/ Қазақша КВН ойыны 9-11 сыныптар /
ФАНФАР ОЙНАТЫЛАДЫ:
Қалжыннан несіне сескендің,
Қазағым әзілмен көшкен жұрт.
Күлкіге шөліңді қандырар,
Жайдарман клубына қош келдің! —
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Армысыздар ауылдастар,
Бармысыздар қонақтар.
Ұлы тұлғалы ұстаздар,
Оқу қуған оқушылар.
Шұбар орта мектебінде өткізгелі отырған, жайдарман ойынына қош келдіңіздер!
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
«Өнерлі өрге жүзер» «Өнерлі болу,олда байлық» —демекші бүгінгі ойынымыздың тақырыбы «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Өнер көрсететін өнерпаздар сіздерге өнердің түрлері, және өнер арқылы ел алдына қалай шығу керектігін әдемі әзілмен,үйлескен ұйқаспен,күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдемін.
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Әзіл қалжын жадыратар көңілді,
Нұрландырып жібереді өмірді.
Келіңіздер көріңіздер шаттана,
Ұсынамын кең құшақты төрімді-
дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп,әдемі әзіл айтып,тамаша күлкі сыйлайтын жайдарманшыларды қошеметпен ортаға шақырайық!
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
1 |
« Күлегештер » жайдарманшыларын ортаға шақырайық! |
2 |
«Тек кана ұлдар » жайдарманшыларын қарсы алыңыздар! |
3 |
«Шұбарстан » жайдарманшырын сахна төріне шақырайық! |
4 |
« » жайдарманшыларын қошеметпен қарсы алайық! |
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Бәрекелді!Бәрекелді!
Топтар ортаға келді.
Жиналған барлығың,
Әзілмен күлдірт елді.-деп сіздерге ақ тілек айтайын.Құрметті қауым бүгінгі ойында сіздердің алдарыңызда өнер көрсететін жайдарманшылармен таныс болдық.Енді —
Әзілдің әжесін,
Қалжынның қожасын.
Көріністің көркісін,
Әртістің әр ісін.- бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
1.Әділ-қазылар алқасының төрайымы:……………………………………………….
2.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………
3.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Бүгінгі ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:
1.СӘЛЕМДЕСУ; / жиналған көпшіліктің көңілдерін көтере отырып ,әзіл-қалжынмен сәлемдесу /
2.СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ;/ Ауыл,мектеп,білім ,денсаулық т.б.салалар бойынша жаңалықтар 5 мин/
3. Қайым айтыс; / 5мин /
4.Үй тапсырмасы /тақырыбы:Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!/
Барлық жайдарманшыларға ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Жайдарманшылармен таныс болдық,олай болса қошеметпен дайындыққа сахна сыртына шығарып салайық!СӘТТІЛІК тілеймін!
Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Жүрекпенен сәлем салайық,
Қабыл ал кең жүректі халайық.
Ортаңызға келіп қалдық көрермен,
Күлдірейік көңілдерді табайық.--дей отырып, алғашқы СӘЛЕМДЕСУ бөлімінде:
№ |
Командалар |
Сәлемдесу |
1 |
« Күлегештер » жайдарманшылары |
|
2 |
«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары |
|
3 |
«Шұбарстан » жайдарманшыры |
|
4 |
« Тапқырлар » жайдарманшылары |
Рахмет өнерпаздар,енді осы СӘЛЕМДЕСУ бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Күлші тағы күлімде,күле берші,
Күлкіңмен жүрекке гүл егерсің.
Сыңғырлаған бұлақсың күміс үнді,
Көмейімнен төгілген жыр өлеңсің.-деп,келесі бөліміміз СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ!
Сахнада өзінің жаңалығымен,болашақ журналист:
№ |
Командалар |
Соңғы жаңалықтар |
1 |
« Күлегештер » жайдарманшылары |
|
2 |
«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары |
|
3 |
«Шұбарстан » жайдарманшыры |
|
4 |
« Тапқырлар » жайдарманшылары |
Рахмет журналистер!Ал әділ-қазылар алқасы оқушылар жеткізген жаңалықтарды бағалаңыздар! Алғаш болып жаңалық оқыған:
ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Келесі бөліміміз: Қайым айтыс /уақыты 5 мин/
№ |
Командалар |
Сәлемдесу |
1 |
« Күлегештер » жайдарманшылары |
|
2 |
«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары |
|
3 |
«Шұбарстан » жайдарманшыры |
|
4 |
«Тапқырлар » жайдарманшылары |
Рахмет өнерпаздар,енді әділқазылар алқасы осы ҚАЙЫМ АЙТЫС бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Әзіл-қалжын жасай берсін тағы да,
Өнер көрсет, күтетіндей сағына.
Көрерменді қуанышқа бөлейік,
Әзіл бөліміне кезек берейік.-демекші, келесі бөліміз Үй тапсырмасы ! Ортақ тақырып «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» Ортада өздерінің өткір әзілдерімен:
№ |
Командалар |
Әзілің жарасса |
1 |
« Күлегештер » жайдарманшылары |
|
2 |
«Тек кана ұлдар » жайдарманшылары |
|
3 |
«Шұбарстан » жайдарманшыры |
|
4 |
«Тапқырлар » жайдарманшылары |
Рахмет! әзілқой өнерпаздар!Осы бөлімнің бағасын білсек,бірінші болып өнер көрсеткен:
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Рахмет, Әділ-қазылар қорытынды балдарын шығарғанша,ортада:………………………………………… қабыл алыңыздар!
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында:
хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
Құрметті қауым «Қош келдің ЖАҢА ЖЫЛ!» тақырыбына өткізілген Жайдарман ойыны
өз мәресіне жетті,жайдарманшыларға көп-көп рахмет!Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
«Жаңа жылда жаңа арман»
Мақсаты: оқушылардың
бастамаларына қолдау көрсетіп, бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру
арқылы «Жайдарман» ойындарын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының
бірсаласы ретінде насихаттау және әр сынып командалары арасында шығармашылық,
достық қарым-қатынасты күшейту.
Жүргізуші:Қайырлы күн,
құрметті әзіл сүйер қауым!
Әзілменен көңілді
көтерейік,
Астарлы сөзбен ой
өрнегін өрейік.
Кір шалмасын, мұң
шалмасын көңілдер,
Жастық жырын
шырқайық біз, келіңдер!
Достар, бүгін бізде
жайдарман. Зырылдаған уақыт кемесі әне – міне дегенше 2015 жыл «Қой» жылын
бізге қарай тартып келеді. Осынау мерекенің қарсаңында бір серпіліп, сіздерге
мерекелік көңіл – күй сыйлау үшін «Жайдарман» ойыншыларының дайындаған әсерлі
кешін ұсынамыз. Қатарымызға келіп қосылып жатқан қонақтармен таныс болыңыздар.
Өнеріңді сыйласамасақ
жарамас тым,
Биіктен көрінуді
қаламас кім?!
Екі мың он бірінші
жылы шықты,
Чемпиондық атағы «Арал
– Астың» .
Арал-Ас жайдарман тобының жетекшісі
Дәрмағанбетов Төребек.
«Жастарды қолдау орталығы» Аудандық
бөлімінің бөлім басшысы Ізбасаров Әлібек. Келген қонақтар қош келдіңіздер,
қадамдарыңыз құтты болсын! Көп созбайық командаларды ортаға шақырайық. Сахнада
тұрған командаларды таныстырып өтейін.
7 сынып оқушыларынан
құралған «7 қарақшы, 1 жұлдыз» командасы
8 сынып оқушыларынан
құралған «Серілер» командасы
9 сынып оқушыларынын
құралға «Күлкі – ойнақ» командасы
Бүгінгі
ойынға қазылық ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Мектебіміздің директоры, жастар жанашыры
Дәулетова
Қалия апай,
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жұбанов
Дәуіржан ағай,
Арал –Ас жайдарман тобының жетекшісі Дәрмағанбетов
Төребек ағай,
«Жастарды қолдау орталығы» Аудандық
бөлімінің бөлім басшысы Ізбасаров Әлібек ағай.
Ойын шартымен таныстырып
өтейін:
1. Сәлемдесу (6
мин)
2. 5-жаңалық
3. Үй тапсырмасы
(10 мин)
Жоғарғы ұпай саны -5
ұпай
Командаларға сәттілік
тілеу үшін «Жастарды қолдау орталығы» Аудандық бөлімінің бөлім басшысы
Ізбасаров Әлібек ағайға сөз береміз.
Жүргізуші:Ендеше командаларға
сәттілік. Сахна
сыртына шығып
дайындала берулеріңізге рұқсат.
Ал ендеше бірінші сайысқа кезек берсек. Сәлемдесу.
Алдарыңызда: 7 сынып оқушыларынан құралған «7 қарақшы, 1
жұлдыз»
командасы
8 сынып оқушыларынан құралған «Серілер» командасы
9 сынып оқушыларынын құралға «Күлкі – ойнақ» командасы
Сәлемдесу бойынша ұпайлар санына кезек
береміз.
Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін,
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде,
Қимас шақтың бірі боп
қала берсін – дей отырып, келесі сайысқа көшеміз.
Командалар ортаға. 5-жаңалық.
Жүргізуші:Ұпай
сандарына кезек береміз.
Жаңы жыл. Жаңа күн.
Жаңа өмір. Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үмітпен қуаныштан махаббаттан
алып айналаға нұр болып шашылады. Осы шашылған нұр әрбіріріміздің шаңырағымызға
шуақ болып тарасын дей отырып келесі «Үй тапсырмасына» кезек береміз.
7 сынып оқушыларынан
құралған «7 қарақшы, 1 жұлдыз» командасы
8 сынып оқушыларынан
құралған «Серілер» командасы
9 сынып оқушыларынын
құралға «Күлкі – ойнақ» командасы
Жүргізуші:Ер жігіт өнер
табар ерте қуса,
Ерініп шаршамастай,
белін буса.
Ыртың – жыртың, жоқ барға
көңіл бөлмей,
Періште боп анадан
қайта туса – дей отырып бүгінгі «Жайдарман» ойыны туралы, өнерлі жастарымыз
туралы өз лебізін білдіру үшін Қазақстанға Аралымыздың даңқын арттырып жүрген,
Арал жастарының мақтанышы болған «Арал – Ас» командасының жетекшісі Төребек
ағайға сөз береміз!
Кешімізді қортындылау
үшін мектеп директоры, жастар жанашыры Қалия апайға сөз береміз!
«Жайдарман» к??ілді тап?ырлар сайысы
Ж?ргізуші: — С?лем, достар! С?леметсіздер ме, ??рметті ?стаздар, ?діл-?азылар ал?асы! «?аза?стан хал?ыны? тілдер мерекесі» к?ніне орай ?ткізілетін «Жайдарман» к??ілді тап?ырлар сайысын ашы? деп жариялаймын. Сайыс?а 4 сыныптардан 2 команда, олар – 4 «Б» ж?не 4 «А» ?атысады. Сонымен ?атар сайыс ?ш кезе?нен т?ратынын айта кетейін. Олар:
- С?лемдесу
- Бес жа?алы?
- Бір к?рініс сайысы.
Командалар орта?а… ?діл-?азылар ал?асымен таныстыра кетейін. Олар: бастауыш сынып м??алімдері – Т?жібаева Г?лжахан Ботабаевна ж?не Ашенова ?алия. Ал командалар сіздерге с?ттілік! Бірінші сайыс – «С?лемдесу». Жо?ары ?пай – 5 ?пай.
Алдымен орта?а шы?атын команда 4 «а» сыныбы. ?арсы алы?ыздар!
4 «А» сыныбы ?з с?лемдесулерін к?рсетеді. Сосын орта?а 4 «Б» сыныбы шы?ып, с?лемдесулерін к?рсетеді. Ал ?діл-?азылар ал?асы ба?алап отырады.
Ж?ргізуші: Келесі сайыс, жо?арыда айтып ?ткендей, «Бес жа?алы?» деп аталады. Екі команданы да орта?а ша?ырамыз. ?р команда кезекпен 5 ?зілдерін бір-бірден о?иды. Ал ?діл-?азылар ал?асы осы сайыста жа?сы ?зіл айтып же?ген команданы? реттік н?мірін к?рсетеді. Командалар орта?а…
Екі команда кезектесіп 5 ?зілдерін орта?а салады.
Ж?ргізуші: Достар, ?азір со??ы сайыс – «Бір к?рініс сайысы» деп аталады. Командалар б?гінгі та?ырып?а сай к?рініс к?рсетуі керек. ?діл-?азылар б?л сайыста жо?ары ?пай – 4 ?пай. Орта?а 4 «А» сыныбын ша?ырамыз.
4 «а» сыныбы ?з к?ріністерін ?ой?аннан кейін орта?а 4 «Б» сыныбы бір к?ріністерін к?рсетеді.
Ж?ргізуші: Достар, міне «?аза?стан хал?ыны? тілдер мерекесі» к?ніне орай ?ткізілетін «Жайдарман» к??ілді тап?ырлар сайысы ?з м?ресіне жетті. С?з кезегі ?діл-?азылар ал?асына беріледі.
?діл-?азыларды? шешімі бойынша командал?а орын бере отырып, марапатталады.
4 «Б» 4 «А»
4-сыныптар арасында ?ткен
«Жайдарман» к??ілді тап?ырлар сайысыны? есебі
?азанны? 23-і к?ні 4- ?аза? сыныптары арасында «Жайдарман» к??ілді тап?ырлар сайысы ?тті. Сайыс 3 кезе?нен т?рды. Олар: с?лемдесу, 5 жа?алы?, бір к?рініс сайысы. Сайыс?а 4 «а» ж?не 4 «б» сыныптарды? ?р?айсысынан 8 о?ушыдан ??рал?ан 2 топ ?атысты. ?р топты? ?з командасыны? капитаны болды. Сонымен ?атар топтарды? шы?уын ж?не тапсырмаларды? ретін хабарлап отыратын ж?ргізуші – ?бітбек Эльвира?а тапсырылды. ?діл-?азылар ал?асы ??рамында бастауыш сынып м??алімдері – Т?жібаева Г.Б. ж?не Ашенова ?. сайысты ба?алап отырды. 4 «а» командасы сайысты? кезе?дерінде ?аза? тілі м?селесіні? ?о?амда ?олданылуы, де?гейі жайында м?селе ?оз?ай отырып, к?лдіре білсе, 4 «б» командасы тіл та?дырын мектеппен байланыстырып, сонымен ?атар ?о?амда болып жат?ан к?ріністерді к?рсете отырып к?лкіге кенелтті.
?діл-?азыларды? ба?алауы бойынша 4 «б» командасы шамалы жо?ары ?паймен озып, І орынды иеленсе, 4 «А» сыныбы ІІ орын?а ие болды. Сайыс со?ында топтарды марапаттап, т?тті сыйлы?тар таратылды.
Просмотр содержимого документа
«»Жайдарман» к??ілді тап?ырлар сайысы »
«ЖАЙДАРМАН — ДОСТЫҚ МЕКЕНІ»
Сайыс мақсаты: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету. оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетіп, бос уақытынтиімдіпайдаланудыұйымдастыру арқылы «Жайдарман» ойындарын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бірсаласы ретінде насихаттау және әр сынып командалары арасында шығармашылық, достық қарым-қатынасты күшейту болды.
Барысы:
Жайдарман музыкасы ойналады
Жүргізуші:
Қалжыннан несіне сескендің,
Қазағым әзілмен көшкен мың.
Күлкіге шөліңді қандырар,
Жайдарман сайысқа қош келдің! –
Қайырлы күн.Армысыздар достар! Армысыздар жайдарман сүйер қауым. Жыл бойы демалған Жайдарман топтары бүгін тағы да бір сахнада сайысқа түскелі отыр. Бүгінгі сайысқа қатысатын командалар қатары сақадай сай деген ойдамын.Ендеше бар жанарды жаулаған жайдарман ашық.
Жүргізуші: 2021-2022 жылы Елбасымыз балалар жылы деп жарялан болатын, Бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқарылуда.Бағдарлама оқушылар арасында да өз жалғасын табуда.Соның бір дәлелі бүгінгі Жайдарман сайысы.
«Жайдарман – достық мекені»
Осындай ұранмен бүгінгі сайысқа қатысушы командаларды ортаға шақырамын!
Құрамында:
1.
2.
3.
4.
Жүргізуші:
Мереке қарсаңында елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
Жүргізуші:
Қымбатты достар бүгінгі сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.
1) Сәлемдесу
2) Бес әзіл
3) Уй тапсырма
Жүргізуші: Қазақ тілі мен мәдениетін жастар арасында дамытуға үлес қосқан «Жайдарманның» ауылымызда бастау алып жатқанына қуанышымыз шексіз. Жайдарман дегеннің өзінде езуге күлкі ұялайды.
Олай болса құрметті көрермендер сайысымызды бастаймыз.
Ал балалар бәріңе сәттілік! (Рахмет)
Жүргізуші: «Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Ендеше бірінші кезеңді бастайық
Сәлемдесу.Жоғары балл 50 ұпай.Сахнада «Көңілді жандар» жайдарман тобы.
Жалғастырамыз.Ортада
Жүргізуші: Осымен Сәлемдесу кезеңі аяқталды.Келесі сайыс үшін команда капитандарын сахнаға шақырамын.
Жүргізуші: Сәлемдесу кезеңі бойынша ұпай сандары.
Жүргізуші: Жалғастырамыз.Бес жаңалық.Жоғары балл-50 ұпай.Командалар бір әзілден кезектесіп оқисыздар.
Жүргізуші: Бес жаңалық кезеңі бойынша командалардың ұпай сандары.
Жүргізуші: Соңғы сайыс Уй тапсырмасы көрініс.Алғашқы болып өнер көрсететін команда
Жүргізуші: Құрметті көрермендер сайысымыз өз мәресіне жақындады Бүгінгі сайыс туралы
Жүргізуші: Ендігі кезек марапаттау.Әділқазыларымызға кезек береміз.
Жүргізуші: Қымбатты достар осымен бар жанарды жаулаған Жайдарман аяқталды.Жайдарманның жайдарлы сайыстарында кездескенше қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу:
Көңілді тапқырлар клубы ойындарының сценарий
Материал жайлы қысқаша түсінік:
сыныптан тыс оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар.
Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Көңілді тапқырлар клубы ойындарының сценарий
Кадирова Қарлығаш Талғатқызы
Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданы, Д.А.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, ұйымдастырушы педагог
15.01.2019
4726
27
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
Салауатты өмір салты айлығында
«Дені саудың – жаны сау» тақырыбындағы
КТК ойынының сценарийі
Мақсаты: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
Безендірілуі: шарлармен, плакаттармен, КТК тақтасымен безендіріледі
Өтетін жері: №7 мектеп – лицейі АКТ залы
Барысы:
КТК музыкасы ойналады
Жүргізуші:
Қайырлы кеш құметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары! Мектепішілік Салауатты өмір салты айлығының өтілуіне орай ұйымдастырылып отырған «Дені саудың – жаны сау» атты көңілді тапқырлар клубы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер!
(КТК музыкасы ойналады)
Жүргізуші:- Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,
Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.
Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,
Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.
Жүргізуші:
Біздің іс-шара басталмас алдын жеребе тасталып әр команда өз реттік номірлерін таңдап алған болатын.
Күлкі – денсаулық азығы демекші көңілді тапқырларымызды реттік номірлерімен қошеметпен ортаға шақырайық.
8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы
8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы
9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы
9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасы
10а сыныбының «Сенсация» квн командасы
10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы
11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын қошеметпен қарсы алыңыздар.
-Бүгінгі ойыншыларымыздың әзілдерін, КТК ойындарын бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.
Сонымен әділ қазылар алқасының төрайымы:
— мектеп директоры
— Директордың оқу ісі меңгерушісі
— Директордың тәрбие-ісінің орынбасары
— Кәсіподақ ұйымының төрайымы
Мінеки ойыншылар әділ қазылармен таныс болдық. Енді дәстүр бойынша ойынның шарттарымен таныстырып кетейік.
— Бірінші кезең – топтың сәлемдесуі 7 минут
— Екінші кезең –«5 жаңалық»
— Үшінші кезең – «Үй тапсырмасы» 7 минут
Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз. Сіздерге сәттілік!
( ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)
Жүргізуші:
Сонымен 1 кезең – Сәлемдесу. Ортада тобы
Көрермендер сахнаға
Қолды соғып қараймыз
Сахнамыздың төріне
Мұқият назар аударамыз – деп сахна төріне 8а сыныбының «Назар аудар» квн командасын шақырамыз.
Дастарханда тұратын,
Асханадан шықпайтын
Міне енді Акт залдың
Төрі менікі деп қоймайтын
Тәп-тәтті деп, топ-томпақ
Тамара апайдың тоқашы – дей келе ортаға 8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасын шақырамыз
Біздің бір топ бар кәделі
Жымияды әдемі
Smile нүкте KZ-деп
Шет тілінде сөйлейді дей келе ортаға 9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы шақырамыз.
Қырсықтайын мінезі
Шу шу етіп жүреді
Шаштары түрлі түрлі
Лицейдің тентектері- дей келе ортаға 9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасын шақырамыз
Біздің бір топ дарынды
Жаңалықтар ашады
Теледидардан жарнама
Сенсация деп ашады – деп ортаға 10а сыныбының «Сенсация» квн командасын шақырамыз.
Құрамы оның әр түрлі
Ұзынды, қысқа сән түрлі.
Атына заты сай келген
Демек олар «Біртүрлі» — деп ортаға 10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасын шақырамыз.
Мектептің Үздік сыныбын
Түлектерім мүлдем бермеген
Дарынды да, ақылды
Балалары Күлсін апайдың — дей отырып ортаға түлектеріміз
11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командасын қошеметпен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:- Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар ойыншыларға өз бағасын берсін. Жоғарғы ұпай 5 ұпай. Бірінші болып бастаған:
8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы ұпай
8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы
9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы
9ә сыныбының «Лицей тентектері» квн командасы
10а сыныбының «Сенсация» квн командасы
10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы
11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын
Жүргізуші:
-Ойынымыздың келесі кезегі “5 жаңалық” сайысы. Ендеше ортаға барлық командаларды шақырайық. Ойынның шарты бойынша әр айналымда командалар 2 әзіл — жаңалықтан оқиды. Әзіл жаңалықтары әділ-қазы мүшелерінің көңілінен шықпаған топ сахна сыртына шығады. Егер командалардың жаңалықтары бір деңгейде болатын жағдайда әділ-қазы мүшелерінің шешімі бойынша командалар қосымша 1 жаңалық оқыса болады. Егер 2-ші кезеңіміздің шарты түсінікті болса, бастасаңыздар болады. Іске сәт.
Иә, сонымен қай командамен қош айтысамыз?
Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың екінші кезеңге берген ұпай сандарын көрейік.
8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы
8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы
9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы
9ә сыныбының «Лицей тентектері»квн командасы
10а сыныбының «Сенсация» квн командасы
10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы
11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын
Ойынымыздың үшінші кезеңі «Үй тапсырмасы» сайысы. 7 минут
Көрерменге әзіл сыйлай білген топтардың бағасын тамашалайық. Әділ – қазы алқалары кезек өздеріңізде.
8а сыныбының «Назар аудар» квн командасы
8ә сыныбының «Тамара апайдың тоқаштары» квн командасы
9а сыныбының «smile.KZ» квн командасы
9ә сыныбының «лицей тентектері»квн командасы
10а сыныбының «Сенсация» квн командасы
10ә сыныбының «Біртүрлі» квн командасы
11а сыныбының «Күлсін апайдың балалары» квн командаларын
Рахмет.
Соңғы турдың қорытынды бағаларын тыңдайық.
Жүргізуші: -Ойын ойнаған тозар,
Асық ойнаған азар.
Бәрінен де әзіл айтып,
КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)
Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Сайыс: «Тапқыр болсаң, озып көр!»
1-жүргізуші: — Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушылар және
көрермендер!
«Тапқыр болсаң, озып көр!» сайысын ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген,
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен – демекші, бүгінгі сайыста
қатысушы топтардың жолдамдығы мен ептілігін, тапқырлығы мен
алғырлығы додаға түседі.
1-жүргізуші: — Баға берер топтарға,
Қара қалды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз салайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1)Мектептің ғылыми—әдістемелік жұмысының меңгерушісі Сапрыгина Р.Э.
2) Мектептің ғылыми – жобалар жұмысының меңгерушісі Абжанова Г
3) «Денсаулық» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, бастауыш сынып
мұғалімі Сахариева М. М.
— Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен танысайық:
1. Таныстыру (топ аты, ұраны, белгісі)
2. Ширату
3. Өнер сайысы (үй жұмысына дайындап келген тапсырма)
4. Жеті жұрттың тілін біл.
5. Тапқырлар сайысы.
6. Капитандар сайысы.
7. Ептілер сайысы.
1. кезең Таныстыру (жеребье арқылы) 5ұпай
Әдеппен ізетпен танысуға дей келе сайыстың алғашқы шарты
«Таныстыруды» бастаймыз.
2. кезең «Ширату» 3 мин
Балқарағай, қолшатыр, бозторғай, түймедағы – сөздеріндегі әріптерді
пайдаланып сөздер құрау. Әр сөзге 1 ұпай.
3. кезең «Өнер сайысы»
«Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Үшінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең» — деп өнер сайысын бастайық. Бұл сайыста әр
топ дайындап келген өнерлерін көрсетеді.. Жоғарғы ұпай саны – 5 ұпай.
4. кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде
аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай
беріледі.
1) Аяғы біреу, қолы жоқ
Шиыр – шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді (Қалам—ручка)
2) Жазу жазып жалықпаған,
Жаза—жаза арықтаған (Бор—мел)
3) Сағат сайын қағылады
Тек мектептен табылады ( Қоңырау—звонок)
4) Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (Түлкі—лиса)
5) Қыста ғана болады
Ұстасаң қолы тоңады (Қар—снег)
6) Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны (Теледидар—телевизор)
7) Өзі кірді ашады
Суға салсаң қашады (Сабын—мыло)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (Пияз—лук)
9)Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен (Құмырсқа—муравей)
10) Жылт—жылт еткен
Жырадан өткен (су—вода)
11)Қабат—қабат қаттама
Ақылын болса аттама (Кітап—книга)
12)Белі бүкір
Алысқа түкір (Мылтық—ружье)
13) Судан алады,
Суға салса өледі (Тұз—соль)
14) Кесе –кесе мұқалды
Жони—жони жұқарды. (Пышақ—нож)
5. кезең «Тапқырлар сайысы»
4 топқа 4 түрлі ребус беріледі сайыскерлер жылдам ребустың шешуін табу
керек. Әр дұрыс шешілген ребусқа 5 ұпай.
Шешуі:
6. кезең «Капитандар сайысы»
Әр топ командирін шақырамыз.
1 минут ішінде қойылған сұраудың дұрыс жауабы 1 ұпайдан есептеледі.
1. Республикамыздың басты қаласы (Астана)
2. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)
3. Білім күні қай күн? (1—қыркүйек)
4. Анаңның аты кім (...)
5. Қазақша жыл басы (Наурыз)
6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
7. Сыныбыңда қанша оқушы бар?
8. Аспан сөзінде неше әріп бар?
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т. Әубәкіров)
10. Бір өркешті түйе (Нар)
11. Апркль айының қазақша атауы. (Сәуір)
12. ТОбыңның аты
13.Биыл тәуелсіздігіміздің орнағанына неше жыл?
14.Жасың нешеде
15.Мемлекеттік рәміздер
16.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
17.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын
18.Оқу жылы қашан аяқталады?
19.Киелі құс
20. «Көз қорқақ – қол …»
7. кезең «Ептілер сайысы»
Бұл кезеңде әр сайыскер кедергілерден өтіп математикалық тапсырмаларды
орындап, келесі балаға эстафетаны тапсырады.
— Сайыскерлер ойынын,
Тамамдадық біз бүгін,
Әділқазы береді
Дұрыс, әділ шешімін.
— Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,
сайыскерлерге арналған шашуымызды қабыл алыңыздар!
— Болмасын ешбір сын өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке! – демекші, сөз кезегін әділқазылар алқасының
төрайымына береміз!
Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар
І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.
І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.
І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль