Жалмауыз кемпір сценарий

Сценарий тақырыбы: Құтты болсын Жаңа жылСценарий мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Жалмауыз кемпір, қоян, Клоун, бастауыш сынып оқушылары.Сценарий түрі: карнавалСценарий барысы:

Жалмауыз кемпір



Сценарий тақырыбы: Құтты болсын Жаңа жыл
Сценарий мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Жалмауыз
кемпір, қоян, Клоун, бастауыш сынып оқушылары.
Сценарий түрі: карнавал
Сценарий барысы:

Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)
Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,
Басталады Жаңа жылдық карнавал,
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.
Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды,
Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, оқушылар екі- екіден залға кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар!
Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Санура Хамзақызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, Сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән Аппақ-аппақ, жапалақтап …
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!
Ал, кім бізге шыршаға арналған өлеңдерін айтып берер екен?
3-сынып оқушысы: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: Жарайсың, қандай жақсы тақпақ! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы,
Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!
Жүргізуші: 1) онда біз кім жеңеді? ойынын ойнайық .(4 орындықпен)
2) Клоун сиқыр көрсетеді.

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,
Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып
алады дегенді білмейсің бе?
Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб еді, ал, бардым … Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?
Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!
Жүргізуші: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?
Балалар қолдарын көтеріп :
— сауат ашу үшін
— жазу

— сызу
— санау
— кітап оқуды үйрену үшін
— сурет салу үшін
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)
Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?
Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп… оқу… жазу… Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен Айна ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)
Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)
Жүргізуші: Тоқта, тоқта!
Жалмауыз кемпір: Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)
Балалар: Иә!
Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!
(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата:
Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Аязата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)
Шырша жарқырайды.
Аязата: балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен маған?
(2 оқушы қол көтереді де, тақпақтарын айтады)
Оқушы: Қардай аппақ әдемі,
Мұздай жалтыр кірпікті
Шанаменен зымырап
Келеді атын ұшырып.
Оқушы: Келеді бізге асығып,
Жолында оның тұрмаңдар!
Ханшайымдай ақ тонды
Жылы қолғап қолында.
Аязата: бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынандай тақпақтан кейін кідірмес. Клоун балам, кәмпит берейік екеуміз тақпақ айтқан балаларға (кәмпиттерін береді)
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңғақ бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар!
(музыкамен Ақшақар келеді)
Ақшақар: Сәлематсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал, сендер
Аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр …
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге …

Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі … ..
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын- күлкі таралсын
Құтты болсын … .
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, көжекпін,
Қорқақ емес өжетпін.
Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық, жақсы оқу салауат, Республикамыздағы Азияданы ала келдім.
Аязата: бәрекелді, үлкен сый кәпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.
Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
Оқушылар тақпақтарын айтуға шығады.
Оқушы: Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны…
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Оқушы: Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Оқушы: Мұз өрнектің бәрі асыл,
Оюларды аңғарам.
Қарағайдың жап-жасыл
Күйіне мен таңқалам.
Оқушы: Қандай әсем шартарап!
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аязата келіп тұр.
Оқушы: Аязата ешкімді алаламас,
Шырша түбі сыйлықтан құры қалмас.
Қояндарға береді ойыншықтар
Оқушы: Жай емес ол ойыншық – жұмсақ қасқыр
Қорқақ емес ендігі қояндар да
Ойнайды олар, қолында бір – бір қасқыр.
Ақшақар ойын ойнатады.
Жүргізуші: біздің балалардың өнерлері көп, әрі қарай тамашалай берейік.
Оқушылардың Ән, би өнерлері, скетч
Аязата кәмпиттерін таратады.
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз Шырша әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!
Аязата? Мінекей, балалар, сендермен қоштсатын да кез келді.

Ақшақар: сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата: Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар

Ұқсас жұмыстар

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты, олардың күйеуге бермеген үш қызы бар екен
Ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті
Ешкімі жоқ кемпір жалғыз сиырын сауып, сүтінен май жасап, оны көрші дүкенге өткізіп күнелтеді екен
Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды тыйып қой
Жанынан қорқып кемпірге, Егеуімді берді әкем
Баяғы заманда бір кемпір мен шал болыпты
Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты
Бір күні балаларым жұмыртқа жейміз десе, кемпір
Мыстан кемпірдің тапсырмасы

Сценарий утренника посвящённого весеннему празднику Наурыз

«Как Жалмауыз кемпір стала доброй»

Роли:

Ведущая – преподаватель казахского языка

Қарлығаш – преподаватель казахского языка

Жалмауыз кемпір – воспитатель

Бай — воспитатель

Алдар Көсе – воспитатель

Продолжительность утренника: 60 минут

Место проведения: центральный двор детского сада

Оборудование:

Сцена украшена воздушными шарами, баннер Наурыз, цветы для танца детям, камча, канат, лошадки,скамейки для родителей, стульчики для детей.

Сюрпризный момент: конфеты на шашу

Ведущая – құрметті ата-аналар қонақтар!

Наурыз — қазақтыңшын мағынасындағы,

ұлт мейрамы Наурызды Қазақстан басқа шығы жұрттарының көбі.

Наурыз — көктем мерекесі, жыл басы!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Келешекше денсаулык әрбір шанырақ басына бақыт тілеймін!

.Стихотворения детей

1 ребёнок — Теңеледі күн мен түн,

Наурыз көктем жеткенде.

Күннің алтын шуағы,

Жерге нұрын төккенде.

2 ребёнок Шуқ болып төгілер,

Жерге дән боп егелер.

Наурыз айын күтуде,

Кіп кішкентай сәбилер.

3 ребёнок — Наурыз тойың наурыз тойың,

Құтты болсын халайық.

Күй төгілсін күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

4 ребёнок — Наурызбен құттықтып,

Алыс жақын қауышты.

Көктемде жарқын сәт,

Көнілерге ауысты.

5 ребёнок Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Аналар тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

6 ребёнок – Ой қосылсын ойыңа

Бой қосылсын бойыңа!

Аман — есен жетейік

Келесі Наурыз тойыңа!

7 ребёнок Жарандар жарандар,

Бәрің бері қараңдар.

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салыңдар.

8 ребёнок — Наурыз менің тірегім,

Наурыз менің тілегім.

Жаңа күш бере берсін,

Жыл сайын келе берсін.

Песня «Наурыз келді, балалар»

Ведущая – В Наурыз все старались быть добрыми, прощали обиды.

Скажите друг другу добрые пожелания.

9 ребёнок Здесь цветов так мног разных,

Вот тюльпан,а вот нарцисс.

Здравствуй, наш любимый праздник.

Здравствуй, праздник Наурыз!

10 ребёнок – Ветерок поёт над степью,

Словно сказочный кобыз.

Все: взрослые и дети.

К нам спешат на Наурыз.

11 ребёнок — Когда приходит Наурыз

Цветут сады, цветут поля.

Когда приходит Наурыз

Весною дышит вся земля.

12 ребёнок — Приезжайте, приходите

Ждет байга вас и айтыс.

Все таланты проявите

В шумный праздник Наурыз.

Дети обнимаются и садятся

Қарлығаш Здравствуйте, ребята. Я прилетела, чтобы предупредить,

о приходе солнечного Наурыза.

Пусть будет обильным год, пусть будет всюду дорога.

Рекой пусть молоко течёт. Счастья и радости много.

Ведущая – Спасибо Қарлығаш за поздравления и добрые пожелания.

Наши птички, хотят потанцевать с тобой.

Танец «Птички»

Қарлығаш – А может вы про меня песню знаете?

Песня «Қарлығаш» (дети подготовительной группы)

Қарлығаш – Издавна считается, что в этот день Қыдыр – ата обходит степь.

И там где он ступает, расцветает земля, под его ногами распускаются тюльпаны.

Эти цветы являются символами счастья и вечной весны.

Танец цветов «Тюльпаны» (дети 2мл.гр.)

Вбегает Жалмауыз кемпір и уносит 1 цветок

Жалмауыз кемпір – кто посмел нарушить тишину,

кто шумит, радуется приходу противного Наурыза, тревожит мой покой?

Қарлығаш – Оу, ребята, кто это?

Жалмауыз кемпір – я всемогущая, всесильная.

Это я сорвала и унесла ваш тюльпан.

А без него не может быть нас тоящей весны! Ха –ха – ха!

Қарлығаш – Ребята, нельзя показывать Жалмауыз кемпір,

что мы испугались.

Нужно продолжить веселье. Только все вместе дружно и весело,

Мы сможем справиться со злой Жалмауыз кемпір.

И вернём на родную землю алый тюльпан – символ весны и счастья.

Песня «Хороводная о весне»

(исполняют песню дети ср.гр, ст.гр и подг.гр, в хороводе 1 мл.гр и 2мл.гр)

Танец «Қуыршақтар» (дети средней группы)

Жалмауыз кемпір – Что такое? Вы ещё не угомонились и продолжаете петь, как ни в чём не бывало. Прдётся вас испытать, знаете ли вы поговорки и пословицы о Родине, о Весне, о Наурызе.

Ведущая – Конечно знаем, вот послушай.

Пословицы детей

1 ребёнок — Туған жер алтын бесік. Родная земля колыбель

2 ребёнок Отан оттанда ыстық. Родина жарче огня

3 ребёнок Туған жердің тасы да таныс. На Родине каждый камушек знаком

4 ребёнок Отансыз адам ормансыз бұл-бұл.

Человек без Родины – соловей без леса.

5 ребёнок Досы көпті жау алмас. Один в поле не воин.

6 ребёнок Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.

Жизнь без друзей, что пища без соли.

Жалмауыз кемпір – Ну хорошо! Но цветок вам всё – таки не найти и не вернуть!

Ха – ха – ха!

Ведущая – О всемощуая Жалмауыз кемпір смилуйся. Ведь мы всё равно не сдадимся.

Қарлығаш – Для того, чтобы вернуть священный тюльпан,

нам надо доказать Жалмауыз кемпір,

что нам не страшны её козни.

Ведь праздник Наурыз очень весёлый и яркий.

Сейчас выстыпят смелые джигиты.

Танец «Джигитов» (дети подготовительной группы)

Жалмауыз кемпір – О беспокойные головы. Всё ещё на что – то надеетесь?

Я хочу увидеть красивы ли ваши девушки.

Ребёнок – О всемогущая Жалмауыз кемпір мы сумеем тебя уидивить и развлечь.

Танец «Домбыра» (дети старшей группы)

Қарлығаш – Эй, смотри как у на весело. Если хочешь, построим тебе просторную юрту.

Игра «Юрта»

Ведущая – А теперь посоревнуйся с нашими ребятамию

Игра «перетяни канат»

Игра «Қандық – сандық»

Ведущая – Ну, а наши джигиты, неужели останутся в стороне, и не покажут свою ловкость?

Игра « Киіз күу»

Ведущая – Кто не побоится злых чар Жалмауыз кемпір и поцелует,

Тот превратит её в добрую и ласковую.

Игра повторятется

Жалмауыз кемпір – Ой, что со мной? Что с моим лицом, а с душой?

Я стала другой, весёлой, красивой и доброй. Правда дети?

Позову тюльпан: «Наурызгүл, иди сюда!»

Тюльпан – Спасибо за спасение, за труд ваш и терпение.

С Наурызом поздравляю, счастья, радости желаю.

Песня «Тамаша»

Қарлығаш – Я видела все ваши подарки, мне понравились все танцы, песни и игры. Я тоже хочу предложить вам поиграть со мной. Я буду угощать вас бауырсаками. Но вы должны есть их очень быстро, на скарость, кто больше съест? А я посмотрю кому больше нравятся мои бауырсаки, я их сама пекла. Кто хочет посоревноваться?

Проводится игра «Бауырсаки»

Қарлығаш – Славно мы поиграли все вместе.

Входит Бай

(сценка бай и Алдар Косе)

Бай – Сәлеметсіздерме! Здравстуйте! Можно у вас передохнуть? Дорога мне предстаит длинная.

Ведущая – Конечно, можно! Садись Бай на почетное место!

Бай – А скажите, почтенные, знаете ли вы Алдара Косе?

Ведущая – Ну конечно знаем! Здесь где-то ходил. Он часто бывает на таких праздниках. А в чем дело?

Бай – Да, вот вся степь твердит: «Алдар Косе, Алдар Косе». А я не верю этим рассказам про его ум и хитрость. Поглядеть бы мне на этого бродягу хоть разок. Я бы его сразу одурачил!

Ведущая – Ой, не хвались, бай! Не так-то это и просто.

Бай – А вот и одурачу. А если не получится, устрою той на весь аул.

Ведущая – Хорошо, ловим тебя на слове.

Заходит Алдар Косе, что-то ищет.

Бай – Эй, приятель, что потерял?

А.К. — Ничего не потерял, а что-то ищу. Ищу я начало земли.

Хорошо знаю, что где-то здесь, но не могу найти.

Глянуть бы с высоты, сразу бы нашел.

Да вот беда – ни холмика, ни пригорка.

Но я все равно достигну своей цели!

Почет ждет того, кто найдет начало земли.

Бай – А с лошади ты смог бы увидеть начало земли?

А.К. – Конечно! Но ведь у меня не только лошади, а даже захудалого ишака нет.

Бай – Садись на мою лошадь! Но уговор такой: будешь говорить, что мы вместе нашли начало земли. Поделим славу и почет. Согласен?

А.К. – Согласен! (залезает на лошадь)

Бай – Ну что? Видишь начало земли?

А.К. – Нет! Не вижу! Вижу только, бай, что ты большой глупец. Но не горюй. Зато с этого дня будешь всем хвалиться, как вместе с Алдаром Косе начало земли искал.

Бай – Так ты Алдар Косе? Отдай лошадь, разбойник!

А.К. – Отдам если догонишь! (уезжает на лошади)

Бай – Горько плачет.

Ведущая – Вот видишь, бай, зря хвалился. Придется тебе угощать весь аул.

Жаңа жыл сценарий

Персонаждар:

Жалмауыз кемпір, Албасты (кикимора), Маймыл, Қораз, Ақшақар, Аяз ата. 

Мерекенің жүру жоспары

 

Мерекенің басталу алдында жаңа жылдық әуен ойналады 

Жүргузуші:

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,

Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

Айғай, шу мотоцикл дыбысы шығады.

Жалмауыз кемпір сыпырғыштың үстінде отырып, тоқтайды. Безендірілген шыршаға қарап

 
Жалмауз кемпір:

— Е, Жаңа жылға дайндық болып жатыр, күшті тусовка болады екен ғой! Тэк, тэк….қонырау шалу керек 

(ұялы телефоның алып, қонырау шалады)

Музыка ойналады.Албасты жүгіріп келеді, абайсыздан сыпырғышқа ұрынып құлайды

Жалмауз кемпір:

— О! Өзі де келіп қалды! Мен саған қонырау шалып жатсам,… сен өзі қайда жүрсін Албасты? 

Албасты:

— Я в шоке! Просто в шоке! Мен екеуімізге кафеден Жаңа жылға орын тапсырмақшы едім, ал олар маған «Біз ағаш сайтандарынан орынға тапсырыс алмаймыз»- дейді ғой өздері

Жалмауз кемпір:

— Ой айтпа, қымбаттым! Жарайды оны қойшы, оған келесі жолы бір барармыз. .. Сен мында қарашы өзін, мында Жаңа жыл тойланатын сияқты. Осында қалып, рақаттанайық! 

Албасты:

— Бізді ешкім шақырған жоқ қой! 

Жалмауз кемпір:

— Ал олардан кім сұрайды екен! 

Албасты:

— Е, ол да дұрыс! 

Шырша сыртына тығылып отырады. Көңілді әуен орындалы, осы кезде Маймыл кіреді.

Маймыл :

— Сәлеметсіздерме, құрметті балалар және қонақтар! 
Сіздерді көргеніме қуаныштымын, 
Мен сендермен амандастым
— Ал енді сендер менімен амандасындар: 
(оқушылар амандасады)

Маймыл: Жарайсындар! Ал енді бір- бірімізбен амандасайық 
Ойын «Достарды қарсы алайық» 
Оң қолмен былғаймыз! Былай… 
Енді сол қолмен былғаймыз! Былай… 
Енді екі қолмен бірге! Осылай біз достарымызды қарсы аламыз! 
Көршімізбен қол беріп амандасамыз! Осылай… 
Енді екінші көршімен амандасайық! Осылай… 
Енді көршімізді құшақтаймыз! Осылай…
Енді екінші көршімізді құшақтайық! Осылай….
Енді бәріміз құшақтасайық! Осылай біз достарымызды қарсы аламыз! 
Біз достарымызды Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!

Енді бәріміз бірге Жаңа жыл құтты болсын! дейміз

Маймыл: — Жарайсындар,өздерін жаңа жыл мерекесін тойлауға жақсы дайындалған екенсіндер. 
Айғай, шу дыбыстар естіледі. Шыршаның артынан Жалмауз кемпір, Албасты көңілсіз болып шығады.
Маймыл:: — Ой! Әжелер! Сіздерге не болды? Денсаулықтарыңыз қалай? 
Жалмауыз кемпір: — Біз әжелер емеспіз?!!!! Мен болсам жаспын, жасым тек екі жүзден жана ғана асты.
Албасты: — Мен, мен де жаспын!))) 
Жалмауыз кемпір: — Мен сендерден де крутоймын! Мен, биде биле аламын! Менімен бірге билейсіндер ме?

ОЙЫН «Фиксики» биі

Жалмауыз кемпір, Албасты және оқушылар би билейді. Бидің соңында Албасты Жалмауыз кемпірдің аяғын шалады.

Маймыл: Бәрі күшті, бірақта жаңа жылдық мерекемізде бірдене жетіспейтін сияқты.

  • Балалар біздің жаңа жыл мерекемізде кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата және Ақшақар.

Маймыл: Дұрыс.Бәріміз бірге Аяз атамен Ақшақарды шақырайық «Аяз ата» «Ақшақар»

(Әдемі жаңа жылдық әуен қосылып, ортаға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.)

Аяз ата: Ау, балалар, өздеріңді сағынып келдім.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан,

Аталарын сендерге

Шаршап келді алыстан

Өздеріңе оралдым

Бар сыйлығым жоралғым

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау дем алғым

Ақшақар: Амансыңдар ма, балалар, ұстаздар, ата- аналар! Өздеріңізді сағынып келдік. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Тауық жылы бақыт, береке, бірлік әкелсін. Елімізде елеулі мерекелер көп болсын. Бәріміз үшін қуанышты кезең болсын.

(Оқушылардың орындауында «Шырша жыры» өлеңі орындалады)

Жалмауыз кемпір: Ой, ой мен де өлең айта аламын! Мен сендерге жұмбақ жасырсам, олардың жауаптарын айталасындар ма? Соны көрейік! (қопарып қалтасынан жұмбақтар жазылған қағаз алып шығып, жұмбақтар жасырады

  1. Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата) 

  1. Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. (Қар) 

  1. Бет-аузыңнан сүйеді,

Ерні суық тиеді. (Аяз)

  1. Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

  1. Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip түсте (Шырша)

6. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Аяз ата: Жарайсындар!
Ақшақар:
Ата, біздің жасыл шыршамыздың шамдарын жарқыратуға кез келген сияқты

Аяз ата: Дұрыс. Кәне, балалар шыршамызға бәріміз бірге «Қуант бізді, таңырқат.Шамдарынды жарқырат» деп айтайық ( 3 рет)

(осы жерде «В лесу родилась елочка», «Шырша жыры» өлеңдері орындалады)
Ақшақар: Ата , орындыққа жайғасып отырып, балалардың дайындаған өнерлерін тамашалайық.

(Аяз атамен Ақшақар орындыққа отырғысы келеді, осы кезде жаңа жылдың хожайыны Тауық кіреді)

Тауық: Ку- ка- ре-ку 2017 жыл Тауық жылы

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар?

Алға шығып өлең, тақпақ айтыңдар

Жаңа жылдық мерекеден сыйлық алып қайтыңдар.

(осы жерде маймылдың көңіл күйі түсіп, шыршаның астына тығылып отырады)

Аяз ата: Балалар, бізбен бір жыл бірге болған маймыл жылы қайда? Ескі жыл қайдасың? (балалармен бірге шақырады)

Ақшақар: Ескі жыл ренжіме!

Маймыл: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.

Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін

Өнерлерін көп болсын, елде уайым жоқ болсын!

(ескі жыл кетеді)

Аяз ата: Енді отырып балалардың дайындаған өнерлерін тамашалайық

Мектепалды даярлық сыныбы өз өнерлерін көрсетеді

Ақшақар: Жарайсындар! Ал енді сендермен бір ойын ойнайық сендердің шапшандылықтарынды көрейік Ойын «Орындық»

Албасты: Бұл кештің балалары күшті дайындалған екен, енді 4 сынып оқушылары не дайындағаның көрейік

БИ

(Албасты балалармен «Қар ұлпалары» ойының өткізеді. 1 минутта қар ұлпаларын кім көп жинайды)

Жалмауыз кемпір: Ой, ой, сендер 3 сынып оқушыларының не дайындағаның білмейсіндер ғой.! Олар қазір барлығын қатырады

Ойын «Жаңа жылдық салаттар» (жаңа жылда дайындалатын салаттарды кезекпен айтады, қайталанса ойннан шығады)

Ойын «Жаңа жыл» өлеңің тауық тілінде айту

Тауық: Рахмет, балалар! Жаңа жылдық өлеңің менің тілімде айтқандарына өзім риза болып қалдым. Ал мен екінші сынып оқушыларын ортаға шақырғым келіп тұр.Өз өнерлірін оларда көрсетсін.

Ойын «Жаңажылдық сайыс»  Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
Ойын «Қалпақ биі» Ортада қалпақ киген оқушы тұрады, әуен орындалғанда ортада тұрған оқушының қимылдарын қайталайды, кезекпен бас киім балаларға ауысады

Жалмауыз кемпір:— Ал енді барлық достарды 
Албасты: — Ортаға билеуге шақырамыз! 
Би марафоны
Ақшақар: — Жаңа жылдық мерекеміз жақсы өткен сияқты! 
Өлең айтып,ойын ойнап, биде биледік! 
Аяз ата:

Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет.

Өнерлерін өрге жүзсін. Тілектерің ақ болсын, бастарына бақ қонсын. Келесі жылы көргенше , амандықта болыңдар.

Жалмауыз кемпір

: — Жаңа жыл құтты болсын!

Албасты:

: — Барлық армандарын орындалсын!

Тауық

:: Ал құрметті достар, Аяз атамен Ақшақарды « Сау болыңыз!» деп шығарып салайық 

Жүргізуші:

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,

Құт- береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы,
Талшық селосы, «Балдырған» балалар бөбек бақшасының әдіскері
Хасенова Айжан Лұқманқызы

«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Кейіпкерлер: Жүргізуші — сайқымазақ, аққала, Ақшақар, Аяз Ата, Қаршақыз, Жалмауыз кемпір, көжектер.
Жаңа жылға безендірілген залға балалар кіріп келеді.
Балалар тәрбиешілермен көңілді музыка әуенімен кіреді, оларды жүргізуші қарсы алады. Жүргізуші балаларды шыршаның айналасына тұрғызып хоровод жасайды.
Жүргізуші: Әй, балалар көңіл — күйлерің қалай!
Балалар: Керемет
Жүргізуші: Бәрің солай ойлайсыңдар ма?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Онда мерекені бастайық! Алға достар, Алақай!
Ән: «Кел, кел жаңа жыл»

Жүргізуші: Қыс — ғажайып жыл мезгілі, тек қыста ғана көңілді мереке Жаңа жыл болады. Қанша қызықты ойындар ойнауға, шана мен шаңғы тебуге және Аққала салуға болады.
(Музыка әуенімен Аққала кіріп келеді)
Жүргізуші: Мынау не? Қандай ғажап!
Аққала: Сәлеметсіңдер ме! Мен кіммін? Мен Аққала пошташымын! Мені орманда қардан жасаған. Мені өте әдемі жасаған: басым ақылды, ішім қызыл, мұрным тамаша — сәбіз! Бірақ, менің өзімді мақтап тұруыма уақытым жоқ. Мен сендерге Аяз Ата мен Ақшақардан хабар әкелдім.
Өкінішке орай олар келуге үлгере алмай жатыр. Сондықтан олар, «Бүгін міндетті түрде келеміз және сыйлықтар бар қапты ала келеміз» деп
менен сәлем айтып жіберді. Балалар, Ақшақар мен Аяз Атаны қарсы алу үшін бәріміздің көңіл — күйіміз жақсы болу керек. Келісесіңдер ме?
Балалар: Иә, келісеміз.
Аққала: Ал, онда балалар, бәріміз билейік.
Би: «Ұлпа қарлар»

(Балалар Аққаланың көрсеткен би қимылдарын жасайды.
Музыка әуенімен Аяз Ата мен Ақшақар музыка әуенімен кіреді)
Аяз Ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!
Мен біраз кешігіп қалдым.
Жол қиын екен.
Мені кешіріңдер.
Рахмет, саған Аққала — пошташы менің өтінішімді орындағаның үшін.
Аяз Ата: Жаңа жылдарыңмен, достар!
Ақшақар: Барлығыңа зор денсаулық! Әрқашан көңілдерің көтеріңкі болсын!
Аққала: Аяз Ата! Балалар сені күтіп отыр, қазір олар сізге өз өнерлерін көрсетеді.
Ән: «Аяз Ата.»

Аяз Ата: Сендер мені өнерлеріңмен қуанттыңдар. Қазір шыршаның шамын жағатын уақыт келді. Шыршаның түрлі — түсті шамдарын жағу үшін бәріміз бірге дауыстап айтайық:
Шырша, шырша жан, жан!
(Шыршаның шамдары жанады)
Аяз Ата: Кәне, балалар, Жаңа жылдық шыршаға бәріміз бірге ән айтайық
Ән: «Шырша»

(Музыка әуенімен Жалмауыз кемпір сыпырғышымен ұшып келеді, шыршаны бірнеше рет айналады, тоқтап сыпырғышынан секіріп түседі)
Жалмауыз кемпір: Мереке керек болды ма? Аяз Атаға қуанып жатсыңдар ма? Қонақ та шақырып қойыпсыңдар. (ата — аналарға қарайды). Мені шақырмадыңдар. Ұмытып кеттіңдер ме?
Аяз Ата: Мында жақсылықпен келмейтініңді білдім, тек жамандық әкелесің.
Жалмауыз кемпір: (қабағын түйіп ашуланады) Ә… солай ма? Мерекені тоқтатуларыңды бұйырамын! Балаларды жазалаңдар! Сыйлықтарын алып қойыңдар!
Аяз Ата: Қалай дәтің барады?
Жалмауыз кемпір: Қазір көресіңдер. Қалай дәтім баратынын.
(Көңілсіз музыка әуенімен Аяз Атаны айналады, оның мойнын бөкебаймен орайды. Күліп сыпырғышпен ұшып кетеді).
Ақшақар: Қандай ашулы Жалмауыз кемпір. Рас па, Аяз Ата?
Аяз Ата (сыбырлап): Сондықтан оны ешкім балалардың мерекесіне шақырмайды.
Аққала: Аяз Ата не болды?
Аяз Ата: Өзім де білмеймін…(жөтеледі). Дауысыма бірдеңе болды… қарлығып қалды.
Ақшақар: Ой, балалар, сұмдық. Бұл кімнің ісі? (балалардың жауабы). Сендер дұрыс айтасыңдар, мұны істеп кеткен қатыгез Жалмауыз кемпір. Енді не істейміз? Аяз Атаның даусын қалай қайтарамыз?
(Аяз Ата шыршаның қасына мұңайып отырады.
Ән айтып Жалмауыз кемпір кіріп келеді, шыршаны айналып қуанады).
Ақшақар: Міне оңбаған, ұстаңдар оны.
(Жүргізуші және Аққала Жалмауыз кемпірді ұстап алады)

Ақшақар: Жалмауыз кемпір, қандай сен қатыгезсің? Аяз Атаның даусын неге жоғалтып жібердің, сен білмейсің бе Аяз Атасыз Жаңа жыл болады ма?
Жалмауыз кемпір: Білмеймін, Аяз Ата мезгілсіз уақытта ауырып қалған екен.
Ақшақар: Жалмауыз кемпір қырсық па Аяз Атаның даусын қайтарып бер.
Жалмауыз кемпір: Сендер маған мерекеге қатысуға рұқсат етесіңдер ме?
Ақшақар: Сен алдымен Аяз Атаның даусын қайтарып бер, сосын көреміз.
Жалмауыз кемпір: Ух,(қорқытады). Маған жамандық жасауға рұқсат етпейді. Жарайды, менде шөп бар. (шүберекпен алып, иіскейді, түшкіреді) қайнатайық.
Ақшақар: Не дейсің, Кемпір!!! Қандай шөп? Аяз Атаға ыстық ішуге болмайды…
Жалмауыз Кемпір: Жақсы, жақсы менің сиқырлы кітабыма қарайын. (Түйілген шүберектен шаң — шаң кітабын алып, оның шаңын үрлеп, 3 рет түшкіреді, кітапты парақтайды…) Бөренеге қалай айналдырады… Жоқ ол емес… көп уақытқа ұйықтату… Тағы ол емес… Даусын қалай қайтарамыз… Міне, міне… жоқ… О! Аяз Атаның! Енді міне!!! (Оқып, бірдеңені сыбырлайды).
Аққала: Қалай
Ақшақар: Тез оқы, Жалмауыз кемпір.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Сайқымазақтың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым — қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, мыстан кемпір, Клоун, балалар, ата — аналар.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі — екіден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата — аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектеп басшысы Дошаев Абылай Әбдіғапарұлына беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
«Жасыл шырша жанында» әніне балалар қол ұстасып шыршаны айналады.

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған әнін айтып береді екен?

Ән: «Шыршаға бардық» орындайтын Жанұзақ Жандаулет пен Амандық Айқын

Аяз аталар биімен 2 – сынып ер балалары

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы балаларсыңдар! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!
Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен) (4 ата – ана шығып музыка ырғағымен билейді)
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата — аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Мыстан кемпір кіріп келеді.)
Мыстан : Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Мыстан: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Мыстан: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!
Мыстан: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха — ха — ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Мыстан: Ә, бәлем, солай ма екен..  Әйтпесе мектеп, оқу жазу …. Енді сендерді мен оқытамын! Қазір дене шынқтру сабағы болады. Бүгінгі сабақта біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз. (Көңілді музыкамен «»Айна ойыны ойналады   Ортаға 4 ата – ана шығады. Мыстан ойын ойнатады)

Мыстан: қане балалар, мына шырша әдемі болып жану керек қой ия?

Балалар : ия!

Мыстан кемпір: қане онда жағып жіберейік!  (қолына сіріңке алып шыршаны жақпақшы болады)

Жүргізуші: Жоқ, жоқ! Мына жалмауыз кемпірден құтыла аламадық қой! (осы кезде гуілдеген жел дауыс естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды. Адамдарға, шыршаның астына  тығылады)

Алыстан Аяз атаның даусы естіледі

Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақар келе жатырғой деймін, қане бәріміз шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аяз ата,Ақшақар! деп айқайлап қол соғады

Ортаға Аяз ата келеді.

-Балалар  мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқтығой. Қане сиқырлы сөзімізбен оның шамдарын жарқыратайық.

Балалар: қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат! (3рет айтады)

Аяз ата Жарайсыңдар балалар! Ал, балалар менің қарша қызым қайда жүр екен. Кім тауып береді екен маған?

Ақшақар туралы тақпақ айтады.

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып,

Орта да тұр Ақшақар

Көптен күтіп сағынып.

Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.

Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес. Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпан айтқан балаларға

Хор: Шырша жыры

Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім — ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр….
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге…..
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі….
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын….
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
жарайсыңдар балалар бәәрііңде тапқыр екенсіңдер!

Жүргізуіш: Ал Аяз атамен Ақшақар  балалар сіздерге тақпақтарын айтып бересін.

  • сынып оқушылары тақпақтарын айтады. (11 оқушы)

Ән: « Құтты болсын Жаңа жыл  »  Орындайтын: Келжанов Мейрамбек

Аяз ата мен ақшақарлар биі 1 – сынып оқушылары.

Ата – аналармен ойын: «Тосын сый»  ойын шарты: 3 шар тұрады. 3 ата – ана шығып шарды қолдың және аяқтың  көмегінсіз  жарады. Ішінде құпия тапсырма жазылған қағаз болады. Қағаздағы тапсырман орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қаласыз.

Ойын шарты: 1. Жаңа жыл иесінің даусын келтіру

2.6 санының көбейту кесетін айту

3.Қоянның қимылын келтіріңіз.

Тақпақтар  1 – сынып   (11 оқушы)

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға «Мирамбек Айымды» Ән: Жаңа жыл
Радуга желаний биімен 2 – сынып қыздарын ортаға шақырамыз.

Ойын: ата – аналармен

Жүргізуші: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл! – дей келе  2 – сыныптың тақпақтарын тыңдайық

Тақпақтар 2 – сынып оқушылары:

Ән: Ақшақар Орындайтын: Сүндет Назерке

 1 – сынып қыздарының «Көңілді биі» тамашалайық

Ән: Алпысбай Мақсат «Келді мәне жаңа жыл»

Үнді биі: Асқар Алуа

Жүргізуші. Ал балалар тұрмайық,

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық:

Ән: Шыршаға бардық  Мешітбаев Назар мен Аманғалиқызы Дариға

«Гумми – гном» биімен 1 – сынып оқушыларының өнерін тамашалайық

Испан биімен ортаға Бекболатқызы Еркеназ бен Мұғалтаев Қайсарды  шақырамыз.

Ойын:

Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл

Қалауын тап қар үстіне қада гүл

Жаңа жыл, жаңа жыл

Сан тілектің бастамасы ғана бұл  

Флешмоб  1 – 2 класс оқушылары

Жүргізуші: Кел жаңа жыл игілік боп иба боп,

Жер бетіне кереметті жина көп

Ақ қауырсын қанатына қайғы емес,

Түтін емес рауан нұрын жина көп.

Жаңа жыл тағы да құтты болсын. Құттықтау сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нуғыманова Балдырған апайға және ата – аналарға береміз.

Демеушілік жасаған ата – аналарға алғыс хат табыстау.

Жүргізуші: Жаңа жылда балалар тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан мықты болу өзіңнен.

Құрметті оқушылар ата – аналар осымен біздің мерекелік кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Акимова Гулшат Амановна

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы

С.Оразалин атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Жаңа жыл сценарий бастауыш сынып 2014-2015

Жаңа жылды қарсы алу кешінің жүрісі
 Дауыс: — Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 
—    Ұстаз деген құдіреттен нәр алған,
Әлдилеген әрқашанда ақ арман.
Білімімен озық үлгі көрсетіп
Бұл балалар, келеді 3 «А» сыныптан.
—    Қошемет, құрметті халайық!

—    Өзгелерден  бөлек екен мәнері,
Білімі мен ерекше екен өнері.
Думандата шырша тойды қыздыртқан,
Бұл  жұлдыздар келеді 3 «Б» сыныптан.
      «Қуыршақтар театрынан» көрініс
 Қоян: — Мен, қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын көруге
Ұйқымнан ерте ояндым.
Аю: — Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған,
Қысқы ұйқымды қиып бүгін
Ортаңызға келіп тұрмын.
Қоян: — Ал, аю аға, бастайық,
Асықпайық, саспайық!
Аю: —  Ендеше, қоян, тұрмайық,
Шырша жырын жырлайық!
Ән: «Шырша жыры» (хор)
Қоян: — Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Аю: — Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей…
Қоян: — Я десейш-ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш  пайдаланғалы қашан?!
Аю: — Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті-аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба… ха-ха (күледі).
Қоян: — Хи-хи (күледі).
Сол кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін сиқырлайды:
—    1,2,3,
Сиқырлы күш,
Мына екеуін лезде,
Өзгертші тез! – дейді де, балалардың арасына отырып алады.
Қоян: — Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып кетті ғой…

Аю: — Не, не, алжыған неме,
Жасыңа жетпей адасып,
Қалыпсың ғой шатасып.
Қоян: — Аю отыр еді партада
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «б» дейді,
«Р»-ға тілі келмейді. 
—    Ой, ой, мен не деп кеттім..
Аю: — Жетер, енді, қоян, 
           Ашуыма тиме! Одан да айт, қандай сыйды Аяз атаға тарту етеміз?
Қоян: — Мен білем, не беру керектігін. Сәбіз! Сәбізді сыйлайық! Өзі дәмді, өзі тәтті, өзі пайдалы, өзі шипалы.
Аю: — Жоқ, болмайды. Бал береміз. Бұл әлемде балдан асқан тәтті де дәмдісі де жоқ. Бал сыйлаймыз!
Қоян: — Жоқ, сәбіз!
Аю: — Жоқ, бал береміз!
Екеуі таласып төбелеседі. Сол кезде Ақшақар  келеді де екеуін сиқырлап тастайды.
Ақшақар: Ақшақар келді міне, жеріңізге, 
Тыныш өмір тілейді еліңізге,
Шаттық пен нұрға бөлеп үйіңізді
Жайғастым  келіп міне, төріңізге.
— Ал, балалар,жаңа жыл құтты болсын! Маған дайындаған қандай сыйларыңыз бар?
Ән:                                                    Би:
Ақшақар: — Жаңа жылда мереке
Ойын күлкі асқақ ән.
Жаңа жылға жаңа кеп
Мерекені бастаған,
Қоян мен аюға не болған? 
—    Шырша тойында ренжісіп төбелескендері несі? Жаңа жылды жақсы көңілмен қарсы алу керек. 
Жылды қалай қарсы алсаң, сол жыл сондай көңілмен өтеді деген сөз бар емес пе? (балалар мыстан кемпірдің сиқырлағаны туралы айтады).
Мыстан кемпір:  — Ешкімге зиянымды тигізбейін деп өзіммен-өзім отырғанмын. Жылда келіп шырша тойының шырқын бұзудан шаршадым. Болмайды тара десем де, бәрібір ешкім тыңдамайды. Әрі сақалды бір шал келіп қатырып тастайды.
Ақшақар: — Ендеше қоян мен аюға неге тидіңіз?
Мыстан кемпір: — Балалар, айтыңдаршы, өздері ғой мені мазақтаған, солай ма?
Балалар: — Ия.Солай.
Мыстан кемпір: — Ашуыма тиді, кешірмеймін оларды.
Ақшақар: — Балалар, бүгін ешкімнің ренжуіне жол бермейміз. Солай ма?
Балалар: -Иә. Солай.
Ақшақар: — Балалар, мынау не? Смайликтер. Алдағы жаңа жылды қандай көңілмен қарсы алмақпыз? Ендеше, осы смайликтердің ішінен таңдап алайық! Бұл бірінші тапсырма.
Мыстан кемпір: Оо, мыналарың керемет екен, маған ұнады. Менің де осындай көңіл-күйде болғым келеді.
Ақшақар: — Мыстан кемпір, енді аю мен қоянды ретке келтіріп, ормандарына жіберсек  қалай болады? 
Мыстан кемпір: — Ол үшін мына қоянның қолындағы «Сәбіз» сөзінен 4 сөз кім құрап береді? (сіз, біз, іс, із)
Мыстан кемпір: — Ал, енді, аюдың қолындағы «бал» сөзін пайдаланып ары қарай жалғастырып жаңа сөздер жасау керек. Қане, кімдер,тез-тез құраймыз. Мысалы: бала, балшық т.с.с (балапан, балақай, балақан, балтыр, балдыр, Балқаш, Балтық, балғын)
Мыстан кемпір : — Балалар, сендер, өз білімдеріңнің арқасында достарыңа көмек бердіңдер. Мен де сөзімде тұрып, мына екеуін сиқырдан босатайын:
1,2,3
Сиқырлы күш,
Екеуін қайтадан,
Қалпына келтір тез!
Қоян: — Алақай, алақай! Балалар, үлкен рахмет сендерге!
Думанды жалғастырайық!
Ортаға ескі жылды шақырайық!
Аю: — Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл — жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Ұлу” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Ұлу жылы: — Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыз, Ақшақар!
—    Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Елге олимпиадада жеңіс сыйладым, ЕХРО-2017 Астанамызда өтетін болды. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсыңдар. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін жаңа 2013 жылға аманат қылып қалдырамын.
Ақшақар: — Ескі жылға арналған әсем әніміз бен биіміз бар. Қабыл алыңыз!
Ән:                                                    Би:
Ескі жыл: — Рахмет,балалар! Ата-ана, ұстаздарыңды ренжітпеңіздер! Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі келмей жатыр ғо. Телефон соғып көрейінші.
—    Алло, Жылан жылы! Қайдасың?
Дауыс: — Бармын, бауырым, бармын!
Ескі жыл: — Балалар, Аяз ата екеуіңізді көп күтіп қалды ғой.
Дауыс: — Ертіп аяз атаны
Жорғалап келем жорғалап,
Баршаңызға арналған
Сыйлықтарды дорбалап.
(Ескі жыл кетіп қалады.)
Ақшақар: — Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата  мен жорғалап жылан жылымыз да келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Қоян: — Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аю: — Аяз ата келеді жаңа жылмен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Хормен: — Аяз ата, жаңа жыл! Аяз ата! Жаңа жыл!
Аяз ата: — Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Жаңа жыл: — Жыл иесі жылан болам ,
Мың шырайлы нұрға толам.
Ырыс, дәулет, несібенің,
Бақ — бастауы өзім болам.
Қоян: — Қанекей, балалар, араларыңда әнші, биші өнерпаз болса, Аяз  Атамыз бен Жаңа жылымыз өнерлеріңді тамашалағысы келіп отыр. 
Ақшақар: Аяз — Ата! Балаларға сыйлық әкелдіңіз бе? 
Аяз — Ата: Әрине, бір қап әкелдім.  Қане, жаңа жыл шыршасы туралы тақпақтарды кімдер айтып береді?
Тақпақтар.
Би:                                                         Ән:
Қоян:-  Балалар, жаңа жылға қандай тілектерің бар?
13-оқушы: — Қойнауы мұнай мен газға толы, Боранқұл  елді мекені көркейсін. 
14-оқушы: — Жаңа жылда бүкіл адамзат атаулы бақытты болсын. 
15-оқушы: — Жас  достар,  қазір  ғана табалдырығымызды аттаған  Жаңа  жылдың  бауы берік  болсын. Бұл  жылы  да  елімізде  тыныштық  болып  ырыс-құтымыз  азаймасын!
16-оқушы: — Жаңа  жыл  әрбіріңіздің  отбасыңызға  жаңа нұр, жаңа  шуақ, табыс пен  береке, қуаныш  пен  мереке алып  келсін.  Әрдайым  қажырлы  қайратыңыздан  күш, жылы  жүздеріңізден   нұр  кетпесін. Жаңа  жыл  баршамыз  үшін берекелі, мерекелі  жыл  болсын.
17-оқушы: — Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.
18-оқушы: — Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! 
19-оқушы: — Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз,  қауқылдасып…
      Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып,  қырау шалған қанаттары!
     Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. 
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
20-оқушы: — Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,
Жеткізген жаңа жылға аман-есен.
Ескі жыл алып қал! — деп ауырлықты,
Тілейік жаңа жылдан жақсылықты.    
Жаңа жыл алып келсін бәрімізге,
Алдымен бірінші боп денсаулықты.
Содан соң бірлік, тату, тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті.
21-оқушы: — Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,
Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.
Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.
                    Ел тыныш, бала-шаға аман болып,
Дос-жаран, ағайынмен орта толсын.
Қуаныш әкелетін әрбір жанға,
Жаңа жыл, ағайындар, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Жаңа жыл: — Балалар, менің әкелген үш жұмбағым бар. Шеше аласыңдар ма? 
— Қысы-жазы  суға  толы. Ол  не?
Жалмауыз  кемпір  алдына  шығып: — Мен білемін.  Ол горшок !
Бәрі  күледі. 
Жаңа жыл: —  Таппадың, ол құдық.
—    Қыста ақ, жазда сұр, Бұл не?
Балалар: —  Қоян.
Жаңа жыл: — Қыс бойына жатады,
                        Тәтті ұйқыға батады.
                         Бұл не?
Балалар: — Аю.
Ақшақар: — Ендеше, бүгінгі кешімізді жүргізуге көмектескен аю мен қоянға, мыстан кемпірге үлкен рахмет айтамыз! Келесі жылы бұдан да қызықты думанда кездескенше сау-саламатта болайық! Осымен шырша тойы аяқталды.

Басқада жаңа жылдық сценарийлер:

Жаңа жыл сценарий

Жаңа жыл сценарий бастауыш сынып 2014-2015

Жаңа жыл сценарий балабақша 2013-2014

Жаңа жыл сценарий қазақша 2014-2015(Жасыл шырша жанында!!!)

Жаңа жыл ертеңгілігі балабақшада сценарий

Жаңа жылдық сценарий қазақша 2014-2015(Қош келдің,жаңа жыл)

Жаңа жылға арналған сценарий 2013-2014

Ұнады ма? Онда достарыңмен бөліс!

Балалар көңілді әуенмен залға ұстаса жүгіріп кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда шыршаның екі жағына тұрады.

1 — тәрбиеші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала,
Сиқырлы сәулелер тарайды.

2 — тәрбиеші: Жасыл шырша төгілген алдымызда,
Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.
Аман болсын отбасыңыз деп алайын,
Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Хор: «Жаңа жыл
Мыстан кемпір келеді, қолында үлкен айнасы бар.

Мыстан кемпір: Маса, мынау шырша ғой, қазір шыршаны құртпай бүлдірем. мына шырша неге әдемі, киімдері де әдемі емеспін? Қалай осылар секілді әдемі болам мен? Мыстан шыршаны құлатқысы келеді, балаларды қорқытады.
Тәрбиеші: мыстан әже біз шырша тойын тойлағалы отырмыз. Қазір Аяз Ата мен Ақшақарды шақырамыз. Аяз Ата сиқырлы таяғымен саған көмектесер.
Аяз ата мен Ақшақарды шақыру.
Аяз Ата, Ақшақар,
Шыршамызға кел, кел!
Тақпақ айтып береміз,
Бізге сыйлық бер, бер!
Аяз Ата келеді, Ақша қар жоқ. Құттықтады.
Тәрбиеші: Балалар байқадыңдар ма? Аяз Ата қасында Ақшақар жок, қайда ол?
Аяз Ата: Соны өзім де білмедім. Жаңа қасымда келе жатқан, аяқ асты жоғалып кетті.
Мыстан кемпір: Ендеше, мен болам, Ақшақар мен болам, мені сиқырлы таяғынмен Ақшақарға айналдыршы.
Жылтыр матаның ішіне мыстан мен Ақшақар тығылады. Аяз Ата сиқырлы таяғымен матаны түртіп:
Көңілді балалар,
Шыршаны айналып.
Жалмауыз кемпір,
Ақшақарға айналсын — дейді.
Мата астынан көрінбей мыстан кетіп қалады да, мата астынан Ақшақар шығады.
Ақшақар құттықтауы.
Тәрбиеші: Аяз Ата, Ақшақар біздің шыршамыз әдемі болғанымен көңілсіз. Неге оның шамы жанбайды?

Ол үшін біз Сабинаны шақырамыз.

Сабина: Шырша, шырша
Шамдарыңды жарқырат.
Би билейміз, айнала,
Балаларды таңырқат.
Шам жанады.
Жеке ән: «Жаңа жыл келді.» (Аянат, Қызғалдақ, Еркеназ)
Хор: «Аяз Ата»
«Ақшақарлар биі»
Тақпақтар:
Еркеназ:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.

Жансая: Тақпақ, өлең жаттады,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.

Санжар: Тамаша ғой қыс деген,
Қуанады бар бала.
Шырша тойын тойлайды,
Аяз Атамен қосыла.

Аймереке: Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.

Ақмаржан: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
Би: «Сығандар»
(Айзия, Ақмаржан, Еркеназ, Айназ)
Толғанай: Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.

Еркенұр: Сапалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапанды,
Сағындым Аяз атаны.

Алихан: Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

Ерназар: Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Аяз Ата, Ақшақарды
Шақырайын ортаға.

Алдияр: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа — жыл біздерге,
Кел Жаңа — Жыл, Жаңа — жыл!

Жеке ән:«Біз шадыман баламыз»
(Арайлым, Жансая)
Ойын:
Би:«Чунга — чанга»

Айзия: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Папамызды, мамамызды,
Қонақтарды бәрін де.

Аман: Алақай, алақай,
Қар жауып тұр балақай.
Жүр шанаңды алып шық,
Киіп алып малақай.
Гауһар: Аша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып.
Аяз Ата келдің бе?
Балаларды сағынып.
Диас: Құтты болсын Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.

Дәурен: Аю, қасқыр, қоян, түлкі,
Ортада би билеп.
Балалар жүр мәз болып,
Би билейді дөңгелеп.
Әділ: Орманның бар аңдары,
Бүгін бізде қонақта.
Балалармен би билеп,
Қуанады шаттана.
Аңдар (қояндар) биі.
Дәурен, Әди, Аман

Ернар: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып — жылтыр боп жатады.

Аянат: Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз Атадан сыйлық аламын.

Айназ: Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
Арай: Шыршаны айнала,
Қоршаған қуыршақ.
Кел биле, кел биле,
Қоян, лақ, құлыншақ.
Болат, Назерке:
Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат — шадыман ойнасын.
Жаңа жыл келеді.
Қызғалдақ: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Ұлу жылы келеді,
Бізге қарай жылыстап.

Хор: «Шырша әні»
Аяз Ата сыйлық таратады.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Қатысушылар: жүргізуші, Аяз Ата, ақшақар, жалмауыз кемпір, клоун, балалар, сиыр жылы, ескі тышқан жылы.

Сценарий барысы: музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық карнавал.

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шарша жанында қонақтарды қарсы алындар.

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал!

Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балаларекі-екіден залға кіреді)

Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Армысыздар құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде сүйікті ертегілеріміздердің кейіпкерлері, джунглидің барлық аңдары да жетіпті. Ал бүгін балалар қандай мереке?

— Жаңа жыл!!

Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық.

                                          Хоровод « Шырша жыры»

Жүргізуші:Балалар, ортамыздағы әсем не?

  • Шырша!

Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге шыршаға арналған өлендерін айтып берер екен?

Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.

Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын!
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақ! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!Бұл ойын Алдау ойыны Мен сендерді алдаймын,сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.

Мен мұрынды ұстадым!1,2,3 өзі құлағын ұстайды

-Мен басымды ұстадым 1,2,3 иығын ұстайды

Мен құлақты ұстадым1,2,3 бетін ұстайды

Мен құлақты жасырдым1,2,3 өзі қол соғады

Клоун: Балалар, алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, кәне өздері шығып айыбын төлесін.

Оқушылар өлең, тақпақтар айтады.

Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!

Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

Жүргізуші:

Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған тышқан жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
— Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.
Бәрі: Хош келдің ескі жыл.

Ескі жыл:
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық ,бақыт әкелдім. Қарсы алыңдар сиыржылын.
Жүргізуші:
— Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
                    Би «                         »

(Би биленеді)
Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.

                      Ән «  Келді міне Жаңа жыл »
(Ән айтылады)
Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді Аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.

(Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?)

Балалар: Аязата, Ақшақар.

 (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)

Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып

алады дегенді білмейсің бе?

Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, оны білмейсің бе?

Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- балабақшадасондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймапеді, ал, бардым …. Онда кешке дейін тақпақ-әндер, ойнадым, ұйықтадым,ішім пысты.

  • Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Балабақшадакөңілсіз бе? Айтыңдаршы не үшінбалабақшаға барады?

Балалар қолдарын көтеріп:

— сауат ашу үшін

— жазу

— — санау

— кітап оқуды үйрену үшін

— сурет салу үшін

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)

Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!

Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?

Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)

Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе балабақша… оқу… жазу… Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)

Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)

Жүргізуші: Тоқта, тоқта!

Жалмауыз кемпір: Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)

Балалар: Иә!

Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)

Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!

(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.


Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!

Жүргізуші:
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр

Балалар, терезеге қарайықшы, боран далада соғатын сияқты, мүмкін Аязата келіп қалған шығар  (терезеге қараймыз, Аязата мен Ақшақарды көреміз, қол бұлғаймыз)

                        Аязата мен ақшақарға арнап «Жаңа жыл» әнін хороводпен салайық


жүргізуші Аязата шаршап келіпті, барлық жерді аралап, карантинге байланысты балабақшаларға, мектептерге кіре алмай жүр. Дегенмен ол сендердің сыйлықтарыңды бүгін үйге апарып қояды, үйге барған соң сыйлықтарыңды аласыңдар.

Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.

 Сиыр жылы:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
(Ортадан ескі жыл шығады)

Тышқан :  Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)

Жүргізуші: балалар, аязата мен Ақшақарға арнап тақпақтар айтайық, мен оларға бейнефильм түсіріп жіберемін.

(камераға түсіріледі)

Тақпақтар

Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!

Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен

Қайда қызық болса думан.
Аяз — Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.

Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аязатаны.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.

Жылдың әнін бастайын,
Аяз — Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Жүргізуші: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Жүргізуші: Балалар!Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал, сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр….

Балалар: Жаңа жыл!

Жүрг: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ….

Балалар: Аязата!

Жүрг: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ……

Балалар: Әдемі!

Жүрг: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын- күлкі таралсын

Құтты болсын …..

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүрг: бәрекелді, тәтті сыйлықтарымыздыЖаңа жылға да беріп қояйық.

Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар!Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Келе жатқан Жаңа- жылдарыңыз құтты болсын!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жайы? бект?ров сценарий
  • Жайдарман сценарий салемдесу
  • Жайдарман сценарий мектепте ?ткізу ?шін
  • Жайдарман сайысы сценарий
  • Жайдарман ойындары сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии