір тұстағы бүкіл бір халықтың жан сырындай жалынды естіледі.

«Төрт ана» өлеңі оқылады. (Аяжан)

І  жүргізуші: 1999 ж ЮНЕСКО өзінің арнайы шешімімен Париждегі штаб – пәтерінде : Мұхтар Шахановтың  «Өркениеттің адасуы» поэтикалық романының тұсаукесерін, сонымен қатар, 2002 жылы «Жібек жолы бойындағы ғылым және руханият» халықаралық конференциясының шеңберінде «Жазагер жады  космоформуласы» романында көтерілген проблемалар төңірегінде дөңгелек үстел өткізген болатын.

Бұл басқосуға қатысқандар бірнеше тілге аударылған аталмыш шығармаларды әлемдік поэзияның ең озық туындылары қатарында атады. Ақынның  «Өркениеттің адасу»  атты романында көтерілген мәселе – әлемдік ақпарат тасқынының,техникалық жедел дамудың, кәсіптік мамандардың тар шеңберде біржақты даярлануы себебінен, әсіресе, адами құндылықтардың ескерілмеуінен  қоғамда компьютер басты жарты адамдардың күрт өсіп кетуі, ғасырымыздағы кезек күттірмес үлкен түйткілдерге айналды.  Рухсыз білімнің зияндығы, яғни соңғы кездері  деңгейде белең алған ар – намыс, ұлт,  әділеттілік, қайырымдылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау сияқты қасиеттерге жеткілікті көңіл бөлінбеу адамзатты тұңғиыққа тіреді. Әлемдегі жақсылық та, жамандық та алдымен ақынның нәзік жүрегіне әсер етеді. «Өркениеттің адасуы» атты поэтикалық роман ақынның осындай жан тебіренісінен туган.

Компьютер арқылы тыңдау.

Майданда қорқақтық  қандай рухани опасыздық болса, заманның тыныш кезеңінде қаулап шығатын ұсақ мінез, күйкі құлақ, субетіне төгілген жермайдай тұрлаусыз құбылғыштық та тап сондай опасыздық болып табылмақшы. Ақын, әсіресе, махаббаттағы бойкүйездікт, сатқындықты өлтіре әшкерелеп, уытты жырларын аямай төгіп келеді.

Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз

Сенім өмер сүре ала ма мұратсыз?

Жүрегінде ерлігі жоқ адамны

Барлығыды махаббатқа тұрақсыз… деп жырлаған ақынның «Ғашықтық ғаламаты» өлеңін тыңдайық…

Ән: «Кешікпей келем деп ең»

Сөзі: М.Шаханов. Әні: Ш.Қалдаяқов.

1-жүргізуші: Қазақтың ұлы ақыны М. Жұмабаев «Ұлттың тілі кеми бастауы оның құри бастауын көрсатеді» деп отызыншы жылдары батыл айтып еді. Тіл – күретамыр. Тіл мәселесі – ұлттың бүгіні мен болашағы. Тіл туралы 10 жылда 3 заң қабылданып, оның орындалуы көңіл көншітпейтін, басынан даудамай кетпеген тіл тарихта бар-жоғын біле алмадым. Жауына шамырқанса тауды бұзатын батыр мінезді халқымыздың, бүгінгі тәуелсіз еліміздің дербес ойлы ұрпағы не дейді екен? Тыңдап көрелік.

«Ұрпақ үні» трибунасы. Оқушы. Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты- ұлттық тіл. Тілді айырбастауға боладв Бірақ онда ұлтыңнан, ұлттылығыңнан айырыласың, бұл кеңестік шовинистік идеялогиялық «ұтымды» көзірі болады. Олар кірісті. Ресейдің өзінен басқа республикалардың ана тіліне шабуыл жасады. Мысал келтірсем, Тәжіктің бір белгілі адамы «Душанбеде балаларымызға тәжәк тілін үйрету проблемаға айналды. 1987 жылы Ленинабадтағы отыз тоғыз балалар бақшасының үшеуі ғана тәжік тілінде тәрбие беретін де, қалғаны түгелдей орыс бесігіне көшкен екен» деп жазған екен.  Ал Алматыда алпысыншы жылдардың басында бір де бір қазақ  балалар бақшасы болмайтын. Бірінші рет оны өз аяғымен жүріп С. Мұқанов аштырған еді. Молдавндвр ұлтжанды халықтың бірі. Сондай намысшыл елдің оннан тоғызы ана тілін білмейді.  40 – шы жылы Кишиневте 33 молдаван мектебі болса, 20 – 30 жылдың ішінде оның жетеуі қалыпты. Алматыда олда болмайтын. Көз бояу үшін малшылардың балаларына деп ашып үш – төрт интернат болатын.

Тарихқа үңіліп, сыр тартсаң түрлі ащы шындықты термелеп айтуға болар еді. Қысқаша айтқанда, орыстану әріден ойланылған, шебер ұйымдастырылған империалық, отаршылдық саясат. Темір бұғауды үзіп шыққан намыс жастардың батыл әрекеті болмағанда тәуелсіздіктің ақ таңы атар ма еді деп ойлаймын. Тәуелсіздікпен бірге қуаныш, азаттық қарлығашындай

болып тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Бөркімізді аспанға атып қуандық.  «Тіл туралы Заң» қабылданды. Ойлап отырсам, жетістігімізде бар екен, өзіміздің жігерсіздігімізден, өзінен бұрын өзгенің көңілін табуға дайын тұратын көңілшектігімізден тапқан тілімізге қолдан жасалған тосқауыл бар.

Оны атап айтсам:

Мемлекеттік Әнұранның басқа тілде аударылуы. Әнұран басқа тілге аударылмауы керек. Басқа ұлт өкілдерінің тілі келсін – келмесін тек қазақ тілінде шырқалсын. Үйренсін. Өзбекстанда солай, орыс, қазақ, тағы басқа ұлт өкілдері өзбекшелеп: «Серкуаш» деп тұрғаны. Дүкен мекеме аттары, басқа да жарнамалар қазақ тілінде жазылуы тиіс. Маңдайшаларына екі тілде жазылған мекемені тапқан өзге ұлт өкілі орысшасын оқиды да қазақшасына мәнде бермейді.  Егер мекеме аты қазақша жазылса,  еріксіз оқып, еріксіз түсінетін болар еді.  Ана тілімізге сиам егізіндей жабысқан ресми тілді алып тастау қажет деп ойлаймын. Іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілуі тиіс.

2 – оқушы:

Аяжан, сөзің аузыңда. Қазіргі іс қағаздары қазақ тіліне көшіп жатыр. Осыдан үш жыл бұрын мектепке ауыл фельдшері денсаулықты тексеруге арналған қағаз берді.  Орыс тілінде жазылған. Бірін түсінсем, бірін түсінбеймін «иә, жоқ» деп жауап бере салдым. Мен сияқтылар көп қой., дәрігерлер біздің денсаулығыз жөнінде анық мағлұмат алғанына күмәндімін.  Жалпы, мен ел басқарған ағаларды ана тілін білмесе, билік басына келуін дұрыс деп есептемеймін. Тіл саясаты өзге елдерде бізге қарағанда батыл жүргізілуде. Литвада бір – бірімен ана тілінде сөйлеспесе айып салынады. Латыштар елдеріндегі барлық орыс және аралас мектептерін түгел жауып тастап, бірыңғай латыш тіліне көшірді.  Малайзиялықтар не дейді дейсіз ғой? «Егер сіз біздің елеміздің азаматы боламын десеңіз, малай тілін 10 жылдық бағдарлама бойынша тапсыруға тиіссіз» деп талап қояды.  Ал 10 жылдық бағдарлама – малай халқының әдебиетін, мәдениетін, салт – дәстүрін және тілін қамтиды.

Франция, Германия, Жапония мемлекеттік тілдеріне көп көңіл, ұлттық сананы,  қасқалдақтың қанындай сақтап қорғаштайды. Өзге тілді үйрену, үйренбеу — өз еркіңде.

Жапония демекші, әлемге озық технологиясын таратып отырған мемлекет жаһандану ағымынан да қорықпайды.  Себебі жаһандануға қарсы тұра алатын өз ұлттық идеялогиясы мен мәртебесі жоғары өз ана тілі бар. Ал Қазақстан осы жағдайға тосқауыл қоя ала ма? Кесіп айтсақ, жоқ. Сол себептен, біз де бірінші орында қазақ тілінің қанат жаюына және ұлттық сананың асқақтауына қол жеткізуіміз керек. Енді елімізге, мейлі туристер келсін, мейлі мигранттар, баса ұлт өкілдері келсін, бірінші – қазақ тілін, екінші – салт – дәстүрді және тарихты білу шартын қоюымыз керек деп ойлаймын.

Мұғалім: Балалардың батыл ойлары менің ойыма мына шумақтарды түсірді. ұғалім өз өлеңін оқиды)

ІІ – жүргізуші: Тіл мәселесін батыл көтеріп жүрген Мұхтар ақынның 2004 ж республика Президентінің зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде белгілі себептермен оқылмай қалған «Ұлттық нигилизм жемістері» өлеңі халықтың намысын жанып, әлсіреген рухына жан бітіргендей болды.

«Ұлттық нигилизм жемістері».

Оқитын: Аманжолова А

Терме «Аман бол, тілім!» Орындайтын: Сүйеуов С

М. Шаханов – қара өлең жазирасындағы ірі тұлға қаншама қазақтың темірқанат дарындары Мұхтардың жырларын күні бүгінге дейін жатқа оқиды. Есесіне ақын да кеудесінде өлең оты лапылдаған жас шайырлары қиуадан шалып, үнемі демеп, қанаттандырып жүреді. Ол «Түсіну теоремасы» өлеңінде адамның бір – бірін түсіне алмайынан туатын қасірет пен қиындық туралы филосифиялық ой толғайды.

«Түсіну теоремасы»

І жүргізуші:

Өмір ағып жатқан өзендей. Өзеннің арнасы кейде тартылып, кейде кеңейетіні сияқты адам өмірінде де қиналу, тіпті өмірден түңілу секілді сезімдер де болады. Ақынның «Жігерлендіру» өлеңі адамға қанат бітіріп, болашаққа сенім қалыптастырғандай болады.

«Жігерлендіру» өлеңі компьютерден тыңдау.

ІІ жүргізуші:

М. Әуезов атындағы қазақ академиялық театрының сахнасында қойылып жүрген «Күретамырды іздеу» поэмасында достықтың, махаббаттың ұлы мүмкіндіктерін, өзекті мәселелерін, ақ пен қараның бітім таппас тартысы арқылы ашуға күш салады. Осы поэмадағы «Бақыт оңай сипаттайды бұрымын» деген бөлімінде ананың соғыстан оралмаған жарына деген адал махаббаты көрінген.

Бірінші белес.

Үйлену тойы. Жастардың бір тобы қалыңдық пен күйеуі қоршап алған. Қасында ақын. Кенет қолына костюм ұстаған ақ шашты ана көрінеді. Жұрт екі жарылып жол береді.

Ана.

(күйеу жігітке жақындап)

Он сегізден он тоғызға жаңа шыққан кезімде,

Құштарлықтың оты лаулап көзімде,

Тоқтата алмай көңілімді аптыққан,

Жарылардай шаттықтан.

Өмір маған тосардай тек тұнығын,

Шалқып ойнап иығымда бұрымым,

Осы биік шаңыраққа

Келін болып түсіп едім құлыным.

Әнім әнге қосылды да толқыды,

Менен асқан бақытты жан болды ма екен сол күні,

Сәбидей пәк  аңғал күліп,

Аттыққанша таңдар Арманға ерке үн беріп.

Бір тілекпен гүлдедік,

Бірімізсіз біріміз

Бақыт бар деп білмедік.

Қуанышсыз өрлеген күніміз

Сезім жүрген жерде сыр ояу,

Бірімізсіз біріміз

Тұралмаушы ек құдай – ау!

Әкең сенің жомарт еді,

Пейілінен таң атқан,

Іңкәр тағдыр жанын жаз ғып жаратқан.

Тіпті бір күн үйіміз

Босамайтын қонақтан.

Жаздың сонау нұрлы кеші

Қалды мәңгі есімде,

Еңбек ету туған дала төсінде

Өмір шіркін мәз мазмұнсыз өте ме,

Жетелесең ізгілікті жетеле.

Тұңғыш рет алғаш алған еңбек ақыма

Костюм сатып әперім ем әкеңе.

Сұлулықтың безбені ғой көздеген

Ұлың мені ұғамысың,

Сондағы оның қуанышын

Қалай айтып жеткізе алам сөзбенен.

Сол костюмді үш – ақ рет киді де.

Үш – ақ рет тойға бардық,

Үш – ақ рет биледік.

Заман бізге біз заманға сайлы едік.

Бірақ, ұзақ баурай алмай нұр көкті

Үш күннен соң соғыс өрті бұрқ етті.

Әкең сонда еңсесін тік көтеріп,

Бойында кек қайнап тасқынды

Көңіліне күй өрлеп,

Су жаңа осы костюмді

Тапсырда маған әкеліп,

Келген соң киемін деп,

Бірақ ол келмеді,

Айырғандай мені барлық қызықтан.

Атар таңмен батар күн

Он тоғызда жесір әйел атандым.

Көтердім мен тағырымның мазағын

Үзілер дей жұлыным

Ол күндердің қазіретті азабын,

Сен сұрам мен айтпайын құлыным!

Өмір жаңа шырағым,

Құдай ырза мен ырза

Тежей көрме тағдырымның бұлағын,

Байлама деп бағыңды

Әжең қанша бата беріп жалынды.

Өткерсім де қанша  қияс кезеңді

Нар түйедей көтерілдім,

Жылатқам жоқ әжеңді,

Құлатқам жоқ шаңырағын әкеңнің.

Махаббатта бір – ақ заң бар,

Ол – адалдық заңы, ұлым,

Сол заңменен өлшенеді қарымың мен дарының.

Мен әкеңнің махаббатын сақтап қалдым мәңгілік,

Мен әкеңнің кір шалмаған арымын.

Қан майданда оның нұрлы бақ жұлдызы сөнгенде,

Мен де бірге сөніп ем.

Сөнген күнім қайта туды сенімен.

Алыстан алабұртып сағымдана,

Ең қайғылы кезім мен,

Ең көңілді шағым да.

Өкшелеп елес беріп қалмайды бір

Өткен зарлы соғыстың ескі лебі…

Мынау сенің әкеңнің костюмі еді.

(Ұлына ұсынады)

Күйеу жігіт:

(костюмді кеудесіне қысып)

Басса да қасірет салмағы,

Өшпепті әкемнің арманы

Ол бұл костюмді кигенмен,

Амал не тоздыра алмады.

Ғұмыры жетпеді,

Көрсетпей бақытының жалғасын,

Көңілінің көктемін,

Жайпады бір түйір қорғасын.

Өмірім, өрге жүз тоқтама!

Өзіңсің табына сүйерім.

Сондықтан мен мұны тек қана,

Тоздыру үшін киемін.

Ғұламда сәбише тербеткен,

Еңбек деп айтал алам.

Тозсын киімдер еңбекпен,

Еңбекпен жаңарсын қайтадан!

«Ана жүрегі»  бейне-клип

І жүргізуші:

Қыркүйек айы – қазақ үшін құтты, берекелі ай деп есептеймін.  Себебі, бұл айда ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Бүгінгі тіліміздің туған күніне, яғни өшкені жанып тірілген күніне орай осы айда дүниеге келген төрт оқушыға шағын сыйлық тапсырамын. Сіздерге арналған ең үлкен сыйлық сазгерлімен елді мойындатқан Мұхтар ақынның «Туған күн кешінде» әні болмақ. Қабыл алыңыздар. Ән орындалады.

ІІ жүргізуші:

Ақынның сазгерлігімен қоса тағы бір қыры – қайраткерлігі. 1986 жылдың оқиғасы М. Шахановты  қазақ ертегісіндегі «жерден шыққан жеке батыр» деңгейіне көтерді. Басына қатердің қара бұлты төніп тұрғанына қарамастан ол Желтоқсан оқиғасын айдай әлемге биік мінбеден айғайлай айтты. Сол үшін таяқтың да, шапалақтың да ащы дәмін татты. Атынан ат үркетін үш әріптің зымиян қызметкерлерімен жағаласа жүріп, Орталық комитеттің сол кездегі бірінші хатшысы Колбинмен бірде тату, бірде араз бола жүріп, желтоқсан оқиғасына қатысты қыз – жігіттерді ақтайтын қаулыға қол  қойғыздыртудағы атқарған еңбегі ерекше.

«Желтоқсан эпопиясы» атты деректі роман жазды.

«Лаула, даула желтоқсанның алауы!» атты өлеңі оқылады. Компьютерден тыңдау.

І жүргізуші:

Дүбірлі кезең артта қалды. Ел тынышталды. Қазақсатн тәуелсіз ел атанды. Оны әлем тани бастады. Өзге елдерде Қазақстанның өз елшілері пайда болды. М. Шаханов Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі болып қырғыз еліне аттанды. Оның шығармашылығындағы ең әйгілі дүниелер осы кезеңде дүниеге келді. Оған жарқын дәлел – жоғарыдағы аталып кеткен «Жазагер жады космоформуласы».

Бүгінде М. Шаханов Қызылорда облысынан сайланған Мәжіліс депутаты. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық  қозғалысының төрағасы. 2006 жылы Премьер министр Даниял Ахметов мемлекеттік тілді дамыту жолындағы іс – шаралрға арнап мемлекет қазынасынан 11 млд. теңге бөлінгендігі туралы мәлімдеді. Кейіннен бөлінген қаржыны сол кездегі вице – премьер К. Мәсімов 150 млн теңгеге түсіріп тастағанда М. Шаханов «Үкіметке енді қазақ тілінің жаназасын шығару ғана қалды» деп батыл қарсы шыққан болатын.

ІІ жүргізуші:

Ұлттық болмыс, ұлттық дін мен дәстүрдің бүгінгі ұрпақ бойынан табылмауы ақынның «Жаңа қазақ»  өлеңінен көрінеді. (Компьютерден тыңдау)

Дүниежүзінің аузы дуалы игі жақсыларына өз талантының орасан зор қуатын мойындатып қойған М. Шаханов туралы бүгінгі ұрпақтары не дейді екен?

Оқушылар пікірін тыңдау.   

2003 жылы 14 наурызда Астанада өткен Когресс – холл сарайында өткен Қазақстанның халық жазушысы

М. Шахановтың шығармашылық кешіне қатысқан қарапайым оқырман Жақсыбай Самраттың пікірін компьютерден тыңдау.

Жақсыбай Самрат: Мен Қызылжар қаласынан бір шаруаларыммен келе қалған жолаушы едім. «М. Шахановтың шығармашылық кеші болады»  дегенді естіген соң  осында келуге асықтым. Құдіретті ақынның өнерімен жан дүнием тазарып, рухани азық алдым. Мұқан шын мағынасында халықтың сүйіктісне айналған ақын ғой,  ешбір жан осы кеште немқұрайлы болып қалмаған шығар… Маған тағы бір ұнаған нәрсе: Астана халқының жырға деген құштарлығы болды. Залда отырған көрерменнің бәрі ақын – жырларын жатқа біліп отырды. Иншалла бұл Ел ордамыздың қазақыланып, ұлттық өнерімізді ардақтап, түсініп келе жатқаны шығар деп  ішімнен риза болып отырдым. Халықтың шексіз ықыласына, махаббатына бөленген ақынның  асып – тасып, дандайсып кетпей, қарапайым қалпында қала беретіні де қызықтырды. Мүмкін осының өзі ұлылық шығар…

І жүргізуші:

Ақын аға ақындықпен бірге сазгерлікті қатар меңгерді.  Дүниеге «Гүлдәурен»,  «Мен саған ғашық едім», «Туған күн кешінде», «Жұбайлар жыры» әндер дүниеге келді.  Бұл әндер жұрт көңіліне ұялап, халықтың сүйіп айтатын әндеріне айналды.  Ақын өлеңдеріне атақты сазгер Ш. Қалдыаяқов көптеген әндер шығарған. Солардың бірі  «Арыс жағасында».

ІІ жүргізуші:

60 – 70 жылдары әдебиет дейтін қара шаңырақтың киелі босағасын имене аттаған бозбала М. Шаханов бүгінгі күні төріне шығып, ақындардың ағасы атанды.

Саған айтар бірі сыры бар

Мылқау қара тастың да,

Өткен күннің бар белгісі

Жатыр құмның астынды

Құм астында ата – бабаң құлақ

Етіп қияқты,

Сенің әрбір қимылыңды тыңдап жатқан сияқты, — деп, ақынның өзі айтқандай, талай дүрдің санасын сартап қылып, миын ашытқан тіршілік құпиялары әлі де жетерлік. Сол құпияларға қапысыз құлақ түрген жұлдызшы – балгердей, жұмыр жердің ақ жұлынындай тартылған иір – иір жолдармен қазақ жырының бір ардағы – М. Шаханов лекіте жортып келеді… Армандаған шалғайыңа азап көрсеңде аман жет, ақиық ақын.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

                                               Әр өлеңі бір әлем

«Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш сценарийі

Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)

І.Алипбай Абдурахман «Арыз жазып кетейін» өлеңі.

1-жүргізуші:

Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы дана менен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.

2-жүргізуші:

Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, қадірменді қауым!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.  Шындығында, Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнаған.

2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.

1-жүргізуші:  Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн  қай жерде болмасын жыл сайын  ақпан айында тойлана беретіні хақ.

 Екі жүргізуші бірге: Ендеше, ақын шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты   әдеби-сазды кешке қош  келдіңіздер!!!

2-жүргізуші: Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе,

1-жүргізуші: кейбіреуі:«Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып,  бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды  ақын емес деп көріңіз..!

2-жүргізуші: Поэзия патшалығындағы  пайымдауы өзгеден бөлек ақын жебелі жырын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.

                                        ІІ.Абыт Балнур «Сіздер» өлеңі

                                       «Қарасазым» өлеңі.

5 «Б»сынып сынып оқушылары:Рамазан Жания, Жанұзақ Анель,

 Стыбай Ақерке, Орынтай Сабина, Темірбек Алихан, Төлеуханов Али

1-жүргізуші:

Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—

деп ақын жырлағандай , ақын өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.

ІІІ. «Туған өлке» әнімен  9 «Б»-сынып оқушысы Қамбыл Мерейді қарсы алыңыздар.

  1-жүргізуші: Ақиық ақын  1931 жылы  Алматы облысы, Нарынқол  ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге  келген. Әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысында, Калининград майданында,  қайтыс болған. Анасының  аты – Нағиман. Әжесінің бауырында өскен соң,  Мұқағали өз анасын  «Нақа»  деп атаған екен.

2-жүргізуші: Соғыс зардабы бұғанасы қатпаған балаларға ауыр салмақ салды. Сол бір сұрапыл жылдарда әжесі мен шешесінің, екі інісінің ортасындағы бас көтерер еркек кіндіктен ересегі Мұқағали болып, бала иығын батпандай басқан отбасының ауырпалығын ерте сезе бастайды.

1-жүргізуші: Иә, ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болды. 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.

2-жүргізуші:  1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.

1-жүргізуші:Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған.  

 2-жүргізуші: : «Поэзия, менімен егіз бе едің»– деп ақын өзі жырлағандай, Мұқағали өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше  Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған ақынның өз дауысына  құлақ түрелік.

(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)

1-жүргізуші:

Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суының!

 2-жүргізуші:

Сенің әрбір бұлағың —
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!–деп тереңнен толғайды.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті ақынның туған жер, Отан  туралы жырларына берейік.

1.Жарқын Мейіржан «Үш бақытым» өлеңі

2.Бекжігіт Аружан  «Қазақстан» өлеңі

3.Жетпіс Айжан   «Отан» өлеңі

 4.Суннат Арманжан «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген» өлеңі

1-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түкпірінен  орын алып, ойлантпай қоймайды.Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ  түрсек.

Ән  «Ақ кептерлер» 8 «В» сынып қыздары

1-жүргізуші:

Поэзия –  сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы.Ол жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы.

Мұқағали:

Ақынмын деп  мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

…Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,– десе,

2-жүргізуші: замандасы, әріптесі  рухани достарының бірі –  Жұмекен Нәжімединов:

Күпі киген ақынның
Костюмді ойы – тамаша,
Киіндірген Абай тек қара өлеңді жаңаша.
Қағып-сілкіп күпіні – шекпен алған сол ақын –
Шекпен киген кешегі Мұқағали болатын.

деп оны жылы қабылдайды, мойындайды.
Ендеше, Мұхаңның әлеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясының төркінін ұғудың да сәті келген сияқты.

1-жүргізуші: Ақын қалам тартпаған тақырып жоқ. Жыр сүйер қауымның Мұқағали поэзиясына деген құштарлығы толастаған емес. Ендігі кезекті ақынның жас оқырмандарына берейік.

1.Абдусалим Назым «Поэзия, менімен егіз бе едің?»

  1. Күздеубай Жансая «Қараөлең»

3.Айтпаева Ақниет  «Кел, болашақ»

4.Құрманбай Мадина «Жастық»

  1. Оралсейіт Аяулым «Болашақққа»

6.Алипова Ақмарал мен Нуралиев Асылжан

1-жүргізуші:

Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,
Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.
Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,
Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.

Ән «Сәби болғым келеді». Орындайтын Мырзабекова Дина

Бірлік Айдана «Бабаларым, рахмет сендерге»

8.Қаныбек Ұлдана «Шеше, сен бақыттысың» өлеңі                   

9.Мұратбекұлы Ернар «Әке» өлеңі

  1. Әкімхан Ақнұр «Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен»
  2. Құсайынова Энвер «Көктем де келер енді».

12.Сағатбекова Еңлік «Сен менің жүрегімнің ішіндесің»

1-жүргізуші: Ән «Есіңе мені алғайсың». Музыка пәнінің мұғалімі  Сейілханова Айнұр апайды шәкірті Дулатбай Айдынаймен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды.

2-жүргізуші: Поэзия тынысын өзінше кеңейткен,қазақы формалар мен бояуларды сақтай отырып, «шекпен жауып қайтарып»,жаңа леп, жаңа үн қосқан, сонымен соны соқпақ салған, өзінше өрнек ойған Мұқағалидың  таудай тұлғаға айналарына күмән келтірмей, ол  және оның поэзиясы туралы жылы лебіз, қонымды пікір білдірген замандастары болды.

 1-жүргізуші: Соның  бірі асқаралы ақын Әбділдә Тәжібаев: «Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей,келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек» десе,

2-жүргізуші: Лирик ақын Тұманбай Молдағалиев: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздарының арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» -дейді.

1-жүргізуші:  Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова: «Мақатаев бұл жалғанға қалдырған жарық сәуле – жырлары халқының басын құрап, елдік пен бірліктің, рухани тұтастықтың байрағына айналып отыр» деген екен.

1-жүргізуші:

Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали  – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.

  1. Мұқағали жырларына кезек берейік.

 Құрметжан Сымбат «Елім барда», Сарсенбекова Жанар «Фаризаға».  

                                 ІV. Мұғалімдер папури орындайды.

 2- жүргізуші:  Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

 1-жүргізуші:

Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің,- деген жыр жолдарымен кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Сарсенбекова Жанар Абытқызы

Басқа материалдар

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жаз?ы лагерь ашылуы сценарий
  • Жадный дед мороз сценарий
  • Жаворонки церковный праздник
  • Жаворонки традиции праздника
  • Жаворонки праздник испечь

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии