«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы»
«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімдеміз басар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.
1-жүргізуші:
Бар мұрадан – қасиетті мұрам ең
Данасың ғой, болар әр кез дана кең
Менің мөлдір, сұлу Ана тілімнің
Шырақшысы – сен аман бол, Қара өлең! – деп кезекті қара өлеңге берсек
1 «Ә» сынып оқушысы Молдан Кәусар Мұқағали Мақатаев «»
2-жүргізуші:
Сөз — шырақ, Көз алдыңды жарқыратқан
Cөз — бұлақ, таудан суын сарқыратқан
Cөз — теңіз, төлегейін тулататын,
Сөз — тұлпар, сәйгүлік ой арқыратқан- деп кезекті көркем сөзге берсек
1-жүргізуші:
Қара өлеңнің мекені – Қарауылға келемін,
Қара өлеңнің қамы еді, қарап жүрмей жегенім.
Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,
Қара өлеңге құмартқан қара бала мен едім.
9 «А» сынып оқушысы Қасқарбек Аружан «»
2-жүргізуші:
Тұнығыңды лайламайын қара өлең,
Тұмарың боп жалғанайын қара өлең
Сен қуат бер, көтер мені биікке,
Ақын дейтін менде де бар бір өнер
Абай ата, Мағжан жыры жалғасқан
Ұйқасым бар түйнек түйек алдаспан.
Шамаң келсе өлеңіме ұйқас бер,
Шабыттанам жігер рухым талмастан
7 «Ә» сынып оқушысы Қонысбаева Нұрбақыт «»
1-жүргізуші:
Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
10 «Ә» сынып оқушысы Есбосынқызы Алуа «»
2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
2-сынып оқушылары вальс
1-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте 4-сынып оқушылары
«Үнді биі», қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Өнер –ердің қанаты, шабыт құсы,
Би көтереді жоғары алып күші
Өнер болса бойыңда сөнбейтұғын
Сарайыңның болады жарық іші,
деп кезекті мың бұралған бишілерге беріміз.
3-сынып оқушылары «Көктем» биімен
1-жүргізуші:
«Алау болып жанамыз,
Жеңісті біз аламыз»,-
Деп келіпті бишілер
Қуана қарсы аламыз!
6-сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Қазақтың күйлері көп «Көңілашар»,
«Сарыжайлау» «Сарыарқаға» кеп ұласар.
Күй қылып күллі әлемді құшаққа алған,
Қазақтың болмаған ғой тегі нашар! – деп кезекті күйге берсек!
«Сарыжайлау» күйі – орындайтын:
9 «Ә» сынып оқушысы- Бекқожа Ілияс
10 «Ә» сынып оқушысы- Есмуратов Али
1-жүргізуші:
Өнерімнің жалғасы – өлеңдерім,
Өлең барда биіктен көрінемін.
Әрбір жаққа шарлатып, ой – санамды,
Қазақтың ақынындай күйге енемін!
Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы 3 сынып оқушылары
«Тәуелсіз қазақтың қызымын» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар, — деп Абай атамыз жырлағандай әнге кезек берсек
2 «Ә» сынып оқушысы — Тұрғынбай Нұргүл «Туған жер» әнімен
1-жүргізуші:
Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығыңның бәрі өлеңмен
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең
Қарсы алыңыздар ортада 11 «А» сынып оқушысы Орнальдина Аруана «» әнімен
2-жүргізуші:
Қаншама адам танылған өнерменен,
Өнердің арқасында, шалқып жүрген.
Денеңді шымырлатып, толқытатын,
Мәңгілік басымды ием, өнерге мен- деп кезекті әнге берсек. сынып оқушысы — «»
1-жүргізуші:
Түйіндей келе, біз, Жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!
Усенбекова Ғалия Ердаулетқызы
Алматы қаласы, Медеу ауданы
№53 мектеп-гимназия
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
оқушылар үйінің
«Гүлдер» үйірмесінің жетекшісі
Зұлпыхарова Майра Нұралханқызы
Аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті күнін және 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күнін
мерекелеуге арналған іш-шаралар жоспары аясында өтетін
«Болашақ-жастар бастауымен» тақырыбындағы кездесу кешінің
Сценарийі
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар,ұстаздар ,оқушылар!
Бүгінгі біздің аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнін және 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күні мерекелеуге арналған іш-шаралар жоспары аясында өтетін «Болашақ-жастар бастауымен» тақырыбындағы кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Осы шараны өткізудегі мақсатымыз:Аудандағы білікті жастардың өмір жолы мен шығармашылығын насихаттай отырып, оқушылардың бойындағы ұлттық рухты , патриоттық сезімдерін ұялату ,өз Отанын ,елін сүюге баулу.Өз ұлтын жанындай сүйетін саналы,білімді ,іскер азамат қалыптастыру.Кездесу кешті өткізу барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін,зерттеу және өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Олай болса бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарымен сіздерді таныстырып өтейін:
«Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Қармақшы аудандық бөлімі басшысы Ибраев Мұхтар Айшықұлы
«Қорқыт-елі Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Ильясов Бауыржан Сермаханұлы
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан»жастар қанаты Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айдынбек Іскендіров
Иркөл ауылдық округ әкімінің жастар саясаты және кәсіпкерлік саласының маманы Мырзахметов Ардақ
«Қармақшы жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Маханова Гүлжазира
Халық банкі Байқоңыр өңірлік филиалы бөлімшесінің басшысы Үсенов Нұрбол
Аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы
«Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Тұрар Бекмұрзаев
Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені олар – «ертеңімізді жасайтын бүгініміз». Жастарға деген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – осы жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та біздерге, жастарға, ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез келген мемлекеттік маңызы бар стратегиялар мен мақалаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі.
Білім және ғылым министрлігінің жанында Елбасының тікелей тапсырмасымен Жастар саясаты жөніндегі Комитеттің, жергілікті жерлерде басқармалардың құрылуы, Жастар саясаты туралы мемлекеттік заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілетіндігі, 2020 жылға дейінгі арнайы Тұжырымдаманың қабылданатындығы – көп көңіліне медеу. Бұл жүрегі елім деп соққан әрбір жас қазақстандыққа қанат бітіретіндігі сөзсіз. Бұны Елбасының жастарға деген қамқорлығы деп білеміз.
Мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел ағалары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасап ,жетістіктерге жетуге ықпал жасаса ,соның өзі ізінен ерген жас буынға үлгі-өнеге көрсетіп ,кеудесіндегі еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігін оятары анық. Жалынды жастар-Қазақстанның жарқын болашағы. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысы ғана болашаққа жол ашады. Өсіп келе жатқан жас өркеннің бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамытуға тәрбиелей білсек- ол біздің үлкен жетістігіміз!
«Жалынды жастар-Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында біздің жастарымызға үлгі болатындай өмірлік тәжірибелеріңізбен бөлісе отырып , сыр бүкпей сұхбаттасуға шақырамыз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі жастарға сенім артады. Бұл тектен-тек емес. Өйткені қазіргі жастар — ертеңгі болашақтың іргетасы, кемел келешектің иелері. Сондықтан жастар жан-жақты, сауатты, ерік-жігері мол,өнерлі де өнегелі азамат болып өсуге тиіс.Қазіргі таңда өнерлі жастарымыздың жетістіктері- еліміздің мақтанышы. «Жастар-ел мақтанышы» қонақ кәде сұрау. Оқушыларымыз қонақ кәде ретінде , сіздерден өз –өнерлеріңізді көрсетуді сұрап отыр.
Қонақтарға арналған қызықты ойындар.
Қонақтарымыздың үйірменің үздіктеріне дайындаған естелік сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.
Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан да,
Кетпесін туған елдің берекесі-деп , сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен баршаңызды құтықтаймыз!
Бүгінгі кешімізді қорытындылай келе, қорытынды сөз Аудандық оқушылар үйінің басшысы Наурызбаева Нұршат Бекежанқызына беріледі. Сіздерді естелік суретке түсуге ортаға шақырамын.
Бүгінгі кешімізді осымен аяқтаймыз, уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!…
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жастар – біздің болашағымыз
Сабақтың мақсаты:
1. Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту.
2. Түрлі жазбаша және жеке тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың білімдерін пысықтау.
3. Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілер: тапсырма парақшасы, сөздер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру: сөз таптары грамматикалық тақырып бойынша жазбаша жұмыс арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.
Өткенді қайталау: өткен тақырыптар бойынша сұрақ — жауап
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру: Жастар — біздің болашағымыз
Insert стратегиясы арқылы мәтінді оқу мағынасы түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеу
Жаңа сөздермен таныстыру.
— оқу, аудару;
— хормен және жеке қайталау;
— сөз тіркестерді және шағын сөйлемдерді құрастыру;
— сөздікке көшіріп жазу.
Мәтінмен танысу
а/ Оқу;
ә/ Аудару;
б/ Мәтіннің мазмұнын айту / Бұл мәтінде не туралы айтылады? Әңгіме не жайында болды?
ЖАСТАР — БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
Біздің ертеңгі күніміздің болашағы — жастар екенін білеміз. Олар біздің ертеңімізді жалғастыратын, жасампаздық эстафетасын қабылдап алып, алға қарай қарыштап, жылжып, жоспар — істерімізді одан ары дамытып, елге танытатын ұрпақ. Сол себепті, жастарды ертерек еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге және « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек қана ер атандыратынын ұқтырып, тәрбиелеу — маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі жастардың көпшілігі тер төгіп, еңбектенбей, жалқаулыққа бой алдырып, жеңіл жолмен табыс тапқылары келеді. Сондықтан, бұл мәселенің дұрыс жолға қойылып, дұрыс шешімін табуына жұрттың бәрі: еңбек ұжымдары, қоғамдық — мәдени ұйымдар, отбасы мүшелері, мектеп ұстаздары мен сынып жетекшілері, тіпті достары — түгел атсалысуға мүдделі. Мектеп қабырғасынан кейін дұрыс мамандық таңдап, арнайы оқуға түсіп, тамамдағаннан кейін адал және шын ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген міндеттерді және орындаған жұмысты жауапкершілікпен атқару, істеген жұмысының сапасын арттыру, жаңашылдыққа, алға ұмтылып, жаңа технологияларды орнымен пайдалана білу — жастарымыздың негізгі міндеті болып саналатынын, олардың санасына құя беру — біздің міндетіміз.
Сөздік:
Тапқыр – находчивый
Білімді – образованный
Жастар – молодежь
Шығармашыл — творческий
Болашақ — будущее
жаңашыл — новатор
Еңбекқор — трудолюбивый
Үштұғырлы — трехъязычный
Алдына мақсат қоя білуші — целеустремленный
— Мәтіннен кейінгі жұмыс: тапсырма парақшасы:
Жеке жұмыс.
— Мәтіннен тұйық етістікте тұрған сөздерді тауып, талдау.
— Мәтін ішіндегі етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.
Грамматикалық ережелерді қайталау – сөз таптарын еске түсіру (ауызша жұмыс)
Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасау.
Сөздер: уақыттарын, әрқайсымыз, өте қызықты, жасады.
Жастар – біздің болашағымыз. жүктеу
«В.Г.Белинский
атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ ІІ деңгейлік қазақ
тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Капанова
Айжан Нурбопановнаның
Сыныптан
тыс жұмысы
Жастар
– біздің болашағымыз!
Тақырыбы:
«Жастар – біздің болашағымыз!» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп,
қазақ тілі мен әдебиетінен білімді, жан — жақты болуға, өзіне деген сенімділік
қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру,
дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Таныстырылым
2. «Поэзия, менімен егіз бе едің?»
3. «Ән — көңілдің ажары»
4. «Жастар – біздің болашағымыз!» Презентация
қорғау.
5. «Кім тапқыр?» викториналық сұрақтар.
6.Қонақтарға
арналған сайыс.
ІІІ. Қорытынды
Барысы: 1.
Мұғалімнің сөзі
— Балалар, бүгін біздің 9 «г», 10 «б», 10 «в»
сынып оқушыларының арасында «Жастар – біздің болашағымыз!» атты зияткерлік
білім сайысы өткізіліп отыр. Әр топ 6 адамнан тұрады. Осы сайысқа 9-10 сынып оқушылары
ішінен үш топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек.
Талпынған әр
шыңдарға жас таланттар,
Білімнің ордасында ән қалықтар.
Күтіп тұр арман қуған өрендерді,
Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар.
Ендеше
сайысқа түсер үш топпен танысайық.
а) Топтармен танысу: ортаға бүгінгі зияткерлік
ойынымыздың сайыскерлері «Мұрагер», «Болашақ» және «Жастар»
топтарын шақырайық!
Қатысушы оқушылар: 10 «б»
1.Байрамова Диана
2.Мурадова Сабина
3.Мустафаева Сабрина
4.Шаймерденова Назым
5.Рябов Денис
6.Ким Маргарита
10 «в»
1.Айдосова Аружан
2.Барсукова Мария
3.Николаев Михаил
4.Джамалова Зимфира
5.Махарадзе Иса
6.Жаксыбай Айым
9 «г»
1.Алиева Лиана
2.Аскарова Сонгуль
3.Ахмедов Рамиз
4.Калашников Евгений
5.Косарев Михаил
6.Толкачева Снежана
ә) Әділ — қазы мүшелерін сайлау.
Қазылар
орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,
— дей отыра, әділ — қазы мүшелерімен таныстырып
өтейін. Олар:
1_________________________________________________________________
2_________________________________________________________________
3_________________________________________________________________
2. «Жастар – біздің болашағымыз!» атты зияткерлік
ойынының өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:
1.Әр топтың
таныстырылым мәнері. Сонымен қатар төс белгі мен топтың ұранына да мән
беріледі.
2. «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты сайыс.
Әр топтың қазақ әдебиетіне қатысты өлеңдерді жатқа айту өнерін көрсету.
3. «Ән –
көңілдің ажары» атты сайыс. Әр топтың қазақ әндерін нақышына келтіре шырқау.
4. «Жастар –
біздің болашағымыз!» атты презентация дайындап, мазмұнын ашып баяндау.
Өнер қуып
сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
– Ал,
балалар, қонақтар, енді сайысымызды бастайық, жеребе бойынша өз кезектерін
таңдасын. Әр топтан бір оқушы шығып жеребе таңдайды.
Ал, енді сөз кезегін топтарға берсек. Топтардың
танысуы:
І — топ: «Мұрагер» тобы. Ұраны: Көппен көрген
ұлы той!
ІІ – топ:
«Болашақ» тобы. Ұраны: Ата мұраң – асыл қазынаң!
ІІІ – топ
«Жастар» тобы. Ұраны: Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!
Зияткерлік
ойын нәтижесін анықтау үшін әділ — қазыларға сөз кезегін береміз.
Мұғалім: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сайыстан тыс
қалмаңыздар. Мұнда қызық табылар Білім нұры шашылар Ақыл, тілі дамыған Үлгі
алайық бұлардан.
Мұқағали Мақатаев айтпақшы:
«Поэзия,
менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан —
демекші,
келесі сайысқа көшейік. Қазақ халқының өлеңдерінен жатқа өлең оқу. Жеребе
бойынша 10 «б» сыныбы шығады.
1.Байрамова
Диана. А.Құнанбайұлы. «Заман ақыр жастары».
2.Мурадова
Сабина. М.Мақатаев . «Шеше».
3.Мустафаева
Сабрина. А.Құнанбайұлы. «Желсіз түнде жарық ай»
9 «г» сыныбы шығады.
1.Алиева Лиана. М.Мақатаев. «Отан».
2.Аскарова Сонгуль. М.Мақатаев. «Автограф».
3.Ахмедов Р. М.Мақатаев. «Әйелдер-ай».
4.Калашников Е. А.Құнанбайұлы. «Жаз».
5.Косарев М. М.Мақатаев. «Қара таудың басынан
көш келеді».
6.Толкачева С. М.Мақатаев. «Үнсіздік».
10 «в» сыныбы шығады.
1.______________________________________________________
2.______________________________________________________
3.______________________________________________________
4.______________________________________________________
5.______________________________________________________
6._______________________________________________________
Зияткерлік ойын нәтижесін анықтау үшін әділ — қазыларға
сөз кезегін береміз.
Мұғалім: «Музыка
— жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол
дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер
сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны
міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай
үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай
етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп
ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.Келесі сайыс – ән сайысы. Жеребе бойынша
бірінші «Мұрагер» тобы шығады. Орындайтын ән : «Туған жер».
Туған жер
Асқарлы қарлы шың
Аялаған ақ құсың
Туған жер армысың
Саған мың алғысым
Туған жер тілегім
Сенде өтті түлегім
Өзің деп үнемі
Соғады жүрегім
Қайырмасы:
Туған жерім, туған елім,
Ардақтағаным айбыным.
Арманысың арман
Думан елім
Асқар белім
Шалқар көлім
Құшағын жайса айбыным
Мәңгілікке пана
Өзің ғана
Келесі «Жастар» тобы шығады. Орындайтын ән :
«Ана».
Үшінші кезекте «Болашақ» тобы шығады. Орындайтын
ән: «Көзімнің қарасы»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік — деп сіздерге
сөз береміз.
«Жанкүйерлер
жарысы» көрермендермен сайыс. Ал енді келесі сайыс көрермендерге арналады..
Атына заты сай бұл ойын жылдамдықты талап етеді. Жауап нақты әрі тез болуы
керек. Дұрыс әрі тез жауап берген адам сый алады. Викториналық сұрақтарға жауап
алу.
1. Аяғы
біреу, қолы жоқ,
Шиыр — шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (Қалам — ручка)
2. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза — жаза арықтаған (Бор — мел)
3. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады.
(Қоңырау — звонок)
4. Қыста ғана болады,
Ұстасаң, қолың тоңады. (Қар — снег)
5. Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны (Теледидар — телевизор)
6. Өзі кірді ашады,
Суға салсам қашады. (Сабын — мыло)
7. Басты байлық не? (Денсаулық)
8. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
9. Көру мүшесі? (көз)
10. Абайдың әжесі кім? (Зере)
Мұғалім: ХХІ
ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік
егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл — қыздарына
саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің
жемісін көруде дей келе, «Жастар – біздің болашағымыз» атты сайысқа кезек
берейік. Жеребе бойынша шығу.
Әр топ өз Презентациясын қорғайды.
Келесі «Сұрақ-жауап» сайысы. Әр топ
қойылған сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап берулері керек. Жеребе бойынша сұрақтар
қоржынын таңдап алады.
І топ сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан
жарияланды?(1991. 16.12)
2. Тұңғыш рет қазақ тарихында кім және қашан
ұшты?
(1991. 2 қазан. Тоқтар Әубәкіров)
3. Ел рәміздерін атаңыз? (ту, елтаңба, әнұран)
4. Жүз жасаған жыр алыбы. (Жамбыл)
5. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай? (Алтын
түстес)
6. Қазақ елінің астанасы? (Астана)
7. Әнұранның авторлары кімдер?(Әнін жазған:Ш.
Қалдаяқов
Сөзін жазған:Н. НазарбаевЖ. Нәжімеденов)
8. Сіздер қай облыста тұрасыздар? (Оңтүстік
Қазақстан облысы.)
9. Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан кім?
(Ыбырай Алтынсарин)
10. Тудың авторы? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков)
өнер қайраткері
ІІ топ
сұрақтары:
1.
Республикамыздың басты қаласы? (Астана)
2. Астана нешінші жылы Астана деп аталынды?
(1998 ж)
3. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)
4. Білім күні қай күн? (1 қыркүйек)
5. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын?
(Абай)
6. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
кім? (Н. Ә. Назарбаев)
7. Апрель айының қазақша атауы? (Сәуір)
8. Республика күні қашан? (25 қазан)
9. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
10.
Қазақтың ұлттық аспабы? (Домбыра)
ІІІ топ
сүрақтары:
1. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер?
(Әлия, Мәншүк)
2. Қазақтан аты шыққан атақты суретші кім? (Ә.
Қастеев)
3. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
4. Мектебіміз неше қабаттан тұрады? (3 қабаттан)
5. Адам қоныстанбаған материк? (Антарктика)
6. Астана қаласы қай өзенің жағалауында
орналасқан? (Есіл)
7. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата? (Бастауыш,
Баяндауыш)
8. «Менің Қазақстаным» әнін шығарған сазгерді
ата? (Шәмші Қалдайяқов)
9. 2014 жылы Олимпиада ойындары қай қалада
өтті? (Сочи)
10. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
Зияткерлік ойын нәтижесін анықтау үшін әділ — қазыларға сөз
кезегін береміз. Әр топ өз бағасын алсын. Әділқазылар өз шешімдерін айтып,
оқушыларды марапаттайды.
Мұғалім: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан
астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір
сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю,
мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну
қажет. Осындай мақсатпен біз бүгін болашақ ел тірегі болатын оқушыларымыздың
арасында сайыс өткіздік. Болашақта жастарымыз білімді де мәдениетті, өнерлі де
жігерлі, өз елін сүйетін, қорғайтын абзал жандар болса екен дейміз. Біз
қоштаспаймыз, алі де талай сайыстарда кездесеміз деп ойлаймын! Әр оқушыны
марапаттау.
Рефлексия жасау. Әр топ өз ойларын жазып, тақтаға іледі.
«Жалындаған жастар – еліміздің ертеңі»…
Қайырлы күн, ел еңсесін еңсеген елім деп жүрегі соққан құрметті ел ағалары! Сөзімді бастамастан бұрын өзімді таныстырып өтсем, бүгінгі жас маман – ертеңгі бас маман тәрбиелеуде үлкен рөл қосып отырған, Шығыс Қазақстан Облысындағы жалғыз мемлекеттік тілде оқытылатын Аягөз қаласының политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Тұмабаева Дария Серікқызы боламын.
Бүгінгі қоғамды алға жетелейтін жастарды «Еңбек жастары» деп аталуының өзіндік мәні бар деп есептеймін. Себебі, елдің елдігін де, жердің кеңдігін де танытып, әлемге паш ететін бүгінгі жастар қауымы екені сөзсіз. Бүгінгі, ертеңгі, болашақтағы Қазақстанды көркейтетін бұл әрине – жастар.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты, шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпараттық технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Бүгінде қазақ еліміз сындарлы 20 жылдықтан өтіп, ерелі 30 жылдыққа нық қадам басты. Елбасымыз айтқандай «Жалындаған жастар – еліміздің ертеңі». Өзгелер салған сүрлеуге түсіп, бөтен іздің шаңын жұту Қазақстан жастарының таңдауы емес. Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атануымыз керек. Біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Әрбіреуіміз еліміз үшін талмай еңбек етуге тиістіміз. Себебі, өзге ұлттан келіп, біздің мемлекетімізді ешкім дамытып бермейді. Барлығы өз қолымызда. Біздің ұлтжандылығымызға, елімізге деген құрметімізге, осындай кең байтақ жерді бізге мұра етіп қалдырған ата-бабаларамызға тағзым етуімізге байланысты еліміз өркендеп, көркеймек. Жоғарыда Елбасымыз атап өткендей, ел ертеңіне жастар ие. Қазіргі жастар — көздерінде білімге деген құштарлық, жүректері Отаным деген патриоттық сезімге толы, көкірегі ояу, зерек жаңа заман азаматтары. Біздің елде даму үшін барлық жағдай жасалынған, мүмкіндігімізде баршылық, тек соны толық игеруге тиіспіз. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді орындау бағытында «Нұр Отан» партиясы, жастар саясатын іске асыру орталықтары бірізді жұмыс жүргізу жоспарын жасау мақсатымен Саяси кеңестердің, барлық деңгейдегі мәслихаттар фракцияларының, сондай-ақ идеологиялық активтердің кеңейтілген отырыстарын өткізуде. Оған бірден-бір дәлел 2012 жылдың 16 қарашасында елордамыз Астанада өткен Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының «Арман. Еңбек. Сенім» ұстанымын ұран еткен II съезі.
«Өмірді өзгертетін де, өңірді өзгертетін де, көңілді өзгертетін де – еңбек» сөзін ұран еткен халықтық партия Мемлекет Басшысының көрегендігі мен саясаттағы салиқалы пайымдауларының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын тілге тиек етті. Бұл мақалада басты назар аударатын негізгі бес мәселені атағаны белгілі. «Еліміздегі әлеуметтік саланың өзекжарды мәселелері, білім жүйесіндегі жетіспеушіліктер, азаматтардың еңбек құқықтары мен еңбек даулары, халықты жұмыспен қамту, азаматтардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмірді қалыптастыру, мәдениет саласы, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді мәселелердің барлығы да осы бағдарламада нақты айтылып, жан-жақты қамтылған. Өзінің даму қарқынымен бүкіл әлемнің назарында тұрған Қазақ елінің болашақ дамуы да осы бағдарламамен сай келуі тиіс.
Өз кезегінде «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы – Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық құжатының терең екендігін белгіленген ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған ауданымызда да елеулі жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Әрине, ол бастамалардың барлығы ауданымыздың басшыларының, Нұр Отан ХДП өкілдерімен, жастардың тиянақты жұмыс істеуінің нәтижесі деп білуге болады.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастардың жаңару үрдістерімен үйлесімді өмір сүре білуі үшін –терең және жан-жақты білім алуы маңызды факторға айналып отыр. Осы орайда біраз жылдар назардан тыс қалып, бүгіндері қайта қолға алына бастаған кәсіптік және техникалық білім беру ісінің маңызы артуда, өйткені ішкі еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап ете бастады.
Шыңға біткен шынардай шырайлы қазақ ұланы! Біз ҚАЗАҚ атты ұлы халықтың ұрпағы болғандығың үшін бүгіннен бастап ұлы істерге ұмтылуға тиіспіз! Ұлы іске ұмтыл дегеніміз, қолыңнан келместің етегіне жармас деген сөз емес. Қаперіңде ұстасаң кәдеңе жарайтын қарапайым ғана кеңестер. Келешекте «алдыңғы ағаларымыз көре-біле тұра осы жайтты бізге дер кезінде айтпады ғой» демеуің үшін сіздердің міндетті түрде білуге тиісті жайттар жайлы ақтарыла айтуды жөн көрдік.
Қорытынды сөзімді Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір сөздермен аяқтағым келіп тұр:
Әлемнің әміршісі — еңбек.
Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.
Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады,
бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.
Еліміз үшін еңбек етейік, ардақты ел болашағының туын көкке желбірететін жастар қауымы!
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламасы.
- “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2005
Тәрбие сағатының тақырыбы:
БІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!
Сабақтың мақсаты: оқушылардың алға қойған мақсаттарын біле отырып,
Оларға бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беру; болашақтың жарқын және ашық бол-
атынына сенімділік арттыру: білімге деген құштарлықтарын ояту.
Отанды сүюге, елжандылыққа, болашақта Қазақстанымызды өркендетуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаев суреті, қанатты сөздер, көрме.
I. Ұйымдастыру кезеңі: (ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындау).
II. Кіріспе.
— Құрметті ұстаздар мен қонақтар! Қазақстанның болашағы білімді жастарда. Елді өрге бастайтын да солар! «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Ал балық жігер, қайрат еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Бүгінгі біздің «Біз- Қазақстанның болашағымыз!» атты
тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
-Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екесің!
Елім, жерім, Отаным-бақ дәулетім
Болашағым, өнер білім өркенім!
Елбасымыз – «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақ елінің нығайып көркеюі жолында жан-тәніңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!» деген.
Ұлттың ертеңі – бүгінгі ұрпақтың мойнында. Ел бірлігі! Елге тұтқа болар елдің де көкейіндегі басты мақсаты осы болса керек. Жастардың да көксегені – бірлік, тыныштық, елдің тұтастығы!
— Халқын, киіз туырлықты қазақтың ғасырлар бойы көксеген арманына қайтсем жеткізем деп жүргендер қаншама! Елдің жастарды тірек санауының сыры неде? Себебі, болашағымыз бұлыңғыр, беймәлім шақта тыңнан түрен салып, елді тығырықтан алып шыққан – осы тегеурінді жастар! Болашаққа үңілмес бұрын өткенді еске түсірсек.
1-оқушы: -XV ғасырда тәуелсіз қазақ хандығын құрдық, алайда
тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-
жақты көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасады. Дүрліккен ел шұбыра қашып «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті
Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты,
2-оқушы: XVIII-XIX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. XX ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, қаншама адам өз жерінде
қырғын көрді.
3-оқушы: — 1917 жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932-1933 жылдарда болған адам айтса
нанғысыз ашаршылықта 9 миллиондай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы аштық, тағы жоқшылық.
4-оқушы: — 1941-1945 жылдар аралығында соғыс жылдарында 1 миллион 196 мың 164 қазақ ұландары ерлік көрсетті. 1986 жылғы желтоқсан! Ол жан түршігерлік уақиға қазақ халқының мәңгі есінде қалды. Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
5-оқушы: — 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. Еліміз өз билігін өз қолына алды. 1992 жылы Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. 1993 жылы Тұңғыш Конституция қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда жаңа Ата Заңы қабылданды. 1997 жылы Елорда Астанаға көшірілді. 1998 жылы 6-шілдеде Астананың туған күні салтанатты түрде
атап өтілді. Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі Арқа төсіндегі ару қала, елордамыз – Астана!
— Менің елім – Қазақстан, Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбатсың туған ел,
Арта берсін абыройың, атағың!
-
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте, достым қазақтың жерін!
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан Республикам менің!
-Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер, жаса Қазақстан!
Баянды болсын бақытың халқым,
Жасай бер, жаса Қазақстан!
Хор: Отаным – Қазақстан.
-Отаным кең далам арманды,
Болаттан соғылған қорғаны,
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды!
— Менің елім – Қазақстан жүрегім
Тек өзінсің Отан – Ана, тірегім.
Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,
Тәңірден осы менің тілерім!
— Егеменді еліміздің алдағы мақсаты- жер әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде алдыңғы қатарлы мемлекет болу.
-Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жерінде гүл, көгінде бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің!
— Қазақстан күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай
Болашағы зор елде туғанымызға бақыттымыз. Жаса, жаса Қазақстан!
-
Жаса, жаса Қазақстан,
Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған!
Өлең: Атамекен
Қорытынды.
Мұғалім сөзі: — Ел болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауға, елдің ертеңі ертегіге айналу үшін ерінбей еңбек етуге, Қазақстанның болашағы үшін оны әрдайым қорғауға, сүюге және ұлттық патриотизмді біз сақтауға дайынбыз!
-
оқу жылындағы 4 «А» сынып
оқушыларының ОБЖС-ға дайыедығына сараптама.
Тестке дайындық 3 пәннен жүргізілуде.
Олар: Қазақ тілі, математика, дүниетану.
Мақсаты:
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту. Алған білімдерін іс жүзінде
қолдана білу.
Міндеті
Қазақ тілі, математика, дүниетану жүргізу.
Тест барысында білетін сұрақтарды бірінші белгілеп, қиын тапсырмалардымен жұмыс жүргізу.
Тестке дайындық жүйелі түрде жүргізіліп, оқушылардың қиналатын тапсырмаларымен жұмыс жүргізу.
Болжамданған нәтиже
Тест жазу кезінде жоғары көрсеткішке жету. Алғаш білімдерін жұмыс барысында қолдану
I жарты жылдықта байқау сынағы
3 рет алынды
29.10.2013 ж 1 байқау сынағы
Жазғаны 2 4 оқушы.
Қазақ т ілі орта ұпай 1 ұпай
Математикадан орта ұпай 12
Дүниетанудан орта ұпай 9,7
Жалпы орта ұпай 34
Қаз т мат дүн.т
15-20 ұпай 9 3 2
10-14 ұпай 11 16 8
6-9 ұпай 3 3 13
1-2 ұпай 1 2 1
Математика төмен ұпай Ерлан А. Абуб: Ш
Қазақ т. Төмен ұпай Рәтай с (5 ұ)
Дүниетану төмен ұпай Абуб.Ш (5 ұ)
20.11.2013 ж. 2 байқау сынағы
Жазғаны 23 оқушы, жазбағаны 1 оқушы
Қазақ тілі орта ұпай 14
Математикадан орта ұпай 13
Дүниетанудан орта ұпай 9
Жалпы орта ұпай 36
Қаз т мат дүн.т
15-20 ұпай 10 7 —
10-14 ұпай 10 13 10
6-9 ұпай 3 3 12
1-5 ұпай — — —
Қазақ тілі төмен ұпай: Мұс (77)
Математика төмен ұпай: Ерлан (6 ұ)
Дүниетанудан төмен ұпай Абуб (5 ұ)
30.12.2013 ж. 3 байқау сынағы
Жазғаны 23 оқушы, жазбағаны 1 оқушы
Қазақ тілі орта үпай – 11,1
Математика орта ұпай — 13,3
Дүниетану орта ұпай – 9,43
Жалпы орта ұпай – 33,8
Қаз.т мат дүн.т
15-20 ұпай 3 11 –
10-14 ұпай 12 8 13
6-9 ұпай 8 3 7
1-5 ұпай — 1 3
Математикадан төмен ұпай Абу.Ш (3 ұ)
Қазақ тілінен Рәтай (6 ұ)
Дүниетанудан төмен Қасым (4 ұ), Қайм (6 ұ), Мус (4 ұ), Абуб (5 ұ)
Поиск по сайту
Ашық сабақ «Қазақстанның болашағы — жастар қолында» сабақ жоспары
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Научные работы |
Автор: | Қорғанбаева Гүлнұр Жанғазықызы |
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 244.05 Kb |
Количество скачиваний: | 78 |
Скачать
Просмотров: 145
Похожие материалы
- Статья по курсовому исследованию
- «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.»
- Реферат на тему» Мемориал»
- Родительское собрание 1 класс
- Исследовательская работа «Как сделать снег дома?»
- Исследовательская работа :Метеориты Якутии
- Исследовательская работа на тему «Деревня, которой нет на карте Тюменской области»
- Коучинг в образовании как реализация требований ФГОС ОО
- Учебно-методическое пособие «Қазақ тілі»
- Исследовательская работа «Малоизвестные факты истории г. Миллерово в годы Великой Отечественной войны»