Жана жылдык ертенгилик сценарий

Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Қуант бізді, Жаңа жыл!» ертеңгілік сценариі


  • Балабақшадағы ертеңгіліктер
  • babazhanova
  • 15.06.2020
  • 0
  • 1
  • 11073

Алматы қаласы
ТОО «BabyБалдаурен» балабақшасы
Тәрбиеші Бабажанова Алтын Жалеловна

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым — қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген
Жүргізуші – Сиқыршы: Құрметті біздің қонақтар, ұжымдастар!
Барлығыңыз да бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер!

Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Қарлығаш» тобында!
(балалар келіп шыршаның жанына тұрады)

Сиқыршы: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан, бәрімізге!

— Балалар, қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсізғой, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамдарын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Сиқыршы: Міне, керемет, қараңдаршы, қандай әдемі шырша! Шырша тойына өз өнерлерін ала келдіңдер ме? Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.

(Балалар тақпақтарын айтады).

Жаңа жылды қарсы алдым,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,                
Араластым биге де.

Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды,
Қонақтардың бәрінде.

Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам он болсын.
Төрле, төрле Жаңа жыл  
Бізге құтты жыл болсын.

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата –әже, әке-әже,
Құтты болсын жаңа жыл!

Сиқыршы: Балалар, шыршамен ойнайықшы, ол өз шамдарын жақсын, біз үрлегенде сөндірсін, шамдарды жағу үшін біз шапалақтаймыз. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты-қатты үрлейміз.

«Шыршамен» ойын.

(Балалар үрлейді, шамдар сөнеді. Ойын екі-үш рет ойналады. Балалар шапалақтайды, ал шырша жанады.)

Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз, бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.    Ал біз шыршамызға арнап ән айтайық, би билейік.

Ән «Жасыл шырша жанында»

Сиқыршы: Қыс қызығы тамаша,

Ойнаймыз біз таласа.

Думанымыз жалғассын

Жаңа жылға тамаша – дей отырып, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Балалар тақпақ айтады.

Тамаша, тамаша
Шыршымыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз  
Көптен күтіп, сағынған.

Шыршаны айналып,
Би билейміз ән салып.
Жаңа жыл өзіңді                  
Жырменен қарсы алып.

— Жарайсындар, балалар. Ал қазір бізге шыршамыздың құрбылары келіпті. Олар бізге бір құпия айтқылары келіп тұр екен. Қандай құпия екенін көріп, билерін тамашалайық.

Би «Шыршалар».

Сиқыршы: Жарайсындар, қыздар. Шыршамыз көңілденген сияқты. Ал, енді айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?  (Балалардың жауабы).
Сиқыршы: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 – рет

Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. (Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата:

Амансын ба ұлдарым,

Амансын ба, қыздарым?

Қандай әсем жүздерің,

Қандай мөлдір көздерің.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

— Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Ақшақар— Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүрг.: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, сәлеметсіз бе, Ақшақар. Біз балалармен ән айтып, би билеп, ойын ойнадық. Ал енді, балалар сіздерге де ән орындап береді.

Ән «Шырша жыры»

Ән аяқталған кезде Аяз ата шеңбердің ішінде қалып қояды.

Балалар: Қалып қойдың шеңберде,

Жібермейміз ешқайда.

Шығармаймыз біз сізді,

Ойнағымыз келеді.

Аяз Ата: Мен тышқан болып өтемін,  (балалар отырады)

Ұшақ болып ұшамын.   (балалар тұрып, қолдарын көтереді)

Су болып ағамын,   (балалар отырады)

Құс болып ұшамын.  (балалар қайта тұрып, қолдарын көтереді)

Балалар, босатыңдаршы мені! Не қаласаңдар, соны орындаймын.

Балалар: Сыйлық!

Аяз ата: Сендерге арналған сыйлықтарым бар еді, жеткізе алмай қалдым. Қане менің кішкентай көмекшілерімді шақырайыншы. Ергежейлер, көмектесіндерші.

«Ергежейлер» биі.

Сиқыршы: Аяз ата, сіз шаршаған шығарсыз. Балалар сізге тақпақтарын дайындап келді, отырып тамашалап, демалып алыңыз.

Аяз ата: Жақсы, ендеше балалардың тақпақтарын тындайық.

Сиқыршы: Ал, балалар, тұрмайық. Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтайық. Ал, Аяз ата демалып алсын.

Балалар тақпақтарын айтады.

Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай                    
Кесіп алсам шіркін-ай!

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,            
Аяз ата оралып.

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,            
Мерекені бастаған.

Тақпақтарды жаттадық,
Би де үйрендік, көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,                                             
Бізге риза болсын, деп.

Бар баланың қонағы,
Төрлет Ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,                      
Қашан мырза болады.

Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,                         
Аппақ екен шапаны.

О, алақай Аяз ата!
Келе жатыр алыста.
Қане, досым, әнге қосыл,        
Биге қосыл, қалыспа!

Аяз ата: Жарайсындар, балалар.

Ақшақар.: Жарайсындар, балалар. Жаңа біздің ескі жылымыз жүр еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай қамығып жүрген шығар, рахмет айтып ортаға алайық.

(Музыкамен Ескі жыл-Доңыз келеді).

Доңыз: Мен доңызбын, доңызбын,

Өзім сондай сұлумын.

Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақыт, денсаулық тілеймін.

Ақшақар: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде – жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Кел, Жаңа жыл! Жаңа жыл! – деп ортаға жаңа «Тышқан» жылын шақырамыз!

Жаңа жыл (Тышқандар): Сәлеметсіздер ме! Кешіккен жоқпыз ба? Біз сондай асықтық, жүгірдік. Кешігеміз деп қорықтық. Біздің ең жақсы қасиетіміз – жылдамдық.

Жүрг.: Жоқ кешікпедіндер. Қош келдіңдер! Олай болса, барлығымыз жаңа жылымызға арнап, әнімізді айтайық.

Ән «Жаңа жыл»

Аяз ата: Жарайсындар, балалар. Ал, Тышқан жылы, қош келдің! Сендер бізге қандай базарлық әкелдіңдер?

Тышқан: Біз сіздерге әдемі, көңілді, жаңа жылдық биімізді әкелдік.

«Карнавал» биі.

Аяз ата: Жарайсындар, балаларым. Барлықтарың өнерлі екенсіндер. Аталарыңды бір қуанттыңдар, ал маған кететін кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)

Ақшақар: Ата сен әзілдеп тұрсын ба?
Сыйлықтарды ұмыттың,
Әлде сен балаларды сүймейсің
Тәтті егер бермесең?

Аяз ата: Ой, ақбас ау ақбас   
Кәне мен сендерге көрсетемін сиқырды
Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.
(Ақшақар сыйлық толы үлкен шананы алып келеді).

— Міне, менің сыйлыққа толы үлкен шанам да жетті.

Сыйлықтарды таратады.

— Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Жүрг.: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын.

Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
Өнерлі ару қыздарың,
Жарқын, жарқын жүздерің,
Жайнап өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай жайқалып,
Биіктердер өздерің.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып,
Әр жыл сайын сендерге,
Келіп тұрамын сағынып.

— Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Жүрг.: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын.  

Дайындаған: тәрбиеші, Бабажанова Алтын Жалеловна.


Ембергенова Айгерім Жарболғанқызы

«Бегім Ана» балабақшасының
тәрбиешісі

Қызылорда қаласы

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл

        
(ересектер
тобындағы жаңа жылдық мереке)
Балалар «Жаңа жыл «әнімен залға екеу-екеуден кіреді.Шырша
жанына шеңбер бойымен тұрады. 
Жүргізуші Нұрай:
О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

Жүргізуші
Назерке:

Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып
Тәрбиеші:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

Хор:
«Жасыл шырша»

1-жүргізуші Нұрай:
-Бәрекелді, Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл
күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
(Жаңа жыл туралы ән айтылып балалар орындарына отырады.Музыка ырғағымен ойланып
залға Хан кіреді. Шыршаның алдындағы көрпешеге жайғасып алып)

 Хан(Нұрбол):
— Уәзір, Уәзір, Бүлдірген! Қайдасың?!
Жеті қат жер астына түсіп кетті ме?!
Уәзір Алижан: Мен мұндамын, тақсыр, келдім!
Хан: (балаларды енді көргендей соларға қарап)

Мынау
кімдер? Бұлар неге менің патша сарайымда отыр? Мен неге білмеймін? Тез айтыңдар
кімсіңдер?
Уәзір: Сендер кімсіңдер? Кім шақырды сендерді?
Назерке:
-Біз  «Балауса«тобының бүлдіршіндеріміз. Жаңа жылды патша
сарайында қарсы алуға келдік.
Хан: Қандай жаңа жыл! Мен неге білмеймін? Ол не? Не істейді онда? (1
бала шығады)
Сұлтан:Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз.
Билейміз де ойнаймыз,
Балғын ұл-қыздармыз
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздармыз

Мадина:

Жасыл
желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Хан: О,о,Кәне менде сендермен
Тұрайыншы шеңберге
Уәзір: Көңілді әнді бастайық
Биді билеп тастайық
Нұрай: Балалар әлдебір дыбыс естіледі сырттан, жүгіріп келе жатқан аяқ
дыбыстары естіле ме қалай өзі?
 (Ақшақар жүгіріп кіріп келеді.) Балалар мен алыстан жүгіріп келемін, қатты
шаршадым, мені ертегідегі қасқыр  қуып келе жатыр, сендер маған
көмектесіңдерші, мені тығып қоя аласыңдар ма?
Балалар: Ия,біз сізді тығып қоямыз.
Қасқыр  жүгіріп кіреді: -Қайда әлгі Қарша қыз, маған тез тауып беріңдер,
маған оның сұлулығы керек, тез тап, сендер оны тығып қойдыңдар ғой я?!
О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге білмеймін?!
 Әдемілеп тізілген,
Қауын-қарбыз ба ілінген?
Балалар: Жоқ, ойыншықтар
 Қасқыр:Әсем екен шыршамыз
Шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса) балалар жоқ!-дейді.

Тәрбиеші: -Қане, қасқыр біз сізбен келісіп ойын ойнайық,, біз саған
жұмбақ жасырамыз, сен жауабын табасың, егер тапсаң бізбен бірге жаңа жылды
қарсы аласың. Ал, егер де жауабын таба алмасаң бұл жерден өз орманыңа 
қайтасың.
Қасқыр:-Жарайды, қане кез келген жұмбақтарыңды жасырыңдар, мен бәрін
шеше аламын, мен ақылдымын.
Нұрай:
Қабат – қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Пырағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін. (кітап)
Қасқыр:Қабат – қабат ол не екен?Сөйлейді ме? Ол радио!
Тәрбиеші: балалар ол не ? Дұрыс кітап.
Назерке:
Қысы –жазы суға тола. Ол не?(Қасқыр алдына шығып)
— Мен білемін. Ол горшок !
Бәрі күледі. Уәзір ішін басып күледі.

Тәрбиеші:Таппадың, ол құдық.Қасқыр біз жаңа келіскендей, сен жұмбақты
шеше алмадың, енді өз орманыңа қайту керек саған.
Қасқыр: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды тойлағым
келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге күшті ойын ойнатам.
Сендерге күшті би билеп берем, мен қалайыншы сендермен.

Тәрбиеші: Ал, қанеки достар келісеміз бе?
Балалар: Ия, келісеміз!

Қасқыр:Олай
болса, мен ер балалармен бірге би билейін.
Би: Орыс биі «Гномики»
Назерке: Жас достар! Мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп
қуанышқа бөлендіңдер ! Жаңаша қуаныш әкелетін Жаңа жыл да жақын.
Нұрай:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан
шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Назерке:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Тәрбиеші: Айтыспай – ақ ән орындап, әнмен шақырайық.

Ән «Аяз Ата«. Ән біткен кезде Аяз ата кіреді, шыршаны айналып алдына келіп тұрады.

 Аяз ата:
Сәлем саған өрендерім сүйікті!
(Басын иіп) Амансыңдар ма, балалар
Сәлеметсіздер ме? Қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Ал, балаларым, мен қанша күн жол жүріп келемін, қасымда ерген Қарша қызымды
жолда жоғалтып алдым. Біреудің қолына түсіп қалды ма деймін, енді қайда жүр
екен, сендер көрген жоқсыңдар ма балалар?
Ақшақар орнынан шығып келеді: -Мен мұндамын ата, мені балалар қасқырдан
құтқарып қалды, рахмет сендерге балалар!

Аяз
ата
:
Ой, қандай жақсы балалар, рахмет сендерге балапандарым!

Ақшақар:

Ата, кәне
тойымыз қызықты өту үшін шырша шамын жағып алайық.

Қуант бізді таңырқат,

Жасыл
шырша

Шамдарыңды
жарқырат.

Ән.
Нұраймының орындауында «Ёлочка елка»

Нұрай: Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз, мына орындыққа
отырыңыз!Балалардың дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар!

Тәрбиеші:Қане балалар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп
келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылды қарсы алуға дайындаған тақпақтарын тыңдайық.

Рауан:

Аяз
ата

ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы Жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Нұрбақыт:
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың.


Орысша
тақпақтар:

Әсем:

Дети
водят хоровод

Хлопают
в ладоши

Здравствуй,здравствуй

Новый
год!Ты такой хороший!

Ерасыл:
Дед мороз!

К
нам  на елку ой-ой-ой!

Дед
Мороз идет живой

Ну и
дедушка Мороз!

Что
за щеки!

Что
за нос!

Борода-то,борода!

А
на шапке то звезда!

На
носу-то крапины!

А
глаза -то папины!

Ағылшынша
тақпақтар:

Сұлтан:

What
is white?

I want
to Know

Milk
is white

And so
is snow

Саян:

What
is grey?

Can
you say?

Yes,I
can

The
mouse is grey

Назерке:Жас достар,
қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік болсын. Бұл жылы да
елімізде тыныштық болып ырыс –құтымыз азаймасын!

Ән. «Аққала«
Тәрбиеші: Айтпақшы, балалар бізге қасқыр уәде берген, сендерге тамаша
ойын ойнатам деген еді, қане сол ойынды ойнайықшы.Алдымен өзіміздің сүйікті
әніміз ойын туралы болатын соны шырқайықшы.

ӘнБіз билейміз,ойнаймыз«.
Тәрбиеші:

Балалар,
ол ойынның аты «Кім жылдам?».Ойынның шарты бойынша  жіпке
тізілген алманы кім тез жейді екен,соған қарап кім жылдам екенін білетін
боламыз. (Топ балаларын екіге бөліп ойнатуға болады.)
Тәрбиеші: Балалар, ішімізде ойынды дұрыс ойнамағандар бар, мен оларды
көріп тұрдым, қане өздері шығып айбын өтесін.
Саян:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл
Рамазан:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Сұлтан:
Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана
Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кәне. Достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті

Рауан:

Что
такое Новый год?

Это
дружный хоровод

Эти
смех ребят веселых

Возле
всех  нарядных ёлок

Асем:

Please,tell
me

What
is green

Grass
is green

So
long and clean

Нұрайым:
Жүзімізде күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейміз бәріміз

Назерке: Жаңа  «Жылқы жылы» бізге не
жақсылық әкеледі? Ендеше, ортаға
«Жылқы жылын» шақырайық.

Балалар
дауыстап жаңа жылды шақырады.
Жылқы Рауан : – Сәлеметсіздер ме! Биыл менің де жылым келіп жетті
сіздерге. Мен сіздерге  бар жақсылықты әкелдім! Сіздерге қысқаша айтып өтейін.
Биыл, жылқы жылы, бұл жылы еліміз тыныш болады, ақ мол болады, ауа райы бір
қалыпты жылы қалпында болады.

Тәрбиеші:

 —Рахмет
жылқы!Қош келдің ортамызға.
Жаңа Жыл:

Туғызам
айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
Нұрай:
— Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен
Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім
Назерке:

Мен
саған әнім менен гүл өрейін
Осы сәт кімге бақыт тілеймін.
Халқымның амандығы саулығы үшін
Көңілді бір көтеріп жіберейін.
Ән: «Жаңа жыл кешінде»

Тәрбиеші:
Жаңа 
жыл біздің балалар  біраз уақыттан бері  сізге арнап   би дайындаған қабыл
алыңыз.

Би.
«Вальс»

Рақымжан:Аяз ата
аман ба?
Аман болғай қашанда
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз
Хафиз:: Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді.
Алижан:Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда бір
Жарқын – жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр

Мадина:

Тілеймін
мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл

Нұрайым:Ағылшынша тақпақ.

Тәрбиеші
:

Балалар
тағы бір ойын ойнап көңіліміздікөтеріп алайықшы қалай қарайсыңдар?

Ойынның
аты»Балық аулау».

Шарты:
Мына
жіптегі балықты кім тез аулайды екен.Жіпті балыққа дейін орау керек.

Хан:

Менің мына
жердегі қазыналарымды кім алып кеткен.Кәне тез табыңдар.

Осы
кезде ортаға Алдар Көсе кіреді.

Алдар:
Амансыңдар ма, балақайлар мені таныдыңдар ма?

Балалар:-Иә,
ертегідегі Алдар Көсесің .

Хан
:-Алдар 
қош келдің менің сарайыма.Мұнда неғып жүрсің?

Алдар:
Сенің
тығып қойған байлықтарыңды мына балалардың мерекесіне сыйлау үшін келдім .Сен
өз еркіңмен ештеңеде бермейсің.
Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді
тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр, оларды да қуантайық. Мереке тамаша
өтті, рахмет сендерге балалар. Енді сыйлығымызды алайық.
Тәрбиеші:Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі
де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік
Қасқыр: ООО, Мен де кеттім балалар, басқа жақтың Жаңа жылын тамашалап
қайтамын.
Балалар: Сау болыңыз!!!

2-жүргізуші Қымбатты достар, қонақтар!
Міне, Жаңа 2014жыл да келді. Ал 2013 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне
айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз
алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың
міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық
бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.

1-жүргізуші:
Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке,
қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы
жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл
болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

«Құтты болсын Жаңа жыл» атты сценарийі

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де, сәнді безендірілгеніне балалардың, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қарақшы, Сиқыршы, балалар, ата-аналар.

Музыка ойнап тұрады.

Айзере

Сәлем беріп сіздерге,

Бар өнерді саламыз.

Өнерлі бала бар деп,

Әлемге жар саламыз.

Келіңіздер, келіңіздер,

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол Жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер.

Ән: «Жаңа жыл» Келді бізге Жаңа жыл!

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, балалар! Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып, кетіпсіңдер,. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап, тұрып, жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтайық!.

Айдана

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз,

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға-жыр.

Мерей

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

Камила

Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы.

Ангелина

Бізбен бірге ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды.

Б. Анель

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Жолдар мұз боп қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Адия

Базарлықты баршаға,

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсанып,

Безендірдік шыршаны.

Қ.Нұрай

Тақпақтарды жаттадық

Би де үйрендік көрсін деп.

Аяз ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.

Малика

Ақшақар қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып,

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Аружан

Көрікті, бөрікті,

Аяз ата келіпті

Беріп жатыр таратып,

Алма ,анар,өрікті

Жүргізуші: Биыл біздің Гүлім тобының қыздары қалалық байқаудан «Өзбек» биімен 1 – орынға ие болды.Біздің қыздарды қарсы алыңыздар!

Би: Өзбек биі

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы би! Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр. Сыйлықтар!Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік.

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә бұл менмін. Мені ораудан алып, шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы, ал мұнда сондай тамаша, екен.

Жүргізуші: Бізде бүгін жаңа жыл мерекесі болып жатыр, саған арнаған ұлдардың биі бар.

Би: Клоун биі.

Клоун: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алайыңшы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы.

Ойын: «Кім жеңеді?»

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар.

Жүргізуші. Қане онда біз аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Аязата, деп айтқанда есік ашылады да, Мыстан кіріп келеді.

Мыстан: Ойбай, түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсіңбе?

Мыстан: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқпа?

Мыстан: Жоқ.

Жүргізуші: Сен өзі қайдан қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?

Мыстан: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха.

Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Мыстан: Ә,бәлем, солай ма екен! Осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Мыстан тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды.

Жүргізуші: Сен бізбен бірге би билеп ән айтып, көңіліңді көтер!

Ән: Twinkle twinkle әні

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.

Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аязата, Ақшақар!

Аязата: Сәлеметсіңдер ма,балалар!

Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен

Тарасам екен сыйлықтар

Одан асқан не сый бар

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт болама!

Сенднрді көргеніме сондай бақыттымын!

Балалар , мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат шамдарынды жарқырат! Үш рет.

Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарынды жарқырат! Үш рет айтып шапалақтайды. Шырша жарқырайды!

Жүргізуші: Біздің балалар шырша туралы ән біледі. Балалардың орындауында

Ән: Маленькая елочка

Би: Қояндар биі

Аязата: Бәрекелді

Темірлан

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары.

Енді дала алақай,

Ақ күміске толады.

Жұрттың бәрі атадай

Қашан жомарт болады.

Дина

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізгет қарай жылыстап.

Мирас

Жаңа жыл жол болсын.

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Әсем

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!

Алтынай

Даламызға, қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді.

Қартыңызға, балаңызға

Жалынды сәлем береді.

Дана

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір,

Кел, Жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Мақпал

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын – жарқын ән салып,

Жалғасады жылға жыл.

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы.

Жақсы дәстүр көбейсін.

У.Нұрай

Жасыл шырша қош келіпсін,

Сені аңсап жүрдік біз,

Өзіңменен жаңа жылды

Қарсы алуға келдік біз

Жасыл шырша жанында

Ойнап күліп қайтамыз

Жасыл шырша жанында

Өлеңінде айтамыз.

Ойын: Бұғылар мен Аяз ата

Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтар дан кейін кідірмес,

Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жасырсам қайтеді?

Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табындаршы, аты кім?

Балалар: Ақшақар!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Орманды көктей өтіп жеттім –ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын. Үйретейін сендерге Мен бастайын, ал сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар. Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр….

Балалар: жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге …

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі…

Балалар: әдемі!

Ақшақар:Көңілсіз бір балажоқ, ойын-күлкі таралсын. Құтты болсын ….

Балалар:Жаңа жыл! 3 рет.

Жаңа жыл келеді.

Балалардың орындауында: Хор әні

Би: Үнді биі

Аязата: Бәрекелді, ал енді балалар тақпақтарын айтып берсін.

Алихан

Қол ұстасып,

Құшақтасып,

Үйренейік жаңа жыр,

Құтты болсын,

Құтты болсын,

Құтты болсын

Жаңа жыл!

Жансая

Келді жылым бақытым,

Көңілденді уақытым.

Сәлем саған жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

С.Анель

Ақ қырауға малынған,

Ақша қардай сақалы

Көптен күтіп сағынған

Көрдік Аяз атаны.

Базарлықты баршаға

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсана

Безендірдік шыршаны

Дияр

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай жасыл шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Искандер

Қала нұр,

Дала нұр

Құтты болсын

Жаңа жыл!

Шырша жаны көнілді,

Билеп барлық бала жүр.

Бекзат

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Мағжан: Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт жаңа жыр

Әке,ана! Әке,ана!

Құтты болсын жаңа жыл!

Би: Ұлпа Қар биі

Жүргізуші: Қане, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік. Аязатамызбен Ақшақарымызбен, жаңа жыл бар, Клоун бәріміз.

Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата: Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер,

Ауйрмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңенен

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер,

Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын,

Сау болыңдар, балалар!

Ән: «Жаңа жыл!»

Жақында жерге қыс келді…..

Жүргізуші: Осымен біздің «Құтты болсын Жаңа жыл!» атты ертеңгілігі өз мәресіне жетті! Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтай отырып, Дендеріңізге саулық , отбасыларыңызда бақыт, Молшылық береке болсын!

«Қостанай қаласының әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №13 «Ақбота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

«Құтты болсын Жаңа жыл!»

«Ертеңгілігі»

«Гүлім» тобы

Тәрбиешілер: Қарғабаева А.С.

Бурбаева А.Н.

Қостанай-2014ж

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата — аналар кіреді)

Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Г. Наргиза: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Нұрхан: Шыршамызда қаншама
Түрлі — түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.

Асылназ:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той — маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Жүргізуші: — Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 — рет

Аю: — Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр — тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір — ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» — дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: — Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес…
Балалар: иә.

(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша. – Керемет….(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. — Әрең таптым — ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік… (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі — түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
— Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 — рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жылқы — Мұрагер
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз Ата»
Нұртай:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.

Абылайхан:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Қайырқұл.
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Ұлан:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Ақниет:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр….
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге….
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі……
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын — күлкі таралсын
Құтты болсын…..
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Қ. Наргиза.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

«Ұлпақарлар» биі
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Шаттық:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.

Санжар:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!

Рамазан:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.

Қуанышбек:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тышқан жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, доңыз қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

(жылтыр сандық ішінен доңыз билеп шығады)
Би: жылан — Елшат
— Ау, тышқанжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата — аналармен сұхбат.)
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата — аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата — аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата — аналарымыз да бар. Тамашалайық!

Би: «Үнді биі»
Жылқы — Елшат
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: — Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Сиыр — Мұрагер
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Жандаулет:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Нұрасыл:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерін арқалап
Аяз ата келіп тұр.

Би: үнді биі (Абылайхан мамасы мен ағасы)

Нұржас:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.

Ерсін:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Әсел.
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.

Әсем:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті — ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

Түлкі.- о — о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи — хи — хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо — хо. Охо — хо.

(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф — аф — аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата — аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата — аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата — аналарға алғыс хат табыстау)

— Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой — буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата — аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы,
«Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымының І — санатты тәрбиешісі
Кушаева Асел Максутовна

Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы)
Балалар залға көңілді әуен — сазбен кіріп шеңбер құрып тұрады
Жүргізуші:
Даламызға, қаламызға жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, жасыңызға жалынды сәлем береді
Келіңіздер, келіңіздер би де билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың тамашасын көріңіздер!

1 — бала
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

2 — бала
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

3 — бала
Өлеңді де әзір, ән де әзір
Ойын да әзір бәрі де әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Жүргізуші: Бәріңізді орманға шақырамыз, кел дейміз
Осы кешті ғажайып ертегіге тең дейміз
1 «Жаңа жыл» Әні орындалады.
Жүргізуші: Балалар бізге Аяз ата мен Ақшақар неге келмей жатыр?
Кәне бәріміз бірге оларды шақырайықшы.(Балалар шақырады. Бірақ олардың орнына Базилио мысық пен Алиса түлкі келеді)
Түлкі: Ақсақ, соқыр Базилио мысықты жіберіңізші, кіргізіңдерші!
Мысық: Аязға тоңып қалдық. Бізде «Ақымақтар» елінде сондай суық.
Түлкі: Біздер кесіп, алау етіп жағып, түбінде жылынатын үлкен ағаш іздеп жүрміз.
Мысық: (Шыршаға қарап) Ой, Түлкі қарашы міне үлкен ағаш, бұтағы да көп. Жақсы отын болады.
Түлкі: Қарасаңшы, Дұл ағаш шамдармен, шарлармен сәнделген ғой.
Мысық: Саспа, біз ағашты кесіп аламыз, шамдарды, шарларды алып, сатып жібереміз. Сонда бізде көп ақша болады. Тез балта әкел кесейік!( Түлкі шырша түбінен кілт тауып алады )
Түлкі: Базилио, қара қандай қызық кілт. (қолына алып, тісіне басып көреді.)
Түлкі: Бұл кілт біз жолда көрген үйшіктің кілті емеспе екен? Есіңде ме, сол үйшіктен тәтті иіс шығып тұр еді — ау!
Мысық: Мүмкін сонда көп ақша бар шығар! Түлкі бұл шыршаны қояйық. Анау үйшікке барайықшы. Сонда жылынып, тамақтанамыз әрі баймыз.(қашып кетеді)
Жүргізуші: Ой, түлкі мен мысық неткен жаман еді. Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп келмей жатыр екен? Кәне балалар бәріміз тағы да Аяз атамен Ақшақарды дауыстап шақырайықшы.
(Музыкамен Аяз ата мен Ақшақар келеді.)
Аяз ата.
Амансың ба, ұлдарым!
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан!
Алыс — алыс жерлерден
Ормандардан, белдерден
Биік — биік таулардан
Белес асып баулардан
Сыйымызды сендерге
Ұсынуға келемін
Өнеріңді көрсетсең
Хош алып, сый беремін!

Жүргізуші:
Жаңа жыл келеді. Жаңа жыл!
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын, жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Жүргізуші: — Ендеше барлығымыз жаңа жылды қарсы алайық. (Залға маймыл кіреді)
Келді, міне Жаңа жыл
Қарсы алайық, бәріміз
Күліп, ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз.
4 — бала.
Келді жылым — бақытым
Кемелденді уақытым
Сәлем саған Жаңа жыл
Жаңа бақыт, Жаңа нұр
5 — бала
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне Жаңа жыл
Татуларын арқалап.
Аяз ата: Балалар шыршаның шамдары түгел жарқырап тұрған жоқ қой? Олай болса шыршаны жағайық. Барлығымыз бірге:
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
2 «Шырша» Әні орындалады.
Жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер, тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан сыйлық алып көріңдер.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
«Ақшұқыр мектеп – лицейі»мемлекеттік мекемесі
«Кәусар» шағын орталығы шағын орталық тәрбиешісі
Түгелбаева Перизат Елубайқызы

Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы). жүктеу

Кел Жана-Жыл, Жана-жыл

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін
тиянақтау,қысқы табиғатының ерекшеліктерімен
таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата білуге
үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншілігік,қамқорлық
сезімдерге тәрбиелеу.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Төрде жап-жасыл шырша
орналасқан. Шыршаны айналып көңілсіз

Қой жүреді.
Көңілді әуенмен сайқымазақ кіреді.
Сайқымазақ: Саламатсызба,
Қой, неге
көңілсізсің?
Қой : Жануардың ішінде
 Қой
деген мен болам,
Тура 11 ай бұрын
Жаңа жыл боп келіп ем,
Көңілсіз боп жүргенім
менің жылым біткені,
Маймыл
 
жылы
келгені.
Сайқымазақ : Ой,
Қой сен неге ренжисің
сенің жылыңа бәріміз риза болдық, табысты жыл болды,
ендігі кезекті
Маймылға
 берейік
, сен де шаршаған шығарсың, бүгін балалармен бірге
сенің көңіліңді көтеріп сені шығарып
саламыз.
Қой : Жарайды,
сайқымазақ.
Залға көңілді
 Маймыл секіріп келеді .
Маймыл: Алақай,
алақай менің де жылым жақындап қалды.
Сайқымазақ: Саламатсызба?
Маймыл, сенің не
үшін көңілді екеніңді біз білеміз, бірақ
Қой досымыз
көңілсіз,
Маймыл сен оданда барлық достарыңды шақыр,
Қойдың
 көңілін
көтерейік.
Маймыл:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Естімеген естіңіздер

Шырша тойы басталады,

Тойдан қалып қоймаңыздар!

Келіңіздер, көріңіздер!

 мектепалды даярлық

 тобын қарсы алыңыздар!
Көңілді әуенмен  балалар кіреді.

1.Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл
мерекесімен құттықтаймыз ! Сәбилеріңіздің
күлкісі сіздерді қуанта берсін!

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Деп бүгінгі  Мектепалды даярлық тобында
«Кел жаңа жыл, жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Сайқымазақ :

Қоймен Маймылды  жетектеп
ортаға шығады )
Сәлеметсіңдерме балақайлар! бүгінгі шырша
тойларың құтты болсын! Менің достарым
Қой мен Маймылды сендерге
табыстаймын, олардың көңілдерін көтеріңдерші
балалар.
2.Жүргізуші: Ал балалар,
мерекемізді Ән шашу мен ашайық!
Қой мен  Маймыл жылын
ортамызға алып шырша әнін айтайық.
Ән
« Шырша әні »


1.Жүргізуші: Ой,балалар мына
тобымызда
Аяз атаға
жазған хатымызды, Аяз атаға қалай жеткіземіз екен а?
2.Жүргізуші : Сайқымазақ! біздің
хатымызды Аяз атаға тезірек жеткізу керек, Себебі: мерекеміздің
сәнін келтіретін Аяз ата мен ақшақар!
Сайқымазақ : Жарайды
сіздердің айтқандырыңды бұлжытпай орындайтын боламын.
Мен сіздердің берген хаттарыңызды аяз атаға жеткіземін! Ия
жеткіземіз гой ба
лалар!! Балалар
түлкіні көріп тұрсыңдарма?
Сөйлеп жатқанда залға түлкі жүгіріп кіреді.
Сайқымазақтың
қолындағы хатты жұлып алады.
Түлкі: Бұл не хат? Бәрін шақырған,
көңіл көтермекші, мен ше? Мені ұмыттыңдарма? Мені
неге шақырмайсыңдар, онда сендерге енді хатта жоқ, аяз атада
жоқ. Уахаха күледі!
Сайқымазық: Ой, жоқ!
Достар мен сендерге көмектесе алмайтын сияқтымын гой!
1.Жүргізуші: Түлкі
бикеш, Біздің балаларымыздың мерекесін бұзба? Біздің
мерекеміздің сәнін келтіретін Аяз атамен ақшақар керек.
Сен де біздің мерекемізбен ортақтас, Балалардың өнерін
тамашала!
Түлкі: Олай болса, балаларыңыздың өнерін
көрейік.Билерің ұнаса хаттарыңды беремін! Уәдем
уәде!
Сайқымазақ: Алақай!
Менің достарым өнерлі,алғыр, Достар өнерлеріңізді
көрсетіп, тездетіп хатты өзімізге қайтарайық! Біз
сіздердің хаттарыңызды аяз атаға жеткізуім керек.
2.Жүргізуші: Шынымен ба?
Түлкі бикеш! Бізді алдамайсызгой! Олай болса, балалар түлкі
бикештен хатымызды алу үшін Жұптасу
»Буги-вуги» биін билеп берейік!
кәне!
Би:
«
Буги-вуги
Түлкі: Мен
түлкімін күлкілі,
Кім білмейді түлкіні?
Жаңа жылда бұл күні
Алдамаймын, алдамаймын ешкімді
ой керемет балалар екен! Мен сіздерден кешірім сұраймын! Міне ,
Сайқымазақ
 міне
хаттарың! хатыңды тездетіп, Аяз атаға жеткіз!
Құрып қалғыр! қырсық ай! (Түрін
кіржитіп)
Сайқымазақ : өз биін
билейді:
Алақай!
Біз жеңдік!
Аяз атаға хатымызды жеткіземіз!
Алақай! алақай!
1.Жүргізуші: Балалар! Сайқымазақ
досымыз,
Аяз атаға хат беруге кетті, Аяз атаны өзіміз
шақырайықшы, мүмкін біздің даусымызды естіп қалар!
Балалар: Аяз ата тез тез кел, қарша қызды ерте кел!
2.Жүргізуші: Балалар аяз
атамыз әлі жолда болар!мүмкін
сайқымазақ досымыз хатымызды
жеткізген болар! Ал, енді Аяз ата келгенше, балалардың мерекеге
арналған жылы лебіздерін жалғастырайық!
(тақпақтар)

 
1 бала: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа
жылды келеді,
Бізге қарай жылыстап.


2 бала : Жаңа жылдың таңы неге арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

3 бала: Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағылып
Аяз ата келеді,балаларды сағынып.


4 бала: Өлеңді де әзір,ән де әзір,
Ойын да әзір бәрі де әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл жаңа жыл


5 бала: Аппақ ,аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ,
Қырау-қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Аппақ біздің шанамыз,
Аппақ қардан ағамыз,
Шырқатып ән саламыз,
Біз шадыман баламыз!

6 бала: Барымызды,әнімізді,
Аямадық сізден біз.
Сынашы ата бәрімізді,
Бәрімізде өнерліміз!

7 бала: Ақ сақалды,таяқты,
Қалың қырау қабақты,
Аяз ата біздерге
Базарлығын таратты.

8 бала: Кел достар бастайық!
Бастайық жыл басын
Қызықтап бос қалып,
Кең дала қалмасын,
Ел құрметтеп көп тосқан,
Келді аяз атамыз!
Келіңдер кел достар!
Қазір ән айтамыз.


1.Жүргізуші : Ой , рахмет балалар! Мерекемізді әрі
қарай жалғастырайық (деп жатқанда түлкі шырша
артынан сумаңдап тағы шығады)
Түлкі: Ой , Сайқымазақ  достарын кетіп калдыма, (жан
жағына қарап, иіскелеп) Мұрныма бір жақсы иіс кеп
тұрғанын қарашы. Әй, мынау қояндардың исі
ғой. Қап,жаңа ғана алдамаймын деп едім.
Бірақ,болмайды енді, алдауға тура келеді. Түш-түш
(түлкі өтірік өлген боп жата кетеді,секіріп қояндар
келеді.)
1-қоян: Сұр көжек ,мынаны қара, түлкі
өліп қалған ба?
2-қоян: Шынымен –ақ өліп қалыпты гой!
Түлкі: Ә,қулар,қарай гөр!Қазір
ұстап алсам,ондырмаймын!
(қояндарды қуып жүргенде аю кедергі жасайды!)
Аю: Түлкі бикеш, сен әлі естіген жоқсынба? Кешеден
бастап орманда жаңа заң шықты. кімде кім өзінен
әлсізді ренжітіп, зәбір көрсетсе, ол жаңа жыл кешіне
бармайды. Аяз атадан сыйлық та алмайды.
Түлкі: Маған ешқандай жаңа жыл кешінің
қажеті жоқ!Онда аңдар көп болады.Аяз атаның
сыйлығына таласып мына әдемі құйрығымды біреуі
басып кетіп жүрсе….
Бармай-ақ қойғаным
жөн!өзім бармасам басқалар да бара алмасын,ендеше! Мына
шыршаны жағып жіберейін. (Сіріңке іздеп жүрет!)
2.Жүргізуші: Түлкі
бикеш , сіз олай тентектік жасамаңыз,Біреуге ор казсаң,
өзің түсесің демейме? Сіз біздің
балаларымыздың өнерін тамашалаңыз! Қазір Аяз атамызбен
Ақшақарда келіп қалар!

 Қояндар 
биі
(
Сол кезде түлкі құлақ аспай сіріңкені іздеп
жүре берет)

Аю: Мен саған жол бермеймін,балалардың мерекесін
бұзуға!
(қуып
кетеді)
Түлкі бикеш: Сен қорбаңдап,мені ұстап алам деп
ойлайсыңба? Алып қуып қара,Сірә да жете алмайсың!
Қулығымды асырып алд
ап кетемін гой! Сіріңке тауып алып, шыршаны
өртеп жібермесем! Түлкі бикеш атым құрсын!
Аю: Қап мына түлкі бикешті ме? Балалар
қорықпаңдар! Түлкіге өз сазайын беремін!
(Қуып жүріп құлап қалады!)
Балалар маған мына қу түлкі жеткізер емес, Не істесем болады?
1.Жүргізуші:
Ой,
аю, сіз әуре болмаңыз, мүмкін Сайқымазақ досымыз
аяз атамызға хатымызды жеткізген болар!
Ол түлкі бикеш
қулығын асырып алдап кетті.
Ал қанекей балалар Түлкі келмей тұрғанда,
Аюдын
өнерін тамашалайық

Би:  Аю кішкентай
аюлармен билейді

2.Жүргізуші: Ал балалар аяз Атамен
Ақшақарды дауыстап шақырайық

Балалар : Аяз ата тез тез кел, қарша қызды ерте кел.   -3
рет
Аяз
ата:


Амансыңдарма балалар, қонақтар!
Құтты болсын балалар
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелей ұл-қыздарым
Өткен жылы келіп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем,
Ойларыңмен бойларыңда
Бірдей өсіп қалдыңдарма
Ал мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдарма
Балалар : Ия, Аяз ата
Аяз ата : Жарайсыңдар балалар, ұмытпапсыңдар, ал
менің қасымдағы немеремді таныдыңдарма?
Балалар: Ия, қарша қыз.
Аяз ата : Мен сіздердің
Сайқымазақ
достарыңыздан беріп жіберген хаттарыңызды алып, шанамен мініп,
немеремді ертіп жылдамдатып жетіп келген жайым бар!
2.Жүргізуші: Қош
келдің Аяз ата! Амансынба, Қарша қыз! Келгендерің
қандай жақсы болды. Балаларымыз сіздерді асыға күтіп
отыр еді. Аяз ата , ақшақар сіздердің келгендеріңізге
өте қуаныштымыз.
.Ақша
қар
:
Достарыма баптап
Мен айтайын тақпақ
Жаңа жылдың жаршысы
Ақша қармын аппақ
Сәлеметсіңдерме балалар, мұнда қандай керемет,
шыршаларың әдемі бірақ сендердің көңіл
күйлерің жоқ қой.
1.Жүргізуші: Аяз ата,
ақшақар біздің шыршамызды түлкі бикеш өртеп
жібермекші, мерекеміз болғанын қаламайды.
Түлкі: Оппа, міне таптым сіріңкені! Ой, аяз
ата,ақшақар!
Аяз ата: Мынау кім?
2.Жүргізуші : Осы гой ,
түлкі бикеш біздің мерекемізді бұзып жүрген!
Аяз ата: Ей,түлкі бикеш сен неге менің
бүлдіршіндерімді ренжітесің, Кәне , бүлдіршіндерімнен
кешірім сұра! Әйтпесе қатырып тастаймын!
Түлкі: (корқып кетеді) Аяз ата Кешеден бастап орманда
жаңа заң шықты дейді.Кімде кім өзінен әлсізді
ренжітіп, зәбір көрсетсе, ол жаңа жыл кешіне бармайды
және Аяз атадан сыйлық та алмайды дейді ,- аю мырза! Енді мен
тентек болмасам, енді ешкімді алдамасам, өзімнен әлсізді
ренжітпесем, зәбір көрсетпесем, сіз маған сыйлық
бересізбе? Жаңа-жыл мерекесіне қатыстырасыз ба?
Аяз ата: Ия,айналайын түлкі бикеш! Сен қулық
қылмасаң арине Сыйлығыңды да беріп,!Жаңа-жыл
мерекесіне қатыстырамын. Түлкі бикеш , және балаларым
сіздерге айтарым ,бір-бірлеріңмен ұрыспай,алдамай,тату дос
болыңдар! Ешкімді түлкі бикеш сияқты алдамаңдар,
шыншыл,мейірімді болыңдар! Түлкі бикеш сенің жаман
қасиеттеріңнен арылып,мейірімді бол,бұл жолға сені
кешіремін! Кел енді ,Бүлдіршіндерімнің өнерін бірге тамашалайық!

Түлкі : рахмет аяз ата!
1.Жүргізуші: Рахмет, Аяз ата.
Сіз біздің шыршамызды сақтап қалдыңыз! Аяз
ата,Ақшақар, Жолдан шаршаған боларсыз! Отырып дем
алыңыз.Балалардың өнерін тамашалаңыз!
Аяз ата: Ия, балаларым мен шаршап келдім, мен сендердің
өнерлеріңізді тамашалайын!
Ақшақар: Балалар шыршаларыңның шамдары жанбапты
гой!
Балалар сендер маған көмектесіңіздер! Бәріміз бірге
:
Қуант
бізді таңырқат,

Шамдарыңды
жарқырат
      3-рет

2.Жүргізуші:
Ал ақшақар қалықта

Қалықтаудан жалықпа

Қанаттарың желбіреп

Би биле мына халыққа
Ақша қар: Ақшақарлар ,тұрмайық,
Би билейік,жырлайық,
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық. Ұлпақарларым
қайдасыңдар, маған қарай ұшыңдар.

Би
« Ұлпақарлар
»
Аяз ата: Тамаша! Міне, нағыз ғажап ! Мыналар менің
кішкентай тентек ұлпақарларым гой! Биыл өздеріне ақыл
кіріпті, бойлары да өсіп қалыпты.Жарайсыңдар балаларым!
Сендер шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер!
1.Жүргізуші:
Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет,төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын
Кезекті осы мерекемізге арналған әсем ән, Аяз ата әні
берейік.

Ән:
«
Ақ
таяғын таянып
»(Сайқымазақ
қайта кіреді)
Сайқымазақ: Неllo! Тағы да мен! Ой балалар керемет!
Аяз ата, ақшақар достарым! Менің достарымның
көңіл күйлерің де жақсы сияқты ғой!.
Балалар мен достарымның көңіл күйін
көтердіңдер ме? Достарымның өздерінен сұрайыншы!
Қой Маймыл  жылы: Біздің
көңіл күйіміз өте тамаша! Балаларда өте
өнерлі екен!
Сайқымазақ: Міне ,керемет,менің де
көңіл-күйім өте тамаша! Билегім келіп кетті гой!
Кәне , ендеше музыка! (кел, достар! Аяз ата,ақшақар!) музыка
косылады!
Сайқымазақ: тоқтат,тоқтат,болды.болды,көрініп
тұр көңіл-күйлерің керемет екен.
Сайқымазақ: ой ,жарайсыңдар балалар! Жылдам шапшаң
балалар екенсіңдер!
Қой Маймыл жылы,аяз ата,
ақшақар: Балалар жарайсыңдар!
Жүргізуші : Жарайсың , Сайқымазақ!
Көңілімізді бір көтердің,енді
 кішкентай
клоундармен  би билеп,
өнеріңді тамашала.
Би:
«
Клоундар
биі
»
 Жүргізуші:Балалардың
мерекеге арналған жылы лебіздерін жалғастырайық!
(тақпақтар)

9 бала:
Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанады жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

10
бала
:

Жаңадан тақпақ аламыз жаттап,

Жаңа жыл келді жаңа жыл аппақ.

Шыршаға бардық әсем ән салдық,

Қуантып елді жаңа жыл келді.

11
бала
:

Болсын қызық салтанат,

Болсын қызық мереке,

Жаңа жылмен жадырап.

Келсін бақыт береке,

 12
бала:
Сағындырған
баршаны,

Аяз ата кел дейік!

Ойын ойнап атамен,

Ән айтып, би билейік.

13
бала
:

Жаңа жылда шақырады бар өмір,

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой!

Құтты болсын,құтты болсын жаңа жыл!

14
бала
:

Қош келдің жаңа жыл,

Бізбенен жүр ойна.

Жамылып аппақ гүл,

Шыршамыз тұр жайнап!

15
бала
:

Келіп қалды қараңыз,

Жарық-жұрық етіп шапаны,

Шашуға толы даламыз.

Күміс дала үстіне,

Бізде баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары.

16
бала
:

Тамаша сый алып,

Көңілді аяз атадан

Шаттанып,қуанып,

Шырқып ән айтамыз!

17 бала:

18 бала:

2.Жүргізуші:
Армысың,аманбысың Жаңа жылым,

Жаңа жылым! О,менің Жаңа жырым!

Маймыл  жылы келгенде,сый ғып тартып,

ақтарайық ән менен көңіл сырын.

Ән
: « Орманда шыршамыз туды»

Қой: Қандай керемет балаларсыңдар!
Өнерлерің үстем болсын! Мен сіздермен қоштасатын кезде
келді. Ендігі келер жыл, Маймыл  досыма сәттілік тіл

еп,берекелі,мерекелі
жыл болуына тілектеспін.Қош сау болыңыздар!
Маймыл
 жылы: Рахмет,досым!
Биыл менің жылым келіп жетті.
Мен
сіздерге бар
жақсылықты әкелдім! Биыл Жыл
қы жылы,бұл
жылы еліміз тыныш болады. ақ мол болады
Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады.
Күншілдік тұншығады.
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды.
Сенің сеніміңді ақтайтыныма сенімдімін. Қош саубол!
2.Жүргізуші: Рахмет,Қой жылы сіздің
жылыңыз өте табысты жыл болды, Рахмет,Сау болыңыз!
Аяз ата: Балалар сендер шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер.
Көңілім көтеріліп демалып қалдым. Енді мен жолға
шығайын, мені басқада балалар күтуде.
1.Жүргізуші : Аяз ата
жолға шығам дегеніңіз не? Балалар манадан бері сізге өз
өнерлерін көрсетіп жатыр,
енді сіз балалармен бір ойын ойнап
жіберіңізші

Ойын:

Аяз Ата : рахмет
балалар!Енді біз кетейік !Сау болыңдар

1.Жүргізуші:Калай
кетессіздер!Жоқ-жоқ Сіз балаларға сыйлық
әкелдіңіздер ме!
Аяз ата: Ой, ұмытып кетіппін ғой. Көмекшілерім
(сайқымазақ.ақшақар,)маған сыйлықтарды
әкелуге көмектесіңдерші. Сыйлықтар таратылады.
2.Жүргізуші :
Жаңа жылда жаңа табыс әркімге,

Бақыт болсын таусылмайтын әркімге.

Отан аман, заман тыныш, бейбіт күн,
Тыйылмасын сәби, бөбек күлкісі. -деп біз «Кел жаңа жыл,
жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
1.Жүргізуші Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер,
әріптестер,отбастарыңызға бақ-береке, тыныштық,
бейбітшілік, татулық тілеймін. Жылқы  жылы бақыт,
қуаныш әкелсін!
Сіздермен біз қоштаспаймыз, тек қана сау болыңыздар-дейміз!

Торпақова Айнагүл Амерхановна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Аршаты орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Катонқарағай ауданы Аршаты ауылы

Жұмыс орнының телефоны: 872342-282-18 arschatu @ mail.ru

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін сценарий

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір — біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.

Жүргізушілер киімдері: Жаңа жылдық Ханшайым мен Ханзада.(Ханшайым -бастауыш сынып оқушысы, Ханзада -жоғарғы сынып оқушысы)
1-жүргізуші:
Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұcтаздар!
Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер! Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық!
(Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді. Балалармен ертегі кейіпкерлері сиқыршы, гномдар, ескі жыл мешін кіреді.)
2-жүргізуші: «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер! Балалар, мереке қонақтары қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын!

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

Сіз де қош келдіңіз, Мешін жылы! Сіздің биылғы жылыңыз да құтты болды.
Заман дағдарысына қарамастан молшылық болды. Өз жылыңызға ризасыз ба?
Мешін жылы: Әрине ризамын. Биылғы менің жылымда көптеген жаңалықтар болды. Ең қуанышты күн- «Тәуелсіздіктің 25 жылдық» мерейтойын атап өту болды. Тәуелсіздік жасасын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Алға, Қазақстан!
1-жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Садуов Жайнарбек Шаймарданұлына береміз.
2-жүргізуші: Осындай ғажап тілектен кейін, біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашужыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар!
1-жүргізуші: Бүгінгі біздің Жаңа жылдық ұранымыз: «Біз бір — бірімізбен доспыз!». Олай болса бәріміз «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтайық. (Бұл әнді 11- сынып оқушысы Қалижанұлы Арман орындайды. Қалған оқушылар бірге би билейді.)

— Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып ЖАҢА ЖЫЛ» әнін айтайық.
(Гномдар балалардың шыршаны айналуын ұйымдастырады).
— Балалар шырша тойына гномдар, сиқыршы да келіпті. (Сахна төріне шығып)

  1. гном: Армысыздар, Халайық!
    2- гном: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріңізге орын жетті ме?
    1- гном: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз! Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
    2- гном: Бүгінгі мерекемізді көңілді өткізейік! Жарайма!
    1- гном: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.. (Шыршаны айналып ән айту.Орысша, қазақша жаңа жыл жырын әндету).

Ән аяқталған соң, гномдар ортаға шығып жаңа жылдық әуенмен балаларға қимылдарын бірге қайталауды өтініп, флешмоп билейді.

1-жүргізуші:

Өзінің сиқырлы күшімен талайды достастырып, жамандықты жақсылықпен жеңе білген, ол кім, балалар? (хормен «сиқыршы» деп айта білулері керек)

— Сіз, бізге көмектесіңізші, біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы қайда жүргенін біліп бермейсіз бе?
Сиқыршы: Жаңа жылдарыңызбен балалар, қонақтар! Қолымнан келгенінше көмектесейін. Сиқырлы таяғымен сиқырлайды. (музыка ойналады)
Сахна ашылып, (көрініс) қасқыр ешкінің үйін торуылдап жүреді. Ешкі себетін арқалап орманға кетіп бара жатады. Аяз ата орман ішін аралап келе жатып көріп қалады.
АЯЗАТА:— Ей қасқыр, әлі торуылдап жүрсің бе? Жаңа жылда барлық әлемде жақсылық, достық орнауы тиіс. Сондықтан, сен бұл қылығыңды қой. Жүр менімен, балалар күтіп отыр, мерекеге барайық.

Қасқыр: — Жарайды, Аяз ата сіздің айтқаныңызды тыңдайын.
Жолда келе жатып, ағаштың түбінде тығылып отырған түлкіні көріп қалады.
АЯЗАТА: — Ей, қу түлкі енді кімді алдасам деп отырсың ба?
— Жүр бізбенен шырша тойына барайық, балалармен көңіл көтерейік.

Түлкі: — Айтқаныңыз болсын.
Музыка ойналып Аяз ата ертегі кейіпкерлерімен шырша жанына келеді.
АЯЗАТА: — Амансыздар ма балалар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

2-жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ата! Балалар сізді асыға күтіп отыр.
АЯЗАТА:

Балалар! Мен орман ішінде келе жатқанда, Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыздар ма?
— Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап шақырайық.(Балалар дауыстайды Ақ-ша- қар3)
Сиқыршы – Мен көмектесейін! Қалай ойлайсыздар?! (Сиқырлы таяқшасымен сиқырлайды. Сиқырлы әуен ойналады).
Әсем әуен ойналып Ақшақар кіреді.
АҚШАҚАР:

— Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп, Аяз атамнан адасып қалдым.
— Рахмет сиқыршы! Рахмет!
1-жүргізуші – Ақшақар, балалар сізді асыға күткен еді. АТА, сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз. (Аяз ата тағына отырады).
АҚШАҚАР:

— Мен секілді қарша қыздар бар екен ғой, менің билегім келіп тұр.
Иә, бұл 1 — сыныптың балалары. «АҚШАҚАРЛАР» биін қарсы алыңыздар!
Би соңында Ақшақар қар жауғызады.
2-жүргізуші:

– Біздің балалар сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетеді.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды
– дегендей, мектеп алды даярлық тобының құттықтауын қабыл алыңыздар. (Өлеңдерін жатқа, нақышына келтіріп орындайды)

1-жүргізуші:

Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе, 2- сыныптың оқушыларының құттықтауларын қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын — жарқын ән салып
,
Жалғасады жырға жыр. 3 — сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық!Ән: «Жаңа жыл!»
АЯЗАТА:

Ой, мына балалардың барлығы өнерлі екен! Менің де билегім келіп кетті ғой. Қәне менің кішкене көмекшілерім қайда екен? …
Аяз ата балалармен Гномдар биін билейді. Би: «Гноми — гном»
Бұл балалар 5- сынып оқушылары, сыйлығыңызды берсеңіз.
— Аяз ата, Ақшақар, балалармен ойын ойнаңызшы!
( Аяз ата балалармен жаңа жылдық ойындар ойнап, сыйлықтарын үлестіреді).

Ойындар:

1-ойын: Жаңа жылдық тілектер сайысы 
5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.   

2-ойын: Жаңажылдық сайыс

 Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.

3-ойын: Сыйлықтарға толы қорап.

Жаңа жылды тойлайтын бөлменің бұрышына үстіңгі беті бар, түбі жоқ қорап қойып қойылған. Оны әдемі лентамен байлап, «Мерекеңізбен» деп жазу жазылған. Ал ішіне кәмпитті толтырып салу. Ең бастысы, қорапты жоғары бір жерге қою. Алдайтын адам сыйлықты көріп, бірден барып, қорапты ала бергенде, үстіне кәмпит төгіледі. Үлкен сыйлыққа кенеледі.

«Шыршаны безендір» сайысы

Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Шырша ретінде қыздар ойнайды. Олар бір қолына лентаның бір ұшын ұстап тұрады. Ал ұлдар қолдарын тигізбей, еріндерімен басқа шетін қысып, өз ханымын безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.   

т.б ойындар ойнатуға болады.
Мешін жылы – Ой балалар, менің де мерекеде көңілім көтеріліп қалды! Сендермен қоштасатын кез де келіп қалыпты. Менің жылымда сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім бар.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
.
2017 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер
, Қазақстаным!
Келесі жыл бастауын
тауыққа беремін.
Сау болыңыздар! /МЕШІН жылы қоштасып, шығып кетеді./

Барлығы: Қош бол, мешін жылы, қош бол!

1-жүргізуші: Балалар Жаңа жылымыз келгенше көңілді шырша тойымызды жалғастырайық.
Лоторея ойнату.
Сағат соғылып, әсем әуен ойналады.

Есік қағылып Жаңа жыл « Тауық » кіреді.

Тауық жылы:
Армысыздар балалар,
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылда жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық!

Жақсылыққа бағыт алған,
Тауықпын мен Жаңа жыл!
Жаңа жылда барлығыңыз,
Жаңа үміт таба біл.
Жаңа жылдың мерекесін,
Мерекеге жалғаймын!
Елде, жерде, табиғатта,
Бақыт жолды қолдаймын!

2-жүргізуші : — Қонысыңыз құтты болсын Тауық жылы.
Қонарсыз төрімізге ырыс болып.

АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа жыл!
АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп — көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!
АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар!
(Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)
2 — жүргізуші: Міне, жаңа 2017 жыл да келді. Ал 2017 жылы да елімізге тыныштық болып, ырыс — құтымыз арылмасын!
1 — жүргізуші: Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
Келесі жаңа жылда кездескенше аман — сау болайық!
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Кейіпкерлер:Буратино-жүргізуші:-
Қоян-жүргізуші:-
Аю:-
Қасқыр:-
Аязата:-
Ақшақар:-
Тауық жылы:-

 Кіші топқа арналған сценарий

Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.
Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Әуен ойналып, ортада қоян шыршаны безендіріп жүреді. Сол сәтте «Ну погоди» әуенімен қасқыр кіреді.

Қоян: Ой қасқыр келіп қалды:-деп қаша жөнеледі, артынан қасқыр қуа жөнеледі, екеуі шығып кетеді. Жүргізуші мен балалар музыкамен билеп кіреді. (Буратино киімімен)
Би: «Буратино»
Буратино -Жүргізуші:

ертеңгілік сценарийіҚұттықтау сөз. Келді міне жаңа жыл сәуле шашып Құлпырады табиғат нұры тасып. Жаңа жылды ағайын қарсы алайық Шашу шашып би билеп ән салайық. Құрметті ата-аналар,әріптестер,бүлдіршіндер,келе жатқан жаңа жыл барлығыңызға құтты болсын! Жаңа жыл бізге құт-береке,қуаныш,жақсылықтар сыйласын!Отбасымызға амандық,саулық әкелсін! (Ұл балдар киінуге кетеді!!!)
 Қоян: -Оооо, мына жерге қонақтар келіп қалыпты ал мен болсам қасқырдан қашам деп жүріп қонақтарды қарсылап алуды ұмытып кетіппін-ау.

Қоян: Құрметті қонақтар,мерекеге қош келдіңдер! Сіздердің жанұяларыңызға бақыт,қуаныш,табыс тілеймін! Балалар мына жайнаған жарқыраған мерекеге қош келдіңдер! Кәне барлығымыз мерекені көңілді қарсалайық! Балалар сендер ойнағанды жақсы көресіндерме? қыс мезгілінде не жауады? Дұрыс,қар жауады,біз
қазір қар жинау ойынын ойнаймыз Ойын: «Қар жинау»

Қасқырдың әуені ойналады,ортаға қасқыр кіреді. Қоян қасқырды көре салып,шыршаның жанында тұрған арыстанның маскасын киіп алып шығады.
Қорыққан қасқыр алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Осы кезде ортаға аңдар кіреді.Қасқырдың алданғанын көріп мәз болады.
Жүргізуші: Қош келдіңдер аңдарым Аю,түлкі,қояным Мерекеде тұрмайық Би билейік паңдарым.

Қоян: Иә,аңдар,буратинолар келіңдер қосылып би билейік бәріміз.

Би: «Қояндар биі»

Жүргізуші: Қоянжан сен әсем шырша безендіргенсін,бірақ оның шамдары жанбаған.

Жаңа жылҚоян: Иә,қасқырдан қашам деп жүріп шамдарын жағуын ұмытып кетіппін Балалар маған шыршаның шамдарын жағуға көмектесесіндерме. Бір,екі,үш шырша шамы жарқыра түс (свет сөніп,шырша шамдары жанады)

Жүргізуші: Қандай тамаша шыршамыз жарқырай түсті.

Енді шыршамызға арнап “Шырша”әнін шырқайық. Ән:”Шырша”

1.Шырша тауда туыпты,шырша тауда өсіпті,Енді бізге қонаққа жасыл болып келіпті Шырша,шыршамыз әнге қосылшы,Шырша шыршамыз биге қосылшы.

2.Ойыншықтар тізілген шырша бізге қарап тұр,Қандай жақсы керемет,мерекеміз жаңа жыл
(қыздар маша киінуге кетеді)(Барлық қыздар ұлбалалар киінуге кетеді)
Осы кезде қоян аяз ата киімін киіп ортаға шығып ән айта бастайды,дәл сол сәтте қасқыр ақшақар киімін киіп шығып әнге қосылып жүріп қоянды байлап тастайды. Қасқыр енді қоянға бас салып жегісі кеп жатқанда әуенмен ортаға қорбаңдап аю кіреді.
Аю: -Қасқыр сен мұнда не істегелі жатсың?

Қоян: -Аю тезірек мені құтқаршы көмектесші.

Аю: Кәне жібер қоянды Аюдың даусынан қорқып қасқыр қаша жөнеледі.Аю қоянды шешіп, құтқарып алады.
Қоян: -Аю саған көп-көп рахмет.Мені қасқырдың ауызынан құтқарып алдың.

Жүргізші: Қош келдің Аю! Сен мұнда қайдан жүрсің?

Аю: -Қарсы алғандарың үшін рахмет,бірақ мен өзімнің Машамды іздеп жүр едім жаңа жыл болса келіп қалды,ол үйдің бәрін шашып кетіпті,сендер көрмедіңдер ме?

Жүргізуші: Аю сен ренжіме бірақ Машалар көп. Осы кезде ортаға төрт Маша шығады.

Аю: -Менің Машам қайсысы екен?
Машалар: -мен,мен,мен,мен деп шулай бастайды.
Аю: -Мен Машамды тек биінен танимын.Кәнекей маған би билеп беріңдеші. Би:”Машалар” Аю:Міне менің Машам:-деп бір қызды көтеріп алады.Жүр Маша үйге,дос қыздарыңды да қонаққа шақыр!
( қыздар ақшақар киінуге кетеді)

Қош келдің Жаңа жыл!
Қоян: Балалар кәне ойын ойнап жіберейік.Ойынның шарты аққала құрастырамыз. Ойын:”Аққала құрастыру” Жүргізуші: Қоянжан Аяз-атамен Ақшақарды шақыруды ұмытып кетіппіз ғой кәнекеей бәріміз дауыстап шақырайық Қоян:

Барлығымыз бірге: Аяз ата, Ақшақар аууууу! Музыка әуенімен аязата, ақшақар және кішкентай ұлпақарлар келеді.
Ән: «Аязата мен ақшақар әні» (Амандасу)

1.Аяз-ата: Сәлем,сәлем балалар,сәлем,сәлем достар Ақшақар:Жаңа жылға келдік біз, қуанамыз бәріміз.

Қ-сын бірге: Қол шапалақтап қарсы алыңдар, Шетелден келдік аяз ата мен ақшақар Бүгін жаңа жылмен құттықтаймыз, Жақсы көңіл сіздерге сыйлаймыз.

Жүргізуші: Қош келдіңдер Аяз ата мен Ақшақар,біздің балалардың сендерге арнаған тақпақтарымен әндері бар. Келіңдер бізбен бірге қосылып ән айтып, шыршаны айналайық

Ән:”Аяз ата”

1.Жаңа жыл мереке,
бақшамызға келді,
Аяз ата бізге сыйлықтар әкелді
Әнде айтып бердік,
тақпақ айтып бердік,
Риза болып ата қалыпты.
2.Арқасында қапшық,
Ол қапшықта ойыншық,
Қапшығын пашады,
Балалар қуанады. Ақшақар:-Менің ұлпақарларым қайда екен? Аяз атаға арнаған билері бар еді. Би:”Ұлпақарлар” Осы кезде ортаға қасқыр кіреді. Қоянның қасқырды көріп қорқақтап тұрғанын аю байқап,себебін сұрайды. Қоян:-Мен қасқырдан қорқып тұрмынол мені ұстап алмақшы. Аяз ата:-Балалар менің қолымдағы сандыққа қараңдаршы,бұл сандықты ашайық.(музыка ойналады) Аяз ата сандығын ашқан кезде ішінен Тауық яғни Жаңа жыл шығады. Жүргізуші:Ей,жаңа жыл,жаңа бақыт ырысым Жақсылақтың жаршысыда нұрысын Адамдардың асқақтаған арманы, Ақындардың таусылмайтын жырысын!-Жаңа тауық жылы бізге қош келдің,саған арнаған құттықтаулар бар қабыл ал.
Аяз ата:-Аталарың сендерге, Шаршап келді алыстан Отырайын демалып Маған тақпақ арнаңдар Тақпақтар:Балалардың жаңа жылға арнаған тақпақтары. (Аяз ата балаларға сыйлығын таратады.)Аяз ата:Ал балалар мен басқа балабақшаларға барып құттықтауларымды таратайын,сау болыңдар!(ақшақар екеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:Осымен біздің Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды,Сау болыңыздар!
“Машалар биі” “Буратино биі”

Отшашуды тамашалаймыз!(видео)

★★★★★★★

Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.

↓↓↓

ТАПСЫРЫС ЖАСАУ

МКҚК «Жазира» балабақшасы

Тәрбиеші: Бәшенова З.Ж.

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді

безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне

назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым қатынас ояту, бірлескен

ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, маймыл, аққала,фея,сиқыршы, балалар,

ата – аналар.

Музыка ойнап тұрады. Балалар ортаға жүгіріп келеді. Сиқыршы балаларды ұйықтатып

тастайды.

Фея келіп сиқырлы таяғымен оятады.

Музыка әуенімен бәрі «Жаңа жыл» биін билейді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата аналар! Біз сіздерді

«Балдәурен» ортаңғы тобының атынан Жаңа 2016 мешін жылымен құттықтаймыз.

Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт, денсаулық тілейміз,

Жүргізуші: Ән тындап, би билейік бүгін тойда,

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Демалып Жаңа жылға қадам бастық,

Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

Балалар: «Жаңа жыл құтты болсын»

Жүргізуші: «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы

құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі М.М. Икрамқызына беріледі.

Жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Мешін жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Ән: «Аппақаппақ»

Жүргізуші: келесі кезекті балалардың жаңа жылдық құттыққтау тілектеріне берелік.

Тақпақтар: Арыстан, Арай, нұриман, Нұрай.

Арыстан . Жаңа жыл,жаңа жыл.

Жаңа жылда жаңа жыр …

Жасыл шырша жанып тұр,

Барлық бала билеп тұр.

Арай Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Нұриман Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Нұрай: Аяз ата келді

Шыршамызды көрді.

Көңілді көп бала

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жалынды жастар бізді? болаша?ымыз сценарий
  • Жалмауыз кемпір сценарий
  • Жакет на праздник
  • Жак тати статьи сценарии интервью
  • Жайы? бект?ров сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии